2007 жылғы 6 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерін жарақтандыру үшін арнайы техника мен арнайы құралдарды жеткізудің жеңілдікті шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 11 ақпандағы № 171-V ҚРЗ

      2007 жылғы 6 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерін жарақтандыру үшін арнайы техника мен арнайы құралдарды жеткізудің жеңілдікті шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы 2010 жылғы 10 желтоқсанда Мәскеуде жасалған хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

2007 жылғы 6 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерін жарақтандыру үшін арнайы техника мен арнайы құралдарды жеткізудің жеңілдікті шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА

      Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер,
      2007 жылғы 6 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерін жарақтандыру үшін арнайы техника мен арнайы құралдарды жеткізудің жеңілдікті шарттары туралы келісімді (бұдан әрі - Келісім) өзектендіру қажеттілігін басшылыққа ала отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімнің 3-бабы6-бабының екінші абзацы және төртінші абзацы «еркін айырбасталатын валютамен», «еркін айырбасталатын валютада» деген сөздерден кейін тиісінше «және (немесе) Ресей Федерациясының рублімен», «және (немесе) Ресей Федерациясының рублінде» деген сөздермен толықтырылсын.

2-бап

      Осы Хаттама Келісімнің 14-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді.

      2010 жылы 10 желтоқсанда Мәскеу қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды. Төлнұсқа данасы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Хатшылығында сақталады, ол оның расталған көшірмесін осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке жібереді.

        Армения Республикасы үшін     Ресей Федерациясы үшін

       Беларусь Республикасы үшін    Тәжікстан Республикасы үшін

      Қазақстан Республикасы үшін    Өзбекстан Республикасы үшін

        Қырғыз Республикасы үшін

      2010 жылғы 10 желтоқсанда Мәскеу қаласында қол қойылған 2007 жылғы 6 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерін жарақтандыру үшін арнайы техника мен арнайы құралдарды жеңілдікпен жеткізу шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың куәландырылған көшірмесінің куәландырылған көшірмесі екенін растаймын.

      Қазақстан Республикасы
      Сыртқы істер министрлігінің
      Халықаралық құқық департаментінің
      Басқарма бастығы                           Б. Пискорский

      Мәскеу қаласында 2010 жылғы 10 желтоқсанда қол қойылған Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерін жарақтандыру үшін арнайы техника мен арнайы құралдарды жеткізудің жеңілдікті шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың куәландырылған көшірмесінің аударылған көшірмесі екенін растаймын.

      Қазақстан Республикасы
      Ішкі істер министрлігінің
      Штаб бастығының орынбасары                 Д. Халықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады