Кеден одағының Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 293-IV Заңы

      2009 жылғы 27 қарашада Минскіде жасалған Кеден одағының Кеден кодексі туралы шарт ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев

Кеден одағының Кеден кодексі туралы
ШАРТ

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы
      2007 жылғы 6 қазандағы Бірыңғай кеден аумағын құру және кеден одағын қалыптастыру туралы шартты, 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының комиссиясы туралы шартты негізге ала отырып,
      халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған принциптері мен нормаларын назарға ала отырып,
      кеден одағының бірыңғай кеден аумағында кедендік реттеуді қамтамасыз ету мақсатында
      төмендегілер туралы уағдаласты:

1-бап

      Тараптар осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын қосымшада келтірілген кеден одағының Кеден кодексін (бұдан әрі - Кодекс) қабылдайды.
      Осы Кодекстің ережелері кеден одағы кеден заңнамасының өзге ережелерінен басым күші бар.

2-бап

      Осы Шартты түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты Тараптар арасындағы даулар консультациялар мен келіссөздер жүргізу жолымен шешіледі.
      Дауларды Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына жүгінгенге дейін кеден одағының шеңберінде реттеуде кеден одағының комиссиясы Тараптарға жәрдемдеседі.
      Егер Тараптардың біреуінің басқа Тараптарға жолдаған консультациялар мен келіссөздер жүргізу туралы ресми жазбаша өтініші келіп түскен күннен бастап алты ай ішінде Тараптар дауды реттемесе, Тараптардың кез келгені бұл дауды Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына қарауға береді.

3-бап

      Осы Шартқа ескертпелер жасауға жол берілмейді.

4-бап

      Осы Шартқа осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер енгізілуі мүмкін.

5-бап

      Осы Шарт ратификациялауға жатады.
      Осы Шарт мемлекет басшылары деңгейінде Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Мемлекетаралық Кеңесінің (кеден одағының жоғары органы) шешіміне сәйкес күшіне енеді.
      Осы Шарт кеден одағының мүшесі болатын кез келген мемлекеттің қосылуы үшін ашық.
      Минск қаласында 2009 жылғы 27 қарашада орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды.
      Осы Шарттың түпнұсқа данасы осы Шарттың депозитарийі болып табылатын және Тараптардың әрқайсысына оның расталған көшірмесін жіберетін Кеден одағының комиссиясында сақталады.

       Беларусь             Қазақстан               Ресей
    Республикасы          Республикасы           Федерациясы
        үшін                  үшін                  үшін

    А. Лукашенко          Н. Назарбаев           Д. Медведев

2009 жылғы 27 қарашадағы 
Кеден одағының Кеден кодексі
туралы шартқа       
қосымша         

МАЗМҰНЫ

КЕДЕН ОДАҒЫНЫҢ КЕДЕН КОДЕКСІ

I. ЖАЛПЫ БӨЛІМ

1-бөлім. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР

1-тарау. Жалпы ережелер

      1-бап. Кеден одағындағы кедендік реттеу

      1. Еуразиялық экономикалық қоғамдастығы шеңберіндегі кеден одағындағы (бұдан әрі - кеден одағы) кедендік реттеу - тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізуге, оларды кеден одағының бірыңғай кедендік аумағы арқылы кедендік бақылаумен тасымалдауға, уақытша сақтауға, кедендік декларациялауға, кедендік рәсімдерге сәйкес шығаруға және пайдалануға, кедендік бақылауды жүргізуге, кедендік төлемдерді төлеуге байланысты қатынастарды, сондай-ақ кеден органдары мен көрсетілген тауарларды иелену, қолдану және оларға билік ету құқығын іске асыратын тұлғалар арасындағы билік қатынастарды құқықтық реттеу.
      2. Кеден одағындағы кедендік реттеу кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес, ал мұндай заңнамада реттелмеген бөлігінде, кеден одағының кеден заңнамасы деңгейінде тиісті құқықтық қатынастар орнатылғанға дейін кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2-бап. Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағы

      1. Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағын (бұдан әрі - кеден одағының кедендік аумағы) Армения Республикасы, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы мен Ресей Федерациясының аумақтары, сондай-ақ кеден одағына мүше мемлекеттер аумақтарының шегінен тыс орналасқан жасанды аралдар, қондырғылар, құрылыстар мен оларға қатысты кеден одағына мүше мемлекеттердің айрықша заңдық құзыры болатын өзге де объектілер құрайды.
      2. Кеден одағының кедендік аумағының шегі кеден одағының кедендік шекарасы (бұдан әрі - кедендік шекара) болып табылады.
      3. Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес кеден одағына мүше мемлекеттердің аумақтарында орналасқан жекелеген аумақтардың шегі кедендік шекара болып табылуы мүмкін.
      Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 24.12.2014 № 265-V; 02.08.2015 № 346-V Заңдарымен.

      3-бап. Кеден одағының кеден заңнамасы

      1. Кеден одағының кеден заңнамасы:
      1) осы Кодекстен;
      2) кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден одағындағы кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін халықаралық шарттарынан;
      3) Кеден одағы комиссиясының осы Кодекске және кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес қабылданатын кеден одағындағы кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін шешімдерінен тұрады.
      2. Кеден одағының кеден заңнамасы кеден одағының кедендік аумағында әрекет етеді.
      Егер кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес кеден одағындағы кедендік реттеу кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын болса, мұндай заңнама осы кеден одағына мүше мемлекеттің аумағында қолданылады.
      3. Егер осы Кодексте және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес өзгеше белгіленбесе, кедендік реттеу кезінде кедендік декларацияны немесе өзге де кедендік құжаттарды тіркеу күніне қолданылатын кедендік-тарифтік реттеу шаралары, тыйым салулар мен шектеулер, кеден одағына мүше мемлекеттердің салық салу саласындағы заңнамалық актілері қолданылады.
      4. Егер осы Кодексте және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес өзгеше белгіленбесе, тауарларды кеден одағының кеден заңнамасында белгіленген талаптарды бұза отырып кедендік шекара арқылы өткізген кезде іс жүзінде тауарларды кедендік шекарадан өткізу күніне әрекет ететін кеден одағының кеден заңнамасы, кедендік-тарифтік реттеу шаралары, тыйым салулар мен шектеулер, кеден одағына мүше мемлекеттердің салық салу саласындағы заңнамалық актілері қолданылады.
      Егер іс жүзінде тауарлар кедендік шекарадан өткізілген күн белгіленбесе, егер осы Кодексте және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес өзгеше белгіленбесе, белгіленген талаптарды бұзушылықтар анықталған күніне қолданылатын кеден одағының кеден заңнамасы, кедендік-тарифтік реттеу шаралары, тыйым салулар мен шектеулер, кеден одағына мүше мемлекеттердің салық салу саласындағы заңнамалық актілері қолданылады.
      Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      4-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі терминдер

      1. Осы Кодексте мынадай негізгі терминдер және олардың анықтамалары пайдаланылады:
      1) авария - тасымалдаудың, сақтаудың және пайдаланудың (қолданудың) қалыпты жағдайлары кезіндегі табиғи өзгерістерді, сондай-ақ төтенше және осы жағдайларда алдын алуға болмайтын жағдайларды (еңсерілмейтін күш) қоспағанда, көлік құралдарымен және (немесе) кедендік бақылаудағы өзге де тауарлармен болған, мұндай өзгерістер кезінде тауарлар оның иелігінде болған меншік иесінің және (немесе) тұлғаның қасақана емес әрекеттерінен болған олардың кеден одағының кеден заңнамасында көзделмеген сандық және (немесе) сапалық өзгерістеріне әкеп соқтырған өз салдары бойынша зиянды техникалық, технологиялық немесе өзге де сипаттағы оқиға;
      2) әкімшілік құқық бұзушылықтар және қылмыстар - кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кеден органдары олар бойынша әкімшілік процесс жүргізетін (іс жүргізуді жүзеге асырады) әкімшілік құқық бұзушылықтар және кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес олар бойынша іс жүргізу кеден органдарының жүргізуіне жатқызылған қылмыстар;
      3) декларант - тауарларды декларациялайтын не оның атынан тауарлар декларацияланатын тұлға;
      4) жеке пайдалануға арналған тауарлар - кедендік шекара арқылы алып жүрілетін немесе алып жүрілмейтін багажда, халықаралық почта жөнелтімдерінде немесе өзге тәсілмен өткізілетін жеке тұлғалардың жеке, отбасылық, үй және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес мұқтаждықтары үшін арналған тауарлар;
      5) жөнелтуші кеден органы - тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасайтын кеден органы;
      6) кедендік баждар - тауарларды кедендік шекара арқылы өткізуге байланысты кеден органы өндіріп алатын міндетті төлем;
      7) кедендік бақылау - кеден одағының кеден заңнамасын және кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында кеден органдары, оның ішінде тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалана отырып, жүзеге асыратын шаралардың жиынтығы;
      8) кедендік декларация - белгіленген нысан бойынша жасалған, тауарлар туралы, таңдалған кедендік рәсім туралы мәліметтер және тауарларды шығару үшін қажетті өзге де мәліметтер бар құжат;
      9) кедендік декларациялау - декларанттың кеден органына тауарлар туралы, таңдалған кедендік рәсім туралы мәліметті және (немесе) тауарларды шығару үшін қажетті өзге де мәліметтерді мәлімдеуі;
      10) кедендік құжаттар - тек кедендік мақсаттар үшін жасалатын құжаттар;
      11) кедендік операциялар - кеден одағының кеден заңнамасын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында тұлғалар және кеден органдары жасайтын әрекеттер;
      12) кедендік өкіл - кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес декларанттың немесе өзге мүдделі тұлғаның атынан және тапсырмасы бойынша кедендік операцияларды жасайтын кеден одағына мүше мемлекеттің заңды тұлғасы;
      13) кедендік рәсім - тауарларды кеден одағының кедендік аумағында немесе одан тысқары кеден мақсаттары үшін қолдану және (немесе) иелену талаптары мен шарттарын айқындайтын нормалардың жиынтығы;
      14) кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттары - кеден одағының шарттық-құқықтық базасын құрайтын халықаралық шарттар;
      15) кеден одағына мүше мемлекеттің тұлғасы - кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға, заңды тұлға болып табылмайтын ұйым, сондай-ақ кеден одағына мүше мемлекетте тұрақты тұратын жері бар жеке тұлға, оның ішінде кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген жеке кәсіпкер;
      16) Кеден одағының комиссиясы - бірыңғай тұрақты қызмет ететін, кеден одағының реттеуші органы;
      17) кеден одағының тауарлары - кеден одағының кедендік аумағындағы мынадай тауарлар:
      толығымен кеден одағына мүше мемлекеттердің аумақтарында өндірілген;
      кеден одағының кедендік аумағына әкелінген әрі осы Кодекске және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес кеден одағының тауарлары мәртебесін алған;
      кеден одағына мүше мемлекеттердің аумақтарында осы тармақшаның екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген тауарлардан және (немесе) шетелдік тауарлардан жасалған және осы Кодекске және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес кеден одағының тауарлары мәртебесін алған;
      18) кеден органдары - кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдары;
      19) керек-жарақтар - тауарлар:
      қосалқы бөлшектер мен жабдықтарды қоспағанда, теңіз (өзен) кемелерін, ішкі жүзу кемелерін, «өзенде - теңізде» жүзу кемелерін, су асты қанаттары бар кемелерді, ауа жастықтары бар кемелерді, өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтін лихтерлер мен баржаларды қоса алғанда, шағын кемелерді (бұдан әрі - су кемелері), әуе кемелерін және пойыздарды жүру жолында немесе аралық аялдама не тұрақ пункттерінде қалыпты пайдалануды қамтамасыз ету және техникалық қызмет көрсету үшін қажетті;
      бұл керек-жарақтардың сатылатындығына немесе сатылмайтындығына қарамастан, су кемелерінің, әуе кемелерінің бортында жолаушылар мен экипаж мүшелерінің немесе пойыздарда жолаушылар мен пойыз бригадасы қызметкерлерінің тұтынуы үшін арналған;
      көрсетілген керек-жарақтарды осы кемелердің бортында тұтыну мақсатынсыз, су кемелерінің, әуе кемелерінің жолаушылары мен экипаж мүшелері үшін сатуға арналған;
      20) коммерциялық құжаттар - шот-фактуралар (инвойс), ерекшеліктер, тиеу және орау парақтары мен сыртқы сауда және өзге де қызметті жүзеге асыру кезінде, сондай-ақ тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізуге байланысты мәмілелерді жасауды растау үшін пайдаланылатын басқа да құжаттар;
      21) көлік құралдары - оларға арналған техникалық паспорттарда немесе техникалық формулярларда көзделген қосалқы бөлшектері, керек-жарақтар мен жабдықтары, егер, көрсетілген көлік құралдарымен бірге тасымалданатын болса, олардың конструкциясында көзделген май құю ыдыстарындағы жанар-жағармай материалдары, салқындату және өзге де техникалық сұйықтар бар кез келген су кемесін, әуе кемесін, автомобильдік көлік құралын, тіркемені, жартылай тіркемені, теміржол көлік құралын (теміржол жылжымалы құрамы, темір жол жылжымалы құрамының бірлігі) немесе контейнерді қамтитын тауарлар санаты;
      22) көліктік (тасымалдау) құжаттар - коносамент, жөнелтпе құжат немесе тауарларды тасымалдау шартының бар болуын растайтын және оларды мұндай тасымалдау кезінде ілеспе болатын өзге де құжат;
      23) межелі кеден органы - қызмет өңірінде жөнелтуші кеден органы белгілеген тауарларды жеткізу орны бар не кедендік транзиттің кедендік рәсімін аяқтайтын кеден органы;
      24) мүдделі тұлғалар - тауарларға қатысты мүдделері кеден органдарының шешімдерімен, әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) тікелей және жеке қозғалатын тұлғалар;
      25) почта байланысының операторы - кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына және Дүниежүзілік почта одағының актілеріне сәйкес почта байланысының қызмет көрсетуін қамтамасыз ететін тұлға;
      26) салықтар - қосылған құн салығы және тауарларды кеден одағының кедендік аумағына әкелу кезінде кеден органдары өндіріп алатын акциз (акциздер);
      27) тарифтік емес реттеу шаралары - кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарымен, Кеден одағы комиссиясының шешімдерімен және кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес шығарылған кеден одағына мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген сандық және экономикалық сипаттағы өзге де тыйым салулар мен шектеулерді енгізу жолымен жүзеге асырылатын тауарлармен сыртқы сауданы реттеу шаралар кешені;
      28) тасымалдаушы - тауарларды және (немесе) жолаушыларды кедендік шекара арқылы тасымалдауды және (немесе) кеден одағының кедендік аумағы шегінде кедендік бақылаудағы тауарларды тасымалдауды жүзеге асыратын тұлға немесе көлік құралдарын пайдаланғаны үшін жауапты болып табылатын тұлға;
      29) тауар - кедендік шекара арқылы өткізілетін кез келген жылжымалы мүлік, оның ішінде ақпарат тасымалдағыштар, кеден одағына мүше мемлекеттердің валютасы, бағалы қағаздар және (немесе) валюталық құндылықтар, жол чектері, электрлік және энергияның өзге де түрлері, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке теңестірілген өзге де өткізілетін заттар;
      30) тауарларды кедендік шекара арқылы заңсыз өткізу - тауарларды кедендік шекара арқылы белгіленген жерлерден тыс немесе осы жерлердегі кеден органдары жұмысының белгіленбеген уақытында, не кедендік бақылаудан жасырып, не тауарларды декларацияламай, не дұрыс декаларацияламай, не тауарлар туралы дұрыс емес мәліметтер бар құжаттарды пайдалана отырып және (немесе) мұндай өткізуге ниеттенуге тең, жасанды не басқа тауарларға жататын сәйкестендіру құралдарын пайдалана отырып өткізу;
      31) тауарларды кедендік шекара арқылы өткізу - тауарларды кеден одағының кедендік аумағына әкелу немесе тауарларды кеден одағының кедендік аумағынан әкету;
      32) тауарларды кеден одағының кедендік аумағына әкелу - нәтижесінде тауарлар халықаралық почта жөнелтімдерінде жіберуді, оларды кеден органдары шығарғанға дейін құбыржол көлігін және электр беру желілерін пайдалануды қоса алғанда, кез келген тәсілмен кеден одағының кедендік аумағына келген кедендік шекараны кесіп өтуге байланысты әрекеттерді жасау;
      33) тауарларды кеден одағының кедендік аумағынан әкету - тауарларды халықаралық почта жөнелтімдерінде жіберуді, кедендік шекараны іс жүзінде кесіп өткенге дейін құбыржол көлігін және электр беру желілерін пайдалануды қоса алғанда, кез келген тәсілмен кеден одағының кедендік аумағынан әкетуге бағытталған әрекеттерді жасау;
      34) тауарларды шығару - кеден органдарының мүдделі тұлғаларға тауарларды мәлімделген кедендік рәсімнің шарттарына сәйкес немесе осы Кодекске сәйкес кедендік рәсімдерге орналастыруға жатпайтын тауарлардың жекелеген санаттары үшін белгіленген шарттарға сәйкес пайдалануға рұқсат беретін әрекеті;
      35) тұлға - жеке және (немесе) заңды тұлға, сондай-ақ егер осы Кодекстен өзге туындамаса, заңды тұлға болып табылмайтын ұйым;
      36) тыйым салулар мен шектеулер - тарифтік емес реттеу шараларын, тауарлармен сыртқы сауданы қозғайтын және ұлттық мүдденің негізінде енгізілетін шараларды, тауарлармен сыртқы сауданың тыйым салулары мен шектеулерінің ерекше түрлерін, экспорттық бақылау, оның ішінде әскери мақсаттағы, техникалық реттеу өнімдеріне қатысты шараларды қамтитын кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарларға қатысты қолданылатын шаралардың кешені, сондай-ақ кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарымен, Кеден одағы комиссиясының шешімдерімен және кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес шығарылған кеден одағына мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық, ветеринарлық, карантиндік, фитосанитарлық және радиациялық талаптар;
      37) халықаралық почта жөнелтімдері - кеден одағының кедендік аумағынан тыс жөнелту үшін қабылданатын, кеден одағының кедендік аумағына келіп түсетін не осы аумақ арқылы транзитпен өтетін және Дүниежүзілік почта одағының актілерінде көзделген ілеспе құжаттары бар почта жөнелтімдері;
      38) халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары - жүктерді тиеу, түсіру, өңдеу және қорғауға арналған олардағы арнайы жабдығы, материалдық-техникалық жабдықтау және жарақтандыру заттары, сондай-ақ көлік құралын жүру жолында жөндеуге, техникалық қызмет көрсетуге немесе пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері мен жабдығы бар жүктерді, жолаушыларды және (немесе) багаждарды халықаралық тасымалдауды бастау және (немесе) аяқтау мақсатында кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін немесе одан тыс әкетілетін көлік құралдары.
      39) шетелдік тауарлар - кеден одағының тауарлары болып табылмайтын тауарлар, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес шетелдік тауарлардың мәртебесін алған тауарлар;
      40) шетелдік тұлға - кеден одағына мүше мемлекеттің тұлғасы болып табылмайтын тұлға;
      41) экспресс-жүк - халықаралық почта жөнелтілімдерінде жіберілетін тауарды қоспағанда, жеке жүкқұжатқа сәйкес ықтимал және (немесе) тіркелген барынша аз уақыт ішінде осы тауарды алушыға дейін жеткізу мақсатында тасымалдауларды ұйымдастыру мен қадағалаудың электронды ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, көліктің кез келген түрлерімен жедел тасымалдау шеңберінде тасымалданатын тауар.
      2. Кеден одағы кеден заңнамасының өзге де терминдері осы Кодекстің тиісті баптарында және кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарында айқындалатын мәндерде пайдаланылады.
      3. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, осы Кодексте пайдаланылатын азаматтық және басқа салалардағы заңнаманың терминдері кеден одағына мүше мемлекеттің әрқайсысында осы кеден одағына осы мүше мемлекеттер заңнамасының тиісті салаларында пайдаланылатын мәнде пайдаланылады.
      Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5-бап. Кеден одағының кеден заңнамасында белгіленген
             мерзімдерді есептеу тәртібі

      1. Кеден одағының кеден заңнамасында белгіленген мерзім күнтізбелік күнмен немесе жылмен, айлармен, күндермен немесе сағаттармен есептелетін уақыт кезеңінің етуімен анықталады.
      Мерзімді сондай-ақ болуы мүмкін оқиғаны немесе жасалуы мүмкін іс-әрекетті көрсете отырып та анықтауға болады.
      2. Егер кеден одағының кеден заңнамасымен уақыт кезеңімен белгіленген мерзімнің басталуын және аяқталуын анықтау үшін мерзімді есептеудің арнайы тәртібі белгіленбесе, кеден одағының кеден заңнамасында осы баптың 3-8-тармақтарында көзделген ереже қолданылады.
      3. Уақыт кезеңімен белгіленген мерзімнің өтуі күнтізбелік күннен немесе оқиғаның басталуы анықталған күннен кейін келесі күні басталады.
      4. Жылдармен есептелетін мерзім, мерзімнің соңғы жылының тиісті айында және күнінде аяқталады.
      5. Айлармен есептелетін мерзім, мерзімнің соңғы айының тиісті күнінде аяқталады.
      Егер айлармен есептелетін мерзімнің аяқталуы, тиісті күні жоқ айға келетін болса, онда мерзім осы айдың соңғы күнінде аяқталады.
      6. Егер мерзімнің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге келетін болса, одан кейінгі жақын жұмыс күні мерзімнің аяқталу күні болып есептеледі.
      7. Егер мерзім қандай да бір іс-әрекетті жасау үшін белгіленсе, ол мерзімнің соңғы күнінде 24 (жиырма төрт) сағатқа дейін орындалуы мүмкін.
      Алайда егер бұл іс-әрекет ұйымда жасалатын болса, онда мерзім бұл ұйымда белгіленген ережелер бойынша тиісті операциялар тоқтатылған сағатта аяқталады.
      Мерзімнің соңғы күнінде 24 (жиырма төрт) сағатқа дейін почта байланысы мекемесіне (ұйымына) тапсырылған жазбаша өтініштер және хабарламалар мерзімінде жасалған деп есептеледі.
      8. Егер мерзім жұмыс күндерімен есептелген жағдайда, жұмыс күндері деп аптаның дүйсенбіден жұмаға дейінгі, кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жұмыс істемейтін күн деп жарияланған мереке күндеріне келмейтін күндері айтылады.
      Егер тауарларды кедендік шекарадан өткізу орындарында және кеден органдары орналасқан өзге де орындарда кеден органдарының жұмыс уақыты жұмыс істемейтін күндері белгіленсе, осы кеден органдарының жұмыс күндерімен есептелетін кедендік операцияларды жасау мерзімі өзіне жұмыс істемейтін күндерді қамтиды.
      Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      6-бап. Кеден органдары және олардың негізгі міндеттері

      1. Кеден органдары кеден одағының кедендік аумағында мынадай негізгі міндеттерді шешуді қамтамасыз етеді:
      1) кеден одағының бірыңғай сауда саясатын іске асыруға жәрдемдесу;
      2) орындалуын бақылау кеден органдарына жүктелген, кеден одағының кеден заңнамасын және кеден одағына мүше мемлекеттердің өзге де заңнамаларын орындауды қамтамасыз ету;
      3) кедендік операцияларды жасау және оның ішінде, өзара әкімшілік көмек көрсету шеңберінде кедендік бақылауды жүргізу;
      4) кедендік төлемдерді, сондай-ақ арнайы, демпингке қарсы және өтемақылық баждарды өндіріп алу, оларды есептеу дұрыстығын және уақытында төлеуді бақылау, өз құзыреті шегінде оларды мәжбүрлеп өндіріп алу бойынша шаралар қабылдау;
      5) өз құзыреті шегінде кедендік-тарифтік реттеу шараларын және кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарларға қатысты тыйым салулар мен шектеулерді сақтауды қамтамасыз ету;
      6) өз құзыреті шегінде кедендік реттеу саласында тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету және кедендік шекара арқылы тауар айналымын жеделдету үшін жағдайлар жасау;
      7) өз құзыреті шегінде кеден одағына мүше мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігін, адам өмірі мен денсаулығын, жануарлар мен өсімдіктер әлемін, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды, сондай-ақ кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шартына сәйкес - кеден одағына мүше мемлекеттердің кедендік шекарасы арқылы бағалы қағаздарды және (немесе) валюта құндылықтарының, жол чектерінің өткізілуін бақылауды жүзеге асырған кезде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қамтамасыз ету;
      8) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды анықтау, алдын алу және жолын кесу;
      9) өз құзыреті шегінде кеден одағының кедендік аумағында зияткерлік меншік құқығын қорғауды қамтамасыз ету;
      10) кедендік статистиканы жүргізу.
      Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен кеден органдары шешетін өзге де міндеттер белгіленуі мүмкін.
      2. Кеден органдарының жүйесі, олардың құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі, сондай-ақ кеден органдарында қызмет атқару шарты кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында анықталады.
      Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      7-бап. Кеден органдарының құқық қорғау қызметі

      1. Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдары контрабанда туралы, кедендік төлемдерді төлеуден жалтару және кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес олар бойынша іс жүргізу кеден органдарының жүргізуіне жатқызылған өзге қылмыстар туралы істер бойынша анықтау органдары болып табылады.
      2. Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдары, осы мемлекеттердің заңнамасымен, іс жүргізуі кеден органдарының жүргізуіне жататын қылмыстар деп танылған, құқыққа қарсы әрекетті дайындайтын, жасайтын немесе жасаған тұлғаларды анықтау, халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық кеден ұйымдарының, шет мемлекеттердің кеден және өзге де құзыретті органдарының сұрау салуларын орындау мақсатында жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырады.
      Жедел-іздестіру қызметін кеден одағына мүше мемлекеттердің жедел-іздестіру қызметі туралы заңнамасына сәйкес кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдары жүзеге асырады.
      3. Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша әкімшілік процесті жүргізеді (іс жүргізуді жүзеге асырады) және кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тартады.

      8-бап. Кеден органдары алған ақпаратқа қатысы

      1. Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кеден органдары алған кез келген ақпаратты мұндай органдар тек кеден мақсаты үшін, оның ішінде әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және жолын кесу үшін ғана пайдаланады.
      2. Кеден органдарының, олардың лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес осы баптың 1-тармағында көрсетілген ақпаратқа қол жеткізген өзге де тұлғалардың мемлекеттік, коммерциялық, банктіксалықтық немесе заңмен қорғалатын өзге құпияны құрайтын ақпаратты және осы Кодекспен және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, басқа да құпия ақпаратты жариялауға, жеке мақсатта пайдалануға не үшінші тұлғаларға, оның ішінде мемлекеттік органдарға беруге құқығы жоқ.
      Егер көрсетілген органдарға мұндай ақпарат аталған кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен өздеріне жүктелген міндеттерді шешу үшін қажет болса, кеден одағына бір мүше мемлекеттің кеден органдары өздеріне ұсынылған ақпаратты аталған кеден одағына мүше мемлекеттің мемлекеттік, коммерциялық, банктік, салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпиясын және басқа да құпия ақпаратты қорғау жөніндегі заңнамасының талаптарының, сондай-ақ кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарының тәртібімен және оларды сақтай отырып, осы кеден одағына мүше мемлекеттің мемлекеттік органдарына ұсынады.
      Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      9-бап. Кеден органдарының және оның лауазымды
             тұлғаларының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне)
             шағымдану

      Кез келген тұлға, кеден органдарының шешіміне, кеден органдарының немесе олардың лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) кеден органының немесе кеден органы лауазымды тұлғаларының шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданатын кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімде шағымдануға құқылы.

2-тарау. Ақпараттандыру және консультация беру

      10-бап. Кеден одағының кеден заңнамасы туралы
              ақпараттандыру

      1. Кеден одағының кеден заңнамасы туралы ақпараттандыру кеден одағының кеден заңнамасының актілерін ресми және өзге де баспасөз басылымдарында жариялау жолымен, сондай-ақ ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, олар туралы ақпаратты телевизия және радио бойынша, сондай-ақ ақпаратты таратудың өзге тәсілдері арқылы жалпы жұрттың назарына жеткізу жолымен жүзеге асырылады.
      2. Кеден одағының комиссиясы және кеден органдары, Интернет желісінде олардың ресми веб-сайттарында орналастырылған кеден одағының кеден заңнамасы туралы ақпаратқа тұлғалардың кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

      11-бап. Кеден органдарының консультация беруі

      1. Кеден органдары кеден одағының кеден заңнамасына қатысты мәселелер бойынша және кеден органдарының құзыретіне енетін өзге де мәселелер бойынша мүдделі тұлғаларға консультация береді.
      2. Кеден органдарының консультация беруі ауызша және жазбаша нысандарда тегін жүзеге асырылады. Мүдделі тұлғаның жазбаша сұрау салуы бойынша кеден органы ақпаратты жазбаша нысанда қысқа мерзімде, бірақ кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген мерзімнен кешіктірмей ұсынуға міндетті.
      3. Консультация беру кезінде кеден органдарының лауазымды тұлғалары кеден органының атынан кедендік декларацияларды және кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес кеден органына ұсынуға жататын өзге де құжаттарды тексермейді, сондай-ақ мұндай кедендік декларациялар мен құжаттарды жасамайды.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды толтыруға байланысты консультация, мүдделі тұлға ұсынған ақпаратты тексерместен ауызша нысанда жүргізіледі.
      4. Консультация беру кезінде кеден органы лауазымды тұлғасының:
      1) кеден органдарының құзыретіне енбейтін мәселелер бойынша консультация жүргізуге;
      2) мүдделі тұлғалар ұсынған құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге;
      3) мүдделі тұлғалардың құжаттарына билік ету жазуларын жазуға, кеден органдарына нұсқау беруге немесе қандай-да бір өзге тәсілмен кеден органының кейінгі шешімдеріне немесе кеден органдарына жүктелген функцияларды жүзеге асыру кезінде оның лауазымды тұлғасының әрекетіне ықпал етуге;
      4) заңнамаға сәйкес жария етуге жатпайтын мәліметтерді хабарлауға құқығы жоқ.
      5. Консультацияларды жүргізу кезінде мүдделі тұлғаларға ұсынылған ақпарат, тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасау кезінде кеден органының немесе оның лауазымды тұлғасының шешім қабылдауы немесе әрекет (әрекетсіздік) жасауы үшін негіздеме болып табылмайды.
      6. Кеден органдарының консультация беруін ұйымдастыру тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен анықталады.

3-тарау. Кеден органдарының сыртқы экономикалық қызметке
қатысушылармен және кеден ісі саласында қызметті
жүзеге асыратын тұлғалармен өзара қарым-қатынасы

      12-бап. Кедендік өкіл

      1. Кедендік өкіл - осы Кодекстің 13-бабында белгіленген шарттарға жауап беретін, кеден одағына мүше мемлекеттің заңды тұлғасы.
      Заңды тұлға кедендік өкілдердің тізіліміне енгізілгеннен кейін кедендік өкіл болып танылады.
      Кедендік өкілдердің тізіліміне енгізу және осы тізілімнен шығару тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен анықталады.
      Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында кедендік өкілдер тізіліміне енгізілген заңды тұлғалардың кедендік өкілдер ретіндегі қызметін тоқтата тұру және қайта жаңарту жағдайлары мен тәртіптері белгіленуі мүмкін.
      2. Кедендік өкіл декларанттың немесе өзге мүдделі тұлғалардың атынан немесе тапсырмасы бойынша кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес оның кеден органы кедендік өкілдердің тізіліміне енгізген кеден одағына мүше мемлекеттің аумағында кедендік операцияларды жасайды.
      3. Кедендік өкілдердің декларантпен немесе өзге мүдделі тұлғалармен қатынасы келісімшарт негізінде құрылады.
      4. Кеден органдары кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен кедендік өкілдер тізілімін жүргізеді және бір тоқсанда кемінде бір рет, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оның мерзімді жариялануын қамтамасыз етеді.
      Кеден одағының комиссиясы кеден органдары жүргізетін тізілімдердің негізінде кедендік өкілдердің жалпы тізілімін қалыптастырады және бір тоқсанда кемінде бір рет оны Кеден одағы комиссиясының ресми Интернет-сайтында мерзімді жариялауды қамтамасыз етеді.
      5. Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен кедендік өкілдердің тікелей кедендік операцияларды жүзеге асыратын қызметкерлеріне қойылатын біліктілік талаптары және мұндай тұлғаларға олардың белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжатты беру шарты анықталуы мүмкін.
      6. Кедендік операцияларды жасау кезінде кедендік өкіл үшін осы Кодекске сәйкес декларант немесе өзге мүдделі тұлғалар кедендік операцияларды жасаған кезде белгіленетін жағдайлардан қолайсыздау жағдайлар белгіленбеуі немесе сол кезде қойылатын талаптардан неғұрлым қатаң талаптар қойылмауға тиіс.
      Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

13-бап. Кедендік өкілдердің тізіліміне енгізу шарттары

      Мыналар заңды тұлғаны кедендік өкілдердің тізіліміне енгізу шарттары болып табылады:
      1) бұл тұлғаның штатында кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген талаптарға олардың сәйкес келуін растайтын құжаты бар кем дегенде 2 (екі) қызметкердің болуы;
      2) ұсынылатын тұлғалардың мүлігіне зиян келтіру немесе бұл тұлғалармен шарттарды бұзу салдарынан болуы мүмкін өзінің азаматтық жауапкершілігінің тәуекелін сақтандыру шартының болуы. Сақтандыру сомасының мөлшері кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен анықталады;
      3) мұндай қамтамасыз етуді ұсынатын күнгі кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленетін валюта бағамы бойынша кем дегенде бір миллион еуроға баламалы сомаға кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді ұсыну;
      4) өзге талаптарға сәйкес келуі және кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген өзге де шарттарды сақтау.
      Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      14-бап. Кедендік өкілдердің тізілімінен шығару үшін
              негіздемелер

      Кедендік өкілдердің тізілімінен шығару үшін мыналар негіздеме болып табылады:
      1) осы Кодекстің 13-бабында белгіленген кедендік өкілдердің тізіліміне енгізу шарттарын сақтамау;
      2) кедендік өкілдің оны кедендік өкілдердің тізілімінен алып тастау туралы өтініші;
      3) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес заңды тұлғаны тарату;
      4) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру.
      Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      15-бап. Кедендік өкілдің құқықтары

      1. Кедендік операцияларды жасау кезінде кедендік өкіл оған кеден органдарымен өзара қарым-қатынаста өзінің мүддесін білдіруге уәкілеттік беретін тұлғамен бірдей құқықтарға ие.
      2. Өз қызметін жүзеге асыру кезінде кедендік өкіл:
      1) өкілдік ететін тұлғадан кедендік мақсаттар үшін қажетті, оның ішінде коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге құпияны құрайтын ақпараты не басқа құпия ақпараты бар құжаттар мен мәліметтерді талап етуге және осы Кодексте белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ететін мерзімдерде осындай құжаттар мен мәліметтерді алуға;
      2) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен, кедендік мақсаттар үшін қажетті ақпараттарды автоматтандырылған өңдеу, деректерді электрондық жолмен беру үшін пайдаланатын кеден органдарының ақпараттық желілеріне қол жеткізуге құқылы.
      3. Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында бірыңғай Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты не кедендік шекара арқылы белгілі бір көлік түрлерімен өткізілетін тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасаумен, сондай-ақ жекелеген кедендік операцияларды жасаумен немесе кеден одағына мүше мемлекеттің бір (бірнеше) кеден органының (кеден органдарының) қызметі өңірінің шеңберінде қызмет өңірімен кедендік өкілдің өз қызметінің саласын шектеу құқығы қарастырылуы мүмкін.

      16-бап. Кедендік өкілдің міндеттері

      1. Кедендік операцияларды жасау кезінде кедендік өкілдің міндеттері кеден одағының кеден заңнамасымен белгіленген талаптарға және шарттарға негізделген.
      Кедендік өкілдің міндеттеріне мәлімделген кедендік рәсімдердің талаптары мен шарттарын сақтауға байланысты кедендік операцияларды, сондай-ақ кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес олар өкілдік берілетін тұлғаларға ғана жүктелетін өзге міндеттерді жасау кірмейді.
      2. Өкілдік ететін тұлғадан алған мемлекеттік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге құпияны құрайтын ақпаратты не басқа құпия ақпаратты кедендік өкіл және оның қызметкерлері жарияламауға немесе өз мақсаттары үшін пайдаланбауға, кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, өзге тұлғаларға бермеуге тиіс.
      3. Кедендік өкіл кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, кеден органдарына есептілік ұсынуға міндетті.
      4. Кедендік өкілдің кеден органдарының алдындағы міндеттері өкілдік беруші тұлғамен жасалған шартпен шектелмейді.
      5. Міндеттер барлық кедендік өкілдер үшін бірыңғай болып табылады. Жекелеген кедендік өкілдер үшін ерекше (эксклюзивтік) құқықтар және жеке сипаттағы өзге де артықшылықтар беруге тыйым салынады.
      6. Кедендік өкіл заңды тұлғаны кедендік өкілдердің тізіліміне енгізген кеден органын осындай мәліметтер өзгертілген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде кедендік өкілдердің тізіліміне енгізген кезде мәлімдеген мәліметтердің өзгергені туралы хабарландыруға міндетті.
      Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      17-бап. Кедендік өкілдің жауапкершілігі

      Кеден одағының кеден заңнамасының талаптарын сақтамағаны үшін кедендік өкіл кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.

      18-бап. Кедендік тасымалдаушы

      1. Кедендік тасымалдаушы - осы Кодекстің 19-бабымен анықталған шарттарға жауап беретін, кеден одағына мүше мемлекеттің заңды тұлғасы.
      Заңды тұлға кедендік тасымалдаушылар тізіліміне енгізілгеннен кейін кедендік тасымалдаушы деп табылады.
      Кедендік тасымалдаушылар тізіліміне енгізу және осы тізілімнен шығару тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен анықталады.
      2. Кедендік тасымалдаушы кедендік бақылаудағы тауарларды кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес кеден одағының кедендік аумағы бойынша тасымалдауды жүзеге асырады.
      3. Кеден органдары кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен кедендік тасымалдаушылар болып танылған тұлғалардың тізілімін жүргізеді және бір тоқсанда кемінде бір рет, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, олардың мерзімді жариялануын қамтамасыз етеді.
      Кеден одағының комиссиясы кеден органдары жүргізетін тізілімдердің негізінде кедендік тасымалдаушылардың жалпы тізілімін қалыптастырады және бір тоқсанда кемінде бір рет оны Кеден одағы комиссиясының ресми Интернет-сайтында мерзімді жариялауды қамтамасыз етеді.
      Кедендік тасымалдаушылардың жалпы тізілімінің нысаны және оны жүргізу тәртібі Кеден одағы комиссиясының шешімімен анықталады.
      4. Кедендік тасымалдаушылардың мәртебесі нысаны мен пайдалану тәртібін Кеден одағының комиссиясы белгілейтін құжатпен расталады.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжатты заңды тұлғаны кедендік тасымалдаушылар тізіліміне қосқан кеден одағына мүше мемлекеттің кеден органы береді.
      Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      19-бап. Кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізу
              шарттары

      Мыналар заңды тұлғаны кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізу шарттары болып табылады:
      1) бұл тұлғаның, кеден органына жүгіну күніне кемінде 2 (екі) жыл ішінде жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыруы;
      2) мұндай қамтамасыз етуді ұсынатын күнге кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленген валюта бағамы бойынша кем дегенде екі жүз мың еуроға баламалы сомаға кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді ұсыну;
      3) егер, қызметтің мұндай түрі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес көрсетілген құжаттың бар болуын талап етсе, жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған рұқсат ету құжатының бар болуы;
      4) меншігінде, шаруашылық жүргізуіндежедел басқаруында, жалға алуында тауарларды тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралдарының, оның ішінде кедендік пломбалары және мөрлері бар тауарларды тасымалдау үшін жарамды көлік құралдарының болуы;
      5) (алынып тасталды - ҚР 2010.06.25 N 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен).
      6) кеден органына жүгіну күнінде кедендік төлемдерді, өсімпұлдарды төлеу бойынша орындамаған міндеттің болмауы;
      7) кеден органына жүгінгенге дейін 1 (бір) жылдың ішінде кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген, кеден ісі саласында құқық бұзушылығы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылу фактілерінің болмауы;
      8) өзге талаптарға сәйкес келуі және кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген өзге де шарттарды сақтау.
      Ескерту. 19-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      20-бап. Кедендік тасымалдаушылардың тізілімінен шығару
              үшін негіздер

      Кедендік тасымалдаушылардың тізілімінен шығару үшін мыналар негіздер болып табылады:
      1) осы Кодекстің 19-бабының 2)- 5) және 8) тармақшаларымен белгіленген, кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізу шарттарын сақтамау;
      2) тасымалдаушының осы Кодекстің 21-бабының 1) - 3) тармақшаларында көзделген міндеттерді сақтамауы;
      3) кедендік тасымалдаушының оны кедендік тасымалдаушылар тізілімінен алып тастау туралы өтініші;
      4) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес заңды тұлғаны тарату;
      5) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру.
      Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      21-бап. Кедендік тасымалдаушының міндеттері

      Кедендік тасымалдаушы:
      1) кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау кезінде осы Кодексте белгіленген шарттарды сақтауға және талаптарды орындауға;
      2) кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарлардың есебін жүргізуге және кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кеден органдарына мұндай тауарларды тасымалдау туралы, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып есептілік ұсынуға;
      3) осы Кодекстің 227-228-баптарында көзделген жағдайларда кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауға;
      4) тауарларды жөнелтушіден, оларды алушыдан немесе экспедитордан алған мемлекеттік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге құпияны құрайтын ақпаратты не басқа құпия ақпаратты жарияламауға немесе өз мақсаттары үшін пайдаланбауға, кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, өзге тұлғаларға бермеуге;
      5) заңды тұлғаны кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізген кеден органына кедендік тасымалдаушылар тізіліміне енгізу кезінде олар мәлімдеген мәліметтердің өзгергені туралы, мұндай мәліметтер өзгерген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде ақпараттандыруға міндетті.

      22-бап. Кедендік тасымалдаушының жауапкершілігі

      Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау кезінде өзінің міндеттерін орындамағаны үшін кедендік тасымалдаушы осы Кодекстің 224-бабына сәйкес жауаптылықта болады.

      23-бап. Уақытша сақтау қоймасының иесі

      1. Уақытша сақтау қоймасының иесі - осы Кодекстің 24-бабында белгіленген шарттарға жауап беретін кеден одағына мүше мемлекеттің заңды тұлғасы.
      Заңды тұлға уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілгеннен кейін уақытша сақтау қоймасының иесі болып танылады.
      Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу және осы тізілімнен шығару тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен анықталады.
      Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілген заңды тұлғалардың уақытша сақтау қоймаларының иелері ретіндегі қызметін тоқтата тұру және қайта жаңарту жағдайлары мен тәртібі белгіленуі мүмкін.
      2. Уақытша сақтау қоймасының иесі кеден одағының кеден заңнамасында белгіленген жағдайларда және шарттарда кедендік бақылаудағы тауарларды сақтауды жүзеге асырады.
      3. Кеден органдары кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен уақытша сақтау қоймаларының иелері болып танылған тұлғалардың тізілімін жүргізеді және бір тоқсанда кемінде бір рет, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, олардың мерзімді жариялануын қамтамасыз етеді.
      Кеден одағының комиссиясы кеден органдары жүргізетін тізілімдердің негізінде уақытша сақтау қоймалары иелерінің жалпы тізілімін қалыптастырады және бір тоқсанда кемінде бір рет Кеден одағы комиссиясының ресми Интернет-сайтында оның мерзімді жариялануын қамтамасыз етеді.
      Ескерту. 23-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      24-бап. Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне
              енгізу шарттары

      1. Мыналар заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарттары болып табылады:
      1) меншігінде, шаруашылық иелігіндежедел басқаруында, жалға алуында уақытша сақтау қоймасы ретінде пайдалану үшін көзделген және кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген талаптарға жауап беретін үй-жайлардың және (немесе) ашық алаңдардың бар болуы;
      2) сақтаудағы басқа тұлғалардың тауарларына зиян келтіру немесе басқа тұлғалармен жасалған сақтау шарттарының өзге шарттарын бұзу салдарынан болуы мүмкін өзінің азаматтық жауапкершілігінің тәуекелін сақтандыру шартының бар болуы. Сақтандыру сомасының мөлшері кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен анықталады;
      3) кеден органына жүгіну күнінде кедендік төлемдерді, өсімпұлдарды төлеу бойынша орындалмаған міндеттің болмауы;
      4) кеден органына жүгінгенге дейін 1 (бір) жылдың ішінде кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген, кеден ісі саласында құқық бұзушылығы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылу фактілерінің болмауы;
      5) өзге талаптарға сәйкес келуі және кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген өзге де шарттарды сақтау.
      2. Егер үй-жайларды және (немесе) ашық алаңдарды иелену жалға алу шарты негізінде жүзеге асырылса, мұндай шарт уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтінішті беру күніне кемінде 1 (бір) жыл мерзімге бекітілуі тиіс.

      25-бап. Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен
              алып тастау үшін негіздер

      Мыналар заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау үшін негіздер болып табылады:
      1) осы Кодекстің 24-бабы 1-тармағының 1), 2) және 5) тармақшаларында белгіленген уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарттарын сақтамауы;
      2) уақытша сақтау қоймасы иесінің осы Кодекстің 26-бабының 1 - 5, 7 және 8-тармақшаларында көзделген міндеттерді орындамауы;
      3) уақытша сақтау қоймасы иесінің оны уақытша сақтау қоймасы иелерінің тізілімінен шығарып тастау туралы өтініші;
      4) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес заңды тұлғаны тарату;
      5) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру.
      Ескерту. 25-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      26-бап. Уақытша сақтау қоймасы иесінің міндеттері

      Уақытша сақтау қоймасының иесі:
      1) тауарларды уақытша сақтау кезінде осы Кодексте белгіленген шарттарды сақтауға және талаптарды орындауға;
      2) уақытша сақтау қоймасындағы тауарлардың сақталуын қамтамасыз етуге;
      3) сақталатын тауарлардың есебін жүргізуге және кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кеден органдарына, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, олар туралы есеп ұсынуға;
      4) уақытша сақтау қоймасының қызметкерлері болып табылмайтын және кеден органының рұқсатынсыз сақталатын тауарларға қатысты өкілдіктерге ие емес бөтен тұлғаларды жібермеуге;
      5) кеден органдары лауазымды тұлғаларының сақталатын тауарларға қол жеткізуіне қатысты кеден органдарының талаптарын орындауға;
      6) уақытша сақтау қоймасы жұмыс істеуді тоқтатқан жағдайда, осы қойманың жұмысты тоқтатуы туралы шешімді қабылдаған күннен кейінгі үш жұмыс күні ішінде уақытша сақтау орнына тауарларын қойған тұлғаларға осы шешімді жеткізуге;
      7) осы Кодекстің 172-бабында көзделген жағдайларда кеден баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауға;
      8) заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген кеден органына уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу кезінде олармен мәлімделген мәліметтердің өзгергені туралы осындай мәліметтердің өзгерген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде хабарлауға міндетті.

      27-бап. Уақытша сақтау қоймасы иесінің жауапкершілігі

      Тауарларды уақытша сақтау кезінде өз міндеттерін орындамағаны үшін уақытша сақтау қоймасының иесі, кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.

      28-бап. Кеден қоймасының иесі

      1. Кеден қоймасының иесі - осы Кодекстің 29-бабында анықталған шарттарға жауап беретін, кеден одағына мүше мемлекеттің заңды тұлғасы.
      Заңды тұлға кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілгеннен кейін кеден қоймасының иесі деп табылады.
      Кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу және осы тізілімнен шығару кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен анықталады.
      Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілген заңды тұлғалардың кеден қоймаларының иелері ретіндегі қызметін тоқтата тұру және қайта жаңарту жағдайлары мен тәртібі белгіленуі мүмкін.
      2. Кеден қоймасының иесі осы Кодексте белгіленген жағдайларда және шарттарда кедендік бақылаудағы тауарларды сақтауды жүзеге асырады.
      3. Кеден қоймасы иесінің декларанттармен немесе өзге де мүдделі тұлғалармен қатынасы келісім-шарттық негізде құрылады.
      4. Кеден органдары кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізілімін жүргізеді және бір тоқсанда кемінде бір рет, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, олардың мерзімді жариялануын қамтамасыз етеді.
      Кеден одағының комиссиясы кеден органдары жүргізетін тізілімдердің негізінде уақытша сақтау қоймалары иелерінің жалпы тізілімін қалыптастырады және бір тоқсанда кемінде бір рет Кеден одағы комиссиясының ресми Интернет-сайтында оның мерзімді жариялануын қамтамасыз етеді.
      Ескерту. 28-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      29-бап. Кеден қоймасы иелерінің тізіліміне енгізу
              шарттары

      1. Заңды тұлғаны кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарты болып мыналар табылады:
      1) меншігінде, шаруашылық иелігінде, жедел басқаруында, жалға алуында кеден қоймасы ретінде пайдалануға арналған және кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген талаптарға жауап беретін үй-жайлардың және (немесе) ашық алаңдардың бар болуы;
      2) сақтауда тұрған басқа тұлғалардың тауарларына зиян келтіру немесе басқа тұлғалармен сақтау шарттарының өзге талаптарын бұзу салдарынан болатын өзінің азаматтық жауапкершілігінің тәуекелін сақтандыру шартының бар болуы. Сақтандыру сомасының мөлшері кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен анықталады;
      3) кеден органына жүгіну күнінде кедендік төлемдерді, өсімпұлдарды төлеу бойынша орындалмаған міндеттердің болмауы;
      4) кеден органына жүгінген күнге дейін бір жыл ішінде кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында анықталған кеден ісі саласында құқық бұзушылықтары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылу фактілерінің болмауы;
      5) өзге талаптарға сәйкес келуі және кеден одағының кеден заңнамасымен және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген өзге шарттарды сақтауы.
      2. Егер үй-жайларды және (немесе) ашық алаңдарды иелену жалға алу шарты негізінде жүзеге асырылса, егер кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, осындай шарт, кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтінішті беру күніне кемінде 1 (бір) жыл мерзімге жасалуы тиіс.

      30-бап. Кеден қоймалары иелерінің тізілімінен шығарып
              тастау үшін негіздер

      Мыналар заңды тұлғаны кеден қоймалары иелерінің тізілімінен шығарып тастау үшін негіздер болып табылады:
      1) осы Кодекстің 29-бабы 1-тармағының 1), 2) және 5) тармақшаларында белгіленген кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарттарын орындамау;
      2) кеден қоймасы иесінің осы Кодекстің 31-бабының 1) - 6),  8)және 9) тармақшаларында көзделген міндеттерді орындамауы;
      3) кеден қоймасы иесінің оны кеден қоймасы иелері тізілімінен шығарып тастау туралы өтініші;
      4) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес заңды тұлғаны тарату;
      5) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру.
      Ескерту. 30-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      31-бап. Кеден қоймасы иесінің міндеттері

      Кеден қоймасының иесі:
      1) кеден қоймасында орналасқан тауарлардың сақталуын қамтамасыз етуге;
      2) кеден қоймасында тауарлардың сақталуына қатысты осы Кодексте белгіленген шарттар мен талаптарды сақтауға;
      3) кедендік бақылауды жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етуге;
      4) кеден қоймасында сақталатын тауарларды есепке алуды жүргізуге және кеден органына осы тауарлар туралы кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, кеден органына осындай тауарлар туралы есеп беруге;
      5) кеден қоймасының қызметкерлері болып табылмайтын және кеден органдарының рұқсатынсыз сақталып отырған тауарларға қатысты өкілеттігі жоқ бөтен тұлғаларды жібермеуге;
      6) кеден органдары лауазымды тұлғаларының сақталып отырған тауарларға қол жетімділігіне қатысты кеден органдарының талаптарын орындауға;
      7) кеден қоймасының жұмысын тоқтатқан жағдайда, осы қойманың жұмыс істеуін тоқтату туралы шешімді қабылдаған күннен кейінгі үш жұмыс күн ішінде осындай шешім туралы кеден қоймасына тауарларды орналастырған тұлғаларды хабардар етуге;
      8) апаттың кезінде жойылудың немесе еңсерілмейтін күш әрекетінің салдарынан тауарлардың жоғалуын қоспағанда, не тауарларды кеден органдарының рұқсатынсыз берген жағдайда осы Кодекске сәйкес, кедендік төлемдерді, салықтарды төлеу бойынша міндеттемелер пайда болған кезде кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеуге;
      9) заңды тұлғаны кеден қоймалары иелерінің тізіліміне қосқан кеден органын кеден қоймасы иелерінің тізіліміне қосқан кезде ол ұсынған мәліметтердің өзгергені туралы осы мәліметтердің өзгерген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күн ішінде ақпараттандыруға міндетті.
      Ескерту. 31-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      32-бап. Кеден қоймасы иесінің жауапкершілігі

      Тауарларды кеден қоймасында сақтау кезінде өз міндеттерін орындамағаны үшін кеден қоймасының иесі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.

      33-бап. Бажсыз сауда дүкенінің иесі

      1. Бажсыз сауда дүкенінің иесі - осы Кодекстің 34-бабында анықталған шарттарға жауап беретін кеден одағына мүше мемлекеттің заңды тұлғасы.
      Заңды тұлға бажсыз сауда дүкені иелерінің тізіліміне енгізілгеннен соң бажсыз сауда дүкенінің иесі деп танылады.
      Бажсыз сауда дүкенінің иелерінің тізіліміне енгізу және осы тізілімнен шығару тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен анықталады.
      Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізілген заңды тұлғалардың бажсыз сауда дүкендерінің иелері ретіндегі қызметін тоқтата тұру және қайта жаңарту жағдайлары мен тәртібі белгіленуі мүмкін.
      2. Бажсыз сауда дүкенінің иесі бажсыз сауда кедендік рәсімі бойынша орналастырылған тауарлардың сақталуын және кеден одағының кедендік шекарасынан шығатын жеке тұлғаларға, сондай-ақ шетелдік дипломатиялық өкілдіктерге, оларға теңестірілген халықаралық ұйымдардың өкілдіктеріне, консулдық мекемелерге не дипломатиялық агенттерге, консулдық лауазымды адамдарға және олардың өздерімен бірге тұратын отбасы мүшелеріне бөлшек саудада сатуда өткізілуін қамтамасыз етеді.
      3. Кеден органдары кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізілімін жүргізеді және бір тоқсанда кемінде бір рет, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, олардың мерзімді жариялануын қамтамасыз етеді.
      Ескерту. 33-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      34-бап. Бажсыз сауда дүкені иелерінің тізіліміне енгізу
              шарттары

      Заңды тұлғаларды бажсыз сауда дүкені иелерінің тізіліміне енгізу шарттары мыналар болып табылады:
      1) жеке меншігінде, шаруашылық иелігіндежедел басқаруында немесе жалға алуында бажсыз сауда дүкені ретінде пайдалану үшін жарамды және кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген талаптарға жауап беретін үй-жайлардың болуы;
      2) бөлшектеп сатуға тіркеме немесе рұқсат ету құжаттардың болуы, егер оларды алу міндеті кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделсе;
      3) кеден органына жүгінген күні кедендік төлемдерді, өсімпұлдарды төлеу бойынша орындалмаған міндеттің болмауы;
      4) кеден органына жүгінген күнге дейін 1 (бір) жылдың ішінде кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында анықталған кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылу фактілерінің болмауы;
      5) өзге талаптарға сәйкес келуі және кеден одағының кедендік заңнамасымен және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленген өзге шарттарды сақтауы.

      35-бап. Бажсыз сауда дүкендерінің иелері тізілімінен
              алып тастау үшін негіздер

      Мыналар бажсыз сауда дүкендерінің иелері тізілімінен алып тастау үшін негіздер болып табылады:
      1) осы Кодекстің 34-бабының 1-тармағының 1), 2) және 5) тармақшаларында белгіленген бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу шарттарын сақтамауы;
      2) осы Кодекстің 36-бабында көзделген міндеттерді бажсыз сауда дүкені иесінің сақтамауы;
      3) бажсыз сауда дүкені иесінің оны бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізілімінен алып тастау туралы өтініші;
      4) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес заңды тұлғаны тарату;
      5) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру.
      Ескерту. 35-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      36-бап. Бажсыз сауда дүкені иесінің міндеттері

      Бажсыз сауда дүкенінің иесі:
      1) бажсыз сауда кедендік рәсіміне орналастырылған және осы тарауға сәйкес сатылмаған тауарлардың сақталуын қамтамасыз етуге;
      2) осы Кодексте белгіленген шарттарды және талаптарды сақтауға;
      3) кедендік бақылауды жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етуге;
      4) тауарлардың бажсыз сауда дүкеніне түсуін және олардың көрсетілген дүкенде сатылуын есепке алуды жүргізуге, сондай-ақ кеден органдарына осындай тауарлар туралы, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес есептілікті ұсынуға;
      5) кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттер пайда болған кезде осы Кодекстің 306-бабына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеуге;
      6) заңды тұлғаны бажсыз сауда дүкені иелерінің тізіліміне енгізген кеден органын бажсыз сауда дүкені иелерінің тізіліміне енгізген кезде, осы мәліметтердің өзгерген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күн ішінде ол мәлімдеген мәліметтердің өзгергені туралы хабардар етуге міндетті.
      Ескерту. 36-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      37-бап. Бажсыз сауда дүкені иесінің жауапкершілігі

      Тауарларды бажсыз сауда дүкендерінде сақтау және сату жөніндегі талаптарды, сондай-ақ бажсыз сауда кедендік рәсімінің талаптарын сақтамағаны үшін бажсыз сауда дүкенінің иесі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.

      38-бап. Уәкілетті экономикалық оператор

      1. Уәкілетті экономикалық оператор - осы Кодекстің 39-бабында көрсетілген шарттарға сәйкес келетін, осы Кодекстің 41-бабында көзделген арнайы жеңілдіктерді қолдануға құқығы бар заңды тұлға.
      2. Уәкілетті экономикалық оператордың мәртебесін заңды тұлғаға кеден органдары уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәлікті ұсыну жолымен береді және кеден органы осы мәртебені берген мемлекеттің аумағында танылады.
      Уәкілетті экономикалық оператордың мәртебесі аумағында осы тұлғаға осындай мәртебе беретін кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаға беріледі.
      Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәліктің нысаны мен оны беру, қолдануын тоқтата тұру және қайтарып алу тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен анықталады.
      3. Уәкілетті экономикалық оператор уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне қосу туралы куәлік берген кеден органын уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне қосу туралы куәлікті беру үшін, ол мәлімдеген мәліметтердің өзгергені туралы осы мәліметтердің өзгерген күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде хабардар етуге міндетті.
      Ескерту. 38-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      39-бап. Уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру
              шарттары

      Мыналар заңды тұлғаның уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін алуының шарттары болып табылады:
      1) кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес осындай қамтамасыз етуді ұсыну күніне бекітілетін валюта бағамы бойынша бір миллион еуроға балама сомада осы тармақшаның екінші абзацында белгіленген жағдайды қоспағанда, кедендік төлемдердің, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді ұсыну;
      Олар Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалған өлшемдерге сәйкес болған жағдайда, кедендік әкету баждары қолданылмайтын тауарларды өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және (немесе) тауарларды экспорттайтын тұлғаларға осындай қамтамасыз етуді ұсыну күніне кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленетін, валюта бағамы бойынша бір жүз елу мың еуроға балама сомаға кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету ұсынылады;
      2) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында анықталған, бірақ кеден органына жүгінген күнге дейін кемінде бір жыл мерзім ішінде сыртқы сауда қызметін жүзеге асыру;
      3) кеден органына жүгінген күніне кедендік төлемдерді, пайыздарды, өсімпұлдарды төлеу бойынша орындалмаған міндеттің болмауы;
      4) кеден органына жүгінген күніне кеден одағына мүше мемлекеттердің салықтар және алымдар туралы заңнамасына (салық заңнамасына) сәйкес берешектің (бересінің) болмауы;
      5) кеден органына жүгінгенге дейін 1 (бір) жылдың ішінде кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында анықталған кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылу фактілерінің болмауы;
      6) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалған талаптарға сәйкес кеден органдарына кедендік операцияларды жасау кезінде ұсынылған мәліметтерді шаруашылық операцияларды жүргізу туралы мәліметтермен салыстыруға мүмкіндік беретін тауарларды есепке алу жүйесінің болуы;
      7) өзге талаптарға сәйкес келуі және кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген өзге шарттарды сақтау.
      Ескерту. 39-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      40-бап. Уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімі

      Кеден органдары уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімін жүргізеді және оның кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіп пен нысан бойынша жариялануын қамтамасыз етеді.

      41-бап. Уәкілетті экономикалық операторға ұсынылатын
              арнайы жеңілдіктер

      1. Уәкілетті экономикалық операторға мынадай арнайы жеңілдіктер берілуі мүмкін:
      1) уәкілетті экономикалық оператордың үй-жайларында, ашық алаңдарында және өзге де аумақтарында тауарларды уақытша сақтау;
      2) осы Кодекстің 197-бабына сәйкес кедендік декларацияны бергенге дейін тауарларды шығару;
      3) уәкілетті экономикалық оператордың үй-жайларында, ашық алаңдарында және өзге де аумақтарында тауарларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жүргізу;
      4) кеден одағының кедендік заңнамасында көзделген өзге де арнайы жеңілдіктер.
      2. Егер оларға қатысты осындай арнайы жеңілдіктерді қолдану ұйғарылса, уәкілетті экономикалық оператор тауарлардың декларанты ретінде әрекет етуге құқылы болған жағдайларда ғана осы бапта көзделген арнайы жеңілдіктер қолданылады.
      3. Оларға қатысты осы бапта көзделген арнайы жеңілдіктер қолданыла алмайтын тауарлардың тізбесі Кеден одағы комиссиясының шешімімен анықталады.

      42-бап. Кеден органдарына алдын ала ақпарат беру

      1. Уәкілетті экономикалық операторлар, тасымалдаушылар, оның ішінде кедендік тасымалдаушылар, кеден өкілдері және өзге де мүдделі тұлғалар кеден органдарына кедендік шекара арқылы өткізілуі ұйғарылатын тауарлар, осындай тауарларды тасымалдайтын халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары, тауарлардың кеден одағының кедендік аумағына келу немесе осындай аумақтан кету уақыты және орны, кеден одағының кедендік аумағына келетін немесе осындай аумақтан кететін жолаушылар туралы алдын ала ақпаратты электрондық түрде ұсынуы мүмкін.
      2. Кеден органдары кеден одағына қатысушы мемлекеттердің, немесе кеден одағына мүше мемлекеттердің біреуінің осы мемлекеттермен халықаралық шарттарына сәйкес шетел мемлекеттерінің кеден органдарымен (қызметтерімен) алдын ала ақпарат алмасуды жүзеге асырады.
      3. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, кеден органдарына міндетті түрде алдын ала ақпарат беру жағдайлары, көлемі және оны кедендік мақсаттар үшін ұсыну және қолдану тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес айқындалады.
      Ескерту. 42-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4-тарау. Ақпараттық жүйелер және ақпараттық технологиялар

      43-бап. Кеден органдары пайдаланатын ақпараттық жүйелер,
              ақпараттық технологиялар және оларды қамтамасыз
              ету құралдары

      1. Кедендік операциялар, оның ішінде ақпарат берудің электрондық тәсілдеріне, сондай-ақ оларды қамтамасыз етудің құралдарына негізделген ақпараттық жүйелерді және ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жүргізілуі мүмкін.
      2. Ақпараттық жүйелерді және ақпараттық технологияларды енгізу кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тиісті халықаралық стандарттарды және ақпараттық қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз етуді ескере отырып жүзеге асырылады.
      3. Кеден органдары кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына және (немесе) халықаралық шарттарына сәйкес кеден органдары әзірлейтін, өндіретін немесе сатып алатын ақпараттық жүйелерді, ақпараттық технологияларды және оларды қамтамасыз ету құралдарын қолданады.
      4. Кеден мақсаттары үшін ақпараттық жүйелерді, ақпараттық технологияларды, оларды қамтамасыз ету құралдарын және ақпаратты қорғаудың бағдарламалық техникалық құралдарын қолданудың шарттары мен тәртібі, сондай-ақ ақпарат алмасудың электрондық тәсілдеріне негізделген ақпараттық қарым-қатынасты ұйымдастыру кезінде оларға қойылатын талаптар кеден одағының кедендік заңнамасымен және кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен анықталады.
      5. Кеден одағының кедендік аумағында кеден органдарының қарым-қатынасын қамтамасыз ету мақсаттары үшін ықпалдасқан ақпараттық жүйелер және ақпараттық технологиялар құрылады.

      44-бап. Кеден органдарының ақпараттық ресурстары

      1. Кеден органдарының кедендік операцияларды жүргізу кезінде ұсынылатын құжаттар мен мәліметтер, сондай-ақ оларды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар негізінде қалыптастырылған ақпараттық ресурстарына қол жеткізу шектеулі. Ақпараттық ресурстарды және оларға қол жеткізуді қалыптастыру тәртібі кеден одағына қатысушы мемлекеттердің заңнамасында анықталады.
      Кеден органдарының ақпараттық ресурстары деп өзіне кеден органдарының ақпараттық жүйелерінде жасалатын, өңделетін және жинақталатын мәліметтердің дерекқорын қамтитын құжатталған ақпараттың ұйымдастырылған жиынтығы түсініледі.
      Кеден одағының кедендік заңнамасына қатысты кеден органдарының ақпараттық ресурстары ашық және жалпыға бірдей қол жетімді болып табылады.
      Жалпыға бірдей қол жетімді ақпараттық ресурстар кеден органдарының және Кеден одағы комиссиясының сайттарында орналастырылады.
      2. Тұлғалардың кеден органдарының қарамағындағы, шектеулі қол жетімді ақпараттық ресурстарда қамтылған ақпаратты алу тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында анықталады.

      45-бап. Ақпараттық процестерге және ақпараттандыруға
              қатысатын субъектілердің ақпаратын және
              құқықтарын қорғау

      1. Ақпараттық процестерге және ақпараттандыруға қатысатын субъектілердің ақпараты мен құқықтарын қорғау кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      2. Ақпаратты қорғаудың бағдарламалық техникалық құралымен қамтамасыз етілетін ақпаратты қорғаудың деңгейі ақпарат деңгейіне сәйкес келуі тиіс. Ақпаратты қорғау деңгейінің белгілі бір деңгейге сәйкес келуін осы ақпараттық ресурстар қарамағында тұрған кеден органдары қамтамасыз етеді.
      Ескерту. 45-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      46-бап. Кеден органдарының ақпарат алмасуы

      Кеден органдары арасында ақпарат алмасу кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Кеден органдары шет мемлекеттердің кеден органдарымен, сондай-ақ халықаралық және өзге де ұйымдармен кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында анықталған тәртіппен және шарттарда халықаралық ақпарат алмасуға қатысады.

5-тарау. Кедендік статистика

      47-бап. Тауарлармен сыртқы саудадағы кедендік статистика

      1. Тауарлармен сыртқы сауданың даму ахуалын, серпіні мен үрдістерін талдау мақсатында кеден органдары тауарлармен сыртқы сауданың кедендік статистика мәліметтерін қалыптастыру үшін кедендік шекара арқылы тауарларды тасымалдау туралы мәліметтерді жинауды және өңдеуді жүргізеді.
      2. Кеден органдары тауарлармен сыртқы сауданың статистикасын Кеден одағы комиссиясының шешімімен бекітілген әдіснамаға сәйкес жүргізеді.
      3. Кеден органдары тауарлармен сыртқы сауданың кедендік статистика деректерін:
      оның кеден органдары осындай деректерді ұсынатын кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен кеден одағына мүше мемлекеттердің үкіметтеріне, мемлекеттік органдарына және өзге ұйымдарына;
      оның кеден органдары осындай деректерді ұсынатын кеден одағына қатысушы мүше мемлекеттің халықаралық шарттарда белгіленген тәртіппен халықаралық ұйымдарға береді.
      4. Кеден одағының комиссиясы кеден одағының тауарлармен сыртқы сауданың кедендік статистика деректерін кеден одағына мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарына және халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық ұйымдарға береді.
      5. Кеден одағының комиссиясы кеден одағының тауарлармен сыртқы сауданың кедендік статистика деректерін Кеден одағы комиссиясының шешімімен анықталған тәртіппен және мерзімде жариялайды.
      Кеден органдары кеден одағына мүше мемлекеттердің тауарлармен сыртқы сауданың кедендік статистикасының деректерін кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалған тәртіппен және мерзімде жариялайды.
      6. Кеден органдары тауарлармен сыртқы сауданың кедендік статистикасының мемлекеттік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны не басқа құпия ақпаратты қамтымайтын деректерін мемлекеттік органдарды қоспағанда, оларды алуға мүдделі кеден одағына мүше мемлекеттердің ұйымдарына кеден органдары осындай деректерді ұсынатын кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттарда ұсына алады.

      48-бап. Арнайы кедендік статистика

      1. Кеден органдарына жүктелген тапсырмаларды орындауды қамтамасыз ету мақсатында кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен арнайы кедендік статистика жүргізіледі.
      2. Кеден органдары арнайы кедендік статистиканың деректерін тек кедендік мақсаттар үшін қолданылады.

      49-бап. Статистикалық мақсаттар үшін қолданылатын
              құжаттар мен мәліметтер

      1. Статистикалық мақсаттар үшін кеден одағының кедендік заңнамасына және кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес тұлғалар ұсынатын құжаттар және мәліметтер пайдаланылады.
      2. Статистикалық мақсаттар үшін пайдаланылатын деректерге осы Кодекстің 8-бабының ережелері қолданылады.

6-тарау. Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің
бірыңғай тауар номенклатурасы. Тауарларды жіктеу

      Ескерту. 6-тарудың атауына өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      50-бап. Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің
              бірыңғай тауар номенклатурасы

      Ескерту. 50-баптың атауына өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы (бұдан әрі - Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы) Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің сыртқы сауда және өзге де түрлерін кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын, кедендік статистиканы жүргізуді жүзеге асыру үшін қолданылады.
      Ескерту. 50-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      51-бап. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар
              номенклатурасын жүргізу

      1. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы Дүниежүзілік кеден ұйымының Тауарларды сипаттау мен кодтаудың үйлестірілген жүйесіне және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына негізделеді.
      2. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын Кеден одағының комиссиясы бекітеді.
      3. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына өзгерістер енгізу туралы шешімді кеден қызметтерінің ұсыныстары негізінде белгіленген тәртіппен Кеден одағының комиссиясы қабылдайды.
      Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын және оған өзгерістер енгізу туралы шешімді Кеден одағының комиссиясы жариялайды.
      4. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын техникалық жүргізуді, оның ішінде:
      1) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының халықаралық негізі өзгерістерінің,сондай-ақ осы негізді талқылау жөніндегі түсініктер мен шешімдердің мониторингін;
      2) Кеден одағының комиссиясына Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын оның халықаралық негізіне сәйкес келтіру туралы ұсыныстар енгізуді;
      3) Кеден одағының комиссиясына оның халықаралық негізінің кезекті нұсқасына көшу кезінде тауар позициясы, қосалқы позициясы және кіші қосалқы позициясы деңгейінде Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының кодтарына сәйкестік кестелерін құруды және жіберуді;
      4) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын жариялауға дайындауды және оған түсініктемелерді Кеден одағының комиссиясына жолдауды;
      5) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын техникалық жүргізу үшін қажетті өзге де функцияларды Ресей Федерациясы атқарушы билігінің кеден ісі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органы жүзеге асырады.
      Ескерту. 51-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      52-бап. Тауарларды жіктеу

      1. Тауарлар кедендік декларациялау кезінде Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша жіктелуге жатады.
      2. Тауарларды жіктеу дұрыстығын тексеруді кеден органдары жүзеге асырады.
      3. Тауарлардың дұрыс жіктелмегені анықталған жағдайда кеден органы тауарларды дербес жіктеуді жүзеге асырады және кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында анықталған нысан бойынша шешім қабылдайды.
      Кеден органдарының тауарларды жіктеу жөніндегі шешімдері осы Кодекстің 9-бабына сәйкес шағымдалуы мүмкін.
      4. Осы Кодекстің 180-бабының 4-тармағында анықталған жағдайлардан басқа, коммерциялық, көліктік (тасымалдау) және (немесе) өзге құжаттарда, сондай-ақ сараптау мекемелер беретін қорытындыларда, анықтамаларда, сараптама актілерінде көрсетілген Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша тауарлардың кодтары тауарларды жіктеу үшін міндетті болып табылмайды.
      5. Кеден органдары осы тарауға сәйкес тауарлардың жіктелуі бойынша алдын ала шешімдер қабылдайды.
      6. Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында анықталған кеден органдары олардың жариялануын қамтамасыз ете отырып, тауарлардың жекелеген түрлерін жіктеу бойынша шешімдер қабылдауы және түсініктемелер беруі мүмкін.
      Мұндай шешімдер немесе түсініктемелер оның кеден органы қабылдаған кеден одағына мүше мемлекеттің аумағында тауарларды декларациялау кезінде міндетті болып табылады.
      7. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын бірыңғай түсіндіруді қамтамасыз ету мақсатында Кеден одағының комиссиясы кеден органдарының ұсыныстары негізінде тауарлардың жекелеген түрлерін жіктеу жөнінде шешімдер мен түсініктемелер қабылдайды және жариялайды.
      Тауарлардың жекелеген түрлерін жіктеу, оларды қарау және кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдарымен тауарлардың жекелеген түрлерін жіктеу жөніндегі шешімдер мен түсініктемелердің жобаларын келісу туралы ұсыныстарды енгізу тәртібі Кеден одағы комиссиясының шешімімен анықталады.
      Кеден одағының комиссиясы тауарлардың жекелеген түрлерін жіктеу жөніндегі шешімдер мен түсініктемелерді қабылдағаннан кейін осы тауарларға қатысты осы баптың 6-тармағына сәйкес кеден органдары қабылдаған шешімдер мен түсініктемелер олардың күшін жоюға немесе өзгерістер енгізуге жатады.
      Ескерту. 52-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      53-бап. Алдын ала шешім қабылдау тәртібі

      1. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша тауарларды жіктеу бойынша алдын ала шешім қабылдау тәртібі осы баппен, осы Кодекстің 54-57-баптарымен, ал көрсетілген баптармен анықталмаған бөлігінде - кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен анықталады.
      2. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша тауарларды жіктеу жөніндегі алдын ала шешімді кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес анықталған кеден органдары қабылдайды.
      3. Алдын ала шешімді тауарларды шығару жүзеге асырылатын кеден одағына қатысушы мемлекеттің кеден органы қабылдайды. Алдын ала шешім кеден органы алдын ала шешім қабылдаған кеден одағына мүше мемлекеттің аумағында тауарларды декларациялау кезінде міндетті болып табылады.
      4. Алдын ала шешім тауардың белгілі бір маркасын, моделін, артикулы мен модификациясын қамтитын әрбір атауына қабылданады.
      5. Алдын ала шешімнің нысаны Кеден одағы комиссиясының шешімімен анықталады.
      6. Өтініш беруші алдын ала шешімді жоғалтқан жағдайда, кеден органы өтініш беруші бұдан бұрын алған алдын ала шешімнің телнұсқасын ұсынады.
      7. Кеден органдары осы Кодекстің 124-бабына сәйкес алдын ала шешімдерді қабылдауға қатысты ақпарат алмасуды жүзеге асырады.
      Ескерту. 53-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      54-бап. Алдын ала шешімді қабылдау туралы өтініш

      1. Алдын ала шешімді тұлғаның жазбаша түрде немесе электрондық құжат түрінде берген өтініші (бұдан әрі осы тарауда - өтініш беруші) негізінде кеден органы қабылдайды.
      2. Тауарларды жіктеу бойынша алдын ала шешім қабылдау үшін өтініш тауарлардың толық коммерциялық атауын, фирмалық атауын, негізгі техникалық, коммерциялық сипаттамаларын және тауарларды нақты жіктеуге мүмкіндік беретін өзге де ақпаратты қамтуы тиіс. Қажет болған кезде алдын ала шешім қабылдау үшін фотосуреттер, суреттер, сызбалар, бұйымдардың төлқұжаттары, тауарлардың сынамалары және үлгілері болуы тиіс.
      3. Егер кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында ұзақтығы неғұрлым аз мерзім белгіленбесе, өтініш беруші ұсынған мәліметтер алдын ала шешім қабылдау үшін жеткіліксіз болса, кеден органы өтініш берушіге кеден органына өтінішті берген күнінен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде қосымша ақпаратты ұсыну қажеттілігі туралы хабардар етеді. Қосымша ақпарат өтініш берушіге жазбаша хабарланған күнінен бастап 60 (алпыс) күнтізбелік күн ішінде ұсынылуы қажет. Егер ақпарат белгіленген мерзімде ұсынылмаса, алдын ала шешім қабылдау туралы өтініш қабылданбайды.
      Ескерту. 54-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      55-бап. Алдын ала шешімді қабылдау және оның қолданылу
              мерзімі

      1. Егер кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында бұдан аз мерзім белгіленбесе, алдын ала шешім өтініш кеден органында тіркелген күнінен бастап тоқсан күнтізбелік күн ішінде қабылданады.
      Осы Кодекстің 54-бабының 3-тармағына сәйкес қосымша ақпарат беру қажет болған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлімінде көрсетілген мерзім уақыты тоқтатыла тұрады және кеден органы сұрау салынған мәліметтері бар соңғы құжатты алған күнінен бастап қайта жаңартылады.
      2. Алдын ала шешім өзгертілмеген, қайтарылмаған, не осы Кодекстің 56-бабына сәйкес оның қолданылуы тоқтатылса оны қабылдаған күнінен бастап 3 (үш) жыл ішінде әрекет етеді.

      56-бап. Алдын ала шешімнің қолданылуын тоқтату, оны
              өзгерту немесе кері қайтару

      1. Кеден органы өзі не төмен тұрған кеден органы қабылдаған алдын ала шешімнің қолданылуын тоқтату, оны өзгерту немесе кері қайтарып алу туралы шешім қабылдай алады.
      Алдын ала шешімнің қолданылуын тоқтату, оны өзгерту немесе кері қайтарып алу туралы шешім өтініш берушіге алдын ала шешімнің қолданылуын тоқтату, оны өзгерту немесе кері қайтарып алу туралы шешім шығарылған күннен кейінгі күннен кешіктірмей жіберіледі.
      2. Егер кеден органы өтініш беруші алдын ала шешімді қабылдау үшін жалған құжаттар, дұрыс емес және (немесе) толық емес мәліметтер ұсынғанын анықтаса алдын ала шешімнің қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылданады.
      Алдын ала шешімнің қолданылуын тоқтату туралы шешім осындай алдын ала шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
      3. Алдын ала шешімді өзгерту мынадай жағдайларда жүргізіледі:
      кеден органы немесе өтініш беруші алдын ала шешімді қабылдаған кезде жіберілген кемшіліктерді анықтағанда;
      кеден органдары осы Кодекстің 52-бабының 6-тармағына сәйкес тауарлардың жекелеген түрлерін жіктеу жөнінде шешімдер немесе түсініктемелерді қабылдағанда.
      Кеден органының алдын ала шешімді өзгерту туралы шешімі алдын ала шешімді өзгерту туралы шешімде көрсетілген мерзімде күшіне енеді.
      4. Алдын ала шешім мынадай жағдайларда кері қайтарылады:
      тауарлардың жіктелуіне әсер ететін, оларға қатысты алдын ала шешім қабылданған Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына өзгерістер енгізілгенде;
      Дүниежүзілік кеден ұйымы кеден одағына мүше мемлекеттер қолданылатын тауарларды жіктеу жөнінде шешімдер қабылдағанда;
      Кеден одағының комиссиясы тауарлардың жекелеген түрлерін жіктеу жөнінде шешімдер мен түсініктемелер қабылдағанда.
      Алдын ала шешімді кері қайтару туралы шешімді кеден органы Кеден одағы комиссиясының шешімдері мен түсініктемелері жарияланғаннан кейін 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде қабылдайды және осындай шешімдермен бір уақытта күшіне енеді.
      5. Алдын ала шешімнің қолданылуын тоқтату, оны өзгерту немесе кері қайтару туралы шешім алдын ала шешімнің қолданылуын тоқтату, оны өзгерту немесе кері қайтару туралы шешім қабылданған күннен кейінгі күннен кешіктірмей кеден органдардың назарына жеткізіледі.

      57-бап. Алдын ала шешімдердің жариялылығы

      Алдын ала шешімдер, мемлекеттік, коммерциялық, банктік және өзге де заңмен қорғалатын құпияны (құпиялар) құрайтын ақпаратты не мүдделі тұлғаға қатысты басқа да құпия ақпаратты қоспағанда, Интернет желісінде Кеден одағы комиссиясының ресми сайтында орналастырылады.

7-тарау. Тауарлардың шығарылған елі

      58-бап. Тауарлардың шығарылған елі туралы жалпы ережелер

      1. Тауар толық өндірілген немесе кеден одағының кеден заңнамасында белгіленген өлшемдерге сәйкес жеткілікті өңдеуге (қайта өңдеуге) ұшыраған ел тауарлардың шығарылған елі болып есептеледі. Бұл ретте тауарлардың шығарылған елін анықтау мақсаты үшін оларды бөлу қажеттілігі бар болса, тауарлардың шығарылған елі ретінде елдер тобы не елдердің кеден одақтары не елдің өңірі немесе бір бөлігі қарастырылуы мүмкін.
      2. Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қолдану тауарлардың шығарылған еліне тәуелді болған барлық жағдайларда тауарлардың шығарылған елін анықтау жүргізіледі.
      3. Тауарлардың шығарылған елін анықтау кеден одағына мүше мемлекеттердің тауарлардың шығарылған елін анықтау ережелерін реттейтін халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Егер халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан шығарылатын тауарлардың шығарылған елін айқындау кеден одағына осындай мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      4. Кеден органдары кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен тауардың шығарылған елі туралы алдын ала шешім қабылдауы мүмкін.
      Ескерту. 58-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      59-бап. Тауарлардың шығарылған елін растау

      1. Тауарлардың шығарылған елін растау үшін кеден органы тауарлардың шығарылған елін растайтын құжаттарды ұсынуды талап етуге құқылы.
      2. Тауардың шығарылуы туралы декларация немесе тауардың шығарылуы туралы сертификат тауардың шығарылған елін растау құжаттары болып табылады.

      60-бап. Тауардың шығарылуы туралы декларация

      1. Тауарлардың шығарылуы туралы декларация онда тауарлардың шығарылған елін анықтауға мүмкіндік беретін мәліметтер көрсетілген кезде тауарларды шығаруға байланысты дайындаушы, сатушы немесе жөнелтуші жасаған тауарлардың шығарылған елі туралы мәлімдемені білдіреді. Осындай декларация ретінде тауарларға қатысы бар коммерциялық немесе кез келген басқа да құжаттар қолданылады.
      2. Егер тауардың шығарылуы туралы декларацияда тауарлардың шығарылған елі туралы мәліметтер олардың қолданылуы тауарлардың шығарылған елін анықтау ережелерінің мәселелерін реттейтін кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарында көзделгеннен өзгеше өлшемдерге негізделген болса, тауарлардың шығарылған елі осы халықаралық шарттарда анықталған өлшемдерге сәйкес анықталады.

      61-бап. Тауардың шығарылуы туралы сертификат

      1. Тауардың шығарылуы туралы сертификат - тауарлар шығарылған ел туралы нақты куәландыратын және егер әкету сертификат тауарлардың шығарылған елінен алынған мәліметтер негізінде берілсе, аталған елдің уәкілетті органдары немесе ұйымдары немесе әкету елі берген құжат.
      Егер тауарлардың шығарылуы туралы сертификатта тауарлардың шығарылған елі туралы мәліметтер олардың қолданылуы тауарлардың шығарылған елін анықтау ережелерінің мәселелерін реттейтін кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарында көзделгеннен өзгеше өлшемдерге негізделген болса, тауарлардың шығарылған елі осы халықаралық шарттарында анықталған өлшемдерге сәйкес анықталады.
      2. Тауарлар кеден одағының кедендік аумағынан шығарылған кезде тауардың шығарылуы туралы сертификатты, егер аталған сертификат шарттың талаптары бойынша, тауарларды әкелу елінің ұлттық ережелері бойынша қажет болса немесе егер аталған сертификаттың бар болуы халықаралық шарттарда көзделген болса, кеден одағына мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары немесе ұйымдары береді.
      Тауардың шығарылуы туралы сертификатты берген уәкілетті органдар мен ұйымдар, олардың негізінде тауарлардың шығарылуы куәландырылған оның көшірмесін және өзге де құжаттарды ол берілген күнінен бастап кемінде 3 (үш) жыл сақтауға міндетті.
      3. Тауардың шығарылуы туралы сертификат кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін тауарларды кедендік рәсімге орналастыру кезінде ұсынылатын кедендік декларациямен және басқа да құжаттармен бірге ұсынылады. Сертификат жоғалған кезде оның ресми расталған телнұсқасы қабылданады.
      4. Егер тауардың шығарылуы туралы сертификат кеден одағының кедендік заңнамасында оны ресімдеуге және (немесе) толтыруға қойылатын талаптарды бұза отырып ресімделген болса, кеден органы тарифтік преференцияларды ұсыну үшін негіз ретінде осындай сертификатты қарастырудан бас тарту туралы шешімді дербес қабылдайды.
      5. Кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органының тауардың шығарылуы туралы сертификатты берген уәкілетті органдарға немесе ұйымдарға қосымша құжаттарды немесе нақтылайтын мәліметтерді ұсыну өтінішімен жүгінуге құқығы бар. Мұндай өтініш тауарларды кедендік рәсімге орналастырған кезде мәлімделген, олардың шығарылуы туралы мәліметтердің негізінде тауарларды шығаруға кедергі келтірмейді.

      62-бап. Тауарлардың шығарылған елін растайтын құжаттарды
              ұсыну

      1. Кеден одағының кедендік аумағына тауарларды әкелу кезінде, егер кеден одағының аумағындағы осы тауарлар шығарылған елінде кеден одағына мүше мемлекеттердің кедендік заңнамасына және (немесе) халықаралық шарттарына сәйкес тарифтік преференциялар ұсынылатын жағдайда тауарлардың шығарылған елін растайтын құжат ұсынылады. Көрсетілген жағдайда, тауарлардың шығарылған елін растайтын құжат, кеден органына кедендік декларацияны ұсынумен бірге ұсынылады. Бұл ретте тарифтік преференцияларды ұсыну кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына және (немесе) халықаралық шарттарына сәйкес анықталған нысан бойынша тауардың шығарылуы туралы сертификатты ұсыну қажеттілігіне негізделуі мүмкін.
      Кедендік баждардың, салықтардың ставкаларын және (немесе) тарифтік емес реттеу шараларын қолдануға әсер ететін тауарлардың шығарылу елі туралы мәлімделген мәліметтер дұрыс емес болып табылатын белгілер анықталған кезде кеден органдары тауарлардың шығарылған елін растайтын құжатты ұсынуды талап етуге құқылы.
      2. Осы баптың 1-тармағының ережелерінен тыс тауарлардың шығарылған елін растайтын құжат:
      1) егер кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін тауарлар тауарлардың шығарылған елі тауарлары кеден органы кеден одағының кедендік заңнамасына немесе кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кеден одағының кедендік аумағына әкелуге немесе оның аумағы арқылы транзитіне тыйым салынған ел болып табылатын белгілері анықтаған жағдайларды қоспағанда, кедендік баждарды, салықтарды төлеуден толық босатумен кедендік транзит кедендік рәсіміне немесе уақытша әкелу кедендік рәсіміне мәлімделген кезде;
      2) егер жеке тұлғалар тауарларды осы Кодекстің 49-тарауына сәйкес кедендік шекара арқылы тасымалдаса;
      3) егер кедендік шекара арқылы өткізілетін, бір уақытта және бір тәсілмен, және бір жөнелтуші бір алушының атына жөнелткен тауарлардың жалпы кедендік құны Кеден одағының комиссиясы бекіткен сомадан аспаса;
      4) кеден одағының кедендік заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда талап етілмейді.

      63-бап. Тауарларды олардың шығарылған елін анықтау
              кезінде кедендік рәсімге орналастырудың қосымша
              шарттары

      1. Тауарлардың шығарылған елін растайтын құжаттар болмаған кезде, егер оларды ұсыну тарифтік преференцияларды ұсыну үшін міндетті болып табылатын болса, осындай тауарларға қатысты осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, басқа мемлекеттерге (мемлекеттер топтарына) ұсынылатын режимге қарағанда емес қолайлы режимді (бұдан әрі - неғұрлым қолайлы ұлттың режимі) ұсыну туралы өзара шарттық міндеттемелері бар шет мемлекеттердің аумағынан шығарылған (шетел мемлекеттерінің топтары) тауарларға қолданылатын ставкалар бойынша кедендік баждар төлеуге жатады.
      2. Тауарлардың шығарылған елін растайтын құжаттар болмауының өзге жағдайларында не ұсынылған құжаттардың тиісті түрде ресімделмеген белгілері табылған және (немесе) тауарлардың шығарылған елін растайтын құжаттарды немесе нақтылайтын мәліметтерді ұсынғанға дейін жалған мәліметтері бар болған кезде:
      1) егер кеден органы тауарлардың шығарылған елі неғұрлым қолайлы ұлттың режимін ұсыну туралы өзара шарттық міндеттемелер жоқ шет мемлекет (шет мемлекеттердің топтары) болып табылатын белгілерін анықтаса, ұлттың ең қолайлы тәртібін ұсыну туралы өзара шарттық міндеттемелер жоқ шет мемлекеттің аумағынан шығарылған (шет мемлекеттердің топтары) тауарларға қолданылатын ставкалар бойынша кедендік баждарды төлеуге жататын, не көрсетілген ставкалар бойынша кедендік баждарды төлеуді қамтамасыз ету ұсынылған тауарларға қатысты;
      2) кедендік рәсімге тауарларды орналастыру, егер кеден органы одан тауарларды әкелуге шектеу қойылған ел екенін көрсететін белгілерді анықтаса, декларант белгіленген шектеулердің сақталуын растайтын құжаттарды ұсынған немесе арнайы, демпингке қарсы не өтемдік бажды төлеуді қамтамасыз еткен кезде жүзеге асырылады. Арнайы, демпингке қарсы бажды не өтемдік бажды төлеуді қамтамасыз ету, кедендік әкелу баждардың төленуін қамтамасыз ету үшін осы Кодексте көзделген тәртіппен жүргізіледі;
      3) кедендік ресімдеуге тауарларды орналастыру, егер кеден органы тауарлардың шығарылған елі, оның тауарлары кеден одағының кедендік аумағына әкелуге тыйым салынған елді көрсетуі мүмкін белгілерді анықтаған жағдайда жүзеге асырылмайды.
      3. Осы баптың 1-тармағында және 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тауарларға қатысты кеден органы кедендік декларацияны тіркеген күнінен бастап бір жыл өткенге дейін осы тауарлардың шығарылған елі расталатын кезде, тарифтік артықшылықтарды ұсыну режимі немесе неғұрлым қолайлы ұлттың режимі қолданылады (орнына келтіріледі). Бұл жағдайда кедендік әкелу баждарының төленген сомасы осы Кодекстің 13-тарауына сәйкес қайтаруға (есептеуге) жатады.

8-тарау. Тауарлардың кедендік құны

      64-бап. Кедендік құн туралы жалпы ережелер

      1. Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құны кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын анықтау мәселелерін реттейтін кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес анықталады. Кеден одағының кедендік аумағынан әкетілетін тауарлардың кедендік құны тауарларды оның кеден органына тауарларды кедендік декларациялау жүргізілетін кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес анықталады.
      2. Егер тауарлар кедендік шекарадан іс жүзінде кесіп өтсе және осындай тауарлар кедендік шекарадан кесіп өткеннен кейін кедендік транзит кедендік рәсімін қоспағанда, алғашқы рет кедендік рәсімге орналастырылса, кеден одағының кедендік аумағына әкелінген тауарлардың кедендік құны анықталады. Кедендік рәсім өзгертілген кезде тауарлардың кедендік құны егер кеден одағының кедендік заңнамасында өзге де белгіленбесе, олар кедендік шекараны іс жүзінде қиып өткеннен кейін кедендік рәсімге олар бірінші орналастырылған кезде кеден органы кедендік декларацияны қабылдаған күні осы баптың 1-тармағына сәйкес анықталған тауарлардың кедендік құны болып табылады.
      3. Тауарлардың кедендік құнын декларант не декларанттың атынан және оның тапсырмасы бойынша әрекет ететін кеден өкілі, ал осы Кодексте белгіленген жағдайларда кеден органы анықтайды.
      4. Осы тараудың ережелері кедендік шекара арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қолданылмайды.
      5. Егер тауарларды кедендік декларациялау кезінде оны есептеу үшін қажетті нақты мәліметтерді растайтын құжаттардың болмауына байланысты олардың кедендік құнының нақты көлемін айқындау мүмкін болмаса, тауарлардың кедендік құнының нақты көлемін айқындауды кейінге қалдыруға жол беріледі. Бұл жағдайда оны декларантта бар құжаттар мен мәліметтердің негізінде мәлімдеуге және мәлімделген кедендік құнды негізге ала отырып, кедендік баждарды, салықтарды есептеу мен төлеуге жол беріледі.
      Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес кедендік құнды айқындау жағдайлары, сондай-ақ кедендік құнды декларациялау мен бақылау тәртібі, осындай жағдайлар үшін кедендік баждарды, салықтарды есептеу мен төлеу ерекшеліктері Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленеді.
      Ескерту. 64-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      65-бап. Тауарлардың кедендік құнын декларациялау

      1. Тауарлардың кедендік құнын декларациялауды, осы Кодекстің 27-тарауымен және осы тарауға сәйкес тауарларды кедендік декларациялаудың шеңберінде декларант жүзеге асырады.
      2. Әкелінетін тауарларды декларациялау, тауарлардың кедендік құнын анықтаудың әдісі, тауарлардың кедендік құнының көлемі туралы, тауарлардың кедендік құнын анықтауға қатысы бар сыртқы экономикалық мәмілелердің жағдайлары және шарттары туралы мәліметтерді жариялау, сондай-ақ оларды растайтын құжаттарды ұсыну жолымен жүзеге асырылады.
      3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген мәліметтер кедендік құн декларациясында мәлімделеді және кедендік мақсаттар қажетті мәліметтер болып табылады.
      Тауарлардың кедендік құнын декларациялау тәртібі, сондай-ақ кеден нысандары мен оларды толтыру ережесі Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленеді.
      Кедендік құн декларациясы тауарларға арналған декларацияның ажырамас бөлігі болып табылады.
      Егер Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленген жағдайларда кедендік құн декларациясы толтырылмаса, әкелінетін тауарлардың кедендік құны туралы мәліметтер тауарларға арналған декларацияда мәлімделеді. Тауарларға арналған декларацияда мәлімделген тауарлардың кедендік құны туралы мәліметтердің дұрыс еместігін не жарияланған мәліметтер тиісті дәрежеде расталмағанын көрсететін белгілер анықталған кезде кеден органы кедендік құн декларациясын ұсынуды дәлелді түрде талап етуге құқылы.
      4. Тауарлардың мәлімделген кедендік құны және оны анықтауға қатысты ұсынылатын мәліметтер, дұрыс, сандық жағынан анықталатын және құжатпен расталған ақпаратқа негізделуі тиіс.
      5. Декларант немесе декларанттың атынан және тапсырмасы бойынша әрекет ететін кедендік өкіл, кедендік құн декларациясында дұрыс емес мәліметтерді көрсеткені және кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес осы Кодекстің 188-бабында көзделген міндеттерді орындамағаны үшін жауаптылықта болады.
      6. Алынып тасталды - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. 65-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      66-бап. Тауарлардың кедендік құнын бақылау

      Тауарлардың кедендік құнына бақылау, тауарларды шығарғанға дейін және шығарғаннан кейін, оның ішінде тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, кедендік бақылауды жүргізу аясында кеден органы жүзеге асырады.
      Тауарлардың кедендік құнын бақылауды жүзеге асыру тәртібі Кедендік одақ комиссиясының шешімімен белгіленеді.

      67-бап. Тауарлардың кедендік құнына қатысты шешімдер

      Тауарлардың кедендік құнын бақылауды жүзеге асырудың нәтижелері бойынша кеден органы Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленген тәртіппен және нысанда декларантқа жеткізілетін, осы Кодекстің 68-бабының ережелеріне сәйкес тауарлардың жарияланған кедендік құнын қабылдау туралы шешім не тауарлардың жарияланған кедендік құнын түзету туралы шешім қабылдайды.
      Ескерту. 67-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      68-бап. Тауарлардың кедендік құнын түзету

      1. Тауарлардың жарияланған кедендік құнын түзету туралы шешім, егер кеден органымен немесе декларант, тауарлардың кедендік құны туралы жалған мәліметтер жарияланғанын, оның ішінде тауарлардың кедендік құнын анықтаудың әдісі дұрыс таңдалмағанын және (немесе) тауарлардың кедендік құнының дұрыс анықталмағанын анықтаса, тауарларды шығарғанға дейінгі және кейінгі кедендік құнға бақылауды жүзеге асыру кезінде кеден органы қабылдайды. Кеден органы қабылдаған тауарлардың жарияланған кедендік құнын түзету туралы шешім негізді және оны орындау мерзімін қамтуы тиіс.
      2. Кеден органы оларды шығарғанға дейінгі тауарлардың кедендік құнын түзету туралы шешімді қабылдаған кезде, декларант жалған мәліметтерді түзетуді жүзеге асыруға және осы Кодекстің 196-бабында белгіленген тауарларды шығару мерзімінен аспайтын мерзімде түзетілген мәліметтерді ескере отырып есептелген көлемде кедендік баждарды, салықтарды төлеуге міндетті.
      Егер декларант тауарларды шығарған мерзімнен аспайтын мерзімде жалған мәліметтерге түзетуді жүзеге асырмаса және жете есептелген кедендік баждарды, салықтарды төлемесе, кеден органы тауарларды шығарудан бас тартады.
      3. Кеден органы кедендік құнға түзету жүргізу туралы шешім қабылдаған кезде тауарларды шығарғаннан кейін декларант жалған мәліметтерді түзетуді жүзеге асырады және түзетілген мәліметтерді ескере отырып есептелген көлемде кедендік баждарды, салықтарды төлейді.
      Декларант осы шешіммен келіспеген жағдайда тауарлардың мәлімделген кедендік құнын түзетуді және төлеуге жататын кедендік баждарды, салықтарды қайта есептеуді кеден органы жүзеге асырады.
      4. Тауарлардың кедендік құнын түзету және тауарларды шығарғанға дейін және кейін төлеуге жататын кедендік баждарды, салықтарды қайта есептеу, сондай-ақ оларды төлеудің мерзімі Кедендік одақ комиссиясының шешімімен белгіленген тәртіппен және нысандар бойынша жүзеге асырылады.

      69-бап. Қосымша тексеріс жүргізу

      1. Кеден органы тауарлардың кедендік құнына бақылау жүргізген кезде тауарлардың кедендік құны туралы мәліметтердің дұрыс болмау мүмкіндігін немесе жарияланған мәліметтердің тиісті дәрежеде расталмағандығын көрсететін белгілерді оларды шығарғанға дейін анықтаған жағдайда, кеден органы осы Кодекске сәйкес қосымша тексеру жүргізеді, оның мерзімі мен тәртібі Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленеді.
      Бұл жағдайда кеден органы декларанттың назарына жеткізілетін қосымша тексеріс жүргізу туралы шешім қабылдайды. Кеден органының шешімі негізді және тауарлардың кедендік құны туралы мәліметтердің жалғандығын не жарияланған мәліметтердің тиісті дәрежеде расталмағандығын көрсететін нақты белгілердің тізбесін қамтуы тиіс. Қосымша тексеруді жүргізу тәртібі, мерзімі, және нысаны Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленеді.
      Кеден органы қосымша тексеру нәтижелері бойынша тауарлардың кедендік құнына қатысты шешім қабылданғанға дейін тауарлардың кедендік құнын бақылау аяқталмаған болып есептеледі.
      2. Егер қосымша тексеріс тауарларды шығару үшін осы Кодекстің 196-бабында белгіленген мерзімде жүргізіле алмаса, онда қосымша тексеріс жүргізу туралы шешім тауарларды шығарудан бас тартуға негіз бола алмайды. Тауарларды шығару декларанттың осы Кодекстің 88-бабына сәйкес кеден органы айқындаған кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынуы шартымен жүзеге асырылады.
      3. Тауарлардың кедендік құны туралы жарияланған мәліметтерді қосымша тексеру үшін кеден органы декларанттан қосымша құжаттарды және мәліметтерді сұратуға және осы үшін жеткілікті, бірақ осы Кодекстің 170-бабында белгіленген мерзімнен аспауға тиіс олардың беруі үшін мерзімін белгілеуге құқылы.
      Декларант кеден органы сұрататын қосымша құжаттарды және мәліметтерді ұсынуға не олар бойынша ұсыну мүмкін болмайтын себептерді жазбаша нысанда ұсынуға міндетті.
      Декларант тауарлардың кедендік құнын анықтаудың олар таңдап алған әдістерін қолдану заңдылығын және олар ұсынған құжаттардың және мәліметтердің дұрыстығын дәлелдеуге құқығы бар.
      4. Егер декларант кеден органы сұрататын құжаттарды, мәліметтерді және (немесе) олар берілмейтін себептерді түсіндіруді ұсынбаса не осындай құжаттар және мәліметтер осы баптың 1-тармағында көрсетілген қосымша тексеруді жүргізу үшін негізді жоймаса кеден органы қосымша тексеру қорытындысы бойынша өзінің иелігіндегі ақпараттардың негізінде және кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тасымалданатын тауарлардың кедендік құнын анықтаудың мәселелерін реттейтін кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес келетін тауарлардың мәлімделген кедендік құнын түзету туралы шешім қабылдайды.
      5. Егер қосымша тексеру қорытындысы бойынша кеден органы декларант мәлімдеген тауарлардың кедендік құнын қабылдау туралы шешім қабылдаса, онда қамтамасыз ету сомасын қайтару (есептеу) осы Кодекстің 90-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 69-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2-бөлім. КЕДЕНДІК ТӨЛЕМДЕР

9-тарау. Кедендік төлемдер туралы жалпы ережелер

      70-бап. Кедендік төлемдер

      1. Кедендік төлемдерге мыналар жатады:
      1) кедендік әкелу бажы;
      2) кедендік әкету бажы;
      3) кеден одағының кедендік аумағына тауарларды әкелу кезінде алынатын қосылған құн салығы;
      4) кеден одағының кедендік аумағына тауарларды әкелу кезінде алынатын акциз (акциздер);
      5) кедендік алымдар.
      2. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, арнайы, демпингке қарсы баж немесе өтемақы баждары кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес белгіленеді және осы Кодексте көзделген тәртіппен өндіріп алынады.
      3. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты осы бөлім осы Кодекстің 49-тарауында және кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шартында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып қолданылады.
      Ескерту. 70-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      71-бап. Кедендік баж ставкаларының түрлері

      Кедендік баж ставкалары мынадай түрлерге бөлінеді:
      1) адвалорлық - салық салынатын тауарлардың кедендік құнына пайызбен белгіленген;
      2) айрықша - табиғи мәндегі (саны, салмағы, көлемі және басқа да сипаттамалары) жеке сипаттамаға байланысты белгіленгендер;
      3) аралас - осы баптың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген үйлесімді түрлер.

      72-бап. Кедендік алымдар

      1. Кедендік алымдар тауарларды шығаруға, тауарларды кедендік алып жүруге, сондай-ақ осы Кодексте және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген басқа да іс-әрекеттерді жасағаны үшін кеден органдары өндіріп алатын міндетті төлемдер болып табылады.
      2. Кедендік алымдардың түрлері және ставкалары Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленеді.
      3. Кедендік алымдардың мөлшері кедендік алым белгіленген іс-әрекеттерді жасағаны үшін кеден органдары шығындарының шамалас құнынан аспайды.
      4. Кедендік алымдарды төлеушілер, кедендік алымдарды төлеудің мерзімдері, оларды есептеу, төлеу, қайтару (есепке алу) және өндіріп алу тәртібі, сондай-ақ кедендік алымдар төлеуге жатпайтын жағдайлар осы Кодекспен және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен анықталады.

      73-бап. Аванстық төлемдер

      1. Егер мұндай төлемдерді төлеу кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген болса, алдағы кедендік әкету баждарын, салықтарды, кедендік алымдарды төлеу шотына енгізілген және төлеуші нақты тауарларға қатысты кедендік әкету баждарын, салықтардың, кедендік алымдардың нақты түрлері мен сомалары бөлінісінде сәйкестендірмеген ақша қаражаты (ақша) аванстық төлемдер деп танылады.
      2. Аванстық төлемдер, кедендік төлемдерді төлеу мақсатында осындай төлемдерді қолдану ұйғарылатын аумақта кеден одағына мүше мемлекеттің валютасымен төленеді.
      3. Аванстық төлемдер ретінде төленген ақша қаражаты (ақша) аванстық төлемдерді төлеген тұлғаның мүлігі болып табылады және тұлғаның бұл туралы кеден органына өкім жасағанша не кеден органы өндіріп алуды аванстық төлемдерге айналдырмағанша, кедендік төлемдер ретінде немесе кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету ретінде енгізілген ақша қаражаты (ақша) ретінде қарастырыла алмайды. Аванстық төлемдерді төлеген тұлға ретінде кедендік декларацияның ол және оның атынан кедендік декларацияны ұсыну кедендік төлемдер немесе кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету ретінде бұл тұлғаның өзінің ақша қаражатын (ақша) қолдануға білдірген ықыласы туралы куәландыратын өзге де іс-әрекеттерді жасауы қарастырылады.
      4. Төлеушінің талабы етуі бойынша кеден органы аванстық төлемдерді қайтару үшін кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген мерзімнен асырмай аванстық төлемдер есебінен төленген ақша қаражатының (ақшаның) жұмсалуы туралы есепті ұсынады.
      Есеп жазбаша нысанда кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген мерзімде және тәртіппен ұсынылады.
      5. Аванстық төлемдерді қайтару осы Кодекстің 90-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
      Аванстық төлемдердің талап етілмеген сомасына иелік ету кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
      6. Аванстық төлемдерді төлеу нысандары кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленеді.
      Ескерту. 73-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      74-бап. Кедендік төлемдерді төлеу бойынша жеңілдіктер

      1. Осы Кодексте кедендік төлемдерді төлеу бойынша жеңілдіктер деп мыналар түсініледі:
      1) тарифтік артықшылықтар;
      2) тарифтік жеңілдіктер (кедендік баждарды төлеу бойынша жеңілдіктер);
      3) салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер;
      4) кедендік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер.
      2. Тарифтік артықшылықтар кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына және (немесе) халықаралық шарттарына сәйкес беріледі.
      Тарифтік жеңілдіктердің түрлері, оларды беру тәртібі және жағдайлары осы Кодекске және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес анықталады.
      Салықтарды және кедендік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен анықталады.
      Ескерту. 74-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

10-тарау. Кедендік баждарды, салықтарды есептеу

      75-бап. Кедендік баждарды, салықтарды салудың объектісі
              және кедендік баждарды, салықтарды есептеуге
              арналған база (салық базасы)

      1. Кедендік баждарды, салықтарды салудың объектісі кедендік шекара арқылы тасымалданатын тауарлар болып табылады.
      2. Тауарлардың түрлеріне және қолданылатын ставкаларға қарай кедендік баждарды есептеуге арналған база, тауарлардың кедендік құны және (немесе) олардың табиғи мәндегі (саны, оны пайдалануға дейінгі тауардан ажырамайтын оның алғашқы орамасын есепке алғандағы және тауардың бөлшектік сауда үшін ұсынылатын салмағы, көлемі немесе басқа да сипаты) жеке сипаты болып табылады.
      3. Салықтарды есептеуге арналған салық базасы кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес анықталады.

      76-бап. Кедендік баждарды, салықтарды есептеу

      1. Кедендік баждар, салықтар осы Кодексте және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кедендік баждарды, салықтарды төлеушілер дербес есептейді.
      2. Кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алу кезінде, төлеуге жататын кедендік баждардың, салықтардың сомасын есептеу, онда кедендік баждар, салықтар төлеуге жататын, кеден одағына мүше мемлекеттің кеден органы жүргізеді.
      3. Төлеуге жататын кедендік баждардың, салықтардың сомасын есептеу, кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден органына кеден декларациясы берілген кеден одағына мүше мемлекеттің валютасында жүзеге асырылады.
      4. Төлеуге және (немесе) өндіріп алуға жататын кедендік баждардың сомасы, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, кедендік баждарды және кедендік баждар ставкасының тиісті түрін есептеу үшін базаны қолдану жолымен анықталады.
      Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, төлеуге және (немесе) өндіріп алуға жататын салықтардың сомасы аумағында тауарлар кедендік рәсімге орналастырылатын немесе аумағында тауарларды кеден шекарасы арқылы заңсыз өткізудің фактісі анықталған.
      5. Осы Кодекстің 84-бабының 2-тармағының екінші бөлігімен белгіленген жағдайда, кедендік баждардың, салықтардың сомасы, олар төлеуге жататын кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес есептеуге жатады.
      6. Шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарының, салықтардың жалпы сомасы, егер шетелдік тауарлар осы Кодекстің 74-бабының 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген кедендік төлемдерді төлеу жөніндегі жеңілдіктерді (бұдан әрі - кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктер), өсімпұлдарды және кедендік баждардың, салықтардың сомасы кедендік салықтардың, баждардың ставкаларының өзгеруі салдарынан ұлғаятын жағдайларды қоспағанда, шетелдік тауарларға осы шетелдік тауарларға қатысты өзге кедендік рәсім мәлімделген кезде кеден органы кедендік декларация қабылдаған күні қолданыстағы кедендік баж, салық ставкалары қолданылатын жағдайларды қоспағанда пайыздарды есепке алмай ішкі тұтыну үшін шығарылған жағдайда төлеуге жататын кедендік баждардың, салықтардың сомасынан аспауға тиіс.
      Ескерту. 76-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      77-бап. Кедендік баждардың, салықтардың ставкаларын
              қолдану

      1. Кедендік баждардың, салықтарды есептеу мақсаттары үшін, егер осы Кодексте және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, кеден органының кедендік декларацияны тіркеу күніне әрекет ететін ставкасы қолданылады.
      2. Кедендік әкелу баждарын есептеу мақсаттары үшін, егер осы Кодексте және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, кеден одағының Бірыңғай кеден тарифімен белгіленген ставкалар қолданылады.
      Кедендік әкету баждарын есептеу мақсаттары үшін, үшінші елдерге қатысты кедендік әкету баждарын қолдану мәселелерін реттейтін, кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес кеден одағының Комиссиясы қалыптастыратын тауарлардың жиынтық тізбесіне енгізілген тауарларға қатысты кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленген ставкалар қолданылады.
      Салықтарды есептеу мақсаттары үшін, егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, тауарлар оның аумағында кедендік рәсімдерге орналастырылатын не оның аумағында тауарларды кеден шекарасы арқылы заңсыз өткізу фактісі анықталған, кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасымен белгіленген ставкалары қолданылады.
      Салықтарды есептеу мақсаттары үшін, егер кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шартында анықталған тәртіппен кедендік транзит рәсіміне орналастырылған тауарлар кеден одағына қатысушы басқа мемлекеттің аумағында екендігі белгіленген (расталған) жағдайда осы кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген ставкалар қолданылады.

      78-бап. Кедендік баждарды, салықтарды есептеу мақсаттары
              үшін шетел валютасын қайта есептеу

      Егер кедендік баждарды, салықтарды есептеу мақсаттары үшін, оның ішінде тауарлардың кедендік құнын анықтау үшін, кеден органы кедендік декларация ұсынылған, кеден одағына мүше мемлекеттің валютасына шетел валютасын қайта есептеу талап етілген жағдайда, егер осы Кодексте және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, осы кеден одағына қатысушы мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленетін және кеден органының кедендік декларацияны тіркеу күніне қолданыста болған валюталар бағамы қолданылады.

      79-бап. Кедендік баждарды, салықтарды төлеушілер

      Осы Кодекске, кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттер жүктелген декларант немесе өзге де тұлғалар кедендік баждарды төлеушілер болып табылады.

      80-бап. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі
              міндеттердің туындауы және оларды тоқтату.
              Кедендік баждарды, салықтарды төлемеу жағдайлары

      1. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттер осы Кодекстің 81161166172197211214227228237250261274283290300306360-баптарына сәйкес туындайды.
      2. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттер мынадай жағдайларда тоқтатылады:
      1) осы Кодексте белгіленген мөлшерде кедендік баждарды, салықтарды төлеу немесе өндіріп алу;
      2) бұл тауарларды пайдалану және (немесе) оған билік ету жөніндегі шектеулермен ұштаспаған, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктерді ұсына отырып, ішкі тұтыну үшін кедендік шығару рәсіміне тауарларды орналастыру;
      3) авария немесе тежеусіз күш әрекеті салдарынан немесе тасымалдаудың қалыпты жағдайларында табиғи шығын нәтижесінде шетелдік тауарларды жою;
      4) егер кедендік баждардың, салықтардың төленбеген сомасының мөлшері, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттер туындаған аумақта кеден кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленетін валюта бағамы бойынша 5 (бес) еуроға барабар сомадан аспаса;
      5) егер де кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет, тауарларды осы кедендік рәсімге орналастыруға арналған кедендік декларацияны тіркегенге дейін туындаса, мемлекеттің пайдасына бас тартудың кедендік рәсіміне тауарларды орналастыру;
      6) кеден одағына қатысушы осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес тауарларды кеден одағына мүше мемлекеттің меншігіне айналдыру;
      7) өндіріп алуды, оның ішінде кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес, тауарлардың құнын есебінен тауарларға айналдыру;
      8) мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес, тауарларды осы кедендік рәсімге орналастыруға кедендік декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерге қатысты тауарларды шығарудан бас тарту;
      9) кеден одағына қатысушы мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен оны өндіріп алуды үмітсіз деп тану және есептен шығару кезінде;
      10) осы Кодексте кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді тоқтатуды байланыстыратын жағдайлардың туындауы.
      3. Кедендік баждар, салықтар:
      1) тиісті кедендік рәсім шарттарын сақтаған кезде осындай төлеуді көздемейтін тауарларды кедендік рәсімдерге орналастыру кезінде;
      2) кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттердің туындайтын сәтіне қолданылатын кеден органдары осындай тауарларды шығаруды жүзеге асыратын, кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жалпы кедендік құны белгіленетін валюта бағамы бойынша 200 (екі жүз) еуро барабар сомадан аспайтын, жеке пайдалануға арналған тауарларды қоспағанда, бір көлік құралы (тасымалдау) құжаты бойынша бір жөнелтушіден бір алушының атына тауарларды әкелу кезінде;
      3) кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарында белгіленген жағдайларда тауарларды жеке пайдалануға өткізу кезінде;
      4) егер осы Кодекске, кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына және (немесе) халықаралық шарттарына сәйкес тауарлар кедендік бажды, салықтарды салудан босатылса (кедендік баждар, салықтар салынбаса) және осындай босату берілуіне байланысты шарттарды сақтау кезінде төленбейді.
      4. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттеме:
      осы Кодекстің 202-бабының 2-тармағына сәйкес - кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес;
      осы Кодекстің 202-бабының 3-тармағына сәйкес - кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кедендік рәсімдер белгіленген кезде туындайды және тоқтатылады.
      Ескерту. 80-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      81-бап. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі
              міндеттердің туындауы және тоқтатылуы және
              тауарларды кеден шекарасы арқылы заңсыз өткізу
              кезінде оларды төлеу мерзімі

      1. Тауарларды кедендік шекара арқылы өткізу кезінде кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндет тауарларды кеден одағының кедендік аумағына әкелу кезінде туындайды.
      Тауарларды кедендік шекара арқылы заңсыз өткізу кезінде кедендік әкету баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндет тауарларды кеден одағының кеден аумағынан әкету кезінде туындайды.
      2. Тауарларды кедендік шекара арқылы заңсыз өткізу кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет, тауарларды заңсыз өткізетін тұлғаларда да, тауарларды заңсыз өткізуге қатысатын тұлғаларда ортақ, егер олар осындай өткізудің заңсыздығын білсе немесе білу тиіс болса, ортақ туындайды, тауарларды кеден одағының кедендік аумағына әкелу кезінде - егер олар сатып алу сәтіне әкелудің заңсыз екендігі туралы білсе немесе білуі тиіс болса, заңсыз әкелінген тауарларды меншігіне немесе иелігіне алған тұлғаларда туындайды.
      3. Тауарларды кеден шекарасы арқылы заңсыз өткізу кезінде кеден баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндет, осы Кодекстің 80-бабының 2-тармағымен белгіленген жағдайларда, осы баптың 2-тармағында көрсетілген тұлғаларда тоқтатылады.
      4. Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, тауарлар кедендік шекара арқылы заңсыз өткізілген кезде тауарлардың кедендік шекарадан өткізілген күні, ал егер бұл күн белгіленбеген болса, - тауарларды кедендік шекара арқылы заңсыз өткізу фактісін анықталған күн кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі болып есептеледі.
      Тауарлар кедендік шекара арқылы дұрыс декларацияланбай заңсыз өткізілген жағдайда, кедендік транзиттің кедендік рәсімін қоспағанда, кеден органының тауарларды кедендік рәсімдеуге орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны тіркеу күні кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі болып есептеледі.
      5. Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, тауарларды кедендік шекара арқылы заңсыз өткізу кезінде кедендік баждар, салықтар мынадай жағдайларда төлеуге жатады:
      1) кеден органы кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алуды жүзеге асыратын және тауарлардың кедендік шекараны қиып өту күніне әрекет ететін, ал егер осындай күн белгіленбесе, кедендік шекара арқылы тауарларды заңсыз тасымалдау фактісі анықталған күні, кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес белгіленген кедендік баждар, салықтар және валюта бағамдарының ставкаларынан сүйене отырып есептелген, тарифтік артықшылықтарды және кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді есепке алусыз, ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімі арқылы осындай тауарларды тасымалдау кезінде төлеуге жататын кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомасына сәйкес келетін мөлшерде кедендік аумаққа тауарларды әкелу кезінде;
      2) кедендік органы кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алуды жүзеге асыратын және тауарлардың кедендік шекараны қиып өту күніне әрекет ететін, ал егер осындай күн белгіленбесе, кедендік шекара арқылы тауарларды заңсыз тасымалдау фактісі анықталған күні, кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес белгіленген кедендік баждар, салықтар және валюта бағамдарының ставкаларынан сүйене отырып, тарифтік артықшылықтарды және кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді есепке алусыз, экспорттың кедендік рәсімі арқылы осындай тауарларды тасымалдау кезінде төлеуге жататын кедендік әкету баждарының сомасына сәйкес келетін мөлшерде - кеден одағының тауарларын кедендік аумақтан әкету кезінде.
      Кедендік транзиттің кедендік рәсімін қоспағанда, тауарлар кедендік шекара арқылы дұрыс декларацияланбай заңсыз өткізілген жағдайда, кедендік баждар, салықтар кеден органы тауарларды кедендік рәсімге орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны тіркеген күні осындай тауарларды өтінім берілген кедендік рәсімге орналастырған кезде дұрыс мәліметтер негізінде төлеуге жататын кедендік баждардың, салықтардың сомаларына сәйкес мөлшерде төлеуге жатады. Бұл ретте кедендік декларациялау кезінде іс жүзінде төленген кедендік баждардың, салықтардың сомалары қайта төленбейді (өндіріп алынбайды), ал кедендік баждардың, салықтардың артық төленген (өндіріп алынған) сомалары осы Кодекске сәйкес қайтаруға жатады.
      6. Тауарлардың кедендік шекара арқылы заңсыз тасымалдау кезінде кедендік баждар, салықтар осы тарауға сәйкес есептеледі.
      Төлеуге жататын кедендік баждардың, салықтардың сомасын, тауарлардың сипаты туралы, олардың атаулары, саны, шыққан елі және кедендік құны туралы нақты мәліметтерді кеден органына ұсынбауға байланысты анықтау мүмкін болмаса, кедендік баждардың, салықтардың сомасы, кедендік баждардың, салықтардың ставкаларының ең үлкен шамасына, сондай-ақ бар мәліметтердің негізінде анықталуы мүмкін тауарлардың санына және (немесе) құнына сүйене отырып анықталады.
      Тауарлар туралы нақты мәліметтердің салдарын анықтау кезінде кедендік баждардың, салықтардың артық төленген немесе артық өндіріп алынған сомасын қайтару немесе осы Кодекстің 13 және 14 тарауларына сәйкес төленбеген соманы өндіріп алу жүргізіледі.
      Ескерту. 81-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

11-тарау. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі және
тәртібі

      82-бап. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі

      1. кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі осы Кодекстің 81161166172197211214227228237250261274283290300306344 және 360-баптарында белгіленген.
      2. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімдері:
      1) кедендік рәсімдер осы Кодекстің 202-бабының 2-тармағына сәйкес белгіленген кезде кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына;
      2) кедендік рәсімдер осы Кодекстің 202-бабының 3-тармағына сәйкес белгіленген кезде кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес белгіленеді.
      3. Осы Кодекстің 194-бабына сәйкес кедендік декларациялау ерекшеліктері анықталған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен анықталады, осындай кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасымен белгіленеді.
      Ескерту. 82-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      83-бап. Кедендік төлемдерді, салықтарды төлеу мерзімін
              өзгерту

      1. Кедендік төлемдерді, салықтарды төлеу мерзімін өзгерту кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту нысанында жүргізіледі.
      2. Кедендік баждарды төлеу мерзімін өзгерту негіздемесінің шарттары мен тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарымен анықталады.
      Салықтарды төлеу мерзімін өзгерту негіздемесі, шарттары мен тәртібі, бюджетке салықтар төленуге жататын, кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен анықталады.

      84-бап. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу тәртібі

      1. Кедендік баждар, салықтар, кедендік транзиттің кедендік рәсімінде шығарылған тауарларды қоспағанда, немесе оның аумағында тауарларды заңсыз өткізудің фактісі айқындалған кеден органы тауарларды шығаруды жүргізетін кеден одағына мүше мемлекеттерде төленеді (өндіріліп алынады).
      2. Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттер туындаған жағдайда, егер осы тармақтың бірінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, кеден органдары тауарларды шығарған, кеден одағына мүше мемлекеттерде, кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес кедендік баждар, салықтар төлеуге жатады.
      Кедендік транзиттің рәсіміне орналастырылған тауарлар, кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарында белгіленген тәртіппен кеден одағына қатысушы басқа мемлекеттің аумағында екендігі анықталса (расталса), кедендік баждар, салықтар кеден одағына қатысушы осы мемлекеттерде төленуге жатады.
      3. Кедендік баждар, салықтарды төлеуге жататын кеден одағына мүше мемлекеттің валютасында кедендік баждар, салықтар төленеді.
      4. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу нысандары оларды төлеу жөніндегі міндеттерді орындау сәті (төлеу күні), кедендік баждарды, салықтарды төлеуге жататын кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен анықталады.
      5. Кедендік әкелу баждарының төленген (өндіріліп алынған) сомасы, кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарында белгіленген тәртіппен кеден одағына мүше мемлекеттер арасында есептеуге және бөлуге жатады.
      6. Кедендік әкету баждарын төлеу тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шартымен белгіленеді.
      7. Төлеушінің шотында ақшалай қаражаты (ақша) болған кезде банк төлеушінің кедендік баждардың, салықтардың сомасын аударуға арналған тапсырмасының орындалуын кешіктіруге құқылы емес және оны бір операциялық күн ішінде орындауға міндетті.
      8. Алынып тасталды - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. 84-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

12-тарау. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз
ету

      85-бап. Кедендік баждардың және салықтардың төленуін
              қамтамасыз етудің жалпы шарттары

      1. Кедендік баждарды және салықтарды төлеу бойынша міндетті орындау мынадай жағдайларда қамтамасыз етіледі:
      1) кедендік транзит рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау;
      2) кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарында және (немесе) заңнамаларында көзделсе, кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімін өзгерту;
      3) тауарларды кеден аумағынан тыс қайта өңдеу кедендік рәсіміне орналастыру;
      4) осы Кодекстің 198-бабына сәйкес тауарларды шығару кезінде;
      5) осы Кодексте, халықаралық шарттарда және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамаларында көзделген өзге жағдайларда.
      2. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету:
      1) егер төленуге жататын кедендік баждардың, салықтардың және пайыздардың сомасы кедендік баждар, салықтар төлеуге жататын кеден одағына мүше мемлекеттің кедендік декларация тіркелетін күніне, ал кедендік декларация берілмесе - қамтамасыз етуді ұсынбау туралы шешім қабылдаған қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгіленген валюта бағамы бойынша 500 (бес жүз) еуроға барабар сомадан аспаса;
      2) осы Кодексте, халықаралық шарттарда және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген өзге жағдайларда берілмейді;
      3. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді төлеуші, ал кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдауда, егер бұл тұлға оларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу қамтамасыз етілетін тауарларды иелену, қолдану және (немесе) билік етуге құқылы болса, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, төлеуші үшін басқа тұлға жүргізеді.
      4. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету осы баптың 5-тармағында, 87-баптың 1-тармағының екінші бөлігінде және осы Кодекстің 3-тарауында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларды шығаруды жүзеге асыратын кеден органына беріледі.
      5. Егер кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында бас қамтамасыз ету ұсынылуы мүмкін өзге кеден органы айқындалмаған болса, кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау кезінде кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету жөнелтуші кеден органына немесе межелі кеден органына ұсынылуы мүмкін.
      Кеден органдары кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуін қабылдаған кеден органы берген осы қамтамасыз етуді қабылданғанын растайтын құжатты өзара мойындайды. Осындай құжатты ұсыну тәртібі және оның нысаны, сондай-ақ қолданылу мерзімі кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шартымен анықталады.
      6. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді қайтару (есепке жатқызу) кеден органы қамтамасыз етілген міндеттемелерді орындалғанына куә болса не қамтамасыз етілген міндеттеме туындамаған жағдайда жүзеге асырылады.
      Ескерту. 85-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      86-бап. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін
              қамтамасыз ету әдістері

      1. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу мынадай әдістермен қамтамасыз етіледі:
      ақша қаражатымен (ақшамен);
      банктік кепілдікпен;
      кепілгерлікпен;
      мүлік кепілімен.
      Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен кедендік баждарды, салықтар төлеудің өзге де әдістері қаралуы мүмкін.
      2. Төлеуші осы баптың 1-тармағында көрсетілген кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етудің кез келгенін таңдауға құқылы.
      3. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндетті төлеушінің орындауы міндеттеменің бүкіл әрекет ету мерзімі ішінде қамтамасыз етілуі тиіс. Берілетін кедендік баждарды және салықтарды төлеуді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі осы кеден органы алдында қабылданған міндеттеменің орындалуы туралы талаптарды кеден органының уақтылы жіберуіне жеткілікті болуы тиіс.
      4. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету әдістерін қолдану тәртібі, сондай-ақ осындай қамтамасыз ету сомасы енгізілетін сома кеден органына қамтамасыз ету берілетін кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасымен анықталады.

      87-бап. Кедендік баждарды, салықтарды төлеуді негізгі
              қамтамасыз ету

      1. Егер кеден одағына мүше мемлекеттің бірінің шекарасында белгіленген мерзімде бір тұлға бірнеше кедендік операция жасаса, кеден одағына мүше мемлекеттің ондай кеден органына осындай операциялардың барлығын жасау үшін кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету (негізгі қамтамасыз ету) берілуі мүмкін.
      Кеден органдары кеден одағына мүше мемлекеттің бірінің шекарасында, егер негізгі қамтамасыз етумен қамтамасыз етілетін міндеттемелер бұзылған жағдайда мұндай қамтамасыз ету кеден органдарының біреуінде қолданылуы мүмкін болса, осы мемлекеттің бірнеше кеден органдарында кедендік операцияларды жасау үшін, кедендік баждарды, салықтарды төлеуді негізгі қамтамасыз етуді қабылдайды.
      2. Негізгі қамтамасыз етуді қолдану тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасымен анықталады.

      88-бап. Кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз
              ету сомасын анықтау

      1. Кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету сомасы, осы Кодекстің осы тармағының екінші бөлігінде және 3-тарауында белгіленген жағдайларды қоспағанда, кеден органы тауарларды шығаруды жүргізетін кеден одағына мүше мемлекетте кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша тарифтік артықшылықтарды және жеңілдіктерді есепке алусыз, ішкі тұтыну және экспорт үшін шығару кедендік рәсімдеріне тауарларды орналастыру кезінде төлеуге жататын кедендік баждардың, салықтардың сомасына сүйене отырып анықталады.
      Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне тауарларды орналастыру кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етудің сомасы, тауар кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша тарифтік артықшылықтарды және жеңілдіктерді есепке алмай, ішкі пайдалану немесе экспорт үшін шығару кедендік рәсіміне кеден одағына қатысушы басқа да мемлекеттердің аумақтарына орналастырылса, бірақ кеден одағының басқа да мүше мемлекеттерінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу сомасынан кем емес мөлшерде анықталады. Бұл ретте кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етудің сомасын анықтау үшін кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес кеден органы тауарларды шығаруды жүргізетін кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес орнатылатын шетел валютасының бағамы қолданылады.
      Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен кедендік алымдардың қамтамасыз ету сомасына пайыздардың сомасын енгізу көзделуі мүмкін.
      2. Егер кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын анықтау кезінде төленуге жататын кедендік баждардың, салықтардың сомасын кеден органына тауарлардың сипаты, олардың атаулары, саны, шығарылған елі және кедендік құны туралы нақты мәліметтердің ұсынылмауына байланысты нақты анықтау мүмкін болмаса, қамтамасыз ету сомасы кедендік баждар, салықтар тауарлардың құны және (немесе) олардың табиғи мәндегі физикалық сипаттамасы (саны, салмағы, көлемі немесе өзге де сипаттамалары) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында анықталатын пайдалану тәртібі, мәліметтері бар негізде анықталады.
      3. Осы Кодекстің 198 және 199-баптарына сәйкес тауарларды шығару кезінде кедендік баждардың, салықтардың төлеуін қамтамасыз ету сомасы осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелерін ескере отырып төленуге жататын кедендік баждардың, салықтардың мөлшеріне әсер ететін мәліметтерді тексеру нәтижесінде қосымша есептелінуі мүмкін кедендік баждардың, салықтардың сомасы ретінде анықталады.
      4. Егер бұл кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделсе, осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген талаптарды ескере отырып, тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты кедендік баждардың, салықтардың төлеуін қамтамасыз етудің тіркелген сомасы белгіленуі мүмкін.
      5. Осы Кодекстің 69-бабының 2-тармағына сәйкес тауарларды шығару кезінде кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасы осы баптың 2-тармағының ережелерін ескере отырып қосымша тексеру нәтижесінде қосымша есептелуі мүмкін кедендік баждардың, салықтардың сомасы ретінде анықталады.

13-тарау. Кедендік баждардың, салықтардың және өзге ақша
қаражатының (ақшаның) артық төленген немесе артық өндірілген
сомасын қайтару (есепке жатқызу)

      89-бап. Кедендік баждардың, салықтардың артық төленген
              немесе артық өндірілген сомасы

      Кедендік баждардың, салықтардың артық төленген немесе артық өндірілген сомасы кедендік баждар, салықтар ретінде төленген немесе өндірілген мөлшері осы Кодекске және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес төленуге жататын сомадан асатын және нақты тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар және сомасы түрінде бірегейлендірілген ақша қаражатының (ақша) сомасы болып табылады.

      90-бап. Артық төленген немесе артық өндіріп алынған
               кедендік баждардың, салықтардың сомаларын және
               өзге ақша қаражатын (ақшаны) қайтару
               (есепке алу)

      Артық төленген немесе артық өндіріп алынған кедендік әкету баждарының, салықтардың сомаларын, аванстық төлемдердің сомаларын, кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету сомаларын қайтару (есепке алу) кедендік әкету баждарын, салықтарды, аванстық толем сомаларын төлеу және (немесе) өндіріп алу жүргізілген не кеден органына кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету ұсынылған кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда жүзеге асырылады.
      Кедендік әкелу баждарының артық төленген немесе артық өндіріп алынған сомаларын қайтару (есепке алу) кеден одағына мүше мемлекеттің халықаралық шартында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, осындай кедендік баждарды төлеу және (немесе) өндіріп алу жүргізілген кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 90-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

14-тарау. Кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алу

      91-бап. Кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алу туралы
              жалпы ережелер

      1. Егер кеден одағына мүше мемлекеттің халықаралық шартында өзгеше белгіленбесе, баждар, салықтар белгіленген мерзімде төленбеген немесе толық төленбеген жағдайда кеден органдары кедендік баждарды, салықтарды төлеушінің ақша қаражаты (ақшасы) және (немесе) өзге де мүлкі есебінен, оның ішінде артық төленген кедендік баждардың, салықтардың және (немесе) аванстық төлем сомасының есебінен, сондай-ақ кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету есебінен мәжбүрлеп өндіріп алады.
      Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алудың өзге де мүмкіндіктері, оның ішінде оларға қатысты кедендік баждар, салықтар төленбеген тауарлардың құны есебінен белгіленуі мүмкін.
      2. Кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алу мынадай жағдайларда жүргізілмейді:
      1) кеден органы кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алуды жүргізетін кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген төленбеген кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алу мерзімі өткеннен кейін;
      2) егер осы Кодекстің 80-бабының 2-тармағына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттеме тоқтатылса.
      3. Төленбеген кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алу кеден органы кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алуды жүзеге асыратын кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
      4. Төлеуші осы Кодексте белгіленген мерзімде кедендік баждарды, салықтарды төлемеген немесе толық төлемеген кезде өсімпұл төленеді. Өсімпұлдарды есептеу, төлеу, өндіріп алу және қайтару тәртібі кеден органы кедендік баждарды, салықтар мен өсімпұлдарды өндіріп алуды жүзеге асырған кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасымен белгіленеді.
      Ескерту. 91-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      92-бап. Кедендік төлемдердің, өсімпұлдардың, пайыздардың
              сомасын өндіріп алуға және есептен шығаруға
              үмітсіз деп тану

      Өндіріп алу мүмкін емес болған кедендік төлемдердің, өсімпұлдардың, пайыздардың сомасы өндіріп алуға үмітсіз деп танылады және кеден органы осы соманы жүзеге асырған кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен және негіздер бойынша есептен шығарылады.

      93-бап. Кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алуды
              жүзеге асыратын кеден органы

      1. Кедендік баждарды, салықтарды тауарларды шығаруды жүзеге асырған кеден органдары, осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ал кедендік шекарадан заңсыз түрде өткізілген тауарларға қатысты аумағында тауарлардың кедендік шекарадан заңсыз түрде өткізілген фактісі анықталған кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органы өндіріп алады.
      2. Осы Кодекстің 227-бабының 3-тармағында белгіленген мезгілде төленбеген кедендік баждар, салықтар, кеден органына осындай қамтамасыз ету ұсынылған кеден одағына мүше мемлекеттің кеден органының кедендік баждарды, салықтарды төлеуін қамтамасыз ету есебінен өндіріп алынады.
      Кедендік тасымалдаушы төлеуге тиіс осы Кодекстің 227-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімде төленбеген кедендік баждарды, салықтарды, кеден одағына мүше мемлекеттердің  кеден органы сол елдің заңнамасы бойынша тұлға кедендік тасымалдаушы деп танылған жағдайда өндіріп алады.
      3. Кедендік баждар, салықтар төленуі тиіс кеден одағына мүше мемлекетке осы баптың 2-тармағына сәйкес өндіріп алынған кедендік баждардың, салықтардың сомасын аудару тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шартымен анықталады.

3-бөлім. КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУ

15-тарау. Кедендік бақылау туралы жалпы ережелер

      94-бап. Кедендік бақылау жүргізу қағидаттары

      1. Кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органдары іріктеу қағидатына сүйенеді және орындалуын бақылау кеден органдарына жүктелген кеден одағы кеден заңнамасының және кеден одағына мүше мемлекеттер заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету үшін жеткілікті кедендік бақылаудың нысандарымен ғана шектеледі.
      2. Объектілерді және кедендік бақылау нысандарын таңдаған кезде тәуекелді басқару жүйесі қолданылады.
      3.Кедендік бақылауды жетілдіру мақсатында кеден органдары халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттердің кеден органдарымен ынтымақтасады.
      4. Кедендік бақылаудың тиімділігін арттыру мақсатында кеден органдары басқа бақылаушы мемлекеттік органдармен, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен және қызметтері сыртқы сауданы жүзеге асыруға қатысты өзге де тұлғалармен және олардың кәсіби бірлестіктерімен (қауымдастықтармен) өзара іс-қимыл жасайды.
      5. Кеден органдары өз құзыреті шеңберінде, кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес бақылаудың басқа, оның ішінде экспорттық, валюталық және радиациялық түрлерін жүзеге асырады.
      6. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, кезде, кедендік бақылауды жүргізу кезінде оны жүргізу үшін кеден органдарына қандайда да бір рұқсаттар, ұйғарымдар немесе қаулылар талап етілмейді.
      Ескерту. 94-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      95-бап. Кедендік бақылауды жүргізу

      1. Кедендік бақылауды кеден органдары кеден одағының кеден заңнамасына және кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жүргізеді. Кеден органдарының атынан кедендік бақылауды өздерінің лауазымдық (функционалдық) міндеттеріне сәйкес кедендік бақылауды жүргізуге уәкілеттік берілген кеден органдарының лауазымды тұлғалары жүргізеді.
      2. Кедендік бақылауды кеден органдарының лауазымды тұлғалары:
      1) кедендік шекара арқылы өткізілетін және (немесе) осы Кодекске сәйкес декларациялануға жататын тауарларға, оның ішінде көлік құралдарына;
      2) оларды беру кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес көзделген кедендік декларацияға, тауарлар жөніндегі құжаттар мен мәліметтерге;
      3) тұлғалардың кедендік шекара арқылы тауарларды өткізумен, кеден ісі саласында қызметтер көрсетумен байланысты, сондай-ақ жекелеген кедендік рәсімдер шеңберінде жүзеге асырылатын қызметіне;
      4) кедендік шекараны кесіп өтетін тұлғаларға қатысты жүргізіледі.
      3. Кедендік бақылау кедендік бақылау аймағында, сондай-ақ кеден органдары анықтайтын тауарлар мен көлік құралдары және олар туралы, оның ішінде электрондық нысандағы мәліметтерді қамтитын құжаттар бар кеден органдары анықтайтын басқа орындарда да жүргізіледі.

      96-бап. Кедендік бақылаудағы тауарлар

      1. Кеден одағының кедендік аумағына әкелінген кезде тауарлар кедендік шекарадан өткен сәттен бастап кедендік бақылауда болады.
      Пайда болған және осы Кодекске сәйкес кеден одағының кедендік аумағында шетелдік тауарлар мәртебесін алған тауарлар олар пайда болған сәттен бастап кедендік бақылаудағы тауарлар болып есептеледі.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарлар:
      1) шартты түрде шығарылған, немесе кері импортты қоспағанда, ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастырғанға;
      2) шартты түрде шығарылған тауарлар осы Кодекстің 200-бабына сәйкес кеден одағының тауарлары мәртебесін иеленгенге;
      3) тауарларды мемлекет пайдасы үшін кедендік бас тарту рәсіміне орналастырғанға немесе осы Кодекске және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында сәйкес жойғанға;
      4) осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес кеден одағына мүше мемлекеттердің меншігіне айналдырғанға;
      5) кеден одағының кедендік аумағынан іс жүзінде әкеткенге;
      6) шетелдік тауарларды кеден аумағында қайта өңдеу операциялары нәтижесінде пайда болған қалдықтарды, оларды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп жатқызғанға;
      7) кедендік аумақта қайта өңдеу немесе ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімдеріне орналастырылған шетелдік тауарлардың бір бөлігі өндірістік қалдықтар деп танылғанға дейін кедендік бақылауда болып саналады.
      3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларды кеден органдары апат немесе еңсерілмейтін күш әрекеті салдарынан не қалыпты жағдайда тасымалдау (көлікпен тасымалдау) және (немесе) пайдалану (іске қосу), сақтау барысында табиғи азаю нәтижесінде (өтеусіз жоғалу) жойылу фактісін мойындағаннан кейін немесе халықаралық шарттармен және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленген өзге жағдайлар пайда болу нәтижесінде кедендік бақылауда деп есептелмейді.
      4. Кеден одағының тауарлары оларды кеден одағының кедендік аумағынан әкету кезінде кедендік декларацияны немесе өзге кедендік декларация ретінде пайдаланылатын құжаттарды тіркеген сәттен бастап, кеден одағының кедендік аумағынан әкетуге бағытталған әрекетті жасауға және кедендік шекарадан өткенге дейін кедендік бақылауда болады.
      5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген кеден одағының кедендік аумағынан іс жүзінде әкетілмеген тауарлар осы Кодекстің 192-бабына сәйкес кедендік декларация кері қайтарылған сәттен бастап кедендік бақылаудағы тауарлар болып есептелмейді.
      6. Кеден органдары тұлғалардың тауарларды кері әкелу немесе әкету міндеттемелерін, оның ішінде тауарларды өңдеу нәтижесінде алынған тауарларды, егер осындай тауарлар осы Кодексте белгіленген кедендік рәсімдерге сәйкес міндетті түрде кері әкелуге және (немесе) әкетуге жататын болса, бақылауды жүзеге асырады.
      7. Кеден органдары көлік құралдарын тоқтатуға, сондай-ақ кеден органының рұқсатынсыз кеден одағы аумағын тастап кеткен сулар және әуе кемелерін мәжбүрлеп қайтаруға құқылы. Бұл ретте шетелдік кемелерді және басқа мемлекеттердің аумағындағы кемелерді ұстау (қайтару) бойынша іс-әрекеттер кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына және (немесе) халықаралық шарттарға сәйкес жүргізіледі.
      Автомобильдік көлік құралдарын тауарлар мен құжаттарға кедендік бақылауды жүзеге асыру мақсатында кедендік бақылау аумағынан тыс жерде тоқтатқан жағдайда оларға кететін мұндай бақылау уақыты 2 (екі) сағаттан аспау тиіс. Мұндай бақылауды жүзеге асырғандығы туралы Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленген нысан бойынша акті, оның бір данасы тасымалдаушыға беріледі.
      Ескерту. 96-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      97-бап. Кедендік бақылау аймақтары

      1. Кедендік шекара арқылы тауарларды өткізу орындары, уақытша сақтау қоймаларының, кеден қоймаларының аумағы, бажсыз сауда дүкені және кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында анықталған өзге орындар кедендік бақылау аймақтары болып табылады.
      Өзге орындарда кедендік бақылау аймақтары тауарларды кедендік қарау және (немесе) тауарларды кедендік тексеріп қарауды жүргізу, жүк және өзге операцияларды жасау үшін құрылады.
      2. Кедендік бақылау аймақтары егер оларда кедендік бақылауға жататын тауарлар үнемі болса тұрақты немесе кедендік бақылау, жүктік және өзге операцияларды жүргізу уақытында уақытша құрылса уақытша болуы мүмкін.
      3. Кедендік бақылау аймағын құру және белгілеу тәртібі, сондай-ақ кедендік бақылау аймағының құқықтық режимі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен анықталады.

      98-бап. Кедендік бақылауды жүргізу үшін қажетті құжаттар
              мен мәліметтерді ұсыну

      1. Декларант кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар, және өзге де мүдделі тұлғалар кеден органдарына кедендік бақылауды жүргізу үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді ауызша, жазбаша және (немесе) электронды нысанда ұсынуға міндетті.
      2. Кеден органы кедендік бақылауды жүргізу үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді жазбаша және (немесе) электронды нысанда сұратуға, сондай-ақ оларды ұсыну мерзімін белгілеуге құқылы, ол сұратылған құжаттар мен мәліметтерді ұсыну үшін жеткілікті болуы тиіс.
      3. Кеден органы кедендік бақылауды жүргізу үшін кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктерден және мекемелерден сыртқы жүзеге асырылатын экономикалық мәмілелер бойынша ақша операциялары туралы құжаттар мен мәліметтерді алуға құқылы.
      4. Кедендік бақылауды жүргізу мақсатында кеден органдары тауарларды шығарғаннан кейін коммерциялық және бухгалтерлік құжаттарды, өзге де ақпаратты, оның ішінде тауарларды кедендік шекара арқылы өткізуге, оларды шығаруға және кеден одағының кедендік аумағында немесе одан тысқары жерлерде пайдалануға жататын ақпаратты электрондық нысанда сұратуға және алуға құқылы.
      5. Кедендік бақылауды жүргізу үшін қажетті құжаттарды, егер кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен өзге мерзім белгіленбесе, тауарлардың кедендік бақылауда болуы аяқталған күннен бастап бес жыл ішінде тұлғалар және кеден органдары сақтауға тиіс.
      Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар кедендік бақылау үшін қажетті құжаттарды кедендік операциялар жүргізілген жылдан кейін 5 (бес) жыл бойы сақтауға тиіс.

      99-бап. Тауарларды шығарғаннан кейінгі кедендік бақылау

      Кеден органдары тауарларды шығарғаннан кейін тауарлардың кедендік бақылауда болуы аяқталған күннен бастап 3 (үш) жыл ішінде кедендік бақылауды жүргізеді.
      Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен тауарларды шығарғаннан кейін бес жылдан аспайтын кедендік бақылаудың неғұрлым ұзақ мерзімі белгіленуі мүмкін.
      Кедендік бақылау тауарлар шығарылғаннан кейін осы Кодекстің 16 және (немесе) 19-тарауларында белгіленген нысандарда және тәртіппен жүргізіледі.

      100-бап. Кеден одағының кедендік аумағына әкелінген
               тауарлардың айналымы кезіндегі кедендік бақылау

      1. Кеден органдары кеден одағының кедендік аумағына әкелінген тауарлардың айналымы кезінде кеден одағының кеден заңнамасының талаптары мен шарттарына сәйкес мұндай тауарлардың шығарылуын растайтын мәліметтерді тексеру, оның ішінде тауарларда кеден одағының кедендік аумағына әкелу заңдылығын растау үшін пайдаланылатын таңбалаудың немесе өзге де сәйкестендіру белгілерінің болуын тексеру мақсатында кедендік бақылау жүргізеді.
      2. Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен кеден одағының кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізілген не кеден органдары кеден одағының кедендік аумағында осы тауарларды осындай тұлғалар кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты сатып алған тұлғалардан анықтаған кедендік баждарды, салықтарды төлемеуге немесе тыйымдар мен шектеулерді сақтамауға әкеп соқтырған кедендік рәсімдердің біріне сәйкес шығарылмаған тауарларға қатысты кедендік декларациялау, өзге де кедендік операцияларды жасау және кедендік баждарды, салықтарды төлеу мүмкіндігі белгіленуі мүмкін.

      101-бап. Кедендік бақылауды жүргізу кезінде маманның
               қатысуы

      1. Қажет болған жағдайларда кедендік бақылауды жүргізу кезінде нақты іс-әрекеттерді жасауға қатысу үшін осы іс-әрекеттерге мүдделі емес, кеден органдарына, оның ішінде техникалық құралдарды қолдану кезінде жәрдем беру үшін қажетті арнайы білімі және дағдылары бар маман тартылуы мүмкін.
      2. Маман ретінде тұлғаны тарту шарт негізінде жүзеге асырылады.
      3. Маман:
      1) оның қатысуымен жасалатын нақты іс-әрекеттерге қатысты материалдармен танысуға;
      2) ол қатысқан кедендік бақылауды жүргізу кезіндегі іс-әрекеттердің нәтижелері бойынша ресімделетін құжаттармен танысуға және ол жасаған іс-әрекеттер бойынша мұндай құжаттарға енгізілуге жататын өтініштер немесе ескертулер жасауға құқылы.
      4. Маман:
      1) арнайы білімді талап ететін іс-әрекеттерді жасауға қатысуға, өзі жасайтын іс-әрекеттер жөнінде түсініктеме беруге;
      2) көрсетілген іс-әрекеттерді жасау фактісін, олардың мазмұны мен нәтижелерін өз қолымен куәландыруға міндетті.
      5. Маман алған коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де ақпаратты, сондай-ақ өзге де құпия ақпаратты жарияламауы, өзге де мақсаттарда пайдаланбауы, кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға бермеуі тиіс.
      6. Кеден органдарында маманды тартуға байланысты туындаған шығыстар, егер кедендік бақылауды жүргізу барысында кеден ұйымының кеден заңнамасын бұзушылықтар анықталса, оған немесе оның тауарларына қатысты кедендік бақылау жүргізілетін тұлғаның қаражаты есебінен өтеледі. Өзге жағдайларда қызметтерге мұндай ақы төлеуді кеден органы кедендік бақылау жүргізген кеден одағына мүше мемлекеттің бюджеті есебінен жүзеге асырылады.

      102-бап. Кедендік бақылауды жүргізуде жәрдем көрсету үшін
               басқа мемлекеттік органдардан мамандар мен
               сарапшыларды тарту

      1. Кеден органдары кедендік бақылауды жүргізуде жәрдем көрсету үшін басқа мемлекеттік органдардан мамандармен сарапшыларын тартуға құқылы.
      2. Басқа мемлекеттік органдардан тартылатын мамандар мен сарапшылар мемлекеттік, коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпияны, сондай-ақ кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларға қатысты құпия ақпаратты жария етпеуге міндетті.
      3. Басқа мемлекеттік органдардан мамандар мен сарапшылар тартуға байланысты шығыстар, егер бұл жұмыс олардың қызметтік міндеттері шеңберіне кірмесе, осы Кодекстің 101-бабының 6-тармағында анықталған тәртіппен өтеледі.

      103-бап. Кедендік шекарадағы кеден органдары мен
               бақылаушы мемлекеттік органдар арасында өзара
               іс-қимыл жасау

      1. Кедендік шекара арқылы өткізілетін және басқа бақылаушы мемлекеттік органдардың бақылауына жататын тауарларға кедендік бақылау жүргізу кезінде кеден органдары мұндай әрекеттерді жалпы үйлестіруді және кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында анықталған тәртіппен оларды бір уақытта өткізуді қамтамасыз етеді.
      2. Кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарларды кедендік бақылау тиімділігін арттыру мақсатында кеден органдары мен бақылаушы мемлекеттік органдар ақпараттық жүйелер мен технологияларды пайдалана отырып, кедендік және мемлекеттік бақылаудың өзге де түрлерін жүргізу үшін қажетті ақпаратпен (мәліметтермен) және (немесе) құжаттармен алмасады.
      3. Тауарларды кедендік шекара арқылы өткізу кезінде мемлекеттік бақылау рәсімдерін жеделдету мақсатында кедендік тексеріп қарау кедендік шекарада бақылауды жүзеге асыратын барлық мемлекеттік органдардың қатысуымен жүргізілуі мүмкін.
      Ескерту. 103-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      104-бап. Кедендік бақылауды жүргізу кезінде заңсыз зиян
               келтіруге жол бермеу

      1. Кедендік бақылауды жүргізу кезінде мүдделері кеден органдарының әрекеттерімен (әрекетсіздіктерімен) және шешімдерімен қозғалатын тасымалдаушыға, оның ішінде кедендік тасымалдаушыға, декларантқа, олардың өкілдеріне, уақытша сақтау қоймаларының, кеден қоймаларының, бажсыз сауда дүкендерінің иелеріне, сондай-ақ тауарлар мен көлік құралдарына кедендік бақылауды жүргізу кезінде заңсыз зиян келтіруге жол берілмейді.
      2. Кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органдарының не оның лауазымды тұлғаларының заңсыз шешімдерімен, іс-әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) келтірілген шығындар кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес толық көлемде өтеуге жатады.
      3. Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден органдары лауазымды тұлғаларының заңды шешімдерімен, әрекеттерімен тұлғаға келтірілген шығындар өтеуге жатпайды.
      Ескерту. 104-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      105-бап. Кеден органдарын кедендік бақылаудың жекелеген
               нысандарын қолданудан босату

      1. Кеден органдарының кедендік бақылаудың жекелеген нысандарын қолданудан босату осы Кодекспен, кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық келісімдерімен және өзге де халықаралық келісімдермен белгіленеді.
      2. Кедендік қарап тексеруге:
      1) кеден одағына мүше мемлекеттердің басшылары және олармен бірге жүрген отбасыларының мүшелерінің;
      2) егер көрсетілген тұлғалар кедендік шекарадан қызметтік міндеттерін орындауға байланысты өтсе, кеден одағына мүше мемлекеттердің үкімет басшылары, үкімет мүшелерінің;
      3) кеден одағына мүше мемлекеттерге ресми іссапармен келетін шетел мемлекеттерінің басшылары, шет мемлекеттердің үкімет басшылары, сыртқы істер министрлерінің;
      4) кеден одағына қатысушы мемлекеттердің халықаралық шарттарына және өзге де халықаралық шарттарға сәйкес өзге де тұлғалардың жеке жүктері жатпайды.
      3. Кедендік қарап тексеруден:
      1) шетелдік әскери кемелер, әскери әуе кемелері және өздігінен жүретін әскери техника;
      2) кеден одағына мүше мемлекеттердің тиісті мемлекеттік органдарының арнайы мәлімдеулеріне сәйкес кедендік шекара арқылы өткізілетін әскери мүлік;
      3) (алынып тасталды - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен);
      Ескерту. 105-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      106-бап. Кеден органдарының кедендік бақылау жүргізу
               кезінде тұлғалар туралы ақпарат жинауы

      1. Кедендік бақылауды жүргізу мақсатында кеден органдары тауарлардың кедендік шекара арқылы өткізуге байланысты сыртқы экономикалық қызметті немесе мынадай:
      1) ұйымдардың құрылтайшылары туралы;
      2) заңды тұлғаның мемлекеттік немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі туралы;
      3) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын мүлік құрамы туралы;
      4) ашық банктік шоттар туралы;
      5) сыртқы экономикалық қызмет саласындағы қызметі туралы;
      6) ұйымның орналасқан жері туралы;
      7) салық органында салық төлеуші ретінде есепке тұруы және салық төлеушінің сәйкестендіру (тіркеу, есептік) нөмірі туралы;
      8) кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын тұлғалар тізіліміне енгізілген тұлғалардың төлем қабілеттілігі туралы;
      9) жеке тұлғаларға қатысты – азаматтардың дербес деректері туралы (аты, тегі, әкесінің аты, туылған күні және орны, жынысы, тұрғылықты мекен-жайы, жеке басын куәландыратын құжаттардан мәліметтер, салық төлеушінің сәйкестендіру (тіркеу, есептік) нөмірі, сондай-ақ олардың кедендік шекара арқылы тауарлар өткізу жиілігі туралы мәліметтерді қамтитын кедендік бақылаудағы тауарларға қатысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат жинауға құқылы.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлғалар кеден органдарында бар өзі туралы құжаттамалық ақпаратпен танысуға және оның толықтығы және дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында осы ақпаратты анықтауға құқылы.
      3. Тұлғалар туралы ақпарат жинауды кеден органдары кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кедендік операциялар жасау кезінде ақпарат жинау, сондай-ақ кеден одағына мүше мемлекеттердің басқа мемлекеттік органдарынан көрсетілген ақпаратты алу тәсілімен жүзеге асырады.

      107-бап. Кедендік бақылауды жүргізу кезінде техникалық
               құралдарды және кемелерді пайдалану

      1. Кедендік бақылауды жүргізу уақытын қысқарту және оның тиімділігін арттыру мақсатында кеден органдары тізбесі мен қолданылу тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленетін кедендік бақылаудың техникалық құралдарын пайдалануы мүмкін.
      Көрсетілген техникалық құралдар адамның өмірі мен денсаулығы, жануарлар мен өсімдіктер үшін қауіпсіз болуы тиіс және тұлғаларға, тауарлар мен көлік құралдарына зиян келтірмеуі тиіс.
      2. Кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кедендік бақылауды кеден органдары су және әуе кемелерін пайдалана отырып жүргізуі мүмкін.
      3. Кедендік бақылау мақсаттары үшін кеден органдарының су және әуе кемелерін пайдалану тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленеді.
      Ескерту. 107-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      108-бап. Кедендік бақылау үшін қажетті тауарлар мен көлік
               құралдарына қатысты жүк және өзге де операциялар

      1. Кеден органының талап етуі бойынша декларант, қойманың иесі, кедендік өкіл және тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге де тұлға тауарларды тасымалдауды, өлшеуді немесе олардың санын өзге де анықтауды, тиеуді, түсіруді, қайта тиеуді, орамның зақымданған жерлерін жөндеуді, орамды ашуды, кедендік бақылауға жататын тауарларды орауды не қайта орауды, сондай-ақ мұндай тауарлар болатын немесе болуы мүмкін үй-жайлар мен басқа да орындарды ашуды жүргізуге міндетті.
      2. Тасымалдаушы ол тасымалдайтын тауарларға және мұндай тауарлар тасымалданатын көлік құралдарына қатысты жүк және өзге де операцияларды жүргізуге ықпал етуге міндетті.
      3. Тауарлар мен көлік құралдарына қатысты жүк және өзге операциялар кеден органы үшін қандай да бір шығыстарға әкеп соқтырмауы тиіс.

      109-бап. Тауарлар мен көлік құралдарын, үй-жайлар
               мен басқа да орындарды сәйкестендіру

      1. Кедендік бақылаудағы тауарларды, көлік құралдарын, үй-жайларды, ыдыстарды және онда кедендік бақылауға жататын тауарлар болатын және болуы мүмкін басқа да орындарды кеден органдары сәйкестендіреді.
      Сәйкестендіру пломбалар қою, мөр басу, санмен, әріппен және өзге де таңба қою, сәйкестендіру белгілерін салу, мөртабандар қою, сынамалар мен үлгілерді іріктеп алу, тауарларды егжей-тегжейлі сипаттап жазу, сызбалар жасау, масштабтық бейнелер, фотосуреттер, иллюстрациялар жасау, тауардың ілеспе құжатын және өзге де құжаттаманы пайдалану жолымен және өзге де тәсілдермен жүргізіледі.
      2. Сәйкестендіру құралдарын пайдалану тәртібі және оларды дайындауға қойылатын талаптар кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленеді.
      3. Кеден мақсаттары үшін сәйкестендіру құралдары ретінде пломбалар, мөрлер немесе шетел мемлекеттерінің кеден органдары, сондай-ақ тауарларды жіберушілер немесе тасымалдаушылар қолданған сәйкестендірудің өзге де құралдары танылуы мүмкін.
      4. Тауарлар мен көлік құралдары жойылуының, қайтарусыз жоғалуының немесе елеулі түрде бүлінуінің нақты қаупі болу жағдайларын қоспағанда, сәйкестендіру құралдарын тек кеден органдары немесе бұл олардың рұқсатымен өзгертілуі, алып тасталуы немесе жойылуы мүмкін. Кеден органына сәйкестендіру құралдарының өзгерістері, алынып тасталуы немесе жойылуы туралы дереу хабарланады және көрсетілген қатердің бар екендігіне дәлелдеме беріледі.
      Сәйкестендіру құралдарының өзгеруі, алынып тасталуы, жойылуы немесе айырбасталуы туралы кеден органы кеден одағы Комиссиясының шешімімен белгіленетін нысан бойынша акті жасайды.
      Ескерту. 109-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

16-тарау. Кедендік бақылау жүргізу нысандары мен тәртібі

      110-бап. Кедендік бақылау нысандары

      Кедендік бақылау нысандары мыналар болып табылады:
      1) құжаттар мен мәліметтерді тексеру;
      2) ауызша пікір сұрау;
      3) түсіндірмелер алу;
      4) кедендік қадағалау;
      5) кедендік тексеру;
      6) кедендік тексеріп қарау;
      7) жеке кедендік тексеріп қарау;
      8) тауарлардың арнайы таңбалармен таңбалануын, оларда сәйкестендіру белгілерінің болуын тексеру;
      9) үй-жайлар мен аумақтарды кедендік тексеру;
      10) кедендік бақылаудағы тауарларды есепке алу;
      11) тауарларды есепке алу жүйесін және есептілікті тексеру;
      12) кедендік тексеру.
      Ескерту. 110-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      111-бап. Құжаттар мен мәліметтерді тексеру

      1. Кеден органдары мәліметтердің дұрыстығын, құжаттардың түпнұсқалылығын және (немесе) оларды толтыру және (немесе) ресімдеу дұрыстығын анықтау мақсатында кедендік операцияларды жасау кезінде ұсынылған құжаттар мен мәліметтерді тексереді.
      2. Кеден органдарына кедендік операцияларды жасау кезінде берілген мәліметтердің дұрыстығын тексеру оларды басқа дереккөздерден алынған ақпаратпен салыстыру, кедендік статистиканың мәліметтерін талдау, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып мәліметтерді өңдеу арқылы, сондай-ақ кеден одағының кеден заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да тәсілдермен жүзеге асырылады.
      3. Кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органы кедендік құжаттардағы ақпараттарды тексеру мақсатында жазбаша түрде қосымша құжаттар мен мәліметтерді сұратуға құқылы.
      4. Осы баптың 3-тармағына сәйкес қосымша құжаттар мен мәліметтерді сұрату және егер осы Кодексте өзгеше тікелей көзделмесе, оларды тексеру тауарларды шығаруға кедергі жасамауы тиіс.

      112-бап. Ауызша пікір сұрау

      Осы Кодекске сәйкес кедендік операцияларды жасау кезінде кеден органдарының лауазымды тұлғалары жеке тұлғалардан, олардың өкілдерінен, кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарларға қатысты өкілеттігі бар ұйымдардың өкілдері болып табылатын тұлғалардан жазбаша нысанда көрсетілген тұлғалардың түсініктемелерін ресімдеусіз пікір сұрауға құқылы.

      113-бап. Түсіндірмелер алу

      1. Түсіндірмелер алу – кеден органдары лауазымды тұлғаларының тасымалдаушылардан, декларанттардан және кедендік бақылауды жүзеге асыру үшін маңызы бар мән-жайлар туралы мәліметтерді білетін өзге де адамдардан кеден ісі саласындағы қажетті ақпаратты алуы.
      2. Түсіндірмелер Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленген жазбаша нысанда ресімделеді.
      3. Тұлғаны түсіндірме алу үшін шақыру қажет болған жағдайда, кеден органы шақырылатын тұлғаға табыс етілетін жазбаша нысандағы хабарламаны ресімдейді.
      Ескерту. 113-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      114-бап. Кедендік қадағалау

      Кедендік қадағалау – кеден органдары лауазымды адамдарының тауарлардың, соның ішінде кедендік бақылаудағы көлік құралдарының тасымалдануын, олармен жүк және өзге операциялардың жасалуын жария, мақсатты, жүйелі немесе бір жолғы, тікелей немесе жанама түрде көзбен шолып, оның ішінде техникалық құралдарды қолдана отырып қадағалауы.

      115-бап. Кедендік тексеру

      1. Кедендік тексеру - көлік құралдарын, тауарлардың орамдарын ашпастан, тексерілетін объектілердің және олардың бөліктерінің бүтіндігін қайта монтаждамастан және бұзбастан, тауарларды, оның ішінде көлік құралдарын, жеке тұлғалардың багажын, сондай-ақ кедендік ыдыстарды, кедендік пломбаларды, мөрлерді және өзге де сәйкестендіру құралдарын өзге тәсілдермен тексеруі.
      2. Кеден органы лауазымды адамдарының тауарларды, соның ішінде халықаралық почта жөнелтілімдерін халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын, жеке тұлғалардың багажын тексеруі кедендік бақылаудағы тауарлардың сипаты, шығарылған жері, жай-күйі, мөлшері туралы, тауарларда, көлік құралдарында және олардың жүк тиелетін жайларында кедендік пломбалардың, мөрлердің және басқа да салынған сәйкестендіру құралдарының бар екендігі туралы мәліметтерді растауды алу үшін жүзеге асырылады.
      3. Кедендік бақылау аймағында кедендік тексеру декларант, тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге де адамдар және олардың өкілдері тексеру кезінде қатысуға тілек білдіретін жағдайларды қоспағанда, аталған адамдардың қатысуынсыз жүргізілуі мүмкін.
      4. Кедендік тексеру тексерілетін объектінің ішкі құрылымын көзбен қарауды және мұндай объектінің физикалық ерекше сипаттамасының болуы туралы өзге тәсілмен қамтамасыз ететін техникалық құралдарды қолдана отырып жүргізілуі мүмкін.
      5. Егер мұндай тексерудің нәтижелері кедендік мақсаттар үшін пайдаланылатын болса, тексеру нәтижесі бойынша кеден органдарының лауазымды тұлғалары Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленген нысан бойынша акт жасайды.
      Тауарларға қатысты өкілеттіктері бар тұлғаның талабы бойынша кеден органының лауазымды тұлғалары кедендік тексерудің жүргізілгені туралы акті жасауға не көліктік (тасымалдау), коммерциялық немесе кедендік құжатта белгі қоюға міндетті.
      Кедендік тексерудің жүргізілгені туралы актінің екінші данасы тауарларға қатысты өкілеттіктері бар тұлғаға табыс етіледі.

      116-бап. Кедендік тексеріп қарау

      1. Кедендік тексеріп қарау - оларға салынған кедендік пломбаларды немесе өзге де сәйкестендіру құралдарын бұзу, бөлшектеу, демонтаждау немесе тексерілетін объектілерді және олардың бөлшектерін өзге тәсілдермен бұзу арқылы кеден органдары лауазымды адамдарының тауарлардың орамаларын немесе көлік құралының жүк тиелетін жайларын не ыдыстарды, контейнерлерді және тауарлар бар немесе болуы мүмкін өзге де орындарды ашумен байланысты іс-әрекеті.
      2. Кедендік тексеріп қарауды жүргізуге өкілетті кеден органының лауазымды тұлғасы мұндай тұлғалар белгілі болса, декларантты немесе тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге де тұлғаны кедендік қарап тексерудің жүргізілетін жері және уақыты туралы хабардар етеді. Кедендік тексеруді жүргізудің басталу уақыты осындай тұлғалардың келуінің ақылға қонымды мерзімдерін ескеруі тиіс.
      Декларант, тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге де тұлғалар және олардың өкілдері осы баптың 4-тармағымен белгіленген жағдайларды қоспағанда, жеке бастамасы бойынша кедендік тексеріп қарау кезінде қатысуға құқылы.
      3. Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік тексеріп қарау барысында және (немесе) көшпелі кедендік тексеру барысында жүзеге асырылатын кедендік тексеріп қарау кедендік бақылау аймақтарын құрусыз жүргізілуі мүмкін.
      4. Кеден органы лауазымды адамдарының талап етуі бойынша декларант немесе тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге де тұлғалар және олардың өкілдері кедендік тексеріп қарау кезінде қатысуға және кеден органының лауазымды адамдарын қажетті жәрдем көрсетуге міндетті. Тасымалдаушы арнайы уәкілеттік берген өкіл болмаған жағдайда, көлік құралын жүргізетін жеке тұлға осы міндетті атқарушы болып табылады.
      5. Кеден органы декларант, тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге де тұлғалар және олардың өкілдері болмаған кезде, мынадай жағдайларда:
      1) көрсетілген тұлғалар келмегенде не мұндай тұлғалар белгісіз болғанда;
      2) ұлттық (мемлекеттік) қауіпсіздік, адам өмірі мен денсаулығына, жануарлардың тіршілігі мен саулығына, қоршаған ортаға, кеден одағына мүше мемлекеттердің ұлттық мәдени игілігін сақтауға қауіп, эпизоотиялық ахуалдың туындау қаупі болған кезде және кейінге қалдыруға болмайтын, соның ішінде егер тауарлар оңай жалындайтын заттар, қауіпті жарылғыш нәрселер, жарылғыш, уландырғыш, қауіпті химиялық және биологиялық заттар, есірткі құралдары, психотроптық, қатты әсер ететін улы токсинді, радиоактивті заттар, ядролық материалдар және басқа да ұқсас тауарлар болып табылатынына белгілер болған, егер тауарлар жағымсыз иіс шығаратын өзге де жағдайларда;
      3) тауарларды халықаралық почта жөнелтімдерімен жөнелту кезінде;
      4) тауарларды кеден одағының кедендік аумағында олардың әкетілуін көздейтін кедендік режимді бұза отырып қалдыру кезінде кедендік тексеріп қарауды жүргізуге құқылы.
      6. Кедендік тексеріп қарау осы баптың 5-тармағында көрсетілген жағдайларда 2 (екі) куәгердің қатысуымен жүргізіледі.
      7. Кедендік тексеріп қарау нәтижелері бойынша Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленген нысан бойынша 2 (екі) данада кедендік тексеріп қарау актісі жасалады. Кедендік тексеріп қарау актісінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
      1) кедендік тексеріп қарау жүргізген кеден органының лауазымды тұлғалары және оны жүргізу кезінде қатысқан тұлғалар туралы мәліметтер;
      2) декларант немесе тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге де тұлғалар болмаған кезде кедендік тексеріп қарауды жүргізу себептері;
      3) кедендік тексеріп қарау нәтижелері;
      4) акті нысанымен көзделген өзге де мәліметтер.
      8. Егер бұл тұлға анықталса, кедендік тексеріп қарау актісінің екінші данасы тауарларға қатысты өкілеттіктері бар тұлғаға не оның өкіліне табыс етіледі (жіберіледі).
      Ескерту. 116-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      117-бап. Жеке кедендік тексеріп қарау

      1. Жеке кедендік тексеріп қарау кедендік шекара арқылы өтетін және кедендік бақылау аймағындағы немесе халықаралық әуежайдың транзит аймағындағы жеке тұлғаның кеден одағының кеден заңнамасын бұза отырып өткізілетін тауарларды өзінде жасырып және ерікті түрде бермей тұр деп ойлауға жеткілікті негіздер болған кезде кеден органы басшысының (бастығының), кеден органы басшысының (бастығының), ол уәкілеттік берген орынбасарының не оларды алмастыратын адамдардың жазбаша шешімі бойынша жүргізілетін кедендік бақылаудың ерекше нысаны болып табылады.
      Жеке кедендік тексеріп қарауды жүргізу туралы шешім кеден органы лауазымды тұлғасының баянатына бұрыштама қою жолымен жазбаша нысанда қабылданады не жеке құжатпен ресімделеді.
      2. Жеке кедендік тексеріп қарау басталар алдында кеден органының лауазымды тұлғасы тексеріп қарауды жүргізу туралы шешімді көрсетуге, жеке тұлғаны мұндай тексеріп қарауды жүргізу кезіндегі құқықтарымен таныстыруға және жасырған тауарларын өз еркімен беру туралы ұсыныс жасауға міндетті.
      Жеке тұлғаның жеке кедендік жеке тексеріп қарау туралы шешімімен танысу фактісін көрсетілген тұлға мұндай тексеріп қарауды жүргізу туралы шешімдегі тиісті жазбамен куәландырылады. Мұндай әрекеттерді жасаудан бас тартқан жағдайда бұл туралы жеке кедендік тексеріп қарауды жүргізу туралы шешімге мұндай тексеріп қарауды жүргізу туралы шешімді жариялаған кеден органының лауазымды тұлғаның қолымен куәландырылатын белгі жасалады.
      3. Жеке кедендік тексеріп қарауды жүргізу кезінде кеден органы лауазымды тұлғасының әрекеті жеке тұлғаның ар-намысы мен абыройына нұқсан келтірмеуге, тексеріліп қаралатын тұлғаның денсаулығына құқыққа жатпайтын зиян және мүлкіне залал келтірмеуге тиіс.
      4. Өзіне қатысты жеке кедендік тексеріп қарау жүргізіліп отырған жеке тұлғаның:
      1) жеке кедендік тексеріп қарауды жүргізу басталғанға дейін оны жүргізу тәртібімен және жеке кедендік тексеріп қарау жүргізу туралы шешіммен танысуға;
      2) өз құқықтары мен міндеттерімен танысуға;
      3) түсініктеме беруге және қолдаухат мәлімдеуге;
      4) кеден одағының кеден заңнамасын бұза отырып өткізілетін, өзінде жасырған тауарларын өз еркімен беруге;
      5) жеке кедендік тексеріп қарау жүргізетін кеден органы лауазымды тұлғасының жеке кедендік тексеріп қарауды жүргізу туралы хаттамаға міндетті түрде енгізе отырып, өтініш жасауға;
      6) ана тілін пайдалануға, сондай-ақ аудармашының қызметтерін пайдалануға;
      7) ол аяқталғаннан кейін жеке кедендік тексеріп қарауды жүргізу актісімен танысуға және актіге енгізуге жататын өтініштер жасауға;
      8) жеке кедендік тексеріп қарау жүргізетін кеден органы лауазымды адамдарының әрекеттеріне осы Кодекске сәйкес шағымдануға құқығы бар.
      5. Жеке кедендік тексеріп қарау барысында тексеріліп қаралатын тұлға немесе оның заңды өкілі жеке кедендік тексеріп қарау жүргізетін кеден органы лауазымды адамының заңды талаптарын орындауға міндетті.
      6. Жеке кедендік тексеріп қарауды тексеріліп қаралатын адаммен бір жыныстағы кеден органының лауазымды адамдары сол жыныстағы екі куәгердің қатысуымен санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келетін оқшауланған үй-жайда жүргізеді. Бұл үй-жайға басқа жеке тұлғалардың енуіне және олардың тарапынан жеке кедендік тексеріп қараудың жүргізілуін қадағалау мүмкіндігіне жол берілмеуге тиіс. Тексеріп қаралатын адамның денесін тексеріп зерттеуді медицина қызметкері ғана, қажет болған жағдайда арнайы медициналық техниканы пайдалана отырып жүргізуге тиіс.
      Медициналық қызметкер жеке кедендік тексеріп қарауды жүргізу туралы шешімді орындаудан жалтаруға құқылы емес.
      Кәмелетке толмаған немесе қабілетсіз жеке тұлғаны жеке кедендік тексеріп қарау кезінде оның заңды өкілдері (ата-аналар, асыраушылары, қамқоршылар, қорғауға алушылар) немесе оның алып жүретін тұлғалар қатысуға міндетті.
      7. Жеке кедендік тексеріп қарауды жүргізу туралы Кеден одағы комиссиясының шешімімен бекітілетін нысан бойынша 2 (екі) данада акті жасалады. Бұл акті жеке кедендік тексеріп қарау барысында не тікелей ол аяқталғаннан кейін жасалуға тиіс.
      Актіге жеке кедендік тексеріп қарауды жүргізген кеден органының лауазымды тұлғасы, оған қатысты тексеріп қарау жүргізілген жеке тұлға не оның заңды өкілі немесе оны алып жүрген тұлға, куәгерлер, ал тексеріп зерттеу жүргізілген кезде - медициналық қызметкер қолдарын қояды.
      Оған қатысты жеке кедендік тексеріп қарау жүргізілген жеке тұлғаға не оның заңды өкіліне немесе оны алып жүрген тұлғаға жеке кедендік тексеріп қарау туралы актінің екінші данасы ол жасалғаннан кейін дереу табыс етіледі.
      Ескерту. 117-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      118-бап. Тауарлардың арнайы таңбалармен таңбалануын,
               оларда сәйкестендіру белгілерінің болуын тексеру

      1. Кеден органдары тауарларда немесе олардың орамдарында арнайы таңбалардың, сәйкестендіру белгілерінің немесе кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген жағдайларда, олардың кеден одағының кедендік аумағына әкеліну заңдылығын растау үшін пайдаланылатын өзге де тәсілдермен тауарларды белгілеулердің болуына тексеру жүргізеді.
      2. Тауарларда арнайы таңбалардың, сәйкестендіру белгілерінің және тауарларды белгілеудің өзге де тәсілдерінің болмауы, егер онда мұндай тауарлар табылған тұлға, декларант не өзге де мүдделі тұлға керісінше дәлелдемесе, кеден одағының кедендік аумағына кедендік операцияларды жасамастан және тауарларды шығармастан жүзеге асырылған тауарларды әкелу ретінде қаралады.
      Ескерту. 118-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      119-бап. Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік тексеру

      1. Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік тексеру кедендік бақылаудағы, соның ішінде шартты шығарылған, уақытша сақтау орындарындағы, кеден қоймаларындағы, бажсыз сауда дүкендеріндегі және кедендік бақылаудағы тауарлар болуы мүмкін өзге де жерлердегі, сондай-ақ оларда тауарлар осы Кодекспен көзделген кедендік рәсімдердің шарттарына сәйкес болуы тиіс тауарлардың болуын растау мақсатында жүргізіледі.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілмеген үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарауды кеден органдары:
      1) тауарларды кедендік шекара арқылы өткізу орындарында, шекаралық аймақта;
      2) тауарларды көтерме немесе бөлшек сатуды жүзеге асыратын, тауарларды кедендік бақылау аймақтары болып табылмайтын орындарда сақтайтын тұлғалардың үй-жайларында немесе аумақтарында осы Кодексте көзделмеген тәртіпті бұза отырып, кеден одағының кедендік аумағына әкелінген және (немесе) онда орналастырылған тауарлардың болуы туралы ақпарат болған кезде, мұндай ақпаратты тексеру үшін осы тұлғаларда;
      3) оларға қатысты көшпелі кедендік тексеру жүргізілетін тұлғаларда жүргізілуі мүмкін.
      3. Кеден органдары үй-жайлар мен аумақтарды кедендік тексеруді осы үй-жайлар мен аумақтардың осы Кодекстің 242934168233 және 304-баптарына сәйкес кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленген талаптар мен шарттарға сәйкестігін тексеру мақсатында да жүзеге асыруы мүмкін.
      4. Тұрғын үй-жайларға кедендік тексеру жүргізуге жол берілмейді.
      5. Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік тексеру нұсқаманы (нұсқауды) және кеден органы лауазымды тұлғасының қызметтік куәлігін көрсеткен кезде жүргізіледі.
      Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік тексеруге нұсқаманың (нұсқаудың) нысаны кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен анықталады.
      Оларға қатысты көшпелі кедендік тексеру жүргізілетін тұлғалардың үй-жайлары мен аумақтарын кедендік қарауды жүргізу кезінде осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.
      6. Аумаққа және үй-жайға кіргізуден бас тартқан жағдайда, кеден органдарының лауазымды тұлғалары аумаққа және үй-жайға екі куәгердің қатысуымен қарсылықтың жолын кесу және жабық үй-жайларды ашу арқылы кіруге құқылы.
      Үй-жайларға қарсылықтың жолын кесу және жабық үй-жайларды ашу арқылы кірудің барлық жағдайлары туралы кеден органдары жиырма төрт сағаттың ішінде прокурорды хабардар етеді. Кеден органдары лауазымды адамдарының аумақ пен үй-жайларға кіруіне қарсылық көрсеткен адамдар кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.
      7. Егер кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының жекелеген объектілерге кіруінің арнайы тәртібі белгіленсе, онда мұндай кіру осы заң актілерінде айқындалған тәртіппен жүргізіледі.
      8. Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік тексеру жүргізілуі үшін қажетті ең аз уақыт кезеңінде жүргізілуге тиіс және егер кеден одағына мүше мемлекеттердің өзгеше көзделмесе, бір жұмыс күнінен артық жалғасуы мүмкін емес.
      9. Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік тексеру нәтижелері бойынша Кеден одағы комиссиясының шешімімен бекітілген нысан бойынша акті жасалады. Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік тексеру актісінің екінші данасы үй-жайлары немесе аумақтары тексерілген тұлғаға табыс етілуге (жіберілуге) жатады.
      Ескерту. 119-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      120-бап. Кедендік бақылаудағы тауарларды есепке алу

      1. Кеден органдары кедендік бақылаудағы тауарлардың және олармен, оның ішінде ақпараттық жүйелер мен технологияны пайдалана отырып жасалатын кедендік операциялардың есебін жүргізеді.
      2. Кедендік бақылаудағы тауарларды есепке алу тәртібі және нысаны кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен анықталады.

      121-бап. Тауарларды есепке алу жүйесін және есептілікті
               тексеру

      Ескерту. 121-баптың атауына өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын, арнайы оңайлатуларды пайдаланатын, сондай-ақ шетел тауарларын пайдаланатын және (немесе) иеленетін тұлғалар кеден органдарының талабы бойынша кеден органдарына сақталатын, тасымалданатын, сатылатын, қайта өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлар туралы, сондай-ақ жасалған кедендік операциялар туралы есептілікті ұсынуға міндетті.
      2. Есептілікті ұсыну нысаны және тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен айқындалады.
      3. Кедендік бақылаудың нысаны ретінде тауарларды есепке алу жүйесін тексеру мынадай жағдайларда:
      1) осы Кодекске сәйкес арнайы жеңілдіктерді қолданған кезде;
      2) (алып тасталды - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен);
      3) кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға қатысты;
      4) осы Кодекске немесе кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес мұндай тауарларды жүргізуді көздейтін кедендік рәсімдерде орналастырылған тауарларға қатысты жүргізіледі.
      4. Тауарларды есепке алу жүйесін тексеруді жүргізу тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен айқындалады.
      Ескерту. 121-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      122-бап. Кедендік тексеру

      1. Кеден органдары кедендік тексеруді тұлғалардың кеден одағының кеден заңнамасымен және кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленген талаптарды сақтауын тексеру мақсатында жүргізеді.
      2. Кеден одағына мүше мемлекеттің кеден органы кедендік тексеруді осы кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған және (немесе) тіркелген, тексерілетін тұлғаларға қатысты жүргізеді.
      Тексерілетін тұлғалар деп:
      декларант;
      кедендік өкім;
      тасымалдаушы, оның ішінде кедендік тасымалдаушы;
      шығарылғаннан кейін тауарларға қатысты өкілеттіктері бар тұлға немесе оның өкілі;
      тауарларды уақытша сақтауды жүзеге асыратын тұлға;
      бажсыз сауда дүкендерінің, кеден және өзге де қоймалардың иелері;
      уәкілетті экономикалық оператор;
      тиісті кеден рәсімдеріне орналастырылған тауарлармен жасалған мәмілелерге тікелей немесе жанама қатысқан өзге де тұлғалар;
      оның иелігінде және (немесе) пайдалануында осы Кодекспен көзделген тәртіпті бұза отырып, оның ішінде кедендік шекара арқылы заңсыз өткізілген тауарлардың болуы туралы оған қатысты ақпарат бар тұлға түсіндіріледі.
      3. Кедендік тексеру кезінде кеден органдары:
      1) тауарлардың кедендік рәсімде орналасу фактісін;
      2) кедендік декларацияда және тауарларды декларациялау кезінде ұсынылған өзге де құжаттарда мәлімделген, тауарларды шығару туралы шешім қабылдауға әсер еткен мәліметтердің дұрыстығын;
      3) шартты түрде шығарылған тауарларды пайдалану және оларға билік ету бойынша шектеулердің сақталуын;
      4) кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға кеден одағының кеден заңнамасымен және кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленген талаптарды сақтауын;
      5) тұлғалардың, уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру үшін қажетті шарттарға сәйкестігін;
      6) кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген оларға орналастырылған тауарлар кеден одағы тауарларының мәртебесін алмайтын кедендік рәсімдердің шарттарын сақталуын;
      7) кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген өзге де талаптардың сақталуын тексереді.
      4. Кедендік тексеру кедендік рәсімдегі тауарларды өткізу кезінде ұсынылған құжаттардағы мәліметтерді және кеден органында бар өзге де мәліметтерді бухгалтерлік есеп және есептілік деректерімен, шоттармен және кеден одағының кеден заңнамасымен және кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленген тәртіппен алынған басқа ақпаратпен салыстырып тексеру арқылы жүргізіледі.
      5. Кедендік тексеру жүргізу кезінде осы Кодекстің 110-бабымен белгіленген кедендік бақылаудың өзге де нысандары пайдаланылуы мүмкін.
      6. Кедендік тексеруді жүргізу алдында процесінде тексеруге жататын мәселелердің тізбесі анықталатын, қажет болған кезде оны жүргізу бағдарламасы әзірленетін дайындық жұмысы болуға тиіс.
      7. Кедендік тексеру камералық кедендік тексеру немесе көшпелі кедендік тексеру нысанында жүзеге асырылады.
      8. Кедендік тексеруге қатысу үшін кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кеден одағына мүше мемлекеттердің басқа да бақылаушы мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары тартылуы мүмкін.
      9. Кедендік тексеру барысында әкімшілік құқық бұзушылық немесе қылмыс белгілері анықталған кезде кеден органдары кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шаралар қолданады.
      10. Кедендік тексеру жүргізу тәртібі осы Кодекстің 19-тарауымен анықталады.
      11. Кедендік тексеру нәтижелері кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес құжатпен ресімделеді.
      12. Кедендік тексеру нәтижелері бойынша шешімдер қабылдау тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен анықталады.
      Ескерту. 122-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

17-тарау. Кеден органдарының өзара әкімшілік көмегі

      123-бап. Өзара әкімшілік көмек

      1. Осы тараудың мақсаттары үшін өзара әкімшілік көмек деп кеден одағына қатысушы бір мемлекеттің кеден органының кеден одағының кеден заңнамасын сақтауды қамтамасыз ету және кеден одағының кеден заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу, олардың жолын кесу, оларды тергеу мақсатында кеден одағына мүше басқа мемлекеттің кеден органының тапсырмасы бойынша немесе онымен бірлескен әрекеттері түсіндіріледі.
      2. Өзара әкімшілік көмек:
      кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдарының арасындағы ақпарат алмасуды;
      кеден органдары қабылдайтын шешімдерді өзара тануды;
      кеден одағына мүше мемлекеттер бірінің кеден органының кеден одағына қатысушы басқа мемлекеттің тапсырмасы бойынша осы Кодексте белгіленген кедендік бақылаудың жекелеген нысандарын жүргізуді қамтиды.
      Өзара әкімшілік көмек кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес кеден органдарының өзара іс-қимыл жасасуының өзге де түрлерін қамтуы мүмкін.

      124-бап. Кеден органдары арасындағы ақпарат алмасу

      Кеден органдары кеден одағының кеден заңнамасының және кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, оның ішінде кедендік бақылаумен өткізілетін тауарларға және кеден одағының кедендік аумағына уақытша әкелінетін халықаралық тасымалдың көлік құралдарына қатысты кедендік бақылау, сондай-ақ тауарларды кеден одағының кедендік аумағынан әкетуді растау бөлігінде ақпарат алмасуды жүзеге асырады.
      Кеден органдары арасындағы ақпарат алмасу кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес, оның ішінде ақпараттық жүйелер мен ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жүргізіледі.
      Ескерту. 124-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      125-бап. Кеден органдары қабылдаған шешімдерді өзара тану

      Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін не одан тысқары жерлерге әкетілетін, кедендік бақылаудағы, кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес кеден одағының кедендік аумағы бойынша тасымалданатын, уақытша сақталатын тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасау кезінде, сондай-ақ кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден одағының қабылдаған шешімдерін кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдары өзара таниды және кеден одағының кеден заңнамасымен белгіленген жағдайларда кеден одағының кедендік аумағында оның тең заңды күші болады.

      126-бап. Кеден одағына мүше мемлекеттердің бірінің кеден
               органының тапсырмасы бойынша кеден одағына
               мүше басқа мемлекеттің кеден органының
               кедендік бақылаудың жекелеген нысандарын
               жүргізуі

      Кеден одағының кеден заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ кеден одағының кеден заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу және олардың жолын кесу мақсатында кеден одағына мүше мемлекеттер бірінің кеден органы кеден одағына қатысушы басқа мемлекеттің кеден органына кедендік бақылаудың жекелеген нысандарын жүргізуді тапсыруға құқылы.
      Кедендік бақылаудың жекелеген нысандарын жүргізу туралы тапсырманы жіберу және орындау негіздемелері, нысаны, тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарымен айқындалады.

18-тарау. Тәуекелдерді басқару жүйесі

      127-бап. Осы тарауда пайдаланылатын терминдер

      Осы тарауда мынадай терминдер және олардың анықтамалары пайдаланылады:
      1) тәуекелді талдау - тәуекелдердің пайда болу жағдайларын және шарттарын анықтау, оларды сәйкестендіру және кеден одағының кеден  заңнамасын сақтамаудың мүмкін болатын салдарын бағалау үшін кеден органдарында бар ақпаратты жүйелі пайдалану.
      Тәуекелдер екіге бөлінеді: анықталған және ықтимал;
      2) анықталған тәуекел - кеден одағының кеден заңнамасын және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасын бұзушылықтың болғанын куәландыратын факті және кеден органдарының осы факті туралы ақпараты бар екендігін куәландыратын факті.
      3) тәуекелдердің индикаторлары - олардан ауытқу немесе оларға сәйкестік бақылау объектісін таңдауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін алдын ала белгіленген параметрлері бар анықталған критерийлер.
      4) ықтимал тәуекел - анықталмаған тәуекел, бірақ оның пайда болуы үшін жағдайлар бар;
      5) тәуекел профилі - тәуекелдердің саласы, тәуекелдердің индикаторлары туралы мәліметтердің жиынтығы, сондай-ақ тәуекелдердің алдын алу немесе барынша азайту жөнінде қажетті шаралар қолдану туралы нұсқаулар;
      6) тәуекел саласы - оларға қатысты кедендік бақылаудың жекелеген нысандарын қолдану талап етілетін тәуекелді талдаудың жекелеген топтастырылған объектілері немесе олардың жиынтығы, сондай-ақ кедендік әкімшілендіру тиімділігін арттыру;
      7) тәуекелді бағалау - тәуекелдің пайда болу мүмкіндігін және ол пайда болған жағдайда, кеден одағының кеден заңнамасын бұзушылықтардың салдарын жүйелі анықтау;
      8) тәуекел - кеден одағының кеден заңнамасын және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден заңнамасын сақтамау дәрежесі;
      9) жасырын тауарлар - жеткілікті мүмкіндік дәрежесімен тәуекел тауарларының орнына декларациялануы мүмкін тауарлар;
      10) тәуекел тауарлары - оларға қатысты тәуекелдер анықталған немесе ықтимал тәуекелдер бар, кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарлар;
      11) тәуекелдерді басқару - тәуекелдердің алдын алу және оларды азайту жөніндегі шараларды әзірлеу және іс жүзінде іске асыру, олардың қолданылу тиімділігін бағалау, сондай-ақ кедендік операциялардың жасалуын бақылау бойынша үздіксіз жаңартуды, кеден органдарында бар ақпаратты талдау және қайта қарауды көздейтін жүйелі жұмыс;
      12) тәуекелдің деңгейі - тәуекелдің пайда болу мүмкіндігіне және мүмкін болатын тәуекел салдарына байланысты анықталады.

      128-бап. Тәуекелдерді басқару жүйесінің қолданылу
               мақсаттары

      1. Кеден органдары тәуекелдерді басқару жүйесін тауарларды, халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын, кедендік бақылауға жататын құжаттар мен тұлғаларды, мұндай тауарларға, халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарына, құжаттар мен тұлғаларға қолданылатын кедендік бақылау нысандарын және кедендік бақылау дәрежесін айқындау үшін қолданады.
      Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану стратегиясы және тактикасы кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен анықталады.
      2. Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану мақсаттары:
      1) кеден органдарының құзыреті ішінде ұлттық (мемлекеттік) қауіпсіздікті, адам өмірі мен денсаулығын қорғау, қоршаған ортаны сақтау бойынша шараларды қамтамасыз ету;
      2) тәуекелдігі жоғары салаларға назар қою және иелікте бар ресурстарды неғұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
      3) кеден одағының кеден заңнамасын және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасын:
      тұрақты сипаты бар;
      елеулі мөлшерде кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден жалтарумен байланысты;
      кеден одағы тауарларының бәсекелестікке қабілеттілігіне нұқсан келтіретін;
      сақталуын қамтамасыз ету кеден органдарына жүктелген бақылаудың басқа түрлерін қамтитын бұзушылықтарды анықтау, болжау және олардың алдын алу;
      4) тауарларды кедендік шекара арқылы өткізу кезінде кедендік операцияларды жүргізуді жеделдету болып табылады.
      3. Кеден органдары тәуекелдерді азайту бойынша қолданылып жатқан шаралар туралы ақпаратпен, сондай-ақ кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттары белгілеген тәртіппен кедендік бақылау жүргізу тиімділігін көтеруге ықпал ететін өзге де ақпаратпен өзара алмасуды жүзеге асырады.
      4. Кеден одағының комиссиясы кеден органдары оларға қатысты міндетті түрде оларды барынша төмендету жөнінде шаралар әзірлейтін және қолданатын тәуекелдер саласын айқындай алады.
      Ескерту. 128-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      129-бап. Тәуекелді талдаудың объектілері

      Мыналар тәуекелді талдау объектілеріне жатады:
      1) кедендік бақылаудағы немесе ішкі тұтыну үшін кедендік шығару рәсіміне орналастырылған тауарлар;
      2) халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары;
      3) сатып алу-сату немесе айырбастаудың сыртқы экономикалық шарттарында (келісім-шарттарда), тауарларға иелену, пайдалану және (немесе) билік ету құқығына арналған келісімдерде немесе өзге де құжаттарда қамтылған мәліметтер;
      4) көліктік (тасымалдық), коммерциялық, кедендік және өзге де құжаттарда қамтылған мәліметтер;
      5) декларанттардың және кедендік бақылаудағы тауарларға қатысты өкілеттіктерге ие өзге де тұлғалардың қызметі;
      6) кедендік бақылау нысандарын қолдану нәтижелері.

      130-бап. Кеден органдарының тәуекелдерді бағалау және
               басқару жөніндегі қызметі

      1. Кеден органдарының тәуекелдерді бағалау және басқару жөніндегі қызметі мынадай тапсырмаларды орындауға негізделеді:
      1) кеден органдарының тәуекелдерін басқару жүйесінде мәліметтердің ақпараттық базасын құруда көрінеді;
      2) өзіне жүйелік анықтауды қамтитын тәуекелдерді талдау және бағалау:
      тәуекелдерді талдаудың объектілері;
      тәуекелдердің алдын алу және барынша азайту жөнінде шараларды қабылдаудың қажеттілігін анықтайтын тәуекелді талдау объектілері бойынша тәуекелдің индикаторлары;
      тәуекел туындаған жағдайда мүмкін болатын зиянды бағалау;
      3) мыналарды:
      тәуекелдердің туындауының ықтималдығын және мүмкін салдарын;
      тәуекелдердің алдын алу және барынша азайту жөнінде қолданылатын мүмкін шараларды талдауды ескере отырып тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру.
      2. Тәуекелдерді барынша азайту жөнінде қабылданған шаралар тиімділігі және нақты тауарларға және (немесе) көлік құралдарына кедендік бақылаудың жеке нысандарын қолданудың нәтижелері туралы ақпараттарды жинауды, өңдеуді және талдауды тұрақты негізде кеден органы жүзеге асырады.
      3. Ақпараттарды жинаудың, өңдеудің және талдаудың, тәуекелдерге талдау және бағалау жүргізудің, тәуекелдерді басқару бойынша шараларды жасау және жүзеге асырудың тәртібін кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасы белгіленеді.
      4. Белгіленген бейіндердің және тәуекел индикаторларының мазмұны кеден органдарының пайдалануы үшін арналған құпиялы ақпарат болып табылады және кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасы белгілеген жағдайларды қоспағанда, өзге тұлғалардың жариялауына жатпайды.

19-тарау. Кедендік тексерулерді жүргізу тәртібі

      131-бап. Камералдық кедендік тексеру

      1. Камералдық кедендік тексеру кедендік декларацияларда, коммерциялық, көліктік (тасымалдық) және өзге да құжаттарда құралатын мәліметтерді, тексерілетін тұлға ұсынған кеден одағына мүше мемлекеттердің бақылаушы органдарының мәліметтерін, сондай-ақ, көрсетілген тұлғалардың қызметтері туралы кеден органдарында бар мәліметтерді зерделеу және талдау жолымен жүзеге асырылады.
      2. Камералдық кедендік тексеруді тексерілетін тұлғаға барусыз, сондай-ақ, нұсқаманы (тексеруді белгілеу туралы актіні) ресімдеусіз кеден органының орналасқан жері бойынша кеден органы жүргізеді.
      3. Камералдық кедендік тексерулер оларды жүргізу кезеңділігін шектеместен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 131-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      132-бап. Көшпелі кедендік тексеру

      1. Көшпелі кедендік тексеруді заңды тұлғаның орналасқан жеріне, жеке кәсіпкердің қызметін жүзеге асыратын жеріне және (немесе) олардың қызметтерін жүзеге асыруының іс жүзінде орналасқан жеріне (бұдан әрі - тексерілетін тұлғаның объектілері) шығу арқылы кеден органы жүзеге асырады.
      2. Көшпелі кедендік тексеру жоспарлы немесе жоспардан тыс болуы мүмкін.
      Жоспарлы көшпелі кедендік тексеру кеден органдары жасайтын тексеру жоспарларының негізінде жүзеге асырылады.
      3. Көшпелі кедендік тексеру нысаны кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында анықталған шешім негізінде (нұсқама, тексеруді белгілеу туралы акті) жүргізіледі.
      4. Мыналар жоспардан тыс көшпелі кедендік тексерулерді белгілеу үшін негіздер болып табылады:
      1) кеден органдарының және кеден одағының кедендік заңнамасында және кеден одағына мүше мемлекеттердің өзге де заңнамасында мүмкін бұзушылықтар туралы куәландыратын кеден одағына мүше мемлекеттің бақылаушы органдарының дерек қорларында қамтылған ақпараттарды талдау нәтижесінде алынған деректер;
      2) кеден одағының кедендік заңнамасының және кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасының талаптарын мүмкін бұзушылықтар туралы куәландыратын мәліметтер;
      3) тұлғаның, оның ішінде уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін алуға кеден ісі саласында қызметті жүзеге асырушының өтініші;
      4) осы баптың 6-тармағына сәйкес қарсы көшпелі кедендік тексеру жүргізу қажеттілігі;
      5) шетелдік ұйыммен сыртқы экономикалық мәмілелер жасаған тұлғаға тексеру жүргізу туралы шет мемлекеттің құзыретті органының өтініші (сұрау салу);
      6) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген өзге де негіздер.
      5. Көшпелі кедендік тексеру кедендік бақылаудың басқа нысандарын қолданудың нәтижелері бойынша, сондай-ақ, камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша белгіленуі мүмкін.
      6. Тексерілетін тұлға ұсынған мәліметтердің дұрыстығын растау қажеттілігі жағдайында кеден органы тауарлармен жасалған мәмілелер (операциялар) бойынша тексерілетін тұлғамен байланысты тұлғаларға қарсы көшпелі кедендік тексеру жүргізуі мүмкін.
      Қарсы көшпелі кедендік тексеру жоспардан тыс болып табылады.
      7. Жоспарлы көшпелі кедендік тексерулер тексерілетін бір тұлғаға қатысты жылына бір реттен жиі емес жүргізіледі.
      Уәкілетті экономикалық операторларға қатысты жоспарлы көшпелі кедендік тексерулерді кеден органдары үш жылда бір рет жүргізеді.
      Жоспардан тыс көшпелі кедендік тексерулер олардың кезеңділігі бойынша шектеу қойылмастан жүзеге асырылады.
      8. Жоспарлы көшпелі кедендік тексерулер үшін тексерілетін тұлғаларды іріктеп алу мыналардан:
      1) кеден органдарының ақпараттық ресурстарынан;
      2) алдыңғы тексерулердің, оның ішінде камералдық тексерулердің нәтижелері бойынша;
      3) мемлекеттік органдардан;
      4) банктерден және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан;
      5) кеден одағына мүше мемлекеттердің кедендік және (немесе) басқа да бақылаушы мемлекеттік органдарынан;
      6) бұқаралық ақпарат құралдарынан;
      7) ресми жолмен өзге көздерден алынған ақпараттарды пайдалана отырып жүргізіледі.
      9. Жоспарлы көшпелі кедендік тексерулерді жүргізуді бастар алдында кеден органдары тексерілетін тұлғаға жоспарлы көшпелі кедендік тексеруді жүргізу туралы хабарламаны тапсырыстық пошталық жөнелту арқылы тапсыру туралы хабарламамен жібереді немесе оны алу фактісін растауға мүмкіндік беретін өзге тәсілдер арқылы мұндай хабарламаны жібереді.
      Орналасқан жері бойынша тексерілетін тұлғаның болмауына байланысты хаттың берілмегендігін дәлелдейтін белгісі бар почта жөнелтілімін қайтару жоспарлы көшпелі кедендік тексеруді күшін жою үшін негіздеме болып табылмайды.
      Жоспарлы көшпелі кедендік тексерулер тексерілетін тұлғаның хабарламаны алған кезеңінен бастап немесе адресатқа хаттың берілмеуі туралы белгісі бар почта жөнелтілімі хабарлама кеден органына келіп түскен кезеңнен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күннен бұрын басталмайды.
      10. Көшпелі кедендік тексерудің басталған күні болып тексерілетін тұлғаға кедендік тексеру туралы (тексеруді белгілеу туралы акт) шешімнің көшірмесін (нұсқама) тапсырған күн есептеледі.
      Кедендік тексеруді жүргізу туралы шешімнің (тексеруді белгілеу туралы акт) көшірмесін (нұсқама) тексерілетін тұлғаға кеден органының лауазымды тұлғасы тапсырады немесе беру туралы хабарламасы бар тапсырыстық пошталық жөнелту арқылы жіберіледі.
      Шешімнің көшірмесін (нұсқама, тексеруді белгілеу туралы акт) тапсыру кезінде тексерілетін тұлғаның басшысы (бастығының) не оның өкілі шешімнің түпнұсқасында (нұсқама, тексеруді белгілеу туралы акт) танысу туралы, сондай-ақ, шешімнің (нұсқама, тексеруді белгілеу туралы акт) көшірмесін алған күні және уақыты туралы белгі жасайды.
      Шешімнің көшірмесін (нұсқама, тексеруді белгілеу туралы акт) алудан бас тартқан жағдайда кеден органының лауазымды тұлғасы шешімде (нұсқама, тексеруді белгілеу туралы акт) ол туралы тиісті жазба жасайды.
      Тексерілетін адамның жүргізілетін кедендік тексеру туралы (тексеруді белгілеу туралы акт) шешімнің көшірмесін (нұсқама) алудан бас тартуы, сондай-ақ, орналасқан жері бойынша адамның болмауына байланысты адресатқа хатты тапсырмауын дәлелдейтін белгімен хабарламаны қайтару көшпелі кедендік тексеруді болдырмау үшін негіздеме болып табылмайды. Бұл жағдайда тексерудің басталар күні шешімде (нұсқама, тексеруді белгілеу туралы акт) шешімнің көшірмесін (нұсқама, тексеруді белгілеу туралы акт) алудан бас тарту туралы жазба күні, немесе адресатқа хатты тапсырмауы туралы белгімен хабарлама кеден органына келіп түскен күн есептеледі.
      Тексерілетін адамның объектісінде көшпелі кедендік тексеруді  жүргізуді бастар алдында кеден органының лауазымды тұлғалары тексерілетін адамның басшысына немесе оның өкіліне қызметтік куәліктерін көрсетуге міндетті.
      11. Көшпелі кедендік тексеруді жүргізу кезеңінде тексерілетін  адам оның қызметімен байланысты тексерілетін құжаттарға өзгерістер және толықтырулар енгізуге құқығы жоқ.
      12. Көшпелі кедендік тексеруді жүргізу кезеңі 2 (екі) айдан аспауы керек. Көрсетілген мерзімге тексерілетін тұлғаға құжаттар және мәліметтерді ұсыну туралы талаптарды тапсыру күні және мұндай құжаттар және мәліметтерді алу күні арасындағы уақыт кезеңі қосылмайды.
      Тексеру жүзеге асыратын кеден органының шешімі бойынша көшпелі кедендік тексеруді жүргізу кезеңі тағы бір айға ұзартылуы мүмкін.
      Зерттеулер немесе сараптамалар жүргізу қажеттілігі кезінде кеден одағына мүше мемлекеттердің немесе шетелдік мемлекеттердің құзырлы органдарына сұраулар жолдау, тексерілетін адамның тексеру жүргізу үшін қажетті құжаттарын қалпына келтіруі, тексеру нәтижелері бойынша қорытындыға әсер ететін тексерілетін кезеңге қатысты қосымша құжаттар ұсыну, кеден органының басшысы немесе оған уәкілетті тұлғаның шешімі бойынша тексеру жүргізу тоқтатылуы мүмкін. Мұндай тоқтата тұрудың мерзімі және тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленеді.
      Көшпелі кедендік тексеру мерзімін ұзарту туралы, сондай-ақ, көшпелі кедендік тексеру жүргізу туралы (тексеруді белгілеу туралы акт) шешімде (нұсқама) оны жүргізуді тоқтату туралы тиісті жазба енгізіледі, ол туралы тексерілетін адамға хабар беріледі.
      13. Көшпелі кедендік тексеруді жүргізген кеден органының лауазымды тұлғалары екі данада жасайтын және қол қойылатын, кедендік тексерудің нәтижелері бойынша ресімделген құжатты құрған күн көшпелі кедендік тексерудің аяқталу күні болып есептеледі.
      Мұндай құжаттың бірінші данасы көшпелі кедендік тексерудің материалдарына қосылады, екінші данасы көшпелі кедендік тексеру аяқталған күннен бастап 5 (бес) күннен кешіктірілмей тексерілетін адамға тапсырылады немесе тапсыру туралы хабарламамен тапсырыстық пошталық жөнелтумен жіберіледі.
      Ескерту. 132-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      133-бап. Көшпелі кедендік тексеруді жүргізу үшін
               тексерілетін адамның объектісіне кеден органы
               лауазымды тұлғаларының қол жетімділігі

      1. Тексерілетін адам кеден органының лауазымды тұлғалары кедендік тексеру жүргізу туралы (тексеруді тағайындау туралы акт) шешімді (нұсқаманы) және қызметтік куәліктерін көрсеткен кезде көшпелі кедендік тексеру жүргізу үшін тексерілетін адамның объектісіне (тұрғын жайларды қоспағанда) көрсетілген тұлғалардың рұқсатын қамтамасыз етуге міндетті.
      2. Егер кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен жеке объектілерге мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының рұқсатының арнайы тәртібі көзделсе, онда мұндай кіру осы заңнамалық актілермен анықталатын тәртіпте жүргізіледі.
      3. Егер тексерілетін адамға:
      1) лауазымды тұлғалар шешім (нұсқама, тексеруді тағайындау туралы акт) және (немесе) қызметтік куәліктер ұсынбаса;
      2) шешімде (нұсқама, тексеруді тағайындау туралы актіде) кеден органының лауазымды тұлғаларын көрсетпесе;
      3) Егер кеден одағының мүше мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес лауазымды тұлғалардың объектіге кіруге арнайы рұқсаты талап етілсе және олардың осындай рұқсаты болмаса бас тартуға құқылы.
      4. Тексерілетін тұлға көшпелі кедендік тексеру жүргізетін кеден органдарының лауазымды тұлғаларының объектіге кіруіне рұқсат беруден бас тартқан кезде кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес акт (хаттама) жасалады.
      Тексерілетін адам кеден органдарының лауазымды тұлғаларының  рұқсатын қамтамасыз етуден негіздемесіз бас тартқан жағдайда, кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдар лауазымды тұлғаларының жеке объектілерге рұқсатының басқа тәртібі белгіленбеген болса 2 (екі) куәгердің қатысуымен қарсыласудың жолын кесе отырып және жабық жайларды ашу арқылы олар объектіге кіруге құқылы. Кеден органдары қарсыласудың жолын кесе отырып және жабық жайларды ашу арқылы объектіге кірудің барлық жағдайлары туралы 24 (жиырма төрт) сағат ішінде прокурорға хабарлайды.
      Ескерту. 133-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      134-бап. Кедендік тексеру жүргізу кезінде кеден
               органдарының лауазымды тұлғаларының құқықтары
               мен міндеттері

      1. Кеден органдарының лауазымды тұлғалары кедендік тексеру жүргізу кезінде:
      1) тексерілетін адамнан коммерциялық, көліктік құжаттарын, бухгалтерлік есеп және есептілік құжаттарын, сондай-ақ оның ішінде электрондық тасымалдағыштағы тексерілетін тауарларға қатысты ақпаратты талап етуге және алуға;
      2) оларға қатысты көшпелі кедендік тексеру жүргізілетін тексерілетін адамдардан тауарлардың ұсынылуын талап етуге;
      3) кедендік бақылау мақсаттары үшін есептілікті ұсынуды талап етуге;
      4) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кедендік тексеру жүргізу үшін қажетті, ұйымдардың шоттары бойынша ақша қаражатының қозғалысына қатысты, оның ішінде банктік құпияны құрайтын ақпаратты банктерден және өзге де несиелік ұйымдардан талап етуге және алуға;
      5) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес салық және өзге мемлекеттік органдардан барлық қажетті, оның ішінде коммерциялық, банктік, салықтық және заңнамамен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты және құжаттарды сұрауға және алуға;
      6) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес көшпелі кедендік тексерулерді жүргізу кезінде тауарларға түгендеу жүргізуге (түгендеу жүргізуді талап етуге);
      7) кедендік тексерулерді жүргізуге байланысты халықаралық сұрауларды жіберуге;
      8) кедендік тексеруді жүргізу туралы (тексеруді тағайындау туралы актті) шешімді (нұсқаманы) және қызметтік куәліктерді көрсете отырып тексерілетін адамның объектісіне рұқсат алуға;
      9)көшпелі кедендік тексерулерді жүргізу кезінде тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеу туралы акт жасай отырып, тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуды жүзеге асыруға;
      10) көшпелі кедендік тексеруді жүргізу кезінде алу актісін жасай отырып, тексерілетін адамнан құжаттарды не олардың көшірмелерін алуға;
      11) оларға қатысты көшпелі кедендік тексеру жүргізілетін тауарларды иеліктен шығаруға не өзге тәсілдермен иелік етуге бағытталған әрекеттердің жолын кесу үшін көшпелі кедендік тексеру жүргізу мерзіміне кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен бекітілген тәртіпте тауарларға тыйым салуға немесе алуға;
      12) тауарлар қойылған үй-жайларды мөрлеуге;
      13) кеден одағының заңнамасымен және кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен көзделген өзге де әрекеттерді жүргізуге құқығы бар.
      2. Кедендік тексерулер жүргізу кезінде кеден органдарының лауазымды тұлғалары:
      1) тексерілетін адамның құқықтарын және заңды мүдделерін сақтауға, заңсыз шешімдермен және әрекеттермен (әрекетсіздігімен) тексерілетін адамға залал келтіруге жол бермеуге;
      2) көшпелі кедендік тексеру жүргізу кезеңінде тексерілетін  адамның белгіленген жұмыс режимін бұзбауға;
      3) кедендік тексерулер барысында алынған кез келген ақпаратты тек кеден мақсаттары үшін пайдалануға;
      4) кедендік тексеруді жүзеге асыру кезінде құпиялы мәліметтерді және белгілі болған салықтық, банктік және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жарияламауға;
      5) тексерілетін адамның талабы бойынша көшпелі кедендік тексеру жүргізу тәртібіне қатысты кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасының ережелері туралы қажетті ақпаратты ұсынуға;
      6) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен көзделген жағдайларды қоспағанда, кедендік тексерулер жүргізу барысында алынған және жасалған құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге, тексерілетін адамның келісімінсіз олардың мазмұнын жарияламауға;
      7) тауарларды шығарғаннан кейін кедендік бақылау жүргізу кезінде, соның ішінде сараптаманы (зерттеу) белгілеу және жүргізу кезінде, тауарлардың сынамалары мен үлгілерін алу кезінде тексерілетін адамды өзінің құқықтары және міндеттері туралы ақпараттандыру;
      8) кеден заңнамасымен және кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
      Ескерту. 134-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      135-бап. Кедендік тексеру жүргізу кезінде тексерілетін
               адамның құқықтары мен міндеттері

      1. Тексерілетін адам кедендік тексеру жүргізу кезінде:
      1) кедендік тексеру жүргізу тәртібіне қатысты кеден одағына мүше мемлекеттер заңнамасының ережелері туралы ақпаратты кеден органдарынан сұрауға және алуға;
      2) оның иелігіндегі тауарлардың шығу фактісін растайтын барлық бар құжаттарды және мәліметтерді ұсынуға, сондай-ақ, кеден одағының кеден заңнамасын және кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасын сақтауға;
      3) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен кеден органдарының шешімдеріне және әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануға;
      4) кеден одағының заңнамасында және кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға құқығы бар.
      2. Тексерілетін адам кедендік тексеру жүргізу кезінде:
      1) кедендік тексеру жүргізілуге қатысты тауарларды көрсетуге;
      2) қағаз тасығышта қосымша беру арқылы, ол қандай ақпарат тасығышта орналасқанынан тәуелсіз, кеден органының талабы бойынша белгіленген мерзімдерде мәліметтерді және құжаттарды ұсынуға;
      3) тексерілетін адамның объектісіне көшпелі кедендік тексеру жүргізетін лауазымды тұлғалардың кедергісіз рұқсатын қамтамасыз етуге және жұмыс орнын ұсынуға;
      4) кедендік тексеру жүргізу туралы (тексеруді белгілеу туралы акт) шешімнің (нұсқама) түпнұсқасында алу туралы белгі жасауға;
      5) егер кедендік тексеру мақсаттары үшін қажетті құжаттама кеден одағына мүше мемлекеттердің мемлекеттік тілінен өзге тілде жасалса, кеден органының тексеруші лауазымды тұлғаларына көрсетілген құжаттаманың аудармасын ұсынуға;
      6) кедендік тексеру жүргізу туралы (тексеруді белгілеу туралы акт) шешімді (нұсқама) ұсынған күннен бастап 2 (екі) күнтізбелік күннен кешіктірмей кеден органының тексеруші лауазымды тұлғаларына ақпаратты ұсынуға жауапты тұлғалар шеңберін анықтауға;
      7) кеден одағының заңнамасымен және кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

      136-бап. Кедендік тексеру жүргізу мақсаттары үшін
               құжаттарды және мәліметтерді ұсыну

      1. Кеден одағына мүше мемлекеттердің салық және өзге де мемлекеттік органдары кеден органдарының сұрауы бойынша заңды тұлғаларды тіркеу, салықтарды төлеу және есептеу, бухгалтерлік есептілікке қатысты қажетті құжаттар және мәліметтерді, оның ішінде мемлекеттік, коммерциялық, банктік, салықтық және заңнамамен қорғалатын құпияны қорғау бойынша кеден одағына мүше мемлекеттер заңнамасының талаптарын сақтау арқылы өзге де құжаттар және мәліметтерді ұсынады.
      2. Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кеден одағына мүше мемлекеттердің банктік және өзге де кредиттік ұйымдары кеден органының сұрауы бойынша кедендік тексеру жүргізу үшін ұйымдардың шоттары бойынша ақшалай қаражаттардың қозғалысына қатысты, соның ішінде банктік құпияны құрайтын құжаттарды және мәліметтерді ұсынады.
      Ескерту. 136-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

20-тарау. Кедендік бақылау жүргізу кезіндегі
кедендік сараптама

      137-бап. Осы тарауда пайдаланылатын терминдер

      Осы тарауда мынадай терминдер және олардың анықтамалары пайдаланылады:
      1) кедендік сараптама - кедендік реттеу саласында тапсырмаларды шешу үшін арнайы және (немесе) және ғылыми танымдарды пайдалану арқылы кедендік сараптаушылармен және (немесе) өзге де сараптаушылармен жүзеге асырылатын зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу;
      2) кедендік сараптаушы - кедендік сараптамалар жүргізуге уәкілетті кеден органының лауазымды тұлғасы;
      3) кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысы - кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленген тәртіпте ресімделген, жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін және қойылған сұрақтарға жауаптар түрінде кедендік сараптаманың қорытындыларын құрайтын құжат;
      4) сынама - ұсынылатын және зерттелетін тауардың барлық көлемінің құрамын және қасиеттерін сипаттайтын, ықтимал қажетті, стандарттау бойынша құжаттамада белгіленген тауар немесе тауардың бөлігі;
      5) үлгі - тауардың (өнімнің) құрылымына, құрамына және барлық партияның қасиеттеріне, сериясына сәйкес келетін тауар (өнім) бірлігі, немесе белгіленген тәртіпте келешекте зерттеу мақсатында іріктеп алуы белгіленетін, көрінудің жазбаша және өзге де нысандарында ұсынылған ұқсас объект.
      Ескерту. 137-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      138-бап. Кедендік сараптама тағайындау

      1. Кедендік сараптама кедендік операциялар жасау кезінде арнайы танымдарды талап етілсе, пайда болған мәселелерді түсіндіру үшін тағайындалады.
      2. Кедендік сараптаманы кеден органдары тағайындайды және кедендік сарапшылар, сондай-ақ өзге де уәкілетті ұйымдардың сарапшылары жүргізеді.
      Кедендік сараптаманы өзге уәкілетті ұйымдарға тағайындауды  осындай сараптаманы кедендік сараптаушылардың жүргізуіне мүмкідік болмаған жағдайда ғана жүргізіледі.
      Кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысын беру үшін қажетті арнайы танымдары бар кез келген тұлға сараптаушы ретінде бола алады.
      Кеден органдарының лауазымды тұлғасы болып табылмайтын сарапшы кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес сараптау жүргізу үшін тартылады.
      3. Кедендік сараптама кедендік операциялар жүргізу және оларды бірегейлендіру құралдары үшін қажетті тауарларға қатысты, соның ішінде көлік құралдары, кедендік, көліктік (тасымалдаушы), коммерциялық және өзге де құжаттарға тағайындалады.
      4. Кеден органының уәкілетті лауазымды тұлғасы сараптау жүргізу үшін негіздеме, сарапшының тегі, аты және әкесінің аты немесе сараптама жүргізілетін ұйымның не кеден органының атауы, кедендік сараптаушының (сараптаушының) алдына қойылған мәселелері, кедендік сараптаушының (сараптаушының) иелік етуіне ұсынылған материалдардың және құжаттардың тізімі және сараптаманы жүргізу және кеден органына кедендік сараптаушының (сараптаушының) қорытындысын көрсетудің мерзімі көрсетілетін кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешімді жазбаша нысанда қабылдайды.
      Шешімде, сондай-ақ, біле тұра кедендік сарапшының (сарапшының), жалған қорытындысын бергені үшін жауапкершілік туралы кедендік сарапшының (сарапшының) ескерту жөнінде көрсетіледі.
      5. Кедендік сараптаманы жүргізуден мынадай жағдайларда бас тартылуы мүмкін:
      1) кедендік сараптаманы жүргізу үшін ақпараттың жеткіліксіздігі;
      2) кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешімнің дұрыс ресімделмеуі;
      3) сынамалар немесе үлгілер орамы сақталуының кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешімде көрсетілген сипаттамаға сәйкес келмеуі;
      4) кедендік сараптаманы жүргізу үшін қажетті материалдық-техникалық базаның, арнайы жағдайлардың болмауы;
      5) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген өзге де жағдайлар.
      6. Бас тартудың себептерін көрсете отырып кедендік сараптаманы өткізуден бас тарту жазбаша түрде ресімделеді. Ұсынылған материалдар, құжаттар, сынамалар мен үлгілерді іріктеп алу кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органына қайтарылады.
      7. Кеден органы кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешім қабылданған күннен кейінгі күннен кешіктірмей жазбаша түрде декларантты немесе кедендік сараптама тағайындау туралы тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге тұлғаға хабарлайды.
      8. Кедендік сараптаманы жүргізуге кеткен шығыстар кеден одағына мүше мемлекеттердің, кедендік сараптама тағайындалған кеден органының бюджеті есебінен өтеледі.
      Ескерту. 138-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      139-бап. Кедендік сараптама жүргізудің тәртібі және
               мерзімі

      1. Кедендік сараптама жүргізудің тәртібі Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленеді.
      2. Егер кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында одан ұзақтығы неғұрлым аз мерзім белгіленбесе, кедендік сараптаманы жүргізу мерзімінің ұзақтығы кедендік сарапшы (сарапшы) материалдарды өндіріске қабылдаған күнінен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспауы тиіс.
      Кедендік сараптама жүргізу мерзімі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен ұзартылуы мүмкін.
      3. Кедендік сараптаманы жүргізу мерзімі:
      кедендік сарапшының (сарапшы) кедендік сараптаманы белгілеген кеден органдарына оған қосымша материалдар, сондай-ақ сынамалар мен үлгілер ұсыну туралы қолдаухатының болған жағдайда;
      кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен бекітілген өзге жағдайларда тоқтатылады;
      4. Кедендік сараптама нәтижесі бойынша кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысы беріледі.
      Ескерту. 139-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      140-бап. Кедендік сарапшының (сарапшының) құқықтары мен
               міндеттері

      Ескерту. 140-баптың атауына өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Кедендік сарапшы (сарапшы) мыналарға:
      1) кедендік сараптаманы өткізуге қатысты материалдармен танысуға;
      2) кеден органының рұқсатымен кедендік сараптама өндірісіне өзге де кедендік сарапшыларды (сарапшыларды) тартуға;
      3) кедендік сараптама жүргізу үшін материалдарды алған кезден бастап 1 (бір) күн ішінде егер қойылған мәселелер оның құзыретінен тыс болса немесе өз құзыретіне жатпайтын мәселелердің жауаптарын ұсыну кедендік сараптамадан бас тартуға;
      4) кедендік сараптама өткізу үшін материалдарды алған кезден бастап 3 (үш) күннің ішінде жазбаша түрде кедендік сараптама өткізу үшін қосымша материалдарды сұрауға;
      5) кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысын беру үшін керекті материалдар мен құжаттарды алу, оның ішінде зерттеу үшін сынамалар мен үлгілерді алуға;
      6) өзінің арнайы танымы және құзыретіне сәйкес оның алдына қойылған сұрақтарды анықтауға;
      7) арнайы және өзге де деректерде шығарылған ғылыми техникалық ақпараттарды пайдалануға;
      8) өзінің сынаулары және зерттеулерінің нәтижелерін және (немесе) басқа зерттеу немесе сараптама ұйымдары жүргізген сынамалар мен үлгілерді зерттеу нәтижелерін пайдалануға;
      9) кедендік бақылауды жүргізуге қатысуға құқылы.
      2. Кедендік сарапшы (сарапшы):
      1) кедендік сараптамаға қатысты материалдармен танысуға;
      2) кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысына кедендік мақсаттар үшін маңызы бар, олар бойынша сұрақтар қойылмаған жағдайлар туралы қорытындыларға тұжырымдама қосуға;
      3) Кедендік сараптамаға ұсынылған сынамалар мен үлгілерді рұқсат етілуі мен дұрыстығын сақтау кезінде зерттеулер жүргізуге, зерттеу нәтижесінің толық жан-жақты және объективті бағалау негізінде кедендік сараптаманың (сараптаманың) қорытындысын ұсынуға;
      4) Кедендік сараптаманы өткізу нәтижесінде алынған мәліметтерді жарияламауға, кеден одағының кедендік заңнамасымен көзделген жағдайлардан басқа өзге де мақсаттарда пайдаланбауға және үшінші тұлғаларға бермеуге;
      5) кедендік сараптаманы өткізудің белгіленген уақытын сақтауға міндетті.
      3. Өзінің міндеттерін орындамаған немесе тиісінше орындаған  жағдайда кедендік сарапшы (сарапшы) кеден одағына қатысушы мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
      Ескерту. 140-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      141-бап. Кедендік сараптама тағайындау және жүргізу
               кезінде декларанттың, тауарларға қатысты
               уәкілеті бар өзге тұлғаның және олардың
               өкілдерінің құқықтары

      1. Кедендік сараптама тағайындау және жүргізу кезде декларант, тауарларға қатысты уәкілеті бар өзге тұлға және олардың өкілдері:
      1) олар бойынша кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысын алу үшін кедендік сарапшыға (сарапшыға) қосымша сұрақтар қою туралы қолдаухат ұсынуға;
      2) кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысымен танысуға және кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органында осындай қорытындының көшірмесін алуға;
      3) кедендік сараптама жүргізу үшін кеден органдары сынамалар мен үлгілер іріктеп алуына қатысуға;
      4) қосымша немесе қайтадан кедендік сараптама өткізуге қолдаухат жазуға құқылы.
      2. Декларанттың, тауарларға қатысты уәкілеті бар өзге тұлғаның немесе олардың өкілдерінің қолдаухаты қанағаттандырылған жағдайда сараптама белгілеген кеден органының лауазымды тұлғасы тиісті шешім шығарады.
      Қолдаухатты қанағаттандырудан бас тартқан жағдайда кеден органының лауазымды тұлғасы бұл туралы қолдаухат берген тұлғаны жазбаша түрде хабардар етуге тиіс.
      Ескерту. 141-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      142-бап. Кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысы

      1. Кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысында:
      1) кедендік сараптаманың басталуы мен аяқталуының орны, күні мен уақыты;
      2) кедендік сараптама үшін негіз;
      3) кедендік сараптаманы жүргізген кедендік сарапшының (сарапшының) аты жөні, тегі және оның біліктілігі;
      4) кедендік сарапшының (сарапшының) кедендік сараптама өткізген кезде біле тұра жалған кедендік сарапшының (сарапшының) жалған қорытындысын бергені үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы ескертілгені туралы оның қолымен куәландырылған белгі;
      5) кедендік сарапшыға қойылған сұрақтар;
      6) Кедендік сараптама жүргізу үшін кедендік сарапшыға (сарапшыға) ұсынылған құжаттардың, материалдардың тізімі, сынамалар мен үлгілер;
      7) қолданылған әдістерді пайдаланылған аспаптар мен жабдықтарды көрсете отырып зерттеулердің мағынасы және нәтижесі, зерттеулердің нәтижесін бағалау, қойылған сұрақтар бойынша қорытындылары мен олардың негіздемелері көрсетіледі.
      2. Кедендік сарапшының (сарапшының) немесе бірнеше сарапшылардың қорытындысын бейнелейтін материалдар мен құжаттар қорытындыға қосымша ұсынылады және оның құрамдас бөлігі болып қызмет етеді.
      Егер кедендік сараптама бірнеше сарапшының қатысуымен өткізілген болса қорытындыға барлық сарапшылар қол қояды және егер кеден одағына қатысушы мемлекеттердің заңнамасына сәйкес осындай ұйымның мөртаңбасы болуға тиісті болса, кедендік сараптаманы өткізген ұйымның мөртаңбасымен куәландырылады.
      Кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысындағы тұжырымдар қойылған сұрақтарға жауаптар түрінде жазылады, бұл ретте жауаптардың дәйектілігі қойылған сұрақтардың дәйектілігіне сәйкес келуі тиіс.
      3. Кедендік сарапшының қорытындысы жазбаша түрде екі данада дайындалады, бір данасы кедендік сараптама өткізген ұйымда қалады, екінші данасы кедендік сараптама тағайындаған кеден органына жіберіледі.
      Ескерту. 142-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      143-бап. Кедендік сараптама түрлері

      1. Кедендік бақылау мақсаттары үшін мына кедендік сараптамалар жүргізіледі: сәйкестендіру, тауар танушылық, материал танушылық, технологиялық, қылмыстық және өндірісінде қажеттілік туындайтын өзге де сараптамалар.
      2. Тартылатын кедендік сарапшылардың (сарапшылардың) санына байланысты дербес комиссиондық және кешендік кедендік сараптама тағайындалады.
      Дербес кедендік сараптама - кедендік сарапшысы (сарапшы) дербес жүргізетін кедендік сараптама.
      Комиссиялық кедендік сараптама - бір мамандықтағы кедендік сарапшыларының (сарапшылардың) жүргізетін кедендік сараптама. Кедендік сарапшылардың (сарапшылардың) арасында келіспеушіліктер кезінде олардың әрқайсысы немесе сарапшылардың бір бөлігі жеке кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысы беруге құқығы бар.
      Кешенді кедендік сараптама - жұмыс үшін маңызы бар жағдайларды белгілеу үшін кедендік сарапшылардың (сарапшылардың) құзыреті шегінде әр түрлі мамандықтағы білімдерді пайдалану негізінде зерттеуге қажетті кедендік сарапшыларының (сарапшылардың) комиссиясы жүргізетін кедендік сараптама. Әрбір кедендік сарапшы (сарапшы) өзі кедендік сараптама жүргізген бөлігі бойынша кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысы жазады.
      3. Кедендік сараптама алғашқы, қосымша және қайта жүргізілетін түрлерге бөлінеді:
      Бастапқы кедендік сараптама - объектілерді, сынамаларды және үлгілерді іріктеп алуды зерделеу үшін кеден органының өтініші бойынша жүргізілетін кедендік сараптама.
      Қосымша кедендік сараптама - жаңадан ашылған жағдайлар бойынша тағайындалатын кедендік сараптама. Қосымша кедендік сараптама өндірісі сол немесе басқа кедендік сарапшыға (сарапшыға) тапсырылады.
      Қайталама кедендік сараптама - декларант келіспеген жағдайда, сондай-ақ, бастапқы және (немесе) қосымша кедендік сараптамалардың нәтижелері бойынша кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысымен кедендік сараптаманы тағайындаған кедендік орган жүргізетін кедендік сараптама.
      Қайталама кедендік сараптама бастапқы және (немесе) қосымша кедендік сараптамаларды жүргізген кедендік сарапшыны (сарапшыларды) қоспағанда, 2 (екі) және одан көп кедендік сарапшылардан (сарапшылардан) тұратын комиссияға тапсырылады. Бастапқы және (немесе) қосымша кедендік сараптамаларды жүргізген кедендік сарапшылар (сарапшылар) қайталама кедендік сараптама жүргізген кезде қатысуы және комиссияға түсіндірмелер беруі мүмкін, алайда кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысын зерттеуге және жасауға олар қатыспайды.
      Кеден одағының кедендік аумағында қайта тағайындалған сараптаманы жүргізу тәртібі Кеден одағы комиссиясының шешімімен анықталады.
      Қосымша және қайталама кедендік сараптамаларды жүргізу кезінде кедендік сарапшы (сарапшы) міндетті түрде бастапқы кедендік сараптаманың нәтижелерін көрсетеді.
      Ескерту. 143-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      144-бап. Сынамалар мен үлгілер

      1. Кеден органдарының лауазымды адамдары кеден одағына қатысушы мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен кедендік сараптаманы жүргізу үшін тауарлардың сынамалары мен үлгілерін алады.
      Арнайы тану және техникалық құралдарды пайдалану қажеттілігіне орай сынамалар мен үлгілерді алу кедендік сарапшының (сарапшы) қатысуымен жүргізілуі мүмкін.
      2. Сынамалар мен үлгілер олардың зерттеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін ең аз мөлшерде алынады. Тауарлардың сынамасы және үлгісін алу кезінде Кеден Одағы комиссиясының шешімімен бекітілген нысан бойынша 2 (екі) данада акті жасалады.
      Актінің екінші данасы тауарларға қатысты уәкілеті бар басқа тұлға, декларантқа немесе егер олар анықталған болса олардың өкіліне табыс етіледі.
      3. Декларант, тауарларға қатысты уәкілеттілігі бар басқа тұлға немесе олардың өкілдері кеден органдарының лауазымды тұлғаларының сынамалар мен үлгілерді іріктеп алу көзіне қатысады. Көрсетілген тұлғалар кеден органдарының лауазымды тұлғаларына тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуға көмек көрсетуге, соның ішінде өз есебінен қажетті жүктік және басқа да операцияларды жүзеге асыруға міндетті.
      Кеден органдары тауарлардың сынамалары мен үлгілерін осы Кодекстің 116-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда, декларант тауарларға қатысты уәкілеті бар басқа тұлғалар немесе олардың өкілдері болмаған кезде іріктеліп алынуы мүмкін.
      Бұл жағдайларда тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу 2 (екі) куәгердің қатысуымен жүзеге асырылады.
      4. Кеден органдары декларанттың, тауарларға қатысты уәкілеті бар басқа тұлғаның немесе олардың өкілдерінің тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу нәтижесінде туындаған шығындарын өтемейді.
      5. Кедендік сараптама аяқталғаннан кейін сынамалар мен үлгілер декларантқа, тауарларға қатысты уәкілеті бар басқа тұлғаға немесе олардың өкілдеріне немесе мұндай сынамалар мен үлгілер кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жою немесе кәдеге жаратуға жататын жағдайлардан тыс кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органына қайтарылады.
      Ескерту. 144-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

21-тарау. Кедендік бақылау өткізу кезінде тауарлар және оларға
арналған құжаттарды ұстау

      145-бап. Кедендік бақылау өткізу кезінде ұстауға міндетті
               тауарлар мен құжаттар

      1. Кедендік бақылау өткізу кезінде осы Кодекстің 152170185192208231234305 және 354-баптарымен белгіленген жағдайларда, кеден органдарының лауазымды тұлғалары әкімшілік құқық бұзушылық немесе қылмыс мәні болып табылмайтын тауарларды және оларға арналған құжаттарды ұстайды.
      2. Тауарлар және оларға арналған құжаттар кідіртілген жағдайда кеден органы Кеден одағының шешімімен белгіленген нысан бойынша хаттама жасайды.
      3. Кідіртілген тауарлар және оларға арналған құжаттар алынады және кеден органдарында осы Кодекспен бекітілген мерзім ішінде сақталады.
      Кідіртілген тауарлар уақытша сақтау қоймаларында немесе кеден органы анықтаған басқа орындарға орналастырылады.
      4. Кеден органдары тауарларды кідірткен кезде осы баптың 3-тармағына сәйкес кідіртілген тауарларды сақтау бойынша шығындарды осы Кодекстің 147-бабында көрсетілген, тауарлар оларға қайтарылатын тұлғалар өтейді. Осы кодекстің 146-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген, мұндай тұлғалармен мерзімінде қажет етілмейтін кідіртілген тауарларды сақтау бойынша шығындар осы Кодекстің 149-бабының 1-тармағының ережелерін ескере отырып, көрсетілген тауарларды іске асырудан алынған сома есебінен өтеледі.
      Кідіртілген тауарларды сақтау бойынша шығыстарды өтеу тәртібін кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасы, тауарларды кідірткен кеден органы анықтайды.

      146-бап. Кідіртілген тауарларды және оларға арналған
               құжаттарды сақтау мерзімі

      1. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген тауарларды қоспағанда кідіртілген тауарлар және оларға арналған құжаттарды кеден органдары бір 1 (ай) ішінде, ал тез бұзылатын өнімдер - 24 (жиырма төрт) сағат ішінде сақталады.
      2. Кеден одағының кедендік аумағына әкелуге немесе мұндай аумақтан тыс әкетуге тыйым салынған тауарлар және оларға арналған құжаттар кеден органдарында 3 (үш) тәулік ішінде сақталады.
      3. Кідіртілген тауарларды сақтау мерзімі оларды кідірткен күннен бастап есептелінеді.

      147-бап. Кідіртілген тауарларды және оларға арналған
               құжаттарды қайтару

      1. Кідіртілген тауарларды және оларға арналған құжаттарды қайтаруды декларант жүзеге асырады, ал егер тауарды декларациялау жүргізілмесе - тауардың меншік иесіне, ал егер шетел тұлғасы болса немесе кеден органында тауардың меншік иесі туралы мәлімет болмаса - осы бапта бекітілген ерекшеліктерді ескере отырып, ұстау кезінде тауарлар олардың иелігінде болған тұлғаларға (бұдан әрі осы тарауда - декларант немесе басқа тұлға) қайтарылады.
      2. Кеден одағының кедендік аумағына әкелу кезінде кідіртілген кедендік шекара арқылы өткізуге тыйым салынған тауарлар және оларға арналған құжаттар осы аумақтан тыс кері шығару үшін осындай тауарларды қайтаруға кеден органына бірінші болып жүгінген, осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлғалардың кез-келгеніне қайтарылады.
      3. Кеден одағының кедендік аумағынан шығару кезінде кідіртілген, кедендік шекара арқылы өткізуге тыйым және (немесе) шектеулер салынған тауарлар және оларға арналған құжаттар егер бұл тауарларды иеленуге кеден одағына қатысушы елдердің заңнамасы, тауарды кідірткен кеден органы рұқсат етсе декларантқа немесе кеден одағының кедендік аумағында пайдалану үшін басқа тұлғаға қайтарылады.
      4. Кедендік шекара арқылы өткізуге тыйым салынған, кеден одағының кедендік аумағына әкелу кезінде кідіртілген тауарлар және оларға арналған құжаттар кеден органына бекітілген шектеулерді сақтау және осы Кодекске сәйкес тауарларды кедендік рәсімдеуге орналастырудың құжаттамалық растамасын ұсыну шартымен декларантқа немесе басқа тұлғаларға осы аумақтан тыс кері шығаруға немесе кеден одағының кедендік аумағында пайдалануға қайтарылады.
      5. Осы баптың 2 - 4-тармақтарында көрсетілмеген басқа жағдайларда, кідіртілген тауарлар оларды кедендік рәсімдеудің біреуіне орналастырғаннан кейін оларды осы кедендік рәсімдеуге орналастырған тұлғаларға немесе олардың өкілдеріне қайтарылады.
      6. Кеден органы тауарларды кедендік рәсімдеуге орналастырумен байланысты кедендік операцияларды жасауға құқылы тұлғаның сұрауы бойынша тауарларды кедендік рәсімдеуге орналастыру қажеттілігіне орай тауармен бірге кідіртілген құжаттарды мұндай тұлғаға тауарларды шығарғанға дейін қайтарады.

      148-бап. Сақтау мерзімі өткен кідіртілген тауарлармен
               іс-әрекеттер

      1. Кеден органдары кідірткен және осы Кодекстің 147-бабында көрсетілген тұлғалардың осы Кодекстің 146-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген мерзім ішінде қажет етпейтін тауарлар іске асыруға жатады, ал осы баптың 3-тармағымен бекітілген жағдайда, тауарды кідірткен кеден органы мұндай тауарлар жоюға немесе кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес тауарларды басқаша пайдалануға жатады.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларды іске асыруды, жоюды немесе басқаша пайдалануды кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен бекітілген тәртіппен тауарларды кідірткен кеден органы осы Кодекспен анықталған ерекшеліктерді ескере отырып жүзеге асырады.
      3. Сақтау және іске асыру бойынша шығындар олардың құнынан асатын тауарлар, сондай-ақ кеден органы тауарларды кідірткен кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында көрсетілген басқа да жағдайларда, егер кеден одағына қатысушы осы мемлекеттің заңнамасымен бекітілмесе жоюға жатады.
      Жою, сондай-ақ мұндай тауарларды сақтау және тасымалдаумен байланысты шығындар декларант немесе басқа тұлғаның, ал көрсетілген тұлғалар болмаса - егер тауарлардың жеке санатына қатысты өзге көзделмесе, кеден органы тауарды кідірткен кеден одағына мүше мемлекет бюджетінің есебінен жүзеге асырылады.

      149-бап. Сақтау мерзімі өткен кідіртілген тауарларды
               сатудан түскен сомаларға иелік ету

      1. Осы кодекстің 148-бабының 1-тармағында көрсетілген тауарларды сатудан алынған сомалардан бірінші кезекте, кідіртілген тауарларды ішкі пайдалануға арналған шығарудың кедендік рәсімдеуіне орналастыру кезінде бұл тауарларды ұстау күнінде саналған, кедендік төлемдер мен салықтар мөлшеріндегі сомалар, екінші кезекте - тауарды тасымалдау, сақтау бойынша шығындар және осы тауарларды сатумен байланысты басқа да шығындар ұсталынады.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген кідіртулерді ескере отырып саналған тауарларды сатудан алынған сомалар декларанттарға, ал егер тауарларды декларациялау жүргізілмесе - кеден органында олар туралы мәліметтер болса, кеден органы тауарларды кідірткен кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасымен бекітілген тәртіппен оларды сатудан түскен ақшалай қаржы түскеннен кейінгі 3 (үш) ай ішінде кеден органына жүгіну шартымен тауарлар меншік иесіне қайтарылады.
      Кеден органдары осы тармақтың бірінші бөлімінде көрсетілген тұлғаларды тауарларды сатудан түскен сомалардың қайтаруға жататынын хабарлайды.

II. АРНАЙЫ БӨЛІМ

4-БӨЛІМ. КЕДЕНДІК ДЕКЛАРАЦИЯНЫ ҰСЫНУ АЛДЫНДАҒЫ
КЕДЕНДІК ОПЕРАЦИЯЛАР

22-тарау. Тауарларды кедендік шекара арқылы өткізу туралы
негізгі ережелер

      150-бап. Тауарларды кедендік шекара арқылы өткізу

      1. Барлық тұлғалар тең негізде кеден одағының кеден заңнамасы және кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленген ережелерді сақтау арқылы тауарларды кедендік шекара арқылы өткізуге құқылы.
      2. Тауарлар кедендік шекара арқылы кеден одағының кеден заңнамасымен белгіленген тәртіппен өткізіледі.
      Тауарлардың жеке санаты, соның ішінде керек-жарақ, жеке қолдану үшін тауарлар, халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары үшін осы Кодекспен және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарымен оларды кедендік шекара арқылы өткізу ерекшеліктері бекітілуі мүмкін.
      3. Кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарлар кеден одағының кеден заңнамасы және кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленген тәртіппен кедендік бақылауға жатады.
      Кедендік бақылау кезінде кеден органдары және олардың лауазымды тұлғалары кеден одағының кеден заңнамасы және кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген талаптар мен шектеулерді орнатуға құқылы емес.
      4. Апатты жағдайларды жою, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, бейбітшілікті сақтау және оқу-жаттығу өткізуге қажетті әскери бағыттағы өнімдер, сондай-ақ тез бұзылатын, тірі жануарлар, радиоактивті материалдар, жарылғыш заттар, халықаралық почта жөнелтілімдері, гуманитарлық және техникалық көмектің жедел-жүктері, бұқаралық ақпарат құралдары үшін хабар және материалдар және осындай басқа да тауарларды кеден одағының кеден аумағына әкелу және осы аумақтан әкету кезінде кедендік декларация ұсынуды алдындағы кедендік операциялар бірінші кезекте жүргізіледі.

      151-бап. Тауарларды кедендік шекара арқылы өткізу
               орындары

      Кеден одағына мүше мемлекеттердің мемлекеттік (кедендік) шекаралары арқылы өткізу пункттері немесе кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен анықталған өзге орындар тауарларды кедендік шекара арқылы өткізу орындары болып табылады.

      152-бап. Тауарларды кедендік шекара арқылы өткізу кезінде
               тыйым салулар мен шектеулерді сақтау

      1. Егер осы Кодекспен, кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарымен, Кеден одағы комиссиясының шешімімен және осындай тыйым салулар мен шектеулер кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес шығарылған кеден одағына мүше мемлекеттердің нормативтік-құқықтық актілерімен бекітілмесе, тауарларды кедендік шекара арқылы өткізу тыйым салулар мен шектеулерді сақтау арқылы жүзеге асырылады.
      2. Кеден одағының кеден аумағына әкелуге тыйым салынған, кеден одағының кеден аумағына әкелінген тауарлар егер өзгеше кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен және (немесе) халықаралық шарттарымен көзделмесе, кеден одағының кеден аумағынан тез арада әкетуге жатады.
      Егер өзгеше кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен және (немесе) халықаралық шарттарымен көрсетілген тауарларды әкету бойынша шаралар қабылдау тасымалдаушыға немесе олардың меншік иесіне, көзделмесе жүктеледі.
      3. Егер өзгеше кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарымен көзделмесе кеден одағының кеден аумағынан әкетуге тыйым салынған тауарлар, кеден одағының кеден аумағынан әкетуге жатады.
      4. Егер әкелу немесе әкетуге шектеу салынған тауарларды кеден одағының кеден аумағына әкелу немесе мұндай аумақтан әкету кезінде шектеулерді сақтауды растайтын құжаттар ұсынылмаса, осы баптың 2 және 3-тармақтарының ережелері қолданылады.
      5. Осы баптың 2 және 4-тармақтарында көрсетілген тауарларды әкетуге мүмкін болмаған немесе оларды тез арада әкетуді жүзеге асырмау жағдайда бұл тауарлар осы Кодекстің 21-тарауына сәйкес ұстауға жатады.
      Ескерту. 152-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      153-бап. Кедендік шекара арқылы өтетін тауарларды
               пайдалану және (немесе) билік ету

      1. Кедендік шекара арқылы өтетін тауарларды пайдалану және (немесе) билік ету оларды кеден органы шығарғанға дейін кеден одағының кеден заңнамасымен бекітілген тәртіппен және шартпен жүзеге асырылады.
      2. Оларды шығарғаннан кейін тауарларды пайдалану және (немесе) билік етуді кеден органы мәлімдеген кедендік рәсім шарттарына сәйкес немесе осы Кодекске сәйкес кедендік режимдерге орналастыруға жатпайтын тауарлардың жекелеген санаттары үшін белгіленген шарттарға сәйкес жүзеге асырады.
      Ескерту. 153-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      154-бап. Жарамсыз, бұзылған немесе зақымданған тауарлар

      Кеден одағының кеден аумағына әкелінген жарамсыз, бұзылған немесе апат немесе оларды кедендік рәсімдеуге орналастырумен байланысты, соның ішінде оларды уақытша сақтау кезінде кедендік операциялар жасағанға дейін, сондай-ақ кедендік тасымалдаудың кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау кезінде зақымданған тауарлар одан әрі оларға қатысты кедендік операциялар жасау кезінде кеден одағына жарамсыз, бұзылған немесе зақымданған түрде әкелінген деп қаралады.

      155-бап. Мүдделі тұлғалардың сынамалар мен үлгілерді алуы

      1. Мүдделі тұлғалар мен бақылаушы мемлекеттік органдар кеден органының рұқсатымен осы Кодекс және (немесе) Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен бекітілген жағдайларда тауарлардың сынамасы мен үлгілерін іріктеп алуға құқылы.
      2. Кеден органы тауарлардан сынама мен үлгілерді алуға рұқсат береді, егер:
      1) кедендік бақылауды өткізуге қиындық туғызбаса;
      2) тауарлардың сипаттарын өзгертпесе;
      3) кедендік төлемдер мен салықтар төлеуден бас тарту немесе тыйым салулар мен шектеулерді сақтамауға әкелмесе.
      3. Сынамалар мен үлгілерге жеке кедендік декларация олар тауарға арналған декларацияда көрсетіледі деген шартпен берілмейді.
      Ескерту. 155-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

23-тарау. Тауарлардың кеден одағының кедендік аумағына келуі

      156-бап. Тауарлардың кеден одағының кедендік аумағына
               келу орны және уақыты

      1. Тауарлардың кеден одағының кедендік аумағына келуі тауарлардың кедендік шекара арқылы өткізу орындарында (бұдан әрі - келу орны) және кеден органдарының осы орындарды жұмыс істеуі кезінде жүзеге асырылады.
      Тауарлардың жеке санаттары кеден одағының кеден аумағына кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен анықталған келу орындарына ғана келуі мүмкін.
      Тауарлар кеден одағының кеден аумағына кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен анықталған жағдайлар және тәртіппен келу орны болып табылмайтын басқа да орындарға келуі мүмкін.
      Кеден органы келу орнының тізбесін Кеден одағының комиссиясына жариялау үшін, соның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы жіберіледі.
      2. Кедендік шекарадан өткеннен кейін тасымалдаушы әкелінген тауарларды келу орнына немесе осы баптың 1-тармағында көрсетілген басқа орындарға жеткізіп, кеден органына ұсынуы тиіс. Бұл ретте тауарлардың жағдайын өзгертуге немесе олардың орамасын бұзуға, салынған пломбаларды, мөрлерді және өзге де сәйкестендіру құралдарын өзгертуге, өшіруге, жоюға немесе зақымдауға болмайды.
      3. Кеден органдары келу орындары, бекітілген шектеулер және кеден органдарының жұмыс уақыты туралы ақпаратты, соның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы ұсынуға міндетті.
      4. Осы тараудың ережелері кеден одағының кедендік аумағында орналастырылған портқа немесе әуежайға тоқтамастан кеден одағының кедендік шекарасынан өтетін су және әуе кемелерімен өтетін, сондай-ақ құбыр тасымалы мен электр беру желілерімен өткізілетін тауарларға жатпайды.
      Ескерту. 156-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      157-бап. Апат немесе еңсерілмейтін күштің әсері кезінде
               қолданылатын шаралар

      1. Апат немесе еңсерілмейтін күштің әсері жағдайларында, сондай-ақ су немесе әуе кемесі кеден одағының кеден аумағында мәжбүрлі түрде аялдама жасаса немесе қонса, тасымалдаушы тауарлар мен көлік құралдарының сақталуын қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қолдануға және ең жақын кеден органына осы мән-жайлар мен тауарлардың тұрған жері туралы дереу хабарлауға, сондай-ақ тауарларды жақын кеден органына немесе кеден органы көрсеткен басқа орынға апаруға (егер олардың халықаралық тасымалдау көлік құралы зақымданған болса) немесе оларды тасымалдауға міндетті.
      2. Тасымалдаушыларда осы баптың талаптарын сақтауға байланысты туындаған шығыстарды кеден органдары өтемейді.
      Ескерту. 157-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      158-бап. Тауарлардың кеден одағының кеден аумағына келуі
               туралы хабарлама

      1. Тасымалдаушы осы Кодекстің 159-бабында көзделген құжаттар мен мәліметтерді ұсыну арқылы тауарларды тасымалдау жүзеге асырылатын көліктің түріне байланысты кеден одағының кеден аумағына келу туралы хабарлауға міндетті.
      Құжаттарды тасымалдаушының атынан кедендік өкіл немесе тасымалдаушы тапсырмасы бойынша әрекет ететін өзге де тұлға, егер бұл кеден одағына қатысушы мемлекеттің заңнамасына сәйкес рұқсат етілсе, ұсынуы мүмкін.
      2. Тасымалдаушы, кедендік өкіл не өзге де мүдделі тұлға кеден органына тауарлар кеден одағының кедендік аумағына іс жүзінде келгенге дейін олар туралы алдын ала ақпарат беруге құқылы. Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында және (немесе) халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда тасымалдаушы тауарлар туралы алдын ала ақпарат беруге міндетті.
      3. Тасымалдаушы құжаттарды электрондық түрде ұсынуға құқылы.
      4. Аумағына тауар келіп түскен Кеден одағына мүше мемлекеттің мемлекеттік тілі болып табылмайтын тілде құрастырылған құжаттарды ұсыну кезінде мұндай құжаттардағы мәліметтерді аудармашы немесе өзге мүдделі тұлға аудармамен қамтамасыз етеді.
      Ескерту. 158-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      159-бап. Тауарларды тасымалдауды жүзеге асыратын көлік
               құралының түріне байланысты кеден органына
               ұсынылатын құжаттар мен мәліметтер

      1. Кеден одағының кеден аумағына тауарлар келген кезде тасымалдаушы мына құжаттар мен мәліметтерді ұсынуға тиіс:
      1) автомобиль көлігімен халықаралық тасымалдау кезінде:
      құжаттар:
      халықаралық тасымалдау көлік құралының құжаттары;
      көліктік (тасымалдау) құжаттары;
      Дүниежүзілік почта одағының актілерімен анықталған оларды тасымалдау кезінде халықаралық пошта жөнелтілімдерінің ілеспе құжаты;
      тасымалдаушыда бар тасымалданушы тауарға коммерциялық құжаттар;
      мәліметтер:
      халықаралық тасымалдау көлік құралының мемлекеттік тіркелуі туралы;
      тауарларды тасымалдаушының атауы және мекен-жайы;
      тасымалдаушыда бұл коммерциялық құжаттарға сәйкес тауарларды сатушы және алушы туралы;
      жүк орындарының саны, олардың таңбалануы және тауарлардың орамаларының түрлері туралы;
      Тауарларды бейнелеу және кодтаудың үйлестірілген жүйесіне немесе бірінші төрт белгіден аз емес деңгейде сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес тауарлардың атауы, сондай-ақ кодтары;
      тауарлардың жалпы салмағы (кг), не ірі габариттік жүкті қоспағанда тауарлардың көлемі (текше метр);
      кеден одағының кеден аумағына әкелуге тыйым салынған немесе шектеу қойылған тауарлардың болуы туралы;
      халықаралық автомобиль жүк құжаттамасын жасау орны және күні:
      2) халықаралық кеме арқылы тасымалдау кезінде:
      құжаттар:
      жалпы декларация;
      жүк туралы декларация;
      кеме керек-жарақтары туралы декларация;
      кеме экипажының жеке заттары туралы декларация;
      кеменің рөлі;
      жолаушылар тізімі;
      Дүниежүзілік почта одағының актілерімен анықталған оларды тасымалдау кезінде халықаралық пошта жөнелтілімдерінің ілеспе құжаты;
      көліктік (тасымалдау) құжаттары;
      тасымалдаушыда бар тасымалданушы тауарға коммерциялық құжаттар;
      мәліметтер:
      кеменің және оның ұлттық тиесілілігінің тіркелуі;
      кеменің атауы және сипаттамасы;
      капитанның аты-жөні;
      кеме агентінің аты-жөні және мекен-жайы;
      кемедегі жолаушылардың саны, олардың аты-жөні, азаматтығы, туған күні және орны, отырғызу және түсіру порты;
      экипаж мүшелерінің саны және құрамы;
      кеменің жөнелтілетін және кіретін портының атауы;
      тауарлардың атауы, жалпы саны және сипаттамасы;
      жүк орындарының саны, олардың таңбалануы және тауарлардың орамасының түрлері туралы;
      тауарларды тиейтін және түсіретін порттың атауы;
      осы портта түсіруге жататын тауарларға теңіз (өзен) шартының болуын және мазмұнын растайтын коносаменттердің немесе өзге құжаттардың нөмірі;
      бортта қалған тауарларды түсірген порттың атауы;
      тауарларды жіберуші бірінші порттардың атауы;
      кемедегі кеме керек-жарақтарының атауы, олардың санын көрсету;
      тауарлардың кемеде орналасуын сипаттау;
      кеме бортында халықаралық пошта жөнелтілімдерінің болуы (болмауы туралы);
      кеме бортында кеден одағының кедендік аумағына әкелуге тыйым салынған немесе шектеу қойылған тауарлардың, құрамында есірткі, қатты әсер ететін заттар, психотроптық және улы заттар бар дәрілік заттардың болуы (болмауы) туралы;
      кеменің бортында қару-жарақ, оқ-дәріні қосқанда қауіпті тауарлардың болуы (болмауы) туралы;
      3) әуе көлігімен халықаралық тасымалдау кезінде:
      құжаттар:
      азаматтық авиация саласындағы (бас декларация) халықаралық шартпен көзделген тасымалдаушының стандарттық құжаты;
      әуе кемесінің бортында өткізілетін тауарлар туралы мәліметтерден тұратын құжат (жүк құжаттамасы);
      борттық керек-жарақ туралы мәліметтерді құрайтын құжат;
      көліктік (тасымалдау) құжаттары;
      тасымалдаушының өткізілетін тауарға коммерциялық құжаттары;
      бортта тасымалданатын жолаушылар және олардың жүгі туралы мәліметтерді құрайтын құжат (жолаушы декларациясы);
      дүниежүзілік почта одағының актілерімен анықталған оларды тасымалдау кезінде халықаралық почта жөнелтілімдерінің ілеспе құжаты;
      мәліметтер:
      ұлттық тиесілік белгілері және кеменің тіркеу белгілерін көрсету;
      рейстің нөмірі, ұшудың бағытын, ұшу пунктін, кеменің келу пунктін көрсету;
      кеменің пайдаланушысының атауы;
      экипаж мүшелерінің саны;
      кемедегі жолаушылар саны, олардың аты-жөні, отырғызу және түсіру пункттерінің атауы;
      тауарлардың атауы;
      жүк құжаттамасының нөмірі, әр жүк құжаттамасы бойынша орындардың саны;
      тауарларды тиеу және түсіру пунктінің атауы;
      кемеге тиелген немесе одан түсірілген борттық керек-жарақтар туралы;
      кемеде халықаралық пошта жөнелтілімдерінің болуы (болмауы) туралы;
      кеме бортында кеден одағының кедендік аумағына әкелуге тыйым салынған немесе шектеу қойылған тауарлардың, құрамында есірткі, қатты әсер ететін заттар, психотроптық және улы заттар бар дәрілік заттардың болуы (болмауы) туралы;
      4) теміржол көлігі арқылы халықаралық тасымалдау кезінде:
      құжаттар:
      көліктік (тасымалдау) құжаттары;
      теміржол жылжыма құрамына тапсырылатын құжаттама;
      оқ-дәрі туралы мәліметтерді құрайтын құжат;
      Бүкіләлемдік пошта одағының актілерімен анықталған оларды тасымалдау кезінде халықаралық пошта жөнелтілімдерінің ілеспе құжаты;
      тасымалдаушының өткізілетін тауарға коммерциялық құжаттары;
      мәліметтер:
      тауарларды жіберушінің атауы және мекен-жайы;
      тауарларды алушының атауы және мекен-жайы;
      тауарды жіберуші станцияның және тауардың межелі станциясының атауы;
      жүк орындарының саны, олардың таңбалануы және тауарлардың орамасының түрлері туралы;
      Тауарларды бейнелеу және кодтаудың үйлестірілген жүйесіне немесе бірінші төрт белгіден аз емес деңгейде сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауарлардың атауы, сондай-ақ кодтары;
      тауарлардың брутто салмағы (кг);
      контейнерлердің сәйкестірілген нөмірі.
      2. Тасымалдау жүргізілетін көлік құралының түріне қарамастан кеден органын кеден одағының кеден аумағына тауардың келуі туралы хабардар еткен кезде осы Кодекстің 152-бабының 1-тармағына сәйкес тарифтік емес реттеу шараларынан тыс тыйым салулар мен шектеулерді сақтауды растайтын құжаттар ұсынылады.
      Ескерту. 159-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      160-бап. Келетін жерде жасалатын кедендік операциялар

      1. Келетін жерде тауарларды түсіру, қайта тиеу (ауыстырып тиеу), сонымен қатар тауарды кеден одағының кедендік аумағына, басқа көлік құралына жеткізген көлік құралын ауыстыру жүзеге асырылуы мүмкін.
      2. Тауарларды түсіру, қайта тиеу (ауыстырып тиеу), кеден одағының кедендік аумағына, басқа көлік құралына жеткізген көлік құралын ауыстыру кеден органының жұмыс уақытында және мүдделі тұлғаның сұрауы бойынша берілген арнайы сол мақсаттар үшін белгіленген жерлерде жүзеге асырылады.
      3. Келетін жерлерде тауарларды уақытша сақтау, оларды кедендік декларациялау және мәлімделген кедендік рәсімдеуге сәйкес шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасауға болады.
      4. Егер кеден одағының кеден заңнамасымен немесе кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен теміржол немесе су көліктермен тасымалданатын тауарларға қатысты басқа мерзім белгіленбесе, тасымалдаушы және басқа да мүдделі тұлға уақытша сақтауға орналастыру немесе кедендік рәсімдеуге сәйкес оларды кедендік декларациялауға байланысты тауарларды кеден органына жеткізу орнына ұсынғаннан кейін 3 (үш) сағат ішінде, кедендік операцияларды жасауға міндетті.
      5. Тауарларды әкелу жерінен кеден органы белгілеген жерге жеткізу егер осындай тауарлар жеткізу орындарында өзге де кедендік рәсімдеуге орналастырылмаса немесе кеден одағының кеден заңнамасымен көзделген оларға қатысты басқа кедендік операциялар жасалмаса, кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес жүзеге асырылады.

      161-бап. Тауарлардың кеден аумағына келуі кезінде әкелу
               кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша
               міндеттіліктің пайда болуы мен тоқтатылуы және
               оларды төлеу мерзімі

      1. Кеден одағының кедендік аумағына тауарлар келген кезде әкелу кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет тасымалдаушыда кедендік шекарадан өту сәтінде пайда болады.
      2. Кеден одағының кедендік аумағына тауарлар келген кезде әкелу кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттілік тасымалдаушыда:
      1) тауарларды келу орнына жеткізу және уақытша сақтау қоймасына немесе келу орнында кедендік ресімдеуге орналастыру, сондай-ақ егер осы тауарлар кеден одағының кедендік аумағына келгеннен кейін кедендік шекара арқылы тауарларды өткізу орнын тастамаса;
      2) Осы Кодекстің 80-бабының 2-тармағымен көрсетілген кездерде тоқтатылады.
      3. Тауарлар кеден одағының кедендік аумағына келген кезде әкелу кедендік баждардың, салықтардың төлеу мерзімі болып:
      1) тауарларды келетін жеріне әкелмеген кезде - тауарлардың кедендік шекарадан кесіп өту күні, ал сол күн анықталмаса - тауарлардың келетін жеріне жеткізілмеу фактісі анықталған күні;
      2) келетін жерде тауарларды жоғалту кезінде, жою (біржола жоғалтуды), не апаттың салдарынан болған немесе еңсерілмейтін күш әсерін қоспағанда, немесе тасымалдаудың қалыпты жағдайында табиғи көмуге (тасымалдаудың) және сақтауға байланысты - тауарлардың шекарадан өту күні, ал егер де мұндай күн анықталмаса - тауарлардың жоғалу фактісі анықталған күні;
      3) уақытша сақтауға орналастырмастан немесе оларды жеткізу орнына кедендік рәсімдеуге қоймастан тауарларды Кеден одағының қалған бөлігіне жеткізу орындарынан әкету кезінде - тауарлардың кедендік шекарадан кесіп өту күні, ал егер де мұндай күн анықталмаса - тауарлар жоғалған фактісі анықталған күн есептеледі.
      4. Әкелу кедендік баждар, салықтар кедендік баждардың, салықтардың ставкалары, кедендік құн, олардың табиғи көріністегі физикалық сипаты (мөлшері, массасы, көлемі немесе өзге де сипаттамасы) және кедендік баждар мен салықтарды төлеуге жататын кеден одағына мүше мемлекеттің тауарларды кедендік шекарадан өткізу күні, егер бұл күн анықталмаса, тауарларды келу жеріне жеткізбеу, оларды келу жерінен жоғалту не уақытша сақтауға орналастырмастан немесе оларды келу жерінде кедендік рәсімге орналастырмастан, кеден одағының кедендік аумағына келу жерінен әкету фактісі анықталған күні қолданыста болған заңнамасына сәйкес белгіленетін валюта бағамы негізінен есептелетін, тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімінде орналастырған кезде төленуі тиіс әкелінім кедендік баждарының сомаларына сәйкес келетін көлемде төленуі тиіс.

24-тарау. Тауарлардың кеден одағының кедендік аумағынан шығуы

      162-бап. Тауарлардың кеден одағының кедендік аумағынан
               шығу орны мен уақыты

      1. Тауарлардың кеден одағының кедендік аумағынан шығуы тауарларды кедендік шекара арқылы өткізу орындарында (бұдан әрі - шығу орындары) және кеден органдарының осы жерлерде жұмыс жасауы кезінде жүзеге асырылады.
      Тауарлардың жекелеген санаттары кеден одағының кедендік аумағынан кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен айқындалған кету орындарында ғана шығуы мүмкін.
      Тауарлар кеден одағының кедендік аумағынан кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен айқындалған жағдайлар мен тәртіпте кету орны болып табылмайтын басқа орындардан шығуы мүмкін.
      Шығу орындарының тізбесін кеден органдары жариялау үшін, оның ішінде ақпараттық технологияларды қолдана отырып, Кеден одағының комиссиясына жолданады.
      2. Кеден органдары шығу орындары, белгіленген шектеулер және кеден органдарының жұмыс уақыты туралы ақпаратты, оның ішінде ақпараттық технологияларды қолдана отырып, ұсынуы міндетті.
      3. Осы тараудың ережелері су немесе әуе кемелерімен тасымалданатын кеден одағының кедендік аумағын кеден одағының кедендік аумағында орналасқан портта немесе әуежайда тоқтамай кесіп өтетін, сондай-ақ құбыр тасымалымен және электр беру желілері арқылы өткізілетін тауарларға таралмайды.
      Ескерту. 162-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      163-бап. Шығу орындарында жасалатын кедендік операциялар

      1. Тауарлардың кеден одағының кедендік аумағынан шығуы үшін тасымалдаушы кеден органына кедендік декларацияны не оларды кеден одағының кедендік аумағынан шығаруды рұқсат ететін басқа құжатты, сондай-ақ тауарлар тасымалы жүзеге асырылатын көлік түріне байланысты, егер осы Кодекспен басқадай көзделмеген жағдайда, осы Кодекстің 159-бабында қарастырылған құжаттар мен мәліметтерді ұсынуға міндетті.
      Тауарлардың кеден одағының кедендік аумағынан шығуы үшін, тауарлар тасымалы жүзеге асырылатын көлік түріне қарамастан, кеден органына тыйымдар мен шектеулердің сақталуын растайтын құжаттар осы Кодекстің 152-бабының 1-тармағына сәйкес ұсынылады.
      Кедендік декларация, не тауарларды кеден одағының кедендік аумағынан шығаруды рұқсат ететін басқа құжат, егер осы тауарлар кеден одағының кедендік аумағына келгеннен кейін кедендік шекара арқылы тауарларды өткізу орнынан кетпеген жағдайда, тауарлардың кеден одағының кедендік аумағынан шығуы үшін ұсынылмайды.
      2. Тасымалдаушы құжаттарды электрондық құжат түрінде ұсынуға құқылы.
      3. Тасымалдаушының атынан, егер бұл кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес рұқсат етілген жағдайда, құжаттарды кедендік уәкіл не тасымалдаушының тапсырмасы бойынша әрекет ететін басқа тұлғалар ұсынуы мүмкін.
      4. Тауарлардың кеден одағының кедендік аумағынан шығуы кеден органының рұқсат етуімен жүзеге асырылады.
      Тауарлардың кеден одағының кедендік аумағынан шығуын рұқсат ету кедендік декларацияда, не олардың кеден одағының кедендік аумағынан шығуына рұқсат ететін басқа құжатта және көліктік (тасымал) құжаттарында кеден органының тиісті белгілерін қою арқылы ресімделеді.
      Ескерту. 163-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      164-бап. Тауарларға кеден одағының кедендік аумағынан
               шығатын кезде қойылатын талаптар

      1. Осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, егер осы тауарлар кедендік шекара арқылы тауарларды өткізу орнынан әкетілмеген болса, тауарлар кеден одағының кедендік аумағынан олар белгілі бір кедендік рәсімге орналастырылған сәттегідей не кеден одағының кедендік аумағына келген сәттегідей санда және жай-күйде әкетілуге тиіс.
      Тасымалдаудың, көлікпен тасудың және сақтаудың қалыпты жағдайларында тауарлардың тозуының немесе кемуінің салдарынан не табиғи қасиеттерінің өзгеруі салдарынан осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарлар санының және (немесе) жай-күйінің өзгеруіне, сондай-ақ көлік құралында төгілмей қалатын қалдықтардың болуы салдарынан тауарлар санының өзгеруіне жол беріледі.
      2. Тұлғалар, тауарлардың кемуі не қалпының өзгеруі, апаттың не еңсерілмейтін күштің әсері салдарынан болған жағдайда, ал кеден одағына мүше мемлекеттерде әрекет ететін техникалық регламент пен стандарттарда қарастырылған - өлшеу әдістеріндегі олқылықтар салдарынан тауарлар саны туралы мәліметтер өзгерген жағдайда, осы баптың ережелері сақталмағаны үшін жауапты болмайды.
      3. Кеден одағының тауарлары кеден одағының кедендік аумағынан олар белгілі бір кедендік рәсімге орналастырылған кезде мәлімделген мөлшерінен аз мөлшерде, тауарлар санының азаю себептеріне қарамастан, әкетілуі мүмкін.
      Ескерту. 164-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      165-бап. Апаттың не еңсерілмейтін күштің әсері немесе
               басқа жағдайлар кезінде қолданылатын шаралар

      1. Егер тауарларды шығу орнынан кедендік шекараны нақты кесіп өткен жеріне дейін жеткізу апаттың, еңсерілмейтін күштің не тауарды осылай жеткізуге кедергі келтіретін басқа жағдайлардың салдарынан тоқтап қалса, тасымалдаушы тауарлардың бүтіндігін қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қолдануға, осы жағдайлар және тауарлардың тұрған орны туралы ең жақын кеден органына дереу хабарлауға, сондай-ақ тауарларды ең жақын кеден органына немесе кеден органы көрсеткен өзге орынға тасуға немесе тасымалдауды (егер олардың халықаралық тасымалдау көлік құралы бұзылған жағдайда) қамтамасыз етуге міндетті.
      2. Тасымалдаушыларда немесе басқа тұлғаларда осы баптың талаптарын сақтауға байланысты туындаған шығыстарын кеден органдары өтемейді.

      166-бап. Кеден одағының кедендік аумағынан шетелдік
               тауарлар шыққан кезде кедендік әкелу баждарын,
               салықтарды төлеу бойынша міндеттемелердің пайда
               болуы мен тоқтатылуы және оларды төлеу мерзімі

      1. Кеден одағының кедендік аумағынан шетелдік тауарлар шыққан кезде тасымалдаушыда кедендік әкелу бажын, салықтарды төлеу бойынша міндеттеме кеден органы тауардың кеден одағының кедендік аумағынан шығуына рұқсат берген сәттен пайда болады.
      2. Кеден одағының кедендік аумағынан шетелдік тауарлар шыққан кезде тасымалдаушыда кедендік әкелу бажын, салықтарды төлеу бойынша міндеттеме:
      1) тауарлар кедендік шекараны нақты іс жүзінде кесіп өткен кезде;
      2) осы Кодекстің 80-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларда тоқтатылады.
      3. Кеден одағының кедендік аумағынан шетелдік тауарлар шыққан кезде, егер кедендік шекараны нақты кесіп өткенге дейін тауарлар жоғалған болса, апаттың немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жойылған (қайтарымсыз жоғалған), не тасу, тасымалдау мен сақтаудың қалыпты жағдайлары кезіндегі табиғи кему салдарынан жойылуын қоспағанда, тауар жоғалған күн - кедендік әкелу бажын, салықтарды төлеу мерзімі болып саналады, ал егер ол күн белгісіз болса - кеден одағының кедендік аумағынан тауардың шығуына рұқсат берген күн болып саналады.
      4. Кедендік әкелу баждары, салықтар тауарды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімге орналастыру кезінде төленетін, кедендік баж алымдарының, салықтардың, кедендік құнның, олардың заттай мәндегі оның физикалық сипаттамасы (саны, массасы, көлемі немесе басқа сипаттамасы) және валюталар бағамы тұрғысынан есептелген кедендік әкелу бажының, салықтардың сомаларына сәйкес, кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленетін тауар жоғалған күні, ал ол күн белгісіз болған жағдайда - тауардың кедендік аумақтан шығуына кеден органы рұқсат берген күні қолданыста болған мөлшерде төленуі тиіс.

25-тарау. Тауарларды уақытша сақтау

      167-бап. Тауарларды уақытша сақтау туралы жалпы ережелер

      1. Тауарларды уақытша сақтау – шетелдік тауарларды кедендік бақылауға алып, уақытша сақтау орындарында мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес кеден органы шығарғанға дейін не кеден одағының кеден заңнамасында көзделген басқа әрекеттерді жасағанға дейін кедендік баждар мен салықтарды төлеусіз сақтау.
      2. Тауарларды уақытша сақтау құбыр тасымалымен және электр беру желiлерi арқылы тасымалданатын тауарларға қатысты, сондай-ақ кеден одағының кеден заңнамасында көзделген басқа жағдайларда қолданылмайды.
      3. Тауарларға қатысты уәкілеттілігі бар тұлғалардың, немесе олардың өкілдерінің уақытша сақтауда тұрған тауарларды қолдануға, оның ішінде оларды уақытша сақтау аумағынан мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес шығарғанға дейін не осы Кодексте көзделген басқа әрекеттер жасалғанға дейін құқығы жоқ.

      168-бап. Тауарларды уақытша сақтау орындары

      1. Уақытша сақтау қоймалары және кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес басқа орындар уақытша сақтау орындары болып табылады (бұдан әрі – уақытша сақтау орындары).
      Уақытша сақтау орындары олардың орналасуы, жайғастырылуы және жабдықталуы бойынша кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес болуы тиіс.
      2. Уақытша сақтау орындары кедендік бақылау аймағы болып табылады.
      3. Басқа тауарларға зиян келтіруі мүмкін немесе ерекше сақтау жағдайларын талап ететін тауарлар, ондай тауарларды сақтауға арнайы бейімделген уақытша сақтау орындарында сақталуы қажет.
      4. Тауарлардың уақытша сақтау орындарында орналасуы кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалған тәртіппен расталады.

      169-бап. Тауарларды уақытша сақтауға арналған жайларға
               байланысты кедендік операциялар

      1. Тауарларды уақытша сақтауға орналған жайлар үшін тасымалдаушы, тауарларға қатысты уәкілеттілігі бар тұлғалар, олардың өкілдері кеден органына көлік (тасымал), коммерциялық және (немесе) тауар, тауарды жөнелтуші (алушы), жөнелтуші (межелі) елі туралы мәліметтері бар кедендік құжаттарды ұсынады.
      Мұндай құжаттар кеден органына электронды құжаттар түрінде ұсынылуы мүмкін.
      2. Кеден органы тауарды уақытша сақтауға орналған жайлар үшін ұсынылған құжаттарды мұндай құжаттарды кеден органына тапсырғаннан кейін 1 (бір) сағаттан аспайтын мерзімде тіркейді және осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлғаға құжаттарды тіркеу туралы растауды береді.
      3. Кеден органы тауарды уақытша сақтауға орналған жайлар үшін ұсынылған құжаттарды тіркеген күнінен бастап тауарлар уақытша сақтауда орналасқан болып есептеледі.
      Ескерту. 169-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      170-бап. Тауарларды уақытша сақтау мерзімі

      1. Тауарларды уақытша сақтау мерзімі екі айды құрайды.
      2. Тауарларға қатысты өкілеттігі бар тұлғаның немесе оның өкілінің жазбаша өтініші бойынша кеден органы көрсетілген мерзімді ұзартады.
      Тауарларды уақытша сақтаудың шекті мерзімі 4 (төрт) айдан, ал халықаралық почталық алмасу орындарында (мекемелерінде) сақтаудағы халықаралық почта жөнелтілімдеріне, сондай-ақ жолаушы алмаған немесе талап етпеген, әуе көлігімен тасымалданатын багажға қатысты - 6 (алты) айдан аспауы тиіс.
      Тауарлардың жекелеген санаттары үшін Кеден одағы комиссиясының шешімімен осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімнен аз уақытша сақтау мерзімі белгіленуі мүмкін.
      3. Тауарларды уақытша сақтау мерзімі тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеген күнінен кейінгі күннен бастап есептеледі.
      4. Тауарларды уақытша сақтау мерзімі аяқталғаннан соң кедендік рәсімге орналастырылмаған тауарларды осы Кодекстің 21-тарауына сәйкес кеден органы кідіртеді.
      Ескерту. 170-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      171-бап. Уақытша сақтауда тұрған тауарлармен жасалатын
               операциялар

      1. Тауарларға қатысты өкілеттілігі бар тұлғалар немесе олардың өкілдері уақытша сақтауда тұрған тауарлармен оларды өзгермейтін қалпында сақталуын қамтамасыз ету үшін қажет кәдімгі операцияларды, оның ішінде тауарларды қарау, өлшеу, оларды уақытша сақтау орны шегінде ауыстыруды жасауға құқылы.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілмеген операциялар, оның ішінде тауарлардың сынамалары мен үлгілерін алу, бұзылған ораманы түзету, сондай-ақ тауарларды кейіннен тасымалдауға дайындау үшін қажет операциялар кеден органының рұқсатымен жүргізілуі мүмкін.
      Егер оларды жүзеге асыру тауарды жоюға немесе оның қалпын өзгертуге әкеп соқтыратын болса, кеден органы мұндай операцияларды жүргізуге рұқсат беруден бас тартады.

      172-бап. Тауарларды уақытша сақтау кезінде кедендік әкелу
               бажын, салықтарды төлеу бойынша міндеттемелердің
               пайда болуы мен тоқтатылуы және оларды төлеу
               мерзімі

      1. Уақытша сақтауға орналастырылатын шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу бажын, салықтарды төлеу бойынша міндеттеме:
      1) тасымалдаушыда немесе тауарларды уақытша сақтау үшін ұсынылған құжаттарды тіркеген сәтте тауарларға қатысты уәкілеттігі бар басқа тұлғада – кеден органы бұл құжаттарды тіркеген сәттен бастап;
      2) уақытша сақтау қоймасының иесінде – тауарларды уақытша сақтау қоймасында орналастырған сәттен бастап;
      3) уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орындарда тауарларды уақытша сақтауды жүзеге асырушы тұлғада - кеден органы тауарды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеген күннен бастап пайда болады.
      2. Уақытша сақтауға орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу бажын, салықтарды төлеу бойынша міндеттеме:
      1) тасымалдаушыда немесе тауарларды уақытша сақтау үшін ұсынылған құжаттарды тіркеген сәтте тауарларға қатысты өкілеттігі бар басқа тұлғада - тауарларды уақытша сақтау қоймасында орналастырған кезде не уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орындарда уақытша сақтауға басқа тұлға қабылдаған кезде;
      2) уақытша сақтау қоймасының иесінде – тауарды уақытша сақтау қоймасынан кедендік рәсімге орналастыруға байланысты берген кезде;
      3) тауарды кедендік рәсімге орналастырған кезде - уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орындарда тауарларды уақытша сақтауды жүзеге асырушы тұлғада;
      4) осы тармақтың 1) – 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларда – тауарлар осы Кодекстің 21-тарауына сәйкес, сондай-ақ осы Кодекстің 80-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларда ұсталғанда тоқтатылады.
      3. Тауарларды уақытша сақтаған кезде кедендік әкелу бажын, салықтарды төлеу мерзімі:
      1) тасымалдаушыда немесе тауарларды уақытша сақтау үшін ұсынылған құжаттарды тіркеген сәтте тауарларға қатысты уәкілеттігі бар басқа тұлғада – бұл құжаттарды тіркеген сәттен бастап:
      уақытша сақтауға орналастырылған тауарлар оларды уақытша сақтау қоймасына орналастырғанға дейін жоғалған не оларды тұлға уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында уақытша сақтауға алған жағдайда, апаттың немесе еңсерілмейтін күш әсерiнiң салдарынан жойылған (қайтарымсыз жоғалған), не тасу, тасымалдау мен сақтаудың қалыпты жағдайлары кезiндегi табиғи кему салдарынан жойылуын қоспағанда, тауар жоғалған күн - кедендік әкелу бажын, салықтарды төлеу мерзімі болып есептеледі, ал егер ол күн белгісіз болса – тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды кеден органында тіркелген күн;
      уақытша сақтауға орналастырылған тауарлар алушыға немесе басқа тұлғаға кеден органының рұқсатынсыз оларды уақытша сақтау қоймасында орналастырғанға дейін, не оларды тұлға уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында уақытша сақтауға алған жағдайда, – оларды тапсырған күн, ал егер ол күн белгісіз болса – тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды кеден органында тіркеу күні;
      2) уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орындарда тауарларды уақытша сақтауды жүзеге асырушы тұлғада:
      уақытша сақтауға орналастырылған тауарлар оларды уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында орналастырғанға дейін жоғалған жағдайда, апаттың немесе еңсерілмейтін күш әсерiнiң салдарынан жойылған (қайтарымсыз жоғалған), не тасу (тасымалдау) мен сақтаудың қалыпты жағдайлары кезiндегi табиғи кему салдарынан жойылуын қоспағанда, тауар жоғалған күн, ал егер ол күн белгісіз болса – тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды кеден органында тіркелген күн;
      уақытша сақтауға орналастырылған тауарлар алушыға немесе басқа тұлғаға кеден органының рұқсатынсыз оларды уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында уақытша сақтауға алған жағдайда, – осы тапсырған күн, ал егер ол күн белгісіз болса – тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттар кеден органында тіркелген күн;
      3) уақытша сақтау қоймасының иесінде, не уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында тауарды уақытша сақтауды жүзеге асырушы тұлғада:
      уақытша сақтау қоймасында, не уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында сақталып тұрған тауарлар жоғалған жағдайда, апаттың немесе еңсерілмейтін күш әсерiнiң салдарынан жойылған (қайтарымсыз жоғалған), не тасу (тасымалдау) мен сақтаудың қалыпты жағдайлары кезiндегi табиғи кему салдарынан жойылуын қоспағанда, тауар жоғалған күн, ал егер ол күн белгісіз болса – тауарларды уақытша сақтау қоймасында, не уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында орналастырылған күн;
      уақытша сақтауға орналастырылған тауарлар алушыға немесе басқа тұлғаға кеден органының рұқсатынсыз оларды уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында уақытша сақтауға берген жағдайда, – осы тапсырған күн, ал егер ол күн белгісіз болса – тауарларды уақытша сақтау қоймасында, не уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында орналастырылған күн;
      тауарларды алушының қоймасында сақталып тұрған тауарларды уақытша сақтау мақсатынан басқаша пайдаланған жағдайда – осылай қолданған күні, ал егер ол күн белгісіз болса - тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттар кеден органында тіркелген күн болып есептеледі.
      4. Кедендік әкелу баждары, салықтар, осы баптың 3-тармағында белгіленген жағдайларда, тауарды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне орналастыру кезінде төленетін, кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша тарифтік преференциялар мен жеңілдіктерді есепке алмастан, кедендік баж алымдарының, салықтардың, кедендік құнның, олардың табиғи көріністегі физикалық сипаты (саны, салмағы, көлемі немесе басқа сипаттамасы) және валюталар бағамы тұрғысынан есептелген кедендік әкелу бажының, салықтардың сомаларына сәйкес, кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленетін, кедендік әкелу бажын, салықтарды төлеу мерзімінің күні қолданыста болған, тиісінше осы баптың 3-тармағында белгіленген мөлшерде төленуге тиіс.

5-бөлім. ТАУАРЛАРДЫ КЕДЕНДІК РӘСІМГЕ ОРНАЛАСТЫРУҒА
БАЙЛАНЫСТЫ КЕДЕНДІК ОПЕРАЦИЯЛАР

26-тарау. Тауарларды кедендік рәсімге орналастыруға
байланысты кедендік операциялар туралы жалпы ережелер

      173-бап. Тауарларды кедендік рәсімге орналастыруға
               байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі

      1. Тауарларды кедендік рәсімге орналастыруға байланысты кедендік операциялар кеден одағының кеден заңнамасында, ал осы Кодексте немесе кеден одағына қатысушы мемлекеттердің өзге халықаралық шарттарында белгіленген жағдайларда - кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіпте және шарттарда жасалады.
      2. Тауарларды кедендік рәсімге орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі мен технологиясы кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарлардың түрлеріне, осындай өткізулер үшін пайдаланылатын көлік (автомобиль, әуе жолы, темір жол, теңіз, өзен және басқа) түріне қарай, сондай-ақ тауарлардың өткізетін тұлғалардың санаттарын кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе) кеден одағына қатысушы мемлекеттердің заңнамасында белгіленеді.
      Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалатын кедендік операцияларды жасау тәртібі мен технологиясы кедендік әкелу баждарын төлеуден және тарифтік емес реттеу шараларынан, демпингке қарсы, өтемақылық және арнайы қорғау шараларын қолданудан толық немесе ішінара босатуға әкеп соқпауға тиіс.
      3. Кеден органдарының атынан тауарларды кедендік рәсімге орналастыруға байланысты кедендік операцияларды мұндай кедендік операцияларды жасауға уәкілетті кеден органдарының лауазымды тұлғалары өздерінің лауазымдық міндеттеріне (функционалдық) сәйкес жасайды.
      4. Кеден органдарының тауарларды кедендік рәсімге орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасау кезіндегі талаптары негізделген болуы және кеден одағының кеден заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету үшін қажет талаптармен шектелуі тиіс.
      5. Тауарларды кедендік рәсімге орналастыруға байланысты кедендік операциялар тауардың шыққан, жөнелткен, межелі еліне және арналуына қарамастан бірдей қолданылады.
      Ескерту. 173-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      174-бап. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру

      1. Тауарларды кедендік рәсімге орналастыру кеден органына кедендік декларацияны және (немесе) осы Кодексте көзделген жағдайларда тауарларды кедендік рәсімге орналастыру үшін қажетті құжаттарды тапсырған сәттен басталады.
      2. Ветеринарлық, фитосанитарлық және мемлекеттік бақылаудың басқа түрлеріне жатқызылатын тауарлар тиісті бақылаудан өткен соң ғана кедендік рәсімге орналастырылады.
      3. Тауарларды кедендік рәсімге орналастыру тауарларды мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес шығарумен аяқталады.

      175-бап. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастырумен
               байланысты кедендік операцияларды жасау орны мен
               уақыты

      1. Тауарларды кедендік рәсімге орналастырумен байланысты кедендік операциялар кеден органдарының тұрған жерінде және олардың жұмыс кезінде жасалады.
      2. Декларанттың не кедендік өкілдің дәлелді сұранысы бойынша тауарларды кедендік рәсімге орналастыруға байланысты жекелеген кедендік операциялар кеден органдарының тұрған жері мен жұмыс кезінен тыс уақытта жасалуы мүмкін.

      176-бап. Тауарларды кедендік рәсімімен орналастыру үшін
               қажетті құжаттар мен мәліметтер

      1. Тауарларды кедендік рәсімге орналастыру кезінде осы Кодекспен белгіленген тұлғалар кеден органына тауарларды шығару үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді ұсынуға міндетті.
      Тауарларды кедендік рәсімге орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасаған кезде, кеден органдары кеден одағының кеден заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету үшін қажет және оларды ұсыну кеден одағының кеден заңнамасында көзделген құжаттар мен мәліметтерді ғана ұсынуды талап етуге құқылы.
      2. Тауарларды шығару үшін қажетті құжаттар мен мәліметтердің тізбесі және оларды ұсыну мерзімі осы Кодекспен белгіленеді.
      3. Кеден органдары құжаттардағы кеден органының тауарларды шығару туралы шешім қабылдауына әсер ететін мәліметтерді өзгертпейтін, жаңылыс қателердің, техникалық немесе грамматикалық қателердің болуына байланысты құжаттарды қабылдаудан бас тартуға құқығы жоқ.
      4. Тауарларды шығаруға қажетті құжаттар осы Кодекске сәйкес электронды құжат нысанында ұсынылуы мүмкін.
      5. Кедендік құжаттардың нысандары Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалады.
      Егер осы Кодекске сәйкес өзге белгіленбеген болса кедендік құжаттар орыс тілінде толтырылады.
      6. Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық келісімдеріне және кеден одағына мүше мемлекеттердің шетел мемлекеттерімен жасасқан халықаралық келісімдеріне сәйкес тауарларды шығаруды оңайлату мен жеделдету мақсатында кедендік мақсатта қолданылатын басқа мемлекеттердің кедендік құжаттары қолданылуы мүмкін.

      177-бап. Тауарларды кедендік рәсімге орналастыруға
               байланысты кедендік операцияларды жасау кезінде
               мүдделі тұлғалардың немесе олардың өкілдерінің
               қатысуы

      1. Тауарларды кедендік рәсімге орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасау кезінде мүдделі тұлғалар немесе олардың өкілдері қатысуға құқылы.
      2. Кеден органының талабы бойынша мүдделі тұлғалар немесе олардың өкілдері тауарларды кедендік рәсімге орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасау кезінде кеден органына оны жасауға көмек көрсету үшін қатысуға міндетті.

      178-бап. Кедендік рәсімге тауарлардың жекелеген
               санаттарын бірінші кезекте орналастыру тәртібі

      Табиғи апаттар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар зардаптарын жоюға қажет тауарлар, бейбітшілікті қолдау акцияларын не оқыту-жаттығуларын өткізуге қажетті әскери мақсаттағы өнімдер, сондай-ақ тез бұзылуға бейім тауарлар, тірі жануарлар, радиоактивті материалдар, жарылғыш заттар, халықаралық пошта жөнелтілімдері, экспресс-жүктер, гуманитарлық және техникалық көмек, бұқаралық ақпарат құралдары үшін хабарламалар мен материалдар, қосалқы бөлшектер, қозғалтқыштар, шығыс материалдары, халықаралық тасымалдың көлік құралдарын жөндеу үшін қажет жабдықтар мен құрал-саймандар және басқа ұқсас тауарлар кедендік рәсімге бірінші кезектегі тәртіппен орналастырылады.
      Ескерту. 178-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

27-тарау. Тауарларды кедендік декларациялау

      179-бап. Тауарларды кедендік декларациялау туралы жалпы
               ережелер

      1. Тауарлар кедендік рәсімге орналастырылған кезде не осы Кодекске сәйкес белгіленген басқа жағдайларда кедендік декларациялауға жатқызылады.
      2. Тауарларды кедендік декларациялауды декларант, не декларанттың атынан және оның тапсырысы бойынша әрекет ететін кедендік өкіл жүргізеді.
      3. Кедендік декларациялау жазбаша және (немесе) электронды насандарда кедендік декларацияны қолдана отырып жүргізіледі.

      180-бап. Кедендік декларация

      1. Тауарларды кедендік декларациялау кезінде тауарларды алып өтуші тұлғалар мен мәлімделген кедендік рәсімдерге байланысты кедендік декларацияның мынадай түрлері қолданылады:
      1) тауарларға арналған декларация;
      2) транзиттік декларация;
      3) жолаушылар кедендік декларациясы;
      4) көлік құралының декларациясы.
      Кедендік декларацияны толтыру нысандары мен тәртібі Кеден одағы комиссиясының шешімімен анықталады.
      2. Кедендік декларацияда көрсетілуі тиіс мәліметтер тізбесі кедендік төлемдерді есептеу мен өндіру, кедендік статистиканы қалыптастыру және кеден одағының кеден заңнамасын және кеден одағына мүше мемлекеттердің басқа заңнамаларын қолдану мақсаты үшін қажетті мәліметтермен ғана шектеледі.
      3. Тауарлар декларациясы мен транзиттік декларацияда көрсетілуге тиіс мәліметтер кедендік рәсімге, тауардың түріне, алып өту үшін қолданылатын көлік түріне, тауарларды алып өтуші тұлғалар санатына байланысты. Кеден одағы комиссиясының шешімімен, егер бұл Кеден одағы комиссиясының шешімінде көзделсе, не кеден одағына қатысушы мемлекеттердің заңнамасында, қысқартылуы мүмкін.
      Жолаушылардың кедендік декларациясында және көлік құралының декларациясында көрсетілуге тиіс мәліметтер Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленеді.
      4. Кедендік декларация ретінде көлік (тасымал), коммерциялық және (немесе) кедендік рәсімге сәйкес тауарды шығару үшін қажетті мәліметтері бар өзге құжаттар, осы Кодекспен және Кеден одағы комиссиясының шешімімен анықталатын жағдайлар мен тәртіпте қолданылуы мүмкін.
      5. Кедендік декларация осы Кодекске сәйкес электронды құжат түрінде ұсынылуы мүмкін.
      Кедендік декларацияны электронды құжат түрінде ұсыну және қолдану тәртібі Кеден одағы комиссиясының шешімімен анықталады.
      6. Кедендік декларацияны жазбаша нысанда тапсыру, егер осы Кодексте, Кеден одағы комиссиясының шешімінде не жағдайларда Кеден одағы комиссиясының шешімінде көзделген кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленбесе, кеден органына оның электронды нұсқасын ұсынумен ілесіп отыруы тиіс.
      Кедендік декларацияның электронды құрылымы мен нысаны, сондай-ақ оны ұсыну және қолдану тәртібі Кеден одағы комиссиясының шешімімен анықталады.
      Ескерту. 180-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      181-бап. Тауарларға арналған декларация

      1. Кедендік транзит рәсімін қоспағанда кедендік рәсімдерге орналастырылған кезде кеден органына тауар декларациясы ұсынылады.
      2. Тауарлар декларациясында мынадай негізгі мәліметтер, оның ішінде кодталған түрде:
      1) мәлімделетін кедендік рәсім;
      2) декларант, кедендік өкіл, тауарды жөнелтуші және алушы туралы мәліметтер;
      3) тауарларды халықаралық тасымалдауда қолданылатын көлік құралдар туралы және (немесе) оларды кеден одағының кедендік аумағында кедендік бақылаумен тасымалдау туралы мәліметтер;
      4) тауарларды халықаралық тасымалдауда қолданылатын көлік құралдар туралы және (немесе) оларды кеден одағының кедендік аумағында кедендік бақылаумен тасымалданған (тасымалданатын) көлік құралдары туралы мәліметтер;
      5) тауарлар туралы мәліметтер:
      атауы;
      сипаттамасы;
      Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша тауарлардың жіктеу коды;
      шыққан елінің атауы;
      жөнелткен (межелі) ел атауы;
      орама сипаттамасы (саны, түрі, таңбалау және реттік саны);
      килограммға шаққанда саны (брутто салмағы және нетто салмағы) және де өзге өлшеу бірліктерінде;
      кедендік құн;
      статистикалық құны;
      6) кедендік төлемдердің есептелуі туралы мәліметтер:
      кедендік баж, салық, кедендік алым ставкалары;
      кедендік төлемдерді төлеу бойынша жеңілдікті пайдалану;
      кедендік бажды, салықты, кедендік алымдарды есептеу сомасы;
      Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес белгіленетін және осы Кодекске сәйкес кедендік төлемдерді есептеуде қолданылатын валюталар бағамы;
      7) сыртқы экономикалық мәміле және оның негізгі шарттары туралы мәліметтер;
      8) шектеулердің сақталуы туралы мәліметтер;
      9) тауар өндіруші туралы мәліметтер;
      10) тауарларды кедендік рәсімге орналастыру шарттарын сақтау туралы мәліметтер;
      11) осы Кодекстің 183-бабына сәйкес ұсынылатын құжаттар туралы мәліметтер;
      12) тауарлар декларациясын қалыптастырушы тұлға туралы мәліметтер;
      13) тауарлар декларациясын қалыптастыру күні мен орны көрсетіледі.

      182-бап. Транзиттік декларация

      1. Тауарды кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастыру кезінде кеден органына транзиттік декларация ұсынылады.
      2. Транзиттік декларация ретінде көлік (тасымал), коммерциялық және (немесе) халықаралық келісімдермен белгіленген, осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәліметтері бар басқа да құжаттар ұсынылуы мүмкін.
      3. Транзиттік декларацияда мыналар:
      1) көлік (тасымал) құжатына сәйкес тауарды жөнелтуші, алушы туралы;
      2) жөнелтуші ел, тауардың межелі елі туралы;
      3) декларант туралы;
      4) тасымалдаушы туралы;
      5) тауарлар тасымалданатын халықаралық тасымалдың көлік құралы туралы;
      6) көлік (тасымал), коммерциялық құжаттарға сәйкес тауардың атауы, саны, құны туралы;
      7) тауарларды кодтау және сипаттаудың Үйлестірілген жүйесіне немесе Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының алғашқы алты белгісінен кем емес деңгейдегі тауар коды туралы;
      8) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының немесе Тауарларды кодтау және сипаттаудың үйлестірілген жүйесінің әрбір коды бойынша тауардың брутто салмағы немесе көлемі, сондай-ақ өзге өлшеу бірліктеріндегі тауар саны туралы (мұндай мәліметтер болған жағдайда);
      9) жүк орындарының саны;
      10) көлік (тасымал) құжатына сәйкес тауардың межелі пункті туралы;
      11) тауарлардың кеден шекарасы арқылы өтуімен байланысты шектеулердің сақталуын растайтын құжаттар туралы, егер мұндай алып өту осы құжаттар болған жағдайда рұқсат етілсе;
      12) жолда жоспарланған тауарларды қайта тиеу немесе жүк операциялары туралы мәліметтер болуы тиіс.
      Егер осы баптың 2-тармағында көрсетілген, транзиттік декларация ретінде қабылданатын құжаттарда осы тармақта көрсетілген барлық мәліметтер қамтылмаса, жетіспейтін мәліметтер, осындай транзиттік декларацияға қоса берілетін не онымен бірге келе жатқан, кеден органына ұсынылатын құжаттарда қамтылуға тиіс.
      4. Кеден органы декларанттан осы баптың 3-тармағында көрсетілгендерден басқа мәліметтерді талап етуге құқығы жоқ.
      5. Алынып тасталды - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      6. Кеден органы транзиттік декларацияны, оның ішінде кеден органдарында қолданылатын ақпараттық жүйелер мен ақпараттық технологияларды қолдана отырып тіркейді.
      Транзиттік декларацияны ұсыну және тіркеу Кеден одағы комиссиясының шешімімен анықталады.
      Ескерту. 182-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      183-бап. Тауарларды кедендік декларациялау кезінде
               құжаттарды ұсыну

      1. Егер осы Кодекспен өзге белгіленбесе кедендік декларацияны беру кеден органына олардың негізінде кедендік декларация толтырылған құжаттарды ұсынумен сүйемелденуі қажет.
      Мұндай құжаттарға:
      1) кедендік декларацияны беретін тұлғаның өкілеттіктерін растайтын құжаттар;
      2) сыртқы экономикалық мәміле жасалғанын растайтын құжаттар, ал сыртқы экономикалық мәміле болмаған жағдайда - тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын растайтын өзге құжаттар, сондай-ақ декларанттың билігіндегі өзге де коммерциялық құжаттар;
      3) көліктік (тасымал) құжаттары;
      4) (алынып тасталды - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен);
      5) тыйымдар мен шектеулердің сақталуын растайтын құжат;
      6) арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемдік шараларды қолдануға байланысты шектеулердің сақталуын растайтын құжат;
      7) осы Кодекспен көзделген жағдайларда, тауарлардың шыққан елін растайтын құжат;
      8) сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасы бойынша тауарды жіктеу коды мәлімделген құжаттар;
      9) кедендік төлемдердің төленгенін және (немесе) қамтамасыз етілуін растайтын құжат;
      10) кедендік төлемдерді төлеу бойынша жеңілдік құқығын, кедендік баждан, салықтардан толық немесе жартылай босатудың осы Кодекспен белгіленген кедендік рәсімдерге сәйкес, не кедендік баж, салықтарды есептеу үшін базаны (салық базасын) азайту қолданылғанын растайтын құжаттар;
      11) кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімінің өзгертілгенін растайтын құжаттар;
      12) тауарлардың мәлімделген құнын және тауарлардың кедендік құнын анықтау үшін таңдалған әдісті растайтын құжаттар;
      13) кеден одағына мүше мемлекеттердің валюталық заңнамасына сәйкес валюталық бақылау саласындағы талаптардың сақталуын растайтын құжат;
      14) тауарларды автомобиль көлігімен кедендік транзит рәсімімен тасымалдаған жағдайда халықаралық тасымалдың көлік құралының тіркелуін және ұлттық тиесілілігін растайтын құжат жатады.
      Тауарларға декларация берген кезде кедендік әкету баждары қолданылмайтын тауарларды кедендік экспорт рәсіміне орналастыру үшін осы тармақтың 1), 2), 5), 8), 9) және 13) тармақшаларында, сондай-ақ мұндай құжаттар болған жағдайда осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген құжаттардан өзге құжаттарды кеден органына ұсыну талап етілмейді.
      Егер осы тармақта көрсетілген құжаттарда кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтер болмаса, олардың негізінде кедендік декларация толтырылған құжаттар ұсынылады;
      2. Тауарларды кедендік декларациялау кезінде ұсынылатын құжаттар тізбесі кедендік декларациялау нысанына (жазбаша, электрондық), кедендік декларацияның түріне, кедендік рәсімдер түрлеріне, тауарлар мен тұлғалар санатына байланысты) кеден одағының кеден заңнамасына немесе кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес қысқартылуы мүмкін.
      3. Егер солардың негізінде кедендік декларация толтырылған жекелеген құжаттарды кедендік декларация ұсынылған сәтте тапсыру мүмкін болмаса, декларанттың дәлелді жүгінуі бойынша кеден органы мұндай құжаттарды тауар шығарылғанға дейін, ал кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген жағдайларда - тауарлар шығарылғаннан кейін тапсыруға рұқсат етеді.
      4. Тауарларды кедендік ресімдеу кезінде құжаттардың түпнұсқасы не олардың көшірмесі ұсынылады. Кеден органы кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген жағдайларда, ұсынылған құжаттар көшірмелерінің олардың түпнұсқаларына сәйкестігін тексеруге құқылы.
      Егер тауарларды кедендік декларациялау кезінде кеден органына кедендік декларациялауда қолданылатын құжаттар бұрын тапсырылған жағдайда, осы құжаттардың көшірмесін ұсыну не мұндай құжаттардың кеден органына тапсырылғаны жөнінде мәліметтерді көрсету жеткілікті.
      5. Тауарларды кедендік декларациялау кезінде құжаттар осы Кодекске сәйкес, электрондық құжат түрінде ұсынылуы мүмкін.
      Электронды құжаттарды ұсыну және қолдану тәртібі Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалады.
      6. Кедендік декларацияны электронды нысанда тапсыру кедендік декларацияны толтыруға негіз болған құжаттардың, оның ішінде осы Кодекстің 240253265294299308-баптарымен белгіленген құжаттарды ұсынумен сүйемелдеудің қажеттілігі жоқ, егер мұндай құжаттар кеден органына бұрын ұсынылған болса, олар кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кейіннен тапсырылуы мүмкін.
      7. Кеден органдары кедендік декларациялау кезінде кеден одағына мүше мемлекеттердің мемлекеттік тілінде немесе шет тілінде қалыптастырылған құжаттар мен мәліметтерді қолдануы және қабылдауы мүмкін.
      Кеден органы кедендік декларациялау кезінде мұндай құжаттар кеден органына ұсынылатын, кеден одағына мүше мемлекеттің мемлекеттік тілі болып табылмайтын тілде толтырылған құжаттардағы мәліметтерді аударып беруді талап етуге құқылы.
      Ескерту. 183-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      184-бап. Кедендік декларациялау кезінде кедендік
               рәсімдердің шарттарына сәйкес ұсынылатын
               қосымша құжаттар

      Тауарларды кедендік декларациялау кезінде мәлімделген кедендік рәсімдердің шарттарына сәйкес осы Кодекстің 183-бабында көрсетілген құжаттарға қосымша осы Кодекстің 240253265294299 және 308-баптарында, ал кедендік рәсімдерді белгілеген жағдайда:
      осы Кодекстің 202-бабының 2-тармақшасына сәйкес - кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарында;
      осы Кодекстің 202-бабының 3-тармағына сәйкес - кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген құжаттар ұсынылады.
      Ескерту. 184-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      185-бап. Кедендік декларацияны ұсыну мерзімдері

      1. Егер осы Кодекспен өзге белгіленбесе, кеден одағының кедендік аумағына әкелінген тауарларға кедендік декларация, тауарларды уақытша сақтау мерзімі біткенге дейін тапсырылады.
      2. Егер осы Кодекспен өзге белгіленбесе, кеден одағының кедендік аумағынан әкетілетін тауарларға кедендік декларация олардың кеден одағының кедендік аумағынан кеткеніне дейін тапсырылады.
      3. Оларға қатысты оларды қайтару туралы шешім шығарылған және оларды осы Кодекске сәйкес кедендік декларациялауға жататын әкімшілік құқық бұзушылықтың немесе қылмыстың қаруы, жасау құралы немесе заты болып табылған тауарларға қатысты кедендік декларация:
      1) қылмыстық (әкімшілік) жауапкершіліктен босату туралы шешім;
      2) әкімшілік жауапкершіліктен босату туралы кеден органының (лауазымды тұлғаның) шешімі;
      3) қылмыстық (әкімшілік) іс бойынша өндірісті тоқтату туралы соттың немесе кеден органының (лауазымды тұлғаның) шешімі;
      4) қылмыстық (әкімшілік) жауапкершілікке тарту туралы соттың немесе кеден органының (лауазымды тұлғаның) шешімі заңды күшіне енген күнінен бастап 30 (отыз) күн ішінде беріледі.
      4. Оларға қатысты кедендік декларация белгіленген мерзімде берілмеген, осы баптың 3-тармағында көрсетілген тауарларды кеден органдары осы кодекстің 21-тарауына сәйкес ұстайды.
      Ескерту. 185-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      186-бап. Декларант

      Мыналар:
      1) кеден одағына мүше мемлекеттің тұлғасы:
      сыртқы экономикалық мәмілені жасасқан не оның атынан (тапсыруымен) осы мәміле жасалған;
      сыртқы экономикалық мәміле жасалмаған кезде - иелену, пайдалану, және (немесе) тауарларды билеу құқығы бар адамдар;
      2) шетелдік тұлғалар:
      жеке пайдалануы үшін тауарларды алып өтетін жеке тұлға;
      осы Кодекстің 45-тарауына сәйкес кедендік жеңілдіктерді пайдаланатын тұлға;
      уақытша әкелу, кері экспорт, сондай-ақ осы өкілдіктердің жеке мұқтаждықтары үшін әкелінетін тауарларға ғана қатысты ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне мәлімдеген кезде кеден одағына мүше мемлекеттің аумағында белгіленген тәртіппен құрылған өкілдігі бар ұйым;
      бір тарапы болып Кеден одағына мүше мемлекеттің тұлғасы шығатын мәміле шеңберінде емес, билеу құқығы бар тұлға;
      3) кедендік транзиттің кедендік рәсімін мәлімдеу үшін - осы баптың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар, сондай-ақ:
      тасымалдаушы, оның ішінде кедендік тасымалдаушы;
      егер ол кеден одағына мүше мемлекеттің тұлғасы болып табылса, экспедитор.
      Ескерту. 186-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      187-бап. Декларанттың құқықтары

      Тауарларды кедендік декларациялау кезінде және тауарды кедендік рәсімге орналастыру үшін қажетті кедендік операцияларды жасау кезінде декларант:
      1) кедендік бақылаудағы тауарларды қарауға, өлшеуге және жүк операцияларын орындауға;
      2) кедендік бақылаудағы тауарлардың сынамалары мен үлгілерін осы Кодекстің 155-бабында көзделген шарттар сақталған жағдайда кеден органының рұқсатымен алуға;
      3) кеден органдарының лауазымды тұлғалары тауарларды кедендік қарау мен тексеріп қарауы кезінде және тауарлардың үлгілері мен сынамаларын алғанда қатысуға;
      4) өздері декларациялайтын тауарлардың кеден органдарында бар үлгілері мен сынамаларының қорытындысымен танысуға;
      5) осы Кодекске сәйкес құжаттар мен мәліметтерді электронды құжат түрінде ұсынуға;
      6) кеден органдарының және лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдануға;
      7) өзі декларациялайтын тауары туралы мәліметтерді нақтылау үшін сарапшыларды тартуға;
      8) осы Кодексте көзделген басқа да құқықтар мен құзыреттілікті пайдалануға құқылы.

      188-бап. Декларанттың міндеттері

      Тауарларды кедендік декларциялау кезінде және тауарды кедендік рәсімге орналастыру үшін қажетті кедендік операцияларды жасау кезінде декларант:
      1) тауарларға кедендік декларациялау жүргізуге;
      2) егер кеден одағының кеден заңнамасымен өзге белгіленбесе, кеден органына, олардың негізінде кедендік декларация толтырылған құжаттарды, ұсынуға;
      3) декларацияланатын тауарларды осы Кодексте көзделген жағдайларда не кеден органының талабы бойынша ұсынуға;
      4) осы Кодекске сәйкес кедендік төлемдерді төлеуге және (немесе) олардың төленуін қамтамасыз етуге;
      5) тиісті кеден рәсімінде тауарларды қолдану шарты мен талаптарын сақтауға;
      6) осы Кодекске сәйкес өзге талаптарды орындауға міндетті.

      189-бап. Декларанттың жауапкершілігі

      Декларант осы Кодекстің 188-бабында көзделген міндеттерді орындамағаны, сондай-ақ декларацияда көрсетілген, оның ішінде кеден органдары тауарларды тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалана отырып шығару туралы шешім қабылдаған кезде дәйектемесіз мәліметтерді мәлімдегені үшін кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жауапты болады.
      Ескерту. 189-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      190-бап. Кедендік декларацияны беру және тіркеу

      1. Кедендік декларацияны декларант немесе кедендік өкіл кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кедендік декларацияны тіркеуге құқылы кеден органына тапсырылады.
      2. Кедендік декларацияны, оның электронды көшірмесін, қажетті құжаттарды тапсырған күні мен уақытын кеден органы, оның ішінде ақпараттық технологияларды қолдана отырып тіркейді.
      3. Кеден органы кедендік декларацияны Кеден одағының комиссиясы айқындайтын тәртіппен кедендік декларация ұсынылған сәттен бастап екі сағаттан аспайтын мерзімде тіркейді немесе тіркеуден бас тартады.
      4. Кеден органы кедендік декларацияны тіркеуден:
      1) кедендік декларация кедендік декларацияны тіркеуге құқылы кеден органына тапсырылған;
      2) кедендік декларация уәкілетті емес тұлға берген;
      3) кедендік декларацияда осы Кодекстің 180 – 182-баптарымен көзделген қажет мәліметтер көрсетілмеген;
      4) кедендік декларацияға қол қойылмаған не тиісінше ресімделмеген немесе куәландырылмаған;
      5) декларацияланатын тауарларға қатысты осы Кодекске сәйкес тапсырғанға дейін немесе декларацияны ұсынғанда жасалатын әрекеттер жасалмаған жағдайда бас тартады.
      5. Кедендік декларацияны тіркеуден бас тарту кеден органының лауазымды тұлғасы жазбаша нысанда бас тарту себебін көрсете отырып ресімдейді.
      Кедендік декларацияны тіркеуден бас тартқан жағдайда, кедендік декларация және ұсынылған құжаттар декларантқа не кедендік өкілге қайтарылады.
      6. Егер кедендік декларацияны кеден органы тіркемесе, ондай декларация кедендік мақсатта тапсырылмаған болып саналады.
      7. Тіркелген сәттен бастап кедендік декларация заңды мағынасы бар фактілерді куәландыратын құжат болып саналады.
      8. Осы баптың 2-3-тармақтарының ережелері кедендік транзит рәсіміне орналастырылатын тауарларды кедендік декларациялау кезінде қолданылмайды.

      191-бап. Кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді
               өзгерту және толықтыру

      1. Кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтер кеден органының рұқсаты бойынша декларанттың дәлелді жазабаша өтініші бойынша тауарлар шығарылғанға дейін келесі шарттар сақталғанда өзгертілуі немесе толықтырылуы мүмкін:
      егер енгізілген өзгертулер мен толықтырулар тауарды шығару туралы шешім қабылдауға әсер етпесе, және кедендік төлемдердің сомасын анықтауға әсер ететін мәліметтерді өзгертуге соқтырмаса кедендік құнды түзетуді және тыйымдар мен шектеулерді сақтағанда;
      декларант жүгінгенге дейін кеден органы оны кедендік қарауды өткізу орны мен уақыты туралы хабардар етпесе және (немесе) тауарға қатысты кедендік бақылаудың басқа нысандарын қолдану жөнінде шешім шығармаса;
      тіркелген кедендік декларациядағы мәліметтерді өзгерту және толықтыру тіркелген кедендік декларациясында мәлімделген тауар туралы мәліметтерден басқа мәліметті мәлімдеуге жол бермейді.
      2. Тауар шыққаннан кейін кедендік декларациясындағы мәліметтерді өзгерту және толықтыру Кеден одағының комиссиясының шешімі айқындайтын жағдайлар мен тәртіпте рұқсат етіледі.
      3. Енгізілді кеден органдарының құзыретіне жататын, сондай-ақ кедендік құнды түзетуді және тауарды шығарғаннан кейін кедендік төлемдердің сомасын анықтауға әсер ететін мәліметтерді өзгертуге және кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес тыйымдар мен шектеулерді сақтауды қоспағанда, кеден органдарының өз бетінше, тұлғаның тапсырмасы немесе сұрауы бойынша кеден декларациясын толтыруға, онда көрсетілген мәліметтерді өзгертуге немесе толықтыруға, құқығы жоқ.

      192-бап. Кедендік декларацияны кері қайтару

      1. Декларанттың жазабаша жүгінуі бойынша тіркелген шетелдік тауарларға кедендік жүк декларациясы кеден органы тауарды шығару туралы шешім қабылдағанға дейін кері қайтарылуы мүмкін.
      Кедендік декларацияны кері қайтарылған кезде жаңа декларация тауарларды уақытша сақтау мерзімі шегінде ұсынылуы тиіс.
      Кедендік декларацияны осы пункттің екінші бөлігінде көрсетілген мерзімде ұсынбаған жағдайда тауарлар осы Кодекстің 21-тарауына сәйкес кеден органдары ұстайды.
      2. Декларанттың жазбаша жүгінуі бойынша кеден одағының тауарларының кедендік декларациясы тауарлардың кеден одағының кедендік аумағынан нақты шыққанға дейін кері қайтарылуы мүмкін.
      Кеден одағының тауарларына кедендік декларацияны кері қайтару үшін кері шақыру туралы өтініште тауардың тұрған жері көрсетілуі тиіс.
      3. Егер декларанттың өтінішін алғанға дейін кеден органы оны кедендік тексеруді өткізу орны мен уақыты туралы хабардар етпесе және (немесе) әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке соқтыратын кеден заңнамасын бұзу белгіленбесе кедендік декларацияны кері қайтаруға кеден органының жазбаша өтінішімен рұқсат етіледі.
      Кедендік декларация тауарды кедендік тексеруді жүргізгеннен кейін, егер мұндай тексеру нәтижесінде әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке соқтыратын кеден заңнамасын бұзу белгіленбесе кері қайтарылуы мүмкін.

      193-бап. Тауарларды алдын ала кедендік декларациялау

      1. Кедендік декларация шетелдік тауарларға қатысты оларды кеден одағының кедендік аумағына әкелгенге дейін ұсынылуы мүмкін.
      2. Егер кедендік мақсаттар үшін тауарларға ілеспе көліктік (тасымалдаушы) немесе коммерциялық құжаттардың пайдаланылуы тиіс болса, тауарларды алдын ала кедендік декларациялау кезінде кеден органы бұл құжаттардың декларант растаған көшірмелерін немесе бұл құжаттардағы мәліметтерді электронды түрде қабылдайды және тауарларды кеден органдарына көрсеткеннен кейін аталған құжаттардың көшірмелеріндегі мәліметтерді құжаттардың түпнұсқаларындағы, соның ішінде электрондық құжаттардағы мәліметтермен салыстырады.
      3. Алдын ала кедендік декларациялау кезінде кедендік декларацияда өз сипаты бойынша тауарларды кеден одағының кедендік аумағына әкелгенге және (немесе) оларды кеден органына көрсеткенге дейін декларантқа белгілі бола алмайтын мәліметтер жоқ болуы мүмкін.
      Мұндай мәліметтер кедендік декларацияға тауарларды Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленген тәртіппен шығару туралы шешім қабылданғанға дейін енгізілуі тиіс.
      4. Көліктік (тасымалдау) немесе коммерциялық құжаттар негізінде бұрын мәлімделгеннен өзгеше құндық, сандық немесе салмақтық көрсеткіштер өзгерген жағдайда, міндетті түрде құнның, санның немесе салмақтың өзгергенін растайтын құжаттар ұсынылады.
      5. Егер тауарларды кеден одағының кедендік аумағына әкелгеннен кейін декларант бұрын мәлімделгеннен өзгеше құндық, сандық немесе салмақтық көрсеткіштердің сәйкессіздігін тапқан жағдайда, декларант осы Кодекстің 192-бабында көзделген тәртіппен кедендік декларацияны қайтарып алуға құқылы.
      6. Егер тауарлар кедендік декларацияны тіркеген кеден органына не кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленген өзге кеден органына оны тіркеген күннен кейінгі күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде көрсетілмесе немесе бұл мерзім ішінде тыйым салулар мен шектеулер енгізілсе, кеден органы мұндай тауарларды шығарудан бас тартады.
      Ескерту. 193-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      194-бап. Тауарларды кедендік декларациялаудың
               ерекшеліктері

      Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес тауарлардың және оларды өткізетін тұлғалардың санаттарына, соның ішінде мына жағдайларда:
      1) егер декларантта кедендік декларациялау үшін қажетті нақты мәліметтер болмаса;
      2) тауарларды бір тұлға белгілі бір уақыт кезеңі ішінде кедендік шекара арқылы тұрақты түрде өткізу кезінде;
      3) тауарларды құбыржол көлігімен және электр беру желілері бойынша өткізген кезде;
      4) тауарларды жиналмаған немесе бөлшектелген түрде, соның ішінде жиынтықталмаған немесе аяқталмаған түрде белгіленген уақыт кезеңі ішінде өткізу кезінде тауарларды кедендік декларациялаудың ерекшеліктері белгіленуі мүмкін.

28-тарау. Тауарларды шығару

      195-бап. Тауарларды шығару үшін негіздемелер және
               тауарларды шығару тәртібі

      1. Кеден органы тауарларды шығаруды мына шарттар сақталған кезде:
      1) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес көрсетілген құжаттарды тауарлар шығарылғаннан кейін ұсынуға болатын жағдайларды қоспағанда, кеден органына осы Кодекске және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің өзге де халықаралық шарттарына сәйкес тауарларды шығару үшін қажетті лицензиялар, сертификаттар, рұқсаттар және (немесе) өзге де құжаттар ұсынылғанда;
      2) осы Кодекске сәйкес, ал кедендік рәсімдерді белгілеген кезде:
      осы Кодекстің 202-бабының 2-тармағына сәйкес - кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына;
      осы Кодекстің 202-бабының 3-тармағына сәйкес - кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес тұлғалар тауарларды таңдап алған кедендік рәсімге орналастыру үшін қажетті талаптар Мен шарттарды сақтағанда;
      3) тауарға қатысты кедендік баждар, салықтар төленсе, не осы Кодекске сәйкес оларды төлеуді қамтамасыз ету ұсынылғанда жүзеге асырады.
      2. (алынып тасталды - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен).
      3. Кеден органдары тауарларды шығаруды осы Кодекстің 196-бабында көрсетілген мерзімнен аспайтын мерзімде жүзеге асырады.
      4. Кеден одағы комиссиясының шешімімен өзгеше тәртіп белгіленбесе, тауарларды шығаруды кеден органының лауазымды адамы кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен, кедендік декларацияға және (немесе) коммерциялық, көліктік (тасымалдау) құжаттарға тиісті белгілерді, сондай-ақ кеден органының ақпараттық жүйелеріне тиісті мәліметтерді енгізу (қою) жолымен жүргізеді.
      Ескерту. 195-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      196-бап. Тауарларды шығару мерзімдері

      1. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, тауарларды шығаруды кеден органы кедендік декларация тіркелген күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей аяқтауға тиіс.
      Кедендік әкету баждары қолданылмайтын, кедендік экспорт рәсіміне орналастырылатын тауарларды және кедендік уақытша әкету рәсіміне орналастырылатын, тізбелерін Кеден одағының комиссиясы айқындайтын тауарларды шығаруды кеден органы тауарларға декларациялар тіркелген сәттен бастап 4 (төрт) сағаттан кешіктірмей, ал тауарларға декларациялар кеден органының жұмыс уақытының аяқталуына 4 (төрт) сағаттан аз уақыт қалғанда тіркелген жағдайда, осы кеден органының жұмыс уақыты басталған сәттен бастап 4 (төрт) сағаттан кешіктірмей аяқтауға тиіс.
      Көрсетілген мерзімдер кедендік бақылау жүргізу уақытын қамтиды.
      2. Осы Кодекстің 193-бабына сәйкес тауарларды алдын ала кедендік декларациялауды қолданған кезде тауарларды шығаруды кеден органы кедендік декларацияны тіркеген кеден органына тауарлар ұсынылған күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде аяқтауға тиіс.
      3. Тауарларды шығару осы Кодекстің 331-бабына сәйкес тоқтатыла тұруы мүмкін.
      4. Тауарларды шығару мерзімі кеден органы басшысының (бастығының), ол уәкілеттік берген кеден органы басшысы (бастығы) орынбасарының не оларды алмастыратын адамдардың жазбаша рұқсатымен кедендік бақылау нысанын жүргізу немесе аяқтау үшін қажетті уақытқа ұзартылуы мүмкін және осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, кедендік декларация тіркелген күннен кейінгі күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспауға тиіс.
      5.Кеден одағы комиссиясының шешімімен және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен тауарларды шығарудың осы баптың 1-тармағында белгіленгеннен ұзақтығы неғұрлым аз мерзім белгіленуі мүмкін.
      Ескерту. 196-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      197-бап. Кедендік декларацияны бергенге дейін тауарларды
               шығару

      1. Кедендік транзиттің кедендік рәсімін қоспағанда, осы Кодекстің 178-бабында көрсетілген, кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін (әкелінген) тауарлардың жекелеген санаттарын кедендік рәсімдермен орналастыру кезінде, сондай-ақ, осы Кодекстің 41-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті экономикалық операторларға қатысты арнайы оңайлатуларды қолдану кезінде тауарларды шығару декларант:
      1) тауарларды жөнелтуші және алушы, жөнелтуші ел мен тауарлардың мақсаты туралы мәліметтерді, атауын, сипатын, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша кем дегенде бірінші төрт белгі деңгейіндегі тауардың жіктеме кодын, тауарлардың брутто салмағы мен құнын қамтитын коммерциялық немесе өзге де құжаттарды;
      2) тауарларды шығару айынан кейінгі айдың оны күнінен кешіктірмей, оның тауарларды пайдалану мақсаты және тауарлар орналастырылатын кедендік рәсім туралы мәліметтерін қамтитын кедендік декларацияны беретіні және қажетті құжаттар мен мәліметтерді ұсынатыны туралы жазбаша міндеттемені;
      3) мұндай құжаттар мен мәліметтердің кедендік декларацияны беру күніне ұсынылуы мүмкін болған жағдайларды қоспағанда, тыйымдар мен шектеулерді сақтауды растайтын құжаттар мен мәліметтерді ұсыну шартымен кедендік декларацияны бергенге дейін жүзеге асырылуы мүмкін.
      2. Кедендік декларацияны бергенге дейін тауарларды шығару кезінде осы тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет:
      1) декларантта мұндай шығару кезінен бастап;
      2) Кодекстің 80-бабының 2-тармағының 1) – 7), 9) және 10) тармақшаларымен белгіленген жағдайларда және кедендік декларацияға тауарларды шығару туралы белгілер енгізу (қою) кезінде тоқтатылады;
      3) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мерзім өткенге дейін орындалуға жатады. Бұл ретте әкелу кедендік баждарды, салықтарды есептеу мақсаты үшін кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленетін, кедендік декларацияны тіркеген күні қолданыста болған кедендік баждардың, салықтардың ставкалары және валюта бағамы қолданылады.
      Егер осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мерзім ішінде кедендік декларацияны бергенге дейін шығарылған тауарларға қатысты кеден органы кедендік декларацияда тауарларды шығару туралы белгі енгізбеген (қоймаған) жағдайда – осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мерзімнің соңғы күні орындалуға жатады. Бұл ретте әкелу кедендік баждарды, салықтарды есептеу мақсаты үшін кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленетін осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мерзімнің соңғы күні қолданыста болған кедендік баждардың, салықтардың ставкалары және валюта бағамы қолданылады.
      3. Осы Кодекстің 178-бабында көрсетілген тауарларға қатысты табиғи зілзаланың, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою үшін қажетті тауарларды, бейбітшілікті ұстау не оқуларды өткізу бойынша акцияларды орындау үшін қажетті әскери мақсаттағы, сондай-ақ гуманитарлық және техникалық өнімдерді қоспағанда, оларды кедендік декларацияны бергенге дейін шығару кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету ұсынылады.
      4. Декларант уәкілетті экономикалық оператор болып табылатын тауарларды кедендік декларация берілгенге дейін шығару төлеуге жататын әкелу кедендік баждардың, салықтардың сомасы, егер бұл кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделсе, осы Кодекстің 39-бабына сәйкес уәкілетті экономикалық оператор ұсынған кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету сомасынан аспауы шартымен қолданылады.
      Ескерту. 197-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      198-бап. Құжаттарды, тауарлардың сынамалары мен үлгілерін
               зерттеу не сарапшының қорытындысын алу қажет
               болған кезде тауарларды шығару

      1. Егер кеден органдары тауарлардың сынамаларын немесе үлгілерін, егжей-тегжейлі техникалық құжаттарды зерттеу немесе кедендік декларацияда немесе кеден органдарына ұсынылған өзге де құжаттарда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын тексеру мақсатымен сараптама жүргізу қажеттігі туралы шешім қабылдаса, тауарларды шығару декларанттың мұндай зерттеулерді немесе сараптамаларды жүргізу нәтижелері бойынша қосымша есептелуі мүмкін кедендік баждардың, салықтардың сомасындағы кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынуы шартымен кедендік сараптама нәтижелерін алғанға дейін жүргізіледі.
      2. Тауарларды шығару кеден органдары тауарларға тыйымдар мен шектеулер қолданылуы мүмкін екендігін көрсететін белгілерді тапқан жағдайда ғана және декларант оларды сақтауды растайтын дәлелдемелерді ұсынбағанда, жүргізілмейді.

      199-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық немесе қылмыс
               анықталған кезде тауарларды шығару

      1. Әкімшілік құқық бұзушылық немесе қылмыс анықталған жағдайда тауарларды шығару іс бойынша өндіріс аяқталғанға дейін немесе әкімшілік процесстің аяқталуына дейін, егер мұндай тауарлар алынбаса немесе оларға кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасы сәйкес тыйым салынбаса жүзеге асырылуы мүмкін.
      2. Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен қосымша есептелуі мүмкін кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету қажеттілігі көзделуі мүмкін.

      200-бап. Шартты түрде шығарылған тауарлар

      1. Оларға қатысты:
      1) кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша тауарларды пайдалану және (немесе) оларға иелік ету жөніндегі шектеулермен байланысты жеңілдіктер берілген;
      2) пайдалану және (немесе) оларға иелік ету жөніндегі шектеулер осы Кодекстің 195-бабы 1-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген құжаттарды тауарларды шығарғаннан кейін ұсынуға байланысты болған;
      3) кеден одағына мүше мемлекет мөлшері Бірыңғай кедендік тарифте белгіленген кедендік әкелу баждары ставкаларының мөлшерінен аз кедендік әкелу баждары ставкаларын қолданған болса, ішкі тұтыну үшін кедендік шығару рәсіміне орналастырылған тауарлар шартты түрде шығарылған деп саналады.
      2. Осы баптың 1-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген шартты түрде шығарылған тауарлар жеңілдіктер беру шарттарына сәйкес мақсаттарда ғана пайдаланылуы мүмкін.
      Осы баптың 1-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген, шартты түрде шығарылған тауарларды үшінші тұлғаларға, оның ішінде оларды сату немесе өзгеше тәсілмен иеліктен айыру жолымен беруге тыйым салынады, ал егер көрсетілген тауарларды әкелуге шектеулер осы тауарлардың сапасын және қауіпсіздігін тексеруге байланысты болған жағдайларда оларды кез келген нысанда пайдалануға (тұтынуға) тыйым салынады.
      Осы баптың 1-тармағының 3-тармақшасында көрсетілген шартты түрде шығарылған тауарлар кеден органы оларды шығаруды жүзеге асырған кеден одағына мүше мемлекеттің аумағында ғана пайдаланылуы мүмкін.
      3. Шартты түрде шығарылған тауарлардың шетелдік тауарлар мәртебесі болады және кедендік бақылауда болады.
      4. Егер кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында өзгеше көзделмесе, осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тауарлар кедендік әкелу баждарының, салықтардың тиесілі сомаларын төлеу жөніндегі міндеттер тоқтатылған сәтке дейін шартты түрде шығарылған деп есептеледі.
      5. Шартты түрде шығарылған тауарларға:
      1) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарының, салықтардың тиесілі сомаларын төлеу жөніндегі міндеттер тоқтатылғаннан;
      2) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тауарларға қатысты осы Кодекстің 195-бабының 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжаттар ұсынылғаннан;
      3) осы баптың 1-тармағының 3)-тармақшасында көрсетілген тауарларға қатысты Бірыңғай кедендік тарифте белгіленген кедендік әкелу баждарының ставкалары бойынша есептелген кедендік әкелу баждары сомалары мен тауарларды шығарған кезде төленген кедендік әкелу баждарының сомаларының айырмасы мөлшерінде кедендік әкелу баждары төленгеннен кейін кеден одағының тауары мәртебесі беріледі.
      6. Халықаралық шарттармен және (немесе) Кеден одағы комиссиясының шешімдерімен шартты түрде шығарылған тауарлар кеден одағының тауары мәртебесін иеленетін өзге мән-жайлар белгіленуі мүмкін.
      7.Кеден одағының тауары мәртебесін беру үшін шартты түрде шығарылған тауарлар ішкі тұтыну үшін кедендік шығару рәсіміне қайтадан орналастыруға жатпайды.
      Осы баптың 5-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайларда кедендік баждарды, салықтарды төлеу не осы Кодекстің 195-бабының 1-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген құжаттарды ұсыну тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасымен айқындалады.
      8.Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарымен немесе кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен тауарларды шартты түрде шығарылған тауарларға жатқызудың өзге жағдайлары мен тәртібі белгіленуі мүмкін.
      Ескерту. 200-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      201-бап. Тауарларды шығарудан бас тарту

      1. Осы Кодекстің 195-бабының 1-тармағымен белгіленген тауарларды шығарудың шарттарын сақтамаған кезде, сондай-ақ осы Кодекстің 193-бабының 6-тармағында және осы баптың 2-тармағында көрсетілген жағдайларда кеден органы тауарларды шығару мерзімі өткенге дейін кешіктірмей мұндай бас тарту үшін негіздеме болған барлық себептерді және оларды жою жөніндегі ұсынымдарды көрсете отырып, жазбаша нысанда тауарларды шығарудан бас тартады.
      Тауарларды шығарудан бас тартуды ресімдеу тәртібі Кеден одағы комиссиясының шешімімен анықталады.
      2. Кеден органы:
      егер әкімшілік немесе қылмыстық істі қозғауға себеп болып табылмайтын анықталған бұзушылықтар жойылған;
      анықталған бұзушылықтар жойылған, ал декларацияланатын тауарлар кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес алынбаған немесе оларға тыйым салынбаған жағдайларды қоспағанда, егер тауарларға кедендік бақылау жүргізу кезінде кеден органдары кеден одағының кеден заңнамасын бұзушылықтарды анықтаған болса, тауарларды шығарудан бас тартады.
      Ескерту. 201-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

6-бөлім. КЕДЕНДІК РӘСІМДЕР

29-тарау. Кедендік рәсімдер туралы жалпы ережелер

      202-бап. Кедендік рәсімдердің түрлері

      1. Кедендік реттеу мақсатында тауарларға қатысты кедендік рәсімдердің мынадай түрлері белгіленеді:
      1) ішкі тұтыну үшін шығару;
      2) экспорт;
      3) кедендік транзит;
      4) кеден қоймасы;
      5) кедендік аумақта қайта өңдеу;
      6) кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу;
      7) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу;
      8) уақытша әкелу (рұқсат);
      9) уақытша әкету;
      10) кері импорт;
      11) кері экспорт;
      12) бажсыз сауда;
      13) жою;
      14) мемлекет пайдасына бас тарту;
      15) еркін кедендік аймақ;
      16) еркін қойма;
      17) арнайы кедендік рәсім (кеден мақсаты үшін кеден одағының кедендік аумағында немесе одан тысқары тауарлардың жекелеген санаттарын пайдалану және (немесе) иелік ету талаптары мен шарттарын айқындайтын кедендік рәсім).
      2. Осы баптың 1-тармағының 15) және 16) тармақшаларында көрсетілген кедендік рәсімдер кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарымен белгіленеді.
      3. Арнайы кедендік рәсім Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалған шарттарға сәйкес және тауарлардың санаттарына қатысты кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасымен белгіленеді.
      Ескерту. 202-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      203-бап. Кедендік рәсімді таңдау және өзгерту

      1. Тұлғаның таңдауы бойынша кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарлар осы Кодекспен және кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген тәртіпте және шарттарда белгілі бір кедендік рәсіммен орналастырылады.
      2. Тұлға осы Кодекске сәйкес таңдалған кедендік рәсімді басқасына өзгертуге құқылы.

      204-бап. Кедендік рәсіммен орналастыру

      Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру күні болып осы Кодексте белгіленген тәртіпте кеден органының тауарды шығарған күні саналады.

      205-бап. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру
               шарттарын сақтауды растау міндеті

      Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру шарттарын сақтауды растау міндеті декларантқа жүктеледі.

      206-бап. Кедендік рәсімдердің шарттарын сақтауды кедендік
               бақылау

      1. Олармен орналастырған кезде тауарлар кеден одағы тауарларының мәртебесін алмайтын кедендік рәсімдердің шарттарын сақтауды кедендік бақылауды осы Кодекспен белгіленген тәртіппен мұндай кедендік рәсімге сәйкес аумағында тауарлар шығарылған кеден одағына мүше мемлекеттің кеден органдары жүргізеді.
      2. Кеден органы тауарларды шығарған мемлекеттен өзге кеден одағына мүше мемлекеттің аумағындағы осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты кедендік бақылау осы Кодекстің 17-тарауына сәйкес жүргізіледі.

      207-бап. Кедендік рәсімнің шарттары мен талаптарын
               сақтамағаны үшін жауапкершілік

      Декларант кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кедендік рәсімдердің шарттары мен талаптарын орындамағаны үшін жауапкершілікте болады.

      208-бап. Кедендік рәсіммен орналастырылған тауарларды алу
               (тұтқындау) салдарлары

      1. Кедендік рәсіммен орналастырылған тауарларды кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес алу, не мұндай тауарлар тұтқындалған жағдайда осы тауарларға қатысты кедендік рәсімнің қолданылуы тоқтатыла тұрады.
      Егер тауарларды алу не тұтқындаудың күшін жою туралы шешім қабылданса, кедендік рәсімнің қолданылуы қайта жаңғыртылады.
      Кедендік рәсімнің қолданылуын қайта жаңғыртқан кезде оларды есептеу және төлеу осы бөлімге сәйкес көзделген пайыздар, кедендік рәсімнің қолданылуын тоқтата тұру кезеңіне есептелмейді және төленбейді.
      2. Кедендік рәсіммен орналастырылған тауарларды сот шешімі бойынша тәркілеу және мемлекет меншігіне айналдыру кезінде, осы тауарларға қатысты кедендік рәсімнің қолданылуы тоқтатылады, ал тәркіленген және мемлекет меншігіне айналдырылған тауарлар кеден одағы тауарларының мәртебесін алады.
      3. Егер кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес тұлғаны әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту оның кедендік рәсімді сақтамағандығына байланысты болса және жол берілген сақтамау аталған кедендік рәсімді одан әрі қолданудың мүмкін еместігіне әкеп соқса, кедендік рәсімнің қолданылуы тұлғаны жауапкершілікке тарту жөніндегі тиісті шешімнің күшіне енген күнінен кейінгі күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күннің ішінде аяқталуы тиіс.
      Оларға қатысты осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес кедендік рәсімнің қолданылуы аяқталмаған тауарларды кеден органдары осы Кодекстің 21-тарауына сәйкес ұстайды.

30-тарау. Ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімі

      209-бап. Ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімінің
               мазмұны

      Ішкі тұтыну үшін шығару – егер осы Кодекспен өзге белгіленбесе, онымен орналастырған кезде шетелдік тауарлар кеден одағының кедендік аумағында оларды пайдалану және билік ету бойынша шектеулерсіз болатын кедендік рәсім.

      210-бап. Тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік
               рәсімімен орналастыру шарттары

      1. Тауарлар мына шарттарды сақтаған кезде ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылады:
      1) егер тарифтік артықшылықтар, кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер белгіленбесе, әкелу кедендік баждарды, салықтарды төлеу;
      2) шектеулер мен тыйымдарды сақтау;
      3) арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемдік шараларды қолдануға байланысты шектеулерді сақтауды растайтын құжаттар.
      2. Көрсетілген шарттарды орындаған кезде тауар кеден одағы тауарларының мәртебесін алады.
      3. Тауарларды пайдалану және (немесе) иелік ету бойынша шектеулермен ұштасқан кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер берілген кезде тауарлар осы Кодекстің 200-бабына сәйкес шартты түрде шығарылуға жатады және шетелдік тауарлар мәртебесін сақтайды.

      211-бап. Ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен
               орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға
               қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу
               бойынша міндеттің туындауы, тоқтатылуы және
               оларды төлеу мерзімі

      1. Декларантта ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты әкелу кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет кеден органының кедендік декларацияны тіркеген кезінен бастап туындайды.
      2. Декларантта әкелу кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет:
      1) ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты осы Кодекстің 80-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларда;
      2) бұл тауарларды пайдалану және (немесе) иелік ету бойынша шектеулермен ұштасқан кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді пайдалана отырып, ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты:
      егер тауарларды пайдалану және (немесе) иелік ету бойынша шектеулерді қолданудың өзге де мерзімі белгіленбесе, бұл кезеңде осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасымен белгіленген кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімінің келмеуі шартымен ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарған күннен бастап бес жыл өткеннен соң;
      бұл кезеңде осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасымен белгіленген кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімінің келмеуі шартымен тауарларды пайдалану және (немесе) иелік ету бойынша шектеулерді қолданудың өзге де белгіленген мерзімі өткен соң;
      мұндай тауарларды мемлекет пайдасына бас тартудың немесе жоюдың кедендік рәсімдерімен орналастыру кезінде ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарған күннен бастап бес жылдың ішінде не жеңілдікті қолданудың өзге де белгіленген мерзімі ішінде – тауарларды мемлекет меншігіне қабылдауды не оны жоюды растайтын құжатты кеден органына ұсынған кезден бастап;
      бес жылдың ішінде не ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарған күннен бастап жеңілдікті қолданудың өзге де белгіленген мерзімі ішінде болған, осы Кодекстің 80-бабының 2-тармағымен белгіленген жағдайларда;
      мұндай орналастыруға дейін осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасымен белгіленген кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімінің келмеуі шартымен шартты түрде шығарылған тауарларды кері экспорттың кедендік рәсімімен орналастырған кезде тоқтатылады.
      3. Әкелу кедендік баждары, салықтар мынадай мерзімдерде төлеуге жатады:
      1) ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты, – ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарғанға дейін;
      2) мұндай тауарларды пайдалану және (немесе) иелік ету бойынша шектеулермен ұштасатын кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді пайдалана отырып, ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты:
      мұндай жеңілдіктерді қолданудан бас тартқан жағдайда – тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген кедендік декларацияға жеңілдікті пайдаланудан бас тарту бөлігінде өзгерістер енгізгенге дейін;
      мұндай жеңілдіктерді пайдалануға байланысты белгіленген бұл тауарларды пайдалану және (немесе) иелік ету бойынша шектеулерді бұзатын немесе жеңілдіктер беру шарттарына сәйкес келетін мақсаттарды бұзатын тауарлармен іс-әрекеттер жасаған жағдайда – көрсетілген іс-әрекеттерді жасаған бірінші күні, ал егер бұл күн белгіленбесе – кеден органы тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны тіркеген күні төлеуге жатады.

31-тарау. Экспорттың кедендік рәсімі

      212-бап. Экспорт кедендік рәсімінің мазмұны

      1. Экспорт – кеден одағының тауарлары кеден одағының кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкетілетін және одан тысқары жерлерде тұрақты болатын кездегі кедендік рәсім.
      2. Экспорттың кедендік рәсімімен орналастыруға бұрын уақытша әкетудің немесе кедендік аумақтық тыс жерлерде қайта өңдеудің кедендік рәсімдерімен орналастырылған тауарларға оларды кеден органдарына іс жүзінде ұсынбастан жол беріледі.

      213-бап. Тауарларды экспорттың кедендік рәсімімен
               орналастыру шарттары

      1. Тауарлар экспорттың кедендік рәсіміне мынадай шарттар сақталған кезде:
      1) егер әкету кедендік баждарын төлеу бойынша жеңілдіктер белгіленбесе, әкету кедендік баждарды төлегенде;
      2) тыйым салулар мен шектеулер сақталғанда;
      3) үшінші елдерге қатысты әкету кедендік баждарын қолдану мәселелерін реттейтін кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес Кеден одағының комиссиясы қалыптастыратын тауарлардың жиынтық тізбесіне енгізілген тауарларға қатысты тауардың шығуы туралы сертификат ұсынылғанда орналастырылады.
      2. Экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылған және кеден одағының кедендік аумағынан іс жүзінде әкетілген тауарлар кеден одағы тауарының мәртебесін жоғалтады.
      3. Алынып тасталды - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. 213-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      214-бап. Экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылған
               тауарларға қатысты әкету кедендік баждарды төлеу
               бойынша міндеттің туындауы мен тоқтатылуы және
               оларды төлеу мерзімі

      1. Декларантта экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты әкету кедендік баждарды төлеу бойынша міндет кеден органы кедендік декларацияны тіркеген кезден бастап туындайды.
      2. Декларантта экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты әкету кедендік баждарды төлеу бойынша міндет осы Кодекстің 80-бабының 2-тармағымен белгіленген жағдайларда тоқтатылады.
      3. Егер осы Кодекспен өзге мерзім белгіленбесе, әкету кедендік баждар экспорттың кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарғанға дейін төлеуге жатады.

32-тарау. Кедендік транзиттің кедендік рәсімі

      215-бап. Кедендік транзит туралы жалпы ережелер

      1. Кедендік транзит – оған сәйкес кеден одағының кедендік аумағы бойынша тауарлар кедендік бақылаумен, оның ішінде кеден одағына қатысушы болып табылмайтын мемлекеттің аумағы арқылы жөнелтуші кеден органынан межелі кеден органына дейін тарифтік емес реттеу мен техникалық реттеу шараларын қоспағанда, тыйым салулар мен шектеулерді қолдана отырып, кедендік баждарды, салықтарды төлеместен тасымалданатын кедендік рәсім.
      2. Кедендік транзит:
      1) келу жеріндегі кеден органынан кету жеріндегі кеден органына дейін шетелдік тауарларды;
      2) келу жеріндегі кеден органынан ішкі кеден органына дейін шетелдік тауарларды;
      3) шетелдік тауарларды, сондай-ақ егер бұл осы баптың 5-тармағына сәйкес көзделген болса, ішкі кеден органынан кету жеріндегі кеден органына дейін кеден одағының тауарларын;
      4) бір ішкі кеден органынан басқа ішкі кеден органына дейін шетелдік тауарларды;
      5) кеден одағына қатысушы болып табылмайтын мемлекеттің аумағы арқылы кету жеріндегі кеден органынан келу жеріндегі кеден органына дейін кеден одағының тауарларын тасымалдау кезінде қолданылады.
      3. Егер әуе көлігі халықаралық рейс жасау уақытында келу жерінде тауарларды ішінара тиеместен (түсірместен) аралық немесе мәжбүрлі түрде (техникалық) қонса, кедендік транзит әуе көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты қолданылмайды.
      Халықаралық пошта жөнелтілімдерімен, құбыржол көлігімен және электр беру желілері бойынша тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік транзит осы Кодекспен белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, қолданылады.
      Кеден одағының кедендік аумағы бойынша теміржол көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік транзит ерекшеліктері кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шартымен анықталады.
      Теңіз көлігімен өткізілетін тауарларға қатысты, сондай-ақ осы баптың 2-тармағының 2) және 4) тармақшаларына сәйкес кеден одағына мүше бір мемлекеттің ғана аумағы арқылы өткізілетін тауарларды тасымалдау кезінде осындай кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасымен кедендік транзиттің ерекшеліктері белгіленуі мүмкін.
      4. Кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды кедендік декларациялауды осы Кодекстің 186-бабының 1 және 3-тармақтарында көрсетілген тұлғалар жүзеге асырады.
      5. Егер осы Кодекспен және (немесе) Кеден одағының комиссиясымен өзге көзделмесе, экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастырылмастан кеден одағының кедендік аумағы бойынша тасымалданады.
      6. Осы тарауды қолдану мақсаты үшін халықаралық тасымалдаудың көлік құралы деп кеден одағының кедендік аумағы бойынша шегінен шықпастан онымен тауарлар тасымалданатын көлік құралы да түсініледі.
      Ескерту. 215-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      216-бап. Тауарларды кедендік транзиттің кедендік
               рәсімімен орналастыру шарттары

      Тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастыруға мынадай шарттар сақталған кезде:
      1) тауарларды кеден одағының кедендік аумағына әкелуге немесе мұндай аумақтан әкетуге тыйым салынбағанда;
      2) егер мұндай өткізуге осы құжаттар бар болған кезде жол берілсе, тауарларға қатысты тауарларды кедендік шекара арқылы өткізумен байланысты шектеулердің сақталуын растайтын құжаттар ұсынылғанда;
      3) егер тауарлар келу жерінде мұндай бақылауға жатса, әкелінетін тауарларға қатысты шекаралық бақылау және мемлекеттік бақылаудың өзге де түрлері жүзеге асырылғанда;
      4) транзиттік декларация ұсынылғанда;
      5) тауарларға қатысты осы Кодекстің 217-бабына сәйкес кедендік транзиттің сақталуын қамтамасыз ету шаралары қолданылғанда;
      6) осы Кодекстің 109-бабына сәйкес тауарларды сәйкестендіру қамтамасыз етілгенде;
      7) егер тауарлар кедендік пломбалармен және мөрлермен тасымалданған жағдайда халықаралық тасымалдаудың көлік құралы тиісті түрде жабдықталғанда жол беріледі.

      217-бап. Кедендік транзиттің сақталуын қамтамасыз ету
               шаралары

      1. Кедендік транзиттің сақталуын қамтамасыз ету шараларына:
      1) осы Кодекстің 12-тарауына сәйкес шетелдік тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету;
      2) кедендік алып жүру;
      3) тауарларды тасымалдау бағытын белгілеу жатады.
      2. Егер:
      1) декларант ретінде кедендік тасымалдаушы немесе уәкілетті экономикалық оператор түссе;
      2) тауарлар теміржол және құбыржол көлігімен немесе электр беру желілері бойынша тасымалданса;
      3) бұл халықаралық шарттармен белгіленсе;
      4) тауарлар кедендік алып жүрумен тасымалданса;
      5) осы Кодекспен және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарымен белгіленген өзге де жағдайларда кедендік транзит кезінде кеден органы осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету ұсынуды талап етпейді.
      3. Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген кедендік транзиттің сақталуын қамтамасыз ету шаралары тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде айқындалған жағдайларда кедендік транзиттің сақталуын қамтамасыз етудің өзге де шараларына қосымша ғана қолданылуы мүмкін.
      Жөнелтуші кеден органдарының бағыты көліктік (тасымалдау) құжаттарда көрсетілген мәліметтер негізінде айқындалады.
      Жөнелтуші кеден органының жазбаша рұқсатымен не ол жүрер жол бойынша тұрған кез келген кеден органының рұқсатымен бағытты өзгертуге жол беріледі.

      218-бап. Кедендік сүйемелдеу

      1. Кедендік сүйемелдеу – кедендік транзиттің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кеден органдарының лауазымды адамдары не өзге де ұйымдар жүзеге асыратын кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдайтын көлік құралдарын сүйемелдеу.
      2. Кеден органы:
      1) тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде анықталған;
      2) осы Кодекстің 12-тарауына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету ұсынылмаған не оның жеткіліксіздігі;
      3) егер көрсетілген қаулылардың ең болмағанда, біреуі орындалмаса, тасымалдаушы әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы заңды күшіне енген қаулылармен белгіленген кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау кезінде міндеттерді бірнеше рет орындамаған;
      4) тасымалдаушы осы Кодекстің 227-бабына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндетті орындамаған жағдайда кедендік алып жүру туралы шешім қабылдауға құқылы.
      3. Кеден органы кедендік сүйемелдеу туралы шешім қабылдаған жағдайда кеден органы оны осындай шешім қабылданған сәттен бастап 24 сағаттан кешіктірмей ұйымдастырады.
      Ескерту. 218-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      219-бап. Кедендік транзиттің мерзімі

      1. Жөнелтуші кеден органынан межелі кеден органына дейінгі кедендік транзиттің мерзімін жөнелтуші кеден органы көлік түрінің және көлік құралдары мүмкіндіктерінің, белгіленген бағыттың, тасымалдаудың басқа шарттарының түрлерін және (немесе) декларанттың немесе егер тасымалдаушы кедендік транзиттің кедендік рәсімінің декларанты ретінде әрекет етпесе, тасымалдаушының өтінішін негізге ала отырып, тауарларды тасымалдаудың әдеттегі мерзіміне сәйкес, сондай-ақ халықаралық шарттарға сәйкес жүргізушінің еңбек режимінің талаптарын және демалысын ескере отырып, бірақ кедендік транзиттің неғұрлым шекті мерзімінен аспайтындай белгілейді.
      2. Кедендік транзиттің шекті мерзімі бір айға екі мың километр есебінен анықталатын мерзімнен аспауы тиіс.
      3. Егер тасымалдаушы кедендік транзиттің кедендік рәсімінің декларанты болып түспесе, декларанттың немесе тасымалдаушының дәлелді өтініші бойынша кеден органы белгілеген кедендік транзиттің мерзімі осы баптың 2-тармағымен белгіленген мерзім шегінде ұзартылуы мүмкін.
      Ескерту. 219-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      220-бап. Тауарларды жеткізу орны

      1. Кедендік транзит кезінде тауарларды жеткізу орнын жөнелтуші кеден органы көліктік (тасымалдау) құжаттарда көрсетілген межелі пункт туралы мәліметтердің негізінде анықтайды.
      Кеден одағына мүше мемлекеттер заңнамасымен белгіленген жағдайларда жөнелтуші кеден органы көліктік (тасымалдау) құжаттарда көрсетілген мәліметтерге қарамастан жеткізу орнын белгілеуге құқылы.
      Тауарларды жеткізу орны межелі кеден органының қызметі өңіріндегі кедендік бақылау аймағы болып табылады. Бұл ретте, егер осы Кодексте өзге көзделмесе, олардың келген жерінен тасымалданатын тауарлар кеден органының тұрған жеріне жеткізіледі.
      Темір жол көлігімен өткізілетін тауарларды жеткізу орны межелі станциядағы (кіре беріс жолдарындағы) кедендік бақылау аймағы болып табылады.
      2. Егер көлік саласында кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес межелі пункттің кедендік транзиті өзгерсе, тасымалдаушы тауарларды жеткізу орнын өзгерту туралы өтінішпен кеден органына жүгінуге құқылы. Бұл ретте, тасымалдаушы оның жүру бағытындағы кез келген кеден органына еркін нысанда жазылған межелі пункттің өзгергені туралы өтінішті, межелі пункттің өзгергенін растайтын құжаттарды, сондай-ақ транзиттік декларацияны және тауарларға арналған өзге де құжаттарды ұсынады.
      Тауарларды жеткізу орнын өзгерту туралы шешімді кеден органы осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген өтініш пен құжаттарды алған күннен кейінгі күннен кешіктірмей қабылдайды. Көрсетілген шешім жеткізу орны өзгерген тауарларға қатысты кедендік транзиттің кедендік рәсімін аяқтау және жаңа транзиттік декларацияны толтыру жолымен ресімделеді. Тауарлар кедендік транзиттің кедендік рәсімімен кеден органы тауарларды жеткізу орнын өзгерту туралы шешім қабылдаған күні орналастырылады.

      221-бап. Тауарларды кедендік пломбалармен және мөрлермен
               тасымалдау кезінде халықаралық тасымалдаудың
               көлік құралдарын жабдықтау

      1. Тауарларды кедендік пломбалармен және мөрлермен тасымалдау үшін көлік құралдары мынадай талаптарды сақтай отырып, құрастырылған және жабдықталған болуға тиіс:
      1) кедендік пломбалар қарапайым және сенімді әдіспен салынған болуы мүмкін;
      2) тауарлар халықаралық тасымалдау көлік құралының пломбаланған жүк орналастыру бөлігінен алынбауға және оларды ашқанда көрінетін із қалдырмастан немесе кедендік пломбалар мен мөрлерді бүлдірместен оларға салынбауы тиіс;
      3) тауарлар жасырылуы мүмкін жасырын орындар жоқ;
      4) тауарлардың болуы мүмкін орындарға тауарларды кедендік қарау үшін жеңіл қол жеткізіледі.
      2. Егер мұндай көлік құралы оны халықаралық шарттармен белгіленген құрастыру және жабдықтау талаптарына сәйкес келсе, халықаралық тасымалдаудың көлік құралына осы баптың 1-тармағымен белгіленген талаптар орындалған болып саналады.
      3. Халықаралық тасымалдау көлік құралының осы баптың 1 және 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігі халықаралық тасымалдаудың көлік құралын тауарларды кедендік пломбалармен және мөрлермен тасымалдауға жіберу туралы куәлікті алу жолымен алдын ала расталуы мүмкін.
      Халықаралық тасымалдаудың көлік құралын тауарларды кедендік пломбалармен және мөрлермен тасымалдауға жіберу туралы куәлік:
      жеке тәртіппен;
      көлік құралдары құрылысының түрі (сериялары) бойынша берілуі мүмкін.
      Халықаралық тасымалдаудың көлік құралын тауарларды кедендік пломбалармен және мөрлермен тасымалдауға жіберу туралы куәлікті кеден органы мүдделі тұлғаның өтініші бойынша көрсетілген өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей береді. Көрсетілген куәлік халықаралық тасымалдау көлік құралының құрылысында өзгерістер болғанға дейін, бірақ екі жылдан аспайтын мерзімде қолданыста болып қалады.
      Халықаралық тасымалдаудың көлік құралын тауарларды кедендік пломбалармен және мөрлермен тасымалдауға жіберу туралы куәлік басқа тұлғаға ауысқан кезде көлік құралдарын иелену құқығы күшінде қалады.
      Халықаралық тасымалдаудың көлік құралын тауарларды кедендік пломбалармен және мөрлермен тасымалдауға жіберу туралы куәліктің нысаны және оны беру және пайдалану тәртібі Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленеді.
      4. Кеден органдары:
      тауарларды тасымалдауды кедендік тасымалдаушы жүзеге асырған;
      алдын ала жіберу халықаралық шарттармен көзделмеген жағдайда, халықаралық тасымалдаудың көлік құралын тауарларды кедендік пломбалармен және мөрлермен тасымалдауға алдын ала жіберуді талап етпейді.

      222-бап. Тиеу, қайта тиеу (қайта аудару) және тауарлармен
               өзге де жүк операциялары, сондай-ақ кедендік
               транзит кезінде халықаралық тасымалдаудың көлік
               құралдарын ауыстыру

      1. Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарларды тиеуге, қайта тиеуге (қайта аударуға) және өзге де жүк операцияларына, сондай-ақ мұндай тауарларды тасымалдайтын халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын ауыстыруға осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда, жөнелтуші кеден органның немесе қызмет өңірінде тиісті жүк операциялары жүзеге асырылса кеден органының рұқсатымен жол беріледі.
      Егер осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген халықаралық тасымалдаудың тауарлары мен көлік құралдарына қатысты операциялар салынған кедендік пломбалар мен мөрлерді бүлдірместен жүзеге асырылады не тауарларға кедендік пломбалар мен мөрлер салынбаса, мұндай операцияларды жүзеге асыруға кеден орган жазбаша және (немесе) электронды нысанда хабардар еткеннен кейін жол беріледі.
      2. Егер оларды жүзеге асыру тауарлардың жоғалуына немесе қасиеттерінің өзгеруіне әкеп соғуы мүмкін болған жағдайда не көліктік (тасымалдау) құжаттарда, шектеулерді сақтауды растайтын құжаттарда не бақылаушы мемлекеттік органдар берген өзге де құжаттарда мұндай операцияларды жүзеге асыруға тыйымдар болған кезде кеден органы тауарлармен жүк операцияларын жүзеге асыруға рұқсат беруден бас тартуы мүмкін.
      3. Кеден органы тұлғасының өтініші бойынша кеден органының жұмыс уақытынан тыс кедендік бақылаудағы тауарлармен жүк операцияларын жүргізуге рұқсат береді.
      Ескерту. 222-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      223-бап. Кедендік транзиттің кедендік рәсімі кезіндегі
               тасымалдаушының міндеттері

      Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау кезінде тасымалдаушы осы кедендік рәсімінің декларанты болып табылатындығына қарамастан:
      1) тауарларды және оларға арналған құжаттарды жөнелтуші кеден органы белгілеген мерзімде, егер ол белгіленсе, белгілі бір бағыт бойынша жүре отырып, тауарларды жеткізу орнына жеткізуге;
      2) тауарлардың, егер олар қолданылса, пломбалар мен мөрлердің не өзге де сәйкестендіру құралдарының сақталуын қамтамасыз етуге;
      3) осы Кодекстің 222-бабының 1-тармағымен көзделген жағдайларды қоспағанда, кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарларды тиеуге, қайта тиеуге (қайта аударуға) және өзге де жүк операцияларына, сондай-ақ мұндай тауарларды тасымалдайтын халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын ауыстыруға кеден органдарының рұқсатынсыз жол бермеуге міндетті.

      224-бап. Тасымалдаушының жауапкершілігі

      1. Тауарларды және оларға арналған құжаттарды жеткізбеген кезде тасымалдаушы кеден органы тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырған кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, тасымалдаушы кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау кезінде өз міндеттерін орындамағаны үшін аумағында бұзушылық анықталған кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.

      225-бап. Кедендік транзиттің кедендік рәсімін аяқтау

      1. Кедендік транзиттің кедендік рәсімі тауарлар жөнелтуші кеден органы белгілеген орынға жеткізілгеннен кейін аяқталады.
      2. Кедендік транзиттің кедендік рәсімі аяқталғанға дейін тауарларды жеткізу орындарындағы тауарлар кедендік бақылау аймағына орналастырылады.
      Тауарларды кедендік бақылау аймағына орналастыруға тәуліктің кез келген уақытында жол беріледі.
      3. Кедендік транзиттің кедендік рәсімін аяқтау үшін тасымалдаушы межелі кеден органына транзиттік декларацияны, сондай-ақ:
      автомобильдік көлікпен тасымалданатын тауарларға қатысты олардың тауарларды жеткізу орнына келген кезінен бастап 1 (бір) сағат ішінде, ал тауарлар кеден органының белгіленген жұмыс уақытынан тыс келген жағдайда, осы кеден органының жұмыс уақыты басталған кезден бастап 2 (екі) сағат ішінде;
      егер кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында өзге мерзім белгіленбесе, су, әуе кемелерін және теміржол көлігін пайдалана отырып, тасымалданған тауарларға қатысты халықаралық тасымалдарды жүзеге асыру кезінде порттардың, әуежайлардың немесе теміржол станцияларының техникалық процеспен белгіленген уақыт ішінде онда бар басқа да құжаттарды ұсынуға міндетті.
      Кеден органының талабы бойынша тасымалдаушы тауарды көрсетуге міндетті.
      4. Межелі кеден органы осы баптың 3-тармағында көрсетілген құжаттарды тасымалдаушы ұсынған кезден бастап 1 (бір) сағаттың ішінде кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамаларымен белгіленген тәртіппен тіркейді.
      5. Межелі кеден органы кедендік транзиттің кедендік рәсімін мейілінше қысқа мерзімде, бірақ транзиттік құжаттарда немесе транзиттік декларация ретінде танылатын кедендік транзиттің кедендік рәсімін аяқтау туралы өзге де құжаттарда белгілерді қою жолымен құжаттарды тіркегеннен кейін жиырма төрт сағаттан кешіктірместен аяқтайды.
      Кеден органдарының кедендік транзиттің кедендік рәсімін аяқтауды ресімдеу тәртібі Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалады.
      6. Егер темір жол немесе су көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты кеден одағының кеден заңнамасымен немесе кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамаларымен өзге мерзім белгіленбесе, тасымалдаушы немесе өзге де мүдделі тұлға кедендік транзиттің кедендік рәсімі аяқталғаннан кейін үш сағаттың ішінде тауарларды уақытша сақтауға орналастырумен немесе оларды кеден рәсіміне сәйкес кедендік декларациялауға байланысты кедендік операцияларды жасауға міндетті.
      Осы тармақтың ережелері кеден одағының кедендік аумағынан әкетілетін тауарларға қатысты кету орнында кедендік рәсімді аяқтау кезінде қолданылмайды.

      226-бап. Кедендік транзиттің кедендік рәсімі кезіндегі
               апат, дүлей күштің әсері немесе өзге де
               жағдаяттар кезінде қолданылатын шаралар

      1. Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдауға кедергі болатын апаттар, еңсерілмес күштің әсері немесе өзге де жағдайлар кезінде тасымалдаушы тауарлар мен көлік құралдарының сақталуын қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қолдануға, жақын кеден органына осы жағдаяттар туралы және тауарлардың орналасқан жері туралы дереу хабарлауға, сондай-ақ тауарлардың орнын ауыстыруға немесе (егер оның көлігі бұзылған болса) жақын кеден органына не оларды кеден органы көрсеткен өзге жерге тасымалдауды қамтамасыз етуге міндетті. Осы жағдаяттар туралы хабар алған кеден органы кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдауға кедергі болатын туындаған жағдаяттар туралы жөнелтуші кеден органына және межелі кеден органына хабарлауға міндетті.
      2. Осы баптың талаптарын сақтауға байланысты тасымалдаушы келтірген шығыстарды кеден органдары өтемейді.

      227-бап. Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне
               орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік
               тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын,
               салықтарды төлеу бойынша міндеттің туындауы мен
               тоқтатылуы және оларды төлеу мерзімі

      1. Декларантта кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылатын шетелдік тауарларға қатысты әкелімдік кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет кеден органының транзиттік декларацияны тіркеген кезінен бастап туындайды.
      2. Декларантта кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты әкелімдік кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет:
      1) осы рәсімнің қолданылу уақытында әкелімдік кедендік баждарды салықтарды төлеу мерзімі келген жағдайды қоспағанда, осы Кодекстің 225-бабының 6-тармағына сәйкес кедендік транзиттің кедендік рәсімі аяқталған кезде;
      2) осы Кодекстің 80-бабының 2-тармағымен белгіленген жағдайларда тоқтатылады.
      3. Шетелдік тауарлар кеден органы белгілеген жеткізу орнына жеткізілмеген жағдайда, әкелімдік кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі:
      1) егер шетелдік тауарларды жеткізбеу тасымалдаушы кеден органының рұқсатынсыз алушыға немесе өзге де тұлғаға беру себебі бойынша болса - мұндай беру күні, ал егер бұл күн анықталмаса - кеден органының транзиттік декларацияны тіркеген күні;
      2) апат немесе дүлей күш әсерінің салдарынан жойылуды (біржола жоғалуды) не тасымалдаудың (тасымалдың) және сақтаудың қалыпты жағдайы кезіндегі табиғи кемуді қоспағанда, егер шетелдік тауарларды жеткізбеу тауарларды жоғалту себебі бойынша болса - мұндай жоғалту күні, ал егер бұл күн анықталмаса - кеден органының транзиттік декларацияны тіркеген күні;
      3) шетелдік тауарларды жеткізбеу өзге де себептер бойынша болса - кеден органының транзиттік декларацияны тіркеген күні болып саналады.
      4. Кедендік әкелу баждары, салықтар тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастыру кезінде төленуге жататын, кеден органының транзиттік декларацияны тіркеу күніне есептелген кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомасына сәйкес келетін көлемде төленуге жатады.
      5. Осы баптың 3 және 4-тармақтарына сәйкес төленген немесе өндіріп алынған кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндетті осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес тоқтату кезінде кедендік әкелу баждары, салықтар осы Кодекске сәйкес белгіленген тәртіпте қайтарылуға (есепке жатқызылуға) жатады.
      6. Егер осы Кодекстің 85-бабының 3-тармағына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді кедендік транзит кедендік рәсімінің декларанты емес, өзге тұлға ұсынған болса, осы баппен көзделген жағдайларда кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндет декларантпен қатар, мұндай тұлғада туындайды.

      228-бап. Кедендік транзиттің кедендік рәсімімен
               орналастырылатын (орналастырылған) кеден
               одағының тауарларына қатысты кедендік әкету
               баждарын төлеу бойынша міндеттің туындауы мен
               тоқтатылуы және оларды төлеу мерзімі

      1. Декларантта кеден одағының кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастырылатын (орналастырылған) тауарларына қатысты кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндет осы Кодекстің 215-бабының 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес кеден органының транзиттік декларацияны тіркеген күнінен бастап күшіне енеді.
      2. Декларантта кеден одағының кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастырылатын (орналастырылған) тауарларына қатысты кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндет:
      1) Осы рәсімнің қолданылу уақытында кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі келген жағдайды қоспағанда, осы Кодекстің 225-бабының 6-тармағына сәйкес кедендік транзиттің кедендік рәсімін аяқтау кезінде;
      2) осы Кодекстің 80-бабының 2-тармағымен белгіленген жағдайларда тоқтатылады.
      3. Тауарлар кеден органы белгілеген жеткізу орнына жеткізілмеген жағдайда кедендік әкету баждарын төлеу мерзімі кеден органының транзиттік декларацияны тіркеген күні болып саналады.
      4. Кедендік әкету баждары тауарларды экспорттың кедендік рәсімімен орналастыру кезінде төленуге жататын кеден органының транзиттік декларацияны тіркеу күніне есептелген кедендік әкету баждарының, салықтардың сомасына сәйкес келетін көлемде төленуге жатады.
      5. Осы баптың 3 және 4-тармақтарына сәйкес төленген немесе өндіріп алынған кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндетті осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес тоқтату кезінде кедендік әкету баждары осы Кодекске сәйкес белгіленген тәртіппен қайтарылуға (есепке жатқызылуға) жатады.

33-тарау. Кеден қоймасының кедендік рәсімі

      229-бап. Кеден қоймасының кедендік рәсімінің мазмұны

      Кеден қоймасы – шетелдік тауарлар кедендік бақылаумен кеден қоймасында белгіленген мерзім ішінде кедендік баждар, салықтар төленбестен және тарифтік емес реттеу шараларын қолданбастан сақталатын кездегі кедендік рәсім.

      230-бап. Тауарларды кеден қоймасының кедендік рәсімімен
               орналастыру шарттары

      1. Кеден қоймасының кедендік рәсіммен:
      оларды кеден қоймасының кедендік рәсіміне сәйкес кедендік декларациялау күніне жарамдылық және (немесе) сатылу мерзімі жүз сексен күнтізбелік күннен кем құрайтын тауарларды;
      тізбесі Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалатын тауарларды қоспағанда, кез келген шетелдік тауарлар орналастырылуы мүмкін.
      2. Кеден қоймасының кедендік рәсімімен бұрын өзге кедендік рәсімдермен орналастырылған тауарлар орналастырылуы мүмкін.
      3. Осы Кодекспен көзделген жағдайларда, уақытша әкелудің немесе кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсімдерінің қолданылуын тоқтату мақсатында кеден қоймасының кедендік рәсімімен шетелдік тауарлар орналастырылуы мүмкін.
      4. Бұған кеден органының жазбаша нысандағы рұқсатының болуы шартымен, өздерінің үлкен габариттеріне байланысты кеден қоймасына орналастырыла алмайтын тауарларды кеден қоймасында іс жүзінде орналастырмастан, кеден қоймасының кедендік рәсімімен орналастыруға жол беріледі.
      Оларды кеден қоймасына іс жүзінде орналастырмастан, тауарларды осы кедендік рәсіммен орналастыру кезінде кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді ұсыну жағдайлары айқындалуы мүмкін.

      231-бап. Тауарларды кеден қоймасында сақтау мерзімі

      1. Тауарларды кеден қоймасында сақтау мерзімі тауарларды кеден қоймасының кедендік рәсімімен орналастырған күннен бастап үш жылдан аспауы тиіс.
      2. Шектеулі жарамдылық және (немесе) сатылу мерзімі бар тауарлар жүз сексен күнтізбелік күннен кешіктірілмей, көрсетілген мерзім өткенге дейін өзге кедендік рәсіммен орналастырылуға тиіс.
      3. Кеден қоймасында сақталу мерзімі өткен тауарларды кеден органдары осы Кодекстің 21-тарауына сәйкес ұстайды.
      4. Тауарларды кеден қоймасының кедендік рәсімімен бірнеше рет орналастыру кезінде, соның ішінде осы рәсімнің декларанттары болып әр түрлі тұлғалар түскенде, тауарларды кеден қоймасында жалпы сақтау мерзімі осы баптың 1-тармағымен белгіленген мерзімнен аспауы тиіс.

      232-бап. Кеден қоймасының кедендік рәсімімен
               орналастырылған тауарлармен жасалатын
               операциялар

      1. Бұл операциялар тауарлар жай-күйінің, орамдарының және (немесе) сәйкестендіру құралдарының өзгеруіне әкеп соқпауы шартымен, тауарларға қатысты өкілеттіктері бар тұлғалар немесе олардың өкілдері кеден қоймасының кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлармен олардың сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті әдеттегі операцияларды жасауға, соның ішінде тауарларды қарауға және өлшеуге, оларды кеден қоймасы шегінде орындарынан ауыстыруға құқылы.
      2. Кеден органының рұқсатымен кеден қоймасының кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлармен қарапайым жинақтау операциялары, сондай-ақ:
      сынамалар мен үлгілерді іріктеп алу;
      партияны бөлшектеу, жөнелтілімдерді қалыптастыру, сұрыптау, орау, қайта орау, таңбалау бойынша операциялар, тауар түрін жақсарту бойынша операциялар жасалуы мүмкін.
      3. Кеден қоймасының кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлармен жасалатын барлық операциялар Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша жіктеме кодының өзгеруіне байланысты осы тауарлардың сипаттамасын өзгертпеуге тиіс.
      4. Кеден қоймасының кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың барлығына немесе бір бөлігіне қатысты тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқықтарын беруді көздейтін мәмілелер жасалуы мүмкін.
      Ескерту. 232-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      233-бап. Кеден қоймалары және олардың түрлері

      1. Кеден қоймасы болып кеден қоймасының кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды сақтауға арналған арнайы белгіленген және жайластырылған құрылым, жай және (немесе) ашық алаңша танылады.
      2. Кеден қоймалары ашық немесе жабық түрде болуы мүмкін.
      Егер олар кез келген тауарларды сақтау және тауарларға қатысты өкілеттіктері бар кез келген тұлғалардың пайдалануы үшін қолжетімді болса, кеден қоймалары ашық түрдегі қоймалар болып табылады.
      Егер олар кеден қоймасы иесінің тауарларын сақтауға арналған болса, кеден қоймалары жабық түрдегі қоймалар болып табылады.
      Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен жабық түрдегі кедендік қоймаларда сақталуға жол берілетін тауарлардың жекелеген санаттары айқындалуы мүмкін.
      3. Кеден қоймаларын орналастыру, жайластыру және жабдықтау бойынша талаптар, сондай-ақ олардың құрылу және қызмет ету тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен айқындалады.
      4. Кеден органдары кеден қоймаларының тізілімін жүргізеді және оларды мерзімді жариялауды, соның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып қамтамасыз етеді.
      5. Кеден қоймасының кедендік рәсімімен орналастырылған және (немесе) кеден қоймаларында орналастырылған тауарларға қатысты есеп жүргізу және есептілік беру тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен айқындалады.

      234-бап. Тауарларды кеден қоймасында сақтау

      1. Басқа тауарларға зиян келтіруі мүмкін немесе сақтаудың ерекше шарттарын талап ететін тауарлар мұндай тауарларды сақтау талаптарына сәйкес жабдықталған кеден қоймаларында орналастырылуға тиіс.
      2. Кеден қоймасында экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылған кеден одағының тауарларын алты ай ішінде сақтауға жол беріледі.
      3. Кеден қоймасының қызмет етуі тоқтатылған жағдайда, кеден қоймасының кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар осы қойманың қызмет етуін тоқтату туралы шешім қабылданған күннен кейінгі күннен бастап 60 (алпыс) күнтізбелік күн ішінде басқа кеден қоймасына ауыстырылуы не осы Кодекске сәйкес өзге кедендік рәсіммен орналастырылуға тиіс.
      60 (алпыс) күнтізбелік күн ішінде осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген әрекеттер жасалмаған кезде осы Кодекстің 21-тарауына сәйкес тауарларды кеден органдары ұстайды.
      Ескерту. 234-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      235-бап. Кеден қоймасында сақталу кезеңінде жарамсыз
               болған, бүлінген немесе зақымданған тауарларды
               өзге кедендік рәсіммен орналастыру

      Кеден қоймасында сақталу кезеңінде ырық бермес күш әсерінің салдарынан жарамсыз болған, бүлінген немесе зақымданған тауарлар жарамсыз, бүлінген немесе зақымданған күйінде әкелінгендей болғанда, декларант таңдап алған кедендік рәсіммен орналастырылуға жатады.

      236-бап. Кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылуын
               аяқтау

      1. Кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылуы тауарлардың кеден қоймасында сақталу мерзімі өткенге дейін тауарларды өзге кедендік рәсіммен орналастырумен аяқталады.
      Кеден қоймасының кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар өзге кедендік рәсіммен толық немесе ішінара орналастырылуы мүмкін.
      2. Тауарларды өзге кедендік рәсіммен орналастырғаннан кейін бұл тауарлар оларды өзге кедендік рәсіммен орналастырған күннен кейінгі күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде әкетілуге жатады.

      237-бап. Кеден қоймасының кедендік рәсімімен
               орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға
               қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды
               төлеу бойынша міндеттің туындауы мен тоқтатылуы
               және оларды төлеу мерзімі

      1. Кеден қоймасының кедендік рәсімімен орналастырылатын шетелдік тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет:
      1) декларантта кеден органының кедендік декларацияны тіркеген кезінен бастап;
      2) кеден қоймасының иесінде – тауарларды кеден қоймасына орналастырған кезден бастап туындайды.
      2. Кеден қоймасының кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет:
      1) декларантта – тауарларды кеден қоймасына орналастыру кезінде не егер, тауарларды сақтау кеден қоймасында жүзеге асырылмаса, тауарларды өзге кедендік рәсіммен орналастыру кезінде;
      2) кеден қоймасының иесінде – оларды өзге кедендік рәсіммен орналастыруға байланысты тауарларды кеден қоймасынан беру кезінде;
      3) осы тармақтың 1) және 2) тармақтарында көрсетілген тұлғаларда – тауарлар осы Кодекстің 21-тарауына сәйкес ұсталғанда, сондай-ақ осы Кодекстің 80-бабының 2-тармағымен белгіленген жағдайларда тоқтатылады.
      3. Әкелімдік кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі:
      1) декларантта:
      апат немесе дүлей күш әсерінің салдарынан жойылуды (біржола жоғалуды) не тасымалдаудың (тасымалдың) және сақтаудың қалыпты жағдайы кезіндегі табиғи кемуді қоспағанда, оларды кеден қоймасына орналастырғанға дейін тауарларды жоғалтқан жағдайда - мұндай жоғалту күні, ал егер бұл күн анықталмаса - кеден органының тауарларды кеден қоймасының кедендік рәсімімен орналастыру үшін ұсынылған кедендік декларацияны тіркеген күні;
      апат немесе дүлей күш әсерінің салдарынан жойылуды (біржола жоғалуды) не тасымалдаудың (тасымалдың) және сақтаудың қалыпты жағдайы кезіндегі табиғи кемуді қоспағанда, егер тауарларды сақтау кеден қоймасында жүзеге асырылмаса, тауарларды өзге кедендік рәсіммен орналастырғанға дейін жоғалтқан немесе өзге тұлғаға берген жағдайда - мұндай жоғалту күні, ал егер бұл күн анықталмаса - кеден органының тауарларды кеден қоймасының кедендік рәсімімен орналастыру үшін ұсынылған кедендік декларацияны тіркеген күні;
      2) кеден қоймасының иесінде:
      апат немесе дүлей күш әсерінің салдарынан жойылуды (біржола жоғалуды) не сақтаудың қалыпты жағдайы кезіндегі табиғи кемуді қоспағанда, тауарларды жоғалтқан жағдайда - тауарлардың жоғалған күні, ал егер бұл күн анықталмаса - тауарлардың кеден қоймасына орналастырылған күні;
      мұндай тауарларға қатысты олардың кедендік рәсіммен орналастырылуын растайтын құжаттарды ұсынбастан тауарларды кеден қоймасынан берген жағдайда - беру күні, ал егер бұл күн анықталмаса - тауарлардың кеден қоймасына орналастырылған күні болып саналады.
      4. Кедендік әкелу баждарын, салықтар тарифтік артықшылықтарды және кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді ескерместен, тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастыру кезінде төленуге жататын, кеден органының тауарларды кеден қоймасының кедендік рәсімімен орналастыру үшін ұсынылған кедендік декларацияны тіркеу күніне есептелген кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомасына сәйкес келетін көлемде төленуге жатады.

      238-бап. Оларды кеден қоймасында сақтағаннан кейін
               тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік
               рәсімімен орналастыру кезінде кедендік баждарды,
               салықтарды есептеу ерекшеліктері

      Тауарларды кеден қоймасында сақтағаннан кейін оларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастыру кезде осы Кодекске сәйкес кедендік баждарды, салықтарды есептеу мақсаты үшін тауарлардың кедендік құны және (немесе) олардың табиғи көріністегі (саны, салмағы, көлемі немесе өзге де сипаттамасы) физикалық сипаттамасы кеден органының тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны тіркеген күніне оларды осы күні кеден одағының кедендік аумағына әкелгендей айқындалады.

34-тарау. Кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсімі

      239-бап. Кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік
               рәсімінің мазмұны

      1. Кедендік аумақта қайта өңдеу – шетелдік тауарлар әкелімдік кедендік баждарды, салықтарды төлеуден толық шартты түрде босатыла отырып және кейін қайта өңдеу өнімдерінің кеден одағының аумағынан тысқары әкетілумен тарифтік емес реттеу шараларын қолданбастан, белгіленген мерзімде кеден одағының кедендік аумағында қайта өңдеу бойынша операциялар жасау мақсаты үшін пайдаланылатын кездегі кедендік рәсім.
      2. Кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар шетелдік тауарлардың мәртебесін сақтайды, ал тауарларды қайта өңдеу бойынша операция нәтижесінде алынған тауарлар шетелдік тауарлардың мәртебесін алады.
      3. Шетелдік тауарларды қайта өңдеу бойынша операцияларды жасау кезінде кеден одағының тауарларын пайдалануға жол беріледі.

      240-бап. Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеудің
               кедендік рәсімімен орналастыру шарттары

      1. Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастыруға:
      1) кеден одағына мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген және осы Кодекстің 244-бабымен айқындалған мәліметтерді қамтыған тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу шарттары туралы құжаттың ұсынылуы;
      Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастыру мақсаты оларды жөндеу болып табылса, осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген құжат ретінде декларант кедендік декларацияны пайдалануға құқылы;
      2) осы Кодекстің 248-бабына сәйкес балама тауарлармен ауыстыру жағдайын қоспағанда, кеден органдарының шетелдік тауарларды олардың қайта өңделу өнімдерінде сәйкестендіруі шартымен жол беріледі.
      Ескерту. 240-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      241-бап. Кедендік аумақта қайта өңдеу жөніндегі
               операциялар

      1. Кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсімінде тауарларды қайта өңдеу бойынша операциялар:
      1) ол кезінде шетелдік тауарлар өздерінің жеке сипаттамалары жоғалтатын тауарларды қайта өңдеуді және өңдеуді;
      2) монтаждауды, жинақтауды, бөлшектеуді және шақтауды қосқанда, тауарларды дайындауды;
      3) оны қалпына келтіруді, құрамдас бөлшектерді ауыстыруды қосқанда, тауарды жөндеуді;
      4) егер бұл тауарлар толық немесе ішінара қайта өңдеу процесінде пайдаланылса да, қайта өңдеу өнімдерінің өндірісіне жәрдем беретін немесе оны жеңілдететін тауарлардың шикізаты ретінде пайдалануды қамтиды. Бұл операция осы тармақтың 1) – 3) тармақшаларында көрсетілген операциялардың бірімен бір мезгілде жасалуы тиіс.
      2. Тауарларды қайта өңдеу бойынша операцияларға:
      1) оларды сатуға және тасымалдауға дайындау кезінде тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша операциялар;
      2) төл алу, жануарларды, құстарды, балықтарды өсіру және бордақылау, сондай-ақ шаян тәрізділер мен моллюскаларды өсіру;
      3) ағаштар мен өсімдіктерді өсіру;
      4) ақпаратты, дыбыс және бейне жазбаларды ақпарат тасымалдағыштарының кез келген түрлеріне көшіру және көбейту;
      5) шетелдік тауарларды технологиялық процесте көмекші құралдар ретінде (жабдықтар, станоктар, тетіктер және басқалар) пайдалану жатпайды.

      242-бап. Шетелдік тауарларды қайта өңдеу өнімдеріндегі
               сәйкестендіру

      Шетелдік тауарларды қайта өңдеу өнімдерінде сәйкестендіру мақсатында мынадай тәсілдер пайдаланылуы мүмкін:
      1) декларанттың, қайта өңдеуді жүзеге асыратын тұлғаның немесе кеден органдары лауазымды тұлғаларының бастапқы шетелдік тауарларға арналған құжаттарға мөрлерді, мөртаңбаларды, сандық және басқа да таңбалауды қоюы;
      2) шетелдік тауарлар масштабында егжей-тегжейлі сипаттау, суретке түсіру, бейнелеу;
      3) шетелдік тауарлардың және оларды қайта өңдеу өнімдерінің алдын ала іріктеп алынған сынамаларын, үлгілерін салыстыру;
      4) тауарларда бар маркалауды, соның ішінде сериялық нөмірлер түрінде пайдалану;
      5) тауарлар сипатының және тауарларды қайта өңдеу бойынша жасалатын операциялардың негізінде, соның ішінде тауарларды қайта өңдеу бойынша операцияны жасаудың технологиялық процесінде шетелдік тауарларды пайдалану туралы, сондай-ақ қайта өңдеу өнімдері өндірісінің технологиясы туралы ұсынылған егжей-тегжейлі мәліметтерді зерттеу жолымен немесе тауарларды қайта өңдеу бойынша операцияларды жасау уақытында кедендік бақылауды жүзеге асыру жолымен қолданылуы мүмкін өзге де тәсілдер.

      243-бап. Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу мерзімі

      1. Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу мерзімі үш жылдан аспауы тиіс.
      Тауарларды қайта өңдеу мерзімінің өтуі оларды кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастыру күнінен, ал тауарларды жекелеген партиялармен (бірнеше партия) кедендік декларациялау кезінде – осы кедендік рәсіммен тауарлардың бірінші партиясын орналастыру күнінен басталады.
      Кеден одағы комиссиясының шешімімен тауарлардың жекелеген санаттары үшін тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеудің неғұрлым ұзақ мерзімі айқындалуы мүмкін.
      2. Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеудің мерзімі:
      1) тауарларды қайта өңдеудің өндірістік процесінің ұзақтығын;
      2) қайта өңдеу өнімдерін іс жүзінде әкету үшін және шетелдік тауарлардың артық қалдықтарына және қалдықтарына билік етумен байланысты кедендік операцияларды жасау үшін қажетті уақытты.
      3. Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу мерзімі осы баптың 1-тармағымен белгіленген мерзім шегінде ұзартылуы мүмкін.
      4. Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу мерзімін белгілеу және ұзарту тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен айқындалады.

      244-бап. Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу шарттары
               туралы құжат

      1. Кеден одағына мүше мемлекеттің уәкілетті органы беретін тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу шарттары туралы құжатты аумағында осы осы құжат берілетін кеден одағына мүше мемлекеттің кез келген, соның ішінде тауарларды қайта өңдеу бойынша операцияларды тікелей жасамайтын тұлғасы алуы мүмкін.
      2. Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу шарттары туралы құжат:
      1) құжат берілген тұлға;
      2) қайта өңдеу операцияларын тікелей жасайтын тұлға (тұлғалар);
      3) шетелдік тауарлардың және оларды қайта өңдеу өнімдерінің атауы, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес жіктемесі, олардың мөлшері мен құны;
      4) сыртқы экономикалық мәміленің жасалғанын растайтын құжаттар не сыртқы экономикалық мәміле шеңберінде тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын растайтын өзге де құжаттар;
      5) қайта өңдеу өнімдерінің шығарылу нормалары;
      6) тауарларды қайта өңдеу бойынша операциялар, оларды жасау тәсілдері;
      7) тауарларды сәйкестендіру тәсілдері;
      8) қалдықтар мен артық қалдықтардың атауы, сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес жіктелуі, олардың мөлшері мен құны;
      9) тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу мерзімі;
      10) егер мұндай ауыстыруға жол берілсе, балама тауарлармен ауыстыру;
      11) қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдаланудың мүмкіндіктері;
      12) тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастыру және осы кедендік рәсімді аяқтау болжанатын кеден органы (кеден органдары) туралы мәліметтерді қамтуға тиіс.
      3. Егер бұл кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленсе, тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеудің шарттары туралы құжат өзге да мәліметтерді қамтуы мүмкін.
      4. Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты беру, оған өзгерістер немесе толықтыруларды енгізу, сондай-ақ оны қайтарып алу (жою) нысаны мен тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен айқындалады.
      5. Шетелдік тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсіміне сәйкес шығаруды кедендік аумақта қайта өңдеу шарттары туралы құжатты уәкілетті органы берген кеден одағына мүше мемлекеттің кеден органы жүзеге асырады.
      Ескерту. 244-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      245-бап. Кедендік аумақта қайта өңдеу өнімдерінің
               шығарылу нормалары

      1. Қайта өңдеу өнімдерінің шығарылу нормасы деп шетелдік тауарлардың белгілі бір мөлшерін қайта өңдеу нәтижесінде пайда болған қайта өңдеу өнімдерінің мөлшері немесе проценттік құрамы түсініледі.
      2. Егер кедендік аумақта қайта өңдеу бойынша операциялар сипаттамалары негізінен тұрақты болып қалатын және әдетте анық белгіленген техникалық талаптарға сәйкес жүзеге асырылатын және қайта өңдеудің өзгермеген сападағы өнімдерін алуға әкелетін тауарларға қатысты жасалса, кеден одағына мүше мемлекеттердің құзыретті органдары қайта өңдеу өнімдерінің стандартты шығарылу нормаларын белгілеуі мүмкін.

      246-бап. Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу
               нәтижесінде пайда болған артық қалдықтар және
               өндірістік шығындар

      1. Шетелдік тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу нәтижесінде пайда болған артық қалдықтар, көрсетілген артық қалдықтар оларды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз күйге қайта өңделген жағдайды қоспағанда, өзге кедендік рәсіммен орналастыруға жатады.
      2. Кеден мақсаты үшін көрсетілген артық қалдықтар кеден одағының кедендік аумағына осы күйінде әкелінген тауарлар ретінде қаралады.
      Қалдықтардың кедендік құнын айқындау ерекшеліктері Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленеді.
      3. Қайта өңдеу бойынша операцияларды жасау нәтижесінде пайда болатын және (немесе) біржола жоғалатын өндірістік шығындар өзге кедендік рәсіммен орналастырылуға жатпайды.
      Ескерту. 246-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      247-бап. Кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік
               рәсімімен орналастырылған тауарлардың қалдықтары

      Шығарылу нормаларына сәйкес қайта өңдеу бойынша операцияларды жасау нәтижесінде пайда болған тауарлардың қалдықтары өзге кедендік рәсіммен орналастырылуға жатады.

      248-бап. Балама тауарлармен ауыстыру

      1. Кеден органының рұқсатымен кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды балама тауарлармен ауыстыруға жол беріледі.
      2. Балама тауарлар деп өзінің сипаты, сапасы және техникалық сипаттамалары бойынша шетелдік тауарлармен сәйкес келетін кеден одағының тауарлары түсініледі.
      Кедендік экспорт рәсіміне сәйкес бұрын әкетілген тауарлардың құрамына кірген ақаулы түрдегі бөлшектерді, тораптарды, агрегаттарды кепілдікті жөндеу үшін әкелген жағдайда, кеден одағының өздерінің сипаты, сапасы мен техникалық сипаттамалары бойынша әкелінген тауарлармен сәйкес келетін тауарлары олардың жөнделген және (немесе) тозған жай-күйін ескерместен, баламалы тауарлар ретінде қаралады.
      3. Балама тауарларды қайта өңдеу нәтижесінде алынған тауарлар осы тараудың ережелеріне сәйкес шетелдік тауарларды қайта өңдеу өнімдері ретінде қаралады.
      4. Балама тауарлар шетелдік тауарлардың мәртебесін алады, сондай-ақ олармен ауыстырылған тауарлар кеден одағы тауарларының мәртебесін алады.
      5. Егер шетелдік тауарларды балама тауарлармен ауыстыруға рұқсат етілсе, балама тауарлардан алынған қайта өңдеу өнімдерін әкетуге шетелдік тауарларды кеден одағының кедендік аумағына әкелгенге дейін жол беріледі. Бұл ретте мұндай ауыстыру тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен айқындалады.
      Ескерту. 248-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      249-бап. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің
               қолданылуын аяқтау

      1. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуы тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткенге дейін қайта өңдеу өнімдерінің, қайта өңдеу бойынша операцияларға ұшырамаған шетелдік тауарлардың, қайта өңдеу нәтижесінде пайда болған қалдықтар мен артық қалдықтардың осы Кодекспен көзделген тәртіпте және шарттарда кері экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылуымен аяқталады.
      Кедендік аумақта кедендік қайта өңдеу рәсімінің қолданылуы тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткенге дейін қайта өңдеу жөніндегі операцияларға ұшырамаған қайта өңдеу өнімдерін, шетелдік тауарларды, қайта өңдеу нәтижесінде пайда болған қалдықтар мен тұқылдарды осы Кодексте көзделген тәртіппен және шарттарда ішкі тұтыну үшін кедендік шығару рәсіміне немесе кедендік транзит рәсімін қоспағанда, өзге кедендік рәсімге орналастыру арқылы аяқталуы мүмкін. Бұл ретте қайта өңдеу өнімдеріне қатысты тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмайды.
      2. Тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткенге дейін кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсімінің қолданылуы (тауарларды қайта өңдеу мерзімінің өтуі) қайта өңдеу өнімдерін кедендік қойманың немесе уақытша әкелудің кедендік рәсімдерімен орналастырған жағдайда тоқтатыла тұруы мүмкін. Кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсімінің қолданылуын тоқтата тұру және қайта жаңғырту тәртібі Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалады.
      3. Қайта өңдеу өнімдері кері экспорттың кедендік рәсімімен және (немесе) өзге де кедендік рәсімдермен бір немесе бірнеше партиялармен (жөнелтілімдермен) орналастырылуы мүмкін.
      Бұл ретте қайта өңдеу өнімдеріне қатысты тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмайды.
      Ескерту. 249-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      250-бап. Кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік
               рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған)
               тауарларға қатысты әкелу кедендік баждарды,
               салықтарды төлеу бойынша міндеттің туындауы мен
               тоқтатылуы және оларды төлеу мерзімі

      1. Декларантта кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты әкелу кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет кеден органының кедендік декларацияны тіркеген кезінен бастап туындайды.
      2. Декларантта кедендік кедендік аумақта қайта өңдеудің рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты әкелу кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет:
      1) осы рәсімнің қолданылу уақытында әкелу кедендік баждарды салықтарды төлеу мерзімі келген жағдайды қоспағанда, осы Кодекстің 243-бабының 1-тармағына сәйкес белгіленген тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткенге дейін кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсімі аяқталған кезде;
      2) осы Кодекстің 80-бабының 2-тармағымен белгіленген жағдайларда тоқтатылады.
      3. Кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі:
      1) шетелдік тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу шарттары туралы құжат берілген тұлға болып табылмайтын және (немесе) қайта өңдеу бойынша операцияларды кеден органдарының рұқсатынсыз тікелей жүзеге асыратын тұлға болып табылмайтын тұлғаға берген кезде – тауарлардың берілген күні, ал егер бұл күн анықталмаса - кеден органының тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастыру үшін ұсынылған кедендік декларацияны тіркеген күні;
      2) апат немесе дүлей күш әсерінің салдарынан жойылуды (біржола жоғалуды) не тасымалдаудың (тасымалдың) және сақтаудың қалыпты жағдайы кезіндегі табиғи кемуді қоспағанда - тауарлардың жоғалған күні, ал егер бұл күн анықталмаса - кеден органының тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастыру үшін ұсынылған кедендік декларацияны тіркеген күні;
      3) осы Кодекстің 243-бабының 1-тармағына сәйкес белгіленген тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткенге дейін кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсімі аяқталмаған кезде – тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткен күн болып саналады.
      4. Кедендік әкелу баждар, салықтар тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастыру кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер ескерілместен, төленуге жататын, кеден органының тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастыру үшін ұсынылған кедендік декларацияны тіркеу күніне есептелген кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомасына сәйкес келетін көлемде төленуге жатады.
      5. Кері экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылған қайта өңдеу өнімдерін кеден одағының кедендік аумағынан әкетпеген кезде осы Кодекстің 300-бабының 4-тармағының екінші бөлігіне сәйкес төленуге жататын әкелімдік кедендік баждардың, салықтардың сомасынан осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлға көрсетілген сомаға қатысты әкелімдік кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімін ұзарту берілгендей, кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіпте проценттерді төлейді.
      Проценттер кеден органының тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастыру үшін ұсынылған кедендік декларацияны тіркеген күнінен бастап кеден органының тауарларды кері экспорттың кедендік рәсімімен орналастыру үшін ұсынылған кедендік декларацияны тіркеген күніне дейін есептеледі.
      Ескерту. 250-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      251-бап. Шетелдік тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың
               кедендік рәсімімен орналастыру ерекшеліктері

      1. Тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастыру кезінде кедендік аумақта қайта өңдеудің рәсімімен орналастырылған және олардың шығарылу нормаларына сәйкес қайта өңдеу өнімдерін дайындау үшін пайдаланылған шетелдік тауарларға қатысты есептелген кеден әкелу баждарының, салықтардың сомалары төленеді.
      2. Қайта өңдеу өнімдерін және (немесе) қайта өңдеу бойынша операцияларға ұшырамаған шетелдік тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастыру кезінде әкелімдік кедендік баждардың, салықтардың ставкалары, кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес белгіленетін валюталар бағамы кеден органының тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастыру үшін ұсынылған кедендік декларацияны тіркеген күніне айқындалады.
      3. Қайта өңдеу өнімдерін және (немесе) қайта өңдеу бойынша операцияларға ұшырамаған шетелдік тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастыру кезінде төленген кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомасынан кеден органының тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастыру үшін ұсынылған кедендік декларацияны ұсынған күнінен бастап осы сомаға қатысты оларды төлеу мерзімін ұзарту берілгендей, кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен есептелген проценттер төленеді.

35-тарау. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімі

      252-бап. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік
               рәсімінің мазмұны

      1. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу – кейін қайта өңдеу өнімдері кеден одағының кедендік аумағында әкеліне отырып, кеден одағының тауарлары кеден одағының кедендік аумағынан тыс қайта өңдеу бойынша операцияларды жасау мақсатымен кедендік баждарды, салықтарды төлеуден шартты түрде босатыла отырып және тарифтік емес реттеу шараларын қолданылмастан белгіленген мерзімде кеден одағының кедендік аумағынан әкетілетін кездегі кедендік рәсім.
      2. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастырылған және кеден одағының кедендік аумағынан іс жүзінде әкетілген тауарлар кеден одағы тауарларының мәртебесін жоғалтады.

      253-бап. Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің
               кедендік рәсімімен орналастыру шарттары

      1. Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастыруға:
      1) кеден одағына мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген және осы Кодекстің 257-бабымен айқындалған мәліметтер бар тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу шарттары туралы құжаттың ұсынылуы шартымен жол беріледі.
      Егер тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу рәсімімен орналастыру мақсаты оларды жөндеу болып табылса, осы тармақшаның бірінші абзацында көрсетілген құжат ретінде кедендік декларация пайдаланылуы мүмкін;
      2) осы Кодекстің 259-бабына сәйкес қайта өңдеу өнімдерін шетелдік тауарлармен ауыстырған жағдайды қоспағанда, кеден органдарында кеден одағының тауарларын оларды қайта өңдеу өнімдерінде сәйкестендіру мүмкіндігінің болуы шартымен жол беріледі.
      2. Кеден одағының комиссия кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тізбесін айқындауға құқылы.
      3. Тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулермен ұштасқан кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер беріле отырып, ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар оларды жөндеу бойынша операцияларды жасау үшін кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастырылуы мүмкін.
      Ескерту. 253-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      254-бап. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу бойынша
               операциялар

      Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімінде қайта өңдеу бойынша операциялар:
      1) тауарлар өздерінің жеке сипаттамаларын жоғалтатын кездегі тауарларды қайта өңдеуді және өңдеуді;
      2) монтаждауды, жинақтауды, бөлшектеуді және шақтауды қосқанда тауарларды дайындауды;
      3) оны қалпына келтіруді, құрамдас бөлшектерді ауыстыруды қосқанда тауарды жөндеуді қамтиды.

      255-бап. Кеден одағының тауарларын қайта өңдеу
               өнімдеріндегі сәйкестендіру

      Кеден одағының тауарларын оларды қайта өңдеу өнімдерінде сәйкестендіру мақсатында мынадай тәсілдер қолданылуы мүмкін:
      1) декларанттың, қайта өңдеуді жүзеге асыратын тұлғаның немесе кеден органдары лауазымды тұлғаларының кеден одағының бастапқы тауарларына арналған құжаттарға мөрлерді, мөртаңбаларды, сандық және басқа да таңбалауды қоюы;
      2) кеден одағы тауарларының масштабында егжей-тегжейлі сипаттау, суретке түсіру, бейнелеу;
      3) кеден одағы тауарларының және оларды қайта өңдеу өнімдерінің алдын ала іріктеп алынған сынамаларын, үлгілерін салыстыру;
      4) тауарларда бар маркалауды, соның ішінде сериялық нөмірлер түрінде пайдалану;
      5) тауарлар сипатының және тауарларды қайта өңдеу бойынша жүзеге асырылатын операциялардың негізінде, соның ішінде тауарларды қайта өңдеу бойынша операцияны жасаудың технологиялық процесінде кеден одағының тауарларын пайдалану туралы, сондай-ақ қайта өңдеу өнімдері өндірісінің технологиясы туралы ұсынылған егжей-тегжейлі мәліметтерді зерттеу жолымен қолданылуы мүмкін өзге де тәсілдер.

      256-бап. Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу
               мерзімі

      1. Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу мерзімі 2 (екі) жылдан аспауы тиіс.
      Тауарларды қайта өңдеу мерзімінің өтуі оларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастыру күнінен, ал тауарларды жекелеген партиялармен (бірнеше партия) кедендік декларациялау кезінде – осы кедендік рәсіммен тауарлардың бірінші партиясын орналастыру күнінен басталады.
      2. Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің мерзімі:
      1) тауарларды қайта өңдеудің өндірістік процесінің ұзақтығын;
      2) қайта өңдеу өнімдерін іс жүзінде әкелу үшін және оларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімін аяқтайтын кедендік рәсімдермен орналастыру үшін қажетті уақытты қамтиды.
      3. Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу мерзімі осы баптың 1-тармағымен белгіленген мерзім шегінде ұзартылуы мүмкін.
      4. Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу мерзімін белгілеу және ұзарту тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен айқындалады.

      257-бап. Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу
               шарттары туралы құжат

      1. Кеден одағына мүше мемлекеттің уәкілетті органы беретін тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу шарттары туралы құжатты аумағында осы құжат берілетін кеден одағына мүше мемлекеттің кез келген тұлғасы алуы мүмкін.
      2. Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу шарттары туралы құжат:
      1) құжат берілген адам;
      2) қайта өңдеу операцияларын тікелей жүзеге асыратын адам (адамдар);
      3) кеден одағы тауарларының және оларды қайта өңдеу өнімдерінің атауы, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес жіктемесі, олардың мөлшері мен құны;
      4) сыртқы экономикалық мәміленің жасалғанын растайтын құжаттар не сыртқы экономикалық мәміле шеңберінде тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын растайтын өзге де құжаттар;
      5) қайта өңдеу өнімдерінің шығарылу нормалары;
      6) тауарларды қайта өңдеу бойынша операциялар, оларды жасау тәсілдері;
      7) тауарларды сәйкестендіру тәсілдері;
      8) тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу мерзімі;
      9) егер мұндай ауыстыруға жол берілсе қайта өңдеу өнімдерін шетелдік тауарлармен ауыстыру;
      10) тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастыру және осы кедендік рәсімді аяқтау болжанатын кеден органы (кеден органдары) туралы мәліметтерді қамтуға тиіс.
      3. Егер бұл кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленсе, тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің шарттары туралы құжат өзге де мәліметтерді қамтуы мүмкін.
      4. Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты беру, оған өзгерістер немесе толықтыруларды енгізу, сондай-ақ оны қайтарып алу (жою) нысаны мен тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен айқындалады.
      5.Кеден одағының тауарларын кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсіміне сәйкес шығаруды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу шарттары туралы құжатты уәкілетті органы берген кеден одағына мүше мемлекеттің кеден органы жүзеге асырады.

      258-бап. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу өнімдерінің
               шығарылу нормалары

      1. Қайта өңдеу өнімдерінің шығарылу нормасы деп кеден одағы тауарларының белгілі бір мөлшерін қайта өңдеу нәтижесінде пайда болған қайта өңдеу өнімдерінің мөлшері немесе пайыздық құрамы түсініледі.
      2. Егер кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу бойынша операциялар сипаттары негізінен тұрақты болып қалатын және әдетте анық белгіленген техникалық талаптарға сәйкес жүзеге асырылатын және қайта өңдеудің өзгермеген сападағы өнімдерін алуға әкелетін тауарларға қатысты жасалса, кеден одағына мүше мемлекеттердің құзыретті органдары қайта өңдеу өнімдерінің стандартты шығарылу нормаларын белгілеуі мүмкін.

      259-бап. Қайта өңдеу өнімдерін шетелдік тауарлармен
               ауыстыру

      1. Егер жөндеу қайта өңдеу бойынша операциялар болып табылған жағдайда, сондай-ақ тауарларды құбыр жол көлігімен өткізген кезде кеден органының рұқсатымен өз сипаты, сапасы және техникалық сипаттамасы бойынша қайта өңдеу өнімдеріне сәйкес келетін қайта өңдеу өнімдерін шетелдік тауарлармен ауыстыруға жол беріледі.
      2. Егер қайта өңдеу өнімдерін балама шетелдік тауарлармен ауыстыруға рұқсат берілсе, бұл тауарларды әкелуге кеден одағының тауарларын кеден одағының кедендік аумағынан тысқары әкеткенге дейін жол беріледі. Бұл ретте мұндай ауыстырудың тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен айқындалады.
      Ескерту. 259-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      260-бап. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік
               рәсімінің қолданылуын аяқтау

      1. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімінің қолданылуы тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткенге дейін қайта өңдеу өнімдерін осы Кодексте көзделген тәртіппен және шарттарда кері экспорттың немесе ішкі тұтынудың кедендік рәсімдерімен орналастырумен аяқталады.
      Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуы тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткенге дейін қайта өңдеу бойынша операцияларға ұшырамаған тауарларды осы Кодексте көзделген тәртіппен және шарттарда кері импорт немесе экспорт кедендік рәсімдерімен орналастырумен аяқталады.
      Егер кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар және (немесе) оларды қайта өңдеу өнімдері кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына міндетті қайтарылуға жатса, кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімі экспорттың кедендік рәсімімен аяқталмауға тиіс.
      2. Қайта өңдеу өнімдері кері экспорт және ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімдеріне бір немесе бірнеше партиялармен (жөнелтімдермен) орналастырылуы мүмкін.

      261-бап. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік
               рәсіміне орналастырылатын (орналастырылған)
               тауарларға қатысты әкету кедендік баждарын төлеу
               бойынша міндеттің пайда болуы мен тоқтатылуы
               және оларды төлеу мерзімі

      1. Декларантта кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты әкету кедендік баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндет кеден органы кедендік декларацияны тіркеген сәтінен бастап пайда болады.
      2. Декларантта кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты әкетілетін кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет:
      1) осы рәсімнің қолданылу уақытында әкету кедендік баждарын төлеу мерзімі басталған жағдайды қоспағанда, осы Кодекстің 260-бабының 1-тармағына сәйкес тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткенге дейін кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімі аяқталған кезде;
      2) осы Кодекстің 80-бабының 2-тармағында көрсетілген жағдайларда тоқтатылады.
      3. Әкету кедендік баждарын төлеу мерзімі:
      1) тауарларды қайта өңдеу бойынша операцияларды кеден органдарының рұқсатынсыз тікелей жүзеге асыратын тұлға болып табылмайтын тұлғаға берген кезде – тауарлардың берілген күні, ал егер бұл күн анықталмаса, - кеден органының тауарларды беру фактісін анықтаған күні;
      2) авария немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жойылуды (біржола жоғалуды) не тасымалдаудың (тасымалдың) және сақтаудың қалыпты жағдайы кезіндегі табиғи кемуді қоспағанда, тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткенге дейін тауарларды жоғалтқан кезде - тауарлардың жоғалған күні, ал егер бұл күн анықталмаса, - кеден органының тауарларды жоғалту фактісін анықтаған күні;
      3) осы Кодекстің 260-бабының 1-тармағына сәйкес тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткенге дейін кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімі аяқталмаған кезде – тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткен күн болып саналады.
      4. Әкету кедендік баждары тауарларды экспорттың кедендік рәсімімен орналастыру кезінде төленуге жататын, кеден органы тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру үшін ұсынылған кедендік декларацияны тіркеу күніне есептеген әкету кедендік баждарының сомаларына сәйкес келетін көлемде төленуге жатады.

      262-бап. Қайта өңдеу өнімдерін ішкі тұтыну үшін шығару
               кедендік рәсімімен орналастыру ерекшеліктері

      Қайта өңдеу өнімдерін ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастыру кезінде әкелу кедендік баждар, салықтар мынадай тәртіппен төленеді:
      1) төленуге жататын әкелу кедендік баждардың сомасы тауарларды қайта өңдеу операциялары құнының негізінде айқындалады.
      Егер қайта өңдеу бойынша операциялардың құнын белгілеу мүмкін болмаса, ол қайта өңдеу өнімдерінің кедендік құны мен кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың кедендік құнының айырмашылығы ретінде, осы тауарлар кеден одағының кедендік аумағынан қайта өңдеу өнімдерін ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастыру күні әкетілген сияқты айқындалады.
      Егер қайта өңдеу өнімдеріне әкелу кедендік баждарының ерекшелікті ставкалары қолданылса, төленуге жататын әкелу кедендік баждарының сомасы қайта өңдеу бойынша операциялар құнының қайта өңдеу өнімдерінің кедендік құнына арақатынасына қайта өңдеу өнімдеріне қатысты ерекшелікті ставка бойынша есептелген әкелу кедендік баж сомасының қайта өңдеу өнімдері ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған сияқты айқындалады;
      2) төленуге жататын қосылған құн салығының сомасы бұл операциялардың құнын растайтын құжаттар болмаған кезде қайта өңдеу өнімдерінің құны мен қайта өңдеу үшін әкетілген тауарлардың кедендік құны арасындағы айырмашылық ретінде айқындалуы мүмкін тауарларды қайта өңдеу бойынша операциялар құнының негізінде айқындалады;
      3) тауарларды қайта өңдеу бойынша операция әкетілген тауарларды жөндеу болып табылған жағдайды қоспағанда, қайта өңдеу өнімдеріне қатысты акциздердің сомасы толық көлемде төленуге жатады.

      263-бап. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік
               рәсімімен орналастырылған тауарларды экспорт
               кедендік рәсімімен орналастыру ерекшеліктері

      1. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды экспорт кедендік рәсімімен орналастыру кезінде тауарлардың кедендік құны және (немесе) олардың табиғи көріністегі физикалық сипаттамасы (мөлшері, массасы, көлемі немесе өзге де сипаттамасы), әкету кедендік баждардың ставкалары, кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленетін валюталар бағамы кеден органының тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастыру үшін ұсынылған кедендік декларацияны тіркеген күніне айқындалады.
      2. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды экспорты кедендік рәсімімен орналастыру кезінде төленген әкелу кедендік баждардың, салықтардың сомасынан кеден органы тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастыру үшін ұсынылған кедендік декларацияны ұсынған күнінен бастап осы сомаға қатысты оларды төлеу мерзімін ұзарту берілгендей, кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленген тәртіппен есептелген проценттер төленеді.

36-тарау. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімі

      264-бап. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің
               мазмұны

      Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу – кейін қайта өңдеу өнімдеріне қолданылатын ставкалар бойынша әкелу кедендік баждарды төлей отырып, қайта өңдеу өнімдерін ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру шарты орындалған кезде, шетелдік тауарлар әкелу кедендік баждарды төлеместен, тыйымдар мен шектеулерді, сондай-ақ арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемдік шараларды қолдана отырып, белгіленген мерзім ішінде кеден одағының кедендік аумағында қайта өңдеу бойынша операцияларды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын кездегі кедендік рәсім.

      265-бап. Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің
               кедендік рәсімімен орналастыру шарттары

      1. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу тізбесі Кеден одағына мүше мемлекетердің заңнамасымен айқындалатын тауарларға қатысты жол беріледі.
      2. Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыруға:
      1) кеден одағына мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген және осы Кодекстің 269-бабымен айқындалған мәліметтері бар тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжат ұсынылған;
      2) кеден органдарының шетелдік тауарларды оларды қайта өңдеу өнімдерінде сәйкестендіру мүмкіндігі болған;
      3) егер қайта өңдеу өнімдеріне қатысты төленуге жататын әкелу кедендік баждардың сомасы, егер олар ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылғандай болса, шетелдік тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастырған күніне төленуге жататыннан аз болған;
      4) қайта өңдеу өнімдері экономикалық тиімді тәсілмен бастапқы жай-күйіне келтіріле алмау шарты кезінде жол беріледі.
      3. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар шетелдік тауарлардың мәртебесін сақтайды, ал тауарларды қайта өңдеу нәтижесінде алынған тауарлар шетелдік тауарлардың мәртебесін алады.
      4. Осы Кодекспен көзделген талаптар мен шарттар сақталған кезде бұрын ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен бұрын кедендік рәсімдермен орналастырылған шетелдік тауарлар орналастырылуы мүмкін.
      Ескерту. 265-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      266-бап. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу бойынша
               операциялар

      1. Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің кедендік рәсімінде қайта өңдеу бойынша операцияларға:
      1) оның кезінде шетелдік тауарлар өздерінің жеке сипаттамаларын жоғалтатын тауарларды қайта өңдеуді және өңдеуді;
      2) монтаждауды, жинақтауды, бөлшектеуді және шақтауды қоса алғанда, тауарларды дайындауды қамтиды.
      2. Тауарларды қайта өңдеу бойынша операцияларға:
      1) сатуға және тасымалдауға даярлау жөніндегі тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі операциялар;
      2) төл алу, малдарды, құстарды, балықтарды өсіру және бордақылау, сондай-ақ шаян тәріздестер мен моллюскілерді өсіру;
      3) ағаштар мен өсімдіктер өсіру;
      4) ақпаратты, дыбыс-және бейне жазбаларды ақпарат жеткізуші кез келген түрлеріне көшіру және көбейту жатпайды.

      267-бап. Қайта өңдеу өнімдеріндегі шетелдік тауарларды
               сәйкестендіру

      Қайта өңдеу өнімдеріндегі шетелдік тауарларды сәйкестендіру мақсатында мынадай тәсілдер пайдаланылуы мүмкін:
      1) декларанттың, қайта өңдеуді жүзеге асыратын тұлғаның немесе кеден органдары лауазымды тұлғаларының бастапқы шетелдік тауарларға мөрлер, мөртабандар, цифрлық және басқа да таңбалауларды қоюы;
      2) шетелдік тауарларды ауқымды егжей-тегжейлі сипаттау, суретке түсіру, кескіндеу;
      3) шетелдік тауарлардың және оларды қайта өңдеу өнімдерінің алдын ала іріктеп алынған сынамаларын, үлгілерін салыстыру;
      4) тауарларда бар маркалауды, оның ішінде сериялық нөмірлер түрінде пайдалану;
      5) тауарлар сипатының және тауарларды қайта өңдеу бойынша жүзеге асырылатын операциялардың негізінде, оның ішінде тауарларды қайта өңдеу бойынша операцияны жасаудың технологиялық процесінде шетелдік тауарларды пайдалану туралы, сондай-ақ қайта өңдеу өнімдері өндірісінің технологиясы туралы ұсынылған егжей-тегжейлі мәліметтерді зерттеу жолымен немесе тауарларды қайта өңдеу бойынша операцияларды жасау уақытында кедендік бақылауды жүзеге асыру жолымен қолданылуы мүмкін өзге де тәсілдер.

      268-бап. Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу мерзімі

      1. Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу мерзімі 1 (бір) жылдан аспауы тиіс.
      Тауарларды қайта өңдеу мерзімінің өтуі оларды ішкі тұтыну қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастыру күнінен, ал тауарларды жекелеген партиялармен (бірнеше партиямен) кедендік декларациялау кезінде – осы кедендік рәсіммен тауарлардың бірінші партиясын орналастыру күнінен басталады.
      Кеден одағы комиссиясының шешімімен тауарлардың жекелеген санаттары үшін тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің неғұрлым ұзақ мерзімі айқындалуы мүмкін.
      2. Ішкі тұтыну үшін тауарларды қайта өңдеу мерзімі:
      1) тауарларды қайта өңдеудің өндірістік процесінің ұзақтығын;
      2) қайта өңдеу өнімдерін ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастыру үшін қажетті уақытты қамтиды.
      3. Ішкі тұтыну үшін тауарларды қайта өңдеу мерзімі осы баптың 1-тармағымен белгіленген мерзім шегінде ұзартылуы мүмкін.
      4. Ішкі тұтыну үшін тауарларды қайта өңдеу мерзімін белгілеу және ұзарту тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен айқындалады.

      269-бап. Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары
               туралы құжат

      1. Кеден одағына мүше мемлекеттің уәкілетті органы беретін тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжатты аумағында осы осы құжат берілетін кеден одағына мүше мемлекеттің кез келген, оның ішінде тауарларды қайта өңдеу бойынша операцияларды тікелей жүзеге асырмайтын тұлғасы алуы мүмкін.
      2. Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжат:
      1) құжат берілген тұлға;
      2) қайта өңдеу бойынша операцияларды тікелей жүзеге асыратын тұлға (тұлғалар);
      3) шетелдік тауарлардың және оларды қайта өңдеу өнімдерінің атауы, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес жіктемесі, олардың мөлшері мен құны;
      4) сыртқы экономикалық мәміленің жасалғанын растайтын құжаттар не сыртқы экономикалық мәміле шеңберінде емес тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын растайтын өзге де құжаттар;
      5) қайта өңдеу өнімдерінің шығарылу нормалары;
      6) тауарларды қайта өңдеу бойынша операциялар, оларды жасау тәсілдері;
      7) тауарларды сәйкестендіру тәсілдері;
      8) қалдықтар мен артық қалдықтардың, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес атауы, жіктелуі, олардың мөлшері мен құны;
      9) тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу мерзімі;
      10) қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдаланудың мүмкіндіктері;
      11) тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің кедендік рәсіміне орналастыру және осы кедендік рәсімді аяқтау болжанатын кеден органы (кеден органдары) туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.
      3. Егер бұл кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленсе, тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжат өзге де мәліметтерді қамтуы мүмкін.
      4. Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты беру, оған өзгерістер немесе толықтыруларды енгізу, сондай-ақ оны қайтарып алу (жою) нысаны мен тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен айқындалады.
      5. Шетелдік тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің кедендік рәсіміне сәйкес шығаруды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжатты уәкілетті органы берген кеден одағына мүше мемлекеттің кеден органы жүзеге асырады.
      Ескерту. 269-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      270-бап. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу өнімдерінің
               шығарылу нормалары

      1. Қайта өңдеу өнімдерінің шығарылу нормасы деп шетелдік тауарлардың белгілі бір мөлшерін қайта өңдеу нәтижесінде пайда болған қайта өңдеу өнімдерінің мөлшері немесе проценттік құрамы түсініледі.
      2. Егер ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу бойынша операциялар сипаттамалары негізінен тұрақты болып қалатын және әдетте анық белгіленген техникалық талаптарға сәйкес жүзеге асырылатын және қайта өңдеудің өзгермеген сападағы өнімдерін алуға әкелетін тауарларға қатысты жасалса, кеден одағына мүше мемлекеттердің құзыретті органдары қайта өңдеу өнімдерінің стандартты шығарылу нормаларын белгілеуі мүмкін.

      271-бап. Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу
               нәтижесінде пайда болған артық қалдықтар және
               өндірістік шығындар

      1. Шетелдік тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу нәтижесінде пайда болған қалдықтар, көрсетілген қалдықтар оларды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз күйге қайта өңделген жағдайды қоспағанда, өзге кедендік рәсіммен орналастыруға жатады.
      2. Кедендік мақсаттар үшін көрсетілген қалдықтар кеден одағының кедендік аумағына осы күйінде әкелінген тауарлар ретінде қаралады.
      Қалдықтардың кедендік құнын айқындау ерекшеліктері Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленеді.
      3. Қайта өңдеу бойынша операцияларды жасау нәтижесінде пайда болатын және (немесе) біржола жоғалатын өндірістік шығындар өзге кедендік рәсімге орналастыруға жатпайды.
      Ескерту. 271-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      272-бап. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік
               рәсімімен орналастырылған тауарлардың қалдықтары

      Шығару нормаларына сәйкес ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу бойынша операцияларды жасау нәтижесінде пайда болған тауарлардың қалдықтары қайта өңдеу мерзімі өткенге дейін өзге кедендік рәсіммен орналастыруға жатады.

      273-бап. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің
               қолданылуын аяқтау

      Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуы тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткенге дейін қайта өңдеу өнімдерін осы Кодекспен көзделген тәртіпте және шарттарда ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырумен аяқталады.
      Бұл ретте, қайта өңдеу өнімдеріне қатысты тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмайды.

      274-бап. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен
               орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға
               қатысты әкелу кедендік баждарды, салықтарды
               төлеу бойынша міндеттің пайда болуы мен
               тоқтатылуы және оларды төлеу мерзімі

      1. Декларантта ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты әкелу кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет кеден органының кедендік декларацияны тіркеген сәтінен бастап пайда болады.
      2. Декларантта ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты салықтарды төлеу бойынша міндет осы Кодекстің 80-бабының 2-тармағында көрсетілген жағдайларда тоқтатылады.
      3. Декларантта ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты әкелу кедендік баждарын төлеу бойынша міндет:
      1) осы рәсімнің қолданылу уақытында әкелу кедендік баждарды төлеу мерзімі басталған жағдайды қоспағанда, осы Кодекстің 268-бабының 1-тармағына сәйкес белгіленген тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткенге дейін ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімі аяқталған кезде;
      2) осы Кодекстің 80-бабының 2-тармағында көрсетілген жағдайларда тоқтатылады.
      4. Шетелдік тауарларға қатысты салықтар тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсіміне сәйкес шығарғанға дейін төленуге жатады.
      5. Әкелу кедендік баждарды төлеу мерзімі:
      1) шетелдік тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу шарттары туралы құжат берілген тұлға болып табылмайтын және (немесе) қайта өңдеу бойынша операцияларды кеден органдарының рұқсатынсыз тікелей жүзеге асыратын тұлға болып табылмайтын тұлғаға берген кезде – тауарларды беру күні, ал егер бұл күн анықталмаса, - кеден органының тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру үшін ұсынылған кедендік декларацияны тіркеген күні;
      2) авария немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жойылуды (біржола жоғалуды) не тасымалдаудың (тасымалдың) және сақтаудың қалыпты жағдайы кезіндегі табиғи кемуді қоспағанда, тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткенге дейін шетелдік тауарлар жоғалған кезде - тауарлардың жоғалған күні, ал егер бұл күн анықталмаса, - кеден органының тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастыру үшін ұсынылған кедендік декларацияны тіркеген күні;
      3) осы Кодекстің 268-бабының 1-тармағына сәйкес белгіленген тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткенге дейін ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің кедендік рәсімі аяқталмаған кезде – тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткен күн болып саналады.
      6. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген әкелу кедендік баждары шетелдік тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне орналастыру кезінде төленуге жататын, кеден органының тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру үшін ұсынған кедендік декларацияны тіркеу күніне есептелген әкелу кедендік баждардың сомасына сәйкес келетін көлемде төленуге жатады.

      275-бап. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің
               күші аяқталған кезде қайта өңдеу өнімдерін ішкі
               тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен
               орналастыру ерекшеліктері

      1. Кеден одағына мүше мемлекеттер экономикасының салаларын дамыту және кеден одағына мүше мемлекеттердің аумақтарында инвестициялық тауарларды импорттық ауыстыруды ынталандыру мақсатында Кеден одағының комиссиясы, егер әкелу кедендік баждарды қолдану мақсаттары үшін қайта өңдеу өнімдеріне қатысты мұндай тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің кедендік рәсіміне орналастыру үшін ұсынылған кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күніне айқындалған кедендік құнның және (немесе) олардың табиғи көріністегі физикалық сипаттамасы (мөлшері, массасы, көлемі немесе өзге де сипаттамасы) қолданылуы мүмкін болғанда, тауарлардың және (немесе) оларды қайта өңдеу өнімдерінің жекелеген түрлерін айқындауға құқылы.
      2. Қайта өңдеу өнімдеріне қатысты әкелу кедендік баждарының ставкалары ішкі тұтыну үшін шығарудың қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың шығу елі бойынша қолданылады. Қайта өңдеу процесінде әр түрлі елдерде шығарылған шетелдік тауарлар пайдаланылған жағдайларда, кедендік баждардың ставкаларын қолдану мынадай ерекшеліктерді ескере отырып жүзеге асырылады:
      1) егер қайта өңдеу нәтижесінде Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша кез келген бірінші төрт белгі деңгейінде өзгеріс болса, қайта өңдеу өнімдеріне сауда-саяси қатынастарында ұлттың ең қолайлы режимі берілетін елдерден әкелінетін тауарларға сияқты кедендік баждардың ставкалары қолданылады;
      2) өзге жағдайларда, кедендік құны ең жоғары болып табылатын осы шетелдік тауарлардың шығарылу елі бойынша кедендік баждардың ставкалары қолданылады.

      276-бап. Қайта өңдеу бойынша операцияларға ұшырамаған
               шетелдік тауарларды Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу
               кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған кезде
               ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен
               орналастыру ерекшеліктері

      1. Қайта өңдеу бойынша операцияларға ұшырамаған шетелдік тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастыру кезінде тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткенге дейін кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленетін әкелу кедендік баждарының ставкалары кеден органының тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастыру үшін ұсынылған кедендік декларацияны тіркеген күніне айқындалады.
      2. Қайта өңдеу бойынша операцияларға ұшырамаған шетелдік тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру кезінде төленген әкелу кедендік баждардың сомасынан кеден органының тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру үшін ұсынылған кедендік декларацияны тіркеген күнінен бастап осы сомаға қатысты оларды төлеуді кейінге қалдыру берілгендей, кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленген тәртіпте есептелген проценттер төленеді.

37-тарау. Уақытша әкелу (жол беру) кедендік рәсімі

      277-бап. Уақытша әкелу (жол беру) кедендік рәсімінің
               мазмұны

      Уақытша әкелу (жол беру) – шетелдік тауарлар әкелу кедендік баждарын, салықтарды төлеуден шартты түрде толық немесе ішінара босатыла отырып және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмастан, кейіннен кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып кеден одағының кедендік аумағында белгіленген мерзім ішінде пайдаланылатын кездегі кедендік рәсім.

      278-бап. Тауарларды уақытша әкелу (жол беру) кедендік
               рәсімімен орналастыру шарттары

      1. Тауарларды уақытша әкелу (жол беру) кедендік рәсімімен орналастыруға осы кедендік рәсіммен орналастырылатын тауарларды уақытша әкелудің (жол берудің) кедендік рәсімін аяқтау мақсатымен оларды кейіннен кедендік декларациялау кезінде сәйкестендіру мүмкіндігінің болу шартымен жол беріледі.
      Тауарларды сәйкестендіру кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес уақытша әкелінген тауарларды ауыстыруға жол берілген жағдайларда талап етілмейді.
      2. Уақытша әкелу (жол беру) кедендік рәсіміне:
      1) оларды жекелеген данада жарнама және (немесе) көрсету мақсатында немесе көрме экспонаттары не өндіріс үлгілері ретінде уақытша әкелу жағдайларын қоспағанда, алкоголь, темекі және темекі өнімдерін қоса алғанда, тамақ өнімдерін, сусындарды;
      2) қалдықтарды, оның ішінде өндірістің қалдықтарын;
      3) кеден одағының кедендік аумағына әкелуге тыйым салынған тауарларды орналастыруға жол берілмейді.
      3. Уақытша әкелу (жол беру) кедендік рәсімімен бұрын өзге кедендік рәсімдермен орналастырылған тауарлар, осы Кодекспен көзделген талаптар мен шарттар сақталған кезде орналастырылуы мүмкін.

      279-бап. Уақытша әкелінген тауарларды пайдалану және
               оларға билік ету бойынша шектеулер

      1. Уақытша әкелу (жол беру) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар (бұдан әрі – уақытша әкелінген тауарлар) табиғи тозу немесе тасымалдаудың (тасымал) және (немесе) пайдаланудың (қолданудың) қалыпты жағдайы кезіндегі табиғи кему салдарынан болған өзгерістерден басқа, өзгеріссіз жай-күйінде қалуға тиіс.
      Оларды кері экспорттау кезінде кеден органының тауарларды сәйкестендіруді қамтамасыз етуі шартымен уақытша әкелінген тауарлармен жөндеу операцияларын (күрделі жөндеу мен жаңғыртуды қоспағанда), техникалық қызмет көрсетуді және тауарларды қалыпты жай-күйде ұстау үшін қажетті басқа операцияларды қоса алғанда, олардың сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті операцияларды жасауға жол беріледі.
      Уақытша әкелінген тауарлармен сынақтар, зерттеулер, тестілеу, тексерулер жүргізуге, тәжірибелер немесе эксперименттер жүргізуге не оларды сынақтар, зерттеулер, тестілеу, тексерулер жүргізу, тәжірибелер немесе эксперименттер жүргізу барысында пайдалануға жол беріледі.
      2. Уақытша әкелінген тауарлар декларанттың іс жүзіндегі иелігінде және пайдаланылуында болуы тиіс.
      3. Декларанттың уақытша әкелінген тауарларды өзге тұлғаның иелігіне және пайдалануына:
      1) оларға техникалық қызмет көрсету, жөндеу (күрделі жөндеуді және (немесе) жаңғыртуды қоспағанда), сақтау, тасымалдау мақсатында, сондай-ақ кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен және (немесе) халықаралық шарттарымен айқындалған жағдайлардағы өзге де мақсаттарда – кеден органының рұқсатынсыз;
      2) өзге де жағдайларда – кеден органының рұқсатымен беруіне жол беріледі.
      4. Уақытша әкелінген тауарларды өзге тұлғалардың иеленуіне және пайдалануына беруге кеден органының рұқсатын алу мақсатында осы тауарлардың декларанты оларды кедендік рәсіммен орналастыруды жүргізген кеден органына онда уақытша әкелінген тауарларды басқа тұлғаға беру себептерін және осы тұлға туралы мәліметтерді көрсете отырып, жазбаша өтініш береді.
      Уақытша әкелінген тауарларды өзге тұлғалардың иеленуіне және пайдалануына беру уақытша әкелу (жол беру) кедендік рәсімінің декларантын осы тараумен белгіленген талаптар мен шарттарды сақтаудан босатпайды, сондай-ақ уақытша әкелу мерзімін тоқтата тұрмайды және ұзартпайды.
      5. Көлік құралдары болып табылатын уақытша әкелінген тауарларды осы Кодекстің 48-тарауымен белгіленген тәртіпте халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары ретінде кеден одағының кедендік аумағынан тыс жерлерде пайдалануға жол беріледі.
      Ескерту. 279-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      280-бап. Тауарларды уақытша әкелу мерзімі

      1. Тауарларды уақытша әкелу мерзімін кеден органы мұндай әкелудің мақсаты мен жағдайларына негізделе отырып, декларанттың өтініші негізінде белгілейді және осы баппен көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларды уақытша әкелудің кедендік рәсімімен орналастырған күнінен бастап 2 (екі) жылдан аспауы тиіс.
      Декларанттың жазбаша өтініші бойынша тауарларды уақытша әкелу мерзімін кеден органы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім не осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалған мерзім шегінде ұзартуы мүмкін.
      2. Тауарлардың жекелеген санаттары үшін оларды кеден одағының кедендік аумағына әкелу мақсаттарына қарай Кеден одағының комиссиясы осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімнен ұзақтығы неғұрлым қысқа немесе неғұрлым ұзақ мерзімді белгілеуі мүмкін.
      3. Тауарларды уақытша әкелудің (жол берудің) кедендік рәсімімен бірнеше рет орналастырған кезде, оның ішінде осы кедендік рәсімнің декларанттары болып әртүрлі тұлғалар шыққан кезде, осы баптың 1-тармағының бірінші абзацында көрсетілген уақытша әкелудің жалпы мерзімінен, не осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалған мерзімнен аспауы тиіс.
      Ескерту. 280-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      281-бап. Уақытша әкелу (жол беру) кедендік рәсімнің
               қолданылуын аяқтау және тоқтата тұру

      1. Уақытша әкелу (жол беру) кедендік рәсімінің қолданылуы уақытша әкелудің мерзімі өткенге дейін осы Кодексте көзделген тәртіппен және шарттарда уақытша әкелінген тауарларды кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырумен аяқталады.
      Осы Кодекспен көзделген тәртіппен және шарттарда уақытша әкелу (жол беру) кедендік рәсімінің қолданылуы уақытша әкелудің мерзімі өткенге дейін уақытша әкелінген тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсімін қоспағанда, осы Кодекспен көзделген тәртіпте және шарттарда өзге кедендік рәсіммен орналастырумен аяқталуы мүмкін.
      2. Уақытша әкелудің мерзімі өткенге дейін уақытша әкелу (жол беру) кедендік рәсімінің қолданылуы уақытша әкелінген тауарларды кеден қоймасы рәсіміне не Кеден одағы
комиссиясының шешімімен айқындалған өзге кедендік рәсімге орналастырған жағдайда тоқтатыла тұруы мүмкін. Уақытша әкелу (жол беру) кедендік рәсімін тоқтата тұру және жаңғырту тәртібі Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалады.
      3. Уақытша әкелінген тауарлар кері экспорттың кедендік рәсімімен не өзге кедендік рәсіммен бір немесе бірнеше партиялармен орналастырылуы мүмкін.
      Ескерту. 281-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      282-бап. Кедендік баждарды, салықтарды төлеуден толық
               шартты және ішінара шартты босату

      1. Кедендік баждарды, салықтарды төлеуден толық шартты босатыла отырып уақытша әкелінетін тауарлардың тізбесі, сондай-ақ оның шекті мерзімдерін қоса алғанда, мұндай босатулардың шарттары кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына және (немесе) Кеден одағы комиссиясының шешімдеріне сәйкес айқындалады.
      2. Егер Кеден одағы комиссиясының шешімімен өзге белгіленбесе, кедендік баждарды, салықтарды төлеуден толық шартты түрде босатыла отырып уақытша әкелінген тауарлар кеден органы осы тауарларды уақытша әкелудің (жол берудің) кедендік рәсімімен орналастырған кеден одағына мүше мемлекет аумағының шегінде пайдаланылады.
      3. Олар бойынша кедендік баждарды, салықтарды толық шартты түрде төлеуден босату берілмеген тауарларға қатысты, сондай-ақ осы баптың 1-тармағына сәйкес белгіленген кедендік баждарды, салықтарды толық шартты түрде босатудың шарттарын сақтамаған кезде кедендік баждарды, салықтарды төлеуден ішінара шартты түрде босату қолданылады.
      Кедендік баждарды, салықтарды төлеуден ішінара шартты түрде босату кезінде мұндай тауарларды уақытша әкелудің (жол берудің) кедендік рәсімімен орналастыру үшін ұсынылған кедендік декларацияны тіркеген күні тауарлардың кеден одағының кедендік аумағында болуының әрбір толық және толық емес күнтізбелік айы үшін тауарлар ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылғанда төленуге жататындай кедендік баждардың, салықтардың сомасынан 3 (үш) процент төленеді.
      4. Кедендік баждарды, салықтарды төлеуден ішінара шартты түрде босату кезінде әкелу кедендік баждардың, салықтардың сомасы тауарларды уақытша әкелудің (жол берудің) кедендік рәсімімен орналастыру кезінде осы кедендік рәсімнің қолданылу мерзімінің белгіленген кезеңі ішінде немесе декларанттың таңдауы бойынша мерзімді, бірақ 3 (үш) айда кемінде бір рет төленеді. Кедендік баждардың, салықтардың сомасын төлеу мерзімділігін кеден органының келісімімен декларант айқындайды.
      5. Кедендік баждарды, салықтарды төлеуден ішінара шартты түрде босата отырып, уақытша әкелу кезінде өндіріп алынатын кедендік баждардың, салықтардың жалпы сомасы, егер тауарлар кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді ескерместен, мұндай тауарларды уақытша әкелудің (жол берудің) кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны тіркеу күні ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылғанда төленуге жататындай кедендік баждардың, салықтардың сомасынан аспауға тиіс.
      6. Уақытша әкелу (жол беру) кедендік рәсімі аяқталған кезде осы Кодекстің 281-бабының 1-тармағына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеуден ішінара шартты түрде босату кезінде төленген кедендік баждардың, салықтардың сомасы қайтаруға (есепке жатқызуға) жатпайды.

      283-бап. Уақытша әкелу (жол беру) кедендік рәсімімен
               орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға
               қатысты әкелу кедендік баждарын, салықтарды
               төлеу бойынша міндеттің пайда болуы мен
               тоқтатылуы және оларды төлеу мерзімі

      1. Декларантта уақытша әкелудің (жол берудің) кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты әкелу кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет кеден органы кедендік декларацияны тіркеген сәтінен бастап туындайды.
      2. Декларантта уақытша әкелудің (жол берудің) кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты әкелу кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет:
      1) осы рәсімнің қолданылу кезінде әкелу кедендік баждарын, салықтарды төлеу мерзімі келген жағдайды қоспағанда, осы Кодекстің 281-бабының 1-тармағына сәйкес уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсімін аяқтау кезінде;
      2) осы Кодекстің 80-бабының 2-тармағымен белгіленген жағдайларда тоқтатылады.
      3. Кедендік баждарды, салықтарды төлеуден ішінара шартты түрде босату кезінде әкелу кедендік баждар мынадай мерзімде:
      1) уақытша әкелудің белгіленген мерзімі ішінде төленуге не мұндай төлемнің мерзімділігі жағдайында төленуге жататын әкелу кедендік баждарын, салықтар сомасының бірінші бөлігін төлеуге жататын кедендік баждардың, салықтардың барлық сомасын төлеу кезінде тауарларды уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсіміне сәйкес шығарғанға дейін;
      2) мұндай төлемнің мерзімділігі жағдайында оның ішінде әкелу кедендік баждарын, салықтарды төлеу жүргізілетін кезең басталғанға дейін;
      3) мұндай тауарларды пайдалану және (немесе) иелену бойынша шектеулермен ұштасатын кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді пайдалана отырып, уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты:
      мұндай жеңілдіктерді пайдаланудан бас тартқан жағдайда – оған сәйкес тауарлар уақытша әкелу (жол беру) кедендік рәсімімен орналастырылған кедендік декларацияға жеңілдіктерден бас тарту бөлігінде өзгерістер енгізілгенге дейін;
      мұндай жеңілдіктерді пайдалануға байланысты белгіленген мұндай тауарларды пайдалану және (немесе) иелену бойынша шектеулерді бұзу арқылы тауарлармен әрекеттер жасаған жағдайда – көрсетілген әрекеттерді жасаудың бірінші күні, ал егер бұл күн анықталмаса, – оған сәйкес тауарлар уақытша әкелудің (жол берудің) кедендік рәсімімен орналастырылған кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күні;
      4) тауарлар кедендік баждарды, салықтарды төлеуден толық шартты түрде босатыла отырып, уақытша әкелудің (жол берудің) кедендік рәсімімен орналастырылған кездегі шарттарды бұзған жағдайда – оған сәйкес тауарлар уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсімімен орналастырылған кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күні төленуге жатады.
      4. Әкелу кедендік баждарды, салықтарды төлеуден толық шартты түрде немесе ішінара шартты түрде босата отырып, уақытша әкелудің кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты әкелу кедендік баждарын, салықтарды төлеу мерзімі:
      1) уақытша әкелінген тауарларды кеден органының рұқсатынсыз өзге тұлғаларға табыс еткен кезде – табыс етілген күні, ал егер бұл күн анықталмаса – тауарларды уақытша әкетудің (жол берудің) кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күні;
      2) авария немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жойылуды (біржола жоғалуды) не тасымалдаудың (тасымалдың) және сақтаудың қалыпты жағдайы кезіндегі табиғи кемуді қоспағанда, тауарларды уақытша әкелу мерзімі кезеңінде уақытша әкелінген тауарларды жоғалтқан кезде – тауарлардың жоғалған күні, ал егер бұл күн анықталмаса, - тауарларды уақытша әкетудің (жол берудің) кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күні;
      3) осы Кодекстің 281-бабының 1-тармағына сәйкес уақытша әкелу (жол беру) кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау кезінде – тауарларды уақытша әкелу мерзімі өткен күні болып саналады.
      5. Әкелу кедендік баждар, салықтар осы баптың 4-тармағымен белгіленген жағдайларда мұндай тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастыру кезінде төленуге жататын кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша тарифтік артықшылықтарды және жеңілдіктерді ескерместен, оған сәйкес тауарлар уақытша әкелудің (жол берудің) кедендік рәсімімен орналастырылған кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күні есептелген әкелу кедендік баждарының, салықтардың сомасына сәйкес келетін көлемде төленуге жатады.
      Ескерту. 283-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      284-бап. Уақытша әкелінген тауарларды ішкі тұтыну үшін
               шығару кедендік рәсімімен орналастыру
               ерекшеліктері

      1. Уақытша әкелінген тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру кезінде кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес белгіленетін әкелу кедендік баждардың, салықтардың ставкалары, валюталар бағамы уақытша әкелудің (жол берудің) кедендік рәсімімен орналастыру үшін ұсынылған кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күніне айқындалады.
      2. Оларға қатысты ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімінің декларанты уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсімінде кедендік баждарды, салықтарды төлеген тауарларды уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсімінен кейін ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастыру кезінде, кедендік баждарды, салықтарды ішінара шартты түрде босату кезінде әкелу кедендік баждарды, салықтарды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған кезде төленуге жататын кедендік баждардың, салықтардың және уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсіміне сәйкес төленген кедендік баждардың, салықтардың есептелген сомасының айырмашылығы көлемінде төленеді.
      Егер осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырғанға дейін осы тауарлар кеден қоймасының, уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсімімен (рәсімдерімен) орналастырылса немесе уақытша сақтауға орналастырылса да осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері қолданылады.
      3. Оларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуден шартты түрде толық немесе шартты түрде ішінара босату қолданылған тауарларды ішкі тұтыну үшін кедендік шығару рәсіміне орналастыру кезінде мұндай босату қолданылған кезең үшін егер осы сомаларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуден шартты түрде толық немесе шартты түрде ішінара босату қолданылған күннен бастап кейінге қалдыру (мерзімін ұзарту) ұсынылған жағдайда төленуі тиіс кедендік баждар, салықтар сомаларынан кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен есептелген процент төленуге тиіс.
      Уақытша әкелінген тауарлардың жекелеген санаттары үшін Кеден одағының комиссиясы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген процентті төлемейтін жағдайларды айқындауға құқылы.
      Ескерту. 284-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

38-тарау. Уақытша әкетудің кедендік рәсімі

      285-бап. Уақытша әкету кедендік рәсімінің мазмұны

      Уақытша әкету - кеден одағының тауарлары әкету кедендік баждарды төлеуден толық босатыла отырып және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмастан, кейін кері импорттың кеден рәсімімен орналастырыла отырып кеден одағының кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкетілетін және белгіленген мерзім ішінде пайдаланылатын кездегі кедендік рәсім.
      Уақытша әкетудің кедендік рәсімімен орналастырылған және кеден одағының кедендік аумағынан іс жүзінде әкетілген тауарлар кеден одағы тауарларының мәртебесін жоғалтады.

      286-бап. Тауарларды уақытша әкетудің кедендік
               рәсімімен орналастыру шарттары

      1. Тауарларды уақытша әкетудің кедендік рәсімімен орналастыруға кейін уақытша әкетудің кедендік рәсімін аяқтау кезінде осы кедендік рәсіммен орналастырылған тауарларды сәйкестендіру мүмкіндігінің шарты  орындалған кезде жол беріледі.
      Тауарларды сәйкестендіру кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес уақытша әкетілген тауарларды ауыстыруға жол берілген жағдайларда талап етілмейді.
      2. Уақытша әкетудің кедендік рәсімімен:
      1) оларды жарнама және (немесе) көрсету мақсатында немесе көрме экспонаттары не өнеркәсіптік үлгілер ретінде санаулы даналарда әкеткен жағдайларды қоспағанда, алкоголь, темекі және темекі өнімдерін, шикізатты және жартылай фабрикаттарды, жұмсалатын материалдар мен үлгілерді қосқанда, тамақ өнімдерін, сусындарды;
      2) қалдықтарды, соның ішінде өнеркәсіптік қалдықтарды;
      3) кеден одағының кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкетуге тыйым салынған тауарларды орналастыруға жол берілмейді.

      287-бап. Уақытша әкетілген тауарларды пайдалану
               және билік ету бойынша шектеулер

      1. Уақытша әкетілген тауарлар тасымалдаудың (тасымалдың), сақтаудың және (немесе) пайдаланудың (қолданудың) қалыпты жағдайы кезіндегі табиғи тозу немесе табиғи кему салдарынан болған өзгерістерден басқа, өзгеріссіз күйде қалуға тиіс.
      2. Олардың кері импорты кезінде кеден органының тауарларды сәйкестендіруді қамтамасыз етуі шартымен жөндеу операцияларын (күрделі жөндеуді және жаңғыртуды қоспағанда) жөндеу операцияларын, техникалық қызмет көрсетуді және тауарларды қалыпты жай-күйде ұстау үшін қажетті басқа да операцияларды қосқанда, олардың сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті операцияларды жасауға жол беріледі.

      288-бап. Тауарларды уақытша әкету мерзімі

      1. Кеден органы тауарларды уақытша әкету мерзімін осы баптың 2-тармағымен көзделген жағдайды қоспағанда, мұндай әкетудің мақсаты мен жағдайын негізге ала отырып, декларанттың өтініші негізінде белгілейді.
      Кеден органы декларанттың жазбаша өтініші бойынша тауарларды уақытша әкетудің мерзімін осы баптың 2 және 3-тармақтарын ескере отырып, ұзарту мүмкін.
      2. Оларды кеден одағының кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкетудің мақсаттарына қарай тауарлардың жекелеген санаттары үшін, сондай-ақ оларды уақытша әкету кезінде кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кері әкелу міндетті болып табылатын тауарлардың жекелеген түрлері үшін кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамаларымен мұндай тауарларды уақытша әкетудің шекті мерзімдері белгіленуі мүмкін.
      3. Оларға қатысты кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамаларымен оларды осы мемлекеттің аумағына қайтару міндеттілігі белгіленбеген, уақытша әкетілген тауарларға меншік құқығын шетелдік тұлғаға берген жағдайда, бұл тауарларды уақытша әкету мерзімі ұзартуға жатпайды, ал бұл тауарлар осы Кодекстің 243-бабының 1-тармағының екінші бөлігін ескере отырып, экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылуға жатады.
      Ескерту. 288-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      289-бап. Уақытша әкету кедендік рәсімінің
               қолданылуын аяқтау

      1. Уақытша әкету кедендік рәсімінің қолданылуы уақытша әкетудің мерзімі өткенге дейін уақытша әкетілген тауарларды осы Кодекспен көзделген тәртіпте және шарттарды кері импорттың кедендік рәсімімен орналастырумен аяқталады.
      Егер кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес уақытша әкетілген тауарлар кеден одағының кедендік аумағына міндетті түрде қайта әкелінуге жататын жағдайларды қоспағанда, уақытша әкету кедендік рәсімінің қолданылуы уақытша әкетудің мерзімі өткенге дейін оларды осы Кодекспен көзделген тәртіпте және шарттарды кеден органына іс жүзінде көрсетпестен, уақытша әкетілген тауарларды экспорттың, кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу немесе уақытша әкету кедендік рәсімдерімен орналастырумен аяқталуы мүмкін.
      2. Уақытша әкетілген тауарлар кері импорттың кедендік рәсімімен не өзге кеден рәсіммен бір немесе бірнеше партиялармен орналастырылуы мүмкін.

      290-бап. Уақытша әкетудің кедендік рәсімімен
               орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға
               қатысты әкету кедендік баждарын, салықтарды
               төлеу бойынша міндеттің пайда болуы мен
               тоқтатылуы және оларды төлеу мерзімі

      1. Декларантта уақытша әкетудің кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты әкету кедендік баждарды төлеу бойынша міндет кеден органы кедендік декларацияны тіркеген кезінен бастап туындайды.
      2. Декларантта уақытша әкетудің кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты әкету кедендік баждарды төлеу бойынша міндет:
      1) осы Кодекстің 289-бабының 1-тармағына сәйкес уақытша әкетудің кедендік рәсімін аяқтау кезінде;
      2) осы Кодекстің 80-бабының 2-тармағында көрсетілген жағдайларда тоқтатылады.
      3. Авария немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан не тасымалдаудың (тасымалдың) және сақтаудың, пайдаланудың (қолданудың) қалыпты жағдайы кезіндегі табиғи кему нәтижесінде жойылуды (біржола жоғалуды) қоспағанда, осы Кодекстің 289-бабының 1-тармағына сәйкес уақытша әкету мерзімі өткенге дейін уақытша әкету кедендік рәсімі аяқталмаған кезде кеден органдары белгілеген уақытша әкету мерзімінің өткен күні әкету кедендік баждарын төлеу мерзімі болып саналады.
      4. Әкету кедендік баждар тауарларды экспорттың кедендік рәсімімен орналастыру кезінде төленуге жататын, тауарларды уақытша әкету кедендік рәсімімен орналастыру үшін ұсынылған кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күні есептелген әкету кедендік баждарының сомаларына сәйкес келетін көлемде төленуге жатады.

      291-бап. Уақытша әкетілген тауарларды экспорттың
               кедендік рәсімімен орналастыру ерекшеліктері

      1. Уақытша әкетілген тауарларды экспорттың кедендік рәсімімен орналастыру кезінде тауарлардың кедендік құны және (немесе) олардың табиғи көріністегі физикалық сипаттамалары (саны, массасы, көлемі немесе өзге де сипаттамалары), әкету кедендік баждардың ставкалары, кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленетін валюта бағамы тауарларды экспорттың кедендік рәсімімен орналастыру үшін ұсынылған кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күніне айқындалады.
      2. Тауарларды экспорттың кедендік рәсімімен орналастыру кезінде төленген әкету кедендік баждарының сомасынан, егер тауарларды уақытша әкетудің кедендік рәсімімен орналастыру үшін ұсынылған кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күннен бастап осы сомаға қатысты мерзімін ұзарту берілгендей болса, кеден одағына мүше мемлекеттерінде заңнамаларымен белгіленген тәртіпте есептелген проценттер төленеді.

39-тарау. Кері импорттың кедендік рәсімі

      292-бап. Кері импорт кедендік рәсімінің мазмұны

      1. Кері импорт - кеден одағының кедендік аумағынан бұрын әкетілген тауарлар әкелу кедендік баждар, салықтар төленбестен және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмастан, осы Кодекстің 293-бабымен белгіленген мерзімдерде кеден одағының кедендік аумағына қайта әкетілетін кездегі кедендік рәсім.
      2. Осы Кодекстің 253-бабының 3-тармағына сәйкес кеден одағының кедендік аумағынан әкетілген тауарларды қайта өңдеу өнімдері болып табылатын, осы Кодекстің 293-бабының 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген тауарларды қоспағанда, кері импорттың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар, кеден одағы тауарларының мәртебесін алады.

      293-бап. Тауарларды кері импорттың кедендік
              рәсімімен орналастыру шарттары

      1. Кері импорттың кедендік рәсімімен:
      1) Егер бұл тауарлар кері импорттың кедендік рәсімімен оларды кеден одағының кедендік аумағынан әкету кезінде кедендік шекара арқылы өткізген күннен кейінгі күннен бастап үш жыл ішінде немесе осы баптың 2-тармағына сәйкес белгіленген өзге де мерзімде орналастырылса;
      бұл тауарлар тасымалдаудың (тасудың), сақтаудың және (немесе) пайдаланудың (қолданудың) қалыпты жағдайы кезіндегі табиғи тозу немесе табиғи кему салдарынан болған өзгерістерді қоспағанда, өзгеріссіз күйінде болса;
      кеден органына осы Кодекстің 294-бабына сәйкес құжаттар ұсынылса, экспорттың кедендік рәсіммен орналастырылған не кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды қайта өңдеу өнімдері болып табылатын және кері экспорттың кедендік рәсіміне сәйкес кеден одағының кедендік аумағынан әкетілген,
      2) егер бұл тауарлар уақытша әкету мерзімі ішінде әкелінсе және тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) пайдаланудың (қолданудың) қалыпты жағдайы кезіндегі табиғи тозу немесе табиғи кему салдарынан болған өзгерістерді, сондай-ақ оларды уақытша әкетудің кедендік рәсіміне сәйкес пайдалану кезінде мұндай тауарларға қатысты жол берілетін өзгерістерді қоспағанда, олар кеден одағының кедендік аумағынан әкетілгендегі сол күйінде болса, уақытша әкетудің кедендік рәсімімен орналастырылған;
      3) егер бұл тауарлар қайта өңдеу мерзімі ішінде әкелінсе және және тасымалдаудың (тасудың), сақтаудың және (немесе) пайдаланудың (қол данудың) қалыпты жағдайы кезіндегі табиғи тозу немесе табиғи кему салдарынан болған өзгерістерді қоспағанда, олар кеден одағының кедендік аумағынан әкетілгендегі сол күйінде болса, кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастырылған;
      4) егер ақысыз (кепілді) жөндеу қайта өңдеудің мақсаты болса және оларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен шығару кезінде осы тауарларды ақысыз (кепілді) жөндеу себебі болып табылған ақаулықтың (ақаулықтардың) болуы ескерілген тауарларды қайта өңдеу өнімдерін қоспағанда, бұл тауарлар қайта өңдеу мерзімі ішінде кері импорттың кедендік рәсімімен орналастырылса, кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды қайта өңдеу өнімдері болып табылатын, бұрын шығарылған тауарлар орналастырылуы мүмкін.
      2. Тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты Кеден одағы комиссиясының шешімімен осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мерзімнен аспайтын мерзімдер белгіленуі мүмкін.
      3. Кері импорт кезінде мұндай салықтардың сомасы және (немесе) проценттер тауарлардың кедендік аумақтан әкетілуімен байланысты төленбегенде не қайтарылғанда, салықтарды және (немесе) олардан проценттерді, сондай-ақ өзге де салықтардың, субсидиялардың сомасын және төленбеген не төлемдер, жеңілдіктер не тауарлардың кедендік аумақтан әкетілуімен байланысты өтеулер ретінде тікелей немесе жанама алынған өзге де соманы өтеу кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамаларымен белгіленген тәртіпте және шарттарда жүргізіледі.
      Кері импорттау кезінде кедендік әкелу баждарының сомалары тауарларды кедендік аумақтан әкетуге байланысты төленбеген не қайтарылған жағдайда, мұндай баждарды өтеу кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес жүргізіледі.
      4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген, оған сәйкес тауарлар кеден одағының кедендік аумағынан әкетілген кедендік рәсімдердің бірінің декларанты болып табылатын тұлға кері импорт кедендік рәсімінің декларанты болып шығуы мүмкін.
      Кеден одағының кеден заңнамасымен өзге тұлғаның кері импорт кедендік рәсімінің декларанты болып шығуы мүмкін болатын жағдайлар белгіленуі мүмкін.
      5. Тауарлар кері импорттың кедендік рәсімімен олар осы баптың 1-тармағында көрсетілген кедендік рәсімдердің бірімен орналастырылған кеден одағына мүше мемлекетте орналастырылады.
      Ескерту. 293-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      294-бап. Тауарларды кері импорттың кедендік рәсімімен
              орналастыру үшін қажетті құжаттар мен мәліметтер

      1. Тауарларды кері импорттың кедендік рәсімімен орналастыру үшін декларант кеден органына тауарларды кедендік аумақтан әкету жағдайлары туралы мәліметтерді, сондай-ақ егер тауарлармен мұндай операциялар кеден одағының кедендік аумағынан тысқары жерлерде жүргізілсе, тауарларды жөндеу бойынша операциялар туралы мәліметтерді ұсынады.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мәліметтерді растау үшін декларант тауарларды әкету кезінде қабылданған кедендік декларацияны, оларды әкету кезінде тауарлардың кедендік шекарадан өткен күнін растайтын құжаттарды ұсынады.

      295-бап. Әкету кедендік баждарын қайтару (есепке алу)

      Егер көрсетілген тауарлар мұндай тауарларды экспорттың кедендік рәсімімен орналастырған күннен кейінгі күннен бастап 6 (алты) айдан кешіктірілмей кері импорттың кедендік рәсімімен орналастырылса, кері импорттың кедендік рәсімімен орналастырылған, осы Кодекстің 293-бабының 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тауарларға қатысты әкету кедендік баждарының төленген сомасын қайтару (есепке алу) жүргізіледі.

40-тарау. Кері экспорттың кедендік рәсімі

      296-бап. Кері экспорт кедендік рәсімінің мазмұны

      Кері экспорт - кеден одағының кедендік аумағына бұрын әкелінген тауарлар не кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды қайта өңдеу өнімдері әкелу кедендік баждарын, салықтарды төлеместен және (немесе) олардың төленген сомасын қайтара отырып және тарифтік емес реттеу шараларын қолданбастан осы аумақтан әкетілетін кездегі кедендік рәсім.

      297-бап. Тауарларды кері экспорт кедендік рәсімімен
               орналастыру шарттары

      Кері экспорттың кедендік рәсімімен:
      1) кеден одағының кедендік аумағында орналасқан, оның ішінде тарифтік емес реттеу шараларын бұза отырып әкелінген тауарлар және кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды қайта өңдеу өнімдері;
      2) егер бұл тауарлар сыртқы экономикалық мәміле шарттарының орындалмау себебі бойынша, оның ішінде мөлшері, сапасы, сипаттамасы бойынша қайтарылса, мына талаптардың сақталуы шартымен:
      тауарлар кері экспорттың кедендік рәсімімен ішкі тұтыну үшін шығарылған күннен кейінгі күннен бастап бір жыл ішінде орналастырылса;
      кеден органына осы Кодекстің 299-бабына сәйкес құжаттар ұсынылса;
      ақаулықтарды анықтау үшін тауарларды пайдалану қажет болған жағдайларды немесе тауарларды қайтаруға әкеп соққан өзге де жағдайларды қоспағанда, тауарлар кеден одағының кедендік аумағында пайдаланылмаса және жөнделмесе;
      кеден органының сәйкестендіруі мүмкін болғанда, ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар орналастырылуы мүмкін.

      298-бап. Кері экспорттың кедендік рәсімімен
               орналастырылған тауарларды тасымалдау
               ерекшеліктері

      Кері экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар кеден одағының кедендік аумағынан осы Кодекстің 32-тарауына сәйкес әкетіледі.

      299-бап. Бұрын ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік
               рәсімімен орналастырылған тауарларды кері
               экспорттың кедендік рәсімімен орналастыру
               үшін қажетті құжаттар мен мәліметтер

      Бұрын ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды кері экспорттың кедендік рәсімімен орналастыру үшін декларант кеден органына:
      1) тауарларды кеден одағының кедендік аумағына әкелу жағдайлары туралы (сыртқы экономикалық мәмілелердің жасалғандығын растайтын құжаттардың негізінде);
      2) сыртқы экономикалық мәміленің шарттарын орындамау туралы;
      3) осы тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру туралы;
      4) осы тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырғаннан кейін пайдалану туралы мәліметтерді қамтитын құжаттарды ұсынады.

      300-бап. Кері экспорт кедендік рәсімімен
               орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға
               қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу
               бойынша міндеттің пайда болуы мен тоқтатылуы
               және оларды төлеу мерзімі

      1. Декларантта кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған (орналастырылатын) шетелдік тауарларға қатысты әкелу кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет кеден органы кедендік декларацияны тіркеген сәтінен бастап туындайды.
      2. Декларантта кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған (орналастырылатын) шетелдік тауарларға қатысты әкелу кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет:
      1) Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалған тәртіпте кету жеріндегі кеден органы растаған шетелдік тауарларды кеден одағының кедендік аумағынан іс жүзінде әкету кезінде;
      2) осы Кодекстің 80-бабының 2-тармағымен белгіленген жағдайларда тоқтатылады.
      3. Авария немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан не тасымалдаудың (тасымалдың) және сақтаудың қалыпты жағдайы кезіндегі табиғи кему нәтижесінде жойылуды (біржола жоғалуды) қоспағанда, кері экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды кеден одағының кедендік аумағынан әкетпеу кезінде тауарларды кері экспорттың кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күні әкелу кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі болып саналады.
      4. Осы баптың 3-тармағымен белгіленген әкелу кедендік баждар, салықтар кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді ескерместен, шетелдік тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастыру кезінде төленуге жататын, тауарларды кері экспорттың кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күніне есептелген әкелу кедендік баждардың, салықтардың сомасына сәйкес келетін көлемде төленуге жатады.
      Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды қайта өңдеу өнімдеріне қатысты әкелу кедендік баждар, салықтар кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған және олардың шығарылым нормаларына сәйкес қайта өңдеу өнімдерін дайындау үшін пайдаланылған шетелдік тауарларға қатысты төленуге жататын кедендік баждардың, салықтардың сомасына сәйкес келетін көлемде төленуге жатады.
      5. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әкелу кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет тоқтатылған кезде осы баптың 3-тармағына сәйкес төленген немесе өндіріп алынған әкелу кедендік баждар, салықтар осы Кодекске сәйкес белгіленген тәртіпте қайтарылуға жатады.
      6. Кері экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты әкелу кедендік баждар, салықтар төленуге жатпайды.

      301-бап. Әкелу кедендік баждарының, салықтардың
              сомасын қайтару (есепке алу)

      Кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған және кеден одағының кедендік аумағынан іс жүзінде әкетілген, осы Кодекстің 297-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тауарларға қатысты осы Кодекстің 13-тарауына сәйкес төленген әкелу кедендік баждардың, салықтардың сомасын қайтару (есепке алу) жүргізіледі.

41-тарау. Бажсыз сауда кедендік рәсімі

      302-бап. Бажсыз сауда кедендік рәсімінің мазмұны

      Бажсыз сауда - тауарлар кеден одағының кедендік аумағынан кететін жеке тұлғаларға не шетелдік дипломатиялық өкілдіктерге, оларға теңестірілген халықаралық ұйымдардың өкілдіктеріне, консулдық мекемелерге, сондай-ақ дипломатиялық агенттерге, консулдық лауазымды адамдарға және олардың өздерімен бірге тұратын отбасы мүшелеріне кедендік баждар, салықтар төленбестен және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмастан, бажсыз сауда дүкендерінде бөлшек түрде сатылатын кездегі кедендік рәсім.
      Ескерту. 302-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      303-бап.  Тауарларды бажсыз сауда кедендік рәсімімен
               орналастыру шарттары

      1. Кеден одағының кедендік аумағына әкелуге, кеден одағының кедендік аумағынан тыс жерлерге әкетуге тыйым салынған, сондай-ақ кеден одағына мүше мемлекеттердің аумақтарында айналдыруға тыйым салынған тауарларды қоспағанда, бажсыз сауда кедендік рәсімімен кез келген тауарлар орналастырылуы мүмкін.
      Кеден одағының комиссиясы бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылуға жатпайтын өзге тауарлардың тізбесін белгілеуі мүмкін.
      2. Осы тауарлардың сату жүзеге асырылатын бажсыз сауда дүкенінің иесі ғана бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарлардың декларанты болып түсе алады.
      3. Бажсыз сауда дүкенінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын тауарлар бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылуға жатпайды.
      4. Кеден одағының тауарлары бажсыз сауда кедендік рәсімімен кедендік декларацияны беру жолымен орналастырылады.

      304-бап. Бажсыз сауда дүкендері

      1. Бажсыз сауда дүкендерінің жұмыс істеу тәртібі, оларды орналастыру, абаттандыру және жабдықтау талаптары, аталған дүкендерде тауарларды сату ережесі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен айқындалады.
      2. Бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты есеп жүргізу және есептілік беру тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен айқындалады.
      Ескерту. 304-баптың мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылды - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      305-бап. Бажсыз сауда кедендік рәсімін аяқтау

      1. Бажсыз сауда кедендік рәсімінің қолданысы осы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды осы Кодекстің 302-бабында көрсетілген тұлғаларға бажсыз сауда дүкендерінде бөлшек түрде сатумен немесе осы Кодекске сәйкес өзге кедендік рәсімдермен орналастырумен аяқталады.
      2. Бажсыз сауда дүкендерінің қызметін тоқтатқан жағдайда, бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар аталған дүкеннің қызметі тоқтатылған күнінен кейінгі күнінен бастап 1 (бір) ай ішінде өзге кедендік рәсімімен орналастырылуға жатады.
      Осы тармақтың 1-бөлігінде көрсетілген әрекеттер жасалмаған кезде осы Кодекстің 21-тарауына сәйкес кеден органдары тауарларды ұстайды.
      Ескерту. 305-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      306-бап. Бажсыз сауданың кеден рәсімімен орналастырылатын
               (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты
               әкету кедендік баждарды төлеу бойынша міндеттің
               пайда болуы мен тоқтатылуы және оларды төлеу
               мерзімі

      1. Декларантта бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылатын шетелдік тауарларға қатысты әкелу кедендік баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндет кеден органы кедендік декларацияны тіркеген сәтінен бастап туындайды.
      2. Декларантта бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты әкелу кедендік баждарын, салықтарды төлеу міндеті:
      1) бұл тауарларды осы Кодекстің 302-бабында көрсетілген тұлғаларға сатқан кезде;
      2) бұл тауарларды өзге кедендік рәсіммен орналастырған кезде;
      3) осы Кодекстің 21-тарауына сәйкес кеден органдары тауарларды ұстаған кезде;
      4) осы Кодекстің 80-бабының 2-тармағымен белгіленген жағдайларда тоқтатылады.
      3. Әкелу кедендік баждарын, салықтарды төлеу мерзімі болып:
      1) бажсыз сауда кедендік рәсімінің талаптары мен шарттарын бұза отырып, шетелдік тауарларды пайдалану және иелену кезінде - белгіленген талаптар мен шарттарды бұзатын әрекеттердің жасалған күні, ал егер бұл күн анықталмаса, - тауарларды бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күні;
      2) авария немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жойылуды (біржола жоғалуды) не тасымалдаудың (тасымалдың) және сақтаудың қалыпты жағдайы кезіндегі табиғи кемуді қоспағанда, шетелдік тауарларды жоғалтқан жағдайда, - тауарларды жоғалтқан күні, ал егер бұл күн анықталмаса, - тауарларды бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күні саналады.
      4. Осы баптың 3-тармағында белгіленген жағдайларда әкелу кедендік баждар, салықтар тарифтік артықшылықтарды және кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді ескерместен, тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастыру кезінде төленуге жататын, оған сәйкес тауарлар бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған кедендік декларацияны кеден органы тіркеген күніне есептелген әкелу кедендік баждарының, салықтардың сомасына сәйкес келетін көлемде төленуге жатады.
      Ескерту. 306-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

42-тарау. Жою кедендік рәсімі

      307-бап. Жою кедендік рәсімінің мазмұны

      Жою - шетелдік тауарлар әкелу кедендік баждарын, салықтарды төлеместен және тарифтік емес реттеу шараларын қолданбастан кедендік бақылаумен жойылатын кездегі кедендік рәсім.
      Тауарларды залалсыздандыру, толық жою немесе өзгеше олар ішінара немесе толық өзінің  тұтыну және (немесе) өзге де қасиеттерін жоғалтатын және экономикалық тиімді тәсілмен бастапқы жай-күйіне келтіру мүмкін болмайтын жай-күйге келтіру тауарларды жою деп түсініледі.
      Кедендік жою рәсімі, чондай-ақ апат немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жойылған, біржола жоғалған тауарларға қатысты қолданылуы мүмкін.
      Ескерту. 307-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.25 № 294-IV (2010.07.09 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      308-бап. Тауарларды жоюдың кедендік рәсімімен
               орналастыру шарттары

      1. Тауарларды жою кедендік рәсімімен орналастыруға кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес тиісті уәкілетті мемлекеттік орган беретін, онда жою тәсілі мен орны көрсетілетін жою мүмкіндігі туралы қорытынды негізінде жол беріледі.
      Тауар апат немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан біржола жоғалған жағдайда қорытынды талап етілмейді. Мұндай тауарларды жоюдың кедендік рәсімімен орналастыру үшін тауарларды апат немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан біржола жоғалту фактілерін растайтын құжаттар ұсынылуы тиіс.
      2. Жою кедендік рәсімімен мынадай санаттағы тауарлар орналастырылмайды:
      1) мәдени, археологиялық, тарихи құндылықтар;
      2) індеттер мен эпизоотиялардың және карантинді объектілердің таралуының жолын кесу мақсатында, оларды жою талап етілетін жағдайларды қоспағанда, кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамаларына және (немесе) халықаралық шарттарға сәйкес қорғалатын түрлерге жататын жануарлар мен өсімдіктер, олардың бөліктері мен дериваттары;
      3) кепілдік қатынастар тоқтағанға дейін кепілдік зат ретінде кеден органдары қабылдаған тауарлар;
      4) алынған немесе тыйым салынған тауарлар, оның ішінде кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес заттай дәлелдемелер болып табылатын тауарлар;
      5) тізбесін Кеден одағының комиссиясы айқындайтын өзге де тауарлар.
      3. Егер мұндай жою:
      1) қоршаған ортаға зиян келтіруі немесе адам өмірі мен денсаулығы үшін қауіп төндіруі мүмкін болса;
      2) олардың кәдімгі мақсатына сәйкес тауарларды тұтыну жолымен жүргізілсе;
      3) кеден одағына мүше мемлекеттер үшін шығыстарға әкеп соқса, тауарларды жоюға жол берілмейді.
      4. Тауарларды жою кедендік рәсімі декларанттың есебінен жүргізіледі.
      5. Тауарларды жою осы тауарларды іс жүзінде жою үшін қажетті уақыт, оларды жою тәсілі мен орны негізінде кеден органы белгілеген мерзімдерде жүргізіледі.

      309-бап. Жою кедендік рәсімін қолданудың ерекшеліктері

      1. Тауарларды жою тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен айқындалады.
      2. Тауарларды жою нәтижесінде қалыптасқан қалдықтар, оларды одан әрі пайдалану мүмкін болған кезде тиісті кедендік рәсімге орналастырылуы тиіс және әкелу кедендік баждары мен салықтарды өндіріп алу мақсаты үшін кеден одағының кедендік аумағына осы күйінде әкелінген шетелдік тауар ретінде қаралады.
      Тауарларды жою нәтижесінде қалыптасқан қалдықтар кеден одағының кедендік аумағында оларды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз күйде болған және экономикалық тиімді тәсілмен бастапқы қалпына келтіру мүмкін болмаған жағдайда, олар кеден одағының тауары ретінде қаралады.

43-тарау. Мемлекет пайдасына бас тарту кедендік рәсімі

      310-бап. Мемлекет пайдасына бас тарту кедендік
               рәсімінің мазмұны

      1. Мемлекет пайдасына бас тарту - шетелдік тауарлар кедендік төлемдерді төлеместен және тарифтік емес реттеу шараларын қолданбастан кеден одағына мүше мемлекеттердің меншігіне өтеусіз берілетін кедендік рәсім.
      2. Мемлекет пайдасына бас тарту кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар кеден одағы тауарларының мәртебесін алады.

      311-бап. Тауарларды мемлекет пайдасына бас тарту
               кедендік рәсімімен орналастыру шарттары

      1. Кеден одағының кедендік аумағына әкелуге тыйым салынған, сондай-ақ кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағында айналымға тыйым салынған тауарларды қоспағанда, шетелдік тауарлар мемлекет пайдасына бас тарту кедендік рәсімімен орналастырылуы мүмкін.
      Кеден одағы комиссиясының шешімімен мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік рәсімімен орналастыруға жатпайтын өзге тауарлардың тізбесі белгіленуі мүмкін.
      2. Мемлекет пайдасына тауарлардан бас тарту тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамаларымен айқындалады.

7-бөлім. ТАУАРЛАРДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН САНАТТАРЫНА ҚАТЫСТЫ КЕДЕНДІК
ШЕКАРА АРҚЫЛЫ ӨТКІЗУ ЖӘНЕ КЕДЕНДІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ЖАСАУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

44-тарау. Халықаралық почта жөнелтілімдерімен жіберілетін
тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасау ерекшеліктері

      312-бап. Халықаралық почта жөнелтілімдері

      1. Халықаралық почта жөнелтілімдеріне посылкалар және Дүниежүзілік почта одағының актілеріне сәйкес почта алмасу объектілері болып табылатын жазбаша хат-хабарлар жөнелтілімдері жатады.
      2. Халықаралық почта жөнелтілімдерін жіберу Дүниежүзілік почта одағының актілерімен көзделген құжаттармен қоса жіберілуге тиіс.
      3. Халықаралық почта женелтілімдерін кеден органының рұқсатынсыз почта байланысының операторларын олардың алушыларға беруі не кеден одағының кедендік аумағынан тыс жерлерге жөнелтуі мүмкін емес.

      313-бап. Тауарларды халықаралық почта жөнелтілімдерімен
               жіберу ерекшеліктері

      1. Халықаралық почта жөнелтілімдерімен:
      1) кеден одағының кедендік аумағына әкелуге немесе осы аумақтан әкетуге тыйым салынған;
      2) Дүниежүзілік почта одағының актілеріне сәйкес жіберуге тыйым салынған;
      3) егер мұндай тауарлар Кеден одағы комиссиясының шешіміне сәйкес халықаралық почта жөнелтілімдерімен жіберілуге тыйым салынса, оларға қатысты шектеулер қолданылатын тауарларды жіберуге жол берілмейді.
      2. Жеке тұлғалардың атына халықаралық почта жөнелтілімдерімен жіберілетін жеке пайдалануына арналған тауарларға қатысты, сондай-ақ Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалған өзге жағдайларда тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмайды.
      3. Халықаралық почта жөнелтілімдерімен жіберуге тыйым салынған және (немесе) шектеулер қойылған тауарларға билік ету Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес жүргізіледі.

      314-бап. Халықаралық почта жөнелтілімдерімен жіберілетін
               тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасау
               ерекшеліктері

      1. Халықаралық почта жөнелтілімдерімен жіберілетін тауарларға қатысты кедендік операцияларды кеден органдары халықаралық почта алмасу орындарында (мекемелерінде) не кеден органы айқындаған өзге орындарда жүргізеді.
      Халықаралық почта алмасу орындары (мекемелері) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамаларымен айқындалады.
      2. Халықаралық почта женелтілімдерімен жіберілетін тауарларды кедендік декларациялау халықаралық почта жөнелтілімдерін алып жүретін Дүниежүзілік почта одағының актілерімен көзделген құжаттарды не тауарларға арналған декларацияны пайдалана отырып жүргізіледі.
      3. Жеке тұлғаның жеке пайдалануына арналған тауарларды қоспағанда, халықаралық почта жөнелтілімдерімен жіберілетін тауарлар, егер:
      1) кедендік баждарды, салықтарды төлеуге жатқан;
      2) тауарларға қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемдік шаралар қолданылған және тыйымдар мен шектеулер сақталған;
      3) тауарларды кеден одағының кедендік аумағынан іс жүзінде әкетуді тауарларды жөнелтуші кеден және (немесе) салық органдарына растауы тиіс болған;
      4) тауарлар ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімінен өзге кедендік рәсімімен орналастырылған жағдайда, тауарларға арналған декларацияны пайдалана отырып, кедендік декларациялауға жатады.
      4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілмеген жағдайларда кедендік декларациялау халықаралық почта жөнелтілімдерін алып жүретін және мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес тауарларды шығару үшін қажетті мәліметтер бар Дүниежүзілік почта одағының актілерімен көзделген құжаттарды пайдалана отырып жүргізіледі.
      5. Кеден одағының кедендік аумағынан шығарылатын, халықаралық почта жөнелтілімдерімен жіберілетін тауарларды кедендік декларациялау оларды жөнелту үшін почта байланысының операторына бергенге дейін жүзеге асырылады.
      6. Дүниежүзілік почта одағының актілерімен көзделген жағдайларда жөнелтушіге қайтаруға жататын тауарларды кедендік декларациялауды почта байланысының операторы кеден органына жазбаша өтінішті жән