1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Эмба полигонын (5580 сынақ жұмыстарын қамтамасыз ету базасы) пайдалану және жалға беру шарттары туралы келісімнің және 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Ембі сынақ полигонын (5580 сынақ жұмыстарын қамтамасыз ету базасы) жалдау туралы шарттың қолданысын тоқтату жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 5 сәуірдегі № 57-VІ ҚРЗ.

      2016 жылғы 20 қазанда Мәскеуде жасалған 1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Эмба полигонын (5580 сынақ жұмыстарын қамтамасыз ету базасы) пайдалану және жалға беру шарттары туралы келісімнің және 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Ембі сынақ полигонын (5580 сынақ жұмыстарын қамтамасыз ету базасы) жалдау туралы шарттың қолданысын тоқтату жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті Н.НАЗАРБАЕВ

1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Эмба полигонын (5580 сынақ жұмыстарын қамтамасыз ету базасы) пайдалану және жалға беру шарттары туралы келісімнің және 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Ембі сынақ полигонын (5580 сынақ жұмыстарын қамтамасыз ету базасы) жалдау туралы шарттың қолданысын тоқтату жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ХАТТАМА

      (2017 жылғы 19 шілдеде күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2017 ж., № 4, 58-құжат)

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы,

      1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Эмба полигонын (5580 сынақ жұмыстарын қамтамасыз ету базасы) пайдалану және жалға беру шарттары туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) және 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Ембі сынақ полигонын (5580 сынақ жұмыстарын қамтамасыз ету базасы) жалдау туралы шарттың (бұдан әрі - Шарт) ережелерін назарға ала отырып,

      1969 жылғы 23 мамырдағы Халықаралық шарттар құқығы туралы Вена конвенциясы 54-бабының b) тармағын негізге ала отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісім мен Шарт өз қолданысын 2017 жылғы 1 қаңтарда тоқтатады.

2-бап

      Келісімнің 5-бабына сәйкес құрылған бірлескен комиссия Келісім мен Шарт қолданысын тоқтатқанға дейін жер учаскелерін, жылжымалы және жылжымайтын мүлікті қабылдау-беруді жүзеге асырады.

      Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасына жер учаскелерін, жылжымалы және жылжымайтын мүлікті олардың амортизациясын ескере отырып, одан әрі пайдалану үшін жарамды жай-күйде береді.

      Жалға алынған мүлікті одан әрі пайдалану үшін жарамды жай-күйде қайтару мүмкін болмаған жағдайда Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасына мүліктің жалға алу мерзімі аяқталған кездегі тозуын ескере отырып, құндық баламасын өтейді.

3-бап

      Келісім мен Шартқа сәйкес міндеттемелерді орындамау, ішінара орындамау немесе тиісінше орындамау бойынша Тараптар арасындағы барлық өзара наразылықтарды Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес Тараптардың қорғаныс министрліктері реттеуі тиіс. Жер учаскелерін, жылжымалы және жылжымайтын мүлікті қабылдау-беруді бірлескен комиссия тиісті актілерге қол қою арқылы жүзеге асырады.

4-бап

      Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіру және қолдану кезінде туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктерді Тараптар өзара консультациялар мен келіссөздер арқылы шешеді.

5-бап

      Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді.

      Осы Хаттама өз қолданысын Келісім мен Шарт қолданысының тоқтатылуымен бір мезгілде тоқтатады.

      2016 жылғы 20 қазандағы Мәскеу қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі екі мәтіннің күші бірдей.

      Қазақстан Республикасы үшін            Ресей Федерациясы үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады