Байланыс формасы

Бәсекелестік туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 112-IV Заңы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V Кодексімен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР 29.10.2015 № 375-V Кодексімен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қолданушылар назарына!
      Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін РҚАО мазмұнды жасады.

МАЗМҰНЫ

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 81-баптан қараңыз.

      Осы Заң бәсекелестікті қорғау, монополистік қызметті шектеу және тұтынушылардың заңды құқықтарын қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.

1-БӨЛІМ. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР

1-тарау. Жалпы ережелер

      1-бап. Осы Заңның нысанасы мен мақсаты

      1. Осы Заң нарық субъектілері мен тұтынушылардың құқықтарын осы Заңда шектелген монополистік қызметтен, мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттерінен және жосықсыз бәсекеден қорғаудың құқықтық негіздерін айқындайды. Заң Қазақстан Республикасының тауар нарықтарындағы адал бәсекелестікті қолдауға және оған қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.
      2. Осы Заңның мақсаты бәсекелестікті қорғау, тауар нарықтарының тиімді жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасау, экономикалық кеңістіктің біртұтастығын, тауарлардың еркін қозғалысын және Қазақстан Республикасындағы экономикалық қызметтің еркіндігін қамтамасыз ету болып табылады.
      Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 05.05.2015 № 312-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2-бап. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы
              заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

      3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

      1. Осы Заңның Қазақстан Республикасының аумағында күші болады және нарық субъектілері, тұтынушылар, сондай-ақ мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар қатысатын Қазақстан Республикасының тауар нарықтарындағы бәсекелестікке ықпал ететін немесе ықпал етуі мүмкін қатынастарға қолданылады.
      2. Осы Заңның ережелері, егер Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде нарық субъектісі жасаған іс-әрекеттер нәтижесінде мынадай шарттардың бірі орындалса:
      1) Қазақстан Республикасының аумағындағы негізгі құралдар және (немесе) материалдық емес активтер, не нарық субъектілерінің акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері), Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына қатысты мүліктік немесе мүліктік емес құқықтар тікелей немесе жанама қозғалса;
      3) Қазақстан Республикасында бәсекелестік шектелсе, мұндай іс-әрекеттерге де қолданылады.
      Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 05.05.2015 № 312-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4-бап. Бәсекелестік принциптері

      Бәсекелестіктің негізгі принциптері:
      1) жарыспалылық;
      2) адалдық;
      3) заңдылық;
      4) тұтынушылардың құқықтарын сақтау болып табылады.
      Осы баптың бірінші бөлігінде белгіленген бәсекелестік қағидаттары нарық субъектiлерiнiң ұйымдық-құқықтық нысаны мен тiркелген жеріне қарамастан, нарық субъектiлерiнің барлығына бiркелкі түрде, бiрдей шамада және тең жағдайда қолданылады.
      Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 06.03.2013 N 81-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      5-бап. Бәсекелестік саласындағы мемлекеттік саясат

      1. Бәсекелестік саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлейді және монополияға қарсы орган іске асырады. 
      1-1. Монополияға қарсы орган бәсекелестікті қорғау және монополиялық қызметті шектеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді.
      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде айқындалған өз құзыреті шегінде бәсекелестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады.
      3. Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде бәсекелестіктің дамуына жәрдемдесуге және бәсекелестікке теріс ықпал ететін іс-әрекеттерді жасамауға міндетті.
      Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 06.03.2013 N 81-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

       6-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың үлестес тұлғалары (бұдан әрі – үлестес тұлғалар) – акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаларға акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы тiкелей не жанама түрде тиесiлi заңды тұлғалар. Жанама тиесілік өзге заңды тұлға акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы әрбір келесі үлестес тұлғаға тиесілі болатынын білдіреді;
      1-1) әлеуеттi бәсекелес – бәсекелестiң тауарына ұқсас не оның тауарымен өзара алмастырылатын тауарды өндіру және (немесе) өткiзу мүмкiндiгi бар (жабдыққа, технологияларға ие), бiрақ тиiстi тауар нарығында оны өндірмейтін және өткiзбейтiн нарық субъектiсi;
      1-2) бәсекелес – тиісті тауар нарығында нарық субъектiлерiнің тауарына ұқсас не оның тауарымен өзара алмастырылатын тауарды өндіруіне және (немесе) өткiзуіне байланысты тиісті нарықтың басқа субъектiлерiмен жарыспалылық жағдайында болатын нарық субъектiсi;
      2) бәсекелестік - дербес жасаған іс-әрекеттері тиісті тауар нарығындағы тауарлар айналысының жалпы жағдайына олардың әрқайсысының біржақты ықпал ету мүмкіндігін тиімді шектейтін нарық субъектілерінің жарыспалылығы;
      2-1) бәсекелестікке қарсы деңгейлес келісімдер немесе келісілген әрекеттер (картель) – осы Заңның 10-бабының 1-тармағында және 11-бабының 1-тармағында көрсетілген, бір тауар нарығында бәсекелестер не әлеуетті бәсекелестер болып табылатын нарық субъектілері арасындағы бәсекелестікке қарсы келісімдер немесе келісілген әрекеттер;
      3) бірін-бірі алмастыратын тауарлар - тұтынушы оларды тұтыну (өндіру) процесінде бірін-бірімен алмастыра алатындай, өзінің функционалдық мақсаты, қолданылуы, сапалық және техникалық сипаттамалары, бағасы, сондай-ақ басқа да параметрлері бойынша салыстыруға болатын тауарлар тобы болуы мүмкін;
      3-1) жанама бақылау – заңды тұлғаның қабылдайтын шешiмдерiн заңды тұлға немесе араларында тiкелей бақылау болатын бiрнеше заңды тұлғалар арқылы жеке немесе заңды тұлғаның айқындау мүмкiндiгi;
      3-2) кемсітушілік шарттар – басқа нарық субъектісімен (субъектілерімен) салыстырғанда нарық субъектісі немесе бірнеше нарық субъектілері тең емес жағдайға қойылған кездегі тауар нарығына кіру шарттары, тауарды өндіру, айырбастау, тұтыну, сатып алу, сату, өзгедей беру шарттары;
      4) мемлекеттiк монополия – осы Заңда көзделген тәртiппен енгiзiлетiн, бәсекелестiк нарықта қандай да бiр тауарды өндiруге, өткізуге немесе сатып алуға арналған мемлекеттiң айрықша құқығы;
      5) монополистік қызмет - жағдайы тиісті тауар нарығын бақылауға, оның ішінде тиісті тауар нарығындағы тауар айналысының жалпы жағдайына елеулі әсер етуге мүмкіндік беретін нарық субъектілерінің қызметі;
      6) монополияға қарсы орган - бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы басшылықты, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      7) монополиялық жағдай - табиғи монополия, мемлекеттік монополия субъектілерінің, сондай-ақ тиісті тауар нарығында жүз пайыз үлеске ие нарық субъектілерінің жағдайы;
      8) монополиялық табыс - нарық субъектісінің осы Заңда шектелген монополистік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алған табысы;
      9) нарық субъектiсi – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жеке тұлғасы, сондай-ақ заңды тұлғасы, шетелдiк заңды тұлға (оның филиалы мен өкiлдiгі). Нарық субъектілеріне кәсіпкерлік қызметті өздерінің жарғылық мақсаттарына сәйкес жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйымдар да жатады;
      10) реттелетін нарықтар - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағаларды мемлекеттік реттеу енгізілген тауар нарықтары;
      11) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      12) сатушы (өнім беруші) - тауар өткізуші (беруші) жеке немесе заңды тұлға;
      13) тауар - азаматтық айналым объектісі болып табылатын тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет;
      14) тауар нарығы - тұтынушының тауарды сатып алуға экономикалық, аумақтық және технологиялық мүмкіндіктері негізге алына отырып айқындалатын, тауардың немесе бірін-бірі алмастыратын тауарлардың айналым аясы;
      15) тергеу – монополияға қарсы органның Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылықтың жасалғанын растайтын немесе жоққа шығаратын нақты деректердi осы Заңда көзделген тәртiппен жинауға бағытталған iс-шаралары;
      16) тұтынушы - тауарды өз мұқтажы үшін сатып алатын жеке немесе заңды тұлға;
      16-1) тiкелей бақылау – жеке немесе заңды тұлғаның мынадай бiр немесе бiрнеше iс-қимылдар жасау:
      оның атқарушы органының, директорлар кеңесінің функцияларын жүзеге асыру;
      заңды тұлғаның кәсiпкерлiк қызметiн жүргiзу шарттарын айқындау құқығын алу;
      заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің, пайларының) елу пайызынан астамына иелік ету арқылы заңды тұлға қабылдайтын шешiмдердi айқындау мүмкiндiгi;
      17) Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің  мемлекеттік тізілімі (бұдан әрі - тізілім) - табиғи немесе мемлекеттік монополия жағдайындағы нарықтарды қоспағанда, тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің тізбесі;
      18) экономикалық қызметті үйлестіру – нарық субъектілерінің іс-әрекеттерін осындай нарық субъектілерінің ешқайсысымен де бір тұлғалар тобына кірмейтін және нарық субъектілерінің іс-әрекеттерін келісу жүзеге асырылатын сол тауар нарығында (тауар нарықтарында) қызметін жүзеге асырмайтын үшінші тұлғаның келістіріп отыруы.
      Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 № 34-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 06.03.2013 N 81-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 22.04.2015 № 308-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.05.2015 № 312-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

       7-бап. Тұлғалар тобы

      1. Өздеріне қатысты мынадай шарттардың бірі орындалса:
      1) заңды тұлғаның дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң, пайларының) елу пайызынан астамына тұлғаның тiкелей немесе жанама түрде (үшiншi тұлғалар арқылы) иелiк ету құқығы болса;
      2) заңды тұлғаның немесе бірнеше аффилиирленген заңды тұлғалардың басқа тұлға қабылдайтын шешімдерді айқындауға, оның ішінде осы тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүргізуінің шарттарын айқындауға не басқару органының өкілеттігін жүзеге асыруға мүмкіндігі болса;
      3) жеке тұлғаның, оның жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының басқа тұлға қабылдайтын шешімдерді айқындауға, оның ішінде осы тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүргізуінің шарттарын айқындауға не басқару органы өкілеттігін жүзеге асыруға мүмкіндігі болса;
      4) тұлғаның әрқайсысы осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында көрсетілген қандай да бір негіз бойынша белгілі бір тұлғамен топқа кірсе, сондай-ақ басқа да тұлғалар осындай тұлғалардың әрқайсысымен осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында көрсетілген қандай да бір негіз бойынша бір топқа кірсе, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жиынтығы тұлғалар тобы болып табылады.
      2. Тұлғалар тобы нарықтың біртұтас субъектісі ретінде қарастырылады. Осы Заңның нарық субъектілеріне қатысты ережелері тұлғалар тобына қолданылады.
      Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 06.03.2013 N 81-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

2-БӨЛІМ. МОНОПОЛИСТІК ҚЫЗМЕТ. ЖОСЫҚСЫЗ БӘСЕКЕЛЕСТІК

2-тарау. Монополистік қызмет

       8-бап. Монополистік қызметтің түрлері

      Осы Заңда шектелген монополистік қызметке:
      1) нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісімдері;
      2) нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттері;
      3) үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану жатады.

       9-бап. Бәсекелестікке қарсы келісімдер мен келісілген
               іс-әрекеттердің түрлері

      1. Бір тауар нарығында бәсекелестер не әлеуетті бәсекелестер болып табылатын нарық субъектілері арасындағы бәсекелестікке қарсы келісімдер мен келісілген іс-әрекеттер деңгейлес болып табылады.
      2. Бірі тауарды сатып алатын немесе оның әлеуетті сатып алушысы болып табылатын, ал екіншісі тауарды ұсынатын немесе оның әлеуетті сатушысы (өнім берушісі) болып табылатын бәсекелес емес нарық субъектілері арасындағы бәсекелестікке қарсы келісімдер сатылас болып табылады.

      10-бап. Бәсекелестікке қарсы келісімдер

      1. Тұтынушылардың заңды құқықтарына қысым жасайтын және (немесе):
      1) бағаларды (тарифтердi), жеңiлдетулердi, үстеме ақыларды (қосымша ақыларды), үстеме бағаларды белгiлеуге немесе ұстап тұруға;
      2) сауда-саттықта бағаларды өсіруге, төмендетуге немесе ұстап тұруға, сауда-саттықтың, аукциондар мен конкурстардың қорытындыларын, оның ішінде лоттар бойынша бөлу жолымен бұрмалауға;
      3) тауар нарығын аумақтық қағидат, тауарларды сату немесе сатып алу көлемi, өткiзiлетiн тауарлар ассортиментi не сатушылардың немесе сатып алушылардың (тапсырыс берушiлердiң) құрамы бойынша бөлуге;
      4) тауар өндiрiсiн қысқартуға немесе тоқтатуға;
      5) белгiлi бiр сатушылармен не сатып алушылармен (тапсырыс берушiлермен) шарт жасасудан бас тартуға әкеп соғатын немесе әкеп соғуы мүмкiн нарық субъектiлерi арасындағы деңгейлес келiсiмдерге тыйым салынады.
      2. Егер:
      1) сатушы сатып алушы үшiн тауарды қайта сатудың ең жоғары бағасын белгiлейтiн жағдайды қоспағанда, келiсiмдер тауарды қайта сату бағасын белгiлеуге әкеп соғатын немесе әкеп соғуы мүмкiн болса;
      2) келiсiмде сатушының бәсекелесi болып табылатын нарық субъектiсiнiң тауарын сатып алушының сатпау мiндеттемесi көзделсе, нарық субъектiлерi арасындағы сатылас келiсiмдерге тыйым салынады. Мұндай тыйым салу сатып алушының тауар белгiсiмен не сатушыны немесе өндiрушiнi дараландырудың өзге де құралымен тауарларды сатуды ұйымдастыруы туралы келiсiмдерге қолданылмайды.
      3. Нарық субъектiлерiнiң арасындағы кез келген нысанда қол жеткiзiлген, бәсекелестiктi шектеуге әкеп соғатын немесе әкеп соғуы мүмкiн, оның iшiнде:
      1) нарықтың басқа субъектiлерiмен мәні бiрдей шарттарға кемсітушілік шарттарды белгiлеуге немесе қолдауға, оның iшiнде тауарларды сатып алудың және (немесе) өткiзудiң келiсiлген шарттарын белгiлеуге;
      2) сауда-саттықты, аукциондар мен конкурстарды өткiзудiң белгiленген тәртiбiн, оның iшiнде лоттар бойынша бөлу жолымен бұзу нәтижесiнде олардың қорытындыларын бұрмалауға;
      3) тауарларды өткiзудi негiзсiз шектеуге немесе тоқтатуға;
      4) нарықтың басқа субъектiлерiнiң белгiлi бiр тауарларды сатушылар (берушiлер) немесе олардың сатып алушылары ретiнде тауар нарығына кiруiн шектеуге немесе одан ығыстырып шығаруға;
      5) контрагенттердiң өзiнiң мазмұны бойынша немесе iскерлiк айналым дәстүрiне сай осы шарттардың нысанасына қатысы жоқ қосымша мiндеттемелер (қаржылай қаражатты және өзге де мүлiктi, мүлiктiк немесе мүлiктiк емес құқықтарды берудi негiзсiз талап ету) қабылдауы кезiнде шарттар жасасуға қатысты бәсекелестiкке қарсы келiсiмдерге тыйым салынады және олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен толығымен немесе iшiнара жарамсыз деп танылады.
      Осы тармақта белгiленген тыйымдар мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, оның ішінде концессия, кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шарттары болып табылатын сатылы келiсiмдерге не нарық субъектiлерiнiң тауар нарығындағы жиынтық үлесi жиырма пайыздан аспаса, қолданылмайды.
      4. Нарық субъектiлерiнiң экономикалық қызметiн осы баптың 1 –  3-тармақтарында тізбеленген салдарларға әкеп соқтыра алатындай, әкеп соқтыратын немесе әкеп соқтырған үйлестiруге тыйым салынады.
      5. Осы баптың ережелерi, егер бiр тұлғалар тобына кiретiн нарық субъектiлерiнiң бiрi нарықтың басқа субъектiсiне қатысты тiкелей немесе жанама бақылау белгiлеген болса, сондай-ақ мұндай нарық субъектiлерi бiр тұлғаның тiкелей немесе жанама бақылауында болса, осындай нарық субъектiлерi арасындағы келiсiмдерге қолданылмайды.
      6. Осы баптың талаптары зияткерлiк қызметтiң нәтижелерiне айрықша құқықтарды жүзеге асыру туралы келiсiмдерге және соларға теңестiрiлген заңды тұлғаның дараландыру құралдарына, өнiмдi, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтердi дараландыру құралдарына қолданылмайды.
      7. Осы баптың 2-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, осы бапта көзделген келiсiмдерге, егер олар нарық субъектiлерiне осы келiсiмдердiң мақсаттарына қол жеткiзу үшiн қажет болып табылмайтын шектеулер қоймаса және тиiстi тауар нарығында бәсекелестiктi жою үшiн мүмкiндiк жасамаса және егер нарық субъектiлерi мұндай келiсiмдер өз нәтижесiнде:
      1) тауарлар өндiрудi (өткiзудi) жетiлдiруге немесе техникалық (экономикалық) прогресті ынталандыруға жәрдемдесетін немесе жәрдемдесе алатын не әлемдiк тауар нарығында тараптар өндірген тауарлардың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыратын немесе арттыра алатын;
      2) тиiстi тұлғалардың осындай iс-әрекет жасауынан иеленетiн артықшылықтардың (пайдалардың) мөлшерлес бөлiгiн тұтынушылардың алатынын немесе алуы мүмкiн екенін дәлелдесе, жол берiлетін болып танылады.
      Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - ҚР 06.03.2013 N 81-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгерістер енгізілді - ҚР 05.05.2015 № 312-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.10.2015 № 380-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

       11-бап. Нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы
                келісілген іс-әрекеттері

      1. Нарық субъектілерінің бәсекелестікті шектеуге «және (немесе) тұтынушылардың заңды құқықтарына қысым жасауға бағытталған, оның ішінде:
      1) тауарларды сатып алу немесе өткізу бағаларын не басқа жағдайларын белгілеуге және (немесе) ұстап тұруға;
      2) тауарларды өндіруді не өткізуді негізсіз шектеуге;
      3) белгілі бір сатушылармен (өнім берушілермен) не сатып алушылармен шарттар жасасудан негізсіз бас тартуға;
      4) басқа субъектілермен мәні бірдей шарттарға кемсітушілік шарттар қолдануға қатысты келісілген әрекеттеріне тыйым салынады.
      2. Нарық субъектілерінің осы баптың 1-тармағында көрсетілген әрекеттері, егер оларға барлық қатысушылар үшін осы әрекеттер жиынтығында мынадай:
      1) нарық субъектілерінің үш ай мерзім ішінде қатар жасалған іс-әрекеттері және нәтижесінде нарық субъектілерінің әрқайсысы келісілген іс-әрекеттердің болмауы салдарынан көзделмеген пайда алған;
      2) нарық субъектілерінің іс-әрекеттері олардың әрқайсысына алдын ала белгілі болған;
      3) олардың әрқайсысының әрекеттері келісілген әрекеттерге қатысатын өзге де нарық субъектілерінің әрекеттерімен туындаған және тиісті тауар нарығында барлық нарық субъектілеріне тең дәрежеде ықпал ететін мән-жайлардың салдары болып табылмаған шарттарды қанағаттандырса, келісілген әрекеттер деп танылуы мүмкін.
      3. Нарық субъектілерінің осы баптың 1-тармағында аталған іс-әрекеттері жазбаша келісімнің болуына қарамастан, келісілген іс-әрекеттер болып танылады.
      4. Егер келісілген іс-әрекеттерді бір тұлғалар тобына кіретін немесе тауар нарығындағы жиынтық үлесі он бес проценттен аспайтын нарық субъектілері жасаса және тұтынушылардың заңды құқықтарына қысым жасамаса және олар:
      1) озық технологияларды енгізу жолымен өндірісті жетілдіруге;
      2) шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға;
      3) стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеуге және қолдануға бағытталса, ондай іс-әрекеттерге жол беріледі.
      Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 06.03.2013 N 81-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 05.05.2015 № 312-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

       12-бап. Үстем немесе монополиялық жағдай

      1. Тиісті тауар нарығындағы нарық субъектісінің немесе бірнеше нарық субъектісінің нарық субъектісіне немесе бірнеше нарық субъектісіне тиісті тауар нарығын бақылауға, оның ішінде тауар айналысының жалпы жағдайына елеулі ықпал етуге мүмкіндік беретін жағдайы үстем немесе монополиялық жағдай болып танылады.
      1-1. Нарық субъектiсiнiң үстем жағдайы монополияға қарсы орган бекiтетiн Тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу жөніндегі әдiстемеге сәйкес мынадай мән-жайларды:
      1) нарық субъектiсiнiң үлесiн және оның бәсекелестерi мен сатып алушыларының үлестерiмен арақатынасын;
      2) нарық субъектiсiнiң бiржақты тәртiппен тауар бағасының деңгейiн айқындау және тиiстi тауар нарығында тауар өткiзудiң жалпы шарттарына шешушi ықпал ету мүмкiндiгiн;
      3) тауар нарығына кiру үшiн экономикалық, технологиялық, әкiмшiлiк немесе өзге де шектеулердiң болуын;
      4) нарық субъектiсiнiң тауар нарығында тауар айналымының жалпы шарттарына шешушi ықпал ету мүмкiндiгінің болу кезеңін талдау негiзге алына отырып белгiленедi.
      2. Тиісті тауар нарығындағы үлесі отыз бес және одан да көп процентті құрайтын нарық субъектісінің жағдайы үстем жағдай болып танылады.
      3. Егер:
      1) тиісті тауар нарығында неғұрлым көп үлес тиесілі болатын, үшеуден аспайтын нарық субъектісінің жиынтық үлесі елу және одан көп процентті құраса;
      2) тиісті тауар нарығында неғұрлым көп үлес тиесілі болатын, төртеуден аспайтын нарық субъектісінің жиынтық үлесі жетпіс және одан көп процентті құраса, бірнеше нарық субъектісінің әрқайсысының жағдайы үстем жағдай болып танылады.
      4. Егер:
      1) тиісті қаржы қызметтерін көрсету нарығында неғұрлым көп үлес тиесілі болатын, екеуден аспайтын қаржылық ұйымның жиынтық үлесі елу және одан көп процентті құраса;
      2) тиісті қаржы қызметтерін көрсету нарығында неғұрлым көп үлес тиесілі болатын, үшеуден аспайтын қаржылық ұйымның жиынтық үлесі жетпіс және одан көп процентті құраса, қаржылық ұйымдардың жағдайы үстем жағдай болып танылады.
      5. Тиісті тауар нарығындағы, оның ішінде қаржы қызметтерін көрсету нарығындағы үлесі он бес проценттен аспайтын нарық субъектісінің жағдайы осы баптың 3 және 4-тармақтарына сәйкес үстем жағдай болып таныла алмайды.
      6. Табиғи монополия, мемлекеттік монополия субъектілерінің, сондай-ақ тиісті тауар нарығында жүз процент үстем үлеске ие нарық субъектілерінің жағдайы монополиялық жағдай болып танылады.
      Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 06.03.2013 N 81-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 05.05.2015 № 312-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      13-бап. Үстем немесе монополиялық жағдайды теріс
               пайдалану

      Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiлерiнiң тиiстi тауар нарығына кiрудi шектеуге, бәсекелестiктi болғызбауға, шектеуге және жоюға әкеп соққан немесе әкеп соғатын және (немесе) тұтынушылардың, өзге де тұлғалардың заңды мүдделерiне қысым жасайтын іс-әрекеттерiне немесе әрекетсiздiгiне, оның iшiнде:
      1) монополиялық жоғары (төмен) немесе монопсониялық төмен бағаларды белгiлеу, ұстап тұру;
      2) нарық субъектiлерiмен немесе тұтынушылармен жасалған мәні бiрдей келiсiмдерге объективті түрде ақтамайтын себептермен әртүрлi бағаларды не әртүрлi шарттарды қолдану;
      3) өзiнен сатып алынған тауарларды қайта сатуға аумақтық белгiсi, сатып алушылар тобы, сатып алу шарттары бойынша, сондай-ақ саны, бағасы бойынша шектеулер белгiлеу;
      4) нарық субъектiсiне немесе тұтынушыға өз мазмұны бойынша немесе iскерлiк айналым дәстүрiне сай осы келiсiмдердiң нысанасына қатысы жоқ қосымша мiндеттемелер қабылдату жолымен келiсiм жасасуға шарт қою не оны күштеп таңу;
      5) тиiстi тауарды өндiру немесе өткiзу мүмкiндiгi болған кезде жекелеген сатып алушылармен шарт жасасудан немесе тауарды өткізуден негiзсiз бас тарту не осындай шарт жасасуға күнтізбелік отыз күннен асатын мерзiмде жауап ұсынбаудан көрінетін жалтару;
      6) бәсекелестер өндiрген не өткiзетiн тауарларды сатып алу кезiнде шектеулер қабылдау арқылы тауарларды беруге шарт қою;
      7) өндiру немесе өнім беру мүмкiндiгi болған кезде тұтынушылардың сұраныстары немесе тапсырыстары бар тауарларды өндiру және (немесе) беру көлемiн негiзсiз қысқарту немесе өндiруді және (немесе) өнім беруді тоқтату;
      8) егер тауардың бағасын көтеру тауарды алып қоюдың нәтижесi болып табылса, тауарды айналымнан алып қою;
      9) контрагентке шарттың нысанасына жатпайтын, экономикалық немесе технологиялық тұрғыдан негiзделмеген шарт талаптарын күштеп таңу;
      10) нарықтың басқа субъектiлерiне тауар нарығына кiруге немесе тауар нарығынан шығуға кедергiлер жасау;
      11) бір ғана тауарға әртүрлі бағаларды (тарифтерді) экономикалық, технологиялық тұрғыдан немесе өзге де түрде негізсіз белгілеу, кемсітушілік жағдайлар жасау сияқты iс-әрекеттерiне тыйым салынады.
      Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда - ҚР 06.03.2013 N 81-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

       14-бап. Тауардың монополиялық жоғары және монополиялық
                төмен бағасы

      1. Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі белгілеген баға, егер:
      1) осы баға нақ сол тауар нарығында бәсекелестік жағдайында үстем жағдайға ие нарық субъектісімен бір тұлғалар тобына кірмейтін нарық субъектісі белгілейтін ең жоғары бағадан асып кетсе немесе салыстырмалы тауар нарығында бәсекелестік жағдайында қалыптасқан бағадан асып кетсе;
      2) осы баға осындай тауарды өндіру және өткізу үшін қажет шығыстар мен пайда сомасынан асып кетсе, тауардың монополиялық жоғары бағасы болып табылады.
      2. Салыстырмалы тауар нарығы деп тауарды сатып алу немесе сату мақсаттарын негізге ала отырып айқындалатын сатылатын тауар көлемі, тауарды сатып алушылар немесе сатушылар (өнім берушілер) құрамы және тауар нарығына кіру талаптары бойынша салыстырылатын басқа тауар нарығы түсініледі.
      Нақ сол тауар нарығындағы бағаны салыстыру мүмкін болмаған жағдайда, салыстырмалы тауар нарығындағы, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі салыстырмалы тауар нарығындағы тауар бағасымен салыстыру жүргізіледі.
      Егер салыстырмалы тауар нарығында бәсекелестік жағдайында қалыптасқан бағаны не салыстырмалы тауар нарығын айқындау, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде айқындау мүмкін болмаса, нарық субъектісінің шығыстарына және пайдасына талдау жүргізіліп, тауардың негізделген бағасы айқындалады.
      3. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес нарық субъектісіне белгіленген тауар бағасы монополиялық жоғары баға болып танылмайды.
      4. Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі белгілеген баға, егер:
      1) осы баға нақ сол тауар нарығында үстем жағдайға ие нарық субъектісімен бір тұлғалар тобына кірмейтін нарық субъектісі белгілейтін бағадан төмен болса;
      2) осы баға осындай тауарды өндіру мен өткізудің нақты шығыстары сомасынан төмен болса, тауардың монополиялық төмен бағасы болып табылады.
      5. Егер тауар бағасы осы баптың 4-тармағында көрсетілген критерийлердің ең болмағанда біреуіне сәйкес келмесе, ол монополиялық төмен баға болып танылмайды. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес нарық субъектісіне белгіленген тауар бағасы монополиялық төмен баға болып танылмайды.
      Ескерту. 14-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 06.03.2013 N 81-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      15-бап. Монопсониялық жағдай және монопсониялық төмен
               баға

      1. Сатып алушы ретінде үстем немесе монополиялық жағдайға ие, тиісті тауар нарығындағы үлесі жетпіс және одан көп процентті құрайтын нарық субъектісінің жағдайы монопсониялық жағдай болып танылады.
      2. Монопсониялық жағдайға ие нарық субъектісінің тауарды сатып алатын тауар бағасы, егер:
      1) осы баға монопсониялық жағдайға ие нарық субъектісіне тауар өткізетін нарық субъектілері есебінен өндіру және (немесе) өткізу шығындарын төмендету жолымен оған қосымша табыс алуға мүмкіндік берсе;
      2) осы баға тауар өткізуші нарық субъектісіне осындай тауарды өндіру мен өткізуіне қажетті шығыстар мен пайда сомасынан төмен болса, монопсониялық төмен баға болып табылады.
      3. Егер тауардың бағасы осы баптың 2-тармағында аталған критерийлердің біреуіне де сәйкес келмесе, ол монопсониялық төмен баға болып танылмайды.

3-тарау. Жосықсыз бәсекелестік

       16-бап. Жосықсыз бәсекелестік

      1. Құқыққа сыйымсыз артықшылықтарға қол жеткізуге немесе оларды беруге бағытталған, сондай-ақ тұтынушылардың заңды құқықтарын бұзатын бәсекелестіктегі кез келген іс-әрекеттер жосықсыз бәсекелестік болып табылады. Жосықсыз бәсекеге тыйым салынады.
      2. Жосықсыз бәсекелестікке мынадай іс-әрекеттер жатады:
      1) тауар таңбаларын, буманы құқыққа сыйымсыз пайдалану;
      2) басқа өндірушінің тауарын құқыққа сыйымсыз пайдалану;
      3) бұйымның сыртқы түрін көшіріп алу;
      4) нарық субъектісінің беделін түсіру;
      5) көрінеу жалған, жосықсыз және дәйексіз жарнама;
      6) мәжбүрлі ассортиментпен тауар өткізу (сатып алу);
      7) сатушыға (өнім берушіге) бойкот жасауға шақыру;
      8) сатып алушының (өнім берушінің) беделін түсіруге шақыру;
      9) нарық субъектісін бәсекелеспен шартты бұзуға шақыру;
      10) сатушының (өнім берушінің) қызметкерін сатып алушылық;
      11) сатып алушының қызметкерін сатып алушылық;
      12) коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты құқыққа сыйымсыз пайдалану;
      13) тұтынушыға тауардың сипатына, өндірілу тәсілі мен орнына, тұтынушылық қасиеттеріне, сапасы мен санына және (немесе) оны өндірушілерге қатысты анық емес ақпарат ұсына отырып, тауарды өткізу;
      14) нарық субъектiсiнiң өзi өндiретiн және (немесе) өткiзетiн тауарларын нарықтың басқа субъектiлерi өндiретiн және (немесе) өткiзетiн тауарлармен орынсыз салыстыруы.
      Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 06.03.2013 N 81-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

       17-бап. Тауар таңбаларын, буманы құқыққа сыйымсыз
                пайдалану

      Бөгде тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын, фирмалық атауын, тауар шығарылған жердің атауын немесе біртекті тауарлар үшін олармен ұқсас белгілерді заңсыз пайдалану немесе құқық иеленушінің немесе оған уәкілетті тұлғаның рұқсатынсыз әдеби, көркем шығармалардың, мерзімді басылымдардың атауын пайдалану немесе буманы тұтынушыны тауардың сипатына, өндірілу тәсілі мен орнына, тұтынушылық қасиеттеріне, сапасы мен санына қатысты немесе оны өндірушілерге қатысты жаңылыстыруға ұшыратуы мүмкін болатындай етіп пайдалану тауар таңбаларын, буманы құқыққа сыйымсыз пайдалану болып табылады.

       18-бап. Басқа өндірушінің тауарын құқыққа сыйымсыз
                пайдалану

      Құқық иеленушінің немесе оған уәкілетті тұлғаның рұқсатынсыз өндірушінің белгілерін өзгерту не алып тастау жолымен басқа өндірушінің тауарын өз белгісімен шаруашылық айналымына енгізу басқа өндірушінің тауарын құқыққа сыйымсыз пайдалану болып табылады.

       19-бап. Бұйымның сыртқы түрін көшіріп алу

      1. Нарықтың басқа субъектісі бұйымының сыртқы түрін қайта жасап шығару және оны тұтынушыны тауар өндірушіге қатысты жаңылыстыруға ұшыратуы мүмкін болатындай етіп шаруашылық айналымға енгізу бұйымның сыртқы түрін көшіріп алу болып табылады.
      2. Егер мұндай көшіріп алу олардың функционалдық қолданылуына ғана байланысты болса, бұйымның сыртқы түрін немесе оның бөліктерін көшіріп алу құқыққа сыйымсыз болып танылмайды.

       20-бап. Нарық субъектісінің беделін түсіру

      Нарық субъектісінің қызметіне байланысты көрінеу жалған, дәйексіз мәліметтерді кез келген нысанда тарату нарық субъектісінің беделін түсіру болып табылады.

       21-бап. Көрінеу жалған, жосықсыз және дәйексіз жарнама

      Жосықсыз, дәйексіз және көрінеу жалған жарнамалардың белгілері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленеді.

       22-бап. Мәжбүрлі ассортиментпен тауар өткізу (сатып алу)

      Сатушының (өнiм берушiнiң) немесе сатып алушының тауарды өткiзуі (сатып алуы) кезiнде сатушының (өнім берушінің), тұтынушының құқығына қысым жасайтын және өзiнiң мазмұны бойынша немесе iскерлiк айналым дәстүрiне сай мәмiленiң нысанасына қатысы жоқ қосымша талаптарды немесе шарттарды белгiлеу жөнiндегi кез келген iс-әрекеттерi мәжбүрлi ассортиментпен тауар өткiзу (сатып алу) болып табылады.
      Ескерту. 22-бап жаңа редакцияда - ҚР 06.03.2013 N 81-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

       23-бап. Сатушыға (өнім берушіге) бойкот жасауға шақыру

      Бәсекелестің тікелей өзі немесе делдал арқылы ұйымдастырған, сатып алушылардың сатушымен (өнім берушімен) шарттық қатынастарды орнатудан немесе оның тауарларын сатып алудан бас тартуға бағытталған іс-әрекеттері сатушыға (өнім берушіге) немесе оның тауарына бойкот жасауға шақыру болып табылады.

       24-бап. Сатып алушыны (өнім берушіні) кемсітуге шақыру

      Сатып алушы (өнім беруші) бәсекелесінің тікелей өзі немесе делдал арқылы өнім берушіні (сатып алушыны) шарт жасасудан бас тартуға немесе мәні бірдей шарттар бойынша өзге де сатып алушыларға (өнім берушілерге) кемсітушілік шарттар қолдануға мәжбүрлеуге бағытталған әрекеттері сатып алушыны (өнім берушіні) кемсітуге шақыру болып табылады.
      Ескерту. 24-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 05.05.2015 № 312-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

       25-бап. Бәсекелеспен шартты бұзуға шақыру

      Нарық субъектісінің тікелей өзі немесе делдал арқылы материалдық сыйақы, басқа да артықшылықтар беру немесе ұсыну не нарық субъектісінің қызметін жүзеге асыруына негізсіз кедергі келтіру арқылы бәсекелеспен шартқа қатысушының - нарықтың өзге субъектісінің шарттық міндеттемелерді орындамауына немесе тиісінше орындамауына бағытталған іс-әрекеттері бәсекелеспен шартты бұзуға шақыру болып табылады.

       26-бап. Сатушының (өнім берушінің) қызметкерін сатып
                алушылық

      Сатып алушы бәсекелесінің тікелей өзі немесе делдал арқылы сатушы (өнім беруші) қызметкерінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін мүліктік және мүліктік емес игіліктерді беруі, бұл сатып алушы бәсекелесінің сатып алушы алдында белгілі бір артықшылықтар алуына және (немесе) сатып алушының шығын шегуіне әкеп соқса немесе әкеп соғу мүмкін болса, сатушының (өнім берушінің) қызметкерін сатып алушылық болып табылады.

       27-бап. Сатып алушының қызметкерін сатып алушылық

      Сатушы (өнім беруші) бәсекелесінің тікелей өзі немесе делдал арқылы сатып алушы қызметкерінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін оған мүліктік және мүліктік емес игіліктерді беруі, бұл сатушы (өнім беруші) бәсекелесінің сатушы (өнім беруші) алдында белгілі бір артықшылықтар алуына және (немесе) сатушының (өнім берушінің) шығын шегуіне әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса, қызметкерді сатып алушылық болып табылады.

       28-бап. Коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты
                құқыққа сыйымсыз пайдалану

      Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес коммерциялық құпия болып табылатын мәліметтерді құқық иесінің рұқсатынсыз пайдалану коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты құқыққа сыйымсыз пайдалану болып табылады.

3-БӨЛІМ. БӘСЕКЕЛЕСТІК САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

4-тарау. Кәсіпкерлік қызметке мемлекеттік қатысу

       29-бап. Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысу
                принциптері

      1. Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысу принциптері:
      1) заңдылық;
      2) негізділік;
      3) шектеулілік;
      4) жарысқа қатыспаушылық болып табылады.

       30-бап. Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуы

      Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуы:
      1) мемлекеттік кәсіпорындар құру;
      2) заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына тікелей немесе жанама қатысу жолымен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 30-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 22.04.2015 № 308-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      31-бап. Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуына
               негіздер

      1. Мемлекет мынадай:
      1) мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін, қорғаныс қабілетін немесе қоғамның мүдделерін қорғауды қамтамасыз етудің өзге мүмкіндігі болмаған;
      2) мемлекеттік меншіктегі стратегиялық объектілер пайдаланылған және күтіп-ұсталған;
      3) мемлекеттік монополияға жатқызылған салалардағы қызмет жүзеге асырылған;
      4) мемлекеттік саясаттың тиімділігін талдау және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау үшін құрылатын ұйымдар қызметті жүзеге асырған;
      5) тиісті тауар нарығында ұқсас не өзара алмастырылатын тауарды өндіруді және (немесе) өткізуді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектісі (субъектілері) болмаған;
      6) даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және экономиканы дамыту жөніндегі шаралар шеңберінде құрылған ұлттық басқарушы холдингтің құрылған үлестес тұлғалары қызметті жүзеге асырған;
      7) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында тікелей көзделген жағдайларда кәсіпкерлік қызметке қатысады.
      Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      2. Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) – 5) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар тауар нарығында жеке кәсіпкерлік субъектілері ұсынып қойған қызметті жүзеге асыратын еншілес ұйымдарды құруға құқылы емес.
      3. Өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және олармен үлестес тұлғаларды құру монополияға қарсы органның келісімімен жүзеге асырылады.
      «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген критерийлерге сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және олармен үлестес тұлғаларды құруға, сондай-ақ мемлекеттің оларға қатысуына тыйым салынады.
      Өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлері кеңейтілген және (немесе) өзгертілген кезде монополияға қарсы органның келісімі қажет.
      4. Өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) жиырма бес пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және олармен үлестес тұлғаларды құру жобаның өзін-өзі ақтау мерзімі ескеріле отырып, кейіннен мемлекеттің акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестерi) сатыла отырып, жүзеге асырылады.
      5. Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайда, өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаны және олармен үлестес тұлғаларды құру туралы шешім қабылдайтын орган монополияға қарсы органға негіздейтін материалдарды ұсына отырып, монополияға қарсы орган белгілеген нысан бойынша мұндай құру туралы өтінішхат ұсынады.
      Өтінішхат келiп түскен кезден бастап күнтiзбелiк алпыс күн iшiнде монополияға қарсы орган:
      1) өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорынды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаны және онымен үлестес тұлғаны құру болжанатын тауар нарықтарын зерттеп-тексеруге;
      2) осы тауар нарықтарындағы бәсекелестiктiң даму деңгейi туралы, оның iшiнде мемлекеттiк кәсiпорынның, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаның және онымен үлестес тұлғаның осы тауар нарығында болу мерзiмi туралы қорытынды дайындауға;
      3) өтінішхатты ұсынған органға негізделген шешiм жiберуге міндетті.
      6. Монополияға қарсы орган, егер мұндай құру бәсекелестікті шектеуге әкелетін болса, өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаны және онымен үлестес тұлғаны құруға келісім беруден бас тартады.
      7. Өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар монополияға қарсы органның келісімінсіз құрылған жағдайда, монополияға қарсы орган көрсетілген әрекеттерге сот тәртібімен шағым жасайды.
      8. Осы баптың 3, 4, 5, 6 және 7-тармақтарының талаптары осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) және 6) тар