Әуе кемелерін заңсыз басып алуға қарсы күрес туралы конвенцияны және Әуе кемелерін заңсыз басып алуға қарсы күрес туралы конвенцияны толықтыратын хаттаманы ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 8 желтоқсандағы № 199-VІ ҚРЗ.

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      1970 жылғы 16 желтоқсанда Гаагада жасалған Әуе кемелерін заңсыз басып алуға қарсы күрес туралы конвенция және 2010 жылғы 10 қыркүйекте Бейжіңде жасалған Әуе кемелерін заңсыз басып алуға қарсы күрес туралы конвенцияны толықтыратын хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ

      ӘУЕ КЕМЕЛЕРІН ЗАҢСЫЗ БАСЫП АЛУҒА ҚАРСЫ КҮРЕС ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯ

     

      1970
      ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ ҰЙЫМЫ

      Халықаралық азаматтық авиация ұйымының Баc хатшысының мақұлдауымен жарияланып, оған хат-хабарлар мен жазылымдарды қоспағанда барлық хат-хабарлар жіберілуі керек.

      Тапсырыстар төмендегі мекен-жайлардың біріне тиісті ақша аударымымен (қалдықтар, чек немесе банктік тапсырма) АҚШ долларымен немесе тапсырыс орналастырылған елдің валютасымен жіберілуі тиіс.

      Document Sales Unit Tel: (514) 954-8022

      International Civil Aviation Organization Telex: 05-24513

      999 Universiti Strit Fax: (514) 954-6769

      Montreal, Quebec Sitatex: YULCAYA

      Canada H3C 5H7 Internet: sales_unit@i@icao.int

      Жоғарыда көрсетілген мекен-жайға "Америка экспресс", "Виза" және "Мастеркард" несие карточкалары арқылы төлеуге тапсырыстарды жіберу керек.

ӘУЕ КЕМЕЛЕРІН ЗАҢСЫЗ БАСЫП АЛУҒА ҚАРСЫ КҮРЕС ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯ

      ОСЫ КОНВЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУШЫ МЕМЛЕКЕТТЕР

      ұшып жүрген әуе кемесін заңсыз басып алу немесе оған бақылауды жүзеге асыру актілері адамдар мен мүліктің қауіпсіздігіне қатер төндіреді, әуе қатынасын елеулі түрде бұзады және азаматтық авиация қауіпсіздігіне әлем халықтарының сенімін жоғалтады деп ЕСЕПТЕЙ КЕЛІП,

      мұндай актілердің болуы елеулі алаңдаушылық туғызады деп ЕСЕПТЕЙ ОТЫРЫП,

      мұндай актілерді болғызбау мақсатында қылмыскерлерді жазалау үшін тиісті шаралардың қабылдануын қамтамасыз етуге табанды қажеттілік бар деп ЕСЕПТЕЙ ОТЫРЫП,

      ТӨМЕНДЕГІЛЕР ТУРАЛЫ КЕЛІСТІ:

1-бап.

      1. Кез келген адам, егер ол пайдаланылып жатқан әуе кемесін заңсыз түрде немесе әдейі басып алса, немесе оған күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту жолымен немесе кез келген басқа да қорқыту түрлері арқылы немесе кез келген техникалық құралдардың көмегімен бақылауды жүзеге асырса, қылмыс жасаған болып табылады.

      2. Егер кез келген адам:

      a) осы Баптың 1-тармағында көрсетілген қылмысты жасаймын деп қорқытса; немесе

      b) кез келген адамның осындай қылмыс жасалады деп қорқытылуын заңсыз түрде және әдейі туындатса, қатер нақты болып табылатынын куәландыратын мән-жайларда осы адам да қылмыс жасаған болып табылады.

      3. Егер кез келген адам:

      a) осы Баптың 1-тармағында көрсетілген қылмысты жасауға ұмтылса; немесе

      b) осы Баптың 1, 2 немесе 3 а) тармақтарында көрсетілген қылмыстардың қандай да бірін жасау мақсатында басқа адамдарды ұйымдастырса немесе оларға басшылық жасаса; немесе

      c) осы Баптың 1, 2 немесе 3 а) тармақтарында көрсетілген қылмыстарға сыбайлас ретінде қатысса; немесе

      d) басқа адамның осы Баптың 1, 2, 3 а), 3 b) немесе 3 с) тармақтарында көрсетілген қылмыстар болып табылатын іс-әрекетті жасағанын немесе осы адамның осындай қылмыс үшін қылмыстық қудалау органдары тарапынан іздестіріліп жатқанын немесе осындай қылмыс үшін сотталғанын біле тұрып, осы адамның тергеп-тексеруден, қудалауда немесе жазалаудан қашуына заңсыз түрде және әдейі көмектессе, осы адам да қылмыс жасаған болып табылады.

      4. Әрбір Қатысушы мемлекет мына іс-әрекеттердің екеуі немесе біреуі қасақана жасалғанда:

      a) осы Баптың 1 немесе 2-тармақтарында көрсетілген қылмыстарды жасау үшін бір немесе бірнеше басқа адаммен сөз байласса, оның үстіне егер бұл ұлттық заңнамада көзделген болса, сондай-ақ сөз байласуға қатысушылардың біреуінің осы сөз байласуды іске асыру үшін қандай да бір әрекетті іс жүзінде жасайтыны болжанса; немесе

      b) ортақ мақсатпен әрекет ететін адамдар тобының осы Баптың 1 немесе 2-тармақтарында көрсетілген қылмыстардың біреуін немесе одан көбін жасау кез келген өзгеше түрде жәрдемдессе және мұндай жәрдемдесу:

      i) егер топтың қылмыстық әрекеті немесе мақсаты осы Баптың 1 немесе 2-тармақтарында көрсетілген қылмыстарды жасауға байланысты болса, мұндай әрекеттің немесе мақсаттың жалпы сипатын қолдау мақсатында көрсетілсе; не

      ii) топтың осы Баптың 1 немесе 2-тармақтарында көрсетілген қылмысты жасау пиғылын ұғына отырып көрсетілсе, осы Баптың 1 немесе 2-тармақтарында көрсетілген қылмыстардың кез келгенін іс жүзінде жасағанына немесе жасауға ұмтылғанына қарамастан, оларды қылмыс ретінде таниды.

      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 08.12.2018 № 199-VI Заңымен.

2-бап.

      Әрбір Қатысушы мемлекет 1-бапта көрсетілген қылмыстарға қатысты қатаң жазалау шараларын қолдануға міндеттенеді.

      Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда - ҚР 08.12.2018 № 199-VI Заңымен.

2 bis-бап

      1. Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің ішкі құқығының қағидаттарына сәйкеc өзінің аумағындағы немесе өзінің заңдары бойынша құрылған заңды тұлғаны басқаруға немесе оған бақылау жасауға жауапты, осындай түрде әрекет ететін жеке тұлға 1-бапта көрсетілген қылмысты жасаған жағдайда, осы заңды тұлғаны жауаптылыққа тарта алу үшін қажетті шараларды қолдана алады. Мұндай жауаптылық қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік сипатта болуы мүмкін.

      2. Мұндай жауаптылық осы қылмыстарды жасаған жеке тұлғалардың қылмыстық жауаптылығына нұқсан келтірілместен басталады.

      3. Егер Қатысушы мемлекет заңды тұлғаны осы Баптың 1-тармағына сәйкес жауаптылыққа тарту бойынша қажетті шаралар қабылдаса, ол қолданылатын қылмыстық, азаматтық-құқықтық немесе әкімшілік санкциялардың тиімді шамалас болуын және тежеуші әсер етуін қамтамасыз етеді. Мұндай санкциялар қаржылық санкцияларды қамтуы мүмкін.

      Ескерту. Конвенция 2 bis-баппен толықтырылды - ҚР 08.12.2018 № 199-VI Заңымен.

3-бап.

      1. Осы Конвенцияның мақсаттары үшін әуе кемесі жерүсті персоналының немесе экипаждың нақты ұшу үшін әуе кемесін ұшуалды дайындауды бастаған кезден бастап кез келген қонудан кейін жиырма төрт сағат өткенге дейін пайдаланылып жатыр деп есептеледі. Мәжбүрлі қону жағдайында құзыретті биліктер әуе кемесі үшін және оның бортындағы адамдар мен мүлік үшін жауаптылықты өз мойнына алғанға дейін ұшу жалғасып жатыр деп есептеледі.

      2. Осы Конвенция әскери, кеден және полиция қызметтеріндегі әуе кемелеріне қолданылмайды.

      3. Осы Конвенция, егер бортында қылмыс жасалған әуе кемесінің ұшып шыққан жері немесе іс жүзінде қонған жері осындай әуе кемесі тіркелген Мемлекеттің аумағынан тысқары жерде болған жағдайда ғана қолданылады; бұл ретте әуе кемесі халықаралық ұшу немесе ішкі әуежолдарында ұшу жасады ма, оның маңызы болмайды.

      4. Осы Конвенция, егер бортында қылмыс жасалған әуе кемесінің ұшып шыққан жері немесе іс жүзінде қонған жері бір ғана сол Мемлекеттің аумағында болса, мұндай Мемлекет 5-бапта айтылған Мемлекеттердің бірі болып табылса, көрсетілген бапта көрсетілген жағдайларға қолданылмайды.

      5. Осы Баптың 3 және 4-тармақтарына қарамастан 6, 7, 7 bis, 8, 8 bis, 8 ter және 10-баптар әуе кемесінің ұшып шығу немесе іс жүзінде қону орнына қарамастан, егер қылмыскер немесе болжамды қылмыскер осы әуе кемесі тіркелген мемлекеттен басқа өзге мемлекеттің аумағында жүрсе де қолданылады.

      Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 08.12.2018 № 199-VI Заңымен.

3 bis-бап

      1. Осы Конвенциядағы ешнәрсе халықаралық құқыққа сәйкес, атап айтқанда, Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының, Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның мақсаттары мен қағидаттарына және халықаралық гуманитарлық құқыққа сәйкес мемлекеттер мен тұлғалардың басқа да құқықтарын, міндеттемелері мен міндеттерін қозғамайды.

      2. Халықаралық гуманитарлық құқықпен реттелетін осы терминдердің осы құқықта түсіндірілу ретімен қарулы күштердің қарулы қақтығыс кезіндегі әрекеттері осы Конвенцияда реттелмейді, ол сондай-ақ мемлекеттердің әскери күштері өздерінің ресми функцияларын жүзеге асыру мақсатында қолданатын әрекеттерді де реттемейді, өйткені олар халықаралық құқықтың басқа нормаларымен реттеледі.

      3. Осы Баптың 2-тармағының ережелері өзге қатынастардағы заңсыз актілерді ақтаушы немесе заңды етуші ретінде немесе басқа заңдар негізінде сот арқылы қудалауға кедергі келтіретіндей түрде түсіндірілмейді.

      Ескерту. Конвенция 3 bis-баппен толықтырылды - ҚР 08.12.2018 № 199-VI Заңымен.

4-бап

      1. Әрбір Қатысушы мемлекет мынадай:

      a) қылмыс осы мемлекеттің аумағында жасалған;

      b) қылмыс осы мемлекетте тіркелген әуе кемесіне қарсы немесе оның бортында жасалған;

      c) бортында қылмыс жасалған әуе кемесі оның аумағына қонған және болжамды қылмыскер әлі оның бортында болған;

      d) қылмыс негізгі қызмет орны немесе егер жалға алушының мұндай қызмет орны болмаса, тұрақты болатын жері осы мемлекетте орналасқан жалға алушыға экипажсыз жалға берілген әуе кемесіне қарсы немесе оның бортында жасалған;

      е) қылмысты осы мемлекеттің азаматы жасаған жағдайларда, 1-бапта көрсетілген қылмыстарға және болжамды қылмыскер осындай қылмыстарға байланысты жолаушыларға немесе экипажға қатысты жасаған басқа да зорлық-зомбылық актілеріне өзінің юрисдикциясын орнатуға қажет болуы мүмкін шараларды қабылдайды.

      2. Әрбір Қатысушы мемлекет мынадай:

      a) қылмыс осы мемлекеттің азаматына қарсы жасалған;

      b) қылмысты, әдетте, осы мемлекеттің аумағында тұратын азаматтығы жоқ адам жасаған жағдайларда да, кез келген осындай қылмысқа қатысты өз юрисдикциясын белгілей алады.

      3. Әрбір Қатысушы мемлекет болжамды қылмыскер өзінің аумағында болған және өзі осы адамды осындай қылмыстарға қатысты осы Баптың қолданылатын тармақтарына сәйкес өз юрисдикциясын белгілеген Қатысушы мемлекеттердің ешбіріне де 8-бапқа сәйкес ұстап бермеген жағдайда 1-бапта көрсетілген қылмыстарға өзінің юрисдикциясын белгілеу үшін қажет болуы мүмкін шараларды қабылдайды.

      4. Осы Конвенция ұлттық заңнамаға сәйкес кез келген қылмыстық юрисдикцияны жүзеге асыруды жоққа шығармайды.

      Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР 08.12.2018 № 199-VI Заңымен.

5-бап

      Бірлескен немесе халықаралық тіркелуге жататын әуе кемелерін пайдаланатын бірлескен әуе-көлік пайдалану ұйымдарын немесе халықаралық пайдалану агенттіктерін құратын Қатысушы мемлекеттер әрбір әуе кемесіне қатысты осы Конвенцияның мақсаттарында юрисдикциясын жүзеге асыратын және тіркеу мемлекеті ретінде әрекет ететін өздерінің арасындағы мемлекетті тиісті түрде көрсетеді және бұл туралы Халықаралық азаматтық авиация ұйымының Бас хатшысын хабардар етеді, ол мұндай хабарламаны осы Конвенцияның барлық Қатысушы мемлекеттеріне жібереді.

      Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - ҚР 08.12.2018 № 199-VI Заңымен.

6-бап

      1. Аумағында қылмыскер немесе болжамды қылмыскер жүрген кез келген Уағдаласушы Мемлекет мән-жайдың осыны талап ететініне көз жеткізгеннен кейін оны қамауға алады немесе оның болуын қамтамасыз ететін басқа да шараларды қабылдайды. Қамауға алу және басқа да шаралар осындай Мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады, алайда бұл қылмыстық-процестік әрекеттер немесе ұстап беру бойынша әрекеттер жасау үшін қажетті уақыт ішінде ғана жалғасуы мүмкін.

      2. Мұндай Мемлекет фактілерді алдын ала тергеп-тексеруді дереу жүргізеді.

      3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес қамауға алынған кез келген адамға өзі азаматы болып табылатын Мемлекеттің жақын жердегі тиісті өкілімен дереу байланыс орнатуға көмек көрсетіледі.

      4. Қатысушы мемлекет осы Бапқа сәйкес адамды қамауға алған кезде ол 4-баптың 1-тармағына сәйкес юрисдикциясын белгілеген және юрисдикциясын белгілеп, 4-баптың 2-тармағына сәйкес депозитарийді хабардар еткен Қатысушы мемлекеттерді және егер өзі мақсатқа сай деп тапса, кез келген басқа мүдделі Қатысушы мемлекеттерді осы адамның қамауға алынғаны және осы адамды ұстап алуға негіз болған мән-жайлар туралы дереу хабардар етеді. Осы Баптың 2-тармағында көзделген алдын ала тергеп-тексеруді жүргізетін Қатысушы мемлекет өзі алған деректер туралы жоғарыда аталған Қатысушы мемлекеттерге дереу хабарлайды және өзінің юрисдикцияны жүзеге асыру ниетінің бар-жоғын көрсетеді.

      Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 08.12.2018 № 199-VI Заңымен.

7-бап

      Аумағында болжамды қылмыскер жүрген Уағдаласушы Мемлекет, егер ол оны ұстап бермеген болса, істі қаңдай да бір ерекшеліксіз және қылмыстың өз аумағында жасалған-жасалмағанына қарамастан, қылмыстық қудалау мақсаттары үшін өзінің құзыретті органдарына беруге міндетті. Бұл органдар осы Мемлекеттің заңнамасына сәйкес кез келген әдеттегі елеулі сипаттағы қылмыстағы сияқты түрде шешім қабылдайды.

7 bis-бап

      Осы Конвенцияға сәйкес қамауға алынған немесе өзіне қатысты кез келген басқа шаралар қолданылған немесе талқылау жүзеге асырылатын кез келген адамға әділетті қарым-қатынас жасалуына, оның ішінде осы адам аумағында болатын мемлекеттің заңнамасына және адам құқықтары туралы ережелерді қоса алғанда халықаралық құқықтың қолданылатын ережелеріне сәйкес барлық құқықтар мен кепілдіктерді пайдалануына кепілдік беріледі.

      Ескерту. Конвенция 7 bis-баппен толықтырылды - ҚР 08.12.2018 № 199-VI Заңымен.

8-бап

      1. 1-бапта көрсетілген қылмыстар Қатысушы мемлекеттер арасында жасалған ұстап беру туралы кез келген шартқа ұстап беруге алып келетін қылмыстар ретінде енгізілуге жатады деп есептеледі. Қатысушы мемлекеттер мұндай қылмыстарды өздерінің арасында жасалатын ұстап беру туралы кез келген шартқа ұстап беруге алып келетін қылмыстар ретінде енгізуге міндеттенеді.

      2. Егер ұстап беруді шарттың болуына негіздейтін Қатысушы мемлекет өзімен ұстап беру туралы шарты жоқ басқа Қатысушы мемлекеттен ұстап беру туралы өтініш алса, ол 1-бапта көрсетілген қылмыстарға қатысты осы Конвенцияны өз қалауы бойынша, ұстап беру үшін заңды негіз ретінде қарай алады. Ұстап беру өзіне ұстап беру туралы өтініш жолданған мемлекеттің заңнамасында көзделген басқа талаптарға сәйкес жүргізіледі.

      3. Ұстап беруді шарттың болуына негіздемейтін Қатысушы мемлекеттер өздерінің арасындағы қатынастарда 1-бапта көрсетілген қылмыстарды өзіне ұстап беру туралы өтініш жолданған мемлекеттің заңнамасында көзделген талаптарға сәйкес, ұстап беруге алып келетін қылмыстар ретінде қарастырады.

      4. Қатысушы мемлекеттер қылмыстардың әрқайсысын ұстап беру мақсаттары үшін ол жасалған орнында ғана емес, 4-баптың 1-тармағының b), с), d) және е) тармақшаларына сәйкес өз юрисдикциясын белгілеуге міндетті және 4-баптың 2-тармағына сәйкес юрисдикциясын белгілеген Қатысушы мемлекеттердің аумағында да жасалғандай қарайды.

      5. Қатысушы мемлекеттер 1-баптың 4-тармағының а) және d) тармақшаларында көрсетілген қылмыстардың әрқайсысын ұстап беру мақсаттары үшін баламалы ретінде қарастырады.

      Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - ҚР 08.12.2018 № 199-VI Заңымен.

8 bis-бап

      1-бапта көрсетілген қылмыстардың ешбірі ұстап беру немесе өзара құқықтық көмек мақсаттары үшін саяси қылмыс немесе саяси қылмыспен байланысты қылмыс немесе саяси себептерден туындаған қылмыс ретінде қарастырылмайды. Сондықтан да осындай қылмысқа байланысты ұстап беру немесе өзара құқықтық көмек туралы өтінішті оның саяси қылмысқа немесе саяси қылмыспен байланысты қылмысқа немесе саяси уәждерден туындаған қылмысқа қатысты болуы себебінен ғана қабылдамай қоюға болмайды.

      Ескерту. Конвенция 8 bis-баппен толықтырылды - ҚР 08.12.2018 № 199-VI Заңымен.

8 ter-бап

      Егер сұрау салынатын Қатысушы мемлекеттің 1-бапта көрсетілген қылмыстарға байланысты ұстап беру туралы немесе осындай қылмыстарға қатысты өзара құқықтық көмек туралы өтініш осы адамды оның нәсіліне, діни сеніміне, ұлтына, этностық шығу тегіне, саяси нанымдарына немесе жынысына байланысты сот арқылы қудалауды немесе жазалауды мақсат тұтады немесе осы өтінішті қанағаттандыру осы адамның жағдайына аталған себептердің кез келгені бойынша нұқсан келтіруі мүмкін деп ойлауына нақты негіздері болса, осы Конвенциядағы ештеңе қандай да бір адамды ұстап беру не өзара құқықтық көмек көрсету міндетін жүктеуші ретінде түсіндірілмейді.

      Ескерту. Конвенция 8 ter-баппен толықтырылды - ҚР 08.12.2018 № 199-VI Заңымен.

9-бап

      1. 1-баптың 1-тармағында көрсетілген әрекеттердің кез келгені жасалған немесе жасалуға жақын қалған кезде Қатысушы мемлекеттер заңды командирдің әуе кемесіне бақылауын қалпына келтіру үшін немесе командирдің әуе кемесіне бақылауын сақтап қалу үшін барлық тиісті шараларды қабылдайды.

      2. Алдыңғы тармақта көзделген жағдайларда, онда әуе кемесі, оның жолаушылары немесе экипажы тұрған кез келген Уағдаласушы Мемлекет оның жолаушылары мен экипажының жолсапарын мүмкіндігі болғанша тез жалғастыруына жәрдемдеседі және әуе кемесі мен оның жүгін заңды иелеріне кідіріссіз қайтарады.

      Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 08.12.2018 № 199-VI Заңымен.

10-бап

      1. Қатысушы мемлекеттер 1-бапта көрсетілген қылмыстарға және 4-бапта көрсетілген басқа актілерге қатысты қолданылған қылмыстық-процестік әрекеттерге байланысты бір-біріне барынша толық көмек көрсетеді. Барлық жағдайда да өзіне өтініш жолданған мемлекеттің заңнамасы қолданылады.

      2. Осы баптың 1-тармағының ережелері қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмекті толықтай немесе ішінара реттеп жүрген немесе реттейтін кез келген басқа екіжақты немесе көпжақты шарт бойынша міндеттемелерге ықпал етпейді.

      Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 08.12.2018 № 199-VI Заңымен.

10 bis-бап

      1-бапта көрсетілген қылмыстардың біреуі жасалады деп ойлауға негізі бар кез келген Қатысушы мемлекет өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес, өзінде бар кез келген тиісті ақпаратты, өзінің пікірі бойынша, 4-баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген мемлекеттер болып табылатын Қатысушы мемлекеттерге береді.

      Ескерту. Конвенция 10 bis-баппен толықтырылды - ҚР 08.12.2018 № 199-VI Заңымен.

11-бап

      Әрбір Уағдаласушы Мемлекет:

      a) қылмыстың мән-жайларына;

      b) 9-бапқа сәйкес жасалған әрекеттерге;

      c) қылмыскерге немесе болжамды қылмыскерге қатысты қабылданған шараларға және атап айтқанда, ұстап беру жөніндегі кез келген әрекеттердің немесе басқа да құқықтық әрекеттердің нәтижелеріне қатысты өзінің қолында бар тиісті ақпаратты Халықаралық азаматтық авиация ұйымының Кеңесіне өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес мүмкіндігінше тез хабарлайды.

12-бап

      1. Екі немесе одан да көп Уағдаласушы Мемлекет арасындағы осы Конвенцияны түсіндіруге немесе қолдануға қатысты, келіссөздер арқылы реттеле алмайтын кез келген дау олардың біреуінің өтініші бойынша төрелікке беріледі. Егер Тараптар төрелікке өтініш жасалған күннен бастап алты ай ішінде төрелікті ұйымдастыру туралы мәселе бойынша келісімге келе алатын күйде болмаса, дау осы Тараптардың кез келгенінің өтініші бойынша Сот Статутына сәйкес Халықаралық Сотқа берілуі мүмкін.

      2. Әрбір Мемлекет осы Конвенцияға қол қою немесе оны ратификациялау немесе оған қосылу кезінде өзін алдыңғы тармақтың ережелерімен байланысты деп санамайтыны туралы мәлімдеме жасай алады. Басқа Уағдаласушы Мемлекеттер осындай ескертпе жасаған кез келген Уағдаласушы Мемлекетпен өзара қарым-қатынаста алдыңғы тармақтың ережелерімен байланысты болмайды.

      3. Алдыңғы тармаққа сәйкес ескертпе жасаған кез келген Уағдаласушы Мемлекет кез келген уақытта үкіметтерге-депозитарийлерге нота жолдау арқылы осы ескертпені алып тастай алады.

13-бап

      1. Осы Конвенция 1970 жылғы 1-16 желтоқсан аралығында Гаагада болған Әуе құқығы жөніндегі халықаралық конференцияға (бұдан әрі Гаага конференциясы деп аталатын) қатысушы мемлекеттер үшін 1970 жылғы 16 желтоқсанда Гаагада қол қоюға ашық болады. 1970 жылғы 31 желтоқсаннан кейін Конвенция Мәскеуде, Лондонда және Вашингтонда барлық мемлекеттердің қол қоюы үшін ашық болады. Осы Конвенция осы баптың 3-тармағына сәйкес күшіне енгенге дейін оған қол қоймаған кез келген мемлекет оған кез келген уақытта қосыла алады.

      2. Осы Конвенция оған қол қойған Мемлекеттердің ратификациялауына жатады. Ратификациялау грамоталары мен қосылу туралы құжаттар осы арқылы үкіметтер-депозитарийлер болып тағайындалатын Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің және Америка Құрама Штаттарының үкіметтеріне сақтауға тапсырылады.

      3. Осы Конвенция Гаага конференциясына қатысқан, осы Конвенцияға қол қойған он Мемлекет ратификациялау грамоталарын сақтауға тапсырған күнінен кейін отыз күн өткен соң күшіне енеді.

      4. Басқа мемлекеттер үшін осы Конвенция осы баптың 3-тармағына сәйкес осы Конвенция күшіне енген күні немесе өздерінің ратификациялау грамоталары немесе қосылу туралы құжаттары сақтауға тапсырылған күннің қайсысы кешірек болса, сол күннен кейін отыз күн өткен соң күшіне енеді.

      5. Депозитарий үкіметтер барлық қол қойған және қосылған Мемлекеттерді әрбір қол қою күні, әрбір ратификациялау грамотасын немесе қосылу туралы құжатты сақтауға тапсыру күні, осы Конвенцияның күшіне ену күні туралы, сондай-ақ басқа хабарламалар туралы дереу хабардар етеді.

      6. Осы Конвенция күшіне енгеннен кейін оны депозитарий үкіметтер Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 102-бабына сәйкес және Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның (Чикаго, 1944 ж.) 83-бабына сәйкес тіркеуге тиіс.

14-бап

      1. Кез келген Уағдаласушы Мемлекет бас тарту туралы депозитарий үкіметтер жазбаша түрде хабардар ету арқылы осы Конвенцияға қатысудан бас тарта алады.

      2. Конвенцияға қатысудан бас тарту депозитарий үкіметтер осындай хабарламаны алған күннен бастап алты ай өткен соң күшіне енеді.

      Өз Үкіметтері тиісті түрде уәкілеттік берген Төменде қол қоюшылар осыны КУӘЛАНДЫРУ РЕТІНДЕ осы Конвенцияға қол қойды.

      Бір мың тоғыз жүз жетпісінші жылы он алтыншы желтоқсанда Гаагада әрқайсысы орыс, ағылшын, испан және француз тілдерінде үш төлнұсқа данада ЖАСАЛДЫ, әрі барлық мәтіндер теңтүпнұсқалы болып табылады.

      Дәл және толық көшірмесі

      Заң басқармасы

      Мемлекеттік тілдегі мәтінінің орыс тіліндегі мәтінімен түпнұсқалық дәлме-дәлдігі сәйкес келеді.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрлігі Азаматтық авиация
комитетінің төраға орынбасары
А. Альжанов

      Doc 9959

Әуе кемелерін заңсыз басып алуға қарсы күрес туралы
Конвенцияны толықтыратын
ХАТТАМА

      2010 жылғы 10 қыркүйекте Бейжіңде жасалған



      2011

      ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ ҰЙЫМЫ

      Дәл және толық көшірмесі

      Құқықтық мәселелер жөніндегі және сыртқы байланыстар басқарма директоры

      ХААҰ

      Әуе кемелерін заңсыз басып алуға қарсы күрес туралы
Конвенцияны толықтыратын
ХАТТАМА

      2010 жылғы 10 қыркүйекте Бейжіңде жасалған

      ХААҰ-ның Бас хатшысының мақұлдауымен Халықаралық азаматтық авиация ұйымы жариялаған 999 Universiti Strit Montreal, Quebec Canada H3C 5H7

      Тапсырыстарды ресімдеу туралы ақпарат және сату агенттер мен кітап саудагерлері толық тізбесі ИКАО веб-сайтында www.icao.int орналастырылған

      Doc 9959, Әуе кемелерін заңсыз басып алуға қарсы күрес туралы Конвенцияны толықтыратын Хаттама

      Тапсырыс нөмірі: 9959

      ISBN 978-92-9231-781-2

      © ХААҰ 2011

      Барлық құқықтар қорғалған. Осы жарияланымның ешбір бөлігі қайта шығарылмайды, іздеу жүйесінде сақталуы немесе кез келген нысанда немесе кез келген құралдармен Халықаралық азаматтық авиация ұйымының алдын ала жазбаша рұқсатынсыз берілуі мүмкін емес

ӘУЕ КЕМЕЛЕРІН ЗАҢСЫЗ БАСЫП АЛУҒА ҚАРСЫ КҮРЕС
ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯНЫ ТОЛЫҚТЫРАТЫН
ХАТТАМА

      ОСЫ ХАТТАМАҒА ҚАТЫСУШЫ МЕМЛЕКЕТТЕР

      бүкіл әлемде азаматтық авиацияның қызметіне заңсыз араласу актілерінің өршіп тұрғанына ТЕРЕҢ АЛАҢДАУШЫЛЫҚ БІЛДІРЕ ОТЫРЫП,

      азаматтық авиацияға қарсы жаңа қатер түрлері мемлекеттерден жаңа келісілген іс-қимыл мен ынтымақтастық саясатын жүзеге асыруды талап ететінін ТАНИ ОТЫРЫП,

      мұндай қатерлерге қарсы неғұрлым тиімді іс-қимыл жасау үшін әуе кемелерін заңсыз басып алу актілеріне немесе оларға бақылау жасауды жүзеге асыруға қарсы күрес және Конвенцияның тиімділігін арттыру мақсатында 1970 жылғы 16 желтоқсанда Гаагада қол қойылған Әуе кемелерін заңсыз басып алуға қарсы күрес туралы конвенцияның ережелерін толықтыратын ережелер қабылдау қажет деп ЕСЕПТЕЙ ОТЫРЫП,

      ТӨМЕНДЕГІЛЕР ТУРАЛЫ КЕЛІСТІ:

I бап

      Осы Хаттама 1970 жылғы 16 желтоқсанда Гаагада қол қойылған Әуе кемелерін заңсыз басып алуға қарсы күрес туралы конвенцияның (бұдан әрі "Конвенция" деп аталады) ережелерін толықтырады.

II бап

      Конвенцияның 1-бабы мына мәтінмен алмастырылады:

"1-бап

      1. Кез келген адам, егер ол пайдаланылып жатқан әуе кемесін заңсыз түрде немесе әдейі басып алса, немесе оған күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту жолымен немесе кез келген басқа да қорқыту түрлері арқылы немесе кез келген техникалық құралдардың көмегімен бақылауды жүзеге асырса, қылмыс жасаған болып табылады.

      2. Егер кез келген адам:

      a) осы Баптың 1-тармағында көрсетілген қылмысты жасаймын деп қорқытса; немесе

      b) кез келген адамның осындай қылмыс жасалады деп қорқытылуын заңсыз түрде және әдейі туындатса, қатер нақты болып табылатынын куәландыратын мән-жайларда осы адам да қылмыс жасаған болып табылады.

      3. Егер кез келген адам:

      a) осы Баптың 1-тармағында көрсетілген қылмысты жасауға ұмтылса; немесе

      b) осы Баптың 1, 2 немесе 3 а) тармақтарында көрсетілген қылмыстардың қандай да бірін жасау мақсатында басқа адамдарды ұйымдастырса немесе оларға басшылық жасаса; немесе

      c) осы Баптың 1, 2 немесе 3 а) тармақтарында көрсетілген қылмыстарға сыбайлас ретінде қатысса; немесе

      d) басқа адамның осы Баптың 1, 2, 3 а), 3 b) немесе 3 с) тармақтарында көрсетілген қылмыстар болып табылатын іс-әрекетті жасағанын немесе осы адамның осындай қылмыс үшін қылмыстық қудалау органдары тарапынан іздестіріліп жатқанын немесе осындай қылмыс үшін сотталғанын біле тұрып, осы адамның тергеп-тексеруден, қудалауда немесе жазалаудан қашуына заңсыз түрде және әдейі көмектессе, осы адам да қылмыс жасаған болып табылады.

      4. Әрбір Қатысушы мемлекет мына іс-әрекеттердің екеуі немесе біреуі қасақана жасалғанда:

      a) осы Баптың 1 немесе 2-тармақтарында көрсетілген қылмыстарды жасау үшін бір немесе бірнеше басқа адаммен сөз байласса, оның үстіне егер бұл ұлттық заңнамада көзделген болса, сондай-ақ сөз байласуға қатысушылардың біреуінің осы сөз байласуды іске асыру үшін қандай да бір әрекетті іс жүзінде жасайтыны болжанса; немесе

      b) ортақ мақсатпен әрекет ететін адамдар тобының осы Баптың 1 немесе 2-тармақтарында көрсетілген қылмыстардың біреуін немесе одан көбін жасау кез келген өзгеше түрде жәрдемдессе және мұндай жәрдемдесу:

      i) егер топтың қылмыстық әрекеті немесе мақсаты осы Баптың 1 немесе 2-тармақтарында көрсетілген қылмыстарды жасауға байланысты болса, мұндай әрекеттің немесе мақсаттың жалпы сипатын қолдау мақсатында көрсетілсе; не

      ii) топтың осы Баптың 1 немесе 2-тармақтарында көрсетілген қылмысты жасау пиғылын ұғына отырып көрсетілсе, осы Баптың 1 немесе 2-тармақтарында көрсетілген қылмыстардың кез келгенін іс жүзінде жасағанына немесе жасауға ұмтылғанына қарамастан, оларды қылмыс ретінде таниды."

III бап

      Конвенцияның 2-бабы мына мәтінмен алмастырылады:

"2-бап

      Әрбір Қатысушы мемлекет 1-бапта көрсетілген қылмыстарға қатысты қатаң жазалау шараларын қолдануға міндеттенеді."

IV бап

      Мына мәтін Конвенцияның 2 bis-бабы ретінде қосылады:

"2 bis-бап

      1. Әрбір Қатысушы мемлекет өзінің ішкі құқығының қағидаттарына сәйкеc өзінің аумағындағы немесе өзінің заңдары бойынша құрылған заңды тұлғаны басқаруға немесе оған бақылау жасауға жауапты, осындай түрде әрекет ететін жеке тұлға 1-бапта көрсетілген қылмысты жасаған жағдайда, осы заңды тұлғаны жауаптылыққа тарта алу үшін қажетті шараларды қолдана алады. Мұндай жауаптылық қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік сипатта болуы мүмкін.

      2. Мұндай жауаптылық осы қылмыстарды жасаған жеке тұлғалардың қылмыстық жауаптылығына нұқсан келтірілместен басталады.

      3. Егер Қатысушы мемлекет заңды тұлғаны осы Баптың 1-тармағына сәйкес жауаптылыққа тарту бойынша қажетті шаралар қабылдаса, ол қолданылатын қылмыстық, азаматтық-құқықтық немесе әкімшілік санкциялардың тиімді шамалас болуын және тежеуші әсер етуін қамтамасыз етеді. Мұндай санкциялар қаржылық санкцияларды қамтуы мүмкін."

V бап

      1. Конвенцияның 3-бабының 1-тармағы мына мәтінмен алмастырылады:

"3-бап

      1. Осы Конвенцияның мақсаттары үшін әуе кемесі жерүсті персоналының немесе экипаждың нақты ұшу үшін әуе кемесін ұшуалды дайындауды бастаған кезден бастап кез келген қонудан кейін жиырма төрт сағат өткенге дейін пайдаланылып жатыр деп есептеледі. Мәжбүрлі қону жағдайында құзыретті биліктер әуе кемесі үшін және оның бортындағы адамдар мен мүлік үшін жауаптылықты өз мойнына алғанға дейін ұшу жалғасып жатыр деп есептеледі."

      2. Конвенцияның ағылшын тіліндегі мәтінінде 3-баптың 3-тармағындағы "registration" деген сөз "registri" деген сөзбен ауыстырылсын.

      3. Конвенцияның 3-бабының 4-тармағындағы "айтылған" деген сөз "көрсетілген" деген сөзбен ауыстырылсын.

      4. Конвенцияның 3-бабының 5-тармағы мына мәтінмен алмастырылсын:

      "5. Осы Баптың 3 және 4-тармақтарына қарамастан 6, 7, 7 bis, 8, 8 bis, 8 ter және 10-баптар әуе кемесінің ұшып шығу немесе іс жүзінде қону орнына қарамастан, егер қылмыскер немесе болжамды қылмыскер осы әуе кемесі тіркелген мемлекеттен басқа өзге мемлекеттің аумағында жүрсе де қолданылады."

VI бап

      Конвенцияның 3 bis -бабы ретінде мына мәтін қосылады:

"3 bis-бап

      1. Осы Конвенциядағы ешнәрсе халықаралық құқыққа сәйкес, атап айтқанда, Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының, Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның мақсаттары мен қағидаттарына және халықаралық гуманитарлық құқыққа сәйкес мемлекеттер мен тұлғалардың басқа да құқықтарын, міндеттемелері мен міндеттерін қозғамайды.

      2. Халықаралық гуманитарлық құқықпен реттелетін осы терминдердің осы құқықта түсіндірілу ретімен қарулы күштердің қарулы қақтығыс кезіндегі әрекеттері осы Конвенцияда реттелмейді, ол сондай-ақ мемлекеттердің әскери күштері өздерінің ресми функцияларын жүзеге асыру мақсатында қолданатын әрекеттерді де реттемейді, өйткені олар халықаралық құқықтың басқа нормаларымен реттеледі.

      3. Осы Баптың 2-тармағының ережелері өзге қатынастардағы заңсыз актілерді ақтаушы немесе заңды етуші ретінде немесе басқа заңдар негізінде сот арқылы қудалауға кедергі келтіретіндей түрде түсіндірілмейді."

VII бап

      Конвенцияның 4-бабы мына мәтінмен алмастырылады:

"4-бап

      1. Әрбір Қатысушы мемлекет мынадай:

      a) қылмыс осы мемлекеттің аумағында жасалған;

      b) қылмыс осы мемлекетте тіркелген әуе кемесіне қарсы немесе оның бортында жасалған;

      c) бортында қылмыс жасалған әуе кемесі оның аумағына қонған және болжамды қылмыскер әлі оның бортында болған;

      d) қылмыс негізгі қызмет орны немесе егер жалға алушының мұндай қызмет орны болмаса, тұрақты болатын жері осы мемлекетте орналасқан жалға алушыға экипажсыз жалға берілген әуе кемесіне қарсы немесе оның бортында жасалған;

      е) қылмысты осы мемлекеттің азаматы жасаған жағдайларда, 1-бапта көрсетілген қылмыстарға және болжамды қылмыскер осындай қылмыстарға байланысты жолаушыларға немесе экипажға қатысты жасаған басқа да зорлық-зомбылық актілеріне өзінің юрисдикциясын орнатуға қажет болуы мүмкін шараларды қабылдайды.

      2. Әрбір Қатысушы мемлекет мынадай:

      a) қылмыс осы мемлекеттің азаматына қарсы жасалған;

      b) қылмысты, әдетте, осы мемлекеттің аумағында тұратын азаматтығы жоқ адам жасаған жағдайларда да, кез келген осындай қылмысқа қатысты өз юрисдикциясын белгілей алады.

      3. Әрбір Қатысушы мемлекет болжамды қылмыскер өзінің аумағында болған және өзі осы адамды осындай қылмыстарға қатысты осы Баптың қолданылатын тармақтарына сәйкес өз юрисдикциясын белгілеген Қатысушы мемлекеттердің ешбіріне де 8-бапқа сәйкес ұстап бермеген жағдайда 1-бапта көрсетілген қылмыстарға өзінің юрисдикциясын белгілеу үшін қажет болуы мүмкін шараларды қабылдайды.

      4. Осы Конвенция ұлттық заңнамаға сәйкес кез келген қылмыстық юрисдикцияны жүзеге асыруды жоққа шығармайды."

VПІ бап

      Конвенцияның 5-бабы мына мәтінмен алмастырылады:

"5-бап

      Бірлескен немесе халықаралық тіркелуге жататын әуе кемелерін пайдаланатын бірлескен әуе-көлік пайдалану ұйымдарын немесе халықаралық пайдалану агенттіктерін құратын Қатысушы мемлекеттер әрбір әуе кемесіне қатысты осы Конвенцияның мақсаттарында юрисдикциясын жүзеге асыратын және тіркеу мемлекеті ретінде әрекет ететін өздерінің арасындағы мемлекетті тиісті түрде көрсетеді және бұл туралы Халықаралық азаматтық авиация ұйымының Бас хатшысын хабардар етеді, ол мұндай хабарламаны осы Конвенцияның барлық Қатысушы мемлекеттеріне жібереді."

ІХ бап

      Конвенцияның 6-бабының 4-тармағы мына мәтінмен алмастырылады:

"6-бап

      4. Қатысушы мемлекет осы Бапқа сәйкес адамды қамауға алған кезде ол 4-баптың 1-тармағына сәйкес юрисдикциясын белгілеген және юрисдикциясын белгілеп, 4-баптың 2-тармағына сәйкес депозитарийді хабардар еткен Қатысушы мемлекеттерді және егер өзі мақсатқа сай деп тапса, кез келген басқа мүдделі Қатысушы мемлекеттерді осы адамның қамауға алынғаны және осы адамды ұстап алуға негіз болған мән-жайлар туралы дереу хабардар етеді. Осы Баптың 2-тармағында көзделген алдын ала тергеп-тексеруді жүргізетін Қатысушы мемлекет өзі алған деректер туралы жоғарыда аталған Қатысушы мемлекеттерге дереу хабарлайды және өзінің юрисдикцияны жүзеге асыру ниетінің бар-жоғын көрсетеді."

Х бап

      Конвенцияның 7 bisабы ретінде мына мәтін қосылады:

"7 bis-бап

      Осы Конвенцияға сәйкес қамауға алынған немесе өзіне қатысты кез келген басқа шаралар қолданылған немесе талқылау жүзеге асырылатын кез келген адамға әділетті қарым-қатынас жасалуына, оның ішінде осы адам аумағында болатын мемлекеттің заңнамасына және адам құқықтары туралы ережелерді қоса алғанда халықаралық құқықтың қолданылатын ережелеріне сәйкес барлық құқықтар мен кепілдіктерді пайдалануына кепілдік беріледі."

ХІ-бап

      Конвенцияның 8-бабы мына мәтінмен алмастырылады:

"8-бап

      1. 1-бапта көрсетілген қылмыстар Қатысушы мемлекеттер арасында жасалған ұстап беру туралы кез келген шартқа ұстап беруге алып келетін қылмыстар ретінде енгізілуге жатады деп есептеледі. Қатысушы мемлекеттер мұндай қылмыстарды өздерінің арасында жасалатын ұстап беру туралы кез келген шартқа ұстап беруге алып келетін қылмыстар ретінде енгізуге міндеттенеді.

      2. Егер ұстап беруді шарттың болуына негіздейтін Қатысушы мемлекет өзімен ұстап беру туралы шарты жоқ басқа Қатысушы мемлекеттен ұстап беру туралы өтініш алса, ол 1-бапта көрсетілген қылмыстарға қатысты осы Конвенцияны өз қалауы бойынша, ұстап беру үшін заңды негіз ретінде қарай алады. Ұстап беру өзіне ұстап беру туралы өтініш жолданған мемлекеттің заңнамасында көзделген басқа талаптарға сәйкес жүргізіледі.

      3. Ұстап беруді шарттың болуына негіздемейтін Қатысушы мемлекеттер өздерінің арасындағы қатынастарда 1-бапта көрсетілген қылмыстарды өзіне ұстап беру туралы өтініш жолданған мемлекеттің заңнамасында көзделген талаптарға сәйкес, ұстап беруге алып келетін қылмыстар ретінде қарастырады.

      4. Қатысушы мемлекеттер қылмыстардың әрқайсысын ұстап беру мақсаттары үшін ол жасалған орнында ғана емес, 4-баптың 1-тармағының b), с), d) және е) тармақшаларына сәйкес өз юрисдикциясын белгілеуге міндетті және 4-баптың 2-тармағына сәйкес юрисдикциясын белгілеген Қатысушы мемлекеттердің аумағында да жасалғандай қарайды.

      5. Қатысушы мемлекеттер 1-баптың 4-тармағының а) және d) тармақшаларында көрсетілген қылмыстардың әрқайсысын ұстап беру мақсаттары үшін баламалы ретінде қарастырады."

XII бап

      Конвенцияның 8 bisабы ретінде мына мәтін қосылады:

"8 bis-бап

      1-бапта көрсетілген қылмыстардың ешбірі ұстап беру немесе өзара құқықтық көмек мақсаттары үшін саяси қылмыс немесе саяси қылмыспен байланысты қылмыс немесе саяси себептерден туындаған қылмыс ретінде қарастырылмайды. Сондықтан да осындай қылмысқа байланысты ұстап беру немесе өзара құқықтық көмек туралы өтінішті оның саяси қылмысқа немесе саяси қылмыспен байланысты қылмысқа немесе саяси уәждерден туындаған қылмысқа қатысты болуы себебінен ғана қабылдамай қоюға болмайды."

XIII бап

      Конвенцияның 8 bisабы ретінде мына мәтін қосылады:

"8 bis-бап

      Егер сұрау салынатын Қатысушы мемлекеттің 1-бапта көрсетілген қылмыстарға байланысты ұстап беру туралы немесе осындай қылмыстарға қатысты өзара құқықтық көмек туралы өтініш осы адамды оның нәсіліне, діни сеніміне, ұлтына, этностық шығу тегіне, саяси нанымдарына немесе жынысына байланысты сот арқылы қудалауды немесе жазалауды мақсат тұтады немесе осы өтінішті қанағаттандыру осы адамның жағдайына аталған себептердің кез келгені бойынша нұқсан келтіруі мүмкін деп ойлауына нақты негіздері болса, осы Конвенциядағы ештеңе қандай да бір адамды ұстап беру не өзара құқықтық көмек көрсету міндетін жүктеуші ретінде түсіндірілмейді."

XIV бап

      Конвенцияның 9-бабының 1-тармағы мына мәтінмен алмастырылады:

"9-бап

      1. 1-баптың 1-тармағында көрсетілген әрекеттердің кез келгені жасалған немесе жасалуға жақын қалған кезде Қатысушы мемлекеттер заңды командирдің әуе кемесіне бақылауын қалпына келтіру үшін немесе командирдің әуе кемесіне бақылауын сақтап қалу үшін барлық тиісті шараларды қабылдайды."

ХV бап

      Конвенцияның 10-бабының 1-тармағы мына мәтінмен алмастырылады:

"10-бап

      1. Қатысушы мемлекеттер 1-бапта көрсетілген қылмыстарға және 4-бапта көрсетілген басқа актілерге қатысты қолданылған қылмыстық-процестік әрекеттерге байланысты бір-біріне барынша толық көмек көрсетеді. Барлық жағдайда да өзіне өтініш жолданған мемлекеттің заңнамасы қолданылады."

XVI бап

      Конвенцияның 10 bis-бабы ретінде мына мәтін қосылады:

"10 bis-бап

      1-бапта көрсетілген қылмыстардың біреуі жасалады деп ойлауға негізі бар кез келген Қатысушы мемлекет өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес, өзінде бар кез келген тиісті ақпаратты, өзінің пікірі бойынша, 4-баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген мемлекеттер болып табылатын Қатысушы мемлекеттерге береді."

XVII бап

      1. Осы Конвенциядағы "Уағдаласушы мемлекет" және "Уағдаласушы мемлекеттер" деген барлық сілтемелер тиісінше "Қатысушы мемлекет" және "Қатысушы мемлекеттер" деген сілтемелермен ауыстырылады.

      2. Осы Конвенциядағы "ол" және "оның" деген барлық сілтемелер тиісінше "осы адам" және "осы адамның" деген сілтемелермен ауыстырылады.

XVIII бап

      Осы Конвенцияның осы Хаттамаға қоса берілетін араб және қытай тілдеріндегі мәтіндері Конвенцияның орыс, ағылшын, испан және француз тілдеріндегі мәтіндерімен бірге осы алты тілдегі теңтүпнұсқалы мәтіндерді құрайды.

XIX бап

      Осы Хаттамаға Қатысушы мемлекеттер арасында Конвенция мен осы Хаттама 2010 жылғы Бейжің хаттамасымен өзгертілген Гаага конвенциясы деп аталатын біртұтас құжат ретінде қарастырылатын және түсіндірілетін болады.

ХХ бап

      Осы Хаттама 2010 жылғы 30 тамыз - 10 қыркүйек аралығында Бейжіңде болған Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі дипломатиялық конференцияға қатысқан мемлекеттердің қол қоюы үшін 2010 жылғы 10 қыркүйекте Бейжіңде ашық болады. 2010 жылғы 27 қыркүйектен кейін осы Хаттама ол XXIII бапқа сәйкес күшіне енгенге дейін Халықаралық азаматтық авиация ұйымының Монреальдағы Штаб-пәтерінде барлық мемлекеттің қол қоюы үшін ашық болады.

XXI бап

      1. Осы Хаттама ратификациялауға, қабылдауға немесе бекітуге жатады. Ратификациялау, қабылдау немесе бекіту туралы құжаттар осы арқылы депозитарий болып тағайындалатын Халықаралық азаматтық авиация ұйымының Бас хатшысына сақтауға тапсырылады.

      2. Конвенцияға қатысушы болып табылмайтын кез келген мемлекеттің осы Хаттаманы ратификациялауы, қабылдауы немесе бекітуі 2010 жылғы Бейжің хаттамасымен өзгертілген Гаага конвенциясын ратификациялау, қабылдау немесе бекіту болып есептеледі.

      3. Осы Хаттаманы осы Баптың 1-тармағына сәйкес ратификацияламаған, қабылдамаған немесе бекітпеген кез келген мемлекет оған кез келген уақытта қосыла алады. Қосылу туралы құжат депозитарийге сақтауға тапсырылады.

XXII бап

      Әрбір Қатысушы мемлекет осы Хаттаманы ратификациялағаннан, қабылдағаннан, бекіткеннен немесе оған қосылғаннан кейін:

      a) депозитарийді өзінің 2010 жылғы Бейжің хаттамасымен өзгертілген Гаага конвенциясының 4-бабының 2-тармағына сәйкес өз ұлттық заңнамасы шеңберінде орнатқан юрисдикциясы туралы хабардар етеді және депозитарийді кез келген өзгеріс туралы дереу хабардар етеді;

      b) өзінің 2010 жылғы Бейжің хаттамасымен өзгертілген Гаага конвенциясының 1-бабы 3-тармағының d) тармақшасының ережелерін өзінің қылмыстық құқығының отбасы мүшелерін жауаптылықтан босатуға қатысты қағидаттарына сәйкес қолданатынын мәлімдей алады.

XXIII бап

      1. Осы Хаттама ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе қосылу туралы жиырма екінші құжат депозитарийге сақтауға тапсырылған күннен кейін екінші айдың бірінші күні күшіне енеді.

      2. Ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе қосылу туралы жиырма екінші құжат сақтауға тапсырылғаннан кейін осы Хаттаманы ратификациялаған, қабылдаған, бекіткен немесе оған қосылған әрбір мемлекет үшін осы Хаттама осындай мемлекет өзінің ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе қосылу туралы құжатын сақтауға тапсырған күнінен кейін екінші айдың бірінші күні күшіне енеді.

      3. Осы Хаттама күшіне енген бойда оны депозитарий Біріккен Ұлттар Ұйымында тіркейді.

XXIV бап

      1. Кез келген қатысушы мемлекет депозитарийді жазбаша түрде хабардар ету арқылы осы Хаттаманың күшін жоя алады.

      2. Күшін жою депозитарий хабарламаны алған күннен кейін бір жыл өткен соң күшіне енеді.

XXV бап

      Депозитарий осы Хаттамаға Қатысушы барлық мемлекеттерге және осы Хаттамаға қол қойған немесе оған қосылған барлық мемлекеттерге әрбір қол қойылу күні, ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе қосылу туралы әрбір құжаттың сақтауға тапсырылған күні, осы Хаттаманың күшіне ену күні туралы хабарлайды және оларға басқа да тиісті ақпаратты хабарлайды.

      Осыны КУӘЛАНДЫРУ РЕТІНДЕ тиісті түрде уәкілеттік берілген, төменде қол қойған өкілетті өкілдер осы Хаттамаға қол қойды.

      Екі мың оныншы жылғы қыркүйек айының оны күні Бейжіңде орыс, ағылшын, араб, испан, қытай және француз тілдерінде ЖАСАЛДЫ әрі барлық мәтін осы жерде көрсетілген күннен бастап тоқсан күн ішінде Конференция Төрағасының өкілеттіктері шеңберінде Конференция хатшылығы оларды бір-біріне сәйкес келтіру тұрғысынан тексергеннен кейін теңтүпнұсқалылыққа ие бола отырып, теңтүпнұсқалы болып табылады. Осы Хаттама Халықаралық азаматтық авиация ұйымының архивтерінде сақтауда қалдырылады, ал оның куәландырылған көшірмелерін депозитарий осы Хаттаманың барлық Келіскен мемлекеттерге жібереді.

      1-ҚОСЫМША

      2-ҚОСЫМША

      Дәл және толық көшірмесі

      Құқықтық мәселелер жөніндегі және сыртқы байланыстар басқарма директоры

      ХААҰ

      Doc 9959

Әуе кемелерін заңсыз басып алуға қарсы күрес туралы
Конвенцияны толықтыратын
ХАТТАМА

      2010 жылғы 10 қыркүйекте Бейжіңде жасалған



      2011

      ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ ҰЙЫМЫ

      Мемлекеттік тілдегі мәтінінің орыс тіліндегі мәтінімен түпнұсқалық дәлме-дәлдігі сәйкес келеді.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрлігі Азаматтық авиация
комитетінің төраға орынбасары
А. Альжанов

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұдан әрі Конвенция және Хаттаманың ағылшын, араб, испан, қытай және француз тілдеріндегі мәтіні берілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады