Кедендік рәсімдерді оңайлату мен үйлестіру туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 24 ақпандағы N 141-IV Заңы

      Брюссельде 1999 жылғы 26 маусымда қабылданған Кедендік рәсімдерді оңайлату мен үйлестіру туралы халықаралық конвенция, Конвенцияға мынадай: "Қазақстан Республикасы Е Арнайы қосымшасының "Тауарларды каботаждық тасымалдау" деген 3-тарауын, F Арнайы қосымшасының "Қайтару" деген 3-тарауын, Н Арнайы қосымшасының "Кедендік құқық бұзушылықтар" деген 1-тарауын, J Арнайы қосымшасының "Почта жөнелтімдері" деген 2-тарауын қабылдамайды" деген ескертпелерімен, ратификациялансын.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті                                     Н. Назарбаев

Кедендік рәсімдерді оңайлату мен үйлестіру туралы халықаралық конвенция

(2009 жылғы 19 маусымда күшіне енді - ҚР СІМ-нің ресми сайты)

Кіріспе

      Кедендік ынтымақтастық кеңесінің аясында әзірленген осы Конвенцияның Уағдаласушы Тараптары,
      Уағдаласушы Тараптардың кедендік ережелері мен рәсімдеріндегі халықаралық сауданың және халықаралық алмасудың басқа да түрлерінің дамуына кедергі жасауы мүмкін алшақтықтарды жою МАҚСАТЫНДА,
      Кедендік ережелер мен рәсімдерді оңайлату және үйлестіру, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты ынталандыру жолымен мұндай сауда мен алмасуды дамытуға пәрменді үлес қосуға НИЕТ БІЛДІРЕ ОТЫРЫП,
      Халықаралық сауда шарттарын жеңілдетудің арқасында алынатын елеулі басымдылықтарға кедендік бақылаудың тиісті ережелері үшін залалсыз қол жеткізілуі мүмкін екендігін АТАЙ ОТЫРЫП,
      Мұндай оңайлату мен үйлестіруге, оның ішінде мынадай:
      кедендік ережелер мен рәсімдерді ұдайы жетілдіру мен тиімділігін арттыруға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыру;
      кедендік ережелер мен рәсімдерді қолдану кезінде болжамдылық, дәйектілік және ашықтық;
      кеден ісі жөніндегі заңдарға, нормативтік құқықтық және әкімшілік актілерге, кедендік ережелер мен рәсімдерге қатысты барлық қажетті ақпаратты мүдделі тараптарға ұсыну;
      тәуекелдерді басқару мен аудит әдістерінің негізінде бақылау сияқты жұмыстың қазіргі заманғы әдістерін қолдану және ақпараттық технологияларды барынша практикалық пайдалану;
      биліктің басқа да ұлттық органдарымен, басқа мемлекеттердің кеден қызметтерімен және сауда қоғамдастықтарымен, бұл қажет болатын барлық жағдайларда ынтымақтастық;
      тиісті халықаралық стандарттарды енгізу;
      әкімшілік және сот тәртібімен қарау рәсімдеріне мүдделі тараптардың кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету принциптерін қолданудың арқасында қол жеткізу мүмкін екендігін ТАНИ ОТЫРЫП;
      Уағдаласушы Тараптар сақтауға міндеттенетін жоғарыда жазылған мақсаттарға және принциптерге негізделген халықаралық құжат Кедендік ынтымақтастық кеңесінің басты мақсаттарының бірі болып табылатын кедендік ережелер мен рәсімдерді оңайлату және үйлестірудің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге және осылайша, халықаралық сауда үшін қолайлы жағдайлар жасауға елеулі үлес қосуға мүмкіндік беретініне КӨЗ ЖЕТКІЗЕ ОТЫРЫП,
      мына төмендегілер туралы келісті:

І ТАРАУ
Ұғымдардың айқындамалары

1-бап

      Осы Конвенцияда пайдаланылатын ұғымдар, мыналарды білдіреді:
      а) "Стандарттық ереже" - оны қолдану кедендік ережелер мен рәсімдерді үйлестіруге және оңайлатуға қол жеткізу үшін қажетті деп танылатын ереже;
      б) "Өтпелі мерзімді стандарттық ереже" - оны қолдану үшін қолданысқа енгізудің барынша ұзақ мерзіміне жол берілетін Бас қосымшаның стандарттық ережесі;
      в) "Ұсынылатын ереже" - кедендік ережелер мен рәсімдерді үйлестіру және оңайлату мақсатына қол жеткізуге ықпал ететін деп танылатын, мүмкіндігінше кеңінен қолдану дұрыс деп саналатын Арнайы қосымшаның ережесі,
      г) "Ұлттық заңнама" - осы Тарап үшін күшіне енген халықаралық шарттарды қоса алғанда, осы Уағдаласушы Тараптың аумағында қолдануға жататын, Уағдаласушы Тараптың құзыретті органдарының заңнамалық, нормативтік құқықтық және өзге де актілері;
      д) "Бас қосымша" - осы Конвенциямен реттелуге жатқызылған барлық кедендік ережелер мен рәсімдерге қолдануға жататын ережелердің жиынтығы;
      е) "Арнайы қосымша" - осы Конвенциямен реттелуге жатқызылған бір немесе бірнеше кедендік ережелер мен рәсімдерге қолдануға жататын ережелердің жиынтығы;
      ж) "Ұсынымдар" - Стандарттық ережелерді, Өтпелі мерзімді стандарттық ережелерді және Ұсынылатын ережелерді, атап айтқанда, неғұрлым тиімділікке қол жеткізу үшін ұсынылатын алдыңғы қатардағы тәжірибе мен мысалдарды қолданудың бірқатар мүмкін болатын тәсілдерін көрсететін Бас қосымшаның, Арнайы қосымшалардың және олардың Тарауларының ережелеріне түсіндірме;
      з) "Тұрақты техникалық комитет" - Кеңестің тұрақты техникалық комитеті;
      и) "Кеңес" - 1950 жылғы 15 желтоқсанда Брюссельде жасалған Кедендік ынтымақтастық кеңесін құру туралы конвенция құрған ұйым;
      к) "кеден немесе экономикалық одақ" - осы мемлекеттер қолдану үшін міндетті осы Конвенциямен реттелетін мәселелер жөнінде өзінің дербес нормативтік құқықтық актілерін қабылдауға құқылы, сондай-ақ өзінің ішкі рәсімдеріне сәйкес осы Конвенцияға қол қою, ратификациялау немесе қосылу туралы шешім қабылдауға өкілеттігі бар оның құрамындағы мемлекеттерден құрылған одақ.

II тарау
Конвенцияның қолданылу саласы және құрылымы

Конвенцияның қолданылу саласы
2-бап

      Уағдаласушы Тараптың әрқайсысы кедендік рәсімдерді оңайлатуға және үйлестіруге ықпал ету және бұл мақсатпен осы Конвенцияның ережелеріне сәйкес Стандарттық ережелерді, өтпелі мерзімді Стандарттық ережелерді және осы Конвенцияның қосымшаларындағы Ұсынылатын ережелерді сақтау міндеттемелерін қабылдайды. Алайда, Уағдаласушы тарапқа мұнда көзделгеннен гөрі неғұрлым қолайлы жағдайлар беруге ештеңе кедергі жасамайды, және Уағдаласушы Тараптың әрқайсысына мұндай қолайлы жағдайларды мүмкіндігінше кеңінен беруге ұсыным жасалды.

3-бап

      Осы Конвенцияның ережелері кедендік бақылауға жататын тауарларға қолданылатын тыйымдар мен шектеулерге қатысты ұлттық заңнаманы қолдануға кедергі жасамайды.

Конвенцияның құрылымы
4-бап

      1. Конвенция Негізгі мәтінді, Бас қосымшаны және Арнайы қосымшаларды қамтиды.
      2. Бас қосымша және осы Конвенцияға Арнайы қосымшаның әрқайсысы, әдетте, тиісті Қосымшаларға бөлінетін, және мыналарды қамтитын Тараулардан тұрады:
      а) ұғымдардың айқындамалары;
      ә) олардың кейбіреуі Бас ережеде өтпелі кезеңді Стандарттық ережелер болып табылатын стандарттық ережелер.
      3. Әрбір Арнайы ережеде Ұсыным жасалатын ережелер де қамтылады.
      4. Қосымшалардың әрқайсысы Уағдаласушы Тараптар үшін міндетті болып табылмайтын Ұсынымдармен толықтырылады.

5-бап

      Осы Конвенцияның мақсаттары үшін оларға қатысты Уағдаласушы Тарап оларды қолдану туралы өзіне міндеттемелер қабылдаған Арнайы қосымшалардың әрқайсысы немесе олардың Тарауларының әрқайсысы осы Конвенцияның ажырамас бөлігі болып саналады, және осы Уағдаласушы Тараптың қолданысында Конвенцияға кез келген сілтеме Қосымшаларға немесе олардың Тарауларына да сілтеме болып саналады.

III тарау
Конвенцияның қолданылуын басқару

Басқарушы комитет
6-бап

      1. Конвенцияның орындалуын қамтамасыз ету, оны біркелкі түсіндіру және қолдану бойынша шаралар қолдану, сондай-ақ оларға өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарды дайындау мәселелерін қарау үшін Басқарушы комитет құрылады.
      2. Басқарушы комитеттің мүшелері Уағдаласушы Тараптар болып табылады.
      3. Осы Конвенцияның 8-бабының ережелеріне сәйкес олардың Конвенцияға Уағдаласушы Тарап ретінде қатысу құқығы танылатын кез келген халықаралық құқық субъектісінің немесе Дүниежүзілік сауда ұйымының кез келген Уәкілетті органы Басқарушы комитеттің отырыстарына қадағалаушы ретінде қатысуға құқылы. Мұндай қадағалаушының мәртебесі мен құқығы Кеңес шешімімен белгіленеді. Жоғарыда аталған құқық Кеңес шешімінің күшіне енбейінше пайдаланылмайды.
      4. Басқарушы комитет халықаралық үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін Басқарушы комитеттің отырыстарына қадағалаушы ретінде қатысуға шақыруы мүмкін.
      5. Басқарушы комитет:
      а) Уағдаласушы Тараптардың қарауына:
      (I) Конвенцияның негізгі мәтініне өзгерістер енгізу бойынша;
      (II) Бас қосымшаға, Арнайы қосымшаға және олардың Тарауларына өзгерістер енгізу бойынша, сондай-ақ Бас қосымшаға жаңа Тарауларды енгізу бойынша;
      (III) Арнайы қосымшаларға жаңа Арнайы қосымшаларды және жаңа Тарауларды енгізу бойынша ұсыныстар енгізеді.
      ә) Ұсынылатын ережелерге өзгерістер енгізу туралы немесе осы Конвенцияның 16-бабында көзделген тәртіппен Арнайы қосымшаларға немесе олардың Тарауларына Ұсыным жасалатын жаңа ережелерді енгізу туралы шешімдерді қабылдайды;
      б) осы Конвенцияның 13-бабының 4-тармағында көзделген тәртіппен осы Конвенция ережелерінің орындалуын қарайды;
      в) Ұсынымдардың мәтінін қайта қарайды және жаңартады;
      г) осы Конвенцияға қатысы бар, оның қарауына жіберілуі мүмкін кез келген басқа да мәселелерді қарайды;
      д) Тұрақты техникалық комитетті және Кеңесті өз шешімдері туралы ақпараттандырады.
      6. Уағдаласушы Тараптардың Уәкілетті органдары осы Баптың 5-тармағының "а", "ә", "б" және "в" тармақшаларына қатысты өз ұсыныстарын Кеңестің Бас хатшысының атына олардың негіздемесін жаза отырып, сондай-ақ мәселені Басқарушы комитет отырысының тәртібіне енгізу туралы өтінішпен жібереді. Кеңестің Бас хатшысы қарау үшін келіп түскен ұсыныстарды Уағдаласушы Тараптардың уәкілетті органдарына және осы Баптың 2, 3 және 4-тармақтарында аталған қадағалаушыларға жібереді.
      7. Басқарушы комитеттің отырыстары жылына кем дегенде бір рет өткізіледі. Комитет жыл сайын өзінің төрағасын және төрағаның орынбасарларын сайлайды. Кеңестің Бас Хатшысы осы Баптың 2, 3 және 4-тармақтарында аталған Уағдаласушы Тараптардың уәкілетті органдарына және қадағалаушыларға отырысқа қатысу үшін шақыруларды және күн тәртібінің жобасын Басқарушы комитет отырысының күніне дейін алты аптадан кешіктірмей жібереді.
      8. Шешім қатысушылардың ортақ келісімін алмаған жағдайларда Басқарушы комитеттің қарауына шығарылған мәселелер Уағдаласушы Тараптардың қатысатын қатысушыларының арасында өткізілетін дауыс беру арқылы шешіледі. Осы Баптың 5-тармағының "а", "ә" және "б" тармақшаларында көзделген мәселелер бойынша шешімдерді қабылдау үшін дауыс құқығы бар отырысқа қатысушылардың дауыстарының көпшілігі, үштен екісі қажет. Басқарушы комитеттің қалған мәселелер бойынша шешімдері дауыстардың жай көпшілігімен қабылданады.
      9. Осы Конвенцияның 8-бабының 5-тармағының ережелері қолданылған жағдайларда Уағдаласушы Тараптар болып табылатын кеден немесе экономикалық одақтар дауыс беру кезінде ұйымның Уағдаласушы Тараптар болып табылатын қатысушы мемлекеттері дауыстарының санына тең болатын дауыстардың санына ғана ие болады.
      10. Әрбір отырыс аяқталар алдында Басқарушы комитет есепті бекітеді. Бұл есеп Кеңеске және барлық Уағдаласушы Тараптарға, сондай-ақ 2, 3 және 4-тармақтарда аталған қадағалаушыларға жіберіледі.
      11. Егер Басқарушы комитеттің шешімдерімен өзгеше белгіленбесе, осы Бапта тиісті ережелер болмаған кезде Кеңес рәсімдерінің ережелері қолданылады.

7-бап

      Басқарушы комитеттің отырыстарында дауыс беру әрбір Арнайы қосымша және әрбір Арнайы қосымшаның Тарауы бойынша бөлек жүргізіледі.
      а) Әрбір Уағдаласушы Тараптың Конвенцияның Негізгі мәтінін және Конвенцияға Бас қосымшаны түсіндіру, қолдану және оларға өзгерістер енгізу мәселелері бойынша дауыс беру құқығына ие;
      ә) күшіне енген қандай да бір Арнайы қосымшалардың немесе Арнайы қосымшалар Тарауларының ережелеріне қатысты мәселелер бойынша дауыс беру құқығына тиісті Арнайы қосымшаларды немесе Арнайы қосымшалардың Тарауларын қабылдаған Уағдаласушы тараптар ғана ие;
      б) әрбір Уағдаласушы Тараптың жаңа Арнайы қосымшалардың немесе кез келген Арнайы қосымшаның жаңа Тарауларының жобалары бойынша дауыс беру құқығына ие.

IV тарау
Уағдаласушы тараптар

Конвенцияны ратификациялау
8-бап

      1. Кеңестің кез келген мүшесі және Біріккен Ұлттар Ұйымының немесе оның мамандандырылған мекемелерінің кез келген мүшесі:
      а) ратификациялау туралы ескерту жасамастан оған қол қою;
      ә) ратификациялау туралы ескерту жасай отырып, оған қол қойғаннан кейін ратификациялау туралы құжатты сақтауға тапсыру;
      б) оған қосылу арқылы осы Конвенцияның Уағдаласушы Тарабы болуы мүмкін.
      2. Бұл Конвенция осы Баптың 1-тармағында аталған субъектілердің қол қоюы үшін Брюссельдегі Кеңестің штаб-квартирасында 1974 жылғы 30 маусымға дейін ашық. Осы мерзім өткеннен кейін ол мұндай субъектілердің оған қосылуы үшін ашық болады.
      3. Уағдаласушы Тараптардың кез келгені Конвенцияға қол қою, оны ратификациялау немесе оған қосылу кезінде Арнайы қосымшалардың немесе олардың Тарауларының қандай да бірін қабылдайтындығын ескертеді. Кейіннен, ол Арнайы қосымшалардың бірін немесе одан да көбін немесе олардың Тарауларын қабылдайтындығы туралы депозитарийді хабардар етуі мүмкін.
      4. Кез келген жаңа Арнайы қосымшаны немесе қандай да бір Арнайы қосымшаның кез келген жаңа Тарауын қабылдайтын Уағдаласушы Тараптар осы баптың 3-тармағына сәйкес бұл туралы депозитарийді хабардар етеді.
      5. (а) Осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарына сәйкес кез келген кеден және экономикалық одақ Уағдаласушы Тарап болуы мүмкін. Мұндай кеден немесе экономикалық одақ осы Конвенцияның реттейтін мәселелері бойынша өз құзыреті туралы депозитарийді хабардар етеді. Мұндай кеден немесе экономикалық одақ өз құзыреті шегінің кез келген елеулі өзгерістері туралы депозитарийді хабардар етуі тиіс.
      (ә) Осы Конвенцияның Уағдаласушы Тарабы болып табылатын кез келген кеден немесе экономикалық одақ оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өз атынан құқыққа ие болады және осы Конвенцияның Уағдаласушы Тараптары болып табылатын мұндай Одаққа қатысушы мемлекеттерге Конвенция құқықтар беретін және міндеттер жүктейтіндей дәрежеде міндетті болады. Бұл жағдайда мұндай Одаққа қатысушы мемлекеттер осы құқықтарды, соның ішінде дауыс беру құқығын да жеке пайдалануға құқылы емес.

9-бап

      1. Осы Конвенцияны ратификациялайтын немесе оған қосылатын кез келген Уағдаласушы Тарап аталған Уағдаласушы Тарап депозитарийге ратификациялау туралы немесе қосылу туралы құжатты тапсырған кезде күшіне енген Бас қосымшаға өзгерістерді қоса алғанда, осы Конвенцияға барлық өзгерістер бойынша міндеттемелерді қабылдайды.
      2. Кез келген Арнайы қосымшаны немесе оның Тарауын қабылдайтын Уағдаласушы Тарап оларды қабылдау туралы депозитарийді хабардар ету кезінде күшіне енген осы Арнайы қосымшада немесе оның Тарауында қамтылған Стандарттық ережелерге барлық өзгерістер бойынша өзіне міндеттемелер қабылдайды. Егер осы Конвенцияның 12-бабына сәйкес мұндай Ұсыным жасалатын ережелердің біреуін немесе одан да артығын қолданбау туралы ескерту жасамаған болса ғана, Арнайы қосымшаны немесе оның Тарауын қабылдайтын кез келген Уағдаласушы Тарап оларды қабылдау туралы депозитарийді хабардар еткен кезде күшіне енген оларда қамтылған Ұсыным жасалатын ережелерге кез келген өзгерістер бойынша өзіне міндеттемелер қабылдайды.

Конвенцияның қолданылуы
10-бап

      1. Кез келген Уағдаласушы Тарап ратификациялау туралы ескерту жасамастан, осы Конвенцияға қол қойған кезде немесе депозитарийге ратификациялау немесе қосылу туралы құжатты тапсырған кезде, не осыдан кейін кез келген уақытта депозитарийді хабардар ету арқылы осы Конвенцияның қолданылуы халықаралық қатынастар саласында оның заңдық құзырына жататын барлық немесе жекелеген аумақтарға қолданылатындығы туралы өтініш жасауға құқығы бар. Мұндай хабарлама депозитарий оны алған күнінен бастап үш айдан кейін күшіне енеді. Алайда, осы Конвенция тиісті Уағдаласушы Тарап үшін күшіне енгенге дейін хабарламада көрсетілген аумақтар үшін қолданылмайды.
      2. Осы Конвенцияның қолданылуы халықаралық қатынастар саласында оның заңдық құзырына жататын қандай да бір аумаққа қолданылатындығы туралы осы баптың 1-тармағында көзделген хабарламаны берген әрбір Уағдаласушы Тарап осы Конвенцияның 19-бабында белгіленген тәртіпке сәйкес депозитарийді бұл аумақта осы Конвенцияның одан әрі қолданылмайтындығы туралы хабардар етуі мүмкін.

11-бап

      Осы Конвенцияны қолдану мақсаттары үшін Уағдаласушы Тарап болып табылатын кеден немесе экономикалық одақ Кеңестің Бас Хатшысын осы кеден немесе экономикалық одақты құрайтын аумақтар туралы хабардар етуі тиіс, және бұл аумақтар бірыңғай аумақ ретінде қарастырылады.

Қосымшаларды және ескертулерді қабылдау
12-бап

      1. Барлық Уағдаласушы Тараптар осымен Бас қосымшаны сақтау бойынша өзіне міндеттемелерді қабылдайды.
      2. Уағдаласушы Тарап бір немесе одан артық Арнайы қосымшаларды немесе олардың Тарауларының біреуін немесе одан да артығын қабылдауы мүмкін. Кез келген Арнайы қосымшаны немесе оның Тарауын (Тарауларын) қабылдаған Уағдаласушы Тарап оларда қамтылған барлық Стандарттық ережелерді сақтау туралы міндеттемелерді қабылдаған болып саналады. Арнайы қосымшаны немесе оның Тарауын (Тарауларын) қабылдаған Уағдаласушы Тарап, егер қабылдау кезінде немесе бұдан кейін кез келген өзге де уақытта ол депозитарийді оның ұлттық заңнамасының ережелері мен тиісті Ұсыным жасалатын ереже (ережелер) арасындағы қайшылықтар туралы көрсете отырып, ол соларға қатысты ескерту жасайтын Ұсыным жасалатын ереже (ережелер) туралы хабардар етпеген болса ғана, оларда қамтылған барлық Ұсыным жасалатын ережелерді сақтау туралы міндеттемелерді қабылдаған болып саналады. Ескерту жасаған кез келген Уағдаласушы Тарап кез келген уақытта депозитарийді мұндай қайтарып алу қай күннен бастап күшіне енетінін көрсете отырып хабардар ету арқылы оларды толығымен немесе ішінара қайтарып алуы мүмкін.
      3. Сол немесе өзге де Арнайы қосымшаға немесе оның Тарауына (Тарауларына) сәйкес өзіне міндеттемелер қабылдаған кез келген Уағдаласушы Тарап осы Баптың 2-тармағына сәйкес Ұсыным жасалатын ережелерге өзі жасаған кез келген ескертулерді қайтарып алу мүмкіндігін зерделейді, және бұл Уағдаласушы Тарап үшін осы Конвенцияның күшіне енген күнінен бастап есептелген әрбір үш жылғы кезең аяғында Кеңестің Бас Хатшысын, өз ойынша, сол немесе өзге де ескертулерді қайтарып алуға жол бермейтін оның ұлттық заңнамасының ережелерін көрсете отырып, нәтижелері туралы хабардар етеді.

Конвенция ережелерінің қолданылуы
13-бап

      1. Әрбір Уағдаласушы Тарап өзі қабылдаған Бас қосымшаның Стандарттық ережелерін, Арнайы ережелерді және олардың Тарауларын осы Уағдаласушы Тарап үшін осы Қосымшалар мен Тараулар күшіне енгеннен кейін 36 айдан кешіктірмей қолдануға кірісуі тиіс.
      2. Әрбір Уағдаласушы Тарап өзі қабылдаған Бас қосымшаның өтпелі мерзімді Стандарттық ережелерін аталған Уағдаласушы Тарап үшін Бас қосымша күшіне енген күннен бастап 60 айдан кешіктірмей қолдануға кірісуі тиіс.
      3. Егер осы Ұсынылатын ережелердің біреуіне немесе одан көбіне қатысты ескерту жасалмаған болса ғана, әрбір Уағдаласушы Тарап өзі қабылдаған Арнайы қосымшалардың Ұсыным жасалатын ережелерін немесе олардың Тарауларын аталған Уағдаласушы Тарап үшін осы Арнайы қосымшалар мен олардың Тараулары күшіне енгеннен кейін 36 айдан кешіктірмей қолдануға кірісуі тиіс.
      4. (а) Осы баптың 1 немесе 2-тармақтарының ережелерінде көзделген мерзімдер Бас Қосымшаның ережелерін қандай да бір Уағдаласушы Тараптың қолданысқа енгізуі үшін іс жүзінде жеткіліксіз болған жағдайларда, аталған Уағдаласушы Тарап осы Баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген мерзімдер өткенге дейін Басқарушы комитетке осы мерзімдерді ұзарту үшін өтініш жасауы мүмкін. Осы Уағдаласушы Тарап өзінің өтінішінде Бас қосымшаның қандай ережелеріне қатысты ұзартуды сұрап отырғанын, сондай-ақ мұндай өтініш жасаудың себептерін көрсетеді.
      5. (б) Ерекше жағдайларда Басқарушы комитет мұндай ұзартуларды беру туралы шешім қабылдауы мүмкін. Басқарушы комитеттің ұзартуды беру туралы кез келген шешімі шешімді қабылдау үшін негіздеме болып табылған ерекше жағдайларға сілтемені қамтуы тиіс, ал ұзарту мерзімі кез келген жағдайда бір жылдан аспауы тиіс. Ұзарту мерзімі өткеннен кейін Уағдаласушы Тарап депозитарийді оларға қатысты ұзарту берілген ережелердің қолданысқа енгізілгені туралы хабардар етуі тиіс.

Дауларды шешу
14-бап

      1. Осы Конвенцияны түсіндіруге немесе қолдануға қатысты екі немесе одан да артық Уағдаласушы Тараптар арасындағы кез келген даулар мүмкіндігінше, олардың арасындағы келіссөздер арқылы шешілуге жатады.
      2. Келіссөздер процесінде шешімін таппаған кез келген дауларды Уағдаласушы Тараптар дауды қарайтын және оны шешу бойынша ұсынымдар беретін Басқарушы комитетке тапсырады.
      3. Дауласатын Уағдаласушы Тараптар Басқарушы комитеттің ұсынымдары олар үшін міндетті болатындығы туралы алдын ала келісімге келуі мүмкін.

Конвенцияға өзгерістер
15-бап

      1. Басқарушы комитеттің 6-баптың 5-тармағының "а"(І) және "а"(ІІ) тармақшаларында көзделген тәртіпке сәйкес қабылданған шешімімен Уағдаласушы Тараптарға ұсынылған кез келген өзгерістің мәтінін Кеңестің Бас Хатшысы барлық Уағдаласушы Тараптарға және Кеңестің Уағдаласушы Тараптар болып табылмайтын мүшелеріне жеткізеді.
      2. Конвенцияның Негізгі мәтініне өзгерістер барлық Уағадаласушы Тараптар үшін осы өзгерістер туралы хабарламалар жіберілген кезден бастап он екі ай ішінде Уағдаласушы Тараптардың бір де біреуі өз қарсылықтарын білдірмеу шартымен, Басқарушы комитеттің осы өзгерістерді ұсыну туралы шешім қабылданған отырысына қатысқан барлық Уағдаласушы Тараптардың қабылдағаны туралы құжаттар Депозитарийге тапсырылғаннан кейін он екі ай өткеннен кейін күшіне енеді.
      3. Бас қосымшаға немесе Арнайы қосымшаға немесе олардың Тарауларына енгізу үшін ұсынылған кез келген өзгеріс мынадай шарттармен:
      а) Конвенцияның Уағдаласушы Тараптарының бір де біреуі немесе Арнайы қосымшаға немесе оның Тарауына өзгерістер енгізген жағдайда, осы Арнайы қосымшаны немесе Тарауды қолданатын Уағдаласушы Тараптардың бір де біреуі қарсылықтар білдірмегенде;
      ә) Уағдаласушы Тараптардың бір де біреуі ұсыным жасалатын өзгерістерді қабылдау ниеті бар екені, бірақ бұл үшін қажетті талаптар әлі орындалмағаны туралы хабардар етпеген кезде Уағдаласушы Тараптарға бұл өзгерістерді жіберген күннен бастап алты ай өткеннен кейін қабылданған болып саналады.
      4. Егер қандай да бір Уағдаласушы Тарап Кеңестің Бас Хатшысына осы Баптың 3-тармағының "ә" тармағында көзделген хабарламаны жіберген болса, және ол Кеңестің Бас Хатшысын ұсынылатын өзгерістерді қабылдау туралы әлі хабардар етпегендіктен, осы Уағдаласушы Тарап осы Баптың 3-тармағында белгіленген алты айлық мерзім өткеннен кейін он сегіз ай ішінде бұл өзгерістерге қатысты өзінің қарсылықтарын білдіруі мүмкін.
      5. Осы баптың 3-тармағының "а" тармақшасына немесе 4-тармағына сәйкес жасалған, ұсынылатын өзгеріске қатысты қарсылықтар туралы кемінде бір хабарлама болған кезде тиісті өзгерістер қабылданбаған болып саналады және оның ешқандай күші болмайды.
      6. Егер Уағдаласушы Тараптардың кемінде біреуі осы Баптың 3-тармағының "ә" тармақшасында көзделген хабарламаны жіберген болса, онда тиісті өзгеріс мынадай екі мерзімнен неғұрлым ертерек мерзімде қабылданған болып саналады:
      а) Барлық көрсетілген хабарлар осы баптың 3-тармағында белгіленген алты айлық мерзім өткенге дейін келіп түскен жағдайда, мұндай хабарламаларды жіберген барлық Уағдаласушы Тараптар Кеңестің Бас Хатшысына ұсынылатын өзгерісті қабылдағаны туралы хабарлаған күні, оның үстіне бұл күн көрсетілген алты айлық мерзімнің өткен күні болып қабылданады.
      ә) осы Баптың 4-тармағында белгіленген он сегіз айлық мерзімнің өткен күні.
      7. Бас қосымшаға немесе Арнайы қосымшаларға және олардың Тарауларына кез келген өзгеріс не олар қабылданған болып саналатын күннен кейін алты ай өткен соң, не ұсынылатын өзгерістерде өзге мерзім белгіленген жағдайда, олар қабылданған болып саналатын күннен бастап осы мерзім өткен соң күшіне енеді.
      8. Кеңестің Бас Хатшысы мүмкіндігінше аз мерзімде осы Конвенцияның Уағдаласушы Тараптарын осы Баптың 3-тармағының "а" тармақшасына сәйкес жасалған, ұсынылатын өзгеріске қатысты кез келген қарсылықтар туралы және осы Баптың 3-тармағының "ә" тармақшасында көзделген негіздемелер бойынша алынған хабарлар туралы хабардар етеді. Кеңестің Бас Хатшысы бұдан әрі Уағдаласушы Тараптарды мұндай хабарларды жіберген Уағдаласушы Тараптың немесе Тараптардың ұсынылатын өзгеріске қатысты қарсылық білдіргені немесе оларды қабылдағаны туралы хабарлағаны туралы хабардар етеді.

16-бап

      1. Осы Конвенцияның 15-бабында айтылған өзгерістерді енгізу тәртібіне қарамастан, Басқарушы Комитет осы Конвенцияның 6-бабына сәйкес Ұсынылатын ережелердің кез келгеніне өзгерістерді енгізу туралы немесе кез келген Арнайы қосымшаға немесе оның Тарауына жаңа Ұсынылатын ережелерді енгізу туралы шешім қабылдауы мүмкін. Әрбір Уағдаласушы Тарапты Кеңестің Бас Хатшысы Басқарушы комитеттің отырысында мәселелерді қарауға қатысу үшін шақырады. Олар бойынша жоғарыда көрсетілген шешім қабылданған кез келген өзгерістердің немесе жаңа Ұсынылатын ережелердің мәтінін Кеңестің Бас Хатшысы Уағдаласушы Тараптарға және осы Конвенцияның Уағдаласушы Тараптары болып табылмайтын Кеңестің мүшелеріне жібереді.
      2. Олар бойынша шешім осы Баптың 1-тармағына сәйкес қабылданған кез келген өзгеріс немесе енгізілетін Ұсыным жасалатын жаңа ереже Кеңестің Бас Хатшысы оларды жіберген күнінен бастап алты ай өткен соң күшіне енеді. Өзгерістер немесе Ұсыным жасалатын жаңа ереже енгізілетін Арнайы қосымша немесе оның Тарауы бойынша өзіне міндеттеме қабылдаған әрбір Уағдаласушы Тарап, егер аталған Тарап осы Конвенцияның 12-бабында көзделген тәртіпке сәйкес ескерту жасамаса ғана, осы өзгерістерді немесе жаңа ережені қабылдауға міндетті болып табылады.

Уағдаласушы Тарап үшін Конвенцияның қолданылу мерзімі
17-бап

      1. Осы Конвенцияның шексіз қолданылу мерзімі бар, алайда әрбір Уағдаласушы Тарап осы Конвенцияның 18-бабымен белгіленген тәртіпке сәйкес оның күшіне енгенінен кейін кез келген уақытта өзінің оған қатысудан бас тартуы туралы білдіруге құқылы.
      2. Депозитарийге жіберілетін күшін жою туралы өтініш жазбаша құжатпен ресімделеді.
      3. Күшін жою депозитарийдің күшін жою туралы тиісті құжатты алған кезінен бастап алты ай өткен соң күшіне енеді.
      4. Осы Баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген тәртіп олар бойынша кез келген Уағдаласушы Тарап олардың күшіне енгенінен кейін кез келген уақытта оларды қолдануға өзінің келісімін қайтарып алуға құқылы Арнайы қосымшаларға немесе олардың Тарауларына қатысты да қолданылады.
      5. Конвенцияға Бас қосымшаны қолдануға өзінің келісімін қайтарып алған Уағдаласушы Тарап осы Конвенцияның күшін жойған ретінде қарастырылады. Бұл жағдайда осы Баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген тәртіп те қолданылады.

V тарау
Қорытынды ережелер

Конвенцияның күшіне енуі
18-бап

      1. Осы Конвенция осы Конвенцияның 8-бабының 1 және 5-тармақтарында аталған субъектілердің бесеуі оған ратификациялау туралы ескерту жасамастан қол қойғанынан және өздерінің ратификациялау немесе қосылу туралы құжаттарын сақтауға тапсырғанынан кейін күшіне енеді.
      2. Осы Конвенция әрбір Уағдаласушы Тарап үшін оның осы Конвенцияның 8-бабында көзделген тәртіпке сәйкес Уағдаласушы Тарап болған кезінен кейін үш ай өткен соң күшіне енеді.
      3. Осы Конвенцияға кез келген қосымша немесе оның Тарауы тиісті Арнайы қосымшаны немесе тиісті Тарауды бес Уағдаласушы Тарап қабылдаған кезден бастап үш ай өткен соң күшіне енеді.
      4. Осы Баптың 3-тармағының ережелеріне сәйкес кез келген Арнайы Қосымша немесе оның Тарауы күшіне енгенінен кейін аталған Арнайы қосымша немесе оның Тарауы кез келген Уағдаласушы Тарап үшін одан оны қабылдағаны туралы хабарлама келіп түскеннен кейін үш ай өткен соң күшіне енеді. Алайда, Арнайы қосымшалардың немесе олардың Тарауларының бірде біреуі Уағдаласушы Тараптардың қандай да бірі үшін осы Конвенция аталған Уағдаласушы Тарап үшін күшіне енген кезге дейін күшіне енбейді.

Конвенцияның депозитарийлері
19-бап

      1. Осы Конвенция, ратификациялау туралы барлық ескертулері бар немесе ескертулерсіз қолтаңбалар, сондай-ақ ратификациялау туралы немесе қосылу туралы барлық құжаттар Кеңестің Бас Хатшысында сақталады.
      2. Депозитарий мынадай функцияларды атқарады:
      а) осы Конвенция мәтіндерінің түпнұсқаларын алады және сақтауға қабылдайды;
      ә) осы Конвенция түпнұсқаларының куәландырылған көшірмелерін дайындайды және оларды Уағдаласушы Тараптарға және Кеңестің Уағдаласушы Тараптар болып табылмайтын мүшелеріне, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысына жібереді.
      б) ратификациялау туралы ескертулері бар немесе ондайсыз, ратификациялау немесе осы Конвенцияға қосылу туралы қолтаңбаларды алады, сондай-ақ осы Конвенцияны қабылдауға қатысты кез келген құжаттарды, хабарламаларды және хабарларды сақтауға қабылдайды;
      в) осы Конвенцияға қатысты құжаттарға, хабарламаларға және хабарларға қол қою немесе оларды ресімдеу тәртібінің сақталуын тексереді және қажет жағдайда Уағдаласушы Тарапқа бұзушылықтардың бар екендігін көрсетеді.
      г) Уағдаласушы Тараптарды, Кеңестің Уағдаласушы Тараптар болып табылмайтын мүшелерін, және Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысын:
      - осы Конвенцияның 8-бабына сәйкес қол қою, ратификациялау, қосылу және Қосымшалар мен Тарауларды қабылдау;
      - Басқарушы комитет осы Конвенцияға енгізуге Ұсыным жасаған Бас қосымшаның жаңа Тараулары және жаңа Арнайы Ережелер немесе олардың Тараулары;
      - осы Конвенцияның 18-бабының ережелеріне сәйкес осы Конвенцияның, Бас қосымшаның және әрбір Арнайы қосымшаның немесе оның Тарауының күшіне енетін күні;
      - осы Конвенцияның 8 10 11 12 және 13-баптарында көзделген негіздемелер бойынша алынған хабарламалар;
      - Уағдаласушы Тараптардың Қосымшаларды және олардың Тарауларын қолдануға өздерінің келісімін қайтарып алу туралы хабарламалары;
      - осы Конвенцияның 17-бабында көзделген тәртіппен қатысудан бас тарту;
      - осы Конвенцияның 15-бабына сәйкес қабылданған кез келген өзгеріс туралы хабардар етеді.
      3. Уағдаласушы Тараптардың қандай да біреуі мен депозитарий арасында соңғысының өз функцияларын атқаруына қатысты кез келген келіспеушіліктер пайда болған кезде депозитарий немесе мұндай Уағдаласушы Тарап бұл мәселені басқа Уағдаласушы Тараптардың және осы Конвенцияға қол қойған Тараптардың назарына, немесе жағдайға қарай - Басқарушы комитеттің немесе Кеңестің назарына жеткізеді.

Конвенцияны тіркеу және мәтіндердің сәйкестігі
20-бап

      Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 102-бабына сәйкес осы Конвенция Кеңестің Бас Хатшысының өтініші бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Секретариатында тіркеуге жатады.
      Оны растау үшін төмен қол қойғандар, тиісті түрде оған уәкілеттілер осы Конвенцияға қол қойды.
      Киотода бір мың тоғыз жүз жетпіс үшінші жылғы он сегізінші мамырда ағылшын және француз тілдерінде жасалды, оның үстіне екі мәтін тең сәйкес, осы Конвенцияның 8-бабының 1-тармағында көрсетілген барлық субъектілерге Кеңестің Бас Хатшысы куәландырылған көшірмелерін табыс ететін әрі ол сақтауға жататын бір данада.

Бас қосымша

Мазмұны

1-ТАРАУ   ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
2-ТАРАУ   ҰҒЫМДАРДЫҢ АЙҚЫНДАМАСЫ
3-ТАРАУ   КЕДЕНДІК РЕСІМДЕУ ЖӘНЕ БАСҚА ДА КЕДЕНДІК ФОРМАЛЬДЫЛЫҚТАР
4-ТАРАУ   БАЖДАР ЖӘНЕ САЛЫҚТАР
       А . БАЖДАР МЕН САЛЫҚТАРДЫ ЕСЕПТЕУ, ӨНДІРІП АЛУ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ
       Б . БАЖДАР МЕН САЛЫҚТАРДЫ ТӨЛЕУДІ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРУ
       В . БАЖДАР МЕН САЛЫҚТАРДЫ ҚАЙТАРУ

5-ТАРАУ   КЕПІЛДЕР
6-ТАРАУ   КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУ
7-ТАРАУ   АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
8-ТАРАУ   КЕДЕН ҚЫЗМЕТІ МЕН ҮШІНШІ ТҰЛҒАЛАР АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР
9-ТАРАУ   КЕДЕН ҚЫЗМЕТІНІҢ АҚПАРАТЫ, ШЕШІМДЕРІ ЖӘНЕ НҰСҚАМАЛАРЫ
       А . ЖАЛПЫ СИПАТТАҒЫ АҚПАРАТ
       Б . НАҚТЫ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША АҚПАРАТ
       В . ШЕШІМДЕР ЖӘНЕ НҰСҚАМАЛАР

10-ТАРАУ КЕДЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ШАҒЫМДАНУ
       А . ШАҒЫМДАНУ ҚҰҚЫҒЫ
       Б . ШАҒЫМНЫҢ НЫСАНЫ ЖӘНЕ ОНЫ БЕРУ ҮШІН НЕГІЗДЕМЕЛЕР
       В . ШАҒЫМДАРДЫ ҚАРАУ

1-тарау
Жалпы ережелер

1.1. Стандарттық ереже
      Ұғымдардың айқындамалары, осы Қосымшаның Стандарттық ережесі мен Өтпелі мерзімді стандарттық ережесі осы Қосымшада келтірілген кедендік ережелер мен рәсімдерге, сондай-ақ олар қолданылатын дәрежеде Арнайы қосымшалардағы ережелер мен рәсімдерге қолданылады.

1.2. Стандарттық ереже
      Осы Қосымшаның, сондай-ақ Арнайы қосымшалардың кедендік ережелері мен рәсімдерін қолдану шарттары мен тәртібі ұлттық заңнамамен айқындалады және мейлінше қарапайым болуға тиіс.

1.3. Стандарттық ереже
      Кеден қызметі сыртқы саудаға қатысушылармен ынтымақтастықты дамыту және олардың ұлттық заңнамамен және халықаралық шарттармен келісілген барынша тиімді жұмыс әдістерін енгізуге қатысуына жәрдемдесу мақсатында консультациялық сипаттағы ресми қатынастар орнатады және оларды қолдайды.

2-тарау
Ұғымдардың айқындамасы

      Осы Конвенцияда пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
Е1    "Шағымдану" - мүдделері кеден қызметінің шешімімен немесе
Ғ23   әрекетсіздігімен тікелей қозғалатын және осының нәтижесінде
      өзін залал шекті деп санайтын тұлғаның осы залалды өтеу туралы
      құзыретті органға өтініш жасауы жөніндегі әрекеті;

Е2    "Баждар мен салықтарды есептеу" - төлеуге жататын баждар мен
Ғ19   салықтар сомасын айқындау;

Е3    "Аудит әдістері негізінде бақылау" - олардың көмегімен кеден
Ғ4     қызметі декларациялауға қатысы бар тұлғалардағы тиісті шоттарды
      есептеу кітаптарын, құжаттарды, есеп құжаттамасын және
      коммерциялық ақпаратты тексере отырып, тауарларға арналған
      декларацияның толтырудың дұрыстығына және оларда көрсетілген
      мәліметтердің сенімділігіне көз жеткізетін шаралар жиынтығы;

Е4    "Тауарларға арналған декларацияны тексеру" - тауарларға
Ғ15    арналған декларацияның ресімделуінің дұрыстығына және қажетті
      растаушы құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкестігіне көз
      жеткізу үшін кеден қызметі жасайтын әрекеттер;

Е5    "Кедендік ресімдеуді аяқтау" - тауарларды еркін айналымға
Ғ9     шығару үшін, олардың экспорты үшін немесе өзге кедендік
      режимдерге орналастыру үшін қажетті кедендік формальдылықтарды
      орындау;

Е6    "Кеден қызметі" - кедендік заңнаманы қолдану және баждар мен
Ғ10   салықтар алу, сондай-ақ тауарларды әкелуге, әкетуге,
      тасымалдауға және сақтауға қатысты өзге де заңдар мен
      ережелерді қолдану жүктелген мемлекеттік қызмет;

Е7    "Кедендік бақылау" - кеден заңнамасының сақталуын қамтамасыз
Ғ3     ету мақсатында кеден қызметі жүзеге асыратын шаралардың
      жиынтығы;

Е8    "Кеден баждары" - кеден аумағына әкелінетін немесе осы аумақтан
Ғ11   шығарылатын тауарларға қатысты қолданылатын кеден тарифімен
      көзделген баждар;

Е9    "Кедендік формальдылықтар" - кеден заңнамасының талаптарын
Ғ16   орындау мақсатында тиісті тұлғалар мен кеден қызметі жасауға
      тиіс әрекеттердің жиынтығы;

Е10   "Кеден заңнамасы" - оларды қолдану мен орындауды қамтамасыз ету
Ғ18   тікелей кеден қызметіне жүктелген тауарларды әкелуге, әкетуге,
      тасымалдауға немесе сақтауға қатысты заңдар мен заңға тәуелді
      актілердің, сондай-ақ кеден қызметі өз құзыреті шегінде басып
      шығаратын кез келген нормативтік нұсқаулардың жиынтығы;

Е11   "Кеден органы" - кеден қызметінің кедендік формальдылықтарды
Ғ2    жүргізуге уәкілетті әкімшілік бөлімшесі, сондай-ақ құзыретті
      органдар осы мақсат үшін белгілеген ғимараттар мен құрылыстар
      немесе басқа да орындар;

Е12   "Кеден аумағы" - Уағдаласушы Тараптардың кеден заңнамасы
Ғ25   қолданылатын аумақ;

Е13   "Шешім" - кеден қызметі кеден заңнамасында көзделген мәселе
Ғ6    бойынша шешім қабылдайтын жеке сипаттағы акт;

Е14   "Декларант" - тауарларды декларациялауды жүргізетін немесе оның
Ғ7    атынан мұндай декларациялау жүргізілетін кез келген тұлға;

Е15   "Төлеу мерзімі" - баждар мен салықтар төленуге тиісті күн;
Ғ5

Е16   "баждар мен салықтар" - әкелу кезіндегі баждар мен салықтар
Ғ12   және/немесе әкету кезіндегі баждар мен салықтар;

Е17   "Тауарларды тексеру" - тауарлар сипаттамасының, шыққан жерінің,
Ғ27    санының және құнының тауарларға арналған декларацияда
      көрсетілген мәліметтерге сәйкестігін айқындау мақсатында кеден
      қызметінің күшімен тауарларды іс жүзінде тексеру жөніндегі
      операциялар;

Е18   "Әкетулік баждар мен салықтар" - кеден қызметіне төленетін
Ғ13    немесе ол басқа мемлекеттік органдардың тапсырмасы бойынша
      жинайтын шамасы көрсетілетін қызметтердің шамамен алғандағы
      құнымен шектелетін кез келген алымдарды қоспағанда, тауарларды
      әкету кезінде немесе оларды әкетумен байланысты төленуге тиіс
      кедендік және барлық өзге де баждар, салықтар немесе алымдар;

Е19   "Тауарларға арналған декларация" - онда мүдделі тұлғалар
Ғ8     тауарларға қатысты қолданылуға тиіс кеден рәсімі мен және осы
      рәсімді қолдану үшін кеден қызметі мәлімдеуді талап ететін
      мәліметтерді көрсететін кеден қызметі белгілеген нысанда
      құрастырылған мәлімдеме;

Е20   "Әкелулік баждар мен салықтар" - кеден қызметіне төленетін
Ғ14    немесе ол басқа мемлекеттік органдардың тапсырмасы бойынша
      жинайтын шамасы көрсетілетін қызметтердің шамамен алғандағы
      құнымен шектелетін кез келген алымдарды қоспағанда, тауарларды
      әкелу кезінде немесе оларды әкелумен байланысты төленуге тиіс
      кедендік және барлық өзге де баждар, салықтар немесе алымдар;

Е21   "Өзара әкімшілік көмек" - кеден заңнамасын тиісті қолдану
Ғ1    мақсатында, сондай-ақ кеден заңнамасын бұзудың алдын алу,
      оларды тергеу немесе жолын кесу үшін бір кеден қызметі екінші
      кеден қызметінің тапсырмасы бойынша немесе онымен бірлесіп
      жасайтын әрекет;

E22   "Әрекетсіздік" - тиісті дәрежеде оның алдына қойылған
Ғ21    мәселе бойынша ақылға қонымды мерзім ішінде кеден заңнамасына
      сәйкес кеден қызметі үшін көзделген әрекетті жасамау немесе
      шешім қабылдамау;

E23   "Тұлға" - мәтіннен өзгеше туындамаса, жеке немесе заңды тұлға;
Ғ22

E24   "Тауарларды шығару" - оларға қатысты кедендік ресімдеу жүзеге
Ғ20    асырылатын тауарларға билік етуге мүдделі тұлғаларға рұқсат
      беру болып табылатын кеден қызметінің әрекеті;

Е25   "Қайтару" - тауарларға қатысты төленген баждар мен салықтарды
Ғ24   толық немесе ішінара қайтару, сондай-ақ егер олар әлі
      төленбесе, баждар мен салықтардан толық немесе ішінара босату;

Е25   "Кепілдік" - кеден қызметі танитын кеден қызметі алдындағы
Ғ17   міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету. Егер кепілдік
      бірнеше операциялар бойынша міндеттемелердің орындалуын
      қамтамасыз етсе, ол "бас кепілдік" болып табылады;

Е27   "Үшінші тұлға" - тауарларды әкелу, әкету, тасымалдау немесе
Ғ26    сақтау мәселелері бойынша екінші тұлғаның мүдделерінде кеден
      қызметімен өзара тікелей іс-қимыл жасайтын кез келген тұлға.

3-тарау
Кедендік ресімдеу және басқа да кедендік формальдылықтар

Кеден органдары

3.1. Стандарттық ереже
      Кеден қызметі тауарлар көрсетілетін және олардың кедендік ресімделуі жүргізілетін кеден органдарын айқындайды. Өкілеттіктерді және мұндай органдардың орналасқан жерін, олардың жұмыс кестесін белгілеу кезінде белгілі бір факторлар, атап айтқанда, сауда қажеттіліктері ескеріледі.

3.2. Стандарттық ереже
      Мүдделі тұлғаның сұрау салуы бойынша және кеден қызметі негізді деп таныған себептер бойынша кеден қызметі қажетті жағдайлар болған кезде белгіленген жерлерден және кеден органының жұмыс уақытынан тыс кеден ережелері мен рәсімдерін қолдану үшін қажетті функцияларды жүзеге асырады. Бұл кезде кеден қызметі алатын барлық төлемдер көрсетілген қызметтердің шамамен алғандағы құнымен шектеледі.

3.3. Стандарттық ереже
      Кеден органдары ортақ шекарадағы өткізу пункттерінде орналасқан жағдайда шекаралас кеден қызметтері кеден органдарының жұмыс сағаттары мен өкілеттіктерін келіседі.

3.4. Өтпелі мерзімді стандарттық ереже
      Ортақ шекарадағы өткізу пункттерінде шекаралас мемлекеттердің кеден қызметтері бұл мүмкін болатын барлық жағдайларда бірлескен кедендік бақылауды жүзеге асырады.

3.5. Өтпелі мерзімді стандарттық ереже
      Егер бір кеден қызметі жаңа кеден органын құруды немесе ортақ шекарадағы өткізу пунктінде бар өткізу пунктін қайта ұйымдастыруды жоспарласа, ол бірлескен бақылауды оңайлату үшін бірлескен өткізу пунктін құру мақсатында бұл мүмкін болатын барлық жағдайларда шекаралас кеден қызметімен өзара іс-қимыл жасайды.

Декларант

      А) Декларант ретінде түсуге құқылы тұлғалар
3.6. Стандарттық ереже
      Ұлттық заңнама тұлғаны декларант ретінде тану шарттарын айқындайды.

3.7. Стандарттық ереже
      Тауарларға билік етуге құқығы бар кез келген тұлға декларант деп танылады.

      Б) Декларанттың жауапкершілігі
3.8. Стандарттық ереже
      Декларант декларацияда көрсетілген мәліметтердің шынайылығы үшін және баждар мен салықтарды төлеу үшін кеден қызметінің алдында жауапты болады.

      В) Декларанттың құқықтары
3.9. Стандарттық ереже
      Тауарларға арналған декларацияны ұсынар алдында декларантқа кеден қызметі белгілеген шарттарда:
      А) тауарларды қарауды жүргізуге;
      Б) үлгілер алуға рұқсат етіледі.

3.10. Стандарттық ереже
      Кеден қызметі бұл үлгілер тауарларға арналған декларацияға тиісті тауар партиясына арналып енгізілуі шартымен, кеден қызметінің рұқсатымен және бақылауымен алынған үлгілерге қатысты тауарларға арналған жеке декларация ұсынуды талап етпейді.

Тауарларға арналған декларация

      А) Тауарларға арналған декларацияның нысаны мен мазмұны
3.11. Стандарттық ереже
      Тауарларға арналған декларацияның мазмұнын кеден қызметі белгілейді. Тауарларға арналған декларацияның жазбаша нысаны БҰҰ-ның үлгілік нысанына сәйкес болуға тиіс.
      Автоматтандырылған кедендік ресімдеу процесін қолданған жағдайда тауарларға арналған декларацияның электрондық тәсілмен берілетін форматы Кедендік ынтымақтастық кеңесінің ақпараттық технологиялар бойынша Ұсынымдарында жазылғандай деректермен электрондық алмасудың халықаралық стандарттарына негізделеді.

3.12. Стандарттық ереже
      Кеден қызметі тауарларға арналған декларацияға енгізуге жататын деректердің тізбесін кедендік баждарды және салықтарды есептеу мен алу, статистиканы қалыптастыру және кеден заңнамасын қолдану мақсаттары үшін қажетті деп танылған мәліметтермен ғана шектейді.

3.13. Стандарттық ереже
      Декларанттың кеден қызметі негізді деп таныған себептер бойынша тауарларға арналған декларацияны толтыру үшін қажетті барлық ақпараты болмаған жағдайда, оның кеден қызметі қажетті деп таныған мәліметтерді қамтуы және декларанттың белгіленген мерзімде оны толық толтыруға міндеттеме қабылдауы шартымен тауарларға арналған алдын ала немесе толық емес декларацияны беруге рұқсат етіледі.

3.14. Стандарттық ереже
      Егер кеден қызметі тауарларға арналған алдын ала немесе толық емес декларацияны тіркеген жағдайда бұл тауарларға қолданылатын кедендік-тарифтік реттеу шаралары егер басынан бастап тауарларға арналған толық және тиісті үлгіде толтырылған декларация берілгенде қолданылатыннан ерекшеленбеуге тиіс.
      Төлеуге жататын баждар мен салықтардың алынуын қамтамасыз ету үшін қажетті кепілдіктердің берілуі шартымен тауарларды шығару кешіктірілмейді.

3.15. Стандарттық ереже
      Кеден қызметі тауарларға арналған декларацияның түпнұсқасын және ең аз қажетті көшірмелер санын ғана талап етеді.

      Б) Тауарларға арналған декларацияға қоса берілетін құжаттар
3.16. Стандарттық ереже
      Тауарларға арналған декларацияны растау үшін кеден қызметі осы операцияға бақылау жүргізу және кеден заңнамасының барлық талаптарын орындауды қамтамасыз ету үшін қажетті құжаттарды ғана талап етеді.

3.17. Стандарттық ереже
      Жекелеген растаушы құжаттарды кеден қызметі негізді деп таныған себептер бойынша тауарларға арналған декларациямен бірге ұсыну мүмкін болмайтын жағдайда, ол мұндай құжаттарды белгілі бір уақыт кезеңі ішінде ұсынуға рұқсат етеді.

3.18. Өтпелі мерзімді стандарттық ереже
      Кеден қызметі растаушы құжаттарды электрондық тәсілмен беруге рұқсат етеді.

3.19. Стандарттық ереже
      Кеден қызметі бұл тауарларға арналған декларацияны өңдеу үшін қажет болатын жағдайларды қоспағанда, құжаттардағы мәліметтердің аудармасын талап етпейді.

Тауарларға арналған декларацияны ұсыну, тіркеу және тексеру

3.20. Стандарттық ереже
      Кеден қызметі тауарларға арналған декларацияны кез келген уәкілетті кеден органында ұсынуға рұқсат етеді.

3.21. Өтпелі мерзімді стандарттық ереже
      Кеден қызметі тауарларға арналған декларацияны электрондық тәсілмен беруге рұқсат етеді.

3.22. Стандарттық ереже
      Тауарларға арналған декларация кеден қызметі белгілеген жұмыс уақытында сатылады.

3.23. Стандарттық ереже
      Тауарларға арналған декларацияны беру мерзімі ұлттық заңнамада белгіленген жағдайда бұл мерзім декларантқа тауарларға арналған декларацияны толтыру және талап етілетін растаушы құжаттарды алу үшін жеткілікті болуға тиіс.

3.24. Стандарттық ереже
      Декларанттың сұрауы бойынша және кеден қызметі негізді деп таныған негіздемелер бойынша соңғысы тауарларға арналған декларацияны беру үшін көзделген мерзімді ұзартады.

3.25. Стандарттық ереже
      Ұлттық заңнамада тауарлар келіп жеткенге дейін тауарларға арналған декларацияны және растаушы құжаттарды беру және тіркеу немесе тексеру тәртібін реттейтін ережелер көзделеді.

3.26. Стандарттық ереже
      Кеден қызметі тауарларға арналған декларацияны тіркей алмайтын жағдайларда ол декларантты мұның себептері туралы хабардар етеді.

3.27. Стандарттық ереже
      Кеден қызметі декларантқа берілген тауарларға арналған декларацияға өзгерістер енгізуге мұндай сұрау салуды алу сәтінде оның тауарларға арналған декларацияны тексеруді немесе тауарларды қарауды бастамауы шартымен рұқсат береді.

3.28. Өтпелі мерзімді стандарттық ереже
      Кеден қызметі, егер сұрау салу тауарларға арналған декларацияны тексеру басталғаннан кейін алынса, декларант көрсеткен себептерді кеден қызметінің негізді деп тануы шартымен берілген тауарларға арналған декларацияға өзгерістер енгізуге рұқсат береді.

3.29. Өтпелі мерзімді стандарттық ереже
      Декларантқа тауарларға арналған декларацияны қайтарып алуға және басқа кеден режимін қолдану туралы өтінішпен жүгінуге, бұл туралы өтініш кеден қызметіне тауарлар шығарылғанға дейін, ал себептерін кеден қызметі негізді деп тануы шартымен рұқсат беріледі.

3.30. Стандарттық ереже
      Тауарларға арналған декларацияға тексеру бір мезгілде немесе декларация тіркелгеннен кейін мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізіледі.

3.31. Стандарттық ереже
      Кеден қызметі тауарларға арналған декларацияны тексеру мақсатында кеден заңнамасының сақталғандығына көз жеткізу үшін қажетті деп санайтын әрекеттерді ғана қолданады.

Уәкілетті тұлғалар үшін арнайы рәсімдер

3.32. Өтпелі мерзімді стандарттық ереже
      Кеден қызметі талаптарын сақтауды және коммерциялық құжатнаманы жүргізудің қанағаттандырарлық жүйесін қолдануды қоса алғанда, кеден қызметі белгілеген талаптарға жауап беретін уәкілетті тұлғалар үшін кеден қызметі мыналарды көздейді:
      - тауарларды сәйкестендіру үшін қажетті және кейіннен тауарларға аяқталған түпкілікті декларация толтыруға мүмкіндік беретін және ең аз мәліметтерді ұсынуы бойынша тауарларды шығаруды;
      - тауарларды декларант объектісінде немесе кеден қызметі рұқсат еткен өзге де жерде ресімдеу; және толықтыру ретінде, мүмкіндігінше, басқа да арнайы рәсімдерді, атап айтқанда:
      - нақ сол тұлға тауарларды бірнеше рет әкелген немесе әкеткен уақыт кезеңі ішінде оларды әкелу немесе әкету кезінде тауарларға арналған бірыңғай декларацияны беруге рұқсат етуді;
      - осындай уәкілетті тұлғалардың олар төлеуге тиіс баждар мен салықтарды өз бетімен есептеу үшін және қажетті жағдайларда кеден қызметінің басқа да талаптарын сақтауды қамтамасыз ету үшін олардың коммерциялық құжаттама деректерін пайдалануға рұқсат беруді;
      - кейіннен тауарларға арналған қосымша декларацияның берілуімен уәкілетті тұлғаның коммерциялық құжаттамасына мәліметтер енгізу нысанында тауарларға арналған декларация беруге рұқсат етуді.

Тауарларды тексеру

а) Тауарларды тексеру үшін берілетін уақыт
3.33. Стандарттық ереже
      Кеден қызметі декларацияда көрсетілген тауарларға тексеру жүргізу қажеттігі туралы шешім қабылдаған жағдайда, мұндай тексеру тауарларға арналған декларация тіркелген күннен кейін мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізіледі.

3.34. Стандарттық ереже
      Тексеруді жоспарлау кезінде тірі жануарларды және тез бұзылатын тауарларды, сондай-ақ кеден қызметі шұғыл сипаттағы деп танитын басқа да тауарларды тексеруге басымдық беріледі.

3.35 Өтпелі мерзімді стандарттық ереже
      Тауарларды басқа уәкілетті органдар бақылауға тиіс болатын, ал кеден қызметі де тексеруді жоспарлаған жағдайда, онда кеден қызметі мұндай тексерулерді үйлестіруді және мүмкіндігінше олардың бір мезгілде өткізілуін қамтамасыз етеді.

б) Тауарларды тексеру кезінде декларанттың қатысуы
3.36. Стандарттық ереже
      Кеден қызметі тауарларды тексеру кезінде декларанттың қатысуы немесе өкілдік ету өтінішін қарайды. Егер ерекше жағдайлар орын алмаса, мұндай өтініштер қанағаттандырылады.

3.37. Стандарттық ереже
      Кеден қызметі орынды деп санаған жағдайларда тексеру жүргізуді оңайлату үшін оған кез-келген қажетті көмек көрсету мақсатында, декларанттың немесе оның өкілінің тауарларды тексеру кезінде қатысуын талап етеді.

в) Үлгілер таңдау/кеден қызметімен сынамалар алу
3.38. Стандарттық ереже
      Үлгілер/сынамалар тек кеден қызметі қажет деп таныған жағдайларда ғана, тауардың тарифтік позициясы атауын және/немесе декларацияланып жатқан тауардың құнын белгілеу үшін, немесе ұлттық заңнаманың басқа ережелерін қолдануды қамтамасыз ету мақсатында алынады. Алынған үлгілер/сынамалар барынша аз болуы тиіс.

Қателер

3.39. Стандарттық ереже
      Кеден қызметі, егер ол қателердің қасақана жасалған болып табылмайтындығына және әдейі адастырудың немесе өрескел ұқыпсыздықтың салдарынан жіберілмегендігіне көз жеткізсе, қателер үшін елеулі санкцияларды қолданбайды. Кеден қызметі осындай қателердің қайталануының алдын алу қажет деп есептеген жағдайда, осы мақсатқа жету үшін қажеттіден көп емес мөлшерде санкциялар қолдануы мүмкін.

Тауарларды шығару

3.40. Стандарттық ереже
      Тауарларға арналған декларацияда көрсетілген тауарлар тікелей кеден қызметі тексеру жүргізгеннен кейін немесе оларға тексеру жүргізбеу туралы шешім қабылдағаннан кейін:
      - ешқандай құқық бұзушылықтың анықталмауы;
      - әкелу немесе әкетуге лицензиялардың немесе басқа кез-келген қажетті құжаттардың ұсынылуы;
      - нақты рәсімге қатысты барлық рұқсаттардың берілуі;
      - барлық баждар мен салықтардың төленуі немесе төлемді қамтамасыз ету үшін қажетті шаралардың қабылдануы шарттарында шығарылады.

3.41. Стандарттық ереже
      Егер кеден қызметі декларант кейіннен кедендік ресімдеуді аяқтау үшін барлық операцияларды орындайтындығына жеткілікті негіз болса, онда декларант тауарларды кеден қызметі қабылдауы мүмкін тауардың тиісті партиясы туралы негізгі мәліметтері бар коммерциялық немесе ресми құжат ұсынуы шартымен тауарларды шығарады, ал қажет болған жағдайларда - талап етілетін баждар мен салықтар өндіріп алуды қамтамасыз ететін кепілдік береді.

3.42. Стандарттық ереже
      Кеден қызметі тауарлардың үлгілеріне/сынамаларына зертханалық талдау жүргізу, толық техникалық құжаттаманың ұсынылуы немесе маманның қорытындысының қажеттігі туралы шешім қабылдаған жағдайда, ол тиісінше зерттеудің нәтижесін алғанға дейін барлық қажетті кепілдіктер ұсынылған және мұндай тауарлар кез-келген тыйым салу немесе шектеуге жатқызылмайтындығы шартында тауарларды шығарады.

3.43. Стандарттық ереже
      Құқық бұзушылық анықталған кезде кеден қызметі әкімшілік немесе соттық рәсімдердің аяқталуын күтпестен, тауарлар тәркілеуге жатызылмаса немесе одан әрі заттық айғақ ретінде талап етілмесе, сондай-ақ декларант кедендік баждар мен салықтар төлесе және барлық қосымша баждар мен салықтардың, сондай-ақ салынуы мүмкін айыппұлдың сомасын алынуын қамтамасыз ететін кепілдік ұсынуы шарты негізінде тауарларды шығаруды жүргізеді.

Тауарлардан бас тарту немесе жою

3.44. Стандарттық ереже
      Егерде тауарлар еркін айналымға шығарылмаған немесе басқа кедендік режимге жатқызылмаған жағдайларда, ешқандай құқық бұзушылық анықталмауы шартында, осы тұлғаға баждар мен салықтарды төлеу талабы қойылмайды немесе онымен төленген кедендік баждар мен салықтар мынадай жағдайларда қайтарылып беруге жатқызылады:
      - егерде кеден бақылауындағы мұндай тауарлар мүдделі тұлғаның өтініші бойынша және кеден қызметінің рұқсатымен мемлекетке беріледі немесе жойылса, немесе коммерциялық құндылығының жоғалту жағдайына дейін жеткізілсе, оның үстіне барлық осымен байланысты шығындар мүдделі тұлғаның шотына жатқызылса;
      - егер мұндай тауарлар апат немесе форс-мажорлық жағдайлар нәтижесінде жойылса немесе қайырымсыз жоғалса, мұндай жойылу немесе жоғалту кеден қызметімен анықталуы және тиісті тәсілмен танылуы шартында;
      - кеден қызметі үшін қанағаттанатындықтай анықталған табиғи тозуы немесе азаюы шартында табиғи тозуы немесе азаюы.
      Тауардың жою нәтижесінде пайда болған кез-келген қалдықтар мен шығындарды ішкі нарықта қолдану жағдайында немесе әкетуде осы жағдайда әкелінетін немесе әкетілетін осындай қалдықтарға немесе шығындарға қолданылатын баждар мен салықтар алынады.

3.45. Өтпелі мерзімді стандарттық ереже
      Кеден қызметімен белгіленген мерзім ішінде декларацияланбаған немесе шығарылмаған тауарларды іске асырған жағдайда, бірақ құқық бұзушылық анықталмай, оларды іске асырудан түскен түсімді тиісінше баждарды және салықтарды және басқа шығындарды алып тастаған кезде, оны алуға құқығы бар тұлғаларға аударылады, ал ол мүмкін болмаған жағдайда, олар осы тұлғалар үшін арнайы мерзімге резервке алынады.

4-тарау
Баждар және салықтар

А. Баждар мен салықтарды есептеу, өндіріп алу және төлеу

4.1. Стандарттық ереже
      Баждар мен салықтарды төлеу бойынша міндеттемелердің пайда болу шарты ұлттық заңнамамен анықталады.

4.2. Стандарттық ереже
      Қолданылатын баждар мен салықтарды есептеу жүргізілетін мерзім ұлттық заңнамамен белгіленеді. Есептеу тауар декларациясын бергеннен кейін мүмкіндігінше қысқа мерзімде немесе баждар немесе салықтар төлеу бойынша өзге де міндеттер пайда болуына қарай жүзеге асырылады.

4.3. Стандарттық ереже
      Баждар мен салықтардың сомасын есептеу үшін база болатын элементтер және оны айқындау шарттары ұлттық заңнамамен белгіленеді.

4.4. Стандарттық ереже
      Баждар мен салықтардың ставкалары ресми басылымдарда жарияланады.

4.5. Стандарттық ереже
      Ұлттық заңнама баждар мен салықтардың ставкасы белгіленген уақыт сәтін анықтайды.

4.6. Стандарттық ереже
      Ұлттық заңнама баждар мен салықтардың төлеу нысанын айқындайды.

4.7. Стандарттық ереже
      Ұлттық заңнама баждар мен салықтар төлеуге жауапты тұлғаны/тұлғаларды айқындайды.

4.8. Стандарттық ереже
      Ұлттық заңнама баждар мен салықтарды төлеу орны мен мерзімін белгілейді.

4.9. Стандарттық ереже
      Егерде ұлттық заңнамамен баждар және салықтардың төлеу, тауардың шығарылғанан кейін төлеу мүмкіндігі қарастырылса, оны төлеу мерзімі осындай шығарудан кейін 10 күннен кем болмауы тиіс. Тауардың шығарылған сәтінен бастап және орнатылған төлеу мерзіміне дейінгі уақыттың кезеңдік ағымында пайыз алынбайды.

4.10. Стандарттық ереже
      Ұлттық заңнама кеден қызметінің орнатылған мерзімде төленбеген баждар мен салықтарды алу бойынша шаралар қолдануы мүмкін мерзімді белгілейді.

4.11. Стандарттық ереже
      Ұлттық заңнама мерзімінде төленбеген баждар мен салықтар сомасына қосымша алынатын төлемдерді есептеу үшін пайыздық ставкаларды және оларды қолдану шарттарын белгілейді.

4.12. Стандарттық ереже
      Егер төлеу фактісін басқаша түрде растау мүмкін болмаса, төлеушіге баждар мен салықтарды төлеу кезінде төленгені туралы құжат беріледі.

4.13. Өтпелі мерзімді стандарттық ереже
      Ұлттық заңнама одан төмен баждар мен салықтар алынбайтын, баждар мен салықтардың ең төменгі құнын және/немесе ең төменгі сомасын айқындайды.

4.14. Стандарттық ереже
      Кеден қызметі тауар декларациясында жіберілген немесе баждар мен салықтарды есептеу кезінде заңнамада белгіленгеннен төмен баждар мен салықтар сомасынан кем алуға немесе өндіріп алуға әкеп соғатын немесе әкеп соққан қателер анықталса, онда қателерді түзеп және төленбеген сомасын алады. Сонымен бірге, егер осы сома ұлттық заңнамамен орнатылған ең төменгі мөлшерінен кем болса, онда кеден қызметі жете төленбеген соманы алмайды және өндіріп алмайды.

Б. Баждар мен салықтарды төлеуді кейінге қалдыру

4.15. Стандарттық ереже
      Ұлттық заңнамада баждар мен салықтардың төленуін кейінге қалдыруы мүмкіндігі көзделген жағдайда, ол осындай кейінге қалдыруды берудің шартын белгілейді.

4.16. Стандарттық ереже
      Баждар мен салықтарды алу бойынша кейінге қалдыру кезінде пайыздар мүмкіндігінше алынбайды.

4.17. Стандарттық ереже
      Баждар мен салықтарды төлеу бойынша кейінге қалдыру кемінде 14 күнді құрайды.

В. Баждар мен салықтарды қайтару

4.18. Стандарттық ереже
      Баждар мен салықтары қайтару баждар мен салықтарды артық төлеу оны есептеу кезінде қате жіберілген жағдайда жүзеге асырылады.

4.19. Стандарттық ереже
      Баждар мен салықтарды қайтару әкелінетін немесе әкетілетін тауарларға қатысты, егерде әкелу немесе әкету сәтінде оларда ақаулар табылса, немесе олар қандай да бір басқа түрде келісілген тауар сипаттамасына сәйкес келмей және олар жеткізушіге немесе онымен көрсетілген тұлғаға мынадай шарттарды сақтай отыра қайтарылуы белгіленген:
      - тауарлар әкелінген елде қолданылмаған және жөндетілмеген және орынды мерзімде кері экспортталған;
      - тауарлар экспортталған елде қолданылмаған және жөндетілмеген және орынды мерзімде кері импортталған жағдайларда жүзеге асырылады. Тауарларды пайдалану, оған қарамастан, баждар мен салықтарды қайтаруды, мұндай қолдану ақауды табу немесе кері экспорт немесе кері импортқа әкеліп соқтырған басқа да мән-жағдайлар үшін шарасыз деп танылу шартымен жүзеге асыруға кедергі болмайды.
      Кері импорт немесе кері экспортқа балама ретінде, тауарлар кеден бақылауымен және кеден қызметінің рұқсатымен мемлекеттің кірісіне берілуі немесе жойылуы немесе бұдан әрі коммерциялық қолдану үшін жарамсыз жағдайға әкелінуі мүмкін. Осындай берулер немесе жойылулар мемлекетті қандай да бір шығындарға әкеп соқтырмайды.

4.20. Өтпелі мерзімді стандарттық ереже
      Ертеде көрсетілген кедендік режимді кеден қызметінің рұқсатымен өзгерткен жағдайда тауарларды жаңадан таңдалған кеден режиміне жатқызу кезінде баждар мен салықтардың асып түскен сомасынан баждар мен салықтарды қайтару жүзеге асырылады.

4.21. Стандарттық ереже
      Қайтару туралы өтініштер бойынша шешім қабылданып жазбаша де мүдделі тұлғаларға мүмкіндігінше қысқа мерзімде хабарлайды. Артық төленген соманы қайтару қысқа мерзімде өтініштің негізділігін тексергеннен жүзеге асырылады.

4.22. Стандарттық ереже
      Кеден қызметімен артық төленген сома кеден қызметінің тарабынан баждар мен салықтарды есептеу кезінде орын алған қате нәтижесінде болғанын анықтаған жағдайларда, қайтару қайтару басым тәртіппен жүргізіледі.

4.23. Стандарттық ереже
      Оның өтуіне байланысты қайтару туралы өтініш қанағаттандырылмайтын мерзім белгіленген жағдайда, онда мұндай мерзімдер жеткілікті болуы тиіс және әрбір жағдайдың ерекше мән-жайлары ескеріліп, олардың орын алуына қарай баждар мен салықтарды қайтару жүзеге асырылуы мүмкін.

4.24. Стандарттық ереже
      Егер ұлттық заңнамамен белгіленген ең төменгі сомадан төмен болса, соманы қайтару жүзеге асырылмайды.

5-тарау
Кепілдер

5.1. Стандарттық ереже
      Ұлттық заңнама кепілдер ұсынылуын талап ететін жағдайларды көздейді және оны ұсынудың нысандарын белгілейді.

5.2. Стандарттық ереже
      Кеден қызметі кепілдің жалпы сомасын белгілейді.

5.3. Стандарттық ереже
      Кепілдің ұсынылуы талап етілетін әрбір тұлғаға кепілдің бір нысанын таңдап алуға рұқсат, кеден қызметіне қолайлы болатын шартымен беріледі.

5.4. Стандарттық ереже
      Егер ұлттық заңнамамен көзделген жағдайларда, кеден қызметі, егер ол онымен алынған міндеттеме орындалатындығына көзі жетсе, кепілдің ұсынылуын талап етпейді.

5.5. Стандарттық ереже
      Кедендік рәсімдерден туатын міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету үшін кепілдің ұсынылуы талап етілген жағдайларда, кеден қызметі басты кепілді қабылдайды, оның ішінде осы кеден аумағында әртүрлі кеден органдарында тауарларды тұрақты декларациялайтын декларанттардан да қабылдайды.

5.6. Стандарттық ереже
      Кепілдің ұсынылуы талап етілген жағдайларда, осы кепілдердің жалпы сомасы ең төмен болуы мүмкін және қажет болған жағдайда алынуға жатқызылатын төлеуге қатысты баждар мен салықтар сомасынан аспайды.

5.7. Стандарттық ереже
      Кепілдер ұсынылған жағдайларда, осы кепілдер бойынша міндеттемелерден босату кеден қызметінің осы кепілдердің ұсынылуы орындалуын қамтамасыз етудегі міндеттердің тиісінше орындалуына көзі жеткеннен кейін мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүзеге асырады.

6-тарау
Кедендік бақылау

6.1. Стандарттық ереже
      Кеден аумағына әкелінетін немесе одан тысқары әкетілетін барлық тауарлар, көлік құралдарын қоса алғанда, олардан кедендік баждар мен салықтардың алынуына қарамастан кедендік бақылауға жатқызылады.

6.2. Стандарттық ереже
      Кедендік бақылау кедендік заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті төменгі мөлшермен ғана шектеледі.

6.3. Стандарттық ереже
      Кедендік бақылаудың нысанын таңдау кезінде тәуекелді басқару жүйесі пайдаланылады.

6.4. Стандарттық ереже
      Кеден қызметі тексеруге жатқызылатын тұлғаларды және тауарларды, іш құралдарын қоса алғанда және осындай тексерудің дәрежесін анықтау үшін тәуекелді талдау әдісін қолданады.

6.5. Стандарттық ереже
      Кеден қызметі тәуекелді басқару жүйесін қолдау мақсатында заңнаманың сақталмауы ықтималдығын бағалау шаралары жүйесіне негізделетін стратегия қабылдайды.

6.6. Стандарттық ереже
      Кедендік бақылау жүйесі өзіне аудит әдістеріне негізделген бақылауды қамтиды.

6.7. Стандарттық ереже
      Кеден қызметі кедендік бақылауды жетілдіру мақсатында басқа кеден қызметтерімен ынтымақтастық жасауға және өзара көмек туралы келісім жасауға ұмтылады.

6.8. Стандарттық ереже
      Кеден қызметі кедендік бақылауды жетілдіру мақсатында сыртқы саудаға қатысушылармен ынтымақтастық жасауға және өзара түсіністік туралы меморандум жасауға ұмтылады.

6.9. Өтпелі кезеңді стандарттық ереже
      Кеден қызметі кедендік бақылауды жетілдіру үшін мүмкін болған жерлерде, ақпараттық технологияларды және электрондық коммуникация құралдарын қолданады.

6.10. Стандарттық ереже
      Кеден қызметі сыртқы саудаға қатысушылардың кедендік операциялар жүргізу кезінде қолданатын электрондық коммуникациялар жүйесін кеден қызметінің талаптарына олардың сәйкестігін анықтау мақсатында бағалайды.

7-тарау
Ақпараттық технологияларды қолдану

7.1. Стандарттық ереже
      Кедендік операцияларды қамтамасыз ету мақсатында кеден қызметі ақпараттық технологияларды, егер олар кеден қызметі және сыртқы саудаға қатысушылар үшін экономикалық пайдалы және тиімді болған жағдайда қолданады. Кеден қызметі оларды қолдану шарттарын белгілейді.

7.2. Стандарттық ереже
      Компьютерлік жүйелерді енгізу кезінде кеден қызметі тиісті халықаралық стандарттарды қолданады.

7.3. Стандарттық ереже
      Ақпараттық технологияларды енгізу кезінде мүмкіндігінше, барлық тікелей мүдделі тұлғалармен барынша ауқымды консультациялар жүзеге асырылады.

7.4. Стандарттық ереже
      Ұлттық заңнаманың жаңа немесе өзгерген нормалары:
      - жазбаша құжаттарды ұсыну талабына балама ретінде ақпарат алмасудың электрондық тәсілдерін;
      - шынайылығын және бірдейлігін растау әдістерінің электрондық және құжаттық дәлме-дәлдігін;
      - кеден қызметінің кеден мақсатында және қажет жағдайда, басқа кеден қызметтерімен және басқа да барлық тұтынушылармен, егер заңмен рұқсат етілсе, ақпарат алмасудың электрондық әдістерінің көмегімен ақпарат алмасу үшін өзінде ақпаратты қалдыру құқығын көздеуі тиіс.

8-тарау
Кеден қызметі мен үшінші тұлғалар арасындағы қарым-қатынастар

8.1. Стандарттық ереже
      Мүдделі тұлғалар өзінің таңдауы бойына кеден қызметімен жеке немесе оның атынан әрекет ететін уәкілетті үшінші тұлғалар арқылы өзара қатынас жасайды.

8.2. Стандарттық ереже
      Ұлттық заңнама, үшінші тұлға мүдделі тұлғаның атынан және тапсырыс бойынша кеден қызметімен өзара қатынаста оны сақтауымен әрекет ететін шартты анықтайды және үшінші тұлғаның кеден қызметі алдында баждар мен салықтарды төлеуде, сондай-ақ әрбір бұзушылыққа жауаптылығын айқындайды.

8.3. Стандарттық ереже
      Мүдделі тұлғаның таңдауы бойынша өз атынан жасалатын кедендік операцияларды жүргізу кезінде, осы мүдделі тұлғаға үшінші тұлғамен жасалатын кедендік операцияларды жүргізу кезінде белгіленген және қойылатын талаптардың, қолайлы жағдайлардан төмен болмауы немесе ең қатал талаптар қойылмауы тиіс.

8.4. Стандарттық ереже
      Уәкілетті үшінші тұлға оған кеден қызметімен өзара қатынаста өзінің мүддесін білдіруге уәкілеттік беретін тұлғамен бірдей құқықтарға ие болады.

8.5. Стандарттық ереже
      Кеден қызметі сыртқы саудаға қатысушылармен ресми консультациялар жүргізу кезінде үшінші тұлғалардың қатысу мүмкіндігін қарастырады.

8.6. Стандарттық ереже
      Кеден қызметі үшінші тұлғалардың кедендік операцияларға қатысуға жіберілмеу шарттарын белгілейді.

8.7. Стандарттық ереже
      Кеден қызметі үшінші тұлғаны кедендік операцияларға қатыстырудан бас тарту туралы шешімі жөнінде оны жазбаша түрде хабардар етеді.

9-тарау
Кеден қызметінің ақпараты, шешімдері және нұсқамалары

А. Жалпы сипаттағы ақпарат

9.1. Стандарттық ереже
      Кеден қызметі кеден заңнамасын қолдану жөніндегі жалпы сипаттағы барлық қажетті ақпаратқа әрбір мүдделі тұлғаның кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

9.2. Стандарттық ереже
      Егер қол жеткізу қамтамасыз етілген ақпарат, кеден заңнамасының немесе әкімшілік талаптардың және нұсқамалардың өзгеруіне байланысты түзетулерді қажет етсе, онда кеден қызметі алдын ала хабардар ету мүмкін емес жағдайды қоспағанда, мұндай өзгерістер күшіне енгенге дейін, мүдделі тұлғалардың осы өзгерістерді ескеруіне жеткілікті мерзімдерге нақтыланған ақпаратқа кедергісіз қол жеткізуді уақтылы қамтамасыз етеді.

9.3. Стандарттық ереже
      Кеден қызметі ақпарат алуға қол жеткізуді жеңілдету мақсатында ақпараттық технологияларды қолданады.

Б. Нақты мәселелер бойынша ақпарат

9.4. Стандарттық ереже
      Мүдделі тұлғаның сұрау салуы бойынша кеден қызметі мүдделі тұлғаның кеден заңнамасы саласында қойған нақты сұрақтары бойынша мүмкіндігінше қысқа мерзімдерде мүмкіндігінше нақты ақпарат береді.

9.5. Стандарттық ереже
      Кеден қызметі сұрау салынған ақпаратты ғана емес, өзі мүдделі тұлғаның назарына жеткізуді орынды деп санайтын, іске қатысты кез келген басқа ақпаратты да береді.

9.6. Стандарттық ереже
      Ақпарат берілген жағдайда кеден қызметі, мұндай жария ету ұлттық заңнамада жазылған немесе рұқсат етілген жағдайларды қоспағанда, кеден қызметінің немесе үшінші тұлғалардың мүдделерін қозғайтын жеке және құпия сипаттағы мәліметтердің жария етілмеуін қамтамасыз етуге міндетті.

9.7. Стандарттық ереже
      Егер кеден қызметі ақпаратты тегін бере алмаса, төлем мөлшері көрсетілген қызметтің шамамен алғандағы құнымен шектеледі.

В. Шешімдер және нұсқамалар

9.8. Стандарттық ереже
      Кеден қызметі мүдделі тұлғаның жазбаша өтініші бойынша өз шешімін ұлттық заңнамада белгіленген нысанда және мерзімде ұсынады. Егер шешім мүдделі тұлға үшін қолайсыз болса, соңғысына оны шығару себептері хабарланады және шағым беру құқығы түсіндіріледі.

9.9. Стандарттық ереже
      Кеден қызметі мүдделі тұлғаның сұрауы бойынша, кеден қызметінің барлық қажетті ақпаратқа ие болуы шартымен, орындау үшін міндетті нұсқамалар шығарады.

10-тарау
Кеден мәселелері бойынша шағымдану

А. Шағымдану құқығы

10.1. Стандарттық ереже
      Ұлттық заңнама кеден мәселелері бойынша шағымдану құқығын көздейді.

10.2. Стандарттық ереже
      Құқықтары мен мүдделері кеден қызметінің шешімімен немесе әрекетсіздігімен тікелей қозғалған кез келген тұлғаның шағымдануға құқығы бар.

10.3. Стандарттық ереже
      Құқықтары мен мүдделері кеден қызметінің шешімімен немесе әрекетсіздігімен қозғалған тұлғаға оның кеден қызметіне сұрау салуы бойынша және ұлттық заңнамада белгіленген мерзімде шағым беруге әкеп соқтыратын немесе соқтырмайтын мұндай шешімнің немесе әрекетсіздіктің себебі хабарланады.

10.4. Стандарттық ереже
      Ұлттық заңнама кеден қызметіне бастапқы шағым беру құқығын көздейді.

10.5. Стандарттық ереже
      Шағымды кеден қызметі қанағаттандырусыз қалдырған жағдайда, шағым берушінің кеден қызметіне тәуелсіз органға одан әрі шағымдануға құқығы бар.

10.6. Стандарттық ереже
      Шағым беруші соңғы сатыда сот органына жүгінуге құқылы.

Б. Шағымның нысаны және оны беру үшін негіздемелер

10.7. Стандарттық ереже
      Шағым жазбаша нысанда беріледі; ол дәлелді болуға тиіс.

10.8. Стандарттық ереже
      Кеден қызметінің шешіміне шағым беру үшін шағым берушіге шағымданатын шешімді зерделеу және шағым дайындау үшін жеткілікті уақыт беретін мерзім белгіленеді.

10.9. Стандарттық ереже
      Кеден органдарына шағым берілген жағдайда, кеден қызметі сонымен бір мезгілде қандай да бір растау дәлелдемелерін бір мезгілде беруді талап етпейді, бірақ жекелеген жағдайларда мұндай дәлелдемелер беру үшін жеткілікті уақыт бөледі.

В. Шағымдарды қарау

10.10. Стандарттық ереже
      Кеден қызметі шағым бойынша шешім шығарады және арыз иесіне мүмкіндігінше қысқа мерзімде тиісті жазбаша хабарлама жібереді.

10.11. Стандарттық ереже
      Егер кеден қызметі шағымды қанағаттандырудан бас тартса, ол себебін жазбаша нысанда көрсетеді және арыз иесіне оның тиісті әкімшілік немесе тәуелсіз органға одан әрі шағымдану құқығы туралы, сондай-ақ мұндай шағымды беру үшін бөлінген мерзім туралы хабардар етеді.

10.12. Стандарттық ереже
      Егер шағым қанағаттандырылса, кеден қызметі мейлінше қысқа мерзімде өз шешімін немесе кеден қызметі мұндай қаулыға шағымданатын жағдайларды қоспағанда, тәуелсіз органның не сот органының қаулысын орындайды.

Арнайы қосымша
Мазмұны

          Арнайы қосымша А
1-тарау   Тауарларға декларация берудің алдындағы кедендік формальдылықтар
2-тарау   Тауарларды уақытша сақтау

          Арнайы қосымша В
1-тарау   Еркін айналыс үшін шығару
2-тарау   Кері импорт
3-тарау   Әкелу баждары мен салықтарынан босату

          Арнайы қосымша С
1-тарау   Түпкілікті әкету

          Арнайы қосымша D
1-тарау   Кедендік қоймалар
2-тарау   Еркін аймақтар

          Арнайы қосымша Е
1-тарау   Кедендік транзит
2-тарау   Қайта тиеу
3-тарау   Тауарларды каботаждық тасымалдау

          Арнайы қосымша F
1-тарау   Кедендік аумақта қайта өңдеу
2-тарау   Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу
3-тарау   Қайтару
4-тарау   Еркін айналыс үшін тауарларды қайта өңдеу

          Арнайы қосымша G
1-тарау   Уақытша әкелу

          Арнайы қосымша Н
1-тарау   Кедендік құқық бұзушылықтар

          Арнайы қосымша J
1-тарау   Жолаушылар
2-тарау   Почта жөнелтімдері
3-тарау   Коммерциялық мақсаттағы көлік құралдары
4-тарау   Керек-жарақтар
5-тарау   Көмек жүктері

          Арнайы қосымша K (аударма жобасы)
1-тарау   Тауарлардың шығуын анықтау ережелері
2-тарау   Тауарлардың шығуын растайтын құжаттар
3-тарау   Тауарлардың шығуын растайтын құжаттарды тексеру

Арнайы қосымша А
1-тарау

Тауарларға декларация берудің алдындағы кедендік формальдылықтар

Ұғымдардың анықтамасы

      Осы Тарауда пайдаланылатын ұғымдар мынаны білдіреді:
Е1./  "жүк декларациясы" - коммерциялық мақсаттағы көлік құралы
Ғ.1   келгенге немесе кеткенге дейін немесе сол сәтте ұсынылатын,
      кедендік аумаққа әкелінетін немесе осы аумақтан әкетілетін жүк
      туралы кеден қызметі талап ететін ақпарат қамтылған мәліметтер;

Е2./  "тасымалдаушы" - тауарларды тасымалдауды іс жүзінде жүзеге
Ғ.3   асыратын не көлік құралын пайдалану үшін жауапты болып
      табылатын тұлға;

Е3./  "тауарларға декларация берудің алдындағы кедендік
Ғ.2   формальдылықтар" - тауарларды кедендік аумаққа әкелген сәттен
      бастап тауарларды кедендік режимге орналастырған сәтке дейін
      мүдделі тұлға мен кеден қызметі жүзеге асыратын барлық
      операциялар.

Принциптер

1. Стандарттық ереже
      Тауарларға декларация берудің алдындағы кедендік формальдылықтар осы Тараудың ережелерімен және қолданылатындай дәрежеде Бас қосымшаның ережелерімен реттеледі.

2. Ұсынылатын ереже
      Тауарларға декларация берудің алдындағы кедендік формальдылықтар тауарлар шығарылған елден немесе олар жіберілген елден тәуелсіз бірдей қолданылуға тиіс.

Тауарларды кедендік аумаққа әкелу

а) Тауарлардың кедендік аумаққа әкеліну жерлері
3. Стандарттық ереже
      Ұлттық заңнама тауарлардың кедендік аумаққа әкеліну жерлерін белгілейді. Кеден қызметі бұл бақылау мақсаттары үшін қажет деп тапқан жағдайда ғана тауарларды тікелей кеден органына немесе кеден қызметі белгілеген басқа жерге жеткізу бағыттарын белгілейді. Мұндай жерлер мен бағыттарды айқындау үшін бұған қоса сауданың ерекше қажеттіліктері ескеріледі.
      Осы Стандарттық ереже кедендік аумақты осы кедендік аумақта орналасқан портта немесе әуежайда тоқтамай кесіп өтетін теңіз немесе әуе кемелерімен тасымалданатын тауарларға қатысты қолданылмайды.

б) Тасымалдаушының міндеттері
4. Стандарттық ереже
      Тасымалдаушы кеден қызметінің алдында барлық тауарлардың жүк декларациясында көрсетілуін қамтамасыз етуге немесе олар туралы ақпаратты рұқсат етілген кез келген басқа тәсілмен кеден қызметінің назарына жеткізуге жауапты болады.

5. Стандарттық ереже
      Тауарларды кедендік аумаққа әкелу тасымалдаушының талап етілетін жерлерде, белгіленген бағыттарды сақтай отырып, оларды кідіріссіз тікелей кеден органына немесе кеден қызметі белгілеген басқа жерге жеткізу міндетін туындатады. Бұл ретте тауарлардың жай-күйін өзгертуге немесе олардың орамын бұзуға, сондай-ақ кедендік пломбаларды бүлдіруге жол берілмейді.
      Осы Стандарттық ереже кедендік аумақты осы кедендік аумақта орналасқан портта немесе әуежайда тоқтамай кесіп өтетін теңіз немесе әуе кемелерімен тасымалданатын тауарларға қатысты қолданылмайды.

6. Стандарттық ереже
      Егер тауарларды олар кедендік аумаққа әкелінетін жерлерден уәкілетті кеден органына немесе басқа белгіленген жерге жеткізу аварияның немесе форс-мажорлық жағдайлардың салдарынан тоқтатылатын болса, тасымалдаушы тауарлардың рұқсатсыз пайдаланылуына жол бермеу үшін және кедендік билікті немесе басқа құзыретті органдарды тауарларды жеткізуді тоқтатудың себебі болған аварияның сипаты не басқа жағдайлар туралы хабардар ету үшін барлық оңтайлы шараларды қабылдауға міндетті.

Тауарларды кеден қызметіне көрсету

а) Құжаттар
7. Ұсынылатын ереже
      Егер тауарлар көрсетілуге тиіс кеден органы тауарлар кедендік аумаққа әкелінетін жерде орналаспаған болса, кеден қызметі бұл бақылау мақсаттары үшін қажет деп санаған жағдайда ғана ол әкелінетін жерде құжаттарды беруді талап етуге тиіс.

8. Стандарттық ереже
      Кеден қызметі өзіне тауарлар көрсетілуіне байланысты құжаттарды талап еткен жағдайда бұл құжаттарда қамтылған ақпарат тауарлар мен көлік құралын сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтермен ғана шектеледі.

9. Ұсынылатын ереже
      Кеден қызметі талап етілетін мәліметтерді тасымалдаушының әдеттегі құжаттарында қамтылатындармен шектеуге тиіс және осы мақсаттарда көлік саласына жататын халықаралық келісімдерде көзделген талаптарға сүйенуге тиіс.

10. Ұсынылатын ереже
      Кеден қызметі әдетте жүк декларациясын тауарларды көрсету үшін талап етілетін жалғыз құжат ретінде қабылдауға тиіс.

11. Ұсынылатын ереже
      Тауарларды көрсету үшін талап етілетін құжаттарды қабылдауға жауапты кеден органы тауарларға декларация қабылдауға да уәкілетті болуға тиіс.

12. Ұсынылатын ереже
      Егер кеден қызметіне ұсынылатын құжаттар осы мақсат үшін пайдаланылуы келісілмеген тілде немесе тауарлар әкелінетін елдің тілі болып табылмайтын тілде жасалған болса, кеден қызметі бұл құжаттарда қамтылған егжей-тегжейлі мәліметтердің аудармасын талап етпейді.

б) Тауарлардың жұмыстан тыс уақытта келуі
13. Стандарттық ереже
      Кеден қызметі тауарлардың кеден органына жұмыстан тыс уақытта келген жағдайында, олардың кедендік аумақта рұқсатсыз пайдаланылуын болдырмау үшін тасымалдаушы қабылдауға тиіс сақтық шараларын айқындайды.

14. Ұсынылатын ереже
      Тасымалдаушының сұрау салуы бойынша және кеден қызметі негізді деп таныған себептер бойынша ол мүмкіндігіне қарай кеден органының жұмыс уақытынан тыс тауарларға декларация берудің алдындағы кедендік формальдылықтарды орындауға рұқсат беруге міндетті.

Түсіру

а) Түсіру орындары
15. Стандарттық ереже
      Ұлттық заңнамада түсіруді жүзеге асыру рұқсат етілетін орындар белгіленеді.

16. Ұсынылатын ереже
      Мүдделі тұлғаның сұрауы бойынша және кеден қызметі негізді деп таныған себептер бойынша ол тауарларды осы мақсаттар үшін белгіленгеннен өзге орындарда түсіруді жүзеге асыруға рұқсат беруге міндетті.

б) Түсіруді бастау
17. Стандарттық ереже
      Түсіруді бастауға көлік құралы түсіру орнына келгеннен кейін барынша қысқа мерзімде рұқсат беріледі.

18. Ұсынылатын ереже
      Мүдделі тұлғаның сұрауы бойынша және кеден қызметі негізді деп таныған себептер бойынша ол мүмкіндігіне қарай түсіруді кеден органының жұмысынан тыс уақытта жүзеге асыруына рұқсат етуге міндетті.

Алымдар

19. Стандарттық ереже
      Мыналарға:
      - кеден органының жұмысынан тыс уақытта тауарларға декларация берудің алдындағы кедендік формальдылықтарды орындауға;
      - тауарларды осы мақсаттар үшін белгіленгеннен басқа орындарда түсіруге; немесе
      - тауарларды кеден органының, жұмысынан тыс уақытта түсіруге байланысты кеден қызметі өндіріп алатын алымдар көрсетілген қызметтердің болжамды құнымен шектеледі.

Арнайы қосымша А
2-тарау

Тауарларды уақытша сақтау

Ұғымдардың анықтамасы

      Осы Тарауда пайдаланылатын ұғымдар мынаны білдіреді:
Е1./  "жүк декларациясы" - коммерциялық мақсаттағы көлік құралы
Ғ.1   келгенге немесе кеткенге дейін немесе сол сәтте ұсынылатын,
      кеден қызметі талап ететін кедендік аумаққа әкелінетін немесе
      осы аумақтан әкетілетін жүк туралы ақпарат қамтылған
      мәліметтер;

Е2./  "тауарларды уақытша сақтау" - тауарларға декларация беруді
Ғ.2   күткен кезде тауарларды кеден қызметі белгілеген үй-жайларда не
      қоршалған немесе қоршалмаған ашық учаскелерде (бұдан әрі
      уақытша қоймалар деп аталады) кедендік бақылауда уақытша
      сақтау.

Принциптер

1. Стандарттық ереже
      Тауарларды уақытша сақтау осы Тараудың ережелерімен және қолданылатындай дәрежеде Бас қосымшаның ережелерімен реттеледі.

2. Стандарттық ереже
      Кеден қызметі бұл сауда қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз ету үшін қажет деп санаған барлық жағдайларда уақытша қоймалар құруға рұқсат береді.

3. Ұсынылатын ереже
      Олардың санына, шығарылған еліне немесе олар жіберілген елге қарамастан, барлық тауарларға қатысты уақытша сақтауға рұқсат етілуге тиіс. Сонымен бірге қауіпті тауарларды, басқа тауарларды бүлдіруі мүмкін тауарларды немесе арнайы сақтау жағдайларын талап ететін тауарларды арнайы жабдықталған және құзыретті органдар оларды қабылдау үшін белгілеген қоймаларда уақытша сақтауға рұқсат етілуге тиіс.

Құжаттар

4. Стандарттық ереже
      Тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін талап етілетін жалғыз құжат осы тауарлардың сипаттамасын қамтитын және оларды кеден қызметіне ұсынған кезде пайдаланылған құжат болып табылады.

5. Ұсынылатын ереже
      Осы жүк декларациясында немесе басқа коммерциялық құжатта аталған барлық тауарларды уақытша қоймаға орналастыру шартымен кеден қызметі жүк декларациясын немесе басқа коммерциялық құжатты тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін қажетті жалғыз құжат ретінде қабылдауға міндетті.

Уақытша қоймаларды басқару

6. Стандарттық ереже
      Кеден қызметі уақытша қоймаларды құруға, жайластыруға және олардың жұмысын ұйымдастыруға қатысты талаптарды, сондай-ақ тауарларды сақтау, қойма есебі мен есептілігін жүргізу үшін және кедендік бақылауды жүзеге асыру үшін шарттарды белгілейді.

Рұқсат етілген операциялар

7. Стандарттық ереже
      Уақытша сақтаудағы тауарларға қатысты кеден қызметі негізді деп таныған себептер бойынша олардың өзгермеген түрде сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті әдеттегі операцияларды жүзеге асыруға рұқсат етіледі.

8. Ұсынылатын ереже
      Уақытша сақтаудағы тауарларға қатысты кеден қызметі негізді деп таныған себептер бойынша оларды уақытша қоймадан әкетуді және кейіннен тасымалдауды тездету үшін қажетті әдеттегі операцияларды жүзеге асыруға рұқсат етілуге тиіс.

Уақытша сақтаудың ұзақтығы

9. Стандарттық ереже
      Егер ұлттық заңнамада уақытша сақтаудың шектеулі мерзімі белгіленсе, бұл мерзім импорттаушының тауарларды қандай да бір басқа кедендік режимге орналастыру үшін қажетті формальдылықтарды толық орындауға мүмкіндігі болуы үшін жеткілікті болуға тиіс.

10. Стандарттық ереже
      Мүдделі тұлғаның сұрауы бойынша және кеден қызметі негізді деп таныған себептер бойынша ол бастапқыда белгіленген мерзімді ұзартуға міндетті.

Жарамсыз болып қалған немесе бүлінген тауарлар

11. Ұсынылатын ереже
      Уақытша қоймадан әкетілгенге дейін аварияның немесе форс-мажорлық жағдайлардың салдарынан жарамсыз болып алған, бұзылған немесе бүлінген тауарларға қатысты олардың жарамсыздығы, бұзылуы немесе бүлінуі кеден қызметі үшін қанағаттанарлық дәрежеде белгілену шартымен, тауарлар жарамсыз, бұзылған немесе бүлінген жағдайда әкелінгендегідей кедендік ресімдеуге рұқсат етілуге тиіс.

Уақытша қоймадан әкету

12. Стандарттық ереже
      Тауарларға билік етуге құқылы кез келген тұлға әрбір жағдайда қолданылатын шарттар мен формальдылықтарды сақтау шартымен оларды уақытша қоймадан әкетуге құқылы.

13. Стандарттық ереже
      Ұлттық заңнамада тауарлар уақытша қоймадан белгіленген мерзімде әкетілмеген жағдайда ұстану қажет тәртіп белгіленеді.

Арнайы қосымша В
1-тарау

Еркін айналыс үшін шығару

Ұғымдардың анықтамасы

      Осы Тарауда пайдаланылатын ұғымдар мынаны білдіреді:
E1./  "еркін айналыс үшін шығару" - әкелінетін тауарлар барлық
Ғ.2   тиісті әкелу баждары мен салықтар төленгеннен және барлық
      қажетті формальдылықтар орындалғаннан кейін кедендік аумақта
      еркін айналыстағы тауарлар мәртебесін қабылдайды деп көзделетін
      кедендік режим;

E2./  "еркін айналыстағы тауарлар" - оларға билік ету кеден қызметі Ғ.1   тарапынан шектеусіз жүзеге асырыла алынатын тауарлар.

Принцип

1. Стандарттық ереже
      Еркін айналыс үшін шығару осы Тараудың ережелерімен және қолданылатындай дәрежеде Бас қосымшаның ережелерімен реттеледі.

Құжаттар

2. Ұсынылатын ереже
      Ұлттық заңнамада тауарларды декларациялаудың стандартты нысанына балама түрде, олардың еркін айналыс үшін шығаруға арналған тауарларға қатысты қажетті деректерді ұсынуды қамтамасыз етуі шартымен тауарларды декларациялау нысандары көзделуге тиіс.

Арнайы қосымша В
2-тарау

Кері импорт

Ұғымдардың анықтамасы

      Осы Тарауда пайдаланылатын ұғымдар мынаны білдіреді:
Е1./  "еркін айналыс үшін шығару" - әкелінетін тауарлар барлық тиісті
Ғ.3   әкелу баждары мен салықтар төленгеннен және барлық қажетті
      формальдылықтар орындалғаннан кейін кедендік аумақта еркін
      айналыстағы тауарлар мәртебесін қабылдайды деп көзделетін
      кедендік режим;

Е2./  "өтемдік өнімдер" - тауарларды өндірудің, қайта өңдеудің немесе
Ғ.5   жөндеудің нәтижесі болып табылатын, оларға қатысты кедендік
      аумақта қайта өңдеу режимін қолдану рұқсат етілген өнімдер;

Е3./  "олардың болжамды кері әкелінуі туралы жариялай отырып
Ғ.2   әкетілетін тауарлар" - декларант кері әкелуге болжанатындар
      ретінде көрсеткен, өздеріне қатысты кеден қызметі оларды
      өзгермеген жай-күйде кері әкелуді қамтамасыз ету үшін
      сәйкестендіру жөнінде шаралар қабылдауы мүмкін тауарлар;

Е4./  "еркін айналыстағы тауарлар" - оларға билік ету кеден қызметі
Ғ.1   тарапынан шектеусіз жүзеге асырыла алынатын тауарлар;

Е5./  "кері импорт" (өзгермеген жай-күйде кері әкелу) - кедендік
Ғ.4   режим, оған сәйкес бұрын әкелінген тауарлар шетелде өндіру,
      қайта өңдеу немесе жөндеу жөнінде ешқандай операциялар жасалмау
      және оларды әкетуге байланысты берілген баждар мен салықтарды
      өтеу немесе қайтару не олардан, не кез-келген субсидиялардан
      немесе басқа төлемдерден шартты түрде босату салдарынан талап
      етілуге тиіс барлық сомалардың төленуі шартымен еркін айналыс
      үшін әкелу баждары мен салықтардан шартты түрде босатыла отырып
      шығарылады. Еркін айналыстағы тауарлар мәртебесі бар немесе
      қайта өңдеу өнімі болып табылатын тауарларға қатысты кері
      импортқа жол беріледі.

Принцип

1. Стандарттық ереже
      Кері импорт осы Тараудың ережелерімен және қолданылатындай дәрежеде Бас қосымшаның ережелерімен реттеледі.

Қолданылу саласы

2. Стандарттық ереже
      Әкетілген тауарлардың бір бөлігі ғана кері әкелінген жағдайда да кері импортқа рұқсат етіледі.

3. Стандарттық ереже
      Бұл жағдайлармен ақталатын болса, тауарларды кері әкелуді оларды әкеткен тұлғадан өзге тұлға жүзеге асырса да кері импортқа рұқсат етіледі.

4. Стандарттық ереже
      Тауарлар пайдаланылған немесе бүлінген не олар шетелде болған уақытта тозған жай-күйге ұшыраған деген негіздемемен кері импорттан бас тартылмауға тиіс.

5. Стандарттық ереже
      Тауарлар шетелде болған уақытта олардың сақталуын немесе пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін қажетті операцияларға ұшырады деген негіздемемен кері импорттан бас тартылмауға тиіс, алайда мұндай операциялар олардың әкетілген сәтіндегі құнының ұлғаюына алып келмеуі шарт.

6. Стандарттық ереже
      Кері импорт шетелден тікелей әкелінетін тауарлармен шектелмейді, алайда басқа кедендік режимге орналастырылған тауарлар үшін де кері импортқа жол беріледі.

7. Стандарттық ереже
      Тауарлар олардың болжамды кері әкелінуі туралы жарияланбай шығарылды деген негіздемемен кері импорттан бас тартылмауға тиіс.

Кері импорт мерзімдері

8. Стандарттық ереже
      Егер аяқталуына қарай кері импортқа жол берілмейтін мерзім белгіленген болса, ол мерзімінің ұзақтығы әрбір жағдайға қатысты әрқилы жағдайларды ескеру үшін жеткілікті болуға тиіс.

Уәкілетті кеден органдары

9. Стандарттық ереже
      Мұндай көрсету кері импортқа ықпал ететін жағдайларда ғана кеден қызметі кері импортталатын тауарларды олар әкетілген кеден органына көрсетуді талап етеді.

Тауарларға арналған декларация

10. Стандарттық ереже
      Тауарларды халықаралық тасымалдау үшін пайдаланылатын коммерциялық мақсаттағы орамдардың, контейнерлердің, поддондар мен көлік құралдарының кері импорты үшін тауарларға жазбаша декларация талап етілмейді, тек қана коммерциялық мақсаттағы бұл орамдардың, контейнерлердің, поддондар мен көлік құралдарының әкеткен кезде еркін айналыста болғаны кеден қызметі үшін қанағаттанарлық тәсілмен расталуы шарт.

Болжамды кері әкелінуі туралы жариялана отырып әкетілетін тауарлар

11. Стандарттық ереже
      Декларанттың сұрауы бойынша кеден қызметі тауарларды болжамды кері әкелінуі туралы жариялай отырып әкетуге рұқсат береді және олардың кері импортына ықпал ететін барлық қажетті шараларды қабылдайды.

12. Стандарттық ереже
      Кеден қызметі болжамды кері әкелінуі туралы жариялана отырып әкетілетін тауарларды сәйкестендіруге қатысты талаптарды белгілейді. Бұл ретте кеден қызметі тауарлардың сипатын және қозғалатын мүдделердің маңыздылығын ескереді.

13. Ұсынылатын ереже
      Болжамды кері әкелінуі туралы жариялана отырып әкетілетін тауарларға қатысты қолданылатын әкету баждары мен салықтардан шартты босату ұсынылуға тиіс.

14. Стандарты ереже
      Егер тиісті шарттар мен әрбір жағдайда қолданылатын формальдылықтар сақталса, мүдделі тұлғаның сұрауы бойынша кеден қызметі тауарларды болжамды кері әкелінуі туралы жариялай отырып әкетуді түпкілікті әкетуге ауыстыруға рұқсат береді.

15. Ұсынылатын ереже
      Егер бір және нақ сол тауар болжамды кері әкелу туралы жариялана отырып бірнеше рет әкетілсе, декларанттың сұрауы бойынша кеден қызметі тауарды алғаш әкеткен кезде берілетін, кері әкелу туралы жариялай отырып әкетуге арналған декларацияның кейінгі кері импорт жағдайлары мен бұл тауарды белгілі бір уақыт ішінде әкету үшін жарамды болуына рұқсат етуге міндетті.

Арнайы қосымша В
3-тарау

Әкелу баждары мен салықтарынан босату

Ұғымдардың анықтамасы

      Осы Тарауда пайдаланылатын ұғымдар мынаны білдіреді:
Е1./  "еркін айналыс үшін шығару" - әкелінетін тауарлар барлық тиісті
Ғ.2   әкелу баждары мен салықтар төленгеннен және барлық қажетті
      формальдылықтар орындалғаннан кейін кедендік аумақта еркін
      айналыстағы тауарлар мәртебесін қабылдайды деп көзделетін
      кедендік режим;

Е2./  "әкелу баждары мен салықтардан босату" - егер тауарлар белгілі
Ғ.1   бір шарттарда және белгілі мақсатпен әкелінген болса,
      тауарларды олардың әдеттегі тарифтік сыныптамасына немесе
      әдетте төленуге тиіс баждар мен салықтардың сомаларына
      қарамастан, әкелу баждары мен салықтардан босата отырып еркін
      айналыс үшін шығару.

Принцип

1. Стандарттық ереже
      Еркін айналысқа шығару үшін мәлімделген тауарларға қатысты әкелу баждары мен салықтардан босату осы Тараудың ережелерімен және қолданылатындай дәрежеде Бас қосымшаның ережелерімен реттеледі.

Қолданылу саласы

2. Стандарттық ереже
      Ұлттық заңнамада әкелу баждары мен салықтардан босату ұсынылатын жағдайлар айқындалады.

3. Стандарттық ереже
      Әкелу баждары мен салықтардан босату шетелден тікелей әкелінетін тауарлармен шектелмейді, сондай-ақ басқа кедендік режимге орналастырылған тауарлар үшін де әкелу баждары мен салықтардан босатуға рұқсат етіледі.

4. Ұсынылатын ереже
      Әкелу баждары мен салықтардан босату, халықаралық шартқа сәйкес мұндай босату өзара келісім шарттарында ұсынылатын жағдайларды қоспағанда, тауарлар шығарылған елден немесе олар жіберілген елден тәуелсіз ұсынылуға тиіс.

5. Стандарттық ереже
      Ұлттық заңнама әкелу баждары мен салықтардан босату үшін алдын ала рұқсат қажет болатын жағдайлардың тізбесін айқындайды және мұндай рұқсатты беруге уәкілетті органдарды белгілейді. Мұндай жағдайлар барынша аз болуға тиіс.

6. Ұсынылатын ереже
      Уағдаласушы тараптар халықаралық шарттарда көзделген тауарларға қатысты әкелу баждары мен салықтардан босатуды ұсынған кезде оларда негізі қаланған шарттарды назарға алуға, сондай-ақ мұндай халықаралық шарттарға қосылу мүмкіндігін егжей-тегжейлі зерделеуге міндетті.

7. Ұсынылатын ереже
      Мынадай тауарларға қатысты әкелу баждары мен салықтардан және экономикалық сипаттағы тыйымдар мен шектеулерден босату төменде көрсетілген шарттарда, сондай-ақ мұндай босатуды ұсыну үшін ұлттық заңнамада көзделген барлық басқа талаптар сақталған кезде ұсынылуға тиіс:
      а) құзыретті органдар уәкілеттік берген ұйымдарға немесе зертханаларға арналған жағдайларда адамнан алынған емдік препараттар, қан тобын айқындауға арналған реактивтер мен тіндер;
      б) кеден қызметі құны мардымсыз деп қарастыратын және өзімен бірдей түрдегі тауарларға тапсырыс алу мақсатында ғана пайдаланылуға тиіс коммерциялық құны жоқ үлгілер;
      в) өнеркәсіптік, коммерциялық немесе ауыл шаруашылығы мақсатындағы қондырғылардан немесе жабдықтан басқа, адамның немесе оның отбасы мүшелерінің жеке және кәсіби мақсаттарда пайдалануына арналған, оның осы елге тұрғылықты мекен-жайға көшуі мақсатында елге осы адаммен бірге немесе одан бөлек әкелінетін жылжымалы мүлік;
      г) бұрынғы иесі қайтыс болған сәтте әкеліну елінде негізгі тұрғылықты мекен-жайы бар тұлғаға мұраға қалған заттар, бұл жеке мүлік заттарын қайтыс болған иесі жеке мақсаттарда пайдалануы шарт;
      д) спиртті, алкогольді сусындар мен темекі бұйымдарын қоспағанда, жалпы құны олардың бөлшек саудадағы құнының негізінде ұлттық заңнамада белгіленген мөлшерден аспайтын жеке сыйлықтар;
      е) мұқтаж адамдарға ұйымның немесе ол бақылай отырып тегін таратуы үшін уәкілетті қайырымдылық немесе филантроптық ұйымға сыйға берілетін тамақ өнімдері, дәрі-дәрмек, киім мен көрпе сияқты тауарлар;
      ж) кеден қызметі талап ететін растаушы құжаттарды ұсыну шартымен әкелу елінде тұрақты тұратын тұлғаларға сыйлықтар;
      з) әскери қорымдарды салуға, күтіп ұстауға немесе ресімдеуге арналған материалдар; құзыретті органдар бұған уәкілеттік берген ұйымдар әкелетін табыттар, жерлеу урналары және ресімдеуге арналған жерлеу заттары;
      и) ұлттық заңнамада айқындалған, коммерциялық құны жоқ құжаттар, бланктер, жарияланымдар, есептер мен өзге де заттар;
      к) діни табынушылық заттары; және
      л) мұндай өнімдердің әкелінетін көлемі тестілеу үшін нақты қажетті көлемнен асып түспеу шартымен және тестілеу барысында бұл өнімдердің толық пайдаланылуы немесе оларды кері әкету не қалған өнімдерді кеден қызметінің бақылауымен коммерциялық жарамсыз жай-күйге келтіру шартымен тестілеу үшін әкелінетін өнімдер.

Арнайы қосымша С
1-тарау

Түпкілікті әкету

Ұғымдардың анықтамасы

      Осы Тарауда пайдаланылатын ұғымдар мынаны білдіреді:
Е1./  "түпкілікті әкету" - еркін айналыстағы тауарлар мәртебесі бар
Ғ.1   кедендік аумақтан әкелінетін және оның шегінен тыс жерде
      қалдыруға арналған тауарларға қолданылатын кедендік режим.

Принцип

1. Міндетті ереже
      Түпкілікті әкету осы Тараудың ережелерімен және қолданылатындай дәрежеде Бас қосымшаның ережелерімен реттеледі.

2. Ұсынылатын ереже
      Ұлттық заңнамада олардың түпкілікті әкетуге арналған тауарларға қатысты қажетті деректерді ұсынуды қамтамасыз етуі шартымен тауарларды декларациялаудың стандарттық нысанына балама түрде тауарларға арналған декларациялар көзделуге тиіс.

Межелі пунктке келгенін растау

3. Міндетті ереже
      Кеден қызметі тауарлардың шет елге келу фактісін міндетті түрде растауды талап етпейді.

Арнайы қосымша D
1-тарау

Кедендік қоймалар

Ұғымдардың анықтамасы

      Осы Тарауда пайдаланылатын ұғымдар мынаны білдіреді:
Е1./  "кедендік қойма режимі" - әкелінетін тауарлар оған сәйкес әкелу
Ғ.1   баждары мен салықтар төленбей, осы мақсаттар үшін айқындалған
      орында (кедендік қоймада) кедендік бақылауда сақталатын
      кедендік режим.

Принцип

1. Стандарттық ереже
      Кедендік қойма режимі осы Тараудың ережелерімен және қолданылатындай дәрежеде Бас қосымшаның ережелерімен реттеледі.

Кедендік қоймалардың тұрпаттары

2. Ұсынылатын ереже
      Ұлттық заңнамада тауарларға билік етуге құқығы бар кез келген тұлғаға қол жетімді кедендік қоймалар (ашық кедендік қоймалар) көзделеді.

3. Стандарттық ереже
      Ұлттық заңнамада сауданың ерекше қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажет жағдайларда белгілі бір тұлғалардың ғана пайдалануына арналған кедендік қоймалар (жабық кедендік қоймалар) көзделеді.

Құру, жұмысты ұйымдастыру және бақылау

4. Стандарттық ереже
      Кеден қызметі кедендік қоймаларды құруға, жайластыруға және олардың жұмысын ұйымдастыруға, сондай-ақ кедендік бақылау мақсатында қабылданатын шараларға қатысты талаптарды белгілейді.
      Тауарларды кедендік қоймаларда сақтау жөнінде, есепті және есептілікті жүргізу жөнінде қабылданатын шаралар кеден қызметімен келісілуге тиіс.

Тауарларды сақтауға жіберу

5. Ұсынылатын ереже
      Тауарлардың санына, шығарылған еліне, жіберілген еліне немесе  мақсатына қарамастан, ашық кедендік қоймаларда әкелу баждары мен салық салынатын немесе мына:
      - қоғамдық мораль немесе тәртіп, қоғамдық қауіпсіздік, қоғамдық гигиена немесе денсаулық не ветеринариялық немесе фитосанитарлық ережелер;
      - патенттер, сауда таңбалары мен авторлық құқықтар бойынша құқықтарды қорғау түсініктеріне негізделе отырып белгіленгендерден басқа тыйымдар мен шектеулер салынатын әкелінетін тауарлардың барлық түрлерін сақтауға рұқсат етілуге тиіс.
      Қауіпті тауарларды, басқа тауарларды бүлдіруі мүмкін тауарларды немесе арнайы сақтау шарттарын талап ететін тауарларды осындай тауарларды сақтауға арнайы арналған кедендік қоймаларда сақтауға рұқсат етілуге тиіс.

6. Стандарттық ереже
      Кеден қызметі жабық кедендік қоймаларда сақтауға рұқсат етілетін тауарлардың түрлерін айқындайды.

7. Ұсынылатын ереже
      Оларға қатысты оларды әкеткен кезде әкелу баждары мен салықтарды қайтару көзделетін тауарлар олардың кейіннен әкетуге арналуы шартымен мұндай қайтаруға құқық алу мақсатында кедендік қоймаларға жіберілуі мүмкін.

8. Ұсынылатын ереже
      Уақытша әкелу режимімен орналастырылған тауарлар оларды кейіннен әкету немесе оларға басқа да рұқсат етілген билік ету мақсатында осы режим бойынша міндеттемелер тоқтатыла немесе аяқтала отырып, кедендік қоймаларға жіберілуі мүмкін.

9. Ұсынылатын ереже
      Ішкі баждар мен салықтар салынуға жататын немесе салынған, әкетуге арналған тауарлар олардың кейіннен әкетуге арналуы шартымен босату немесе осындай ішкі баждар мен салықтарды қайтарып алуға құқық алу мақсатында кедендік қоймаларға жіберілуі мүмкін.

10. Стандарттық ереже
      Кеден қызметі негізді деп таныған негіздемелер болған кезде сақтаудағы тауарларға билік ету құқығы бар кез келген тұлғаға:
      а) тауарларды тексеруге;
      б) бұл қолданылатын жерде әкелу баждары мен салықтарды төлей отырып, үлгілер/сынамалар алуға;
      в) тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті операцияларды жасауға; және
      г) олардың орамдарын немесе тауарлық сапасын жақсарту үшін не оларды түсіруге дайындау үшін қажетті партияларды бөлшектеу, орамдау орындарын топтастыру, сұрыптау, таңбалау және тауарларды қайта орамдау сияқты тауарларды өңдеу жөніндегі өзге де әдеттегі операцияларды жасауға рұқсат етіледі.

Сақтау мерзімдері

11. Стандарттық ереже
      Кеден қызметі сауда қажеттіліктерін ескере отырып, тауарларды кедендік қоймада сақтау үшін рұқсат етілген ең ұзақ мерзімді белгілейді; тез бұзылмайтын тауарларға қатысты мұндай мерзім бір жылдан кем болмауға тиіс.

Меншік құқықтарын беру

12. Стандарттық ереже
      Кедендік қоймадағы тауарларға меншік құқығын беруге рұқсат етіледі.

Тауарлардың бүлінуі

13. Стандартық ереже
      Кедендік қойма режимінде болған уақытта аварияның немесе форс-мажорлық жағдайлардың нәтижесінде жарамсыз болып қалған немесе бүлінген тауарларға қатысты бұл жарамсыздық немесе бүліну кеден қызметі үшін қанағаттанарлық дәрежеде белгілену шартымен олар жарамсыз, бұзылған немесе бүлінген жағдайда әкелінгендегідей оларды еркін айналыс үшін декларациялауға рұқсат етіледі.

Тауарларды алып қою

14. Стандарттық ереже
      Тауарларға билік етуге құқылы кез келген тұлғаға тауарларды басқа кедендік қоймаға ауыстыру немесе оларды өзге кедендік режимге орналастыру үшін әрбір жағдайда қолданылатын шарттар мен формальдылықтарды сақтау шарты мен оларды кедендік қоймадан толық немесе олардың бір бөлігін алуға рұқсат етіледі.

15. Стандарттық ереже
      Ұлттық заңнамада тауарлар кедендік қоймадан белгіленген мерзімде әкетілмеген жағдайда ұстану қажет тәртіп белгіленеді.

Кедендік қойманы тарату

16. Стандарттық ереже
      Кедендік қойма таратылған жағдайда әрбір жағдайда қолданылатын  шарттар мен формальдылықтарды сақтай отырып, мүдделі тұлғаларға тауарларды басқа кедендік қоймаға ауыстыру немесе оларды өзге кедендік режимге орналастыру үшін жеткілікті уақыт берілуге тиіс.

Арнайы қосымша D
2-тарау

Еркін аймақтар

Ұғымдардың анықтамасы

      Осы Тарауда пайдаланылатын ұғымдар мынаны білдіреді:
Е1./  "еркін аймақ" - Уағдаласушы тарап аумағының оған
Ғ.1   орналастырылған тауарлар әдетте әкелу баждары мен салықтарға
      қатысты оның шегінде кеден аумағынан тыс деп қарастырылатын
      бөлігі.

Принцип

1. Стандарттық ереже
      Еркін аймақтарға қолданылатын кедендік ережелер осы Тараудың ережелерімен және қолданылатындай дәрежеде Бас қосымшаның ережелерімен реттеледі.

Құру және бақылау

2. Стандарттық ереже
      Ұлттық заңнамада еркін аймақтарды құруға, мұндай аймақтарға жіберілуі мүмкін тауарлар санатына қатысты шарттар айқындалады және тауарлар еркін аймақтарда болған уақытта олармен жасалуы мүмкін операциялардың сипаты көзделеді.

3. Стандарттық ереже
      Кеден қызметі еркін аймақтарды жайластыруға, құруға және жоспарлауға қатысты тиісті талаптарды қоса алғанда, кедендік бақылауды жүзеге асырудың шарттарын айқындайды.

4. Стандарттық ереже
      Кеден қызметі кез келген уақытта еркін аймақтағы тауарларды бақылауды жүзеге асыруға құқылы.

Тауарларды жіберу

5. Стандарттық ереже
      Еркін аймаққа тікелей шетелден әкелінген тауарлар ғана емес, мүдделі Уағдаласушы тараптың кедендік аумағынан әкелінген тауарлар да жіберіледі.

6. Ұсынылатын ереже
      Тауарлардың шығарылған еліне, жіберген еліне немесе нысаналы  мақсатына қарамастан, шетелден әкелінген тауарларды еркін аймаққа жіберуден тауарларға:
      - қоғамдық мораль немесе тәртіп, қоғамдық қауіпсіздік, қоғамдық гигиена денсаулық не ветеринариялық немесе фитосанитарлық ережелер; немесе
      - патенттер, сауда таңбалары мен авторлық құқықтар бойынша құқықтарды қорғау түсініктеріне негізделе отырып белгіленгендерден басқа тыйымдар немесе шектеулер салынған деген негіздемемен бас тартылмауға тиіс.
      Қауіпті тауарларды, басқа тауарларды бүлдіруі мүмкін тауарларды немесе арнайы сақтау шарттарын талап ететін тауарларды арнайы осындай  тауарларды сақтауға арналған еркін аймақтарда сақтауға рұқсат етілуге тиіс.

7. Стандарттық ереже
      Оларға қатысты әкелу баждары мен салықтардан босату немесе бұл  тауарларды әкеткен кезде оларды қайтару көзделетін, еркін аймаққа жіберілетін тауарлар еркін аймаққа орналастырылғаннан кейін осындай босатуды немесе қайтаруды алады.

8. Стандарттық ереже
      Оларға қатысты ішкі баждар мен салықтардан босату немесе бұл тауарларды әкеткен кезде оларды қайтару көзделетін, еркін аймаққа жіберілетін тауарлар еркін аймаққа орналастырылғаннан кейін осындай босатуды немесе қайтаруды алады.

9. Ұсынылатын ереже
      Егер тауарларға арналған ілеспе құжаттарда қажетті мәліметтер бар болса, кеден қызметі еркін аймаққа тікелей шетелден әкелінген тауарларға қатысты тауарларға арналған декларация талап етпеуге тиіс.

Кепілдіктер

10. Ұсынылатын ереже
      Кеден қызметі тауарларды еркін аймаққа жіберу үшін кепілдіктер талап етпеуге тиіс.

Рұқсат етілген операциялар

11. Стандарттық ереже
      Еркін аймаққа жіберілген тауарларға қатысты олардың сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті операцияларды, сондай-ақ олардың орамын немесе тауарлық сапасын жақсарту үшін не тауарларды түсіруге дайындау үшін партияларды бөлшектеу, орамдау орындарын топтастыру, сорттау, таңбалау және қайта орамдау сияқты өзге де әдеттегі операцияларды жүргізуге рұқсат етіледі.

12. Стандарттық ереже
      Егер құзыретті органдар еркін аймақта қайта өңдеу немесе дайындау жөніндегі операцияларды жүзеге асыруға рұқсат берсе, бұл органдар тауарлармен жасалатын қайта өңдеу немесе дайындау жөніндегі операцияларды еркін аймақтың бүкіл аумағында қолданылатын ережелерде не осы операцияларды жүзеге асыратын ұйым беретін рұқсатта жалпылама сипатта немесе егжей-тегжейлі түрде немесе бұл нұсқаларды араластыра отырып көрсетеді.

Тауарларды еркін аймақ шегінде тұтыну

13. Стандарттық ереже
      Ұлттық заңнамада еркін аймақта тұтынылатын тауарлар еркін аймаққа баждар мен салықтардан босатыла отырып жіберілуі мүмкін жағдайлардың тізбесі айқындалады және сақталуға тиіс шарттар белгіленеді.

Еркін аймақта болу мерзімдері

14. Стандарттық ереже
      Тауарлардың еркін аймақта болу мерзімі ерекше жағдайларда ғана шектеледі.

Меншік құқықтарын беру

15. Стандарттық ереже
      Еркін аймаққа жіберілген тауарларға меншік құқықтарын беруге жол беріледі.

Тауарларды әкету

16. Стандарттық ереже
      Еркін аймаққа жіберілген немесе онда шығарылған тауарларды толық немесе олардың бір бөлігін басқа еркін аймаққа әкетуге немесе қандай да бір кедендік режимге орналастыруға әрбір жағдайда қолданылатын шарттар мен формальдылықтарды сақтай отырып, жол беріледі.

17. Стандарттық ереже
      Еркін аймақтан әкету кезінде қажетті жалғыз декларация әдетте оларды айқындалған және талап етілетін кедендік режимге орналастыру үшін талап етілетін тауарларға арналған декларация болып табылады.

18. Ұсынылатын ереже
      Егер еркін аймақтан әкеткеннен кейін тікелей шетелге жіберілетін тауарларға қатысты кеден қызметіне құжаттар ұсынылуға тиіс болса, кеден қызметі тауарларға арналған ілеспе құжаттарда бар мәліметтерден басқа артық мәліметтерді талап етпеуге тиіс.

Баждар мен салықтарды есептеу

19. Стандарттық ереже
      Еркін аймақтан әкеткен кезде еркін айналыс үшін шығарылуы мүмкін тауарлардың құны мен санын, сондай-ақ әкелу немесе ішкі баждар мен салықтарға сәйкес қолданылатын ставкаларды айқындау мақсатында ұлттық заңнамада уақыт сәті белгіленеді.

20. Стандарттық ереже
      Ұлттық заңнамада еркін аймақта қайта өңдеу немесе дайындау жөніндегі операциялардан кейін еркін айналыс үшін шығарылатын тауарларға салынатын әкелу немесе ішкі баждар мен салықтарға сәйкес соманы айқындау үшін қолданылатын ережелер белгіленеді.

Еркін аймақты тарату

21. Стандарттық ереже
      Еркін аймақ таратылған жағдайда әрбір жағдайда қолданылатын шарттар мен формальдылықтарды сақтай отырып, мүдделі тұлғаларға тауарларды басқа еркін аймаққа ауыстыру немесе оларды өзге кедендік режимге орналастыру үшін жеткілікті уақыт берілуге тиіс.

Арнайы қосымша Е
1-тарау

Кедендік транзит

Ұғымдардың анықтамасы

      Осы Тарауда пайдаланылатын ұғымдар мынаны білдіреді:
Е1./  "уәкілетті жүк алушы" - тауарларды межелі жердегі кеден
Ғ.4   органына көрсетпей тікелей ол орналасқан жерден алуға кеден
      қызметі уәкілеттік берген тұлға;

Е2./  "уәкілетті жүк жіберуші" - тауарларды жіберуші кеден органына
Ғ.5   көрсетпей тікелей ол орналасқан жерден жіберуге кеден қызметі
      уәкілеттік берген тұлға;

Е3./  "бақылаушы кеден органы" - бір немесе одан көп уәкілетті жүк
Ғ.1   жіберушілер немесе уәкілетті жүк алушылар үшін жауап беретін
      және осыған қатысты кедендік транзиттің барлық операциялары
      үшін арнайы бақылау функциясын орындайтын кеден органы;

Е4./  "кедендік транзит" - оған сәйкес тауарлар бір кеден органынан
Ғ.7   басқа кеден органына кедендік бақылаумен тасымалданатын
      кедендік режим;

Е5./  "кедендік транзит операциясы" - тауарларды жіберуші кеден
Ғ.6   органынан межелі жердегі кеден органына кедендік транзит
      режимімен тасымалдау;

Е6./  "жіберуші кеден органы" - кедендік транзит операциясы
Ғ.2   басталатын кез келген кеден органы;

Е7./  "межелі жердегі кеден органы" - кедендік транзит операциясы
Ғ.3   аяқталатын кез келген кеден органы;

Е8./  "көлік бірлігі" - :
Ғ.8   а) алынбалы бөлшектерді коса алғанда, ішкі көлемі бір немесе
      одан да көп текше метр контейнерлер,
      б) тіркемелер мен жартылай тіркемелерді қоса алғанда, автокөлік
      құралдары,
      в) темір жол жолаушылар немесе жүк вагондары,
      г) лихтерлер, баржалар мен басқа да кемелер, және
      д) әуе кемелері.

Принцип

1. Стандарттық ереже
      Кедендік транзит осы Тараудың ережелерімен және қолданылатындай  дәрежеде Бас қосымшаның ережелерімен реттеледі.

Қолданылу саласы

2. Стандарттық ереже
      Кеден қызметі тауарларды кедендік транзит режимімен мына:
      а) әкелу пунктінен әкету пунктіне дейінгі;
      б) әкелу пунктінен ішкі кеден органына дейінгі;
      в) ішкі кеден органынан әкету пунктіне дейінгі;
      г) бір ішкі кеден органынан басқа ішкі кеден органына дейінгі кедендік аумақ бойынша тасымалдауға рұқсат береді.

3. Стандарттық ереже
      Кеден қызметі белгілеген шарттар сақталған және кез келген қажетті кепілдіктер ұсынылған жағдайда кедендік транзит режимінде тасымалданатын тауарларға баждар мен салықтар салынбайды.

4. Стандарттық ереже
      Ұлттық заңнамада кеден қызметінің алдында кедендік транзит режимінен туындайтын міндеттемелердің сақталуы үшін, атап айтқанда тауарларды кеден қызметі белгілеген шарттарға сәйкес өзгермеген жай-күйде межелі жердегі кеден органына көрсетілуін қамтамасыз ету үшін жауапты тұлғалар белгіленеді.

5. Ұсынылатын ереже
      Кеден қызметі белгілеген шарттардың сақталғанына көз жеткізген уақытта кеден қызметі тұлғаларды уәкілетті жүк жіберушілер немесе уәкілетті жүк алушылар ретінде таниды.

Жөнелтуші кеден органындағы формальдылықтар

а) Кеден транзиті үшін тауарларға арналған декларация
6. Стандарттық ереже
      Қажетті мәліметтер егжей-тегжейлі баяндалған кез келген коммерциялық немесе көлік құжаты кедендік транзит үшін тауарларға арналған декларацияның сипаттамалық бөлігі ретінде қабылданады және бұл қабылдау мұндай құжатта белгіленеді.

7. Ұсынылатын ереже
      Егер құжат кеден қызметінің барлық талаптарына жауап беретін болса кеден қызметі тиісті жүкке арналған кез келген коммерциялық немесе көлік құжатын кедендік транзит үшін тауарларға арналған декларация ретінде қабылдауға тиіс. Бұл қабылдау мұндай құжатта белгіленеді.

б) Жүкті пломбалау және сәйкестендіру
8. Стандарттық ереже
      Жіберуші кеден органы межелі жердегі кеден органының жүкті сәйкестендіре алуы және жүкке кез келген санкцияланбаған араласуды анықтай алуы үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.

9. Ұсынылатын ереже
      Егер бұл басқа халықаралық келісімдерде көзделмеген болса, кеден қызметі әдетте кедендік пломбалар салынған тауарларды тасымалдау үшін көлік бірліктерін алдын ала жіберуді талап етпеуге тиіс.

10. Стандарттық ереже
      Жүк көлік бірлігімен тасымалданатын және бұл ретте жүкті кеден қызметі пломбалауға тиіс жағдайларда егер ол мынадай:
      а) кедендік пломбалар қарапайым және сенімді тәсілмен салынуы мүмкін;
      б) ешқандай тауарлар көзге көрінетін ашу іздерін қалдырмай немесе кедендік пломбаны зақымдамай алынуы немесе көлік бірлігінің пломба салынған бөлігіне салынуы мүмкін емес;
      в) тауарларды жасыру үшін құпия орындар жоқ;
      г) тауарлар орналастырылған барлық орындар кедендік қарау үшін қол жетімді түрде құрастырылған және жабдықталған болса, кедендік пломбалар тікелей көлік бірлігіне салынады.
       Кеден қызметі көлік бірлігі кедендік транзит мақсатын қамтамасыз ететін-етпейтінін шешеді.

11. Ұсынылатын ереже
      Егер ілеспе құжаттар тауарларды біржақты сәйкестендіруге мүмкіндік берсе, онда оларды тасымалдау әдетте кедендік пломбаларды немесе бекіту құралдарын салмай жүзеге асырылуға тиіс. Алайда, егер:
      - жіберуші кеден органы тәуекелдерді басқаруды ескере отырып, мұны қажет деп санаса;
      - бұл тұтастай кедендік транзит операциясын оңайлатуға ықпал ететін болса; немесе
      - бұл халықаралық келісімде көзделсе, кедендік пломбалар немесе бекіту құралдары талап етілуі мүмкін.

12. Стандарттық ереже
      Егер жүк негізінен кедендік пломбалармен тасымалдануға тиіс  болғанмен, көлік бірлігін сенімді пломбалау мүмкін болмаса, жүкті сәйкестендіруді және санкцияланбаған араласуды тез анықтауды қамтамасыз ету үшін мынадай тәсілдер қолданылады:
      - нәтижелерін транзиттік құжаттарда ежей-тегжейлі сипаттай отырып, тауарларды толық қарау;
      - жеке орамдарға кедендік пломбаларды немесе бекіту құралдарын салу;
      - транзиттік құжаттарға қоса берілетін үлгілерге, схемаларға, суреттерге, фотосуреттерге немесе басқа да егжей-тегжейлі құралдарға сілтеме жасай отырып, тауарларды толық сипаттау;
      - нақты бағыттар мен мерзімдерді белгілеу; және
      - кедендік сүйемелдеу.
      Көлік бірлігіне пломба салудан бас тарту туралы шешімді тек кеден қызметі қабылдайды.

13. Стандарттық ереже
      Егер кеден қызметі кедендік транзит үшін мерзім белгілесе, ол транзиттік операция мақсаттары үшін жеткілікті болуға тиіс.

14. Стандарттық ереже
      Мүдделі тұлғаның сұрауы бойынша және кеден қызметі негізді деп  таныған негіздемелер бойынша ол бастапқыда белгіленген мерзімді ұзартуға тиіс.

15. Стандарттық ереже
      Кеден қызметі мұндай шараларды міндетті деп санаған жағдайларда ғана ол:
      а) тауарларды алдын ала белгіленген бағыт бойынша тасымалдауды; немесе
      б) тауарларды кедендік сүйемелдеумен тасымалдауды талап етеді.

Кедендік пломбалар

16. Стандарттық ереже
      Кедендік транзит үшін пайдаланылатын кедендік пломбалар мен бекіту құралдары осы Тарауға Қосымшада келтірілген міндетті ең аз талаптарға жауап беруге тиіс.

17. Ұсынылатын ереже
      Мынадай:
      - олар жеткіліксіз деп саналған;
      - олар сенімсіз деп саналған;
      - кеден қызметі тауарларды бақылауды жүргізетін жағдайларды қоспағанда, кедендік транзит операцияларының мақсаттары үшін шетелдік кеден қызметінің кедендік пломбалары мен сәйкестендіру құралдары мойындалуға тиіс.
      Шетелдік кеден қызметінің кедендік пломбалары мен бекіту құралдары кедендік аумақта мойындалған уақытта олар осы аумақта ұлттық кедендік пломбалар мен бекіту құралдары сияқты құқықтық қорғау пайдалануға тиіс.

18. Ұсынылатын ереже
      Тиісті кеден органдары кедендік пломбалар мен бекіту құралдарын тексерген немесе тауарларды тексеруді жүргізген уақытта олар мұндай тексерулердің нәтижелерін транзиттік құжатта тіркеуге тиіс.

Жолдағы формальдылықтар

19. Стандарттық ереже
      Кеден қызметі алдын ала келісу қажет деп белгілеген жағдайларды қоспағанда, межелі жердегі кеден органын алдын ала хабарлаусыз өзгертуге жол беріледі.

20. Стандарттық ереже
      Тауарлар кедендік пломбалар мен бекіту құралдарын бұзбау және зақымдамау шартымен бір көлік құралынан басқасына кеден қызметінің рұқсатынсыз қайта тиелуі мүмкін.

21. Ұсынылатын ереже
      Кеден қызметі тауарларды кедендік транзит режимінде сәйкестендіру мүмкіндігіне және кеден қызметі белгілеген талаптар орындалатынына көз жеткізсе, ол тауарларды кедендік транзит режимінде басқа тауарларды бір уақытта тасымалдаушы көлік бірлігімен тасымалдауға рұқсат беруге тиіс.

22. Ұсынылатын ереже
      Кеден қызметі мүдделі тұлғадан кедендік транзит операциясына тікелей әсер ететін авария немесе басқа да алдын ала болжанбаған жағдайлар туралы дереу таяудағы кеден органына немесе өзге де құзыретті органдарға хабарлау туралы талап етуге тиіс.

Кедендік транзиттің аяқталуы

23. Стандарттық ереже
      Ұлттық заңнамада кез келген белгіленген мерзімде межелі жердегі кеден органына тауарлар мен тауарларға арналған тиісті декларацияны ұсынудан басқа, кедендік транзиттің аяқталуы үшін басқа ешқандай шарттар көзделмейді; бұл ретте тауарлар ешқандай өзгеріске ұшырамауға тиіс, пайдаланылмауға тиіс және кедендік пломбалар мен бекіту құралдары және сәйкестендіру құралдары зақымдалмауға тиіс.

24. Стандарттық ереже
      Тауарлар межелі жердегі кеден органының бақылауына түскен сәттен бастап бұл орган барлық қажетті шарттардың орындалғанына көз жеткізгеннен кейін кедендік транзит операцияларын аяқтауды дереу жүргізеді.

25. Ұсынылатын ереже
      Белгіленген бағыттың немесе мерзімдердің сақталмауы кеден қызметінің басқа барлық талаптардың сақталғанына көз жеткізуі шартымен ықтимал төленуге тиіс баждар мен салықтарды өндіріп алуға әкеп соқпауға тиіс.

Кедендік транзитке қатысты халықаралық келісімдер

26. Ұсынылатын ереже
      Уағдаласушы тараптар кедендік транзитке қатысты халықаралық келісімдерге қосылу мүмкіндігін егжей-тегжейлі талдауға тиіс. Егер мұндай халықаралық келісімдерге қосылу мүмкін болмаса, екі жақты немесе көп жақты келісімдерді жасау кезінде кедендік транзиттің халықаралық схемасын ұйымдастыру мақсатында осы Тарауда баяндалған Стандартты ережелер мен Ұсынылатын ережелерді басшылыққа алған жөн.

Арнайы Е қосымшасының 
1-тарауына қосымша  

Кедендік пломбалар мен бекіту құралдарына қойылатын ең аз талаптар

      А. Кедендік пломбалар мен бекіту құралдары мынадай ең аз талаптарға жауап беруге тиіс:
      1. Кедендік пломбалар мен бекіту құралдарына қатысты жалпы талаптар:
      Пломбалар мен бекіту құралдары:
      а) бекем әрі тез тозбайтын болуға;
      б) оларды оңай және жылдам тәсілмен салу мүмкіндігін қамтамасыз етуге;
      в) олардың қол жетімді тексерілуін және сәйкестендірілуін қамтамасыз етуге;
      г) оларды бұзу немесе зақымдау іздерін қалдырмай алудың немесе ашудың мүмкін еместігін қамтамасыз етуге;
      д) көп мәрте пайдалануға арналған (мысалы, электронды) пломбаларды қоспағанда, бір мәрте пайдаланылатын болуға;
      е) олардың көшірмесін жасауды немесе қолдан жасауды барынша қиындататындай түрде құрастырылған болуға тиіс.
      2. Пломбалардың физикалық сипаттамалары:
      а) пломбаның нысаны мен мөлшері кез келген сәйкестендіруші таңбалаудың ажыратылуын қамтамасыз етуге тиіс;
      б) пломбадағы барлық кетіктер мөлшері жағынан пайдаланылатын бекіту құралдарына сәйкес болуға тиіс және пломба салған кезде бекіту құралы тығыз бекітілетіндей түрде орналастырылуға тиіс;
      в) пайдаланылатын материал пломбаның кездейсоқ зақымдалу, мерзімінен бұрын тозу (ауа-райы жағдайларының, химикаттардың және т.б. әсерінен);
      г) пайдаланылатын материал қолданылатын пломбалау жүйесін ескере отырып таңдалуға тиіс;
      д) немесе көрінбестей зақымдалу мүмкіндігін болдырмау үшін жеткілікті түрде мығым болуға тиіс.
      3. Бекіту құралдарының физикалық сипаттамалары:
      а) бекіту құралы мығым, тез тозбайтын және ауа-райы жағдайлары мен коррозияға төзімді болуға тиіс;
      б) пайдаланылатын бекіту құралының ұзындығы пломба салынған жабу құралын пломбаны немесе бекіту құралын зақымдамай немесе ашу әрекеттерінің өзге де айқын іздерінсіз толық немесе бір бөлігін ашудың мүмкін еместігін қамтамасыз етуге тиіс;
      в) пайдаланылатын материал қолданылатын пломбалау жүйесін ескере отырып таңдалуға тиіс.
      4. Сәйкестендіруші таңбалау:
      Нақты жағдайларға байланысты пломба немесе бекіту құралында мынадай таңбалау болуға тиіс:
      а) кедендікіндей сәйкестендіруші пломба, бұл үшін оған "Кеден" деген сөз басылады - мүмкіндігінше Кеңестің ресми тілдерінің бірінде (ағылшын немесе француз);
      б) пломба салынған елге сілтеме - мүмкіндігінше халықаралық қатынаста олар тіркелген елді көрсету үшін автокөлік құралдарында пайдаланылатын оған берілген белгі түрінде;
      в) пломба салуды жүргізген немесе пломба салу соның заңды қарауымен жүргізілген кеден органын сәйкестендіру мүмкіндігін қамтамасыз ету, мысалы, әріп немесе цифрлық кодтардың көмегімен.
      Б. Кедендік транзит мақсаттарында кеден қызметінің мүддесінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін уәкілетті жүк жіберушілер немесе өзге де уәкілетті тұлғалар пайдаланатын пломбалар немесе бекіту құралдары кедендік пломбалармен салыстырылатын нақ қорғау дәрежесін және транзиттік құжаттарда көрсетілген тиісті цифрлық кодтар бойынша пломба салуды жүргізген тұлғаны сәйкестендіру мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.

Арнайы қосымша Е
2-тарау

Қайта тиеу

Ұғымдардың анықтамасы

      Осы Тарауда пайдаланылатын ұғымдар мынаны білдіреді:
Е1./  "қайта тиеу" - бір уақытта әкелу және әкету кеден органы болып
Ғ.1   табылатын бір кеден органының аумағында тауарлар кедендік
      бақылаумен әкелу кезінде пайдаланылатын көлік құралынан әкету
      кезінде пайдаланылатын көлік құралына соған сәйкес қайта
      тиелетін кедендік режим.

Принциптер

1. Стандарттық ереже
      Қайта тиеу осы Тараудың ережелерімен және бұл қолданылатындай дәрежеде Бас қосымшаның ережелерімен реттеледі.

2. Стандарттық ереже
      Кеден қызметі белгілеген шарттар сақталса, қайта тиеуге жіберілген тауарларға баждар мен салықтар салынбайды.

3. Ұсынылатын ереже
      Қайта тиеуден тауарларды шығарған, жіберген немесе олар жіберілетін ел негізінде ғана бас тартылмауға тиіс.

Қайта тиеу режиміне орналастыру

а) Декларация
4. Стандарттық ереже
      Қайта тиеу мақсаттары үшін тауарларға арналған бір ғана декларация қажет етіледі.

5. Стандарттық ереже
      Қажетті мәліметтер егжей-тегжейлі баяндалған кез келген коммерциялық немесе көлік құжаты қайта тиеу үшін тауарларға арналған декларацияның сипаттамалық бөлігі ретінде қабылданады және бұл қабылдау мұндай құжатта белгіленеді.

6. Стандарттық ереже
      Егер бұл құжат кеден қызметінің барлық талаптарына жауап беретін болса, кеден қызметі жүкке қатысты кез келген коммерциялық немесе көлік құжатын қайта тиеу үшін тауарларға арналған декларация ретінде қабылдауға бұл қабылдауға тиіс. Бұл қабылдау мұндай құжатта белгіленеді.

б) Тауарларды тексеру және сәйкестендіру
7. Стандарттық ереже
      Егер кеден қызметі мұны қажет деп санаса, әкелу кезінде ол қайта тиелген тауарларды әкету кезінде оларды сәйкестендіру және кез келген санкцияланбаған араласуды анықтау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдайды.

в) Қосымша бақылау шаралары
8. Стандарттық ереже
      Кеден қызметі қайта тиеуге декларацияланған тауарларды әкету үшін мерзім белгілеген жағдайда бұл мерзім қайта тиеуді жүргізу үшін жеткілікті болуға тиіс.

9. Ұсынылатын ереже
      Мүдделі тұлғаның сұрауы бойынша және кеден қызметі негізді деп таныған негіздемелер бойынша кеден қызметі бастапқыда белгіленген мерзімді ұзартады.

10. Ұсынылатын ереже
      Кеден қызметінің басқа барлық талаптардың сақталғанына көз жеткізуі шартымен белгіленген мерзімдердің сақталмауы әлеуетті төленуге тиіс баждар мен салықтарды өндіріп алуға әкеп соқпауға тиіс.

г) Рұқсат етілген операциялар
11. Ұсынылатын ереже
      Кеден қызметі белгілеуі мүмкін шарттарда, мүдделі тұлғаның сұрауы бойынша кеден қызметі барынша мүмкін көлемде қайта тиелетін тауарлармен оларды әкетуге ықпал ететін операцияларды жүзеге асыруға рұқсат беруге тиіс.

Арнайы қосымша Е
3-тарау

Тауарларды каботаждық тасымалдау

Ұғымдардың анықтамасы

      Осы Тарауда пайдаланылатын ұғымдар мынаны білдіреді:
Е1./  "тауарларды қаботаждық тасымалдау режимі" - мыналарға
Ғ.1   қолданылатын кедендік режим:
      а) еркін айналыстағы тауарларға; және
      б) бұл тауарлар кедендік аумаққа әкелінгеннен өзге теңіз (өзен) кемесімен тасымалдануы, кедендік аумақтың бір пунктінде теңіз (өзен) кемесіне тиелетін және сол кедендік аумақтың оларды түсіру жүргізілетін басқа пунктіне тасымалдануы шартымен декларацияланбаған әкелінген тауарларға.

Принцип

1. Стандарттық ереже
      Тауарларды каботаждық тасымалдау режимі осы Тараудың ережелерімен және бұл қолданылатындай дәрежеде Бас қосымшаның ережелерімен реттеледі.

Қолданылу саласы

2. Стандарттық ереже
      Кеден қызметінің бұл тауарларды сәйкестендіру мүмкіндігіне және басқа талаптар орындалатынына көз жеткізуі шартымен ол каботаждық тасымалдау режиміндегі тауарларды теңіз (өзен) кемесінің бортында басқа тауарлармен бір уақытта тасымалдауға рұқсат береді.

3. Ұсынылатын ереже
      Кеден қызметі бұл бақылау мақсаттары үшін қажет деп санаса ғана ол еркін айналыстағы тауарларды каботаждық тасымалдау режимінде теңіз (өзен) кемесінің бортындағы басқа тауарлардан бөлек тасымалдауды талап етуге тиіс.

4. Ұсынылатын ереже
      Мүдделі тұлғаның сұрауы бойынша және кеден қызметі қажет деп санаған шарттар сақталған кезде ол тауарларды каботаж уақытында шетелдік портта аялдама жасайтын теңіз (өзен) кемесінің бортында каботаждық тасымалдау режимінде тасымалдауға рұқсат етуге тиіс.

5. Ұсынылатын ереже
      Егер кедендік аумақтың шегінен тыс бір немесе бірнеше пункте аялдауға тиіс теңіз (өзен) кемесіне тауарларды каботаждық тасымалдау режимінде тасымалдауға рұқсат берілген болса, бұл тауарларды алудың немесе бұл тауарларды дереу анықтамай басқа тауарларды қосымша орналастырудың мүмкін болмауын қамтамасыз ету үшін мүдделі тұлғаның сұрауы бойынша немесе кеден қызметі пломба салуды қажет деп санаса, бұл тауарларға пломба салынуға тиіс.

6. Ұсынылатын ереже
      Тауарларды каботаждық тасымалдау режимінде тасымалдаушы теңіз (өзен) кемесі жоспарланған бағыттан ауытқуға байланысты кедендік аумақтың шегінен тыс пункте аялдама жасаса, кеден қызметінің бұлар бастапқыда осы режимге орналастырылған тауарлардың нақ өзі екендігіне көз жеткізуі шартымен ол бұл тауарларды каботаждық тасымалдау режимінде қалатын тауарлар ретінде қарастыруға тиіс.

Тиеу және түсіру

7. Стандарттық ереже
      Кеден заңнамасында каботаждық тасымалдау режиміне орналастырылған тауарларды тиеуді және түсіруді жүргізуге рұқсат берілетін орындар, сондай-ақ осы түсіру немесе тиеу жүзеге асырылуы мүмкін уақыт айқындалады.

8. Ұсынылатын ереже
      Теңіз (өзен) кемесінің бортында еркін айналыстағы тауарлар ғана тасымалданатын жағдайда мүдделі тұлғаның сұрауы бойынша кеден қызметі каботаждық тасымалдау режиміне орналастырылған тауарларды кез келген жерде және кез келген уақытта тиеуге және түсіруге рұқсат беруге тиіс.

9. Ұсынылатын ереже
      Теңіз (өзен) кемесі декларацияланбаған әкелінетін тауарларды немесе өзге кедендік режимге орналастырылған тауарларды да тасымалдайтын болса да мүдделі тұлғаның сұрауы бойынша кеден қызметі каботаждық тасымалдау режиміне орналастырылған тауарларды әдетте осы мақсаттар үшін рұқсат берілгеннен өзге пункте тиеуге немесе түсіруге рұқсат беруге тиіс. Бұл ретте өндіріп алынатын кез келген алымдар көрсетілген қызметтердің болжамды құнымен шектеледі.

10. Ұсынылатын ереже
      Егер тауарларды каботаждық тасымалдау режимімен тасымалдайтын теңіз (өзен) кемесі өз рейсінде бағыттан ауытқитын болса, мүдделі тұлғаның сұрауы бойынша кеден қызметі каботаждық тасымалдау режиміндегі бұл тауарларды бастапқыда жоспарланғаннан өзге пункте түсіруге рұқсат беруге тиіс. Бұл ретте өндіріп алынатын кез келген алымдар көрсетілген қызметтердің болжамды құнымен шектеледі.

11. Стандарттық ереже
      Тауарларды каботаждық тасымалдау режимінде тасымалдау аварияның немесе форс-мажорлық жағдайлардың салдарынан үзілген жағдайда кеден қызметі капитаннан немесе өзге мүдделі тұлғадан тауарлардың санкцияланбаған айналысы мүмкіндігін болдырмау үшін және кеден қызметін немесе өзге де құзыретті органдарды мұндай аварияның немесе тасымалдауды үзген басқа жағдайлардың сипаты туралы хабардар ету үшін барлық оңтайлы сақтық шараларын қабылдауды талап етеді.

12. Стандарттық ереже
      Егер тауарларды каботаждық тасымалдау режимімен тасымалдайтын теңіз (өзен) кемесінің бортында декларацияланбаған әкелінетін тауарлар немесе өзге кедендік режимге орналастырылған тауарлар болса, кеден қызметі каботаждық тасымалдау режиміндегі тауарларды кеме тиеу немесе түсіру орнына келгеннен кейін барынша қысқа мерзімде тиеуге және түсіруге рұқсат береді.

Құжаттар

13. Стандарттық ереже
      Кеден қызметі капитаннан немесе өзге мүдделі тұлғадан кеме туралы мәліметтерді, каботаждық тасымалдау режимімен тасымалданатын тауарлардың тізбесін және тауарларды түсіру жүргізілуге тиіс кедендік аумақта орналасқан порттың немесе порттардың атауын қамтитын бір ғана құжатты ұсынуды талап етеді. Кеден қызметі қабылдаған бұл құжат тауарларды каботаждық тасымалдау режимінде тасымалдауға арналған рұқсат болып табылады.

14. Ұсынылатын ереже
      Кеден қызметі белгілі бір порттар арасында жүйелі сауда рейстерін жасайтын теңіз (өзен) кемелеріне тауарларды каботаждық тасымалдау режимімен тасымалдауға арналған бас рұқсатты беруге міндетті.

15. Ұсынылатын ереже
      Тауарларды бас рұқсаты бар теңіз (өзен) кемесіне тиеудің алдында кеден қызметі тек каботаждық тасымалдау режимімен тасымалдауға арналған тауарлардың тізбесін ұсынуды талап етуге тиіс.

16. Ұсынылатын ереже
      Бір жолғы рұқсаты бар кемеден түсірілетін тауарларға қатысты кеден қызметі қапитаннан немесе өзге мүдделі тұлғадан осы портта түсіруге рұқсат берілген тауарлардың тізбесін қамтитын рұқсат көшірмесінің тек бір данасын ұсынуды талап етуге тиіс. Бас рұқсаты бар кемелерге қатысты тек түсірілетін тауарлардың тізбесі талап етілуге тиіс.

Кепілдіктер

17. Стандарттық ереже
      Кеден қызметі мұны қажет деп санаған жағдайда ғана ол каботаждық тасымалдау режимінде тасымалданатын, әкету кезінде әкету баждары мен салықтар салынуға тиіс не әкетуге шектеулер немесе тыйымдар салынатын еркін айналыстағы тауарларға қатысты кепілдіктер ұсынуды талап етеді.

Арнайы қосымша F
1-тарау

Кедендік аумақта қайта өңдеу

Ұғымдардың анықтамасы

      Осы Тарауда пайдаланылатын ұғымдар мынаны білдіреді:
Е1./  "өтемдік өнімдер" - тауарларды өндірудің, қайта өңдеудің немесе
Ғ.3   жөндеудің нәтижесі болып табылатын, оларға қатысты кедендік
      аумақта қайта өңдеу режимін қолдану рұқсат етілген өнімдер;

Е2./  "баламалы тауарлар" - сипаты, сапасы және техникалық
Ғ.1   сипаттамалары жағынан олар ауыстыратын, кедендік аумақта қайта
      өңдеу жөніндегі операциялар үшін әкелінген тауарларға сәйкес
      келетін отандық немесе әкелінген тауарлар;

Е3./  "кедендік аумақта қайта өңдеу" - егер олар өндіруге, қайта
Ғ.2   өңдеуге немесе жөндеуге және кейіннен әкетуге арналған болса,
      белгілі бір тауарлар соған сәйкес кедендік аумаққа әкелу
      баждары мен салықтардан шартты босатумен әкелінуі мүмкін
      кедендік режим.

Принцип

1. Стандарттық ереже
      Кедендік аумақта қайта өңдеу режимі осы Тараудың ережелерімен және бұл қолданылатындай дәрежеде Бас қосымшаның ережелерімен реттеледі.

Қолданылу саласы

2. Стандарттық ереже
      Кедендік аумақта қайта өңдеу үшін жіберілген тауарлар әкелу баждары мен салықтардан шартты түрде босатылуға жатады. Алайда әкелу баждары мен салықтар қалдықтарды қоса алғанда, кедендік аумақта қайта өңдеу үшін жіберілген тауарларды қайта өңдеу немесе өндіру нәтижесінде пайда болған, әкетілмеген немесе коммерциялық жарамсыз жай-күйге қайта өңделмеген кез келген өнімдерден алынуы мүмкін.

3. Стандарттық ереже
      Кедендік аумақта қайта өңдеу тікелей шетелден әкелінетін тауарлармен шектелмейді, сондай-ақ басқа кедендік режимге орналастырылған тауарлар үшін де рұқсат етіледі.

4. Ұсынылатын ереже
      Кедендік аумақта қайта өңдеуден тауарлар шығарылған ел, тауарларды жіберген ел немесе олар жіберілетін ел негізінде ғана бас тартылуы мүмкін емес.

5. Стандарттық ереже
      Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу үшін әкелу құқығын пайдаланатын тұлғалар шеңбері әкелінетін тауарлардың иесімен шектелмейді.

6. Ұсынылатын ереже
      Шетелдік тұлғамен жасалған келісім-шартты орындау шеңберінде қайта өңделуге тиіс тауарларды осы тұлға жеткізетін жағдайларда кедендік аумақта қайта өңдеуден сипаты, сапасы және техникалық сипаттамасы жағынан ұқсас тауарлар әкелу елінің кедендік аумағында бар деген негіздемемен бас тартылуы мүмкін емес.

7. Ұсынылатын ереже
      Мынадай:
      а) тауарлар:
      - жұмсалған ресурстар мен өтемдік өнімдер өндірісінің технологиясы туралы егжей-тегжейлі деректерді ұсыну жолымен; немесе
      - қайта өңдеу туралы операцияларды жүргізу уақытында кедендік бақылауды жүзеге асыру жолымен сәйкестендірілуі мүмкін; немесе
      б) режим қайта өңдеу нәтижесінде алынған, сипаты, сапасы және техникалық сипаттамалары жағынан кедендік аумақта қайта өңдеу үшін жіберілген тауарларға ұқсас өнімдерді әкетумен аяқталатын жағдайларда әкелінген тауарлардың өтемдік өнімдерде болуын белгілі мүмкіндігі кедендік аумақта қайта өңдеу үшін қажетті шарт ретінде қаралмауға тиіс.

Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу режиміне орналастыру

а) кедендік аумақта қайта өңдеуге рұқсат беру
8. Стандарттық ереже
      Ұлттық заңнамада кедендік аумақта қайта өңдеу үшін алдын-ала рұқсат талап етілетін жағдайлар айқындалады және мұндай рұқсатты беретін уәкілетті органдар белгіленеді.

9. Стандарттық ереже
      Кедендік аумақта қайта өңдеуге рұқсатта рұқсат етілген операциялар соларға сәйкес кедендік аумақта қайта өңдеу режимімен жүзеге асырылатын тәсілдер көрсетіледі.

10. Ұсынылатын ереже
      Кедендік аумақта қайта өңдеуге өтініш тауарлар әкелінгеннен кейін берілген және ол тиісті рұқсат беру үшін өлшемдерге сай болған жағдайда, мұндай рұқсат өткен күнмен берілуге тиіс.

11. Ұсынылатын ереже
      Кедендік аумақта қайта өңдеу жөніндегі жүйелі операцияларды жүзеге асыратын тұлғалардың сұрауы бойынша оларға мұндай операцияларға бас рұқсат берілуге тиіс.

12. Стандарттық ереже
      Кедендік аумақта қайта өңдеу үшін жіберілген тауарлармен өндіру немесе қайта өңдеу жөніндегі операциялар жасалған жағдайда құзыретті органдар ол жүзеге асырылған нақты жағдайларды ескере отырып, мұндай операция нәтижесінде өнімнің шығу нормасын белгілейді немесе келіседі. Әрқилы өтемдік өнімдердің сипаты, сапасы және саны шығу нормасы белгіленгеннен немесе келісілгеннен кейін айқындалады.

13. Ұсынылатын ереже
      Кедендік аумақта қайта өңдеу жөніндегі операциялар:
      - тұрақты дерлік сипаттамасы бар тауарларға жататын;
      - әдетте нақты айқындалған техникалық шарттарға сәйкес жүзеге асырылатын; және
      - сапасы өзгермейтін өтемдік өнімдерді шығаруға алып келетін жағдайларда құзыретті органдар мұндай операцияларға қолдануға болатын стандарттық шығу нормаларын белгілуге тиіс.

б) Сәйкестендіру жөніндегі шаралар
14. Стандарттық ереже
      Кедендік аумақта қайта өңдеу үшін тауарларды сәйкестендіруге қатысты талаптарды кеден қызметі белгілейді. Олар тиісінше белгіленген кезде тауарлардың сипаты, жүзеге асырылатын операциялар және қозғалатын мүдделердің маңыздылығы ескеріледі.

Тауарлардың кедендік аумақта болуы

15. Стандарттық ереже
      Кеден қызметі кедендік аумақта қайта өңдеу мерзімін әрбір нақты жағдайда белгілейді.

16. Ұсынылатын ереже
      Мүдделі тұлғаның сұрауы бойынша және кеден қызметі негізді деп таныған себептер бойынша ол бастапқыда белгіленген мерзімді ұзартуға міндетті.

17. Ұсынылатын ереже
      Әкелінетін тауарлар мен өтемдік өнімдерге меншік құқығы үшінші тұлғаға берілген жағдайда бұл тұлға тиісті рұқсат берілген тұлғаның міндеттемелерін өзіне қабылдайтын болса кедендік аумақта қайта өңдеуді жалғастыру үшін шарттар көзделуге тиіс.

18. Ұсынылатын ереже
      Құзыретті органдар қайта өңдеу жөніндегі операцияларды кедендік аумақта қайта өңдеуге рұқсат берілген тұлғадан өзге тұлғаның жүзеге асыруына рұқсат беруге тиіс. Кедендік аумақта қайта өңдеуге рұқсат берілген тұлғаның көрсетілген операцияларды жүзеге асырудың бүкіл мерзімі ішінде кеден қызметінің алдында рұқсатта баяндалған шарттардың сақталуы үшін жауапты болып қалуы шартымен кедендік аумақта қайта өңдеуге жіберілген тауарларға меншік құқығын беру міндетті болып табылмайды.

19. Стандарттық ереже
      Өтемдік өнімдерді кедендік аумақта қайта өңдеу режиміне орналастырылған тауарлар әкелінген кеден органынан басқа кеден органы арқылы әкету мүмкіндігі көзделеді.

Кедендік аумақта қайта өңдеу режимінің аяқталуы

а) Әкету
20. Стандарттық ереже
      Кедендік аумақта қайта өңдеу режимі өтемдік өнімдерді бір немесе бірнеше партиямен әкету жолымен аяқталуы мүмкін екендігі көзделеді.

21. Стандарттық ереже
      Мүдделі тұлғаның сұрауы бойынша құзыретті органдар тауарларды олар әкелінгендегідей жай-күйде кері әкетуге рұқсат береді, сол арқылы кедендік аумақта қайта өңдеу режимін аяқтайды.

б) Режимді аяқтаудың басқа да тәсілдері
22. Ұсынылатын ереже
      Егер әрбір жағдайда қолданылатын шарттар мен формальдылықтар сақталған болса, кедендік аумақта қайта өңдеу режимін әкелінетін тауарларды немесе қайта өңдеу өнімдерін басқа кедендік режимге орналастыру жолымен тоқтата тұру немесе аяқтау үшін шарт көзделуге тиіс.

23. Ұсынылатын ереже
      Ұлттық заңнамада өтемдік өнімдер әкетілмеген жағдайда қолданылатын әкелу баждары мен салықтар сомасы кедендік аумақта қайта өңдеу үшін әкелінген тауарларға қатысты қолданылатын әкелу баждары мен салықтар сомасынан аспайтыны көзделуге тиіс.

24. Стандарттық ереже
      Мұндай жоғалу фактісі кеден қызметі үшін қанағаттанарлық дәрежеде белгілену шартымен осы тауарлардың сипатына қарай жоғалған тауарларға қатысты кедендік аумақта қайта өңдеу режимі аяқталатыны көзделеді, өйткені өтемдік өнімдерді әкету орын алады.

25. Ұсынылатын ереже
      Баламалы тауарларды қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімдер осы Тараудың қолданылу мақсаттары үшін өтемдік өнімдер ретінде қарастырылуға тиіс (баламалы өтем).

26. Ұсынылатын ереже
      Егер баламалы өтемге жол берілсе, кеден қызметі кедендік аумақта қайта өңдеу үшін тауарлар әкелінгенге дейін өтемдік өнімдерді әкетуге рұқсат беруге тиіс.

Арнайы қосымша F
2-тарау

Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу

Ұғымдардың анықтамасы

      Осы Тарауда пайдаланылатын ұғымдар мынаны білдіреді:
Е1./  "өтемдік өнімдер" - шетелде алынған және тауарларды өндіру,
Ғ.2   қайта өңдеу немесе жөндеу нәтижесі болып табылатын, оларға
      қатысты кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу режимін пайдалануға
      рұқсат етілген өнімдер;

Е2./  "кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу" - кедендік аумақта еркін
Ғ.1   айналыстағы тауарлар мәртебесі бар тауарлар оған сәйкес өндіру
      қайта өңдеу немесе жөндеу үшін шетелге уақытша шығарылу және
      кейіннен әкелу баждары мен салықтардан толық немесе ішінара
      босатыла отырып кері әкелінуі мүмкін кедендік режим.

Принцип

1. Стандарттық ереже
      Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу осы Тараудың ережелерімен және бұл қолданылатындай дәрежеде Бас қосымшаның ережелерімен реттеледі.

Қолданылу саласы

2. Ұсынылатын ереже
      Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеуден тек тауарлар белгілі бір елде өндірілуге, қайта өңделуге немесе жөнделуге тиіс деген негіздемемен бас тартылуы мүмкін емес.

3. Стандарттық ереже
      Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу үшін тауарларды уақытша әкетуді бұл тауарлардың меншік иесі болып табылмайтын тұлға жүзеге асыруы мүмкін.

Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу режиміне орналастыру

а) Тауарларды уақытша әкетудің алдындағы формальдылықтар
4. Стандарттық ереже
      Ұлттық занамада кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу үшін алдын ала рұқсат талап етілетін жағдайлардың тізбесі айқындалады және мұндай рұқсатты беруге уәкілетті органдар белгіленеді. Мұндай жағдайлар барынша аз болуға тиіс.

5. Ұсынылатын ереже
      Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу жөніндегі жүйелі операцияларды жүзеге асыратын тұлғалардың сұрауы бойынша оларға мұндай операцияларға бас рұқсат берілуге тиіс.

6. Ұсынылатын ереже
      Егер олар мұны қажет деп санаса немесе егер бұл осы операцияны жүзеге асыруға ықпал ететін болса, құзыретті органдар кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу жөніндегі операция нәтижесінде өнімнің шығу нормасын белгілеуге тиіс. Әр түрлі орнын толтыратын өнімдердің сипаты, сапасы және мөлшері шығу нормасына белгілегеннен кейін нақты айқындалады.

б) Сәйкестендіру жөніндегі шаралар
7. Стандарттық ереже
      Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу үшін тауарларды сәйкестендіруге қатысты талаптарды кеден қызметі белгілейді. Олар белгіленген кезде тауарлардың сипаты, жүзеге асырылатын операциялар және қозғалатын тиісінше мүдделердің маңыздылығы ескеріледі.

Тауарлардың кедендік аумақтан тыс болуы

8. Стандарттық ереже
      Кеден қызметі әрбір нақты жағдайда кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу мерзімін белгілейді.

9. Ұсынылатын ереже
      Мүдделі тұлғаның сұрауы бойынша және кеден қызметі негізді деп таныған себептер бойынша ол бастапқыда белгіленген мерзімді ұзартуға тиіс.

Өтемдік тауарларды әкелу

10. Стандарттық ереже
      Өтемдік өнімдер кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу режиміне орналастырылған тауарлар уақытша әкетілген кеден органынан басқа кеден органы арқылы әкелінуі мүмкін екендігі көзделеді.

11. Стандарттық ереже
      Өтемдік өнімдер бір немесе бірнеше партиямен әкелінуі мүмкін екендігі көзделеді.

12. Стандарттық ереже
      Егер кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу үшін уақытша әкетілген тауарлар өзгермеген жай-күйде қайтарылатын болса, мүдделі тұлғаның сұрауы бойынша құзыретті органдар бұл тауарларды әкелу баждары мен салықтардан босата отырып кері әкелуге рұқсат береді.
      Бұл босату тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу үшін уақытша әкетуге байланысты қайтару немесе босату ұсынылған әкелу баждары мен салықтарға қатысты қолданылмайды.

13. Стандарттық ереже
      Әрбір жағдайда қолданылатын шарттар мен формальдылықтардың сақталу шартымен ұлттық заңнама кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу үшін уақытша әкетілген тауарларды кері әкелуге міндеттейтін жағдайларды қоспағанда, кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу режимі тауарларды түпкілікті әкетуге декларациялаумен аяқталуы мүмкін деп көзделеді.

Өтемдік өнімдерге қатысты қолданылатын баждар мен салықтар

14. Стандарттық ереже
      Ұлттық заңнамада өтемдік өнімдерді кедендік аумақта еркін айналыс үшін шығару кезінде ұсынылатын әкелу баждары мен салықтардан босатудың көлемі мен оны есептеу тәсілдері белгіленеді.

15. Стандарттық ереже
      Өтемдік өнімдер үшін көзделген әкелу баждары мен салықтардан босату кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу үшін тауарларды уақытша әкетуге байланысты өтеу немесе босату ұсынылған баждар мен салықтарға қатысты қолданылмайды.

16. Ұсынылатын ереже
      Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу үшін уақытша әкетілген, шетелде тегін жөнделген тауарлар ұлттық заңнамада белгіленген шарттарда әкелу баждары мен салықтардан толық босатыла отырып кері әкелінуі мүмкін деп көзделеді.

17. Ұсынылатын ереже
      Өтемдік өнімдер еркін айналыс үшін декларацияланға дейін басқа кедендік режимге орналастырылған жағдайда әкелу баждары мен салықтардан босату ұсынылуға тиіс.

18. Ұсынылатын ереже
      Олар еркін айналыс үшін шығарылғанға дейін өтемдік өнімдерге меншік құқығы үшінші тұлғаға берілген жағдайда әкелу баждары мен салықтардан босату ұсынылуға тиіс.

Арнайы қосымша F
3-тарау

Қайтару

Ұғымдардың анықтамасы

      Осы Тарауда пайдаланылатын ұғымдар мынаны білдіреді:
Е1./  "қайтару" - қайтару режимін қолдану кезінде қайтарылатын әкелу
Ғ.2   баждары мен салықтардың сомасы;

Е2./  "қайтару режимі" - тауарларды әкету кезінде осы тауарларға
Ғ.3   немесе әкетілетін тауарлардың құрамындағы не оларды шығару
      процесінде пайдаланылған өнімдерге қатысты төленген әкелімдік
      баждар мен салықтарды қайтаруды (толық немесе ішінара)
      көздейтін кедендік режим;

Е3./  "баламалы тауарлар" - отандық немесе қайтару режимімен
Ғ.1   орналастырылған, сипаты, сапасы және техникалық сипаттамасы
      бойынша оларды алмастыратын тауарлармен бірдей әкелінген
      тауарлар.

Принцип

1. Стандарттық ереже
      Қайтару режимі осы Тараудың ережелерімен және бұл қолданылатындай дәрежеде Бас қосымшаның ережелерімен реттеледі.

Қолданылу саласы

2. Стандарттық ереже
      Ұлттық заңнамада қайтару режимі мәлімделуі мүмкін жағдайлардың тізбесі белгіленеді.

3. Ұсынылатын ереже
      Ұлттық заңнамада бұларға қатысты әкелу баждары мен салықтар төленген тауарлар әкетілетін тауарларды өндіру үшін пайдаланылған баламалы тауарлармен ауыстырылған уақытта қайтару режимін қолдану үшін шарттар көзделуге тиіс.

Орындалуға тиіс шарттар

4. Стандарттық ереже
      Кеден қызметі еркін айналыс үшін шығаруға арналған тауарларды әкелу сәтінде әкеткен кезде қайтару туралы мәлімдеу ниеті туралы хабарламады деген негіздемемен ғана қайтаруды төлеуді тоқтатпайды. Сондай-ақ мұндай мәлімдеме тауарларды әкелу сәтінде жасалған жағдайда тауарларды әкету міндетті болып табылмайды.

Тауарлардың кедендік аумақта болу мерзімі

5. Стандарттық ереже
      Егер тауарларды әкету үшін ол аяқталғаннан кейін кедендік төлемдерді қайтаруға жол берілмейтін мерзім белгіленген болса, бұл туралы сұрау бойынша бұл мерзім кеден қызметі негізді деп таныған негіздемелер бойынша ұзартылуға тиіс.

6. Ұсынылатын ереже
      Егер белгіленген мерзім қайтару туралы өтініш қабылданбайтын мерзімнен асып кететін болса, бұл мерзім коммерциялық себептер немесе кеден қызметі негізді деп таныған өзге де негіздемелер бойынша ұзартуға тиіс.

Қайтаруды жүзеге асыру

7. Стандарттық ереже
      Қайтару өтініштің негізділігін тексергеннен кейін барынша ерте жүзеге асырылады.

8. Ұсынылатын ереже
      Ұлттық заңнамада қайтаруды жүзеге асыру үшін электронды құралдарды пайдалану көзделуге тиіс.

9. Ұсынылатын ереже
      Қайтару сондай-ақ тауарлар кейіннен әкетуге арналуы шартымен оларды кедендік қоймаға немесе еркін аймаққа орналастыру кезінде де жүзеге асырылуға тиіс.

10. Ұсынылатын ереже
      Кеден қызметі сұрау бойынша белгілі бір уақыт ішінде әкетілген тауарларға қатысты қайтаруды жүйелі түрде жүзеге асыруға міндетті.

Арнайы қосымша F
4-тарау

Еркін айналыс үшін тауарларды қайта өңдеу

Ұғымдардың анықтамасы

      Осы Тарауда пайдаланылатын ұғымдар мынаны білдіреді:
Е1./  "еркін айналыс үшін тауарларды қайта өңдеу" - оған сәйкес
Ғ.1   әкелінген тауарлар оларды еркін айналымға шығарғанға дейін және
      кедендік бақылаумен дайындауға, қайта өңдеуге немесе өңдеуге
      алынған тауарларға қолданылатын әкелу баждары мен салықтарының
      сомасы әкелінген тауарларға қолданылуға тиіс сомадан төмен
      дәрежеге дейін ұшырауы мүмкін кедендік режим.

Принцип

1. Стандарттық ереже
      Еркін айналыс үшін тауарларды қайта өңдеу осы Тараудың ережелерімен және бұл қолданылатындай дәрежеде Бас қосымшаның ережелерімен реттеледі.

2. Стандарттық ереже
      Еркін айналыс үшін тауарларды қайта өңдеу режимі:
      - кеден қызметінің еркін айналыс үшін тауарларды қайта өңдеу кезінде жасалған өнімдер әкелінген тауарлардан алынғанына көз жеткізе алуы; және
      - тауарларды дайындағаннан, қайта өңдегеннен немесе өңдегеннен кейін олар бастапқы жай-күйіне экономикалық жағынан тиімді түрде қалпына келтірілмеу шартымен ұсынылады.

Қолданылу саласы

3. Стандарттық ереже
      Ұлттық заңнамада еркін айналыс үшін тауарларды қайта өңдеу үшін рұқсат етілген тауарлардың санаттары мен операциялар айқындалады.

4. Стандарттық ереже
      Еркін айналыс үшін тауарларды қайта өңдеу тікелей шетелден әкелінетін тауарлармен шектелмейді, сондай-ақ басқа кедендік режимге орналастырылған тауарлар үшін де рұқсат етіледі.

5. Стандарттық ереже
      Еркін айналыс үшін тауарларды қайта өңдеу құқығын пайдаланатын тұлғалар шеңбері әкелінетін тауарлардың меншік иесімен шектелмейді.

6. Ұсынылатын ереже
      Еркін айналыс үшін тауарларды қайта өңдеу жөніндегі жүйелі операцияларды жүзеге асыратын тұлғалардың сұрауы бойынша оларға мұндай операцияларға арналған бас рұқсат берілуі тиіс.

Еркін айналыс үшін тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялардың аяқталуы

7. Стандарттық ереже
      Еркін айналыс үшін тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялар қайта өңдеу кезінде жасалған өнімдерді еркін айналыс үшін кедендік ресімдеумен аяқталады.

8. Стандарттық ереже
      Бұл жағдайлармен ақталатын болса және мүдделі тұлғаның сұрауы бойынша кеден қызметі әрбір жағдайда қолданылатын шарттар мен формальдылықтарды сақтай отырып, дайындау, қайта өңдеу немесе өңдеу нәтижесінде жасалған өнімдер өзге кедендік режимге орналастырылғаннан кейін режимнің аяқталуымен келіседі.

9. Стандарттық ереже
      Еркін айналыс үшін тауарларды қайта өңдеу нәтижесінде жасалған қоқыстар мен қалдықтар еркін айналыс үшін кедендік ресімделген жағдайда оларға осы жай-күйде әкелінетін осындай қоқыстар мен қалдықтарға қолданылатын әкелу баждары мен салықтар салынады.

Арнайы қосымша G
1-тарау

Уақытша әкелу

Ұғымдардың анықтамасы

      Осы Тарауда пайдаланылатын ұғымдар мынаны білдіреді:
Е1./  "уақытша әкелу" - белгілі бір тауарлар кедендік аумаққа соған
Ғ.1   сәйкес толықтай немесе ішінара әкелу баждары мен салықтардан
      шартты түрде босатыла отырып әкелінуі мүмкін кедендік режим;
      мұндай тауарларды пайдалану нәтижесіндегі әдеттегі ескіруді
      қоспағанда, олар белгілі бір мақсаттар үшін әкелінуге және
      белгіленген мерзім ішінде қандай да бір өзгеріссіз кері әкетуге
      арналуға тиіс.

Принцип

1. Стандарттық ереже
      Уақытша әкелу осы Тараудың ережелерімен және бұл қолданылатындай дәрежеде Бас қосымшаның ережелерімен реттеледі.

Қолданылу саласы

2. Стандарттық ереже
      Ұлттық заңнамада уақытша әкелуге рұқсат берілуі мүмкін жағдайлардың тізбесі айқындалады.

3. Стандарттық ереже
      Ұлттық заңнамада босату тек ішінара болуы мүмкін деп көзделген жағдайларды қоспағанда, уақытша әкелінген тауарлар әкелу баждары мен салықтардан толық шартты босатуға жатады.

4. Стандарттық ереже
      Уақытша әкелу тікелей шетелден әкелінетін тауарлармен шектелмейді, сондай-ақ басқа кедендік режимге орналастырылған тауарлар үшін де рұқсат етіледі.

5. Ұсынылатын ереже
      Уақытша әкелуге рұқсат тауарлар шығарылған елге, жіберген елге немесе олар жіберілетін елге қарамастан ұсынылуға тиіс.

6. Стандарттық ереже
      Уақытша әкелінген тауарлармен кедендік аумақта болған уақытта олардың сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті операциялар жасалуы мүмкін.

Уақытша әкелуге рұқсат берудің алдындағы формальдылықтар

7. Стандарттық ереже
      Ұлттық заңнамада уақытша әкелу үшін алдын ала рұқсат талап етілетін жағдайлардың тізбесі айқындалады және мұндай рұқсатты беруге уәкілетті органдар белгіленеді. Мұндай жағдайлар барынша аз болуға тиіс.

8. Ұсынылатын ереже
      Уақытша әкелуге ықпал ететін жағдайларда ғана кеден қызметі тауарларды нақты кеден органына ұсынуды талап етеді.

9. Ұсынылатын ереже
      Тауарларды кейіннен кері әкетуге қатысты күмән болмаған жағдайларда кеден қызметі тауарларға арналған жазбаша декларациясыз уақытша әкелуге рұқсат беруге тиіс.

10. Ұсынылатын ереже
      Уағдаласушы тараптар уақытша әкелуге қатысты халықаралық шарттарға қосылу мүмкіндігін егжей-тегжейлі зерделеуге міндетті, бұл олардың ұлттық кедендік құжаттар мен кепілділіктердің орнына халықаралық ұйымдар берген құжаттар мен кепілділіктерді қабылдауына мүмкіндік береді.

Сәйкестендіру жөніндегі шаралар

11. Стандарттық ереже
      Уақытша әкелу аяқталған сәтте бұл тауарларды өзінің сәйкестендіре алатынына кеден қызметінің көз жеткізуі шартымен тауарларды уақытша әкелуге жол беріледі.

12. Ұсынылатын ереже
      Уақытша әкелінген тауарларды сәйкестендіру үшін кеден қызметі сәйкестендірудің коммерциялық тәсілдері жеткілікті болмайтын жағдайларда ғана тауарларды сәйкестендіру жөнінде дербес шаралар қабылдауға тиіс.

Кері әкету мерзімдері

13. Стандарттық ереже
      Кеден қызметі әрбір нақты жағдайда уақытша әкелу мерзімін белгілейді.

14. Ұсынылатын ереже
      Мүдделі тұлғаның сұрауы бойынша және кеден қызметі негізді деп таныған себептер бойынша ол бастапқыда белгіленген мерзімді ұзартуға міндетті.

15. Ұсынылатын ереже
      Жеке тұлғалардың талап-арызы бойынша мүлікке тыйым салу жағдайларын қоспағанда, оларға қатысты уақытша әкелуге рұқсат берілген тауарлар оларды тыйым салу нәтижесінде кері әкетілуі мүмкін болмайтын жағдайларда кері әкету туралы міндеттеме тыйым салу мерзіміне тоқтатыла тұруға тиіс.

Уақытша әкелуге құқық беру

16. Ұсынылатын ереже
      Кез-келген басқа тұлғаның:
      а) белгіленген шарттарға жауап беруі; және
      б) уақытша әкелу құқығын бастапқыда пайдаланған тұлғаның міндеттемелерін өзіне қабылдауы шартымен кеден қызметі сұрау бойынша уақытша әкелу режимін пайдалану құқығын осы тұлғаға беруге рұқсат беруге міндетті.

Уақытша әкелу режимінің аяқталуы

17. Стандарттық ереже
      Тауарлар әкелінгеннен басқа кеден органы арқылы уақытша әкелінген тауарлар кері әкетілуі мүмкін деп көзделеді.

18. Стандарттық ереже
      Уақытша әкелінген тауарлар бір немесе бірнеше партиямен кері әкетілуі мүмкін деп көзделеді.

19. Ұсынылатын ереже
      Егер әрбір жағдайда қолданылатын шарттар мен формальдылықтар сақталса, уақытша әкелу әкелінген тауарларды басқа кедендік режимге орналастыру жолымен тоқтатыла тұруы немесе аяқталуы мүмкін деп көзделеді.

20. Ұсынылатын ереже
      Егер уақытша әкелу сәтінде қолданыста болған тиымдар немесе шектеулер уақытша әкелу құжатының қолданылу мерзімі ішінде жойылса, кеден қызметі еркін айналыс үшін тауарлар шығару жолымен тауарларды уақытша әкелуді аяқтауға арналған сұрауды қанағаттандыруға міндетті.

21. Ұсынылатын ереже
      Егер кепілдік депозитке ақша қаражатын енгізу нысанында ұсынылса, тауарлар бұл орган арқылы әкелінбесе де оларды қайтаруды кері әкету кедендік органы жүзеге асырады деп көзделеді.

Уақытша әкелу жағдайлары

а) Әкелу баждары мен салықтардан шартты түрде толық босата отырып уақытша әкелу
22. Ұсынылатын ереже
      Баждар мен салықтардан шартты түрде толық босата отырып уақытша әкелуге рұқсат 1990 жылғы 26 маусымдағы Уақытша әкелу туралы конвенцияға (Стамбул конвенциясы) мынадай Қосымшаларда көзделген тауарларға қатысты ұсынылуға тиіс.
      1) В.1 қосымшасына сәйкес "Көрмелерде, жәрмеңкелерде, конференцияларда немесе осыған ұқсас іс-шараларда көрсетуге немесе пайдалануға арналған тауарлар туралы";
      2) В.2 қосымшасына сәйкес "Кәсіби жабдық туралы";
      3) В.3 қосымшасына сәйкес "Коммерциялық операцияға байланысты әкелінетін контейнерлер, поддондар, орамдар, үлгілер мен басқа тауарлар туралы";
      4) В.5 қосымшасына сәйкес "Білім, ғылым немесе мәдениет мақсаттары үшін әкелінген тауарлар туралы";
      5) В.6 қосымшасына сәйкес "Жолаушылардың жеке заттары және спорт мақсаттары үшін әкелінетін тауарлар туралы";
      6) В.7 қосымшасына сәйкес "Туризм жарнамасына арналған материалдар туралы";
      7) В.8 қосымшасына сәйкес "Шекара маңындағы сауда шеңберінде әкелінген тауарлар туралы";
      8) В.9 қосымшасына сәйкес "Гуманитарлық мақсаттар үшін әкелінген тауарлар туралы";
      9) С қосымшасына сәйкес "Көлік құралдары туралы";
      10) D қосымшасына сәйкес "Жануарлар туралы".

б) Әкелу баждары мен салықтардан шартты түрде ішінара босата отырып уақытша әкелу
23. Ұсынылатын ереже
      22 Ұсынылған ережеде көзделмеген, 22 Ұсынылған ережеде көзделген, бірақ шартты түрде толық босату үшін барлық шарттарға жауап бермейтін тауарларға қатысты кемінде әкелу баждары мен салықтардан шартты түрде ішінара босата отырып уақытша әкелуге рұқсат берілуге тиіс.

Арнайы қосымша Н
1-тарау

Кедендік құқық бұзушылықтар

Ұғымдардың анықтамасы

      Осы Қосымшада пайдаланылатын ұғымдар мынаны білдіреді:
Е1./  "кедендік құқық бұзушылықты әкімшілік реттеу" - кеден қызметі
Ғ.2   соған сәйкес кедендік құқық бұзушылықты ол бойынша шешім шығару
      жолымен немесе компромисс негізінде реттеу жолымен реттеуге
      уәкілетті болатын, ұлттық заңнамада көзделген рәсім;

Е2./  "компромисс негізінде реттеу" - бұған уәкілетті бола отырып,
Ғ.3   кеден қызметі соған сәйкес кедендік құқық бұзушылыққа қатысы
      бар тұлғалар белгілі бір шарттарды сақтауға келісетін болса,
      бұл тұлғаларға қатысты іс жүргізу әрекеттерін жүргізуден бас
      тартатын келісім;

Е3./  "кедендік құқық бұзушылық" - кеден заңнамасын кез-келген бұзу
Ғ.1   немесе бұзуға әрекет жасау.

Принциптер

1. Стандарттық ереже
      Кеден қызметінің кедендік құқық бұзушылықтарды тергеуі, белгілеуі және әкімшілік реттеуі осы Тараудың ережелерімен және бұл қолданылатындай дәрежеде Бас қосымшаның ережелерімен реттеледі.

2. Стандарттық ереже
      Ұлттық заңнамада кеден құқық бұзушылықтар айқындалады және олар тергелуі, белгіленуі және қажет болғанда әкімшілік реттеу объектісі болуы мүмкін жағдайлар айтылады.

Қолданылу саласы

3. Стандарттық ереже
      Ұлттық заңнамада кедендік құқық бұзушылық жасауына байланысты жауапкершілікке тартылуы мүмкін тұлғалар айқындалады.

4. Стандарттық ереже
      Ұлттық заңнамада кедендік құқық бұзушылық үшін жауапкершілікке тартудың ұзақтық мерзімі белгіленеді және бұл мерзімнің басталу күні белгіленеді.

Кедендік құқық бұзушылықтарды тергеу және белгілеу

5. Стандарттық ереже
      Ұлттық заңнамада кеден қызметі:
      - тауарлар мен көлік құралдарын қарауға;
      - құжаттарды ұсынуды немесе хат алмасуды талап етуге;
      - автоматтандырылған дерекқорларға қол жеткізуді талап етуге;
      - тұлғалар мен үй-жайларды тінтуді жүргізуге; және
      - дәлелдемелерді іздеуге құқылы болатын жағдайлар айқындалады.

6. Стандарттық ереже
      Кеден мақсаттары үшін жеке тінту контрабандаға немесе маңызды деп қаралатын басқа да кедендік құқық бұзушылықтарды жасағанына күдіктену үшін негізді себептер болған жағдайларда ғана жүргізіледі.

7. Стандарттық ереже
      Кеден қызметі контрабандаға немесе маңызды деп қаралатын басқа да кедендік құқық бұзушылықтарды жасағанына күдіктену үшін негізді себептер болған жағдайларды қоспағанда, үй-жайларды тінтуді жүргізбейді.

8. Стандарттық ереже
      Кеден қызметі қысқа мерзімде оған айып тағылған мүдделі тұлғаны, бұзылуы мүмкін болған құқық бұзушылықтың сипаттамасы туралы, заңнаманың ережелері туралы және қажеттілік кезінде ықтимал санкциялар туралы ақпараттандырады.

Кедендік құқық бұзушылық анықталған жағдайда іс-қимыл жасау тәртібі

9. Стандарттық ереже
      Ұлттық заңнама кеден қызметімен кедендік құқық бұзушылық табылғаннан кейін әрекеттер тәртібін және осы жағдайда қолданылуы мүмкін шараларды анықтайды.

10. Стандарттық ереже
      Кеден қызметі кедендік құқық бұзушылықтар және қолданылған шаралар туралы толық мәліметтер көрсетілген хаттамалар немесе әкімшілік есептер жасайды.

Тауарларды немесе көлік құралдарын ұстау немесе тыйым салу

11. Стандарттық ереже
      Кеден қызметі тауарларға және/немесе көлік құралдарына тек мына жағдайларда, тыйым салады егер:
      - олар әкімшілік немесе соттық тәртіпте тәркіленуге жатқызылады; немесе
      - олардың ұсынылуы іс бойынша өндірістің келесі сатыларында заттық дәлел ретінде керек болуы.

12. Стандарттық ереже
      Егер кедендік құқық бұзушылық тек жүктің бөлігіне қатысты болса, кеден қызметі жүктің қалған бөлігі тікелей немесе қосымша құқық бұзушылық жасауда қолданбағанына көзі жеткен шартында тыйым салудың немесе ұстаудың объектісі болып нақ осы жүктің бөлігі табылады.

13. Стандарттық ереже
      Тауарларға және/немесе көлік құралдарына тыйым салған жағдайда немесе оларды ұстауда кеден қызметі мүдделі тұлғаға мынадай:
      - тыйым салудың немесе ұстаудың нысанасы болған тауарлар немесе көлік құралдарының сипаттамасы мен саны;
      - тыйым салудың немесе ұстаудың себебі; және
      - құқық бұзушылықтың сипаттамасы бар құжат ұсынады.

14. Ұсынылатын ереже
      Кеден қызметі тыйым салудың немесе ұстаудың нысанасы болған тауарларды, осы тауарлар қандай да бір тыйымға немесе шектеуге жатқызылмайтын немесе іс бойынша өндірістің келесі сатыларында заттық дәлел ретінде талап етілмейтін шартымен жеткілікті кепілде шығаруды жүзеге асырады.

15. Ұсынылатын ереже
      Кеден қызметі кедендік құқық бұзушылықты жасау кезінде пайдаланылған көлік құралдарын тыйым салудан немесе ұстаудан босатуға тиіс, оның көзі мыналарға жеткен жағдайда:
      - көлік құралдары жасыру мақсатында қандай да бір түрде құрастырылмаған, бейімделмеген, өзгертілмеген, жабдықталмаған; және
      - көлік құралдары іс бойынша өндірістің келесі сатыларында заттық дәлел ретінде олардың ұсынылуы үшін талап етілмейді; және
      - қажет болған жағдайда, жеткілікті кепіл берілуі мүмкін.

16. Ұсынылатын ереже
      Көлік құралдары әкімшілік немесе соттық тәртіпте тек мына жағдайларда тәркіленеді:
      - меншік иесі, иесі немесе басқа кез-келген көлік құралына жауапты тұлға бұзушылық сәтінде кедендік құқық бұзушылыққа қатысты немесе ол жайында мәліметтің болуы немесе құқық бұзушылықтың жасалуын болдырмау үшін ақылға сыйымды барлық шараларды жасамады; және
      - көлік құралдарының жасыру мақсатында қандай да бір түрде арнайы құрастырылған, бейімделген, өзгертілген, жабдықталған болуы; немесе
      - арнайы өзгертілген немесе бейімделген көлік құралдары бұрынғы қалыпты жағдайына келтіру мүмкін емес.

17. Ұсынылатын ереже
      Тыйым салынған тауарлар немесе ұсталған тауарлар кеден қызметі жағынан әкімшілік немесе соттық тәртіпте тәркілеу туралы шешімінің күшіне ену немесе оларды мемлекетке беру сәтіне дейін, тауарлар тез бұзылатын болып табылатын немесе кеден қызметі осы тауарлардың сипаттамасына байланысты сақтауды жүзеге асыра алмайтын жағдайды қоспағанда, иелік етудің немесе басқа тәсілмен сатудың нысанасы болмауы тиіс.

Тұлғаларды ұстау

18. Стандарттық ереже
      Ұлттық заңнама кеден қызметінің тұлғаларды ұстау бойынша құзыретін анықтайды және осындай ұстаудың шартын, жекелігінде мерзімнің өтуіне байланысты ұстау туралы шешім сот органымен қарастыруға жатқызылады.

Кедендік құқық бұзушылықтарды әкімшілік реттеу

19. Стандарттық ереже
      Кеден қызметі кедендік құқық бұзушылық анықталғаннан кейін қысқа мерзімде бұның қайда қолданылатындығын қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қолданады:
      - осы құқық бұзушылықты әкімшілік реттеуді бастамашылық ету; және
      - мүдделі тұлғаны осы реттеудің шарты, шағымдану тәртібі және арыз беру мерзімі туралы ақпараттандырады.

20. Ұсынылатын ереже
      Кедендік ресімдеу кезінде елеусіз деп қарастырылатын кедендік құқық бұзушылық табылған жағдайда, оны тапқан кеден қызметімен осы құқық бұзушылықты әкімшілік реттеу үшін мүмкіндік жасалуы керек.

21. Ұсынылатын ереже
      Жолаушымен елеусіз деп қарастырылатын кедендік құқық бұзушылықтың жасалуы жағдайда, оны тапқан кеден қызметімен осы құқық бұзушылықты дереу әкімшілік реттеу үшін мүмкіндік жасалуы керек.

22. Стандарттық ереже
      Ұлттық заңнама әкімшілік реттеудің пәні бола алатын, кедендік құқық бұзушылықтың әрбір дәрежесіне қатысты қолданылатын санкцияларды орнатады және осы санкцияларды қолдануға құзыретті кеден органдары анықтайды.

23. Стандарттық ереже
      Кедендік құқық бұзушылықты әкімшілік реттеу кезінде қолданатын қаталдық дәрежесі немесе санкция көлемі, жасалған кедендік құқық бұзушылықтың маңыздылығына немесе ірілік дәрежесіне және кеден қызметімен байланысты мүдделі тұлғаның өткен қызметіне байланысты.

24. Стандарттық ереже
      Тауар декларациясында дұрыс емес мәліметтер көрсетілген жағдайда және декларант онымен ұсынылған мәліметтердің дұрыстығын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар жасалғанын дәлелдей алса, кеден қызметі санкция салу туралы мәселені шешу кезінде осы жағдайды назарға алады.

25. Стандарттық ереже
      Кедендік құқық бұзушылықтар форс-мажорлық жағдайлар нәтижесінде немесе мүдделі тұлғаның еркіне байланысты емес басқа жағдайларда болса, және оның жағынан олақтықтың немесе жалған жасауға ниеттің көрінісі жоқ, осы фактілер кеден қызметін қанағаттандыруға қажетті түрде орнатылған шартында санкция қолданылмайды.

26. Стандарттық ереже
      Тыйым салынған тауарлар немесе ұсталған тауарлар, оларды сатқаннан кейінгі түсімін қандай да баждарды, салықтарды, сондай-ақ барлық басқа жиындарды және шығындар шегерімінен басқасын:
      - кедендік құқық бұзушылықты аяғына дейін реттегеннен кейін қысқа мерзімде оны алуға құқығы бар тұлғаға қайтарылуы; немесе
      - бұл мүмкін болмаған жағдайда, осы тұлғалар пайдасына анықталған мерзімге, осы тауарларға қатысты әкімшілік немесе соттық тәртіпте оларды тәркілеу туралы шешім шығарылмаған немесе реттеу нәтижесінде мемлекетке берілмеген шартында резервке алынуы тиіс.

Шағымдану құқығы

27. Стандарттық ереже
      Әкімшілік реттеуге жатқызылатын кедендік құқық бұзушылыққа қатысты осы тұлға келісім негізінде реттеумен келіскен жағдайды қоспағанда, кез-келген тұлға кеден қызметіне тәуелсіз органға шағым беруге құқылы.

Арнайы қосымша J
1-тарау

Жолаушылар

Ұғымдардың анықтамалары

       Осы тарауда қолданылатын түсініктер, білдіреді:
Е1./  "екі арналы жүйе" - келуші жолаушыларға екі арнаның біреуін
Ғ.2   таңдау мен декларация жасауға мүмкіндік беретін кедендік
      бақылаудың оңайлатылған жүйесі. Біреуі, жасыл түсті символмен
      белгіленген, саны немесе құны бажсыз әкелінетін тауарлардың
      саны мен құнынан аспайтын және әкеліну кезінде тыйымдар немесе
      шектеулерге жатпайтын тауарларды әкелуші жолаушылар үшін
      арналған. Басқасы, қызыл түсті символмен белгіленген - басқа
      жолаушылар үшін;

Е2./  "жеке пайдаланудағы көлік құралдары" - төлемге тұлғаларды
Ғ.4   тасымалдау үшін немесе тауарларды төлемге немесе төлемсіз
      өндірістік немесе коммерциялық тасымалдау үшін емес, мүдделі
      тұлғалардың ерекше жеке пайдалануы үшін әкелінетін немесе
      әкетілетін автокөлік құралдары мен тіркемелер, кішкене кемелер
      және әуе кемелері,оларға қосалқы бөлшектермен бірге олардың
      күнделікті керек-жарақтары мен жабдықтары.

Е3./  "жолаушы" -
Ғ.5   1) тұрақты негізде тұрмайтын елдің аумағына уақытша келетін
      немесе осы аумақтан кететін кез-келген тұлға (резидент
      еместер); және
      2) тұрақты негізде тұратын елдің аумағынан кететін ("кетуші
      резидент") немесе осы аумаққа қайтып келетін кез-келген тұлға
      (қайтушы резидент);

Е4./  "жеке заттар" - коммерциялық мақсат үшін әкелінетін немесе
Ғ.3   әкетілетін кез-келген тауарды қоспағанда, осы сапардың барлық
      жағдайларын ескеріп, жолаушының сапар уақытында оның жеке
      пайдалануына немесе оларға қатысты ақылға сыйымды қажеттілігі
      бар кез-келген заттар (жаңа немесе қолданыста болған);

Е5./  "уақытша әкелу" - кедендік режиміне сәйкес кейбір тауарлар
Ғ.1   кеден аумағына әкелу баждар мен салықтардан шартты түрде
      босатылуымен әкелінуі мүмкін; мұндай тауарлар арнайы мақсатқа
      әкелініп және оны қолдану нәтижесінде әдеттегідей тозуын
      қоспағанда, қандай да бір өзгеріссіз орнатылған мерзім ішінде
      кері әкетілу үшін арналуы тиіс.

Принциптер

1. Стандарттық ереже
      Жеке тұлғаларға қатысты қолданылатын кедендік жеңілдіктер осы тараудың ережесімен Бас қосымшаның ережелерімен қолданылатын дәрежедегідей реттеледі.

2. Стандарттық ереже
      Осы тарауда қарастырылған кедендік жеңілдіктер олардың азаматтығынан/ұлтынан тәуелсіз жолаушыларға қолданылады.

Қолдану саласы

3. Стандарттық ереже
      Кеден қызметі жолаушыларға қатысты кедендік формальдылық орындалатын кеден органдарын анықтайды. Осы органдардың құзыретін, орналасу орнын және жұмыс сағатын орнату кезінде кеден қызметі жекелегенде, жолаушы ағымының көлемін және жағрафиялық орнын ескереді.

4. Стандарттық ереже
      Кедендік бақылаудың тиісілі рәсімдерін сақтау шартында өздерінің жеке пайдаланудағы көлік құралдарында елге келетін немесе одан кететін жолаушыларға, қозғалу үшін олармен қолданылатын көлік құралдарын тастап кетпестен барлық қажетті кедендік формальділікті орындауға рұқсат етіледі.

5. Ұсынылатын ереже
      Коммерциялық мақсаттағы автокөлік құралдарымен немесе пойызбен елге келетін немесе одан кететін жолаушыларға, қозғалу үшін олармен қолданылатын көлік құралдарын тастап кетпестен барлық қажетті кедендік формальділікті орындауға рұқсат етіледі.

6. Ұсынылатын ереже
      Екі арналы жүйе жолаушыларды кедендік бақылау және олармен тасымалданатын тауарларды, сондай-ақ тиісті жағдайларда олардың жеке пайдаланудағы көлік құралдарын ресімдеу үшін қолданылуы керек.

7. Ұсынылатын ереже
      Кеден қызметі өз мақсаты үшін жолаушылардың бөлек тізбесін немесе олармен өткізілетін жүк заттарын қолданылатын көліктің түріне қарамастан талап етпеуі керек.

8. Ұсынылатын ереже
      Кеден қызметі басқа қызметтермен және сауда қатысушыларымен өзара қатынаста, сәйкесінше халықаралық бірдейлендірілген жолаушылар туралы алдын ала ақпаратты қолдануға, жолаушыларға кедендік бақылауды және олармен тасымалданатын тауарларды ресімдеуді жеңілдету үшін мүмкін болған жағдайда тырысу қажет.

9. Ұсынылатын ереже
      Жолаушыларға олармен тасымалданатын тауарларды ауызша декларациялау рұқсат етілуі керек. Сонымен қатар, кеден қызметі коммерциялық сипаттағы әкелудің немесе әкетудің объектісі болатын немесе ұлттық заңнамамен орнатылған құндық немесе мөлшерлік шектеуден асатын жолаушылармен тасымалданатын тауарларға жазбаша немесе электрондық түрде ресімделген декларацияны талап етуі мүмкін.

10. Стандарттық ереже
      Кедендік бақылау мақсаты үшін жолаушыларды жеке қарау тек ерекше жағдайларда және контрабанда немесе басқа құқық бұзушылықтарға күдіктену үшін салмақты негіз болған жағдайда жүргізіледі.

11. Стандарттық ереже
      Жолаушылармен тасымалданатын тауарлар қоймалауға немесе кеден қызметімен орнатылған жағдайларда сақтауға, олардың ресімделуіне дейін кері әкету сәйкесінше кедендік режиміне немесе ұлттық заңнамамен сәйкес басқа тәсілде иемденуі мынадай жағдайларда жатқызылады:
      - жолаушының сұрауы бойынша;
      - тауарларды жедел ресімдеу мүмкін болмаған жағдайда; немесе
      - тауарларға қатысты осы тараудың басқа ережелері қолданылмаса.

12. Стандарттық ереже
      Иесімен бірге жөнелтілмейтін багажды ресімдеу (жолаушының кетуіне немесе келуіне дейін әкелінетін немесе әкетілетін багаж) иесімен бірге жөнелтілетін багажға қатысты қолданылатын рәсімдерге қатысты немесе басқа кедендік оңайлатылған рәсімдермен сәйкес жүргізіледі.

13. Стандарттық ереже
      Кез-келген уәкілетті тұлғаға иесімен бірге жөнелтілмейтін багажды жолаушы атынан ресімдеуге ұсынуға рұқсат етіледі.

14. Ұсынылатын ереже
      Жолаушыларға кедендік жеңілдіктерге сәйкес еркін айналым үшін декларацияланатын тауарларға қатысты, тауарларды әкелу коммерциялық сипатта емес және құндық жиынтық немесе осы тауарлардың жалпы саны ұлттық заңнамамен орнатылған шектеулерден аспайтын шартымен біртұтас ставка бойынша баждар мен салықтардың есептеу жүйесі қолданылуы керек.

15. Ұсынылатын ереже
      Барлық мүмкін жерде, кеден қызметінің көрсеткен қызметі, сондай-ақ баждар мен салықтарды төлеу үшін төлем құралы ретінде несиелік кәртішкілердің немесе банктық кәртішкілердің қолданылуы рұқсат етілуі керек.

Әкелу

16. Ұсынылатын ереже
      Жолаушыларға әкелу бажы мен салығын төлеусіз әкелуге рұқсат етілетін темекі өнімдерінің, шараптың, күшті спирттік сусындардың және иіс сулардың көлемдік шектеулері мынадан төмен болмау керек:
      а) 200 шылым немесе 50 сигара немесе 250 грамм темекі, немесе осы өнімдер жинағының жалпы салмағы 250 грамм;
      б) 2 литр шарап немесе 1 литр күшті спирттік сусындар;
      в) 0,25 туалеттік су және 50 грамм иіс сулары.
      Алайда, темекі өнімдеріне және алкогольді сусындарға қатысты кедендік жеңілдіктер арнайы жасқа жеткен тұлғалармен берілуі мүмкін және шекарадан жиі өтетін және елде 24 сағаттан кем емес болмаған тұлғаларға тек шектелген көлемде берілуі немесе берілмеуі мүмкін.

17. Ұсынылатын ереже
      Әкелу бажы мен салығын төлеусіз көлемдік шектеу шегінде әкелуге рұқсат етілетін тұтынылатын тауарлардан басқа жолаушыларға әкелу бажы мен салығын төлеусіз тек коммерциялық сипаттағы емес жалпы құны 75 Шеттен алынған арнайы құқықтан кем емес тауарларды әкелу рұқсат етілуі тиіс (ШАҚ). Бұл құндық жиынтық арнайы жастан жас тұлғалар және шекарадан жиі өтетін немесе елде 24 сағаттан аз болмаған тұлғалар үшін азаюы мүмкін.

18. Стандарттық ереже
      Елге қайтушы резиденттерге елден шығатын сәтте олармен алынған және осы елде еркін айналымда болған жеке заттарды және жеке пайдаланудағы көлік құралдарын әкелу бажы мен салықтарды төлеусіз әкелуге рұқсат етіледі.

19. Стандарттық ереже
      Кеден қызметі резидент еместердің жеке заттарының кеден құжатын немесе кепілін уақытша әкелу үшін талап етілмейді, мына жағдайларды қоспағанда:
      - осы заттардың құны немесе саны ұлттық заңнама орнатқан шектеуден асады; немесе
      - кеден қызметі осы тауарлар мемлекеттік бюджеттің кірісі үшін тәуекел болатындығына күдіктенеді.

20. Стандарттық ереже
      Жеке сипаттағы киімнен, туалеттік керек-жарақтар және басқа заттардан басқа резидент еместердің жеке заттары болып мыналар есептеледі:
      - жеке зергерлік әшекейлер;
      - ақылға сыйымды фото-, кино-, бейне таспалармен және оларға керек-жарақтарымен фотоаппараттар, кино- және бейне қамералар;
      - ақылға сыйымды сандық диапозитивтер немесе кино таспалармен бірге тасымалданатын диа- және кинопроектрлар және оларға керек-жарақтар;
      - дүрбілер;
      - тасымалданатын музыкалық аспаптар; магнитофондар, шағын-дисктер ойнатқыштар және таспаларымен диктофондар, күйтабақтар және дисктермен тасымалданатын дыбыс шығару құрылғылары;
      - тасымалданатын радиоқабылдағыштар;
      - сымсыз немесе мобильді телефондар;
      - тасымалданатын теледидарлар;
      - тасымалданатын жазба машинкалары;
      - тасымалданатын жеке компьютерлер және керек-жарақтар;
      - тасымалданатын калькуляторлар;
      - жай және серуендік балалардың арбалары;
      - мүгедектерге арналған арбалар;
      - спорттық керек-жабдықтар.

21. Стандарттық ереже
      Резидент еместердің жеке заттары үшін уақытша әкелу декларациясын беру қажет жағдайында, уақытша әкелу мерзімі егер осы мерзім ұлттық заңнама орнатқан шектеуден аспаған шарты негізінде жолаушының елде болу ұзақтығына жүгініп орнатылады.

22. Стандарттық ереже
      Жолаушының сұрауы және кеден қызметі негізді деп таныған негіздемелер бойынша резидент еместердің жеке заттарын уақытша әкелудің бастапқы белгіленген мерзімі ұлттық заңнамамен белгіленген шектеуден аспайтын мерзім жағдайында ұзартылады.

23. Стандарттық ереже
      Резидент еместер олардың жеке пайдаланудағы көлік құралдарына қатысты уақытша әкелу құқығын пайдаланады.

24. Стандарттық ереже
      Жеке пайдалануға арналған көлік құралының кәдімгі бактарындағы отын әкелім баждары мен салықтардан босатыла отырып әкелінеді.

25. Стандарттық ереже
      Көлік құралдарына қатысты берілген жеңілдіктер резидент еместерге тиесілі, олардың жалға алған немесе олардың уақытша алған және жолаушының кіруімен бір мезгілде не мұндай берілген кіруге дейін немесе кіруден кейін әкелінген жеке пайдалануындағы көлік құралдарына қолданылады.

26. Ұсынылатын ереже
      Кеден қызметі резидент еместердің жеке пайдалануындағы көлік құралдарының уақытша әкелінуіне арналған кедендік құжатты немесе кепілді талап етпеуі тиіс.

27. Ұсынылатын ереже
      Резидент еместердің жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын уақытша әкелу үшін кедендік құжат немесе кепіл талап етілгенде, кеден қызметі стандарттық халықаралық құжаттарды және кепілді қабылдауға міндетті.

28. Стандарттық ереже
      Резидент еместердің жеке пайдалануындағы көлік құралдарын уақытша әкелуге декларацияны беру қажет болған жағдайларда, мұндай мерзім ұлттық заңнамамен белгіленген шектеулерден аспаған жағдайда, уақытша әкелу мерзімі резидент еместің елде болу ұзақтығы негізге алына отырып белгіленеді.

29. Стандарттық ереже
      Бұл мерзім ұлттық заңнамамен белгіленген шектеулерден аспаған жағдайларда, мүдделі адамның сұрауы бойынша және кеден қызметі негізді деп таныған негіздер бойынша ол резидент еместің жеке пайдалануындағы көлік құралын уақытша әкелудің бастапқы белгіленген мерзімін ұзартады.

30. Стандарттық ереже
      Уақытша әкелуге құқық елде уақытша орналастырылған, жеке пайдаланудағы көлік құралы үшін қажетті ауыстырушы бөліктерге қатысты беріледі.

Қайта әкету

31. Стандарттық ереже
      Кеден қызметі резидент еместердің уақытша әкелінген тауарларын ол арқылы әкелінгеннен өзге кеден органы арқылы қайта әкетулеріне рұқсат етеді.

32. Стандарттық ереже
      Кеден қызметі резидент еместердің авария немесе форс-мажорлық жағдайлардың нәтижесінде елеулі бүлінген немесе жойылған жеке пайдалануындағы көлік құралдарын немесе олардың жеке заттарын қайта әкетуді талап етпейді.

Кету

33. Стандарттық ереже
      Кететін жолаушыларға қатысты қолданылатын кедендік формальдылықтар барынша оңайлатылуы тиіс.

34. Стандарттық ереже
      Жолаушыларға қажетті шарттар мен формальдылықтарды сақтау және тиісті әкетілім баждары мен салықтарды төлеу кезінде тауарларды коммерциялық мақсаттар үшін әкетуге рұқсат етіледі.

35. Стандарттық ереже
      Елден кететін резиденттердің сұрауы бойынша кеден қызметі бұл оларды баждар мен салықтарды төлеместен қайта әкелуге ықпал ететін жағдайларда, жекелеген заттарды сәйкестендіру бойынша шаралар қолданады.

36. Стандарттық ереже
      Кеден қызметі ерекше жағдайларда ғана елден кететін резиденттерге тиесілі жеке заттар мен жеке пайдалануындағы көлік құралдарын уақытша әкетуге құжатты талап етеді.

37. Ұсынылатын ереже
      Егер кепіл ақша депозиті нысанында берілген болса, егер осы орган әкелуді жүзеге асырғаннан өзге болса да қайта әкету кеден органында оны қайтару үшін шарттар көзделуі қажет.

Транзиттік жолаушылар

38. Стандарттық ереже
      Транзиттік аймақтан кетпейтін транзиттік жолаушыларға қатысты кедендік бақылау жүргізілмейді. Сонымен қатар кеден қызметіне транзиттік аймақтарда жалпы қадағалауды жүзеге асыруға және кедендік құқық бұзушылықта күдік болған жағдайда кез келген қажетті шаралар қолдануға рұқсат беріледі.

Жолаушыларға қатысты қолданылатын кедендік жеңілдіктер туралы ақпарат

39. Ұсынылатын ереже
      Жолаушыларға қатысты қолданылатын кедендік жеңілдіктер туралы ақпарат бір тілде немесе мүдделі елдің бірнеше ресми тілдерінде және пайдалы деп есептелген кез келген басқа тілде берілуі тиіс.

Арнайы қосымша J
2-тарау

Почта жөнелтілімдері

Ұғымдардың анықтамасы

      Осы Тарауда пайдаланылатын ұғымдар мынаны білдіреді:
Е1./  "CN22/23" - сипаты Дүниежүзілік почта одағының қолданыстағы
Ғ.1   актілерінде қамтылған почта жөнелтілімдері үшін арнайы
      декларация нысандары;

Е2./  "почта жөнелтілімдеріне қатысты кедендік формальдылықтар" -
Ғ.3   мүдделі тарап пен кеден қызметінің почта жөнелтілімдеріне
      қатысты жүзеге асыратын барлық операциялар;

Е3./  "почта жөнелтілімдері" - сипаты Дүниежүзілік почта одағының
Ғ.2   қолданыстағы актілерінде қамтылған, почтаға немесе почтамен
      жөнелтілетін хаттар мен бандерольдер;

Е4./  "почта қызметі" - Дүниежүзілік почта одағының қолданыстағы
Ғ.5   актілерімен реттелетін халықаралық қызмет көрсетуге үкімет
      уәкілеттік берген мемлекеттік немесе жеке орган;

Е5./  "Дүниежүзілік почта одағы" - Берн шартына сәйкес Біріккен почта
Ғ.4   одағы ретінде 1874 жылы құрылған, 1878 жылы Дүниежүзілік почта
      одағы (ДПО) болып өзгертілген және 1948 жылдан бастап БҰҰ-ның
      мамандандырылған мекемесі болып табылатын үкіметаралық ұйым.

Принцип

1. Стандарттық ереже
      Почта жөнелтілімдеріне қатысты кедендік формальдылық осы Тараудың ережелерімен және қолданылатын дәрежесінде - Бас қосымшаның ережелерімен реттеледі.

2. Стандарттық ереже
      Ұлттық заңнама почта жөнелтілімдеріне қатысты кеден рәсіміне байланысты кеден қызметінің және почта қызметінің тиісті жауапкершілігі мен міндеттерін белгілейді.

Почта жөнелтілімдерін ресімдеу

3. Стандарттық ереже
      Почта жөнелтілімдерін ресімдеу қысқа мерзімдерде жүргізіледі.

а) Тауарлардың кедендік мәртебесі
4. Стандарттық ереже
      Тауарларды почта жөнелтілімдерінде әкетуге осы тауарлардың еркін айналыста немесе қандай да бір кедендік режимде орналасқанына қарамастан, рұқсат беріледі.

5. Стандарттық ереже
      Тауарларды почта жөнелтілімдерінде әкелуге осы тауарлардың еркін айналыс үшін шығаруға немесе қандай да бір басқа кедендік режимде орналастыруға арналғанына қарамастан рұқсат беріледі.

б) Кеден қызметіне ұсыну
6. Стандарттық ереже
      Кеден қызметі почта қызметін кедендік бақылау мақсаттары үшін оған ұсынылуға тиіс почта жөнелтілімдері туралы, сондай-ақ мұндай ұсыну тәсілдері туралы хабардар етеді.

7. Стандарттық ереже
      Кеден қызметі егер мұндай жөнелтілімдерде:
      - әкетілуі расталуы қажет тауарлар;
      - әкетуге тыйым салуға немесе шектеулерге жататын не әкетілім баждары мен салықтар салынатын тауарлар;
      - құны ұлттық заңнамамен белгіленген сомадан асатын тауарлар;
      - таңдаулы немесе кездейсоқ тексерулер негізінде кедендік бақылау үшін іріктеп алынған тауарлар болса кедендік бақылау мақсаттары үшін оған әкетілетін почта жөнелтілімдерін ұсынуды талап етпейді.

8. Ұсынылатын ереже
      Кеден қызметі, жалпы ереже ретінде оған әкелінетін почта жөнелтілімдерінің мынадай санаттарын ұсынуды талап етпеуі тиіс:
      а) почта открыткалары мен өте жеке сипаттағы хаттар;
      б) соқырларға арналған әдебиет;
      в) әкелінім баждары мен салықтар салынбайтын баспа басылымдары;

      в) СN22 немесе СN23 нысандарын не тауарлар декларациясын қолдана отырып ресімдеу
9. Стандарттық ереже
      Егер кеден қызметі талап ететін барлық мәліметтер СN22 немесе CN23 нысанында және растайтын құжаттарда қамтылса, мынадай жағдайларды қоспағанда, СN22 немесе CN23 нысаны:
      - тауарлардың құны ұлттық заңнамамен белгіленген сомадан асса;
      - тауарлар тыйым салуға немесе шектеулерге жатқанда не оларға әкетілім баждары мен салықтар салынса;
      - тауарларды әкету расталуға тиіс болса;
      - әкелінетін тауарлар еркін айналыс үшін шығарудан гөрі өзге кедендік режимге орналастыруға арналса, тауарлар декларациясы болып есептеледі.
      Мұндай жағдайларда бөлек тауарлар декларациясы талап етіледі.

Транзиттік почта жөнелтілімдері

10. Стандарттық ереже
      Кедендік формальдылық транзиттік почта жөнелтілімдеріне қолданылмайды.

Баждар мен салықтарды өндіріп алу

11. Стандарттық ереже
      Кеден қызметі почта жөнелтілімдеріндегі тауарларға қатысты баждар мен салықтарды өндіріп алуды мүмкіндігінше барынша оңайлатуға арналған шараларды көздейді.

Арнайы қосымша J
3-тарау

Коммерциялық мақсаттағы көлік құралдары

Ұғымдардың анықтамасы

      Осы Тарауда пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
Е1./  "коммерциялық мақсаттағы көлік құралдарына қолданылатын
Ғ.2   кедендік формальдылықтар" - мүдделі тұлғаның немесе кеден
      қызметінің коммерциялық мақсаттағы көлік құралдарына қатысты
      кедендік аумаққа кірген немесе одан шыққан кезде, сондай-ақ
      олардың кедендік аумақта болған уақытында жүзеге асыратын
      барлық операциялары;

Е2./  "кіру декларациясы" немесе "шығу декларациясы" - тиісінше
Ғ.1   коммерциялық мақсаттағы көлік құралының кірген немесе шыққан
      кезінде осы коммерциялық мақсаттағы көлік құралына жауапты
      тұлғаның жасаған немесе кеден қызметіне ұсынған, және
      коммерциялық мақсаттағы көлік құралы туралы, сондай-ақ оның
      бағыты, жүгі, керек-жарақтары, экипажы және жолаушылары туралы
      қажетті мәліметтерді қамтыған кез келген декларациясы;

Е3./  "коммерциялық мақсаттағы көлік құралдары" - кез келген кеме
Ғ.3   (өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтін лихтерлерді және
      баржаларды, сондай-ақ су асты қанаттары бар кемелерді қоса
      алғанда), ауа жастығындағы кеме, әуе кемесі, автокөлік құралы
      (тіркемелерді, жартылай тіркемелерді және аралас көлік
      құралдарына қоса алғанда) немесе адамдарды ақылы тасымалдау
      үшін не өндірістік немесе олардың кәдімгі қосалқы
      бөлшектерімен, құралдарымен және жабдықтарымен, сондай-ақ олар
      коммерциялық мақсаттағы көлік құралдарымен бірге
      тасымалданғанда, олардың кәдімгі бактарындағы жағар майлармен
      және отынмен бірге тауарларды ақылы немесе тегін өндірістік
      немесе коммерциялық тасымалдау үшін халықаралық тасымалдауларда
      пайдаланылатын теміржол жылжымалы құрамының бірлігі.

Принциптер

1. Стандарттық ереже
      Коммерциялық мақсаттағы көлік құралдарына қолданылатын кедендік формальдылықтар осы Тараудың ережелерімен және қолданылатын дәрежеде - Бас қосымшаның ережелерімен реттеледі.

2. Ұсынылатын ереже
      Коммерциялық мақсаттағы көлік құралдарына қолданылатын кедендік формальдылықтар осы көлік құралдарының тіркелген еліне, олардың меншік иесінің тұратын жеріне, жөнелтуші елге немесе межелі елге қарамастан, тең қолданылуға тиіс.

Коммерциялық мақсаттағы көлік құралдарын уақытша әкелу

3. Ұсынылатын ереже
      Коммерциялық мақсаттағы жүк тиелген немесе бос көлік құралдарын мұндай коммерциялық мақсаттағы тауарларды уақытша әкелу елінің кедендік аумағындағы ішкі тасымалдарда пайдаланбау шартымен, әкелінім баждары мен салықтардан шартты түрде босатыла отырып, кедендік аумаққа уақытша әкелуге рұқсат етілуге тиіс. Олар пайдалану, жағармай мен отынды дағдылы пайдалану, сондай-ақ қажетті жөндеуді жүзеге асыру нәтижесінде табиғи тозудан басқа, ешқандай өзгерістерге ұшырамай қайта әкетуге арналуы тиіс.

4. Стандарттық ереже
      Шетелде тиісті түрде тіркелген коммерциялық мақсаттағы көлік құралдарын уақытша әкелу туралы кепіл немесе құжатты кеден қызметі кедендік бақылау мақсаттары үшін оны елеулі түрде қажет деп есептегенде ғана талап етеді.

5. Стандарттық ереже
      Кеден қызметі коммерциялық мақсаттағы көлік құралдарын қайта әкету үшін мерзімді белгілеген жағдайларда, ол күтілетін кедендік операцияларды жүзеге асырумен байланысты барлық жағдайларды назарына алады.

6. Ұсынылатын ереже
      Мүдделі тұлғаның сұратуы бойынша және кеден қызметі негізді деп таныған себептер бойынша ол бастапқы белгіленген мерзімді ұзартуға міндетті.

Қосалқы бөлшектер мен жабдықтарды уақытша әкелу

7. Ұсынылатын ереже
      Осы коммерциялық мақсаттағы көлік құралдарымен бірге әкелінетін және оның коммерциялық мақсаттағы көлік құралдарынан бөлек пайдаланылуы немесе пайдаланылмауы мүмкін екеніне қарамастан, олармен қайта әкетілу үшін арналатын, жүктерді тиеуге, түсіруге, өңдеуге және қорғауға арналған арнайы жабдықтарды әкелінім баждары мен салықтардан шартты түрде босата отырып, кедендік аумаққа уақытша әкелуге рұқсат берілуі тиіс.

8. Ұсынылатын ереже
      Осыған дейін кедендік аумаққа уақытша әкелінген, коммерциялық мақсаттағы көлік құралының ішіне салынған немесе онда пайдаланылатын бөлшектер мен жабдықтарды ауыстыру мақсатында жөндеу немесе техникалық қызмет көрсету кезінде пайдалануға арналған қосалқы бөлшектер мен жабдықтарды әкелінім баждары мен салықтардан шартты түрде босата отырып, осы аумаққа уақытша әкелуге рұқсат берілуі тиіс.

Кіру

9. Стандарттық ереже
      Егер коммерциялық мақсаттағы көлік құралы кірген кезде кеден қызметіне кіру декларациясының ұсынылуы талап етілсе, осы декларацияда көрсетілуге тиіс ақпарат кеден заңнамасын сақтауды қамтамасыз ету үшін қажетті неғұрлым аз мәліметтермен шектеледі.

10. Стандарттық ереже
      Кеден қызметі оған ұсынылуы тиіс кіру декларациясы даналарының санын мүмкін болғанынша қысқартуға міндетті.

11. Стандарттық ереже
      Коммерциялық мақсаттағы көлік құралдары кіретін елдің шетелдік өкілдерінің коммерциялық мақсаттағы көлік құралдарының кіруімен байланысты кеден қызметіне ұсынылатын немесе берілетін құжаттарды заңдастыруы, растауы, түпнұсқаларын куәландыруы немесе оларды алдын ала қарау талап етілмейді.

Кедендік аумақта тоқтау

12. Стандарттық ереже
      Коммерциялық мақсаттағы көлік құралдары басқа елде аралық аялдамаларда тоқтамастан, кедендік аумақтағы келесі пункттерде тоқтауды жүзеге асырса, қолданылатын кедендік формальдылықтар бұрын қабылданған кедендік бақылау шаралары ескеріле отырып, барынша оңайлатылуы тиіс.

Шығу

13. Стандарттық ереже
      Коммерциялық мақсаттағы көлік құралдарының кедендік аумақтан шығуы кезінде қолданылатын кедендік формальдылықтар:
      а) оның қажет болған кезінде шығу декларациясын уәкілетті кеден органына белгіленген тәртіппен ұсынуын;
      б) қажет жағдайда кедендік пломбаларды салуын;
      в) бақылау мақсаттары үшін бұл қажет болған жағдайларда, кеден қызметінің ұйғарған бағыттары бойынша жүруін; және
      г) коммерциялық мақсаттағы көлік құралдарының рұқсатсыз ұсталмастан шығуын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін шаралармен шектеледі.

14. Ұсынылатын ереже
      Олардың шығу үшін пайдаланылатындығы нақты көрсетілген жағдайда, кеден қызметі шығу декларацияларының нысандарын шығу декларациясы үшін ұйғарылған ұқсас нысандармен бірдей пайдалануға рұқсат беруге міндетті.

15. Стандарттық ереже
      Коммерциялық мақсаттағы көлік құралдарын олардың кіруі жүзеге асырылғаннан өзге кеден органы арқылы кедендік аумақтан шығаруға рұқсат етіледі.

Арнайы қосымша J
4-тарау

Керек-жарақтар

Ұғымдардың анықтамалары

      Осы тарауда пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
Е1./  "тасымалдаушы" - тауарларды тасымалдауды іс жүзінде жүзеге
Ғ.6   асыратын не көлік құралын пайдалануға жауапты болып табылатын
      тұлға;

Е2./  "керек-жарақтарға қолданылатын кедендік формальдылықтар" -
Ғ.1   керек-жарақтарға қатысты мүдделі тұлға және кеден қызметі
      жүзеге асыратын барлық операциялар;

Е3./  "керек-жарақтарға қатысты кедендік рәсім" - барлық берілетін
Ғ.5   жеңілдіктер және керек-жарақтарға қолданылатын барлық кедендік
      формальдылықтар;

Е4/   "керек-жарақтар":
Ғ.2   - тұтынуға арналған керек-жарақтар; және
      - өткізуге арналған керек-жарақтар.

Е5./  "тұтынуға арналған керек-жарақтар":
Ғ.3   - олардың сатылатын немесе сатылмайтынына қарамастан,
      жолаушылардың және экипаж мүшелерінің теңіз (өзен) және әуе
      кемелерінің борттарында пайдалануына арналған тауарлар;
      және
      - келгеннен кейін жолаушыларды ақылы тасымалдау үшін не
      тауарларды ақылы немесе тегін өндірістік не коммерциялық
      тасымалдау үшін халықаралық тасымалдарда пайдаланылатын немесе
      пайдаланылады деп болжанатын теңіз (өзен) және әуе кемелерінің
      бортындағы не поездардағы не олардың кедендік аумақта болуы
      кезінде осы кемелердің борттарына немесе осы поездарға
      жеткізілетін отын және жағар май материалдарын қоса алғанда,
      бірақ қосалқы бөлшектер мен жабдықтарды қоспағанда, теңіз
      (өзен) және әуе кемелерін не поездарды пайдалануға және оларға
      техникалық қызмет көрсетуге арналған қажетті тауарлар;

Е6./  "өткізуге арналған керек-жарақтар" - теңіз (өзен) және әуе
Ғ.4   кемелерінің жолаушылары мен экипаж мүшелерінің әкетуіне сатуға
      арналған, не келгеннен кейін осы кемелердің борттарында
      орналасқан немесе жолаушыларды ақылы тасымалдау үшін не
      тауарларды ақылы немесе тегін өндірістік не коммерциялық
      тасымалдау үшін халықаралық тасымалдарда пайдаланылатын немесе
      пайдалануға болжанатын теңіз (өзен) және әуе кемелерінің
      кедендік аумақта болу кезінде бортқа жеткізілетін тауарлар.

Принциптер

1. Стандарттық ереже
      Керек-жарақтарға қатысты кедендік рәсім осы Тараудың ережелерімен және қолданылатын дәрежеде - Бас қосымшаның ережелерімен реттеледі.

2. Ұсынылатын ереже
      Керек-жарақтарға қатысты кедендік рәсім теңіз (өзен) және әуе кемелерінің не поездардың тіркелген еліне немесе ұлтына қарамастан, бірдей шарттарда қолданылуы тиіс.

Келетін теңіз (өзен) және әуе кемелерінің борттарында және поездарда орналасқан керек-жарақтар

а) Әкелінім баждары мен салықтардан босату
3. Стандарттық ереже
      Олар бортта қалған жағдайда, кедендік аумаққа келетін теңіз (өзен) немесе әуе кемесінің бортында орналасқан жабдықтар әкелінім баждары мен салықтардан босатылады.

4. Ұсынылатын ереже
      Халықаралық экспресс-поездарда тамақ өнімдері ретінде әкелінетін, жолаушылар мен экипаж мүшелерінің тұтынуына арналған керек-жарақтар әкелінім баждары мен салықтардан:
      (а) бұл тауарлар осы халықаралық поезд аумақтарынан өткен елдерде ғана сатып алынған; және
      (б) бұл тауарларға қатысты тиісті баждар мен салықтар олардың сатып алынған елдерінде төленген жағдайда босатылуы тиіс.

5. Стандарттық ереже
      Теңіз (өзен) және әуе кемелерін, сондай-ақ поездарды пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету үшін қажетті, кедендік аумаққа келетін осы көлік құралдарының бортында орналасқан керек-жарақтар әкелінім баждары мен салықтардан олар осы көлік құралдарының кедендік аумақта болуы кезінде аталған кемелердің бортында немесе поезда қалған жағдайда босатылады.

б) құжаттар
6. Стандарттық ереже
      Егер кеден қызметі кедендік аумаққа келетін теңіз (өзен) кемелерінің бортында орналасқан керек-жарақтарға декларацияны талап еткен жағдайда, осы декларацияда көрсетілуі тиіс ақпарат кедендік бақылау үшін қажетті мәліметтердің неғұрлым аздығымен шектелуі тиіс.

7. Ұсынылатын ереже
      Теңіз (өзен) кемесі кедендік аумаққа келген соң кеден қызметіне Ұсынылатын керек-жарақтар декларациясында кеменің бортында орналасқан керек-жарақтардан кеден қызметінің рұқсатымен берілетін керек-жарақтардың саны ескерілуі тиіс; бұл ретте кеден қызметіне осы керек-жарақтарға қатысты жеке нысанды ұсыну міндетті болып табылмайды.

8. Ұсынылатын ереже
      Кеден қызметі талап еткен керек-жарақтар декларациясында олардың кедендік аумақта болу кезінде кемелерге қойылған керек-жарақтардың саны ескерілуі тиіс.

9. Стандарттық ереже
      Кеден қызметі әуе кемелерінің бортында қалатын керек-жарақтарға жеке декларацияны талап етпейді.

в) Тұтынуға арналған керек-жарақтарды беру
10. Стандарттық ереже
      Кеден қызметі теңіз (өзен) кемесінің кедендік аумақта болуы кезінде бортта орналасқан, тұтынуға арналған керек-жарақтарды жолаушылар мен экипаж мүшелерінің санын, сондай-ақ теңіз (өзен) кемесінің кедендік аумақта болу ұзақтығын ескере отырып, кеден қызметі негізді деп танған мөлшерде беруге рұқсат етеді.

11. Ұсынылатын ереже
      Кеден қызметі теңіз (өзен) кемесін докта немесе верфьте жөндеу кезінде бортта орналасқан, экипаж мүшелерінің тұтынуына арналған керек-жарақтарды оның докта немесе верьфте болу ұзақтығы негізді деп танылған жағдайда беруге рұқсат етуі тиіс.

12. Стандарттық ереже
      Әуе кемесі кедендік аумақтағы бір немесе бірнеше әуежайларға жоспарлы қонған жағдайда, кеден қызметі әуе кемесінің мұндай аралық әуежайларда тұрған кезінде және олардың арасында ұшу кезінде бортта орналасқан, тұтынуға арналған керек-жарақтарды беруге рұқсат етуі тиіс.

г) Кедендік бақылау
13. Стандарттық ереже
      Қажет жағдайда керек-жарақтарды мөрлеуді қоса алғанда, кеден қызметі оларды кез келген рұқсатсыз пайдаланудың алдын алу үшін тасымалдаушыдан қажетті шаралар қолдануды талап етеді.

14. Стандарттық ереже
      Кеден қызметі көлік құралдарының кедендік аумақта болуы кезінде керек-жарақтарды басқа жерде сақтау үшін оларды теңіз (өзен) немесе әуе кемесінің бортынан немесе поездан шығаруды, ол бұл шараны қажетті деп санаған жағдайларда ғана талап етеді.

Керек-жарақтарды баждар мен салықтардан босата отырып жеткізу

15. Стандарттық ереже
      Шетелдегі соңғы межелі пунктіне кететін теңіз (өзен) және әуе кемелеріне:
      а) кеден қызметі жолаушылар мен экипаж мүшелерінің санын, рейстің немесе ұшудың ұзақтығын, сондай-ақ бортта осыған дейін болған мұндай керек-жарақтардың санын ескере отырып, негізді деп саналған мөлшердегі керек-жарақтарды; және
      б) негізді деп танылған мөлшерде оларды пайдалануды және техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін, рейс немесе ұшу кезінде пайдалану, және техникалық қызмет көрсету үшін қажетті, сондай-ақ бортта осыған дейін болған мұндай керек-жарақтардың санын ескере отырып, тұтынуға арналған керек-жарақтарды баждар мен салықтардан босата отырып, бортқа қабылдауға рұқсат беріледі.

16. Стандарттық ереже
      Кедендік аумаққа келген және кедендік аумақтағы соңғы межелі пунктіне дейін жүру үшін өз керек-жарақтарын толықтыруды қажет ететін теңіз (өзен) және әуе кемелерімен керек-жарақтарды толықтыруға баждар мен салықтардан босата отырып, жол беріледі.

17. Стандарттық ереже
      Кеден қызметі теңіз (өзен) және әуе кемелеріне олардың кедендік аумақта болу кезінде жеткізілген, тұтынуға арналған керек-жарақтарды олардың келген кезінде теңіз (өзен) және әуе кемелерінде осыған дейін орналасқан, тұтынуға арналған керек-жарақтарға осы Тарауда қолданылатын шарттармен беруге рұқсат етеді.

Кету

18. Ұсынылатын ереже
      Теңіз (өзен) кемесі кедендік аумақтан кеткен кезде жабдықтарға декларация талап етілмейді.

19. Стандарттық ереже
      Егер кеден қызметі кедендік аумақтан кететін теңіз (өзен) немесе әуе кемелерінің бортына тиелген керек-жарақтарға декларацияны талап еткен жағдайда, осы декларацияда көрсетілуі тиіс ақпарат кедендік бақылау үшін қажетті мәліметтердің барынша аздығымен шектеледі.

Керек-жарақтармен жасалатын басқа да операциялар

20. Стандарттық ереже
      Кедендік аумаққа келген теңіз (өзен) және әуе кемелерінің бортында, сондай-ақ поездарда орналасқан керек-жарақтарды:
      а) егер әрбір жағдайда қолданылатын шарттар мен формальдылықтар сақталса, кедендік аумақта еркін айналыс үшін шығаруға немесе басқа кедендік режимге орналастыруға; немесе
      б) кеден қызметінің алдын ала рұқсатымен тиісінше басқа халықаралық тасымалдарда пайдаланылатын теңіз (өзен) және әуе кемелеріне немесе поездарға қайта тиеуге рұқсат беріледі.

Арнайы қосымша J
5-тарау

Көмек жүктері

Ұғымдардың анықтамасы

      Осы Тарауда пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
Е1./  "көмек жүктері" -
Ғ.1    автомобильдерді және басқа да көлік құралдарын, тамақ өнімдері,
      дәрі-дәрмектерді, киімдерді, көрпелерді, шатырларды, жиналатын
      үйлерді, суды тазарту және сақтауға арналған құрылғыларды, не
      бірінші қажеттіліктегі басқа да тауарларды қоса алғанда, табиғи
      зілзаладан зардап шеккендерге көмек түрінде жіберілетін
      тауарлар; және
      табиғи зілзаланың зардаптарын жою жөніндегі қызметкерлер
      құрамына арналған, өз миссиясының барлық мерзімі ішінде
      міндеттерін атқару, олардың табиғи зілзала аумағында тұру және
      жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті барлық жабдықтар,
      автомобильдер және басқа да көлік құралдары, арнайы үйретілген
      жануарлар, тағам өнімдері, керек-жарақтар, жеке нәрселер және
      өзге тауарлар.

Принциптер

1. Стандарттық ереже
      Жәрдем жүктерін кедендік ресімдеу осы Тараудың ережелерімен және қолданылатын дәрежеде - Бас Қосымшаның ережелерімен реттеледі.

2. Стандарттық ереже
      Жәрдем жүктерін әкету, оның транзиті, оларды уақытша әкелу және әкелу үшін кедендік ресімдеу басым тәртіппен жүзеге асырылуы тиіс.

Қолданылу саласы

3. Стандарттық ереже
      Жәрдем жүктеріне қатысты кеден қызметі:
      - декларацияны белгілі бір мерзім ішінде толтыру шартымен, тауарларға оңайлатылған декларацияны не тауарларға уақытша немесе толық емес декларацияны беруді;
      - тауарлар келгенге дейін тауарларға декларацияны және ілеспе құжаттарды беруді, тіркеуді немесе тексеруді және оларды келген кезде шығаруды;
      - осымен байланысты барлық алымдардан босата отырып, кеден органдарының жұмыс уақытына тыс немесе орналасқан жерінен тыс кедендік ресімдеуді; және
      - айрықша жағдайлар кезінде ғана тауарларды қарау және/немесе үлгілері мен сынамаларын алуды көздейді.

4. Ұсынылатын ереже
      Жәрдем жүктерін кедендік ресімдеу шығарушы, жөнелтуші немесе межелі еліне қарамастан, жүзеге асырылуы тиіс.

5. Ұсынылатын ереже
      Жәрдем жүктеріне қатысты экономикалық сипаттағы әкетуге тыйымдар немесе шектеулер, сондай-ақ басқа жағдайларда төлеуге жататын әкетілім баждары мен салықтар қолданылмауы тиіс.

6. Ұсынылатын ереже
      Уәкілетті ұйымдар сыйға алған және осы ұйымдардың немесе олардың бақылауымен пайдалануға, не олардың немесе олардың бақылауымен тегін таратуға арналған жәрдем жүктері әкелінім баждары мен салықтарсыз қабылдануы және экономикалық сипаттағы әкелуге тыйымдар немесе шектеулерден босатылуы тиіс.

Арнайы қосымша K
1-тарау

Тауарлардың шығуын анықтау ережелері

Анықтамалар

      Осы Тараудың мақсаттары үшін:
Е1./  "тауарлардың шығарылған елі" термині осы тауарлар Кедендік
Ғ.2   тарифті қолдану мақсаттары үшін белгіленген өлшемдерге,
      мөлшерлік шектеулерге немесе кез келген басқа да салалық
      нормаларға сәйкес өндірілген немесе дайындалған елді білдіреді;
(D1,а)
Е2./  "тауарлардың шығуын анықтау ережелері" термині тауарлардың
Ғ.3   шығуын анықтау үшін сол немесе өзге ел қолданатын ұлттық
       заңнамамен немесе халықаралық келісімдермен (мәтін бойынша
      бұдан әрі - "тауарлардың шығуын анықтау өлшемдері") белгіленген
      принциптер негізінде әзірленген нақты ережелерді білдіреді;
(D1,b)
Е3./  "елеулі қайта өңдеу өлшемдері" термині оған сәйкес тауарлардың
Ғ.1   шығуын анықтау кезінде мұндай тауарларды өндіру немесе қайта
       өңдеу бойынша оларға негізгі сипаттамаларды беру үшін
      жеткілікті деп танылған уақытына қарай соңғы елеулі операция
      орындалған ел олардың шығарылған елі болып есептелетін
      өлшемдерді білдіреді.
(D1,с)

Принцип

1. Стандарттық ереже
      Тауарларды әкелу және әкету кезінде Кеден қолдануға міндетті шараларды жүзеге асыру үшін қажетті тауарлардың шығуын анықтау ережелері осы Тараудың ережелеріне және қолданылатын дәрежеде - Жалпы қосымшаның ережелеріне сәйкес белгіленеді.
(D,1)

Тауарлардың шығуын анықтау ережелері

2. Стандарттық ереже
      Белгілі бір елде толығымен өндірілген тауарлар осы елде шығарылған жері бар ретінде қарастырылады. Белгілі бір елде толығымен өндірілген тауарлар мынадай өлшемдерді ғана қамтуы мүмкін:
      (а) осы елдің жер қойнауларынан, аумақтық суларынан немесе оның теңіз түбінен шығарылған пайдалы қазбалар;
      (b) осы елде өсірілген немесе жиналған өсімдік тектес өнім;
      (с) осы елде туған және өсірілген жануарлар;
      (d) осы елде жануарлардан алынған өнім;
      (е) осы елдегі аңшылық немесе балық аулау кәсіпшілігінің өнімі;
      (f) осы елдің теңіз балық аулау кәсіпшілігінің өнімі және кеме кәсіпшілігінің нәтижесінде алынған басқа да теңіз өнімі;
      (g) осы елдің балықты қайта өңдеуші кемесінің бортында жоғарыдағы (f) тармағында аталған өнімдердің түрлерінен ғана алынған өнім;
      (h) аталған елдің мұндай теңіз түбін немесе жер қойнауын игеруге эксклюзивті құқықтары болған жағдайда, осы елдің аумақтық суларының тысқары жердегі теңіз түбінен немесе жер қойнауынан алынған өнім;
      (ij) осы елде жиналған және шикізатты қайта өңдеу үшін ғана жарамды өндірістік және қайта өңдеу сынықтары мен қалдықтары, сондай-ақ пайдалануда болған бұйымдар;
      (k) осы елде жоғарыдағы (а)-(ij) тармақтарында көрсетілген өнімдерден ғана дайындалған тауарлар.
(1) (D1,2)

3. Ұсынылатын ереже
      Тауарларды өндіру кемінде екі елдің қатысуы кезінде жүзеге асырылған жағдайларда, осы тауарлардың шығуы елеулі қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес анықталуы тиіс.
(D1,3)

4. Ұсынылатын ереже
      Елеулі қайта өңдеу өлшемдерін қолданған кезде Тауарларды сипаттау мен кодтаудың үйлестірілген жүйесі туралы халықаралық конвенцияны пайдалану қажет.
(D1,4)

5. Ұсынылатын ереже
      Елеулі қайта өңдеу өлшемдері тауарлардың жалпы құнына проценттік қатынаста көрінген жағдайларда ескерілуі қажет құнның мәндері мыналарды қамтиды:
      - әкелінетін материалдармен болған жағдайда - әкелу кезінде баж салынатын баға, не шығуы анықталмаған материалдармен болған жағдайда, - олар дайындалған елдің аумағында олар үшін төленген, алғашқы құжатпен расталған баға; және
      - өндірілген тауарлармен болған жағдайда - франко-завод бағасы немесе ұлттық заңнаманың ережелеріне сәйкес әкету кезіндегі баға.
(D1,5)

6. Ұсынылатын ереже
      Тауарлардың негізгі сипатамаларын немесе қасиеттерін алуды қамтамасыз етпейтін не оларды шамалы ғана дәрежеде қамтамасыз ететін, және, атап айтқанда, төменде аталған тізім ішіндегі бір немесе бірнеше операцияларды қамтитын операциялар тауарларды өндіру немесе қайта өңдеу бойынша елеулі операциялар ретінде қарастырылмауы тиіс:
      (а) тасымалдау немесе сақтау кезінде тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті операциялар;
      (b) сусымалы жүктерді бөлшектеуді, орамаларды топтауды, сұрыптауды және жіктеуді, қайта орауды қамтитын, тауарларды орауды немесе олардың коммерциялық жарамдылығын жақсарту немесе оларды тасымалдауға дайындау жөніндегі операциялар;
      (с) қарапайым жинақтау операциялары;
      (d) алынған өнімнің сипаттамалары араластырылатын тауарлардың сипаттамаларынан негізінен ерекшеленбеген жағдайда, әр тектес тауарларды араластыру.
(D1,6)

Тауарлардың шығуын анықтаудың ерекше жағдайлары

7. Ұсынылатын ереже
      Машиналарда, құрылғыларда, агрегаттарда немесе көлік құралдарында пайдаланылатын керек-жарақтардың, қосалқы бөлшектердің және құрал-саймандардың шығуы оларды аталған машиналармен, құрылғылармен, агрегаттармен немесе құралдармен жиынтықта әкелу мен сату және олардың әдетте пайдаланылатын керек-жарақтарға, қосалқы бөлшектерге және құрал-саймандарға жинақтылығы мен саны бойынша сәйкес келу шартымен, аталған машиналардікіндей болып есептелуі тиіс.
(D1,7)

8. Ұсынылатын ереже
      Көлік немесе өндірістік сипаттағы себептер бойынша оны бір тауар легімен әкелу тиімсіз болғандықтан, кемінде екі тауар легімен әкелінетін, құрастырылмаған немесе бөлшектелген тауар бұйымдары импорттаушының сұратуы бойынша оның шығуын анықтау мақсаттары үшін бір бұйым ретінде қарастырылуы тиіс.
(D1,8)

9. Ұсынылатын ереже
      Кедендік тарифті ұстау үшін әкелу елінің ұлттық заңнамасында олардың жеке декларациялануы көзделген жағдайларды қоспағанда, шығуын анықтау мақсаттары үшін орамалардың шығуы олардың ішіндегі тауарлардікіндей болып есептелуі тиіс. Бұл жағдайда орамалардың шығуы тауарлардың шығуынан бөлек анықталуы тиіс.
(D1,9)

10. Ұсынылатын ереже
      Тауарлардың шығуын анықтау мақсаттары үшін орамалардың шығуы тауарлардікіндей болып есептелген жағдайларда, әсіресе, проценттік арақатынасты анықтау әдісі қолданылған жағдайларда, бөлшек сауда кәсіпорындары әдетте осы тауарларды өткізетін орамаларды ғана ескеру қажет.
(D1,10)

11. Стандарттық ереже
      Тауарлардың шығуын анықтау мақсаттары үшін тауарларды өндіру немесе қайта өңдеу үшін пайдаланылатын энергияның, машиналардың және құрал-саймандардың шығуы ескерілмейді.
(D1,11)

Тура тасымалдау ережесі

12. Ұсынылатын ереже
      Тауарларды шығарылған елінен тікелей тасымалдаудың белгіленген ережесі болған жағдайларда, олардан бас тартуға рұқсат беріледі. Мұндай бас тартулар географиялық себептер бойынша (мысалы, барлық жақтары құрлықпен қоршалған елдермен болған жағдайда), сондай-ақ үшінші елдердегі Кедендік бақылаудағы тауарлармен болған жағдайда (мысалы, жәрмеңкелерде немесе көрмелерде көрсетілетін немесе Кедендік қоймаларға орналастырылған тауарлармен болған жағдайда) мүмкін.
(D1,12)

Тауарлардың шығуын анықтау ережелері туралы ақпарат

13. Стандарттық ереже
      Тауарлардың шығуын анықтау ережелеріндегі немесе оларды қолдану тәртібіндегі өзгерістер мүдделі тұлғаларға экспорттық рыноктарда да, тауарларды жеткізуші елдерде де жаңа ережелермен танысуға мүмкіндік беретін тиісті хабарламаларды жібергеннен кейін күшіне енеді.
(D1,14)

Арнайы қосымша K
2-тарау

Тауарлардың шығуын растайтын құжаттар

Анықтамалар

      Осы Тараудың мақсаттары үшін:
Е17   "тауардың шығуы туралы куәлік" термині тауарлардың сипаты
Ғ.1   берілген арнайы бланкіні білдіреді, онда аталған бланкіні
      беруге уәкілетті мемлекеттік ұйым немесе орган көрсетілген
      куәлік ресімделген тауарлардың белгілі бір елде шығу орны бар
      екенін куәландырады. бұл куәлік дайындаушының, өндірушінің,
      жеткізушінің, экспорттаушының немесе өзге де құзыретті
      тұлғаның декларациясын да қамтуы мүмкін;
(D2,b)
E2./  "тауарлардың шығуы туралы куәландырылған декларация" термині
Ғ.2    тиісті өкілеттіктер берілген мемлекеттік ұйымдар мен орган
      куәландыратын "тауарлардың шығуы туралы декларацияны"
      білдіреді;
(D2,с)
E3./  "тауарлардың шығуы туралы декларация" термині олардың
Ғ.4    әкетілуімен байланысты әзірлеушінің, өндірушінің, жеткізушінің,
      экспорттаушының немесе өзге де құзыретті тұлғаның коммерциялық
      шотта немесе аталған тауарларға қатысы бар кез келген басқа да
      құжатта жасаған тауарлардың шығуы туралы барабар өтінішін
      білдіреді;
(D2,d)
Е4./  "тауарлардың шығуын растайтын құжат" термині тауарлардың шығуы
Ғ.5   туралы куәлікті, тауарлардың шығуы туралы куәландырылған
      декларацияны немесе тауарлардың шығуы туралы декларацияны
      білдіреді;
(D2,а)
Е5./  "аймақтық атау туралы куәлік" термині мемлекеттік ұйымдармен
Ғ.3    немесе уәкілетті органмен белгіленген ережелереге сәйкес
       ресімделген, онда сипатталған тауарлардың нақты аймақ үшін
      (мысалы, шампан, портвейн, пармезан ірімшігі) сипатты
      анықтамаға жауап беретіндігін растайтын куәлікті білдіреді.
(D2,е)

Принцип

1. Стандарттық ереже
      Тауарлардың шығуын растайтын кұжаттарға берілетін сұратуларды ресімдеу, мұндай құжаттарды жасау және беру осы Тараудың ережелерімен және қолданылатын дәрежеде Жалпы қосымшаның ережелерімен реттеледі.
(D2,1)

Тауарлардың шығуын растайтын құжаттарға берілетін сұрау салуларды ресімдеу

2. Ұсынылатын ереже
      Тауарлардың шығуын растайтын құжаттарды беру бұл бір жақты тәртіппен не екі жақты немесе көп жақты келісімдерге сәйкес қолданылатын жеңілдетілген Кедендік баждарды, экономикалық немесе сауда сипатындағы шараларды, не халық денсаулығын немесе қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында қолданылатын шараларды қолдану үшін қажет болған жағдайларда ғана міндетті болып табылады.
(D2,2)

3. Ұсынылатын ереже
      Тауарлардың шығуын растайтын құжаттарды беру тауарлардың мынадай санаттары үшін міндетті болып табылмайды:
      (а) осы әкелінетін тауарлардың коммерциялық емес сипаты болған, ал олардың жиынтық құны 100 АҚШ долларынан кем емес сомадан аспаған жағдайда, жеке тұлғалардың мекен-жайына ұсақ тауар легімен жіберілетін немесе жеке тұлғалардың багажында өткізілетін тауарлар;
      (b) құнының жиынтығы кемінде 60 АҚШ долларын құрайтын сомадан аспайтын коммерциялық мақсаттағы тауарлардың легі;
      (с) уақытша әкелу объектісі болып табылатын тауарлар;
      (d) Кедендік транзит режимінде өткізілетін тауарлар;
      (е) аймақтық атау туралы куәлікпен жабдықталған тауарлар, сондай-ақ екі жақты немесе көп жақты келісімдерге сәйкес жеткізуші елдердің сақтауына жататын осы тауарларға қатысты шарттар олардың шығуын растайтын құжаттарды беруді талап етпеген жағдайларда, белгілі бір тауарлар.
(D2,3)

4. Ұсынылатын ереже
      Тауарлардың шығуын растайтын құжаттарды беру қажеттілігін айқындайтын ережелер бір жақты тәртіппен белгіленген жағдайларда, шаруашылық және коммерциялық қызметтің олар енгізілген шарттарындағы өзгерістер саласында олардың барабарлық дәрежесі анықталуы үшін олар үш жылда кемінде бір рет қайта қаралуы тиіс.
(D2,4)

5. Ұсынылатын ереже
      Осы тауарлардың шығарылған елінің құзыретті органдарының тауарларды шығуын растайтын құжаттарды беруі әкелу елінің Кеденінде алаяқтықтағы сезік үшін негіздеме болған жағдайларда ғана міндетті болып табылады.
(D2,5)

Қолдану тәсілдері және тауарлардың шығуын растайтын құжаттардың әр түрлі нысандары

(а) Тауарлардың шығуы туралы куәлік
Нысаны және мазмұны
6. Ұсынылатын ереже
      Тауарлардың шығуы туралы қолданыстағы бланкілерді қайта қарау немесе жаңа бланкілерді әзірлеу кезінде Уағдаласушы Тараптар II Қосымшадағы Ескертпелерге сәйкес және III Қосымшадағы Ережелерді ескере отырып, осы Тарауға I Қосымшада келтірілген үлгіні пайдалануға міндетті. Осы Тарауға I Қосымшада келтірілген үлгіге сәйкес тауарлардың шығуы туралы куәліктің өз бланкілерін ресімдеген Уағдаласушы тараптар бұл туралы Кеңестің Бас хатшысын хабардар етуге міндетті.
(D2,6)

Пайдаланылатын тілдер

7. Ұсынылатын ереже
      Тауарлардың шығуы туралы куәліктің бланкілері әкету елінің тілінде (тілдерінде), және, егер ағылшын да, француз да тілдері осы елдің тілдері болып табылмаған жағдайда, ағылшын немесе француз тілдерінде де басылуы тиіс.
(D2,7)

8. Ұсынылатын ереже
      Тауарлардың шығуы туралы куәлік әкелу елінің тілі болып табылмайтын тілде ресімделген жағдайларда, осы елдің Кедені, әдетте, тауарлардың шығуы туралы куәлікте келтірілген мәліметтердің аудармасын талап етпеуі тиіс.
(D2,8)

Тауарлардың шығуы туралы куәлікті беруге уәкілетті мемлекеттік ұйымдар мен басқа да органдар

9. Стандарттық ереже
      Осы Тараудың ережелерін сақтауға міндеттенген Уағдаласушы тараптар тауарлардың шығуы туралы куәлікті беруге уәкілетті мемлекеттік ұйымдарды немесе органдарды көрсетуі, міндеттеме туралы өз хабарламасында немесе одан әрі осы Тараудың ережелерін сақтауы тиіс.
(D2,9)

10. Ұсынылатын ереже
      Тауарлар олардың шығарылған елінен тікелей әкелу объектісі болып табылмаған, ал үшінші елдің аумағы арқылы жіберілетін жағдайларда, олардың шығарылған елінде бұрын берілген, көрсетілген тауарлардың шығуы туралы куәліктердің негізінде аталған үшінші елде мұндай куәліктерді беруге уәкілетті мемлекеттік ұйымдардың немесе органдардың осы тауарлардың шығуы туралы куәліктерді ресімдеуіне рұқсат берілуі тиіс.
(D2,10)

11. Ұсынылатын ереже
      Тауарлардың шығуы туралы куәліктерді беруге уәкілетті мемлекеттік ұйымдар немесе органдар тауарлардың шығуы туралы өздері берген куәліктерге берілген өтініштерді немесе аталған куәліктердің бақылау даналарын кемінде екі жыл ішінде сақтауға міндетті.
(D2,11)

(b) Тауарлардың шығуы туралы куәліктерден ерекшеленетін, тауарлардың шығуын растайтын құжаттар
12. Ұсынылатын ереже
      Тауарлардың шығуын растайтын құжаттарды беру міндетті болып табылған жағдайларда, тауарлардың шығуы туралы декларация тауарлардың мынадай санаттарына:
      (а) осы әкелінетін тауарлардың коммерциялық емес сипаты бар болған, ал олардың жиынтық құны 500 АҚШ долларынан кем емес сомадан аспаған жағдайда, жекеше тұлғалардың мекен-жайына ұсақ тауар легімен жіберілетін немесе жеке тұлғалардың багажында өткізілетін тауарларға;
      (b) құнының жиынтығы кемінде 300 АҚШ долларын құрайтын сомадан аспайтын коммерциялық мақсаттағы тауарлардың легіне қатысты қолданылуы тиіс.
      (а) немесе (b) тармақтарында аталған тауарлардың бірнеше легі бір уақытта, бір тәсілмен, бір тауар алушыға, бір тауар жөнелтушімен жөнелтілген жағдайларда, олардың жиынтық құны осы тауарлар легінің жалпы құнына тең қабылданады.
(D2,12)

Санкциялар

13. Стандарттық ереже
      Тауарлардың шығуын растайтын құжатты алу мақсатында дұрыс емес ақпарат қамтылған құжатты дайындайтын, немесе мұндай құжатты дайындауды ұйымдастыратын кез келген тұлғаға қатысты санкцияларды қолдану үшін жағдайлар көзделуі қажет.
(D2,13)

K арнайы қосымшасының 
2-тарауына I қосымша 

1. Тауар жөнелтуші                       2. Нөмірі
(атауы, мекенжайы, елі)
                                          ТАУАРДЫҢ ШЫҒУЫ ТУРАЛЫ
                                          КУӘЛІК

3. Тауар алушы                           6. Салмағы бруто   7.
(атауы, мекенжайы, елі)

4. Көлік туралы ақпарат
(қажет болған кезде)
5. Белгілер мен нөмірлер: орамалардың
саны мен түрі: Тауарлардың сипаты

8. Басқа да ақпарат                      Осымен жоғарыда аталған
                                         тауарлардың шығарылған елі:
                                         ___________________________
                                         болып табылатындығы
                                         куәландырылады.

                                         КУӘЛАНДЫРАТЫН ОРГАН

                                         ___________________________
                                         Берілген жері және күні

Мөртабан                                 ___________________________
                                         Уәкілетті тұлғаның қолы

K арнайы қосымшасының 
2-тарауына II қосымша 

Ескертулер

      1. Куәлік Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым (МОС) (310 х 297 мм, 8,27 х 11, 69 дюйм) әзірлеген А4 форматындағы халықаралық үлгідегі бланкіде ресімделген болуы тиіс. Бланкінің жоғарғы жиегі 10 мм және тігу үшін қалдырылған сол жақ жиегі 20 мм болуы тиіс. Аралық биіктігі еселік 4,24 мм (1/6 дюйм), ал аралық ені - еселік 2,54 мм (1/10 дюйм) болуы тиіс. Материалды құрастыру Еуропаға арналған Еуропа комиссиясының I Қосымшада берілген (ЕЕК) тұрпатты үлгісіне сәйкес келуі тиіс. Егер олар бланкіні ресімдейтін елдегі ерекше жағдайлардан, мысалы, метрлік жүйеден өзгешеленетін шаралар жүйелерінің болуынан елдегі құжаттарды және ресімдеудің қолданыстағы біркелкі жүйесінің ерекшеліктерінен және тағы басқалардан туындайтын болса, стандарттық өлшемнен шамалы ауытқуларға жол беріледі.
      2. Тауарлардың шығуы туралы куәліктерге сұратуларды ресімдеуді қамтамасыз ету қажет болған жағдайларда, оларды бір уақытта ресімдеу үшін сұратудың бланкісі мен куәліктің бланкісі бір-біріне сәйкес келуі тиіс.
      3. Елдер бланкілерді дайындау үшін бір шаршы метр қағаз салмағының стандарттарын белгілеуі және жасандылықты болдырмау үшін оған арнайы белгілер қоюы мүмкін.
      4. Пайдаланушылардың мәліметі үшін тауарлардың шығуы туралы куәлікті ресімдеу ережелері куәліктің келесі жағына басылуы мүмкін.
      5. Өзара әкімшілік жәрдем көрсету туралы келісімге сәйкес тексеру жүргізуге сұратулар өткен күнмен берілген жағдайларда тиісті белгілер үшін куәліктің келесі жағында қалуы мүмкін.
      6. тұрпатты бланкінің бағандары бойынша ескертулер төменде келтірілген:
N1 баған: "экспорттаушы" термині "тауарды жөнелтуші", "өндіруші",
          "жеткізуші" және т.б. терминдеріне ауыстырылуы мүмкін.
N2 баған: Тауарлардың шығуы туралы куәлік жалғыз түпнұсқалық данада
          ғана ресімделуі тиіс, бұл жағдайда, құжат атауының жанында
          "Түпнұсқа" деген сөз көрсетіледі. Егер тауарлардың шығуы
          туралы куәлік оның жоғалған түпнұсқасының орнына берілсе,
          жаңа куәлікте атаудың жанында "Телқұжат" деген сөз
          көрсетіледі. Куәліктің түпнұсқасының немесе телқұжаттың
          көшірмелерінде, атаудың жанында "көшірме" деген сөз
          көрсетіледі.
          Осы баған куәлікті беретін мемлекеттік ұйымның атауын
          (логотип, эмблема және т.б.) көрсетуге де арналған, және
          ресми сипаттағы басқа да мәліметтерді енгізу үшін орынды
          қамтуы тиіс.
N3 баған: Осы бағанда көрсетілетін мәліметтер "сұратылсын" деген
          жазбамен ауыстырылуы мүмкін және межелі ел көрсетілуі
          ықтимал.
N4 баған: Осы баған көлік құралы, бағдары және т.б. туралы қосымша
          ақпаратты енгізу үшін пайдаланылуы мүмкін, олар мысалы,
          куәлікті ресімдейтін мемлекеттік органның қарауы бойынша
          көрсетілуі мүмкін.
N5 баған: Егер "Бұйымның нөмірін" көрсету қажет болса, ол
          мүмкіндігінше бағанның жиектерінде немесе бағанның әрбір
          жолының басында көрсетілуі мүмкін. "Белгілер мен нөмірлер"
          бағанасы "Орамалардың саны мен түрі" және "Тауарлардың
          сипаты" бағаншаларынан тік сызықпен бөлініп тұруы мүмкін.
          мұндай сызық болмағанда бұл мәліметтер тиісті
          жоларалықтармен бөлінуі тиіс. Тауарлардың сипаты,
          мүмкіндігінше бағананың оң жақ бөлігінде Тауарлардың
          номенклатурасы туралы Брюссель конвенциясының қолданылатын
          тармағының нөміріне сілтемемен толықтырылуы мүмкін.
          Тауарлардың шығуын анықтау өлшемдері туралы мәліметтер
          қажеттілік кезінде осы бағанда көрсетілуі және басқа
          ақпараттан тік сызықпен бөлініп тұруы тиіс.
N6 баған: Әдетте, брутто салмағын көрсету (1) тауарларды
          бірдейлендіру үшін жеткілікті болуы тиіс.
N7 баған: Осы баған толтырылмайды және кез келген қосымша
          мәліметтерді енгізуге, талап етілуі мүмкін, мысалы
          габариттер, немесе басқа құжаттарға сілтемелер жасауға
          (мысалы, коммерциялық шоттар) арналған.
NN6       Экспорттаушы тауарларды бірдейлендіруге жәрдем беру үшін
және 7    көрсетуі мүмкін басқа да сандық көрсеткіштер жағдайларға
бағандар: байланысты 6-бағанда немесе 7-бағанда келтіріледі.
N8 баған: Осы баған уәкілетті органның куәлікті куәландыруы туралы
          мәліметтер (куәландыратын жазбалар, мөртаңбалар,
          қолтаңбалар, берілген күні мен орны және т.б.) үшін
          қалдырылады. Нақты тұжырымдар және т.б. куәлікті
          ресімдейтін мемлекеттік ұйымның қарауына қалдырылады.
          Тұрпатты бланкіде пайдаланылатын тұжырымдар үлгі ретінде
          ғана келтіріледі. Осы баған экспорттаушының (не
          жеткізушінің не дайындаушының) жазбаша өтініші үшін де
          пайдаланылуы мүмкін.

ЕСКЕРТУЛЕР

(1) Брутто салмағы, әдетте, жүктерді тасымалдау мақсаттары үшін көрсетіледі және стандарттық құжаттаманың пакетіне кіретін және тауарлардың шығуы туралы куәлікпен бір уақытта ресімдеуге жататын басқа құжаттарда да кездеседі. Алайда, кейбір жағдайларда, әсіресе, егер тауарларды тасымалдау процесінде олардың салмағының өзгеру ықтималдығы бар болса, аталған куәлік ресімделген жүк легін бірдейлендіру үшін тауарлардың шығуы туралы куәлікке қосымша мәліметтерді енгізуде қажеттілік тууы/пайда болуы мүмкін. Бұл мәліметтер (габариттер, нетто салмағы және т.б.) 7-бағанда немесе 6-бағанда көрсетілуі мүмкін.

K арнайы қосымшасының 
2-тарауына III қосымша

Тауарлардың шығуы туралы куәліктерді ресімдеу ережелері (1)

      Тауарлардың шығуы туралы куәлікті ресімдеу (және қажеттілік кезінде мұндай куәліктерді ресімдеуге сұратулар) ережелері жоғарыда келтірілген Ескертулер тиісті деңгейде ескеріле отырып, ұлттық мемлекеттік органдардың қарауы бойынша белгіленеді. Сонымен қатар, атап айтқанда, мынадай ережелерді сақтауды қамтамасыз ету қажеттілігі туындауы мүмкін:
      1. Бланкілер кез келген тәсілмен толтырылуы мүмкін, бұл ретте жазулар өшірілмейтін және анық болуы тиіс.
      2. Куәліктерде (немесе сұратуларда) белгілерге немесе түзетулерге жол берілмейді. Өзгерістерді енгізу үшін алдымен дұрыс емес мәліметтерді сызып тастау және сосын қажетті толықтыруларды енгізу қажет. Мұндай өзгерістерді оларды енгізген адам бекітуі және тиісті мемлекеттік ұйым немесе орган куәландыруы тиіс.
      3. Оларға кейінгі толықтыруларды енгізуге жол бермеу үшін толтырылмаған бағандарда сызықша қойылуы қажет.
      4. Егер бұл сыртқы сауда операцияларының талаптарымен қойылған болса, түпнұсқаға қосымша ретінде бір немесе бірнеше дана ресімделуі мүмкін.

ЕСКЕРТУЛЕР

(1) Пайдаланушылардың жекелеген санаттарына қатысты қолданылатын ережелер куәлік түпнұсқасының келесі жағына басылуы мүмкін.

Арнайы қосымша K
3-тарау

Тауарлардың шығуын растайтын құжаттарды тексеру

Анықтамалар

      Осы Тарау мақсаттары үшін:
Е1./  "тауардың шығуы туралы куәлік" термині тауарлардың сипаты
F.1    берілген арнайы бланкіні білдіреді, онда аталған бланкіні
      беруге уәкілетті мемлекеттік ұйым немесе орган көрсетілген
      куәлік ресімделген тауарлардың белгілі бір елде шығу орны бар
      екенін сөзсіз куәландырады. Бұл куәлік дайындаушының,
      өндірушінің, жеткізушінің, экспорттаушының немесе өзге де
      құзыретті тұлғаның декларациясын да қамтуы мүмкін;
(D3,b)
Е2./  "тауарлардың шығуы туралы куәландырылған декларация" термині
F.2    тиісті уәкілеттіктер берілген мемлекеттік ұйым немесе орган
      растаған "тауарлардың шығуы туралы декларацияны" білдіреді;
(D3,с)
Е3./  "тауарлардың шығуы туралы декларация" термині олардың
Ғ.3   әкетілуімен байланысты әзірлеушінің, өндірушінің, жеткізушінің,
      экспорттаушының немесе өзге де құзыретті тұлғаның коммерциялық
      шотта немесе аталған тауарларға қатысы бар кез келген басқа да
      құжатта жасаған тауарлардың шығуы туралы барабар өтінішін
      білдіреді;
(D3,d)
Е2./  "тауарлардың шығуын растайтын құжат" термині тауарлардың
Ғ.2   шығуы туралы куәлікті, тауарлардың шығуы туралы
      куәландырылған декларацияны немесе тауарлардың шығуы туралы
      декларацияны білдіреді;
(D3,а)

Принцип

1. Стандарттық ереже
      Тауарлардың шығуын растайтын құжаттарды тексеруде әкімшілік жәрдем беру тәртібі осы Тараудың ережелерімен және қолданылатын дәрежеде Жалпы қосымшаның ережелерімен реттеледі.
(D3,1)

Өзаралық принципі

2. Стандарттық ереже
      Тексеру жүргізуге сұратуды алған Уағдаласушы тараптың құзыретті мемлекеттік ұйымы, егер Уағдаласушы тараптар орындарын ауыстырған жағдайда осы сұратуды жіберген Уағдаласушы тараптың құзыретті мемлекеттік ұйымы мұндай жәрдем беруге қабілетсіз болып шықса, оны орындауға міндетті емес.
(D3,2)

3. Ұсынылатын ереже
      Осы Тараудың ережелерін сақтауға міндеттенген Уағдаласушы тараптың Кеден әкімшілігі осы Тараудың ережелерін сақтауға міндеттенген Уағдаласушы тараптың құзыретті мемлекеттік органына, және тауарлардың шығуын растайтын құжат ресімделген аумақта мынадай жағдайларда:
      (а) егер құжаттың түпнұсқасына күмәнданатын негіз жеткілікті болса;
      (b) егер аталған құжатта келтірілген мәліметтердің дұрыстығына күмәнданатын негіз жеткілікті болса;
      (с) таңдаулы тексеру жүргізу үшін осы құжатқа тексеру жүргізуге сұратумен жүгінуі мүмкін.
(D3,3)

4. Стандарттық ереже
      Жоғарыдағы 3 (с) Ұсынылған әдісте көзделген таңдаулы тексерулерді жүргізуге сұратулар тиісті нұсқауларды қамтуы және тексерулердің барабарлығын қамтамасыз ету үшін қажетті ең аз мөлшерге келуі тиіс.
(D3,4)

5. Стандарттық ереже
      Тексерулер жүргізуге сұратулар:
      (а) таңдаулы тексерулер жүргізуге сұратуларды жіберу жағдайларын қоспағанда, мұндай сұратуды жіберген Кеден әкімшілігі олар бойынша берілген құжаттың түпнұсқалығына немесе онда келтірілген мәліметтердің дұрыстығына күмәнданған себептерге нұсқауды қамтуы;
      (b) (қажет болған жағдайда) әкелу елінде тауарларға қатысты қолданылатын тауарлардың шығуын анықтау ережелеріне, және осы елде сұратылатын кез келген қосымша ақпаратқа нұсқауды қамтуы;
      (с) Тауарлардың шығуын растайтын, тексеруге жататын құжатпен, немесе оның ксерокөшірмесімен және қажет болғанда, тексеру жүргізуге ықпал етуі мүмкін шоттар, хат-хабарлар және т.б. сияқты кез келген басқа да құжаттармен ілесіп жүруі тиіс.
(D3,5)

6. Стандарттық ереже
      Осы Тараудың ережелерін сақтауға міндеттенген Уағдаласушы тараптан тексеру жүргізуге сұратуды алған кез келген құзыретті мемлекеттік ұйым өз бетінше қажетті тексерулер жүргізгеннен кейін немесе тиісті өкілеттіктер берілген мемлекеттік әкімшілік ұйымдар немесе орган қажетті тексеру жүргізгеннен кейін осы сұратуға жауап беруі тиіс.
(D3,6)

7. Стандарттық ереже
      Тексеру жүргізуге сұратуды алған мемлекеттік ұйым осы сұратуды жіберген Кеден әкімшілігі қойған сауалдарға жауап беруге және ол аталған сұратуға қатысты деп санауы мүмкін кез келген басқа да ақпаратты беруге міндетті.
(D3,7)

8. Стандарттық ереже
      Тексеру жүргізуге сұратуларға жауаптар ұзақтығы алты айдан аспайтын белгіленген мерзім ішінде берілуі тиіс. Егер сұратуды алған мемлекеттік ұйым оған алты ай ішінде жауап бере алмаса, ол сұратуды жіберген Кеден әкімшілігін ақпараттандыруға міндетті.
(D3,8)

9. Стандарттық ереже
      Тексеру жүргізуге сұратулар, төтенше жағдайларды қоспағанда, сұратуды жіберген Уағдаласушы тараптың Кеден пунктіне сұратылған құжаттың берілген күнінен бастап бір жылдан аспайтын белгіленген мерзім ішінде жіберілуі тиіс.
(D3,9)

Тауарларды шығару

10. Стандарттық ереже
      Олар тауарларды әкелуге тыйым салуларға немесе шектеулерге жатады деп есептелмеген және алаяқтықта күмән болмаған жағдайда, тексеру жүргізуге сұрату тауарларды шығаруға кедергі жасамауы тиіс.
(D3,10)

11. Стандарттық ереже
      Осы Тараудың ережелеріне сәйкес хабарланатын кез келген ақпарат құпия ретінде қарастырылуы және Кеден мақсаттары үшін ғана пайдаланылуы тиіс.
(D3,11)

12. Стандарттық ереже
      Тауарлардың шығуын растайтын, құзыретті мемлекеттік ұйымдар немесе уәкілетті органдар берген құжаттарды тексеру үшін қажетті құжаттар оларда тауарлардың шығуын растайтын құжаттардың берілген күнінен бастап кемінде екі жылды құрауы тиіс баламалы мерзім ішінде сақталуы мүмкін.
(D3,12)

13. Стандарттық ереже
      Осы Тараудың ережелерін сақтауға міндеттенетін Уағдаласушы тараптар тексеру жүргізуге сұратуларды қабылдауға уәкілетті мемлекеттік ұйымдарды көрсетуі және олардың мекен-жайларын осы Тараудың ережелерін сақтауға міндеттенген басқа Уағдаласушы тараптардың назарына осы ақпаратты жеткізуге міндетті Кеңестің Бас хатшысына хабарлауға тиіс.
(D3,13)

      1973 жылғы 18 мамырда Киото қаласында жасалған Кедендік рәсімдерді оңайлату және үйлестіру туралы халықаралық конвенцияның (өзгертілген редакцияда) бұл куәландырылған көшірмесінің дәлдігін куәландырамын.

      Қазақстан Республикасы
      Сыртқы істер министрлігі
      Халықаралық-құқық департаментінің
      Басқарма бастығы                             Ж. Бұхбантаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады