Байланыс формасы

Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Заңы 1993 жылғы 10 желтоқсан N 3600. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 12 Заңымен (өзгеріс 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)

       1-бап. Қазақстан Республикасының Президентiне Конституцияның негiзiнде және соған сәйкес жаңадан сайланатын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесi бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанға дейiнгi мерзiмге заң күшi бар құжаттар шығару құқығы берiлсiн. 
      Бұл құжаттар Қазақстан Республикасының тиiстi заңдары қабылданғанға дейiн қолданыла бередi деп белгiленсiн. 

       2-бап. Қазақстан Республикасының Президентiне жаңадан сайланатын Жоғарғы Кеңес бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанға дейiнгi мерзiмге және кейiн сол сессия бекiтетiндей етiп қажет болған жағдайда Жоғарғы Кеңестiң Қазақстан Республикасы Конституциясы 64-бабының 12-15, 18 және 20-тармақтарында көзделген өкiлеттiгiн жүзеге асыру құқығы берiлсiн. 

       3-бап. Қазақстан Республикасының Президентiне жаңадан сайланатын Жоғарғы Кеңес бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанға дейiнгi мерзiмге Конституцияның 78-бабының 3, 7 және 16-тармақтарында көзделген өкiлеттiктi дербес жүзеге асыру құқығы берiлсiн. 

       4-бап. Қазақстан Республикасының Президентiне 1994 жылдың 1-тоқсанын ерекше бөле отырып 1-жартыжылдыққа арналған аванстық республикалық бюджеттi бекiту, кейiн оны жаңадан сайланатын Жоғарғы Кеңес бiрiншi сессиясының қарауына тапсыру құқығы берiлсiн. 

       5-бап. Жергiлiктi әкiмдерге 1994 жылдың 1-тоқсанын ерекше бөле отырып 1-жартыжылдыққа арналған тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiктердiң аванстық бюджеттерiн бекiту, кейiн оларды жаңадан сайланатын тиiстi жергiлiктi өкiлдi органдардың қарауына тапсыру құқығы берiлсiн.
 

         6-бап. Облыстың әкiмдерiне қазiргi бар ауылдық, селолық Кеңестер шегiнде өзiне бiрнеше елдi мекендердi қамтитын ауылдық (селолық) округтар құру құқығы берiлсiн.

      Осы Заң жарияланған күннен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады