2016 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Техникалық жәрдем көрсету туралы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 12 шілдедегі № 93-VI ҚРЗ.

      2016 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Техникалық жәрдем көрсету туралы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы 2017 жылғы 17 наурызда Мәскеуде жасалған хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.НАЗАРБАЕВ

2016 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Техникалық жәрдем көрсету туралы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы хаттама

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі,

      2016 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Техникалық жәрдем көрсету туралы хаттаманың (бұдан әрі - Хаттама) 4-бабына сәйкес,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Хаттаманың 1-бабы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Тараптар Келісімнің 2-бабына сәйкес осы Хаттамамен қосымшаға сай жол карталарының іс-шараларына сәйкес келетін, жалпы сомасы 41 038 096 (қырық бір миллион отыз сегіз мың тоқсан алты) АҚШ доллары болатын іс-шаралар тізбесін бекітеді.

      2. Осы Хаттамаға қосымшаға сәйкес Қырғыз Республикасына техникалық жәрдем көрсету іс-шараларының тізбесі оның ажырамас бөлігі болып табылады.

      3. Қырғыз Республикасына техникалық жәрдем көрсету іс-шараларын нақтылауды Тараптар бірлесе отырып:

      - Қазақстан тарапынан - бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган;

      - Қырғыз тарапынан - еуразиялық интеграция шеңберінде мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітеді.".

2-бап

      Осы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап осы Хаттама күшіне енеді.

      Тараптардың осы Хаттамада көзделген барлық міндеттемелері орындалған кезден бастап осы Хаттаманың қолданылуы тоқтатылады.

      2017 жылғы 17 наурызда Мәскеу қаласында әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.

      Осы Хаттаманы түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.

      Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасының
      Үкіметі үшін Үкіметі үшін

  Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен Қырғыз
Республикасының Үкіметі
арасындағы Техникалық жәрдем
көрсету туралы хаттамаға
қосымша

Қырғыз Республикасына техникалық жәрдем көрсету іс-шараларының тізбесі

Іс-шаралардың атауы

Сома, АҚШ доллары

1.

Кедендік әкімшілендіру саласында өткізу пункттерін салу, жайластыру және материалдық-техникалық жарақтандыру

3 286 800

2.

Техникалық реттеу саласында сынақ зертханаларын және басқа да объектілерді жаңғырту, толық жарақтандыру, реконструкциялау, сондай-ақ мамандарды оқыту

5 662 149

3.

Көлік инфрақұрылымы саласында Қырғыз Республикасы Көлік және жолдар министрлігінің жанындағы "Кырғыз темир жолу" ұлттық компаниясы" мемлекеттік кәсіпорнының зертханасын жарақтандыру

577 840

4.

Ақпараттық өзара іс-қимыл саласында Қырғыз Республикасы Экономика министрлігінің жанындағы "Сыртқы сауда саласындағы "Бірыңғай терезе орталығы" мемлекеттік кәсіпорнын жарақтандыру

1 698 700

5.

Қырғыз Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің жанындағы Мемлекеттік өртке қарсы қызмет агенттігінің жанындағы өртке қарсы зертхананы толық жарақтандыру

749 621

6.

Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жанындағы Дәрілік қамтамасыз ету және медициналық техника департаментінің сынақ зертханасын (орталықтарын) толық жарақтандыру, сондай-ақ мамандарды оқыту

1 863 523

7.

Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау саласында санитариялық-карантиндік пунктерді және басқа да объектілерді жаңғырту, жарақтандыру, сондай-ақ мамандарды оқыту

5 199 463

8.

Фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар саласында өткізу пункттерін және басқа да объектілерді жаңғырту, реконструкциялау және жарақтандыру, сондай-ақ мамандарды оқыту

22 000 000

Жиыны:

41 038 096

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұдан әрі Хаттаманың қырғыз тіліндегі мәтіні берілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады