Байланыс формасы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне медиация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 402-IV Заңы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат):
      183-баптың 1-тармағы «талап қою,» деген сөздерден кейін «тараптардың медиация туралы шарт жасасуы,» деген сөздермен толықтырылсын.

      2. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; № 20-21, 119-құжат; 2010 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 11 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      67-бапта:
      бірінші бөлік «татуласса» деген сөзден кейін «, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса» деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші бөлік «татуласса» деген сөзден кейін «, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса» деген сөздермен толықтырылсын.

      3. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар; № 23, 113, 115-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 11, 59-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 20-21, 119-құжат; 2010 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 11 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 68-баптың жетінші бөлігі мынадай мазмұндағы 12-1) тармақпен толықтырылсын:
      «12-1) заңда көзделген жағдайларда, оның ішінде медиация тәртібімен жәбірленушімен татуласуға;»;

      2) 69-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 14-1) тармақпен толықтырылсын:
      «14-1) заңда көзделген жағдайларда, оның ішінде медиация тәртібімен жәбірленушімен татуласуға;»;

      3) 75-баптың алтыншы бөлігінің 8) тармағы «татуласуға» деген сөзден кейін «, оның ішінде медиация тәртібімен татуласуға» деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 82-баптың екінші бөлігі 4) тармақтағы «адамдар жатпайды.» деген сөздер «адамдар;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақпен толықтырылсын:
      «5) заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, медиацияны жүргізуге байланысты оған белгілі болған мән-жайлар туралы – медиатор жатпайды.»;

      5) мынадай мазмұндағы 88-1-баппен толықтырылсын:

      «88-1-бап. Медиатор

      1. Тараптар заңның талаптарына сәйкес медиацияны жүргізу үшін тартатын тәуелсіз жеке тұлға медиатор болып табылады.
      2. Медиатор:
      1) медиация тараптарына қылмыстық процесті жүргізетін орган беретін ақпаратпен танысуға;
      2) медиация тараптары болып табылатын қылмыстық процеске қатысушылар туралы деректермен танысуға;
      3) қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес кездесулердің саны мен ұзақтығын шектемей медиация тараптары болып табылатын қылмыстық процеске қатысушылармен жеке және құпия кездесуге құқылы.»;

      6) 269-баптың бірінші бөлігіндегі «37 және 38-баптарында көзделген негiздер мен тәртiп бойынша қысқартуға құқылы» деген сөздер «38-бабында көзделген негіздер мен тәртіп бойынша қысқартуға құқылы, ал осы Кодекстің 37-бабының бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде белгіленген негіздер мен тәртiп бойынша қылмыстық істі тоқтатады» деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 391-баптың бесінші бөлігінде:
      бірінші сөйлем «бітімге келу» деген сөздерден кейін «, оның ішінде медиация тәртібімен бітімге келу» деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші сөйлем «өтініш» деген сөзден кейін «немесе дау-шарды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім» деген сөздермен толықтырылсын.

      4. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат; 2010 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 11 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне прокуратура органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 49-бапта:
      тақырыбы «келісім» деген сөзден кейін «, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім» деген сөздермен толықтырылсын;
      бірінші бөліктің төртінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тараптар істі бітімгершілік келісіммен немесе дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен аяқтай алады, оларға тараптар қол қояды және сот бекітеді.»;
      екінші бөліктегі «тараптардың бітімгершілік келісімін» деген сөздер «тараптардың бітімгершілік келісімін немесе тараптардың дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін» деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 53-бап «келісімін» деген сөзден кейін «, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді» деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 55-баптың бесінші бөлігі «келісім» деген сөзден кейін «және дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім» деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 56-баптың екінші бөлігі «келісім» деген сөзден кейін «және дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім» деген сөздермен толықтырылсын;

      5) 61-баптың бірінші бөлігі «істі аралық сотқа беруді» деген сөздерден кейін «не медиация жүргізу туралы келісім жасасуды» деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 79-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-2) заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, медиацияны жүргізуге байланысты оған белгілі болған мән-жайлар туралы – медиатор;»;

      7) 106-баптың бірінші бөлігі 2) тармақшасындағы «қайтарылған жағдайда төлем жасаған адамға ішінара немесе толық қайтарылуға тиіс.» деген сөздер «қайтарылған;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      «3) дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасалған жағдайда төлем жасаған адамға ішінара немесе толық қайтарылуға тиіс.»;

      8) 113-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «113-бап. Талап қоюдан бас тарту, бітімгершілік келісімі немесе
                дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім
                кезінде сот шығындарын бөлу»;
      екінші бөлігі «келісімін» деген сөзден кейін «немесе дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді» деген сөздермен толықтырылсын;

      9) 153-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы «келісімін» деген сөзден кейін «немесе дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді» деген сөздермен толықтырылсын;

      10) 170-баптың 4) тармақшасы «жүгіну» деген сөзден кейін «не дауды медиация тәртібімен шешу» деген сөздермен толықтырылсын;

      11) 185-бап «жүгіну» деген сөзден кейін «не дауды медиация тәртібімен шешу» деген сөздермен толықтырылсын;

      12) 192-бап «беруді» деген сөзден кейін «не дауды медиация тәртібімен шешуді» деген сөздермен толықтырылсын;

      13) 193-бапта:
      тақырыбындағы «және тараптардың бітімгершілік келісімі» деген сөздер «, тараптардың бітімгершілік келісімі және дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім» деген сөздермен ауыстырылсын;
      бірінші бөлікте:
      бірінші сөйлем «бітімгершілік келісімінің шарттары» деген сөздерден кейін «не дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімнің шарттары» деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші сөйлемде «немесе тараптардың бітімгершілік келісімі» деген сөздер «, тараптардың бітімгершілік келісімі немесе дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөлік «тараптардың бітімгершілік келісімі» деген сөздерден кейін «, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім» деген сөздермен толықтырылсын;
      үшінші бөлікте:
      бірінші сөйлемде «немесе тараптардың бітімгершілік келісімін» деген сөздер «, тараптардың бітімгершілік келісімін немесе дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші сөйлем «бітімгершілік келісімінің» деген сөздерден кейін «немесе дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімнің» деген сөздермен толықтырылсын;
      бесінші бөліктегі «немесе» деген шылау үтірмен ауыстырылып, «келісімін» деген сөзден кейін «немесе тараптардың дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін» деген сөздермен толықтырылсын;

      14) 240-баптың төртінші бөлігі «келісім» деген сөзден кейін «немесе дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім» деген сөздермен толықтырылсын;

      15) 242-баптың 6) тармақшасындағы «жасаған жағдайда іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға міндетті.» деген сөздер «жасаған;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      «7) тараптар медиацияны жүргізу туралы келісім жасаған жағдайда іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға міндетті.»;

      16) 244-баптың 5) тармақшасындағы «орындағанға дейін тоқтатыла тұрады.» деген сөздер «орындағанға дейін;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      «6) осы Кодекстің 242-бабының 7) тармақшасында көзделген жағдайларда – медиация тоқтатылғанға дейін тоқтатыла тұрады.»;

      17) 247-бапта:
      2) тармақша «келісімін» деген сөзден кейін «, тараптардың дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-1) тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасаса және оны сот бекітсе;»;

      18) 342-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «342-бап. Талап қоюшының талап қоюдан бас тартуы, тараптардың
                бітімгершілік келісімі және дауды медиация тәртібімен
                реттеу туралы келісім»;
      бірінші бөліктегі «немесе тараптардың апелляциялық шағым берілгеннен кейін жасалған бітімгершілік келісімі» деген сөздер «, тараптардың апелляциялық шағым берілгеннен кейін жасалған бітімгершілік келісімі немесе дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөліктегі «бітім келісімін» деген сөздер «бітімгершілік келісімін және дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді» деген сөздермен ауыстырылсын;

      19) 383-11 бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «383-11-бап. Талап қоюдан бас тарту, тараптардың бітімгершілік
                   келісімі және дауды медиация тәртібімен реттеу
                   туралы келісім»;
      бірінші бөлікте:
      бірінші сөйлемде «немесе тараптардың бітімгершілік келісімі» деген сөздер «, тараптардың бітімгершілік келісімі немесе дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші сөйлемде «немесе бітімгершілік келісім» деген сөздер «, бітімгершілік келісімі немесе дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөлікте:
      бірінші сөйлемде «немесе тараптардың бітімгершілік келісімін» деген сөздер «, тараптардың бітімгершілік келісімін немесе дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші сөйлемде «немесе бітімгершілік келісімді» деген сөздер «, бітімгершілік келісімін немесе дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді» деген сөздермен ауыстырылсын.

      5. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжат; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41, № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; 2010 жылғы 24 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2010 жылғы 23 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2010 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 8 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 11 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мынадай мазмұндағы 87-5-баппен толықтырылсын:

      «87-5-бап. Медиацияға қатысушылардың медиацияны жүргізу
                 барысында белгілі болған мәліметтерді жария етуі

      Медиацияға қатысушылардың медиацияны жүргізу барысында белгілі болған мәліметтерді осы ақпаратты берген тараптың рұқсатынсыз жария етуі, егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаса, -
      жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

      2) 541-баптың бірінші бөлігі «87-4,» деген цифрлардан кейін «87-5,» деген цифрлармен толықтырылсын;

      3) 636-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының екінші абзацы «87-4,» деген цифрлардан кейін «87-5,» деген цифрлармен толықтырылсын.

      6. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; 2011 жылғы 8 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      35-баптың бірінші тармағы мынадай мазмұндағы 22) тармақшамен толықтырылсын:
      «22) кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді.».

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                  Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады