Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі [Жамбыл облысындағы учаскелер] [Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі] Инвестициялық бағдарлама - 3-жоба) ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 17 мамырдағы № 435-IV Заңы

      2010 жылғы 15 желтоқсанда Астанада жасалған Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісім (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі [Жамбыл облысындағы учаскелер] [Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі] Инвестициялық бағдарлама - 3-жоба) ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
            Президенті                           Н. Назарбаев

ҚАРЫЗДЫҢ НӨМІРІ 2697 - KAZ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ мен АЗИЯ ДАМУ БАНКІ арасындағы ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
(Жай операциялар)

(ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі [Жамбыл облысындағы учаскелер]
[«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізі]
Инвестициялық бағдарлама - 3-жоба)

2010 ЖЫЛҒЫ 15 ЖЕЛТОҚСАН
_________________________________

LAL:KAZ 41121

ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
(Жай операциялар)

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ (бұдан әрі Қарыз алушы деп аталады) мен АЗИЯ ДАМУ БАНКІ (бұдан әрі АДБ деп аталады) арасындағы 2010 жылғы 15 желтоқсандағы ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ.

      ТӨМЕНДЕГІНІ НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП,

      (A) Қазақстан Республикасы мен АДБ арасында 2009 жылғы 13 қаңтарда жасалған «ҚАЗ қаржыландырудың көп траншты тетігі: Инвестициялық бағдарлама ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі (Жамбыл облысындағы учаскелер) [Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі]» қаржыландыру туралы негіздемелік келісімге сәйкес (бұдан әрі ҚНК деп аталады) АДБ-ның көп траншты қаржыландыруын ұсыну жолымен ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізінің Жамбыл облысындағы учаскелері үшін Қарыз алушының Инвестициялық Бағдарламасы (бұдан әрі Инвестициялық Бағдарлама деп аталады) шеңберіндегі жобаларды қаржыландыру үшін Қарыз алушыға көмек көрсету мақсатында;
      (В) Қарыз алушы 2010 жылғы 18 наурыздағы қаржыландыру туралы мерзімді сұрау беру арқылы Қарыз алушы ҚНК-ге сәйкес АДБ-ға осы қарыз туралы келісімнің 1-қосымшасында сипатталған жобаны (бұдан әрі «Жоба» деп аталады) қаржыландыру мақсаттары үшін қарыз бөлу туралы өтінішпен жүгінеді; және
      (С) Қарыз алушы Жапония Үкіметіне Жоба мақсаттары үшін Жапония Халықаралық Ынтымақтастық Агенттігі арқылы берілетін алпыс сегіз миллион долларға баламалы мөлшерде қарыз («ЖХЫА қарызы») беру туралы өтінішпен жүгінді және Жапония Үкіметі аталған соманы беруге келісті және бұл сомаға АДБ әкімшілік ететін болады.
      (D) АДБ Қарыз алушыға АДБ-нің әдеттегі капитал ресурстарынан бұдан әрі көрсетілген шарттар және ережелер бойынша қарыз беруге келісім берді;
      ЖОҒАРЫДА БАЯНДАЛҒАНДЫ ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП, осы келісім тараптары төмендегілер туралы уағдаласты:

І БАП
Қарыз беру ережелері; Анықтамалар

      1.01-бөлім. 2001 жылғы 1 шілдедегі АДБ-ның Әдеттегі капитал ресурстарынан бөлінетін қарыздарға Лондон банкаралық ставкасы бойынша қолданылатын жай операциялар үшін қарыз беру ережелерінің барлығы (бұдан әрі Қарыз беру қағидалары деп аталады) осы арқылы қарыз туралы аталған келісімге осы келісімнің мәтінінде жазылғандай күшпен және қолданыста, алайда төмендегі өзгерістерді сақтай отырып, қолданылатын болып есептеледі:
      (а) 3.03-бөлім алып тасталды және төмендегімен ауыстырылды:

Резервтегені үшін комиссия; Кредит.

      (a) Қарыз алушы осы қарыз туралы келісімде көзделген ставкалар мен шарттар бойынша қарыздың талап етілмейтін сомасы бойынша резервтегені үшін комиссия төлеуге міндеттенеді.
      (b) АДБ Қарыз алушыға қарыз туралы осы келісімде көзделген ставка бойынша кредит беруге міндеттенеді, әрі мұндай кредит қарыз мерзімі аяқталғанға дейін тіркелген болып қалады. АДБ Қарыз алушының төлеуге тиіс пайыздарға кредиттің сомасын қолдануға міндеттенеді.

      (b) 3.06-бөлім алып тасталды және төмендегімен ауыстырылды:
      3.06-бөлім Өтеу. (а) Жаңа қарыздарға қолданылатын тіркелген спредтің төмендетілетіні туралы АДБ-ның әрбір хабарламасынан кейін АДБ неғұрлым жоғары тіркелген спред қолданылатын, талап етілмеген қарызы бар әрбір Қарыз алушыға өтем беруге міндеттенеді. Өтем сомасы талап етілмеген қарызға қолданылатын тіркелген спред пен жаңа қарыздарға қолданылатын тіркелген спред (жылдық пайыздық мән түрінде көрсетілген) айырмасын (і) жаңа қарыздарға қолданылатын, төмендетілген тіркелген спред күшіне енген күннен бастап және одан кейін барлық пайыздық кезеңдер ішінде пайыздарды төлеуге Қарыз алушы міндеттенетін, талап етілмеген қарыздың негізгі сомасына (іі) көбейту жолымен айқындалатын болады.
      (b) Қарыздың кез келген валютасына (немесе бекітілген валютаға) қатысты оның қаржыландыру құны маржасын есептеулері кез келген жарты жылдықта АДБ-ның қаражатын үнемдеуге әкелгені туралы АДБ-ның әрбір хабарламасынан кейін АДБ Қарыз алушыға өтем беруге міндеттенеді. Өтем сомасы қаржыландыру құнының маржасын (і) (жылдық пайыздық мән түрінде көрсетілген) қаржыландыру құнының маржасы есептелген жарты жылдықтан кейін тікелей басталатын пайыздық кезең ішінде пайыздарды төлеуге Қарыз алушы міндеттенетін қарыздың негізгі сомасына (іі) көбейту жолымен айқындалады, АДБ қаржыландыру құнының маржасы есептелген жарты жылдықтан кейін дереу басталатын пайыздық кезең ішінде Қарыз алушының төлеуіне жататын пайыздарға өтем сомасын қолдануға міндеттенеді.

      (c) 3.07-бөлім алып тасталды және төмендегімен ауыстырылды:
      «3.07-бөлім Қосымша сома. (а) Жаңа қарыздарға қолданылатын тіркелген спредтің өсетіні туралы АДБ-ның әрбір хабарламасынан кейін неғұрлым төмен тіркелген спред қолданылатын, талап етілмейтін қарызы бар әрбір Қарыз алушы АДБ-ға қосымша сома төлеуге міндеттенеді. Аталған қосымша соманың мөлшері (і) жаңа қарыздарға қолданылатын тіркелген спред пен талап етілмейтін қарызға қолданылатын тіркелген спред (жылдық пайыздық мән түрінде көрсетілген) айырмасын (іі) талап етілмейтін қарыздың негізгі сомасына көбейту жолымен айқындалатын болады, ол бойынша Қарыз алушы жаңа қарыздарға қолданылатын, арттырылған тіркелген спред күшіне енген күннен бастап және одан кейін барлық пайыздық кезеңдер ішінде пайыздарды төлеуге міндеттенеді.
      (b) Қарыздың кез келген валютасына (немесе бекітілген валютаға) қатысты оның қаржыландыру құны маржасын есептеулері кез келген жарты жылдықта АДБ шеккен қосымша шығындарға әкеліп соққаны туралы АДБ-ның әрбір хабарламасынан кейін Қарыз алушы АДБ-ға қосымша сома төлеуге міндеттенеді. Аталған қосымша соманың мөлшері (і) қаржыландыру құнының маржасын (жылдық пайыздық мән түрінде көрсетілген) (іі) қарыздың негізгі сомасына көбейту жолымен айқындалады, ол бойынша Қарыз алушы қаржыландыру құнының маржасы есептелген жарты жылдықтан кейін дереу басталатын пайыздық кезең ішінде пайыздарды төлеуге міндеттенеді. АДБ қосымша ақы төлеу мөлшерін қаржыландыру құнының маржасы есептелген жарты жылдықтан кейін дереу басталатын пайыздық кезең ішінде Қарыз алушының төлеуіне жататын пайыздарға қосуға міндеттенеді.
      1.02-бөлім. Егер түпмәтін бойынша өзгеше талап етілмесе, осы Қарыз туралы келісімде қолданылған әрбір жағдайда Қарыз беру қағидаларында анықтамасын алған мына терминдер, оларда баяндалған тиісті мағынаға ие болады. Мынадай терминдердің мына төмендегідей мағыналары бар:
      (a) ОАӨЭЫ Орталық-Азия Өңірлік Экономикалық Ынтымақтастықты білдіреді.
      (b) «ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі» - Қытай Халық Республикасымен (ҚХР) шекарадағы Қорғастан Алматы мен Шымкент арқылы Ресей Федерациясымен батыс шекараға дейін өтетін «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізін білдіреді;
      (c) «Консультациялық қызметтерді тарту жөніндегі нұсқау» Азия Даму Банкінің және оның Қарыз алушыларының консультанттардың қызметтерін тартуы жөніндегі АДБ нұсқауын (мерзімді түзетулері бар 2007 жылғы) білдіреді;
      (d) «Консультациялық қызметтер» Қарыз туралы осы келісімге 1-қосымшаның 2-тармағына сәйкес Қарыздан түсетін табыс есебінен қаржыландырылатын қызметтерді білдіреді, алайда, келісімшарттық жұмыстарды орындау бөлігінде ұсынылатын кез келген қызмет көрсетулер болмайды.
      (e) «ЭБШНҚ» Қарыз алушы мен АДБ арасында келісілген және ҚНК-ға 5-қосымшаның сілтемесі арқылы енгізілген экологиялық бағалау және шолудың негіздемелік құжатын білдіреді;
      (f) «ҚОӘБ» Жоба үшін Қарыз алушы дайындаған және АДБ-мен келісілген Қоршаған ортаға әсер етуді бағалауды білдіреді;
      (g) «ҚОБЖ» Қоршаған ортаға әсер етуді бағалауға (ҚОӘБ) енгізілген Қоршаған ортаны басқару жоспарын білдіреді;
      (h) ҚНК Қарыз туралы осы келісімнің декларативтік (А) бөлігінде берілген мағынаға ие болады;
      (і) «Инвестициялық Бағдарлама» Қарыз туралы осы келісімнің декларативтік (А) бөлігінде берілген мағынаға ие болады;
      (j) ЖХЫА қарызы Қарыз туралы осы келісімнің декларативтік (С) бөлігінде берілген мағынаға ие болады;
      (k) ЖХЫА қарызы туралы келісім ЖХЫА қарызына қатысты Қарыз алушы мен Жапония Халықаралық Ынтымақтастық Агенттігі арасындағы Қарыз туралы келісімді білдіреді.
      (l) «км» төменде көрсетілгендей, жол жобасы бойынша километр санының дәл белгілерімен көрсетілген жерді және «км» километрді білдіреді;
      (m) «ЖСҚНҚ» Қарыз алушы мен АДБ арасында келісілген және ҚНК-ның 5-қосымшасының сілтемесі арқылы енгізілген Жерді сатып алу және қоныс аудару жөніндегі негіздемелік құжатты білдіреді;
      (n) «ЖСҚЖ» Жоба үшін Жерді сатып алу және қоныс аудару жоспарын білдіреді;
      (o) «Қарыз қаражатының төлемдері бойынша анықтамалық» Қарыз қаражатының төлемдері бойынша АДБ-ның анықтамалығын (мерзімді түзетулері бар 2007 жылғы) білдіреді;
      (p) «ККМ» Қарыз алушының Көлік және коммуникация министрлігін білдіреді;
      (q) «облыс» Қарыз алушының аумақтық-әкімшілік бірлігін білдіреді;
      (r) «Бөлік» Қарыз туралы осы келісімге 1-қосымшада көрсетілгендей, Жобаның бөлігін білдіреді;
      (s) «ЖБК-АДБ» Инвестициялық бағдарламаның 1-жобасы шеңберінде құрылатын жобаны басқару жөніндегі консультанттар тобын білдіреді;
      (t) «Сатып алу жөніндегі нұсқау» АДБ-ның Сатып алу жөніндегі нұсқауын (мерзімді түзетулері бар 2007 жылғы) білдіреді;
      (u) «Сатып алу жоспары» Қарыз алушы мен АДБ арасында келісілген Сатып алу жөніндегі нұсқауға, Консультациялық қызметтерді тарту жөніндегі нұсқауға және АДБ-мен келісілген басқа да іс-шараларға сәйкес мерзімді жаңартулармен 2010 жылғы 30 маусымдағы Жоба үшін сатып алу жоспарын білдіреді;
      (v) «Жоба» Қарыз туралы осы келісімге декларативтік (В) бөлігінде берілген мағынаға ие болады;
      (w) «Жоба бойынша атқарушы агенттік» Қарыз беру қағидаларының мақсаттары үшін және оның айқындамасы шеңберінде ККМ-ін және жобаны орындауға жауапты оның кез келген құқықтық мирасқорын білдіреді;
      (х) «Жобаланған жолы» Қарыз туралы осы келісімнің 1-қосымшасында толық көрсетілген, 1-бөлім мен 2-бөлімге сәйкес салынатын, жақсартылатын немесе қайта қалпына келтірілетін жолдардың учаскелерін білдіреді;
      (y) «Жұмыстар» консультациялық қызметтерді қоспағанда, қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын, бұрғылау немесе картаға түсіру сияқты қызметтерді және жобаға қатысты, бірыңғай міндеттемелердің не «пайдалануға берілген» құрылысқа келісімшарт бөлігі ретінде көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, құрылысты немесе азаматтық-құрылыс жұмыстарын білдіреді.

ІІ БАП
Қарыз

      2.01-бөлім. (а) АДБ Қарыз алушыға АДБ-ның әдеттегі капитал ресурстарынан бір жүз жетпіс үш миллион АҚШ доллары ($ 173,000,000) сомасына қарыз беруге келіседі, әрі бұл соманы Қарыз туралы осы келісімнің 2.06-бөлімінің ережелеріне сәйкес Айырбастау шеңберінде кезең-кезеңімен айырбастауға болады.
      (b) Қарызды негізгі өтеу кезеңі 15 жыл деп және осы Бөлімнің (с) тармағында айқындалған жеңілдікті өтеу кезең көзделеді.
      (с) Осы Бөлімнің (b) тармағында пайдаланылатын «жеңілдікті кезең» деген анықтама Қарыз туралы осы келісімнің 2-қосымшасында баяндалған өтеу кестесіне сәйкес Қарыздың негізгі сомасын өтеу төлемінің бірінші күнінің алдындағы кезеңді білдіреді.
      2.02-бөлім. Қарыз алушы АДБ-ға талап етілген және талап етілмеген қарыздың негізгі сомасына Лондон банкаралық ставкасының сомасына тең әрбір пайыздық кезеңнің ставкасы бойынша кезең-кезеңімен Қарыз беру қағидаларының 3.03-бөліміне сәйкес жылына 0.40 % кредитті шегере отырып, Қарыз беру қағидаларының 3.02-бөліміне сәйкес жылына 0.60 % проценттер төлеуге міндеттенеді.
      2.03-бөлім. Қарыз алушы жыл сайын 0.15 % сомасында резервтегені үшін комиссия төлеуге міндеттенеді. Бұл комиссия Қарыз туралы осы келісімге қол қойылған күннен кейін алпыс (60) күн өткен күннен бастап қарыздың толық сомасына (кезең-кезеңімен алынатын соманы шегергенде) есептеледі.
      2.04-бөлім. Проценттер мен Қарыз жөніндегі өзге де төлемдер жарты жылда бір рет әрбір жылдың 15 наурызында және 15 қыркүйегінде төленуге тиіс.
      2.05-бөлім. Қарыз алушы қарыз туралы осы келісімнің 2-қосымшасындағы ережелерге сәйкес Несие шотынан талап етілген қарыздың негізгі сомасын төлеуге міндеттенеді.
      2.06-бөлім. (а) Қарыз алушы борышты ұтымды реттеуді қамтамасыз ету мақсатында кез келген уақытта Қарызды төмендегідей айырбастаудың кез келгенін сұратуға құқылы:
      (і) Төленген және талап етілмеген немесе төленбеген қарыздың толық немесе ішінара сомасының қарыз валютасын бекітілген валютаға өзгерту;
      (іі) Талап етілген және талап етілмеген қарыздың толық немесе ішінара негізгі сомасына қолданылатын базалық пайыздық ставканы, өзгермелі пайыздық ставкадан тіркелген ставкаға және керісінше өзгерту; және
      (ііі) Пайыздық ставканың тіркелген ең жоғары деңгейін немесе кез келген көрсетілген өзгермелі пайыздық ставканың ең төменгі деңгейін белгілеу жолымен, талап етілетін немесе талап етілмейтін қарыздың толық немесе ішінара сомасына қолданылатын өзгермелі пайыздық ставкаға лимиттерді бекіту.
      (b) Осы Бөлімнің (а) тармағына сәйкес АДБ мақұлдаған айырбастау туралы кез келген сауалды Қарыз беру қағидаларының 2.01 (6) бөлімінің анықтамасы бойынша «Айырбастау» деп және ол Қарыз беру қағидаларының V Бабының және Айырбастау жөніндегі нұсқаудың ережелеріне сәйкес күшіне енеді деп есептеу керек.

III БАП
Қарыз қаражатын пайдалану

      3.01-бөлім. Қарыз алушы жоба бойынша шығындарды қаржыландыруға арналған қарыз қаражатын Қарыз туралы осы келісімнің ережелеріне сәйкес пайдалануға міндеттенеді.
      3.02-бөлім. Барлық қарыз қаражаты Қарыз туралы осы келісімнің 3-қосымшасының ережелеріне сәйкес бөлінуге және алынуға тиіс, бұл ретте Қарыз алушы мен АДБ-ның келісімі бойынша осы Қосымшаға кезең-кезеңмен өзгерістер жасауға жол беріледі.
      3.03-бөлім. Егер АДБ өзгеше көрсетпесе, Қарыз алушы барлық шығыс баптарын барлық санаттарын Қарыз туралы осы келісімнің 4-қосымшасының қолданылатын ережелеріне сәйкес жүргізеді және жүргізуді ұйымдастырады. Қарыз алушы мен АДБ келіскен рәсімдер шеңберінде барлық мұндай санаттар елеулі дәрежеде сатып алынбаған не келісімшарттың мерзімдері мен шарттары АДБ талаптарын  қанағаттандырмаған жағдайда, АДБ келісімшартты қаржыландырудан бас тартуға құқылы.
      3.04-бөлім. Егер АДБ өзгеше келіспесе, Қарыз алушы қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын барлық шығыс баптарын жобаны орындау мақсатында ғана пайдалануын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
      3.05-бөлім. Қарыз беру қағидаларының 9.02-бөлімінде баяндалған мақсаттар үшін қарыз шотынан қаражат алу үшін жабу күні болып 2013 жылғы 30 желтоқсан не Қарыз алушы мен АДБ арасында келісілетін осындай басқа бір күн есептеледі.

IV БАП
Ерекше жағдайлар

      4.01-бөлім. (а) Қарыз алушы Жобаны тиісті жауапкершілікпен әрі тиімділікпен және практиканың ұтымды инженерлік, қаржылық, экономикалық және әлеуметтік талаптарына сәйкес орындауды қамтамасыз етуге міндеттенеді.
      (b) Жобаны іске асыру және Жоба объектілерін пайдалану процесінде Қарыз алушы Қарыз туралы осы келісімнің 5-қосымшасында баяндалған барлық міндеттемелерді орындауға не олардың орындалуын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
      4.02-бөлім. Қарыз алушы Жобаны орындау үшін және Жоба объектілерін пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету үшін қажетті құралдарды, объектілерді, қызметтерді, жер учаскелерін және өзге де ресурстарды қарыз қаражатына қосымша түрде қажет болуына қарай дереу қамтамасыз етуге міндеттенеді.
      4.03-бөлім. (а) Жобаны іске асыру процесінде Қарыз алушы АДБ үшін қолайлы, Қарыз алушы мен АДБ-ның талаптарына жауап беретіндей дәрежеде, мерзім мен шарттарда құзыретті және білікті консультанттар мен мердігерлерді жалдауды қамтамасыз етуге міндеттенеді.
      (b) Қарыз алушы Жобаны АДБ үшін қолайлы жоспарларға, жобалау стандарттарына, жұмыс ерекшеліктеріне, кестелеріне және құрылыс әдістеріне сәйкес іске асыруды қамтамасыз етуге міндеттенеді. Қарыз алушы осы жоспарларды, жобалау стандарттарын, жұмыс ерекшеліктері мен кестелерін дайындағаннан кейін дереу, сондай-ақ көрсетілген құжаттарға АДБ негізді түрде талап ететін толық дәрежеде жасалған кез келген елеулі өзгерістерді беруге не олардың АДБ-ға берілуін қамтамасыз етуге міндеттенеді.
      4.04-бөлім. Қарыз алушы Жобаны орындауға және Жоба объектілерін пайдалануға қатысты өз департаменттері мен ұйымдарының барлық іс-әрекеттері ұтымды әкімшілік саясат пен рәсімдерге сәйкес жүргізілуіне және үйлестірілуіне көз жеткізуге міндеттенеді.
      4.05-бөлім. (а) Қарыз алушы (і) Жоба үшін жекелеген есептілік жүргізуге не оның жүргізілуін қамтамасыз етуге; (іі) біліктілігі, жұмыс тәжірибесі мен құзыретінің саласы АДБ-ның талаптарына жауап беретін тәуелсіз аудиторлардың аудиттің тиісті стандарттарын нақты қолдана отырып, осы шоттарға және тиісті қаржы есептеріне жыл сайын аудит жүргізуіне; (ііі) алғанына қарай, бірақ әрбір тиісті фискальды жыл аяқталған кезден бастап алты (6) ай өткеннен кейін кешіктірмей, осы шоттардың және аудиттен өткен қаржылық есептердің расталған көшірмелерін және аудиторлардың тиісті есебін (қарыз қаражатын пайдалануға және қаржылық шарттардың Қарыз туралы осы келісімге сәйкес келуіне қатысты аудиторлардың пікірлерін қоса алғанда) ағылшын тілінде АДБ-ға беруге; сондай-ақ АДБ-ның (iv) мерзімді негізді талаптары бойынша осы шоттар мен қаржылық есептерге және аудитке қатысты өзге ақпаратты АДБ-ға беруге міндеттенеді.
      (b) Қарыз алушы АДБ-ның талабы бойынша, Қарыз алушының жоба үшін қаржылық есептерін және оның Жобаға қатысы бар қаржы істерін жоғарыда көрсетілген 4.05 (а) бөлімге сәйкес Қарыз алушы жалдаған аудиторлармен кезең-кезеңімен талқылау құқығын АДБ-ға беруге міндеттенеді және егер Қарыз алушы өзгешеге келісім бермесе, кез келген осындай талқылау Қарыз алушының уәкілетті өкілінің қатысуымен ғана өткізілген кезде, АДБ-ның сұрауы бойынша, осындай талқылауға аудиторлардың кез келген өкілінің қатысуына өкілеттік беруге және оны талап етуге міндеттенеді.
      4.06-бөлім. Қарыз алушы АДБ өкілдеріне Жобаны және Жоба объектілерін, сондай-ақ кез келген тиісті жазбалар мен құжаттарды инспекциялау мүмкіндігін беруге міндеттенеді.
      4.07-бөлім. Қарыз алушы барлық жоба объектілерінің ұтымды инженерлік, қаржылық, экономикалық және әлеуметтік қауіпсіздік шараларына, сондай-ақ жолдарды пайдалану және оларға қызмет көрсету рәсімдеріне сәйкес пайдаланылуын, күтіп ұсталуын және жөнделуін қамтамасыз етуге міндеттенеді.

V БАП
Құқықтың тоқтатыла тұруы, өтеу мерзімінің уақытынан бұрын басталуы

      5.01-бөлім. Бұдан әрі Қарыз беру қағидаларының 9.01 (I) бөлімінің мақсаттары үшін Қарыз алушының қарыз шотынан қаражат алу құқығын уақытша тоқтата тұрудың қосымша жағдайлары көзделеді: ЖХЫА қарызы тоқтатыла тұруға жатады.
      5.02-бөлім. Бұдан әрі Қарыз беру қағидаларының 9.07 (I) бөлімінің мақсаттары үшін өтеу мерзімі уақытынан бұрын басталатын қосымша жағдайлар көзделген: 5.01 бөлімде көрсетілген жағдай орын алуы тиіс.

VI БАП
Күшіне енуі

      6.01-бөлім. Қарыз туралы осы келісімге қол қойылған күннен соң алпыс (60) күн өткеннен кейінгі күн Қарыз беру ережелерінің 10.04-бөлімінде баяндалған мақсаттар үшін Қарыз туралы келісімнің күшіне ену күні болып есептеледі.

VII БАП
Өзге де ережелер

      7.01-бөлім. Қарыз алушының Қаржы министрі Қарыз беру қағидаларының 12.02-бөлімінде баяндалған мақсаттар үшін Қарыз алушының өкілі ретінде әрекет етеді.
      7.02-бөлім. Төмендегі деректемелер Қарыз беру қағидаларының 12.01-бөлімінде баяндалған мақсаттар үшін көрсетіліп отыр:

      Қарыз алушы үшін
      Қаржы министрлігі
      Жеңіс даңғылы, 11
      Астана, 010000
      Қазақстан Республикасы
      Факс
      +7(7172)71 77 85

      АДБ үшін
      Asian Development Bank
      P.O. Box 789
      0980 Manila, Philippines
      Факс
      (632) 636-2444
      (632) 636-2448.

      ЖОҒАРЫДА БАЯНДАЛҒАНДЫ РАСТАУ үшін осы келісімнің тараптары атынан олардың уәкілетті өкілдері Қарыз туралы осы келісімнің жасалуын тиісті қол қоюмен және оны АДБ-ның штаб-пәтеріне жоғарыда көрсетілген күні мен жылы жеткізумен қамтамасыз етті.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
______________________
    Уәкілетті өкіл  

АЗИЯ ДАМУ БАНКІ   
______________________

1-ҚОСЫМША
Жобаның сипаттамасы

      1. Инвестициялық бағдарламаның мақсаты - Жамбыл облысындағы тиімді көлік жүйесін дамыту жолымен Қарыз алушының тұрақты экономикалық дамуына жәрдемдесу.
      2. Жоба Инвестициялық бағдарламаның бір бөлігі болып табыла отырып, мынадай Бөліктерден тұрады:

      1-бөлік: Қарыз қаржыландыратын жол учаскелеріндегі жұмыстар;
      (a) Жамбыл облысында 162 км мен 260 км арасында орналасқан 2 жолақты (шамамен ұзындығы) 80 км болатын жаңа жол салу; және
      (b) Қырғыз Республикасымен шекараға қарай (ұзындығы шамамен) 13 км болатын кіреберіс жолды реконструкциялау, сондай-ақ осы жолдың (ұзындығы шамамен) 5 км-ін Қарыз алушының тиісті мемлекеттік стандарттарында айқындалған II санатты асфальт жамылғысымен салу.

      2-бөлік: ЖХЫА Қарызы шеңберінде қаржыландырылған жол учаскелеріндегі жұмыстар
      (a) Жамбыл облысында 383 км мен 404 км арасында орналасқан Құлан айналмасының (шамамен ұзындығы) 5,2 км болатын қазіргі жолын Қарыз алушының мемлекеттік стандарттарына сәйкес I санатты бетон жамылғысымен 4 жолаққа дейін жақсарту; және
      (b) Құлан айналмасының жоғарыда көрсетілген учаскесімен қосу үшін Қарыз алушының мемлекеттік стандарттарына сәйкес I санатты бетон жамылғысымен 4 жолақты жаңа (шамамен ұзындығы) 14,8 км болатын айналма жол салу.

      3-бөлік: Құрылысты қадағалау бойынша консультациялық қызметтер
      1-бөлік мен 2-бөлікке сәйкес салынып жатқан, жақсартылатын немесе қалпына келтірілетін жолдарға байланысты құрылыстарды қадағалауды ұсыну.

      3. Жобаның 2013 жылғы 1 шілдеге қарай аяқталуы күтілуде.

2-ҚОСЫМША
Қарызды өтеу кестесі
(ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі [Жамбыл облысындағы учаскелер]
(Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі)
Инвестициялық бағдарлама - 3-жоба)

      1. Төмендегі кестеде Қарыздың негізгі сомасын төлеу күні және Қарыздың негізгі сомасын төлеудің әрбір күніне төленуге тиіс қарыздың жалпы негізгі сомасының пайызы көрсетілген (Кезекті жарна). Егер қарыз қаражаты қарыздың негізгі сомасын өтеу төлемінің бірінші күнінде толық көлемде алынған болса, онда қарыздың негізгі сомасын төлеудің әрбір күніне Қарыз алушы өтеуге тиіс қарыздың негізгі сомасын АДБ: (a) негізгі қарызды өтеуге төлемнің бірінші күніне талап етілетін және талап етілмейтін қарыздың жалпы негізгі сомасын; (b) негізгі қарызды өтеуге төлемнің әрбір күні үшін Кезекті жарнасына көбейту арқылы анықтайды, мұндай өтеу сомасы Валютаны айырбастау қолданылатын осы Қосымшаның 4-тармағында сипатталған кез келген сомаларды шегеру қажеттілігіне орай түрлендіріледі.

      Төлем күні                       Кезекті жарна
                                      (%-ке шаққанда)
15 қыркүйек 2014                          3,333333
15 наурыз 2015                            3,333333
15 қыркүйек 2015                          3,333333
15 наурыз 2016                            3,333333
15 қыркүйек 2016                          3,333333
15 наурыз 2017                            3,333333
15 қыркүйек 2017                          3,333333
15 наурыз 2018                            3,333333
15 қыркүйек 2018                          3,333333
15 наурыз 2019                            3,333333
15 қыркүйек 2019                          3,333333
15 наурыз 2020                            3,333333
15 қыркүйек 2020                          3,333333
15 наурыз 2021                            3,333333
15 қыркүйек 2021                          3,333333
15 наурыз 2022                            3,333333
15 қыркүйек 2022                          3,333333
15 наурыз 2023                            3,333333
15 қыркүйек 2023                          3,333333
15 наурыз 2024                            3,333333
15 қыркүйек 2024                          3,333333
15 наурыз 2025                            3,333333
15 қыркүйек 2025                          3,333333
15 наурыз 2026                            3,333333
15 қыркүйек 2026                          3,333333
15 наурыз 2027                            3,333333
15 қыркүйек 2027                          3,333333
15 наурыз 2028                            3,333333
15 қыркүйек 2028                          3,333333
15 наурыз 2029                            3,333333
Жиыны                                        100

      2. Егер қарыз қаражаты негізгі қарызды өтеу төлемінің бірінші күнгі сәтіне толық көлемде талап етілмесе, қарыз алушы төлеуге тиісті қарыздың негізгі сомасы, негізгі қарызды өтеуге төлемнің әрбір күніне мынадай түрде айқындалады:
      (a) негізгі қарызды өтеуге төлемнің бірінші күніне дейін талап етілуге тиісті кез келген қарыз қаражаты дәрежесінде Қарыз алушы осы Қосымшаның 1-тармағына сәйкес осы күнгі сәтке талап етілген және талап етілмеген соманы төлеуге міндеттенеді.
      (b) негізгі қарызды өтеуге төлем жүргізілген бірінші күннен кейін қаражатты кез келген алу әрбір алу сомасын негізгі қарызды (бастапқы кезекті жарнаны) өтеуге жоғарыда аталған төлем күні үшін, алымы осы Қосымшаның 1-тармағындағы кестеде көрсетілген бастапқы Кезекті жарнаны құрайтын бөлшекке көбейту жолымен АДБ айқындаған сомаларда осы алу күнгі кезден кейін түсетін негізгі қарызды өтеуге төлемнің әрбір күнінде өтелуге тиіс және оның бөлгіші осы күнгі кезге немесе кейін түсетін негізгі қарызды өтеуге төлемдер күні үшін барлық қалған бастапқы Кезекті жарналардың сомасын құрайды, бұл төлем сомалары, оларға Айырбастау қолданылатын осы Қосымшаның 4-тармағында көрсетілген сомаларды шегеру үшін қажет болған кезде түрлендірілетін болады.
      3. Негізгі өтеудің кез келген күні төленуге тиісті негізгі сомаларды есептеу мақсатында ғана негізгі қарызды өтеуге төлемдердің кез келген күніне дейін күнтізбелік екі ай ішінде жүргізілген қаражат алуды алынған күннен кейінгі негізгі қарызды өтеу төлемінің екінші күнгі кезіне талап етілген және талап етілмеген деп есептеледі және бұл сома қаражат алынған күннен кейінгі негізгі борышты өтеу төлемінің екінші күнінен бастап негізгі қарызды өтеуге төлемнің әрбір күнінде төленуге тиіс.
      4. Осы Қосымшаның 1 және 2-тармақтарының ережелеріне қарамастан, валюталар толық көлемде немесе ішінара талап етілген қарыздың негізгі сомасының қаражаты бекітілген валютаға айырбасталған кезде Айырбастау кезеңі ішінде негізгі соманы кез келген өтеу күнінде өтелуге тиіс жоғарыда аталған бекітілген валютаға айырбасталған қаражат сомасын АДБ тікелей жоғарыда аталған Айырбастау алдында ірілендірілген валютадағы бұл соманы не: (і) жоғарыда аталған Айырбастауға жататын валюталарды қос айырбастау шеңберінде АДБ-ға төленуге тиіс, көрсетілген бекітілген валютада көрініс табатын соманы валюта айырбастау бағамына; не (іі) Айырбастау жөніндегі нұсқауға сәйкес АДБ-ның шешімі бойынша бекітілген ставкадағы валюталар айырбастау бағамының құрамдасына көбейту жолымен айқындайды.
      5. Егер талап етілген және талап етілмеген қарыздың негізгі сомасы қарыздың бірден артық валютасында кезең-кезеңімен номиналданса, осы Қосымшаның ережелері осы әрбір сома үшін жеке өтеу кестесін әзірлеу мақсатында Қарыздың әрбір валютасына номиналданған сомаларға жеке қолданылуға тиіс.

3-ҚОСЫМША
Қарыз қаражатын бөлу және алу

      Жалпы ережелер
      1. Осы Қосымшадағы (Осы Қосымшаға Толықтыруда көрсетілгендей) кестеде (бұдан әрі Кесте деп аталатын) қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын шығыстар баптарының Санаттары, сондай-ақ әрбір осындай Санат үшін қарыз сомасын бөлу баяндалады. (Осы қосымшада айтылған «Санат» немесе «Санаттар» деген ұғымдар кестенің Санатына немесе Санаттарына жатады).

      АДБ қаржыландыруының пайыздық мәндері
      2. Егер АДБ өзгеше келіспесе, шығыс баптарының әрқайсысы қарыз қаражаты есебінен Кестеде көрсетілген пайыздық мәндер негізінде қаржыландырылатын болады.

      Қайта бөлу
      3. Кестеде көрсетілген қарыз қаражатын және қаражатты алу пайызын бөлуге қарамастан,
      (a) егер кез келген санат үшін бөлінген қарыз сомасы осы Санаттың келісілген барлық шығыстарын қаржыландыру үшін жеткіліксіз болып табылса, АДБ Қарыз алушыға хабарлау жолымен, (і) басқа Санат үшін бөлінген, бірақ АДБ пікірі бойынша басқа шығыстарды қаржыландыруға қажет емес қаражат есебінен қаражат тапшылығының орнын толтыру үшін қажетті дәрежеде осы Санат үшін қаражатты қайта бөлуге құқылы, сондай-ақ (іі) егер бұл қайта бөлу есептелген тапшылықтың орнын толығымен толтыра алмаса, осы Санат үшін бұдан былайғы алулар барлық шығыстар жабылғанға дейін бұл шығыстар үшін қаражатты алу пайызын азайтуға; және
      (b) қандай да бір Санатқа бөлінген қарыздың сомасы осы Санаттағы барлық келісілген шығыстардан асып түссе, АДБ Қарыз алушыға хабарлай отырып, артық соманы басқа Санаттың пайдасына қайта бөлуге құқылы.

      Қарыз төлеу рәсімі
      4. Егер АДБ өзгеше келіспесе, қарыз қаражаты АДБ-ның Қарыз қаражатын төлеу жөніндегі анықтамалығына сәйкес төленуге тиіс.

      Қаражат алу үшін шарт
      5. ЖХЫА қарызы туралы келісім тиісінше қол қойылып, Қарыз алушының тапсырмасы бойынша жеткізілуге тиіс, Қарыз алушы үшін міндетті заңды күші болуға тиіс, сондай-ақ оның күшіне енуі үшін барлық алдын ала шарттар орындалу қажет.

      3-қосымшаға толықтыру

                              КЕСТЕ

ҚАРЫЗ ҚАРАЖАТЫН БӨЛУ ЖӘНЕ АЛУ
(ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі [Жамбыл облысындағы учаскелер]
(Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі)
Инвестициялық бағдарлама - 3-жоба)
САНАТ АДБ-ның ҚАРЖЫЛАНДЫРУ НЕГІЗІ
Нөмір Атау АДБ-ның қаржыландыруы үшін бөлінген жалпы сома $
Санат
Қарыз шотынан алу үшін пайыз және негіз

1

1-бөлік үшін жұмыстар

149,810,00

Шығындардың жалпы сұратылған сомасының 85 пайызы

2

Консультациялық қызметтер (1-бөлік және 2-бөлік үшін)

6,870,000

Шығындардың жалпы сұралған сомасының 100 пайызы*

3

Бөлінбеген қаражат

16,320,000



Жиыны

173,000,000


* Қарыз алушының аумағында алынатын салықтар мен баждарды қоспағанда

4-ҚОСЫМША
Жұмыстар мен консультациялық қызметтерді сатып алу

      Жалпы ережелер
      1. Барлық жұмыстар мен консультациялық қызметтер Сатып алу жөніндегі нұсқауға және Консультациялық қызметтерді тарту жөніндегі нұсқауға сәйкес тиісінше орындалуға және бақылануға тиіс.
      2. Қарыз туралы осы келісімде пайдаланылатын және басқаша айқындалмаған барлық терминдер тиісті жағдайларда Сатып алу жөніндегі нұсқауда және/немесе Консультациялық қызметтерді тарту жөніндегі нұсқауда жазылған мағынаға ие болады.

      Жұмыстарды сатып алу
      3. Егер АДБ өзгеше келіспесе, жұмыстар төменде жазылған сатып алу рәсімдерінің негізінде сатып алынуға тиіс:
      (а) Халықаралық конкурстық сауда-саттық
      (в) Ұлттық конкурстық сауда-саттық
      4. Өзге шарттардан басқа, сатып алу рәсімі Сатып алу жоспарында көрсетілген егжей-тегжейлі уағдаластықтар мен шекті құнға сәйкес орындалуға тиіс. АДБ-мен алдын ала келісілген жағдайда ғана Қарыз алушы сатып алу рәсімін немесе шекті құнды түрлендіруге құқылы, бұл ретте барлық өзгерістер Сатып алу жоспарына толықтырулар ретінде көрсетілуге тиіс.

      Ұлттық конкурстық сауда-саттық
      5. Қарыз алушы мен АДБ ұлттық конкурстық сауда-саттық негізіндегі сатып алу бойынша қандай да бір іс-шаралар өткізуді бастағанға дейін Қарыз алушының конкурстық сауда-саттықты жүргізудің мемлекеттік рәсімдерінің Сатып алу жөніндегі нұсқауға сәйкестігін қамтамасыз етеді. Мұндай рәсімдерге Қарыз алушы мен АДБ арасында келісілген кез келген өзгерістер немесе түсіндірмелер Сатып алу жоспарында көрсетілетін болады. Келісілген өзгерістер немесе түсіндірмелердің кейіннен кез келген өзгеруі Қарыз алушы мен АДБ мұндай өзгерісті бекіткеннен кейін ғана күшіне енеді.

      Консультациялық қызметтерді таңдау
      6. Егер АДБ өзгеше көрсетпесе, Қарыз алушы іріктеудің сапалық және бағалау мөлшерлерін ескере отырып, консультанттарды іріктеу әдісін немесе олардың көрсететін қызметтерінің көлемін қолдануға құқылы.

      Өнеркәсіптік және зияткерлік меншікке құқық
      7. (а) Қарыз алушы сатып алынған жұмыстар (жеке, не басқа тауарлар мен қызметтер құрамында сатып алынған барлық компьютерлік аппараттық және бағдарламалық қамсыздандыруды, компьютерлік жүйелерді қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей) үшінші тұлғалардың өнеркәсіптік немесе зияткерлік меншікке кез келген құқықтарын немесе талабын бұзбауларын немесе қысым жасамауларын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
      (b) Қарыз алушы жұмыстарды сатып алу бойынша барлық келісімшарттар тиісті нұсқамаларды, кепілдіктерді және егер қажет болса, осы тармақтың (а) тармақшасында көрсетілген жағдайларға қатысты мердігер немесе өнім беруші тарапынан зиянды өтеу кепілдігін қамтитынына көз жеткізуге міндеттенеді.
      8. Қарыз алушы ұсынылып отырған консультациялық қызметтер үшінші тұлғалардың өнеркәсіптік немесе зияткерлік меншікке кез келген құқығын немесе талабын бұзбайтынына немесе қысым жасалмайтынына көз жеткізу үшін АДБ қаржыландыратын консультациялармен жасалатын барлық келісімшарттар тиісті нұсқамаларды, кепілдіктерді және егер қажет болса, консультациялар тарапынан зиянды өтеу кепілдігін қамтитынына көз жеткізуге міндеттенеді.

      АДБ-ның Сатып алу туралы шешімдерді мақұлдауы
      9. Егер Қарыз алушы мен АДБ арасында өзгеше келісілмесе және Сатып алу жоспарында өзгеше көрсетілмесе, халықаралық конкурстық рәсімдерге сәйкес сатып алынған барлық келісімшарттар және Консультациялық қызметтер үшін келісімшарттар АДБ-ның алдын ала қарауына жатады.

5-ҚОСЫМША
Жобаны орындау және жобалық объектілерді пайдалану; қаржылық мәселелер

      ІСКЕ АСЫРУ ТӘРТІБІ
      1. ККМ Атқарушы агенттік ретінде жобаны іске асыруға толық жауапкершілікте болады. ККМ және ККМ Автомобиль жолдары комитеті жобаны іске асыруға жауапты ұйым ретінде аталған жобаға тартылған (а) ЖБК-АДБ және (b) құрылысты қадағалау жөніндегі консультанттардан көмек алуға тиіс.
      2. Қарыз алушы ККМ кез келген жұмысты бастағанға дейін құрылысты қадағалауға жауапты консультанттарды жұмылдыратынына көз жеткізеді; (b) жобаны іске асыруға барлық кезең ішінде қолдау көрсету үшін ККМ және ККМ автомобиль жолдары жауапты персоналын тағайындайды; және (с) ККМ жобаны АДБ-мен келісім бойынша енгізу кестесін қолдана отырып, соған сәйкес орындайды.

      Жоба мониторингі оған Шолу және Бағалау
      3. Қарыз алушы ККМ жобаны іске асыру тиімділігінің мониторингі жүйесі арқылы аталған жобаның орындалуына мониторинг және оны бағалау жүргізуді қамтамасыз етуге міндетті. Күтілетін нәтижелер ретінде ұсынылатын басты көрсеткіштер мен көзделетін нәтижелер және мониторинг және дизайн құрылымында жобаның әсерлері талдау үшін қажетті бастапқы деректер болып саналады.
      4. Қарыз Күшіне енген күннен кейінгі 1 жыл ішінде жобаға бірлескен аралық шолу жүргізіледі. Аталған бірлескен аралық шолу РСФ-да баяндалған қарыз алу шарттары мен міндеттемелеріне сәйкес жоба қауіпсіздігінің инженерлік, экологиялық және әлеуметтік шараларына бағытталатын болады. Шолу жобаның және Инвестициялық бағдарламаның табысты іске асырылуын және олардың мақсаттарына көз жеткізуді қамтамасыз ету үшін барлық қажетті аралық өзгерістер жүргізуге мүмкіндік береді.

      Қаржылық басқару жүйесі, аудит және есептілік
      5. Қарыз алушы (а) АДБ талаптарына сәйкес қаржылық басқару жүйесі құрылуына; (b) АДБ әзірлеген техникалық тапсырмаға сәйкес жыл сайынғы негізде жобаның орындалуына аудит жүргізілуіне көз жеткізуге міндетті.
      6. Қарыз туралы осы келісімнің (а) 4.05-бөлімінің және (b) Қарыздар беру қағидаларының VII бабының ережелеріне қарамастан Қарыз алушы жобаны орындауға барлық қатысушылар Қарыздың тиісті қаражатын, ЖХЫА қарызын, сондай-ақ осы мақсат үшін қолданылатын Қарыз алушының қаражатын пайдалану үшін жеке жазбалар мен шоттарды жүргізетініне көз жеткізуге міндеттенеді. Қарыздар беру қағидаларының 7.04-бөлімінде көрсетілген талаптарға қосымша Қарыз алушы АДБ-ға: а) жобаны іске асыру және оған байланысты мәселелер жөніндегі тиісті іс-шаралардың мәртебесі туралы ақпаратты жаңарту үшін қарыз күшіне енген күннен бастап әрбір ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік 10 күн ішінде айлық есептерді, b) қарыз күшіне енген күннен бастап әрбір тоқсан аяқталғаннан кейін 2 апта ішінде қол жеткізілген нәтижелер туралы тоқсандық есептерді және c) орындалу процесі мен мониторинг туралы басқа да есептерді жарты жылда бір рет ұсынуды ККМ-ге тапсырады.

      Бірлесіп қаржыландыру
      7. Қарыз алушы Қарыз туралы осы келісімнің 4.02-бөлімінің жалпы мағынасын шектеместен, Жобаны уақтылы және тиімді орындау үшін қажетті бірлесіп қаржыландырудың барлық қаражатына ККМ үшін жыл сайын бөлінетін бюджет қаражаты түрінде қол жетімділікті қамтамасыз етуге міндеттенеді және қажетті ресурстар уақытында беріліп отырғанына көз жеткізуге міндеттенеді. Қарыз алушы ККМ-нің жобаны іске асыру үшін қаржыландырудағы барлық өзгертілген қажеттіліктерді оның жыл сайынғы даму бағдарламаларына енгізіп отырғанына көз жеткізуге міндеттенеді.

      Құрылыстың сапасы
      8. Қарыз алушы жоба қолданылатын техникалық ерекшеліктер мен жоспарларға сәйкес орындалуын және құрылысты қадағалау, сапаны бақылау және жобаны басқару қолданылатын стандарттарға және үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес жүргізілуін қамтамасыз етуді ККМ-ге тапсырады.

      Жұмыстарға арналған келісімшарттар
      9. Қарыз туралы осы келісімнің 5-қосымшасының 111213-тармақтарының ережелеріне қарамастан, Қарыз алушы жоба, ҚОӘБ және жаңартылған ҚОҚЖ бойынша жолдың тиісті бөлігіне қатысты ЖСҚЖ-ның (атап айтқанда, зардап шеккен адамдарға өтемақыны уақтылы төлеуді қоса алғанда) барлық қолданылатын ережелері сақталғанға дейін тиісті мердігерлерге жұмыстардың басталғаны туралы хабарламалардың біреуінің де берілмеуін қамтамасыз етуді тапсырады. Қарыз алушы ККМ-ге (a) құрылыс жұмыстарына арналған барлық келісімшарттарда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды мердігердің орындау міндеттілігін қамтитынына көз жеткізуін; және (b) жобаланған жолдарды пайдалану кезінде қозғалыстың апаттық және қарқындылық деңгейін мониторинг жүзеге асыруын тапсыруға да тиіс.

      Заңсыз сауда-саттыққа жол бермеу
      10. Қарыз алушы жобаланған жолдарда адамдарды, жабайы жануарларды сирек кездесетін жануарларды және бақыланатын заттарды заңсыз сатуды анықтау және болғызбау үшін сенімді және қатаң шаралар енгізуді қамтамасыз етеді.

      Қоршаған орта
      11. Қарыз алушы ККМ-ге (a) жоба шешімдері, Жоба объектілерінің құрылысы мен оларды пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету АДБ-ның Қауіпсіздік шаралары туралы саясатына (2009), Қарыз алушының, ЭБШНҚ-ның табиғатты қорғау заңнамасы мен нормативтік талаптарына, Инвестициялық бағдарлама үшін дайындалған және АДБ-мен келісілген қоршаған ортаға әсер етудің жалпы бағасына және ҚОӘБ-ға сәйкес жүргізілетініне; және (b) жобаның қоршаған ортаға әлеуетті зиянды әсер етуі ҚОҚЖ-да көрсетілгендей азайтудың барлық шараларын және мониторинг қолдану есебінен төмендегеніне көз жеткізуді тапсырады.
      12. Қарыз алушы ККМ-ге (а) ҚОҚЖ жұмыстар басталуы туралы кез келген хабарлама берілгенге дейін жаңартылғанына; (b) ҚОҚЖ орындалуының іске асырылуы, мониторингі мен есептілігі үшін жеткілікті ресурстар берілгеніне; (c) жарты жылдық экологиялық есептердің дайындалғаны және ол бойынша есеп жасалатын әрбір кезеңнен кейінгі үш (3) айдың ішінде АДБ-ға ұсынылғанына; (d) есептер, басқалардан басқа, ҚОҚЖ орындауындағы жетістіктерге шолуды, проблемаларды және осы проблемаларды шешу жөніндегі шараларды қамтитынына; (е) жоба шеңберіндегі егжей-тегжейлі инженерлік жоспар мен құрылыс жұмыстарына келісімшарттары ҚОӘБ мен ҚОҚЖ-да белгіленген қолданылатын экологиялық шараларды қамтитынына; және (f) ҚОӘБ және ҚОҚЖ талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында мердігерлер бақыланатынына қосымша көз жеткізуді тапсырады.

      Жер сатып алу және қоныс аудару
      13. Қарыз алушы ККМ-ге басқалардан басқа, мынадай: (а) ЖСҚНҚ ережелеріне сәйкес ЖСҚЖ қатысы бар тұрғындардың назарына жеткізілуге тиіс; (b) ЖСҚЖ-ны құрылыс жұмыстарына арналған қандай да бір келісімшарттарды алғанға дейін АДБ-ның қарауына және мақұлдауына ұсыну қажет; (c) жоба үшін қажетті барлық жер учаскелері мен бөлінетін белдеулер дер кезінде сатып алынуға және берілуге тиіс; (d) мыналар: (і) қоныс аударған адамдарға көмек көрсету мақсатында табысын және өмір сүру деңгейін қалпына келтіру үшін жағдай жасайтын жоспарды қамтитын ЖСҚЖ түпкілікті әзірленбейінше; (іі) жобаның тиісті құрауыштары немесе құрылысқа дайын учаскелері үшін әрбір қоныс аударған адамға орнын ауыстырудың толық құнының өтемақысы төленбейінше; (ііі) қоныс аударудың тиісті жоспарында көрсетілген көмектің басқа да түрлері қоныс аударған адамдарға көрсетілмейінше ешқандай күштеп немесе экономикалық қоныс аудару мердігерлерге жұмыстардың басталуы туралы ешқандай да нұсқау жасалмауға тиіс; (e) мәселелер мен шағымдар туындаған кезде оларды уақтылы шешу үшін мүдделеріне жоба әсер ететін адамдарға көмек көрсету үшін шағымдарды қараудың тиімді тетіктері белгіленуге тиіс; (f) ЖСҚЖ-ның іске асырылуын бақылауды және оған мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті персонал мен ресурстар; (g) АДБ үшін қолайлы, мониторинг жүргізу жөніндегі тәуелсіз ұйым ЖСҚЖ-ның сыртқы мониторингін және оны бағалауды жүргізетін және ЖСҚЖ-ның іске асырылу процесінің басында және оның аяқталуы бойынша нәтижелерді АДБ-ға ұсынатын болады; және (h) егер ЖСҚЖ-ны орындау кезеңінде жергілікті жерде, жол айырымдарында кез келген өзгерістер не қоршаған ортаға қосымша әсер және/немесе қоныс аудару анықталса, онда ЖСҚЖ-ға толықтырулар енгізу және ЖСҚЖ-ны одан әрі іске асырғанға дейін АДБ-ның және тиісті үкіметтік органдардың алдын ала мақұлдауын алу қажет деген ережелерді қоса алғанда, Жоба Қарыз алушының қолданыстағы заңнамасына және нормативтік талаптарына, АДБ-ның Қауіпсіздік шаралары туралы саясатына (2009) және ЖСҚНҚ мен ЖСҚЖ-ға сәйкес орындалады.
      14. Қарыз алушы жобаға қатысты жерді жалға алушыларға беру үшін жер учаскелеріне талдау жүргізуді және тең жер іздеуді, немесе қолданылатын құқықтарға және Қарыз алушының заңнамасына, Қауіпсіздік шаралары туралы АДБ саясатына (2009), ЖСҚНҚ және ЖСҚЖ-ға сәйкес олардың тыныс-тіршілік деңгейін қалпына келтіруге көмек көрсету үшін осындай жалға алушыларға басқа да қолдау түрлерін көрсетуге міндеттенеді. Жоғарыда көрсетілгендердің нәтижелері ЖСҚЖ түпкі нұсқасына қоса берілетін болады. Мемлекеттік резервтік жер учаскелерінің жоқ екендігі анықталған жағдайда Қарыз алушы жобаға қатысты жалға алушыларға (жалдау шарты кемінде 5 жыл болатын фермерлерге - жобаға қатысты жалға алушылар) оларда қалған жер учаскесінде (учаскелерінде) өндірісті ұлғайту немесе кеңейту үшін жеткілікті қаржылық немесе техникалық көмек беру жөніндегі шараларды қабылдайды. Жоғарыда ескерілгенге жататын ақпарат, оның ішінде жобаға қатысты жалға алушылардың тізімі, шығындар, кестелер мен осындай өтемақылар бойынша қабылданатын шаралар ЖСҚЖ түпкі нұсқасында айтылатын болады.

      Еңбекті қорғау
      15. Қарыз алушы ККМ-ге:
      (а) құрылыс мердігерлерінің (і) қолданылатын негізгі еңбек стандарттарын, еңбек заңнамасын және жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігінің тиісті нормаларын қолдануды, (іі) еркектер мен әйелдерге тең еңбек үшін тең ақы төлеуді; (ііі) жолдарды салу және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі іс-шаралар кезінде балалар еңбегін пайдаланбауды; (iv) жұмысқа талаптарды баламалы және тиімділікпен орындау шартымен жобаның құрылыстық мақсаттары үшін жергілікті аз қамтылған және тұрмысы нашар халықты барынша жұмысқа орналастырудың ықтимал көлемінде және (v) тәжірибесі бар және тәжірибесі жоқ жұмыс істейтін әйелдерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, және
      (b) АИТВ/ЖҚТБ-ны қоса алғанда, жыныстық жолмен тарайтын аурулар тәуекелдері туралы ақпаратты жоба шеңберінде тартылған мердігерлік ұйымдардың қызметкерлері мен жобаланған жолға тікелей жақын тұратын жергілікті тұрғындар арасында таратуды жүзеге асыруды қамтамасыз етуді тапсырады.

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
      16. Қарыз алушы АДБ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі саясатын (1998 жылғы, қазіргі уақыттағы түзетулерімен) қолдануға міндеттенеді. Қарыз алушы ұтымды басқару, есептілік және ашықтық қағидаттарын қолдану міндеттемесіне сәйкес АДБ тікелей не өзінің агенттері арқылы жобаға қатысты барлық болжамды сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, астыртын сөз байласу немесе мәжбүрлеу жағдайларын тексеруге құқылы екендігімен және Қарыз алушы кез келген мұндай тексерудің қанағаттанарлықтай аяқталуы үшін қажеттігіне қарай тиісті есептер мен жазбаларға қолжетімділікті қамтамасыз етуді қоса алғанда, көмек көрсетудің қажетті деңгейінде кез келген мұндай тексеруге толыққанды ынтымақтасатынына және көмектесетініне келіседі. Бұдан басқа, Қарыз алушы ККМ-ге (а) мердігерлердің қарыз қаражатын алуға және олар бойынша төлемдерге қатысты іс-әрекеттеріне кезеңдік тексерулер жүргізуді; (b) жоба шеңберінде АДБ қаржыландыратын барлық келісімшарттар АДБ-ның аудит жүргізу және барлық мердігерлердің, өнім берушілердің, консультанттардың, сондай-ақ жобаға қатысы бар қызметтердің өнім берушілерінің жазбалары мен шоттарына тексеру жүргізу құқығын белгілейтін ережелерді қамтитынына көз жеткізуді; (с) құрылысты қадағалау жөніндегі консультант мердігерлердің төлем сертификаттарын келісімшарттың жұмыс сызбалары мен ерекшеліктеріне сәйкес тексерілетініне көз жеткізуді; және (d) Инвестициялық бағдарлама үшін әзірленген және АДБ-мен келісілген сыбайлас жемқорлықпен күрес жоспарының орындалуына көз жеткізуді тапсырады.

      Осымен 2010 жылғы 15 желтоқсанда Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі [Жамбыл облысындағы учаскелер] [Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі] Инвестициялық бағдарлама - 3-жоба) осы аудармасы ағылшын тіліндегі мәтінге сәйкес келетінін куәландырамын.

      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрлігі
      Қаржы жұмыстарын үйлестіру
      және бақылау департаментінің
      Басқарма бастығы                           Б. Ахметжанова

      2010 жылғы 15 желтоқсанда Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімнің (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі [Жамбыл облысындағы учаскелер] [Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзиті] Инвестициялық бағдарлама - 3-жоба) бұл көшірмесінің дәлдігін куәландырамын.

      Қазақстан Республикасының
      Сыртқы істер министрлігі
      Халықаралық құқық
      департаментінің
      Басқарма бастығы                           Б. Пискорский

      РҚАО-ның ескертпесі. Бұдан әрі Келісімнің мәтіні ағылшын тілінде берілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады