"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу мәселелері бойынша өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 14 қазандағы N 194-IV Заңы

      1-бап. "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 2-3, 25-құжат; 2001 ж., N 20, 258-құжат; 2002 ж., N 5, 50-құжат; 2004 ж., N 5, 29-құжат; N 13, 74-құжат; 2005 ж., N 17-18, 73-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 12, 86-құжат; N 13, 100-құжат; N 19, 147-құжат; 2008 ж., N 13-14, 55-құжат; N 21, 97-құжат; 2009 ж., N 15-16, 74-құжат; 2009 жылғы 28 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 23 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      22-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "22-бап. Ғылыми сараптаманың міндеттері

      1. Нормативтік құқықтық актілердің реттейтін құқық қатынастарына карай осы актілердің жобалары бойынша ғылыми (құқықтық, экологиялық, қаржылық және басқа да) сараптама жүргізілуі мүмкін.
      Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізілетін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша олармен реттелетін құқықтық қатынастарға қарай ғылыми сараптама, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізілуге міндетті, бұған заңнамалық актілердің жобалары Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен енгізіліп, онда ғылыми сараптама жүргізілмеуі мүмкін болатын жағдайлар қосылмайды.
      2. Сондай-ақ мына нормативтік құқықтық актілердің:
      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық қаулыларының;
      2) Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларының және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулыларының;
      3) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерінің, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулыларының, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерінің жобалары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама міндетті түрде жүргізілуге тиіс.
      Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының жобалары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізілмейді.
      3. Қабылдау салдары экологиялық, оның ішінде радиациялық қауіпсіздікке, қоршаған ортаны қорғауға қатер төндіретін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларына міндетті экологиялық сараптама жүргізілуге тиіс.
      4. Сараптама:
      1) жобаның сапасын, негізділігін, уақтылығын, құқыққа сыйымдылығын, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген адам және азамат құқықтарының жобада сақталуын бағалау;
      2) нормативтік құқықтық актінің ықтимал тиімділігін айқындау;
      3) жобаның нормативтік құқықтық акт ретінде қабылдануының ықтимал теріс салдарын анықтау үшін жүргізіледі.
      5. Нормативтік құқықтық актілер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың негізгі міндеттері:
      1) құқықтық реттеудің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормалары мен олқылықтарын анықтау;
      2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың ықтимал жасалуы бөлігінде нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдаудың салдарларын бағалау;
      3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға тосқауыл қоятын нормативтік құқықтық актілер жобаларының нормаларын ұсынымдар түрінде әзірлеу болып табылады.".

      2-бап. Осы Заң, мыналарды:
      1) 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың жетінші абзацын;
      2) 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың сегізінші және тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев

О внесении изменения в Закон Республики Казахстан "О нормативных правовых актах" по вопросам проведения научной антикоррупционной экспертизы

Закон Республики Казахстан от 14 октября 2009 года № 194-IV

      Статья 1. Внести в Закон Республики Казахстан от 24 марта 1998 года "О нормативных правовых актах" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1998 г., № 2-3, ст. 25; 2001 г., № 20, ст. 258; 2002 г., № 5, ст. 50; 2004 г., № 5, ст. 29; № 13, ст. 74; 2005 г., № 17-18, ст. 73; 2006 г., № 3, ст. 22; № 24, ст. 148; 2007 г., № 2, ст. 18; № 12, ст. 86; № 13, ст. 100; № 19, ст. 147; 2008 г., № 13-14, ст. 55; № 21, ст. 97; 2009 г., № 15-16, ст. 74; Закон Республики Казахстан от 17 июля 2009 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам частного предпринимательства", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" 28 июля 2009 г. и "Казахстанская правда" 23 июля 2009 г.) следующее изменение:
      статью 22 изложить в следующей редакции:
      "Статья 22. Задачи научной экспертизы
      1. По проектам нормативных правовых актов может проводиться научная экспертиза (правовая, экологическая, финансовая и другая) в зависимости от правоотношений, регулируемых данными актами.
      По проектам нормативных правовых актов, вносимых на рассмотрение Парламента Республики Казахстан, проведение научной экспертизы в зависимости от регулируемых ими правоотношений, а также научной антикоррупционной экспертизы обязательно, за исключением случаев внесения проектов законодательных актов в порядке законодательной инициативы Президента Республики Казахстан, когда научная экспертиза может не проводиться.
      2. Научной антикоррупционной экспертизе в обязательном порядке также подлежат следующие проекты нормативных правовых актов:
      1) нормативные правовые постановления Правительства Республики Казахстан;
      2) нормативные правовые приказы министров Республики Казахстан и иных руководителей центральных государственных органов, нормативные правовые постановления центральных государственных органов и нормативные постановления Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан;
      3) нормативные правовые решения маслихатов, нормативные правовые постановления акиматов, нормативные правовые решения акимов.
      Научная антикоррупционная экспертиза не проводится по проектам нормативных правовых указов Президента Республики Казахстан, нормативных постановлений Конституционного Совета и Верховного Суда Республики Казахстан.
      3. Проекты законодательных и иных нормативных правовых актов, последствия от принятия которых создают угрозу экологической, в том числе радиационной, безопасности, охране окружающей среды, подлежат обязательной экологической экспертизе.
      4. Экспертиза проводится для:
      1) оценки качества, обоснованности, своевременности, правомерности проекта, соблюдения в проекте закрепленных Конституцией Республики Казахстан прав человека и гражданина;
      2) определения возможной эффективности нормативного правового акта;
      3) выявления возможных отрицательных последствий принятия проекта в качестве нормативного правового акта.
      5. Основными задачами научной антикоррупционной экспертизы проектов нормативных правовых актов являются:
      1) выявление норм и пробелов правового регулирования, способствующих совершению коррупционных правонарушений;
      2) оценка последствий принятия проекта нормативного правового акта в части возможности совершения коррупционных правонарушений;
      3) выработка в виде рекомендаций норм проектов нормативных правовых актов, препятствующих совершению коррупционных правонарушений.".
      Статья 2. Настоящий Закон вводится в действие со дня его первого официального опубликования, за исключением:
      1) абзаца седьмого статьи 1, который вводится в действие с
1 января 2010 года;
      2) абзацев восьмого и девятого статьи 1, которые вводятся в действие с 1 января 2011 года.

      Президент 
Республики Казахстан                             Н. Назарбаев