Байланыс формасы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға және ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 21 маусымдағы № 19-V Заңы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1994 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат):
      156-баптың 4-тармағындағы «заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына» деген сөздер «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. 1997 жылғы 16 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13-құжат; № 3, 26, 27-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар):
      1) мазмұны мынадай мазмұндағы 307-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
      «307-1-бап. Ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалған
                  операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты
                  заңсыз жария ету немесе өзгедей заңсыз пайдалану»;
      2) мынадай мазмұндағы 307-1-баппен толықтырылсын:
      «307-1-бап. Ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалған
                  операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты
                  заңсыз жария ету немесе өзгедей заңсыз пайдалану
      Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалған операциялар туралы қаржы мониторингі субъектілерінен алынған мәліметтер мен ақпаратты заңсыз жария етуі немесе өзгедей заңсыз пайдалануы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соқса -
      бес жүзден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.».
      3. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар; № 23, 113, 115-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 11, 59-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 44-құжат):
      285-баптың үшінші бөлігіндегі «190 (бірінші бөлігінде), 198, 208, 221 (бірінші бөлігінде), 222 (бірінші бөлігінде), 226 (бiрiншi бөлігінде) баптарында» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190 (бірінші бөлігінде), 198208221 (бірінші бөлігінде), 222 (бірінші бөлігінде), 226 (бiрiншi бөлігінде), 307-1-баптарында» деген сөздермен ауыстырылсын.
      4. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлiм) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., №3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат):
      1) 765-баптың 7-тармағындағы «Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында» деген сөздер «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 830-баптың 5-тармағының 4-1) тармақшасындағы «заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында» деген сөздер «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында» деген сөздермен ауыстырылсын.
      5. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат):
      1) мазмұны мынадай мазмұндағы 161-2-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
      «161-2-бап. Дара кәсіпкерде немесе заңды тұлғада төлем
                  карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді
                  жүзеге асыруға арналған жабдықтың
                  (қондырғының) болмауы»;
      2) 161-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «161-1-бап. Төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдердi
                  қабылдаудан бас тарту
      1. Қазақстан Республикасының аумағында сауда қызметін жүзеге асыру (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) кезiнде төлемдерді қабылдауға мiндеттi дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның оларды төлем карточкаларын пайдалана отырып, қабылдаудан бас тартуы -
      дара кәсіпкерлерге – жиырма, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
      дара кәсіпкерлерге – қырық, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      3) мынадай мазмұндағы 161-2-баппен толықтырылсын:
      «161-2-бап. Дара кәсіпкерде немесе заңды тұлғада төлем
                  карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді
                  жүзеге асыруға арналған жабдықтың (қондырғының)
                  болмауы
      1. Қазақстан Республикасының аумағында сауда қызметін жүзеге асыру (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) кезiнде төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға мiндеттi дара кәсіпкерде немесе заңды тұлғада оларды төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асыруға арналған жабдықтың (қондырғының) болмауы -
      дара кәсіпкерлерге – қырық, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
      дара кәсіпкерлерге – сексен, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      4) 168-3-бапта:
      бүкіл мәтін бойынша «жекеше» деген сөз алып тасталсын;
      бесінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің бір жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, тауар биржаларының, ойын бизнесі мен лотереялар ұйымдастырушыларының, аудиторлық ұйымдардың лауазымды адамдарына, алты айға дейінгі мерзімге белгілі бір қызмет түріне лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып немесе біліктілік аттестатынан (куәлігінен) уақытша айыра отырып не олардан айырып немесе заңды тұлғаның қызметін алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрып, нотариустарға, адвокаттарға, дара кәсіпкерлерге – үш жүз сексеннен төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, тауар биржаларына, ойын бизнесі мен лотереялар ұйымдастырушыларына, аудиторлық ұйымдарға – орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға немесе коммерциялық емес ұйымдарға – сегіз жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде, ойын бизнесі мен лотереялар ұйымдастырушыларына, аудиторлық ұйымдарға – ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – бір мың сегіз жүзден екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
      «Ескерту. Осы бапта нотариустар деп ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен нотариаттық іс-әрекетті жүзеге асыратын нотариустар түсініледі.»;
      5) 203-бапта:
      бірінші абзацтағы «төрт мың» деген сөздер «бір мың» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші абзацтағы «бес процентiне дейiнгi мөлшерде» деген сөздер «бес пайызы мөлшерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) 570-баптың бірінші бөлігіндегі «163» деген цифрлар «161-2, 163» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      7) 636-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының отыз алтыншы абзацы «168-1,» деген цифрлардан кейін «203,» деген цифрлармен толықтырылсын.
      6. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-І, 22-ІІ, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат):
      1) 257-баптың 1-тармағында:
      бірінші бөлікте:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) осы тармақшада өзгеше көзделмесе, салық салынатын айналым мақсаттарында пайдаланылмайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi.
      Қосылған құн салығы, егер ол салық салынбайтын айналымның мақсаттары үшiн пайдалануға арналған (пайдаланылған), оның болуына байланысты салық төлеушi осы Кодекстiң 260 және 261-баптарына сәйкес барабарлық әдiстi қолданған (қолданатын) тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi алуға байланысты төленуге жататын болса, есепке жатқызылады;»;
      3) тармақшадағы «қызметтерді алуға байланысты төленуге жататын болса, есепке жазылмайды және осы Кодекстің 100-бабының 12-тармағында белгіленген тәртіппен ескеріледі.» деген сөздер «қызметтерді;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      4) төлемнің кезеңділігіне қарамастан, қосылған құн салығын ескере отырып, қолма-қол есеп айырысу төлемі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және шот-фактураны жазып берген күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын шот-фактурада көрсетілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi алуға байланысты төленуге жататын болса, есепке жазылмайды және осы Кодекстің 100-бабының 12-тармағында белгіленген тәртіппен ескеріледі.»;
      екінші бөлік алып тасталсын;
      2) 260-баптың 1-тармағы «1-тармағының» деген сөздерден кейін «1) тармақшасының» деген сөздермен толықтырылсын;
      3) алып тасталды - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      4) 632-бапта:
      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «15-1) төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы;»;
      5) алып тасталды - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      7. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат):
      1) 48-бапта:
      1-2-тармақтағы «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында» деген сөздер «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында» деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-3-тармақтың бірінші абзацындағы және 2) тармақшасындағы «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы» және «заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында» деген сөздер тиісінше «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы» және «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 50-баптың 4-тармағының екінші бөлігінде:
      9) тармақшадағы «ашу» деген сөз «жария ету» деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-1) тармақшадағы «заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына» деген сөздер «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 51-баптың 1-тармағының үшінші бөлігіндегі «заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында» деген сөздер «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында» деген сөздермен ауыстырылсын.
      8. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 437-құжат; 1999 ж., № 8, 237-құжат; № 23, 925-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 1, 1-құжат; № 23-24, 198-құжат; 2003 ж., № 1-2, 9-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 139-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 11, 39-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 69-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 28, 30-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114, 123-құжаттар; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 140-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат):
      50-баптың 4-тармағының 5-1) тармақшасындағы «заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында» деген сөздер «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында» деген сөздермен ауыстырылсын.
      9. «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 206-құжат; 1998 ж., № 22, 307-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 48-құжат; № 12, 86-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 21, 172-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат):
      18-баптың 2-тармағындағы «заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында» деген сөздер «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында» деген сөздермен ауыстырылсын.
      10. «Адвокаттық қызмет туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 22, 328-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; 2003 ж., № 11, 65-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 130-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 6, 44-құжат):
      1) 11-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысы «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) бұзған жағдайларда алты ай мерзімге тоқтатыла тұрады.
      Көрсетiлген жағдайда лицензияның қолданысын лицензиар тоқтата тұрады. Қабылданған шешiм туралы адвокат, соттар, құқық қорғау органдары және адвокаттар алқасы хабардар етiледi.»;
      2) 18-баптың 4-тармағындағы «заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына» деген сөздер «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздермен ауыстырылсын.
      11. «Ақша төлемi мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 11-12, 177-құжат; № 24, 445-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 10, 49, 51-құжаттар; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 13, 116-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат):
      1) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «11-бап. Төлем карточкасы
      1. Төлем карточкасын оның ұстаушысы төлемдi жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ оның эмитентi айқындаған шарттарда қолма-қол ақшаны алу, валюта айырбастау және басқа операциялар үшiн қолданады.
      2. Төлем карточкасының эмитентi болып табылатын банкпен немесе сондай эмитентпен шарт жасасқан банкпен не эмитентпен шартсыз төлем карточкаларына қызмет көрсететiн банкпен тиiстi келiсiм жасасқан дара кәсіпкерлермен немесе заңды тұлғалармен операциялар кезінде төлем карточкасы пайдаланылуы мүмкiн.
      3. Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес арнаулы салық режимін қолданатын және (немесе) ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлердегі тұлғаларды қоспағанда, дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар өз қызметін жүзеге асыратын жерлерде төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға арналған жабдық (қондырғы) орнатуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға міндетті.
      4. Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлердегі тұлғаларды қоспағанда, дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар өз қызметін жүзеге асыратын жерлерде төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға арналған жабдық (қондырғы) орнатуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға міндетті.
      5. Төлемге қатысушылардың төлем карточкаларын пайдалануға байланысты құқықтары мен міндеттері дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ұсынылған төлем карточкасын пайдалана отырып, жүзеге асырылатын төлемді қабылдау туралы келiсiм берген кезден бастап туындайды.
      Дара кәсіпкерде немесе заңды тұлғада төлем карточкаларына қызмет көрсету туралы дара кәсіпкермен немесе заңды тұлғамен келісім жасасқан банкке қатысты дара кәсіпкер немесе заңды тұлға қабылдаған төлем сомасында ақша талап ету құқығы туындайды. Көрсетілген банкте дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның ақша талап етуін орындау міндеті туындайды.»;
      2) 18-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында» деген сөздер «Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 21-баптың 4-1-тармағындағы «4000 айлық есептiк көрсеткiштен» деген сөздер «республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және төлем жасалған күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 35-баптың 5-тармағындағы «Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында» деген сөздер «Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында» деген сөздермен ауыстырылсын.
      12. «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 5-құжат; № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 86-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат):
      21-баптың 2-тармағының 10) тармақшасындағы «заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына» деген сөздер «Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздермен ауыстырылсын.
      13. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 125-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар):
      43-баптың 3-тармағының 3-1) тармақшасындағы, 51-баптың 1-тармағының 11) тармақшасындағы және 4-тармағының 3-1) тармақшасындағы «заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында» деген сөздер «Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында» деген сөздермен ауыстырылсын.
      14. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 18, 142-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 8, 41-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат):
      27-баптың 1-тармағының 2-1) тармақшасындағы «заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына» деген сөздер «Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздермен ауыстырылсын.
      15. «Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2009 ж., № 9-10, 46-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
      24-баптың 3-тармағының 6) тармақшасындағы «заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында» деген сөздер «Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында» деген сөздермен ауыстырылсын.
      16. «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2009 ж., № 19, 87-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат):
      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) заңсыз жолмен алынған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыру – ақшаны заңдастыруға (жылыстатуға) бағытталған жалған мәміле жасау кезінде құжаттарды пайдалану арқылы қолма-қол ақшаны алу мақсатында жеке немесе заңды тұлғалар жасайтын іс-әрекеттер;»;
      2) 3-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) адвокаттар, заң мәселелері бойынша басқа да тәуелсіз мамандар мынадай қызметтерге:
      жылжымайтын мүлiктi сатып алуға-сатуға;
      клиенттің ақшасын, бағалы қағаздарын немесе өзге мүлкін басқаруға;
      банктік шоттарды немесе бағалы қағаздар шоттарын басқаруға;
      компанияны құру, қамтамасыз ету, оның жұмыс істеуі немесе оны басқару үшін қаражат жинақтауға;
      заңды тұлғаларды құруға, сатып алуға-сатуға, олардың жұмыс істеуіне немесе оларды басқаруға қатысты олар клиенттің атынан немесе оның тапсырмасы бойынша ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларға қатысатын кездегі жағдайларда;»;
      3) 4-бапта:
      1-тармақта:
      үшінші абзацтағы «6), 7) және 9)» деген сөздер «6) және 7)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      «осы баптың 2-тармағының 9) тармақшасында көрсетiлген операция үшiн – 6 000 000 теңге сомасына тең немесе одан көп не шетел валютасымен баламасы 6 000 000 теңге сомасына тең немесе одан көп болса;»;
      төртінші абзацтағы «2) – 5), 8), 10) – 17)» деген цифрлар «2), 3), 5), 11) – 14), 16) және 17)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
      «осы баптың 2-тармағының 10) және 15) тармақшаларында көрсетiлген операциялар үшiн – 30 000 000 теңге сомасына тең немесе одан көп не шетел валютасымен баламасы 30 000 000 теңге сомасына тең немесе одан көп болса;
      осы баптың 2-тармағының 18) тармақшасында көрсетiлген операция үшiн – 150 000 000 теңге сомасына тең немесе одан көп не шетел валютасымен баламасы 150 000 000 теңге сомасына тең немесе одан көп болса;»;
      бесінші абзацтағы «18) және 19) тармақшаларында көрсетiлген операциялар» деген сөздер «19) тармақшасында көрсетiлген операция» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Егер ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операция шетел валютасымен жүзеге асырылатын болса, теңгеге балама сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған, осындай операция жасалған күнгі валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша есептеледі.»;
      2-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) бәс тiгу, ойын мекемелерiндегi құмар ойындар мен лотерея өткiзу нәтижелерi бойынша ұтысты алу, оның iшiнде электрондық нысанда алу;»;
      4) және 8) тармақшалар алып тасталсын;
      12) тармақша «қолма-қол валютаны» деген сөздерден кейін «, талап етушіге арналған құжаттандырылған бағалы қағаздарды, вексельдерді, чектерді» деген сөздермен толықтырылсын;
      16) тармақша «оның ішінде» деген сөздерден кейін «сейф ұяшықтарын мүліктік жалдау (жалға алу) бойынша сейф қызметтерін көрсетуді қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақта:
      3) тармақшадағы «жасау болып табылады.» деген сөздер «жасау;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4)–6) тармақшалармен толықтырылсын:
      «4) заңсыз жолмен алынған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға бағытталған деп жорамалдауға негіздер бар операция жасау;
      5) резиденттің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, қорғалатын ақпаратты, зияткерлік қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтарды, мүліктік жалдауға (жалға) берілген мүлікті) импорттауын (экспорттауын) көздейтін шарт бойынша тарап болып табылмайтын резидент емес ақшаны не тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, қорғалатын ақпаратты, зияткерлік қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтарды, мүліктік жалдауға (жалға) берілген мүлікті) алушы болып табылатын операция;
      6) тараптарының бірі терроризмдi және экстремизмдi қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен адамдардың тiзбесiне енгізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар болып табылатын операция болып табылады.»;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасының Үкіметі күдікті операцияны айқындау критерийлерінің белгілерін бекітеді.»;
      4) 5-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы «жағдайларды қоспағанда)» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ заңды мекенжайын» деген сөздермен толықтырылсын;
      5) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «10-бап. Тиiсiнше тексерудi жүргiзу кезiнде мәлiметтер жинау
               және құжаттық растау
      1. Қаржы мониторингi субъектiлерi клиентке тиiсiнше тексеру жүргiзу кезiнде тиiстi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша уәкiлеттi орган айқындайтын қаржы мониторингi субъектiлерiнiң түрлерi бойынша клиенттi тиiсiнше тексеру үшiн қажеттi құжаттар тiзбесі негізінде клиент туралы мәлiметтердi құжаттап тiркеуге мiндеттi.
      2. Қаржы мониторингi субъектiлерi қаржы мониторингiне жататын операциялар туралы мәлiметтер мен ақпаратты уәкiлеттi органға мынадай бөлiмдердi: кiрiспе ақпаратты, қаржы мониторингi субъектiсi туралы мәлiметтердi, операция мен операцияға қатысушылар туралы мәлiметтердi, қаржы мониторингiне жататын операция жөнінде қосымша ақпаратты қамтуға тиiс нысан бойынша береді. Бұл нысан Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн қағидалармен айқындалады.
      Осы Заңның 4-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген қаржы мониторингiне жататын операциялар туралы мәлiметтер мен ақпарат құжатталып тiркеледi және оларды:
      1) осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1)5) және 10) тармақшаларында көрсетiлген қаржы мониторингi субъектiлерi, – ерекше қызметінің түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, бөлiнген байланыс арналары арқылы операция жасалған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешiктiрмей электрондық тәсiлмен;
      2) ерекше қызметінің түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалар, – операция жасалған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешiктiрмей электрондық тәсiлмен немесе қағаз жеткізгіште;
      3) осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 6)9) тармақшаларында көрсетiлген қаржы мониторингi субъектiлерi, – операция жасалған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешiктiрмей электрондық тәсiлмен немесе қағаз жеткізгіште уәкiлеттi органға қазақ немесе орыс тілінде ұсынады.
      Күдікті операциялар бойынша мәліметтер мен ақпарат құжатталып тіркеледі және осы Заңның 13-бабының 2-тармағында көзделген тәртіппен уәкілетті органға ұсынылады.
      3. Қаржы мониторингiне жататын операция туралы мәлiметтер мен ақпаратты:
      1) адвокаттар, егер бұл мәлiметтер мен ақпарат анықтау, алдын ала тергеу органдарында, соттарда жеке және заңды тұлғалардың атынан өкiлдiк ету және оларды қорғау мәселелерi бойынша заң көмегiн көрсетуге байланысты, сондай-ақ шешілуі кәсіптік заң білімін, талап арыздар, шағымдар және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттар жазуды қажет ететін мәселелер бойынша олардың консультациялар, түсіндірулер, кеңестер және жазбаша қорытындылар түріндегі заң көмегін көрсетуі кезінде алынған болса;
      2) нотариустар, шешілуі кәсіптік заң білімін талап ететін мәселелер бойынша олардың консультациялар, түсіндірулер түрінде заң көмегін көрсетуі кезінде ұсынбайды.
      4. Клиентке тиiсiнше тексеру жүргiзген кезде алынған қаржы мониторингiне жататын операция туралы мәлiметтердi уәкiлеттi органға берумен байланысты шығыстарды қаржы мониторингiнің субъектiлерi көтереді.»;
      6) 11-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қаржы мониторингі субъектілері ішкі бақылау қағидаларын әзірлейді, қабылдайды әрі орындайды және осы Заңда көзделген ішкі бақылауды жүргізу кезінде қаржы мониторингі субъектісінің қызметіне қойылатын талаптардан басқа, олар мыналарды:
      осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көрсетілген шарттарды;
      осы Заңның 4-бабының 2-тармағында көрсетілген қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операциялардың тізбесін;
      күдікті операцияларды айқындау критерийлерін;
      өз клиенттерін тиісінше тексеру үшін қажетті құжаттар тізбесін;
      өз клиенттерін тиісінше тексеру шараларын;
      корреспондент банктермен корреспонденттік қатынастар орнататын қаржы мониторингі субъектісінің оларды тиісінше тексеру шараларын;
      осы Заңның 13-бабының 1-тармағында көрсетілген клиент операцияларын жүргізуден бас тарту негіздерін;
      осы Заңның 13-бабының 2-тармағына сәйкес клиенттің күдікті операциялары туралы уәкілетті органды міндетті түрде хабардар ету жөніндегі шараларды;
      қаржы мониторингі субъектілері лауазымды адамдарының сәйкестендіру деректеріне және өз клиенттерін тиісінше тексеру жөніндегі өзге де ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етуді;
      осы Заңның 5-бабының 3-тармағына сәйкес алынған ақпаратты сақтау және қорғау тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды;
      заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында жұмылдырылған қаржы мониторингі субъектілерінің қызметкерлерін даярлау және оқыту жүйесін ұйымдастыру жөніндегі шараларды;
      қаржы мониторингі субъектілерінің лауазымды адамдарын тағайындауға, олардың біліктілігіне және оларды даярлауға қойылатын талаптарды қамтуға тиіс.»;
      7) 12-бапта:
      4-тармақта:
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) террористік ұйымдармен немесе террористермен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын халықаралық ұйымдар немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес олар уәкілеттік берген органдар жасайтын тізбесінде ұйымның немесе жеке тұлғаның болуы;»;
      мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      «6) террористік және экстремистік қызметке қатысы бар ұйымдар мен жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының деректері негізінде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жасайтын тізімдері негіз болып табылады.»;
      мынадай мазмұндағы 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:
      «5. Терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінен ұйымды немесе жеке тұлғаны алып тастау оларды көрсетілген тізбеге енгізу үшін негіз болған мән-жайлардың әрекеті тоқтатылғаны туралы ақпараттың негізінде жүзеге асырылады.
      6. Терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесі өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган, сондай-ақ басқа да құзыретті мемлекеттік органдар уәкілетті органға ұсынатын ақпаратқа сәйкес жаңартылып отырады.»;
      8) 13-бапта:
      2-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын;
      3 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Уәкiлеттi орган осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көзделген хабарламаны алысымен, оны алған кезден бастап жиырма төрт сағат iшiнде, егер қаржы мониторингі субъектісі ұсынған күдікті операция туралы хабарлама уәкілетті орган жүргізген талдау нәтижелері бойынша негізді деп танылған болса, күдікті операцияның жүргізілуін күнтізбелік үш күнге дейінгі мерзімге тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды.
      Күдікті операцияны тоқтата тұру туралы не күдікті операцияны тоқтата тұрудың қажеттігі жоқ екендігі туралы шешім уәкілетті органның бұйрығымен ресімделеді және электрондық тәсілмен немесе қағаз жеткізгіште күдікті операция туралы хабарламаны ұсынған қаржы мониторингі субъектісінің назарына жеткізіледі.»;
      «5. Уәкілетті орган күдікті операцияның жүргізілуін тоқтата тұру туралы шешім қабылдағаннан кейін ақпаратты дереу Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына береді, ол уәкілетті органнан күдікті операцияны тоқтата тұру туралы хабарламаны алған кезден бастап сегіз сағат iшiнде ақпаратты арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарына олардың құзыретіне сәйкес шешім қабылдау үшін жібереді.
      Тиісті арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары ақпарат алған кезден бастап қырық сегіз сағат ішінде тиісті шешім қабылдауға және ол туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
      Уәкілетті орган арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының тиісті шешімін алған кезден бастап оны үш сағат ішінде қаржы мониторингі субъектісінің назарына жеткізеді.»;
      9) 16-бапта:
      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-1) арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы мониторингіне жататын операция туралы мәліметтер мен ақпаратты ұсынады;»;
      5) тармақшадағы «құқық қорғау органдарына олардың құзыреттеріне сәйкес іс жүргізу шешімін қабылдауы үшін ақпарат жібереді» деген сөздер «арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарына жіберу үшін өз құзыретіне сәйкес іс жүргізу шешімін қабылдауға Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына ақпарат береді» деген сөздермен ауыстырылсын;
      10) 17-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыру (жылыстату) және терроризмдi қаржыландыру белгілері» деген сөздер «осы Заңның 4-бабының 4-тармағында белгіленген бір немесе бірнеше критерийлерге сай келетін күдікті операцияның белгілері» деген сөздермен ауыстырылсын;
      11) 18-бапта:
      1-тармақтың 1) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен» деген сөздер алып тасталсын;
      2-тармақта:
      бірінші бөлікте:
      3) тармақшадағы «айқындайтын көлемде және тәртіппен өздерінің ақпараттық жүйелерінен мәлiметтер беруге мiндеттi.» деген сөздер «айқындайтын тәртіппен өздерінің ақпараттық жүйелерінен және ресурстарынан мәліметтер беруге;» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) өз қызметі процесінде алынған қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты сақтаудың, қорғаудың және сақталуының тиісті режимін қамтамасыз етуге міндетті.»;
      екінші бөлік алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 3, 4, 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:
      «3. Арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының уәкілетті органға қаржы мониторингіне жататын операция туралы мәліметтер мен ақпаратты ұсыну туралы сұрау салуды жіберуі Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының және оның орынбасарларының санкциясымен жүзеге асырылады.
      Арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимылға байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген істер мен материалдар бойынша сұрау салуды жібереді.
      4. Күдікті операция туралы мәліметтер мен ақпаратты осы Заңда көзделген тәртіппен уәкілетті органға ұсыну қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария ету болып табылмайды.
      5. Уәкілетті органның қаржы мониторингіне жататын операция туралы, оның ішінде күдікті операция туралы мәліметтер мен ақпаратты осы Заңда көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарына беруі қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария ету болып табылмайды.
      6. Кеден одағы кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумақтан жүзеге асырылатын Кеден одағы кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумаққа әкелуді немесе әкетуді қоспағанда, мәдени құндылықтарды, қолма-қол валютаны, қаржы мониторингіне жататын, ұсынушыға арналған құжаттандырылған бағалы қағаздарды, вексельдерді, чектерді Қазақстан Республикасына әкелу немесе Қазақстан Республикасынан әкету жөнінде ақпарат жинауды Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асырып, кейіннен оны Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген белгіленген мерзімде міндетті түрде уәкілетті органға ұсынады.»;
      12) 19-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру туралы ақпаратты беру шет мемлекеттің құзыретті органының сұрау салуы бойынша, ол сұрау салуда көрсетілмеген мақсаттарда қолданылмайтын не уәкілетті органның алдын ала келісімінсіз үшінші тұлғаларға берілмейтін шартпен жүзеге асырылады.
      Шет мемлекеттің құзыретті органдарына заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру туралы ақпаратты беру, егер ол адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қозғамаса және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мүдделеріне нұқсан келтірмесе, жүзеге асырылады.».
      17. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжаттар; № 3, 21, 25, 27-құжаттар; № 8, 64-құжат):
      16-баптың 3-тармағының үшінші бөлігінде:
      8) тармақшадағы «болуы мәселелерi бойынша жүргiзiлетiн тексерулердi қоспағанда, осы орган тексерiлетiн әрбiр субъектiге тексерудi тағайындау туралы актiнi ресiмдеуге және оны құқықтық статистика және арнаулы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органда тiркеуге мiндеттi.» деген сөздер «болуы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
      «9) төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы мәселелерi бойынша жүргiзiлетiн салықтық тексерулердi қоспағанда, осы орган тексерiлетiн әрбiр субъектiге тексерудi тағайындау туралы актiнi ресiмдеуге және оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органда тiркеуге мiндеттi.».
      18. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 1, 3-құжат; № 8, 64-құжат):
      30-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Заң, шет мемлекеттердің және (немесе) халықаралық ұйымдардың әскери құралымдарының, қару-жарақтары мен әскери техникасының Қазақстан аумағы арқылы әуе кемелерімен транзитіне тыйым салу бөлігінде 20-баптың 4-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Шет мемлекеттердің және (немесе) халықаралық ұйымдардың әскери құралымдарының, қару-жарақтары мен әскери техникасының Қазақстан аумағы арқылы әуе кемелерімен транзитіне тыйым салу бөлігінде осы Заңның 20-бабы 4-тармағының 2) тармақшасы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.».
      Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      2-бап.
      1. Осы Заң:
      1) алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 5-тармағының 5) және 7) тармақшаларын, 11-тармағының 3) тармақшасын, 16-тармағының 3) тармақшасын, 5) тармақшасының төртінші – тоғызыншы абзацтарын6) тармақшасын, 11) тармақшасының бесінші және он төртінші абзацтарын;
      2) 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 5-тармағының 1)2)3) және 6) тармақшаларын6-тармағын, 11-тармағы 1) тармақшасының бірінші – бесіншіжетінші және сегізінші абзацтарын17-тармағын;
      3) 2014 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 11-тармағы 1) тармақшасының алтыншы абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      2. Осы Заңның 1-бабы 11-тармағы 1) тармақшасының бесінші абзацы 2014 жылғы 1 шілдеге дейін қолданыста болады.
      Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 05.12.2013 № 152-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                          Н.НАЗАРБАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады