Байланыс формасы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 5 шілдедегі № 30-V Заңы.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.

      1-бап . Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; 2012 жылғы 23 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға және ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 718-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісімен айқындалады.";

      2) 739-бапта:

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Банкпен банк шоты шартын және (немесе) банк салымы шартын жасасқан кезде банк шоттары ашылады.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Банк клиенттiң өз ақшасына кедергiсiз билік ету құқығына кепiлдiк бере отырып, банк шотындағы ақшаны пайдалана алады.".

      2. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 28-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат):

      1) 30-баптың 1-4-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-4. Мамандандырылған қаржылық сот өңірлік қаржы орталығы қатысушысының мүліктік немесе мүліктік емес даулары бойынша азаматтық істерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қаржы ұйымдарын және бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау туралы азаматтық істерді қарайды.";

      2) 158-бап мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру және (немесе) олардан айыру, қаржы ұйымдарын консервациялауды жүргізу жөніндегі дауға салынатын құқықтық актісінің, сондай-ақ оның жазбаша нұсқамаларының қолданылуын тоқтата тұруға қатысты талап қоюды қамтамасыз ету шараларын қолдануға жол берілмейді.";

      3) 159-баптың бірінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының дауға салынатын құқықтық актісінің (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру және (немесе) олардан айыру, қаржы ұйымдарын консервациялауды жүргізу жөніндегі құқықтық актісін, сондай-ақ оның жазбаша нұсқамаларын қоспағанда) қолданылуын тоқтата тұру;";

      4) 312-2-баптың екінші бөлігінің 2) тармақшасындағы "қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 312-3-бап "оны қабылдаған күннен" деген сөздер "ол соттың іс жүргізуіне қабылданған күннен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 312-4-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қаржы ұйымын қайта құрылымдауды жүргізу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің көшірмесін мамандандырылған қаржылық сот қаржы ұйымына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және атқарушылық іс жүргізетін аумақтық органдарға жібереді.";

      7) 312-6-бапта:

      бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Соттың қаржы ұйымын қайта құрылымдауды тоқтату туралы шешімі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өтінішімен:";

      екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өтінішін сот оны іс жүргізуіне қабылдаған күннен бастап бес күн ішінде қарайды.".

      3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; 2012 жылғы 23 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға және ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мазмұнында:

      168-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "168-бап. Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес талап етілетін құжаттарды ұсынбай валюталық операциялар бойынша ақша төлемдерін және аударымдарын жүргізу";

      168-4-баптың тақырыбындағы "168-4-бап. Әкімшілік шығыстар бойынша заттай нормаларды асырып жіберу" деген сөздер "168-8-бап. Әкімшілік шығыстар бойынша заттай нормаларды асырып жіберу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 168-6 және 168-7-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:

      "168-6-бап. Валюталық бақылау агенттерінің есеп беру тәртібін және мерзімдерін бұзуы

      168-7-бап. Уәкілетті банктердің сұраныс пен ұсыныс көздерінің, сондай-ақ ішкі валюта нарығында шетел валютасын пайдалану бағыттарының мониторингін жүзеге асыру мақсаттары үшін есеп беру тәртібін және мерзімдерін бұзуы";

      169, 171, 172-2, 175-1, 175-2, 179-3, 180, 187, 191 және 193-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "169-бап. Клиенттерге банк қызметін көрсетуге байланысты талаптарды бұзу";

      "171-бап. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ақпаратты (мәліметтерді) беру жөніндегі талаптарды бұзу";

      "172-2-бап. Қаржы нарығы субъектілерінің өздері қабылдаған және (немесе) шектеулі ықпал ету шараларын қолдану арқылы өздеріне жүктелген міндеттерді орындамауы";

      "175-1-бап. Қаржы ұйымдарының, банк және сақтандыру холдингтерінің, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының басшы қызметкерлерін келісудің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерін бұзу

      "175-2-бап. Қаржы ұйымдарының филиалдары мен өкiлдiктерiнiң ашылғаны және олардың қызметiнiң тоқтатылғаны туралы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органды уақтылы хабардар етпеу, сондай-ақ қаржы ұйымдарының филиалдарын, өкiлдiктерiн ашу кезiнде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтамау";

      "179-3-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың пруденциялық нормативтерді және (немесе) өзге де сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерді орындамауы";

      "180-бап. Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес талап етілетін валюталық операциялар бойынша есептемені, ақпаратты және құжаттарды беру тәртібін бұзу";

      "187-бап. Ұлттық және шетел валютасын репатриациялау талабын орындамау";

      "191-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектiсіне өзгерiстер мен толықтыруларды тiркеуге арналған құжаттарды ұсыну мерзiмiн бұзу";

      "193-бап. Бағалы қағаздар нарығы субъектісінің қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға есептілікті, ақпаратты, мәліметтерді беру жөніндегі талаптарды бұзуы";

      197-баптың тақырыбы алып тасталсын;

      197-1-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "197-1-бап. Бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушының және бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушының олардың қызметiне қойылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды бұзуы";

      198-баптың тақырыбы алып тасталсын;

      201-1 және 587-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "201-1-бап. "Инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын бұзу";

      "587-бап. Заңды тұлғаның өкілдері";

      2) 16-баптың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзу процесiнде адамның не оның өкiлiнiң еркiне қарсы жеке басқа қол сұғылмаушылықты бұзатын iс-әрекеттер жасау тек осы Кодексте тiкелей көзделген жағдайларда және тәртiппен ғана мүмкiн болады.";

      3) 48-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Әкiмшiлiк айыппұл (бұдан әрi – айыппұл) – осы бөлiмнiң ерекше бөлiмiнiң баптарында көзделген жағдайларда және шекте, әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн салынатын, әкiмшiлiк жаза қолдану кезінде қолданылып жүрген заңға сәйкес белгiленетiн айлық есептiк көрсеткiштiң белгiлi бiр мөлшеріне сай келетiн көлемде ақша өндіріп алу.

      Осы бөлiмнiң ерекше бөлімінің баптарында көзделген жағдайларда айыппұл мөлшері:

      қоршаған ортаға келтірілген зиян сомасының;

      орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған салық мiндеттемесі сомасының;

      аударылмаған (уақтылы аударылмаған) әлеуметтік аударымдар сомасының;

      заңсыз кәсіпкерлік нәтижесінде алынған акцизделетін тауарлар құны сомасының;

      Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес есепке алынбаған не тиісті түрде есепке алынбаған соманың;

      Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасын бұза отырып жасалған (жүргізілген) мәміле (операция) сомасының;

      монополистiк қызметтi жүзеге асыру немесе Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы, табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасын, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу нәтижесiнде алынған табыс (түсiм) сомасының;

      құқық бұзушылық жасалған, бірақ бір жылдан аспайтын кезең үшін бекітілген нормативтерден тыс пайдаланылған энергетикалық ресурстар құнының;

      есепке жатқызылмаған ұлттық және шетел валютасы сомасының пайызымен көрсетіледі.

      Егер осы бөлiмнiң ерекше бөлімінің көзделген баптарында айыппұл мөлшері Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасының нормаларын бұза отырып жүргізілген операция сомасының пайызымен көрсетілсе және мұндай операция шетел валютасымен жүргізілсе, айыппұл сомасын теңгемен қайта есептеу әкімшілік жаза қолданылған күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша жүзеге асырылады.";

      4) 61-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамның құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын болғызбауы, залалды өз еркiмен өтеуi немесе келтiрiлген зиянды жоюы;";

      5) 69-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Созылып кеткен әкiмшiлiк құқық бұзушылық кезiнде, сондай-ақ қоғамның және мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне қол сұғылатын бюджеттік қатынастар, заңсыз нормативтік құқықтық актіні басып шығару мен қолдану саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде және нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу қағидаларын бұзғаны үшін адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екi ай өткен соң әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға жатпайды.

      Қаржы саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кезде адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған күннен бастап бес жылдан кешіктірілмей әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға жатады, бірақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екi ай өткен соң әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылмайды.";

      6) 88-бап мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:

      "7. Жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясының Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген оның мазмұнына қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі –

      лауазымды адамдарға - елу, заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      7) 158-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      8) 158-1-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      9) 158-2, 168 және 168-2-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "158-2-бап. Зейнетақы жинақтарының құпиясын сақтау міндетін бұзу

      Зейнетақы жинақтарының құпиясы бар мәліметтерді сақтау міндетін кәсіптік немесе қызметтік әрекетіне байланысты адамның өзіне мәлім болған осы мәліметтерді олардың иесінің келісімінсіз бұзуы –

      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      "168-бап. Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес талап етілетін құжаттарды ұсынбай валюталық операциялар бойынша ақша төлемдерін және аударымдарын жүргізу

      1. Уәкілетті банктердің Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес талап етілетін құжаттарды ұсынбай валюталық операциялар бойынша ақша төлемдерін және аударымдарын жүргізуі –

      ескерту жасауға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –

      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      "168-2-бап. Қазақстан Республикасының банк заңнамасының талаптарын бұзу

      1. Банктердiң, банктердiң ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі белгілеріне сәйкес келетін жеке және заңды тұлғалардың, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органға есептемені, мәліметтерді не өзге де сұратылатын ақпаратты бермеуі, сол сияқты уақтылы бермеуі немесе Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес берілу талап етілетін есептемені, мәліметтері жоқ ақпаратты беруі не анық емес есептілікті немесе мәліметтерді не өзге де сұратылатын ақпаратты беруі –

      жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға – жүз, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсiздiк) –

      жеке тұлғаларға – жүз, лауазымды адамдарға – екі жүз, заңды тұлғаларға алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгiлеген пруденциялық нормативтердi және (немесе) өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп) бұзуы –

      заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Банктердiң Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерiн бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік үш ай ішінде екі және одан да көп) бұзуы –

      заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      5. Банктердiң, банк холдингтерінің, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес тыйым салынған не Қазақстан Республикасының банк заңнамасын бұза отырып, сол сияқты олардың құқық қабiлеттiлiгi шегiнен тыс операциялар мен мәмiлелердi жүзеге асыруы –

      лауазымды адамдарға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, заңды тұлғаларға мәмiле сомасының оннан бiр пайызы, бірақ айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден кем емес және бір мыңнан аспайтын мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      6. Осы баптың бесiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет –

      лауазымды адамдарға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде, заңды тұлғаларға мәмiле сомасының бiр пайызы, бірақ айлық есептік көрсеткіштің төрт жүзден кем емес және екі мыңнан аспайтын мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      7. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың ондағы көрсеткiштердiң не Қазақстан Республикасының банк заңнамасында айқындалған пруденциялық нормативтердiң және (немесе) сақталуға мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердiң орындалуы туралы мәлiметтердiң бұрмалануына әкеп соққан есептілікті жасауы –

      лауазымды адамдарға – жүз, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      8. Осы баптың жетінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет –

      лауазымды адамдарға – екі жүз, заңды тұлғаларға алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      9. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың клиенттердiң банк шоттарын ашу және жабу тәртiбiн бұзуы, –

      лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      10. Осы баптың тоғызыншы бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет (әрекетсiздiк) –

      лауазымды адамдарға – алпыс, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      11. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың клиенттермен жасалатын шарттарда анық, жылдық, тиімді, салыстырмалы түрде есептелген сыйақы мөлшерлемесін көрсету жөніндегі, сондай-ақ қаржылық қызметтер көрсету бойынша сыйақының шамалары туралы ақпаратты тарату, оның ішінде оны жариялау кезіндегі міндеттерін орындамауы –

      лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      12. Банктің бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күнге шындыққа сәйкес келмейтiн жарнаманы хабарлауы немесе жариялауы –

      екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      10) 168-4-баптың тақырыбындағы "168-4-бап. Әкімшілік шығыстар бойынша заттай нормаларды асырып жіберу" деген сөздер "168-8-бап. Әкімшілік шығыстар бойынша заттай нормаларды асырып жіберу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) мынадай мазмұндағы 168-6 және 168-7-баптармен толықтырылсын:

      "168-6-бап. Валюталық бақылау агенттерінің есептемені беру тәртібін және мерзімдерін бұзуы

      1. Валюталық бақылау агенттерінің клиенттердің операциялары бойынша есептемені уақтылы бермеуі –

      заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –

      орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Валюталық бақылау агенттерінің клиенттердің операциялары бойынша анық емес есептеме беруі –

      заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.

      4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –

      орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      5. Валюталық бақылау агенттерінің клиенттердің операциялары бойынша есептеме бермеуі –

      орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      168-7-бап. Уәкілетті банктердің сұраныс пен ұсыныс көздерінің,

      сондай-ақ ішкі валюта нарығында шетел валютасын

      пайдалану бағыттарының мониторингін жүзеге асыру

      мақсаттары үшін есептеме беру тәртібін және

      мерзімдерін бұзуы

      1. Уәкілетті банктердің сұраныс пен ұсыныс көздерінің, сондай-ақ ішкі валюта нарығында шетел валютасын пайдалану бағыттарының мониторингін жүзеге асыру мақсаттары үшін есептемені уақтылы бермеуі –

      заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –

      заңды тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Уәкілетті банктердің сұраныс пен ұсыныс көздерінің, сондай-ақ ішкі валюта нарығында шетел валютасын пайдалану бағыттарының мониторингін жүзеге асыру мақсаттары үшін анық емес есептеме беруі –

      заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.

      4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –

      заңды тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      5. Уәкілетті банктердің сұраныс пен ұсыныс көздерінің, сондай-ақ ішкі валюта нарығында шетел валютасын пайдалану бағыттарының мониторингін жүзеге асыру мақсаттары үшін есептемені бермеуі –

      заңды тұлғаларға сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      12) 169, 171, 172-1, 172-2 және 173-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "169-бап. Клиенттерге банк қызметін көрсетуге байланысты талаптарды бұзу

      1. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың уақтылы акцепт жүргізбеуі немесе акцептеуден бас тартуы, ақша төлемі немесе аударымы жөнiндегi нұсқауларды "Ақша төлемі мен аударымы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерді бұза отырып уақтылы орындамауы –

      заңды тұлғаларға ақша төлемі немесе аударымы жөнiндегi нұсқау сомасының бес пайызы, бірақ екі жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың нұсқауда қойылғаннан ерекшеленетін бенефициардың пайдасына немесе нұсқауда қойылғаннан ерекшеленетін сомаға жасалған ақша төлемі немесе аударымы жөніндегі нұсқауды орындауы –

      заңды тұлғаларға ақша төлемі немесе аударымы жөнiндегi нұсқаулар сомасының бес пайызы, бірақ екі жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың клиенттердің төлем құжаттарын жоғалтуы -

      заңды тұлғаларға әрбір төлем құжаты үшін жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың:

      жөнелтуші ақша аударымын жүзеге асыру үшін қажетті ақша сомасын қамтамасыз еткен кезде;

      егер төлем құжатында қолдан жасау белгілері болмаса;

      егер жөнелтуші ақша аударымы туралы нұсқауды жасау және ұсыну тәртібіне қойылатын талаптарды және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) шарттың талаптарында белгіленген өзге де талаптарды сақтаса;

      егер нұсқауды акцептеуден бас тарту "Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларға қатысты болмаса, ақша төлемі немесе аударымы жөніндегі нұсқауды акцептеуден негізсіз бас тартуы –

      заңды тұлғаларға ақша төлемі немесе аударымы жөніндегі нұсқау сомасының бес пайызы, бірақ екі жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      5. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың клиенттің банк шотынан Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген ақша алу кезектілігін бұзуы –

      заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      6. Ақша төлемі немесе аударымы жөніндегі нұсқауларды не қолма-қол ақша алу жөніндегі талаптарды орындамау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып, иеленушінің банк шотына ақша аудармау –

      заңды тұлғаларға ақша төлемі немесе аударымы жөнiндегi нұсқау сомасының бес пайызы, бірақ екі жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту.

      Осы баптың талаптары жауаптылығы осы Кодекстің 88-бабының бесінші бөлігінде, 88-1-бабының үшінші бөлігінде, 216 және 217-баптарында көзделген іс-әрекеттерге (әрекетсіздікке) қолданылмайды.";

      "171-бап. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ақпарат (мәліметтер) беру жөніндегі талаптарды бұзу

      Банк, жинақтаушы зейнетақы қоры құрылтайшыларының (акционерлерінің) және олардың үлестес тұлғаларының, жинақтаушы зейнетақы қорының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның, жинақтаушы зейнетақы қоры, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым ірі қатысушысының, жинақтаушы зейнетақы қорының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетін жеке немесе заңды тұлғалардың есептемені, мәліметтерді не өзге де сұратылатын ақпаратты бермеуі, сол сияқты уақтылы бермеуі немесе олардың қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының банк заңнамасына немесе Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес талап етілетін есептемені, мәліметтері жоқ ақпаратты беруі не олардың анық емес есептемені немесе мәліметтерді не өзге де сұратылатын ақпаратты беруі –

      жеке тұлғаларға – жүз, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      "172-1-бап. Банктердi, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын таратуға байланысты талаптарды бұзу

      1. Банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, жинақтаушы зейнетақы қорын тарату комиссиясы төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты жою туралы жазбаша нұсқаманы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген мерзімде орындамауы –

      қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Тарату комиссиясы төрағасының не бөлімшесі басшысының тарату комиссиясының қызметіне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның тексеру жүргізуінен жалтаруы не оны жүргізуге кедергі келтіруі –

      жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Тарату комиссиясы төрағасының, бөлімшесі басшысының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға анық емес есептемені және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында, Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген ақпаратты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде екі және одан да көп) беруі, есептемені және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында, Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген қосымша ақпаратты уақтылы бермеуі, бермеуі –

      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      172-2-бап. Қаржы нарығы субъектілерінің өздері қабылдаған және

      (немесе) шектеулі ықпал ету шараларын қолдану

      арқылы өздеріне жүктелген міндеттерді орындамауы

      1. Банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың өздері қабылдаған және (немесе) өздеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шектеулі ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүктеген міндеттерді орындамауы –

      орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, жинақтаушы зейнетақы қорының, бағалы қағаздар нарығы субъектісінің, арнайы қаржы компаниясының, исламдық арнайы қаржы компаниясының, инвестициялық қордың өздері қабылдаған және (немесе) өздеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шектеулі ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүктеген міндеттерді орындамауы –

      орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Банктердің, банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдардың, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың өздері қабылдаған және (немесе) өздеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган шектеулі ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүктеген міндеттерді орындамауы –

      жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға – жетпіс, заңды тұлғаларға төрт жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік) –

      жеке тұлғаларға – жүз, лауазымды адамдарға – жүз қырық, заңды тұлғаларға тоғыз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушыларының, сақтандыру тобына кіретін заңды тұлғалардың, актуарийдің өздері қабылдаған және (немесе) өздеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган шектеулі ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүктеген міндеттерді орындамауы –

      жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға – жүз, заңды тұлғаларға екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      6. Жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның, жинақтаушы зейнетақы қорлары, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым ірі қатысушыларының, бағалы қағаздар нарығы субъектісінің өздері қабылдаған және (немесе) өздеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган шектеулі ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүктеген міндеттерді орындамауы –

      жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға – жүз, заңды тұлғаларға екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      173-бап. Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және

      сақтандыру қызметi туралы заңнамасында белгiленген

      талаптарды бұзу

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерiнiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қатысушыларының (құрылтайшыларының) және үлестес тұлғаларының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының (сақтандыру холдингінің), сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының (сақтандыру холдингінің) белгілеріне сәйкес келетін жеке және заңды тұлғалардың қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органға есептемені, мәліметтерді не өзге де сұратылатын ақпаратты уақтылы бермеуі, бермеуі не Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметi туралы заңнамасына сәйкес берілуі талап етілетін мәліметтері жоқ есептемені, ақпаратты беруі не анық емес есептемені немесе мәліметтерді не өзге де сұратылатын ақпаратты беруі –

      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Өзара сақтандыру қоғамының өсімдік саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органға "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептемені не уәкілетті орган сұратқан өзге де ақпаратты уақтылы бермеуі, бермеуі не анық емес есептемені беруі –

      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бiрлескен қызмет туралы шартты тіркеу үшін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органға оны бермеуі не уақтылы бермеуі –

      төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының бас ұйымының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген пруденциялық нормативтердi және (немесе) өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi бірнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екі ай iшiнде екi және одан да көп рет) бұзуы –

      бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерiнiң, сақтандыру агентiнiң мәмiлелер мен операцияларды Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметi туралы заңнамасын бұза отырып жүзеге асыруы –

      мәмiле сомасының оннан бiр пайызы не операциялар бойынша алынған табыс сомасының жүз пайызы, бірақ айлық есептік көрсеткіштің елуден кем емес және екі мыңнан аспайтын мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      6. Өзара сақтандыру қоғамының мәмілелер мен операцияларды Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамасын бұза отырып жүзеге асыруы –

      екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      7. Актуарийдiң өз қызметiн Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметi туралы заңнамасын бұза отырып жүзеге асыруы –

      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      8. Сақтандыру ұйымының сақтанушыларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзінің тұрақты жұмыс істейтін органының, оқшауландырылған бөлімшесінің орналасқан жерінің өзгергені немесе атауының өзгергені туралы уақтылы хабардар етпеуі –

      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      9. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметi туралы заңнамасында белгіленген сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығын тиісінше құжаттандыру, оған арналған құжаттарды сақтау, лицензиялардың көшірмелерін орналастыру жөніндегі талаптарды бұзуы, сондай-ақ сақтандыру ұйымының, сақтандыру брокерінің және сақтандыру агентінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сақтандыру құжаттамасы бланкілерін есепке алу және сақтау, қолма-қол ақшамен жұмыс істеу қағидаларын бұзуы –

      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерiнiң жарияланған күнге шындыққа сәйкес келмейтiн жарнаманы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлауы немесе жариялауы –

      екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      11. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының есептіліктегі көрсеткiштердiң не пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуға мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi сақтау туралы мәлiметтердiң бұрмалануына әкеп соққан есептілікті жасауы –

      лауазымды адамдарға – елу, заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      12. Сақтандыру брокерiнiң сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабiлетсiздiгiнiң өзiне белгiлi болған фактiлерi туралы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органға хабарламауы –

      жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      13. Актуарийдiң өзi анықтаған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасының сақтандыру резервтерiн қалыптастыру жөнiндегi заңнамасының талаптарын сақтамау фактiлерi туралы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органға хабарламауы –

      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      14. Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорына мiндеттi немесе төтенше жарналарды төлемеу, уақтылы төлемеу не толық көлемде төлемеу –

      лауазымды адамдарға – елу, заңды тұлғаларға екi жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      15. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржы есептілігін және өзге де мәлiметтердi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау мiндеттiлiгi туралы талаптарды бұзуы –

      жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      13) 174-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "лауазымды адамдарға – елу, заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "заңды тұлғаларға әрбір жоғалған құжат үшін елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      14) 175-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының міндетті сақтандыру шартын:

      сақтандыру сомаларының мөлшерлерін Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері туралы заңдарында айқындалғаннан өзге мөлшерде белгілеуден;

      сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерлерін Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері туралы заңдарында айқындалғаннан өзге мөлшерде белгілеуден, сол сияқты сақтандыру сыйлықақысын есептеу кезінде коэффициенттерді дұрыс емес (негізсіз) қолданудан;

      сақтандыруға жатпайтын объектілерді міндетті сақтандыру түрлері бойынша сақтандырудан көрiнетін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін талаптармен жасасуы –

      лауазымды адамдарға – жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, заңды тұлғаларға мәміле сомасының оннан бір пайызы не операциялар бойынша алынған табыс сомасының жүз пайызы не операциялар бойынша алынған сақтандыру сыйлықақылары сомасының жүз пайызы мөлшерiнде, бірақ айлық есептiк көрсеткiштің екі жүзден кем емес және екі мыңнан аспайтын мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      15) 175-1 және 175-2-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "175-1-бап. Қаржы ұйымдарының, банк және сақтандыру холдингтерінің, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының басшы қызметкерлерiн келісудің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзімдерін бұзу

      1. Қаржы ұйымының, банк және сақтандыру холдингінің, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының басшы қызметкерiн келісудің мерзімдерін қаржы ұйымының, банктің және сақтандыру холдингінің, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының бұзуы –

      заңды тұлғаларға тоқсан айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -

      заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      175-2-бап. Қаржы ұйымдарының филиалдары мен өкiлдiктерiнiң

      ашылғаны және олардың қызметiнiң тоқтатылғаны туралы

      қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен

      қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органды уақтылы

      хабардар етпеу, сондай-ақ қаржы ұйымдарының

      филиалдарын, өкiлдiктерiн ашу кезiнде Қазақстан

      Республикасы заңнамасының талаптарын сақтамау

      Қаржы ұйымдарының филиалдары мен өкiлдiктерiнiң ашылғаны және олардың қызметiнiң тоқтатылғаны туралы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органды уақтылы хабардар етпеу, сондай-ақ қаржы ұйымдарының филиалдарын, өкiлдiктерiн ашу кезiнде Қазақстан Республикасының банк заңнамасының, Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі мен сақтандыру қызметi, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасының талаптарын сақтамау –

      лауазымды адамдарға – елу, заңды тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      16) 179-бап мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:

      "3. Қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, инвестициялық қорлардың және Қазақстанның Даму Банкінің операцияларды бухгалтерлік есепте олардың нәтижелерін тиісті түрде көрсетпестен жүргізуі –

      заңды тұлғаларға есепке алынбаған соманың жиырма пайызы, бірақ айлық есептік көрсеткіштің жүзден кем емес және төрт мыңнан аспайтын мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, инвестициялық қорлардың және Қазақстанның Даму Банкінің қаржылық есептілікті бұрмалауға әкеп соққан, бухгалтерлiк есепті Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленген талаптарды және бухгалтерлік есеп әдістерін (қағидаттарын) бұза отырып жүргізуі –

      заңды тұлғаларға тиісінше есепке алынбаған соманың бес пайызына дейінгі, бірақ айлық есептік көрсеткіштің жүзден кем емес және төрт мыңнан аспайтын мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      17) 179-3 және 180-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "179-3-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының және (немесе) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың пруденциялық нормативтердi және (немесе) өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi орындамауы

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының және (немесе) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың есептіліктегі көрсеткіштерді не пруденциялық нормативтерді және (немесе) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында айқындалған өзге де сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерді орындау туралы мәліметтерді бұрмалауға әкеп соққан есептілікті жасауы –

      лауазымды адамдарға – жүз, заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Жинақтаушы зейнетақы қорларының және (немесе) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгiлеген пруденциялық нормативтердi және (немесе) өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екі ай iшiнде екi және одан да көп) орындамауы –

      заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      180-бап. Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес

      талап етілетін валюталық операциялар бойынша

      есептемені, ақпаратты және құжаттарды беру тәртібін

      бұзу

      1. Ресімделген тіркеу куәліктері немесе хабарлама туралы куәліктер бойынша немесе валюталық мониторинг бойынша анық емес есептемені беру –

      жеке, заңды тұлғаларға және Қазақстан Республикасының аумағында бір жылдан астам жұмыс істейтін резидент емес заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне ескерту жасауға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет –

      жеке тұлғаларға – бес, дара кәсіпкерлерге, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – он, дара кәсіпкерлерге, орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының аумағында бір жылдан астам жұмыс істейтін резидент емес заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Ресімделген тіркеу куәліктері немесе хабарлама туралы куәліктер бойынша немесе валюталық мониторинг бойынша есептілікті уақтылы ұсынбау –

      жеке және заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының аумағында бір жылдан астам жұмыс істейтін резидент емес заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне ескерту жасауға әкеп соғады.

      4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет –

      жеке тұлғаларға – бес, дара кәсіпкерлерге, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – он, дара кәсіпкерлерге, орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының аумағында бір жылдан астам жұмыс істейтін резидент емес заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      5. Ресімделген тіркеу куәліктері, хабарлама туралы куәліктер бойынша немесе валюталық мониторинг бойынша есептілікті ұсынбау –

      жеке тұлғаларға – қырық, дара кәсіпкерлерге, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – жетпіс, дара кәсіпкерлерге, орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының аумағында бір жылдан астам жұмыс істейтін резидент емес заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      6. Ұлттық және шетел валютасын репатриациялау мерзіміне және шарттарына әсер ететін мән-жайлардың туындағанын растайтын ақпаратты және құжаттарды уақтылы бермеу –

      дара кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.

      7. Осы баптың алтыншы бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет –

      дара кәсіпкерлерге, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – отыз, дара кәсіпкерлерге, орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      8. Ұлттық және шетел валютасын репатриациялау мерзіміне және шарттарына әсер ететін мән-жайлардың туындағанын растайтын ақпаратты және құжаттарды бермеу –

      дара кәсіпкерлерге, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – елу, дара кәсіпкерлерге, орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      18) 184-1-бапта:

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Аудит жүргізілуі міндетті қаржы ұйымдарына аудит жүргізу нәтижесінде анықталған Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін заңнамасын бұзушылықтар туралы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға хабарламау және аудиттелетін осы ұйымдарды хабардар етпеу –

      аудиторлық ұйымдарға жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның белгiленген мерзiмде аудиторлық есептi ұсыну туралы жазбаша нұсқамасын аудиторлық ұйымдардың орындамауы не аудиторлық ұйымдардың қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органға аудиторлық есептi бермеуі –

      аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып не онсыз, аудиторлық ұйымдарға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      19) 187 және 191-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "187-бап. Ұлттық және шетел валютасын репатриациялау талабын орындамау

      Уәкiлеттi банктердегi банк шоттарына:

      тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) экспортынан түсетін ұлттық және шетел валютасындағы түсiмдердi;

      резиденттiң тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) импорты үшін резидент еместiң пайдасына аударған ұлттық және шетел валютасын, резидент еместiң тауарларды жеткізу (жұмыстарды жүзеге асыру, қызметтер көрсету) бойынша мiндеттемелердi орындамауына немесе толық орындамауына байланысты қайтарылуға жататын ұлттық және шетел валютасын есепке жатқызбау түрiнде жасалған ұлттық және шетел валютасын репатриациялау талабын орындамау –

      дара кәсiпкерлерге, заңды тұлғаларға есепке жатқызылмаған ұлттық және шетел валютасы сомасының жиырма пайызы, бірақ екі мың айлық есептiк көрсеткіштен аспайтын мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескерту.

      Осы бапта көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін жауаптылық репатриациялау мерзімі аяқталғаннан кейін есепке жатқызылмаған ұлттық және шетел валютасының сомасы елу мың АҚШ долларына балама сомадан асып кеткен және егер осы іс-әрекеттерде (әрекетсіздікте) қылмыстың жазаланатын әрекет белгілері болмаған жағдайларда туындайды.";

      "191-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектiсiне өзгерiстер мен толықтыруларды тiркеуге арналған құжаттарды беру мерзiмiн бұзу

      Эмитенттiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектiсiне өзгерiстер мен толықтыруларды тiркеуге арналған құжаттарды беру мерзiмiн бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп) бұзуы –

      эмитентке елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      20) 192-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жарнама берушiге жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      21) 193 және 194-1-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "193-бап. Бағалы қағаздар нарығы субъектісінің қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға есептемені, ақпаратты, мәліметтерді беру жөніндегі талаптарды бұзуы

      1. Бағалы қағаздар нарығы субъектісінің қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға есептемені, мәліметтерді не өзге де сұратылатын ақпаратты бермеуі, сол сияқты уақтылы бермеуі немесе Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес берілуі талап етілетін мәліметтері жоқ есептемені, ақпаратты беруі не анық емес есептемені немесе мәліметтерді не өзге де сұратылатын ақпаратты, оның ішінде бағалы қағаздар нарығы субъектiлерінің қызметіне тексеру жүргізу барысында, эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеу, эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастырудың және (немесе) өтеудің қорытындылары туралы есепті бекіту, бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін ақпаратты беруі –

      лауазымды адамдарға – жүз, заңды тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Бағалы қағаздар нарығы субъект