1997 жылғы Ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілік туралы Вена конвенциясын ратификациялау туралы (1997 жылғы 12 қыркүйектегі Хаттамамен енгізілген түзетулермен 1963 жылғы 21 мамырдағы Ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілік туралы Вена конвенциясының жиынтық мәтіні) ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 10 ақпандағы № 405-IV Заңы

      1997 жылғы Ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілік туралы Вена конвенциясы (1997 жылғы 12 қыркүйектегі Хаттамамен енгізілген түзетулермен 1963 жылғы 21 мамырдағы Ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілік туралы Вена конвенциясының жиынтық мәтіні) ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев

ЯДРОЛЫҚ ЗАЛАЛ ҮШІН АЗАМАТТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ТУРАЛЫ
ВЕНА КОНВЕНЦИЯСЫНА ТҮЗЕТУЛЕР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ
ХАТТАМА

      Осы Хаттаманың тараптар мемлекеттері,
      1963 жылғы 21 мамырдағы Ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілік туралы Вена конвенциясына түзетулер енгізуді, барынша кең қолдану аясын, ядролық қондырғы операторы жауапкершілігінің барынша жоғары ауқымын және барабар әрі әділ өтеуді қамтамасыз етудің күшейтілген құралдарын көздеуді мүмкіндігінше қажет деп санай отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Осы Хаттаманың ережелерімен түзетулер енгізілетін Конвенция - бұл төменде "1963 жылғы Вена конвенциясы" деп аталатын 1963 жылғы 21 мамырдағы Ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілік туралы Вена конвенциясы.

2-бап

      1963 жылғы Вена конвенциясының I бабы мынадай түрде өзгереді:
      1. 1 "j" тармақ мынадай түрде өзгереді:
      а) іі) тармақшаның соңындағы "және" деген жалғаулық алынады да, ііі) тармақшаның соңында қойылады.
      b) мынадай жаңа iv) тармақшасы қосылады:
      iv) осындай ядролық отыны немесе радиоактивті өнімдері немесе Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Басқарушылар кеңесі уақыт өткен сайын айқындайтын басқа да қондырғылардың қалдықтары бар;
      2. 1 "k" тармақ мынадай мәтінмен ауыстырылады:
      k) "Ядролық залал" мынаны білдіреді -
      і) өлімді немесе дене жарақатын;
      іі) мүліктен айрылуды немесе мүлікке келтірілген залалды;
      және құзыретті соттың заңымен белгіленетін шекте әрбір тармақша бойынша мыналарды:
      ііі) егер оны мұндай шығындарға немесе залалға қатысты талап қою құқығы бар адамдар шексе, олар мұндай тармақшалармен қамтылмайтындықтан і) немесе іі) тармақшасында айтылған шығынның немесе залалдың нәтижесінде туындайтын экономикалық шығындарды;
      iv) елеусіз нашарлауды қоспағанда, егер мұндай шаралар іс жүзінде қабылданса немесе қабылдануға тиіс болса және бұл іі) тармақшасымен қамтылмайтындықтан жай-күйі нашарлаған қоршаған ортаны қалпына келтіру жөніндегі шараларға жұмсалатын шығындарды;
      v) осы орта жай-күйінің елеулі нашарлауы салдарынан және бұл іі) тармақшасымен қамтылмағандықтан, қоршаған ортаны кез келген қолданудағы немесе пайдаланудағы экономикалық мүддеден алынатын кірістерді жоғалтуды;
      vi) алдын алу шараларына арналған шығындарды және осындай шаралардан келген бұдан арғы шығындардың немесе залалдың құнын;
      vii) егер бұл құзыретті соттың азаматтық жауапкершілік туралы жалпы заңымен рұқсат етілсе, қоршаған орта жай-күйінің нашарлауынан туындаған кез келген шығыннан басқа, кез келген басқа экономикалық шығындарды,
      і) - v) және vii) тармақшалары жағдайында ядролық қондырғының ішінен кез келген сәулелену көзінен шығатын немесе ядролық отын немесе радиоактивті өнімдер немесе ядролық қондырғыдағы қалдықтар немесе ядролық қондырғыдан түсетін ядролық материал олар ондай заттың радиоактивтік қасиетіне немесе ондай заттың радиоактивті қасиеттерінің улы, жарылғыш немесе басқа қауіпті қасиеттерінен туындағанына қарамастан, онда өндірілген немесе оған жіберілген иондық сәуле шығару салдарынан пайда болатын немесе нәтижесі болып табылатын шығын немесе залал шамасына қарай жоғарыдағы.
      3. 1 l) тармақ мынадай жаңа мәтінмен ауыстырылады:
      l) "Ядролық оқыс оқиға" ядролық залал келтіретін немесе, бірақ сақтандыру шараларына ғана қатысты, мұндай залал келтіруге елеулі және тікелей қауіп төндіретін бір жерден кез келген оқиғаны немесе оқиғалар тобын білдіреді.
      4. 1 l) тармақтан кейін мынадай 1 m), 1 n), 1 o) және 1 "р" төрт жаңа тармақпен толықтырылады:
      m) "Қалпына келтіру жөніндегі шаралар" қоршаған ортаның зақымданған немесе бүлінген құрамдауыштарын қалпына келтіруге немесе қайта жасауға немесе қоршаған ортаға негізделген осы құрамдауыштардың баламасын енгізуге бағытталған шаралар қабылданған мемлекеттің құзыретті органдары мақұлдаған кез келген негізделген шараларды білдіреді. Залал келтірілген мемлекеттің заңы мұндай шараларды қабылдауға кім құқылы екендігін айқындайды.
      n) "Алдын алу шаралары" ядролық оқыс оқиға болғаннан соң, k) і) - v) немесе vii) тармақшаларында айтылған залалдарды болдырмау немесе барынша азайту мақсатында шаралар қабылданатын мемлекеттің заңына сәйкес талап етілетін құзыретті органдар тарапынан кез келген мақұлдау алынған жағдайда, кез келген тұлға қабылдайтын кез келген негізделген шараларды білдіреді.
      o) "Негізделген шаралар" құзыретті соттың заңына сәйкес барлық жағдайларды ескере отырып, қолайлы және мөлшерлес деп танылған шараларды, мысалы -
      і) келтірілген залалдың сипаты мен дәрежесін немесе алдын алу шаралары жағдайында мұндай залал тәуекелінің сипаты мен дәрежесін;
      іі) шаралар қай уақытта қабылданғанына қарай тиімді болуы ықтимал дәрежелерін; және
      ііі) тиісті ғылыми-техникалық сараптаманы білдіреді.
      p) бұдан әрі "ҚАҚ" деп аталатын "Қарыз алудың арнайы құқықтары" Халықаралық валюта қоры айқындаған және оларды өзінің жеке операциялары мен мәмілелері үшін пайдаланатын есептік бірлікті білдіреді.
      5. 2-тармақ мынадай мәтінмен ауыстырылады:
      2. Қондырғыға жауапты мемлекет, егер онымен байланысты болатын аздаған мөлшердегі тәуекелге мүмкіндік берсе мыналар -
      a) ядролық қондырғыларға қатысты мұндай шығарудың өлшемдерін Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Басқарушылар кеңесі белгілеген және қондырғыға жауапты мемлекеттің кез келген шығаруы мұндай өлшемдерді қанағаттандыратын; және
      b) ядролық материалдың аздаған мөлшеріне қатысты - мұндай мөлшерді шығаруға арналған ең жоғары шектерді Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Басқарушылар кеңесі белгілеген және қондырғыға жауапты мемлекет жасаған кез келген шығару мұндай белгіленген шектерден аспайтын жағдайда осы Конвенцияның қолданылу аясында кез келген ядролық қондырғыны немесе ядролық материалдың кез келген шағын мөлшерін шығара алады.
      Ядролық қондырғыларды шығаруға арналған өлшемдер мен ядролық материалдың аздаған мөлшерін шығаруға арналған ең жоғары шектерді Басқарушылар кеңесі кезең сайын қайта қарайды.

3-бап

      1963 жылғы Вена конвенциясының I бабынан кейін мынадай жаңа I А және I В баптары қосылады.

I А бап

      1. Осы Конвенция ядролық залалдың қайда келтірілгеніне қарамастан, оған қолданылады.
      2. Алайда, қондырғы үшін жауапты мемлекеттің заңнамасы:
      a) Уағдаласушы мемлекет болып табылмайтын мемлекет аумағында; немесе
      b) халықаралық теңіз құқығына сәйкес Уағдаласушы мемлекет болып табылмайтын мемлекет белгілеген кез келген теңіз аймақтарында келтірілген залалды осы Конвенция қолданысынан алып тастай алады.
      3. Осы баптың 2-тармағына сәйкес оқыс оқиға кезінде -
      а) өз аумағында немесе халықаралық теңіз құқығына сәйкес ол белгілеген кез келген теңіз аймақтарында ядролық қондырғысы болса; және
      b) баламалы өзара тиімді пайдасы болмаса Уағдаласушы мемлекет болып табылмайтын мемлекетке ғана қатысты ерекшелікті қолдануға болады.
      4. Осы баптың 2-тармағына сәйкес кез келген ерекшелік IX баптың 2-тармағының а) тармақшасында айтылатын құқықтарды қозғамайды және осы баптың 2 b) тармағына сәйкес кез келген ерекшелік бортта немесе кемеде немесе ұшу аппаратында келтірілген залалға қолданылмайды.

I "В" бабы

      Осы Конвенция бейбіт емес мақсаттарға пайдаланылатын ядролық қондырғыларға қолданылмайды.

4-бап

      1963 жылғы Вена конвенциясының II бабы мынадай түрде өзгереді:
      1. 3 а) тармақтың соңы мынадай мәтінмен толықтырылады:
      Қондырғы үшін жауап беретін мемлекет әрбір оқыс оқиғаға бөлінетін мемлекеттік қаражаттың мөлшерін, егер мұндай бар болса, осындай түрде белгіленген сома мен V баптың 1-тармағына сәйкес белгіленген сома арасындағы айырмамен шектей алады.
      2. 4-тармақтың соңы мынадай мәтінмен толықтырылады:
      Қондырғы үшін жауап беретін мемлекет бөлінетін мемлекеттік қаражаттың мөлшерін осы баптың 3-тармағының а) тармақшасында көзделгендей шектей алады.
      3. 6-тармақ мынадай мәтінмен ауыстырылады:
      6. Ешбір адам I баптың 1-тармағының k) тармақшасына сәйкес ядролық залал болып табылмайтын, бірақ көрсетілген тармақшаның ережелеріне сәйкес осындай залал ретінде айқындалуы мүмкін шығын немесе залал үшін жауапты болмайды.

5-бап

      1963 жылғы Вена конвенциясының III бабының бірінші сөйлемінен кейін мынадай мәтін қосылады:
      Алайда, қондырғы үшін жауап беретін мемлекет оның меншікті аумағы шегінде тұтастай орындалатын тасымалдауға қатысты осы міндеттемені алып тастай алады.

6-бап

      1963 жылғы Вена конвенциясының IV бабы былайша өзгереді:
      1. 3-тармақ мынадай мәтінмен ауыстырылады:
      3. Осы Конвенцияға сәйкес операторға, егер ол ядролық залалдың тікелей қарулы қақтығыстың, соғыс іс-қимылдарының, азамат соғысының немесе көтерілістің салдарынан болғанын дәлелдесе, ешқандай жауапкершілік жүктелмейді.
      2. 5-тармақ мынадай мәтінмен ауыстырылады:
      5. Оператор осы Конвенцияға сәйкес мына -
      a) ядролық қондырғының өзіне немесе құру сатысындағы, көрсетілген қондырғы орналасқан алаңдағы ядролық қондырғыны қоса алғанда, кез келген басқа ядролық қондырғыға; және
      b) кез келген осындай қондырғыға байланысты пайдаланылатын немесе пайдаланылуға тиіс сол алаңдағы кез келген мүлікке келтірілген ядролық залалға жауапты болмайды.
      3. 6-тармақ мынадай мәтінмен ауыстырылады:
      6. Ядролық оқыс оқиға кезінде осы ядролық материал болған көлік құралына келтірілген залалды өтеу оператордың 150 млн. ҚАҚ-тан аз сомаға не сондай сомаға Уағдаласушы тараптың заңнамасында белгіленген өзге көп сомаға, немесе V баптың 1-тармағының с) тармақшасына сәйкес белгіленген сомаға дейінгі басқа залалға қатысты жауапкершілігін азайтуға әкеп соқпайды.
      4. 7-тармақ мынадай мәтінмен ауыстырылады:
      7. Осы Конвенцияда ештеңе де осы Конвенцияға сәйкес оператордың осы баптың 3 немесе 5-тармағына орай келтірген ядролық залалы үшін кез келген жеке тұлғаның жауаптылығын қозғамайды және осы жеке тұлға залал келтіру ниеті бар әрекетімен немесе әрекетсіздігімен залал келтіргені үшін жауапты болмайды.

7-бап

      1. 1963 жылғы Вена конвенциясының V бабының мәтіні мынадай мәтінмен ауыстырылады:
      1. Қондырғы үшін жауап беретін мемлекет кез келген бір ядролық оқыс оқиғаға қатысты оператордың жауапкершілігі не -
      а) 300 млн. ҚАҚ-тан кем емес; не
      b) осы мемлекет ядролық залалдың орнын толтыру үшін 150 млн. ҚАҚ-тан кем емес, осы сомадан кемінде 300 млн. ҚАҚ-қа дейін артық мемлекеттік қаржы бөлген жағдайда; не
      c) осы Хаттама күшіне енген күннен бастап ең көп дегенде 15 жыл бойы - осы кезең ішінде орын алатын ядролық оқыс оқиғаға қатысты кемінде 100 млн. ҚАҚ өтпелі сомаға шектеуі мүмкін. Бұл мемлекет ядролық залалдың орнын толтыру үшін осы барынша аз сома мен 100 млн. ҚАҚ арасындағы көлемде мемлекеттік қаражат бөлген жағдайда, 100 млн. ҚАҚ-тан кем сома белгіленуі мүмкін.
      2. Қондырғы үшін жауап беретін мемлекет ядролық қондырғының немесе онымен байланысты ядролық заттардың және оқыс оқиғаның туындау көзі болып табылатын ықтимал зардаптардың сипатын ескере отырып, осы баптың 1-тармағына қарамастан оператордың жауапкершілігіне барынша төмен сома белгілеуі мүмкін, бұл үшін осындай түрде белгіленген ешқандай сома қондырғы үшін жауап беретін мемлекет 1-тармаққа сәйкес белгіленген сома мөлшеріне дейін мемлекеттік қаражат бөлінуін қамтамасыз еткен жағдайда 5 млн. ҚАҚ-тан кем болмайды.
      3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарына, сондай-ақ IV баптың 6-тармағына сәйкес қондырғы үшін жауап беретін мемлекет белгілеген жауапты оператордың сомасы ядролық оқыс оқиға болатын барлық жағдайларда қолданылады.
      2. V баптан кейін мынадай V А, V В, V С және V Д төрт жаңа бап қосылады:

V A бап

      1. Ядролық залалдың орнын толтыру туралы талаптарға байланысты сот белгілейтін пайыздар мен шығындар сомасы V бапта аталған сомаларға қосымша ретінде төленеді.
      2. V бапта және IV баптың 6-тармағында аталған сомалар ұлттық валютаға дөңгелектеліп айырбасталуы мүмкін.

V B бап

      Әрбір Уағдаласушы Тарап залал шеккен адамдар осындай өтем үшін берілетін қаражаттың пайда болуына сәйкес бөлек іс қозғамай-ақ өзінің өтемге арналған құқықтарын жүзеге асыра алуын қамтамасыз етеді.

V C бап

      1. Егер заңды құзыретке ие соттар — қондырғы үшін жауап беретін мемлекет болып табылмайтын Уағдаласушы Тараптың соттары болса, V баптың 1-тармағының b) және с) тармақшалары мен VII баптың 1-тармағына сәйкес талап етілетін мемлекеттік қаражатты, сондай-ақ сот белгілейтін пайыздар мен шығындар сомасын бастапқы көрсетілген Уағдаласушы тарап беруі мүмкін. Қондырғы үшін жауапты мемлекет осындай кез келген төленген соманы екінші Уағдаласушы Тарапқа қайтарады. Осы екі Уағдаласушы Тарап қайтару рәсімін келіседі.
      2. Егер заңды құзыретке ие соттар - қондырғы үшін жауап беретін мемлекет болып табылмайтын Уағдаласушы Тараптың соттары болса, соттары заңды құзыретке ие Уағдаласушы Тарап соттары қондырғы үшін жауапты мемлекетке сот талқыламасында сөз алуы және өтемге қатысты кез келген реттеуге қатысуға мүмкіндік беру үшін барлық тиісті шараларды қабылдайды.

V "D" бап

      1. Егер Уағдаласушы Тараптардың үштен бірі тиісті ниет білдірсе, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Бас директоры жауаптылық шектерін өзгерту үшін Уағдаласушы Тараптардың кеңесін шақырады, бұл туралы V бапта айтылған.
      2. Түзетулер дауыс беруге қатысып отырған және қатысатын Уағдаласушы Тараптар дауыстарының үштен екісіндегі көпшілік дауысымен мақұлданады, бұл үшін дауыс беру кезінде Уағдаласушы Тараптардың кемінде жартысы қатысады.
      3. Жауаптылық шектерін өзгерту туралы ұсыныс бойынша шешім шығару кезінде Уағдаласушы Тараптардың мәжілісі, атап айтқанда, ядролық оқыс оқиғаның нәтижесінде болатын залал тәуекелін, валюта бағамының өзгерістерін, сондай-ақ сақтандыру нарығының сыйымдылығын ескереді.
      4. а) МАГАТЭ-нің Бас директоры осы баптың 2-тармағына сәйкес мақұлданған кез келген түзету туралы, оны қабылдау мақсатында барлық Уағдаласушы тараптарға хабарлайды. Кеңес осы түзетуді мақұлдау кезінде Уағдаласушы тараптардың кемінде үштен бірі өзінің осы түзетуді қабылдайтыны туралы МАГАТЭ-нің Бас директорына хабарлаған жағдайда, хабарлағаннан кейін 18 ай өткен соң түзету қабылданған болып есептеледі. Осы тармаққа сәйкес қабылданған түзету оны қабылдаған Уағдаласушы Тараптар үшін оны қабылдағаннан кейін 12 айдан соң күшіне енеді.
      b) Егер түзетуді қабылдау мақсатында хабарланған күнінен бастап 18 ай ішінде ол а) тармақшасына сәйкес қабылданбаса, бұл түзету қабылданбаған болып есептеледі.
      5. Түзетуді қабылдаушы әрбір Уағдаласушы Тарап үшін ол қабылданған соң, бірақ күшіне енбеген немесе осы баптың 4-тармағына сәйкес күшіне енген соң түзету осы Уағдаласушы Тарап оны қабылдағаннан кейін 12 айдан соң күшіне енеді.
      6. Осы баптың 4-тармағына сәйкес түзету күшіне енген соң осы Конвенцияның Тарапы болатын мемлекет, осы мемлекеттің өзге айқындалған ниеті болмаса -
      a) оған енгізілген түзетулері бар осы Конвенцияның Тарапы болып есептеледі; және
      b) түзетуге байланысты емес мемлекеттің Тарапы болып табылатын кез келген мемлекетке қатысты оған енгізілген түзетулерсіз осы Конвенцияның Тарапы болып есептеледі.

8-бап

      1963 жылғы Вена конвенциясының VI бабы мынадай түрде өзгереді:
      1. 1-тармақ мынадай мәтінмен ауыстырылады:
      1. а) Осы Конвенция бойынша өтем құқығы, егер
      і) кісі өліміне және дене жарақатына қатысты - ядролық оқыс оқиға күнінен бастап отыз жыл ішінде;
      іі) басқа залалға қатысты - ядролық оқыс оқиға күнінен бастап он жыл ішінде талап-арыз жасалмаса күшін жояды.
      b) Алайда, егер қондырғы үшін жауап беретін мемлекеттің заңнамасына сәйкес, оператордың жауапкершілігі, мемлекеттік қорларды қоса алғанда, барынша ұзақ кезең ішінде сақтандырумен немесе басқа қаржымен қамтамасыз етумен өтелсе, онда құзыретті соттың заңы оператордан өтем алу құқықтары қондырғы үшін жауап беретін мемлекеттің заңнамасы бойынша оның жауаптылығы осындай түрде өтелетін мерзімнен аспайтын, осындай барынша ұзақ кезең өткен соң ғана жойылуын көздеуі мүмкін.
      c) Кісі өліміне немесе дене жарақатына байланысты немесе осы тармақтың b) тармақшасына сәйкес ұзартылуына сай, басқа залалға байланысты ядролық оқыс оқиға күнінен бастап он жыл мерзім өткен соң қозғалған өтем туралы талап-арыздар осы Конвенцияға сәйкес осы мерзім өткенге дейін операторға қарсы талап-арыз жасаған кез келген тұлғаның орнын толтыру құқықтарын ешқашан қозғамайды.
      2. 2-тармақ алынып тасталады.
      3. 3-тармақ мынадай мәтінмен ауыстырылады:
      3. Егер залал шеккен тұлға білген күннен бастап үш жыл ішінде немесе ол залал туралы және залал үшін жауапты оператор туралы ол білуі тиіс деп есептеуге негіз болса, осы баптың 1-тармағының a) және b) тармақшаларына сәйкес белгіленген мерзімдерден аспаған жағдайда осы Конвенцияға сәйкес өтем құқықтарына қатысты құзыретті соттың заңында көзделгендей, талап-арыз мерзімі немесе құқығынан айыру мерзімі қолданылады.

9-бап

      VII бап мынадай түрде өзгереді:
      1. 1-тармақтың соңы мынадай екі ұсыныспен толықтырылады және осындай түрде өзгерген тармақ осы тармақтың а) тармақшасы болады:
      Егер оператордың жауапкершілігі шектелмеген болса қондырғы үшін жауапты мемлекет мұндай шек кемінде 300 млн. ҚАҚ-ты құраған жағдайда жауапты оператор үшін қаржымен қамтамасыз ету шегін белгілеуі мүмкін. Қондырғы үшін жауапты мемлекет ядролық залал үшін операторға қарсы қанағаттандырылған қуыным талаптары бойынша мұндай талаптарды қанағаттандыру үшін жеткіліксіз, бірақ осы тармаққа сәйкес көзделген қаржымен қамтамасыз ету сомасынан көп емес қаржымен қамтамасыз ету мөлшерінде өтем төлеуді қамтамасыз етеді.
      2. 1-тармаққа мынадай жаңа b) тармақшасы қосылады:
      b) Осы тармақтың а) тармақшасына қарамастан, егер оператордың жауаптылығы шектелмеген болса, қондырғыға жауапты мемлекет ядролық қондырғының немесе оған байланысты ядролық заттардың сипатын және олар көзі болып табылатын оқыс оқиғаның ықтимал зардаптарын ескере отырып, операторға қаржымен қамтамасыз етудің барынша төмен сомасын белгілеуі мүмкін, еш жағдайда мұндай түрде белгіленген ешбір сома 5 млн. ҚАҚ-тан кем болмайды және қондырғы үшін жауапты мемлекет ядролық залал үшін операторға қарсы қанағаттандырылған қуыным талаптары бойынша сақтандыру немесе мұндай талаптарды қанағаттандыру үшін жеткіліксіз қаржымен қамтамасыз ету мөлшерінде және осы тармақтың а) тармақшасына сәйкес көзделген шекке дейін қажетті қаражатты беру жолымен өтем төлеуді қамтамасыз етеді.
      3. 3-тармақта "осы бап" деген сөздерден кейін "немесе V баптың тармағының b) және c) тармақшалары" деген сөздер енгізіледі.

10-бап

      1963 жылғы Вена конвенциясының VIII бабы мынадай түрде өзгертіледі:
      1. VIII баптың мәтіні осы баптың 1-тармағы болады.
      2. Мынадай жаңа 2-тармақ қосылады:
      2. VI бабының 1-тармағының с) тармақшасының ережелерін қолданған кезде осы Конвенцияға сәйкес өтеуге жататын залал үшін операторға қарсы қойылған талаптарға байланысты жағдайларда V баптың 1-тармағына сәйкес берілетін ең жоғары сомадан асатын немесе асуы мүмкін өтемді бөлу кезінде басымдық кісі өліміне немесе дене жарақатына қатысты талаптарға беріледі.

11-бап

      1963 жылғы Вена конвенциясы X бабының соңында мынадай жаңа сөйлем қосылады:
      Бұдан өзге, осы бапта көзделетін кері талап қою құқығының қолданылуы оны осы Конвенцияға сәйкес мемлекеттік қаражатты беретіндіктен, қондырғы үшін жауапты мемлекеттің пайдалануы үшін кеңейтілуі мүмкін.

12-бап

      1963 жылғы Вена конвенциясының XI бабы мынадай түрде өзгертіледі:
      1. Мынадай жаңа 1 bis тармағы қосылады:
      1 bis. Егер ядролық оқыс оқиға Уағдаласушы Тараптың ерекше экономикалық аймағы ауданының шегінде орын алса немесе, егер мұндай аймақ айқындалмаса, - ерекше экономикалық аймақ шегінен аспайтын ауданда, егер ондай айқындалса, осы ядролық оқыс оқиғаның нәтижесінде ядролық залалды өтеу туралы талап-арыздарға қатысты заңды құзыретке осы Конвенцияның мақсаттары үшін осы Тараптың соттары ғана ие болады. Егер осы Уағдаласушы Тарап осындай аудан туралы Депозитарийге ядролық оқыс оқиға орын алғанға дейін хабарласа, онда бұдан бұрынғы ұсыныс қолданылады. Бұл тармақта ешнәрсе заңды құзыретті жүзеге асыруға рұқсат беруші ретінде түсіндірілмейді, ол халықаралық теңіз құқығына, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Теңіз құқығы жөніндегі конвенциясына қайшы келеді.
      2. 2-тармақ мынадай мәтінмен ауыстырылады:
      2. Егер ядролық оқыс оқиға кез келген Уағдаласушы тараптың аумағы шегінде немесе 1 bis тармағына сәйкес ол туралы хабарлама түскен ауданның шегінде орын алмаса, немесе егер ядролық оқыс оқиға орнын дәлме-дәл айқындау мүмкін болмаса, жауапты оператордың қондырғыға жауапты мемлекетінің соттары осындай талап-арыздарға қатысты заңды құзыретке ие болады.
      3. 3-тармақтың бірінші жолында және b) тармақшасында 1 цифрынан кейін ", 1 bis" енгізілсін.
      4. Мынадай жаңа 4-тармақ қосылады:
      4. Соттары заңды құзыретке ие Уағдаласушы Тарап өзінің соттарының тек біреуі ғана кез келген бір ядролық оқыс оқиғаға қатысты заңды құзыретке ие болуын қамтамасыз етеді.

13-бап

      XI баптан кейін мынадай жаңа XI А баппен толықтырылады:

XI А бап

      Соттары заңды құзыретке ие Уағдаласушы тарап ядролық залалды өтеу туралы талап-арыздарға қатысты -
      a) кез келген мемлекет ядролық залал шеккен, осы мемлекеттің азаматтары болып табылатын немесе оның аумағында тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жері бар және бұған келісім берген тұлғалардың атынан талап-арыз жасай алуы; және
      b) кез келген тұлға оларды суброгациялау немесе тапсырма ретінде алынған осы Конвенцияға сәйкес құқықтардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мақсатында талап-арыз жасай алуы үшін қамтамасыз етеді.

14-бап

      1963 жылғы Вена конвенциясының XII бабының мәтіні мынадай мәтінмен ауыстырылады:

XII бап

      1. Мына -
      a) сот шешімі алдау арқылы алынған;
      b) оған қарсы сот шешімі шығарылған Тарапқа өзінің ісін баяндаудың жеткілікті мүмкіндігі берілмеген; немесе
      c) сот шешімі өз аумағы шегінде мойындау талап етілетін Уағдаласушы тараптың қоғамдық құқық тәртібіне қайшы келген немесе сот төрелігінің негізгі нормаларына сәйкес келмеген жағдайларды қоспағанда, заңды құзыретке ие Уағдаласушы тараптың соты шығарған қарапайым нысандарда қайта қарауға жатпайтын сот шешімі танылады.
      2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес танылған сот шешімі оны орындауға тиіс Уағдаласушы Тараптың заңнамасымен талап етілетін ресмиліктерге сәйкес оны орындауға ұсынғаннан кейін, егер ол осы Уағдаласушы тарап сотының шешімі сияқты міндетті күшке ие болады. Осындай сот шешімі шығарылған қуынудың мәні кейіннен талқылауға жатпайды.

15-бап

      1963 жылғы Вена конвенциясының XIII бабы мынадай түрде өзгертіледі:
      1. XIII баптың мәтіні осы баптың 1-тармағы болады.
      2. Мынадай жаңа 2-тармақ қосылады:
      2. Осы баптың 1-тармағына тәуелсіз ядролық залалды өтеу 150 млн. ҚАҚ-тан артық болғандықтан қондырғыға жауапты мемлекеттің заңнамасы оқыс оқиға кезінде балама мөлшерде өзара тиімділігі жоқ шамада ядролық қондырғысы бар басқа мемлекеттің халықаралық теңіз құқығына сәйкес белгіленген аумағына немесе кез келген теңіз аймағына келтірілген ядролық залалға қатысты осы Конвенцияның ережелерінен бас тарта алады.

16-бап

      1963 жылғы Вена конвенциясының XVIII бабының мәтіні мынадай мәтінмен ауыстырылады:
      Осы Конвенция халықаралық көпшілікке арналған құқықтың жалпы нормаларына сәйкес Уағдаласушы тараптың құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.

17-бап

      1963 жылғы Вена конвенциясының XX бабынан кейін мынадай жаңа XX А бап қосылады:

ХХ А бап

      1. Осы Конвенцияны түсіндіруге немесе қолдануға қатысты Уағдаласушы тараптар арасында дау туындаған жағдайда Тараптар дауды келіссөздер немесе дауларды өздері үшін қолайлы кез келген басқа бейбіт реттеу құралдары арқылы реттеу мақсатында консультациялар өткізеді.
      2. Егер осы баптың 1-тармағында айтылғандай сипаттағы дауды осы баптың 1-тармағына сәйкес консультациялар өткізу туралы өтініш білдірілген күннен бастап алты ай ішінде реттеу мүмкін болмаса, онда мұндай даудағы кез келген тараптың өтініші бойынша ол шешім қабылдау үшін төрелік сотқа беріледі немесе Халықаралық Сотқа жіберіледі. Дауды төрелік сотқа берген жағдайда, егер өтініш берілген күннен бастап алты ай ішінде даудағы Тараптар төрелік талқылау ұйымдастыруға қатысты келісімге келе алмаса, тараптардың бірі Халықаралық Соттың төрағасынан немесе Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысынан бір немесе бірнеше төреші тағайындауға өтініш білдіруі мүмкін. Даудағы Тараптардың өтініштері бір-біріне қайшы келген жағдайда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысына білдірілген өтініштің басымдығы болады.
      3. Осы Конвенцияны ратификациялау, қабылдау, мақұлдау немесе оған қосылу кезінде мемлекет өзін осы баптың 2-тармағында көзделген дауларды реттеудің не бір не екі рәсіміне байланысты санамайтынын мәлімдей алады. Басқа Уағдаласушы Тараптар ол үшін мұндай өтініштің күші бар Уағдаласушы тарапқа қатысты осы баптың 2-тармағында көзделген дауды реттеудің қандай да бір рәсіміне байланысты болып табылмайды.
      4. Осы Баптың 3-тармағына сәйкес өтініш жасаған Уағдаласушы тарап Депозитарийге хабарлау арқылы бұл өтінішті кез келген уақытта кері қайтарып ала алады.

18-бап

      1. 1963 жылғы Вена конвенциясының XX - XXV баптары, XVI-бабының 2, 3-тармақтары және "1"-тармақты нөмірлеу, XXVII және XXIX баптар алынып тасталады.
      2. 1963 жылғы Вена конвенциясы және осы Хаттаманың Тараптарға қатысты осы Хаттамасы бірге бірыңғай мәтін ретінде түсініледі және ұғынылады, ол 1997 жылғы Ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілік туралы Вена конвенциясы ретінде аталуы мүмкін.

19-бап

      1. Осы Хаттаманың Тарапы болып табылатын, бірақ 1963 жылғы Вена конвенциясының Тарапы болып табылмайтын мемлекет, оның басқа тараптар мемлекеттеріне қатысты осы Хаттамамен енгізілген түзетулері бар бұл Конвенцияның ережелерімен байланысты болып табылады және 20-бапта аталған құжатты сақтауға тапсырған уақытта бұл мемлекеттің білдірген өзге ниеті болмағанда тек қана оның Тараптары болып табылатын мемлекеттерге қатысты 1963 жылғы Вена конвенциясының ережелерімен байланысты болып табылады.
      2. Осы Хаттаманың ешбір ережесі 1963 жылғы Вена конвенциясының Тарапы болып табылатын мемлекеттің және 1963 жылғы Вена конвенциясының тарапы болып табылатын, бірақ осы Хаттаманың Тарапы болып табылмайтын мемлекетке қатысты осы Хаттаманың міндеттемелерін қозғамайды.

20-бап

      1. Осы Хаттама Венадағы Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Орталық мекемелерінде 1997 жылғы 29 қыркүйектен бастап оның күшіне енген сәтіне дейін барлық мемлекеттер қол қою үшін ашық.
      2. Осы Хаттаманы оған қол қойған мемлекеттер ратификациялауға, қабылдауға немесе мақұлдауға тиіс.
      3. Ол күшіне енгеннен кейін осы Хаттамаға қол қоймаған кез келген мемлекет оған қосыла алады.
      4. Ратификациялау, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы құжаттар осы Хаттаманың депозитарий болып табылатын Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Бас директорына сақтауға беріледі.

21-бап

      1. Осы Хаттама ратификациялау, қабылдау немесе мақұлдау туралы бесінші құжат сақтауға тапсырылған күннен кейін үш айдан соң күшіне енеді.
      2. Осы Хаттаманы ратификациялайтын, қабылдайтын, мақұлдайтын немесе оған қосылатын әр мемлекет үшін ратификациялау, қабылдау немесе мақұлдау туралы бесінші құжатты сақтауға тапсырғаннан кейін осы Хаттама тиісті құжатты осындай мемлекет сақтауға тапсырған күннен кейін үш айдан соң күшіне енеді.

22-бап

      1. Кез келген Уағдаласушы тарап Депозитарийге жазбаша хабарлау жолымен осы Хаттаманың күшін жоюы мүмкін.
      2. Күшін жою Депозитарий осындай хабарламаны алған күннен бастап бір жылдан кейін күшіне енеді.
      3. Осы Хаттаманың Тараптарына қатысты олардың кез келгенінің 1963 жылғы Вена конвенциясының күшін жоюы оның XXVI бабына сәйкес ешқашан осы Хаттамамен енгізілген түзетулері бар 1963 жылғы Вена конвенциясының күшін жою ретінде қаралмайды.
      4. Осы бапқа сәйкес Уағдаласушы Тараптың осы Хаттаманың күшін жоюына қарамастан, осы Хаттаманың ережелері осындай күшін жою күшіне енгенге дейін болған ядролық оқыс оқиғамен келтірген кез келген ядролық залалға қатысты қолданылуын жалғастырады.

23-бап

      Депозитарий тараптар мемлекеттеріне және барлық басқа да мемлекеттерге:
      a) осы Хаттамаға әрбір қол қою;
      b) ратификациялау, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы құжатты әрбір сақтауға беру;
      c) осы Хаттаманың күшіне енуі;
      d) XI баптың 1 bis тармағына сәйкес алынған кез келген хабарлама;
      e) 1963 жылғы Вена конвенциясының XXVI бабына сәйкес қайта қарау үшін конференция шақыру туралы және осы Хаттамамен енгізілген түзетулері бар 1963 жылғы Вена конвенциясының V D бабына сәйкес Уағдаласушы тараптардың мәжілісі туралы өтініштер;
      f) 22-бапқа сәйкес алынатын күшін жою туралы хабарламалар және осы Хаттамаға қатысты басқа да тиісті хабарламалар туралы дереу хабарлайды.

24-бап

      1. Ағылшын, араб, испан, қытай, орыс және француз тілдеріндегі мәтіндері түпнұсқамен бірдей дәлме дәл болып табылатын осы Хаттаманың түпнұсқасы Депозитарийге сақтауға тапсырылады.
      2. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік осы Хаттамаға қосымшада қамтылатын ағылшын, араб, испан, қытай, орыс және француз тілдеріндегі осы Хаттамамен енгізілген түзетулері бар 1963 жылғы Вена конвенциясының жиынтық мәтінін шығарады.
      3. Депозитарий осы Хаттамамен енгізілген түзетулері бар 1963 жылғы Вена конвенциясының жиынтық мәтінімен бірге осы Хаттаманың куәландырылған көшірмелерін барлық мемлекеттерге жібереді.

      Осыны куәландыру үшін тиісті түрде осыған қол қоюға өкілеттік берілген төменде қол қоюшылар осы Хаттамаға қол қойды.

      Венада бір мың тоғыз жүз тоқсан жетінші жылғы он екінші қыркүйекте жасалды.

1997 ЖЫЛҒЫ ЯДРОЛЫҚ ЗАЛАЛ ҮШІН АЗАМАТТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ТУРАЛЫ
ВЕНА КОНВЕНЦИЯСЫ1

(Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің хатшылығы шығарған 1997 жылғы 12 қыркүйектегі Хаттамамен енгізілген түзетулері бар 1963 жылғы 21 мамырдағы Ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілік туралы Вена конвенциясының жиынтық мәтіні)

      УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР,
      Ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдаланудың белгілі бір түрлерінің нәтижесінде туындайтын залалдан қаржылық қорғануды қамтамасыз ету үшін кейбір ең аз нормаларды белгілеу керектігін МОЙЫНДАП,
      ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілік туралы конвенция ұлттар арасында, олардың әр түрлі конституциялық және әлеуметтік жүйелеріне қарамастан, достық қатынастарды дамытуға жәрдемдеседі деп САНАП,
      осы мақсатта конвенция жасауды ШЕШТІ және осыған байланысты мына төмендегілер туралы келісті -
_________________________
      1Осы 1963 жылғы Ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілік туралы Вена конвенциясының жиынтық мәтінін 1997 жылғы Хаттамамен енгізілген түзетулері бар осы Хаттама талап етіп отырғандай, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Хатшылығы шығарған.

І БАП

      1. Осы Конвенцияның мақсаттары үшін -
      a) "Тұлға" ол заңды тұлға ма немесе жоқ па, оған қарамастан, кез келген жеке тұлғаны, серіктестікті, кез келген жеке немесе мемлекеттік органды, заңнамаға сәйкес мемлекет нұсқауына жауап беретін заңды тұлға болып табылатын кез келген халықаралық ұйымды және кез келген мемлекетті немесе оған кіретін кез келген мемлекеттік құрылымды білдіреді.
      b) "Уағдаласушы тараптың азаматы", ол заңды тұлға ма немесе жоқ па, оған қарамастан, Уағдаласушы тараптың аумағы шегінде құрылған Уағдаласушы тарапты немесе оған кіретін кез келген мемлекеттік құрылымды, серіктестікті, немесе кез келген жеке немесе мемлекеттік органды қамтиды.
      Жиынтық мәтіннің өзіндік қорытынды ережелері жоқ. 1997 жылғы Хаттамамен енгізілген түзетулері бар 1963 жылғы Вена конвенциясына қосылуға ниет еткен мемлекет 1997 жылғы Хаттамаға оның ережелеріне сәйкес қосыла алады.
      Осы жиынтық мәтінде "Хаттамаға" сілтеме 1997 жылғы "Ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілік жөніндегі Вена конвенциясына түзетулер енгізу туралы хаттаманы" білдіреді.
      c) ядролық қондырғыға қатысты "Оператор", осы қондырғының операторы ретінде мемлекет тағайындаған немесе қондырғыға жауап береді деп танылған тұлғаны білдіреді.
      d) ядролық қондырғыға қатысты "Қондырғыға жауапты мемлекет", осы қондырғы тұрған аумақ шегінде - Уағдаласушы тарапты, немесе, егер ол кез келген мемлекет аумағының шегінде болмаса, осы ядролық қондырғыны пайдаланатын немесе оның рұқсатымен пайдаланылатын Уағдаласушы тарапты білдіреді.
      e) "Құзыретті сот заңы" осы Конвенцияға сәйкес осындай заңның кез келген ережесін қоса алғанда, заңдар коллизиясына қатысты заңды құзыры бар сот заңын білдіреді.
      f) "Ядролық отын" ядролық бөлінудің тізбекті процесін өзіндік қуаттау арқылы энергия өндіруге қабілетті кез келген материалды білдіреді.
      g) "Радиоактивті өнімдер немесе қалдықтар" ядролық отынды өндіру немесе пайдалану процесінде өндірілген кез келген радиоактивті материалды немесе ядролық отынды өндіру немесе пайдалану нәтижесінде сәуленің әсерімен радиоактивті болған кез келген материалды білдіреді, оған бірақ кез келген ғылыми, медициналық, ауыл шаруашылық, коммерциялық немесе өнеркәсіптік мақсаттарда пайдалануға жарамды, дайындаудың соңғы сатысына жеткен радиоизотоптар кірмейді.
      h) "Ядролық материал" -
      і) табиғи уран мен кедейленген уранды қоспағанда, ядролық реактордан тыс өзінше немесе қандай да бір басқа материалмен қосылып ядролық бөлінудің тізбекті процесін өзіндік қуаттау арқылы энергия өндіруге қабілетті ядролық отынды; және
      іі) радиоактивті өнімдерді немесе қалдықтарды білдіреді.
      і) "Ядролық реактор" нейтрондардың қосымша көзінсіз онда ядролық бөлінудің тізбекті процесін өзіндік қуаттау болатындай етіп орналастырылған ядролық отыны бар кез келген құрылысты білдіреді.
      j) "Ядролық қондырғы" -
      і) теңіз немесе әуе көлігін қозғалысқа келтіру үшін немесе кез келген басқа мақсат үшін энергия көзі ретінде пайдалану мақсатында осы құралмен жабдықталған реакторды қоспағанда, кез келген ядролық реакторды;
      іі) ядролық отынды ядролық материал өндіру үшін пайдаланатын кез келген зауытты, немесе сәулеленген ядролық отынды қайта өңдейтін кез келген зауытты қоса алғанда, ядролық материалды өңдейтін кез келген зауытты;
      ііі) мұндай материалды тасымалдауға байланысты жинауды қоспағанда, ядролық материал сақталатын (жиналған) кез келген жерді; және
      iv) Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Басқарушылар кеңесі арагідік белгілейтін осындай ядролық отыны немесе радиоактивті өнімдері немесе қалдықтары бар басқа қондырғыларды білдіреді;
      қондырғыға жауапты мемлекет бір жерде орналасқан бір оператордың бірнеше ядролық қондырғыларын сол жерде орнатуы мүмкін болған жағдайда біртұтас ядролық қондырғы ретінде қаралады.
      k) "Ядролық залал" -
      і) өлімді немесе дене жарақатын;
      іі) мүліктің жойылуын немесе мүлікке келген залалды білдіреді;
      және құзырлы сот заңымен белгіленген шекте төмендегі әр тармақша бойынша;
      ііі) і) немесе іі) тармақшаларда айтылған шығынның немесе залалдың нәтижесінде туындайтын экономикалық шығындар, өйткені, егер мұндай шығындар мен залалға қатысты талап қою құқығы бар адам зардап шексе, осы тармақшалармен қамтылмағандықтан;
      iv) егер мұндай шаралар іс жүзінде қабылданса немесе қабылдануға тиіс болса, және бұл іі) тармақшамен қамтылмағандықтан, шамалы нашарлағанды қоспағанда, жағдайы нашарлаған қоршаған ортаны қалпына келтіру жөніндегі шараларға жұмсалған шығындар;
      v) қоршаған ортаны кез келген қолданудағы немесе пайдаланудағы экономикалық мүддеден алынатын табысты жоғалту, өйткені осы ортаның жағдайының едәуір нашарлауы нәтижесінде және ол іі) тармақшасымен қамтылмағандықтан;
      vi) алдын алу шараларына кеткен шығындарды және осындай шаралардан келген кейінгі шығындар мен залалдардың құнын;
      vii) i) - v) және vii) тармақшалардың жағдайындағыдан да жоғары қандай шамада ядролық қондырғының ішіндегі кез келген сәулелену көзінен шығатын немесе ядролық қондырғыдағы ядролық отыннан немесе радиоактивті өнімдерден немесе қалдықтардан немесе олар ондай заттың радиоактивтік қасиеттерінің немесе радиоактивтік қасиеттерінің улы, жарылғыш немесе ондай заттың басқа да қауіпті қасиеттерінің күшінен туындай ма, оған қарамастан, ядролық қондырғыдан түсетін, сонда өндірілген немесе соған жіберілген ядролық материалдан шығатын иондалған сәуленің күшінен шығындар пайда болады немесе нәтижесі болып табылады, егер бұл құзыретті соттың азаматтық жауапкершілігі туралы жалпы заңмен рұқсат етілген болса, қоршаған орта жағдайының нашарлауынан болған кез келген шығындардан басқа кез келген басқа экономикалық шығындарды білдіреді.
      l) "Ядролық оқыс оқиға" ядролық залал келтіретін немесе, алдын алу шараларына ғана қатысты сондай залал келтіруге айтарлықтай және тікелей қатер төндіретін кез келген оқиғаны немесе оқиғалар тізбегін білдіреді.
      m) "Қалпына келтіру жөніндегі шаралар" шаралар қабылдаған мемлекеттің құзыретті органдары мақұлдаған, қоршаған ортаның бүлінген немесе қираған компоненттерін қалпына келтіруге немесе қайта жасауға бағытталған немесе егер ол қай жерде негізделсе, сонда, сол компоненттердің баламасын қоршаған ортаға енгізуге негізделген кез келген шараларды білдіреді. Залал келтірілген мемлекеттің заңы мұндай шараларды қабылдауға кім құқылы екендігін айқындайды.
      n) "Алдын алу шаралары" шаралар қабылдайтын мемлекеттің заңына сәйкес талап етілетін, құзыретті органдар тарапынан кез келген мақұлдауды алған жағдайда, ядролық оқыс оқиға болғаннан кейін ол туралы k) i) - v) немесе vii) тармақшаларында айтылатын залалды болдырмау немесе барынша азайту мақсатында кез келген тұлға қабылдайтын кез келген негізделген шараларды білдіреді.
      o) "Негізделген шаралар" құзырлы сот заңына сәйкес барлық мән-жайларды ескере отырып, қолайлы және мөлшерлес деп танылған шараларды білдіреді, мысалы -
      і) келтірілген залалдың сипаты мен дәрежесін немесе, алдын алу шаралары жағдайында мұндай залалдың тәуекелдігінің сипаты мен дәрежесін;
      іі) олардың шаралар қабылдаған уақытта қандай дәрежеде тиімді болатынын; және
      ііі) тиісті ғылыми-техникалық сараптаманы.
      p) бұдан әрі "ҚАҚ" аталатын "Қарыз алудың арнайы құқықтары", Халықаралық валюта қоры белгілеген және ол өзінің операциялары мен мәмілелері үшін пайдаланатын есептесу бірлігін білдіреді.
      2. Егер онымен ұштасқан қатердің аздаған мөлшері мүмкіндік берсе, қондырғыға жауапты мемлекет осы Конвенцияны қолдану аясынан кез келген ядролық қондырғыны немесе ядролық материалдың кез келген аздаған мөлшерін төмендегідей шартпен алып тастай алады, -
      a) ядролық қондырғыларға қатысты мұндай алып тастаудың өлшемдерін Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Басқарушылар кеңесі белгілеген және қондырғыға жауапты мемлекет жасаған кез келген алып тастау мұндай өлшемдерді қанағаттандырады; және
      b) ядролық материалдың аздаған мөлшеріне қатысты - осынша мөлшерді алып тастаудың ең жоғарғы шегін Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Басқарушылар кеңесі белгілеген және қондырғыға жауапты мемлекет жасаған кез келген алып тастау мұндай белгіленген шектерден аспайды.
      Ядролық қондырғыларды алып тастауға арналған өлшемдер мен ядролық материалдың аздаған мөлшерін алып тастаудың ең жоғарғы шегін Басқарушылар кеңесі ауық-ауық қарайды.

І А БАП

      1. Осы Конвенция, қайда келтірілгеніне қарамастан, ядролық залалға қолданылады.
      2. Алайда, қондырғыға жауапты мемлекеттің заңнамасы -
      a) Уағдаласушы мемлекет болып табылмайтын мемлекеттің аумағында; немесе
      b) халықаралық теңіз құқығына сәйкес Уағдаласушы мемлекет болып табылмайтын мемлекет белгілеген кез келген теңіз аймағында келтірілген залалды осы Конвенцияның қолданысынан алып тастай алады.
      3. Осы баптың 2-тармағына сәйкес Уағдаласушы мемлекет болып табылмайтын мемлекетке ғана қатысты ерекшелікті, егер оқыс оқиға кезінде -
      а) өз аумағында немесе халықаралық теңіз құқығына сәйкес оларға белгіленген кез келген теңіз аймағында ядролық қондырғысы болса; және
      b) өзара баламалы пайда болмаса, қолдануға болады.
      4. Осы баптың 2-тармағына сәйкес кез келген ерекшелік IX баптың 2-тармағының а) тармақшасында айтылған құқықтарды қозғамайды, және осы баптың 2 b) тармағына сәйкес кез келген ерекшелік бортқа, немесе кемеге немесе ұшу аппаратына келтірілген залалға қолданылмайды.

І В БАП

      Бұл Конвенция бейбіт емес мақсаттарға пайдаланылатын ядролық қондырғыларға қолданылмайды.

ІІ БАП

      1. Ядролық қондырғының операторы ядролық залал үшін жауапты болады, егер мұндай залал ядролық оқыс оқиғадан келтірілгендігі дәлелденсе -
      а) оның ядролық қондырғысында; немесе
      b) осындай қондырғыдан түскен немесе оның ядролық қондырғысында өндірілген ядролық материалға байланысты болса, және -
      і) басқа ядролық қондырғы операторы жазбаша келісімшарттың айқын белгіленген талаптарына сәйкес осы ядролық материалға байланысты ядролық оқыс оқиғаға қатысты жауапкершілікті қабылдағанға дейін;
      іі) мұндай айқын талаптар болмаса - осы ядролық материал басқа ядролық қондырғы операторының қарамағына түскенге дейін; немесе
      ііі) егер бұл ядролық материал, көлік құралын қозғалысқа келтіру үшін энергия көзі ретінде пайдалану үшін көлік құралымен жабдықталған ядролық реакторда пайдалануға немесе кез келген басқа мақсатқа арналған болса, - осы ядролық материал мұндай реакторды тиісті түрде пайдалануға уәкілеттік берілген тұлғаның қарамағына түскенге дейін; бірақ
      iv) егер бұл ядролық материал Уағдаласушы мемлекет болып табылмайтын мемлекет аумағының шегіндегі басқа бір тұлғаға бағытталған болса, - ол Уағдаласушы мемлекет болып табылмайтын осы мемлекеттің аумағына жеткізілген көлік құралынан оны түсіргенге дейін;
      c) оның ядролық қондырғысына бағытталған ядролық материалға байланысты болса, және -
      і) осы ядролық материалға байланысты ядролық оқыс оқиғаға қатысты жазбаша келісімшарттың айқын белгіленген талаптарына сәйкес оның басқа ядролық қондырғының операторынан жауапкершілікті қабылдағаннан кейін;
      іі) мұндай айқын талаптар болмаса - осы ядролық материал оның қарамағына түскеннен кейін; немесе
      ііі) осы ядролық материал осы көлік құралын қозғалысқа келтіру үшін немесе кез келген басқа мақсат үшін энергия көзі ретінде пайдалану үшін көлік құралымен жабдықталған ядролық реакторды пайдаланатын тұлғадан оның қарамағына түскеннен кейін; бірақ
      iv) егер осы ядролық материал осы оператордың жазбаша келісімімен Уағдаласушы мемлекет болып табылмайтын мемлекеттің аумағындағы кез келген тұлғадан бағытталған болса, - оны осы мемлекеттің аумағынан әкетілуге тиіс көлік құралына тиегеннен кейін ғана;
      егер ядролық залал ядролық қондырғыда және осындай материалды тасымалдауға байланысты оған жиналған ядролық материалға байланысты болған ядролық оқыс оқиғадан келтірілген болса, онда осы тармақтың а) тармақшасының ережесі осы тармақтың b) немесе c) тармақшасының ережелеріне сәйкес тек басқа оператор немесе тек басқа тұлға жауапты болған жағдайда ғана қолданылмайды.
      2. Қондырғыға жауапты мемлекет заңнамада, онда белгіленуі мүмкін жағдайларға сәйкес, ядролық материалды тасымалдаушының немесе радиоактивті қалдықтармен жұмыс істейтін тұлғаның тиісінше, оның өтініші бойынша және мүдделі оператордың келісімімен, мұндай ядролық материалға немесе радиоактивтік қалдықтарға қатысты осы оператордың орнына оператор ретінде тағайындалуын немесе танылуын көздеуі мүмкін. Мұндай жағдайда мұндай тасымалдаушы немесе мұндай тұлға осы Конвенцияның барлық мақсаттары үшін осы мемлекет аумағының шегінде тұрған ядролық қондырғының операторы ретінде қарастырылады.
      3. а) Егер ядролық залал бірнеше оператордың жауапкершілігімен байланысты болса, онда бұл операторлардың әрқайсысының осы залалдағы үлесін негізді түрде ажырату мүмкін болмайтындықтан, олар жауапкершілікті бірігіп және бөлісіп көтереді. Қондырғыға жауапты мемлекет әрбір оқыс оқиғаға бөлінетін мемлекеттік қаражаттың мөлшерін, осылайша белгіленген сома мен V баптың 1-тармағына сәйкес белгіленген соманың арасындағы айырмамен егер мұндай бар болса, шектей алады.
      b) Егер ядролық оқыс оқиға ядролық материалды тасымалдау кезінде сол белгілі бір көлік құралында немесе сол белгілі бір ядролық қондырғыда тасымалдауға байланысты жинау жағдайында болса және бірнеше оператордың жауапкершілігімен байланысты ядролық залал келтірсе, жауапкершіліктің жалпы мөлшері V бапқа сәйкес олардың кез келгеніне қатысты қолданылатын ең жоғарғы мөлшерден аспауға тиіс.
      с) Осы тармақтың а) және b) тармақшаларында ескертілген жағдайлардың ешқайсысында әрбір оператордың жауапкершілігі V бапқа сәйкес оған қатысты қолданылатын мөлшерден аспауға тиіс.
      4. Осы баптың 3-тармағының ережелерін сақтаған жағдайда, егер бір оператордың бір ядролық оқыс оқиғаға бірнеше ядролық қондырғылары қатыстырылса, онда мұндай оператор осы ядролық қондырғылардың әрқайсысына қатысты V бапқа сәйкес оған қатысты қолданылатын мөлшерге дейін жауапты болады. Қондырғыға жауапты мемлекет, осы баптың 3-тармағының а) тармақшасында көзделгендей, бөлінетін мемлекеттік қаражаттың мөлшерін шектей алады.
      5. Осы Конвенцияда өзгеше көзделген жағдайларды қоспағанда, ядролық залал үшін оператордан басқа ешкім жауапты болмайды. Бұл, бірақ, осы Конвенцияның қол қою үшін ашық болатын күні қолданылатын немесе қол қою, ратификациялау немесе қосылу үшін ашық көлік саласындағы кез келген халықаралық конвенцияның қолданылуын қозғамайды.
      6. I баптың 1-тармағының k) тармақшасына сәйкес ядролық залал болып табылмайтын, бірақ көрсетілген тармақшаның ережелеріне сәйкес ол осындай залал ретінде анықталуы мүмкін шығын немесе залал үшін бірде-бір тұлға жауапты болмайды.
      7. Егер құзырлы сот заңында көзделсе, VII бапқа сәйкес қаржылық қамтамасыз етуді ұсынушы тұлғаға қатысты тікелей талап қою қозғалады.

III БАП

      Осы Конвенцияға сәйкес жауапты болатын оператор тасымалдаушыны сақтандырушы берген сертификатпен немесе оның атынан немесе VII бапқа сәйкес талап етілетін қаржылық қамтамасыз етуді білдіретін басқа қаржылық гарантпен жабдықтайды. Алайда, қондырғыға жауапты мемлекет тұтастай өзінің жеке аумағының шегінде орындалатын тасымалға қатысты берген міндеттемесін алып тастай алады. Сертификатта осы оператордың аты-жөні мен мекенжайы, сондай-ақ қамтамасыз ету сомасы, түрі және мерзімі көрсетіледі, және осы мәліметтерді өзі немесе оның атынан сертификат берген тұлға даулай алмайды. Сертификатта сондай-ақ оған қатысты қамтамасыз ету қолданылатын ядролық материал көрсетіледі және оған аталған тұлғаның осы Конвенцияның операторы болып табылатыны туралы мемлекеттің қондырғысына жауапты құзыретті мемлекеттік органның өтініші енгізіледі.

IV БАП

      1. Осы Конвенцияға сәйкес оператордың ядролық залал үшін жауапкершілігі абсолюттік болып табылады.
      2. Егер оператор ядролық залалдың толық немесе ішінара пайда болғанын не залал келтірілген тұлғаның өрескел ұқыпсыздығы салдарынан, не ондай тұлғаның залал келтіру ниетімен істеген әрекетінің немесе әрекетсіздігінің салдарынан болғанын дәлелдесе, онда құзырлы сот, егер ол оның заңында көзделген болса, операторды оның ондай тұлғаға келтірілген осы залалға қатысты өтемді төлеу міндетінен толық немесе ішінара босата алады.
      3. Осы Конвенцияға сәйкес, егер ол ядролық залалдың тікелей қарулы қақтығыстың, соғыс қимылдарының, азамат соғысының немесе көтерілістің нәтижесінен келтірілгендігін дәлелдесе, операторға ешқандай жауапкершілік жүктелмейді.
      4. Ядролық залал сияқты, ядролық емес залал да ядролық оқыс оқиғадан немесе бірлескен ядролық оқыс оқиғадан және басқа сипаттағы бір немесе одан да көп оқиғалардан келтірілсе, ондай ядролық емес залал ядролық залалдан негізді түрде бөліне алмайтындай дәрежеде, осы Конвенцияның мақсаттары үшін сол ядролық оқыс оқиғадан келтірілген ядролық залал саналады. Алайда, егер залал осы Конвенцияның күшінде болатын ядролық оқыс оқиғамен бірге және оның күшінде болмайтын иондаушы сәуленің босап шығуынан келтірілсе - ядролық залал келтірілген кез келген тұлға сияқты, иондаушы сәуленің осы босап шығуына байланысты жауапты болып танылуы мүмкін кез келген тұлғаға қатысты өтеу туралы регрессті талап қою немесе талап ету, онда осы Конвенцияда ештеңе де басқаша түрде жауапкершілікті шектемейді және қозғамайды.
      5. Оператор осы Конвенцияға сәйкес -
      a) құрылу сатысындағы ядролық қондырғыны, көрсетілген қондырғы орналасқан алаңдағы ядролық қондырғыны қоса алғанда, ядролық қондырғының өзіне немесе кез келген басқа ядролық қондырғыға, және
      b) кез келген сондай қондырғыға байланысты пайдаланылатын немесе пайдаланылуға тиіс алаңдағы кез келген мүлікке келтірілген ядролық залал үшін жауапты болмайды.
      6. Ядролық оқыс оқиға кезінде осы ядролық материал болған көлік құралына келтірілген залалды өтеу, өзінен кейін оператордың не 150 млн. ҚАҚ-тан кем сомаға, не Уағдаласушы тараптың заңнамасында белгіленген өзге үлкен сомаға, немесе V баптың 1-тармағының с) тармақшасына сәйкес белгіленген сомаға дейінгі басқа залалға қатысты жауапкершілігін азайтпайды.
      7. Осы Конвенцияда ешнәрсе, осы Конвенцияға сәйкес, осы баптың 3 немесе 5-тармақтарының күшімен, оператор ол үшін жауапты болмайтын және осы жеке тұлға залал келтіру ниетімен өзінің әрекетімен немесе әрекетсіздігімен келтірген ядролық залал үшін кез келген жеке тұлғаның жауапкершілігін қозғамайды.

V БАП

      1. Қондырғыға жауапты мемлекет кез келген бір ядролық оқыс оқиғаға қатысты оператордың жауапкершілігін шектеуі мүмкін не -
      a) 300 млн. ҚАҚ-тан кем емес болып; не
      b) осы мемлекет ядролық залалды өтеу үшін осы сомадан кем дегенде 300 млн. ҚАҚ-қа дейінгі артық мемлекет қаражатын бөлген жағдайда, 150 млн. ҚАҚ-тан кем емес болып; немесе
      c) осы Хаттама күшіне енген күннен бастап әрі кеткенде 15 жыл бойы - осы кезең ішінде болатын ядролық оқыс оқиғаға қатысты кемінде 100 млн. ҚАҚ өтпелі сомамен шектелуі мүмкін. Осы мемлекет ядролық залалды өтеу үшін осындай мейлінше аз сома мен 100 млн. ҚАҚ арасындағы көлемде мемлекет қаражатын бөлген жағдайда, 100 млн. ҚАҚ-тан кем сома белгіленуі мүмкін.
      2. Осы баптың 1-тармағына қарамастан, қондырғыға жауапты мемлекет, ядролық қондырғының немесе онымен байланысты ядролық заттардың сипатын және оқыс оқиғаның туындау көзі болып табылатын ықтимал зардаптарды ескере отырып, бұл үшін осындай жолмен белгіленген қандай да бір сома 5 млн. ҚАҚ-тан кем болмаған жағдайда, және қондырғыға жауапты мемлекет 1-тармаққа сәйкес белгіленген сома мөлшеріне дейін мемлекет қаражатын бөлуді қамтамасыз еткен жағдайда оператор жауапкершілігінің неғұрлым төмен сомасын белгілеуі мүмкін.
      3. Жауапты оператордың осы баптың 1 және 2-тармақтарына, сондай-ақ IV баптың 6-тармағына сәйкес қондырғыға жауапты мемлекет белгілеген сома ядролық оқыс оқиға болатын барлық жағдайларда қолданылады.

V А БАП

      1. Ядролық залалды өтеу туралы талаптарға байланысты сот белгілейтін пайыздар мен шығындар сомасы V бапта аталған сомаларға қосымша төленеді.
      2. V бапта және IV баптың 6-тармағында аталған сомалар ұлттық валютаға шамаланып айырбасталуы мүмкін.

V В БАП

      Әрбір Уағдаласушы тарап залал шеккен тұлғалар осындай өтеу үшін берілетін өз құқықтарын қаражаттың шығуына сәйкес бөлек іс қозғамай-ақ өздерінің өтеу құқықтарын жүзеге асыруын қамтамасыз етеді.

V С БАП

      1. Егер заңды құзыры бар соттар, - бұлар қондырғыға жауапты мемлекет болып табылмайтын Уағдаласушы тараптың соттары болса, V баптың 1-тармағының b) және c) тармақшаларына және VII баптың 1-тармағына сәйкес талап етілетін мемлекеттік қаражатты, сондай-ақ сот белгілейтін пайыздар мен шығындар сомасын бастапқыда көрсетілген Уағдаласушы тарап беруі тиіс. Қондырғыға жауапты мемлекет осындай кез келген төленген соманы екінші Уағдаласушы тарапқа қайтарады. Осы екі Уағдаласушы тарап қайтару рәсімін келіседі.
      2. Егер заңды құзыры бар соттар, - бұлар қондырғыға жауапты мемлекет болып табылмайтын Уағдаласушы тараптың соттары болса, соттарының заңды құзыры бар Уағдаласушы тарап, қондырғыға жауапты мемлекетке істі сотта қарауға кірісуге және өтеуге қатысты кез келген реттеу ісіне қатысуға мүмкіндік беру үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.

V D БAП

      1. Егер Уағдаласушы тараптардың үштен бірі тиісті тілек білдірсе, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Бас директоры V бапта айтылған жауапкершілік шегін өзгерту үшін Уағдаласушы тараптардың кеңесін шақырады.
      2. Түзетулер, дауыс беру кезінде Уағдаласушы тараптардың кемінде жартысы қатысқан жағдайда, дауыс беруге қатысушы Уағдаласушы тараптардың үштен екісінің көпшілік дауысымен мақұлданады.
      3. Жауапкершілік шегін өзгерту туралы ұсыныс бойынша шешім шығару кезінде Уағдаласушы тараптардың кеңесі, атап айтқанда, ядролық оқыс оқиға салдарынан болатын залал қатерін, валюта бағамының өзгерістерін, сондай-ақ сақтандыру нарығының сыйымдылығын ескереді.
      4. а) МАГАТЭ-нің Бас директоры осы баптың 2-тармағына сәйкес мақұлданған кез келген түзету туралы, оны қабылдау мақсатында барлық Уағдаласушы тараптарды хабардар етеді. Кеңестің осы түзетуді мақұлдау кезінде Уағдаласушы тараптардың кемінде үштен бірі өзінің осы түзетуді қабылдайтыны туралы МАГАТЭ-нің Бас директорына хабарлаған жағдайда, хабарлағаннан кейін 18 ай өткеннен кейін түзету қабылданған болып саналады. Осы тармаққа сәйкес қабылданған түзету оны қабылдаған Уағдаласушы тараптар үшін ол қабылданғаннан кейін 12 айдан соң күшіне енеді.
      b) Егер түзетуді қабылдау мақсатында хабарлаған күннен бастап 18 айдың ішінде ол а) тармақшасына сәйкес қабылданбаса, аталған түзету қабылданбаған болып саналады.
      5. Түзетуді ол қабылданғаннан кейін, бірақ күшіне енбеген күйі, немесе осы баптың 4-тармағына сәйкес күшіне енгеннен кейін қабылдайтын әрбір Уағдаласушы тарап үшін түзету осы Уағдаласушы тарап оны қабылдағаннан кейін 12 ай өткен соң күшіне енеді.
      6. Осы баптың 4-тармағына сәйкес түзету күшіне енгеннен кейін осы Конвенцияның Тарабы болатын мемлекет, осы мемлекеттің өзгеше білдірілген ниеті болмаса -
      а) осы Конвенцияға енгізілген түзетулермен оның Тарабы болып саналады; және
      b) түзетуге қатысы жоқ болып табылатын кез келген мемлекет Тарабына қатысты осы Конвенцияға енгізілген түзетулерсіз оның Тарабы болып саналады.

VI БАП

      1. а) Егер -
      і) кісі өліміне және дене жарақатына қатысты - ядролық оқыс оқиға болған күннен бастап отыз жыл ішінде;
      іі) басқа залалға қатысты - ядролық оқыс оқиға болған күннен бастап он жыл ішінде талап қою қозғалмаса, осы Конвенция бойынша өтеу құқықтарының күші жойылады.
      b) Алайда, егер қондырғыға жауапты мемлекеттің заңнамасына сәйкес, оператордың жауапкершілігі, мемлекеттік қорларды қоса алғанда, неғұрлым ұзақ кезең бойына сақтандырумен немесе басқа қаржылық қамтамасыз етумен өтелетін болса, онда құзыретті соттың заңы оператор дан өтем aлу құқықтарының сондай неғұрлым ұзақ кезең өткен соң ғана жойылуын көздеуі мүмкін, мұндай кезеңнің ұзақтығы қондырғыға жауапты мемлекеттің заңнамасы бойынша осылайша қамтамасыз етілген мерзімнен артық болмауға тиіс.
      с) Кісі өліміне немесе дене жарақатына байланысты немесе осы тармақтың b) тармақшасы бойынша ұзартылуына сәйкес, ядролық оқыс оқиға болған күннен бастап он жыл мерзім өткеннен кейін қозғалған басқа залалға байланысты өтем туралы талап қоюлар осы Конвенцияға сәйкес осы кезең біткенше операторға қарсы ізденуді қозғаған кез келген тұлғаның өтем жөніндегі құқықтарын қозғамайды.
      2. АЛЫП ТАСТАЛДЫ
      3. Егер залал шеккен тұлға залал туралы және залалға жауапты оператор туралы білсе немесе білуге тиіс деп болжам жасауға негіз болса, осы баптың 1-тармағының а) және b) тармақшаларына сәйкес белгіленген кезеңдер мерзімінен аспаған жағдайда, сол күннен бастап үш жыл ішінде талап қозғалмаса, осы Конвенцияға сәйкес өтеу құқығына қатысты, құзырлы соттың заңында көзделгендей, талаптың ескіру мерзімі немесе құқығының жойылу мерзімі қолданылады.
      4. Егер құзырлы соттың заңында өзгеше көзделмесе, өзін ядролық залал шектім деп дәлелдейтін және осы бапқа сәйкес қолданылатын кезең ішінде өтеу туралы талап қозғаған кез келген тұлға осы залалдың кез келген асқынуын ескеру үшін, түпкілікті сот шешімі әлі шығарылмаған жағдайда, тіпті мұндай кезең өтіп кеткен соң да өз талаптарын өзгерте алады.
      5. Егер заңды құзыры XI баптың 3-тармағының b) тармақшасына сәйкес және осы бапқа сәйкес қолданылатын мерзім шегінде айқындалуға тиіс болса, осыны айқындауға уәкілетті Уағдаласушы тараптардың біреуіне өтініш жасалса, бірақ осындай анықтау күнінен бастап қалған кезең алты айдан аспаса, онда талап қоюға арналған кезең көрсетілген күннен бастап есептелетін алты ай болып белгіленеді.

VII БАП

      1. а) Оператордан қондырғыға жауапты мемлекет қалай белгілесе, сондай мөлшерде, сондай түрде және сондай шарттармен ядролық залал үшін оның жауапкершілігін өтейтін сақтандыруды қолдау немесе басқа қаржылық қамтамасыз ету талап етіледі. Қондырғыға жауапты мемлекет мұндай талаптарды қанағаттандыру үшін сақтандырудың немесе басқа қаржымен қамтамасыз ету мөлшері қанша жеткіліксіз болса, сонша, бірақ V бапқа сәйкес белгіленген шектен, егер ондай шек болса, аспайтын мөлшерде, ядролық залал үшін операторға қарсы қанағаттандырылған талап қоюлары бойынша қажетті қаражат беру жолымен өтемдерді төлеуді қамтамасыз етеді. Егер оператордың жауапкершілігі шектелмеген жағдайда, қондырғыға жауапты мемлекет мұндай шек 300 млн. ҚАҚ-тан кем болмаған жағдайда жауапты оператор үшін қаржымен қамтамасыз ету шегін белгілеуі мүмкін. Қондырғыға жауапты мемлекет мұндай талаптарды қанағаттандыру үшін қаржымен қамтамасыз ету мөлшері қанша жеткіліксіз болса, сонша, бірақ осы тармаққа сәйкес көзделетін қаржымен қамтамасыз ету сомасынан аспайтын мөлшерде, ядролық залал үшін операторға қарсы қанағаттандырылған талап қоюлары бойынша өтемдерді төлеуді қамтамасыз етеді.
      b) Осы тармақтың а) тармақшасына қарамастан, егер оператордың жауапкершілігі шектелмесе, қондырғыға жауапты мемлекет, осылайша белгіленген ешбір сома 5 млн. ҚАҚ-тан кем болмаған жағдайда, және қондырғыға жауапты мемлекет ядролық залал үшін операторға қарсы қанағаттандырылған талап қоюлары бойынша қажетті қаражат беру жолымен өтемдерді төлеуді қамтамасыз еткен жағдайда, мұндай талаптарды қанағаттандыру үшін сақтандырудың немесе басқа қаржымен қамтамасыз ету мөлшері қанша жеткіліксіз болса, сонша, және осы тармақтың а) тармақшасына сәйкес көзделген шекке дейінгі мөлшерде, ядролық қондырғының немесе оған байланысты ядролық заттардың сипатын және оның көзі болып табылатын оқыс оқиғаның ықтимал зардаптарын ескере отырып, оператор үшін қаржымен қамтамасыз етудің неғұрлым төмен сомасын белгілеуі мүмкін.
      2. Осы баптың 1-тармағында ештеңе де Уағдаласушы тараптан немесе оның құрамына кіретін штаттар немесе республикалар сияқты мемлекеттік құрылымдардан олардың операторлар ретіндегі жауаптылығын өтеу үшін сақтандыруды немесе басқа қаржымен қамтамасыз етуді жүзеге асыруды талап етпейді.
      3. Сақтандырумен, басқа қаржылық қамтамасыз етумен немесе қондырғыға жауапты мемлекет берген қаражат, осы баптың 1-тармағына немесе V баптың 1-тармағының b) және c) тармақшаларына сәйкес, тек қана осы Конвенцияға сәйкес төленуге жататын өтемге арналады.
      4. Сақтандырушы да, қаржымен қамтамасыз етуші кез келген басқа тұлға да, бұл туралы кем дегенде екі ай бұрын құзыретті мемлекеттік органға жазбаша хабарламайынша, немесе, мұндай сақтандыру немесе басқа қаржымен қамтамасыз ету ядролық материалды тасымалдауға қатысты болса, көрсетілген тасымалдау кезеңі ішінде, осы баптың 1-тармағына сәйкес берілетін сақтандыруды немесе басқа қаржымен қамтамасыз етуді тоқтата тұра алмайды немесе тоқтата алмайды.

VIII БАП

      1. Осы Конвенцияның ережелері сақталған жағдайда өтемнің сипаты, нысаны мен мөлшері, өтемді әділетті бөлу сияқты, құзырлы сот заңымен айқындалады.
      2. Осы Конвенцияға сәйкес өтелуге жататын залал үшін операторға қарсы қойылған талаптарға байланысты жағдайларда VI баптың 1-тармағы с) тармақшасының ережелерін қолданған жағдайда V баптың 1-тармағына сәйкес берілетін ең көп сомадан артық болса немесе артық болуы мүмкін болса, өтемді бөлу кезінде кісі өліміне немесе дене жарақатына қатысты талаптарға басымдық беріледі.

ІХ БАП

      1. Егер денсаулықты сақтандырудың, әлеуметтік сақтандырудың, әлеуметтік қамсыздандырудың, өндірістегі жазатайым оқиға кезінде өтем төлеудің, немесе кәсіби ауруларға байланысты өтем төлеудің мемлекеттік немесе қоғамдық жүйелерінің ережелері ядролық залал үшін өтемді қамтитын болса, онда осы Конвенцияға сәйкес, осы Конвенцияның ережелері осындай жүйелер белгіленген Уағдаласушы тараптың заңнамасымен немесе осындай жүйелерді белгілеген үкіметаралық ұйымның ережелерімен сақталған жағдайда, өтем алу жөніндегі осындай жүйелерді пайдаланатын тұлғалардың құқықтары мен жауапкершілікті көтеретін операторға қарсы осындай жүйелердің күшіне қарай кері талап құқықтары айқындалады.
      2. а) Егер Уағдаласушы тараптың азаматы болып табылатын тұлға, операторды қоспағанда, халықаралық конвенцияға сәйкес немесе Уағдаласушы мемлекет болып табылмайтын мемлекеттің заңнамасы бойынша ядролық залал үшін өтем төлесе, онда мұндай тұлға осы Конвенция бойынша суброгация тәртібімен өзі төлеген сома шегінде құқыққа ие болады. Осылайша, осы Конвенцияға сәйкес ешбір тұлғаның оператордың осындай тұлғаға қатысты кері талап құқығын иеленгендей дәрежеде құқығы болмайды.
      b) Осы Конвенцияда ештеңе де, VII баптың 1-тармағына сәйкес берілген қаражатты қоспағанда, қаражаттан ядролық залал үшін өтем төлеген оператордың аталған тармаққа сәйкес қаржымен қамтамасыз еткен тұлғадан, немесе қондырғыға жауап беретін мемлекеттен, осы Конвенцияға сәйкес осындай өтем алған тұлғаның өзі төлейтіндей мөлшердің шегіндегі соманы қайтарып алуына кедергі болмайды.

Х БАП

      Оператор тек қана -
      a) егер бұл құқық жазбаша келісімшартпен айқын көзделсе; немесе
      b) егер ядролық оқыс оқиға - теріс пиғылмен әрекет еткен немесе әрекет етпеген жеке тұлғаға қарсы - залал келтіру ниетімен әрекет етуінің немесе әрекетсіздігінің салдарынан болса, кері талап құқығына ие болады.
      Бұдан басқа, осы бапта көзделетін кері талап құқығының қолданылуы, осы Конвенцияға сәйкес мемлекеттік қаражатты ұсынатын болғандықтан, қондырғыға жауапты мемлекет пайдалана алатындай дәрежеде кеңейтілуі мүмкін.

ХІ БАП

      1. Осы бапта өзгеше көзделген жағдайларды қоспағанда, II бапқа сәйкес талаптарға қатысты тек өз аумағының шегінде ядролық оқыс оқиға орын алған Уағдаласушы тараптың соттарының ғана заңды құзыры болады.
      1 bis. Егер ядролық оқыс оқиға Уағдаласушы тараптың ерекше экономикалық аймағы ауданының шегінде орын алса, немесе, егер мұндай аймақ белгіленбесе, - ерекше экономикалық аймақ шегінен аспайтын ауданда, егер ондай белгіленсе, осы ядролық оқыс оқиғаның салдарынан болатын ядролық залалды өтеу туралы осы Конвенцияның мақсаттары үшін, тек осы Тараптың соттары ғана сотқа жүгіну құқығын иеленеді. Егер осы Уағдаласушы тарап осындай аудан жөнінде Депозитарийге ядролық оқыс оқиға орын алғанға дейін хабарласа, онда алдыңғы ұсыныс қолданылады. Бұл тармақта ешнәрсе заңды құзырын жүзеге асыруға рұқсат етеді деп түсінілмейді, өйткені ол халықаралық теңіз құқығына, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Теңіз құқығы жөніндегі конвенциясына қайшы келеді.
      2. Егер ядролық оқыс оқиға кез келген Уағдаласушы тараптың аумағы шегінде немесе 1 bis тармағына сәйкес ол туралы хабарлама түскен ауданның шегінде болмаса, немесе ядролық оқыс оқиға орнын дәлме-дәл айқындау мүмкін болмаса, жауапты оператордың қондырғыға жауапты мемлекетінің соттары осындай талап қоюға қатысты заңды қүзырды иеленеді.
      3. Егер осы баптың 1, 1 bis немесе 2-тармағына сәйкес бірнеше Уағдаласушы тараптың соттары заңды құзырға ие болса, онда -
      a) егер ядролық оқыс оқиға ішінара кез келген Уағдаласушы тараптың аумағынан тыс және ішінара бір Уағдаласушы тараптың аумағы шегінде орын алса, - соңғысының соттары; және
      b) кез келген өзге жағдайда - осы баптың 1 немесе 2-тармағына сәйкес соттары құзыретті болуы мүмкін, Уағдаласушы тараптар арасында келісіммен белгіленген Уағдаласушы тараптың соттары заңды құзырды иеленеді.
      4. Соттары заңды құзырға ие Уағдаласушы тарап кез келген бір ядролық оқыс оқиғаға қатысты өздерінің соттарының біреуінің ғана заңды құзыры болуын қамтамасыз етеді.

XI А БАП

      Соттары заңды құзырға ие Уағдаласушы тарап ядролық залалды өтеу туралы талап қоюларға қатысты -
      а) кез келген мемлекеттің ядролық залалға ұшыраған, осы мемлекеттің азаматтары болып табылатын немесе оның аумағында тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жері бар және бұған өз келісімін берген тұлғалардың атынан талап қоюын; және
      b) кез келген тұлға құқықтар осы Конвенцияға сәйкес құқықтардың суброгациясы немесе тапсырма ретінде олардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мақсатында талап қоюын қамтамасыз етеді.

ХII БАП

      1. Мына жағдайларды -
      a) сот шешімі алдау жолымен алынған;
      b) өзіне қарсы сот шешімі шығарылған тарапқа өзінің ісін баяндау үшін жеткілікті мүмкіндік берілмеген; немесе
      c) сот шешімі өз аумағы шегінде мойындау талап етілетін Уағдаласушы тараптың қоғамдық құқық тәртібіне қайшы келген, немесе сот төрелігінің негізгі нормаларына сәйкес келмеген жағдайларды қоспағанда, бұдан әрі әдеттегідей түрде қайта қарауға жатпайтын, заңды құзырға ие Уағдаласушы тараптың соты шығарған сот шешімі мойындалады.
      2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес мойындалған сот шешімі өзінде орындалуға жататын Уағдаласушы тараптың заңнамасы талап ететін ресмилілікке сәйкес оны орындауға берген соң, егер ол осы Уағдаласушы тарап сотының шешімі сияқты міндетті күшке ие болады. Осындай сот шешімі шығарылған талап қоюдың мәні кейіннен тексеруге жатпайды.

XIII БАП

      1. Осы Конвенция мен оған сәйкес қолдануға жататын ұлттық заңнама азаматтық, тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жерінің белгісі бойынша кемсітушіліксіз қолданылады.
      2. Осы баптың 1-тармағына қарамастан, ядролық залалды өтеу 150 млн. ҚАҚ-тан артық болғандықтан, қондырғыға жауапты мемлекеттің заңнамасы оқыс оқиға кезінде осындай аумақта өзара балама мөлшерде пайда бермейтін шамада ядролық қондырғысы бар басқа мемлекеттің халықаралық теңіз құқығына сәйкес белгіленген аумағына немесе кез келген теңіз аймағына келтірген ядролық залалға қатысты осы Конвенцияның ережелерінен бас тарта алады.

XIV БАП

      XI бапқа сәйкес құзырлы болып табылатын соттарда осы Конвенцияға сәйкес талап қою қозғалғанда, орындау жөніндегі шараларды қоспағанда, ұлттық заңнаманың немесе халықаралық құқықтың нормаларына сәйкес заңды құзырынан иммунитеттерге сілтеме жасауға болмайды.

ХV БАП

      Ядролық залал үшін өтеудің, ядролық залалға байланысты сот белгілейтін пайыз бен сот шығындарының, сақтандыру және қайта сақтандыру сыйлықақыларының, сондай-ақ сақтандыру, қайта сақтандыру немесе басқа қаржылық қамтамасыз ету арқылы берілетін соманың немесе осы Конвенцияға сәйкес қондырғы үшін жауапты мемлекет беретін соманың өз аумағы шегінде осындай залал шеккен Уағдаласушы тараптың валютасына және әдетте талапкер тұратын аумақ шегіндегі Уағдаласушы тараптың валютасына, ал сақтандыру немесе қайта сақтандыру сыйлықақылары мен төлемдерге қатысты — осындай сақтандыру немесе қайта сақтандыру келісімшартында көрсетілген валюталарға еркін аударылуын қамтамасыз ету үшін Уағдаласушы тараптар тиісті шаралар қабылдайды.

XVI БАП

      Ядролық энергия саласындағы азаматтық жауапкершілік туралы басқа халықаралық конвенцияға сәйкес сол бір ядролық залалға қатысты әлдеқашан өтем алған мөлшерде тағы да өтем алуға осы Конвенцияға сәйкес ешбір тұлғаның құқығы жоқ.

XVII БАП

      Осы Конвенция ондағы тараптарға қатысты осы Конвенцияға қол қою үшін ашылған күні қол қою, ратификациялау немесе қосылу үшін ашық, қолданыстағы, ядролық энергия саласындағы азаматтық жауапкершілік туралы кез келген халықаралық келісімдерді немесе халықаралық конвенцияларды қолдануды қозғамайды.

XVIII БАП

      Осы Конвенция халықаралық жария құқықтың жалпы нормаларына сәйкес Уағдаласушы тараптың құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.

XIX БАП

      1. XI баптың 3-тармағының b) тармақшасына сәйкес келісім жасасушы кез келген Уағдаласушы тарап мұндай келісімнің көшірмесін Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Бас директорына ақпарат және басқа Уағдаласушы тараптардың арасында тарату үшін дереу тапсыруы тиіс.
      2. Уағдаласушы тараптар осы Конвенцияның қолданысындағы мәселелерге қатысты өз заңдары мен қағидаларының мәтіндерін ақпарат және басқа Уағдаласушы тараптар арасында тарату үшін Бас директорға тапсырады.

XX БАП

      АЛЫП ТАСТАЛДЫ

ХХ А БАП

      1. Осы Конвенцияны түсіндіруге немесе қолдануға қатысты Уағдаласушы тараптардың арасында дау туындаған жағдайда дауласушы тараптар дауды келіссөздер немесе өздері үшін қолайлы, дауларды реттеудің кез келген басқа бейбіт жолымен реттеу мақсатында консультациялар өткізеді.
      2. Егер осы баптың 1-тармағында айтылғандай сипаттағы дауды осы баптың 1-тармағына сәйкес консультациялар өткізу туралы өтініш берілген күннен бастап алты ай ішінде реттеу мүмкін болмаса, онда кез келген тараптың өтініші бойынша ол шешім қабылдау үшін төрелік сотқа беріледі немесе Халықаралық Сотқа жіберіледі. Дауды төрелік сотқа тапсырған жағдайда, егер өтініш берілген күннен бастап дауласушы тараптар алты ай ішінде төрелік соттың іс қарауды ұйымдастыруына қатысты келісімге келе алмаса, тараптардың бірі Халықаралық Соттың Төрағасынан немесе Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысынан бір немесе бірнеше төреші тағайындауды өтінуі мүмкін. Тараптардың өтініштері бір-біріне қайшы келген жағдайда дауда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысына жүгінудің басымдығы болады.
      3. Осы Конвенцияны ратификациялау, қабылдау, мақұлдау немесе оған қосылу кезінде мемлекет өзін осы баптың 2-тармағында көзделген дауларды реттеудің не бір, не екі рәсімімен байланысты санамайтынын мәлімдей алады. Басқа Уағдаласушы тараптар мұндай мәлімдеменің күші бар Уағдаласушы тарапқа қатысты дауды реттеудің осы баптың 2-тармағында көзделген қандай да бір рәсімімен байланысты болып табылмайды.
      4. Осы баптың 3-тармағына сәйкес мәлімдеме жасаған Уағдаласушы тарап Депозитарийге хабарлау арқылы осы мәлімдемені кез келген уақытта кері қайтарып ала алады.

XXI БАП

      АЛЫП ТАСТАЛДЫ

XXII БАП

      АЛЫП ТАСТАЛДЫ

XXIII БАП

      АЛЫП ТАСТАЛДЫ

XXIV БАП

      АЛЫП ТАСТАЛДЫ

XXV БАП

      АЛЫП ТАСТАЛДЫ

XXVI БАП

      Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Бас директоры осы Конвенцияны қайта қарау үшін ол күшіне енген күннен бастап бес жыл өткен соң, егер Уағдаласушы тараптардың үштен бірі осыны қаласа, кез келген уақытта конференция шақырады.

XXVII БАП

      АЛЫП ТАСТАЛДЫ

XXVIII БАП

      Осы Конвенцияны Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Бас директоры Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 102-бабына сәйкес тіркейтін болады.

XXIX БАП

      АЛЫП ТАСТАЛДЫ

ЯДРОЛЫҚ ЗАЛАЛ ҮШІН АЗАМАТТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ТУРАЛЫ
ВЕНА КОНВЕНЦИЯСЫНА ТҮЗЕТУЛЕР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ ХАТТАМА

      Осымен Халықаралық атом энергиясы агенттігінің Бас директоры атынан, Венада 1997 жылы 12 қыркүйекте қабылданған Ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілік туралы Вена конвенциясына түзетулер енгізу туралы Хаттама депозитарий ретінде, қоса берілген құжат жоғарыда аталған Хаттама түпнұсқасының ақиқат және толық көшірмесі екендігін куәландырамын.

      Иоган Раутенбах

      Құқықтық мәселелер жөніндегі
      бюросының директоры

      БАС ДИРЕКТОРЫ атынан

      1997 жылғы 12 қыркүйекте Венада жасалған Ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілік туралы Вена конвенциясына түзетулер енгізу туралы Хаттаманың және 1997 жылғы Хаттамамен енгізілген түзетулерімен 1963 жылғы 21 мамырдағы Ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілік туралы Вена конвенциясының Жиынтық мәтіннің куәландырылған көшірмесінің куәландырылған көшірмесі екенін растаймын.

      Қазақстан Республикасының
      Сыртқы істер министрлігі
      Халықаралық құқық департаментінің
      Басқарма бастығы                           Б. Пискорский

      РҚАО-ның ескертпесі. Бұдан әрі Конвенцияның және Хаттаманың мәтіндері ағылшын, араб, испан, қытай және француз тілдерінде берілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады