Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Оңтүстік-Батыс автомобиль жолдарын дамыту жобасы: "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық транзит дәлізі (ОАӨЭЫ 1b және 6b)) ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 10 шілдедегі N 172-IV Заңы

      Астанада 2009 жылғы 13 маусымда қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісім (Оңтүстік-Батыс автомобиль жолдарын дамыту жобасы: "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық транзит дәлізі (ОАӨЭЫ 1b және 6b)) ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                        Н. Назарбаев

ҚАРЫЗ N 7681-KZ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
мен
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ
арасындағы

ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ

(Оңтүстік-Батыс автомобиль жолдарын дамыту жобасы: "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық транзит дәлізі
(ОАӨЭЫ 1b және 6b))

Күні: 2009 жылғы 13 маусым

ҚАРЫЗ N 7681-KZ

ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ("Қарыз алушы") мен ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ ("Банк") арасындағы 2009 жылғы 13 маусымдағы Келісім. Мұнымен Қарыз алушы мен Банк төмендегілер туралы келісті:

I БАП - ЖАЛПЫ ШАРТТАР; АНЫҚТАМАЛАР

      1.01. Жалпы шарттар (осы Келісімге Толықтыруда анықталған) осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.
      1.02. Егер түпмәтінінен өзгеше туындамаса, онда осы Келісімде пайдаланылатын бас әріптен басталатын терминдердің Жалпы шарттарда немесе осы Келісімге Толықтыруда жазылған мәндері болады.

II БАП - ҚАРЫЗ

      2.01. Банк Қарыз алушыға екі миллиард бір жүз жиырма бес миллион АҚШ долларына тең (2 125 000 000 АҚШ доллары) соманы беруге келісті, осындай сома сипаттамасы осы Келісімге 1-қосымшада келтірілген жобаны ("Жоба") қаржыландыруға жәрдемдесу мақсатында осы Келісімде жазылған немесе сілтеме жасалған мерзімге және шарттарда осы Келісімнің ("Қарыз") 2.07 Бөлімінің ережелеріне сәйкес валюталарды Конвертациялау арқылы кезең-кезеңмен конвертациялануы мүмкін.
      2.02. Қарыз алушы Қарыз қаражатын осы Келісімге 2-қосымшасының IV бөліміне сәйкес алуға құқығы бар.
      2.03. Банктік комиссия Қарыз алушының төлеуге жататын қарызын ашуға Қарыз сомасының бір пайызының (0,25) төрттен бір бөлігін құрайды. Қарыз алушы Банкке қарызды ашуға ол күшіне енген күннен бастап 60 күннен кешіктірмей комиссия төлейді.
      2.04. Төлеуге жататын сыйақы әрбір Пайыздық кезең ішінде Қарыз валютасы қосу ауыспалы спред үшін LIBOR ставкасына тең ставка бойынша есептелетін болады; Қарыздың негізгі сомасының барлық немесе кез келген бөлігін Конверсиялау кезде Қарыз алушы осындай сомаға Конверсиялау кезеңі уақытында төлеуге жататын сыйақы Жалпы ережелердің IV Бабының ережелеріне сәйкес анықталуы тиіс. Жоғарыда айтылғандарға қарамастан, Қарыздың өтелмеген қалдығы салынған кез келген бөлігі уақтылы төленбесе және отыз күннің ішінде төленбесе, онда Қарыз алушы төлеуге жататын сыйақы мөлшері Жалпы ережелердің 3.02 (d) Бөлімінде анықталғандай есептелуі тиіс.
      2.05. Төлем күндері әр жылдың 15 мамыры және 15 қарашасы болып табылады.
      2.06. Қарыздың негізгі сомасы осы Келісімнің 3-қосымшасында келтірілген өтеу кестесіне сәйкес өтеледі.
      2.07. (а) Қарыз алушы кез келген уақытта борышты ұтымды басқаруды қамтамасыз ету үшін Қарыз шартының кез келген мынадай Конверсияларын сұрата алады: (і) Мақұлданған Валютаға алынған да, алынбаған да Қарыз Валютасының барлық немесе Қарыздың негізгі сомасының кез келген бөлігін өзгерту; (іі) Қалқымалы пайыздық ставкадан Бекітілген пайыздық ставкаға және керісінше Қарыздың алынған және өтелмеген негізгі сомасының барлық немесе кез келген бөлігіне қолданылатын пайыздық ставканың базисін өзгерту, және (ііі) Қалқымалы пайыздық ставканың жоғарғы немесе төменгі шектерін белгілеу арқылы Қарыздың алынған және өтелмеген негізгі сомасының барлық немесе кез келген бөлігіне қолданылатын Қалқымалы пайыздық ставканың шектерін анықтау.
      (b) Осы Бөлімнің (а) параграфына сәйкес сұратылған, Банк қабылдаған кез келген өзгеріс Жалпы ережелерде анықталғандай "Конверсия" болып саналады және Жалпы шарттардың IV Бабының және Конверсия жөніндегі нұсқаудың ережелеріне сәйкес күшіне енеді.

III БАП - ЖОБА

      3.01. Қарыз алушы өзінің Жоба мақсаттарына қол жеткізуді жақтайтынын мәлімдейді және осыған орай Жобаны ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі арқылы Жалпы шарттардың V Бабының ережелеріне сәйкес жүзеге асырады.
      3.02. Осы Келісімнің 3.01 Бөлімінің ережелерін арналған шектеусіз және Қарыз алушы мен Банктің арасында өзгеше келісілмесе, Қарыз алушы Жобаның іске асырылуын осы Келісімге 2 Қосымшасының ережелеріне сәйкес қамтамасыз етеді.

IV БАП - КҮШІНЕ ЕНУІ

      4.01. Күшіне енудің қосымша шарттары мынада:
      (а) ККМ нысаны және мәні бойынша Банк үшін жарамды Жобаның іс-шараларын орындау мақсатында ЖБК-мен келісім жасасты.
      (b) Қарыз алушы ККМ арқылы Банк үшін жарамды ЖБСҚІ іс-шаралар жоспарын қабылдады.
      4.02. Осы Келісім күшіне енетін соңғы мерзім осы Келісім күнінен кейін жүз сексен (180) күн өткеннен кейін басталатын күн болып табылады.

V БАП - ӨКІЛДЕР; МЕКЕНЖАЙЛАР

      5.01. Қарыз алушының өкілі Қаржы министрлігі болып табылады.
      5.02. Қарыз алушының мекенжайы:

      Қаржы министрлігі
      Жеңіс даңғылы, 11
      Астана, 010000
      Қазақстан Республикасы

      Телекс:          Факс:
      265126 (FILIN)   (7) (7172) 717785

      5.03. Банктің мекенжайы:

      Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі
      1818 Н Street N.W.
      Washington, D.C. 20433
      United States of America

      Телеграфтық мекенжайы:       Телекс:            Факс:
      INTBARFRAD                   248423(МСІ) немесе 1-202-477-6391
      Washington, D.C. 64145(МСІ)

      Қазақстан Республикасы, Астанада, жоғарыда көрсетілген күні және жылы КЕЛІСІЛДІ.

                                  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

                                  Кім

                                          Уәкілетті өкіл

                                  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ
                                  ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ

                                  Кім

                                          Уәкілетті өкіл

1-ҚОСЫМША

Жобаның сипаттамасы

      Жобаның мақсаты Қызылорда және Ақтөбе облыстарының шекарасынан Шымкентке дейінгі автожол учаскелерінде көлік жұмысының тиімділігін арттырудан, автомобиль жолдарын басқаруды жетілдіру және Қазақстанда автожол қозғалысының қауіпсіздік деңгейін арттырудан тұрады.
      Жоба мынадай бөліктерден тұрады:

1-бөлік: Қызылорда облысындағы автожол учаскелерін жаңғырту және қайта жаңарту

      Қызылордадағы айналма жолды қоспағанда, Қызылорда облысындағы автожолдың учаскелеріне жаңғырту және қайта жаңарту жүргізу кезінде қолдау көрсету үшін құрылыс жұмыстары.

2-бөлік: Оңтүстік Қазақстан облысындағы автожол учаскелерін жаңғырту және қайта жаңарту (Қызылорда облысының шекарасы - Шымкент)

      Қызылордадағы айналма жолды қоса алғанда, Оңтүстік Қазақстан облысындағы автожолдың учаскелеріне жаңғырту және қайта жаңарту жүргізу кезінде қолдау көрсету үшін құрылыс жұмыстары.

3-бөлік: Жобаны басқару жөніндегі консультанттар

      Жобаны іске асыруда ҚР ККМ жәрдемдесу үшін консалтингтік қызметтер көрсету.

4-бөлік: Жол қозғалысының қауіпсіздік деңгейін институционалдық дамыту және арттыру және жол маңындағы сервисті дамыту

      (а) Зерттеу жүргізу үшін мына мақсатта консультациялық қызметтер көрсету: (і) автомобиль жолдарын басқаруды күшейту және автомобиль жолдарының жағдайын жақсарту бойынша нұсқаларын шолу; (іі) жобаларды басқару жөніндегі әлеуетті күшейту мақсатында Автомобиль жолдары комитетінің қызметкерлерін оқыту; (ііі) автомобиль жолдарын басқару жүйесін енгізу; (іv) қоршаған ортаны қорғау үшін қадағалауды жақсарту; (v) жобалау кезінде жол қозғалысының қауіпсіздігін ескеру жөнінде нұсқауды дайындау; (vі) жол желісі қауіпсіздігінің физикалық аудитін жүргізу; (vіі) неғұрлым қауіпті авариялық учаскелерді анықтау бойынша әдістеме құру; (vііі) авариялардың әлеуметтік құнын бағалау; (іх) ЖКО саласында зерттеулер жүргізу саласында ККМ институттары әлеуетін нығайту; және (х) Жоба бойынша жол учаскелері бойындағы жол маңындағы сервисті дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын дайындау.
      (b) Автомобиль жолдарын басқару жүйесі үшін тауарлар мен жабдықтар беру.

5-бөлік: Құрылыс жұмыстарын қадағалау

      Жобаның 1-бөлігі және 2-бөлігі бойынша құрылыс жұмыстарына қадағалау жүргізу үшін консультациялық қызметтер беру.

2-ҚОСЫМША

Жобаны іске асыру

I бөлім. Іске асыру тетіктері

А. Институционалдық тетіктер

      Қарыз алушы Жобаны келесі институционалдық және басқа тетіктерге сәйкес іске асырады:
      1. Қарыз алушы ҚР ККМ арқылы ЖБК көмегімен Жобаны іске асыру жөніндегі нұсқауда, ЖБСҚІ бойынша іс-шаралар жоспарында, Қоныс аудару және ҚОӘБ саясаты жөніндегі құжатта көрсетілген талаптарға, өлшемдерге, ұйымдастыру тетіктеріне және операциялық рәсімдерге сәйкес Жобаны іске асырады және Банктің алдын ала келісімінсіз Жобаны іске асыру жөніндегі нұсқаудың, ЖБСҚІ бойынша іс-шаралар жоспарының, Қоныс аудару және ҚОӘБ саясаты жөніндегі құжаттың қандай да болмасын ережелерін қайта табыстай, өзгерістер енгізе, жоя немесе олардан бас тарта алмайды.
      2. Қарыз алушы ҚР ККМ арқылы:
      (а) Жоба шеңберінде қандай да болмасын жұмыс басталғанға дейін Қоныс аудару саясаты жөніндегі құжатқа сәйкес Банк үшін жарамды Қоныс аудару жөніндегі іс-шаралар жоспарларын дайындайды; және
      (b) Қоныс аудару жөніндегі іс-шаралар жоспарларына сәйкес Жобаны іске асырады; және
      (с) Банктің алдын ала келісімінсіз тиісті Қоныс аудару жөніндегі іс-шаралар жоспарларының қандай да болмасын ережелеріне өзгерістер енгізе, күшін жоя немесе олардан бас тарта алмайды.
      3. Қарыз алушы ҚР ККМ арқылы:
      (а) Жоба шеңберінде қандай да болмасын жұмыс басталғанға дейін ҚОӘБ сәйкес Банк үшін жарамды Табиғат қорғау іс-шараларының жоспарларын дайындайды; және
      (b) Тиісті Табиғат қорғау іс-шаралары жоспарларына сәйкес Жобаны іске асырады; және
      (с) Банктің алдын ала келісімінсіз тиісті Табиғат қорғау іс-шаралары жоспарларының қандай да болмасын ережелеріне өзгерістер енгізе, күшін жоя немесе олардан бас тарта алмайды.
      4. Жобаны іске асырудың барлық кезеңі ішінде Қарыз алушы ЖБК-ның Банк үшін жарамды ресурстармен бір құрамда және техникалық тапсырмаларға сәйкес қамтылуын қамтамасыз етуге тиіс.
      5. Қарыз алушы ККМ арқылы: (і) сатып алудың тәуелсіз аудитін жүргізуге жәрдемдесу үшін жобаға қатысты барлық қажетті ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етуді қоса алғанда, барлық қажетті шараларды қабылдауға; және (іі) Банк үшін қолайлы Техникалық тапсырма шеңберінде осындай аудит нәтижелері мен ұсынымдарын негізге ала отырып, тез арада әрекет етуге тиіс.

В. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

      Қарыз алушы Жобаны іске асыруды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаудың ережелеріне сәйкес қамтамасыз етеді.

II бөлім. Жобаның мониторингі жөніндегі есептілік және оны бағалау

А. Жоба бойынша есептер

      1. Қарыз алушы Жобаны іске асыру барысының мониторингін және оны бағалауды жүзеге асырады және Жалпы шарттардың 5.08-бөлімінің ережелеріне сәйкес және Банкпен келісілген индикаторлар негізінде Жоба бойынша есептер дайындайды. Жоба бойынша әрбір есеп бір күнтізбелік тоқсандағы кезеңді қамтуы және осы есеппен қамтылған кезең аяқталғаннан кейін 45 (қырық бес) күннен кешіктірмей Банкке ұсынылуы тиіс.
      2. 2010 жылға 31 желтоқсаннан кешіктірмей және салдарынан жыл сайын Қарыз алушы ҚР ККМ арқылы Банкпен бірлесіп Жобаны іске асыруда қол жеткізілген прогресті жыл сайынғы шолуларды (бұдан әрі - жыл сайынғы шолу деп аталады) жүргізеді. Жыл сайынғы шолулар басқалардың арасында, мыналарды қамтиды:
      (а) Жобаның мақсаттарына қол жеткізудегі прогресс; және
      (b) Нәтижелердің индикаторларына сәйкес Жобаны орындаудың жалпы нәтижелері.
      3. Жыл сайынғы шолуға дейін кемінде 4 (төрт) аптада Қарыз алушы ҚР ККМ арқылы Банкке Жобаның әрбір құрауышын іске асырудың мәртебесін сипаттай отырып, жеке есепті және Жобаны жалпы іске асыру туралы жиынтық есепті ұсынады.

В. Қаржылық басқару, қаржылық есептілік және аудит

      1. Қарыз алушы Жалпы шарттардың 5.09-бөлімінің ережелеріне сәйкес қаржылық басқару жүйесін жүргізуге немесе оның жүргізілуін қамтамасыз етуге міндетті.
      2. Осы Бөлімнің А бөлігінің ережелері үшін шектеусіз, Қарыз алушы Банк үшін қолайлы нысан және мазмұн бойынша осы тоқсан үшін аралық әрбір күнтізбелік тоқсан аяқталғаннан кейін 45 (қырық бес) күннен кешіктірмей аудиторлық тексеруден өтпеген Жоба бойынша қаржылық есептерді дайындауға және Банкке ұсынуға міндетті.
      3. Қарыз алушы өзінің Қаржылық есептілігін Жалпы шарттардың 5.09-бөлімнің (b) ережелеріне сәйкес жүргізуге міндетті. Қаржылық есептіліктің әрбір аудиті Қарыз алушының бір қаржы жылындағы кезеңді қамтуға тиіс. Аудиторлық тексеруден өткен әрбір осындай кезең үшін қаржылық есептілік Банкке тиісті кезең аяқталғаннан кейін алты айдан кешіктірілмей ұсынылуға тиіс.

III бөлім. Сатып алулар

А. Жалпы ережелер

      1. Тауарлар және Жұмыстар. Жоба үшін қажетті және Қарыз қаражатынан қаржыландырылатын барлық тауарлар мен жұмыстар Сатып алу жөніндегі нұсқаудың I бөлімінде қамтылған немесе оларға сілтеме қамтылған талаптарға сәйкес, сондай-ақ осы Бөлімнің ережелеріне сәйкес сатып алынады.
      2. Консультанттардың қызметі. Консультанттардың Жоба үшін қажетті және Қарыз қаражатынан қаржыландырылатын барлық қызметтері Дүниежүзілік Банк Қарыз алушыларының консультанттарды іріктеуі және жалдауы жөніндегі нұсқауда қамтылған немесе I және IV Бөлімдерінде жасалған сілтемелерді қамтитын талаптарға сәйкес, сондай-ақ осы Бөлімнің ережелеріне сәйкес сатып алынады.
      3. Анықтамалар. Осы Бөлімде төменде сатып алудың белгілі бір әдістің және белгілі бір келісімшарттарды Банктің қарауы әдістерін сипаттау үшін пайдаланылатын, бас әріппен басталатын терминдер нақты жағдайларға байланысты Сатып алу жөніндегі нұсқауда немесе Консультанттар жөніндегі нұсқауда сипатталған белгілі бір әдістерге сәйкес келеді.

B. Тауарлар мен жұмыстарды сатып алудың ерекше әдістері

      1. Халықаралық конкурстық сауда-саттық. Егер төмендегі 2-тармақта өзгеше көзделмеген болса, тауарлар мен жұмыстарды сатып алу Халықаралық конкурстық сауда-саттықтың рәсімдеріне сәйкес жасасқан келісімшарттар бойынша жүзеге асырылады.
      2. Тауарлар мен жұмыстарды сатып алудың басқа да әдістері. Төмендегі кестеде Халықаралық конкурстық сауда-саттықты қоспағанда, сатып алудың тауарлар мен жұмыстарға қолдануға қолайлы болатын әдістері ұсынылған. Сатып алу жоспарында осы немесе өзге әдісті қолдану мүмкін болатын жағдаяттар көрсетілуге тиіс.

Сатып алу әдісі

(а) осы 2-Қосымшаға Толықтыруда белгіленген қосымша ережелерге сәйкес ұлттық конкурстық сауда-саттық

(b) Еркін сауда-саттықтағы сатып алу

(с) Келісімшарттарды тікелей жасасу

С. Консультанттардың қызметтерін сатып алудың ерекше әдістері

      1. Сапа және құн негізінде іріктеу. Егер төмендегі 2-параграфта өзгеше көзделмеген болса, консультациялық қызметтерді сатып алу Сапа және құн негізінде іріктеу рәсімдеріне сәйкес тағайындалған келісімшарттар бойынша жүзеге асырылады.
      2. Консультанттардың қызметтерін сатып алудың басқа да әдістері. Төмендегі кестеде сатып алудың Сапа және құн негізінде іріктеуді қоспағанда, Консультанттардың қызметтерін сатып алу кезінде қолданылуы мүмкін болған әдістері ұсынылған. Сатып алу жоспарында осы немесе өзге әдісті қолдану мүмкін болатын жағдаяттар көрсетілулері тиіс.

Сатып алу әдісі

(а) Сапа негізінде іріктеу

(b) Тіркелген бюджет кезіндегі іріктеу

(с) Неғұрлым аз құн бойынша іріктеу

(d) Консультанттардың біліктілігі негізінде іріктеу

(е) Бір көзден сатып алу

(f) Жеке консультанттарды іріктеу үшін Консультанттар жөніндегі нұсқаудың 5.2 және 5.3-параграфтарында белгіленген рәсімдер

D. Банктің сатып алу жөніндегі шешімдерін қарау

      Сатып алу жоспарында Банктің алдын ала қарауына жататын келісімшарттар көрсетілуге тиіс. Барлық басқа келісімшарттар Банктің кейіннен қарауына жатады.

IV бөлім. Қарыз қаражатын шоттан алу

А. Жалпы ережелер

      1. Қарыз алушы Жалпы шарттардың II бабының, осы Бөлімнің және төмендегі 2-параграфтағы кестеге сәйкес Заңдылық шығыстарды қаржыландыру үшін Банк Қарыз алушыға берген хабарламасында көрсететін сол қосымша нұсқаулықтың (Банк кезең-кезеңімен қайта қарап отыратын және осындай нұсқаулықтарға сәйкес осы Келісімге қолданылатын 2006 жылғы мамырда "Жобалардың қаражатын игеру жөніндегі Дүниежүзілік банктің нұсқауын" қоса алғанда) ережелеріне сәйкес Қарыз қаражатын ала алады.
      2. Төмендегі кестеде Қарыз қаражатынан ("Санат") қаржыландырылуы мүмкін Заңдылық шығыстардың санаты, әрбір Санат бойынша Қарыздың бөлінген сомасы және әрбір Санат бойынша Заңдылық шығыстар ретінде қаржыландыруға жататын шығыстардың пайыздық үлесі анықталған.

Санаты

Қарыздың бөлінген сомасы (долларлық баламада)

Қаржыландыруға жататын шығыстар үлесі (салықтарды қоса алғанда)

(1) Жобаның 1-бөлігі бойынша жұмыстар

1 134 300 000

85%

(2) Жобаның 2-бөлігі бойынша жұмыстар

747 200 000

85%

(3) Жобаның 3-бөлігі бойынша консультациялық қызметтер

5 500 000

85%

(4) Жобаның 4-бөлігі бойынша консультациялық қызметтер

2 100 000

85%

(5) Жобаның 5-бөлігі бойынша консультациялық қызметтер

46 800 000

85%

(6) Жобаның 4-бөлігі бойынша тауарлар

900 000

85%

(7) Бөлінбеген шығыстар

188 200 000


ЖАЛПЫ СОМА

2 125 000 000


В. Алу шарттары; алу кезеңі

      1. Осы Бөлімнің А Бөлігінің ережелеріне қарамастан, қаражат:
      (а) Банкке толық көлемде банктің комиссия сомасы төленгенге дейін Қарыз шотынан; және
      (b) Автомобиль жолдары комитетін нығайтудың және автожол желісінің жалпы жағдайын жақсартудың нұсқалары қаралатын зерттеуді Қарыз алушы жүргізгенге және Банкпен Автомобиль жолдары комитетін нығайту және осы зерттеулердің нәтижелерін ескере отырып, республикалық маңызы бар автожолдар желісінің жалпы жағдайын жақсарту бойынша іс-шаралар жүргізу тетігін келіспейінше (2) Санаттың шығыстары үшін; және
      (с) осы Келісімнің күніне дейін жасалған төлемдер бойынша алынбауға тиіс.
      2. Жабылу күні - 2013 жылғы 31 желтоқсан.

2-ҚОСЫМШАҒА
толықтыру

      Қарыз алушының Ұлттық конкурстық сауда-саттық рәсімдері мынадай ережелер сақталған жағдайда осы Жоба шеңберінде тауарлар мен жұмыстарды сатып алу үшін пайдаланылуы мүмкін:

А. Мемлекеттік кәсіпорындардың қатысуы

      Қарыз алушының аумағындағы мемлекеттік кәсіпорындар, егер олар өздерінің құқықтық және қаржылық дербестігін ресми түрде растай алатын болса, егер олар коммерциялық құқық негізінде әрекет етсе және тапсырысшы ретінде келісімшарт жасасатын ведомстволарға тәуелді ұйымдар болып табылмайтын жағдайларда ғана сауда-саттыққа қатысуға құқылы. Сонымен қатар өтінімдерге және кепілді қамтамасыз етуге қатысты оларға сауда-саттықтың басқа да қатысушыларына қойылатын талаптар сияқты талаптар қолданылатын болады.

В. Конкурстық құжаттама

      Сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар Банк үшін қолайлы тауарларды және жұмыстарды сатып алуға арналған конкурстық құжаттаманың стандартты пакетін пайдалануы тиіс.

С. Конкурстық өтінімдерді ашу және бағалау:

      (а) өтінімдерді ашу конкурстық өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі басталғаннан кейін дереу жариялы түрде жүргізіледі;
      (b) конкурстық өтінімдерді бағалау конкурстық құжаттамада мәлімделген монетарлы түрде есептелетін өлшемдерге қатаң сәйкестікте жүргізілуі тиіс;
      (с) отандық өнім берушілерге преференциялар қолданылмауы тиіс;
      (d) келісім-шарт неғұрлым төмен бағада және негізінен талаптарға сәйкес келетін конкурстық өтінім берген сауда-саттықтың білікті қатысушысына берілуі тиіс, бұл ретте келіссөздер жүргізілмейді.

D. Бағаны түзету

      Ұзақ (18 (он сегіз) айдан астам) кезеңге есептелген құрылыс жұмыстарына арналған келісімшарттарда бағаларды түзету туралы тиісті тармақ болуы тиіс. Ұзақ (18 (он сегіз) ай немесе одан кем) кезеңге есептелмеген құрылыс жұмыстарына арналған келісімшарттарда бағаларды түзету туралы тиісті тармақтың қамтылуы талап етілмейді.

Е. Сауда-саттық нәтижелерінің күшін жою

      Конкурстық сауда-саттықты өткізілмеді деп тану және жаңа конкурстық өтінімдерді беруге шақыру Банктің алдын ала келісімімен ғана жүргізілуі мүмкін.

F. Жекелеген конкурстық өтінімдерді қабылдамау

      Әрбір жекелеген конкурстық өтінім мынадай жағдайларда:
      (а) сауда-саттыққа қатысушы біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;
      (b) сауда-саттыққа қатысушы сатып алуды жүргізетін ұйымның Конкурстық комиссиясы жасаған, оның конкурстық өтініміндегі арифметикалық қатені түзетуді қабылдамаған; және
      (с) сауда-саттыққа қатысушы конкурстық құжаттама талаптарына сай болмаған жағдайларда қабылданбауы мүмкін.

3-ҚОСЫМША
Өтеу кестесі

      1. Келесі кестеде негізгі борышты және негізгі борышты өтеудің әрбір Күніне өтеуге жататын Қарыздың барлық сомасына төленетін пайыздардың Күндері көрсетілген ("Кезекті төлем үлесі"). Егер Қарыз қаражаты негізгі борышты өтеудің бірінші Күнінде толығымен алынатын болса, негізгі борышты өтеудің осындай әрбір Күнінде Қарыз алушының өтеуіне жататын Қарыздың негізгі сомасын Банк көбейту жолымен анықтайды: (а) негізгі борышты өтеудің бірінші Күні алынған Қарыз сомасын және (b) негізгі борышты өтеудің әрбір Күніне Кезекті үлестік төлем үлесін, қажет болған жағдайда өтеуге жататын сомалар валютаны конвертациялау қолданылатын осы Қосымшаның 4-параграфында айтылған кез келген соманы шегеру үшін түзетілуі тиіс.

Негізгі борыш бойынша төлем күні

Кезекті төлем үлесі
(пайыздық мәнде)

2014 жылғы 15 мамырдан бастап,
2033 жылғы 15 қарашаны қоса алғанда,
әрбір жылдың 15 мамыры мен 15 қарашасы

2.5 %

      2. Егер Қарыз қаражаты негізгі борышты өтеудің бірінші күнінде толығымен алынбаса, негізгі борышты өтеудің осындай әрбір Күніне Қарыз алушы өтеуі тиіс Қарыздың негізгі сомасы мынадай түрде айқындалатын болады:
      (а) Негізгі борышты өтеудің бірінші Күні алынған Қарыздың кез келген қаражаты шамасында Қарыз алушы осы Қосымшаның 1-параграфына сәйкес осындай күнге алынған Қарыз сомасын өтеуі тиіс.
      (b) Негізгі борышты өтеудің осы Күні үшін ("Кезекті төлем үлесінің бастапқы сомасы") Негізгі борышты өтеудің бірінші Күнінен кейін алынған кез-келген сома осы Қосымшаның 1-параграфының кестесінде көрсетілген төлем үлесінің бастапқы сомасы болып табылатын алымы бөліндіге бөлінген осындай соманы көбейту жолымен Банк анықтаған сомада осындай алу күнінен кейін негізгі борышты өтеудің әрбір Күніне өтелуі тиіс, ал бөлгіші негізгі борышты өтеудің Күніне осындай күнге немесе одан кейінгі Кезекті төлем үлестерінің қалған барлық Бастапқы сомалары болып табылатын қажет болған кезде өтеуге жататын сомалар валютаны Конвертациялау қолданылатын осы Қосымшаның 4-параграфында айтылған кез келген соманы шегеру үшін түзетілуі тиіс.
      3. (а) Негізгі борышты өтеудің кез келген Күніне дейін екі күнтізбелік ай ішінде алынған Қарыз сомалары негізгі борышты өтеудің кез келген Күніне жататын негізгі борыш сомасын есептеу мақсаты үшін айрықша алынған күннен кейін негізгі борышты өтеудің екінші Күнінде алынған және өтелмеген болып есептелетін және алынған күннен кейін негізгі борышты өтеудің екінші Күнінен бастап негізгі борышты өтеудің әрбір күніне өтеуге жататын болады.
      (b) Осы параграфтың (а) тармақшасының ережесіне қарамастан, егер кез келген уақытта Банк төлем мерзімдері бойынша шоттарды шығару жүйесін қабылдаса, осы ретте шоттар негізгі борышты өтеудің тиісті Күніне немесе одан кейін беріледі, шоттарды шығарудың осындай жүйесі қабылданғаннан кейін жасалған қандай да алуларға осы тармақшаның ережесі қолданылмайтын болады.
      4. Конвертация кезеңі ішінде пайда болатын негізгі борышты өтеудің кез келген Күніне өтеуге жататын Бекітілген валютаға осындай түрде конвертацияланатын Бекітілген валюта сомасындағы Қарыздың барлық валютадағы немесе алынған соманың кез келген бөлігіндегі Конвертациялаудан кейін осы Қосымшаның 1 және 2-параграфтарының ережелеріне қарамастан, тікелей конвертациялау алдында осындай соманы деноминациялау валютасында көбейту жолымен немесе (і) конвертациялауға жататын Валюталық хедждік мәмілелер шеңберінде Банктің төлеуіне жататын немесе (іі) Конверсия бойынша нұсқауға сәйкес мұндай шешімді егер Банк қабылдаса, Экранды ставканың валюталық құрылымы анықталуы тиіс.

ҚОСЫМША

I Бөлім. Анықтамалар

      1. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі нұсқау" 2006 жылғы 15 қазандағы "ХҚДБ қарыздары және ХДҚ кредиттері мен гранттары қаражатынан қаржыландырылатын жобалардағы алаяқтық пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі нұсқауды" білдіреді.
      2. "Санат" осы Келісімге 2-қосымшаның IV Бөлімінің кестесінде көрсетілген санатты білдіреді.
      3. "Автомобиль жолдары комитеті" Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің кейбір мәселелері туралы" 2007 жылғы 6 желтоқсандағы N 1193 қаулысымен ККМ-де 2008 жылғы 1 қаңтарда құрылған және республикалық автожол желісі үшін жауап беретін автомобиль жолдарын басқару жөніндегі органды және оның кез келген құқық мирасқорын немесе құқық мирасқорларын білдіреді.
      4. "Консультанттар жөніндегі нұсқау" Банк 2004 жылғы мамырда жариялаған және 2006 жылғы қазанда қайта қараған "Дүниежүзілік Банк Қарыз алушыларының консультанттарды іріктеуі және жалдауы жөніндегі нұсқауды" білдіреді.
      5. "Қоршаған ортаға әсерін бағалау" немесе "ҚОӘБ" Қарыз алушының 2009 жылғы 26 ақпанда дайындаған және ашып көрсеткен және Банк үшін қанағаттандырарлық Қоршаған ортаға әсерін бағалау жөніндегі қорытынды есепті білдіреді, оған басқалар арасында: (і) Жобаның іс-шаралары жүргізілетін объектілердің егжей-тегжейлі сипаттамасы, (іі) жоғарыдағы (і) параграфта көрсетілген іс-шаралардың әлеуетті және нақты келеңсіз экологиялық әсері және (ііі) Жобаны іске асыру барысында қабылданатын, Жобаның келеңсіз экологиялық салдарын төмендетуге, жоюға немесе өтеуге бағытталған шараларды айқындалатын жалпы ТҚІЖ-ны білдіреді.
      6. "Табиғатты қорғау іс-шараларының жоспарлары" немесе "ТҚІЖ" нақты объектілерге Банк үшін қанағаттанарлық және Қарыз алушының ҚОӘБ-ге және осы Келісімге 2-қосымшаның ІА Бөлімінің 3-тармағына сәйкес қабылдаған, Жоба шеңберіндегі Қарыз алушы жүргізуі тиіс жұмыстарға қатысты және Жобаның іс-шараларын іске асырумен байланысты, баламалы институционалдық тетіктермен, талаптардың орындалуының тиісінше деңгейін және оларды Банктің алдын-ала жазбаша келісуіне мерзімді түрде өзгерістер мен толықтырулар енгізу мүмкіндігімен бірге сақталуы жөнінде ақпараттың жүйелі түрде түсуін қамтамасыз етуге қабілетті мониторинг және есептілік тетіктерімен бір қатарда әлеуетті экологиялық тәуекелдерді басқару, қоршаған ортаға келеңсіз әсерін жұмсарту, төмендету және/немесе өтеу бойынша шараларды айқындайтын құжаттарды білдіреді; және "ТҚІЖ" ұғымы осы объектілердің біріне жатады.
      7. "ЖБСҚІ бойынша іс-шаралар жоспары" Банк үшін қанағаттандырарлық және Қарыз алушының қаржылық басқаруды бақылауды күшейту және Жоба шеңберінде өткізілетін сатып алу рәсімдерінің ашықтығын және адалдығын арттыру мақсатында осы Келісімнің 4.01 (d) Бөліміне сәйкес ККМ арқылы қабылдауына жататын Жобаны басқару және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттері бойынша Іс-шаралар жоспарын білдіреді.
      8. "Жалпы талаптар" 2005 жылғы 1 шілдедегі (2008 жылғы 12 ақпанға дейінгі түзетулерді қоса алғанда) "Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің қарыздарына арналған жалпы талаптарды" білдіреді.
      9. "ККМ" Қарыз алушының Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігін және оның кез келген құқық мирасқорын немесе құқық мирасқорларын білдіреді.
      10. "ЖБК" - Банк үшін қолайлы және осы Келісімнің 4.01 (а) бөлімінде айтылған, Жобаны басқаруда және іске асыруда ҚР ККМ қолдау бойынша консультациялық қызметтерді көрсету үшін тартылған заңды тұлға, Жобаны басқару жөніндегі консультант.
      11. "Сатып алу жөніндегі нұсқау" Банк 2004 жылғы мамырда жариялаған және 2006 жылғы қазанда қайта қараған "ХҚДБ қарыздары және ХДҚ кредиттері шеңберінде сатып алу жөніндегі нұсқауды" білдіреді.
      12. "Сатып алу жоспары" 2009 жылғы 30 қаңтардағы Сатып алу жөніндегі нұсқаудың 1.16-тармағында және Консультанттар жөніндегі нұсқаудың 1.24-тармағында оған сілтеме жасалған сатып алу жоспарын білдіреді, ол көрсетілген тармақтардың ережелеріне сәйкес мерзімді түрде түзетіліп отыруы мүмкін.
      13. "Жобаны іске асыру жөніндегі нұсқау" қаржылық басқару жөніндегі нұсқауды қоса алғанда, Жобаны іске асыру рәсімдері мен ережелерін операциялық және әкімшілік міндеттерін, айқындайтын, сондай-ақ осы Келісімнің ережелеріне, Қарыз алушының Банктің алдын-ала жазбаша келісуіне мерзімді түрде өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін болатын ұлттық, заңнамалық және нормативтік актілеріне сәйкес келетін Қаржылық рәсімдер жөніндегі нұсқауды білдіреді.
      14. "Қоныс аудару бойынша іс-шаралар жоспары" кез келген Қоныс аудару бойынша Қысқартылған іс-шаралар жоспарын қоса алғанда, Қарыз алушы осы Келісімге 2-қосымшаның ІА Бөлімінің 2-тармағына сәйкес және Банк үшін қанағаттандырарлық, басқалардың арасында өтемақы және қоныс аудару тетіктерін, бюджет пен шығындар сметасын, сондай-ақ баламалы институционалдық тетіктермен, талаптардың орындалуының тиісінше деңгейін және әрбір жеке учаске үшін олардың орындалуы жөнінде жүйелі түрдегі ақпаратты қамтамасыз етуге қабілетті мониторинг және есептілік тетіктерімен бірге қаржыландыру көздерін қоса алғанда, іс-шаралар бағдарламасын, адамдарға өтемақы төлеу және оларды көшірудің шаралары мен стратегиясын қамтитын елді мекендерге тән құжаттарды білдіреді; "Қоныс аудару бойынша іс-шаралар жоспары" осындай бір жоспарды білдіреді.
      15. "Қоныс аудару саясаты жөніндегі құжат" Қарыз алушы 2008 жылғы 1 мамырда дайындаған, бекіткен және жариялаған, Қарыз алушы 2009 жылғы 18 наурызда түзеткен және жариялаған және 2009 жылғы 25 наурызда Infoshop сайтында жарияланған құжат, онда Қоныс аудару бойынша іс-шаралар жоспарын дайындау кезінде қолданылуы тиіс бағалау рәсімдерін, қоғамдық консультациялар мен қатысуды, ақпаратты мониторингілеу, бағалау және ашу өлшемдерін қоса алғанда, көшіп-қону рәсімдері, институционалдық тетіктер, заңдылық өлшемдері, құқықтары мен өтемақылары айқындалған құжат.

II бөлім. Жалпы шарттардың өзгерістері

      Жалпы талаптарға мынадай өзгерістер енгізілді:
      1. 2.07-бөлімнің (а) пункті мынадай редакцияда жазылсын:
      "2.07-бөлім. Қайта қаржыландыру үшін аванс; Қарыз кредитін ашу үшін комиссияны капиталдандыру және сыйақылар
      (а) Егер Қарыз туралы келісім Банк немесе Қауымдастық берген Қарыз қаражатынан Аванс төлеуді ("Дайындыққа арналған Аванс") көздейтін болса, онда Банк Қарыз туралы келісім Тарапы атынан Несие шотынан күшіне енген Күніне немесе одан кейін Несие шотынан бұл соманы алған күніне аванстың алынған және өтелмеген сомасын өтеу үшін қажетті соманы алуы және осы күнге дейін есептелген және төленбеген алымдардың барлығын, егер олар қолданылатын болса, аванс сомасынан төлеуі тиіс. Банк осылайша алынған бұл соманы өзінің пайдасына немесе Қауымдастық пайдасына жағдайға байланысты төлейді және аванстың алынбаған сомасының күшін жоюы тиіс".
      2. 7.02-бөлімінің (1) пункті мынадай редакцияда жазылсын:
      "7.02-бөлім. Банктің Келісімді тоқтата тұруы
      ... (1) Құқық өкілеттілігінің болмауы. Банк немесе Қауымдастық Қарыз алушыны (Мүше мемлекетті қоспағанда) немесе жобаны атқарушы агенттікті Банк немесе Қауымдастықтан қандай да бір қаржыландыруды алу немесе Банк немесе Қауымдастық Қарыз алушыны немесе жобаны атқарушы агенттікті алаяқтыққа, сыбайлас жемқорлыққа, мәжбүрлі іс-әрекеттерге немесе Банк немесе Қауымдастық берген кез келген қаржыландыруды пайдаланумен байланысты ымыраласуға қатысқан деп анықтаса, Банк немесе Қауымдастық толық немесе ішінара қаржыландыратын кез келген жобаны дайындау немесе іске асыруға қатысу үшін құқық өкілеттілігі жоқ деп жариялайды".
      3. (а) "Конверсиялау күндері" терминінің анықтамасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Конверсиялау күні" конверсияға қатысты конверсия күшіне енген кезден бастап және одан әрі оған қатысты Конверсиялау жөніндегі нұсқаулықтың ережелері қолданылатын, Қарыз алушы сұрататын және Банк үшін қолайлы атқару күнін (осы құжаттағы анықтама бойынша) немесе өзге де осындай күнді білдіреді."
      (b) "Қалқымалы ставка" терминінің анықтамасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "(с) валютаны қалқымалы ставка бойынша есептелетін пайыздар есебіне жазылатын алудан кейінгі қарыз сомасы қалдығының мөлшерінде Мақұлданған валютаға конверсиялау кезінде мұндай сомаларға қолданылатын қалқымалы пайыздық ставка не: (і) (А) LIBOR немесе Мақұлданған валютаға қатысты Қарыз алушы мен Банк арасында келісілуі мүмкін болған басқа да кез келген базалық ставка сомасына; мұндай болған жағдайда қосу LIBOR-ға (В) спред жоғарыда аталған валютаны конверсиялауға жататын Валюталық Хедждік мәмілелер шеңберінде Банктің төлеуі тиіс сомаға; не: (іі) егер Банк Конверсия жөніндегі нұсқауға сәйкес мұндай шешімді қабылдаса, Экрандық ставканың валюталық компонентіне теңестіріледі.".

      Осымен 2009 жылғы 13 маусымда жасалған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімнің ("Оңтүстік-Батыс" автомобиль жолдарын дамыту жобасы: "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық транзит дәлізі (ОАӨЭЫ-1b және 6b)) куәландырылған көшірмесі екендігін растаймын.

      Қазақстан Республикасы
      Сыртқы істер министрлігінің
      Халықаралық құқық департаменті
      Халықаралық шарттар басқармасының
      Бастығы                                          Б. Пискорский

      РҚАО-ның ескертуі: бұдан әрі Келісімнің ағылшын тіліндегі мәтіні берілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады