Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасының тұрақтылығы және қайта қалпына келтіру жөніндегі іс-қимылға Америка Құрама Штаттарының қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы арнайы жүктің коммерциялық теміржол транзитін қамтамасыз ету туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 4 мамырдағы № 152-VІ ҚРЗ.

      2017 жылғы 21 қыркүйекте Нью-Йоркте жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасының тұрақтылығы және қайта қалпына келтіру жөніндегі іс-қимылға Америка Құрама Штаттарының қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы арнайы жүктің коммерциялық теміржол транзитін қамтамасыз ету туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасының тұрақтылығы және қайта қалпына келтіру жөніндегі іс-қимылға Америка Құрама Штаттарының қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы арнайы жүктің коммерциялық теміржол транзитін қамтамасыз ету туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттама

      (2018 жылғы 21 мамырда күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2018 ж., № 4, 51-құжат)

      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі

      2010 жылғы 20 маусымда Астана қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасының тұрақтылығы және қайта қалпына келтіру жөніндегі іс-қимылға Америка Құрама Штаттарының қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы арнайы жүктің коммерциялық теміржол транзитін қамтамасыз ету туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 13-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес

      Келісімге мынадай өзгеріс енгізуге келісті:

1-бап

      Келісімнің 3-бабының 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Арнайы жүктің және бірге жүретін персоналдың коммерциялық теміржол транзиті мынадай өткізу пункттері арқылы өтуге тиіс:

      а) Ресей Федерациясынан/Ресей Федерациясына: Илецк/Жайсаң;

      б) Өзбекстан Республикасынан/Өзбекстан Республикасына: Сарыағаш/Келес және/немесе Бейнеу/Қарақалпақстан;

      в) Қазақстан Республикасынан/Қазақстан Республикасына: Ақтау порты;

      г) Қазақстан Республикасынан/Қазақстан Республикасына: Құрық порты.".

2-бап

      Осы Хаттама қол қойылған кезден бастап уақытша қолданылады және Келісімнің 13-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді.

      2017 жылғы 21 қыркүйекте Нью-Йорк қаласында қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.

      Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін
Америка Құрама ШтаттарыныңҮкіметі үшін

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұдан әрі Хаттаманың ағылшын тіліндегі мәтіні берілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады