Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қырғыз Республикасында мектеп салу туралы келісімді және 2012 жылғы 22 тамыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қырғыз Республикасында мектеп салу туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 14 қаңтардағы № 160-V ҚРЗ

      2012 жылғы 22 тамызда Бішкекте жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қырғыз Республикасында мектеп салу туралы келісім және 2013 жылғы 11 сәуірде Астанада жасалған 2012 жылғы 22 тамыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қырғыз Республикасында мектеп салу туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қырғыз Республикасында екі мектеп салу туралы келісім

(2014 жылғы 7 ақпанда күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2014 ж., № 3, 24-құжат)

      Ескерту. Келісімнің тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 14.01.2014 № 160-V Заңымен.

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі,
      екі мемлекет арасындағы достық қатынастарды дамытуға, Тараптар мемлекеттері халықтарының арасындағы тарихи және мәдени байланыстарды нығайтуға ниет білдіре отырып,
      Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларының нормаларын ескере отырып,
      білімнің дамуын екі мемлекеттің мәдени өзара іс-қимылының және ынтымақтастығының маңызды шарты деп есептей отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Осы Келісімнің мақсаты қазақстандық тараптың «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы бөлетін 1 200 800 (бір миллиард екі жүз миллион сегіз жүз) мың теңге мөлшеріндегі қаражаты, есебінен Бішкек қаласында 500 орындық және Ош қаласында 500 орындық мектептер салу және оларға іргелес жатқан аумақтарды (бұдан әрі - объектілер) абаттандыру болып табылады.
      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 14.01.2014 № 160-V Заңымен.

2-бап

      Қырғыз тарапы объектілерді салу үшін Бішкек қаласында 2,49  көлемінде және Ош қаласында 2,5 га көлемінде Қырғыз Республикасының заңнамасына сәйкес қандай да бір міндеттемелерден босатылған жер учаскелерін ұсынады.
      Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда - ҚР 14.01.2014 № 160-V Заңымен.

3-бап

      Қырғыз тарапы объектілердің құрылысы бойынша бас мердігерді іріктеуді жүзеге асырады, ол өз кезегінде құрылысты Қырғыз Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі қырғыз тарапының, бас мердігердің және қосалқы мердігерлердің міндеттемелеріне жауапты емес.
      Қазақстан тарапы 1-бапта көзделгеннен басқа қосымша қаражат бөлмейді.
      Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 14.01.2014 № 160-V Заңымен.

4-бап

      Қырғыз тарапы Қырғыз Республикасының техникалық және нормативтік талаптарына сәйкес жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеуді, объектілерді инженерлік желілерге қосу және басқа да жұмыстар үшін қажетті барлық рұқсаттама құжаттамаларын ресімдеуді, мемлекеттік сараптама жүргізуді қамтамасыз етеді.
      Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР 14.01.2014 № 160-V Заңымен.

5-бап

      Осы Келісімге Тараптардың өзара келісімі бойынша жеке оның ажырамас бөлігі болып табылатын және жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

6-бап

      Осы Келісімнің ережелерін қолдануға және/немесе түсіндіруге байланысты даулар туындаған жағдайда Тараптар оларды консультациялар және келіссөздер жолымен шешетін болады.

7-бап

      Осы Келісім Тараптар мемлекеттері қатысушылары болып табылатын басқа да халықаралық шарттардан туындайтын әр Тараптар мемлекетінің құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.

8-бап

      Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күнінен бастап күшіне енеді.
      Осы Келісім белгісіз мерзімге жасалады және Тараптардың бірі оның қолданылуын тоқтату ниеті туралы екінші Тараптың жазбаша хабарламасын дипломатиялық арналар арқылы алған күнінен бастап алты ай өткен соң өз қолданысын тоқтатады.
      2012 жылғы "22" тамызда Бішкек қаласында әрқайсысы қазақ, қырғыз  және орыс тілдерінде екі данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.
      Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.

      Қазақстан Республикасының     Қырғыз Республикасының
             Үкіметі үшін                Үкіметі үшін

2012 жылғы 22 тамыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қырғыз Республикасында мектеп салу туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама

(2014 жылғы 7 ақпанда күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2014 ж., № 3, 25-құжат)

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі
      2012 жылғы 22 тамыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қырғыз Республикасында мектеп салу туралы келісімнің (бұдан әрі — Келісім) 5-бабын басшылыққа ала отырып,
      Келісімге мынадай өзгерістер енгізуге келісті:

1-бап

      1. Келісімнің тақырыбындағы «мектеп» деген сөз «екі мектеп» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. 1 және 2-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-бап
      Осы Келісімнің мақсаты қазақстандық тараптың «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы бөлетін 1 200 800 (бір миллиард екі жүз миллион сегіз жүз) мың теңге мөлшеріндегі қаражаты, есебінен Бішкек қаласында 500 орындық және Ош қаласында 500 орындық мектептер салу және оларға іргелес жатқан аумақтарды (бұдан әрі - объектілер) абаттандыру болып табылады.
      2-бап
      Қырғыз тарапы объектілерді салу үшін Бішкек қаласында 2,49  көлемінде және Ош қаласында 2,5 га көлемінде Қырғыз Республикасының заңнамасына сәйкес қандай да бір міндеттемелерден босатылған жер учаскелерін ұсынады.».
      3. 3-баптың бірінші бөлігіндегі «объектінің» деген сөз «объектілердің» деген сөзбен ауыстырылсын.
      4. 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «4-бап
      Қырғыз тарапы Қырғыз Республикасының техникалық және нормативтік талаптарына сәйкес жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеуді, объектілерді инженерлік желілерге қосу және басқа да жұмыстар үшін қажетті барлық рұқсаттама құжаттамаларын ресімдеуді, мемлекеттік сараптама жүргізуді қамтамасыз етеді.».

2-бап

      Осы Хаттама Келісімнің 5-бабына сәйкес оның ажырамас бөлігі болып табылады.
      Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күнінен бастап күшіне енеді.
      2013 жылғы "11" сәуірде Астана қаласында әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.
      Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.

      Қазақстан Республикасының                Қырғыз Республикасының
            Үкіметі үшін                            Үкіметі үшін

      2012 жылғы 22 тамызда Бішкек қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қырғыз Республикасында мектеп салу туралы келісімнің куәландырылған көшірмесі екендігін растаймын.

      Қазақстан Республикасының
      Сыртқы істер министрлігі
      Халықаралық құқық
      департаментінің
      І-хатшысы                             Т. Ахметжанов

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұдан әрі Келісім мен Хаттаманың қырғыз тіліндегі мәтіні берілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады