2016 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Көмек көрсету және оны пайдалануды бақылау тәртібі туралы хаттамаға өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 12 шілдедегі № 94-VI ҚРЗ.

      2016 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Көмек көрсету және оны пайдалануды бақылау тәртібі туралы хаттамаға өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы 2017 жылғы 17 наурызда Мәскеуде жасалған хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.НАЗАРБАЕВ

2016 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Көмек көрсету және оны пайдалануды бақылау тәртібі туралы хаттамаға өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы хаттама

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі,

      2016 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Көмек көрсету және оны пайдалануды бақылау тәртібі туралы хаттаманың (бұдан әрі - Хаттама) 13-бабына сәйкес,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Хаттамаға мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Хаттаманың 6-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) техникалық жәрдем көрсету туралы хаттамаларды жасасу мақсатында еуразиялық интеграция шеңберінде мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын Қырғыз Республикасының уәкілетті органы сатып алынатын тауарлар, жабдықтар, көрсетілетін қызметтер мен құрылыс үшін: техникалық жәрдем көрсету іс-шараларының тізбесін және техникалық ерекшеліктің, баға ұсыныстарының, техникалық тапсырманың, техникалық-экономикалық негіздеменің, Қырғыз Республикасының заңнамасына сәйкес жобалау-сметалық құжаттамаға мемлекеттік сараптама қорытындысының бар екендігі туралы қорытындыны Қазақстан Республикасының бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органына ұсынады;

      2) Қазақстан тарапының техникалық жәрдем көрсету іс-шараларына жауапты уәкілетті органы техникалық жәрдем көрсету іс-шараларының тізбесін және осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қажетті қорытындыны алғаннан кейін, келіскен жағдайда, Қырғыз тарапына ақша қаражатын бөлуге дайын екендігі туралы хабарлайды;".

      2. Хаттаманың 6-бабы 1-тармағының 2) тармақшасынан кейін мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын, тиісінше тармақшалардың кейінгі нөмірленуі өзгерілсін:

      "3) Тараптар дайындалған техникалық жәрдем көрсету іс-шараларының тізбесінің негізінде техникалық жәрдем көрсету туралы хаттама әзірлейді және оған қол қояды;".

2-бап

      Осы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап осы Хаттама күшіне енеді.

      Тараптардың осы Хаттамада көзделген барлық міндеттемелері орындалған кезден бастап осы Хаттаманың қолданылуы тоқтатылады.

      2017 жылғы 17 наурызда Мәскеу қаласында әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.

      Осы Хаттаманы түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.

      Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасының
      Үкіметі үшін Үкіметі үшін

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұдан әрі Хаттаманың қырғыз тіліндегі мәтіні берілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады