Байланыс формасы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 мамырдағы № 275-IV Заңы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; 2010 жылғы 6 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік статистика және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      553-баптың бірінші бөлігі «89,» деген цифрлардан кейін «175 (екінші бөлігінде) (қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелері жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын.

      2. «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» 2002 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 7-8, 77-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 жылғы 6 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік статистика және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) кіріспеде:
      «қауіпті өндірістік объектілерде авариялардың» деген сөздер «қауіпті өндірістік объектілерде авариялардың, инциденттердің салдарынан туындайтын қауіпті өндірістік факторлардың персоналға, халыққа, қоршаған ортаға зиянды әсерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «олардың салдарын» деген сөздер «аварияларды, инциденттерді және олардың салдарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «авариялардың» деген сөз «олардың» деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 1-бапта:
      мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-2) қауіпті өндірістік фактор – қауіпті өндірістік объектілерде авариялар, инциденттер болған кезде туындайтын, жеке және заңды тұлғаларға, қоршаған ортаға зиян келтіретін физикалық құбылыс;»;
      3) тармақшадағы «қауіпті өндірістік объектілердегі авариялардан және аталған авариялардың салдарларынан» деген сөздер «қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) тармақшадағы «мемлекеттік реттеу мен бақылауды» деген сөздер «басшылықты» деген сөзбен ауыстырылсын»;
      мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
      «5) техникалық басшы – ұйымның технологиялық процесіне басшылықты жүзеге асыратын, жоғары білімі бар маман;
      6) техникалық құрылғылар – машиналар, жабдықтар және дербес маңызы бар басқа да конструкциялар (есепке алу аспаптары, ысырмалар, крандар және басқалар).»;

      3) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «3-бап. Қауіпті өндірістік объектілер

      Қауіпті өндірістік объектілерге:
      1) мынадай:
      тұтанғыш – қалыпты қысым және ауамен қосылу жағдайында тұтанғыш болатын және қайнау температурасы қалыпты қысым жағдайында 20 немесе одан төмен Цельсий градусын құрайтын зат;
      жарылғыш - сыртқы әсердің белгілі бір түрлері кезінде жылу бөліп, газ құрап, өздігінен жылдам тарайтын химиялық өзгерістерге ұшырай алатын зат;
      жанғыш – өздігінен тұтанып, сондай-ақ от алдыру көзінен от алып, оны алып тастағаннан кейін өздігінен жанатын зат;
      тотықтандырғыш – жануға көмектесетін, тұтануды тудыратын және (немесе) тотықтандыру-қалпына келтірудің экзотермиялық реакциясы нәтижесінде басқа заттардың тұтануына себеп болатын зат;
      уытты – тірі организмдерге әсер ету кезінде олардың өліміне әкеп соқтыруға бейім және мынадай сипаттамасы бар зат:
      асқазанға енгізілген кезде өлтіретін орташа дозасы бір килограмм салмаққа қоса алғанда 15-тен 200 миллиграмға дейін келетін;
      теріге енгізген кезде өлтіретін орташа дозасы бір килограмм салмаққа қоса алғанда 50-ден 400 миллиграмға дейін келетін;
      ауадағы өлтіретін орташа шоғырлануы бір литрге қоса алғанда 0,5-тен 2 миллиграмға дейін келетін;
      жоғары уытты – тірі организмдерге әсер ету кезінде олардың өліміне әкеп соқтыруға бейім және мынадай сипаттамасы бар зат:
      асқазанға енгізілген кезде өлтіретін орташа дозасы бір килограмм салмаққа 15 миллиграмнан аспайтын;
      теріге енгізген кезде өлтіретін дозасы бір килограмм салмаққа 50 миллиграмнан аспайтын;
      ауадағы өлтіретін орташа шоғырлануы бір литрге 0,5 миллиграмнан аспайтын;
      қоршаған орта үшін қауіп тудыратын, су ортасында мынадай өте уытты көрсеткіштермен сипатталатын зат:
      балыққа тоқсан алты сағат бойына ингаляциялық әсер ету жағдайында өлтіретін орташа дозасы литріне 10 миллиграмнан аспайтын;
      дафнияға қырық сегіз сағат бойына әсер ету жағдайында нақты әсер тудыратын удың орташа шоғырлануы литріне 10 миллиграмнан аспайтын;
      балдырларға жетпіс екі сағат бойына әсер ету жағдайында орташа тежейтін шоғырлануы литріне 10 миллиграмнан аспайтын қауіпті заттардың бірі өндірілетін, пайдаланылатын, қайта өңделетін, түзілетін, сақталатын, тасымалданатын, жойылатын;
      2) 0,07 мегаПаскальдан жоғары қысыммен немесе 115 Цельсий градусынан жоғары судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін техникалық құрылғылар пайдаланылатын;
      3) қара, түсті, бағалы металдардың балқымалары және олардың негізінде алынатын қорытпалар жасалатын;
      4) тау-кен, геологиялық барлау, бұрғылау, жарылыс жұмыстары, пайдалы қазбаларды өндіру және минералды шикізатты қайта өңдеу жөніндегі жұмыстар, жер асты жағдайындағы жұмыстар жүргізілетін;
      5) құрамында адамның денсаулығы мен қоршаған орта үшін қауіпті заттары бар өндіріс қалдықтары сақталатын, тасымалданатын, қайта өңделетін, жойылатын;
      6) жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер, лифтілер пайдаланылатын;
      7) қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын электр қондырғыларының барлық түрлері пайдаланылатын;
      8) қауіпті өндірістік объектілердің гидротехникалық ғимараттары пайдаланылатын;
      9) радиоактивті және ионды сәулелену көздері пайдаланылатын объектілер жатады.»;

      4) мынадай мазмұндағы 3-1-баппен толықтырылсын:
      «3-1-бап. Өндірістік объектінің қауіптілігін бағалау

      1. Өндірістік объектінің қауіптілігін бағалау:
      1) жазатайым оқиғалардың жиілігі;
      2) жазатайым оқиғалардың ауырлығы;
      3) өлімге әкеп соғатын жарақаттанудың жиілігі;
      4) кәсіптік ауру;
      5) негізгі қорлардың тозуы;
      6) негізгі қорларды ауыстыру;
      7) қауіпті өндірістік объектінің авариялылығы коэффиценттері бойынша жүзеге асырылады.
      Өндірістік объектілер қауіптілігінің деңгейін, оның ішінде орташа салалық көрсеткіштерін уәкілетті орган айқындайды.
      Қауіпті өндірістік объектілердің иелері мен сақтандыру ұйымдары өздері ұсынатын қосымша материалдар негізінде өндірістік объектілер қауіптілігінің есептелген деңгейін өзгертуді талап етуге құқылы.
      2. Объект қауіптілігінің жалпы деңгейі осы Заңға қосымшаға сәйкес жыл сайын айқындалып отырады.»;

      5) 4-бапта:
      1-тармақтың 5) тармақшасындағы «қауіпті өндірістік объектілердің» деген сөздер алып тасталып, «қауіпсіздігіне» деген сөз «қауіпсіздікке» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің міндетті талаптары уәкілетті органның нормативтік актілерімен белгіленеді.
      Нормативтік актілер нормативтік актіде көрсетілген қызмет аясында орындалуға міндетті өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды қамтиды.
      Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік актілерді тіркеуді және есепке алуды уәкілетті орган жүзеге асырады.»;

      6) 7-бапта:
      14) тармақшадағы «қауіпті өндірістік объектіде сөзсіз аварияға ұрындыру қаупі бар» деген сөздер «қауіпті өндірістік факторлардың өндіріс персоналына, халыққа, қоршаған ортаға сөзсіз зиянды әсер ету қаупі бар» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 17-3) тармақшамен толықтырылсын:
      «17-3) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік актілерді тіркейді және олардың есебін жүргізеді;»;
      18) тармақшадағы «авария салдарын» деген сөздер «аварияларды және олардың салдарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «28) халықты және ұйымдарды қауіпті өндірістік объектілердегі авариялардың алдын алу және оларды жою шаралары туралы хабардар етеді.» деген сөздер «30) халықты және ұйымдарды қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің алдын алу және оларды жою шаралары туралы хабардар етеді;» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 29) және 31) тармақшалармен толықтырылсын:
      «29) қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтірумен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі міндетті қауіпті өндірістік объектілер иелерінің орындауын бақылайды;»;
      «31) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;

      7) 9-бапта:
      2) тармақшадағы «қауіпті өндірістік объектілерді авариялар» деген сөздер «қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсері» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) тармақшада:
      орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
      «уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен» деген сөздер «сараптамалық қорытынды негізінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік инспекторымен» деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 10-баптың 4) тармақшасы «авариялар» деген сөзден кейін «, инциденттер» деген сөзбен толықтырылсын;

      9) 11-бапта:
      4) тармақшадағы «нормативтік құқықтық актілерде» деген сөздер «өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) тармақшада:
      «авариялардың» деген сөзден кейін «, инциденттердің» деген сөзбен толықтырылсын;
      «авариялардың және олардың зардаптарының алдын алуға, оларды жоюға» деген сөздер «қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің және олардың зардаптарының алдын алуға және жоюға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      10) тармақшадағы «авариялар туралы» деген сөздер «қауіпті өндірістік факторлардың туындауы туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      11) тармақша «авариялардың» деген сөзден кейін «, инциденттердің» деген сөзбен толықтырылсын;
      12) тармақшадағы «саласындағы нормативтік құқықтық актілердің» деген сөздер алып тасталсын;
      14) тармақшадағы «авариялар» деген сөз «қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсері» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «16-1) мемлекеттік инспектор қауіпті өндірістік объектіде өз міндеттерін атқарған кезде оны қорғану құралдарымен, қауіпсіздік приборларымен қамтамасыз етуге және өзге де жәрдем көрсетуге;»;
      24), 25) және 26) тармақшалар алып тасталсын;
      27) және 29) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «27) уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне қауіпті заттардың тасымалданатыны туралы үш тәулік бұрын хабарлауға;»;
      «29) қауіпті өндірістік объектілерді салу, реконструкциялау, жаңғырту, жою жобаларын, сондай-ақ жергілікті жобаларды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік инспекторымен келісуге;»;
      30) тармақшадағы «уәкілетті орган өкілінің» деген сөздер «мемлекеттік инспектордың» деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 11-1-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Пайдалану кезінде қауіпті өндірістік факторлардың халыққа, қоршаған ортаға зиянды әсер ету мүмкіндігі бар қауіпті өндірістік объектілер міндетті түрде декларациялануға жатады.
      Қауіпті өндірістік факторлардың халыққа, қоршаған ортаға зиянды әсер ету мүмкіндігі жоба алдындағы шешімдерге өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу арқылы белгіленеді.
      Сараптама қауіпті өндірістік объектілердегі қауіпті өндірістік факторларды, сондай-ақ олар әсер етуі ықтимал аймақтағы адамдардың санын анықтайды.
      Уәкілетті орган сараптамалық қорытынды негізінде қауіпті өндірістік объектіні декларациялау туралы шешім шығарады.»;
      3-тармақта:
      2) тармақшадағы «қауіпті әсер ету факторларын (әр фактор» деген сөздер «қауіпті өндірістік факторларды (әр фактор» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақша «қауіпті» деген сөзден кейін «өндірістік» деген сөзбен толықтырылсын;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Декларация екі данада қағаз жеткізгіште, сондай-ақ электрондық жеткізгіште жоба құрамында сараптама қорытындысымен бірге немесе жеке құжат түрінде уәкілетті органға тіркеу үшін ұсынылады. Бір данасы және электрондық нұсқасы – уәкілетті органда, екінші данасы қауіпті өндірістік объектіні пайдаланушы ұйымда сақталады.»;

      11) 12-бапта:
      1-тармақтағы «қауіпті өндірістік объектілері бар» деген сөздер алып тасталсын;
      2-тармақтағы «уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен» деген сөздер «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік инспекторымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Ұйымдарда тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары құрылады.
      Ұйымдардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссияларының мүшелері Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы Бас мемлекеттік инспекторының немесе оның орынбасарларының төрағалық етуімен уәкілетті органның комиссиясында емтихан тапсырады.
      Тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссияларының құрамына уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісім бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік инспектор енгізіледі.
      Ұйымдардың бөлімшелерінде құрылатын емтихан комиссияларының мүшелері емтиханды ұйымдардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссияларында тапсырады.
      Мамандар, инженер-техникалық қызметкерлер мен жұмысшы персонал емтихандарды ұйымдардың бөлімшелерінде құрылатын емтихан комиссияларында тапсырады.
      Емтихан комиссияларының жұмысына уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік инспекторы қатысады.»;
      4-тармақтағы «оны уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі бекітуге» деген сөздер «ол облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік инспекторымен келісілуге» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Қауіпті өндірістік объектілерде жұмыс істейтін барлық адамдар:
      1) жұмысшы персонал – жыл сайын;
      2) техникалық басшылар, мамандар мен инженер-техникалық қызметкерлер – үш жылда бір рет білімдері тексерілуге жатады.»;
      8-тармақтағы «үш адамнан артық» деген сөздер «кемінде үш адам» деген сөздермен ауыстырылсын;
      9 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Емтихан билеттері облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік инспекторымен келісіледі.»;
      «11. Емтихан тапсырған адамдарға емтихан комиссиясының төрағасы қол қойған куәлік беріледі.
      Оқу ұйымында емтихандар қабылдау кезінде емтихан комиссиясы төрағасының қолы – ұйымның мөрімен, мемлекеттік инспектордың қолы нөмірлі мөртаңбамен куәландырылады.»;
      мынадай мазмұндағы 16-тармақпен толықтырылсын:
      «16. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік инспектордың емтихан комиссияларының жұмысына қатысуы үшін ұйым уәкілетті органның аумақтық бөлімшесін емтихан басталғанға дейін күнтізбелік бес күн бұрын емтихан өткізілетін күн мен уақыт туралы хабардар етеді.
      Мемлекеттік инспектор келмей қалған жағдайда комиссия емтихан қабылдауды оның қатысуынсыз жүзеге асырады.»;

      12) 4-тараудың тақырыбы «Аварияларды» деген сөзден кейін «, инциденттерді» деген сөзбен толықтырылсын;

      13) 13-бапта:
      тақырыбы «Аварияларды» деген сөзден кейін «, инциденттерді» деген сөзбен толықтырылсын;
      бірінші абзацтағы және 1) тармақшадағы «авариялардың салдарын» деген сөздер «аварияларды және олардың салдарларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшадағы «олардың салдарын» деген сөздер «аварияларды және олардың салдарларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақша «авариялардың» деген сөзден кейін «, инциденттердің» деген сөзбен толықтырылсын;
      4) және 5) тармақшалар «авария» деген сөзден кейін «, инцидент» деген сөзбен толықтырылсын;

      14) 14-8-бапта:
      2-тармақтағы «уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері» деген сөздер «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік инспекторы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақтағы «саласындағы заңнамада белгіленген талаптарға» деген сөздер «талаптарына» деген сөзбен ауыстырылсын;

      15) 14-9-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Техникалық құрылғыларды, материалдарды дайындауға рұқсат алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға техникалық құрылғылардың, материалдардың қолданылу мақсаты туралы қысқаша ақпараты бар өтінішті дайындаушының сериялық өндіріс кезінде өнімнің қауіпсіздік көрсеткіштерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мүмкіндігін растайтын сараптамалық қорытындымен қоса ұсынады.»;

      16) 14-10-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды қолдануға рұқсат алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың қолданылу мақсаты және олардың қолданылу аясы туралы қысқаша ақпараты бар өтінішті технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытындымен қоса ұсынады.»;

      17) 14-11-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Өтініш беруші рұқсат алу үшін уәкілетті органға тәжірибелік партияны қабылдап алу сынақтарының актісімен және жарылыс жұмыстары саласындағы аттестатталған ұйымның сараптамалық қорытындысымен қоса өтініш ұсынады.»;

      18) 14-12-бапта:
      1-тармақтың 4) тармақшасындағы «жай-күйі жатады.» деген сөздер «жай-күйі;» деген сөздермен ауыстырылып, тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      «5) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын және оларда жұмыстарды жүзеге асыратын ұйымдар жатады.»;
      2-тармақ «аттестаттаған» деген сөзден кейін «, өтініш беруші ұйымға тәуелсіз» деген сөздермен толықтырылсын;

      19) 14-13-бапта:
      1-тармақтың 1), 2), 5) және 6) тармақшалары алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Осы баптың 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген жұмыстарды өтініш беруші ұйымға тәуелсіз, аттестатталған ұйымдар жүргізуге тиіс.»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Аттестаттау үшін ұйым өнеркәсіп саласын және жүзеге асырылатын қызметтің түрін көрсете отырып, ұйым жарғысының нотариалды куәландырылған көшірмесімен, ұйымның заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің көшірмесімен, ұйымның өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытындымен қоса өтініш ұсынады.»;
      7-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Аттестаттың қолданылуын тоқтата тұрған себептер жойылмаған жағдайда аттестаттан айыру сот тәртібімен жүзеге асырылады.
      Аттестаттың қолданылуы:
      1) ұйым аттестаттың қолданылуын тоқтату туралы өтінішті ұсынған;
      2) оның қолданылу мерзімі біткен;
      3) заңды тұлға таратылған;
      4) аттестаттан айрылған жағдайларда тоқтатылады.»;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Уәкілетті орган аттестат алған ұйымдар туралы немесе аттестаттың қолданылуының тоқтатылғаны туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсына орналастырады немесе ол республикалық мерзімді баспа басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.
      Уәкілетті орган берілген және өзінің қолданысын тоқтатқан аттестаттардың тізілімін жүргізеді.»;

      20) 15-бапта:
      1-тармақтың екінші бөлігінде:
      үшінші абзацтағы «- уәкілетті орган басшысының орынбасарлары» деген сөздер алып тасталсын;
      төртінші абзацтағы «- уәкілетті органның мемлекеттік бақылау жөніндегі мамандары» деген сөздер алып тасталсын;
      бесінші абзацта:
      «облыстар мен қалалардың» деген сөздер «облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «- уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары» деген сөздер алып тасталсын;
      алтыншы абзацта:
      «облыстар мен қалалардың» деген сөздер «облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «- уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары» деген сөздер алып тасталсын;
      жетінші абзацтағы «- уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік бақылау жөніндегі мамандары» деген сөздер алып тасталсын;
      2-тармақ «нөмірлі мөртабан» деген сөздерден кейін «, омырауға тағатын белгі» деген сөздермен толықтырылсын;

      21) 15-4-баптың бірінші бөлігіндегі «және сақтандыру қызметі» деген сөздер алып тасталсын;

      22) мынадай мазмұндағы 15-6-баппен толықтырылсын:
      «15-6-бап. Жоспарлы тексерулерді өндірістік объектінің тәуекел
                 дәрежесіне қарай жүзеге асыру

      1. Тәуекелі жоғары дәрежедегі объектілерге өнеркәсіптік қауіпсіздігі міндетті түрде декларациялануға тиіс объектілер жатады.
      Бұл объектілерді жоспарлы тексерулер жылына бір рет жүзеге асырылады.
      2. Тәуекелі орташа дәрежедегі объектілерге технологиялық процесі тоқытылатын және өндіріс персоналының өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін авария, инцидент туындауы мүмкін объектілер жатады.
      Бұл объектілерді жоспарлы тексерулер үш жылда бір рет жүзеге асырылады.
      3. Тәуекелі болмашы дәрежедегі объектілерге техникалық құрылғылар бүлінетін және қызмет көрсететін персоналдың өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін авария, инцидент болуы мүмкін объектілер жатады.
      Бұл объектілерді жоспарлы тексерулер бес жылда бір рет жүзеге асырылады.
      4. Тәуекелі ең төменгі деңгейге дейін жеткізілген осы санаттағы объектілер қауіптіліктің келесі санатына ауысады.
      Тәуекелі төменгі деңгейдегі осы санаттағы объектілер үшін тексерулер көбейе түсетін үрдісі бар тәуекел факторлары бойынша жүзеге асырылады.»;

      23) 16-баптың 1-тармағындағы «авариялар туындау қаупін мейлінше азайту, олардың салдарынан болатын залал мен материалдық шығын мөлшерін кеміту» деген сөздер «қауіпті өндірістік факторлардың өндірістік персоналға, халыққа, қоршаған ортаға зиянды әсерінің тәуекелін барынша азайту» деген сөздермен ауыстырылсын;

      24) көрсетілген Заңға қосымша мынадай редакцияда жазылсын:

«Қауіпті өндірістік объектілердегі
өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» 
2002 жылғы 3 сәуірдегі    
Қазақстан Республикасының Заңына 
қосымша»            

      Объект қауіптілігінің жалпы деңгейін айқындау тәртібі

      1. Жазатайым оқиғалардың жиілік коэффиценті мына формула бойынша айқындалады:
      Жк= n / N, мұндағы:
      n – қауіпті объектіде бір жыл ішінде болған жазатайым оқиғалардың саны;
      N – қауіпті объектіде қызмет көрсететін персоналдың бір жыл ішіндегі орташа тізімдік саны.
      2. Жазатайым оқиғалардың ауырлық коэффиценті мына формула бойынша айқындалады:
      Ак = n1 / N, мұндағы:
      n1 – бір жылда жол берілген барлық жазатайым оқиғалар бойынша зардап шеккендердің еңбекке жарамсыздық күндерінің саны.
      3. Өлімге әкеп соққан жарақаттанудың жиілік коэффиценті мына формула бойынша айқындалады:
      Өк = n2 / N, мұндағы:
      n2 – өлімге әкеп соққан жағдайлардың бір жыл ішіндегі саны (жазатайым оқиғадан кейінгі бір жыл ішінде зардап шеккендердің өлімін есепке алғанда).
      4. Кәсіптік ауру коэффициенті мына формула бойынша айқындалады:
      Ак = n3 / N, мұндағы:
      n3 – есепті жыл ішінде алғаш рет кәсіптік ауруы анықталған қызметкерлердің саны.
      5. Негізгі қорлардың тозу коэффициенті мына формула бойынша айқындалады:
      Тк = n4 (10хn5), мұндағы:
      n4 – жыл қорытындысы бойынша белгіленген пайдалану мерзімі өткен техникалық құрылғылар саны.
      n5 – жыл қорытындысы бойынша негізгі құралдар ретінде есепте тұрған техникалық құрылғылардың жалпы саны.
      6. Негізгі құралдарды ауыстыру коэффициенті мына формула бойынша айқындалады:
      Нк = 0,1 - n6/(10хn4), мұндағы:
      n6 - белгіленген пайдалану мерзімі өткен және есепті жыл ішінде ауыстырылған техникалық құрылғылар саны.
      Егер жыл қорытындысы бойынша белгіленген пайдалану мерзімі өткен техникалық құрылғылардың саны нөлге тең болса, Нк нөлге тең болады.
      7. Қауіпті өндірістік объектінің авариялылық коэффициенті мына формула бойынша айқындалады:
      Ак = n7/10, мұндағы:
      n7 – ағымдағы жылда объектіде болған авариялардың саны.
      8. Объект қауіптілігінің жалпы деңгейі мына формула бойынша айқындалады:
      Қд = Жк + Ак + Өк + Ак + Тк + Нк + Ак.».

      3. «Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 16, 94-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат):
      1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) авария – ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) қауіпті өндірістік объектіде қолданылатын техникалық құрылғылардың қирауы, бақылауға болмайтын жарылыс және (немесе) қауіпті заттардың шығарындысы;
      2) инцидент – қауіпті өндірістік объектіде қолданылатын техникалық құрылғылардың жұмыс істемей қалуы немесе бүлінуі, технологиялық процестердің режимнен ауытқуы, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуы;
      3) қауіпті өндірістік фактор – қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар, инциденттер кезінде туындайтын, үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтіретін физикалық құбылыс;
      4) қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектінің иесі – қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектіге меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында не кез келген басқа да заңды негізде иелік ететін жеке және (немесе) заңды тұлға;
      5) қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объект иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі – үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне қауіпті өндірістік фактор келтірген зиянды жеке және (немесе) заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген өтеу міндеті;
      6) пайда алушы – осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға;
      7) сақтандыру жағдайы – оның басталуына орай қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін оқиға;
      8) сақтандыру сомасы – міндетті сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемін білдіретін ақша сомасы;
      9) сақтандыру сыйлықақысы – сақтандырушының объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында белгіленген мөлшерде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін жүргізуге міндеттемелер қабылдағаны үшін сақтанушының сақтандырушыға төлеуге міндетті ақша сомасы;
      10) сақтандыру төлемі – сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру сомасының шегінде төлейтін ақша сомасы;
      11) сақтандырушы – сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген және сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе өзге тұлғаға (пайда алушыға) шартта белгіленген сома (сақтандыру сомасы) шегінде сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті заңды тұлға;
      12) сақтандырылушы – өзіне қатысты сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға;
      13) сақтанушы – сақтандырушымен қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объект иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан тұлға. Егер сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтанушы бір мезгілде сақтандырылушы болып табылады;
      14) уәкілетті орган – өнеркәсіп қауіпсіздігі саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      15) үшінші тұлға – өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне қауіпті өндірістік фактор зиян келтірген тұлға.
      Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектінің қызметкерлері мен иелері үшінші тұлға болып табылмайды.»;

      2) 3-баптағы «қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектідегі аварияның салдарынан» деген сөздер «қауіпті өндірістік фактор» деген сөздермен, «келтірілген» деген сөз «келтірген» деген сөзбен ауыстырылсын;

      3) 4-баптың 1-тармағындағы «қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектідегі аварияның салдарынан» деген сөздер «қауіпті өндірістік фактор» деген сөздермен, «келтірілген» деген сөз «келтірген» деген сөзбен ауыстырылсын;

      4) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «5-бап. Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру
              қаупімен байланысты объектілер

      1. «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес декларациялануға жататын объектілер қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер болып табылады.
      Уәкілетті орган өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясы тіркелген объектілердің тізбесін өзінің интернет-ресурсына орналастырады немесе республикалық мерзімді баспа басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.
      2. Егер объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының қолданылу мерзімі ішінде объект үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупін тоқтатса, онда сақтанушы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік инспекторына немесе оны алмастыратын адамға өндірістік қауіпсіздік декларациясын есептен шығару туралы өтінішті және объектідегі өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйі туралы сараптамалық қорытындыны ұсынады. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік инспекторы немесе оны алмастыратын адам сараптамалық қорытындыны қараудың негізінде өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын есептен шығару туралы шешім қабылдайды не одан дәлелді түрде бас тартады.
      Өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын есептен шығару сақтанушыға объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату құқығын береді. Бұл ретте сақтандырушының сақтандыру қолданылған мерзім ішіндегі уақытқа бара-бар сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігіне құқығы бар.»;

      5) 6-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Қызметі үшінші тұлғаға зиян келтіру қаупімен байланысты объектіні объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасамай пайдалануға тыйым салынады.»;
      2-тармақ «шартын жасасуы» деген сөздерден кейін «, қауіпті объектіні уақытша пайдалану құқығын басқа тұлғаға беру» деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 8-баптың 2-тармағындағы «қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектідегі аварияның салдарынан» деген сөздер «қауіпті өндірістік фактордың» деген сөздермен, «келтірілген» деген сөз «келтірген» деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 9-бапта:
      1-тармақтағы «сақтандыру сыйлықақысын» деген сөздер «бірінші сақтандыру жарнасын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты ол күшіне енген күннен бастап он екі айдан аспайтын мерзімге жасалады.
      Объект иесі қызметін он екі айдан аз мерзімде жүзеге асырған жағдайда, объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты қызметті жүзеге асыру мерзіміне, бірақ кемінде алты айға жасалады.
      Сақтандыру қорғанышының қолданылу кезеңі объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының қолданылу мерзіміне сәйкес келеді.»;

      8) 12-баптың 2-тармағында:
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты жасалған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде бұл туралы уәкілетті органды хабардар етуге;»;
      3) тармақша «негізге ала отырып» деген сөздерден кейін «уәкілетті» деген сөзбен толықтырылсын;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) қауіпті өндірістік факторлардың үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиянды әсерін болғызбау жөніндегі қажетті және мүмкін болатын шараларды қолдануға;»;
      7) тармақшадағы «авария» деген сөз «қауіпті өндірістік факторлардың үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне әсері» деген сөздермен ауыстырылсын;
      8) тармақшадағы «аварияның» деген сөзден кейін «, инциденттің» деген сөзбен толықтырылсын;
      11) тармақшадағы «қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектідегі аварияның салдарынан келтірілген» деген сөздер «қауіпті өндірістік фактор үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірген» деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 14-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) қауіпті өндірістік факторлардың өздерінің өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиянды әсерінің салдарынан болған сақтандыру жағдайының басталуы туралы сақтандырушыға хабарлауға;»;

      10) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «15-бап. Сақтандыру сомасының мөлшері

      1. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде:
      1) егер қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің салдарынан зардап шеккендердің ең жоғары ықтимал саны төрт мың адамнан асса – 600 мың;
      2) егер қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің салдарынан зардап шеккендердің ең жоғары ықтимал саны екі мыңнан асатын адамды құраса, бірақ төрт мың адамнан аспаса – 350 мың;
      3) егер қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің салдарынан зардап шеккендердің ең жоғары ықтимал саны бір жарым мыңнан асатын адамды құраса, бірақ екі мың адамнан аспаса – 225 мың;
      4) егер қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің салдарынан зардап шеккендердің ең жоғары ықтимал саны жеті жүз елуден асатын адамды құраса, бірақ бір жарым мың адамнан аспаса – 115 мың;
      5) егер қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің салдарынан зардап шеккендердің ең жоғары ықтимал саны үш жүзден асатын адамды құраса, бірақ жеті жүз елу адамнан аспаса – 50 мың;
      6) егер қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің салдарынан зардап шеккендердің ең жоғары ықтимал саны жүз елуден асатын адамды құраса, бірақ үш жүз адамнан аспаса – 30 мың айлық есептік көрсеткішті;
      7) егер қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің салдарынан зардап шеккендердің ең жоғары ықтимал саны жетпіс бестен асатын адамды құраса, бірақ жүз елу адамнан аспаса – 12 мың;
      8) егер қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің салдарынан зардап шеккендердің ең жоғары ықтимал саны оннан асатын адамды құраса, бірақ жетпіс бес адамнан аспаса – 5 мың;
      9) егер қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің салдарынан зардап шеккендердің ең жоғары ықтимал саны он адамға дейін болса, өзге де декларацияланған қауіпті өндірістер үшін 1 мың айлық есептік көрсеткішті құрайды.»;

      11) 16-бапта:
      1-тармақтағы «санатына» деген сөз «қауіптілік деңгейіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Нақты объект үшін сақтандыру тарифінің шамасы жыл сайын уәкілетті орган айқындайтын объект қауіптілігінің жалпы деңгейіне қарай белгіленеді.»;
      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында көрсетілген сақтандыру тарифі, «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкілетті орган айқындаған объект қауіптілігінің жалпы деңгейі ескеріле отырып белгіленеді.
      Декларациялауға және сақтандыруға жататын қауіпті өндірістік объектілері бар ұйымдар қауіптілігінің жыл сайынғы жалпы деңгейі туралы ақпаратты уәкілетті орган өзінің интернет-ресурсына орналастырады немесе республикалық мерзімді баспа басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.
      Объектінің жалпы қауіптілік деңгейі сақталған немесе төмендеген кезде сақтандыру сыйлықақысы осы бапқа сәйкес белгіленген сақтандыру тарифі бойынша төленеді.
      Объект қауіптілігінің жалпы деңгейі сақтандыру тарифіне шаққандағы орташа салалық көрсеткіштермен салыстырғанда ұлғайған кезде объект қауіптілігінің жалпы деңгейі ұлғаюының бір пайызы үшін он пайыз мөлшерінде арттырылып отыратын коэффициент қолданылады.
      Арттырылып отыратын коэффициент ескерілген сақтандыру тарифінің шамасы осы баптың 1-тармағында белгіленген сақтандыру тарифінің мөлшерінен аспауға тиіс.»;

      12) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «17-бап. Сақтандыру сыйлықақысын төлеу тәртібі мен мерзімдері

      Сақтандыру сыйлықақылары объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты жасалғаннан кейін он күннің ішінде бір мезгілде төленеді.
      Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты кез келген негіздер бойынша өзгерген кезде жаңадан есептелген және бұрын төленген сақтандыру сыйлықақылары арасындағы айырма он бес күн ішінде қосымша төленуге (қайтарылуға) тиіс.
      Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында сақтанушының сақтандыру жарналарын объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында айқындалған тәртіппен енгізу арқылы сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеу құқығы көзделуі мүмкін.»;

      13) 18-бапта:
      1-тармақта:
      бірінші бөліктегі «Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектідегі аварияның салдарынан» деген сөздер «Қауіпті өндірістік фактор» деген сөздермен, «келтірілген» деген сөз «келтірген» деген сөзбен ауыстырылсын;
      екінші бөлік «аварияның» деген сөзден кейін «, инциденттің» деген сөзбен толықтырылсын;
      2-тармақта:
      бірінші абзацтағы «(тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштермен)» деген сөздер «республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
      1) тармақшадағы «600» деген цифрлар «1000» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      2) тармақшада:
      «500», «400» және «300» деген цифрлар тиісінше «800», «600» және «500» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
      «мүгедек балаға» – 500»;
      3) тармақшадағы «200» және «1,5» деген цифрлар тиісінше «300» және «2» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      6-тармақ «аварияны» деген сөзден кейін «, инцидентті» деген сөзбен толықтырылсын;

      14) 19-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасындағы «қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектідегі аварияның салдарынан келтірілген» деген сөздер «қауіпті өндірістік фактор үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірген» деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Қауіпті өндірістік фактор үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірген, сақтандыру жағдайы деп сақтандырушы таныған немесе соттың шешімімен танылған зиянды өтеу туралы өтініштерді қанағаттандыру олардың түсу ретімен, ал бірнеше өтініш бір мезгілде түскен кезде мынадай кезектілікпен жүзеге асырылады:»;

      15) 20-баптың 3-тармағындағы «қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектідегі аварияға» деген сөздер «қауіпті өндірістік фактордың туындауына» деген сөздермен ауыстырылсын.

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады