Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ирландия Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны және оған Хаттаманы ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 130-VI ҚРЗ.

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗ

      2017 жылғы 26 сəуірде Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ирландия Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау жəне салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенция жəне оған Хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ирландия Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенция

      (2017 жылғы 29 желтоқсанда күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2018 ж., № 1, 15-құжат)

      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ирландия Үкіметі Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенция жасасуға ниет білдіре отырып, төмендегілер туралы уағдаласты:

1-бап Конвенция қолданылатын тұлғалар

      Осы Конвенция Уағдаласушы Мемлекеттердің біреуінің немесе екеуінің де резиденттері болып табылатын тұлғаларға қолданылады.

2-бап Конвенция қолданылатын салықтар

      1. Осы Конвенция Уағдаласушы Мемлекеттің немесе оның әкімшілік бөлімшелерінің, орталық немесе жергілікті билік органдарының атынан алынатын табысқа салынатын салықтарға, оларды алу әдісіне қарамастан қолданылады.

      2. Жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті иеліктен шығарудан алынған табыстарға салынатын салықтарды және кәсіпорындар төлейтін қызметақының немесе жалақының жалпы сомасынан алынатын салықтарды қоса алғанда, табыстың жалпы сомасына немесе табыстың жеке бөліктеріне салынатын салықтардың барлық түрлері табыстарға салынатын салықтар деп есептеледі.

      3. Осы Конвенция қолданылатын салықтар, атап айтқанда, мыналар болып табылады:

      a) Қазақстанда:

      (i) корпоративтік табыс салығы; және

      (ii) жеке табыс салығы

      (бұдан әрі "Қазақстан салығы" деп аталатын);

      b) Ирландияда:

      (i) табыс салығы;

      (ii) бірыңғай әлеуметтік аударымдар;

      (iii) корпорациялардың табысына салынатын салық; және

      (іv) мүлік құнының өсімінен алынатын табысқа салынатын салық

      (бұдан әрі "Ирландия салығы" деп аталатын).

      4. Конвенцияға қол қойылған күннен кейін қолданыстағы салықтарға қосымша немесе олардың орнына алынатын бірдей немесе мәні бойынша ұқсас кез келген салықтарға да осы Конвенция қолданылады. Уағдаласушы Мемлекеттердің құзыретті органдары өздерінің салық заңдарындағы кез келген елеулі өзгерістер туралы бір-бірін хабардар етеді.

3-бап Жалпы анықтамалар

      1. Егер мәнмәтіндегіден өзгеше туындамаса, осы Конвенцияның мақсаттары үшін:

      a) "Уағдаласушы Мемлекет" және "екінші Уағдаласушы Мемлекет" терминдері мәнмәтініне қарай Қазақстанды немесе Ирландияны білдіреді;

      b) "Қазақстан" термині Қазақстан Республикасын білдіреді және географиялық мағынада пайдаланылған кезде "Қазақстан" термині өзінің заңнамасына және халықаралық құқығына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік аумағын және Қазақстан өзінің егемендік құқықтары мен юрисдикциясын жүзеге асыратын аймақтарды қамтиды;

      c) "Ирландия" термині оның шегінде Ирландия халықаралық құқыққа сәйкес өзінің егемендік құқықтары мен юрисдикциясын жүзеге асыра алатын аумақ ретінде Арнайы экономикалық аймақ пен Құрлықтық қайраңға қатысты Ирландия заңнамасына сәйкес бар немесе арналған болуы мүмкін Ирландияның аумақтық суларынан тыс кез келген аймағын қамтиды;

      d) "тұлға" термині жеке тұлғаны, компанияны және тұлғалардың кез келген басқа да бірлестігін білдіреді;

      е) "компания" термині салық салу мақсаттары үшін корпоративтік құрылым ретінде қаралатын кез келген корпоративтік құрылымды немесе кез келген ұйымды білдіреді;

      f) "кәсіпорын" термині кез келген кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қолданылады;

      g) "Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорны" және "екінші Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорны" терминдері тиісінше Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатын кәсіпорынды және екінші Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті басқаратын кәсіпорынды білдіреді;

      һ) "халықаралық тасымалдау" термині теңіз немесе әуе кемесі екінші Уағдаласушы Мемлекеттегі пункттер арасында ғана пайдаланылатын жағдайларды қоспағанда, Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорны пайдаланатын теңіз немесе әуе кемесімен кез келген тасымалдауды білдіреді;

      і) "құзыретті орган" термині:

      (i) Қазақстанда: Қаржы министрлігін немесе оның уәкілетті өкілін;

      (ii) Ирландияда: Кірістер басқармасын немесе оның уәкілетті өкілін білдіреді;

      j) "ұлттық тұлға" термині:

      (i) Уағдаласушы Мемлекеттің азаматтығы бар кез келген жеке тұлғаны;

      (ii) Уағдаласушы Мемлекеттің қолданыстағы заңнамасының негізінде осындай мәртебені алған кез келген заңды тұлғаны, әріптестікті немесе қауымдастықты білдіреді;

      k) "кәсіпкерлік қызмет" термині кәсіптік көрсетілетін қызметтерді және тәуелсіз сипаттағы басқа да қызметті орындауды қамтиды.

      2. Уағдаласушы Мемлекет осы Конвенцияны кез келген уақытта қолданған кезде онда айқындалмаған кез келген термин, егер мәнмәтіндегіден өзгеше туындамаса, осы Уағдаласушы Мемлекеттің заңнамасы бойынша Конвенция қолданылатын салықтарға қатысты болатын мағынаға ие болады, Уағдаласушы Мемлекеттің қолданылатын салық заңнамасы бойынша кез келген мағына осы Мемлекеттің басқа заңдары бойынша терминге берілетін мағынадан басым болады.

4-бап Резидент

      1. Осы Конвенцияның мақсаттары үшін "Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті" термині осы Уағдаласушы Мемлекеттің заңнамасы бойынша оның тұрғылықты жері, тіркелген немесе инкорпорация жері, резиденттігі, басқару орны немесе осыған ұқсас сипаттағы кез келген басқа да өлшемшарт негізінде онда салық салынуға жататын кез келген тұлғаны білдіреді және сондай-ақ Уағдаласушы Мемлекетті және кез келген әкімшілік бөлімшені, орталық немесе жергілікті билік органын қамтиды. Алайда бұл термин осы Уағдаласушы Мемлекеттегі көздерден алынатын табысқа қатысты ғана осы Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуға жататын кез келген тұлғаны қамтымайды.

      2. Егер 1-тармақтың ережелеріне сәйкес жеке тұлға Уағдаласушы Мемлекеттердің екеуінің де резиденті болып табылса, онда оның мәртебесі мынадай түрде айқындалады:

      a) ол өзінің иелігіндегі тұрақты тұрғынжайы орналасқан Уағдаласушы Мемлекеттің ғана резиденті болып есептеледі, егер оның иелігінде Уағдаласушы Мемлекеттердің екеуінде де орналасқан тұрақты тұрғынжайы болса, ол неғұрлым тығыз жеке және экономикалық қатынастары (өмірлік мүдделер орталығы) бар Уағдаласушы Мемлекеттің ғана резиденті болып саналады;

      b) егер оның өмірлік мүдделер орталығы бар Уағдаласушы Мемлекетті айқындау мүмкін болмаса немесе Уағдаласушы Мемлекеттердің ешқайсысында өзінің иелігіндегі тұрақты тұрғынжайы болмаса, ол өзі әдетте тұратын Уағдаласушы Мемлекеттің ғана резиденті болып саналады;

      c) егер ол әдетте Уағдаласушы Мемлекеттердің екеуінде де тұратын болса немесе олардың ешқайсысында тұрмаса, ол ұлттық тұлғасы болып табылатын Уағдаласушы Мемлекеттің ғана резиденті болып саналады;

      d) егер жеке тұлғаның резиденттік мәртебесін а), b), с) тармақшаларының ережелеріне сәйкес айқындау мүмкін болмаса, Уағдаласушы Мемлекеттердің құзыретті органдары осы мәселені өзара келісім бойынша шешеді.

      3. Егер 1-тармақтың ережелеріне сәйкес жеке тұлғадан өзге тұлға Уағдаласушы Мемлекеттердің екеуінің де резиденті болса, ол өзінің тиімді басқару орны орналасқан Уағдаласушы Мемлекеттің ғана резиденті болып саналады.

5-бап Тұрақты мекеме

      1. Осы Конвенцияның мақсаттары үшін "тұрақты мекеме" термині кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметі толық немесе ішінара жүзеге асырылатын тұрақты қызмет орнын білдіреді.

      2. "Тұрақты мекеме" термині, атап айтқанда, мыналарды:

      a) басқару орнын;

      b) филиалды;

      c) офисті;

      d) фабриканы;

      е) шеберхананы;

      f) сауда нүктесін;

      g) басқа тұлғаларға сақтау үшін орын беретін тұлғаға қатысты қойманы;

      және

      һ) шахтаны, кенішті, мұнай немесе газ ұңғымасын, карьерді, қондырғыны, құрылысты (бұрғылау қондырғысын немесе теңіз кемесін қоса алғанда) немесе табиғи ресурстарды барлайтын, игеретін немесе өндіретін басқа да кез келген орынды, сондай-ақ осыған байланысты бақылау қызметтерін қамтиды.

      3. "Тұрақты мекеме" термині сонымен қатар:

      a) 12 айдан асатын кезеңге созылатын құрылыс алаңын немесе құрылыс, монтаждау немесе құрастыру объектісін;

      b) консультациялық қызметтерді қоса алғанда, қызметшілер немесе осындай мақсаттар үшін резидент жалдаған басқа персонал арқылы резиденттердің немесе қауымдасқан кәсіпорындар арқылы қызметтер көрсетуін, егер мұндай сипаттағы қызмет Уағдаласушы Мемлекет шегінде кез келген 12 айлық кезең ішінде 183 күннен асатын кезең немесе кезеңдер ішінде жалғасса (осындай немесе оған байланысты жоба үшін), қамтиды.

      Осы тармақты қолдану мақсаттары үшін:

      a) егер Уағдаласушы Мемлекеттің екінші Уағдаласушы Мемлекетте қызметін жүзеге асыратын кәсіпорны сол аймақта елеулі дәрежеде осыған ұқсас қызметті жүзеге асыратын басқа кәсіпорынмен қауымдасқан болса, онда бастапқы кәсіпорын өз қызметімен бір уақытта жүзеге асырылатын қызметті қоспағанда, соңғы кәсіпорынның бүкіл осындай қызметін жүзеге асырушы деп есептелетін болады;

      b) егер қатысушылардың бірі екінші қатысушының капиталын басқаруға, бақылауға немесе иелік етуіне тікелей немесе жанама түрде қатысатын болса, немесе егер дәл сол тұлғалар екі кәсіпорынның капиталын да басқаруға, бақылауға немесе иелік етуге тікелей немесе жанама түрде қатысатын болса, кәсіпорын басқа кәсіпорынмен қауымдасқан деп қаралады.

      4. Осы баптың алдыңғы ережелеріне қарамастан, "тұрақты мекеме" термині:

      a) құрылыстарды кәсіпорынға тиесілі тауарларды немесе бұйымдарды сақтау, көрсету немесе жеткізу мақсаттары үшін ғана пайдалануды;

      b) кәсіпорынға тиесілі тауарлар немесе бұйымдар қорын сақтау, көрсету немесе жеткізу мақсаттары үшін ғана күтіп-ұстауды;

      с) кәсіпорынға тиесілі тауарлар немесе бұйымдар қорын басқа кәсіпорынның қайта өңдеу мақсаттары үшін ғана күтіп-ұстауды;

      d) тұрақты қызмет орнын тауарларды немесе бұйымдарды сатып алу немесе кәсіпорынға ақпарат жинау үшін мақсаттары үшін ғана күтіп-ұстауды;

      е) тұрақты қызмет орнын кәсіпорын үшін кез келген басқа да қызметті жүзеге асыру мақсаттары үшін ғана күтіп-ұстауды;

      f) тұрақты қызмет орнын а) - е) тармақшаларында аталған қызмет түрлерінің кез келген амалын жүзеге асыру мақсатында ғана күтіп-ұстауды,

      a) - е) тармақшаларында аталған осындай қызмет немесе f) тармақшасы жағдайында тұрақты қызмет орнының осындай амалдың нәтижесінде туындайтын жиынтық қызметінің дайындық немесе көмекші сипаты болған жағдайда, қамтымайды.

      4.1. 4-тармақ, егер кәсіпорын немесе онымен тығыз байланысты кәсіпорын дәл осы Уағдаласушы Мемлекетте осы немесе басқа орын арқылы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырса және

      a) осы орын немесе басқа орын осы баптың ережелеріне сәйкес кәсіпорын немесе онымен тығыз байланысты кәсіпорын үшін тұрақты мекемені құрса, немесе

      b) екі кәсіпорын осы орын арқылы немесе дәл осы кәсіпорын немесе онымен тығыз байланысты кәсіпорындар екі орын арқылы жүзеге асыратын қызмет түрлерінің амалдары нәтижесінде алынған жиынтық қызметтің дайындық немесе көмекші сипаты болмаса,

      екі кәсіпорын осы орын арқылы немесе осы кәсіпорын немесе онымен тығыз байланысты кәсіпорындар екі орын арқылы жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызмет жалпы кәсіпкерлік қызметтің бір бөлігі болып табылатын өзара толықтыратын функцияларды білдіретін жағдайда кәсіпорын пайдаланатын немесе күтіп-ұстайтын кәсіпкерлік қызметтің тұрақты орнына қолданылмайды.

      5. 1 және 2-тармақтардың ережелеріне қарамастан, бірақ 6-тармақтың ережелері ескеріле отырып, егер тұлға Уағдаласушы Мемлекетте кәсіпорынның атынан әрекет етсе және осылайша әдетте шарттар жасасса, немесе әдетте кәсіпорын тарапынан елеулі өзгерістерсіз жасалатын келісімшарттарды жасасуда басты рөл атқарса, және бұл келісімшарттар:

      a) кәсіпорынның атынан, немесе

      b) меншік құқығын беру үшін, немесе осы кәсіпорынға тиесілі немесе кәсіпорынның пайдалану құқығы бар мүлікті пайдалану құқығын беру үшін, немесе

      c) осы кәсіпорынның қызмет көрсетуі үшін қолданылса,

      осы кәсіпорын, егер осындай тұлғаның қызметі 4-тармақтың ережелеріне сәйкес тіпті қызметтің тұрақты орны арқылы жүзеге асырылғанда да бұл қызметтің тұрақты орнын тұрақты мекемеге айналдырмайтын аталған тармақта айтылған қызмет түрлерімен шектелмесе ғана, осы тұлға кәсіпорын үшін жүзеге асыратын кез келген қызметке қатысты осы Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекемесі бар кәсіпорын ретінде қаралады.

      6. а) егер Уағдаласушы Мемлекетте екінші Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорны атынан әрекет ететін тұлға бірінші аталған Уағдаласушы Мемлекетте тәуелсіз агент ретінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырса және өзінің әдеттегі қызметі шеңберінде кәсіпорын атынан әрекет етсе, 5-тармақ қолданылмайды. Алайда, егер тұлға тек ол тығыз өзара байланысты бір немесе бірнеше кәсіпорын атынан немесе тек қана соның атынан дерлік әрекет етсе, бұл тұлға кез келген осындай кәсіпорынға қатысты осы тармақтың мәні шегінде тәуелсіз агент ретінде қаралмауға тиіс.

      b) Осы баптың мақсаттары үшін егер барлық тиісті фактілер мен мән-жайлардың негізінде бірі екіншісін бақылайтын болса немесе екеуі де сол тұлғалардың немесе кәсіпорындардың бақылауында болса, тұлға кәсіпорынмен тығыз байланысты болып табылады. Егер біреуінің екіншісінде тікелей немесе жанама 50 пайыздан аса бенефициарлық қатысу үлесі болса (немесе, компания жағдайында, жиынтық дауыс берудің және компания акциялары құнының немесе компания капиталында бенефициарлық қатысу үлесінің 50 пайыздан астамы) немесе егер басқа тұлғаның тұлғада және кәсіпорында тікелей немесе жанама 50 пайыздан аса бенефициарлық қатысу үлесі болса (немесе, компания жағдайында, жиынтық дауыс берудің және компания акциялары құнының немесе компанияда бенефициарлық қатысу үлесінің 50 пайыздан астамы), кез келген жағдайда да тұлға кәсіпорынмен тығыз байланысты ретінде қаралуға тиіс.

      7. Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатын компанияның екінші Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатын немесе осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын (не тұрақты мекеме арқылы не өзге жолмен) компанияны бақылауы немесе оның бақылауында болуы фактісі өздігімен осы компаниялардың бірін екіншісінің тұрақты мекемесіне айналдырмайды.

6-бап Жылжымайтын мүліктен алынатын табыстар

      1. Бір Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті екінші Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүліктен алатын табыстарға (ауыл немесе орман шаруашылығынан алынатын табысты қоса алғанда) осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкін.

      2. "Жылжымайтын мүлік" термині қаралып отырған мүлік орналасқан Уағдаласушы Мемлекеттің заңнамасы бойынша айқындалады. Мұндай термин кез келген жағдайда жылжымайтын мүлікке қатысты қосалқы мүлікті, ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында пайдаланылатын мал мен жабдықты, жер меншігіне қатысты заңнаманың ережелері қолданылатын құқықтарды, жылжымайтын мүлік узуфруктын және минералдық шикізат кен орнын, көздерін және басқа да табиғи ресурстарды игеру үшін берілетін өтемақы ретіндегі өзгермелі немесе тіркелген төлемдерге құқықтарды немесе игеру құқығын қамтиды. Теңіз және әуе кемелері жылжымайтын мүлік ретінде қаралмайды.

      3. 1-тармақтың ережелері жылжымайтын мүлікті тікелей пайдаланудан, жалға беруден немесе кез келген басқа нысанда пайдаланудан алынған табысқа қолданылады.

      4. 1 және 3-тармақтардың ережелері кәсіпорынның жылжымайтын мүлкінен алынатын табысқа да қолданылады.

7-бап Кәсіпкерлік қызметтен түсетін пайда

      1. Егер бір Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорны екінші Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан тұрақты мекеме арқылы сонда кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмаса ғана, кәсіпорынның пайдасына тек осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады. Егер кәсіпорын жоғарыда айтылғандай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырса, онда кәсіпорынның пайдасына екінші Уағдаласушы Мемлекетте, бірақ тек осындай тұрақты мекемеге қатысты бөлігіне ғана салық салынуы мүмкін.

      2. 3-тармақтың ережелері ескеріле отырып, егер бір Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорны екінші Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан тұрақты мекеме арқылы сонда кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырса, онда әрбір Уағдаласушы Мемлекетте, егер ол оқшау және дербес кәсіпорын болып, осындай немесе ұқсас жағдайларда дәл осындай немесе ұқсас қызметпен айналысса және өзі тұрақты мекемесі болып табылатын кәсіпорыннан толық тәуелсіз әрекет жасаса, оның алуы мүмкін пайда осындай тұрақты мекемеге жатқызылады.

      3. Тұрақты мекеменің пайдасын айқындау кезінде олардың тұрақты мекеме орналасқан Уағдаласушы Мемлекетте немесе басқа жерде жұмсалғанына қарамастан, басқару шығыстарын және жалпы әкімшілік шығыстарды қоса алғанда, тұрақты мекеменің мақсаттары үшін жұмсалған шығыстарды шегеруге жол беріледі.

      4. Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекемеге қатысты пайданы кәсіпорын пайдасының жалпы сомасын оның әртүрлі бөлімшелеріне пропорционалды бөлу негізінде айқындау әдеттегі практика болып табылғандықтан, осы баптың 2-тармағында ештеңе де Уағдаласушы Мемлекетке салық салынатын пайданы практикада қолданып жүргендей, осындай бөлу арқылы айқындауға кедергі келтірмейді, алайда таңдалған бөлу әдісі осы баптың қағидаттарына сәйкес келетін нәтижелер беруге тиіс.

      5. Тұрақты мекеменің кәсіпорын үшін тауарларды немесе бұйымдарды қарапайым сатып алуы негізінде осындай тұрақты мекемеге ешқандай пайда жатқызылмайды.

      6. Алдыңғы тармақтардың мақсаттары үшін тұрақты мекемеге жататын пайда, егер оны өзгерту үшін жеткілікті және дәлелді себеп болмаса ғана, жыл сайын нақ сол бір әдіспен айқындалады.

      7. Егер пайда осы Конвенцияның басқа баптарында жеке қаралатын табыстардың түрлерін қамтыса, онда осы баптың ережелері осындай баптардың ережелерін қозғамайды.

8-бап Халықаралық тасымалдаудан түсетін пайда

      1. Бір Уағдаласушы Мемлекет кәсіпорнының теңіз немесе әуе кемелерін халықаралық тасымалдауда пайдаланудан түсетін пайдасына сол Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.

      2. Осы баптың мақсаттары үшін теңіз немесе әуе кемелерін халықаралық тасымалдауларда пайдаланудан алынған пайда:

      a) егер мұндай теңіз және әуе кемелері халықаралық тасымалдауларда пайдаланылатын болса, не егер жалға беруден алынған пайда негізгі пайда болып табылмаса және 1-тармақта сипатталғандай салық салынса, теңіз немесе әуе кемелерін жалға беруден және

      b) әуе кемелерінің қозғалтқыштарын жалға беруден алынған пайданы қамтиды.

      3. 1-тармақтың ережелері көлік құралдарын пайдалану жөніндегі пулға, бірлескен кәсіпкерлік қызметке немесе халықаралық ұйымға қатысудан түсетін пайдаға да қолданылады.

9-бап Қауымдасқан кәсіпорындар

      1. Егер:

      a) бір Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорны екінші Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорнын басқаруға, бақылауға немесе оның капиталына тікелей немесе жанама түрде қатысса, немесе

      b) нақ сол бір тұлғалар бір Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорнын және екінші Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорнын басқаруға, бақылауға немесе олардың капиталдарына тікелей немесе жанама түрде қатысса,

      және кез келген жағдайда екі кәсіпорынның арасында олардың коммерциялық немесе қаржылық өзара қарым-қатынастарында тәуелсіз екі кәсіпорынның арасында орын алуы мүмкін жағдайлардан өзгеше жағдайлар жасалса немесе белгіленсе, онда кәсіпорындардың біріне есептелуі мүмкін, бірақ осындай жағдайлардың орын алуына байланысты оған есептелмеген кез келген пайда мұндай кәсіпорынның пайдасына қосылуы мүмкін және тиісінше оған салық салынуы мүмкін.

      2. Егер бір Уағдаласушы Мемлекет екінші Уағдаласушы Мемлекет кәсіпорнының осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте салық салынатын пайдасын осы Уағдаласушы Мемлекет кәсіпорнының пайдасына қосса әрі тиісінше оған салық салса және осылайша қосылған пайда бірінші аталған Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорнына есептелетін пайда болса, егер екі кәсіпорынның арасындағы шарттар тәуелсіз тұлғалардың арасындағыдай болса, онда осы екінші Уағдаласушы Мемлекет осындай пайдадан есептелген салық сомасына тиісті түзету жасайды. Мұндай түзетуді айқындау кезінде осы Конвенцияның басқа да ережелері ескерілуге тиіс және Уағдаласушы Мемлекеттердің құзыретті органдары қажет болған кезде бір-біріне консультация беруге тиіс.

10-бап Дивидендтер

      1. Бір Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатын және іс жүзінде екінші Уағдаласушы Мемлекеттің резидентінің меншігінде болатын компания төлейтін дивидендтерге осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкін.

      2. Алайда, резиденті дивидендтер төлейтін компания болып табылатын Уағдаласушы Мемлекетте және осы Уағдаласушы Мемлекеттің заңнамасына сәйкес мұндай дивидендтерге салық салынуы мүмкін, бірақ егер дивидендтердің нақты иесі екінші Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылса, онда осылайша алынатын салық:

      a) егер нақты иесі дивидендтерді төлейтін компания капиталының кемінде 25 пайызына тікелей иелік ететін (әріптестіктен өзге) компания болса, дивидендтердің жалпы сомасының 5 пайызынан;

      b) қалған барлық жағдайларда дивидендтердің жалпы сомасының 15 пайызынан аспауға тиіс.

      Осы тармақтың ережелері компанияның дивидендтер төленетін пайдасына салық салуды қозғамайды.

      3. 2-тармақтың ережелеріне қарамастан, бір Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатын компания төлейтін дивидендтерге, егер дивидендтердің нақты иесі:

      a) Қазақстанда:

      (i) Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе орталық немесе жергілікті билік органы;

      (ii) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі; немесе

      (iii) Уағдаласушы Мемлекеттердің құзыретті органдары арасында мезгіл-мезгіл келісілуі мүмкін, Қазақстан Республикасының Үкіметіне толығымен тиесілі кез келген мекеме;

      b) Ирландияда:

      (i) Ирландия Үкіметі немесе орталық немесе жергілікті билік органы;

      (ii) Ирландия Орталық банкі;

      (iii) Уағдаласушы Мемлекеттердің құзыретті органдары арасында мезгіл-мезгіл келісілуі мүмкін, Ирландия Үкіметіне толығымен тиесілі кез келген мекеме болып табылса, екінші Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.

      4. "Дивидендтер" термині осы бапта пайдаланылған кезде акциялардан немесе борыштық талаптар болып табылмайтын басқа да құқықтардан, пайдаға қатысудан алынатын табысты, сондай-ақ пайданы бөлуші компания резиденті болып табылатын Уағдаласушы Мемлекеттің заңнамасына сәйкес акциялардан алынатын табыс сияқты дәл сондай салықтық реттеуге жататын басқа да корпоративтік құқықтардан алынатын табысты білдіреді.

      5. Егер бір Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатын, дивидендтердің нақты иесі дивидендтерді төлейтін компания резиденті болып табылатын екінші Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан тұрақты мекеме арқылы сонда кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырса және өзіне қатысты дивидендтер төленетін қатысу шын мәнінде осындай тұрақты мекемемен байланысты болса, 1 және 2-тармақтардың ережелері қолданылмайды. Мұндай жағдайда 7-баптың ережелері қолданылады.

      6. Егер Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатын компания екінші Уағдаласушы Мемлекеттен пайда немесе табыс алатын болса, онда осы екінші Уағдаласушы Мемлекет мұндай дивидендтер осы екінші Уағдаласушы Мемлекеттің резидентіне төленетін немесе өзіне қатысты дивидендтер төленетін қатысу осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан тұрақты мекемемен шын мәнінде байланысты болатын жағдайларды қоспағанда, осындай компания төлейтін дивидендтерден кез келген салықты алмауы мүмкін және егер төленетін дивидендтер немесе бөлінбеген пайда толығымен немесе ішінара осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте пайда болатын пайдадан немесе табыстан құралса да, компанияның бөлінбеген пайдасынан бөлінбеген пайда салығы алынбауы мүмкін.

      7. Осы Конвенцияда ештеңе де Уағдаласушы Мемлекетке осы Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатын компанияның пайдасына есептелуі мүмкін салыққа қосымша, осылайша есептелген кез келген қосымша салық осындай пайда сомасының 5 пайызынан аспайтын жағдайда, осы Уағдаласушы Мемлекеттегі тұрақты мекемеге жататын компанияның пайдасына арнайы салық салуға кедергі келтіретін ретінде түсіндірілмейді. Осы тармақтың мақсаттары үшін пайда тұрақты мекеме орналасқан сол Уағдаласушы Мемлекетте алынатын, осы тармақта аталған қосымша салықтан өзге барлық салықтарды одан шегеріп тастағаннан кейін айқындалады.

11-бап Пайыздар

      1. Уағдаласушы Мемлекетте пайда болатын және екінші Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатын нақты иесіне тиесілі пайыздарға осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкін.

      2. Алайда мұндай пайыздарға олар пайда болатын сол Уағдаласушы Мемлекетте және осы Уағдаласушы Мемлекеттің заңнамасына сәйкес салық салынуы мүмкін, бірақ, егер пайыздардың нақты иесі екінші Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылса, онда осылайша алынатын салық пайыздардың жалпы сомасының 10 пайызынан аспауға тиіс.

      3. 2-тармақтың ережелеріне қарамастан, бір Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатын компания төлейтін пайыздарға, егер пайыздардың нақты иесі:

      a) Қазақстанда:

      (i) Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе орталық немесе жергілікті билік органы;

      (ii) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі; немесе

      (iii) Уағдаласушы Мемлекеттердің құзыретті органдары арасында мезгіл-мезгіл келісілуі мүмкін Қазақстан Республикасының Үкіметіне толығымен тиесілі кез келген мекеме;

      b) Ирландияда:

      (i) Ирландия Үкіметі немесе орталық немесе жергілікті билік органы;

      (ii) Ирландия Орталық банкі;

      (iii) Уағдаласушы Мемлекеттердің құзыретті орғандары арасында мезгіл-мезгіл келісілуі мүмкін Ирландия Үкіметіне толығымен тиесілі кез келген мекеме болып табылса, тек екінші Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.

      4. "Пайыздар" термині осы бапта пайдаланылған кезде кепілмен қамтамасыз етілген немесе қамтамасыз етілмеген және борышкердің пайдасына қатысу құқығын беретін немесе бермейтін кез келген түрдегі борыштық талаптардан алынатын табысты және атап айтқанда, үкіметтік/мемлекеттік бағалы қағаздардан алынатын табысты және осындай бағалы қағаздар, облигациялар немесе борыштық міндеттемелер бойынша төленетін сыйлықтар мен ұтыстарды қоса алғанда, облигациялардан немесе борыштық міндеттемелерден алынатын табысты, сондай-ақ осындай табыстар пайда болатын, бірақ 10-бапқа сәйкес дивидендтер ретінде қаралатын табыстың кез келген түрін қамтымайтын Уағдаласушы Мемлекеттің заңнамасына сәйкес қарыздан алынған табыс ретінде қаралатын барлық басқа табыстарды білдіреді.

      5. Егер бір Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатын пайыздардың нақты иесі пайыздар пайда болатын екінші Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан тұрақты мекеме арқылы сонда кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырса және өзіне қатысты пайыздар төленетін борыштық талап шын мәнінде осындай тұрақты мекемемен байланысты болса, 1 және 2-тармақтардың ережелері қолданылмайды. Мұндай жағдайда 7-баптың ережелері қолданылады.

      6. Егер төлеуші осы Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылса, пайыздар Уағдаласушы Мемлекетте пайда болады деп есептеледі. Алайда, егер пайыздарды төлеуші тұлға Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатынына-табылмайтынына қарамастан, Уағдаласушы Мемлекетте оған байланысты пайыздар төлеу міндеттемесі пайда болған тұрақты мекемесі болса және тұрақты мекеме осындай пайыздар бойынша шығыстарды көтеретін болса, онда мұндай пайыздар осындай тұрақты мекеме орналасқан Уағдаласушы Мемлекетте пайда болған деп есептеледі.

      7. Егер төлеуші мен нақты иесі арасындағы немесе сол екеуі мен қандай да болсын басқа бір тұлғаның арасындағы арнайы қатынастардың себебінен оның негізінде төленетін борыштық талапқа қатысты пайыздардың сомасы төлеуші мен олардың нақты иесі арасында осындай қатынастар болмаған кезде келісіле алатындай сомадан асатын болса, онда осы баптың ережелері тек соңғы аталған сомаға ғана қолданылады. Мұндай жағдайда төлемдердің асып кеткен бөлігіне осы Конвенцияның басқа ережелері ескеріле отырып, әрбір Уағдаласушы Мемлекеттің заңнамасына сәйкес салық салынуға тиіс.

12-бап Роялти

      1. Бір Уағдаласушы Мемлекетте пайда болатын және екінші Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатын нақты иесіне төленетін роялтиге осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкін.

      2. Алайда мұндай роялтиге, сондай-ақ олар пайда болатын Уағдаласушы Мемлекетте және осы Уағдаласушы Мемлекеттің заңнамасына сәйкес салық салынуы мүмкін, бірақ, егер роялтидің нақты иесі екінші Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылса, онда осылайша алынатын салық роялтидің жалпы сомасының 10 пайызынан аспауға тиіс.

      3. "Роялти" термині осы бапта пайдаланылған кезде кинематографиялық фильмдерді және лентадағы немесе радио немесе телевизиялық хабар тарату немесе басқа тарату немесе беру құралдары үшін пайдаланылатын басқа да тасығыштардағы жазбаларды қоса алғанда, әдебиет, өнер немесе ғылыми жұмыс шығармаларына, кез келген патентке, сауда таңбасына, дизайнға немесе модельге, жоспарға, құпия формулаға немесе процеске кез келген авторлық құқықты пайдаланғаны немесе пайдалану құқығын бергені үшін немесе өнеркәсіптік, коммерциялық немесе ғылыми тәжірибеге қатысты ақпарат үшін сыйақы ретінде алынатын төлемдердің кез келген түрін және өнеркәсіптік, коммерциялық немесе ғылыми жабдықты пайдаланғаны немесе пайдалану құқығын бергені үшін төлемдерді білдіреді.

      4. Егер Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатын роялтидің нақты иесі роялти пайда болатын екінші Уағдаласушы Мемлекетте кәсіпкерлік қызметті сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырса және өзіне қатысты роялти төленетін құқық немесе мүлік шын мәнінде осындай тұрақты мекемемен байланысты болса, 1 және 2- тармақтарының ережелері қолданылмайды. Мұндай жағдайда 7-баптың ережелері қолданылады.

      5. Егер төлеуші осы Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылса, роялти Уағдаласушы Мемлекетте пайда болды деп есептеледі. Алайда, егер роялтиді төлеуші тұлға Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатынына-табылмайтынына қарамастан, Уағдаласушы Мемлекетте оған байланысты роялти төлеу міндеттемесі пайда болған тұрақты мекемесі болса және мұндай роялти бойынша шығыстарды тұрақты мекеме көтеретін болса, онда мұндай роялти тұрақты мекеме орналасқан Уағдаласушы Мемлекетте пайда болды деп есептеледі.

      6. Егер төлеуші мен нақты иесі арасындағы немесе сол екеуі мен қандай да болмасын басқа бір тұлғаның арасындағы ерекше қатынастар болуы себебінен олардың негізінде төленетін пайдалануға, құқыққа немесе ақпаратқа қатысты роялтидің сомасы мұндай қатынастар болмаған кезде төлеуші мен оның нақты иесі арасында келісуге болатындай сомадан асатын болса, онда осы баптың ережелері тек соңғы аталған сомаға ғана қолданылады. Мұндай жағдайда төлемдердің асып кеткен бөлігіне осы Конвенцияның басқа ережелері ескеріле отырып, әрбір Уағдаласушы Мемлекеттің заңнамасына сәйкес салық салынуға тиіс.

13-бап Мүлік құнының өсімінен алынатын табыстар

      1. Бір Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті 6-бапта айқындалған және екінші Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүлікті иеліктен шығарудан алған табыстарға осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкін.

      2. Бір Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорнының екінші Уағдаласушы Мемлекеттегі тұрақты мекемесінің кәсіпкерлік мүлкінің бір бөлігін құрайтын жылжымалы мүлікті иеліктен шығарудан алынатын табысқа, мұндай тұрақты мекемені (жеке немесе кәсіпорынмен жиынтықта) иеліктен шығарудан алынатын табысты қоса алғанда, осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкін.

      3. Халықаралық тасымалдауда пайдаланылатын теңіз немесе әуе кемелерін немесе мұндай теңіз немесе әуе кемелерін пайдалануға байланысты жылжымалы мүлікті иеліктен шығарудан Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорны алған табыстарға сол Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.

      4. Бір Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті:

      a) танымал қор биржасында бағаланатын акцияларды қоспағанда, өз құнының 50 пайызынан астамын тікелей немесе жанама түрде екінші Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүліктен алатын компания капиталындағы акцияларды немесе оған салыстырмалы пайыздарды;

      b) өз құнының 50 пайызынан астамын тікелей немесе жанама түрде екінші Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүліктен алатын әріптестегі немесе трастағы қатысу үлесін; немесе

      c) өз құнын немесе құнының көп бөлігін тікелей немесе жанама түрде осындай құқықтардан алатын барлауға немесе әзірлеуге құқықтарды немесе акцияларды (немесе салыстырмалы құралдарды) иеліктен шығарудан алатын табыстарға осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкін.

      Бұл тармақта "барлауға немесе игеруге құқықтар" екінші Уағдаласушы Мемлекетте табиғи ресурстарды барлау немесе игеру нәтижесінде алынатын активтерден түсетін пайыздарға немесе пайдаға құқықтарды қоса алғанда, осындай активтерге құқықтарды білдіреді.

      5. 1, 2, 3 және 4-тармақтарда көзделгендегіден өзге кез келген мүлікті иеліктен шығарудан алынатын табыстарға мүлікті иеліктен шығаратын тұлға резиденті болып табылатын Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.

      6. 5-тармақтың ережелері Уағдаласушы Мемлекеттің заңнамасына сәйкес екінші Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатын және мүлікті тікелей иеліктен шығару алдындағы бес жыл ішіндегі кез келген уақытында бірінші аталған Уағдаласушы Мемлекетте резидент болған жеке тұлға алған кез келген мүлікті иеліктен шығарудан түскен табысқа салынатын салықты алу құқығын қозғамайды.

14-бап Жалдамалы жұмыстан алынатын табыстар

      1. 15, 17, 18 және 20-баптардың ережелерін ескере отырып, бір Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті жалданып істеген жұмысына байланысты алған қызметақыға, жалақыға және басқа да ұқсас сыйақыға, егер жалданып жұмыс істеу екінші Уағдаласушы Мемлекетте орындалмаса, осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады. Егер жалданып істейтін жұмыс осылайша орындалса, осыған байланысты алынған осындай сыйақыға осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкін.

      2. 1-тармақтың ережелеріне қарамастан, бір Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті екінші Уағдаласушы Мемлекетте орындалатын жалданып жұмыс істеуіне байланысты алған сыйақыға салық, егер:

      a) алушы тиісті салық жылы басталатын немесе аяқталатын кез келген он екі айлық кезеңде жалпы жиынтығы 183 күннен аспайтын кезең немесе кезеңдер ішінде екінші Уағдаласушы Мемлекетте болса; және

      b) сыйақыны екінші Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылмайтын жұмыс беруші төлесе немесе ол жұмыс берушінің атынан төленсе; және

      c) сыйақы төлеу жөніндегі шығыстарды жұмыс берушінің екінші Уағдаласушы Мемлекеттегі тұрақты мекемесі көтермесе, бірінші аталған Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.

      3. Осы баптың алдыңғы ережелеріне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорны халықаралық тасымалдауда пайдаланатын теңіз немесе әуе кемесінің бортында орындалатын жалданып істеген жұмысына байланысты алған сыйақыға осы Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкін.

15-бап Директорлардың гонорарлары

      Екінші Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатын компанияның директорлар кеңесінің немесе оған ұқсас компания органының мүшесі ретінде бір Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті алған директорлардың гонорарларына және басқа да осыған ұқсас төлемдерге осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкін.

16-бап Әртістер мен спортшылар

      1. 7 және 14-баптардың ережелеріне қарамастан, бір Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті театр, кино, радио немесе телевизия әртісі немесе музыкант сияқты өнер қызметкері ретінде немесе спортшы ретінде екінші Уағдаласушы Мемлекетте жүзеге асыратын өзінің жеке қызметінен алған табысына осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкін.

      2. Егер өнер қызметкері немесе спортшы осы тұрғыдан жүзеге асыратын жеке қызметінен алатын табыс өнер қызметкерінің немесе спортшының өзіне емес басқа тұлғаға есептелсе, мұндай табысқа 7 және 14-баптардың ережелеріне қарамастан, өнер қызметкерінің немесе спортшының қызметі жүзеге асырылатын Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкін.

      3. Егер өнер қызметкерінің немесе спортшының Уағдаласушы Мемлекетке сапары толығымен,, немесе едәуір дәрежеде Уағдаласушы Мемлекеттердің біреуінің немесе екеуінің де қоғамдық қорларынан немесе әкімшілік бөлімшелерінен, орталық немесе жергілікті билік органдарынан қаржыландырылса, осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелері оның осы Уағдаласушы Мемлекетте жүзеге асыратын қызметінен алынған табысына қолданылмайды. Мұндай жағдайда табысқа өнер қызметкері немесе спортшы резиденті болып табылатын Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.

17-бап Зейнетақылар мен аннуитеттер

      1. 18-баптың 2-тармағының ережелеріне сәйкес Уағдаласушы Мемлекеттің резидентіне бұрынғы жұмысына қатысты төленетін зейнетақылар мен басқа да осыған ұқсас сыйақыға және осындай резидентке төленетін кез келген аннуитетке осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.

      2. "Аннуитет" термині жеке тұлғаға белгіленген уақытта өмір бойы кезең-кезеңімен төленуге жататын не белгілі бір немесе белгіленген уақыт кезеңі ішінде міндеттемеге сәйкес осындай төлемдерді барабар және толық ақшалай немесе құндық мәнінде орнын толтыру үшін жүргізуге белгіленген соманы білдіреді.

18-бап Мемлекеттік қызмет

      1. а) Уағдаласушы Мемлекет немесе оның әкімшілік бөлімшесі, орталық немесе жергілікті билік органы жеке тұлғаға осы Уағдаласушы Мемлекет немесе оның әкімшілік бөлімшесі, орталық немесе жергілікті билік органы үшін жүзеге асыратын қызметі үшін төлейтін қызметақыға, жалақыға және басқа да осыған ұқсас сыйақыға осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.

      b) Алайда, мұндай қызметақыға, жалақыға және басқа да осыған ұқсас сыйақыға, егер қызмет екінші Уағдаласушы Мемлекетте жүзеге асырылса және екінші Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатын жеке тұлға:

      (i) осындай екінші Уағдаласушы Мемлекеттің ұлттық тұлғасы болып табылса; немесе

      (ii) осындай қызметті жүзеге асыру мақсатында ғана осындай екінші Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болмаса, екінші Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.

      2. а) 1-тармақтың ережелеріне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекет немесе осындай Уағдаласушы Мемлекет құрған қорлардан немесе оның әкімшілік бөлімшесі, орталық немесе жергілікті билік органы жеке тұлғаға осы Уағдаласушы Мемлекет немесе оның әкімшілік бөлімшесі, орталық немесе жергілікті билік органы үшін жүзеге асырған қызметі үшін төлейтін зейнетақыға және басқа да осыған ұқсас сыйақыға осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.

      b) Алайда, мұндай зейнетақыға және басқа да осыған ұқсас сыйақыға, егер жеке тұлға екінші Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті және ұлттық тұлғасы болып табылса, екінші Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.

      3. 14, 15, 16 және 17-баптардың ережелері Уағдаласушы Мемлекет немесе оның әкімшілік бөлімшесі, орталық немесе жергілікті билік органы жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметпен байланысты қызметке қатысты қызметақыларға, жалақыға, зейнетақыларға және басқа да осыған ұқсас сыйақыға қолданылады.

19-бап Студенттер немесе тағылымдамадан өтушілер

      1. Бір Уағдаласушы Мемлекетке тікелей келгенге дейін екінші Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатын немесе болып табылған және бірінші аталған Уағдаласушы Мемлекетте білім алу немесе тағылымдамадан өту мақсатында болатын студент немесе тағылымдамадан өтуші өзін-өзі қамтамасыз ету, білім алу немесе тағылымдамадан өту мақсатында алатын төлемдерге, мұндай төлемдер осы Уағдаласушы Мемлекеттен тыс жердегі көздерден жүргізілетіндіктен, осы Уағдаласушы Мемлекетте салық салынбайды.

      2. Гранттарға, стипендиялар мен басқа да осыған ұқсас сыйақыға және 1-тармақта көрсетілмеген жалданып істейтін жұмыстан түсетін сыйақыға қатысты 1-тармақта аталған студенттің немесе тағылымдамадан өтушінің осындай оқуы немесе тағылымдамадан өтуі уақытында өзі болатын Уағдаласушы Мемлекеттің резиденттеріне берілетін салықтарға қатысты дәл сондай жеңілдіктерге, жеңілдетулерге немесе шегерімдерге құқығы бар.

20-бап Оқытушылар, профессорлар мен зерттеушілер

      1. Бір Уағдаласушы Мемлекетке тікелей келер алдында екінші Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатын немесе болып табылған және бірінші аталған Уағдаласушы Мемлекетте негізгі мақсаты осы Уағдаласушы Мемлекеттің университетінде, колледжінде немесе басқа да танылған ғылыми-зерттеу институтында немесе басқа да жоғары білім мекемесінде оқыту, дәріс оқу немесе ғылыми зерттеу жүргізу болатын жеке тұлға осындай оқыту, дәріс оқу немесе ғылыми зерттеу жүргізу үшін алатын сыйақыға қатысты бірінші аталған Уағдаласушы Мемлекетке оның алғаш келген күнінен бастап екі жыл бойы осы Уағдаласушы Мемлекетте салық салудан босатылады.

      2. Осы баптың алдыңғы ережелері, егер зерттеу бірінші кезекте нақты адамның немесе адамдардың жеке пайдасы үшін жүргізілсе, профессор немесе оқытушы зерттеулер жүргізгені үшін алатын сыйақыға қолданылмайды.

21-бап Басқа да табыстар

      1. Уағдаласушы Мемлекет резидентінің осы Конвенцияның алдыңғы баптарында көзделмеген табыс түрлерінің пайда болу көзіне қарамастан, оларға осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.

      2. 6-баптың 2-тармағында айқындалған жылжымайтын мүліктен алынатын табыстан өзге табысқа, егер мұндай табыстың нақты иесі бір Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті бола тұра, екінші Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырса және оларға байланысты табыс төлеу жүргізілген құқық немесе мүлік іс жүзінде осындай тұрақты мекемеге байланысты болса, 1-тармақтың ережелері қолданылмайды. Мұндай жағдайда 7-баптың ережелері қолданылады.

      3. 1 және 2-тармақтардың ережелеріне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекет резидентінің осы Конвенцияның алдыңғы баптарында көзделмеген және екінші Уағдаласушы Мемлекетте пайда болатын табыс түрлеріне осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкін.

22-бап Белгілі бір құрлықтан тыс қызметке қолданылатын басқа да қағидалар

      1. Осы баптың ережелері, егер қызмет (осы Бап үшін - "тиісті қызмет") Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан теңіз түбі мен оның қойнауын және оның табиғи ресурстарын барлауға немесе игеруге байланысты құрлықтан тыс жүзеге асырылатын болса, осы Конвенцияның кез келген басқа ережелеріне қарамастан қолданылады.

      2. Екінші Уағдаласушы Мемлекетте тиісті қызметті жүзеге асыратын Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорны осы баптың 3-тармағын ескере отырып, кәсіпкерлік қызметті сол Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырады деп есептеледі.

      3. Кез келген 12 айлық кезеңде жалпы ұзақтығы 30 күннен аспайтын кезең немесе кезеңдер ішінде бір Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорны екінші Уағдаласушы Мемлекетте жүзеге асыратын тиісті қызмет сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызмет ретінде қаралмайды. Осы тармақты қолдану мақсаттары үшін:

      a) егер бір Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорны екінші Уағдаласушы Мемлекеттегі тиісті қызметті едәуір дәрежеде осы екінші Уағдаласушы Мемлекеттегі тиісті қызметпен ұқсас қызметті жүзеге асыратын екінші кәсіпорынмен байланысты жүзеге асырса, онда бастапқы кәсіпорын өз қызметімен бір уақытта жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда, соңғы кәсіпорынның барлық осындай қызметін жүзеге асырушы деп есептелетін болады;

      b) егер қатысушылардың бірі екіншісін басқаруға, бақылауға немесе капиталына иелік етуге тікелей немесе жанама түрде қатысатын болса немесе егер сол тұлға екі кәсіпорынды да басқаруға, бақылауға немесе капиталына иелік етуге тікелей немесе жанама түрде қатысатын болса, кәсіпорын екінші кәсіпорынмен байланысты деп қаралады.

      4. Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті екінші Уағдаласушы Мемлекеттегі тиісті қызметке байланысты жалданып істейтін жұмысқа қатысты алатын қызметақыға, жалақыға және басқа да ұқсас сыйақыларға осындай міндеттер осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте құрлық жерден тыс орындалғандай бөлігінде осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкін.

      5. Бір Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті:

      a) барлау немесе игеру құқықтарын; немесе

      b) осындай құқықтардан өз құнын немесе құнының көп бөлігін алған акцияларды (немесе салыстырмалы құралдарды) иеліктен шығарудан алған табыстарға осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкін.

      Бұл тармақта "барлауға немесе игеруге құқықтар" екінші Уағдаласушы Мемлекетте теңіз түбін немесе қойнауларын, немесе олардың табиғи ресурстарын барлау немесе игеру кезінде алынатын активтердің пайыздарына немесе пайдасына құқықтарды қоса алғанда, осындай активтерге құқықтарды білдіреді.

23-бап Қосарланған салық салуды жою

      1. Қосарланған салық салу мынадай жағдайда жойылады:

      а) Қазақстанда осы Конвенцияның ережелеріне сәйкес Ирландияда салық салынуы мүмкін табысты алатын Қазақстан резидентіне Қазақстан осы резиденттің табыс салығынан Ирландияда төленген табыс салығына тең соманы шегеруге мүмкіндік береді.

      Алайда, мұндай шегерім Қазақстанда салық салынуы мүмкін табысқа жататын шегерім берілгенге дейін есептелген табыс салығының бөлігінен аспауға тиіс.

      b) Ирландияда, Ирландия заңдарының ережелеріне сәйкес Ирландия аумағынан тыс жерлерде төленуге жататын салықты Ирландия салығынан (жалпы қағидатты қозғамайтын) шегеруге рұқсат етіледі:

      (i) Қазақстан заңнамасына сай және осы Конвенцияға сәйкес тікелей немесе Қазақстандағы көздерден алынған пайдадан, табыстан немесе құн өсімінен (дивидендтерден алынатын салық дивидендтер төленетін пайдаға қатысты төлеуге жататын жағдайларды қоспағанда) шегеру арқылы төленетін Қазақстан салығы осындай салық салынған осындай пайдаға, табысқа немесе құн өсіміне есептелген Ирландия салығынан шегерілуі тиіс;

      (ii) Қазақстан резиденті болып табылатын компания Ирландия резиденті болып табылатын және дивидендтер төлейтін компаниядағы дауыс беру құқығының 5 немесе одан да көп пайызын тікелей немесе жанама түрде бақылайтын компанияға дивиденд төлеуі жағдайында, шегеру сомасы (осы тармақтың b) (і) тармақшасына сәйкес шегерілуі мүмкін Қазақстанның кез келген салығына қосымша) компания осындай дивидендтер төленетін пайдаға қатысты төлейтін Қазақстан салығын қамтиды.

      2. Егер осы Конвенцияның кез келген ережесіне сәйкес Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті алған табыс екінші Уағдаласушы Мемлекетте салықтан босатылса, мұндай Уағдаласушы Мемлекет, дегенмен, табысының қалған сомалары бойынша салық сомасын есептеу кезінде осындай резиденттің босатылған табысын есепке алуы мүмкін.

      3. 1 және 2-тармақтардың мақсаттары үшін осы Конвенцияға сәйкес екінші Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкін Уағдаласушы Мемлекеттің резидентіне тиесілі пайда, табыс және құн өсімі осы екінші Уағдаласушы Мемлекеттегі көздерден алынатын табыстар болып есептеледі.

      4. Егер осы Конвенцияның кез келген ережесіне ("ережелер") сәйкес Уағдаласушы Мемлекетте табыс немесе құн өсімі толық немесе ішінара салықтан босатылса және екінші Уағдаласушы Мемлекеттің қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке тұлғаның аталған табысына немесе құн өсіміне қатысты табыстың немесе құн өсімінің барлық сомасы емес, осы екінші Уағдаласушы Мемлекетке аударылған немесе сонда алынған сома салық салу объектісі болып табылса, ережелерге қарамастан, алғашқы аталған Уағдаласушы Мемлекетте осы Уағдаласушы Мемлекетке аударылған немесе онда алынған табыс немесе құн өсімі сомасының бөлігінде ғана босатылады.

24-бап Кемсітпеу

      1. Бір Уағдаласушы Мемлекеттің ұлттық тұлғалары екінші Уағдаласушы Мемлекетте, дәл сондай жағдайларда, атап айтқанда, резиденттікке қатысты осы екінші Уағдаласушы Мемлекеттің ұлттық тұлғалары ұшырайтын немесе ұшырауы мүмкін салық салудан немесе онымен байланысты міндеттемелерден өзгеше немесе едәуір ауыртпалықты болып табылатын кез келген салық салуға немесе онымен байланысты міндеттемеге ұшырамайды. Осы ереже 1-баптың ережелеріне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекеттердің біреуінің немесе екеуінің де резиденті болып табылмайтын тұлғаларға да қолданылады.

      2. Уағдаласушы Мемлекеттің резиденттері болып табылатын азаматтығы жоқ адамдар Уағдаласушы Мемлекеттердің ешқайсысында да кез келген салық салуға немесе онымен байланысты кез келген міндеттемеге дәл осындай жағдайларда, атап айтқанда, резиденттікке қатысты тиісті Уағдаласушы Мемлекеттің ұлттық тұлғалары ұшырайтын немесе ұшырауы мүмкін салық салудан немесе онымен байланысты міндеттемелерден өзгеше немесе ауыртпалықты болып табылатын кез келген салық салуға немесе онымен байланысты кез келген міндеттемеге ұшырамайды.

      3. Бір Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорны екінші Уағдаласушы Мемлекетте ие болып отырған тұрақты мекемеге салық салу осы екінші Уағдаласушы Мемлекеттің осыған ұқсас қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындарына салық салуға қарағанда осы екінші Уағдаласушы Мемлекеттегіден қолайсыз болмауы тиіс. Осы ереже Уағдаласушы Мемлекетті екінші Уағдаласушы Мемлекеттің резиденттеріне салық салу мақсаттары үшін олардың азаматтық мәртебесі немесе отбасылық жағдайы негізінде ол өзінің резиденттеріне беретін кез келген жеке салықтық жеңілдіктер, жеңілдетулер мен шегерімдер беруге міндеттейтіндей болып түсіндірілмеуі тиіс.

      4. 9-баптың 1-тармағының, 11-баптың 7-тармағының немесе 12-баптың 6-тармағының ережелері қолданылатын жағдайларды қоспағанда, бір Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорны екінші Уағдаласушы Мемлекеттің резидентіне жүргізетін пайыздар, роялти және басқа да төлемдер осындай резиденттің салық салынатын пайдасын анықтау мақсаттары үшін ол алғашқы аталған Уағдаласушы Мемлекеттің резидентіне төленетіндей дәл сондай жағдайларда шегерімге жатқызылуға тиіс.

      5. Капиталы екінші Уағдаласушы Мемлекеттің бір немесе бірнеше резидентіне толық немесе ішінара тиесілі немесе олардың тікелей немесе жанама түрде бақылауында болатын бір Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорындары алғашқы аталған Уағдаласушы Мемлекеттің басқа ұқсас кәсіпорындары ұшырайтын немесе ұшырауы мүмкін салық салуға және онымен байланысты міндеттемелерге қарағанда өзгеше немесе едәуір ауыртпалықты болып табылатын кез келген салық салуға немесе онымен байланысты кез келген міндеттемеге алғашқы аталған Уағдаласушы Мемлекетте ұшырамайды.

      6. Осы баптың ережелері 2-баптың ережелеріне қарамастан, кез келген нысандағы және түрдегі салықтарға қолданылады.

25-бап Өзара келісу рәсімі

      1. Егер тұлға Уағдаласушы Мемлекеттердің бірінің немесе екеуінің де әрекеттері өзін осы Конвенцияның ережелеріне сәйкес келмейтін салық салуға алып келіп отыр немесе алып келеді деп есептесе, ол осы Уағдаласушы Мемлекеттердің ұлттық заңнамасында көзделген қорғау құралдарына қарамастан, өзінің ісін өзі резиденті болып табылатын Уағдаласушы Мемлекеттің құзыретті органының қарауына немесе егер оның ісі 24-баптың 1-тармағының қолданылу аясына түссе, онда өзі ұлттық тұлғасы болып табылатын Уағдаласушы Мемлекеттің құзыретті органының қарауына бере алады. Өтініш осы Конвенцияның ережелеріне сәйкес келмейтін салық салуға алып келетін әрекеттер туралы алғашқы хабарлама берілген кезден бастап үш жыл ішінде берілуге тиіс.

      2. Бір Уағдаласушы Мемлекеттің құзыретті органы, егер ол өтінішті негізді деп есептесе және егер өзі қанағаттанарлық шешімге келе алмаса, осы Конвенцияға сәйкес келмейтін салық салуды болғызбау мақсатында істі екінші Уағдаласушы Мемлекеттің құзыретті органымен өзара келісу бойынша шешуге ұмтылады. Қол жеткізілген кез келген келісім Уағдаласушы Мемлекеттердің ұлттық заңнамасында көзделген уақыттағы кез келген шектеуге қарамастан орындалатын болады.

      3. Уағдаласушы Мемлекеттердің құзыретті органдары Конвенцияны түсіндіру немесе қолдану кезінде туындайтын кез келген қиындықтарды немесе күмәнді өзара келісу бойынша шешуге ұмтылады. Олар, сондай-ақ, Конвенцияда көзделмеген жағдайларда қосарланған салық салуды жою мақсатында бір-біріне консультация бере алады.

      4. Уағдаласушы Мемлекеттердің құзыретті органдары осы баптың алдыңғы тармақтарына сәйкес келісімге қол жеткізу мақсатында бір-бірімен тікелей байланыс жасай алады.

26-бап Ақпарат алмасу

      1. Уағдаласушы Мемлекеттердің құзыретті органдары осы Конвенцияның ережелерін орындау немесе әкімшілендіру немесе Уағдаласушы Мемлекеттердің немесе олардың әкімшілік бөлімшелерінің, орталық немесе жергілікті билік органдарының атынан салық салу осы Конвенцияға қайшы келмейтін шамада алынатын кез келген түрдегі және сипаттағы салықтарға қатысты ұлттық заңнаманы қолдану үшін қажетті ақпаратпен алмасады. Ақпарат алмасу 1 және 2-баптармен шектелмейді.

      2. 1-тармаққа сәйкес Уағдаласушы Мемлекет алған кез келген ақпарат осы Уағдаласушы Мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес алынған ақпарат сияқты құпия болып саналады және 1-тармақта аталған салықтарға қатысты бағалаумен немесе жинаумен, мәжбүрлеп өндіріп алумен немесе сот қудалауымен немесе апелляцияларды қараумен қатар жоғарыда көрсетілгендердің барлығын қадағалаумен де айналысатын тұлғаларға немесе органдарға (соттарды және әкімшілік органдарды қоса алғанда), ғана ашылады. Мұндай тұлғалар немесе органдар ақпаратты осындай мақсаттар үшін ғана пайдалана алады. Олар ақпаратты ашық сот отырысы барысында немесе сот шешімдерін қабылдаған кезде ашуы мүмкін. Егер Уағдаласушы Мемлекет алған ақпарат екі Уағдаласушы Мемлекеттің де заңнамасына сәйкес басқа мақсаттар үшін пайдаланылуы және осындай пайдалануға рұқсат беруші Уағдаласушы Мемлекеттің құзыретті органы пайдалануы мүмкін болса, жоғарыда айтылғандарға қарамастан, мұндай ақпарат басқа да мақсаттар үшін пайдаланылуы мүмкін.

      3. 1 және 2-тармақтардың ережелері Уағдаласушы Мемлекетке:

      а) осы немесе екінші Уағдаласушы Мемлекеттің заңнамасы мен әкімшілік практикасына қайшы келетін әкімшілік шараларды қолдану;

      b) осы немесе екінші Уағдаласушы Мемлекеттің заңнамасы бойынша немесе әдеттегі әкімшілендіру барысында алуға болмайтын ақпаратты беру;

      с) қандай да бір сауда, кәсіпкерлік, өнеркәсіптік, коммерциялық немесе кәсіптік құпияны немесе сауда процесін ашуы мүмкін ақпаратты немесе ашылуы мемлекеттік саясатқа (ordre public) қайшы келуі мүмкін ақпаратты беру міндеттемесін жүктейтіндей мағынада түсіндірілмейді.

      4. Егер ақпаратты бір Уағдаласушы Мемлекет осы бапқа сәйкес сұраса, егер мұндай ақпарат тіпті осы екінші Уағдаласушы Мемлекетке өзінің жеке салықтық мақсаттары үшін талап етілмесе де, екінші Уағдаласушы Мемлекет сұралған ақпаратты жинау жөнінде шаралар қабылдайды. Алдыңғы сөйлемде қамтылған міндеттеме 3-тармақтың шектеу аясына түседі, бірақ мұндай шектеулер Уағдаласушы Мемлекетке осындай ақпаратқа ішкі мүдделіліктің болмауы себебінен ғана ақпарат беруден бас тартуға рұқсат беру ретінде түсіндірілмейді.

      5. 3-тармақтың ережелері ақпарат иеленуші болып банк, басқа қаржы мекемесі, номинал ұстаушы немесе агент немесе сенім білдірілген өкіл әрекет ететін тұлға болып табылатындығы себебінен ғана немесе ақпарат меншік құқығы берілген тұлғаға қатысты болу себебінен Уағдаласушы Мемлекетке ақпаратты беруден бас тартуға рұқсат беру ретінде түсіндірілмейді.

27-бап Салықтарды жинауға көмектесу

      1. Уағдаласушы Мемлекеттер табыс талаптарын орындауда бір-біріне көмек көрсетеді. Мұндай көмек 1 және 2-баптардың қолданылуымен шектелмейді. Уағдаласушы Мемлекеттердің құзыретті органдары өзара келісу бойынша осы бапты қолдану рәсімдерін белгілейді.

      2. Осы бапта қолданылатын "табыс талабы" термині пайыздарды, әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу не және осындай сомаға қатысты қамтамасыз ету шараларын қолдану жөніндегі шығыстарды қоса алғанда, салық салу осы Конвенцияға немесе тараптары Уағдаласушы Мемлекеттер болып табылатын кез келген басқа актіге қайшы келмейтіндей шамада Уағдаласушы Мемлекеттер немесе олардың әкімшілік бөлімшелері, орталық немесе жергілікті билік органдары атынан алынатын кез келген түрдегі және сипаттағы салықтарға қатысты тиесілі берешек сомасын білдіреді.

      3. Егер Уағдаласушы Мемлекеттің табыс талабы осы Уағдаласушы Мемлекеттің заңнамасына сәйкес мәжбүрлеп орындауға жататын болса және ол бойынша борышкер осы Уағдаласушы Мемлекеттің заңнамасына       сәйкес оның орындалуының алдын алмайтын тұлға болып табылса, мұндай табыс талабы осы Уағдаласушы Мемлекеттің құзыретті органының сұрау салуы бойынша екінші Уағдаласушы Мемлекеттің құзыретті органының орындау мақсаттары үшін қабылданады. Мұндай табыс талабын, егер осы табыс талабы осы екінші Уағдаласушы Мемлекеттің табыс талабы болып табылатындай болса, оның өз салықтарын мәжбүрлеп өндіріп алуға қолданылатын өзінің заңнамасының ережелеріне сәйкес осы екінші Уағдаласушы Мемлекет орындайтын болады.

      4. Егер Уағдаласушы Мемлекеттің табыс талабы оған қатысты осы Уағдаласушы Мемлекет өзінің заңнамасына сәйкес оны орындау мақсатында қамтамасыз ету шараларын қолдана алатын талап болып табылса, мұндай табыс талабы осы Уағдаласушы Мемлекеттің құзыретті органының сұрау салуы бойынша екінші Уағдаласушы Мемлекеттің құзыретті органы қамтамасыз ету шараларын салу мақсаттары үшін қабылданады. Екінші Уағдаласушы Мемлекет, егер, тіпті, мұндай шараларды қолдану кезінде осы табыс талабы алғашқы аталған Уағдаласушы Мемлекетте мәжбүрлеп орындауға жатпайтын болса да немесе ол бойынша борышкер оның орындалуының алдын алуға құқығы бар тұлға болып табылса да, егер осы табыс талабы осы екінші Уағдаласушы Мемлекеттің табыс талабы болып табылатындай болса, мұндай табыс талабына қатысты өзінің заңнамасына сәйкес қамтамасыз ету шараларын қолданады.

      5. 3 және 4-тармақтардың ережелеріне қарамастан, 3 немесе 4-тармаққа сәйкес Уағдаласушы Мемлекет қабылдаған табыс талабына осы Уағдаласушы Мемлекетте уақытша шектеулер қойылуға немесе талаптың сипатына қатысты осы Уағдаласушы Мемлекеттің заңнамасына сәйкес табыс талабына қолданылатын кез келген басымдықты айқындауға жатпайды. Қосымша ретінде, 3 немесе 4-тармаққа сәйкес Уағдаласушы Мемлекет қабылдаған табыс талабының осы Уағдаласушы Мемлекетте екінші Уағдаласушы Мемлекеттің заңнамасына сәйкес осындай табыс талабына қолданылатын басымдығы болмайды.

      6. Уағдаласушы Мемлекеттің табыс талабының болуына, заңдылығына немесе оның сомасына қатысты соттың талап қоюы екінші Уағдаласушы Мемлекеттің сотында немесе басқа да әкімшілік органдарында қозғалмайды.

      7. Егер Уағдаласушы Мемлекет 3 немесе 4-тармаққа сәйкес сұрау салу жібергеннен кейін және екінші Уағдаласушы Мемлекет тиісті табыс талабын орындағанға және алғашқы аталған Уағдаласушы Мемлекетке тиісті соманы аударғанға дейінгі кез келген уақытта тиісті табыс талабы:

      а) 3-тармаққа сәйкес сұрау салынған жағдайда, алғашқы аталған Уағдаласушы Мемлекеттің заңнамасына сәйкес мәжбүрлеп орындауға жататын және ол бойынша борышкер осы Уағдаласушы Мемлекеттің заңнамасына сәйкес оның орындалуының алдын алу мүмкіндігі жоқ тұлға болып табылатын осы Уағдаласушы Мемлекеттің табыс талабы, немесе

      b) 4-тармаққа сәйкес сұрау салынған жағдайда, оған қатысты алғашқы аталған Уағдаласушы Мемлекет өзінің заңнамасына сәйкес оны орындау мақсатында қамтамасыз ету шараларын қолдана алатын осы Уағдаласушы Мемлекеттің табыс талабы болуы тоқтатылады,

      алғашқы аталған Уағдаласушы Мемлекеттің құзыретті органы екінші Уағдаласушы Мемлекеттің құзыретті органын осы факті туралы дереу хабардар етеді және екінші Уағдаласушы Мемлекеттің таңдауы бойынша алғашқы аталған Уағдаласушы Мемлекет өзінің сұрау салуын не тоқтата тұрады не кері қайтарып алады.

      8. Осы баптың ережелері Уағдаласушы Мемлекетке:

      а) осы немесе екінші Уағдаласушы Мемлекеттің заңнамасына және әкімшілік практикасына қайшы келетін әкімшілік шараларды қолдану;

      b) мемлекеттік саясатқа (ordre public) қайшы келетін шараларды қолдану;

      c) егер екінші Уағдаласушы Мемлекет өз заңнамасына немесе әкімшілік практикасына сәйкес қолжетімді қамтамасыз ету шараларын орындау немесе мән-жайға қарай оларды қолдану бойынша барлық тиісті шараларды қабылдамаған болса, көмек көрсету;

      d) осы Уағдаласушы Мемлекет үшін әкімшілік шығындар екінші Уағдаласушы Мемлекет алатын пайдаға мөлшерлес болмаған жағдайларда көмек көрсету міндеттемелерін жүктеу ретінде түсіндірілмейді.

28-бап Дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің қызметкерлері

      Осы Конвенцияда ештеңе де дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелер қызметкерлерінің халықаралық құқықтың жалпы нормалары беретін немесе арнайы келісімдердің ережелеріне сәйкес берілетін салық артықшылықтарын қозғамайды.

29-бап Жеңілдіктер алу құқығы

      Осы Конвенцияның басқа ережелеріне қарамастан, егер барлық тиісті фактілер мен мән-жайлар ескеріле отырып, осы пайданы алу кез келген уағдаластықтың немесе мәміленің басты мақсаттарының бірі болды, оның нәтижесінде тікелей немесе жанама пайда әкелді деп тұжырым жасау ақылға қонымды болса, егер пайда беру бұл жағдайларда осы Конвенцияның тиісті ережелерінің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес болғандығы анықталмаса, осы Конвенцияға сәйкес басымдықтар табыс элементіне қатысты берілмейді.

30-бап Күшіне енуі

      1. Осы Конвенция оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Уағдаласушы Мемлекеттің орындағаны туралы хабарландыратын соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді.

      2. Конвенция:

      а) Қазақстанда:

      (i) төлем көзінен, осы Конвенция күшіне енген жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың бірінші қаңтарынан бастап немесе бірінші қаңтарынан кейін алынған табыстардан ұсталатын салықтарға қатысты;

      (ii) табысқа салынатын басқа салықтарға Конвенция күшіне енетін жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың бірінші қаңтарынан бастап немесе бірінші қаңтарынан кейін басталатын кез келген салық кезеңі үшін салынатын салықтарға қатысты;

      b) Ирландияда:

      (i) Конвенция күшіне енген жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың бірінші қаңтарынан бастап немесе бірінші қаңтарынан кейін басталатын кез келген салық салынатын жыл үшін табыс салығына, бірыңғай әлеуметтік аударымдарға және мүлік құнының өсіміне салынатын салыққа қатысты;

      (ii) Конвенция күшіне енетін жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың бірінші қаңтарынан бастап немесе бірінші қаңтарынан кейін басталатын кез келген қаржы жылы үшін корпорациялардан алынатын салыққа қатысты күшіне енеді.

31-бап Қолданылуын тоқтату

      1. Осы Конвенция 5 жыл мерзімге жасалады және егер Уағдаласушы Мемлекеттердің бірі күнтізбелік жылдың 30 маусымынан кешіктірмей өзінің Конвенцияның қолданылуын тоқтату ниеті туралы екінші Уағдаласушы Мемлекетті дипломатиялық арналар арқылы хабардар етпесе, әрбір келесі күнтізбелік жылға автоматты түрде ұзартылатын болады.

      2. Осы Конвенция:

      а) Қазақстанда:

      (i) төлем көзінен, қолданылуын тоқтату туралы хабарлама жіберілген жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың бірінші қаңтарынан бастап немесе бірінші қаңтарынан кейін алынған табыстан ұсталатын салықтарға қатысты;

      (ii) қолданылуын тоқтату туралы хабарлама жіберілген жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың бірінші қаңтарынан бастап немесе бірінші қаңтарынан кейін басталатын салық салу кезеңі үшін табысқа салынатын басқа да салықтарға қатысты;

      b) Ирландияда:

      (i) қолданылуын тоқтату туралы хабарлама жіберілген жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың бірінші қаңтарынан бастап немесе бірінші қаңтарынан кейін басталатын кез келген салық салынатын жыл үшін табыс салығына, бірыңғай әлеуметтік аударымдарға және капитал құнының өсімінен алынатын салыққа қатысты;

      (ii) қолданылуын тоқтату туралы хабарлама жіберілген жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың бірінші қаңтарынан бастап немесе бірінші қаңтарынан кейін басталатын кез келген қаржы жылы үшін корпорациялардан алынатын салыққа қатысты өз күшін тоқтатады.

      Осыны куәландыру үшін осыған тиісті түрде уәкілеттік берілген төменде қол қоюшылар осы Конвенцияға қол қойды.

      2017 жылғы 26 сәуірде Астана қаласында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде екі данада жасалды, барлық мәтіндердің күші бірдей. Мәтіндердің арасында алшақтықтар болған жағдайда, ағылшын тіліндегі мәтіннің күші басым болады.

      Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін
ИрландияҮкіметі үшін

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ирландия Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға
Хаттама

      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ирландия Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенция жасалған күні оған қол қою сәтінде осыған тиісінше уәкілеттік берілетін төменде қол қоюшылар Конвенцияның ажырамас бөлігі болып табылатын мынадай ережелер туралы уағдаласты:

      Мыналар:

      1. 4-бапқа қатысты:

      (i) "тіркеу немесе инкорпорация орны" термині Қазақстан жағдайында тіркеу орнын, Ирландия жағдайында инкорпорация орнын білдіреді;

      (ii) Ирландияда құрылған Жалпы Шарттық Қор (ЖШҚ) Ирландия резиденті ретінде қаралмауы тиіс, салық шарты бойынша жеңілдіктер беру мақсаттары үшін қаржылай ашық болып қаралуы тиіс;

      2. 7-бапқа қатысты, егер Уағдаласушы Мемлекеттің құзыретті органы үшін қолжетімді немесе Уағдаласушы Мемлекеттің құзыретті органы оңай алатын ақпарат тұрақты мекеменің пайдасын айқындау үшін жеткіліксіз болса, пайданы айқындау 7-баптың қағидаттарына сәйкес болған жағдайда, пайда осы Уағдаласушы Мемлекеттің салық заңнамасына сәйкес есептелуі мүмкін;

      3. 10 және 11-баптарға қатысты, Ирландия жағдайында, Үкіметке толық тиесілі Ұлттық қазынаның қарызын басқару жөніндегі агенттік пен оның басқаруындағы органдар 10-баптың 3 b) тармағына және 11-баптың 3 b) тармағына енгізілген;

      4. Осы Конвенцияда ештеңе де Уағдаласушы Мемлекеттерге 29-бапта жазылған қағидатқа сәйкес өзінің ішкі заңнамасының ережелерін қолдануға кедергі келтірмейді, деп түсініледі.

      Осыны куәландыру үшін тиісті түрде уәкілеттік берілген төменде қол қоюшылар осы Хаттамаға қол қойды.

      2017 жылғы 26 сәуірде Астана қаласында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде екі данада жасалды, барлық мәтіндердің күші бірдей. Мәтіндердің арасында алшақтықтар болған жағдайда ағылшын тіліндегі мәтіннің күші басым болады.

      Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін
ИрландияҮкіметі үшін

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұдан әрі Конвенция мен оған Хаттаманың ағылшын тіліндегі мәтіні берілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады