"Назарбаев Университеті", "Назарбаев Зияткерлік мектептері" және "Назарбаев Қоры" мәртебесі туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 19 қаңтардағы № 394-IV Заңы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 13-б. қараңыз.
      Қолданушылар назарына!
      Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін ЗҚАИ мазмұнды жасады.

МАЗМҰНЫ

      Осы Заң "Назарбаев Университетінің" (бұдан әрі – Университет), "Назарбаев Зияткерлік мектептерінің" (бұдан әрі – Зияткерлік мектептер) және "Назарбаев Қорының" (бұдан әрі – Қор) құқықтық мәртебесін және олардың құрылуы мен қызметінің айрықша құқықтық режимін айқындайды.

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР 04.07.2023 № 15-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      1) дербес білім беру ұйымы – Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын, құқықтық мәртебесі және қызметінің айрықша құқықтық режимі осы Заңда айқындалатын, мүшелігі болмайтын коммерциялық емес ұйым;

      2) Зияткерлік мектептер ұйымдары – Зияткерлік мектептер құратын коммерциялық емес ұйымдар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен Зияткерлік мектептерге тиесілі басқа да заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдары;

      3) "Назарбаев Университеті" білім беру гранты – осы Заңда белгіленген шарттарда тиісті білім беру деңгейі бойынша Университетте немесе дайындық бөлімінде білім алуға ақы төлеу үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде білім алушыларға берілетін нысаналы ақша сомасы;

      4) "Назарбаев Университеті" стипендиясы – "Назарбаев Университеті" білім беру гранты бойынша білім алушыға берілетін ақша сомасы;

      5) сабақтан тыс қызмет – тізбесі тиісті қамқоршылық кеңестің шешімімен бекітілетін іс-шаралар түрінде жүзеге асырылатын, Университеттің, Зияткерлік мектептердің білім беру процесіне қатысушылардың білім алушыларды жан-жақты дамытуға және олардың жеке қабілеттерін іске асыруға бағытталған қызметі;

      6) Университеттің инновациялық кластері (бұдан әрі – инновациялық кластер) – ғылыми-зерттеу жұмыстарын және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асыру, технологиялар трансферті, жобаларды коммерцияландыру, жаңа немесе жетілдірілген технологиялар мен тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жасау және енгізу шеңберіндегі кооперацияның жоғары дәрежесі есебінен бір-бірінің бәсекелестік артықшылықтарын өзара толықтыратын және күшейтетін, Университет аумағында орналасқан ғылыми-зерттеу және инновациялық қызмет субъектілерінің және олармен өзара байланысты өзге де тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) берушілердің бірлестігі;

      7) Университет ұйымдары – Университет құратын коммерциялық емес ұйымдар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен Университетке тиесілі басқа да заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдары.

      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.07.2015 № 337-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2-бап. Қазақстан Республикасының Университет, Зияткерлік мектептер және Қор туралы заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының Университет, Зияткерлік мектептер туралы және Қор туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

      2. Білім беру қызметін, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасы Университетке, Зияткерлік мектептерге, олардың ұйымдарына және Қорға осы Заңмен реттелмеген бөлігінде қолданылады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2-1-тармақпен толықтыру көзделген – ҚР 02.10.2023 № 31-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

      Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.07.2015 № 337-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3-бап. Университет, Зияткерлік мектептер және Қор қызметінің қағидаттары

      Университеттің, Зияткерлік мектептердің және Қордың қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:

      1) академиялық еркіндік қағидаты – Университеттің және Зияткерлік мектептердің білім беру бағдарламаларын, білім беру қызметін жүзеге асырудың нысандары мен әдістерін, ғылыми зерттеулерді жүргізу бағыттарын әзірлеу мен таңдаудағы еркіндігі;

      2) білімнің, ғылым мен өндірістің интеграциясы қағидаты – Университеттегі және Зияткерлік мектептердегі білім беру үдерісінің ғылыми және практикалық қызметтен ажырағысыздығы, ғылым және кәсіпкерлік ұйымдарымен стратегиялық әріптестікті қамтамасыз ету;

      3) дербестік және өзін-өзі басқарушылық қағидаты – Университеттің, Зияткерлік мектептердің және Қордың қаржы-экономикалық, әкімшілік басқарудағы, шешімдер қабылдаудағы оқшаулығы мен еркіндігі;

      4) шешімдер қабылдаудың алқалық қағидаты – Университет, Зияткерлік мектептер және Қор қызметіне байланысты шешімдерді олардың қамқоршылық кеңестерінің, Жоғары қамқоршылық кеңестің қабылдауы;

      5) әлеуметтік жауапкершілік пен ашықтық қағидаты – Университеттің, Зияткерлік мектептердің және Қордың қоғамның әл-ауқатын жақсарту мақсатында әлеуметтік маңызы бар жобаларды әзірлеуі және оларға қатысуы, өз қызметінің барлық бағыттары бойынша ақпараттық ашықтықты қамтамасыз етуі.

2-тарау. УНИВЕРСИТЕТТІҢ, ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРДІҢ ЖӘНЕ
ҚОРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ

4-бап. Университеттің, Зияткерлік мектептердің және Қордың құқықтық мәртебесі

      1. Университет білім беру қызметін, оның ішінде қосымша білім беруді, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыру, қазіргі заманғы білім беру, ғылыми инфрақұрылымды құру және өзінің жарғысына сәйкес өзге де қызметті жүзеге асыру мақсатында құрылатын дербес білім беру ұйымы болып табылады.

      Университет білім беру қызметін мынадай білім беру деңгейлері бойынша жүзеге асырады:

      1) орта білімнен кейінгі білім беру;

      2) жоғары білім беру;

      3) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру.

      Университет білім және ғылым саласындағы инновациялық бағдарламаларды әзірлеуді, оларға мониторинг жүргізуді, зерттеуді, талдауды, байқаудан өткізуді, енгізу мен іске асыруды жүзеге асыратын эксперименттік алаң болып табылады.

      2. Зияткерлік мектептер білім беру қызметін, оның ішінде қосымша білім беру саласында жүзеге асыру мақсатында құрылатын дербес білім беру ұйымы болып табылады.

      Зияткерлік мектептер білім беру қызметін мынадай білім беру деңгейлері бойынша жүзеге асырады:

      1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтитын бастауыш мектеп;

      2) негізгі мектеп;

      3) жоғары мектеп.

      Зияткерлік мектептер өзінің жарғысына сәйкес өзге де қызметті жүзеге асыруға құқылы.

      Зияткерлік мектептер білім беру бағдарламалары мен технологияларының қазіргі заманғы модельдерін әзірлеуді, оларға мониторинг жүргізуді, зерттеуді, талдауды, байқаудан өткізуді, енгізуді және іске асыруды жүзеге асыратын эксперименттік алаң болып табылады.

      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі Университеттің және Зияткерлік мектептердің құрылтайшысы болып табылады.

      4. Қор Университеттің және Зияткерлік мектептердің, сондай-ақ олардың ұйымдарының қызметін қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін ғана қордың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын коммерциялық емес ұйым болып табылады.

      Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.12.26 № 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.07.2015 № 337-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

5-бап. Университеттің және Зияткерлік мектептердің мүлкі

      1. Университеттің және Зияткерлік мектептердің мүлкі:

      1) құрылтайшының нысаналы салымдары;

      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша берілетін мемлекеттік мүлік;

      3) ерікті мүліктік жарналар мен қайырмалдықтар;

      4) Қор беретін қаржыландыру;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда тауарларды, жұмыстарды өткізуден, қызмет көрсетуден түскен түсiмдер (табыстар);

      6) акциялар, облигациялар мен салымдар (депозиттер) бойынша алынатын дивидендтер (табыстар, сыйақылар (мүдде);

      7) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да түсімдер есебінен қалыптасады.

      Университеттің және Зияткерлік мектептердің осы тармаққа сәйкес қалыптастырылған мүлкі оларға меншік құқығымен тиесілі болады.

      Университет және Зияткерлік мектептер өз мүлкін өздерінің құрылу мақсаттарына қол жеткізу үшін ғана пайдаланады.

      2. Университет және Зияткерлік мектептер, сондай-ақ олардың ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тапсырма, мемлекеттік білім беру тапсырысын және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге мемлекеттік тапсырыс алуға құқылы.

      2-1. Дербес білім беру ұйымының:

      1) нысаналы салым қаражатын өзінің жоғары басқару органының немесе Жоғары қамқоршылық кеңес төрағасының тапсырмасына сәйкес қайта бөлуге;

      2) күрделі салымдарға бағытталатын шығыстар бойынша, сондай-ақ күрделі шығындарға жатпайтын шығыстар бойынша үнемдеу нәтижесінде пайда болған нысаналы салым қаражатын жарғылық мақсаттарға сәйкес дербес білім беру ұйымының ұйымдары және (немесе) шығыстардың бағыттары арасында оларды дамытуға қайта бөлуге құқығы бар.

      Қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы салым қаражаты дербес білім беру ұйымы қамқоршылық кеңесінің шешімі бойынша келесі қаржы жылдарына ауыстырылуы мүмкін.

      2-2. Осы баптың 1-тармағы 2) тармақшасының негізінде мемлекеттік мүлікті дербес білім беру ұйымдарының меншігіне беру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтеусіз негізде жүзеге асырылады. Мемлекеттік меншіктегі жер учаскесі Университет меншігіне Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген тәртіппен өтеусіз негізде беріледі.

      3. Дербес білім беру ұйымдарының мүлкіне құрылтайшының мүліктік құқықтары болмайды.

      Құрылтайшы өзі құрған дербес білім беру ұйымдарының міндеттемелері бойынша жауап бермейді, ал олар құрылтайшының міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

      Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.02.16 № 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.07.2015 № 337-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

6-бап. Университеттің, Зияткерлік мектептердің және Қордың басқару органдары

      1. Жоғары қамқоршылық кеңес Университеттің, Зияткерлік мектептердің және Қордың жоғары басқару органы болып табылады.

      Қазақстан Республикасының Президенті немесе Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын адам Жоғары қамқоршылық кеңестің төрағасы болып табылады.

      Жоғары қамқоршылық кеңестің төрағасы Жоғары қамқоршылық кеңес туралы ережені бекітеді.

      2. Жоғары қамқоршылық кеңестің құрылымы, құзыреті, қалыптасу тәртібі, мүшелерінің өкілеттік мерзімдері, оның шешімдерді қабылдау тәртібі осы Заңда, сондай-ақ Жоғары қамқоршылық кеңес туралы ережеде айқындалады.

      3. Жоғары қамқоршылық кеңестің құзыретіне:

      1) Университеттің, Зияткерлік мектептердің және Қордың ұзақ мерзімді даму стратегияларын бекіту;

      2) мүлікке билік ету тәртібін бекіту;

      3) Университеттің, Зияткерлік мектептердің және Қордың жарғыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, оларды жаңа редакцияда қабылдау;

      4) Университеттің, Зияткерлік мектептердің және Қордың қамқоршылық кеңестерін қалыптастыру, қамқоршылық кеңестердің мүшелерін тағайындау және олардың өкілеттіктерін тоқтату;

      5) Университетті, Зияткерлік мектептерді және Қорды қайта ұйымдастыру, тарату туралы шешім қабылдау;

      6) Жоғары қамқоршылық кеңес туралы ережеге сәйкес өзге де өкілеттіктер жатады.

      4. Тұрақты жұмыс істейтін қамқоршылық кеңестер Университеттің, Зияткерлік мектептердің және Қордың қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыратын басқару органдары болып табылады.

      Университеттің, Зияткерлік мектептердің және Қордың қамқоршылық кеңестерінің құрылымы, құзыреті, қалыптасу тәртібі, мүшелерінің өкілеттік мерзімдері, олардың шешімдерді қабылдау тәртібі осы Заңда, сондай-ақ олардың жарғыларында айқындалады.

      5. Университеттің, Зияткерлік мектептердің және Қордың қамқоршылық кеңестерінің құзыретіне:

      1) жылдық және орта мерзімді бюджеттерді бекіту;

      2) Университеттің, Зияткерлік мектептердің және Қордың атқарушы органдарының сан жағынан құрамын айқындау, олардың басшылары мен мүшелерін немесе атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын адамдарды сайлау, сондай-ақ олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату;

      3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту;

      4) осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңнамасына, Университеттің, Зияткерлік мектептердің және Қордың жарғыларына сәйкес өзге де өкілеттіктер жатады.

      6. Университеттің және Зияткерлік мектептердің қамқоршылық кеңестерінің құрамына құрылтайшының өкілдері, педагогтер және ғылыми қызметкерлер, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері және өзге де адамдар кіреді. Мемлекеттік қызметшілер Университеттің, Зияткерлік мектептердің және Қордың басқару органдарына тағайындалған жағдайда олар аталған заңды тұлғаларды басқаруға қатысады.

      7. Университеттің, Зияткерлік мектептердің және Қордың ағымдағы қызметіне басшылықты олардың атқарушы органдары жүзеге асырады. Атқарушы органдар алқалы немесе жеке-дара болуы мүмкін.

      Университеттің, Зияткерлік мектептердің және Қордың атқарушы органдары Жоғары қамқоршылық кеңестің, Университеттің, Зияткерлік мектептердің, Қордың қамқоршылық кеңестерінің шешімдері негізінде және оларды орындау үшін жұмыс істейді және оларға есеп береді.

      Университеттің, Зияткерлік мектептердің және Қордың атқарушы органдарының құрылымы, құзыреті, қалыптасу тәртібі мен өкілеттік мерзімдері олардың жарғыларында айқындалады.

      8. Университетте, Зияткерлік мектептерде және Қорда олардың жарғыларына сәйкес өзге де органдар құрылуы мүмкін.

      Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.07.2015 № 337-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 294-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2023 № 15-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

7-бап. Университетті, Зияткерлік мектептерді және Қорды қайта ұйымдастыру, тарату

      1. Университет, Зияткерлік мектептер және Қор осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңнамасына және олардың жарғыларына сәйкес қайта ұйымдастырылуға, таратылуға жатады.

      2. Университет, Зияткерлік мектептер, Қор таратылған кезде кредит берушілердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлік олардың құрылтай құжаттарында көрсетілген мақсаттарға жұмсалады.

3-тарау. УНИВЕРСИТЕТ, ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕР ЖӘНЕ ҚОР ҚЫЗМЕТІНІҢ АЙРЫҚША ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕЖИМІ

8-бап. Университеттің және Зияткерлік мектептердің білім беру қызметін лицензиялау, аттестаттау және аккредиттеу

      1. Университет, Зияткерлік мектептер, олардың ұйымдары, сондай-ақ Университетте және (немесе) Зияткерлік мектептерде білім беру бағдарламаларын енгізетін және (немесе) іске асыратын шетелдік заңды тұлғалар білім беру қызметін лицензиясыз жүзеге асырады.

      2. Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасында көзделген мемлекеттік аттестаттау Университетке және Зияткерлік мектептерге қатысты жүргізілмейді.

      3. Университетті және Зияткерлік мектептерді, олардың ұйымдарын аккредиттеуді тиісті қамқоршылық кеңестің шешімімен айқындалған аккредиттеу органы, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органы жүзеге асырады.

      Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.07.2015 № 337-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

9-бап. Университеттің және оның ұйымдарының білім беру қызметін жүзеге асыру ерекшеліктері

      Ескерту. 9-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - 21.07.2015 № 337-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Университет және оның ұйымдары білім беру қызметін дербес әзірлеген білім беру бағдарламалары, сондай-ақ шетелдік әріптестерінің білім беру бағдарламалары негізінде жүзеге асырады. Университет бағыттарын дербес айқындайды және сабақтан тыс қызмет іс-шараларының тізбесін бекітеді. Университет тәрбие жұмысын Университеттің қамқоршылық кеңесі бекіткен тәрбие жұмысы және қазақстандық патриотизмді қалыптастыру тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асырады.

      2. Білім беру қызметін ұйымдастыру, білім сапасын басқару және білім беру мониторингін жүзеге асыру, оқуға қабылдау, білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, оларды аралық және қорытынды аттестаттау тәртібін Университет және оның ұйымдары өз жарғыларына сәйкес дербес айқындайды.

      3. Университет және оның ұйымдары білім беру қызметтерін көрсету шартының нысанын дербес бекітеді.

      4. Университеттің білім беру қызметін жүзеге асыратын ұйымдары өздерінде іске асырылатын білім беру бағдарламалары бойынша оқу бітірген және қорытынды аттестаттаудан өткен адамдарға тиісті білім және (немесе) біліктілік деңгейі туралы құжаттар береді. Білім туралы құжаттардың нысанын және оларды толтыру тәртібін ұйымдар дербес бекітеді.

      5. Университет өзінде іске асырылып жатқан білім беру бағдарламалары бойынша оқу бітірген және қорытынды аттестаттаудан өткен адамдарға тиісті білім және (немесе) біліктілік деңгейі туралы құжаттар береді. Білім туралы құжаттардың бірыңғай нысанын және оларды толтыру тәртібін Университеттің қамқоршылық кеңесі бекітеді.

      6. Университет, оның ұйымдары беретін тиісті білім және (немесе) біліктілік деңгейі туралы құжаттар өздерінің иелеріне білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың иелері үшін көзделген құқықтарды береді.

      Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.07.2015 № 337-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

10-бап. Зияткерлік мектептердің білім беру қызметін жүзеге асыру ерекшеліктері

      1. Зияткерлік мектептер дербес әзірлеген білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ шетелдік әріптестерінің білім беру бағдарламаларын іске асырады.

      Білім беру бағдарламалары осы Заңда белгіленген білім беру деңгейлері бойынша Зияткерлік мектептерде іске асырылады.

      Зияткерлік мектептер бағыттарын дербес айқындайды және сабақтан тыс қызмет іс-шараларының тізбесін бекітеді.

      Зияткерлік мектептер тәрбие жұмысын Зияткерлік мектептердің қамқоршылық кеңесі бекіткен тәрбие жұмысы және қазақстандық патриотизмді қалыптастыру тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асырады.

      2. Зияткерлік мектептер:

      1) оқуға қабылдау;

      2) білім беру қызметі, оның ішінде сабақтан тыс қызмет;

      3) эксперименттік қызмет;

      4) білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, оларды аралық және қорытынды аттестаттау;

      5) білім алушылардың оқудағы жетістіктерін сырттай бағалау;

      6) білім беру мониторингі және білім беру сапасын бағалау;

      7) педагогтердің біліктілігін арттыру;

      8) педагогтерді аттестаттау және оны өткізудің мерзімділігі қағидаларын дербес бекітеді.

      Зияткерлік мектептерде білім беру сапасын басқару Зияткерлік мектептер дербес айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

      3. Алып тасталды - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      4. Зияткерлік мектептер өздерінде іске асырылып жатқан білім беру бағдарламалары бойынша оқу бітірген және қорытынды аттестаттаудан өткен адамдарға тиісті білім деңгейі туралы құжаттар береді, олар білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарға теңестіріледі. Білім туралы құжаттардың бірыңғай нысанын және оларды толтыру тәртібін Зияткерлік мектептердің қамқоршылық кеңесі бекітеді.

      5. Алып тасталды - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      6-тармақпен толықтыру көзделген – ҚР 23.02.2024 № 64-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.12.26 № 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.07.2015 № 337-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 501-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 294-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

11-бап. Университеттің ғылыми және (немесе)ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыруы

      1. Университет ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асырады, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаржыландыру көздері есебінен ғылыми зерттеулер жүргізеді.

      2. Университет салалық ғылыми орталықтар құруға құқылы.

      3. Университет және оның салалық ғылыми орталықтары Қазақстан Республикасының ғылым туралы заңнамасында көзделген олардың ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметін аккредиттеуден босатылады.

      4. Университет ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін практикада қолдануға (коммерцияландыруға) қатысуға құқылы.

      Университеттің және оның салалық ғылыми орталықтарының ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін практикада қолдану (коммерцияландыру) нәтижесінде алынған табыстары тек қана оларды дамытуға жұмсалады.

12-бап. Университеттің, Зияткерлік мектептердің және Қордың шетелдік жұмыс күшін тарту ерекшеліктері

      1. Университет, Зияткерлік мектептер, олардың ұйымдары, сондай-ақ Қор шетелдік қызметкерлерді басшы және жоғары білімді мамандар лауазымдарына тартуды шетелдік жұмыс күшін тартуға берілетін рұқсатты алмай-ақ жүзеге асырады.

      2. Университетте немесе оның медициналық ұйымдарында медициналық қызметпен айналысу құқығын беретін немесе кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыруға шақырылған мамандардың шетелде алған біліктілік санатын куәландыратын құжат Қазақстан Республикасының аумағында санат берілмей-ақ қолданылатын маман сертификатына теңестіріледі.

12-1-бап. Университет пен Зияткерлік мектептерде білім беру процесін грантпен және стипендиямен қамтамасыз ету

      1. Университетте оқыту "Назарбаев Университеті" білім беру гранты, өзге де гранттар мен стипендиялар негізінде, сондай-ақ ақылы негізде жүзеге асырылады.

      "Назарбаев Университеті" білім беру гранты Университетке оқуға қабылданған Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шетелдіктерге берілуі мүмкін.

      2. "Назарбаев Университеті" білім беру гранты қаражатының есебінен Университетте оқуға құқығы бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау квотасын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде жыл сайын айқындайды. Университет қабылдау квотасының мөлшері жөніндегі ұсынысты білім беру саласындағы уәкілетті органға енгізеді.

      3. Университет білім алушыларға "Назарбаев Университеті" білім беру грантын беруді Университеттің жарғысына және ішкі құжаттарына сәйкес дербес жүргізеді.

      4. Университет "Назарбаев Университеті" білім беру грантының қаражатын басқаруды беру, айыру немесе білім алушылар арасында қайта бөлу арқылы оның нысаналы пайдаланылуын қамтамасыз ете отырып, дербес жүзеге асырады.

      5. "Назарбаев Университеті" білім беру грантының құнын қалыптастыру кезінде Университеттің оқу процесін ұйымдастырумен байланысты шығыстар ескеріледі. "Назарбаев Университеті" білім беру грантының құнында ескерілетін шығыстардың бағыттарын Университеттің қамқоршылық кеңесі бекітеді.

      "Назарбаев Университеті" білім беру грантының құнында ескерілетін шығыстардың нормалары Университеттің ішкі құжаттарына сәйкес бекітіледі. "Назарбаев Университеті" стипендиясын тағайындау және төлеу тәртібі Университеттің ішкі құжаттарына сәйкес айқындалады.

      "Назарбаев Университеті" білім беру грантының мөлшерін білім беру саласындағы уәкілетті орган Университеттің өтінімі негізінде қарайды және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

      6. Зияткерлік мектептерде дарынды балалардың оқуына ақы төлеу оларға конкурстық негізде Қазақстан Республикасы Президентінің "Өркен" білім беру грантын беру арқылы жүзеге асырылады.

      Білім беру саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Президентінің "Өркен" білім беру грантын беру қағидаларын және оның мөлшерін бекітеді.

      7. Университет және Зияткерлік мектептер өз қаражаты немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен білім алушыларға өзге де білім беру гранттарын, стипендиялар мен төлемдерді тағайындауға құқылы. Өзге де білім беру гранттарының, стипендиялар мен төлемдердің мөлшерін және оларды беру тәртібін Университет және Зияткерлік мектептер дербес айқындайды.

      Ескерту. 3-тарау 12-1-баппен толықтырылды - ҚР 21.07.2015 № 337-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2023 № 15-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

12-2-бап. Инновациялық кластер

      1. Инновациялық кластер инфрақұрылымының элементтері:

      1) Университет;

      2) Университеттің мектептері мен ғылыми орталықтары;

      3) ғылым жөніндегі орталық офис;

      4) коммерцияландыру офисі;

      5) тәжірибелік-эксперименттік цех;

      6) келісімшарттық зерттеулер орталығы;

      7) бизнес-инкубатор;

      8) ғылыми парк;

      9) технологиялық парк болып табылады.

      2. Инновациялық кластерге қатысушыларға мынадай санаттардың бірі беріледі:

      1) инноватор;

      2) инновациялық компания;

      3) жоғары технологиялық компания;

      4) зерттеу орталығы.

      3. "Инноватор" санаты мынадай шарттарға сай келетін өтінім берушіге беріледі:

      1) өтінім беруші жеке тұлға болып табылады;

      2) өтінім беруші ғылыми, ғылыми-техникалық қызметті және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асырады және коммерцияландыру офисінің, тәжірибелік-эксперименттік цехтың базасындағы ғылыми зерттеулердің, ғылыми, ғылыми-техникалық қызметтің және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың алынған нәтижелерін коммерцияландыру процесіне қатысушы болып табылады;

      3) өтінім берушінің қызметі технологиялар трансфертіне, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижесі болып табылатын жаңа немесе жетілдірілген өндірістерді, технологияларды, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жасауға және (немесе) ілгерілетуге бағытталады.

      4. "Инновациялық компания" санаты мынадай шарттарға сай келетін өтінім берушіге беріледі:

      1) өтінім беруші заңды тұлға немесе заңды тұлғаның, оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның филиалы, өкілдігі болып табылады;

      2) өтінім беруші бизнес-инкубатордың, технологиялық парктің, ғылыми парктің, келісімшарттық зерттеулер орталығының базасындағы ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижелерін коммерцияландыру процесіне қатысушы болып табылады;

      3) өтінім берушінің қызметі технологиялар трансфертіне, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижесі болып табылатын жаңа немесе жетілдірілген өндірістерді, технологияларды, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жасауға және (немесе) ілгерілетуге бағытталады.

      5. "Жоғары технологиялық компания" санаты мынадай шарттарға сай келетін өтінім берушіге беріледі:

      1) өтінім беруші заңды тұлға болып табылады;

      2) өтінім беруші ғылыми паркке қатысушы болып табылады және оның қызметі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, жоғары технологиялық өнім өндіру жөніндегі қызмет түрлерінің тізбесіне кіретін өнімді өндіруге бағытталады.

      6. "Зерттеу орталығы" санаты мынадай шарттарға сай келетін өтінім берушіге беріледі:

      1) өтінім беруші заңды тұлға немесе заңды тұлғаның, оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның филиалы, өкілдігі болып табылады;

      2) өтінім беруші ғылыми паркке қатысушы болып табылады және ғылыми-зерттеу қызметін және тәжірибелік-конструкторлық қызметті жүзеге асырады.

      7. Инновациялық кластерге қатысушыны іріктеу, оған мәртебе беру және одан айыру қағидаларын, сондай-ақ инновациялық кластер қызметінің тәртібін Университеттің қамқоршылық кеңесі бекітеді.

      8. Университет және оның ұйымдары инновациялық кластерге қатысушыларға Университеттің қамқоршылық кеңесі айқындайтын тәртіппен қолдау шараларын ұсынады.

      Университет және оның ұйымдары инновациялық кластерге қатысушыларға ұсынатын қолдау шараларына:

      1) инновациялық кластерге қатысушылардың жобаларын қоса қаржыландыруды, лизингтік қаржыландыруды және гранттық қаржыландыруды қоса алғанда, қаржыландыру;

      2) инновациялық кластерге қатысушылардың жарғылық капиталдарына инвестицияларды жүзеге асыру;

      3) инновациялық кластерге қатысушыларды білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету;

      4) инновациялық кластерге қатысушыларға ғылыми жобаларға тапсырыстар орналастыру;

      5) инновациялық кластерге қатысушыларды қажетті үй-жайлармен қамтамасыз ету;

      6) инновациялық кластерге қатысушыларға Университеттің және оның ұйымдарының зертханалық жабдығына, сондай-ақ Университеттің кітапхана қорларына рұқсат беру;

      7) Университеттің қамқоршылық кеңесі айқындайтын өзге де қолдау шаралары жатады.

      Ескерту. 3-тарау 12-2-баппен толықтырылды - ҚР 21.07.2015 № 337-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

13-бап. Қорытынды ережелер

      1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      2. Осы Заң қолданысқа енгізілген кезден бастап алты ай ішінде құрылтайшы Университетті және Зияткерлік мектептерді, оның ішінде жарғылық капиталына мемлекет қатысатын тиісті заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру арқылы құру туралы шешім қабылдайды.

      3. Жоғары қамқоршылық кеңес Университеттің, Зияткерлік мектептердің және Қордың жарғыларын қабылдағанға дейін аталған ұйымдар олардың құрылтайшылары бекіткен жарғылар негізінде жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. Назарбаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады