2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде медициналық бұйымдар (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника) айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге Армения Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 20 шілдедегі № 10-VІ ҚРЗ

      2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде медициналық бұйымдар (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника) айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге Армения Республикасының қосылуы туралы 2015 жылғы 2 желтоқсанда Мәскеуде жасалған хаттама ратификациялансын.

Қазақстан Республикасының
 
Президенті
Н.Назарбаев

      

2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ
шеңберінде медициналық бұйымдар (медициналық мақсаттағы
бұйымдар мен медициналық техника) айналысының бірыңғай
қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге Армения
Республикасының қосылуы туралы
ХАТТАМА

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер,
      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 10 қазанда қол қойылған шарттың 1-бабы төртінші абзацының ережелерін басшылыққа ала отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Осы Хаттамамен Армения Республикасы 2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық одақ шеңберінде медициналық бұйымдар (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника) айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге қосылады.

2-бап

      Осы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап, бірақ 2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық одақ шеңберінде медициналық бұйымдар (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника) айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісім күшіне енген күннен кейін осы Хаттама күшіне енеді.
      2015 жылғы 2 желтоқсанда Мәскеу қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данасында жасалды.
      Осы Хаттаманың төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады, ол осы Хаттаманың депозитарийі бола отырып, әрбір Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
      Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз
       Республикасы Республикасы Республикасы Республикасы
       үшін үшін үшін үшін
       Ресей Федерациясы
       үшін
      Осы арқылы осы мәтіннің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде медициналық бұйымдар (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника) айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге Армения Республикасының қосылуы туралы 2015 жылғы 2 желтоқсанда Мәскеу қаласында:
      Армения Республикасы үшін - Армения Республикасының Вице-Премьер-министрі В.В. Габриелян;
      Беларусь Республикасы үшін - Беларусь Республикасы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары - Беларусь Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің фармацевтикалық өнеркәсіп департаментінің директоры В.В. Шевчук;
      Қазақстан Республикасы үшін - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Ә. Сағынтаев;
      Қырғыз Республикасы үшін - Қырғыз Республикасының Вице-премьер-министрі В.И. Диль;
      Ресей Федерациясы үшін - Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының Бірінші орынбасары И.И. Шувалов қол қойған Хаттаманың толық және теңтүпнұсқалы көшірмесі болып табылатынын растаймын.
      Төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады.

Еуразиялық экономикалық
 
комиссиясының Құқық
 
департаментінің директоры
В.И. Тараскин

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады