Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 30 қарашадағы № 112-VІ ҚРЗ.

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасы туралы БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

      Мемлекет басшысының 2017 жылғы 31 қаңтардағы "Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Қазақстан халқына жолдауында берілген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспардың 34 және 46-тармақтарын іске асыру мақсатында әзірленген, Мемлекет басшысы 2017 жылғы 30 қарашада
№ 112-VI ҚРЗ "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заң жобасына (бұдан әрі - Заң) қол қойды.

      Заңнамада мынадай бағыттар бойынша түзетулер көзделген:

      Орталық органдар мен өңірлер арасындағы келісу құжаттары қысқарады, ал бюджеттік бағдарламаларды басқару артық келісулерсіз жүзеге асырылатын болады.

      Әкімшілік шығыстарды жоспарлау жеңілдетіледі.

      Нәтижесінде орталық және жергілікті деңгейлерде 1,5 мыңнан астам құжат қысқартылады.

      Орталық және жергілікті деңгейлерде бюджеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша дербестік кеңейтіледі, ол қаражатты неғұрлым сапалы игеруге мүмкіндік береді.

      МЖӘ жобаларын дайындау мерзімі 7-ден 3 айға дейін қысқартылады.

      Нәтижесінде МЖӘ рәсімдері қысқа, бизнеске қолжетімді және салалық ерекшелікті ескереді.

      Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдаланудың жаңа тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде мұнайға қатысты емес тапшылық көрсеткішінің рөлі оны республикалық бюджет туралы заңда бекіту арқылы күшейтіледі.

      Квазимемлекттік сектордың шоттарындағы бұрын бюджеттен бөлінген қаражаттың қалдықтарын пайдалану тетігі енгізіледі. Қаражат қалдықтарының жинақталуын болдырмау үшін, олар жарғылық капиталдарды толықтыруға кезең-кезеңмен бөлінеді.

      Әкімшілік айыппұлдарды, өсімпұлды, санкцияларды, өндіріп алуларды болжауға шектеу енгізілуде.

      Бақылауды күшейту үшін бюджеттік инвестициялық жобаларды қазынашылық сүйемелдеу енгізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз