Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 272-IV Заңы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; 2010 жылғы 6 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік статистика және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 57-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      «3) құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу.»;

      2) мынадай мазмұндағы 59-1-баппен толықтырылсын:
      «59-1-бап. Құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар
                 белгілеу

      1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге қатысушылардың және (немесе) ішкі істер органдарының өтініші бойынша сот әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау кезінде адамның мінез-құлқына осы Кодекстің 79-1, 79-5, 111-1, 112, 332, 355-1-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін үш айдан бір жылға дейінгі мерзімге:
      1) жәбірленушіні іздестіруге, ізіне түсуге, оған баруға, онымен ауызша, телефон арқылы сөйлесуге және өзге де тәсілдермен байланыс жасауға;
      2) атыс қаруын және қарудың басқа да түрлерін сатып алуға, сақтауға, алып жүруге және пайдалануға толық немесе жартылай тыйым салуды көздейтін ерекше талаптар белгілеуі мүмкін.
      2. Құқық бұзушының мінез-құлқына қойылатын ерекше талаптардың қолданылу мерзімі ішінде профилактикалық әңгімелесу өткізу үшін оған айына бір реттен төрт ретке дейін ішкі істер органдарына келу міндеттері жүктелуі мүмкін.»;

      3) 72-баптың екінші бөлігіндегі «әкiмшiлiк жаза тағайындалуы мүмкiн не оларға тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін» деген сөздер «тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шаралары қолданыла отырып, әкiмшiлiк жаза тағайындалуы мүмкiн» деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 77-баптың төртінші бөлігіндегі екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
      «Кәмелетке толмаған адамға қатысты құқық бұзушының мінез-құлқына осы Кодекстің 59-1-бабында көзделген ерекше талаптар белгіленуі, сондай-ақ, оқуды аяқтау не кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияның көмегiмен жұмысқа тұру талабы қойылуы мүмкiн.»;

      5) мынадай мазмұндағы 355-1-баппен толықтырылсын:
      «355-1-бап. Қорғау нұсқамасын бұзу

      Ішкі істер органы шығарған қорғау нұсқамасын бұзу,- бес айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

      6) 365-бапта:
      тақырыбындағы «хабарламау» деген сөзден кейін «және (немесе) шаралар қолданбау» деген сөздермен толықтырылсын;
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ұйым басшысының және басқа лауазымды адамдардың қылмысқа немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою жөнiнде қолданылған шаралар туралы хабарламауы, сол сияқты шаралар қолданбауы істi қараған органдардың (лауазымды адамдардың) ұсыныстары бойынша - »;

      7) 541-баптың бірінші бөлігі «363,» деген цифрлардан кейін «365,» деген цифрлармен толықтырылсын;

      8) 543-баптың бірінші бөлігіндегі «365,» деген цифрлар алып тасталсын;

      9) 618-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеу;»;

      10) мынадай мазмұндағы 625-1-баппен толықтырылсын:
      «625-1-бап. Жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеу

      1. Жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеу белгілі бір тұрғылықты орны және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдарға қатысты, оның іс-әрекеттерінде әкімшілік құқық бұзушылықтардың және қылмыстың белгілері болмаған және оның жеке басын анықтаудың өзге тәсілдері мүмкін болмаған кезде жеке профилактика шарасы болып табылады.
      2. Жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеуді сот санкциясымен ішкі істер органдары қолданады және адамды ішкі істер органдарының арнаулы мекемесінде отыз тәулікке дейінгі мерзімде уақытша оқшаулаудан тұрады.
      3. Жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеуді қолданудың тәртібі мен шарттары, сондай-ақ ішкі істер органдарының арнаулы мекемесінен босатудың негіздері Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.»;

      11) 636-баптың 1-бөлігінің 1) тармақшасы «363,» деген цифрлардан кейін «365,» деген цифрлармен толықтырылсын.».

      2. «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154, 155-құжаттар; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 15-16, 61-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 жылғы 6 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік статистика және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 2-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) құқық бұзушылық профилактикасы;»;

      2) 5-1-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
      «11) қорғау нұсқамасын шығарады.»;

      3) 11-баптың 1-тармағының 12) тармақшасындағы «прокурордың» деген сөз «соттың» деген сөзбен ауыстырылсын».

      3. «Қоғамдық бірлестіктер туралы» 1996 жылғы 31 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 234-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 8, 44-құжат):
      5-баптың бірінші бөлігі «патриоттық» деген сөзден кейін «, құқықтық» деген сөзбен толықтырылсын.».

      4. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 448-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 19, 150-құжат; № 20, 152-құжат):
      19-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 79-1, 79-5 және 355-1-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалғанда;».

      5. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 18-құжат; 2004 ж., № 2, 10-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 17-18, 76-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 15, 106-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 жылғы 6 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік статистика және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 7-бап мынадай мазмұндағы 5-5) және 5-6) тармақшалармен толықтырылсын:
      «5-5) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу;
      5-6) интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу;»;

      2) 9-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) мүгедектер, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының белгiленген квотасын орындауға;».

      6. «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18, 105-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 72-құжат):
      1) бүкіл мәтін бойынша «жеке профилактикалық жұмыс», «Жеке профилактикалық жұмыс», «жеке профилактикалық жұмысты», «Жеке профилактикалық жұмысты» деген сөздер тиісінше «жеке профилактикасы шаралары», «Жеке профилактикасы шаралары», «жеке профилактикасы шараларын», «Жеке профилактикасы шараларын» деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 1-баптың 2) және 8) тармақшалары алып тасталсын;

      3) мынадай мазмұндағы 19-1, 19-2, 19-3, 19-4 және 19-5-баптармен толықтырылсын:
      «19-1-бап. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық
                 бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз
                 қалудың жеке профилактикасы шаралары

      1. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың жеке профилактикасы шаралары олардың тарапынан жаңа құқық бұзушылық жасаудың алдын алу, сондай-ақ оларды жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою мақсатында кәмелетке толмағандардың құқықтық санасына және мінез-құлқына мақсатты түрде жүйелі әсер ету үшін қолданылады.
      2. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың жеке профилактикасы шаралары:
      1) профилактикалық әңгімелесу;
      2) құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныс;
      3) профилактикалық есепке алу және бақылау;
      4) арнаулы білім беру ұйымдарына жіберу;
      5) тәрбиелік ықпал ету шаралары;
      6) қорғау нұсқамасы;
      7) әкімшілік жаза қолдану;
      8) сот үкімі бойынша қабылданатын шаралар болып табылады.
      3. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың жеке профилактикасы шаралары осы шаралар қолданылатын кәмелетке толмағандардың жеке ерекшеліктері және олар жасаған құқық бұзушылықтың қоғамға қауіптілігінің сипаты мен деңгейі ескеріле отырып айқындалады.
      4. Мүдделі адамдар кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың жеке профилактикасы шараларын қолдану туралы шешімге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.
      5. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы шаралары Қазақстан Республикасының тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы заңнамасында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады.
      6. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың жеке профилактикасы шараларын есепке алу орталық атқарушы органдар белгілеген тәртіппен олардың құзыреті шегінде жүзеге асырылады.

      19-2-бап. Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың,
                қадағалаусыз және панасыз қалудың жеке
                профилактикасы шараларын қолдануға негіздер

      1. Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың жеке профилактикасы шараларын қолдануға мына мән-жайлардың бірі:
      1) жеке және заңды тұлғалардың хабарламалары немесе өтініштері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалар;
      2) құқық бұзушылық жасау не жасауға әрекет ету фактісін ішкі істер органы қызметкерінің тікелей анықтауы;
      3) мемлекеттік органдардан және жергілікті өзін өзі басқару органдарынан түскен материалдар негіз болып табылады.
      2. Құқық бұзушылық жасау туралы немесе оны жасау қатері туралы өтініштер мен хабарламаларды мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды.

      19-3-бап. Профилактикалық әңгімелесу

      1. Профилактикалық әңгімелесудің негізгі міндеттері құқыққа қарсы мінез-құлықтың себептері мен жағдайларын анықтау, құқық бұзушылықтың әлеуметтік және құқықтық салдарларын түсіндіру және заңға мойынсынушылық мінез-құлықтың қажеттігіне сендіру болып табылады.
      2. Профилактикалық әңгімелесуді құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдану құзыретіне жататын кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесінің мемелекеттік органы мен мекемесінің өкілі құқық бұзушылық жасаған немесе оған қатысты құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдануға негіз бар адаммен өткізеді.
      3. Профилактикалық әңгімелесу кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесі мемлекеттік органдарының қызметтік үй-жайларында, сондай-ақ тұратын жері, оқуы, жұмыс орны бойынша не тікелей құқық бұзушылық анықталған жерде өткізіледі және оның ұзақтығы бір сағаттан аспауға тиіс.
      4. Профилактикалық әңгімелесу өткізілетін кәмелетке толмаған адамға құқыққа қарсы іс-әрекеттерді тоқтату қажеттілігі туралы ескертіледі.
      5. Кәмелетке толмаған адаммен профилактикалық әңгімелесу оның ата-анасының, педагогтарының немесе басқа да заңды өкілдерінің қатысуымен өткізіледі.

      19-4-бап. Құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер
                мен жағдайларды жою туралы ұсыныс

      1. Құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайлар анықталған жағдайда кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесінің мемлекеттік органдары тиісті ұйымның басшысына немесе лауазымды адамына оларды жою туралы ұсыныс жібереді.
      2. Тиісті ұйымның басшысы немесе лауазымды адамы ұсынысты алған күннен бастап бір ай мерзім ішінде кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесінің мемлекеттік органдарына ұсынысты қарау нәтижелері мен қолданылған шаралар туралы жазбаша түрде ақпарат беруге міндетті.

      19-5-бап. Профилактикалық есепке алу және бақылау

      1. Профилактикалық есепке алу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген бірқатар шектеулер белгіленген және бірқатар міндеттер жүктелген кәмелетке толмағандарға профилактикалық бақылауды жүзеге асыру мақсатында ақпаратты жинау және тіркеу үшін жүргізіледі.
      2. Профилактикалық есепке алуға, оларға қатысты:
      1) қорғау нұсқамасы шығарылған;
      2) олардың бос уақытын өткізуіне шектеу қою және мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу туралы шешім қабылданған;
      3) жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғаны туралы шешім қабылданған;
      4) қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес, сондай-ақ шартты түрде немесе жазасын өтеу кейінге қалдырылған жаза белгіленген кәмелетке толмағандар қойылады.
      3. Профилактикалық есепке алуды ішкі істер органдары немесе қылмыстық-атқару инспекциясы жүргізеді.
      4. Профилактикалық бақылау профилактикалық есепте тұратын кәмелетке толмағандардың белгіленген шектеулерді сақтауын және жүктелген міндеттерді орындауын жүйелі түрде байқау болып табылады. Бұл адамдардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ оларға профилактикалық бақылауды жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.
      5. Мүдделі адамдар профилактикалық есепке қоюға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.
      6. Ішкі істер органдары немесе қылмыстық-атқару инспекциясы кәмелетке толмаған адамға қорғау нұсқамасы шығарылған күні не соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде профилактикалық есепке қойылғаны туралы жазбаша нысанда хабарлайды.
      7. Профилактикалық бақылау профилактикалық есепке алу қолданылатын мерзім ішінде жүзеге асырылады. Белгіленген шектеулердің қолданылу мен жүктелген міндеттердің орындалу мерзімі біткеннен кейін адам профилактикалық есептен шығарылып, оған бұл туралы жазбаша нысанда хабарланады.
      8. Профилактикалық есептегі қамтылған мәліметтер кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі міндеттерді шешу шеңберінде ғана пайдаланылуы мүмкін.
      9. Профилактикалық есепке алуды жүргізу Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі айқындаған тәртіппен олардың құзыреті шегінде жүзеге асырылады.».

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады