Байланыс формасы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жобалық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 12 қаңтардағы № 539-IV Заңы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 1994 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат;  № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 44-баптың 1-тармағының бесінші бөлігі «Қазақстан Республикасының» деген сөздерден кейін «жобалық қаржыландыру және» деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 45-баптың 1-тармағының екінші бөлігі «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» деген сөздерден кейін «, жобалық қаржыландыру» деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 49-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «секьюритилендiру және» деген сөздер «жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру,» деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 50-баптың 4-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Аралық тарату балансын жасаған кезде таратылатын заңды тұлға мүлкiнiң құрамына арнайы қаржы компаниясының жобалық қаржыландыру кезiндегi міндеттемелері бойынша, Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес шығарылған арнайы қаржы компаниясының секьюритилендiру кезiндегi облигациялары бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлiнген активтер және ипотекалық облигациялар бойынша: ипотекалық тұрғын үй қарызы шарттары бойынша талап ету құқықтары (ипотекалық куәлiктердi қоса алғанда), сондай-ақ көрсетiлген облигацияларды ұстаушыларда меншiк құқығы мәмiлелер бойынша не Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген өзге де негiздер бойынша туындаған немесе оларға ауысқан жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздары қамтамасыз ету болып табылатын кепiл мүлкi енгiзiлмейдi. Тарату комиссиясы көрсетілген мүлік пен бөлінген активтерді кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес айқындалған ипотекалық облигацияларды ұстаушылардың өкіліне, кредиторлардың және (немесе) облигацияларды ұстаушылардың өкіліне береді.»;

      5) 59-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «секьюритилендiру» деген сөз «жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру» деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. 1999 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Ерекше бөлiм) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мазмұнында:
      үш жүз жетпіс алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «738-1-бап. Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру кезiнде ақшалай талап етуді беру»;

      2) 738-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «738-1-бап. Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру кезiнде
                  ақшалай талап етуді беру

      Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру кезiнде ақшалай талап етудің берілуіне орай қаржыландыру ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамалық актiсiнде белгiленедi. Егер Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамалық актiсiнде өзгеше белгiленбесе, осы тараудың ережелерi жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру мәмiлелерiне қолданылады.».

      3. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 29 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті органдардың мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі құзыретінің аражігін ажырату және бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 8 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 99-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы «Қазақстан Республикасының» деген сөздерден кейін «жобалық қаржыландыру және» деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 137-баптың 6-тармағында «секьюритилендіру» деген сөз «секьюритилендіру және жобалық қаржыландыру» деген сөздермен ауыстырылып, «мерзімі ішінде» деген сөздерден кейін «секьюритилендіру мәмілелерінде» деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 143-баптың 2-тармағының 6) тармақшасы «Қазақстан Республикасының» деген сөздерден кейін «жобалық қаржыландыру және» деген сөздермен, «компанияларына» деген сөзден кейін «секьюритилендіру мәмілелері үшін» деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 615-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «секьюритилендiру және» деген сөздер «жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру,» деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 15 және 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 15, 16 және 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      165-баптың 1-тармағының екінші бөлігі «зейнетақымен қамсыздандыру,» деген сөздерден кейін «жобалық қаржыландыру және» деген сөздермен толықтырылсын.

      5. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат):

      1) 2-баптың 1-тармақшасының төртінші абзацы «Қазақстан Республикасының» деген сөздерден кейін «жобалық қаржыландыру және» деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 8-бапта:
      3-тармақтың 1) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес секьюритилендiру мәмілелері үшін құрылған еншілес арнайы қаржы компанияларын;»;
      3-тармақтың 2) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес секьюритилендiру мәмілелері үшін құрылған еншілес арнайы қаржы компанияларын;»;
      8-тармақтың төртінші абзацы «Қазақстан Республикасының» деген сөздерден кейін «жобалық қаржыландыру және» деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 74-1-баптың 1-1-тармағында:
      бірінші сөйлем «Қазақстан Республикасының» деген сөздерден кейін «жобалық қаржыландыру және» деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тарату комиссиясы көрсетілген мүлік пен бөлінген активтерді кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес айқындалған ипотекалық облигацияларды ұстаушылардың өкіліне, облигацияларды ұстаушылардың өкіліне береді.».

      6. «Банкроттық туралы» 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 1-2, 7-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 14, 198-құжат; № 17-18, 225-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 4, 26-құжат; № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 57-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14, 18-құжаттар; № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 9-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2011 жылғы 8 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 6-баптың 1-тармағының екінші бөлігі «талаптары» деген сөзден кейін «жобалық қаржыландыру және» деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 71-баптың 2-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Кредиторлар талаптарының тізіліміне бөлінген активтермен қамтамасыз етілген, Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасында айқындалған кредиторлардың талаптары және ипотекалық облигацияларды ұстаушылардың мынадай мүлiктi: ипотекалық тұрғын үй қарызы шарттары бойынша талап ету құқықтарын (ипотекалық куәлiктер кепiлiн қоса алғанда), сондай-ақ көрсетілген облигацияларды ұстаушыларда меншiк құқығы мәмiлелер бойынша не Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген өзге де негiздер бойынша туындаған немесе ауысқан жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздарын кепiлге қоюмен қамтамасыз етiлген талаптары енгiзiлмейдi.»;

      3) 74-баптың 4-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) арнайы қаржы компаниясының жобалық қаржыландыру кезiндегi міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес секьюритилендiру кезiндегi облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлiнген активтер және ипотекалық облигациялар бойынша мынадай қамтамасыз ету болып табылатын кепiл мүлкi: ипотекалық тұрғын үй қарызы шарттары бойынша талап ету құқығы (ипотекалық куәлiктердi қоса алғанда), сондай-ақ көрсетiлген облигацияларды ұстаушыларда меншiк құқығы мәмiлелер бойынша не Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген өзге де негiздер бойынша туындаған немесе ауысқан жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздары енгiзiлмейдi. Тарату комиссиясы көрсетілген мүлік пен бөлінген активтерді кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес айқындалған ипотекалық облигацияларды ұстаушылардың өкіліне, кредиторлардың және (немесе) облигацияларды ұстаушылардың өкіліне береді;».

      7. «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 437-құжат; 1999 ж., № 8, 237-құжат; № 23, 925-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 1, 1-құжат; № 23-24, 198-құжат; 2003 ж., № 1-2, 9-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 139-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 11, 39-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 69-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 28, 30-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114, 123-құжаттар; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 140-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат):
      1-баптың 6) тармақшасының төртінші абзацындағы «секьюритилендіру» деген сөз «жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру» деген сөздермен ауыстырылсын.

      8. «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 5-6, 49-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат):
      23-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі «секьюритилендiру» деген сөз «жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру» деген сөздермен ауыстырылсын.

      9. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 13, 112-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      5-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы «компаниясының» деген сөзден кейін «жобалық қаржыландыру және» деген сөздермен толықтырылсын.

      10. «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 5-құжат; № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 86-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат):
      5-баптың 2-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң он төртінші абзацындағы «компаниялары жатады.» деген сөздер «компаниялары;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он бесінші абзацпен толықтырылсын:
      «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес арнайы қаржы компаниялары жатады.».

      11. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
      3-баптың 3) тармақшасының төртінші абзацындағы «секьюритилендiру» деген сөз «жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру» деген сөздермен ауыстырылсын.

      12. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 125-құжат):

      1) 9-баптың 1-1-тармағындағы «секьюритилендiру» деген сөздер «жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру» деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 15-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы тармақтың талаптары:
      1) ұлттық басқарушы холдингке;
      2) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес айқындалған, осы арнайы қаржы компаниясының жалғыз құрылтайшысы (акционері) болып табылатын оригинатор немесе орындаушы облигациялардың эмитентіне осы тармақта қойылатын талаптарды сақтаған кезде жобалық қаржыландыру немесе секьюритилендіру мәмілелері шеңберінде облигациялар шығаруды жүзеге асыратын арнайы қаржы компаниясына;
      3) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес жобалық қаржыландыру мәмілелері шеңберінде облигациялар шығаруды жүзеге асыратын, оларда мемлекет тапсырыс беруші ретінде танылатын арнайы қаржы компаниясына қолданылмайды.».

      13. «Секьюритилендiру туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., № 4, 23-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат):

      1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы»;

      2) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Заң Қазақстан Республикасында жобалық қаржыландырудың және секьюритилендiрудiң құқықтық негiздерi мен шарттарын белгiлейдi, жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру кезiнде талап ету құқығын берудi жүзеге асырудың ерекшеліктерін және мүліктің құқықтық режимін, сондай-ақ арнайы қаржы компаниясының құқықтық жағдайын айқындайды.»;

      3) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) арнайы қаржы компаниясы – жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру мәмілелерін жүзеге асыру үшін оның пайдасына талап ету құқығы берілетін, осы Заңға сәйкес құрылатын заңды тұлға;
      2) арнайы қаржы компаниясының меншiктi қаражаты – активтер, мiндеттемелер, меншiктi капитал және жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру мәмiлелерi аяқталғаннан кейiн алынған (келтірілген) кiрiстер (залалдар). Бөлiнген активтер, арнайы қаржы компаниясының облигациялары (оның ішінде олар бойынша есептелген купон) арнайы қаржы компаниясының меншiктi қаражатына кiрмейдi;
      3) арнайы қаржы компаниясының облигациялары – эмитенттің міндеттемелерін орындау бөлінген активтермен қамтамасыз етілетін облигациялар;
      4) базалық шарт – ол бойынша бір тарап мүлікті түзуге және екінші тарапқа беруге немесе түзілген мүлікті пайдалану процесінде қызметтер көрсетуге және (немесе) тауарлар шығаруға және (немесе) жұмыстарды орындауға міндеттеме алатын жазбаша келісім;
      5) бөлiнген активтер – жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру мәмілелерінде арнайы қаржы компаниясына берілген талап ету құқықтары, өзі берген талап ету құқықтары бойынша алынған, банк-кастодиандағы шоттардағы ақша, арнайы қаржы компаниясы көрсетілген ақшаны инвестициялау нәтижесінде сатып алған қаржы құралдары, қаржы құралдарын сату нәтижесінде алынған ақша, сондай-ақ қосымша қамтамасыз етуді түзу кезінде туындайтын мүлік пен мүліктік құқықтар;
      6) дебитор – қазіргі немесе болашақ ақшалай міндеттемесі бар тұлға;
      7) жобалық қаржыландыру – мүлікті түзу және беру, сондай-ақ түзілген мүлікті пайдалану процесінде қызметтер көрсету және (немесе) тауарлар шығару және (немесе) жұмыстарды орындау үшін күтілетін жүйелі қаржылық төлемдер қамтамасыз етуі болып табылатын, талап ету құқығын беру арқылы ұзақ мерзімді жобаны қаржыландыруды ұйымдастыру тәсілі;
      8) жобалық қаржыландыру мәмілесі – тапсырыс берушінің, орындаушының, арнайы қаржы компаниясының, кредиторлардың және өзге де тұлғалардың базалық шартты орындау шеңберінде өздерінің құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, сондай-ақ бөлінген активтермен қамтамасыз етілген міндеттемелерді қабылдауға және орындауға бағытталған іс-қимылы;
      9) инвестициялық портфельді басқарушы – инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның негізінде, бөлінген активтер бойынша арнайы қаржы компаниясына уақытша бос түсімдерді инвестициялау жөнінде арнайы қаржы компаниясына қызмет көрсететін бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы;
      10) кредитор – облигацияларды ұстаушы болып табылатын жеке және (немесе) заңды тұлға немесе жобалық қаржыландыру кезінде кредит беруді жүзеге асыратын заңды тұлға;
      11) қосымша қамтамасыз ету – арнайы қаржы компаниясының кредиторлар алдындағы міндеттемелерінің орындалуын үшінші тұлғалардың есебінен кепілдік, кепілгерлік, кепілзат түрінде, сондай-ақ шарттарда көзделген өзге де жолдармен қамтамасыз ету тәсілдері;
      12) оригинатор – секьюритилендіру мәмілесін жасасу кезінде талап ету құқықтарын беруді жүзеге асыратын заңды тұлға;
      13) орындаушы – базалық шартқа сәйкес мүлікті түзетін және беретін, сондай-ақ түзілген мүлікті пайдалану процесінде қызметтер көрсететін және (немесе) тауарлар шығаратын және (немесе) жұмыстарды орындайтын заңды тұлға;
      14) секьюритилендіру – бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигацияларды шығару арқылы ақшалай талап етуді беруге орай қаржыландыру;
      15) секьюритилендіру мәмілесі – арнайы қаржы компаниясының талап ету құқығын алуы және бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигацияларды шығару;
      16) талап ету құқықтары – талап ету құқықтарын беру шартын жасасқан сәтте қолда бар ақшалай талап етулер (қолда бар талап ету құқықтары), сондай-ақ бар міндеттемеден немесе болашақ міндеттемеден болашақта туындайтын ақшалай талап етулер (болашақ талап ету құқықтары);
      17) талап ету құқықтары бойынша түсiмдер – дебиторлардың мiндеттемелерi бойынша ақшалай нысандағы түсiмдер, сондай-ақ базалық шарт бойынша түзілген мүлікті пайдаланған немесе түзілген мүлікті пайдалану процесінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған тұлғалардан түсетiн түсiмдер;
      18) талап ету құқықтарының біркелкілігі – талап ету құқықтарының облигациялар шығару проспектісінде айқындалған жалпы объективті өлшемге сәйкестігі;
      19) тапсырыс беруші – жеке немесе заңды тұлға, Үкімет немесе жергілікті атқарушы орган атынан әрекет ететін мемлекет, сондай-ақ олар уәкілеттік берген, олардың тапсырмасы бойынша базалық шарт іске асырылатын мемлекеттік органдар;
      20) уәкілетті орган – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеуді және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      21) үлестес тұлғалар – шешімді тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) бір-бірінің (тұлғалардың бірінің) қабылдайтын шешімдеріне, оның ішінде жасасқан мәміленің күшіне қарай ықпал етуге мүмкіндігі бар жеке немесе заңды тұлғалар (өздеріне берілген өкілеттіктер шеңберінде бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда).»;

      4) 2-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2-бап. Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және
              секьюритилендiру туралы заңнамасы»;
      1-тармақ «Қазақстан Республикасының» деген сөздерден кейін «жобалық қаржыландыру және» деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақ «өзгеше белгіленбесе,» деген сөздерден кейін «жобалық қаржыландыру және» деген сөздермен толықтырылсын;

      5) 4-бапта:
      1-тармақта:
      бірінші бөлік «өзге тұлға» деген сөздерден кейін «жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру мәмілесіне қатысу үшін» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Оффшорлық аймақтарда тіркелген немесе оффшорлық аймақта тіркелген, тізбесін уәкілетті орган белгілейтін үлестес тұлғалары бар заңды тұлғалар арнайы қаржы компаниясының дауыс беретін акцияларын және жарғылық капиталға қатысу үлестерін тікелей немесе жанама иеленуге және (немесе) пайдалануға және (немесе) билік етуге құқылы емес.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Арнайы қаржы компаниясы инвестициялық портфельді басқарушымен шарт негізінде бөлінген активтер бойынша уақытша бос түсімдерді тізбесін уәкілетті орган белгілейтін қаржы құралдарына ғана инвестициялауды жүзеге асырады.»;
      4-тармақ алып тасталсын;

      6) мынадай мазмұндағы 4-1, 4-2 және 5-1-баптармен толықтырылсын:

      «4-1-бап. Арнайы қаржы компаниясы органдарын қалыптастырудың
                ерекшелiктерi

      Арнайы қаржы компаниясы органдарының құрамына кредиторлардың талабы бойынша олардың мүдделерiн бiлдiретiн және Қазақстан Республикасының заңнамасына және арнайы қаржы компаниясының жарғысына сәйкес белгiленген өкiлеттiктерi бар тұлғалар енгiзiледi. Заңда белгіленген тәртіппен алынбаған немесе өтелмеген соттылығы бар тұлға арнайы қаржы компаниясының органдарында қызмет атқаруға құқылы емес.

      4-2-бап. Жобалық қаржыландыруға қатысу үшін құрылған арнайы
               қаржы компаниясы қызметінің ерекшеліктері

      1. Жобалық қаржыландыруға қатысу үшін құрылған арнайы қаржы компаниясының мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыруға:
      1) бөлінген активтермен қамтамасыз етілген қарыз шарттарын жобалық қаржыландыру мәмілелерін іске асыру мақсатында жасасуға;
      2) бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигацияларды шығаруға;
      3) базалық шарт бойынша орындаушының ақшалай талап етулерін беру негізінде қаржыландыру шартын жасасуға;
      4) бөлінген активтердің құрамына кіретін ақшаны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес кредиторлардың құқықтарын қорғау мақсатында инвестициялауды жүзеге асыруға;
      5) осы баптың 2-тармағында белгіленген қызмет түрлерін қоспағанда, жобалық қаржыландыру мәмілесін іске асыру үшін қажетті, кредиторлардың мүддесіндегі өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқығы бар.
      2. Жобалық қаржыландыруға қатысу үшін құрылған арнайы қаржы компаниясы:
      1) басқа заңды тұлғалардың құрылтайшысы (қатысушысы, акционері) болуға;
      2) филиалдар және өкілдіктер құруға;
      3) бөлінген активтермен қамтамасыз етілген міндеттемелер орындалғанға дейін акционерлерге дивидендтер төлеуге немесе таза пайданы серіктестік қатысушыларының арасында бөлуге;
      4) кредиторлардың келісімінсіз талап ету құқықтарын кейіннен беруді жүзеге асыруға;
      5) жобалық қаржыландыру мәмілелеріне қатысы жоқ қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы емес.
      3. Жобалық қаржыландыру мәмілесіне қатысы жоқ қызмет түрлерін жүзеге асыру арнайы қаржы компаниясы үшін құқықтар мен міндеттердің туындауына әкеп соқпайды.»;

      «5-1-бап. Арнайы қаржы компаниясының есептілігі

      Арнайы қаржы компаниясы есептілікті арнайы қаржы компаниясы мен кредиторлардың арасындағы қарыз шарттарында және (немесе) арнайы қаржы компаниясының облигациялар шығару талаптарында көзделген тәртіппен және шарттарда, сондай-ақ осы Заңның 13-бабына сәйкес жүзеге асырады.»;

      7) 6-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Арнайы қаржы компаниясын ерікті түрде қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешімді оның қатысушылары немесе акционерлері:
      1) бөлінген активтермен қамтамасыз етілген барлық міндеттемелердің орындалу қорытындылары туралы есеп бекітілгеннен кейін уәкілетті органның рұқсатымен;
      2) бөлінген активтермен қамтамасыз етілген міндеттемелер орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда, оның барлық кредиторларының келісімі болған кезде қабылдай алады.»;
      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Арнайы қаржы компаниясы таратылған кезде бөлінген активтерді өндіріп алуға жол берілмейді. Бөлінген активтер барлық кредиторларға немесе құқықтық мирасқорларына олардың талаптарының сомаларына пропорционалды түрде беріледі.»;

      8) мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тараулармен толықтырылсын:

      «2-1-тарау. Бөлінген активтер

      6-1-бап. Бөлінген активтердің құқықтық режимі

      1. Бөлiнген активтерді қалыптастыру базалық шарт бойынша жобалық қаржыландыру кезінде орындаушының талап ету құқықтарын беру нәтижесінде, сондай-ақ секьюритилендiру кезінде оригинатордың талап ету құқықтарын арнайы қаржы компаниясының пайдасына беру нәтижесінде және жобалық қаржыландыру мен секьюритилендiру мәмілелерінде қосымша қамтамасыз етуді түзу бойынша өзге де шарттар жасасу нәтижесінде жүзеге асырылады.
      2. Бөлiнген активтер арнайы қаржы компаниясы бөлінген активтермен қамтамасыз етілген міндеттемелерді орындағанға дейін, арнайы қаржы компаниясының меншікті қаражатынан және кез келген өзге тұлғаға тиесілі не секьюритилендiрудің кез келген өзге де мәмілелеріне жататын кез келген өзге де активтерден бөлек болады.
      3. Бөлiнген активтер жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру кезінде кредиторлардың құқықтарын қорғау мүддесінде пайдаланылады. Бөлінген активтерді басқа мақсаттарда пайдалануға жол берілмейді.
      4. Бөлінген активтерден өндіріп алу жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру мәмілелерінің шеңберінде арнайы қаржы компаниясының міндеттемелерін орындау үшін ғана жүргізілуі мүмкін және мынадай кезектілікпен жүзеге асырылуға тиіс:
      1) бірінші кезекте арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтермен қамтамасыз етілген міндеттемелері орындалады;
      2) екінші кезекте жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру мәмілелерімен байланысты қызмет көрсетулерге ақы төлеу жүргізіледі.

      6-2-бап. Бөлінген активтерді басқару

      1. Инвестициялық портфельді басқарушы инвестициялауды инвестициялық портфельді басқаруға арналған шарттың негізінде жүзеге асырады.
      Инвестициялық портфельді басқаруға арналған шарт Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шарттарда және тәртіппен жасалады.
      2. Бағалы қағаздар нарығы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шарттардан басқа инвестициялық портфельді басқаруға арналған шарт мыналарды:
      1) бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша ақша түсімдерінің шарттарын, тәртібі мен мерзімдерін және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін;
      2) инвестициялық портфельді басқарушының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру мәмілелерінің қатысушыларымен өзара, оның ішінде қосымша қамтамасыз етуді құру бойынша шарттар жасасу жөніндегі іс-қимыл тәртібін;
      3) кредиторларға немесе олардың өкіліне және уәкілетті органға ақпаратты ашу тәртібін;
      4) бөлінген активтер есебінен сатып алуға рұқсат етілген, уәкілетті орган белгілеген тізбеге сәйкес қаржы құралдарының тізбесін қамтуы тиіс.
      3. Инвестициялық портфельді басқаруға арналған шарт, шарт бойынша міндеттемелерді тоқтатудың жалпы негіздерімен қатар мынадай жағдайлардың бірінде:
      1) шарт тараптарының біреуінің бастамасы бойынша;
      2) уәкілетті орган берген инвестициялық портфельді басқарушы лицензиясының қолданылуы тоқтатылған кезде бұзылуы мүмкін.
      Инвестициялық портфельді басқаруға арналған шартты бұзудың бастамашысы бұзу күнінен күнтізбелік отыз күн бұрын шарттың тарапын жазбаша хабардар етуге міндетті.
      Инвестициялық портфельді басқарушы лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған, одан айырылған жағдайларда инвестициялық портфельді басқарушы бұл туралы күнтізбелік үш күн ішінде арнайы қаржы компаниясын жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.
      Инвестициялық портфельді басқаруға арналған шарт жаңа инвестициялық портфель басқарушысына берілетін арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтерін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салыстыру рәсімі аяқталғаннан кейін бұзылды деп саналады.
      4. Инвестициялық портфельді басқарушы өз міндеттемелері бойынша арнайы қаржы компаниясының алдында өзіне тиесілі бүкіл мүлкімен жауапты болады.

      6-3-бап. Бөлінген активтерді есепке алу және сақтау

      1. Арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтерi кастодиандық шартқа сәйкес кастодиан-банктің шоттарында сақталады және есепке алынады.
      2. Кастодиандық шарт кастодиан-банк пен арнайы қаржы компаниясы арасында, сондай-ақ арнайы қаржы компаниясы бөлінген активтер бойынша уақытша бос түсімдерді инвестициялаған жағдайда инвестициялық портфельді басқарушымен жасалады.
      3. Кастодиандық үлгілік шарттың нысанын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
      4. Кастодиан-банк инвестициялық портфельді басқарушының тапсырмалары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмеген жағдайда, бұл туралы уәкілетті орган мен арнайы қаржы компаниясына дереу хабарлай отырып, оларды оқшаулауға (орындамауға) мiндеттi.
      5. Кастодиан-банктің арнайы қаржы компаниясы активтерінің нысаналы орналастырылуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
      6. Кастодиан-банк арнайы қаржы компаниясына оның шоттарының жай-күйі туралы ай сайын хабарлап отырады.
      7. Кастодиандық шарт бір мезгілде бір кастодиан-банкпен ғана жасалуға тиіс.
      8. Шарт бойынша міндеттемелердің тоқтатылуының жалпы негіздерімен қатар, кастодиандық шарт мына жағдайлардың бірінде:
      1) арнайы қаржы компаниясы атқарушы органының тиісті шешімінің негізінде;
      2) инвестициялық портфельді басқарушының талабы бойынша;
      3) кастодиан-банктің шешімі бойынша;
      4) кастодиан-банктің уәкілетті орган берген лицензиясының қолданылуы тоқтатылған жағдайда бұзылуы мүмкін.
      Кастодиан-банктің лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған, ол лицензиясынан айырылған жағдайда, кастодиан-банк бұл туралы күнтізбелік үш күн ішінде арнайы қаржы компаниясына жазбаша хабарлауға міндетті.
      Кастодиандық шартты бұзудың бастамашысы шарттың тараптарына шартты бұзудың белгіленген күнінен күнтізбелік отыз күн бұрын хабарлауға міндетті.
      Кастодиандық шарт арнайы қаржы компаниясының активтерін жаңа кастодиан-банкке уәкілетті орган белгілеген тәртіппен беру рәсімдері аяқталғаннан кейін бұзылған болып есептеледі.

2-2-тарау. Жобалық қаржыландыру

      6-4-бап. Жобалық қаржыландыру бойынша қатынастардың туындауы

      1. Жобалық қаржыландыру бойынша мәміле кезінде тапсырыс беруші орындаушымен базалық шарт жасасады, ол бойынша орындаушы мүлікті түзу және беру, сондай-ақ түзілген мүлікті пайдалану процесінде қызметтер көрсету және (немесе) тауарлар шығару және (немесе) жұмыстарды орындау нәтижесінде ұзақ мерзімді негізде жүйелі түрде ақшалай түсімдер құқығын иеленеді.
      2. Орындаушы өз міндеттемелерінің орындалуын базалық шарт бойынша талап ету құқықтарын кредиторларға немесе арнайы қаржы компаниясына беру жолымен қамтамасыз ете отырып және (немесе) өзге қамтылымды ұсына отырып, кредиторлармен қарыз шарттарын жасасады және (немесе) облигациялар шығарады немесе арнайы қаржы компаниясынан қаржыландыру алады.
      3. Кредиторлар өздерінің арасындағы келісімнің негізінде орындаушымен және (немесе) арнайы қаржы компаниясымен өзара қарым-қатынасындағы өздерінің құқықтары мен міндеттерінің жүзеге асырылу тәртібі мен шарттарын айқындай, оның ішінде кредиторлар міндеттемелерін қанағаттандырудың кезектілігін көздей, сондай-ақ кредиторлардың өкілін айқындай алады.
      4. Егер жобалық қаржыландыру мәмілесінде тараптардың бірі мемлекет болса, жобалық қаржыландыру тек қана жобалық қаржыландыру мәмілесін орындауды іске асыру үшін орындаушы құратын арнайы қаржы компаниясының қатысуымен жүзеге асырылуы тиіс.
      5. Егер кредиторлардың кем дегенде біреуі бұл туралы талап етсе, жобалық қаржыландыру арнайы қаржы компаниясының қатысуымен жүзеге асырылуға тиіс.
      6. Базалық шартты бұзу және қатысушыларының шарт міндеттемелерін орындаудан бас тартуы осы Заңда мемлекеттің қатысуымен болатын жобалық қаржыландыру бойынша қарым-қатынастар үшін көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
      7. Орындаушы базалық шартта айқындалған өзінің міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, базалық шартта оны ауыстыру мүмкіндігі көзделуге тиіс.

      6-5-бап. Жобалық қаржыландыру кезінде талап ету құқықтарын беру

      1. Орындаушы кредиторларға немесе арнайы қаржы компаниясына өзіне тиесілі талап ету құқығын береді. Берілетін талап етулерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынбауға тиіс. Берілетін талап ету құқықтарын беру талаптары мен көлемі шартта айқындалады.
      2. Жобалық қаржыландыру кезінде талап ету құқықтарын беру шарты Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 346-бабында белгіленген талаптар сақтала отырып, жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Талап ету құқықтарын беру шартының жазбаша нысанын сақтамау оның жарамсыздығына әкеп соқтырады.
      3. Орындаушы болашақтағы талап етуін берген кезде осы құқықты өзге тұлғаларға беру мүмкіндігінсіз талап ету құқығын беру шартын жасасқан сәтте ол кредиторларға немесе арнайы қаржы компаниясына ауысады.
      4. Орындаушы кредиторлардың немесе арнайы қаржы компаниясының алдында оларға берілген талап ету құқықтарының шынайылығы үшін жауап береді, бірақ, егер талап ету құқығын беру шартында өзгеше көзделмесе, тапсырыс берушінің және базалық шарт бойынша түзілген мүлікті пайдалануды жүзеге асыратын тұлғалардың осы талапты орындамағаны үшін жауап бермейді.
      5. Егер базалық шартта өзгеше көзделмесе, базалық шарт бойынша түзілген мүлікті пайдалануға берген кезден бастап талап ету құқығы қойылуы мүмкін.

      6-6-бап. Арнайы қаржы компаниясының қатысуымен жобалық
               қаржыландыру

      1. Арнайы қаржы компаниясы өз міндеттемелерінің орындалуын бөлінген активтермен қамтамасыз ете отырып, кредиторлармен қарыз шарттарын жасасады және (немесе) облигациялар шығаруды жүзеге асырады.
      2. Арнайы қаржы компаниясы талап ету құқықтарын беру шартына сәйкес оның міндеттемелерін не мүлікті түзу және беру, сондай-ақ түзілген мүлікті базалық шартқа сәйкес пайдалану процесінде қызметтер көрсету және (немесе) тауарлар шығару және (немесе) жұмыстарды орындау нәтижесінде орындаушының шеккен шығыстарын қаржыландыру немесе қайта қаржыландыру мақсатында ақшаны орындаушыға береді.

      6-7-бап. Мемлекеттің қатысуымен құрылатын объектілерге меншік
               құқығы

      Мемлекеттің тапсырысымен базалық шарт бойынша түзілген мүлікке меншік құқығы мемлекетке тиесілі болады.

      6-8-бап. Мемлекетке талап ету құқықтарын берудің ерекшеліктері

      1. Мемлекет «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен және шарттарда тапсырыс беруші ретінде жобалық қаржыландыруға қатысады.
      2. Базалық шарт бойынша орындаушыны таңдау Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады.
      3. Мемлекет жобалық қаржыландыру шарттарымен іске асыратын инвестициялық жобаларының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      4. Базалық шарт бойынша орындаушы өзінің кредиторларға немесе арнайы қаржы компаниясына талап ету құқықтарын беруді жүргізгені туралы мемлекетті күнтізбелік он күн ішінде жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті.

      6-9-бап. Мемлекет қатысатын жобалық қаржыландыру кезінде
               орындаушыны ауыстырудың ерекшеліктері

      1. Орындаушы базалық шартта айқындалған өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес бұл жөнінде орындаушы мен кредиторларды күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей ескерте отырып, шартты орындаудан бас тартуға құқылы.
      2. Базалық шарт бойынша жаңа орындаушыны таңдау осы Заңның 6-8-бабының 2-тармағына сәйкес мынадай талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады:
      1) оның негiзiнде базалық шарт бойынша жаңа орындаушыны таңдау мақсатында конкурс өткiзiлiп отырған конкурстық құжаттаманың ережелерi қайталама конкурс өткiзiлетін кезге шарттың iс жүзiнде орындалған талаптарын ескере отырып, өзгерген ережелердi қоспағанда, алдыңғы конкурстың конкурстық құжаттамасының ережелерiне сәйкес келуi тиiс;
      2) конкурстық құжаттама жаңа орындаушының кредиторлармен келiсiлген олардың алдындағы мiндеттемелерiн орындауы жөніндегі талапты қамтуы тиіс.
      3. Базалық шарт бойынша жаңа орындаушыны таңдау бойынша конкурс өткізу кезінде кредиторлармен келісім бойынша тапсырыс беруші базалық шарт бойынша талаптарды орындауды уақытша орындаушыға жүктеуі мүмкін, оны таңдаудың тәртібі мен қызметін жүзеге асыру талаптарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

      6-10-бап. Арнайы қаржы компаниясының жобалық қаржыландыру
                кезінде облигациялар шығаруының ерекшеліктері

      1. Арнайы қаржы компаниясының облигациялар шығаруы «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Арнайы қаржы компаниясы бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигацияларды шығаруды жүзеге асыруға құқылы.
      3. Арнайы қаржы компаниясының облигациялар шығару проспектісі Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасында көрсетілгендерден басқа, мынадай мәліметтерді:
      1) ақшалай талап етулердің сипаттамасын, бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша ақша түсімдерінің шарттары мен болжамды мерзімдерін;
      2) арнайы қаржы компаниясының осы Заңның талаптарына сәйкес облигацияларды орналастыру нәтижесінде алған ақшасының нысаналы мақсатын;
      3) облигацияларды ұстаушыларға базалық шарт бойынша түзілген мүліктің меншік иесінің ауысуы туралы, кредиторлардың өкілдерін арнайы қаржы компаниясының органдарына кіргізу және олардың өкілеттіктері туралы ақпарат берудің тәртібін;
      4) арнайы қаржы компаниясының жобалық қаржыландыру мәмілесіне және активтерді инвестициялық басқаруға қызмет көрсетумен байланысты, бөлінген активтер есебінен жүзеге асырылатын шығыстар тізбесін қамтуы тиіс.
      4. Облигациялық бағдарлама бойынша облигациялар шығаруды қоспағанда, арнайы қаржы компаниясы бір жобалық қаржыландыру мәмілесінің шеңберінде кейіннен облигациялар шығаруды жүзеге асыруға құқылы емес.»;

      9) 7-баптың 2-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын;

      10) 810 және 12-баптар алып тасталсын;

      11) 14-бапта:
      тақырыбы «компаниясының» деген сөзден кейін «секьюритилендіру кезінде» деген сөздермен толықтырылсын;
      1-тармақта:
      1) тармақшадағы «басқарушы агент» деген сөздер «инвестициялық портфельді басқарушы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшаның мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
      12) тармақшадағы «кезектілігін;» деген сөз «кезектілігін қамтуға тиіс.» деген сөздермен ауыстырылсын;
      13) тармақша алып тасталсын;

      12) 15-баптың тақырыбы және мәтіні «Қазақстан Республикасының» деген сөздерден кейін «жобалық қаржыландыру және» деген сөздермен толықтырылсын.

      14. «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., № 14, 88-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 7, 29-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; 2011 жылғы 29 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті органдардың мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі құзыретінің аражігін ажырату және бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 2-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Жобалық қаржыландыру қолданылатын концессия осы Заңға сәйкес және «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптар сақтала отырып реттеледі және жүзеге асырылады.»;

      2) 7-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      «5. Әлеуметтік маңызы бар концессиялық жобалар бойынша тиісті қызмет саласында бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін қызметтер көлемдерінің шегінде концессионердің пайдалану шығындарына мемлекет өтемақы беруі мүмкін.»;

      3) 8-бап мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-1) тиісті қызмет саласында бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін қызметтер көлемдерінің шегінде концессионердің пайдалану шығындарын өтеу тәртібін және концессиялық жобаларды әлеуметтік маңызы бар жобалардың санатына жатқызу критерийлерін бекітеді;».

      15. «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 4, 32-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат, 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат):

      1) 19-баптың 3 және 3-1-тармақтарындағы «секьюритилендіру» деген сөздер «жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру» деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 20-баптың 4-тармағындағы және 6-тармағының 3) тармақшасындағы «секьюритилендiру» деген сөздер «жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру» деген сөздермен ауыстырылсын.

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. НАЗАРБАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады