Байланыс формасы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 17 қаңтардағы № 165-V ҚРЗ

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 10, 11, 13-құжаттар; № 4, 21-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 54, 56-құжаттар; № 13, 62, 63, 64-құжаттар; № 14, 72, 74, 75-құжаттар; № 15, 77, 78, 79, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2013 жылғы 14 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) мазмұнындағы 310 және 311-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
      «310-бап. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу»;
      «311-бап. Иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу»;
      2) 310311 және 559-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «310-бап. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы
                заңнамасын бұзу
      1. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын:
      1) карантин мен шектеу іс-шараларының шарттары мен талаптарын сақтамау;
      2) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды, талаптарды және ветеринариялық нормативтерді:
      мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi күтіп-ұстауға, өсiруге, пайдалануға, өндiруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеуге және өткiзуге байланысты мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезiнде;
      зообақтардағы, цирктердегi, омарталардағы, аквариумдардағы жануарларды қоса алғанда, жануарларды асырау, өсiру және пайдалану;
      ішкі сауда объектілерінде; жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде; ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда қызметті жүзеге асыру кезінде;
      мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды (орнын ауыстыруды) жүзеге асыру кезiнде сақтамау;
      3) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау туралы нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын сақтамау;
      4) кейін өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союдың шарттары мен талаптарын сақтамау;
      5) тіркеу сынақтарын жүргізу үшін ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын қажетті көлемде өндіру, әкелу (импорт) жағдайларын қоспағанда, оларды мемлекеттік тіркеусіз өндіруді, әкелуді (импортын), өткізуді және қолдануды (пайдалануды) жүзеге асыру түрінде жасалған бұзушылық –
      жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
      жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Ветеринариялық іс-шараларды өткізбеу немесе тиісті түрде өткізбеу, сондай-ақ оларды өткізу мерзімдерін бұзу –
      жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
      жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қамтамасыз етпеу –
      лауазымды адамдарға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
      лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      7. Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасымен өздеріне жүктелген функцияларды орындамауы –
      жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарына ескерту жасауға әкеп соғады.
      8. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
      жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарына жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      9. Жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына:
      1) жаңадан сатып алынған жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны және өткізілгені;
      2) жануарлар қырылған, бiрнеше жануар бiр мезгiлде ауырған немесе олар әдеттен тыс мiнез көрсеткен жағдайлар туралы хабарламау және ауру деп күдiк келтiрiлген кезде, ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлар келгенге дейiн жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолданбау –
      жеке тұлғаларға – ескерту жасауға, дара кәсiпкерлерге, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      10. Осы баптың тоғызыншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
      жеке тұлғаларға – бес, дара кәсiпкерлерге, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      11. Ветеринариялық құжаттарды беру тәртібін және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бұзу –
      лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      12. Осы баптың он бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
      лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      13. Ветеринария саласындағы мамандардың қызметтiк мiндеттерiн орындауы кезінде оларға ветеринариялық іс-шаралар өткізу жөнінде жәрдем көрсетпеу –
      жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      14. Жануарларды карантиндеу қағидаларын бұзу –
      жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      15. Эпизоотияның таралуына немесе өзге де ауыр салдарларға әкеп соқпаған, эпизоотияға қарсы күрес мәселелерi жөнiндегі нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ ветеринария саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi бұзу –
      жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      16. Осы баптың он үшінші, он төртінші және он бесінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
      жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      «311-бап. Иттер мен мысықтарды асырау және серуендету
                қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау
                және жою қағидаларын бұзу
      1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлеген, қалаларда және басқа да елдi мекендерде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу –
      ескерту жасауға немесе үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Жеке тұлғалардың денсаулығына немесе мүлкiне залал келтiруге әкеп соққан нақ сол әрекеттер –
      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      «559-бап. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган
      1. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдары осы Кодекстiң 310-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Осы Кодекстiң 310-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға:
      1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы мен оның орынбасарлары;
      2) ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар;
      3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары және олардың орынбасарлары;
      4) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары;
      5) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары және олардың орынбасарлары, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары құқылы.
      3. Ветеринария саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары:
      1) өткiзу орындарында – жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикiзатты өткізу кезінде ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың бұзылғаны үшiн;
      2) темiржол, су және әуе көлiгiнде, жолдарда және мал айдайтын күре жолдарда – Қазақстан Республикасының аумағында орны ауыстырылатын (тасымалданатын), мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын объектілерді тасымалдауды (орнын ауыстыруды) жүзеге асыру кезінде, сондай-ақ мал айдау кезінде ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың бұзылғаны үшiн;
      3) мемлекеттiк шекарада – Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау бөлігiнде ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың бұзылғаны үшiн айыппұлды сол жерде ала алады.».
      2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар):
      1) 65-баптың 1-тармағы 11) тармақшасындағы «хабарлауға міндетті.» деген сөздер «хабарлауға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
      «12) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылатын, топыраққа агрохимиялық зерттеп қарауды жүргізу үшін жер учаскелеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті.»;
      2) 104-баптың 3-тармағындағы «ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен» деген сөздер «ветеринария саласындағы уәкілетті органмен» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 107-баптың 3-тармағының 10) тармақшасындағы «мал қорымы» деген сөздер «мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды)» деген сөздермен ауыстырылсын.
      3. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат):
      1) 49-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган;»;
      2) 120-баптың 2-тармағындағы «мал қорымдарын» деген сөздер «мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 125-бапта:
      2-тармақтың 4) тармақшасындағы «мал көмінділерін» деген сөздер «мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтың бірінші бөлігіндегі «ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен» деген сөздер «ветеринария саласындағы уәкілетті органмен» деген сөздермен ауыстырылсын.
      4. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21,97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар):
      1) 18-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган;»;
      2) 112-баптың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган;»;
      3) 220-баптың 1-тармағының 13) тармақшасындағы «өлген малды көметiн орындар» деген сөздер «мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды)» деген сөздермен ауыстырылсын.
      5. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 24, 146, 148-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 6, 45-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 123-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 78, 81-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2013 жылғы 14 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 18-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн жергiлiктi өкiлдi органмен келiсу бойынша айқындайды;»;
      2) 238-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк ставкалар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша бюджет қаражаты есебiнен белгiленедi.
      3. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн жергiлiктi өкiлдi органмен келiсу бойынша жергiлiктi атқарушы орган айқындайды.».
      6. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2013 жылғы 7 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2013 жылғы 7 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бюджет заңнамасын жетiлдiру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 53-баптың 1-тармағының 8) тармақшасында:
      жиырма бесінші абзац алып тасталсын;
      отыз тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «ауылшаруашылық өнімін шығаруды басқару жүйелерін дамыту;»;
      2) 56-баптың 1-тармағы 7) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;»;
      3) 70-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Білім беру, сұрыптарды сынақтан өткізу, ауылшаруашылық өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету, ветеринария, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларының, Қарулы Күштердің спорт саласында маманданатын мемлекеттік мекемелері, сондай-ақ мемлекеттік кітапханалар, мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтар өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында кіріс келтіретін қызметті жүзеге асыруға құқық берілген мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті бюджеттің есебіне жатқызылуға тиіс.».
      7. «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 220-құжат; 2001 ж., № 23, 318-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат):
      1) 1-бапта:
      мынадай мазмұндағы 23-1) және 23-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «23-1) бірінші санаттағы асыл тұқымды ірі қара мал – тұқым стандартына сай келетін, таза тұқымды мал тегінің кемінде үш ұрпағының тұқым-тегі туралы анық деректер қамтылған асыл тұқымдық куәлігі бар таза тұқымды ірі қара мал;
      23-2) екінші санаттағы асыл тұқымды ірі қара мал – тұқым стандартына сай келетін, асыл тұқымдық куәлігі бар таза тұқымды ірі қара мал;»;
      32)35) және 36) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «32) жануардың тұқым-тегi – асыл тұқымды жануардың шығу тегі туралы мәлiметтер;»;
      «35) селекциялық карточка – селекциялық жануарды есепке алу нысаны;
      36) селекциялық жануар – тұқым стандартына сай келетiн жануар;»;
      39) тармақшадағы «малды» деген сөз «ауыл шаруашылығы жануарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      41) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «41) тұқым стандарты – уәкiлеттi орган бекiткен, өнiмдiлiгi, дене тұрқы бойынша тиiстi тұқымдағы асыл тұқымды және селекциялық жануарлар үшiн қойылатын ең төменгі талаптар;»;
      2) 9-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Асыл тұқымдық өнiм (материал) импорты ветеринариялық сертификат және белгіленген тәртіппен танылған, экспорттаушы елдiң құзыретті органдары берген асыл тұқымдық куәлiк немесе оған балама құжат болған кезде жүзеге асырылады.»;
      3) 13-бапта:
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктерді сынақтардан және байқаулардан өткiзу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;»;
      мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «7-1) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген, мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «14) экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымдық өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану тәртібі туралы ережені әзірлейді және бекітеді;»;
      мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «14-1) танылуын ірі қара мал тұқымдары жөніндегі республикалық палата жүзеге асыратын, экспорттаушы елдердің құзыретті органдары ірі қара малдың импортталған асыл тұқымдық өніміне (материалына) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты қоспағанда, экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымдық өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тануды жүзеге асырады;»;
      22) тармақшадағы «жаңа» деген сөз алып тасталсын;
      4) 14-бапта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) ірi қара мал тұқымдары жөніндегі республикалық палаталардың және мал шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстарын ескере отырып, көрсетілген мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты шегінде асыл тұқымдық өнiмге (материалға) арналған субсидияларды бөледі;»;
      5) тармақша алып тасталсын;
      5) 16-1-баптың 9) тармақшасы «асыл» деген сөздің алдынан «Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген,» деген сөздермен толықтырылсын;
      6) 16-2-бапта:
      3-тармақтың 3) тармақшасы «көшірмесін» деген сөзден кейін «(асыл тұқымды мал зауыттары мен асыл тұқымды мал шаруашылықтары үшін)» деген сөздермен толықтырылсын;
      6-тармақтың 3) тармақшасы, 7-тармақтың 3) тармақшасы және 8-тармақтың 3) тармақшасы «сертификаттың» деген сөзден кейін «(куәліктің)» деген сөзбен толықтырылсын;
      7) 26-баптың 2-тармағындағы «малды» деген сөз «ауыл шаруашылығы жануарларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      8) 28-баптың 2-тармағындағы «малды» деген сөз «ауыл шаруашылығы жануарларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) 28-2 және 28-3-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «28-2-бап. Iрi қара мал тұқымдары жөніндегі республикалық
                 палата
      1. Iрi қара мал тұқымдары жөніндегі республикалық палата бір немесе бірнеше тұқымның бірінші және екінші санаттардағы асыл тұқымды iрi қара малын өсiрудi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың мүдделерiн iске асыру және қорғау үшiн құрылатын және әрекет ететiн коммерциялық емес, өзiн-өзi қаржыландыратын ұйым болып табылады.
      2. Iрi қара мал тұқымдары жөніндегі республикалық палата заңды тұлға болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен әдiлет органдарында тiркеледi.
      3. Қазақстан Республикасының аумағында iрi қара малдың әр тұқымы бойынша ірі қара мал тұқымдары жөніндегі бiр республикалық палата құрылады және әрекет етедi, ол облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумағында өзiнiң құрылымдық бөлiмшелерiн (филиалдарын және өкiлдiктерін) құруға құқылы.
      4. Егер, бiр тұқымның бірінші және екінші санаттардағы асыл тұқымды ірі қара малын өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың мүдделерiн бір немесе бірнеше тұқымның iрi қара мал тұқымдары жөніндегі республикалық палаталардың қайсы бірі білдіретін болса, онда ірі қара мал тұқымдары жөніндегі республикалық палатаның қайта ұйымдастырылуы немесе таратылуы жағдайларын қоспағанда, осындай тұқым жөніндегі жеке республикалық палата құруға жол берiлмейдi.
      5. Iрi қара мал тұқымдары жөніндегі республикалық палатаның қызметi Қазақстан Республикасының заңдарымен және жарғымен реттеледi.
      28-3-бап. Iрi қара мал тұқымдары жөніндегі республикалық
                палатаның өкілеттіктері
      Iрi қара мал тұқымдары жөніндегі республикалық палата:
      1) бірінші және екінші санаттардағы асыл тұқымды ірі қара малмен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық базасында тiркеу арқылы оны есепке алуды ұйымдастырады;
      2) табындағы селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты үйлестiредi;
      3) бірінші және екінші санаттардағы асыл тұқымды ірі қара малға мәртебе бередi;
      4) бірінші және екінші санаттардағы асыл тұқымды ірі қара малға асыл тұқымдық куәлiктер және селекциялық жануарларға селекциялық карточкалар берудi жүзеге асырады;
      5) экспорттаушы елдердің құзыретті органдары ірі қара малдың импортталған асыл тұқымдық өніміне (материалына) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тануды жүзеге асырады;
      6) көрсетілген мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты шегiнде асыл тұқымдық өнiмге (материалға) арналған субсидияларды бөлу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      7) асыл тұқымды ірі қара мал тұқымдары бойынша асыл тұқымдық кiтапты жүргiзедi және басып шығарады;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де өкілеттіктердi жүзеге асырады.».
      8. «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 655-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 5-6, 37-құжат; 2009 ж., № 24, 129-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 16-құжаттар; № 14, 95-құжат):
      2-баптың 22) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «22) селекциялық жануар – тұқым стандартына сай келетін жануар.».
      9. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2013 жылғы 7 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бюджет заңнамасын жетiлдiру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2013 жылғы 11 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      6-бапта:
      2-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2-2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мәслихаттарының құзыретiне жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, сондай-ақ бұзылғаны үшiн әкiмшiлiк жауаптылық белгiленген өзге де қағидаларды бекiту жатады.»;
      мынадай мазмұндағы 2-4-тармақпен толықтырылсын:
      «2-4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мәслихаттарының құзыретіне жануарлар асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жатады.».
      10. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 21, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2013 жылғы 7 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      55-баптың 1-тармағындағы «өлген малды көметiн ұралар» деген сөздер «мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар)» деген сөздермен ауыстырылсын.
      11. «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 15, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар):
      1) 1-бапта:
      3)3-1)3-3)3-4) және 3-5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқор – диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жануардың жеке нөмірі туралы, оны ветеринариялық дауалау туралы деректерді, сондай-ақ жануардың иесі туралы деректерді тіркеудің бірыңғай, көпдеңгейлі жүйесін көздейтін, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар жүзеге асыратын және уәкілетті орган пайдаланатын ветеринариялық есепке алудың бір бөлігі;
      3-1) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорға ауыл шаруашылығы жануары туралы мәлiметтердi енгiзе отырып және ветеринариялық паспортты бере отырып, бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) пайдалану, таңбалау арқылы жануарларға жеке нөмiр берудi қамтитын, жануарларды есепке алу рәсiмi;»;
      «3-3) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан үзінді көшірме – жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ветеринария саласындағы мамандары ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысанда жануарлар иелерінің талап етуі бойынша алатын, диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жүргізілген ветеринариялық іс-шаралардың мерзімдері мен сипаты туралы мәліметтер;
      3-4) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) – ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргізу үшiн пайдаланылатын сырғалар (iлiнетiн, радиожиiлiк таңбасы бар), болюстер, чиптер және басқа да бұйымдар (құралдар);
      3-5) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргізуге арналған атрибуттар – ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргізу үшін пайдаланылатын құрал-саймандар мен аспаптар;»;
      мынадай мазмұндағы 3-6) және 4-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      «3-6) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) белгiлеу жөнiндегi лазерлiк станция (бұдан әрi – лазерлiк станция) – ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) жеке нөмiр түсіруді жүзеге асыратын ұйым;»;
      «4-1) биологиялық қалдықтар – жануарлардың өлімі, тірі организмдермен және биологиялық тіндермен (материалдармен) ветеринариялық практикалық және ғылыми қызмет пен эксперименттер нәтижесінде түзілген, сондай-ақ жануарларды өсіруді, дайындауды (союды), жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтауды, қайта өңдеу мен өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінің, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдардың қызметі процесінде пайда болатын материалдар, заттар, малдан, өсімдіктерден және минералдардан қалған қалдықтар (жануарлардың өлекселері, абортталған және өлі туған төлдер, ветеринариялық конфискаттар, жемшөп қалдықтары);»;
      9) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) ветеринариялық құжаттар – Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары беретін ветеринариялық-санитариялық қорытынды, ветеринариялық сертификат; тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық ахуал туралы жануарға, жануарлардан алынатын өнімдерге және шикізатқа жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ветеринария саласындағы маманы, сондай-ақ жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдердің және шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөнінде өндірістік бақылау бөлімшесінің аттестатталған ветеринариялық дәрігері беретін ветеринариялық анықтама;»;
      «11) ветеринариялық препараттар мыналар:
      жануарлар ауруларының профилактикасына, диагностикасына және оларды емдеуге арналған, қаннан, қан плазмасынан, сондай-ақ жануарлардың ағзаларынан, өсімдіктерден, минералдардан синтез әдістерімен немесе биологиялық технологиялар қолданыла отырып алынған заттар;
      фармакологиялық белсенділігі бар, өсiмдiктерден, жануарлардан алынатын немесе синтетикалық заттар;
      жануарларға арналған парфюмерия немесе косметика құралдары ретінде пайдаланылатын заттар;
      жануарлардың өнімділігін арттыруға, дезинфекциялауға, дезинсекциялауға және дератизациялауға арналған заттар.
      Осы тармақшаның ережелері ветеринария саласында пайдаланылатын (қолданылатын) дәрілік заттарға қолданылады;»;
      12) тармақшадағы «байқаудан өткiзу, тiркеу сынақтарын жүргiзу» деген сөздер «байқаудан өткiзу және тiркеу сынақтары» деген сөздермен ауыстырылсын;
      13) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгiленген тәртiппен» деген сөздер алып тасталсын;
      15)16) және 19-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «15) ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын тiркеу сынақтары – ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының қауіпсіздік және сапа көрсеткіштеріне сәйкестігін айқындау;
      16) ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу – ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын ветеринариялық практикада пайдалану мүмкіндігін анықтау үшін, олардың иммундық-биологиялық қасиеттері мен эпизоотологиялық тиімділігін, олардың жануар организміне тигізетін әсерінің салдарлары жоқтығын, сондай-ақ экологиялық қауіпсіздігін айқындау мақсатында, оларды шектеулі зертханалық және (немесе) өндірістік жағдайларда сынақтан өткізу;»;
      «19-1) ветеринария саласындағы маман – ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар бөлiмшелерiнің, мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдардың ветеринария мамандықтары бойынша жоғары, орта білімнен кейiнгi немесе техникалық және кәсiптiк бiлiмi бар қызметкерi;»;
      20) тармақшадағы «бiрдейлендiру рәсiмiн» деген сөздер «ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді» деген сөздермен ауыстырылсын;
      21) тармақшадағы «ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган» деген сөздер «ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 38-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «38-1) жануарларды карантиндеу – диагностикалық зерттеулер мен ветеринариялық дауалау жүргізу мақсатында жаңадан келіп түскен, әкелінген, сатып алынған, әкетілетін, орны ауыстырылатын жануарларды оқшаулап ұстау;»;
      39-3)40) және 45-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «39-3) процессингтік орталық – функцияларын осы Заңға сәйкес жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымның құрылымдық бөлімшесі;
      40) сараптама актісі (сынақ хаттамасы) – орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер диагностикасының немесе ветеринариялық-санитариялық сараптамасының нәтижелері бойынша ветеринариялық зертханалар беретін құжат;»;
      «45-1) эпизоотологиялық зерттеп қарау актісі – эпизоотологиялық ошақтардың туындау себептерін зерделеу және жануарлар ауруларының таралуына ықпал ететін немесе кедергі болатын жағдайларды анықтау нәтижелері бойынша, сондай-ақ жануарларды карантиндеу кезінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор беретін құжат;»;
      2) 3-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) ветеринария ғылымын дамыту, ветеринария саласындағы мамандарды, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру.»;
      3) 4-бапта:
      мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «7-1) ветеринариялық іс-шаралар өткізу кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге;»;
      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) мыналардың:
      жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың;
      жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеуге бағытталған.»;
      4) 5-бапта:
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) мыналардың:
      жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың;
      жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеудің тәртібі мен шарттарын белгiлеу;»;
      15) тармақшадағы «сәйкестендiру есебiн қоса алғанда,» деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 18-7), 18-8), 18-9), 18-10), 18-11), 18-12), 18-13), 18-14), 18-15), 18-16), 18-17) және 18-18) тармақшалармен толықтырылсын:
      «18-7) мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар желісінің мемлекеттік нормативін бекіту;
      18-8) биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату, жою тәртібін бекіту;
      18-9) ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын мемлекеттік тіркеуді жүргізу қағидаларын бекіту;
      18-10) жануарларды өткізу қағидаларын бекіту;
      18-11) жануарларды карантиндеу қағидаларын бекіту;
      18-12) дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізу қағидаларын бекіту;
      18-13) эпизоотиялық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту;
      18-14) жануарларға қарау қағидаларын бекіту;
      18-15) сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидаларын бекіту;
      18-16) шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу және алып тастау қағидаларын бекіту;
      18-17) ветеринариялық іс-шаралар өткізу кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту;
      18-18) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң және биологиялық материалдың сынамаларын алу қағидаларын бекіту;»;
      5) 6-бапта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар желісінің мемлекеттік нормативіне сәйкес құрылатын мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар;»;
      4) тармақшадағы «қызметпен шұғылданатын» деген сөздер «қызметті жүзеге асыратын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) 8-бапта:
      11) тармақша «мамандарды» деген сөзден кейін «, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды» деген сөздермен толықтырылсын;
      12) тармақшадағы «жануарлар аурулары бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
      34) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «34) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларын алу қағидаларын әзірлеу;»;
      36) тармақша алып тасталсын;
      44) және 45) тармақшалардағы «сәйкестендiру есебiн қоса алғанда,» деген сөздер алып тасталсын;
      46)46-5 және 46-6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «46) ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды есептік тіркеу тәртібін бекіту және оны жүргізу;»;
      «46-5) жануарлардың аса қауiптi ауруларына қарсы ветеринариялық iс-шараларды жоспарлау және өткізу қағидаларын бекiту;
      46-6) жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттаманы келісу тәртібін бекіту;»;
      мынадай мазмұндағы 46-10), 46-11), 46-12), 46-13), 46-14), 46-15), 46-16), 46-17), 46-18), 46-19), 46-20), 46-21), 46-22), 46-23) және 46-24) тармақшалармен толықтырылсын:
      «46-10) мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар желісінің мемлекеттік нормативін әзірлеу;
      46-11) биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату, жою тәртібін әзірлеу;
      46-12) тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мониторингтің жоспарын бекіту;
      46-13) сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидаларын әзірлеу;
      46-14) ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу;
      46-15) ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын мемлекеттік тіркеуді жүргізу қағидаларын әзірлеу;
      46-16) жануарларды өткізу қағидаларын әзірлеу;
      46-17) жануарларды карантиндеу қағидаларын әзірлеу;
      46-18) дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізу қағидаларын әзірлеу;
      46-19) эпизоотиялық мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлеу;
      46-20) ветеринариялық препарат пен жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу қағидаларын бекіту;
      46-21) жануарларға қарау қағидаларын әзірлеу;
      46-22) шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларын әзірлеу;
      46-23) ветеринариялық іс-шаралар өткізу кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлеу;
      46-24) диагностикалық зерттеулер жүргізу қағидаларын бекіту;»;
      7) 9-бапта:
      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, жергілікті атқарушы органдарының ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері;»;
      2 және 2-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының бөлімшелері ветеринария саласындағы қызметті осы Заңға сәйкес жүзеге асырады және дербес бөлімшелер нысанында құрылады.
      2-1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарының ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын бөлiмшесiнiң басшысы бас мемлекеттiк ветеринариялық дәрiгер болып табылады, ал өзге лауазымды адамдары мемлекеттiк ветеринариялық дәрiгерлер болып табылады.»;
      8) 10-бапта:
      1-тармақта:
      2) тармақшадағы «карантин режимiн немесе шектеу iс-шараларын енгiзе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимiн» деген сөздер «карантинді немесе шектеу iс-шараларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      10) және 10-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу), ветеринариялық паспортты дайындау жөнінде көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;
      10-1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және процессингтік орталыққа ақпарат беру;»;
      10-2) тармақша алып тасталсын;
      11) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордың жүргізілуін ұйымдастыру;
      12) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды уәкілетті органға ұсыну;»;
      13) тармақша алып тасталсын;
      1-1-тармақта:
      2) тармақшадағы «карантин режимiн немесе шектеу iс-шараларын енгiзе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимiн» деген сөздер «карантинді немесе шектеу iс-шараларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      10)11) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу), ветеринариялық паспортты дайындау жөнінде көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;
      11) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордың жүргізілуін ұйымдастыру;
      12) ветеринариялық есепке алу мен есептiлiктi жинақтау, талдау және оларды уәкiлеттi органға ұсыну;»;
      13)17) және 18) тармақшалар алып тасталсын;
      20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «20) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және процессингтік орталыққа ақпарат беру;»;
      21) тармақша алып тасталсын;
      24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «24) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;»;
      25) және 26) тармақшалар алып тасталсын;
      27)28)30) және 31) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «27) республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді органына бекіту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;
      28) мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;»;
      «30) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
      31) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;»;
      32) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 32-3) тармақшамен толықтырылсын:
      «32-3) ауру малдарды санитариялық союды ұйымдастыру;»;
      2-тармақта:
      1)3)4)7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) облыстың жергiлiктi өкiлдi органына бекiту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгiлеу жөнiнде ұсыныстар енгізу;»;
      «3) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;
      4) мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;»;
      «7) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
      8) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;»;
      9) тармақшадағы «карантин режимiн немесе шектеу iс-шараларын енгiзе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимiн» деген сөздер «карантинді немесе шектеу iс-шараларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      11) тармақша алып тасталсын;
      14)14-1) және 15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «14) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      14-1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына ақпарат беру;
      15) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына ұсыну;»;
      16) және 17) тармақшалардағы «(республикалық маңызы бар қаланың, астананың)» деген сөздер «, республикалық маңызы бар қаланың, астананың» деген сөздермен ауыстырылсын;
      18)20)20-1)20-2)20-4) және 20-5) тармақшалар алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 20-6) тармақшамен толықтырылсын:
      «20-6) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;»;
      9) 10-1-бапта:
      бірінші абзацтағы «құзыретіне» деген сөздер «құзыретіне мыналар кіреді» деген сөздермен ауыстырылып, 3), 4), 4-1), 5) және 6) тармақшалар алып тасталсын;
      7) тармақшадағы «карантин режимiн немесе шектеу iс-шараларын енгiзе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимiн» деген сөздер «карантинді немесе шектеу iс-шараларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      9), 10), 11), 12), 13), 14), 16) және 17) тармақшалар алып тасталсын;
      10) 11-бапта:
      1-тармақта:
      1) тармақша бесінші абзацындағы «жоюды жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік мекеме» деген сөздер «жоюды;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
      «осы Заңның 32-бабының 1-1-тармағына сәйкес процессингтік орталықтың функцияларын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік мекеме;»;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) мемлекеттiк монополияға жатқызылған мынадай функцияларды:
      Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тiзбеге енгiзiлген жануарлардың аса қауiптi ауруларының диагностикасын;
      облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы бекiтетiн тiзбеге енгiзiлген жануарлардың энзоотиялық ауруларының диагностикасын жүзеге асыру мақсатында республикалық мемлекеттiк кәсiпорын нысанында мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар құрады.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың аса қауіпті ауруларының диагностикасымен және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы бекітетін тізбеге енгізілген, жануарлардың энзоотиялық ауруларының диагностикасымен технологиялық байланысты қызметке:
      зертханалық зерттеулер мен ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу;
      өлшем құралдарын салыстырып тексеру және сынақ жабдығын аттестаттау;
      дезинфекцияның сапасын бактериологиялық зерттеу;
      биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату мен жою жатады;»;
      3) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «эпизоотиялық мониторингті;»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары мынадай функцияларды:
      жануарлардың аса қауіпті, жұқпалы емес және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізуді;
      ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуді;
      ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсетуді;
      жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық препараттарды тасымалдау (жеткізу), сақтау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) бойынша қызметтер көрсетуді;
      құрылысын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары ұйымдастырған мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), мал сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын) күтіп-ұстауды;
      қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды;
      ветеринариялық анықтама беруді;
      ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізуді және одан үзінді көшірме беруді;
      биологиялық материалдың сынамаларын алуды және оларды ветеринариялық зертханаға жеткізуді;
      ауру жануарларды санитариялық союға тасымалдау бойынша қызмет көрсетуді жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдар құрады.
      Аудандардың жергілікті атқарушы органдары құратын мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар ветеринариялық пункттерімен құрылады.»;
      11) 13-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Ветеринария мамандықтары бойынша жоғары, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі бар адамдардың ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы бар.
      Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар есептік тіркелуге жатады.»;
      12) 14-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы «аурулары қоздырушыларының» деген сөздер «ауруларының» деген сөзбен ауыстырылсын;
      13) 14-1-бапта:
      1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарда;»;
      3-тармақтағы «Қазақстан Республикасының аумағын жануарлардың аса қауiптi және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан» деген сөздер «Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
      14) 15-баптың 9) және 9-1) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) ветеринариялық есепке алу мен есептiлiк жөнiндегi құжаттама, ветеринариялық анықтама, ветеринариялық-санитариялық қорытынды, сараптама актiсi (сынақ хаттамасы), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өндiру, дайындау (сою), сақтау және қайта өңдеу жөнiндегi нормативтiк-техникалық құжаттама мен ветеринария саласындағы өзге де нормативтiк құжаттама;
      9-1) мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар);»;
      15) 16-баптың 1-тармағында:
      3) тармақшадағы «(республикалық маңызы бар қаланың, астананың)» деген сөздер «, республикалық маңызы бар қаланың, астананың» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) республикалық қордан ветеринариялық препараттарды бөлу туралы шешім қабылдау;»;
      16) 18-баптың 1-тармағының 1) тармақшасында:
      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «ветеринариялық нормативтердi бiрнеше рет бұзған, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды қайта аттестаттау туралы нұсқама;»;
      тоғызыншы абзацтағы «жануарға арналған» деген сөздер алып тасталсын;
      оныншы абзацтағы «жануарларды» деген сөз «ауру жануарларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
      17) 25-бапта:
      5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi қамтамасыз етуге;
      6) жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына:
      жаңадан сатып алынған жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны мен өткізілгені;
      жануарлар қырылған, бiрнеше жануар бiр мезгiлде ауырған немесе олар әдеттен тыс мiнез көрсеткен жағдайлар туралы хабарлауға және ауру деп күдiк келтiрiлген кезде, ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлар келгенге дейiн жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолдануға;»;
      8) тармақша алып тасталсын;
      10), 11-1), 12) және 12-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың актілерін орындауға;»;
      «11-1) кейiннен өткiзуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын ет өңдейтiн кәсiпорындарда, сою пункттерiнде немесе сою алаңдарында (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарында) союды жүзеге асыруға;
      12) ветеринария саласындағы мамандардың ветеринариялық іс-шаралар өткізу бойынша қызметтiк мiндеттерiн орындауы кезінде оларға жәрдем көрсетуге;
      12-1) жануарларды карантиндеуді жүргізуге;»;
      18) 26-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Ветеринариялық iс-шараларды өткізу тәртiбi ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалармен айқындалады.»;
      19) 26-1-баптың 4-тармағының 2) тармақшасындағы «жануарлардың жұқпалы ауруларының әкелiнуi мен таралуынан» деген сөздер «жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
      20) 26-2-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы «жануарлардың жұқпалы ауруларының әкелiнуi мен таралуының» деген сөздер «басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      21) 27-баптың 4-тармағындағы «ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган» деген сөздер «уәкiлеттi орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      22) 29-баптың 3-тармағындағы «негiзделген мониторингiн» деген сөздер «негізделген эпизоотиялық мониторингін» деген сөздермен ауыстырылсын;
      23) 30-бапта:
      2-тармақтағы «ерекше» деген сөз алып тасталсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және жағдайларда:
      1) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың;
      2) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеттіруге құқығы бар.»;
      24) 32-баптың 1-1-тармағы 5) тармақшасындағы «ішінара алуды жүзеге асырады.» деген сөздер «ішінара алуды;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4-1), 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
      «4-1) мемлекеттік сатып алуды, оның нәтижелері бойынша өнім берушілермен өнім беру жөнінде шарт жасасуды, сондай-ақ тапсырыс берушілерге ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды сақтау мен тасымалдау (жеткізу) жөніндегі қызметтерді қамтамасыз етуді, ұсынуды;»;
      «6) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған құралдардың (бұйымдардың) және атрибуттардың республикалық қорын қалыптастыруды;
      7) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру мониторингін жүзеге асырады.»;
      25) 5-тараудың тақырыбындағы «ветеринария мамандарын» деген сөздер «ветеринария саласындағы мамандарды, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
      26) 33-баптың 2-тармағындағы «, жемшөп пен жемшөптiк қоспалардың» деген сөздер «және жемшөп қоспаларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      27) 34-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «34-бап. Ветеринария саласындағы мамандарды, ветеринария
               саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын
               жеке және заңды тұлғаларды даярлау мен олардың
               бiлiктiлiгiн арттыру
      Ветеринария саласындағы мамандарды, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi бағдарламалар мiндеттi түрде уәкiлеттi органмен келiсiлуге жатады.»;
      28) 34-1-баптың 1-тармағында:
      бірінші абзацтағы «ветеринария мамандарына» деген сөздер «ветеринария саласындағы мамандарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшадағы «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi өкiлдi органдары» деген сөздер «жергiлiктi өкiлдi органдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
      29) 35-бапта:
      1-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) осы Заңның 11-бабына сәйкес мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға бекітіп берілген функцияларды орындауға арналған шығыстар;»;
      6) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) мыналардың:
      жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың;
      жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;»;
      «9) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi жүргiзуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды, ветеринариялық паспортты сатып алуға арналған шығыстар.»;
      2-тармақта:
      1) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткiзу, серияларын бақылау және оларға тiркеу сынағын жүргiзу;»;
      «6) түсетін қаражатты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет кірісі есебіне жатқыза отырып, ветеринариялық-санитариялық қорытындының, ветеринариялық сертификаттың бланкілерін, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге арналған чиптерді беру;»;
      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «6-1) тиісті қаржы жылына арналған бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген көлемінен тыс іс-шаралар өткізу (өтініш жасалған жағдайда);»;
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) жануарларды карантиндеу кезінде диагностикалық зерттеулерді және ветеринариялық дауалауды жүргізу.».
      12. «Су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативi туралы» 2003 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 6, 35-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат):
      5-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «жеткізу» деген сөз және 11-баптың 2-тармағындағы «жеткізіп беру» деген сөздер «беру» деген сөзбен ауыстырылсын.
      13. «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 5, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 16, 100-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат):
      1-баптың 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) агент – жалғыз акционерi мемлекет болып табылатын, агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтiң құрамына кiретiн, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған акционерлiк қоғам;».
      14. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 13, 52-құжат; 2007 ж., № 5-6, 42-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 14, 94-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар):
      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 6-2), 6-3), 12-1), 22-1), 22-2), 22-3) және 24-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      «6-2) агрохимикаттар – өсімдіктерді қоректендіруге, топырақтың құнарлылығын реттеуге арналған химиялық немесе биологиялық тыңайтқыштар, химиялық мелиоранттар (торфты, органикалық тыңайтқыштарды, мелиоранттар қасиеттері бар табиғи материалдарды қоспағанда);
      6-3) агрохимикаттарды мемлекеттік тіркеу – агрохимикаттарды сынау процесін аяқтайтын рәсім, оның нәтижесі бойынша жеке және заңды тұлғаларға агрохимикаттарды Қазақстан Республикасының аумағында қолдану құқығына тіркеу куәлігі беріледі;»;
      «12-1) ауылшаруашылық өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мемлекеттік мекеме осы Заңға сәйкес жүзеге асыратын қызмет;»;
      «22-1) инвестициялық салынымдар – жаңа өндірістік қуаттарды құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге бағытталған шығындар;
      22-2) кепілдендірілген сатып алу бағасы – өзіндік құн мен рентабельділік ескеріле отырып белгіленетін, ауылшаруашылық тауарын өндірушілерден ауылшаруашылық өнімін сатып алу жүзеге асырылатын баға;
      22-3) қайта өңдеуші кәсіпорындар – ауылшаруашылық өнімін бастапқы және (немесе) тереңдете қайта өңдеуді жүзеге асыратын агроөнеркәсіптік кешеннің субъектілері;»;
      «24-1) сатып алу бағасы – бәсекеге қабілетті өнім өндіру үшін ауылшаруашылық өніміне қайта өңдеуші кәсіпорындар ұсына алатын баға;»;
      2) 5-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-3) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-3) ауылшаруашылық өнімінің және оны қайта өңдеуден алынған өнімдердің табиғи кему, кебу, азаю, бұзылу нормаларын бекіту;»;
      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) мыналарды:
      өсімдіктердің жоғары бағалы сұрыптары мен ауыл шаруашылығы жануарларының, құстар мен балықтардың жоғары бағалы тұқымдарының гендік қорын сақтау мен дамытуды;
      тұқым шаруашылығын дамыту бойынша;
      мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды;
      асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бойынша;
      акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды;
      басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын;
      тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда);
      өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын;
      ауылшаруашылық тауарларын өндiрушiлерге суды беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын;
      жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын;
      ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын;
      отандық ауылшаруашылық өнiмiн қайта өңдеу үлесiн ұлғайтуды;
      кредиттер және технологиялық жабдықтың лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін;
      шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындардың құнын;
      ауылшаруашылық өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды;
      ауылшаруашылық техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту;»;
      мынадай мазмұндағы 10-1), 10-2), 10-3), 10-4), 15-5), 15-6), 15-7), 15-8) және 15-9) тармақшалармен толықтырылсын:
      «10-1) қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту;
      10-2) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын бекіту;
      10-3) агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту;
      10-4) кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауылшаруашылық өнімінің тізбесін бекіту;»;
      «15-5) «Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі» конкурсын өткізу қағидаларын бекіту;
      15-6) топырақты агрохимиялық зерттеп қарауды жүргізу қағидаларын бекіту;
      15-7) ауылшаруашылық өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсетудің заттай нормаларын бекіту;
      15-8) агрохимикаттарды мемлекеттік тіркеуді жүргізу қағидаларын бекіту;
      15-9) ауылдық елді мекендерге тартылатын агроөнеркәсіптік кешен мамандары лауазымдарының тізбесін бекіту;»;
      3) 6-баптың 1-тармағында:
      5-1) тармақша алып тасталсын;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды, фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру;»;
      мынадай мазмұндағы 8-1), 10-1), 10-2), 14-2), 14-3), 15-4), 15-5), 15-6), 15-7), 15-8), 15-9) және 18-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      «8-1) өңірлер бойынша азық-түлік тауарларының қорларын есепке алу нысандарын және есептілікті ұсыну тәртібін бекіту;»;
      «10-1) қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын әзірлеу;
      10-2) кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауылшаруашылық өнімінің тізбесін әзірлеу;»;
      «14-2) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын әзірлеу;
      14-3) агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау қағидаларын әзірлеу;»;
      «15-4) топырақты агрохимиялық зерттеп қарауды жүргізу қағидаларын әзірлеу;
      15-5) ауылшаруашылық өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсетудің заттай нормаларын әзірлеу;
      15-6) агрохимикаттарды мемлекеттік тіркеуді жүргізу қағидаларын әзірлеу;
      15-7) агрохимикаттарды мемлекеттік тіркеу;
      15-8) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің агрохимиялық жай-күйі туралы ақпараттық деректер банкін құру мен жүргізу қағидаларын бекіту;
      15-9) ауылшаруашылық өнімінің және оны қайта өңдеуден алынған өнімдердің табиғи кему, кебу, азаю, бұзылу нормаларын әзірлеу;»;
      «18-1) ауылдық елді мекендерге тартылатын агроөнеркәсіптік кешен мамандары лауазымдарының тізбесін әзірлеу;»;
      24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «24) салалық көтермелеу жүйесін бекіту;»;
      мынадай мазмұндағы 24-1) және 24-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «24-1) «Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі» конкурсын өткізу қағидаларын әзірлеу;
      24-2) агроөнеркәсіптік кешен өнімінің республикалық көрмелерін, жәрмеңкелерін ұйымдастыру;»;
      25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «25) субсидияларды алушы міндеттемесінің нысанын бекіту;»;
      25-2) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 26-3) тармақшамен толықтырылсын:
      «26-3) мыналарды:
      өсімдіктердің жоғары бағалы сұрыптары мен ауыл шаруашылығы жануарларының, құстар мен балықтардың жоғары бағалы тұқымдарының гендік қорын сақтау мен дамытуды;
      тұқым шаруашылығын дамыту бойынша;
      мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды;
      асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бойынша;
      акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды;
      басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнiм сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын;
      тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда);
      өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын;
      ауылшаруашылық тауарларын өндiрушiлерге суды беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын;
      жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын;
      ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын;
      отандық ауылшаруашылық өнiмiн қайта өңдеу үлесiн ұлғайтуды;
      кредиттер және технологиялық жабдықтың лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін;
      шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындардың құнын;
      ауылшаруашылық өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды;
      ауылшаруашылық техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын әзірлеу;»;
      4) 7-бапта:
      2-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «6-1) «Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі» конкурсын өткізу;»;
      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыратын, мал шаруашылығы өнiмi мен шикiзатын дайындайтын мемлекеттік пункттердi, сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын), пестицидтердi, улы химикаттарды және олардың ыдыстарын арнайы сақтау орындарын (көмінділерді) салуды, күтіп-ұстауды және реконструкциялауды қамтамасыз ету;»;
      мынадай мазмұндағы 12-3), 12-4), 12-5), 12-6) және 12-7) тармақшалармен толықтырылсын:
      «12-3) тиісті өңірде азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға есептілік ұсыну;
      12-4) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру кезіндегі комиссияның бір бөлігінің және қарыздарын сақтандыру кезіндегі сақтандыру сыйақыларының бір бөлігінің орнын толтыру;
      12-5) агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру;
      12-6) кепілдендірілген сатып алу бағасы және сатып алу бағасы белгіленетін, сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі субсидияларының нормативін бекіту;
      12-7) қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау;»;
      3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік қолдау шараларын, сондай-ақ осы санаттардағы қызметкерлерге әлеуметтік көмектің өзге де шараларын айқындау;»;
      4-тармақта:
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртiппен ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргiзудi, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салуды, күтіп-ұстау мен реконструкциялауды ұйымдастыру;»;
      6-1) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «7-1) тиісті өңірде азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарына (әкiмдiктерiне) есептілік ұсыну;»;
      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік қолдау шараларын қолдану жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;»;
      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «8-1) «Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі» конкурсын өткізу;»;
      5-тармақта:
      3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргізуге қатысу;
      4) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыратын, мал шаруашылығы өнiмi мен шикiзатын дайындайтын мемлекеттік пункттердің, сою алаңдарының (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарының), мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың), пестицидтердi, улы химикаттарды және олардың ыдыстарын арнайы сақтау орындарының (көмінділердің) жұмыс iстеуiне жәрдемдесу;»;
      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «8-1) «Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі» конкурсын өткізу;»;
      5) 9-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) ауылшаруашылық өнімін кепілдендірілген сатып алу бағасы бойынша сатып алу;»;
      6) 11-баптың 2-тармағында:
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау;»;
      5-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5-3) ауылшаруашылық тауарларын өндiрушiлерге суды беру бойынша көрсетiлетiн қызметтердiң құнын субсидиялау;»;
      мынадай мазмұндағы 5-4) тармақшамен толықтырылсын:
      «5-4) шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындарды субсидиялау;»;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) ауылшаруашылық өнiмiн өндiруді басқару жүйелерiн дамыту;»;
      мынадай мазмұндағы 8-5) және 8-6) тармақшалармен толықтырылсын:
      «8-5) қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау;
      8-6) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау;»;
      7) 13-баптың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды және фитосанитариялық бақылауды жүргiзу;
      2) ветеринария саласындағы уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тiзбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды жою;
      3) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыратын, мал шаруашылығы өнiмi мен шикiзатын дайындайтын мемлекеттiк пункттердi, сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын), мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), пестицидтердi, улы химикаттарды және олардың ыдыстарын арнайы сақтау орындарын (қорымдарды) ұйымдастыру;»;
      8) мынадай мазмұндағы 13-1 және 14-1-баптармен толықтырылсын:
      «13-1-бап. Ауылшаруашылық өндірісіне агрохимиялық қызмет
                 көрсетуді қамтамасыз ету
      1. Ауылшаруашылық өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсетуді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мемлекеттік мекеме жүзеге асырады.
      2. Мемлекеттік мекеменің функциялары:
      топырақты агрохимиялық зерттеп қарауды жүргізу;
      ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің құнарлылығына мониторинг жүргізу;
      топырақ құнарлылығы деңгейінің болжамы мен динамикасын жүргізу;
      агрохимикаттарды сынақтан өткізу;
      ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің агрохимиялық жай-күйі туралы ақпараттық деректер банкін құру және жүргізу;
      өсімдік шаруашылығы өнімінің және оны қайта өңдеуден алынған өнімдердің сапасын бағалау болып табылады.
      3. Мемлекеттік мекеме:
      топырақты агрохимиялық зерттеп қарауды жүргізу;
      агрохимикаттарды сынақтан өткізу;
      агрохимикаттардың сандық және сапалық көрсеткіштерін айқындау;
      өсімдік шаруашылығы өнімінің және оны қайта өңдеуден алынған өнімдердің сапасын бағалау;
      жер учаскелері меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың өтініші бойынша топырақтың құрамындағы макро-, микроэлементтерді, ауыр металдарды, су сіріндісін қосымша зерттеп қарауды жүргізу;
      сынақтан өткізу нәтижелері бойынша қорытынды бере отырып, аспаптар мен зертхана жабдығын, агрохимия саласындағы химиялық талдамалардың әдістемелерін байқаудан өткізу;
      топыраққа, өсімдік шаруашылығы өніміне және оны қайта өңдеуден алынған өнімдерге, агрохимикаттарға химиялық талдаулар жүргізудің, тыңайтқыштар жүйесін жасаудың, жер учаскелерін пайдаланудың әдістері мен қағидалары жөнінде консультациялық қызметтер көрсету бойынша ақылы қызметтер көрсетуге құқылы.
      4. Мемлекеттік мекемені қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
      «14-1-бап. Агрохимикаттарды мемлекеттік тіркеу
      1. Агрохимикаттарды мемлекеттік тіркеу оларды сынақтан өткізу  қорытындылары бойынша жүргізіледі.
      2. Мемлекеттік тіркеуден өткен агрохимикаттарды қолдануға рұқсат етіледі және оларды агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган агрохимикаттардың тізіміне енгізеді.
      3. Сынақтан өткізу және ғылыми зерттеулер үшін әкелінетін тәжірибелік үлгілерді қоспағанда, мемлекеттік тіркеуден өтпеген агрохимикаттарды өндіруге, әкелуге, сақтауға, тасымалдауға, өткізуге және қолдануға тыйым салынады.
      Сынақтан өткізу және ғылыми зерттеулер үшін әкелінетін агрохимикаттардың көлемін агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
      4. Агрохимикаттарды сынақтан өткізу жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебінен жүргізіледі.»;
      9) 18-бапта:
      2-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) ауылдық елдi мекендерге денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерінiң тартылуын ынталандыру арқылы реттейді.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк ставкалар жергiлiктi өкiлдi органдардың (мәслихаттардың) шешiмi бойынша белгiленуi мүмкiн.»;
      6 және 8-тармақтардағы «ветеринария» деген сөз «агроөнеркәсіптік кешен» деген сөздермен ауыстырылсын;
      67 және 8-тармақтардағы «мамандары», «мамандарына», «процент жоғары» деген сөздер тиісінше «саласындағы мамандар», «саласындағы мамандарға», «пайызға жоғарылатылған» деген сөздермен ауыстырылсын.
      15. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат):
      1) 134-баптың 2-тармағының 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «18) мынадай функцияларды:
      жануарлар ауруларының диагностикасы жөніндегі референттік функцияны;
      эпизоотиялық мониторингті;
      Сақтаулы микроорганизмдер штаммдарының ұлттық коллекциясын жүргізуді;
      ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтарынан, байқаудан өткізуді, сондай-ақ препараттарға шағым түскен кезде олардың серияларын (партияларын) бақылауды;
      тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мониторингті, референцияны;
      ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары қауіпсіздігінің мониторингін;
      жануарлардың аса қауіпті, жұқпалы емес және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар өткізуді;
      ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуді;
      ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсетуді;
      жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық препараттарды тасымалдау (жеткізу), сақтау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) бойынша қызметтер көрсетуді;
      құрылысын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары ұйымдастырған мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын) күтіп-ұстауды;
      қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды;
      ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізуді, ұсынуды;
      ветеринариялық анықтама беруді;
      ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізуді және одан үзінді көшірме беруді;
      биологиялық материалдың сынамаларын алуды және оларды ветеринариялық зертханаға жеткізуді;
      ауру жануарларды санитариялық союға тасымалдау бойынша қызмет көрсетуді жүзеге асыру;»;
      2) 161-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Білім беру, сұрыптарды сынақтан өткізу, ауылшаруашылық өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету, ветеринария, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларының, Қарулы Күштердің спорт саласында маманданатын мемлекеттік мекемелері, сондай-ақ мемлекеттік кітапханалар, мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтар өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында кіріс келтіретін қызметті жүзеге асыруға құқық берілген мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті бюджеттің есебіне жатқызылуға тиіс.».

      2-бап. Осы Заң:
      1) 2014 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 11-тармағы 4) тармақшасының сегізінші, тоғызыншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он жетінші және он сегізінші абзацтарын, 6) тармақшасының оныншы және жиырма жетінші абзацтарын;
      2) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 11-тармағы 8) тармақшасының бесінші, алтыншы, жетінші, он бесінші, жиырмасыншы, жиырма бірінші және қырық төртінші абзацтарын, 24) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады