Байланыс формасы

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 121-VI ҚРЗ.

1-бап. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі):

      1) 2018 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 24-баптың бірінші бөлігі 15) тармақшасы бірінші бөлігінің төртінші абзацын;

      2) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін мазмұнындағы 131, 133-баптардың, 16-тараудың, 150 және 433-баптардың тақырыптарын, 19-баптың 2-тармағы 4) тармақшасының екінші бөлігін, 22-баптың 9 және 10-тармақтарын, 48-баптың 9-тармағының 6) тармақшасын, 67-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасын, 82-баптың 2-тармағының үшінші бөлігін, 83-баптың 1-тармағының екінші бөлігін, 97-баптың 5-тармағының төртінші абзацын, 114-баптың 2-тармағының 14) тармақшасын, 116-баптың 2-тармағының үшінші бөлігін, 121-баптың 2-тармағын, 123-баптың 7-тармағын, 129-баптың 2-тармағының 2) тармақшасын, 131, 133-баптарды, 16-тарауды, 145-баптың 6-тармағын, 150-бапты, 152-баптың 4-тармағын, 190-баптың 2-тармағының 2) тармақшасын, 211-баптың 5-тармағы 2) тармақшасының үшінші абзацын, 433-бапты, 434-баптың 2-тармағы жетінші бөлігінің үшінші абзацын;

      3) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін мазмұнындағы 176-баптың тақырыбын, 1-баптың 1-тармағының 63) және 71) тармақшаларын, 11-баптың екінші бөлігін, 69-баптың 3-тармағының 7) тармақшасын, 140-баптың 6-тармағын, 142-баптың 1-тармағының 15) тармақшасын, 176-бапты, 215-баптың 6-тармағын, 484-баптың 3-тармағының 2) тармақшасын, 678-баптың 2-тармағын, 709-баптың 4-тармағы екінші бөлігінің үшінші абзацын;

      4) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін мазмұнындағы 23, 72-баптардың, 11-тараудың 2-параграфының және 71-тараудың тақырыптарын, 19-баптың 1-тармағының 8) тармақшасын және 2-тармағының 15) тармақшасын, 23-бапты, 24-баптың бірінші бөлігі 13) тармақшасының бірінші бөлігінің үшінші абзацын және 14) тармақшасын, 26-баптың 13, 14, 15, 16, 17, 18 және 19-тармақтарын, 30-баптың 1-тармағының 15), 16) және 17) тармақшаларын, 69-баптың 5-тармағын, 72-бапты, 73-баптың 1-тармағының 6) тармақшасын, 11-тараудың 2-параграфын, 114-баптың 2-тармағының 6) тармақшасын, 208-баптың 5-тармағын, 209-баптың 4-тармағын, 5-тармағының 5) тармақшасын, 211-баптың 5-тармағының 7) тармақшасын, 212-баптың 5-тармағын, 412-баптың 5-тармағының 12) тармақшасын, 71-тарауды қоспағанда, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілсін.

      Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 02.04.2019 № 241-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-бап. Мыналар:

      1) Салық кодексінің 69-бабы 4-тармағының 7) тармақшасы, 82-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы, 116-бабының 8-тармағы, 121-бабының 8-тармағы, 215-бабы 4-тармағы бірінші бөлігінің 7) тармақшасы, 225-бабы 2-тармағының 24) тармақшасы, 250-бабының 8-тармағы, 298-бабы 1-тармағының екінші бөлігі, 372-бабы 5-тармағының 34) тармақшасы, 394-бабының 14) тармақшасы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады;

      2) Салық кодексінің мазмұнындағы 9-тараудың 4-параграфының, 539 және 540-баптардың, 17-бөлімнің тақырыптары 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап алып тасталып, Салық кодексінің 24-бабы бірінші бөлігі 13) тармақшасының екінші бөлігі, 74-бабы 3-тармағы 2) тармақшасының төртінші абзацы, 9-тарауының 4-параграфы, 88-бабы 1-тармағының 7) және 9) тармақшалары, 189-бабы 1-тармағы 1) тармақшасының он үшінші абзацы, 222-бабының 3-тармағы, 228-бабының 9-тармағы, 229-бабының 5-тармағы, 232-бабының 3 және 4-тармақтары, 5-тармағының 11) тармақшасы, 233-бабы 1-тармағының үшінші және төртінші бөліктері, 250-бабы 1-тармағының төртінші бөлігі, 4-тармағы, 293-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы және 4-тармағы, 307-бабы 2-тармағының 8) тармақшасы, 372-бабы 5-тармағының 32) және 33) тармақшалары, 510-бабы 2-тармағының 4) тармақшасы, 521-бабы 3-тармағының 11) тармақшасы, 539 және 540-баптары, 17-бөлімі, 645-бабы 9-тармағының 13) және 14) тармақшалары, 654-бабының 11) және 12) тармақшалары 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады;

      3) Салық кодексінің 26-бабының 12-тармағы, 341-бабы 1-тармағының 14) тармақшасы және 372-бабы 5-тармағының 28) тармақшасы 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады;

      4) Салық кодексінің мазмұнындағы 427 және 428-баптардың тақырыптары 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап алып тасталып, Салық кодексінің 427 және 428-баптары 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады;

      5) Салық кодексінің 288-бабы 1-тармағының 6) тармақшасы, 293-бабы 1-тармағының 2) тармақшасы және 3-тармағы, 636-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің жетінші және сегізінші абзацтары және екінші бөлігі 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады;

      6) Салық кодексінің мазмұнындағы 292-баптың тақырыбы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап алып тасталып, Салық кодексінің 225-бабы 2-тармағының 25) тармақшасы, 232-бабының 2-тармағы, 241-бабы 1-тармағының екінші, үшінші және төртінші бөліктері, 250-бабының 2-тармағы, 264-бабының 20) тармақшасы, 288-бабы 2-тармағының 10) тармақшасы, 292-бабы, 300-бабының 11-тармағы, 307-бабы 2-тармағының 15) және 16) тармақшалары, 319-бабы 2-тармағының 19), 20) және 42) тармақшалары, 394-бабының 41) тармақшасы, 407-бабы 2-тармағының 2) және 3) тармақшалары, 616-бабының 29) тармақшасы 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.

      Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

3-бап. Мыналар:

      1) Салық кодексінің 1-бабы 1-тармағы 37) тармақшасының қолданысы 2018 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:

      "37) мұнайды дайындау – мұнайды дайындайтын технологиялық процестердің кешені, оның ішінде жинау, дайындауға жеткізу, ұңғыма сұйықтығының өлшегіш қондырғыларға түсуі, газсыздандыру, сусыздандыру, тұзсыздандыру, тұрақтандыру, демеркаптанизациялау;";

      2) Салық кодексінің 1-бабы 1-тармағы 3), 60) және 73) тармақшаларының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақшалар мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:

      "3) әлеуметтік төлемдер – Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төленетін әлеуметтік аударымдар, "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төленетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар;";

      "60) салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы –электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның салық төлеушіге тиесілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын электрондық цифрлық символдардың реттілігі;";

      "73) электрондық салық төлеуші – осы Кодексте белгіленген тәртіппен электрондық салық төлеушіні тіркеу есебі туралы салықтық өтініші негізінде салық органдарымен электрондық тәсілмен өзара іс-қимыл жасайтын салық төлеуші;".

4-бап. Салық кодексінің 3-бабының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:

      "3-бап. Қазақстан Республикасы салық заңнамасының қолданылуы

      1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданыста болады және жеке тұлғаларға, заңды тұлғаларға және олардың құрылымдық бөлімшелеріне қолданылады.

      2. Салықтық әкімшілендіру, салықтық есептілікті белгілеу ерекшеліктері, сондай-ақ салық төлеушілердің (салық агенттерінің) жағдайын жақсарту бойынша өзгерістер мен толықтыруларды қоспағанда, осы Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізетін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері ағымдағы жылғы 1 желтоқсаннан кешіктірілмей қабылдануы және олар қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан кейін қолданысқа енгізілуі мүмкін.".

5-бап. Салық кодексінің 19-бабы 1-тармағы 3) тармақшасы екінші бөлігінің қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:

      "Осы тармақшаның бірінші бөлігінде белгіленген ерекшелік салық органдарының кірістер мен шығыстарға қатысты салықтық тексеру жүргізу барысында қоятын талаптарына қолданылмайды;".

6-бап. Салық кодексінің 30-бабы 3-тармағы 11) тармақшасының қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:

      "11) ұлттық және шетел валютасын репатриациялау талабының орындалуын бақылау және валюталық бақылау агенттері болып табылатын уәкілетті банктерге беру үшін қажет мәліметтер бөлігінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынады.

      Салықтық құпияны құрайтын мәліметтерді ұсыну тәртібі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекітетін Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру және резиденттердің экспорт пен импорт бойынша келісімшарттардың есептік нөмірлерін алу қағидаларында айқындалады.".

      6-1-бап. Салық кодексінің 41-бабының қолданысы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "41-бап. Мемлекеттік мекемелердің және жекелеген заңды тұлғалар санаттарының мүлікті сенімгерлік басқаруға беруі кезінде салықтық міндеттемені орындау ерекшеліктері

      1. Мемлекеттік мекемелер мүлікті сенімгерлік басқаруға берген кезде, егер мүлікті сенімгерлік басқару шартында (мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы актіде) немесе осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдары салығы бойынша салықтық міндеттемелер сенімгерлік басқарушының орындауына жатады.

      2. Сенімгерлік басқарушы сенімгерлік басқару жөніндегі қызмет бойынша осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықтар және жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша салықтық міндеттемені, егер бір мезгілде мынадай шарттар сақталған жағдайда:

      1) сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы:

      ұлттық басқарушы холдинг немесе

      ұлттық компания немесе

      дауыс беретін акцияларының елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке немесе ұлттық компанияға тиесілі заңды тұлға болып табылса,

      немесе

      жарғылық капиталға қатысу үлестерінің елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке немесе ұлттық компанияға тиесілі заңды тұлға болып табылса;

      2) сенімгерлік басқаруға алынған мүлік халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес сенімгерлік басқарушыда негізгі құралдардың, жылжымайтын мүлікке инвестициялардың құрамында есепке алынуға жататын болса, орындауға құқылы.

      3. Сенімгерлік басқарушы, егер мүлікті сенімгерлік басқару шартында (мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы актіде) өзгеше белгіленбесе, салықтарды есептеу және төлеу, салықтық есептілікті жасау және ұсыну бойынша салықтық міндеттемелерді:

      егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сенімгерлік басқару құқығын мемлекеттік тіркеу талап етілетін жағдайда – мұндай құқық мемлекеттік тіркелген;

      егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сенімгерлік басқару құқығын мемлекеттік тіркеу талап етілмейтін жағдайда – мүлікті сенімгерлік басқару шарты (мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы акті) жасалған күннен бастап орындайды.

      4. Сенімгерлік басқарушы:

      егер мүлікті сенімгерлік басқару шартында (мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы актіде) өзгеше белгіленбесе, салықтарды есептеу және төлеу, салықтық есептілікті жасау және ұсыну бойынша салықтық міндеттемелерді өз атынан, қатарына осындай сенімгерлік басқарушы жататын тұлғалар үшін осы Кодекстің Ерекше бөлігінде белгіленген мөлшерлемелер бойынша және тәртіппен орындайды;

      мүлікті сенімгерлік басқаруға беру кезінде салықтық міндеттемені орындау мақсатында осы Кодекстің 194-бабына сәйкес бөлек есепке алуды жүргізуге міндетті.

      5. Егер мемлекеттік мекемелер мүлікті сенімгерлік басқаруға берген кезде мемлекеттік мекеменің мүлкі халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес сенімгерлік басқарушыда негізгі құралдардың, жылжымайтын мүлікке инвестициялардың құрамында есепке алынбайтын жағдайда, онда мұндай мүлікті қабылдап алу-беру актісінде мұндай мүліктің акт жасалған күнге баланстық құны көрсетілуге тиіс. ".

      Ескерту. Заң 6-1-баппен толықтырылды - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

7-бап. Салық кодексінің 48-бабының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:

      "48-бап. Салықтық міндеттеме мен талап бойынша талап қоюдың ескіру мерзімдері

      1. Мыналарға:

      1) салық органы салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді есептеуге, есепке жазуға немесе олардың есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарауға құқылы;

      2) салық төлеуші (салық агенті) салықтық есептілікті ұсынуға міндетті, салықтық есептілікке өзгерістер мен толықтырулар енгізуге, салықтық есептілікті қайтарып алуға құқылы;

      3) салық төлеуші (салық агенті) салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдарды есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды талап етуге құқылы болатын уақыт кезеңі салықтық міндеттеме мен талап бойынша талап қоюдың ескіруі деп танылады.

      2. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, талап қоюдың ескіру мерзімі бес жылды құрайды. Осы баптың 4, 5, 6 және 10-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, талап қоюдың ескіру мерзімінің өтуі тиісті салықтық кезең аяқталғаннан кейін басталады.

      3. Салық төлеуші, салық органы:

      1) инвестициялық басым жобаны іске асыруды көздейтін инвестициялық келісімшартта көрсетілген салықтар бойынша осы Кодекстің 80-тарауы қолданылған кезде – осындай келісімшарттың қолданылу кезеңі ішінде және инвестициялық келісімшарттың қолданылу мерзімі өткен немесе қолданылуы өзгеше тоқтатылған күннен бастап бес жылда;

      2) осы Кодекстің 288-бабы 1-тармағының 4) тармақшасы қолданылған кезде – жеке тұлға оқыған кезеңде және жеке тұлға оқуын аяқтаған күннен бастап бес жылда салықтарды есептеуге, есепке жазуға немесе олардың есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарауға құқылы.

      4. Қызметін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес жүзеге асыратын салық төлеушілер бойынша салық органы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылу кезеңі ішінде және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін бес жылда – үстеме пайда салығын, Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесін, салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді есепке жазуға немесе олардың есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарауға құқылы, оларды есептеу әдістемесінде мынадай көрсеткіштердің бірі: рентабельділіктің ішкі нормасы (РІН) немесе пайданың ішкі нормасы немесе R-фактор (кірістілік көрсеткіші) пайдаланылады.

      5. Талап қоюдың ескіру мерзімінің өтуі:

      1) өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылысжайлар салу кезеңіндегі салықтық міндеттеме және қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талап бойынша осы Кодекстің 432-бабының 1-тармағы қолданылған жағдайда – Қазақстан Республикасының аумағында мұндай ғимараттар мен құрылысжайлар алғаш пайдалануға берілген салықтық кезең аяқталғаннан кейін;

      2) геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу және кен орнын жайластыру кезеңіндегі салықтық міндеттеме және қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талап бойынша осы Кодекстің 432-бабының 2-тармағы қолданылған жағдайда, кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын және емдік балшықтарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт шеңберінде өндірілген пайдалы қазбалар экспортының басталуы тура келетін салықтық кезең аяқталғаннан кейін басталады.

      Егер экспорт 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асырылған болса, талап қоюдың ескіру мерзімінің өтуі 2016 жылғы 1 қаңтардан басталады;

      3) осы Кодекстің 432-бабында көрсетілген қосылған құн салығының расталған асып кету сомасын осы Кодекстің 104-бабына сәйкес қайтару және (немесе) есепке жатқызу жүргізілген жағдайда, қосылған құн салығының қайтаруға ұсынылған асып кету сомасының анықтығы, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тексеру нәтижелеріне шағым жасау қорытындысы бойынша расталған салықтық кезең аяқталғаннан кейін басталады.

      6. Осы баптың 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген қосылған құн салығын есепке жазу немесе оның есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарау мақсаттары үшін талап қоюдың ескіру мерзімінің өтуі салық төлеуші қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талаппен қоса қосылған құн салығы бойынша декларацияны тапсырған салықтық кезең аяқталғаннан кейін басталады.

      7. Талап қоюдың ескіру мерзімі:

      1) салық төлеуші (салық агенті) осы баптың 2-тармағында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі күнтізбелік бір жылға жетпей өтетін кезең үшін қосымша салықтық есептілікті ұсынған жағдайда, салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді есепке жазу және (немесе) олардың есептелген сомасын қайта қарау бөлігінде күнтізбелік бір жылға;

      2) салық төлеуші осы баптың 2-тармағында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі күнтізбелік бір жылға жетпей өтетін кезең үшін залалдарды ауыстыру бөлігінде өзгерістермен және толықтырулармен қоса қосымша салықтық есептілікті ұсынған жағдайда, бюджетке төленетін корпоративтік табыс салығын есепке жазу және (немесе) оның есептелген сомасын қайта қарау бөлігінде күнтізбелік үш жылға;

      3) мынадай:

      салық төлеуші (салық агенті) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тексеру нәтижелері туралы хабарламаға, сондай-ақ салық органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын бөлігінде шағым жасаған;

      бейрезиденттің халықаралық шарт негізінде бюджеттен табыс салығын қайтаруға арналған салықтық өтініші қаралған;

      халықаралық шарт негізінде бюджеттен табыс салығын қайтаруға арналған салықтық өтінішті қарау нәтижелері бойынша салық органы шығарған шешімге бейрезидент Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасаған;

      осы тармақшаның төртінші абзацында көрсетілген салық органының шешіміне бейрезиденттің шағымын қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган шығарған шешімге бейрезидент шағым жасаған жағдайларда шағымды (арызды) қарау нәтижелері бойынша шығарылған шешім орындалғанға дейін;

      4) уәкілетті орган осы Кодекстің 221-бабына сәйкес өзара келісу рәсімін жүргізген жағдайда – уәкілетті органның және (немесе) шет мемлекеттің құзыретті органының өзара келісу рәсімінің қорытындысы бойынша қабылдаған шешімі орындалғанға дейін;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      7-баптың жиырма жетінші абзацына өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      5) талап қоюдың ескіру мерзімі өткенге дейін жіберілген және табыс етілген, камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалғанға дейін;

      6) деңгейлес мониторингтің нәтижелері бойынша ұсынымдар табыс етілген күннен бастап деңгейлес мониторингтің нәтижелері бойынша шешім шығарылғанға дейін;

      7) егер инвестор халықаралық төрелікте талқылауға бастама жасаған болса, онда салық органы инвестор шағым жасаған кезеңнен бастап және осы төрелік талқылау бойынша түпкілікті шешім шығарылған кезге дейінгі кезең үшін инвестор талқылауға бастама жасаған салық төлеушінің салықтарын және бюджетке төленетін төлемдерін есепке жазуға немесе олардың есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарауға құқылы – осындай төрелік талқылау аяқталғаннан кейін бес жыл ішінде ұзартылады.

      8. Салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді есепке жазу немесе олардың есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарау бөлігінде талап қоюдың ескіру мерзімі:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен салық төлеушi (салық агентi) салықтық тексерудің алдын ала актiсiне жазбаша қарсылық дайындап, берген және оны салық органы қараған;

      2) Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасына сәйкес салықтық тексеру жүргізу уақытында сұрау салулар жолданған және олар бойынша құжаттар және (немесе) ақпарат алынған кезеңге тоқтатыла тұрады.

      Бұл ретте салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарау бөлігінде жалпы талап қоюдың ескіру мерзімі оның тоқтатыла тұрғаны ескеріле отырып, жеті жылдан аспауға тиіс;

      3) сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде жүргізілген салықтық тексеру жағдайында салықтық тексеру аяқталған күннен бастап қылмыстық іс бойынша іс жүргізу аяқталғанға дейінгі уақыт кезеңіне тоқтатыла тұрады.

      9. Жеке кәсiпкерлік субъектiсiмен іс жүзінде тауарлар тиеп-жөнелтілмей, жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей жасалған, шот-фактураны жазып беру әрекеті (әрекеттері) бойынша салықтарды және бюджетке төленетiн төлемдердi есепке жазуды немесе олардың есептелген сомасын қайта қарауды салық органы заңды күшіне енген сот шешімі, үкiмi, қаулысы негізінде салықтық мiндеттеме және (немесе) талап бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі шегiнде жүргiзедi.

      10. Салықтың және бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық (қате) төленген сомасы, осы Кодекстің 108-бабында белгіленген жағдайды қоспағанда, ағымдағы жыл және алдыңғы күнтізбелік бес жыл ішінде төленген сомалар шегінде есепке жатқызуға және (немесе) қайтаруға жатады.".

8-бап. Салық кодексінің 104-бабы 1 және 2-тармақтарының қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақтар мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:

      "1. Қосылған құн салығын төлеушінің қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талабы бойынша осы Кодекстің 431, 432 және 434-баптарына сәйкес қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару ұсынылған салықтық өтініш негізінде осы Кодекстің 102-бабында көзделген есепке жатқызуды жүргізу және (немесе) салық төлеушінің банктік шотына аудару арқылы жүргізіледі.

      2. Осы Кодекстiң 429, 431, 432 және 434-баптарына сәйкес қайтаруға жататын қосылған құн салығының асып кету сомасы салық органы қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтаруға төлем құжатын жасаған күнге қосылған құн салығы бойынша жеке шоттағы қосылған құн салығы бойынша асып кету сомасынан аспауға тиiс.".

9-бап. Салық кодексінің 114-бабы 2-тармағы 7) тармақшасының қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:

      "7) салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама – салықтық берешек түзілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешiктiрілмей;".

10-бап. Салық кодексінің 115-бабы 1-тармағы екінші бөлігі 2) тармақшасы үшінші абзацының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:

      "Бұл тәсіл осы Кодекстің 86-бабында белгіленген тәртіппен электрондық салық төлеуші ретінде тіркелген салық төлеушіге қолданылады.".

11-бап. Салық кодексінің 116-бабы 2-тармағы екінші бөлігінің және 5-тармағының қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы нормалар мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:

      "Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану басталғанға дейін салық төлеушіге (салық агентіне), осы баптың 3-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама жіберіледі.";

      "5. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым жасалған жағдайда, осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көрсетілген тәсілді қоспағанда, мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шығарылғанға дейін тоқтатыла тұрады.".

12-бап. Салық кодексінің 118-бабы 1-тармағы 3) тармақшасының қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:

      "3) салықтық берешек өтелмеген жағдайда – осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген хабарлама табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң;".

13-бап. Салық кодексінің 119-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:

      "1. Салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама алынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде салықтық берешек өтелмеген жағдайда, салық органы салықтық берешек есебіне салық төлеушінің (салық агентінің) – заңды тұлғаның, заңды тұлға құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруды жүргізеді.".

      14-бап. Мыналар:

      1) Салық кодексінің 120-бабы 1-тармағы 1) тармақшасының және 2) тармақшасы екінші бөлігі үшінші абзацының қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы нормалар мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:

      "1) салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама алынған күннен бастап он бес жұмыс күнi өткен соң салықтық берешек өтелмеген жағдайда;";

      "салық төлеуші (салық агенті) ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесінен алып тасталған күннен бастап үш жұмыс күні өткен соң жүргізеді.";

      2) Салық кодексінің 120-бабы 5-тармағы 2) тармақшасының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:

      "2) электрондық тәсілмен жіберілгенде – салық органының шешімі веб-қосымшаға жеткізілген күннен бастап тапсырылды деп есептеледі. Бұл тәсіл осы Кодекстің 86-бабында белгіленген тәртіппен электрондық салық төлеуші ретінде тіркелген салық төлеушіге қолданылады;".

15-бап. Салық кодексінің 121-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:

      "1. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға, жоғары тұрған салық органының хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне шағым жасалған жағдайлардан басқа кезде, салық органдары салық төлеушінің – заңды тұлғаның, заңды тұлға құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның салықтық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданады.".

16-бап. Салық кодексінің 122-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:

      "1. Салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап жиырма жұмыс күні өткен соң салықтық берешек сомалары төленбеген немесе толық төленбеген жағдайларда, салық органы салықтық берешек сомасын салық төлеушінің – заңды тұлғаның, заңды тұлға құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның банктік шоттарынан мәжбүрлеу тәртiбiмен өндіріп алады.".

17-бап. Салық кодексінің 123-бабы 1-тармағының қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:

      "1. Салық төлеушінің – заңды тұлғаның, заңды тұлға құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның банктік шоттарында ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған не оның банктік шоттары болмаған жағдайларда, салық органы түзілген салықтық берешек шегінде салық төлеушінің (салық агентінің) алдында берешегі бар үшінші тұлғалардың (бұдан әрі – дебиторлар) банктік шоттарындағы ақшаға өндіріп алуды қолданады.".

18-бап. Салық кодексінің 124-бабы 1-тармағының қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:

      "1. Осы Кодекстің 121-бабының 1-тармағында аталған салық төлеушінің банктік шоттарында және оның дебиторларының банктік шоттарында ақша болмаған немесе жеткiлiксiз болған не оның және (немесе) оның дебиторларының банктік шоттары болмаған жағдайларда, салық органы оның келісімінсіз салық төлеушінің билік ету шектелген мүлкіне өндіріп алуды қолдану туралы қаулы шығарады.

      Салық төлеушінің билік ету шектелген мүлкіне өндіріп алуды қолдану туралы қаулы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша екі данада жасалады, оның біреуі мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімнің және мүлік тізімдемесі актісінің көшірмелері қоса беріле отырып, уәкілетті заңды тұлғаға жіберіледі.".

19-бап. Салық кодексінің 17-тарауының қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тарау мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:

      "17-тарау. Тәуекелдерді басқару жүйесі

      136-бап. Жалпы ережелер

      1. Тәуекелдерді басқару жүйесі тәуекелдерді бағалауға негізделеді және тәуекелді анықтау және оның алдын алу мақсатында салық органдары әзірлейтін және (немесе) қолданатын шараларды қамтиды. Тәуекелдерді бағалау нәтижелері негізінде салықтық бақылаудың нысандарын саралап қолдану жүзеге асырылады.

      2. Салық төлеушінің (салық агентінің) мемлекетке нұқсан келтіруі мүмкін және (немесе) келтіре алатын салықтық міндеттемені орындамау және (немесе) толық орындамау ықтималдығы тәуекел болып табылады.

      3. Салық органдарының тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану мақсаттары:

      1) назарын тәуекелі жоғары салаларға шоғырландыру және қолда бар ресурстарды анағұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;

      2) салық салу саласында бұзушылықтарды анықтау бойынша мүмкіндіктерді ұлғайту.

      4. Тәуекелдерді басқару жүйесі салықтық бақылауды жүзеге асыру кезінде, оның ішінде:

      1) салықтық тексерулер жүргізу үшін салық төлеушілерді (салық агенттерін) іріктеу;

      2) қосылған құн салығының асып кету сомаларының анықтығын растау;

      3) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтың тәуекел дәрежесін айқындау;

      4) осы Кодекстiң 434-бабының ережелерi ескерiле отырып, қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртiбiне құқықты айқындау мақсатында пайдаланылады.

      5. Тәуекелдерді басқару жүйесі ақпараттық жүйелерді қолдана отырып жүзеге асырылуы мүмкін.

      137-бап. Тәуекел дәрежесінің өлшемшарттары

      Салық органдары салық төлеуші (салық агенті) ұсынған салықтық есептіліктің деректеріне, уәкілетті мемлекеттік органдардан алған мәліметтерге, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) қызметі туралы басқа да құжаттарға және (немесе) мәліметтерге талдауды жүзеге асырады.

      Мұндай талдаудың нәтижелерін салық органдары осы Кодекстің 136-бабында көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдаланады.

      Уәкілетті орган кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бекітетін өлшемшарттарды қоспағанда, осы Кодекстің 136-бабы 4-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылатын тәуекелдер дәрежесінің өлшемшарттары құпия (қызметтік) ақпарат болып табылады.

      Қосылған құн салығының асып кету сомаларының анықтығын растау мақсатында тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын және тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібін уәкілетті орган айқындайды.".

20-бап. Салық кодексінің 142-бабы 1-тармағы 17) тармақшасының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:

      "17) акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларының, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға, темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы;".

21-бап. Салық кодексінің 146-бабы 7-тармағының қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:

      "7. Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып кету сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексерулерді жүргізу, ұзарту және тоқтата тұру мерзімі осы Кодекстің 431-бабында көзделген мерзімдер сақтала отырып белгіленеді.".

      22-бап. Салық кодексінің 166-бабының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:

      1) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      "166-бап. Жалпы ережелер

      1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар бақылау-касса машиналары мiндеттi түрде қолданыла отырып жүргiзiледi.

      2. Осы баптың 1-тармағының ережесi:

      1) жеке тұлғалардың;

      2) адвокаттар мен медиаторлардың;

      3) қызметін:

      патент негізінде арнаулы салық режимiн қолдана отырып;

      ашық сауда базарларының аумағындағы стационарлық емес сауда объектілері арқылы шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимi шеңберiнде;

      арнаулы салық режимі қолданылатын қызмет бойынша бірыңғай жер салығын төлеу негізінде осы арнаулы салық режимі шеңберінде жүзеге асыратын дара кәсіпкерлердің (акцизделетін тауарларды өткізушілерден басқа);

      4) уәкілетті органмен келісу бойынша көлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нысан бойынша билеттерді бере отырып, қалалық қоғамдық көлікте тасымалдау бойынша халыққа қызметтер көрсету бөлігіндегі;

      5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің;

      6) екінші деңгейдегі банктердің ақшалай есеп айырысуларына қолданылмайды.

      3. Салық төлеушілер қолданатын бақылау-касса машиналарын салық органдарында есепке алу:

      1) бақылау-касса машинасын есепке қоюды;

      2) тіркеу деректеріне өзгерістер енгізуді;

      3) бақылау-касса машинасын есептен шығаруды қамтиды.

      4. Сауда операциялары немесе қолма-қол ақша арқылы қызметтер көрсету кезінде ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыратын сауда автоматтары мен көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу терминалдары бақылау-касса машиналарымен жарақтандыруға жатады.

      5. Ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдану міндеті бензинді (авиациялық бензиннен басқа), дизель отынын, алкоголь өнімін көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізуді, уәкілетті орган белгілеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылады.

      Осы тармақтың ережелерi қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде орналасқан салық төлеушілерге қолданылмайды.

      Аумағында ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыруға жатады.

      6. Бақылау-касса машиналарын қолдану кезінде мынадай талаптар қойылады:

      1) ақшалай есеп айырысулармен байланысты қызмет басталғанға дейін бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою жүзеге асырылады;

      2) тауар, жұмыс, көрсетiлетiн қызмет үшін төленген сомаға бақылау-касса машинасының чегін немесе тауар чегін беру жүзеге асырылады;

      3) бақылау-касса машинасына салық органдары лауазымды адамдарының қолжетімділігі қамтамасыз етіледі.

      7. Бақылау-касса машинасының чегі мынадай ақпаратты қамтуға тиіс:

      1) салық төлеушінің атауы;

      2) салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

      3) бақылау-касса машинасының зауыттық нөмірі;

      4) бақылау-касса машинасының салық органындағы тіркеу нөмірі;

      5) чектің реттік нөмірі;

      6) тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жасалған күн мен уақыт;

      7) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бағасы және (немесе) сатып алу сомасы;

      8) фискалдық белгі;

      9) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының бақылау чегінің төлнұсқалығын тексеру үшін фискалдық деректер операторының атауы және фискалдық деректер операторы интернет-ресурсының деректемелері.

      Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қолданатын аппараттық-бағдарламалық кешендердің бақылау чегінің нысаны мен мазмұнын уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді.

      Валюта айырбастау, металл сынықтарын, шыны ыдысты қабылдау пункттерінде, ломбардтарда қолданылатын бақылау-касса машиналарының чегі қосымша сату сомасы және сатып алу сомасы туралы ақпаратты қамтуға тиіс.

      8. Бақылау-касса машинасының чегі қосымша бақылау-касса машинасын дайындаушы зауыттың техникалық құжаттамасында көзделген, оның ішінде қосылған құн салығының сомасын көрсететін деректерді қамтуы мүмкін.

      9. Бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібін уәкілетті орган айқындайды.";

      2) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      "166-бап. Жалпы ережелер

      1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар бақылау-касса машиналары мiндеттi түрде қолданыла отырып жүргiзiледi.

      2. Осы баптың 1-тармағының ережесi:

      1) жеке тұлғалардың;

      2) адвокаттар мен медиаторлардың;

      3) қызметін:

      патент негізінде арнаулы салық режимiн қолдана отырып;

      арнаулы салық режимі қолданылатын қызмет бойынша бірыңғай жер салығын төлеу негізінде осы арнаулы салық режимі шеңберінде жүзеге асыратын дара кәсіпкерлердің (акцизделетін тауарларды өткізушілерден басқа);

      4) уәкілетті органмен келісу бойынша көлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нысан бойынша билеттерді бере отырып, қалалық қоғамдық көлікте тасымалдау бойынша халыққа қызметтер көрсету бөлігіндегі;

      5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің;

      6) екінші деңгейдегі банктердің ақшалай есеп айырысуларына қолданылмайды.

      3. Салық төлеушілер қолданатын бақылау-касса машиналарын салық органдарында есепке алу:

      1) бақылау-касса машинасын есепке қоюды;

      2) тіркеу деректеріне өзгерістер енгізуді;

      3) бақылау-касса машинасын есептен шығаруды қамтиды.

      4. Сауда операциялары немесе қолма-қол ақша арқылы қызметтер көрсету кезінде ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыратын сауда автоматтары мен көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу терминалдары бақылау-касса машиналарымен жарақтандыруға жатады.

      5. Ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдану міндеті бензинді (авиациялық бензиннен басқа), дизель отынын, алкоголь өнімін көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізуді, уәкілетті орган белгілеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылады.

      Осы тармақтың ережелерi қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде орналасқан салық төлеушілерге қолданылмайды.

      Аумағында ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыруға жатады.

      6. Бақылау-касса машиналарын қолдану кезінде мынадай талаптар қойылады:

      1) ақшалай есеп айырысулармен байланысты қызмет басталғанға дейін бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою жүзеге асырылады;

      2) тауар, жұмыс, көрсетiлетiн қызмет үшін төленген сомаға бақылау-касса машинасының чегін немесе тауар чегін беру жүзеге асырылады;

      3) бақылау-касса машинасына салық органдары лауазымды адамдарының қолжетімділігі қамтамасыз етіледі.

      7. Бақылау-касса машинасының чегі мынадай ақпаратты қамтуға тиіс:

      1) салық төлеушінің атауы;

      2) салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

      3) бақылау-касса машинасының зауыттық нөмірі;

      4) бақылау-касса машинасының салық органындағы тіркеу нөмірі;

      5) чектің реттік нөмірі;

      6) тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жасалған күн мен уақыт;

      7) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бір бірлігі үшін бағасы;

      8) фискалдық белгі;

      9) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының бақылау чегінің төлнұсқалығын тексеру үшін фискалдық деректер операторының атауы және фискалдық деректер операторы интернет-ресурсының деректемелері.

      10) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауы;

      11) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің саны, олардың өлшем бірлігі;

      12) тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті сатудың жалпы сомасы;

      13) егер салық төлеуші қосылған құн салығын төлеуші болып табылған жағдайда – қосылған құн салығы салынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі айналымдар бойынша мөлшерлеме көрсетіле отырып, қосылған құн салығының сомасы;

      14) бақылау-касса машинасы пайдаланылатын жердің мекенжайы;

      15) бақылау-касса машинасының чегі туралы ақпаратты кодталған түрде қамтитын штрих код.

      Осы тармақтың бірінші бөлігі 9) және 15) тармақшаларының ережелері деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналарының чектеріне қолданылмайды.

      Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қолданатын аппараттық-бағдарламалық кешендердің бақылау чегінің нысаны мен мазмұнын уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді.

      Валюта айырбастау, металл сынықтарын, шыны ыдысты қабылдау пункттерінде, ломбардтарда қолданылатын бақылау-касса машиналарының чегі қосымша сату сомасы және сатып алу сомасы туралы ақпаратты қамтуға тиіс.

      8. Бақылау-касса машинасының чегі қосымша бақылау-касса машинасын дайындаушы зауыттың техникалық құжаттамасында көзделген, оның ішінде қосылған құн салығының сомасын көрсететін деректерді қамтуы мүмкін.

      9. Бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібін уәкілетті орган айқындайды.";

      3) алып тасталды - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 22-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).

      23-бап. Салық кодексінің 167, 168 және 169-баптарының қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы баптар мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:

      "167-бап. Бақылау-касса машиналарын салық органында есепке қою

      1. Осы тармақта белгіленген жағдайды қоспағанда, модельдерi мемлекеттік тiзiлiмге енгiзiлген, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар, техникалық ақауы жоқ бақылау-касса машиналары пайдаланатын жері бойынша салық органдарында есепке қоюға жатады.

      Ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналары салық органдарында есепке қоюға жатады.

      2. Аппараттық-бағдарламалық кешендерді қоспағанда, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасын салық органдарында есепке қою үшін салық төлеуші салық органына:

      1) бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтінішті;

      2) салық төлеуші туралы мәліметтері бар бақылау-касса машинасын;

      3) нөмірленген, тігілген, салық төлеушінің қолымен және (немесе) мөрімен (болған кезде) куәландырылған тауар чектерінің кітабын ұсынады.

      3. Аппараттық-бағдарламалық кешен болып табылатын, деректерді беру функциясы бар бақылау-касса машинасын есепке қою үшін салық төлеуші салық органына:

      1) бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтінішті;

      2) аппараттық-бағдарламалық кешеннің функционалдық мүмкіндіктері мен сипаттарының қысқаша сипаттамасын;

      3) есепке қою үшін өтініш жасалған аппараттық-бағдарламалық кешен моделінің "Салық инспекторының жұмыс орны" модулін пайдалану жөніндегі нұсқаулығын ұсынады және оған қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

      4. Аппараттық-бағдарламалық кешендерді қоспағанда, ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде пайдаланылатын деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машинасын есепке қою үшін салық төлеуші салық органына:

      1) бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтінішті;

      2) фискалдық режимді орнатпай-ақ мәліметтерді енгізу мүмкін болатын, салық төлеуші туралы мәліметтері бар бақылау-касса машинасын;

      3) нөмірленген, тігілген, салық төлеушінің қолымен және (немесе) мөрімен (болған кезде) куәландырылған қолма-қол ақшаны есепке алу кітабын және тауар чектерінің кітабын ұсынады.

      5. Аппараттық-бағдарламалық кешен болып табылатын, ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде пайдаланылатын деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машинасын есепке қою үшін салық төлеуші салық органына мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтініш;

      2) аппараттық-бағдарламалық кешеннің функционалдық мүмкіндіктері мен сипаттарының қысқаша сипаттамасы;

      3) есепке қою үшін өтініш жасалған аппараттық-бағдарламалық кешен моделінің "Салық инспекторының жұмыс орны" модулін пайдалану жөніндегі нұсқаулық.

      6. Бақылау-касса машинасын есепке қоюды салық органдары бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырады.

      7. Бақылау-касса машиналарын есепке қою бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтініш алынған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде бақылау-касса машинасының тіркеу нөмірі беріле отырып және бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасы қалыптастырыла отырып жүргізіледі.

      8. Бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасының, тауар чегінің, қолма-қол ақшаны есепке алу кітабы мен тауар чектерi кiтабының нысандарын уәкілетті орган белгілейді.

      168-бап. Бақылау-касса машинасының тiркеу

      деректерiне өзгерістер енгізу

      1. Бақылау-касса машинасының тiркеу карточкасында көрсетiлген мәлiметтерді өзгерту салық төлеушiнің келу тәртібімен қағаз жеткізгіште салық органына:

      1) бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтiнiштi;

      2) бақылау-касса машинасының тiркеу карточкасын ұсынуы арқылы жүзеге асырылады.

      2. Бақылау-касса машинасының тiркеу карточкасында көрсетiлген мәлiметтерді өзгертуді салық төлеушi өзгерістер туындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      3. Тіркеу карточкасын ауыстыруды бақылау-касса машинасы есепке қойылған жердегі салық органы:

      1) тіркеу карточкасы жоғалған (бүлінген) жағдайда – осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген салықтық өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде;

      2) тіркеу карточкасында көрсетілген мәліметтер өзгерген жағдайда – осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген салықтық өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізеді.

      4. Бақылау-касса машинасының жаңа тіркеу карточкасы берілген кезде салық органы бұрын берген бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасы, салық төлеуші бақылау-касса машинасының көрсетілген тіркеу карточкасын жоғалтқан (бүлдірген) жағдайларды қоспағанда, салық органына қайтаруға жатады.

      169-бап. Бақылау-касса машинасын салық органында есептен шығару

      1. Бақылау-касса машинасын