Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына ресейлік мұнайды тасымалдау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 2 шілдедегі № 224-V ҚРЗ

      2013 жылғы 24 желтоқсанда Мәскеуде жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына ресейлік мұнайды тасымалдау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының
Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы
Қытай Халық Республикасына ресейлік мұнайды тасымалдау
саласындағы ынтымақтастық туралы
КЕЛІСІМ

(2014 жылғы 29 шілдеде күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2014 ж., № 5, 51-құжат)

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі
      2002 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Мұнай транзиті туралы келісімді басшылыққа ала отырып,
      2007 жылғы 6 қазандағы Бірыңғай кеден аумағын құру және Кеден одағын қалыптастыру туралы шартты, 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының мұнай мен мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын ұйымдастыру, басқару, олардың жұмыс істеу және даму тәртібі туралы келісімді негізге ала отырып,
      ресейлік мұнайды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына тасымалдау саласындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Осы Келісімнің мақсаты ресейлік мұнайды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына тасымалдау үшін жағдай жасау болып табылады.

2-бап

      Тараптар осы Келісімді іске асыру үшін мынадай құзыретті органдарды тағайындайды:
      Қазақстан Тарапынан - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігі.
      Ресей Тарапынан - Ресей Федерациясының Энергетика министрлігі;
      Тараптардың уәкілетті ұйымдары:
      Қазақстан Тарапынан - магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы болып табылады.
      Ресей Тарапынан - «Нефтяная компания «Роснефть» ашық акционерлік қоғамы;
      Құзыретті органдар және (немесе) уәкілетті ұйымдар өзгерген жағдайда Тараптар бұл туралы бірін-бірі дипломатиялық арналар арқылы дереу хабардар етеді.

3-бап

      Тараптар Ресей Тарапының уәкілетті ұйымының ресейлік мұнайды жылына 10 млн. тоннаға дейін арттыру мүмкіндігімен жылына 7 млн. тонна көлемінде ұзақ мерзімді тасымалдауы үшін жағдай жасайды және оған Омбы (Ресей Федерациясы) - Ертіс (Қазақстан Республикасы) - Атасу (Қазақстан Республикасы) - Алашанькоу (Қытай Халық Республикасы) тасымалдау бағыты бойынша магистральдық құбырлар жүйесіне қол жеткізу құқығын береді.

4-бап

      Осы Келісімде көзделген мұнайды ұзақ мерзімді тасымалдау Тараптардың уәкілетті ұйымдары арасында жасалған, мұнайды Ресей Федерациясының шекарасы - Қазақстан Республикасының шекарасы (Ертіс) - Атасу (Қазақстан Республикасы) - Алашанькоу (Қытай Халық Республикасы) бағыты (бұдан әрі - тасымалдау бағыты) бойынша тасымалдау жөніндегі қызметтерді ұсынуға арналған шартқа (бұдан әрі - тасымалдау туралы шарт) сәйкес жүзеге асырылады, оның талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген мұнай тасымалдау жөніндегі қызметтерді ұсынуға арналған үлгілік шарттың талаптарынан ерекшеленуі мүмкін.

5-бап

      Мұнайды тасымалдау бағыты бойынша жылына 7 млн. тонна көлемінде тасымалдаудың заңды негізде Ресей Тарапының уәкілетті ұйымына тиесілі құнын Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы осы Келісімнің бүкіл қолданылу мерзіміне Тараптардың уәкілетті ұйымдарының уағдаластықтары негізінде 1 тонна үшін АҚШ долларында бекітеді. Тасымалдаудың мұндай құны тасымалдау туралы шартта белгіленеді және ол осы Келісімнің қолданылу мерзімі ішінде Тараптардың уәкілетті ұйымдарының келісуінсіз өзгертілуге жатпайды.
      Тараптардың уәкілетті ұйымдары мұнайды жылына 7 млн. тоннадан астам көлемде тасымалдауды келіскен жағдайда, мұнайдың 7 млн. тоннадан асатын бөлігіндегі әрбір қосымша көлемін тасымалдау құны  Тараптардың уәкілетті ұйымдарының жеке келісуіне, Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органының 1 тонна үшін АҚШ долларында бекітуіне жатады және ол Тараптардың уәкілетті ұйымдарымен келісусіз өзгертіле алмайды.
      Қазақстан Тарапы мұнайды тасымалдау бағыты бойынша (оның ішінде оның учаскелерінің кез келгені бойынша) тасымалдау жөніндегі қызметтерге нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығын салады. Бұл ретте Қазақстан Тарапы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес қосылған құн салығын қайтару мақсаты үшін мұнайды тасымалдау бағыты бойынша (оның ішінде оның учаскелерінің кез келгені бойынша) тасымалдау жөніндегі қызметтерді халықаралық тасымал ретінде қарастырады.

6-бап

      Ресей Тарапының уәкілетті ұйымы тасымалдау бағытының соңғы пунктінде (Алашанькоу) мұнайды тасымалдау туралы шартта көзделгендей көлемде және сапада берген жағдайда, Қазақстан Тарапының уәкілетті ұйымы Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарын мұнаймен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының магистральдық құбырлары жүйесінде ресейлік мұнайды қазақстандық мұнаймен ауыстыруды дербес жүзеге асыруға құқылы.

7-бап

      Осы Келісімнің шеңберінде Ресей Тарапының уәкілетті ұйымы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Кеден одағының кеден аумағынан тыс жерлерге әкететін мұнай үшін кедендік әкету бажын Ресей Тарапының уәкілетті ұйымы Ресей Федерациясының бюджетіне төлеуге тиіс.
      Ресей Тарапының уәкілетті ұйымы осы Келісімде көзделген мұнай тасымалдауға байланысты Қазақстан Республикасының бюджетіне кез келген салықтарды, алымдарды, кедендік және өзге де төлемдерді төлеуден босатылады.

8-бап

      Тараптар арасындағы осы Келісімнің ережелерін түсіндіруге және қолдануға қатысты даулар консультациялар және келіссөздер арқылы шешіледі.
      Тараптардың уәкілетті ұйымдарының арасындағы дауларды реттеу тәртібі, оның ішінде осы даулардың соттылығы олардың арасындағы шарттарда айқындалады.

9-бап

      Осы Келісімге өзгерістер енгізілуі мүмкін, олар жекелеген хаттамалармен ресімделеді.

10-бап

      Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшіне енеді және осы Келісімнен туындайтын құқықтық қатынастарға 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады.
      Осы Келісім 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады, бұл мерзім аяқталған соң ол, егер Тараптардың ешқайсысы екінші Тарапты оның алғашқы қолданылу мерзім аяқталғанға дейін кемінде 6 ай бұрын оның қолданысын тоқтату ниеті туралы жазбаша хабардар етпесе, автоматты түрде 5 жылға ұзартылады.
      Осы Келісімнің қолданысы тоқтатылғаннан кейін оның ережелері осы Келісім қолданылған кезеңде Тараптарда және Тараптардың уәкілетті ұйымдарында туындаған міндеттемелер толық орындалғанға дейін қолданылады.
      2013 жылғы 24 желтоқсанда Мәскеу қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі екі мәтіннің бірдей күші бар. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінді пайдаланатын болады.

      Қазақстан Республикасының       Ресей Федерациясының
           Үкіметі үшін                   Үкіметі үшін

О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о сотрудничестве в области транспортировки российской нефти через территорию Республики Казахстан в Китайскую Народную Республику

Закон Республики Казахстан от 2 июля 2014 года № 224-V ЗРК

      ПРЕСС-РЕЛИЗ

      Ратифицировать Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о сотрудничестве в области транспортировки российской нефти через территорию Республики Казахстан в Китайскую Народную Республику, совершенное в Москве 24 декабря 2013 года.

      Президент
      Республики Казахстан                       Н. НАЗАРБАЕВ

СОГЛАШЕНИЕ
между Правительством Республики Казахстан
и Правительством Российской Федерации о сотрудничестве
в области транспортировки российской нефти через территорию
Республики Казахстан в Китайскую Народную Республику

(Вступило в силу 29 июля 2014 года -
Бюллетень международных договоров РК 2014 г., № 5, ст. 51)

      Правительство Республики Казахстан и Правительство Российской Федерации, именуемые в дальнейшем Сторонами,
      руководствуясь Соглашением между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о транзите нефти от 7 июня 2002 г.;
      основываясь на Договоре о создании единой таможенной территории и формировании Таможенного союза от 6 октября 2007 г., Соглашении о порядке организации, управления, функционирования и развития общих рынков нефти и нефтепродуктов Республики Беларусь, Республики Казахстан и Российской Федерации от 9 декабря 2010 г.,
      в целях развития сотрудничества в области транспортировки российской нефти через территорию Республики Казахстан в Китайскую Народную Республику
      согласились о нижеследующем:

Статья 1

      Целью настоящего Соглашения является создание условий для транспортировки российской нефти через территорию Республики Казахстан в Китайскую Народную Республику.

Статья 2

      Для реализации настоящего Соглашения Стороны назначают компетентные органы:
      от Казахстанской Стороны - Министерство нефти и газа Республики Казахстан;
      от Российской Стороны - Министерство энергетики Российской Федерации.
      Уполномоченными организациями Сторон являются:
      от Казахстанской Стороны - национальный оператор по магистральному нефтепроводу акционерное общество «КазТрансОйл»;
      от Российской Стороны - открытое акционерное общество «Нефтяная компания «Роснефть».
      В случае изменения компетентных органов и (или) уполномоченных организаций Стороны незамедлительно информируют об этом друг друга по дипломатическим каналам.

Статья 3

      Стороны создают условия для долгосрочной транспортировки российской нефти уполномоченной организацией Российской Стороны в количестве 7 млн. тонн в год с возможностью увеличения до 10 млн. тонн в год и предоставляют ей право доступа к системе магистральных трубопроводов по направлению транспортировки Омск (Российская Федерация) - Прииртышск (Республика Казахстан) - Атасу (Республика Казахстан) - Алашанькоу (Китайская Народная Республика).

Статья 4

      Долгосрочная транспортировка нефти, предусмотренная настоящим Соглашением, осуществляется в соответствии с заключенным между уполномоченными организациями Сторон договором на предоставление услуг по транспортировке нефти (далее - договор о транспортировке) по маршруту граница Российской Федерации - граница Республики Казахстан (Прииртышск) - Атасу (Республика Казахстан) - Алашанькоу (Китайская Народная Республика) (далее - маршрут транспортировки), условия которого могут отличаться от условий типового договора на предоставление услуг по транспортировке нефти, утвержденного в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

Статья 5

      Стоимость транспортировки нефти в количестве 7 млн. тонн в год, принадлежащей уполномоченной организации Российской Стороны на законном основании, по маршруту транспортировки утверждается на весь срок действия настоящего Соглашения уполномоченным государственным органом Республики Казахстан в долларах США за 1 тонну на основании договоренностей уполномоченных организаций Сторон. Такая стоимость транспортировки устанавливается в договоре о транспортировке и не подлежит изменению в течение срока действия настоящего Соглашения без согласования с уполномоченными организациями Сторон.
      В случае согласования уполномоченными организациями Сторон транспортировки нефти в количестве сверх 7 млн. тонн в год стоимость транспортировки каждого дополнительного количества нефти в части, превышающей 7 млн. тонн, подлежит отдельному согласованию уполномоченными организациями Сторон, утверждению уполномоченным государственным органом Республики Казахстан в долларах США за 1 тонну и не может быть изменена без согласования с уполномоченными организациями Сторон.
      Казахстанская Сторона облагает услуги по транспортировке нефти маршруту транспортировки (в том числе по любому из его участков) налогом на добавленную стоимость по нулевой ставке. При этом для целей возврата налога на добавленную стоимость в соответствии с налоговым законодательством Республики Казахстан услуги по транспортировке нефти по маршруту транспортировки (в том числе по любому из его участков) рассматриваются Казахстанской Стороной как международная перевозка.

Статья 6

      В целях обеспечения нефтью нефтеперерабатывающих заводов Республики Казахстан уполномоченная организация Казахстанской Стороны вправе самостоятельно осуществлять в системе магистральных трубопроводов Республики Казахстан замещение российской нефти казахстанской нефтью при условии передачи уполномоченной организации Российской Стороны в конечном пункте маршрута транспортировки (Алашанькоу) нефти в таком количестве и такого качества, которые предусмотрены договором о транспортировке.

Статья 7

      Вывозная таможенная пошлина за нефть, вывозимую уполномоченной организацией Российской Стороны за пределы таможенной территории Таможенного союза через территорию Республики Казахстан в рамках настоящего Соглашения, подлежит уплате уполномоченной организацией Российской Стороны в бюджет Российской Федерации.
      Уполномоченная организация Российской Стороны освобождается от уплаты любых налогов, сборов, таможенных и иных платежей в бюджет Республики Казахстан в связи с предусмотренной настоящим Соглашением транспортировкой нефти.

Статья 8

      Споры между Сторонами относительно толкования и применения положений настоящего Соглашения разрешаются путем консультаций и переговоров.
      Порядок урегулирования споров между уполномоченными организациями Сторон, в том числе подсудность, определяется в  договорах между ними.

Статья 9

      В настоящее Соглашение могут быть внесены изменения, которые оформляются отдельными протоколами.

Статья 10

      Настоящее Соглашение вступает в силу с даты получения последнего письменного уведомления о выполнении Сторонами внутригосударственных процедур, необходимых для его вступления в силу, и распространяется на правоотношения, возникающие из настоящего Соглашения, с 1 января 2014 г.
      Настоящее Соглашение действует до 1 января 2019 г., по окончании этого срока оно автоматически продлевается на 5 лет, если ни одна из Сторон письменно не уведомит другую Сторону не менее чем за 6 месяцев до истечения его первоначального срока действия о своем намерении прекратить его действие.
      После прекращения действия настоящего Соглашения его положения будут применяться до полного выполнения обязательств, возникших у Сторон и уполномоченных организаций Сторон в период действия настоящего Соглашения.

      Совершено в г. Москва 24 декабря 2013 г. в двух экземплярах, каждый на казахском и русском языках, причем оба текста имеют одинаковую силу. В случае возникновения разногласий в толковании положений настоящего Соглашения Стороны будут использовать текст на русском языке.

      За Правительство                  За Правительство
      Республики Казахстан            Российской Федерации