Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 23 қарашадағы № 55-V Заңы

      1-бап. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) мазмұны мынадай мазмұндағы 41-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
      «41-1-бап. Шартты түрде қаржыландырылатын шығыстар»;
      2) 31-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Әкiмдердiң және облыстық мәслихаттардың, республикалық маңызы бар қалалар, астана мәслихаттарының аппараттары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкiмдiктерi уәкiлеттiк берген атқарушы органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың iшкi iстер органдары облыстық бюджеттiк бағдарламалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттiк бағдарламаларының әкiмшiлерi болып табылады.»;
      3) 32-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Бюджеттік бағдарламаларды бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі әзірлейді және олар мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының құрамында бекітіледі.
      Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жоспарлы кезеңге арналған жоспарланатын бюджет қаражатының көлемдері, нәтижелілік және тиімділік көрсеткіштері бар бюджеттік бағдарламаларды бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен әзірлейді.
      Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларын бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы бекітеді.
      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының бюджеттік бағдарламаларын тиісті тексеру комиссиясының төрағасы бекітеді.
      Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) мәслихаттарының аппараттары әкімшілері болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды тиісті мәслихаттың хатшысы бекітеді.
      Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар әкімшілері болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі бекітеді.»;
      4) 33-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалануға бағытталған бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бойынша бекітілген (нақтыланған) бюджетте көзделген шығыстар толық бөлінбеген жағдайда, сондай-ақ шартты түрде қаржыландырылатын шығыстар үшін бөлінбеген сома бюджеттің атқарылмауы болып табылмайды.»;
      5) 39-баптың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдарға үлестік және донорлық жарналар;»;
      6) 6-тарау мынадай мазмұндағы 41-1-баппен толықтырылсын:
      «41-1-бап. Шартты түрде қаржыландырылатын шығыстар
      Осы бапта айқындалған жағдайлар басталған кезде ең үздік тікелей нәтижеге қол жеткізу үшін бекітілген бюджеттік бағдарламаларға қосымша бөлінетін республикалық бюджет шығыстары шартты түрде қаржыландырылатын шығыстар болып табылады.
      Шартты түрде қаржыландырылатын шығыстардың жалпы көлемі кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет шығыстары көлемінің төрт пайызынан аспауға тиіс.
      Шартты түрде қаржыландырылатын шығыстар бюджетті әзірлеу кезінде осы Кодексте белгіленген талаптар сақтала отырып, жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджетті қалыптастырған кезде жоспарланады.
      Шартты түрде қаржыландырылатын шығыстардың тізбесін және көлемін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган қалыптастырады, Республикалық бюджет комиссиясы қарайды және олар әлеуметтік-экономикалық даму болжамының құрамында мақұлданады. Шартты түрде қаржыландырылатын шығыстар жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджетте бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әкімшілік жасайтын, жеке бөлінетін бюджеттік бағдарлама бойынша көзделеді.
      Шартты түрде қаржыландырылатын шығыстар бірінші тоқсанның қорытындылары бойынша бюджет кірістерінің атқарылуы есепті кезеңге арналған бекітілген жоспарлы көрсеткіштерден асып түскен жағдайда, сондай-ақ ағымдағы қаржы жылына арналған әлеуметтік-экономикалық даму параметрлерін жақсарту болжанған жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша бөлінеді. Бұл ретте, ағымдағы қаржы жылының бюджетінде көзделген бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджет қаражатының уақтылы игерілуі, шығыстардың әлеуметтік бағыттылығы, ағымдағы қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламалар бойынша қабылданған міндеттемелердің аяқталу мерзімдері ескеріледі.
      Шартты түрде қаржыландырылатын шығыстарды бөлу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
      7) 46-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын, жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуге немесе оған техникалық-экономикалық негіздемеде немесе үлгілік жобада көзделмеген қосымша компоненттерді енгізуге байланысты жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың сметалық құнының ұлғаюымен байланысты шығыстар тиісті жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      Жергілікті бюджетте қаражат жеткіліксіз болған кезде стратегиялық және (немесе) әлеуметтік маңызды мәні бар, республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен астанада іске асырылатын, жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуге немесе оған техникалық-экономикалық негiздемеде немесе үлгiлiк жобада көзделмеген қосымша компоненттерді енгiзуге байланысты жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаның сметалық құнының ұлғаюы бойынша, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 1000000 еселенген мөлшерінен асатын шығыстар республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.»;
      8) 61-баптың 1-1-тармағының 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
      «шартты түрде қаржыландырылатын шығыстардың тiзбесін;»;
      9) 62-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Орталық мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарлары немесе стратегиялық жоспарларға өзгерiстер мен толықтырулар республикалық бюджет бекiтiлгеннен кейiн пысықталады, Қазақстан Республикасының Президентi республикалық бюджет туралы заңға қол қойған күннен бастап бiр ай мерзiмде бекiтiледi және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк құпиялардың қорғалуы қамтамасыз етіле отырып, күнтiзбелiк он күн iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.
      Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнен қаржыландырылатын атқарушы органдардың стратегиялық жоспарлары немесе стратегиялық жоспарларына өзгерiстер мен толықтырулар облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерi бекiтiлгеннен кейiн пысықталады, тиісті мәслихаттар облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiн бекiткен күннен бастап бір ай мерзімде бекiтiледi және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк құпиялардың қорғалуы қамтамасыз етiле отырып, күнтiзбелiк он күн iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.»;
      10) 71-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы он екінші абзацпен толықтырылсын:
      «шартты түрде қаржыландырылатын шығыстардың көлемi;»;
      11) 79-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «5-1) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері көрсетіле отырып, шартты түрде қаржыландырылатын шығыстардың тiзбесі;»;
      12) 85-баптың 9-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бюджеттiң атқарылуы барысында бюджет қаражатының үнемделуi пайда болған жағдайда:
      Республикалық бюджет комиссиясында белгіленген тәртіппен міндетті түрде қарай отырып, республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қаражатты бір бюджеттік бағдарлама шегінде республикалық бюджеттік инвестициялық жобалар арасында қайта бөлуге құқылы;
      тиісті бюджет комиссиясында белгіленген тәртіппен міндетті түрде қарай отырып, жергілікті атқарушы органдар қаражатты бір бюджеттік бағдарлама шеңберінде және бір облыс шегінде жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар арасында, сондай-ақ республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің келісімі бойынша жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар арасында қайта бөлуге құқылы.»;
      13) 92-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Түсімдерді бөлу бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін бюджеттердің деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты арасында бюджеттің түсімдерін бөлу кестесі, облыстық мәслихаттың шешімімен белгіленетін облыстық бюджет пен оның аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттері арасында кірістерді бөлу нормативтері, сондай-ақ мұнай секторы ұйымдарының тізбесі негізінде жүзеге асырылады.».
      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                    Н.НАЗАРБАЕВ

О внесении изменений и дополнений в Бюджетный кодекс Республики Казахстан

Закон Республики Казахстан от 23 ноября 2012 года № 55-V

      Статья 1. Внести в Бюджетный кодекс Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2008 г., № 21, ст. 93; 2009 г., № 23, ст. 112; № 24, ст. 129; 2010 г., № 5, ст. 23; № 7, ст. 29, 32; № 15, ст. 71; № 24, ст. 146, 149, 150; 2011 г., № 2, ст. 21, 25; № 4, ст. 37; № 6, ст. 50; № 7, ст. 54; № 11, ст. 102; № 13, ст. 115; № 15, ст. 125; № 16, ст. 129; № 20, ст. 151; № 24, ст. 196; 2012 г., № 1, ст. 5; № 2, ст. 16; № 3, ст. 21; № 4, ст. 30, 32; № 5, ст. 36, 41; № 8, ст. 64; № 13, ст. 91; № 14, ст. 94) следующие изменения и дополнения:
      1) оглавление дополнить заголовком статьи 41-1 следующего содержания:
      «Статья 41-1. Условно финансируемые расходы»;
      2) пункт 6 статьи 31 изложить в следующей редакции:
      «6. Администраторами областных бюджетных программ, бюджетных программ городов республиканского значения, столицы являются аппараты акимов и областных маслихатов, маслихатов городов республиканского значения, столицы, исполнительные органы, уполномоченные акиматами областей, городов республиканского значения, столицы, ревизионные комиссии областей, городов республиканского значения, столицы и органы внутренних дел областей, городов республиканского значения, столицы.»;
      3) пункт 2 статьи 32 изложить в следующей редакции:
      «2. Бюджетные программы разрабатываются администратором бюджетных программ и утверждаются в составе стратегического плана государственного органа.
      Администраторы бюджетных программ, не разрабатывающие стратегические планы, разрабатывают бюджетные программы с объемами планируемых бюджетных средств на плановый период, показателями результативности и эффективности в порядке, определяемом центральным уполномоченным органом по бюджетному планированию.
      Бюджетные программы администраторов республиканских бюджетных программ, не разрабатывающих стратегические планы, утверждаются первым руководителем администратора бюджетных программ.
      Бюджетные программы ревизионных комиссий областей, городов республиканского значения, столицы утверждаются председателем соответствующей ревизионной комиссии.
      Бюджетные программы, администраторами которых являются аппараты маслихатов областей, городов республиканского значения, столицы, районов (городов областного значения), утверждаются секретарем соответствующего маслихата.
      Бюджетные программы, администраторами которых являются исполнительные органы, финансируемые из бюджета района (города областного значения), утверждаются акиматом района (города областного значения).»;
      4) пункт 3 статьи 33 дополнить частью третьей следующего содержания:
      «В случае неполного распределения расходов, предусмотренных в утвержденном (уточненном) бюджете по распределяемым бюджетным программам, направленным на использование резервов Правительства Республики Казахстан и местных исполнительных органов, а также для условно финансируемых расходов, нераспределенная сумма не является неисполнением бюджета.»;
      5) абзац четвертый статьи 39 изложить в следующей редакции:
      «долевые и донорские взносы в международные организации, членом которых является Республика Казахстан;»;
      6) главу 6 дополнить статьей 41-1 следующего содержания:
      «Статья 41-1. Условно финансируемые расходы
      Условно финансируемыми расходами являются расходы республиканского бюджета, распределяемые дополнительно к утвержденным бюджетным программам при наступлении условий, определенных настоящей статьей, для достижения наилучшего прямого результата.
      Общий объем условно финансируемых расходов не должен превышать четыре процента от объема расходов республиканского бюджета на очередной финансовый год.
      Условно финансируемые расходы планируются при формировании республиканского бюджета на плановый период с соблюдением требований, установленных настоящим Кодексом при разработке бюджета.
      Перечень и объем условно финансируемых расходов формируются центральным уполномоченным органом по бюджетному планированию, рассматриваются Республиканской бюджетной комиссией и одобряются в составе прогноза социально-экономического развития. Условно финансируемые расходы в республиканском бюджете на плановый период предусматриваются по отдельной распределяемой бюджетной программе, администрируемой центральным уполномоченным органом по бюджетному планированию.
      Условно финансируемые расходы распределяются по администраторам бюджетных программ при условии, когда исполнение доходов бюджета по итогам первого квартала превышает утвержденные плановые показатели на отчетный период, а также при условии прогнозирования улучшения параметров социально-экономического развития на текущий финансовый год по решению Правительства Республики Казахстан. При этом учитываются своевременность освоения бюджетных средств по бюджетным программам, предусмотренным в бюджете текущего финансового года, социальная направленность расходов, сроки завершения принятых обязательств по бюджетным программам в текущем финансовом году.
      Порядок выделения условно финансируемых расходов определяется Правительством Республики Казахстан.»;
      7) пункт 7 статьи 46 изложить в следующей редакции:
      «7. Расходы, связанные с увеличением сметной стоимости местных бюджетных инвестиционных проектов, реализуемых за счет целевых трансфертов на развитие из вышестоящего бюджета, в связи с корректировкой проектно-сметной документации или включением в нее дополнительных компонентов, не предусмотренных в технико-экономическом обосновании или типовом проекте, осуществляются за счет средств соответствующего местного бюджета.
      При недостаточности средств в местном бюджете расходы по увеличению сметной стоимости местного бюджетного инвестиционного проекта, имеющего стратегическое и (или) социально важное значение, реализуемого за счет целевых трансфертов на развитие из республиканского бюджета в столице, в связи с корректировкой проектно-сметной документации или включением в нее дополнительных компонентов, не предусмотренных в технико-экономическом обосновании или типовом проекте, составляющие свыше 1000000-кратного размера месячного расчетного показателя, установленного законом о республиканском бюджете, осуществляются за счет средств республиканского бюджета.»;
      8) подпункт 1) пункта 1-1 статьи 61 дополнить абзацем девятым следующего содержания:
      «перечень условно финансируемых расходов;»;
      9) пункт 6 статьи 62 изложить в следующей редакции:
      «6. Стратегические планы центральных государственных органов или изменения и дополнения в стратегические планы после утверждения республиканского бюджета дорабатываются, утверждаются в месячный срок со дня подписания Президентом Республики Казахстан закона о республиканском бюджете и подлежат опубликованию в средствах массовой информации в течение десяти календарных дней с обеспечением защиты государственных секретов в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      Стратегические планы или изменения и дополнения в стратегические планы исполнительных органов, финансируемых из областного бюджета, бюджетов города республиканского значения, столицы, после утверждения областного бюджета, бюджетов города республиканского значения, столицы дорабатываются, утверждаются в месячный срок со дня утверждения соответствующими маслихатами областного бюджета, бюджетов города республиканского значения, столицы и подлежат опубликованию в средствах массовой информации в течение десяти календарных дней с обеспечением защиты государственных секретов в соответствии с законодательством Республики Казахстан.»;
      10) пункт 3 статьи 71 дополнить абзацем двенадцатым следующего содержания:
      «объем условно финансируемых расходов;»;
      11) часть вторую пункта 2 статьи 79 дополнить подпунктом 5-1) следующего содержания:
      «5-1) перечень условно финансируемых расходов с указанием администраторов бюджетных программ;»;
      12) часть вторую пункта 9 статьи 85 изложить в следующей редакции:
      «В случае образования экономии бюджетных средств в ходе исполнения бюджета:
      администраторы республиканских бюджетных программ вправе перераспределять средства между республиканскими бюджетными инвестиционными проектами в пределах одной бюджетной программы с обязательным рассмотрением в установленном порядке на Республиканской бюджетной комиссии;
      местные исполнительные органы вправе перераспределять средства между местными бюджетными инвестиционными проектами, а также по согласованию с администраторами республиканских бюджетных программ между местными бюджетными инвестиционными проектами, финансируемыми за счет целевых трансфертов на развитие из вышестоящего бюджета, в рамках одной бюджетной программы и в пределах одной области с обязательным рассмотрением в установленном порядке на соответствующей бюджетной комиссии.»;
      13) пункт 2 статьи 92 изложить в следующей редакции:
      «2. Распределение поступлений осуществляется на основании утверждаемой центральным уполномоченным органом по бюджетному планированию таблицы распределения поступлений бюджета между уровнями бюджетов и контрольным счетом наличности Национального фонда Республики Казахстан, нормативов распределения доходов между областным бюджетом и его районными (городов областного значения) бюджетами, устанавливаемых решением областного маслихата, а также перечня организаций нефтяного сектора.».
      Статья 2. Настоящий Закон вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Президент
      Республики Казахстан                       Н. НАЗАРБАЕВ