2006 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі және Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Экономикалық даму жөніндегі Қазақстан-Американ бағдарламасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға Қосымша келісімді ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 3 желтоқсандағы № 360-IV Заңы

      2010 жылғы 22 ақпанда Астанада жасалған 2006 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі және Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Экономикалық даму жөніндегі Қазақстан-Американ бағдарламасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға Қосымша келісім ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                   Н. Назарбаев

2006 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен
Америка Құрама Штаттары Үкіметінің арасында Экономикалық
даму жөніндегі Қазақстан-Американдық бағдарлама бойынша
өзара түсіністік туралы меморандумға
Қосымша келісім

(2011 жылғы 31 қаңтарда күшіне енді - ҚР СІМ-нің ресми сайты)

      Бұдан әрі бірлесіп Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі — ҚР Үкіметі) атынан Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі (бұдан әрі - ЭБЖМ) және Америка Құрама Штаттарының Үкіметі (бұдан әрі - АҚШ Үкіметі) атынан АҚШ Халықаралық даму агенттігі (бұдан әрі - USAID) «Хьюстон бастамасы» Экономикалық даму жөніндегі Қазақстан-Американ бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) әзірлеу және іске асыру үшін 2006 жылғы 5 мамырда Қазақстан Республикасының Үкіметі және Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Экономикалық даму жөніндегі Қазақстан-Американ бағдарламасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандум жасағанын назарға ала отырып;
      Тараптар Бағдарламаның табысын нығайтуға және Меморандумға осы Қосымша келісім (бұдан әрі - Қосымша келісім) негізінде ынтымақтастықты жалғастыруға ниет білдіргенін назарға ала отырып, олар мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізуге келісті:

      1. 3.3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3.3. Тараптар Бағдарламаны қаржыландыруға бірлесе қатысуға ниет білдіріп отыр. Тараптар 3.2-тармақта белгіленгендей шарттарға сәйкес және әрбір бағдарламалық жылға арналған мынадай жобаланған қаржыландыру үлесін енгізуге келісім білдіріп отыр.

АҚШ долл.  

Бағдарламалық жыл

Жалпы бюджет

ЮСАИД

Қазақстан Республикасы Үкіметі

2006 жылдың 1 қаңтары - 31 желтоқсаны

10 000 000

7 500 000

2 500 000

2007 жылдың 1 қаңтары - 31 желтоқсаны

10 000 000

6 500 000

3 500 000

2008 жылдың 1 қаңтары - 31 желтоқсаны

10 000 000

5 500 000

4 500 000

2009 жылдың 1 қаңтары - 31 желтоқсаны

10 000 000

5 000 000

5 000 000

2010 жылдың 1 қаңтары - 31 желтоқсаны

4 500 000

1 500 000

3 000 000

2011 жылдың 1 қаңтары - 31 желтоқсаны

4 500 000

1 500 000

3 000 000

2012 жылдың 1 қаңтары - 31 желтоқсаны

4 500 000

1 500 000

3 000 000

Барлығы

53 500 000

29 000 000

24 500 000

      6.2-тармақтағы «1 сәуір және 1 тамызында» деген сөздер «1 маусым және 1 желтоқсанында» деген сөздермен ауыстырылсын.

      Мынадай мазмұндағы 7.2-тармақпен толықтырылсын:
      «7.2. Жылдық жұмыс жоспарларына әрбір жоба бойынша есептілікті ұсыну нысандары мен мерзімдері қосылуы мүмкін.»;

      8.7-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «010000 Қазақстан, Астана қ., Орынбор көшесі, 8, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, факс: + 7 (7172) 74-30-78».

      8.1-тармақтағы «2009 жылғы 31 желтоқсан» деген сөздер «2012 жылғы 31 желтоқсан» деген сөздермен ауыстырылсын;

      2. Тараптар Меморандумның 8.2-тармағына сәйкес оның ешқандай бөлігі қаржылық міндеттеме болып табылмайтынын, сондай-ақ Тараптардың әрбірі үшін қаржылық міндеттемелердің туындау құралы болып табылмайтынын таниды.
      3. Меморандумның осы Қосымша келісімде қайта қаралмаған барлық ережелері толығымен өзгеріссіз қалады.
      4. Осы Қосымша келісім Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы, соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күнінен бастап күшіне енеді.
      5. 2010 жылғы «22» ақпанда Астана қаласында қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды. Мәтін бойынша даулар немесе келіспеушіліктер туындаған жағдайда, ағылшын тіліндегі мәтіннің заңды күші басын болады.

      Америка Құрама Штаттарының      Қазақстан Республикасының
             Үкіметі үшін                     Үкіметі үшін

            Эндрю Сиссон                  Бақыт Сұлтанов

  Халықаралық даму бойынша АҚШ      Қазақстан Республикасы Экономика
Агенттігінің аймақтық директоры    және бюджеттік жоспарлау министрі

      2010 жылғы 22 ақпанда Астана қаласында жасалған 2006 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Экономикалық даму жөніндегі Қазақстан-Американдық бағдарлама бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қосымша келісімнің бұл көшірмесінің дәлдігін куәландырамын.

      Қазақстан Республикасының
      Сыртқы істер министрлігі
      Халықаралық-құқық департаментінің
      Басқарма бастығы                                Б. Пискорский

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады