2007 жылғы 6 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерін жарақтандыру үшін арнайы техника мен арнайы құралдарды жеткізудің жеңілдікті шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы екінші хаттаманы ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 30 қарашадағы № 428-V ҚРЗ

      2007 жылғы 6 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерін жарақтандыру үшін арнайы техника мен арнайы құралдарды жеткізудің жеңілдікті шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы 2014 жылғы 23 желтоқсанда Мәскеуде жасалған екінші хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев

2007 жылғы 6 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына
мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдары мен арнайы
қызметтерін жарақтандыру үшін арнайы техника мен арнайы
құралдарды жеткізудің жеңілдікті шарттары туралы келісімге
өзгерістер енгізу туралы екінші хаттама

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер,
      Тараптардың құтқару бөлімшелерін жарақтандыру үшін жеткізудің жеңілдікті шарттарын жасауға мүдделілікті ескере отырып,
      Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің төтенше жағдайларға ұжымдық ден қою жүйесін дамытудың негізгі бағыттары туралы» 2012 жылғы 19 желтоқсандағы шешімін негізге ала отырып,
      2007 жылғы 6 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерін жарақтандыру үшін арнайы техника мен арнайы құралдарды жеткізудің жеңілдікті шарттары туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 15-бабын басшылыққа ала отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімнің 1-бабына мына өзгерістер енгізілсін:
      1) үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «арнайы қызметтер - Тараптардың ұлттық заңнамасына сәйкес барлау, қарсы барлау қызметін жүзеге асыруға; мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында функцияларды жүзеге асыруға; төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша міндеттерді шешуге арналған мемлекеттік органдар;»;
      2) төртінші абзац «жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің техникалық құралдары,» деген сөздерден кейін «авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған құралдар,» деген сөздермен толықтырылсын.

2-бап

      Осы Хаттама Келісімнің 14-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді.
      2014 жылғы 23 желтоқсанда Мәскеу қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды. Төлнұсқа дана Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Хатшылығында сақталады, ол осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.

      Армения Республикасы үшін      Қырғыз Республикасы үшін
      Беларусь Республикасы үшін     Ресей Федерациясы үшін
      Қазақстан Республикасы үшін    Тәжікстан Республикасы үшін

      2007 жылғы 6 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерін жарақтандыру үшін арнайы техника мен арнайы құралдарды жеткізудің жеңілдікті шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы екінші хаттаманың орыс тіліндегі нұсқасы қазақ тіліне аударылған нұсқасымен сай келетінін растаймын.

      Мемлекеттік тіл және
      ақпарат басқармасының басшысы                А. Күдербаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады