Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 177-V ҚРЗ

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 5-баптан қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1994 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76-құжат):
      1) мазмұнында:
      54-1-баптың тақырыбы алып тасталсын;
      55-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
       «55-бап. Банкроттық рәсімін қозғаудың салдарлары»;

      2) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «21-бап. Дара кәсіпкердің банкроттығы

      1. Дара кәсiпкердiң дәрменсiздiгi (осы Кодекстiң 52-бабы) оны банкрот деп тануға негiз болып табылады.
      2. Дара кәсіпкердің банкроттығы Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгіленген қағидалар бойынша ерiктi немесе мәжбүрлi түрде танылады. Дара кәсiпкер банкрот деп танылған кезден бастап оны дара кәсiпкер ретiнде тiркеудiң күшi жойылады.
      3. Дара кәсiпкерге банкроттық рәсiмдерiн қолданған кезде оның кәсiпкерлiк қызметпен байланысты емес мiндеттемелер бойынша кредиторлары, егер осындай мiндеттемелер бойынша орындау мерзiмi басталған болса, өз талаптарын қоюға да құқылы. Көрсетілген кредиторлардың осындай тәртiппен мәлiмделмеген талаптары, сондай-ақ мүліктік массадан толық көлемде қанағаттандырылмаған талаптар күшiн сақтап қалады және банкроттық рәсiмдері аяқталғаннан кейiн жеке тұлға ретiнде борышкерге өндiрiп алынуға қойылуы мүмкiн. Бұл талаптардың мөлшерi борышкердiң банкроттығы процесiнде алынған қанағаттандыру сомасына азайтылады.»;
      3) 49-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Егер осы баптың 1-тармағында белгiленген тәртiппен оны тарату туралы шешiм қабылданған заңды тұлға мүлкiнiң құны кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшiн жеткiлiксiз болса, мұндай заңды тұлға Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамалық актісінде белгiленген тәртiппен таратылуға тиіс.»;
      4) 50-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Тарату комиссиясы заңды тұлғаны тарату, сондай-ақ оның кредиторларының талаптарын мәлiмдеу тәртiбi мен мерзiмi туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми баспа басылымдарында жариялайды. Банкроттық жағдайларын қоспағанда, талаптарды мәлiмдеу мерзiмi тарату туралы хабарландыру жарияланған кезден бастап екi айдан кем болмайды. Банкроттық кезінде кредиторлардың банкротқа қоятын талаптары кредиторлардың талаптарын мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыру жарияланған кезден бастап бір ай мерзімнен кешіктірілмей мәлімделуге тиіс.»;
      5) 51-баптың 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Банкроттық жағдайларын қоспағанда, заңды тұлға таратылған кезде оның кредиторларының талаптары мынадай кезектілікпен қанағаттандырылады:»;
      6) 52-баптағы «сондай-ақ мiндеттi зейнетақы жарналарын» деген сөздер «сондай-ақ мiндеттi зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) 54-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Көрсетiлген шаралар жеделдетiлген оңалту рәсiмi, оңалту рәсiмi шеңберiнде iске асырылады, оларды жүзеге асырудың тәртiбi мен мерзiмдерi Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында айқындалады.»;
      8) 54-1-бап алып тасталсын;
      9) 55-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «55-бап. Банкроттық рәсімін қозғау салдарлары

      1. Сот борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғау туралы шешім шығарған күннен бастап:
      1) банкрот мүлкінің меншік иесіне (ол уәкілеттік берген органға), банкрот-заңды тұлғаның құрылтайшыларына (қатысушыларына), барлық органдарына мүлікті иеліктен шығаруға және міндеттемелерді өтеуге тыйым салынады;
      2) банкроттың барлық борыштық мiндеттемелерiнiң мерзiмдерi өткен деп саналады;
      3) банкрот берешегінің барлық түрлерi бойынша тұрақсыздық айыбы мен сыйақыны (мүдденi) есептеу тоқтатылады;
      4) банкроттың қатысуымен сотта қаралатын мүліктік сипаттағы даулар, егер олар бойынша қабылданған шешімдер заңды күшіне енбеген болса, тоқтатылады;
      5) үшінші тұлғалардың кепілдіктер мен кепілгерліктерді орындау жөніндегі талаптарын, сондай-ақ үшінші тұлғалар кепіл беруші ретінде әрекет ететін жағдайларда кепіл затына өндіріп алуды қолдануды қоспағанда, банкроттық рәсімі шеңберінде ғана банкротқа талаптар қойылуы мүмкін;
      6) уақытша немесе банкроттықты басқарушының өтініші және борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімінің ұсынылған көшірмесі негізінде банкроттың мүлкіне барлық шектеулер мен ауыртпалықтар (борышкердің шоттарына қаржылық және мемлекеттік органдардың инкассолық өкімдері, сот орындаушылары тағайындаған мүлікке тыйым салу және басқалар) оларды салған органдардың тиісті шешімдері қабылданбастан алып тасталады;
      7) банкроттың мүлкіне жаңа тыйым салуларға және банкроттың мүлкіне иелік етудегі өзге де шектеулерге мәмілені жарамсыз деп тану және мүлікті бөгденің заңсыз иеленуінен талап ету туралы банкротқа қойылатын қуынымдар бойынша ғана жол беріледі;
      8) банкроттық рәсімі қозғалған кезде сатып алушыға берілмеген банкроттың мүлкі банкроттың мүліктік массасының құрамына енгізіледі, ал кредитор немесе орындалмаған міндеттеме бойынша дәрменсіз болған сатып алушы банкроттық рәсімі шеңберінде борышкерге өзінің талаптарын қоюға құқылы.»;
      10) 60-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Шаруашылық серіктестігі банкрот деп танылған немесе оңалту рәсімі қолданылған және заңда белгіленген тәртіппен уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушы тағайындалған жағдайда, оны басқару жөніндегі барлық өкілеттік тиісінше уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушыға өтеді.»;
      11) 91-баптың 5-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) егер ол Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес төлем қабiлетсiздiгi немесе дәрменсiздiк белгiлерiне сай келсе не көрсетілген белгiлер қоғамда дивидендтердi оның акциялары бойынша төлеу нәтижесiнде пайда болса, дивидендтер төлеуге құқылы емес.»;
      12) 92-бап мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      «6-1. Акционерлік қоғам банкрот деп танылған немесе оңалту рәсімі қолданылған және заңда белгіленген тәртіппен уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушы тағайындалған жағдайларда, оны басқару бойынша барлық өкілеттіктер тиісінше уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушыға өтеді.»;
      13) 99-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Өндірістік кооператив банкрот деп танылған немесе оңалту рәсімі қолданылған және заңда белгіленген тәртіппен уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушы тағайындалған жағдайларда, оларды басқару жөніндегі барлық өкілеттіктер тиісінше уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушыға өтеді.»;
      14) 102-бап мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      «5-1. Мемлекеттік кәсіпорын банкрот деп танылған немесе оңалту рәсімі қолданылған және заңда белгіленген тәртіппен уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушы тағайындалған жағдайларда, оны басқару бойынша барлық өкілеттіктер тиісінше уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушыға өтеді.»;
      15) 193-1-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Азамат немесе мемлекеттік емес заңды тұлға стратегиялық объектіні иеліктен шығару бойынша мәміле жасасуға ниет білдірген, сондай-ақ стратегиялық объектіге өндіріп алу қолданылған не стратегиялық объектіні оңалтуды не банкроттықты басқарушы иеліктен шығарған не кепіл ұстаушы кепілге салынған мүлікті (стратегиялық объектіні) соттан тыс тәртіппен өткізген не стратегиялық объектіге сот актісінің негізінде өндіріп алу қолданылған жағдайларда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісінде айқындалған шарттар бойынша Қазақстан Республикасы стратегиялық объектіні сатып алудың басым құқығына ие болады.»;
      16) 319-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Кепiл берушiнiң өтiнiшi бойынша сот кепiлге салынған мүлiктен ақы өндiрiп алу туралы шешiмiнде жеке тұлғалардың кепілге салынған мүлкінің жария саудаға салынып сатылуын бiр жылға дейiнгi мерзiмге және заңды тұлғалардың кепілге салынған мүлкін бір айға дейінгі мерзімге кейiнге қалдыруға құқылы. Кейiнге қалдыру осы мүлiктi кепiлге салу арқылы қамтамасыз етiлген мiндеттеме бойынша тараптардың құқықтары мен мiндеттерiн қозғамайды және борышкерді кейiнге қалдырылған уақыт iшiнде кредитордың өскен залалдары мен тұрақсыздық айыбы сомасын өтеуден босатпайды.»;
      17) 404-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) егер Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамалық актісінде өзгеше белгіленбесе, белгiленген тәртiппен екiншi тарапты банкрот деп таныған;».
      2. 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13-құжат; № 3, 26, 27-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 21-құжат; № 7, 36-құжат; № 10-11, 54, 56-құжаттар; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; 2014 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 15 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 25 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) мазмұнындағы, 215-баптың тақырыбындағы «Банкроттық жағдайындағы» деген сөздер «Оңалту және банкроттық кезіндегі» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 215-бапта:
      тақырыбындағы «Банкроттық жағдайындағы» деген сөздер «Оңалту және банкроттық кезіндегі» деген сөздермен ауыстырылсын;
      бірінші бөліктегі «банкроттық жағдайында немесе банкроттықты күнiлгерi бiле отырып, борышкер ұйымның басшысы немесе меншiк иесi, не жеке кәсiпкер» деген сөздер «оңалту немесе банкроттық жағдайында немесе банкроттықты күнiлгерi бiле отырып, заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы), лауазымды адамы, органдары, сол сияқты дара кәсiпкер» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Өзiнiң іс жүзіндегі дәрменсiздiгiн (банкроттығын) бiлетiн заңды тұлға құрылтайшысының (қатысушысының), лауазымды адамының, органдарының, сол сияқты дара кәсіпкердің, сол сияқты банкроттық рәсімі немесе оңалту рәсiмi кезiнде дәрменсiз борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару бойынша өкiлеттiк берiлген адамның басқа кредиторларға көрiнеу нұқсан келтiре отырып, жекелеген кредиторлардың мүлiктiк талаптарын заңсыз қанағаттандыруы, егер бұл әрекет iрi залал келтiрген болса, –
      жеті жүзден бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бір жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салына отырып немесе онсыз үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
      3) 216 және 217-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      «216-бап. Әдейі банкроттық

      Әдейi банкроттық, яғни заңды тұлға құрылтайшысының (қатысушысының), лауазымды адамының, органдарының, сол сияқты дара кәсіпкердің жеке мүддесі үшін немесе өзге де тұлғалардың мүддесі үшін іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) нәтижесінде жасалған, iрi залалға әкеп соқтырған төлем қабiлетсiздiгiн қасақана жасау немесе ұлғайту -
      жеті жүзден бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл сала отырып немесе онсыз бір жылдан үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;

      «217-бап. Жалған банкроттық

      Заңды тұлға құрылтайшысының (қатысушысының), лауазымды адамының, органдарының, сол сияқты дара кәсiпкердiң әрекеттері және (немесе) қабылдаған шешімдері нәтижесінде кредиторларға тиесiлi төлемдерді кейiнге қалдыру немесе бөлiп-бөлiп төлеу немесе борыштарын азайту, сол сияқты борыштарын төлемеу үшiн кредиторларды жаңылыстыру мақсатында өзiнiң төлем қабілетсіздігі туралы көрiнеу жалған хабарлау, егер бұл әрекет iрi залал келтiрсе, –
      сегіз жүзден бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл сала отырып немесе онсыз үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.».
      3. 1999 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Ерекше бөлiм) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 82-құжат; 2014 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 15 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 512-баптың 3-тармағындағы «банкроттық туралы заң актiлерiнiң» деген сөздер «Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамалық актісінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 883-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) сот актiсi (банкроттық немесе оңалту рәсiмдерiнде банкроттықты немесе оңалтуды басқарушы тағайындалған, әрекетке қабiлетсiз, хабарсыз кеткен немесе қайтыс болды деп жарияланған азаматтың мүлкiне қорғаншылық белгiленген кезде және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген басқа да жағдайларда);»;
      3) 885-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Осы Кодекстiң 1081-бабында көзделген, сондай-ақ осы тұлғаның банкроттығы жағдайларын қоспағанда, құрылтайшының сенiмгерлiкпен басқаруға берген мүлкiне оның борыштары бойынша өндiрiп алуға жол берiлмейдi.»;
      4) 891-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Құрылтайшы банкрот болған кезде мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару тоқтатылады және сенiп тапсырылған мүлiк мүліктік массаға берiледi.
      Құрылтайшы-жеке тұлға қайтыс болған жағдайда сенiп тапсырылған мүлiк мұрагерлiк массаға келiп түседi.».
      4. 1999 жылғы 13 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 28-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 93-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 64-құжат; № 14, 72, 74-құжаттар; № 15, 76-құжат; 2014 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 15 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) мазмұнындағы 35-тараудың және 313-баптың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
       «35-тарау. Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың банкроттығы, заңды тұлғаларды жеделдетілген оңалту рәсімі және оңалту туралы iстердi қарау
       313-бап. Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың банкроттығы, заңды тұлғаларды жеделдетілген оңалту рәсімі және оңалту туралы iстердi қарау»;
      2) 35-тараудың тақырыбы және 313-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«35-тарау. Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың банкроттығы, заңды тұлғаларды жеделдетілген оңалту рәсімі және оңалту туралы iстердi қарау

      313-бап. Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың
               банкроттығы, заңды тұлғаларды жеделдетілген
               оңалту рәсімі және оңалту туралы iстердi қарау

      Сот дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың банкроттығы, заңды тұлғаларды жеделдетілген оңалту рәсімі және оңалту туралы iстердi Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгіленген ерекшеліктермен осы Кодексте көзделген жалпы қағидалар бойынша қарайды.».
      5. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 10, 11, 13-құжаттар; № 4, 21-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 54, 56-құжаттар; № 13, 62, 63, 64-құжаттар; № 14, 72, 74, 75-құжаттар; № 15, 77, 78, 79, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 15 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 21 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 25 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) мазмұнында:
      155 және 155-1-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
      «155-бап. Оңалту және банкроттық кезіндегі заңсыз әрекеттер
      155-1-бап. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасын уақытша басқарушының бұзуы»;
      мынадай мазмұндағы 155-3, 155-4 және 155-5-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
      «155-3-бап. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасын банкроттықты басқарушының бұзуы
      155-4-бап. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасын уақытша әкімшінің бұзуы
      155-5-бап. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасын оңалтуды басқарушының бұзуы»;
      571-2-баптың тақырыбы алып тасталсын;
      2) 155 және 155-1-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      «155-бап. Оңалту және банкроттық кезiндегi заңсыз
                әрекеттер

      1. Мүлiктi және мүлiктiк мiндеттемелердi, мүлiк, оның көлемi, тұрған орны туралы мәлiметтердi не мүлiк туралы өзге де ақпаратты жасыру, мүлiктi басқа адамның иелігіне беру, мүлiктi иелiктен шығару немесе жою, сол сияқты экономикалық қызметтi көрсететiн бухгалтерлiк және өзге де есептiк құжаттарды ұсынбау, жасыру, жою, бұрмалау, оларды қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдамау, егер бұл әрекеттер (әрекетсіздік) оңалту немесе банкроттық кезiнде немесе банкрот болатынын алдын ала бiлген кезде жасалса және қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, –
      жеке немесе лауазымды тұлғаларға – сексен, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға, коммерциялық емес ұйымдарға – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Өзiнiң iс жүзiндегi дәрменсiздiгiн (банкроттығын) бiлетiн борышкердің лауазымды адамының, борышкер мүлкінің меншiк иесiнiң немесе дара кәсiпкердiң, сондай-ақ банкроттық рәсімі немесе оңалту рәсiмi кезiнде дәрменсiз борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару функциялары берiлген тұлғаның басқа кредиторларға залал келтiретiнiн бiле тұра жекелеген кредиторлардың мүлiктiк талаптарын заңсыз қанағаттандыруы, сол сияқты дәрменсiз борышкердiң басқа кредиторларға залал келтiре отырып, өзiне артықшылық жасағанын білетін кредитордың мұндай қанағаттандыруды қабылдауы, егер мұндай әрекеттер iрi залал келтiрмесе, –
      жеке, лауазымды тұлғаларға – бір жүз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға, коммерциялық емес ұйымдарға – алты жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      155-1-бап. Қазақстан Республикасының оңалту және
                 банкроттық туралы заңнамасын уақытша
                 басқарушының бұзуы

      1. Сотқа борышкердің қаржылық жағдайы туралы қорытынды беру міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Банкроттың мүліктік массасына түгендеу жүргізу және (немесе) түгендеу жөніндегі есеп беру міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Банкроттық туралы іс қозғау және кредиторлардың талаптарын мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыруды оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін оған жіберу міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Сот талқылауы кезеңінде борышкердің мүлкі мен активтерін меншік иесінің, құрылтайшылардың (қатысушылардың) шығарып әкетуін болғызбау мақсатында борышкердің активтерін бақылауды қамтамасыз етпеу –
      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органға белгіленген нысандағы банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ақпаратты ұсыну міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес мәлімделген талаптарды қарау нәтижелері бойынша қабылданған шешім туралы кредиторларды уақтылы хабардар етпеу –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      7. Кредиторлар жиналысының өтетін күні, уақыты мен орны туралы кредиторларға хабарлау міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      8. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгіленген электрондық аукцион өткізу туралы ақпараттық хабарлама орналастыру тәртібін бұзу –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      9. Борышкердің өзінің шеттетілген лауазымды тұлғаларынан құрылтайшылық, қаржылық, құқық белгілейтін және өзге де құжаттары мен мөрін қабылдау, сол сияқты шеттетілген лауазымды адамдарының аталған құжаттар мен мөрлерді уақытша басқарушыға беруі бөлігінде сот шешімін орындау бойынша атқару парағын беру туралы өтінішпен сотқа жүгіну міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      10. Сот іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру немесе тоқтату туралы ұйғарым, борышкерді банкрот деп танудан бас тарту туралы шешім шығарған не борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімінің күші жойылған жағдайда өкілеттіктерді уақытша басқарушыдан банкроттықты басқарушыға немесе борышкерге беру кезінде, уақытша басқарушыны ауыстыру, сондай-ақ банкроттық рәсімін қозғамай-ақ таратуды жүргізуді оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органға жүктеу кезінде борышкердің құрылтайшылық құжаттарын, есептік құжаттамасын, мөрлерін, мөртабандарын, материалдық және өзге де құндылықтарын беру міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      11. Кредитордың және борышкер мүлкінің меншік иесінің жазбаша сұрау салуы негізінде ақпарат ұсыну міндетін орындамау не тиісінше орындамау -
      отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      12. Кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      13. Кәдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс мәмілелерді келісу туралы борышкердің өтінішін қарау міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      14. Банкроттың тез бұзылатын мүлкін оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органның келісімінсіз сатуды жүзеге асыру –
      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      15. Осы баптың бірінші - он төртінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайтадан жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
      бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      3) мынадай мазмұндағы 155-3, 155-4 және 155-5-баптармен толықтырылсын:

      «155-3-бап. Қазақстан Республикасының оңалту және
                  банкроттық туралы заңнамасын банкроттықты
                  басқарушының бұзуы

      1. Түгендеу жүргізу және (немесе) кредиторлар жиналысына түгендеу жөніндегі есеп ұсыну міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Банкроттың мүлкін күзетуді және бақылауды қамтамасыз ету міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, банкрот алдында берешегі бар адамдардан берешекті өндіріп алу туралы талаптар қою міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органға банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы ақпаратты беру міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Банкроттық рәсімінде кредиторлар жиналысының өткізілу күні, уақыты мен орны туралы кредиторды хабардар етпеу не тиісінше хабардар етпеу –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгіленген электрондық аукцион өткізу туралы ақпараттық хабарламаны орналастыру тәртібін бұзу –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      7. Сату жоспарын жасау тәртібін бұзу не банкроттың мүлкін (активтерін) сату жоспарын бұза отырып борышкердің мүлкін сату –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      8. Кредиторлар жиналысы есеп айырысуға көшу туралы шешім қабылдағаннан кейін кредиторлармен есеп айырысуды жүзеге асыру міндетін орындамау не тиісінше орындамау, сол сияқты кредиторлармен есеп айырысуды кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудың белгіленген тәртібін бұза отырып жүргізу –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      9. Әдейі және (немесе) жалған банкроттық белгілері анықталған жағдайларда құқық қорғау органдарына ақпаратты хабарламау –
      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      10. Борышкердің немесе ол уәкілеттік берген адамның Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында және «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды бұза отырып жасаған мәмілелерін анықтау міндеттерін орындамау не тиісінше орындамау және оларды жарамсыз деп тану не мүлікті сот тәртібімен банкроттың мүліктік массасына қайтару туралы талаптарды қоймау –
      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      11. Әкімшілік шығыстар сметасында көзделген ақшалай қаражатты асыра жұмсау не мақсатқа сай пайдаланбау –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      12. Банкроттықты басқарушыны шеттету (босату) немесе борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімінің күшін жою кезінде борышкердің құрылтайшылық құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, мөрлерін, мөртабандарын, материалдық және өзге де құндылықтарын жаңадан тағайындалған банкроттықты басқарушыға немесе борышкерге беру міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      13. Сотқа қорытынды есепті ұсынбау, уақтылы ұсынбау не Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін қорытынды есепті ұсыну -
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      14. Растайтын құжаттарды қоса бере отырып, сұратылған ақпаратты оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органға ұсыну міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      15. Кредитордың жазбаша сұрау салуы негізінде банкроттық рәсімдердің жүзеге асырылу барысы туралы хабарламаны оған хабарламау не уақтылы хабарламау -
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      16. Кредиторлар комитетінің шешімі негізінде кредиторға талаптарды есепке жатқызу туралы уақтылы мәлімдемеу -
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      17. Мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан банкрот, оған тиесілі (тиесілі болған) мүлік туралы ақпаратты және растайтын құжаттардың көшірмелерін талап ету міндетін орындамау не тиісінше орындамау -
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      18. Борышкердің лауазымды тұлғаларының кінәлары анықталған жағдайда залалды (субсидиялық жауаптылықты) өндіріп алу (өтету) туралы сотқа талаптар қоймау –
      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      19. Егер банкроттықты басқарушымен келісімде өзгеше көзделмесе, банкрот пен оның кредиторларының мүдделерін қозғайтын сот актісінің көшірмесін оның шағымдану мәселесін қарау үшін кредиторлар комитетіне ұсыну міндетін орындамау не тиісінше орындамау -
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      20. Уақытша басқарушыдан банкроттың мүлкіне құрылтай, қаржылық және құқық белгілейтін құжаттарды, банкроттың мөрі мен мүлкін қабылдау міндетін орындамау не тиісінше орындамау -
      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      21. Банкроттың банктік шотының уақтылы жабылмауы, салық органына салық төлеуші куәлігінің және қосылған құн салығы бойынша есепке қою куәлігінің бланктерін (олар болған кезде) тапсырмау, банкроттың мөрін жою –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      22. Осы баптың бірінші - жиырма бірінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайтадан жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
      бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      155-4-бап. Қазақстан Республикасының оңалту және
                 банкроттық туралы заңнамасын уақытша әкімшінің
                 бұзуы

      1. Оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастыру үшін оңалту рәсімін қолдану және кредиторлардың талаптарын мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыруды оған жіберу міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгіленген кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру тәртібін бұзу –
      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Оңалту жоспарының тиімділігі туралы қорытындыны сотқа жіберу міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Кәдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс мәмілелерді келісу туралы борышкердің өтінішін бес жұмыс күні ішінде қарау міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Растайтын құжаттарды қоса бере отырып, сұратылатын ақпаратты оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органға ұсыну міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Кредиторлардың талаптарын қарау және оларға қарау нәтижелерін жеткізу міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      7. Кредиторлар жиналысын өткізу орны мен күні туралы кредиторларға хабарлау міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      8. Кредиторлармен оңалту жоспары келісілмеген және (немесе) оңалту жоспары «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде сотқа ұсынылмаған жағдайда оңалту рәсімін тоқтату туралы сотқа өтініш беру міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      9. Осы баптың бірінші - сегізінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайтадан жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
      бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      155-5-бап. Қазақстан Республикасының оңалту және
                 банкроттық туралы заңнамасын оңалтуды
                 басқарушының бұзуы

      1. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгіленген электрондық аукцион өткізу туралы ақпараттық хабарламаны орналастыру тәртібін бұзу –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Кредиторлар комитетімен оңалту рәсімінде жасасқан келісімнің шарттарын орындамау, –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Борышкердің мүлкін басқаруға және оның күзетілуін қамтамасыз етуге қабылдау міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Оңалту жоспарын орындамау не тиісінше орындамау –
      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органға құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, оңалту рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы ақпаратты ұсыну міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Оңалту рәсімінде кредиторлар жиналысының өтетін күні, уақыты мен орны туралы кредиторды хабардар етпеу не тиісінше хабардар етпеу –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      7. Оңалтуды басқарушы шеттетілген (босатылған) немесе ауыстырылған кезде тағайындалған оңалтуды басқарушыға борышкердің құрылтайшы, қаржылық, құқық белгілейтін және өзге де құжаттары мен мөрін беру міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      8. Оңалту рәсімінде кредиторлар жиналысының келісуінсіз оңалту жоспарында көзделмеген кәдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс мәмілелерді жасау –
      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      9. Сотқа қорытынды есепті ұсынбау, уақтылы ұсынбау не Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін қорытынды есепті ұсыну –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      10. Борышкерді төлем қабілетсіздігіне әдейі жеткізу белгілерінің бар екенін (жоқ екенін) анықтау және белгілер болған кезде құқық қорғау органдарына процестік шешімдер қабылдау үшін өтініш жолдау міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      11. Кредитордың жазбаша сұрау салуы негізінде оған борышкер қызметінің жүзеге асырылу барысы туралы ақпаратты ұсыну міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
      отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      12. Растайтын құжаттарды қоса бере отырып, сұратылатын ақпаратты оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органға ұсыну міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
      отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      13. Оңалту жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы өтінішхатты сотқа жіберу міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
      отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      14. Оңалту рәсімін тоқтата тұру туралы сотқа уақтылы жүгінбеу –
      отыз айлық көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      15. Кредиторлар комитеті мүшелерінің назарына қаржылық жағдай туралы, кредиторлар комитетіне кәдімгі коммерциялық операциялар барысында жасалған мәмілелер туралы ақпаратты жеткізу міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
      отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      16. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында және «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды бұза отырып борышкер немесе ол уәкілеттік берген тұлға жасасқан мәмілелерді анықтау міндетін орындамау не тиісінше орындамау және оларды жарамсыз деп тану не мүлікті сот тәртібімен қайтару туралы талаптарды бермеу –
      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      17. Оңалту жоспарында көзделмеген әрекеттерді олар жасалғанға дейін кредиторлар жиналысымен келіспеу –
      бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      18. Егер оңалту рәсімін қолданудан кейін пайда болған, борышкердің кредиторлық берешегінің жалпы сомасы оңалту рәсімін енгізген кездегі кредиторлық берешектің жалпы сомасының жиырма пайызынан асатын болса, кредиторлық берешекті ұлғайтуға әкеп соғатын мәмілелерді кредиторлар жиналысының мақұлдауынсыз жасау –
      бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      19. Осы баптың бірінші – он сегізінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайтадан жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
      бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      4) 156-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «156-бап. Әдейi банкроттық

      Әдейi банкроттық, яғни заңды тұлға құрылтайшысының (қатысушысының), лауазымды адамының, органдарының, сол сияқты дара кәсiпкердiң жеке мүдделерi немесе өзге де адамдардың мүдделерi үшін жасаған әрекеттері (әрекетсіздігі) нәтижесінде төлем қабiлетсiздiгiн қасақана жасау немесе ұлғайту, егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, –
      лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге – бір жүз елу, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – бес жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға сегіз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      5) 157-бапта:
      бірінші абзацтағы «коммерциялық ұйым басшысының немесе меншік иесінің» деген сөздер «заңды тұлға құрылтайшысының (қатысушысының), лауазымды адамының, органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге – жетпіс, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      6) 541-баптың бірінші бөлігіндегі «155-1 (төртінші бөлігінде),» деген сөздер алып тасталсын;
      7) 570-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Салық қызметі органдары осы Кодекстің 88 (үшiншi, төртiншi және бесінші бөліктерінде), 88-1 (екінші, 2-1, үшінші бөліктерінде), 155-1, 155-3, 155-4, 155-5, 161-2, 163 (бірінші, екінші, бесінші және сегізінші бөліктерінде), 166, 205 – 206-1, 207, 208, 210 – 212, 213 (бірінші — үшінші бөліктерінде), 215 — 218, 218-1 (бiрiншi – алтыншы, сегізінші бөлiктерiнде), 219, 357-2 (бірінші бөлігінде), 358, 358-1, 360-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.»;
      8) 571-2-бап алып тасталсын;
      9) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында:
      отыз бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «салық қызметi органдарының (154, 155, 156, 157, 163 (үшiншi, төртiншi, алтыншы, жетiншi және тоғызыншы бөлiктерi), 163-4 (үшiншi және төртiншi бөлiктерi), 203, 206-2, 208-1, 209, 213 (төртiншi – алтыншы бөлiктерi), 214, 356, 357-1, 357-2 (екінші бөлігі), 357-5, 359, 361, 374 (бесiншi, алтыншы, жетiншi, сегiзiншi, тоғызыншы бөлiктерi), 533 – 535-баптар);»;
      елу жетінші абзац алып тасталсын.
      6. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 21 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 25 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 53-баптың 1-тармағында:
      1) тармақшаның тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «оңалту рәсiмiн, банкроттық рәсімін жүргізуді және банкроттық рәсімін қозғамастан борышкердi таратуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген негiздер бойынша сот шешiмiмен тарату рәсiмдерiн жүргiзудi ұйымдастыру;»;
      7) тармақша мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
      «мемлекеттік республикалық спорт ұйымдарының жұмыс істеуі;»;
      2) 54-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
      «мемлекеттік облыстық спорт ұйымдарының жұмыс істеуі;»;
      3) 55-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
      «мемлекеттік қалалық спорт ұйымдарының жұмыс істеуі;»;
      4) 56-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
      «мемлекеттік аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) спорт ұйымдарының жұмыс істеуі;».
      7. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат, № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 15 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) мазмұнындағы 24106-1 және 583-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
      «24-бап. Салық қызметі органдарының уәкілетті мемлекеттік органдармен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылы»;
      «106-1-бап. Қайта сақтандыру активтерін азайту бойынша шегерім»;
      «583-бап. Уәкілетті мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және жергілікті атқарушы органдардың салық қызметі органдарымен өзара іс-қимыл кезіндегі міндеттері»;
      2) 24-бапта:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      «24-бап. Салық қызметі органдарының уәкілетті мемлекеттік
               органдармен, Қазақстан Республикасының Ұлттық
               Банкімен және жергілікті атқарушы органдармен
               өзара іс-қимылы»;

      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      «6-1. Салық қызметі органдары салықтық тексеру барысында тексерілетін салық төлеушіге қатысты еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды алу жөнінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен өзара іс-қимыл жасайды.
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі уәкілетті органның сұрау салуы бойынша мұндай қорытындыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп уәкілетті орган белгілеген тәртіппен табыс етеді.»;
      3) 64-баптың 3-тармағындағы «уәкілетті орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 77-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 3-3) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-3) осы Кодекстің 90-бабы 2-тармағының 7) және 8) тармақшаларында көзделген, борышкерлерге қойылатын талаптар мөлшерін азайтуларды есепке алу жөніндегі;»;
      5) 78-баптың 4-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «лизинг алушы Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес банкрот деп танылған және Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен шығарылған;»;
      6) 89-1-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша құрылған қайта сақтандыру активтері;»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Есепті салық кезеңінің соңында Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша құрылған қайта сақтандыру активтерінің мөлшері мен алдыңғы салық кезеңінің соңындағы осындай активтердің мөлшері арасындағы оң айырма сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша құрылған қайта сақтандыру активтері түріндегі табысы деп танылады.»;
      7) 90-бапта:
      1-тармақтың бірінші абзацындағы «, осы Кодекстiң 106-бабының 1, 1-3 және 4-тармақтарына сәйкес» деген сөздер «, осы Кодекстiң 106-бабының 1, 1-3, 3 және 4-тармақтарына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      алтыншы және тоғызыншы абзацтардағы «осы Кодекстiң 106-бабының 1, 1-3 және 4-тармақтарына сәйкес» деген сөздер «осы Кодекстiң 106-бабының 1, 1-3, 3 және 4-тармақтарына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) борышкер — жеке тұлға күшiне енген сот шешiмi негiзiнде хабарсыз кеткен, әрекетке қабiлетсiз, әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған немесе күшiне енген сот шешiмi негiзiнде ол қайтыс болған деп жарияланған;»;
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) борышкер — жеке тұлғаға I, II топтағы мүгедектiк белгiленген, сондай-ақ борышкер — жеке тұлға қайтыс болған;»
      3) және 4) тармақшалардағы «осы Кодекстiң 106-бабының 1 және 4-тармақтарына сәйкес» деген сөздер «осы Кодекстiң 106-бабының 1, 1-3, 3 және 4-тармақтарына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;»;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) борышкер — дара кәсiпкердiң Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес банкрот деп танылуына байланысты дара кәсiпкер ретiнде тiркеу есебiнен алынған;»;
      мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
      «7) қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен есептiлiк туралы заңнамасы талаптарына сәйкес төленбеген, мерзімі өткен кредит (қарыз) және ол бойынша сыйақы, құжаттамалық есеп-қисаптар мен кепiлдiктер бойынша дебиторлық берешек түрінде борышкерге қойылатын талаптың мөлшерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есепті салық кезеңінде борышкерге салық төлеушінің мұндай талап қою құқығын толық немесе ішінара тоқтатуы болмаған жағдайда осы Кодекстің 106-бабының 1-тармағына сәйкес провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші бухгалтерлік есепте азайтқан;
      8) осы Кодекстің 106-бабының 1-тармағына сәйкес провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші кредит (қарыз) және ол бойынша сыйақы бойынша үмiтсiз берешекті кешіруге байланысты кредиттер (қарыздар) және олар бойынша сыйақы бойынша салық кезеңінде кешірілген үмiтсiз берешектің жалпы сомасының салық кезеңінің басындағы кредиттер (қарыздар) және олар бойынша сыйақы бойынша негізгі борыш сомасына арақатынасының ең жоғары мөлшері шегінде борышкерге қойылатын талап мөлшерін азайтқан жағдайлар. Бұл ретте мұндай арақатынастың ең жоғары мөлшері 0,1 коэффициентке тең.
      Осы тармақша, егер кредит (қарыз) және ол бойынша сыйақы бойынша үмiтсiз берешек уәкiлеттi органның келiсiмiмен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгілеген негіздерде және тәртiппен кешірілген жағдайда қолданылады.
      Осы тармақшаның мақсаты үшін кредит (қарыз) және ол бойынша сыйақы бойынша үмiтсiз берешекті кешіру Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес борышты кешіру нәтижесінде кредит (қарыз) және ол бойынша сыйақы бойынша талап ету құқығын тоқтату, сондай-ақ «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес негізгі міндеттеме сомасынан төмен бағамен соттан тыс тәртіппен сауда-саттықтан ипотекалық шарт жасасқан күні негізгі міндеттемені толық қамтамасыз еткен кепіл мүлікті кепілге берілген мүлкін сатудан кейін өтелмеген кредиттің (қарыздың) сомасына сату кезінде кредит (қарыз) және ол бойынша сыйақы бойынша талап ету құқығын тоқтату болып танылады.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Есепті салық кезеңінің соңында еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес құрылған сақтандыру резервтерінің бұрын шегерімге жатқызылған мөлшері мен алдыңғы салық кезеңінің соңындағы осындай резервтердің мөлшері арасындағы теріс айырма сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының сақтандыру резервтерін азайтудан түсетін табыс деп танылады.»;
      8) 105-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Дебитор банкрот деп танылған жағдайда, осы баптың 2-тармағында көрсетiлген құжаттардан басқа, оған қосымша банкроттық рәсімінің аяқталғаны туралы сот ұйғарымы көшiрмесiнiң болуы қажет. Салық төлеушi жоғарыда көрсетiлген шарттар сақталған кезде, банкроттық рәсімінің аяқталғаны туралы сот ұйғарымы күшiне енген салық кезеңiнiң қорытындылары бойынша күмәндi талаптың сомасын шегерiмге жатқызуға құқылы.»;
      9) 106-бапта:
      1-тармақтың екінші бөлігі және 1-3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Провизиялар (резервтер) сомасын айқындау кезiнде кепiлдiң және басқа қамтамасыз етудiң құны қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес уәкiлеттi органмен келiсу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бекіткен провизиялар (резервтер) құру қағидаларында белгіленген жағдайларда және тәртіппен өздерiне қарсы провизия (резерв) құрылатын активтің, шартты міндеттеменің мөлшерін азайтады.»;
      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының есепті салық кезеңінің соңында Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша құрылған сақтандыру резервтерінің мөлшері мен алдыңғы салық кезеңінің соңындағы осындай резервтердің мөлшері арасындағы оң айырма ретінде айқындалған мөлшерде еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтерін құру жөніндегі шығыстардың сомасын шегеруге құқығы бар.»;
      10) 106-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «106-1-бап. Қайта сақтандыру активтерін азайту бойынша
                  шегерім

      Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының осы Кодекстің 89-1-бабына сәйкес бұрын табыс деп танылған еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша қайта сақтандыру активтерінің азайтылған сомасын есепті салық кезеңінің соңында Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша құрылған қайта сақтандыру активтерінің мөлшері мен алдыңғы салық кезеңінің соңындағы осындай активтердің мөлшері арасындағы теріс айырма ретінде айқындалған мөлшерде шегерімге жатқызуға құқығы бар.»;
      11) 133-баптың 1-тармағы 5) тармақшасының екінші бөлігіндегі «және (немесе) тәжiрибелiк-конструкторлық» деген сөздер алып тасталсын;
      12) 147-баптың 2-тармағы екінші бөлігінің бірінші абзацындағы «бюджеттік субсидиялар танылады» деген сөздер «, оның ішінде бюджеттік субсидиялар танылады» деген сөздермен ауыстырылсын;
      13) 155-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 29) тармақшамен толықтырылсын:
      «29) мұндай тұлғаға кредит (қарыз) беруден кейін басталған мынадай:
      қарыз алушы – жеке тұлға күшiне енген сот шешiмi негiзiнде хабарсыз кеткен, әрекетке қабiлетсiз, әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған немесе күшiне енген сот шешiмi негiзiнде ол қайтыс болды деп жарияланған;
      қарыз алушы – жеке тұлғаға I немесе II топтағы мүгедектiк белгiленген, сондай-ақ қарыз алушы — жеке тұлға қайтыс болған;
      асыраушысынан айырылу жағдайларында «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтік төлемдер алатын қарыз алушы — жеке тұлғада кіріс, жүктілігі мен босануына байланысты, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына, олар бір жасқа толғанға дейін баланы күтіп-бағуға байланысты, көрсетілген төлемдерден басқа кіріс болмаған жағдайларда;
      қарыз алушы – жеке тұлғада және қарыз алушы – жеке тұлғамен бірлесіп банк алдында ортақ және субсидиялық жауаптылықта болатын үшінші тұлғаларда мүлік, оның ішінде ақша, бағалы қағаздар немесе өндіріп алынуы мүмкін кірістер болмаған жағдайда атқарушылық құжатты банкке қайтару туралы сот орындаушысының қаулысы күшіне енген және оның мүлкін немесе кірістерін анықтау бойынша сот орындаушысы қабылдаған, Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамасында көзделген шаралар нәтижесіз болған;
      «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ипотекалық шарт жасалған күні негізгі міндеттемені толық қамтамасыз еткен, кепілге берілген мүлікті негізгі міндеттеме сомасынан төмен бағамен соттан тыс тәртіппен сауда-саттықта кепіл мүлікті кепілге берілген мүлкін сатудан кейін өтелмеген кредиттің сомасына сатқан немесе мұндай мүлік кепіл ұстаушының меншігіне өткен жағдайларда кредит (қарыз) жөніндегі азаматтық заңнамаға сәйкес міндеттемелердің тоқтатылуы кезіндегі кіріс.
      Осы баптың ережелері:
      банк қызметкеріне, банк қызметкерінің жақын туыстарына, банктің өзара байланысты тарапына берілген;
      талап ету құқығын беру және (немесе) борышты аудару жүргізілген кредит (қарыз) бойынша міндеттемелердің тоқтатылуына қолданылмайды.»;
      14) 248-бап 23) тармақшасындағы «қалдықтарын өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.» деген сөздер «қалдықтарын;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 24) тармақшамен толықтырылсын:
      «24) Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген діни бірлестіктердің діни мақсаттағы заттарды өткізуі бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.
      Осы тармақшада көрсетілген заттардың тізбесі мен оларды іріктеу критерийлерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
      15) 255-баптың 1-тармағы 13) тармақшасының үшінші – алтыншы бөліктері алып тасталсын;
      16) 263-баптың 7-тармағында:
      бірінші бөліктегі «бес жұмыс күнінен» деген сөздер «күнтізбелік бес күннен» деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртінші бөліктегі «бес жұмыс күнінен» деген сөздер «күнтізбелік бес күннен» деген сөздермен ауыстырылсын;
      17) 270-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «68-бабында» деген сөздер «68-бабында және осы тармақта» деген сөздермен ауыстырылсын;
      18) 278-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында аталған тауарлар бойынша бұрын акциз төленбесе, осы Кодекстiң 279-бабында аталған акцизделетiн тауарлардың мүліктік массасын өткiзудi жүзеге асыратын;»;
      19) 281-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) мүліктік массаны, тәркiленген және (немесе) иесiз, мұрагерлiк құқығы бойынша мемлекетке өткен және мемлекет меншiгiне өтеусiз берiлген, акцизделген тауарларды өткiзуі;»;
      20) 367-баптың 1-1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-1. Осы Кодекстің осы бабының және 8-тарауының мақсаты үшін:»;
      21) 387-баптың 6-тармағының үшінші бөлігіндегі «айқындау» деген сөз «анықтау» деген сөзбен ауыстырылсын;
      22) 465-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) банкрот-заңды тұлғалардың мүліктік массасын өткізу жөнiндегi аукциондардан;»;
      23) 541-баптың 24) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «24) банкроттықты және оңалтуды басқарушылар — Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында көзделген өз өкiлеттiктерi шегiнде банкроттық рәсімі, оңалту рәсiмi мүдделерiне орай қуынымдар берген кезде;»;
      24) 557-бапта:
      1-тармақ 10) тармақшасындағы «туралы мәліметтерді қоспағанда, салық қызметі органы салық төлеуші (салық агенті) туралы алған кез келген мәліметтер салық құпиясы болып табылады.» деген сөздер «туралы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
      «11) Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес құпия ақпарат болып табылмайтын мәліметтерді қоспағанда, салық қызметі органы салық төлеуші (салық агенті) туралы алған кез келген мәліметтер салық құпиясы болып табылады.»;
      3-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органға береді.
      Оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті орган салық құпиясын құрайтын мәліметтерге қолжетімділігі бар лауазымды адамдардың тізбесін бекітеді.»;
      25) 581-баптың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) азаматтық заңнамаға сәйкес жеке немесе заңды тұлға болып табылатын қарыз алушыға берiлген кредиттер (қарыздар) бойынша мiндеттемелердің тоқтатылуы кезінде тоқтатылған міндеттеменің мөлшері туралы қарыз алушының орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органын күнтізбелік отыз күн ішінде хабардар етуге;»;
      26) 583-бапта:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      «583-бап. Уәкілеттi мемлекеттік органдардың, Қазақстан
                Республикасы Ұлттық Банкінің және жергілікті
                атқарушы органдардың салық қызметi органдарымен
                өзара іс-қимыл кезіндегі мiндеттерi»;

       мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
      «7-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тексерілетін салық төлеушіге қатысты салықтық тексеру барысында уәкілетті органның сұрау салуы бойынша еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп уәкілетті орган белгілеген тәртіппен табыс етеді.»;
      27) 609-баптың 3-1-тармағының 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      1) банкрот деп танылған жағдайда — банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы сот ұйғарымы шығарылған күннен бастап есепке жазу жүргізілмеген өсімпұлды қоспағанда, салық төлеушіні банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап;
      2) оңалту рәсімі қолданылған жағдайда — сот оңалту жоспарын бекіту туралы ұйғарым шығарған күннен бастап тоқтатылатын, мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікке және (немесе) ол бойынша мәмілелері мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікке иелік етуді шектеуді қоспағанда, оңалту рәсімін қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап қолданылады.
      Бұл ретте, Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында көзделген жағдайда сомасы кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілмеген салық міндеттемесі бойынша осындай салық төлеушілерге қатысты мұндай міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері қолданылады;»;
      28) 614-баптың 2-тармағының 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау – банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы сот ұйғарым шығарған күннен бастап;
      3) салық төлеушіге қатысты оңалту рәсімін қолдану – өсімпұлды есепке жазуды қоспағанда, борышкердің өтініші түскен күннен бастап, — оңалту рәсімін қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап қолданылмайды.
      Бұл ретте, Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен кредиторлар талаптарының тiзiлiмiне сомасы енгiзiлмеген салық міндеттемесі бойынша осындай салық төлеушілерге қатысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында көзделген жағдайда, осындай міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері қолданылады;»;
      29) 620-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Банкрот деп танылған салық төлеушiнi (салық агентiн) тарату тәртібі Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
      30) 653-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Салық органдары акцизделетiн тауарларды өндiрушiлердiң, импорттаушылардың, борышкердің мүлкiн (активтерiн) өткiзу кезінде банкроттықты және оңалтуды басқарушылардың осы бапта айқындалған акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн таңбалау, акцизделетiн тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында орын ауыстыру тәртiбiн сақтауы бөлiгiнде, сондай-ақ акциздiк бекеттер орнату арқылы акцизделетiн тауарларға бақылауды жүзеге асырады.»;
      «3. Таңбалауды акцизделетiн тауарларды өндiрушiлер мен импорттаушылар, банкроттықты және оңалтуды басқарушылар борышкердiң мүлкiн (активтерiн) өткiзген кезде жүзеге асырады.».
      8. 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81-құжат; № 16, 83-құжат):
      169-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Банкрот деп танылған төлеушiнi тарату тәртiбi Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.».
      9. «Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжаттар; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 1-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 18, 157-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2009 ж., № 24, 122, 125-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 15 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      11-баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасындағы «216» деген цифрлар «215, 216» деген цифрлармен ауыстырылсын.
      10. «Шаруашылық серiктестiктерi туралы» 1995 жылғы 2 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 7, 49-құжат; № 15-16, 109-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 205, 210-құжаттар; 1998 ж., № 5-6, 50 құжат; № 17-18, 224-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 24, 178-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 56-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат):
      1) 8-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      «4-1. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамалық актісінде белгіленген тәртіппен шаруашылық серiктестiгi банкрот деп танылған немесе оңалту рәсімі қолданылған және уақытша, банкроттықты немесе оңалтуды басқарушы тағайындалған жағдайларда, оны басқару бойынша барлық өкілеттік тиісінше уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушыға өтеді.»;
      2) 9-бапта:
      5-тармақтың бірінші бөлігіндегі «таратуды», «соттың шешiмi бойынша сот тағайындаған тарату комиссиясы» деген сөздер тиісінше «таратуды-», «банкроттықты басқарушы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Кредиторлардың талабын қанағаттандыру Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне, Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамалық актiсіне және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне сәйкес жүргiзiледi.».
      11. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 15 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 50-бапта:
      4-тармақтың екінші бөлігінің 10) тармақшасындағы «беруі;» деген сөз «беруі банк құпиясын ашу болып табылмайды.» деген сөздермен ауыстырылып, 11) тармақшасы алып тасталсын;
      6-тармақ мынадай мазмұндағы д-3) тармақшамен толықтырылсын:
      «д-3) прокурордың санкциясымен банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі бар тұлғаға қатысты банкроттық және (немесе) оңалту туралы іс қозғалғанға дейінгі бес жыл ішіндегі кезең үшін оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органға.»;
      2) 68-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Банкті тарату, оның iшiнде банкроттық негiзі бойынша тарату осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.»;
      3) 71-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Банктiң төлем қабiлетсiздiгi уәкiлеттi органның пруденциалдық нормативтердi және сақталуға мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi, есеп айырысу әдiстемелерiн, банк капиталының мөлшерiн, оның ішінде орындау мерзімі басталған кезден бастап үш және одан да көп ай ішінде банк орындамаған, банктегі ақшалай міндеттемелер мен ақшалай сипаттағы өзге де талаптардың бар-жоғын ескере отырып жасаған, сотқа берген қорытындысы ескеріле отырып белгіленеді.
      Банк ақшалай міндеттемелерді және ақшалай сипаттағы өзге де талаптарды оларды орындау мерзімі басталған кезден бастап үш айдың ішінде орындауға қабілетсіз болған кезде төлемге қабілетсіз болып табылады.»;
      4) 73-баптың 1-1-тармағы алып тасталсын.
      12. «Өндiрiстiк кооператив туралы» 1995 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 20, 119-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; № 13-14, 205-құжат; 2001 ж., № 17-18, 242-құжат; 2003 ж., № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 56-құжат):
      мынадай мазмұндағы 18-1-баппен толықтырылсын:

      «18-1-бап. Банкроттық және оңалту рәсімінде өндірістік
                 кооператив iстерiн басқару

      Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамалық актісінде белгіленген тәртіппен өндірістік кооператив банкрот деп танылған немесе оңалту рәсімі қолданылған және уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушы тағайындалған жағдайларда, оны басқару бойынша барлық өкілеттіктер тиісінше уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушыға өтеді.».
      13. «Қазақстан Республикасының ішкi iстер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154, 155-құжаттар; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 15-16, 61-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 25-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 8-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 75-құжат; № 16, 83-құжат; № 23-24, 116-құжат):
      10-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 41-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «41-1) оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органның сұрау салулары бойынша заңда белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған немесе оларға қатысты оңалту рәсімі қолданылған борышкерлерге қатысты меншікке қарсы қылмыстар бойынша қозғалған, іс жүргізуде жатқан қылмыстық істер бойынша мәліметтерді ұсынуға;».
      14. «Жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 5-6, 49-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 21-22, 124-құжат):
      1) 41-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамалық актісінде белгіленген тәртіппен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк банкрот деп танылған немесе оңалту рәсімі қолданылған және уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушы тағайындалған жағдайларда, оны басқару бойынша барлық өкілеттіктер тиісінше уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушыға өтеді.»;
      2) 68-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Банкроттық жағдайларын қоспағанда, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жалғыз қатысушысы болып табылатын заңды тұлға таратылған жағдайда мұндай серiктестiк таратылуға тиiс. Бұл орайда серiктестiк құрылтайшысын таратуды жүргiзетiн тарату комиссиясының (таратушының) өтiнiшi бойынша сот серiктестiктi тарату жөнiндегi тарату комиссиясын (таратушыны) тағайындайды.».
      15. «Табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 9, 15-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 11, 80-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 жылғы 15 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік органдардың құзыретін заңнамалық және (немесе) заңға тәуелді деңгейде бекіту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      18-баптың 5-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5-1. Жасалған мәмiленiң немесе банкрот деп танылған борышкер — табиғи монополия субъектiсiнiң мүліктік массасын өткізудің нәтижесiнде активтерi өз меншiгiне түскен табиғи монополия субъектiсi тұтынушыларға реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) осы активтердiң немесе банкроттық рәсімі процесiнде өндiрiп алынатын мүлiктiң меншiк иелерi үшiн уәкiлеттi орган бұрын бекiткен тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) немесе олардың шектi деңгейлерi және тарифтiк сметалары бойынша реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтiк сметаларды бекiтуге өтiнiм ұсынғанға дейiн, бiрақ алты айдан аспайтын мерзiмде ұсынады.».
      16. «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 24, 435-құжат; 2001 ж., № 21-22, 286-құжат; 2003 ж., № 10, 53-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 8, 55-құжат; 2009 ж., № 11-12, 53-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат, 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 жылғы 15 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік органдардың құзыретін заңнамалық және (немесе) заңға тәуелді деңгейде бекіту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      8-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Заңды тұлғалар таратылған кезде Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының және жеке құрам жөнiндегi құжаттардың одан әрi сақталатын орны туралы шешiмдi уәкiлеттi органмен келiсу бойынша тарату комиссиясы немесе банкроттықты басқарушы қабылдайды.».
      17. «Қаржы лизингi туралы» 2000 жылғы 5 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., № 10, 247-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат):
      5-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Лизинг алушы банкрот болған кезде лизинг нысанасы мүліктік массаға енгiзiлмейдi.».
      18. «Сақтандыру қызметi туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат):
      1) 65-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату, оның iшiнде банкроттық негiз бойынша тарату осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.»;
      2) 69-баптың 5-тармағы алып тасталсын;
      3) 71-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабiлетсiздiгi уәкiлеттi органның пруденциалдық нормативтердi және сақталуға мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi есептеу әдiстемелерiн, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы капиталының мөлшерiн, оның ішінде орындау мерзімі басталған кезден бастап үш және одан да көп ай ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы орындамаған, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымындағы ақшалай міндеттемелер мен ақшалай сипаттағы өзге де талаптардың бар-жоғын ескере отырып жасаған, сотқа берген қорытындысы ескеріле отырып анықталады.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ақшалай міндеттемелерді және ақшалай сипаттағы өзге де талаптарды оларды орындау мерзімі басталған кезден бастап үш айдың ішінде орындауға қабілетсіз болған кезде төлемге қабілетсіз болып табылады.».
      19. «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 2, 12-құжат; № 15-16, 232-құжат; 2003 ж., № 19-20, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат, № 20, 89-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 14, 94-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 жылғы 15 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік органдардың құзыретін заңнамалық және (немесе) заңға тәуелді деңгейде бекіту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      34-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Астық қабылдау кәсiпорындары қызметiнiң тоқтатылуы Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасы мен осы Заңның талаптары ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.».
      20. «Тұтыну кооперативі туралы» 2001 жылғы 8 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 10, 138-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 21-22, 124-құжат):
      17-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамалық актісінде белгіленген тәртіппен тұтыну кооперативі банкрот деп танылған немесе оңалту рәсімі қолданылған және уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушы тағайындалған жағдайларда, оны басқару бойынша барлық өкілеттіктер тиісінше уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушыға өтеді.».
      21. «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы» 2002 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 145-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 62-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат):
      8-баптың 1-тармағы 10) тармақшасындағы «табыс етуге міндетті.» деген сөздер «табыс етуге;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын:
      «11) оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органның сұрау салуы бойынша тексеру жүргізу шеңберінде заңда белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған немесе оларға қатысты оңалту рәсімі қолданылған борышкерлерге қатысты іс жүргізудегі материалдар мен қозғалған қылмыстық істер бойынша мәліметтерді және құжаттардың көшірмелерін ұсынуға;
      12) уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушының сұрау салуы бойынша оңалту немесе банкроттық рәсімін жүргізу шеңберінде заңда белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған немесе оларға қатысты оңалту рәсімі қолданылған борышкерлерге қатысты іс жүргізудегі материалдар мен қозғалған қылмыстық істер бойынша мәліметтерді және құжаттардың көшірмелерін ұсынуға міндетті.».
      22. «Акционерлiк қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 4, 28, 33-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 81-құжат):
      1) 22-баптың 5-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) егер қоғам Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес төлем қабiлетсiздiгi немесе дәрменсiздiк белгiлерiне сай келсе не аталған белгiлер қоғамда оның акциялары бойынша дивидендтер төлеу нәтижесiнде пайда болса, дивидендтерді есепке жазуға жол берілмейді.»;
      2) 26-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) егер акцияларды сатып алу кезiнде қоғам Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес төлем қабiлетсiздiгi не дәрменсiздiгi белгiлерiне сай келсе не аталған белгiлер қоғамда оның барлық талап етiлетiн немесе сатып алу болжанатын акцияларды сатып алу нәтижесiнде пайда болса;»;
      3) 30-баптың 4-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) егер қоғам дәрменсiз борышкер болып табылса, Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында көзделген тәртiппен қабылданған оңалту жоспары негiзiнде жүзеге асырылады.»;
      4) 33-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамалық актісінде белгіленген тәртіппен акционерлік қоғам банкрот деп танылған немесе оңалту рәсімі қолданылған және уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушы тағайындалған жағдайларда оны басқару бойынша барлық өкілеттіктер тиісінше уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушыға өтеді.».
      23. «Инвестициялық қорлар туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 16, 90-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 33-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; 2011 ж., № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат):
      43-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Инвестициялық қордың басқарушы компаниясы немесе кастодианы банкрот деп танылған немесе жарияланған жағдайларда инвестициялық қордың активтерi мүліктік массаға қосылмайды.».
      24. «Жеке кәсiпкерлiк туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 3, 21-құжат; № 16, 99-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 17, 136-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 60-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 18, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 11-12, 54-құжат; № 15-16, 74, 77-құжаттар; № 17, 82-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат, № 23, 97-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 15, 71-құжат; № 22, 128-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 жылғы 15 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік органдардың құзыретін заңнамалық және (немесе) заңға тәуелді деңгейде бекіту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      28-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жеке кәсiпкерлiк субъектiсi борышкердің немесе кредитордың, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда өзге де адамдардың сотқа өтiнiшi негiзiнде сот шешiмiмен банкрот деп танылады.
      Дара кәсiпкердiң банкроттық рәсiмi Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.».
      25. «Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 130-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат):
      39-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «39-бап. Мүліктік массаны қалыптастырудың ерекшелiктерi
      Мақта өңдеу ұйымы банкрот болған, таратылған кезде оның есебiнен мақта өңдеу ұйымы кредиторларының талаптары қанағаттандырылатын мүлiктiң құрамына, сондай-ақ мақта өңдеу ұйымының мүліктік массасына сақтауға және (немесе) бастапқы өңдеуге қабылданған мақта енгiзiлмейдi.».
      26. «Мемлекеттiк сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161, 171-құжаттар; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 22-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 жылғы 15 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік органдардың құзыретін заңнамалық және (немесе) заңға тәуелді деңгейде бекіту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 15 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      4-баптың 1-тармағы 40) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес өткізілетін;».
      27. «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы» 2007 жылғы 26 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 18, 142-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 8, 41-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 95-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат):
      1) 17-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Жылжымайтын мүліктің нақты объектісі жөніндегі ақпарат және жеке немесе заңды тұлғаның өзінде бар жылжымайтын мүлiк объектiлерiне құқықтары туралы жинақталған деректер, сондай-ақ мүлікті иеліктен шығару жөніндегі құжаттардың тiркеушi орган куәландырған көшірмелері құқық иесiнiң (уәкiлеттi өкiлдiң) сұрау салуы бойынша, iс жүргiзiлiп жатқан қылмыстық, азаматтық, әкiмшiлiк iстер бойынша адвокаттардың, құқық қорғау, сот органдарының, iс жүргiзiлiп жатқан атқарушылық құжаттар бойынша сот орындаушыларының, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыретіне сәйкес салық және басқа да мемлекеттік органдардың, нотариустардың, мұрагерлердiң, тексеру жүргізу шеңберінде оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органның, оңалту және банкроттық рәсімдерін жүргізу шеңберінде уақытша, банкроттықты және оңалтуды басқарушылардың, мәжбүрлі түрде таратылатын заңды тұлғаның тарату комиссиясының (таратушының), қамқоршылық және қорғаншылық органдардың дәлелді сұрау салуы бойынша берiледi.»;
      2) 31-баптың 1-1-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) борышкердiң мүлкiн басқару құқығы оңалтуды не банкроттықты басқарушыға ауысқанын;»;
      3) 47-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Құқықтық кадастрда осы Заңның 21-бабында көзделген тәртiппен борышкердiң мүлкiн басқару құқығының оңалтуды не банкроттықты басқарушыға өтуi мемлекеттiк тiркелуге жатады.».
      28. «Бәсекелестiк туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 24, 125-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 жылғы 15 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік органдардың құзыретін заңнамалық және (немесе) заңға тәуелді деңгейде бекіту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      50-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) оңалтуды немесе банкроттықты басқарушыны, уақытша әкімшілікті (уақытша әкімшіні) тағайындау;».
      29. «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 15 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 47-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) өндiрiп алушы немесе борышкер болып табылған заңды тұлғаны тарату аяқталса, құқықтық мирасқоры болмаған кезде не атқарушылық құжат банкроттықты басқарушыға немесе оңалтуды басқарушыға немесе борышкер болып табылатын заңды тұлғаның тарату комиссиясына орындау үшiн жiберiлсе;»;
      2) 50-бап мынадай редакцияда жазылсын:

     «50-бап. Атқарушылық iс жүргiзудi тоқтата тұру немесе
               тоқтату, атқарушылық құжатты өндiрiп алушыға
               қайтару немесе оны банкроттықты басқарушыға,
               оңалтуды басқарушыға, борышкер-заңды тұлғаның
               тарату комиссиясына жiберу туралы мәселелердi
               қарау

      1. Атқарушылық iс жүргiзудi тоқтата тұру, тоқтату, атқарушылық құжатты қайтару немесе оны банкроттықты басқарушыға, оңалтуды басқарушыға, борышкер-заңды тұлғаның тарату комиссиясына жiберу туралы мәселелердi сот орындаушысы қарайды.
      2. Сот орындаушысы атқарушылық iс жүргiзудi тоқтата тұру, тоқтату, атқарушылық құжатты қайтару немесе оны банкроттықты басқарушыға, оңалтуды басқарушыға, борышкер-заңды тұлғаның тарату комиссиясына жiберу туралы қаулы шығарады, оны мемлекеттiк сот орындаушылары үшiн аумақтық бөлiмнiң басшысы-аға сот орындаушысы бекiтуге тиiс.
      3. Сот орындаушысының атқарушылық iс жүргiзудi тоқтата тұру, тоқтату, атқарушылық құжатты қайтару немесе оны банкроттықты басқарушыға, оңалтуды басқарушыға, борышкер-заңды тұлғаның тарату комиссиясына жiберу туралы қаулысына сотқа шағым жасалуы мүмкiн.»;
      3) 56-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Белгiленген тәртiппен банкрот деп танылған борышкердiң мүлкiнен өндiрiп алуды қолдану Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.».
      30. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2010 ж., № 12, 60-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 6, 46-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат):
      1) 24-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) банкроттық рәсiмдерiн жүзеге асыру кезiнде құрамына жер қойнауын пайдалану құқығы (оның бiр бөлiгi), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлер кiретiн мүліктік массаны өткiзу (сату) жөнiндегi жария сауда-саттыққа қатысуға;»;
      2) 36-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) банкроттық рәсімі процесiнде жер қойнауын пайдалану құқығын, жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлердi иелiктен шығару;»;
      3) 41-баптың 1-тармағының алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы тармақтың ережелерi банкроттық рәсiмдердi жүзеге асыру кезiнде мүліктік массаны өткiзу жағдайлары үшiн де қолданылады.».
      31. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжаттар; № 3, 21, 25, 27-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 11-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; № 23-24, 116-құжат):
      көрсетілген Заңға қосымшаның 1-тармағының 57) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «57) банкроттық рәсімі мен оңалту рәсімінің өткізілуіне;».
      32. «Мемлекеттiк мүлiк туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 15 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 21 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 25 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1-баптың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) Қазақстан Республикасының стратегиялық объектiге ие болуының басым құқығы – стратегиялық объект тиесiлi жеке тұлғадан немесе мемлекеттiк емес заңды тұлғадан, осындай тұлға стратегиялық объектiнi иелiктен шығару жөнiнде мәмiле жасасуды ниет етiп отырған жағдайда, сондай-ақ стратегиялық объектiге өндiрiп алу қолданылған не оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы мүліктік (тарату) массасының құрамында стратегиялық объектiнi иелiктен шығарған не кепiл ұстаушы кепiлге салынған мүлiктi (стратегиялық объектiнi) соттың қарауынан тыс тәртiппен өткiзген не стратегиялық объектiге сот актiсiнiң негiзiнде өндiрiп алу қолданылған жағдайда, Қазақстан Республикасының стратегиялық объектiлердi нарықтық құны бойынша сатып алуға үшiншi тұлғалар алдындағы басым құқығы;»;
      2) 139-бап мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
      «9. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамалық актісінде белгіленген тәртіппен мемлекеттiк кәсiпорын банкрот деп танылған немесе оңалту рәсімі қолданылған және уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушы тағайындалған жағдайларда, оны басқару бойынша барлық өкілеттіктер тиісінше уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушыға өтеді.»;
      3) 187-бапта:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Стратегиялық объектіге ауыртпалық салуға не оларды иеліктен шығаруға рұқсат беруден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес стратегиялық объектінің меншік иесі (құқық иеленуші) не кепіл ұстаушысы, банкроттықты немесе оңалтуды басқарушысы шағымдана алады.»;
      7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Стратегиялық объектiнiң кепiл ұстаушысы, оңалтуды және банкроттықты басқарушылар кепiлге салынған осы мүлiктi иелiктен шығару туралы шешiмдi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң иелiктен шығарудың ерекше шарттарын және стратегиялық объектiнi сатып алушыларға қойылатын қосымша талаптарды белгiлей отырып, рұқсат беру туралы шешiмiнiң негiзiнде қабылдайды.»;
      4) 188-бапта:
      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға осы тармақтың 1), 2), 4), 6) және 7) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды, сондай-ақ борышкерге қатысты оңалту рәсiмдерi қолданылғаны туралы (банкроттық рәсімі жүргiзiлгенi туралы) сот актiсiн, мүлiктi иелiктен шығарудың (сатудың) болжамды бағасын және борышкердiң мүлкiн (стратегиялық объектiнi) иелiктен шығаруға немесе үшiншi тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салуға кредиторлар комитетiнiң жазбаша келiсiмiн тапсырады.»;
      4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Стратегиялық объектiлердің меншiк иелерiнiң (құқық иеленушiлерінiң), оңалтуды немесе банкроттықты басқарушылардың ауыртпалық салу не иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау «Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады.»;
      5) 191-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жеке тұлға немесе мемлекеттiк емес заңды тұлға стратегиялық объектiнi иелiктен шығару бойынша мәміле жасасуға ниет бiлдiрген, сондай-ақ стратегиялық объектiге өндiрiп алу қолданылған немесе стратегиялық объектiнi оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы иелiктен шығарған не кепiл ұстаушы кепiлге салынған мүлiктi (стратегиялық объектiнi) сот тәртiбiнен тыс өткiзген не стратегиялық объектiге сот актiсiнiң негiзiнде өндiрiп алу қолданылған жағдайларда, Қазақстан Республикасы осы тарауда айқындалған шарттармен стратегиялық объектiге ие болудың басым құқығына ие болады.
      Стратегиялық объектiлердiң меншiк иелерiнiң (құқық иеленушiлердiң), оңалтуды немесе банкроттықты басқарушылардың стратегиялық объектiнi иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады.»;
      6) 192-баптың 56 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Бюджет процесiн ескере отырып, стратегиялық объектiлердi сатып алу мерзiмдерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң стратегиялық объектiні сатып алудың басым құқығын пайдалануы туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiм қабылдаған кезден бастап екi жылдан аспауға тиiс.
      Оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы стратегиялық объектiлердi сатқан кезде оларды сатып алу мерзiмдерi «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген оңалту рәсiмiн немесе банкроттық рәсімін жүргiзу мерзiмдерiнен аспауға тиiс.
      6. Стратегиялық объектiге өндiрiп алу қолданылған немесе банкроттық, оңалту немесе жеделдетiлген оңалту рәсiмi туралы iс бойынша iс жүргiзу қозғалған жағдайларда стратегиялық объектiлердiң меншiк иелерi (құқық иеленушiлерi) өндiрiп алуды стратегиялық объектiге айналдыру туралы хабарлама алған кезден бастап немесе соттың банкроттық, оңалту туралы немесе жеделдетiлген оңалту рәсiмi бойынша iс қозғау туралы ұйғарымының көшiрмесiн алған кезден бастап бес жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органды стратегиялық объектiге өндiрiп алуды қолдану немесе банкроттық, оңалту немесе жеделдетiлген оңалту рәсiмi туралы iс бойынша iс жүргiзудiң қозғалғаны туралы жазбаша хабардар етуге мiндеттi. Хабарлау жөнiндегi мiндеттердi сақтамау осы Заңның 195-бабында көзделген салдарға әкеп соғады.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi осы бапта көзделген тәртiппен стратегиялық объектiге ие болуға басым құқықты iске асырады.
      Стратегиялық объектiге өндiрiп алуды қолдану немесе стратегиялық объектiнi мүліктік масса құрамында иелiктен шығару Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң стратегиялық объектiге ие болуға басым құқықты iске асыру немесе басым құқықты iске асырудан бас тарту туралы шешiмi алынғаннан кейiн жүргiзiледi.
      7. Өндiрiп алуды стратегиялық объектiге айналдыру немесе стратегиялық объектiнi мүліктік массасы құрамында иелiктен шығару кезінде Қазақстан Республикасы басым құқықты iске асырудан бас тартқан жағдайларда стратегиялық объектiнi иелiктен шығару «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.».
      33. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 14, 117-құжат; 2012 ж., № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат):
      7-баптың екінші, жетінші – оныншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, осы Кодекстің 106-бабының 1, 1-3, 3 және 4-тармақтарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші құрған провизиялардың (резервтердің) мөлшерін азайтудан түсетін табыстар деп:»;
      «5) осы Кодекстiң 106-бабының 1 және 1-3-тармақтарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi мынадай тәртiппен есептейтiн:
      уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi айқындаған тәртiппен алдыңғы салық кезеңiнiң 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша құрылған, бұрын шегеруге жатқызылған провизиялар (резервтер),
      минус
      өзара байланысты тараптардың пайдасына не өзара байланысты тараптардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген активтер мен шартты міндеттемелерді қоспағанда, мынадай активтерге, шартты міндеттемелерге:
      басқа банктерде орналастырылған корреспонденттік шоттардағы қалдықтарды қоса алғанда, депозиттерге;
      басқа банктерге және клиенттерге берілген кредиттерге (қаржы лизингін қоспағанда);
      құжаттамалық есеп-қисаптар мен кепiлдiктер бойынша дебиторлық берешекке;
      жабылмаған аккредитивтер, шығарылған немесе расталған кепілдіктер бойынша шартты міндеттемелерге қарсы халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес алдыңғы салық кезеңiнiң 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша құрылған провизиялардан (резервтерден) қаржылық есептілікте көрінген оң айырма түріндегі асып кету сомасы танылады.».
      34. «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2012 ж., № 4, 29-құжат):
      18-баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) жеке тұлға немесе мемлекеттiк емес заңды тұлға стратегиялық объектiнi иелiктен шығару бойынша мәміле жасасуға ниет бiлдiрген, сондай-ақ стратегиялық объектiге өндiрiп алу қолданылған немесе оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы стратегиялық объектiнi иелiктен шығарған не кепiл ұстаушы кепiлге қойылған мүлiктi (стратегиялық объектiнi) соттан тыс тәртiппен өткізген, не стратегиялық объектiге сот актiсiнің негiзiнде өндiрiп алу қолданылған жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша стратегиялық объектiлерге ие болуға басым құқығы;
      2) акцияларының пакеттерi (жарғылық капиталда қатысу үлестері, пайлары) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық объектiлерге жатқызылған ұйымдар немесе республика экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәні бар ұйымдар банкрот болған кезде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша мүліктік массаны сатып алуға басым құқығы;».
      35. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне магистральдық құбыр және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2012 ж., № 11, 80-құжат):
      1-баптың 3-тармағы 7) тармақшасының сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) тауарлы шикi мұнайға, газ конденсатына және табиғи газға – егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, осы тармақтың 1), 2), 2-1), 3), 4), 5) және 5-1) тармақшаларында көрсетiлген шикi мұнай, газ конденсаты мен табиғи газ көлемдерiн шегере отырып, жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңiнде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбiр жеке келiсiмшарт шеңберiнде өндiрген шикi мұнайдың, газ конденсатының және табиғи газдың жалпы көлемiне бөлiнедi.».
      36. «Микроқаржы ұйымдары туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2012 ж., № 20, 120-құжат):
      21-баптың 4-тармағы 6) тармақшасындағы «негізінде беріледі.» деген сөздер «негізінде;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      «7) банкрот деп танылған тұлғаларға қатысты оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органға, банкроттықты басқарушыға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен беріледі.».
      37. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2013 ж., № 21-22, 115-құжат):
      1) 1-баптың 12-тармағында:
      1) тармақшадағы «1,» деген цифр алып тасталсын;
      3) тармақшадағы «26,» деген цифрлар алып тасталсын;
      5) тармақша «56» деген цифрлардан кейін «, 58» деген цифрлармен толықтырылсын;
      2) 9-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 3) тармақшасының қырық екінші және қырық үшінші абзацтары 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.».

      2-бап. 2012 жылғы 1 қаңтардан 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 90-бабының 2-тармағы «106-бабының 1» деген сөздерден кейін «, 1-1» деген цифрлармен толықтырылсын.

      3-бап. 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 90-бабының 2-тармағындағы «1 және 4», «1, 1-3 және 4» деген сөздер «1, 1-1, 1-3, 3 және 4» деген сөздермен ауыстырылсын.

      4-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 106-бабы 1-2-тармағы екінші абзацының қолданысы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап 2017 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге тоқтатыла тұрсын және тоқтатыла тұру кезеңінде бұл абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
      «Серпінді резервтің мөлшері уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәртіппен айқындалады.».
      Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      5-бап.
      Осы Заң, мыналарды:
      1) 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 7-тармағының 12) тармақшасын;
      2) 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 7-тармағының 1) тармақшасының үшінші абзацын, 6) тармақшасын7) тармақшасының он жетінші, он сегізінші абзацтарын, 9) тармақшаның төртінші, бесінші абзацтарын, 10) тармақшасын;
      3) 2012 жылғы 3 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабының 35-тармағын;
      4) 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 7-тармағының 4) тармақшасын9) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарын, 14)20) тармақшаларын;
      5) 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабының 7-тармағының 3) тармақшасын7) тармақшасының екінші, бесінші – сегізінші, он үшінші абзацтарын, 11)13)15) тармақшаларын16) тармақшасының екінші абзацын, 21)25) тармақшаларын және 37-тармағын;
      6) 2014 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 7-тармағының 17) тармақшасын;
      7) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабының 7-тармағы 16) тармақшасының үшінші абзацын;
      8) 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін және 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын осы Заңның 1-бабының 33-тармағын;
      9) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 7-тармағы 7) тармақшасының төртінші, тоғызыншы абзацтарын;
      10) 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін және 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын осы Заңның 1-бабы 7-тармағының 7) тармақшасының он төртінші – он алтыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады