Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің мәдени құндылықтарды ұрлауға қарсы күрестегі және оларды қайтаруды қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 3 сәуірдегі N 147-IV Заңы

      Душанбеде 2007 жылғы 5 қазанда қол қойылған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің мәдени құндылықтарды ұрлауға қарсы күрестегі және оларды қайтаруды қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісім ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президент                                    Н. Назарбаев

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің
мәдени құндылықтарды ұрлауға қарсы күрестегі және оларды
қайтаруды қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы
КЕЛІСІМ

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын осы Келісімге қатысушы - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттер,
      олардың меншік нысанына қарамастан мәдени құндылықтарды ұрлау Тараптардың мәдени мұрасын едәуір залал тигізетінін атап өте отырып,
      мәдени құндылықтарды ұрлау трансұлттық сипат алғанына алаңдаушылық білдіре отырып,
      мәдени құндылықтарды ұрлауға қарсы тиімді күрес жүргізу барлық мүдделі Тараптардың өзара іс-қимылының негізінде ғана мүмкін екендігін мойындай отырып,
      мәдени құндылықтарды ұрлаудың алдын алу және оларды қайтаруды қамтамасыз ету үшін келісілген шараларды жүзеге асыру қажеттігін ұғына отырып,
      қатысушылары Тараптар болып табылатын осы саладағы халықаралық шарттарды, сондай-ақ ұлттық заңнаманы басшылыққа ала отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Осы Келісімнің мақсаттары үшін мынадай терминдер қолданылады:
      мәдени құндылықтар - Тараптардың әрқайсысы мәдениет, археология, тарих, әдебиет, өнер немесе ғылым үшін мәні бар деп қарайтын, олардың жасалу уақытына қарамастан, діни немесе зайырлы сипаттағы бұйымдар және/немесе коллекциялар, сондай-ақ олардың құрамдас бөліктері немесе фрагменттері;
      мәдени құндылықтарды ұрлау - Тараптардың заңнамасына сәйкес жауаптылық көтертетін, мәдени құндылықтарды алуға бағытталған кез-келген заңсыз іс-әрекет;
      ұрланған мәдени құндылықтар - олар ұрлау мәні болып табылатынын жорамалдау негізі бар мәдени құндылықтар;
      орталық құзыретті орган - Тараптардың осы Келісім шеңберінде Тараптардың құзыретті органдарының іс-әрекетін үйлестіруге уәкілетті мемлекеттік органы;
      құзыретті орган - мәдени құндылықтарға байланысты қылмыстарды анықтау, алдын алу, жолын кесу және қылмыстарды ашу бойынша жедел-іздестіру іс-әрекетін жүзеге асыруды және/немесе ұйымдастыруды және/немесе ұрланған мәдени құндылықтарды іздеуді жүзеге асыруды және/немесе мәдени құндылықтардың меншік иелеріне олардың осы құндылықтарға деген құқығын беруде заңсыз әкету, әкелу кезінде және оларға деген меншік құқықтарын қалпына келтіруге көмек көрсетуді және/немесе мәдени құндылықтарды заңсыз әкеткен кезде оларды қайтаруға көмектесу және/немесе ұсталған, алдырылған, тәркіленген немесе тұтқынға алынған мәдени құндылықтарды тіркеуге алу, мәдени құндылықтардың жоғалуы, шығынға ұшырату, ұрлаған фактілерін тіркеуге алу және/немесе осы Келісімге сәйкес ұрланған мәдени құндылықтарды қайтару туралы сұрау салуларды жіберу және/немесе оларды қайтару туралы шешімдерді қабылдауды өзінің заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға уәкілетті Тараптың мемлекеттік органы;
      мәдени құндылықтардың сақталуы - сұрау салынған Тараптың құзыретті органының қайтару не қажет етілмеген мәдени құндылық туралы мәселе шешілгенге дейін шешім орындалғанша олардың сақталуына қажетті талаптарды сақтай отырып мәдени құндылықтарды сақтау;
      мәдени құндылықтардың меншік иесі - мәдени құндылықтарды иеленуге болу, пайдалануға және иелік етуге құқықтары бар заңды немесе жеке тұлға;
      ұрланған мәдени құндылықтарды қайтару - сұрау салынған Тараптың құзыретті органының шешімі бойынша сұрау салған Тараптың құзыретті органына мәдени құндылықтарды берілуі.

2-бап

      1. Тараптар осы Келісімге сәйкес мәдени құндылықтарды ұрлауға байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алудағы, жолын кесудегі, анықтаудағы, ашудағы, оларды іздеудегі және қайтаруды қамтамасыз етудегі ынтымақтастықты өздерінің құзыретті органдары арқылы жүзеге асырады.
      2. Әр Тараптар орталық құзыретті органын көрсетіп құзыретті органдарының тізбесін анықтайды және оны осы Келісімнің күшіне ену үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы хабарламаны тапсырған кезінде депозитарийге береді.
      Құзыретті органдар тізбенің өзгерістер туралы әр Тарап бір ай ішінде жазбаша түрде депозитарийді хабарландырады.

3-бап

      1. Тараптар ынтымақтастықты мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырады:
      а) мәдени құндылықтарды ұрлауға қарсы күрестегі және оларды қайтаруды қамтамасыз етудегі Тараптар ынтымақтастығының нормативтік құқықтық базасын жетілдіру, осы салада Тараптардың заңнамасын үйлестіру;
      б) мәдени құндылықтарды ұрлауға қарсы күреске бағытталған Тараптар қатысушысы болып табылатын әмбебап және өңірлік халықаралық шарттардың ережелерін орындау үшін келісілген шараларды жүзеге асыру;
      в) мәдени құндылықтарды ұрлауға байланысты қылмыстардың жайын және серпінің және олармен күрес нәтижелерін талдау;
      г) мәдени құндылықтарды ұрлауға қарсы іс-әрекет және оларды іздеу мен қайтаруды қамтамасыз ету жөніндегі келісілген шараларды қабылдау үшін құқық қорғау және өзге де органдардың өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру;
      д) олардың мәдени құндылықтарды ұрлауға қатыстылығы мүмкіндігін жорамалдау негіздегі болған кезде заңды және жеке тұлғалар қатысты тиісті іс-шаралар өткізу.

4-бап

      1. Тараптар ынтымақтастықты мынадай негізгі нысандарда жүзеге асырады:
      а) жедел, криминалистикалық, статистикалық және өзге ақпараттар, оның ішінде дайындалып жатқан және жасалған құқық бұзушылықтар мен оларға қатысты заңды және жеке тұлғалар туралы мәліметтер алмасу;
      б) жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу туралы сұрау салуды орындау;
      в) үйлестірілген алдын алу және жедел-іздестіру іс-шараларын жоспарлау мен жүзеге асыру;
      г) нормативтік құқықтық актілер, басылымдар мен ғылыми-әдістемелік материалдар алмасу;
      д) жұмыс тәжірибесімен алмасу, жұмыс кездесулерін, консультациялар, кеңестер, практикалық конференциялар және семинарлар, сондай-ақ бірлескен ғылыми зерттеулер өткізу;
      е) ұрланған мәдени құндылықтарды өткізу мақсатында ашық телекоммуникациялық желілерді пайдалануды алдын алудың және жолын кесудің келісілген шараларын әзірлеу және жүзеге асыру;
      ж) кадрлар даярлауда және мамандардың біліктілігін арттыруда жәрдем көрсету;
      з) мәдени құндылықты таңбалаудың жаңа әдістерін әзірлеу және енгізу.
      2. Осы келісім қылмыстық істер және экстрадиция бойынша құқықтық көмек көрсету мәселелерін қозғамайды.

5-бап

      Тараптардың әрқайсысы:
      1. Мыналарды:
      а) мәдени құндылықты әкелу және әкету тәртібін белгілеу және қамтамасыз ету сондай-ақ өз аумағында мұндай мәдени құндылықтарға қатысты қандай бір операцияларды жүзеге асыру;
      б) мәдени құндылықтарды ұрлауға, сатып алуға, өткізуге заңсыз әкелу мен әкетуге заңсыз қазбалар жүргізуге және мәдени құндылықтарға қатысты басқа да заңсыз операцияларды жүзеге асыруға байланысты құқық бұзушылықтарды болдырмау жолын кесу және ашу;
      в) сатып алынған мәдени құндылықтың ұрланған немесе заңсыз
әкелінгенін білген әдепсіз сатып алушының мойындауын қамтамасыз ету;
      г) мемлекет меншігіндегі мәдени құндылықты фотофиксациялау және жасырын таңбалау үшін барлық қажетті шаралар қабылдайды.
      2. Мәдени құндылықтарды ұрлауға, сатып алуға, өндіруге заңсыз әкелуге және әкетуге, мәдени құндылыққа қатысты заңсыз қазба және өзге де заңсыз операцияларды жүзеге асыруға байланысты құқық бұзушылықтар оған қатысы бар заңды жеке тұлғаларға санкция белгілеу және қолдану.
      3. Мәдени құндылықтарды заңсыз әкелуге және әкетуге, оларды ұрлауға заңсыз қазба және мәдени құндылықтарға қатысы бар заңсыз операциялар жүргізуге қарсы іс-қимыл мақсатында жұртшылықтың хабардарлығын арттыру үшін қолда бар барлық құралдарды пайдаланады.

6-бап

      Тараптардың әрқайсысы мыналарды қамтамасыз етеді:
      1. Тиісті құзыретті органдардың мынадай:
      а) жоғалған, жойылған, ұрланған және іздеудегі мәдени құндылықтар туралы;
      б) ұсталған, алынған, тыйым салынған немесе тәркіленген мәдени құндылықтар туралы мәліметтер қамтылған ақпараттық деректер базасын енгізуін қамтиды.
      2. Екінші Тараптардың құзыретті органдарының сұрауы бойынша жоғарыда көрсетілген ақпараттық деректер базасында жазылған мәліметтерді жедел ұсынуды қамтамасыз етеді.

7-бап

      1. Мәдени құндылықтар бір Тараптың аумағында ұрланған жағдайда оның құзыретті органы бұл туралы Тараптардың орталық құзыретті органына хабарлама жібереді.
      2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес жіберілген хабарлама мүмкіндігінше мынадай мәліметтерді қамтиды:
      а) мәдени құндылық санаты;
      б) авторы/мектеп;
      в) аты/атауы;
      г) күні/дайындалған кезеңі;
      д) дайындау материалы және техникасы;
      е) мөлшері/салмағы;
      ж) жеке ерекше белгілері туралы мәліметтер (жазулары, қолдар, таңба белгісі, бүлінгені, қайта өңделген іздері ж.с.с);
      з) ерекше сақтау тәсілі туралы мәлімдеме;
      и) өзге де мәліметтер.
      3. Хабарламаға ұрланған мәдени құндылықтың түрлі-түсті бейнесі, сондай-ақ іс жүргізуінде мәдени құндылықты іздестіру туралы іс бар құзыретті орган туралы мәліметтер қоса беріледі.
      Ұрланған мәдени құндылықтың қара-ақ түсті бейнесі болған жағдайда негізі түрлі-түсті гаммасы, бейнесі болмаған кезде - ұрланған мәдени құндылық толық сипаты қосымша хабарланады.

8-бап

      1. Басқа Тараптың аумағында ұрланған негізінің болуына қатысты мәдени құндылықтар Тараптардың бірінің аумағында анықталған, ұсталған қамауға алған, алынған немесе тәркіленген кезде, осы жағдайды анықтаған Тараптың құзыретті органы 30 күн ішінде мүдделі Тараптың орталық құзыретті органын хабардар етеді.
      Хабарламаны алған Тараптың орталық құзыретті органы өндірісінде сол мәдени құндылықты іздестіру туралы іс бар құзыретті органды бұл туралы хабардар етеді.
      2. Осы Келісімнің 7-бабының 2 және 3-тармақтарының талаптарына сәйкес мәдени құндылықтарды сипаттаудан басқа, осы баптың 1-тармағына сәйкес жіберілетін хабарлама мынадай мәліметтерді қамтиды:
      а) мәдени құндылықтың тұрған жері және оның жай-күйі туралы ақпарат;
      б) мәдени құндылықтарды тапқан, ұстаған, алған, қамауға алған немесе олардың тәркіленуіне бастамашылық жасаған және/немесе олардың сақталуын - қамтамасыз ететін құзыретті органның атауы, сондай-ақ олар бойынша қосымша ақпаратты алуға тиіс байланыс, реквизиттері.
      3. Қажеттілігіне қарай осы баптың 2-тармағында көрсетілген мәліметтерді нақтылау үшін хабардар етуші Тараптың құзыретті органы мәдени құндылықтарға сараптама жүргізуді тағайындай алады. Бұл жағдайда хабарламаның мерзімі сараптама жүргізу кезеңінде ұзартылуы мүмкін.
      4. Мәдени құндылықтар ұрланғанына деуге ұйғаруға негіз болған жағдайда, бірақ оның қай Тараптың аумағында жасалғаны анықталмаса, не осы баптың 1-тармағында көрсетілген ұрланған жері туралы бастапқы болжам дәлелденбесе мәлімдеме барлық Тараптардың орталық құзыретті органдарына жіберіледі.

9-бап

      1. Осы Келісімнің 8-бабының 1-тармағына сәйкес хабарлама алған Тараптардың құзыретті органы оны алған күннен бастап 90 күн ішінде осы мәдени құндылықтарға қатысты қабылданатын шаралар туралы сұрау салған Тараптың құзыретті органын хабардар етуге немесе сұрау салған Тараптың құзыретті органына ұрланған мәдени құндылықтарды қайтару туралы дәлелді сұрау жіберуге міндетті.
      2. Тараптардың бірінің аумағында ұрланған мәдени құндылықтарды анықтаған жағдайда осы құндылықтарды анықтаған Тараптың құзыретті органы мәдени құндылықтар бар Тараптың орталық құзыретті органына оларды қайтару туралы дәлелді сұрау жібереді.
      3. Мәдени құндылықтарды қайтару туралы сұрау салу сұрау салушы Тараптың құзыретті органының ресми бланкісіне жазбаша нысанда жіберіледі, осы органның басшысы немесе оның орынбасары қол қояды және гербті мөрімен куәландырылады.
      4. Сұрау салуға сұрау салушы Тараптың заңнамасына сәйкес расталған мәдени құндылықтардың меншік иесінің деректері көрсетіле отырып, ұрланған мәдени құндылыққа меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері берілуі мүмкін.

10-бап

      Осы Келісімнің 7, 8 және 9-баптарында көрсетілген хабарлама, құзыретті органның уәкілетті лауазымды адамының қолы қойылады және құзыретті органның ресми бланкісінде жазбаша нысанда жіберіледі.

11-бап

      1. Сұрау салынған Тараптың орталық құзыретті органы 30 күн ішінде ұрланған мәдени құндылықтарды қайтару туралы мәселені шешуге өкілетті құзыретті органды анықтайды және сұрау салушы Тараптан алған құжаттарды оған жібереді.
      2. Сұрау салынған Тараптың құзыретті органы ұрланған мәдени құндылықтары қайтару туралы сұрауды алғаннан кейін 60 күн ішінде қарайды және қарау нәтижесі туралы сұрау салған Тараптың құзыретті органына хабардар етеді.
      3. Сұрау салынған құзыретті орган қосымша ақпаратты сұратуы белгілей отырып, керек нақты мерзім ұсынуға, бірақ сұрау түскен күннен бастап 30 күннен аспайды.
      4. Сұрау салынған Тараптың құзыретті органы қайтару туралы шешімді қабылдап ол туралы 30 күн ішіндегі сұрау салған Тараптың құзыретті органына хабарлайды.
      5. Ұрланған заттардың ішіндегі мәдени құндылықтардың меншік құқығы туралы дау болған кезде олардың иесі туралы мәселе аумағында анықталған Тараптың заңнамасына сәйкес сот органдармен шешіледі.

12-бап

      1. Қайтарылатын мәдени құндылықтар сұрау салған Тараптың құзыретті органының өкіліне оның осы құндылықтарды алуға өкілеттігін дәлелдейтін сұрау салушы Тараптың құзыретті органының берген құжатты көрсеткенде береді.
      2. Талап етілмеген мәдени құндылықтар туралы мәселелер олар тұрған аумақтың Тараптары заңнамасына сәйкес шешіледі.

13-бап

      1. Егер сұрау салатын Тарап олардың мазмұнын жариялау орынсыз деп есептесе тараптардың әрбірі алынған мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз етеді. Құпиялық дәрежесін сұрау салатын Тарап айқындайды.
      2. Осы Келісім шеңберінде алынған құпиялы мәліметтерді үшінші жаққа берудің қажетті туындаған жағдайында осы мәліметтерді ұсынған Тараптың жазбаша келісімі талап етіледі.

14-бап

      1. Сұрау салынған Тараптың заңнамасында көзделгеннің негізінде ұрланған мәдени құндылықтарды қайтару туралы сұраудың орындалуынан бас тартылуы мүмкін.
      2. Сұраудың орындалуынан бас тарту туралы сұрау салған Тараптың орталық құзыретті органына бас тартудың себептері көрсетіліп хабардар етеді.

15-бап

      1. Ұрланған мәдени құндылықтардың қайтарылуы туралы сұраудың орындалуы кейінге қалдырылуы мүмкін, егер:
      а) сұрау салынып жатқан мәдени құндылықтарды ұрлау фактісі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалса - әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінің аяқталғанына дейін немесе қылмыстық іс бойынша тиісті шешім қабылданғанға дейін, немесе мына мәдени құндылықтар бойынша тиісті шешім қабылданғанға дейін;
      б) оларға қатысты қайтару туралы сұрау түскен ұрланған мәдени құндылықтардың меншіктік құқы, ұстау, тұтқындау, алдыру немесе тәркілеу туралы мәселе, осы іс бойынша сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін - сұрау салынған Тарапта берілген соттың талап-арызының мәні болып табылады.
      2. Сұрау салынған Тараптың орталық құзыретті органы сұрақ салатын Тараптың орталық құзыретті органына осы баптың 1-тармағының негізінде ұрланған мәдениет құндылықтардың қайтарылуы туралы мәселенің шешілуін кейінге қалдырылғаны туралы хабарлайды.

16-бап

      1. Осы Келісімге сәйкес қайтарылып жатқан ұрланған мәдени құндылықтарды кедендік шекара арқылы өткізгенде осындай өткізуге байланысты кедендік және өзге төлемдер төленбейді, ал кедендік рәсімдеу ол жүзеге асырылып жатқан аумақтағы Тараптың заңнамасымен бекітілген тәртіп бойынша реттеледі.
      2. Ұрланған мәдени құндылықтарды ұстауға, сұрау салатын Тараптың құзыретті органының уәкіліне тапсыруға дейін олардың сақталуына байланысты шығындарды сұрау салынған Тарап көтереді.
      3. Ұрланған мәдени құндылықтарды сұрау салған Тараптың аумағына қайтару жөнінде шығындарды сұрау салған Тараптың құзыретті органы көтереді.
      4. Ұрланған мәдени құндылықтарды қайтаруға байланысты көтерілген шығындар Тараптардың заңнамасына сәйкес төленеді.

17-бап

      1. Іздеудің бастамашысы болып табылатын құзыретті органнан іздеуді тоқтату туралы хабарлама келіп түскеннен кейін Тараптар ұрланған мәдени құндылықтарды іздеуді тоқтатады.
      2. Тараптардың орталық құзыретті органдарына іздеуді тоқтату туралы хабарлама жазбаша түрде құзыретті органның ресми бланкісімен жіберіледі.

18-бап

      Осы Келісімді орындау барысында шыққан шығындарды осы Келісімнің 16-бабында көрсетілгеннен басқа Тараптардың құзыретті органдары өздері көтереді. Әрбір нақты жағдайда Тараптардың құзыретті органдары арасында өзгеше тәртіп келісілуі мүмкін.

19-бап

      Осы Келісімнің Ережелері Тараптар қатысушылары болып табылатын басқа да халықаралық шарттардан туындайтын құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.

20-бап

      Осы Келісім шеңберіндегі ынтымақтастықты жүзеге асыру кезінде Тараптар жұмыс тілі ретінде орыс тілін қолданады.

21-бап

      1. Осы Келісім Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы үшінші хабарлама депозитарийге сақтауға тапсырылған күнінен бастап күшіне енеді.
      2. Осындай рәсімдерді кешіктіріп орындаған Тараптар үшін Келісім депозитарийге тиісті хабарламалар сақтауға тапсырылған күннен бастап күшіне енеді.

22-бап

      Осы Келісім оның ережелерін бөлісетін басқа да мемлекеттердің қосылуы үшін осындай қосылу туралы құжаттарды депозитарийге тапсыру арқылы ашық. Осы Келісім қосылып жатқан мемлекет үшін осы Келісімнің 21-бабының 1-тармағын сақтаған кезде қосылу туралы құжатты депозитарийге сақтауға тапсырған күнінен бастап күшіне енеді.

23-бап

      Тараптардың әрқайсысы депозитарийге одан шығатын ықтимал уақытқа дейін кемінде алты ай бұрын осы туралы жазбаша хабарлама жіберіп, осы Келісімнен шыға алады.

24-бап

      Осы Келісімнің ережелерін қолдануға немесе түсіндіруге байланысты Тараптар арасындағы даулы мәселелер мүдделі Тараптардың арасындағы консультациялар мен келіссөздер жолымен шешіледі.

25-бап

      Егер Тараптар өзге туралы уағдаласпаса, осы Келісімге Тараптардың өзара келісімі бойынша жеке хаттамамен ресімделетін, осы Келісімнің 21-бабында көзделген тәртіппен күшіне енетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

      2007 жылғы 5 қазанда Душанбе қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады, ол осы Келісімге қол қойған әрбір мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.

      Әзірбайжан Республикасы үшін      Молдова Республикасы үшін

      Армения Республикасы үшін         Ресей Федерациясы үшін

      Беларусь Республикасы үшін        Тәжікстан Республикасы үшін

      Грузия үшін                       Түрікменстан үшін

      Қазақстан Республикасы үшін       Өзбекстан Республикасы үшін

      Қырғыз Республикасы үшін          Украина үшін

ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы күн тәртібінің
8-тармағы бойынша

Украинаның ескертуі

       "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің мәдени құндылықтарды ұрлауға қарсы күрестегі және оларды қайтаруды қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісім туралы".

Душанбе қаласы                                 2007 жылғы 5 қазан

      "Украина тарабы ТМД шеңберінде ұлттық заңнаманы үйлестіруге қатысты (3-баптың "а" тармағы), сондай-ақ ТМД шеңберінде әмбебап және өңірлік көп жақты шарттардың ережелерін орындау үшін келісілген шараларды жүзеге асыруға қатысты (3-баптың "б" тармағы) міндеттемелерден қалыс қалады".

       Украина делегациясының басшысы,
      Украина Сыртқы істер министрі                     Я.П.Яценюк

      Осымен 2007 жылғы 5 қазанда Душанбе қаласында қол қойылған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің мәдени құндылықтарды ұрлауға қарсы күрестегі және оларды қайтаруды қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімнің бұл көшірмесінің дәлдігін куәландырамын.

        Қазақстан Республикасы
      Ішкі істер министрлігінің Штабы
      Халықаралық ынтымақтастық басқармасы
      бастығының орынбасары                               Ғ. Әушәріп

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады