Байланыс формасы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 5 мамырдағы № 312-V ҚРЗ

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; 2015 жылғы 8 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне денсаулық сақтау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 159-бап ескертпелерінің бірінші абзацындағы «Судья бәсекелестікке», «субъектісін» деген сөздер тиісінше «Бәсекелестікке», «субъектісі» деген сөздермен және 4) тармақшадағы «монополиялық кірісін тәркілеуден босатуы мүмкін» деген сөздер «әкімшілік жауаптылықтан босатылады» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 167-баптағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 597-бап мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-бөліктермен толықтырылсын:
      «4-1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары айқындаған, көлік құралдарын орынтұраққа қойғаны үшін ақы алуға және олардың орынтұрақта тұрған уақытын есептеуге арналған сертификатталған арнайы құрылғылармен жабдықталған орындарда орынтұраққа қойғаны үшін төлем төлеуден жалтару –
      үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4-2. Осы баптың 4-1-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
      бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      4) 622-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «622-бап. Қалалық және қала маңындағы қоғамдық көлікті
                пайдалану қағидаларын бұзу

      1. Трамвайды, троллейбусты, қалалық және қала маңына қатынайтын автобусты немесе таксиді пайдалану қағидаларын көлік құралының тепкішектерінде және басқа да шығып тұрған бөліктерінде тұрып жол жүру, жүрген кезде кіру және шығу, есіктердің ашылуына және жабылуына кедергі келтіру, кесіп кететін нәрселерді тиісті қаптамасыз алып жүру, сондай-ақ салонды және жолаушылардың киімдерін былғайтын нәрселер мен заттарды тасымалдау түрінде жасалған бұзушылық –
      бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Қоғамдық көлікте жол жүргені үшін ақы төлеуден жалтару – екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      5) 804-баптың үшінші бөлігінің 1) тармақшасы «622» деген цифрлардан кейін «(бірінші бөлігі)» деген сөздермен толықтырылсын.
      2. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 9, 15-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 11, 80-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 64-құжат; № 14, 87-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат):
      1) 3-бапта:
      3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) жария тыңдаулар – табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) немесе оның шекті деңгейінің жобасын, сондай-ақ электр энергетикасы саласындағы реттелетін нарық субъектісінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаның жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын және табиғи монополиялар субъектілерін шақыра отырып талқылау рәсімі;
      4) инвестициялық бағдарлама – бір немесе бірнеше инвестициялық жобаларды қамтитын, техникалық-экономикалық нәтиже алу мақсатында қысқа мерзімді, орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған, табиғи монополия, реттелетін нарық субъектісінің қолда бар активтерін кеңейтуге, қалпына келтіруге, жаңартуға, қолдауға, негізгі құралдарын реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңа активтерін жасауға бағытталған қаражатты салу және қайтару бағдарламасы;»;
      7) тармақша алып тасталсын;
      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісі – мынадай:
      жалпы белгіленген қуаттылығы жиырма Гкал/сағатты қоса алғанға дейінгі жылыту қазандықтарынан жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және (немесе) онымен жабдықтау жөніндегі;
      көлемi жылына бес жүз мың текше метрге дейiн сумен жабдықтау және (немесе) су бұру;
      көлемі жылына отыз миллион текше метрге дейiн суғару үшін су беру жөніндегі;
      көлемі елу мың вагон/км-ге, вагон/сағатқа дейін болатын кірме жолдар саласындағы;
      көлемі жылына жиырма бес миллион кВт.сағатқа дейін электр энергиясын беру және (немесе) тарату жөніндегі көрсетілетін қызметтерді өткізуді жүзеге асыратын табиғи монополия субъектiсi.
      Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісіне кірісі күнтізбелік бір жыл ішінде табиғи монополия субъектісінің барлық реттеліп көрсетілетін қызметінен түсетін кірістің бес пайызынан аспайтын реттеліп көрсетілетін қызмет бойынша табиғи монополия субъектісі де жатады. Бұл ретте қалған реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша табиғи монополия субъектісі қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісіне жатпайды;»;
      12-1) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 12-3) тармақшамен толықтырылсын:
      «12-3) сараптама кеңесі – табиғи монополиялар субъектілері тарифтерінің (бағаларының, алымдар мөлшерлемелерінің) және тарифтік сметаларының жобаларына талдау мен сараптама жүргізу мақсатында құрылатын, құрамына тәуелсіз сарапшылар кіретін орган;»;
      13) және 22) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «13) стратегиялық тауарлар – табиғи монополиялар субъектілері жылу энергиясын өндіру үшін отын ретінде пайдаланатын көмір, газ, мазут, дизель отыны, электр энергиясын беру және тарату, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру салаларындағы табиғи монополиялар субъектiлерi үшiн – электр энергиясы, жылумен жабдықтау саласындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін және жылу энергиясын беру және (немесе) тарату саласындағы нормативтік ысыраптар үшін – жылу энергиясы, газды немесе газ конденсатын магистральдық және (немесе) тарату құбыржолдары арқылы тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін өз мұқтаждары мен ысыраптары үшін – газ, сумен жабдықтау, жылу энергиясын өндіру салаларындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін – сатып алынатын су;»;
      «22) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейі – ұзақ мерзімді кезеңге, қажет болған кезде жылдарға бөле отырып бекітілетін, табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметіне (тауарына, жұмысына) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) ең жоғары шамасы;»;
      23) тармақша алып тасталсын;
      24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «24) төтенше реттеуші шаралар – стратегиялық тауарлардың құны өскен немесе төтенше жағдайлар туындаған кезде табиғи монополия субъектiсiнің қызметiн тұрақтандыру және азаматтардың өмірін, денсаулығын, жеке және заңды тұлғалардың мүлкін, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мақсатында уәкілетті орган қолданатын шаралар;»;
      2) 4-баптың 1-тармағында:
      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында оларды тасымалдауды қоспағанда, магистральдық құбыржолдар арқылы тасымалдау жөніндегі;
      2) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында тауарлық газды тасымалдауды қоспағанда, тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдау жөніндегі;»;
      6-1) тармақшадағы «концессия шарттары бойынша темір жол көлігі объектілері бар темір жолдар қызметтерінің» деген сөздер «бәсекелес теміржол болмаған кезде концессия шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдардың көрсетілетін қызметтерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) бәсекелес кірме жол болмаған кезде кірме жолдардың;»;
      3) 5-бапта:
      1-тармақта:
      1) тармақша алып тасталсын;
      2) және 3) тармақшалар алып тасталсын;
      4-2) тармақша алып тасталсын;
      1-1 және 1-2-тармақтар алып тасталсын;
      4) 6-баптың 5-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5-2) осы Заңның 7-бабы бірінші бөлігінің 4-1) тармақшасына сәйкес пайдаланылатын қаражатты қоспағанда, неғұрлым тиімді әдістер мен технологияларды қолдануға, нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету жөніндегі іс-шараларды өткізуге немесе реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемдерін табиғи монополия субъектісіне байланысты емес себептер бойынша қысқартуға байланысты немесе конкурстық (тендерлік) рәсімдерді өткізу нәтижелері бойынша шығындарды үнемдеу нәтижесінде туындаған, тарифтік сметаға салынған шығындардың толық пайдаланылмаған бөлігіне дербес иелік етуге;»;
      5) 7-бапта:
      бірінші бөлікте:
      2-1) тармақшадағы «реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) жасағаны», «ұйымдар» деген сөздер тиісінше «ұсынылатын реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар)», «ұйымдар, интернет-ресурстар және (немесе) терминалдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-3) тармақша «уәкілетті орган» деген сөздердің алдынан «осы бөліктің 3-1) тармақшасында көзделген жағдайды ескере отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен, шығындары табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемесін) немесе оның шектi деңгейiн және тарифтiк сметаларды бекiту кезiнде ескерiлетiн көрсетілетін қызметтердi (тaуapлapды, жұмыстарды) сатып алуды жүзеге асыруға;»;
      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-1) неғұрлым тиімді әдістер мен технологияларды қолдануға, нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету жөніндегі іс-шараларды өткізуге немесе реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемдерін табиғи монополия субъектісіне байланысты емес себептер бойынша қысқартуға байланысты немесе конкурстық (тендерлік) рәсімдерді өткізу нәтижелері бойынша шығындарды үнемдеу нәтижесінде туындаған, тарифтік сметаға салынған шығындардың толық пайдаланылмаған бөлігінің кемінде елу пайызын жаңа өндірістік активтерді жасауға, кеңейтуге, қалпына келтіруге, жаңартуға, қолдауға, реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға бағыттауға;»;
      5) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) уәкілетті органның талап етуі бойынша қаржылық есептілік пен өзге де қажетті ақпаратты уәкілетті орган белгілеген, табиғи монополия субъектісі тиісті талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімде уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы электрондық құжатты орналастыру жолымен қағаз немесе электрондық жеткізгіште беруге;»;
      «7) акционерлік қоғамдар болып табылатын табиғи монополиялар субъектілері үшін аудиторлық ұйымдармен жыл сайынғы міндетті аудит жүргізуге міндетті. Аудиторлық есеп және жылдық қаржылық есептілік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жылдық қаржылық есептілік бекітілген кезден бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірілмей табиғи монополия субъектісінің интернет-ресурсында орналастырылуға және табиғи монополия субъектісі өз қызметін жүзеге асыратын әкімшілік-аумақтық бірліктің тиісті аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей жариялануға тиіс;»;
      7-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «7-2) осы Заңның 6-бабының 5-2) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, тарифтiк сметаны орындауға;»;
      7-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «7-3) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, тұтынушылар және өзге де мүдделі тұлғалар алдында реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөніндегі қызметі туралы негіздемелерімен және оларды бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ тұтынушылар алдында есеп беру өткізілген кезден бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыра отырып, жыл сайын есеп беруге;»;
      7-4) тармақша алып тасталсын;
      7-5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «7-5) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезеңінде жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей уәкілетті органға инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы есепті ұсынуға және есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірілмейтін мерзімде инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы есепті бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыруға;»;
      мынадай мазмұндағы 7-6) және 7-7) тармақшалармен толықтырылсын:
      «7-6) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тұтынушыларды инвестициялық бағдарламалардың (жобалардың), тарифтік сметалардың орындалу барысы туралы өзінің интернет-ресурсы не уәкілетті органның интернет-ресурсы арқылы жарты жылда бір рет хабардар етуге;
      7-7) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті органның интернет-ресурсында тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті орналастыруға;»;
      10) тармақша алып тасталсын;
      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей ұсынуға;»;
      мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «13-1) «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен монополияға қарсы органды реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) жатпайтын қызметтің жүзеге асырылуының басталғаны туралы хабардар етуге;»;
      14-1) тармақша алып тасталсын;
      18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «18) белгіленген тәртіппен бекітілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) орындауға және инвестициялық бағдарламада (жобада) көзделген қаражатты табиғи монополия субъектісінің қолда бар активтерін қалпына келтіруге, жаңартуға, кеңейтуге, қолдауға, негізгі құралдарын реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға басымдықпен бағыттауға;»;
      19) тармақша алып тасталсын;
      20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «20) нормативтен тыс ысыраптардың болуына жол бермеуге;»;
      22) тармақша алып тасталсын;
      24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «24) тоқсан сайын өзінің интернет-ресурсында бос және қолжетімді қуаттылықтардың, сыйымдылықтың, орындардың, реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) желілерінің өткізу қабілеттері, сондай-ақ инженерлік коммуникациялар схемасының бар екендігі туралы ақпарат орналастыруға;»;
      25) тармақшадағы «қамтамасыз етуге міндетті.» деген сөздер «қамтамасыз етуге;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 26) және 27) тармақшалармен толықтырылсын:
      «26) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеуден алынған қаражатты тікелей тұтынушыларға не тұтынушының тұрған жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайда жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу кезінде тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) төмендету жолымен қайтаруға;
      27) тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарттарын сақтауға міндетті.»;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы баптың бірінші бөлігінің 4), 7-1), 7-3), 17), 18) және 24) тармақшаларында көзделген міндеттер қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілеріне қолданылмайды.»;
      үшінші бөліктегі «және өңірлік электр желісі компанияларына» деген сөздер алып тасталсын;
      6) 7-1-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Бағаларды мемлекеттік реттеу теміржол көлігі, электр және жылу энергетикасы, мұнай өнімдерін өндіру, мұнайды тасымалдау, азаматтық авиация, порттық қызмет, телекоммуникациялар және пошта байланысы, сондай-ақ «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, газ саласындағы реттелетін нарықтар субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) қолданылады.»;
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Уәкілетті орган бағаларды мемлекеттік реттеу қолданылатын реттелетін нарықтар субъектілері тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) тізбесін бекітеді.»;
      7) 7-2-бапта:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші, бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
      «Уәкілетті орган осы Заңның 7-3-бабының 2) тармақшасына сәйкес электр энергетикасы саласындағы реттелетін нарық субъектісінің бағасына сараптама жүргізілген кезде уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жария тыңдаулар өткізуге міндетті.
      Электр энергетикасы саласындағы реттелетін нарық субъектісінің босату бағасының жобасын қарау бойынша жария тыңдаулар электр энергетикасы саласындағы реттелетін нарық субъектісіне уәжді қорытынды жіберілгенге дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей өткізіледі.
      Жария тыңдаулардың өткізілетін күні мен орны туралы хабарландыруды уәкілетті орган жария тыңдаулар өткізілгенге дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей мерзімді баспасөз басылымдарында жариялауға міндетті.»;
      2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2-1. Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) уәкілетті орган бекіткен жағдайда, ол реттелетін нарық субъектісі тауарының (жұмысының, көрсетiлетiн қызметінің) шекті бағасында ескеріледі.
      Реттелетін нарық субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
      Уәкілетті орган реттелетін нарық субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) уәкілетті орган айқындайтын жағдайларда және тәртіппен түзетеді.
      Уәкілетті орган шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы жартыжылдық ақпаратты қарайды және ол жыл қорытындылары бойынша орындалмаған жағдайда, реттелетін нарық субъектісіне шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыруға алынған және пайдаланылмаған кірісті қайтару туралы нұсқама енгізеді. Осы тармақта көрсетілген, реттелетін нарық субъектісіне енгізілген нұсқама туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.»;
      3-тармақта:
      бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Сараптама нәтижелері бойынша уәкілетті орган босатылатын бағалар туралы хабарламаны немесе ақпаратты немесе реттелетін нарықтардағы баға белгілеу тәртібінің сақталуын бақылау шеңберінде берілген ақпаратты алған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей реттелетін нарық субъектісіне уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша:»;
      төртінші бөліктегі «дәлелді», «1-тармағының», «тауарларға» деген сөздер тиісінше «уәжді», «1) тармақшасының», «күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмейтін мерзімде тауарларға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      8) 7-3-бапта:
      1) тармақшада:
      алтыншы абзацтағы «тоқсан сайынғы», «тоқсаннан», «кешіктірмей» деген сөздер тиісінше «жартыжылдық», «жартыжылдықтан», «кешіктірмей беруге» деген сөздермен ауыстырылсын;
      жетінші абзац алып тасталсын;
      2), 3-1) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) алдағы уақытта тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалардың шекті бағадан жоғары өсетіні және өсу себептерін растайтын (реттелетін нарықтарда үстем немесе монополиялық жағдайға ие емес бөлшек сауда нарығы субъектілерін қоспағанда) негіздемелік материалдарды ұсына отырып, олардың өсу себептері туралы кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын жазбаша түрде немесе уәкілетті органның электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы электрондық құжат түрінде уәкілетті органды хабардар етуге;»;
      «3-1) реттелетін нарықтардағы баға белгілеу тәртібіне сәйкес шекті бағаларда ескерілген инвестициялық бағдарламаның (жобаның) іс-шараларын орындауға;»;
      «4) шекті бағаны негізсіз көтеру нәтижесінде алынған кірісті тікелей тұтынушыларға уәкілетті орган мұндай фактіні анықтаған кезден бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей не тұтынушылардың толық тізбесін анықтау мүмкін болмаған жағдайда, реттелетін нарықтардағы баға белгілеу тәртібіне сәйкес алдағы кезеңге шекті бағаның деңгейін төмендету жолымен қайтаруға міндетті.»;
      9) 7-4-бапта:
      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) электрондық құжат түрінде – қабылдау туралы электрондық хабарламада көрсетілген, электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы қабылдаған күн болып табылады.»;
      3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Уәкілетті органға осы Заңда белгіленген мерзімнің соңғы күнінің жиырма төрт сағатына дейін электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы берілген, электрондық құжат түріндегі қаржылық есептілік, есептер, хабарламалар мен ақпарат мерзімінде берілді деп есептеледі.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Қаржылық есептілік, есептер, хабарламалар мен ақпарат электрондық құжат түрінде берілген кезде уәкілетті орган бұлар электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы қабылданған кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей табиғи монополия, реттелетін нарық субъектісіне қабылдағаны туралы электрондық хабарлама жіберуге міндетті.»;
      10) 13-баптың 1-тармағында:
      мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-2) сараптама кеңесін құрады және ол туралы ережені бекітеді;»;
      4-1) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 4-6) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-6) табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарттарын әзірлейді және бекітеді;»;
      5-1)5-2)5-3) және 5-4) тармақшалар алып тасталсын;
      11) 14-баптың 1-тармағында:
      мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «11-1) мынадай:
      реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемдері ұлғайған;
      негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін ағымдағы және күрделі жөндеулерге және басқа да жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына арналған шығындарды, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген инвестициялық бағдарламаны және (немесе) инвестициялық жобаны іске асыруға арналған шығындарды қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің нақты шығындары қысқарған;
      Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес табиғи монополиялар субъектілері жүзеге асыратын өзге де қызмет түрлерінен қомақты кірістер алынған;
      Қазақстан Республикасының салық заңнамасы тиісінше өзгерген жағдайларда, осы Заңның 15-1-бабы 1-тармағының талаптарын ескере отырып, табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) төмендетуге бастамашылық жасауға;»;
      19) тармақша алып тасталсын;
      12) 14-1-бапта:
      1-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) мынадай:
      тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) немесе оның шекті деңгейін заңсыз көтеру;
      неғұрлым тиімді әдістер мен технологияларды қолдануға, нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету жөніндегі іс-шараларды өткізуге, реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемдерін табиғи монополия субъектісіне байланысты емес себептер бойынша қысқартуға байланысты, конкурстық (тендерлік) рәсімдерді өткізу нәтижелері бойынша шығындарды үнемдеу жағдайларын, сондай-ақ осы Заңның 15-3-бабының 10-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту кезінде ескерілген инвестициялық бағдарламалардың (жобалардың) іс-шараларын орындамау;
      амортизациялық аударымдардың қаражатын мақсатқа сай пайдаланбау;
      неғұрлым тиімді әдістер мен технологияларды қолдануға, нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету жөніндегі іс-шараларды өткізуге, реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемдерін табиғи монополия субъектісіне байланысты емес себептер бойынша қысқартуға байланысты, конкурстық (тендерлік) рәсімдерді өткізу нәтижелері бойынша шығындарды үнемдеу жағдайларын қоспағанда, тарифтік сметадағы шығындар баптарының уәкілетті орган бекіткен мөлшерлердің бес пайызынан астамын орындамау жағдайларында табиғи монополия субъектісі тұтынушыларға келтірген залалдарды өтеу үшін уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы шешім қабылдауға міндетті.
      Уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы шешім, осы тармақшаның бірінші бөлігінің екінші және (немесе) бесінші абзацтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейінің қолданылу мерзімі өткеннен кейін қабылданады;»;
      2) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) табиғи монополия субъектісінің тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге немесе өзгертуге өтінімін қарауға қабылдаудан бас тартуын өтінімнің берілу нысанына қарай жазбаша не электрондық құжат түрінде негіздеуге;»;
      «4) табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге өтінімдерін қараған, сондай-ақ электр энергетикасы саласындағы реттелетін нарық субъектілерін алдағы уақытта тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалардың өсетіні туралы хабардар еткен кезде жария тыңдауларды өткізуге;»;
      4-1) тармақша алып тасталсын;
      5) тармақшаның бесінші абзацындағы «бекітудің тәртібін айқындауға;» деген сөздер «бекітудің;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
      «сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеудің және қайта есептеу нәтижелері бойынша тұтынушыларға қаражатты қайтарудың тәртібін айқындауға;»;
      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «6-1) шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей өзінің интернет-ресурсында:
      реттелетін нарық субъектісінің босату бағалары туралы хабарламаға немесе ақпаратқа немесе реттелетін нарықтардағы баға белгілеу тәртібінің сақталуын бақылау шеңберінде берілген ақпаратқа сараптама нәтижелері бойынша уәжді қорытындыны;
      табиғи монополиялар субъектiлерiнің тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге өтінімдерін қараған, сондай-ақ электр энергетикасы саласындағы реттелетін нарық субьектілерін алдағы уақытта тауарларға (жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге) бағалардың өсетiнi туралы хабардар еткен кезде жария тыңдаулар өткізу туралы ақпаратты;
      сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеу және қайта есептеудің нәтижелері бойынша тұтынушыларға қаражатты қайтару туралы ақпаратты орналастыруға;»;
      ескертпе алып тасталсын;
      13) 15-баптың 1-тармағында:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) немесе оның шекті деңгейін, сараланған және инвестициялық тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекітумен;»;
      6) тармақша алып тасталсын;
      14) 15-1-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) уәкiлеттi орган бекiтетiн тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) немесе олардың шектi деңгейлері көрсетілетін қызметтердің (өндірілетін тауарлардың, жұмыстардың) сапасы мен сенімділігі ескеріле отырып, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну үшiн қажеттi шығындар құнынан төмен болмауға және табиғи монополия субъектiсiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн пайда алу мүмкiндiгiн ескеруге тиiс.»;
      2-тармақта:
      бірінші бөліктің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтiк сметасында көзделетін амортизациялық аударымдар қаражатын пайдалану бағыттарын келiсудi көздейтiн ерекше тәртiбiн қолданады.»;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібін уәкiлеттi орган айқындайды.»;
      15) 15-2-бап алып тасталсын;
      16) 15-3-бапта:
      12 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Табиғи монополия субъектісі инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту үшін уәкілетті органға және осы баптың 5-тармағында аталған мемлекеттік органға ұсынады.
      2. Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту тәртібін, инвестициялық бағдарламаның (жобаның) нысанын, оның орындалуы туралы ақпараттың нысанын және бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде интернет-ресурста жариялауға арналған нысанды уәкілетті орган айқындайды.
      Табиғи монополия субъектісінің бекітілген инвестициялық бағдарламасын (жобасын) уәкілетті орган және осы баптың 5-тармағында аталған мемлекеттік орган өздерінің интернет-ресурстарында орналастырады.
      Инвестициялық бағдарламада (жобада) бір немесе бірнеше инвестициялық жобаны қамтитын, техникалық-экономикалық нәтиже алу мақсатында қысқа мерзімді, орташа мерзімді немесе ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған, табиғи монополия субъектісінің қолда бар активтерін кеңейтуге, қалпына келтіруге, жаңартуға, қолдауға, негізгі құралдарын реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңа активтерін жасауға бағытталған қаражат айқындалады.
      3. Уәкілетті орган, осы баптың 5-тармағында аталған мемлекеттік орган инвестициялық бағдарламаны (жобаны) ұсынылған кезінен бастап қырық бес жұмыс күні ішінде қарайды.
      Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган шешім қабылданғанға дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей, осы баптың 5-тармағында аталған мемлекеттік органға инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту туралы шешімнің қол қойылған жобасын (инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қоса бере отырып) жібереді не уәкілетті орган және осы баптың 5-тармағында аталған мемлекеттік орган қол қойған уәжді қорытындыны қоса бере отырып, инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекітуден бас тарту туралы табиғи монополия субъектісін хабардар етеді.
      Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту туралы шешімнің жобасы табиғи монополия субъектісі ұсынған немесе осы баптың 5-тармағында аталған мемлекеттік органмен келісу бойынша уәкілетті орган түзеткен инвестициялық бағдарламаның (жобаның) бекітілуін көздейді.
      Уәкілетті орган осы баптың 5-тармағында аталған мемлекеттік органмен келісу бойынша инвестициялық бағдарламаны (жобаны) уәкілетті орган айқындайтын жағдайларда және тәртіппен оны бекітуге ұсыну, оны іске асыру және оның орындалуы туралы ақпаратқа талдау жүргізу кезеңінде түзетуге құқылы.
      Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту туралы шешімнің жобасы ұсынылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы баптың 5-тармағында аталған мемлекеттік орган уәкілетті органға инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту туралы қол қойылған шешімді жібереді не уәжді қорытындыны қоса бере отырып, инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту туралы шешімнің жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттігі туралы хабарлайды.
      Уәкілетті орган немесе осы баптың 5-тармағында аталған мемлекеттік орган инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту туралы шешімнің жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттігі туралы ақпаратты енгізген жағдайда, инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қарау мерзімі он жұмыс күніне ұзартылады.
      Табиғи монополия субъектісі осы баптың 5-тармағында аталған мемлекеттік органмен келісу бойынша ағымдағы жылдың соңына дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей уәкілетті органды міндетті түрде хабардар ете отырып, тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекiту кезiнде ескерілмеген инвестициялық бағдарламаның (жобаның) іс-шараларын ауыстыруға немесе алып тастауға құқылы.»;
      7-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Табиғи монополия субъектісі инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезеңінде жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей, бір мезгілде уәкілетті органға және осы баптың 5-тармағында аталған мемлекеттік органға:»;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасының (жобасының) орындалуы туралы ақпаратты талдауды уәкілетті орган және осы баптың 5-тармағында аталған мемлекеттік орган ұсынылған кезінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жүргізеді.»;
      9-тармақта:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) тариф (баға, алым мөлшерлемесі) деңгейінің немесе оның шекті деңгейінің өзгеруіне, жаңа объектілерді салу немесе жұмыс істеп тұрған объектілерді реконструкциялау жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде табиғи монополия субъектісі ұсынатын реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) сұраныстың өсуіне инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асырудың әсерін бағалау;»;
      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-1) ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) сапасы мен сенімділігін арттыруды бағалау;»;
      мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
      «10. Табиғи монополия субъектісі инвестициялық бағдарламаның (жобаның) іс-шараларын табиғи монополия субъектісіне байланысты емес себептер (шарттың екінші тарапының міндеттемелерді орындамауы, конкурс (тендер) өткізілмеді деп тану, еңсерілмейтін күш салдары) бойынша орындамаған жағдайда, инвестициялық бағдарламаның (жобаның) іс-шараларын орындау мерзімдері инвестициялық бағдарламаның (жобаның) іс-шаралары іске асырылатын жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейін инвестициялық бағдарламаны (жобаны) түзету арқылы келесі жылға ауыстырылуы мүмкін. Инвестициялық бағдарламаның (жобаның) осы іс-шараларын орындау мерзімдерін қайталап ауыстыруға жол берілмейді.»;
      17) 16-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекiту қажет болған кезде қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісі уәкiлеттi органға тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қарауға өтінімді олар қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірмей ұсынады.
      2. Тарифтiң (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шектi деңгейi бекiтілген жағдайда, табиғи монополия субъектiсi уәкiлеттi органға тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемесін) қарауға өтiнiмдi ол қолданысқа енгiзiлгенге дейін күнтізбелік бiр жүз сексен күн бұрын ұсынады.
      Уәкiлеттi органның бастамасы бойынша тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) немесе олардың шектi деңгейлерi және тарифтiк сметалар қайта қаралған жағдайда, табиғи монополия субъектiсi тиісті талапты алған күннен бастап бiр ай мерзiмде экономикалық тұрғыдан негiзделген есептердi және өзге де ақпаратты жаңа тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемесін) бекiту үшiн өтiнiм беру кезiндегiдей көлемде беруге мiндеттi.»;
      18) 17-бапта:
      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сараптама жүргізу кезінде тәуелсіз сарапшылар, мемлекеттік органдар, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктері тартылады.»;
      2-тармақта:
      бірінші бөлікте:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекiту кезiнде күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей;»;
      2) тармақшадағы «кемiнде күнтізбелік жетi күн бұрын» деген сөздер «күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей» деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші бөлікте:
      2) тармақшадағы «қабылдаудан кемiнде күнтізбелік он бес күн бұрын» деген сөздер «қабылдағанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақшадағы «қабылдаудан кемiнде күнтізбелік жеті күн бұрын» деген сөздер «қабылдағанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Жария тыңдаулар жариялылықты, хабардар болуды, тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектілері мүдделерінің балансын сақтауды, тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін қалыптастырудың ашықтығын және анықтылықты қамтамасыз ету мақсатында өткізіледі.»;
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Егер тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) жобаларын қарау кезінде қосымша ақпарат қажет болған жағдайда, уәкілетті орган оны өтінім берушіден мерзімді, бірақ бес жұмыс күнінен кем емес мерзімді белгілей отырып, жазбаша түрде сұратуға құқылы.»;
      4-тармақтағы «он» деген сөз «отыз» деген сөзбен ауыстырылсын;
      19) 18-бапта:
      5-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған табиғи монополиялар субъектілері реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) және тарифтік сметалар бекітілген күннен бастап тоғыз айдан кешіктірмей, оларды қайта қарау үшін өтінім беруге міндетті.
      Тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтiк сметаларды оңайлатылған тәртiппен бекiту тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.»;
      6-тармақтағы «бойынша» деген сөзден кейін «тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін)» деген сөздермен толықтырылып, «жалпы тәртiппен» деген сөздер «тәртiппен» деген сөзбен ауыстырылсын;
      20) 18-1-бапта:
      1-тармақта:
      3) тармақша алып тасталсын;
      4) және 4-1) тармақшалар алып тасталсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы баптың 1-тармағының 1), 2-1) және 5) тармақшаларында көрсетілген әрекеттердi жасау үшiн табиғи монополия субъектiсi уәкiлеттi органға мұндай әрекеттердi жүзеге асыруға келiсiм беру туралы өтінішхат ұсынуға және шешiм қабылдау үшiн қажеттi ақпаратты хабарлауға мiндеттi.
      Өтінішхат беру үшiн құжаттар тiзбесiн, оларды ұсыну және қарау тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.
      Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісі осы баптың 1-тармағының 2-1) және 5) тармақшаларында көрсетілген әрекеттерді жасағанға дейін кемінде күнтізбелік он күн бұрын уәкілетті органға өзінің көрсетілген әрекеттерді жасау ниеті туралы ақпарат жіберуге міндетті.»;
      3-тармақ алып тасталсын;
      3-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3-1. Реттелетін қызмет түрлеріне жатпайтын қызметті жүзеге асырған кезде табиғи монополия субъектісі мынадай шарттардың орындалуын қамтамасыз етуге міндетті:
      1) реттелетін қызмет түрлеріне жатпайтын қызметтен алынатын кірістер оны жүзеге асыру үшін қажетті шығындарды жабуға тиіс;
      2) реттелетін қызмет түрлеріне жатпайтын қызметті жүзеге асыру тиісті көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) нарығында бәсекелестікті шектеуге алып келмеуге тиіс;
      3) реттелетін қызмет түрлеріне жатпайтын қызметті жүзеге асыру табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) көлемдері мен сапасының төмендеуіне алып келетін, реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) өндіруге және ұсынуға қажетті негізгі және қаржы қаражатын бөлуге алып келмеуге тиіс.
      Табиғи монополия субъектісінің тарапынан осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген талаптарды бұзушылықтар анықталған кезде реттелетін қызмет түрлеріне жатпайтын қызметті жүзеге асыруға тыйым салынады.»;
      мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын:
      «3-2. Реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық жағынан байланысты қызметтерді көрсету кезінде табиғи монополия субъектісі оны жүзеге асырғанға дейін кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын уәкілетті органға осы қызметті көрсететіні туралы хабарлама жіберуге міндетті.»;
      21) 18-3-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Табиғи монополия субъектісін – заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеуді, сондай-ақ оның қызметінің тоқтатылуын тіркеуді тіркеуші орган табиғи монополия субъектісінің өтінішіне электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы электрондық құжат түрінде немесе қағаз жеткізгіште берілетін уәкілетті органның алдын ала келісімімен ғана жүзеге асырады.»;
      22) 18-4-бапта:
      2-тармақтың 4) тармақшасындағы «қолдау принциптерін сақтай отырып өткізеді.» деген сөздер «қолдау;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:
      «5) сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау;
      6) сапалы тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алу;
      7) табиғи монополия субъектісі сатып алатын тауарлардағы (жұмыстардағы, көрсетілетін қызметтердегі) жергілікті қамту үлесін ұлғайту;
      8) қабылданатын шешімдерді бақылау және олар үшін жауапкершілік;
      9) сатып алу процесіне делдалдардың қатысуын барынша азайту қағидаттарын сақтай отырып өткізеді.»;
      2-1-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган растаған, тиiстi тауар нарығында электр энергиясының тапшылығы болған;»;
      4 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда табиғи монополия субъектісі сатып алуды бір көзден алу, екі кезеңдік рәсімдерді қолдана отырып тендер, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен, оның ішінде электрондық сатып алу арқылы жүзеге асыра алады.»;
      «8. Табиғи монополия субъектісі тауарларды, (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тендер өткізу туралы талаптарды бұзған жағдайда, уәкілетті орган:
      1) егер бұзушылықтарды уәкілетті орган тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге өтінімді қарау барысында анықтаса, табиғи монополия субъектісінің тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге өтінімін қабылдамауға;
      2) егер тұтынушыларға залал келтірген бұзушылықтарды уәкілетті орган тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) немесе олардың шекті деңгейлерінің қолданылуы кезеңінде анықтаса, табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін өзгертуге бастамашылық жасауға және табиғи монополия субъектісі келтірген залалдарды тұтынушыларға өтеу үшін уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы шешім қабылдауға құқылы.»;
      9-тармақта:
      «Осы бапта» деген сөздер «2-1-тармағын қоспағанда, осы бапта» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «және өңірлік электр желілері компанияларына» деген сөздер алып тасталсын;
      23) 23-бапта:
      бірінші – төртінші бөліктер алып тасталсын;
      бесінші бөлік алып тасталсын.
      3. «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 5-құжат; № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 86-құжат, № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 23, 143-құжат):
      5-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің тоғызыншы абзацы алып тасталсын.
      4. «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 118, 122-құжаттар; № 22, 131-құжат):
      27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 32-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «32-1) ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) сапасы мен сенімділігін арттыру мақсатында Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасының (жобасының) орындалуы туралы ақпаратқа талдау жүргізеді;».
      5. «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 134-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 87-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат):
      1) 19-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Тариф астананың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша тасымалдау қашықтығына немесе жүріп өткен аялдама пункттерінің санына қарай сараланады.»;
      2) 20-баптың 2-тармағында:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) электрондық нысанда ресімделген жол жүру құжатын (билетін) қоспағанда, жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарында жол жүру кезінде ақы төлеуді және (немесе) жол жүру құжаты (билеті) болуға және оны сапар аяқталғанға дейін сақтауға;»;
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) қоғамдық көлікте жол жүргені үшін тасымалдаушы өкілінің талап етуі бойынша жол жүру құжатын (билетін) көрсетуге;»;
      3) 21-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Халықаралық тасымалдауларды қоспағанда, жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауларды көрсетілген жолаушылар мен багажды тасымалдаулар маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурста жеңiп алған және тасымалдаушылар мен тиiстi жергiлiктi атқарушы органдар не уәкілетті ұйымдар арасында жасалатын шарттар негiзiнде оларға қызмет көрсету құқығына куәлік алған тасымалдаушылар жүзеге асырады.»;
      4) 22-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) қоғамдық көлікте жол жүргені үшін ақы төлеуді қамтамасыз ету, сондай-ақ ақы төлеу фактілерін тексеру үшін көліктік бақылау қызметін құруға;».
      6. «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 128-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 21, 122-құжат):
      9-бапта:
      26) тармақшаның үшінші абзацындағы «(автомобиль қоятын орындарды) ұйымдастыру ережелерін бекітеді.» деген сөздер «(автоорынтұрақтарды) ұйымдастыру қағидаларын;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      «коммуналдық ақылы автоорынтұрақтарды (паркингтерді) пайдалану қағидаларын бекітеді;»;
      мынадай мазмұндағы 30), 31), 32), 33), 34), 35) және 36) тармақшалармен толықтырылсын:
      «30) астананың қоғамдық көлігінде қолданылатын тарифтік саясатты әзірлейді және бекітеді;
      31) астананың көліктік инфрақұрылымы объектілерін басқаруға беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      32) астананың көліктік инфрақұрылымы объектілерін басқару функцияларын жүзеге асыратын компанияны айқындайды;
      33) астананың көліктік инфрақұрылымы объектілерін басқаруға беру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;
      34) Жол жүрісін басқарудың автоматтандырылған жүйелерін ендіру және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      35) Көліктік инфрақұрылымды басқару және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      36) Кәбілдік кәрізді және инженерлік инфрақұрылымды пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді.».
      7. «Бәсекелестік туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 24, 125-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат):
      1) 1-баптың 1-тармағындағы «мемлекеттік органдардың», «іс-әрекеттерінен» деген сөздер тиісінше «мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың», «әрекеттерінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 3-баптың 1-тармағындағы «мемлекеттік органдар» деген сөздер «мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 6-бап мынадай мазмұндағы 2-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «2-1) бәсекелестікке қарсы деңгейлес келісімдер немесе келісілген әрекеттер (картель) – осы Заңның 10-бабының 1-тармағында және 11-бабының 1-тармағында көрсетілген, бір тауар нарығында бәсекелестер не әлеуетті бәсекелестер болып табылатын нарық субъектілері арасындағы бәсекелестікке қарсы келісімдер немесе келісілген әрекеттер;»;
      «3-2) кемсітушілік шарттар – басқа нарық субъектісімен (субъектілерімен) салыстырғанда нарық субъектісі немесе бірнеше нарық субъектілері тең емес жағдайға қойылған кездегі тауар нарығына кіру шарттары, тауарды өндіру, айырбастау, тұтыну, сатып алу, сату, өзгедей беру шарттары;»;
      4) 10-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) сауда-саттықта бағаларды өсіруге, төмендетуге немесе ұстап тұруға, сауда-саттықтың, аукциондар мен конкурстардың қорытындыларын, оның ішінде лоттар бойынша бөлу жолымен бұрмалауға;»;
      3-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасындағы «кемсiтетiн талаптарды» деген сөздер «кемсітушілік шарттарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 11-бапта:
      1-тармақтың 4) тармақшасындағы «маңызы», «кемсiтетiн талаптар», «іс-әрекеттеріне» деген сөздер тиісінше «мәні», «кемсітушілік шарттар», «әрекеттеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      бірінші абзацтағы «аталған іс-әрекеттері, егер жиынтығында олар» деген сөздер «көрсетілген әрекеттері, егер оларға барлық қатысушылар үшін осы әрекеттер жиынтығында» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) олардың әрқайсысының әрекеттері келісілген әрекеттерге қатысатын өзге де нарық субъектілерінің әрекеттерімен туындаған және тиісті тауар нарығында барлық нарық субъектілеріне тең дәрежеде ықпал ететін мән-жайлардың салдары болып табылмаған шарттарды қанағаттандырса, келісілген әрекеттер деп танылуы мүмкін.»;
      6) 12-баптың 1-1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-1. Нарық субъектiсiнiң үстем жағдайы монополияға қарсы орган бекiтетiн Тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу жөніндегі әдiстемеге сәйкес мынадай мән-жайларды:»;
      7) 24-баптағы «маңызы», «кемсiтетiн талаптар», «іс-әрекеттері» деген сөздер тиісінше «мәні», «кемсітушілік шарттар», «әрекеттері» деген сөздермен ауыстырылсын;
      8) 32-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілейтін» деген сөздер «уәкілетті орган белгілеген» деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) 5-тараудың тақырыбындағы «Мемлекеттік», «іс-әрекеттері» деген сөздер тиісінше «Мемлекеттік органдардың», «әрекеттері» деген сөздермен ауыстырылсын;
      10) 33-бапта:
      тақырыптағы, 1-тармақтағы және 2-тармақтың бірінші абзацындағы «Мемлекеттік», «іс-әрекеттері», «іс-әрекеттеріне» деген сөздер тиісінше «Мемлекеттік органдардың», «әрекеттері», «әрекеттеріне,» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтағы «мемлекеттік» деген сөз «мемлекеттік органдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
      11) 39-бапта:
      5) тармақшадағы «мемлекеттік органдардың», «іс-әрекеттерінің» деген сөздер тиісінше «мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың», «әрекеттерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
      10-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «10-1) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының нормаларын қолдану туралы ақпаратты таратуды және адал бәсекелестікті насихаттауды жүзеге асырады;»;
      17) тармақшадағы «мен мемлекеттік органдардың», «тергеу» деген сөздер тиісінше «, мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың», «тергеп-тексеру» деген сөздермен ауыстырылсын;
      19) тармақшаның бірінші абзацындағы «субъектілеріне» деген сөз «субъектілеріне нұсқамалар, оның ішінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
      20) тармақшадағы «мемлекеттік органдарға» деген сөздер «мемлекеттік органдарға, жергілікті атқарушы органдарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 24-1), 26-3) және 26-4) тармақшалармен толықтырылсын:
      «24-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құқық қорғау органдарына жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу туралы жүгінеді;»;
      «26-3) нарық субъектісінің, мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы органның лауазымды адамына Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзуға әкеп соғуы мүмкін әрекетті (әрекеттерді) жасауға жол бермеу туралы жазбаша нысанда алдын ала ескерту жібереді;
      26-4) бағаларды мемлекеттік реттеу қолданылатын, реттелетін нарық субъектілері тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) тізбесін бекітеді;»;
      12) 42-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) монополияға қарсы орган белгілеген, бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімде мемлекеттік органдардан, жергілікті атқарушы органдардан, нарық субъектілерінен, лауазымды адамдардан және өзге де жеке және заңды тұлғалардан жазбаша ақпарат, сондай-ақ Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының жол берілген бұзушылық фактілері бойынша жазбаша және (немесе) ауызша түсініктемелер сұратуға және алуға құқығы бар.»;
      13) 47-бапта:
      2-тармақтағы «ақпарат және мемлекеттік» деген сөздер «ақпарат және (немесе) мемлекеттік» деген сөздермен ауыстырылсын;
      9-тармақ алып тасталсын;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Нарық субъектілері, олардың бірлестіктері мен басшылары, мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, оның ішінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган, мемлекеттік кіріс органдары, олардың лауазымды адамдары монополияға қарсы органның осы Заңда көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыруы үшін қажетті анық құжаттарды, жазбаша және ауызша түсініктемелерді және өзге де ақпаратты, оның ішінде коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты монополияға қарсы орган белгілеген, бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімде монополияға қарсы органның талап етуі бойынша беруге міндетті.»;
      14) 48-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес жыл сайынғы мiндеттi аудитке жататын нарық субъектілері үшін жыл қорытындылары бойынша аудиттелген қаржылық есептілікті – келесі жылдың 31 тамызына дейінгі мерзімде;»;
      15) мынадай мазмұндағы 48-1-баппен толықтырылсын:

      «48-1-бап. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы
                  заңнамасын бұзуға жол бермеу туралы алдын ала
                  ескерту

      1. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын алдын алу мақсатында монополияға қарсы орган нарық субъектісінің, мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы органның лауазымды адамына Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін әрекеттерді жасауға жол бермеу туралы жазбаша нысанда алдын ала ескерту жібереді.
      2. Нарық субъектісінің, мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы органның лауазымды адамының тауар нарығындағы жоспарланып отырған әрекет туралы жария өтініші, егер мұндай әрекет Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзуға әкеп соғуы мүмкін болса және бұл ретте тергеп-тексеру жүргізу үшін негіздер болмаса, алдын ала ескерту жіберу үшін негіз болып табылады.
      3. Алдын ала ескертуді жіберу туралы шешімді монополияға қарсы органның басшысы монополияға қарсы органға нарық субъектісінің, мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы органның лауазымды адамының тауар нарығындағы жоспарланып отырған әрекет туралы жария өтініші жөнінде белгілі болған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қабылдайды.
      4. Алдын ала ескертуде:
      1) алдын ала ескертуді жіберу үшін негіздердің бар екендігі туралы түйіндер;
      2) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуы мүмкін нормалары қамтылуға тиіс.»;
      16) 50-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) тұлғаның (тұлғалар тобының) нарық субъектiсiнiң дауыс беретiн акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерiн, пайларын) сатып алуы, бұл ретте, егер мұндай тұлға (тұлғалар тобы) сатып алуға дейiн осы нарық субъектiсiнiң акцияларына (жарғылық капиталға қатысу үлестерiне, пайларына) иелiк етпесе немесе аталған нарық субъектiсiнiң дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң, пайларының) елу немесе одан да аз пайызына иелiк етсе, мұндай тұлға (тұлғалар тобы) көрсетілген акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң, пайлардың) елу пайызынан астамына иелiк ету құқығына ие болады.
      Осы талап заңды тұлға құрылтайшыларына оның құрылуы кезінде қолданылмайды;»;
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Мәмілелерді жасау Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында тікелей көзделсе, осы баптың 1-тармағында көрсетілген мәмілелерді жүзеге асыруға монополияға қарсы органның келісімі талап етілмейді.»;
      17) 54-бапта:
      2-тармақтағы «елу» деген сөз «отыз» деген сөзбен ауыстырылсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Монополияға қарсы орган өтінішхатты қарау барысында нарық субъектiсiнен және (немесе) мемлекеттiк органнан шешiм қабылдау үшiн қажеттi қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімде сұратуға құқылы.»;
      18) 56-1-бапта:
      1-тармақтағы «жазбаша жауап» деген сөздер «нұсқама» деген сөзбен ауыстырылсын;
      2-тармақтағы «тиiсті» деген сөз «жататын мәміленің күшін жою қажеттігі туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақта:
      «Нұсқама» деген сөз «Мәміленің күшін жою қажеттігі туралы нұсқама» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «органның» деген сөзден кейін «осы» деген сөзбен толықтырылсын;
      19) 8-тарау мынадай мазмұндағы 57-1-баппен толықтырылсын:

      «57-1-бап. Табиғи монополия субъектісінің реттеліп
                 көрсетілетін қызметтерге (тауарларға,
                 жұмыстарға) жатпайтын қызметті жүзеге асыруы
                 туралы монополияға қарсы органды хабардар ету
                 тәртібі

      1. Табиғи монополия субъектісі реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) жатпайтын қызметті жүзеге асыруды бастаған кезден бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бұл жөнінде монополияға қарсы органды хабардар етуге міндетті.
      2. Табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) жатпайтын қызметті жүзеге асыруы туралы жазбаша хабарлама монополияға қарсы органға тікелей және байланыс мекемесі арқылы да берілуі мүмкін.»;
      20) 58-бапта:
      2-тармақта:
      2)3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылу белгілерін көрсететін жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтініші;
      3) монополияға қарсы органның өз қызметін жүзеге асыруы кезінде нарық субъектілерінің, мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың әрекеттерінен Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылу белгілерін анықтауы;
      4) монополияға қарсы органға келіп түскен Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылу белгілерінің бар екендігі туралы бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауы болып табылады.»;
      5) тармақша алып тасталсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Әрекеттерінде бәсекелестікке қарсы деңгейлес келісім немесе келісілген әрекет (картель) белгілері қарастырылатын тергеп-тексеру объектілерін қоспағанда, тергеп-тексерудің басталуы туралы бұйрықтың көшiрмесi қол қойылған күнiнен бастап үш жұмыс күнінен кешiктiрiлмей өтiнiш берушiге және тергеп-тексеру объектiсiне жiберiледi.
      Әрекеттерінде бәсекелестікке қарсы деңгейлес келісім немесе келісілген әрекет (картель) белгілері қарастырылатын тергеп-тексеру объектілеріне қатысты тергеп-тексеру – тергеп-тексеру объектілерін алдын ала хабардар етпей жүргізіледі.»;
      21) 61-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Осы Заңның 13-бабының бұзылу нысанасына тергеп-тексеру жүргізілген кезде монополияға қарсы орган тауар нарықтарына талдау жүргізу арқылы оған қатысты өтініш (шағым) берілген нарық субъектісінің үстем немесе монополиялық жағдайын анықтауға құқылы. Бұл ретте, осы нарық субъектісіне қатысты монополияға қарсы ден қою шаралары оның нақты үстем болған кезеңінде де қолданылады.»;
      22) 64-бапта:
      1-тармақта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) монополияға қарсы орган белгілеген, бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімде тергеп-тексеру объектісінің басшыларынан, лауазымды адамдарынан және басқа да қызметкерлерінен тергеп-тексеру нысанасына қатысты қажетті ақпаратты, құжаттарды немесе олардың көшірмелерін, тергеп-тексеру барысында туындаған мәселелер бойынша ауызша және жазбаша түрде түсініктемелер сұратуға және алуға;»;
      4) тармақшадағы «тергеу», «мамандарын», «тартуға құқығы бар.» деген сөздер тиісінше «тергеп-тексеру», «мамандарын және өзге де адамдарды», «тартуға;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      «5) тергеп-тексеру объектісінің аумақтарын, үй-жайларын (тұрғынжайын қоспағанда), құжаттарын және заттарын, оның ішінде тергеп-тексеру объектісінің, оның өкілінің, сондай-ақ монополияға қарсы орган тергеп-тексеруге қатысуға тартатын өзге де адамдардың қатысуымен қарап-тексеруге құқығы бар.»;
      6-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) тергеп-тексерудің нәтижелері бойынша қорытындыны уақтылы дайындауға;»;
      3) тармақша алып тасталсын;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) аумақтық органдар тергеп-тексерулер жүргізу туралы бұйрықтарға қол қойған күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде осы құжаттардың көшірмелерін орталық мемлекеттік органға жіберуге міндетті.»;
      23) 65-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «жүргізілген жағдайларда, Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын тергеуді тоқтата тұруға құқылы.» деген сөздер «жүргізілген;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) монополияға қарсы орган тауар нарықтарына талдау жүргізген жағдайларда, Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеруді тоқтата тұруға құқылы.»;
      24) 67-бапта:
      2-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
      4-тармақтың бірінші сөйлеміндегі «Тергеу», «тергеу» деген сөздер тиісінше «Тергеп-тексеру», «, тергеп-тексерудің нәтижелерi бойынша қорытынды қоса беріле отырып, тергеп-тексеру» деген сөздермен ауыстырылсын;
      25) 69-бапта:
      1-тармақта:
      1) тармақшаның бірінші абзацындағы «субъектілеріне» деген сөз «субъектілеріне нұсқамалар, оның ішінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшадағы «мемлекеттік» деген сөз «мемлекеттік органдарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтың бірінші абзацындағы «мемлекеттік» деген сөз «мемлекеттік органдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
      26) 70-баптың 1)2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) өзіне (өздеріне) қатысты нұсқама жасалатын нарық субъектісінің және (немесе) мемлекеттік органның және (немесе) жергілікті атқарушы органның атауын немесе олардың лауазымды адамдарын;
      2) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзудың анықталған фактісінің (фактілерінің), сондай-ақ нарық субъектісі не мемлекеттік орган немесе жергілікті атқарушы орган немесе олардың лауазымды адамдары бұзған құқық нормаларының сипаттамасын;
      3) нарық субъектісі және (немесе) мемлекеттік орган және (немесе) жергілікті атқарушы орган немесе олардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылықты жою үшін жасауға тиіс (немесе оны (оларды) жасаудан тартынуға тиіс) әрекеттерді;».
      8. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжаттар; № 3, 21, 25, 27-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 11-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61, 67-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат):
      12-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі 25) тармақшадағы «тексеруіне байланысты бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға қолданылмайды.» деген сөздер «тексеруіне;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 26) тармақшамен толықтырылсын:
      «26) көлік құралдарын орынтұраққа қойғаны үшін ақы алуға және олардың орынтұрақта тұрған уақытын есептеуге арналған сертификатталған арнайы құрылғылармен жабдықталған орындарда орынтұраққа қою қағидаларының сақталуын бақылауға байланысты бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға қолданылмайды.».
      9. «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 13, 113-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат):
      9-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын.
      10. «Магистральдық құбыр туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 11, 79-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат):
      25-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасының аумағында тұтыну немесе қайта өңдеу, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспортқа транзиттеу және тасымалдау үшін өнімді магистральдық құбыржолмен тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну магистральдық құбыржолдың меншік иесі не магистральдық құбыржолға өзге де заңды негізде иелік ететін тұлға немесе олардың атынан осындай қызметтер көрсетуге уәкілеттік берілген оператор мен өнімді жөнелтуші арасындағы шартқа сәйкес жүзеге асырылады.».
      11. «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 43-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат):
      мынадай мазмұндағы 42-1-баппен толықтырылсын:

      «42-1-бап. Көлік құралдарын орынтұраққа қойғаны үшін ақы
                 алуға және олардың орынтұрақта тұрған уақытын
                 есептеуге арналған сертификатталған арнайы
                 құрылғылармен жабдықталған орындарда
                 орынтұраққа қою

      1. Көлік құралдарын орынтұраққа қойғаны үшін ақы алуға және олардың орынтұрақта тұрған уақытын есептеуге арналған сертификатталған арнайы құрылғылармен жабдықталған орындарды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары айқындайды.
      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген орындарда орынтұраққа қою көлік құралдарын орынтұраққа қойғаны үшін ақы алуға және олардың орынтұрақта тұрған уақытын есептеуге арналған сертификатталған арнайы құрылғылармен жабдықталған орындарда орынтұраққа қою қағидаларына сәйкес және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары айқындаған тарифтеуге сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Көлік құралдарын орынтұраққа қойғаны үшін ақы алуға және олардың орынтұрақта тұрған уақытын есептеуге арналған сертификатталған арнайы құрылғылар Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келуге тиіс.
      4. Көлік құралдарын орынтұраққа қойғаны үшін ақы алуға және олардың орынтұрақта тұрған уақытын есептеуге арналған сертификатталған арнайы құрылғылармен жабдықталған орындарда ақысыз орынтұраққа қоюға, көлік құралдарын орынтұраққа қойғаны үшін ақы алуға және олардың орынтұрақта тұрған уақытын есептеуге арналған сертификатталған арнайы құрылғылармен жабдықталған орындарда орынтұраққа қою қағидаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, тыйым салынады.
      5. Көлік құралдарын орынтұраққа қойғаны үшін ақы алуға және олардың орынтұрақта тұрған уақытын есептеуге арналған сертификатталған арнайы құрылғылармен жабдықталған орындарда орынтұраққа қою қағидаларының сақталуын бақылауды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.».
      12. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат):
      1) 2-қосымшада:
      46 және 198-жолдар алып тасталсын;
      95-жол алып тасталсын;
      2) 3-қосымшада:
      19 және 20-тармақтар алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын:
      «20-1. Табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық байланысты қызметтер көрсетуді бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама.».
      2-бап.
      1. Осы Заң:
      1) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 1) тармақшасының он төртінші және жиырмасыншы абзацтарын, 5) тармақшасының бесінші, алтыншы, он екінші, он үшінші, он алтыншы, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма жетінші және қырық бірінші абзацтарын, 12) тармақшасының үшінші – тоғызыншы, он үшінші абзацтарын, 13) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 15) тармақшасын22) тармақшасының он жетінші абзацын және 23) тармақшасының үшінші абзацын;
      2) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 3) тармақшасының үшінші, төртінші және алтыншы абзацтарын, 5) тармақшасының жиырма бесінші және жиырма алтыншы абзацтарын, 11) тармақшасының екінші – жетінші абзацтарын,  20) тармақшасыныңүшінші – он бесінші абзацтарын, 7-тармағының 19) тармақшасын, 12-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацын және 2) тармақшасының екінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      2. Осы Заң қолданысқа енгізілген кезден бастап 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін:
      1) осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 1) тармақшасының жиырмасыншы абзацы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
      «23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «23) техникалық сараптама – өңірлік электр желісі компаниясының қолданысқа енгізілген активтерінің техникалық жай-күйін (техникалық сипаттамаларын) және активтерді жұмыс істеуі қалпында ұстауды қамтамасыз ететін жұмыстарды жүргізу қажеттігін, өндіріс технологиясының сәйкестігін қоса алғанда, технологиялық процестің тиімділігін, инвестициялық бағдарламаларды және (немесе) инвестициялық жобаларды жүзеге асыру қажеттігін бағалауды, ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) түрлері бойынша негізгі құралдарды қолданысқа енгізудің деңгейін және бөлудің дұрыстығын талдау;»;
      2) осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 5) тармақшасының жиырма жетінші абзацы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
      «14-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «14-1) өңірлік электр желілері компаниялары үшін салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып тарифті және инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту үшін уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен техникалық сараптама қорытындысын ұсынуға;»;
      3) осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 12) тармақшасының үшінші – тоғызыншы абзацтары мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
      «1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) мынадай:
      тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) немесе оның шекті деңгейін заңсыз көтеру;
      неғұрлым тиімді әдістер мен технологияларды қолдануға, нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету жөніндегі іс-шараларды өткізуге, реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемдерін табиғи монополия субъектісіне байланысты емес себептер бойынша қысқартуға байланысты, конкурстық (тендерлік) рәсімдерді өткізу нәтижелері бойынша шығындарды үнемдеу жағдайларын, сондай-ақ осы Заңның 15-3-бабының 10-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту кезінде ескерілген инвестициялық бағдарламалардың (жобалардың) іс-шараларын орындамау;
      амортизациялық аударымдар қаражатын мақсатқа сай пайдаланбау;
      неғұрлым тиімді әдістер мен технологияларды қолдануға, нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету жөніндегі іс-шараларды өткізуге, реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемдерін табиғи монополия субъектісіне байланысты емес себептер бойынша қысқартуға байланысты, конкурстық (тендерлік) рәсімдерді өткізу нәтижелері бойынша шығындарды үнемдеу жағдайларын қоспағанда, тарифтік сметадағы шығындар баптарының уәкілетті орган бекіткен мөлшерлердің бес пайызынан астамын орындамау жағдайларында табиғи монополия субъектісі тұтынушыларға келтірген залалдарды өтеу үшін уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы шешім қабылдауға міндетті.
      Өңірлік электр желісі компаниясына уақытша өтемдік тариф бекіту туралы шешім осы тармақшаның бірінші бөлігінің екінші, үшінші және төртінші абзацтарында көзделген жағдайларда ғана қабылдануы мүмкін.
      Уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы шешім, осы тармақшаның бірінші бөлігінің екінші және (немесе) бесінші абзацтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейінің қолданылу мерзімі өткеннен кейін қабылданады;»;
      4) осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 12) тармақшасының он үшінші абзацы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
      «4-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4-1) өңірлік электр желілері компаниялары үшін өздері айқындайтын тәртіппен техникалық сараптама жүргізуге;».
      Осы Заң қолданысқа енгізілген кезден бастап 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін:
      1) осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 3) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
      «1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) мынадай:
      реттелiп көрсетiлетiн қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық жағынан байланысты;
      Қазақстан Республикасының пошта туралы, магистральдық құбыр туралы заңнамасында белгiленген;
      табиғи монополия саласына жатқызылған реттелiп көрсетiлетiн қызметтерден (тауарлардан, жұмыстардан) түсетін кiрiстер күнтiзбелiк бiр жыл iшiнде нарық субъектiсiнiң барлық қызметiнен түсетін кiрiстердiң бiр пайызынан аспаған жағдайдағы;
      өзге де қызметтен түсетін кiрiстерi күнтiзбелiк бiр жыл iшiнде табиғи монополия субъектiсiнiң барлық қызметiнің бес пайызынан аспаған жағдайдағы;
      табиғи монополия саласында қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көрсететiн құрылымдық бөлiмшенiң ұйымдастырушылық және аумақтық оқшаулануы мүмкiн болмаған жағдайдағы қызметтi қоспағанда, табиғи монополиялар салаларына жатпайтын қызметтер көрсетуге және өзге де қызметтi жүзеге асыруға;»;
      2) осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 20) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
      «3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасында белгіленген қызметті қоспағанда, табиғи монополия субъектiсiнiң осы Заңда рұқсат етiлген өзге де қызметтi жүзеге асыруына;»;
      3) осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 20) тармақшасының бесінші – сегізінші абзацтары мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
      «2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы баптың 1-тармағының 1), 2-1) және 5) тармақшаларында көрсетілген әрекеттердi жасау үшiн табиғи монополия субъектiсi уәкiлеттi органға мұндай әрекеттердi жүзеге асыруға келiсiм беру туралы өтінішхат ұсынуға және шешiм қабылдау үшiн қажеттi ақпаратты хабарлауға мiндеттi.
      Өтінішхат беру үшiн құжаттар тiзбесiн, оларды ұсыну және қарау тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.
      Табиғи монополия саласына жатқызылған реттеліп көрсетілетін қызметтерден (тауарлардан, жұмыстардан) түсетін кірістері күнтiзбелiк бiр жыл iшiнде нарық субъектісінің барлық қызметінен түсетін кірістердің бір пайызынан аспайтын табиғи монополия субъектісі осы баптың 1-тармағының 2-1) және 4) тармақшаларында көрсетілген әрекеттерді жасардан кемінде күнтізбелік он күн бұрын уәкілетті органға өзінің көрсетілген әрекеттерді жасау ниеті туралы ақпарат жіберуге міндетті.
      Осы баптың 1-тармағының 4-1) тармақшасында көрсетiлген әрекеттердi жасау үшiн жеке немесе заңды тұлға уәкiлеттi органға ақпаратты алдын ала жіберуге мiндеттi.
      Әуежайлар қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектісі осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген әрекеттерді жасардан кемінде күнтізбелік он күн бұрын уәкілетті органға өзінің көрсетілген әрекеттерді жасау ниеті туралы хабарлама жіберуге міндетті.».

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады