Байланыс формасы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік cаласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 20 маусымдағы № 161-VI ҚРЗ.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 11, 61, 69-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-ІІ, 102-құжат; № 20-VII, 117, 119-құжаттар; № 22-I, 143-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 13, 45-құжат; № 21, 98-құжат):

      1) мазмұнында:

      897-1, 1000, 1001, 1031 және 1036-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "897-1-бап. Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты бойынша зияткерлік меншік объектісін пайдалануға құқықты табыстауды тіркеу";

      "1000-бап. Өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсiптiк үлгiге айрықша құқық беру

      1001-бап. Өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптiк үлгiнi пайдалануға құқықты табыстау";

      "1031-бап. Тауар белгiсiне құқық беру және тауар белгісін пайдалануға құқықты табыстау";

      "1036-бап. Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығының қолданылу мерзiмi";

      2) 897-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "897-1-бап. Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты бойынша зияткерлік меншік объектісін пайдалануға құқықты табыстауды тіркеу

      Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген немесе халықаралық шарттарға орай тіркеусіз қорғалатын өнертабыстарды, пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді, селекциялық жетістіктерді, интегралдық микросхемалар топологияларын, тауар белгілерін (қызмет көрсету белгілерін) пайдалануға құқықты табыстау сараптама ұйымында тіркелуге жатады.";

      3) 966-баптың 2-тармағының 2) тармақшасында:

      "сақтай отырып" деген сөздер "сақтамай" деген сөзбен ауыстырылсын;

      ", бірақ" деген сөз "және" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4) 991-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Патент алуға құқық туындайтын өнертабыстың, пайдалы модельдің, өнеркәсiптiк үлгiнің патентке қабілеттілік шарттарына қойылатын талаптар "Қазақстан Республикасының Патент Заңы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.";

      5) 998-баптың 1-тармағындағы "уәкілетті орган" деген сөздер "сараптама ұйымы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 999-бапта:

      1-тармақта:

      бірінші абзацта:

      "патенттік органға (ұйымға)" деген сөздер "сараптама ұйымына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) және 3) тармақшалардағы "патенттік орган (ұйым)" деген сөздер "сараптама ұйымы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "патенттік органға (ұйымға)" деген сөздер "сараптама ұйымына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 1000-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "1000-бап. Өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсiптiк үлгiге айрықша құқық беру

      Өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсiптiк үлгiге айрықша құқық беру туралы шарт жазбаша нысанда жасалады. Айрықша құқық беру уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен тіркелуге жатады.

      Жазбаша нысанның және (немесе) тіркеу туралы талаптың сақталмауы шарттың маңызсыздығына алып келеді.

      Тіркеудің күшін жою "Қазақстан Республикасының Патент Заңы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.";

      8) 1001-баптың тақырыбы және 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1001-бап. Өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптiк үлгiнi пайдалануға құқықты табыстау

      1. Өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптік үлгiнi пайдалануға лицензиялық, қосалқы лицензиялық шарттар жазбаша нысанда жасалады. Өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптік үлгiнi пайдалануға құқықты табыстау уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен тіркелуге жатады.

      Жазбаша нысанның және (немесе) тіркеу туралы талаптың сақталмауы шарттың маңызсыздығына алып келеді.

      Тіркеудің күшін жою "Қазақстан Республикасының Патент Заңы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.";

      9) 1002-баптың 1-тармағындағы "патенттік органына (ұйымына)" деген сөздер "сараптама ұйымына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 1011-бапта:

      бірінші бөліктегі "патенттік органға (ұйымға)" деген сөздер "сараптама ұйымына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Селекциялық жетiстiктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен селекциялық жетiстiктердiң жекелеген түрлерi үшiн патенттi қолданудың неғұрлым ұзағырақ мерзiмдерi, сондай-ақ оларды ұзарту мүмкiндiгi белгiленуi мүмкiн.";

      11) 1015-баптың 1-тармағындағы "уәкілетті мемлекеттік органға" деген сөздер "сараптама ұйымына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 1020-баптың 4-тармағында:

      "кәсiпкерлiк қызметті жүзеге асыратын басқа заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тауар таңбасына (қызмет көрсету таңбасына) ұқсас немесе онымен араласып кету дәрежесiне дейiн бiрдей және осындай ұқсастық пен бiрдейлiктiң" деген сөздер "басқа жеке немесе заңды тұлғаның тауар белгісімен (қызмет көрсету белгісімен) бiрдей немесе айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас болса және осындай бiрдейлiктің немесе ұқсастықтың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "(фирмалық атау, тауар таңбасы, қызмет көрсету таңбасы)" деген сөздер "(фирмалық атау, тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "тауар таңбасына (қызмет көрсету таңбасына) құқықтық қорғау берудi жарамсыз" деген сөздер "тауар белгісіне (қызмет көрсету белгісіне) берілген құқықтық қорғауды жарамсыз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 1024-баптың 1-тармағының үшінші бөлігіндегі "кәсiпкерлiк қызметті жүзеге асыратын бiр заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тауар таңбасы (қызмет көрсету таңбасы) басқа заңды тұлғаның фирмалық атауына ұқсас немесе онымен араласып кету дәрежесiне дейiн бiрдей және осындай ұқсастық пен бiрдейлiктiң" деген сөздер "бiр жеке немесе заңды тұлғаның тауар белгісі (қызмет көрсету белгісі) басқа заңды тұлғаның фирмалық атауымен бiрдей немесе айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас болса және осындай бiрдейлiктің немесе ұқсастықтың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 1025-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Тауар белгісі иелерінің оны пайдалануға құқықтарын тауар белгісінің ерекшелену қабілетіне нұқсан келтіруі мүмкін талаптармен шектеуге жол берілмейді.";

      15) 1026-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "1026-бап. Қазақстан Республикасының аумағында тауар белгiсiн құқықтық қорғау

      Қазақстан Республикасының аумағында құқықтық қорғау сараптама ұйымы немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа орай халықаралық ұйым тіркеген тауар белгісіне берiледi.";

      16) 1027-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Тауар белгiсiнiң басымдығы "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа орай белгiленедi.";

      2-тармақтың екінші бөлігіндегі "патенттік органға (ұйымға)" деген сөздер "сараптама ұйымына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17) 1029-бапта:

      1-тармақтағы "куәлiкте көрсетiлген барлық тауарлар мен қызмет көрсетулер сыныптарына" деген сөздер "барлық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтағы "патенттік органда (ұйымда)" деген сөздер "сараптама ұйымында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      18) 1030-баптың 1-тармағындағы "куәлiкте көрсетiлген тауарлар мен қызмет көрсетулердiң барлық сыныптарына" деген сөздер "тіркелген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      19) 1031 және 1032-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1031-бап. Тауар белгiсiне құқық беру және тауар белгісін пайдалануға құқықты табыстау

      Тауар белгiсiне құқық беру туралы шарт, лицензиялық, қосалқы лицензиялық шарттар жазбаша нысанда жасалады. Тауар белгiсiне құқық беру немесе тауар белгісін пайдалануға құқықты табыстау уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен тіркелуге жатады.

      Шарттың жазбаша нысанының және (немесе) тіркеу туралы талаптың сақталмауы шарттың маңызсыздығына алып келеді.

      Тіркеудің күшін жою "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

      1032-бап. Тауар белгiсiне құқықты бұзғаны үшін жауаптылық

      1. Тауар белгiсi иесінің құқығын бұзған тұлға бұзушылықты дереу тоқтатуға және тауар белгісі иесінің шеккен залалдарын өтеуге міндетті.

      2. Тауар белгісін немесе оған айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемені немесе жалпыға бірдей белгілі тауар белгісін пайдаланудың құқыққа сыйымдылығын айқындауға байланысты дауларды сот Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды.

      3. Тауар белгісі немесе оған айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгілеме құқық иеленушінің келісімінсіз орналастырылған тауар және оның қаптамасы контрафактілік деп танылады. Контрафактілік тауарлар және олардың қаптамалары, сондай-ақ оларды жасау үшін пайдаланылған саймандар, жабдық немесе өзге де құралдар мен материалдар осындай тауарларды айналымға енгізу қоғамдық мүдделер үшін қажет болатын және Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасының талаптарын бұзбайтын жағдайларды қоспағанда, соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде айналымнан шығарылуға және тәртіп бұзушының есебінен жойылуға жатады.

      4. Құқық иеленуші осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайларда контрафактілік тауарлардан және олардың қаптамаларынан заңсыз орналастырылған тауар белгісін немесе оған айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемені алып тастауды талап етуге құқылы.

      5. Тауар белгісі иесінің құқығын бұзған тұлға жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету кезінде жұмыстарды орындаумен немесе қызметтер көрсетумен бірге жүретін материалдардан, оның ішінде құжаттамадан, жарнамадан, маңдайша жазулардан тауар белгісін немесе оған айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемені алып тастауға міндетті.

      6. Құқық иеленуші құқық бұзу фактісі дәлелденген кезде залалдарды өтеудің орнына бұзушылықтың сипатын, тауар белгісі немесе оған айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілеме құқық иеленушінің келісімімен орналастырылған біртектес (түпнұсқа) тауарлардың нарықтық құнын негізге ала отырып, бұзушыдан сот айқындайтын мөлшерде өтемақы төлеуді талап етуге құқылы.";

      20) 1033-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Тауар шығарылған жердің атауын құқықтық қорғау оны тіркеген кезде немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа орай беріледі.";

      21) 1034-баптың 3-тармағындағы "атауына бара-бар немесе ұқсас географиялық белгiлеудi ол алғаш тiркелген күнге дейiн кемiнде алты ай бұрын адал ниетпен пайдаланған тұлға патенттiк орган (ұйым) белгiлеген мерзiм iшiнде, бiрақ аталған тiркеу күнiнен бастап санағанда кемiнде жетi жыл бойы" деген сөздер "атауымен бірдей немесе ұқсас географиялық белгiлеудi алғаш тiркелген күніне дейiн кемiнде алты ай бұрын адал ниетпен пайдаланған тұлға тауар шығарылған жердiң көрсетілген атауы тіркелген күннен бастап жетi жыл бойы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      22) 1036 және 1037-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1036-бап. Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығының қолданылу мерзімі

      Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығы сараптама ұйымына өтiнiм берілген күннен бастап есептегенде он жыл бойы қолданылады. 

      Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығының қолданылу мерзiмi оның иесiнің соңғы қолданылу жылы iшiнде берген өтiнiші бойынша, тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын беретiн шарттар сақталған кезде он жылға ұзартылуы мүмкiн. Ұзартылу шектеусiз сан мәрте жүргiзiлуi мүмкiн.

      1037-бап. Тауар шығарылған жердiң атауын құқыққа сыйымсыз пайдаланғаны үшін жауаптылық

      1. Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын бұзған тұлға бұзушылықты дереу тоқтатуға және тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығы иесінің шеккен залалдарын өтеуге міндетті.

      2. Тауар шығарылған жердiң атауын немесе оған айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемені пайдаланудың құқыққа сыйымдылығын айқындауға байланысты дауларды сот Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды.

      3. Тауар шығарылған жердiң атауы немесе оған айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгілеме құқық иеленушінің келісімінсіз орналастырылған тауар және оның қаптамасы контрафактілік деп танылады. Контрафактілік тауарлар және олардың қаптамалары, сондай-ақ оларды жасау үшін пайдаланылған саймандар, жабдық немесе өзге де құралдар мен материалдар осындай тауарларды айналымға енгізу қоғамдық мүдделер үшін қажет болатын және Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасының талаптарын бұзбайтын жағдайларды қоспағанда, соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде айналымнан шығарылуға және бұзушының есебінен жойылуға жатады.

      4. Құқық иеленуші осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайларда контрафактілік тауарлардан және олардың қаптамаларынан заңсыз орналастырылған тауар шығарылған жердiң атауын немесе оған айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемені алып тастауды талап етуге құқылы.

      5. Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын бұзған тұлға жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету кезінде жұмыстарды орындаумен немесе қызметтер көрсетумен бірге жүретін материалдардан, оның ішінде құжаттамадан, жарнамадан, маңдайша жазулардан тауар шығарылған жердiң атауын немесе оған айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемені алып тастауға міндетті.

      6. Құқық иеленуші құқық бұзу фактісі дәлелденген кезде залалдарды өтеудің орнына бұзушылықтың сипатын, тауар шығарылған жердiң атауы немесе оған айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілеме құқық иеленушінің келісімімен орналастырылған біртектес (түпнұсқа) тауарлардың нарықтық құнын негізге ала отырып, бұзушыдан сот айқындайтын мөлшерде өтемақы төлеуді талап етуге құқылы.".

      2. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат.; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7-II, 53, 57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 114, 115-құжаттар; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; 2018 жылғы 10 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2018 жылғы 28 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      158-бапта:

      бірінші абзацта:

      "Бөтен тауар белгісін," деген сөздер "Тауар белгісіне айрықша құқықты түбегейлі пайдалануға байланысты жағдайларды қоспағанда, бөтен тауар белгісін," деген сөздермен ауыстырылсын;

      "онымен" деген сөз "оларға" деген сөзбен ауыстырылсын;

      ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескертпе. Осы бапқа сәйкес тәркіленген контрафактілік тауарлар мұндай тауарларды айналымға енгізу қоғамдық мүдделер үшін қажет болатын және Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасының талаптарын бұзбайтын (тауардан және оның қаптамасынан заңсыз пайдаланылатын тауар белгісін немесе оған айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемені алып тастаған кезде) жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 795-бабында көзделген тәртіппен жойылуға жатады.".

      3. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-II, 20-III, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 9, 21-құжат; № 14, 50, 51-құжаттар; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      178-баптағы "буманы" деген сөз "оларды қаптамада" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 22-I, 22-II, 107-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 288-баптың 1-тармағы бірінші бөлігі 6) тармақшасының бірінші бөлігіндегі "өнертабыстарды, пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган берген өнеркәсіптік меншік объектілеріне" деген сөздер "берілген" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 550-баптың 2-тармағының 7) тармақшасы алып тасталсын;

      3) 553-баптың 6-тармағы алып тасталсын;

      4) 614-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "614-бап. Зияткерлiк меншiк саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның заңдық мәні бар әрекеттер жасағаны үшiн мемлекеттiк баж мөлшерлемелері

      Зияткерлiк меншiк саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның заңдық мәні бар әрекеттер жасағаны үшiн мемлекеттiк баж мынадай мөлшерлерде алынады: 

      1) тауар белгісін жалпыға бірдей белгілі деп танығаны үшiн – 1 АЕК;

      2) патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердi аттестаттағаны үшiн – 15 АЕК;

      3) патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл ретінде тiркегені үшiн – 1 АЕК.";

      5) 623-баптың 1-тармағы 5) тармақшасының оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "зияткерлiк меншiк саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның тауар белгісін жалпыға бірдей белгiлi деп тануға, патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкілдердi аттестаттауға және патенттік сенiм бiлдiрiлген өкіл ретінде тiркеуге байланысты заңдық мәні бар әрекеттер жасағаны үшiн;".

      5. "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" 1996 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 237-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 75-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 2-бапта:

      18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "18) көшірмелеу (репрографиялық қайта шығару) – туындыларды кез келген техникалық құралдардың көмегімен, баспа мақсатынсыз жүзеге асырылатын факсимильдік қайта шығару. Техникалық құралдардың көмегімен көшірмелеуді жүзеге асыруға арналған уақытша көшірмелерді жасау жағдайларынан басқа, көшірмелеуге туындыны қайта шығару немесе оның көшірмелерін электрондық (оның ішінде цифрлық), оптикалық немесе машинамен оқылатын өзге де нысанда сақтау кірмейді;"; 

      19) тармақша "даналарын дайындау," деген сөздерден кейін "көшірмелеу (репрографиялық қайта шығару)," деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 9-бапта:

      1-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Автор жарияланбаған туындыға жеке мүлiктiк емес құқықтарын куәландыру үшiн авторлық құқықтың қорғалатын мерзiмi iшiнде кез келген уақытта қажетті мәліметтерді осы Заңға сәйкес Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тiзiлiміне (бұдан әрі – Тізілім) енгізуге құқылы.";

      4-тармақ алып тасталсын;

      3) 9-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-1-бап. Мәліметтерді Тізілімге енгізу

      1. Мәліметтерді және олардың өзгерістерін Тізілімге енгізу уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, автордың өтініші алынған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде немесе соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде жүргізіледі.

      Тізілімде автордың өтініші алынған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде енгізілген мәліметтердің тиесілілігін, сипатын немесе мазмұнын өзгертпейтін техникалық сипаттағы қателер түзетілуі мүмкін.

      2. Мәліметтерді Тізілімге енгізу туралы өтінішке туындының бір данасы және осы көрсетілген қызметке ақы төленгендігін растайтын құжаттың көшірмесі және қажет болған жағдайда ақы төлеу мөлшерін азайту негізін растайтын құжаттың көшірмесі қоса беріледі.

      Туындының бір данасының орнына өтінішке – эскиздер, сызбалар, суреттер немесе фотосуреттер, ал ЭЕМ-ге немесе дерекқорға арналған бағдарламаларға қатысты бағдарламаның немесе дерекқордың атауын, автордың тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), жасалған күнін, қолдану саласын, мақсатын, функционалдық мүмкіндіктерін, бастапқы кодын (бастапқы мәтінді), негізгі техникалық сипаттамаларын, бағдарламалау тілін, іске асырушы ЭЕМ-нің типін қамтитын реферат қоса берілуі мүмкін.

      Діни мазмұндағы туындыларға қатысты дінтану сараптамасының оң қорытындысының көшірмесі қосымша ұсынылады.

      Құрамдас туындыға немесе туынды шығармаға қатысты төл туындының авторымен немесе құқық иеленушісімен жасалған авторлық шарттың көшірмесі қосымша ұсынылады.

      3. Бөлек тең авторлықпен шығарылған туындыларға авторлық құқықтар туралы мәліметтер тең авторлардың кез келгені оны өзінің өтінішінде көрсеткен жағдайда Тізілімге бөлек енгізілуі мүмкін.

      4. Тізілімге бір жеке немесе заңды тұлғалардың тауарларын (көрсететін қызметтерін) басқа жеке немесе заңды тұлғалардың біртектес тауарларынан (көрсететін қызметтерінен) ажыратуға қызмет ететін (арналған) туындыларға құқықтар туралы мәліметтер енгізілмейді.

      5. Автор құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда сараптама ұйымы өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Сараптама ұйымы осы баптың талаптары сақталмаған жағдайда қызметтерді көрсетуден бас тартады.

      6. Уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша куәлік беру тиісті мәліметтерді Тізілімге енгізуді растау болып табылады.

      7. Тізілімнен алынған мәліметтердің күшін жою автордың өтініші бойынша, сондай-ақ соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде жүргізіледі.

      8. Құжаттардың көшірмелері, тиісті туындының бір данасы және (немесе) оның сипаттамасы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға автордың келісімімен беріледі.";

      4) мынадай мазмұндағы 9-2-баппен толықтырылсын:

      "9-2-бап. Сараптама ұйымы

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, өз қызметінде уәкілетті органға ведомстволық бағынысты сараптама ұйымы:

      1) мәліметтерді және олардың өзгерістерін Тізілімге енгізеді;

      2) өз қызметі шеңберінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;

      3) Тізілімді жүргізеді және оған қолжетімділікті қамтамасыз етеді;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлерін жүзеге асырады.

      2. Сараптама ұйымы мәліметтерді Тізілімге енгізгені үшін көрсетілген қызметтерге ақы төлеу кезінде:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен оларға теңестірілген адамдарға;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға;

      1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдарға;

      мүгедектерге, сондай-ақ бала кезінен мүгедектің ата-анасының біреуіне;

      оралмандарға;

      кәмелетке толмағандарға жеңілдіктер береді.

      Жеңілдіктер жоғарыда санамаланған адамдар санаттарының кез келгеніне жататындығы туралы растайтын құжаттар ұсынылған кезде мәліметтерді Тізілімге енгізу жөнінде көрсетілген қызмет үшін бағаның 95 пайызы мөлшерінде беріледі.

      3. Уәкілетті органмен келісу бойынша сараптама ұйымы қызметтер көрсеткені үшін осы ұйым шеккен шығындарды толық өтеу, оның қызметінің шығынсыздығы және өз кірістері есебінен қаржыландыру қамтамасыз етілген жағдайда, көрсетілетін қызметтердің бағаларын бекітеді.";

      5) 16-1-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым пайдаланушылармен шарттар жасасқан кезде авторлық сыйақы мөлшерлемелерінің мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген сыйақының ең төменгі мөлшерлемелерінен төмен етіп белгілеуге құқылы емес.";

      6) 19-баптың 2) тармақшасы "көлемде" деген сөзден кейін "кіріс алмастан" деген сөздермен толықтырылсын;

      7) 32-баптың 9 және 10-тармақтарындағы "жарамсыз" деген сөз "маңызсыз" деген сөзбен ауыстырылсын;

      8) 40-2-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым пайдаланушылармен шарттар жасасқан кезде фонограммаларды орындаушылар мен шығарушыларға сыйақы мөлшерлемелерінің мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген сыйақының ең төменгі мөлшерлемелерінен төмен етіп белгілеуге құқылы емес.";

      9) 46-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын, авторлық және сабақтас құқықтардың иелері оның репертуарынан туындылар мен сабақтас құқықтардың объектілерін алып тастаған ұйым көрсетілген мерзім өткен соң пайдаланушыларға оларды пайдалануға рұқсат беруге құқылы емес.";

      10) 46-2-баптың 7-тармағында:

      бірінші бөліктегі "шешім қабылдайды және өтініш берушіге бес жыл мерзімге аккредиттеу туралы куәлік береді" деген сөздер "не аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Аккредиттеу туралы куәлiк өтініш берушіге бес жыл мерзімге беріледi.";

      11) 47-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Авторлардың, орындаушылардың, фонограмма шығарушылардың немесе өзге де авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды иеленушілердің мүлiктiк құқықтарын ұжымдық негiзде басқаратын ұйым жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 15 сәуірінен кешіктірмей уәкiлетті органға:

      1) мұндай ұйымның жарғысына және өзге де құрылтай құжаттарына енгiзiлген өзгерiстерді;

      2) мұндай ұйым осыған ұқсас құқықтарды басқаратын шетелдiк ұйымдармен жасасатын екiжақты және көпжақты келiсiмдердің көшірмелерін;

      3) жалпы жиналыстың шешiмдерiнің көшірмелерін;

      4) жиналған, бөлінген, бөлінбеген, төленген, төленбеген, талап етiлмеген сыйақылар туралы мәлiметтердi қоса алғанда, жылдық балансты, жылдық есепті;

      5) авторлық құқық немесе сабақтас құқықтар объектілерін пайдаланғаны үшін сыйақыны жинау, бөлу және төлеу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жергілікті жерлердегі филиалдар мен өкілдіктер туралы ақпаратты беруге міндетті.

      Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым екі жылда бір реттен сиретпей уәкілетті органға 15 сәуірден кешіктірілмейтін мерзімде аудиторлық есепті де ұсынады.

      Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым ұсынатын құжаттарды нотариат куәландырады немесе олар осындай ұйымның мөрімен куәландырылады.";

      12) 49-баптың 1-1-тармағы алып тасталсын.

      6. "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 655-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 5-6, 37-құжат; 2009 ж., № 24, 129-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 16-құжаттар; № 14, 95-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 20-VII, 115, 119-құжаттар; № 22-VII, 161-құжат):

      1) 2-баптың 2) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 3-бапта:

      3-тармақ алып тасталсын;

      5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Патенттiң қолданылу мерзiмi патент иеленушiнiң өтiнiшхаты бойынша әрбір ұзарту жылы үшін жүргізілген төлем ескеріле отырып, бiрақ он жылдан аспайтындай етіп ұзартылуы мүмкін.";

      3) 3-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Уәкілетті органның құзыретіне мыналар жатады:

      1) селекциялық жетiстiктерді құқықтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;

      2) мыналарды:

      селекциялық жетiстiктерге арналған өтінімдерге алдын ала сараптама жүргізу қағидаларын;

      Селекциялық жетiстiктердің мемлекеттік тізілімінде селекциялық жетiстiктерді тіркеу және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын беру, патенттердің күшін жою және қолданысын мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларын;

      селекциялық жетiстiкке айрықша құқық беруді, оны пайдалануға, ашық немесе мәжбүрлі лицензияға құқықты табыстауды Селекциялық жетiстiктердің мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларын;

      Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірмелер беру қағидаларын;

      апелляциялық кеңестің қарсылықтарды қарау қағидаларын;

      Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес селекциялық жетістіктерге арналған өтінімдерді қарау қағидаларын;

      аттестаттау комиссиясы туралы ережені;

      апелляциялық кеңес туралы ережені;

      апелляциялық комиссия туралы ережені әзірлеу және бекіту;

      3) селекциялық жетістіктерді тіркеуге жататын мәліметтерді бюллетеньде жариялау тәртібін айқындау;

      4) патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттаудан өткізу және оларды патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу;

      5) аттестаттау комиссиясының, апелляциялық кеңестің және апелляциялық комиссияның қызметін ұйымдастыру;

      6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.";

      4) 3-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-2-бап. Сараптама ұйымы

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, өз қызметінде уәкілетті органға ведомстволық бағынысты сараптама ұйымы:

      1) селекциялық жетiстiктерге арналған өтінімдерге алдын ала сараптама жүргiзеді;

      2) Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiнде селекциялық жетiстiктердi тіркейді және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын береді, патенттердің күшін жоюды және қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатуды жүзеге асырады;

      3) селекциялық жетiстiкке айрықша құқық беруді, оны пайдалануға, ашық немесе мәжбүрлі лицензияға құқықты табыстауды Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiнде тіркейді;

      4) Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiн, бюллетеньді жүргізеді және оларды өзінің интернет-ресурсына орналастырады;

      5) Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiнен үзінді көшірмелер береді;

      6) селекциялық жетiстiктердi тіркеуге жататын мәліметтерді бюллетеньде жариялайды;

      7) тіркелген селекциялық жетiстiктер туралы мәліметтерді мүдделі тұлғалардың өтініштері негізінде іздеуді жүзеге асырады;

      8) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес селекциялық жетістіктерге арналған өтінімдерді қарайды;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлерін жүзеге асырады.

      2. Уәкілетті органмен келісу бойынша сараптама ұйымы селекциялық жетiстiктердi қорғау саласында қызметтер көрсеткені үшін осы ұйым шеккен шығындарды толық өтеу, оның қызметінің шығынсыздығы және өз кірістері есебінен қаржыландыру қамтамасыз етілген жағдайда, көрсетілетін қызметтердің бағаларын бекітеді.";

      5) 5-бапта:

      1-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;

      5-тармақтың екінші бөлігіндегі "Сараптама жүргiзуге арналған өтiнiмдi мәнi бойынша" деген сөздер "Патентке қабілеттілікке сараптама жүргізуге арналған өтінімді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

      "6. Өтінім және оны қараудың барысы туралы ақпарат Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға берілмейді.";

      6) 6-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі "уәкілетті орган" деген сөздер "сараптама ұйымы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 7-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы Заңның 5-бабының 3-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар келіп түскен күн, ал егер құжаттар бір мезгілде ұсынылмаса – олардың соңғысы келіп түскен күн сараптама ұйымына өтінім берілген күн болып табылады.";

      8) 8-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:

      "Өтінім беруші Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімінде селекциялық жетістік тіркелгенге дейін өтінімді кері қайтарып ала алады.";

      3-тармақтағы "уәкілетті орган" деген сөздер "сараптама ұйымы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Алдын ала сараптама нәтижесiнде оң шешiм шығарылған өтiнiмдер туралы мәлiметтер шешім қабылданған күннен бастап бір ай ішінде бюллетеньде жарияланады.";

      9) 10-бапта:

      1-тармақтың үшінші бөлігіндегі "Уәкілетті орган" деген сөздер "Сараптама ұйымы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақта:

      екінші бөліктегі "уәкілетті орган" деген сөздер "сараптама ұйымы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөлікте:

      "Уәкiлеттi органның патент беру туралы шешiм қабылдағаны" деген сөздер "Патент беру туралы шешiмнің қабылданғаны" деген сөздермен ауыстырылсын;

      ", сондай-ақ мемлекеттік баж төлемін" деген сөздер алып тасталсын;

      "Көрсетiлген құжаттар" деген сөздер "Көрсетiлген құжат" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақта:

      бірінші бөліктегі "уәкілетті орган" деген сөздер "сараптама ұйымы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөлік алып тасталсын;

      6-тармақтағы "уәкілетті орган" деген сөздер "сараптама ұйымы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 12-баптың 2-тармағындағы "уәкілетті орган" деген сөздер "сараптама ұйымы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 13-баптың бірінші бөлігінің 3) тармақшасындағы "уәкілетті органға" деген сөздер "сараптама ұйымына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "18-бап. Селекциялық жетістікті пайдалануға құқықты табыстау

      1. Патент иеленуші болып табылмайтын кез келген тұлға (лицензиат) қорғалатын селекциялық жетiстiктi патент иеленушiнiң (лицензиар) рұқсатымен лицензиялық шарт, кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты немесе лицензиармен жасалатын, лицензиялық шарттың талаптарын қамтитын өзге де шарт (лицензиялық шарт) негiзiнде пайдалануға құқылы.

      2. Лицензиялық шартта лицензиардың лицензиатқа:

      1) лицензиардың оны пайдалану мүмкiндiгiн және басқа тұлғаларға лицензия (қарапайым, ерекше емес лицензия) беру құқығын сақтап;

      2) лицензиардың оны пайдалану мүмкiндiгiн сақтап, бiрақ басқа тұлғаларға лицензия (жалғыз лицензия) беру құқығынсыз;

      3) лицензиардың оны пайдалану мүмкiндiгiн сақтамай және басқа тұлғаларға лицензия (ерекше лицензия) беру құқығынсыз селекциялық жетістікті пайдалану құқығын табыстау көзделуi мүмкiн.

      Лицензиялық шартта пайдалану талаптары көрсетілмеген жағдайда, селекциялық жетістікті пайдалануға құқық қарапайым, ерекше емес лицензия талаптарымен табысталады.

      Егер лицензиялық шартта өзгеше көзделмесе, лицензиат селекциялық жетістікті пайдалануды Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жүзеге асыруға құқылы.

      Селекциялық жетістікті пайдалануға құқықтың қолданылу мерзімі лицензиялық шартта айқындалады және тараптардың өзара келісуі бойынша ұзартылуы мүмкін.

      Лицензиялық шартта мерзім көрсетілмеген жағдайда, селекциялық жетістікті пайдалануға құқықтың қолданылу мерзімі осы шарт тіркелген күннен бастап бес жылға тең болады.

      Селекциялық жетістікке айрықша құқықтың қолданысын тоқтату лицензиялық шарттың қолданысын тоқтатуға алып келеді.

      Лицензиат селекциялық жетiстiктi пайдалануға құқықты лицензиялық шарттың талаптарын ескере отырып, қосалқы лицензиялық шарттың немесе кешенді кәсіпкерлік қосалқы лицензия шартының негізінде басқа тұлғаға (қосалқы лицензиат) беруге құқылы. Егер лицензиялық шартта өзгеше көзделмесе, қосалқы лицензиаттың әрекеттерi үшiн лицензиат лицензиар алдында жауапты болады.

      Селекциялық жетістікке айрықша құқықты басқа тұлғаға беру лицензиялық шарттың тоқтатылуына алып келмейді.

      3. Селекциялық жетістікті пайдалануға құқықты табыстау туралы шарттар мен қосымша келісімдер жазбаша нысанда жасалады және Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімінде тіркелуге жатады.";

      13) 19-бапта:

      бірінші бөліктегі "уәкілетті органға" деген сөздер "сараптама ұйымына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктегі "төлемдер туралы шарт жасасып, оны мiндеттi түрде уәкiлеттi органда" деген сөздер "шарт жасасып, оны осы Заңға сәйкес міндетті түрде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 20-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "20-1-бап. Селекциялық жетiстiкке айрықша құқық беру

      1. Патент иеленуші өзіне тиесілі селекциялық жетiстiкке айрықша құқықты өзгеге беру шарты бойынша басқа жеке немесе заңды тұлғаға беруге құқылы.

      Селекциялық жетiстiкке айрықша құқық беру туралы шарт осы айрықша құқықтың қолданылу мерзімі ішінде жазбаша нысанда жасалады.

      2. Селекциялық жетiстiкке айрықша құқық беру Селекциялық жетiстiктердің мемлекеттік тізілімінде тіркелуге жатады.";

      15) 5-тарау мынадай мазмұндағы 20-2-баппен толықтырылсын:

      "20-2-бап. Селекциялық жетiстiкке айрықша құқық беруді және оны пайдалануға құқықты табыстауды тіркеу шарттары

      1. Селекциялық жетiстiкке айрықша құқық беруді және оны пайдалануға құқықты табыстауды тіркеу шарттың мүдделі тарапының өтініші алынған күннен кейінгі он жұмыс күні ішінде мәліметтерді Селекциялық жетiстiктердің мемлекеттік тізіліміне енгізу жолымен жүзеге асырылады.

      Жазбаша нысанның және (немесе) тіркеу туралы талаптың сақталмауы шарттың маңызсыздығына алып келеді.

      2. Шарттың тоқтатылуына байланысты Селекциялық жетiстiктердің мемлекеттік тізіліміне өзгерістер енгізу немесе соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде тіркеудің күшін жою шарттың мүдделі тарапының өтініші келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Тіркеу туралы мәліметтерде мүдделі тұлғаның өтініші алынған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде және шарттың басқа мүдделі тараптарына жазбаша хабарлама жіберілген жағдайда, олардың тиесілілігін, сипатын немесе мазмұнын өзгертпейтін техникалық сипаттағы қателер түзетілуі мүмкін.

      3. Мыналар:

      1) селекциялық жетістікке айрықша құқықтың тоқтатылған қолданысын қалпына келтіруге арналған мерзімнің болуы;

      2) құжаттар топтамасын толық ұсынбау не ұсынылған құжаттардағы мәліметтердің сәйкес келмеуі;

      3) ұсынылған құжаттардағы мәліметтердің Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміндегі мәліметтерге сәйкес келмеуі тіркеуге уақытша кедергі келтіретін негіздер болып табылады.

      4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген негіздер анықталған жағдайда, өтініш берушіге оларды жою туралы сұрау салу жіберіледі. Тіркеу мерзімі сұрау салу жіберілген күннен бастап үш айға тоқтатыла тұрады.

      5. Мыналар:

      1) селекциялық жетістікке айрықша құқықтың тоқтатылған қолданысын қалпына келтіруге арналған мерзімнің өтуі;

      2) тіркеуге уақытша кедергі келтіретін негіздерді жоюға арналған мерзімнің өтуі;

      3) шарттың тарапы болып табылмайтын тұлғадан тіркеу туралы өтінішті алу;

      4) лицензиялық шартты немесе оған қосымша келісімді тіркеудің болмауы;

      5) тарапта селекциялық жетістікті пайдалануға құқықты табыстауға кедергі келтіретін қабылданған міндеттемелердің болуы тіркеуден бас тартуға негіз болып табылады.";

      16) 21-баптың 2-тармағы алып тасталсын;

      17) 22-бапта:

      1-тармақтың бірінші абзацындағы "уәкілетті орган" деген сөздер "сараптама ұйымы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтың 1) тармақшасындағы "уәкілетті органға" деген сөздер "сараптама ұйымына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      18) 22-1 және 22-3-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "22-1-бап. Апелляциялық кеңес

      1. Апелляциялық кеңес уәкiлеттi орган жанындағы, өтініш берушілердің қарсылықтарын сотқа дейiн қарау жөнiндегi алқалы орган болып табылады.

      2. Апелляциялық кеңеске сараптама ұйымының:

      1) селекциялық жетiстiкке патент беруге арналған өтінімді қараудан;

      2) селекциялық жетiстiкке патент беруден бас тарту туралы шешімдеріне қарсылық берілуі мүмкін.

      Көрсетілген қарсылықтарды сотқа дейін қарау міндетті болып табылады.

      3. Апелляциялық кеңестің құрамына агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы және селекциялық жетістіктерді қорғау саласындағы уәкілетті органдардың, сондай-ақ көрсетілген уәкілетті органдардан қоғамдық кеңестердің өкілдерін қоса алғанда, мүшелердің тақ саны (кемінде бесеуі) кіруге тиіс.

      4. Апелляциялық кеңестің құрамына мыналар кіре алмайды:

      1) патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдер;

      2) жұбайлары, жақын туыстары немесе жекжаттары;

      3) сараптама ұйымының қызметкерлері.

      5. Апелляциялық кеңестің кез келген мүшесі:

      1) осы баптың 4-тармағының негізінде апелляциялық кеңестің отырысына қатысушылар мәлімдеген өздігінен бас тарту немесе қарсылық білдіру жағдайында;

      2) еңбекке уақытша жарамсыздығына, демалыста немесе іссапарда болуына байланысты болмаған жағдайда ауыстырылуы мүмкін.

      6. Апелляциялық кеңестің әрбір отырысы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бейнетүсіру қолданылып жүргізіледі.";

      "22-3-бап. Қарсылықты қарау

      1. Қарсылықты қарауды апелляциялық кеңес уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және осы Заңда көзделген мерзімдерде жүзеге асырады.

      2. Қарсылық беруге арналған мерзім өткізіп алынған кезде апелляциялық кеңес ұсынылған құжаттардың негізінде мерзімді өткізіп алу себептерін дәлелді деп таныған жағдайда, оны қарауға қабылдай алады.

      3. Қарсылықты қарау мерзімі өтініш берушінің жазбаша өтінішхаты бойынша үш айға дейін ұзартылуы мүмкін.

      4. Апелляциялық кеңес:

      1) қарсылықты мәлімдеуші қарсылықты өзінің қатысуынсыз қарау туралы өтінішхат берген жағдайды қоспағанда, өзі келмеген;

      2) өтініш беруші қосымша дәлелдемелерді ұсыну үшін уақыттың қажеттігі туралы өтінішхат берген жағдайда, отырыс өткізілетін күнді ауыстыруға құқылы.

      5. Апелляциялық кеңес мынадай шешімдердің бірін шығарады:

      1) қарсылықты қанағаттандыру туралы;

      2) қарсылықты iшiнара қанағаттандыру туралы;

      3) қарсылықты қараудан бас тарту туралы;

      4) қарсылықты қанағаттандырудан бас тарту туралы.

      Апелляциялық кеңес өзінің бастамасы бойынша қарсылықтың нысанасын немесе негізін өзгертуге құқылы емес.

      6. Апелляциялық кеңестiң барлық мүшелері қарсылықты қараған кезде тең құқықтарды пайдаланады. Апелляциялық кеңестің шешімі оның мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.

      7. Қабылданған шешім шығарыл