2008 жылғы 12 желтоқсандағы Тарифтік квоталарды қолданудың шарттары мен тетігі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 192-V ҚРЗ

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұл хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт күшіне енген күнінен бастап қолданылуын тоқтатады - ҚР 14.10.2014 N 240-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 113-баптан қараңыз).

      2008 жылғы 12 желтоқсандағы Тарифтік квоталарды қолданудың шарттары мен тетігі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы 2013 жылғы 21 маусымда Мәскеуде жасалған хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

2008 жылғы 12 желтоқсандағы Тарифтік квоталарды қолданудың шарттары мен тетігі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ресей Федерациясының Үкіметі
      2008 жылғы 12 желтоқсандағы Тарифтік квоталарды қолданудың шарттары мен тетігі туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 10-бабына сәйкес
      2011 жылғы 18 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссия туралы шартты негізге ала отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімге мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1. 3-баптың 1-тармағындағы «Кеден одағының комиссиясы» деген сөздер «Еуразиялық экономикалық комиссия» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2. 4-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Комиссия Тараптар мемлекеттерінің арасында тарифтік квотаның көлемін Тараптар мемлекеттерінің әрқайсысында осы Келісімнің 3-бабына сәйкес бірыңғай кеден аумағы үшін тарифтік квота көлемін есептеу кезінде назарға алынған өндіру мен тұтыну көлемдерінің арасындағы айырма шегінде бөледі. Бұл ретте Комиссия не Комиссияның шешіміне сәйкес Тараптар сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың арасында тарифтік квотаны бөлудің әдісі мен тәртібін айқындайды, сондай-ақ қажет болған кезде тарифтік квотаны үшінші елдер арасында бөледі.».

2-бап

      Осы Хаттаманы түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты Тараптар арасындағы даулар Келісімде белгіленген тәртіппен шешіледі.

3-бап

      Осы Хаттама қол қойылған күнінен бастап уақытша қолданылады және осы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптар мемлекеттерінің орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий дипломатиялық арналар арқылы алған күнінен бастап күшіне енеді.

      2013 жылғы 21 маусымда Мәскеу қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды.

      Осы Хаттаманың төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады, ол осы Хаттаманың депозитарийі бола отырып, оның куәландырылған көшірмесін әрбір Тарапқа жібереді.

      Беларусь           Қазақстан             Ресей
Республикасының     Республикасының      Федерациясының
   Үкіметі үшін        Үкіметі үшін         Үкіметі үшін

      Осы арқылы осы мәтіннің 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Тарифтік квоталарды қолданудың шарттары мен тетігі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы 2013 жылғы 21 маусымда Мәскеу қаласында:
      Беларусь Республикасының Үкіметі үшін - Беларусь Республикасы Сыртқы істер Министрінің Орынбасары А.Е. Гурьянов;
      Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін - Қазақстан Республикасы  Экономика және бюджеттік жоспарлау Вице-министрі Т.М. Жақсылықов;
      Ресей Федерациясының Үкіметі үшін - Ресей Федерациясы Экономикалық даму Министрінің Орынбасары А.Е. Лихачев қол қойған хаттаманың толық және теңтүпнұсқалы көшірмесі болып табылатынын растаймын.
      Төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады.

Барлығы тігілгені,     
қол қойылғаны және мөр соғылғаны
2 парақ.          

      Құқық департаменті
      Директорының Орынбасары            Л.В. Щур-Труханович

      2008 жылғы 12 желтоқсандағы Тарифтік квоталарды қолданудың шарттары мен тетігі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы 2013 жылғы 21 маусымда Мәскеу қаласында жасалған хаттаманың қазақ тіліндегі нұсқасының орыс тіліндегі нұсқасымен теңтүпнұсқалы екенін растаймын.

      Қазақстан Республикасы
      Экономика және бюджеттік
      жоспарлау вице-министрі                Т. Жақсылықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады