Байланыс формасы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 маусымдағы N 162-IV Заңы

       1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 24, 435-құжат; 2001 ж., N 21-22, 286-құжат; 2003 ж., N 10, 53-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; 2007 ж., N 8, 55-құжат):

      1) 6-бапта:
      тақырыбындағы "Мұрағаттарды" деген сөз "Құжаттарды, мұрағаттарды" деген сөздермен ауыстырылсын;
       1-тармақ :
      "Мұрағаттарды" деген сөз "Құжаттарды, мұрағаттарды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Құжаттардың жасалған жері, мазмұны, сыртқы ерекшеліктері олардың құндылығының өлшемдері болып табылады.";
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Құжаттардың құндылығына мемлекеттік сараптаманы уәкілетті орган құратын Орталық сараптау-тексеру комиссиясы және (немесе) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары құратын сараптау-тексеру комиссиялары жүргізеді.";
      3-тармақтың 2) тармақшасы "мұрағаттарды" деген сөздің алдынан "құжаттарды," деген сөзбен толықтырылсын;
      4-тармақтың 2) тармақшасындағы "келісімінсіз жоюға рұқсат етілмейді." деген сөздер "келісімінсіз;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) жеке меншіктегі ұйымдардың құжаттарын мұрағаттың орналасқан жеріне қарай уәкілетті органның не облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының келісімінсіз жоюға рұқсат етілмейді.";

      2) 18-бапта:
      1-тармақта:
      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "14) іс жүргізу мәселелеріне салааралық ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылық жасау және іс жүргізудің жай-күйіне, республикалық меншіктегі құжаттардың ведомстволық сақталуына бақылау жасау;";
      мынадай мазмұндағы 17), 18) және 19) тармақшалармен толықтырылсын:
      "17) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік ережелерін бекіту;
      18) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың қызметінде жасалатын үлгілік құжаттардың тізбесін сақтау мерзімдерін көрсете отырып бекіту;
      19) Орталық сараптау-тексеру комиссиясы туралы ережені бекіту.";
      2-тармақта:
      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "8) іс жүргізудің жай-күйіне, коммуналдық меншіктегі құжаттардың ведомстволық сақталуына ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылық жасау және бақылау жасау;";
      9) тармақшадағы "ұйымдастыру жатады." деген сөздер "ұйымдастыру;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
      "10) сараптау-тексеру комиссиясы туралы ережені бекіту жатады.";

      3) 18-1-баптың 3-тармағындағы "он бес" деген сөздер "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 1-2, 1-құжат, 2004 ж.,  N 23, 142-құжат):

      1) 4-баптың 3) тармақшасындағы "мемлекеттік органдардың" деген сөздер алып тасталсын;

      2) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-бап. Электрондық құжат айналымына қойылатын талаптар

      1. Электрондық құжат электрондық құралдармен жасалуы, жіберілуі, сақталуы және берілуі мүмкін. Осы Заңның талаптарына сәйкес келетін электрондық құжат қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.
      2. Электрондық құжат оны ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша берген кезден бастап жіберілген болып есептеледі.
      3. Кірген электрондық құжат жолданым иесінің ақпараттық жүйесінде оны тіркегеннен кейін түскен болып есептеледі.
      4. Алғаны туралы хабарламада электрондық құжатты алу фактісі мен уақыты туралы және оның жөнелтушісі туралы деректер болуға тиіс. Ол авторға түспеген жағдайда, жолданым иесі құжатты алмаған болып есептеледі.
      5. Электрондық құжат айналымының тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      6. Мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтері бар электрондық құжаттарды пайдалану, қорғау, тіркеу тәртібі Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасымен белгіленеді.".

       2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                    Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады