Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта жаңғырту және Дамыту Банкi арасындағы 1996 жылғы 18 шiлдедегi Займ туралы келiсiмдi (Өзен мұнай кен орнын оңалту жобасы) бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 1996 жылғы 16 қазан N 38-I

 


     Америка Құрама Штаттары Колумбия Округiнде қол қойылған

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық және Дамыту Банкi арасындағы

1996 жылғы 18 шiлдедегi Зайым туралы келiсiм (Өзен мұнай кен орнын

оңалту жобасы) бекiтiлсiн.


     Қазақстан Республикасының

         Президентi


     Заң бөлiмi

     #8 жабық келiсiм жобасы

     (өзгертiлуге жатады)

     Т. Хассан

     1996 жылғы 24 мамыр


                                      ЗАЙМНЫҢ НӨМIРI 


                        Қазақстан Республикасы

                                мен

                        ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ

                           ЖӘНЕ ДАМУ БАНКI


                             арасындағы


                        ЗАЙМ ТУРАЛЫ КЕЛIСIМ


                  (Өзен мұнай кен орнын оңалту жобасы)



                                                 1996 жылғы ________


                        ЗАЙМ ТУРАЛЫ КЕЛIСIМ

     ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ (Займ алушы) мен ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ

ЖӘНЕ ДАМУ БАНКI (Банк) арасындағы 1996 жылғы ___________ КЕЛIСIМ.



 
       (А) Займ алушы, осы Келiсiмнiң 2-Қосымшасында сипатталған Жобаның өмiршеңдiгi мен басымдығына көз жеткiзгеннен кейiн, Жобаны қаржыландыруға көмектесу туралы Банкке өтiнiш ЖАСАҒАНДЫҚТАН;
      (В) Жобаны Займ алушының көмегiмен "Өзенмұнайгаз" компаниясы

 

(ӨМГ) жүзеге асыратын болғандықтан және Займ алушы осы Келiсiм

бойынша берiлетiн Займ қаражатын осындай көмектiң бiр бөлiгi ретiнде

ӨМГ-ге беретiндiктен; және


     Банк, өзге де шарттардың iшiнде, жоғарыда айтылғанның негiзiнде

Займ алушыға осы Келiсiмде және Банк пен ӨМГ арасында нақ сол күнi

жасалған Жоба туралы Келiсiмде ескертiлген шарттарда Займ беруге

КЕЛIСКЕНДIКТЕН;


     Сөйтiп, осы арқылы тараптар төмендегi мәселе туралы уағдаласады:


                             1 БАП


                   Жалпы шарттар; Айқындамалар


     1. 01-бөлiм. Банктiң 1985 жылғы 1 қаңтардағы "Займдар мен

Кепiлдiктер туралы келiсiмдерге қатысты қоданылатын жалпы шарттары"

төменде ескертiлген түзетулермен бiрге (Жалпы Шарттар) осы Келiсiмнiң

ажырамас бiр бөлiгiн құрайды:


     (а) 3.02-бөлiмнiң соңғы сөйлемi алынып тасталады.


     (b) 5.01-бөлiмнiң екiншi сөйлемiне өзгертулер енгiзiлдi және ол

         былайша оқылады:


         "Егер Банк пен Займ алушы өзгеше уағдаласпаса, онда қаражат


 
            алу: (а) Банктiң мүшесi болып табылмайтын кез-келген елдiң

 

аумағындағы шығындар үшiн, немесе осындай аумақтарда өндiрiлетiн

тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң ақысын төлеу үшiн; немесе (b)

ипмортталатын тауарлар үшiн тұлғаларға немесе кәсiпорындарға төлем

төлеу мақсатында, егер мұндай төлемдерге немесе импортқа, Банктiң

ақпаратына сәйкес, БҰҰ Жарғысының ҮII тарауы шеңберiнде қабылданған

БҰҰ Қауiпсiздiк Кеңесiнiң шешiмiмен тыйым салынған болса, жүзеге

асырылмауы тиiс".


     1. 6.02-бөлiмдегi (к) бөлiмшесi (I) бөлiмшесi болып өзгертiлдi,

        ал жаңадан қосылған (к) бөлiмшесiн былайша оқу керек:


        "(к) Займ қаражатының бұдан былайғы кез-келген алынуы Банк

        Шарты туралы Келiсiмнiң III Бабының 3-бөлiмiнiң шарттарына

        сәйкес келмейтiн төтенше жағдай қалыптасты".


     1. 02-бөлiм. Егер кантекст өзгеше қажет етпесе, онда Жалпы

Шарттарда және осы Келiсiмнiң Кiрiспесiнде айқындалған кейбiр

терминдер тиiсiнше оларда айқындалған мағынаға ие болады, ал төменде

келтiрiлген қосымша терминдер мынадай мағыналарға ие болады:

     (a) "ЗА Блогы" Өзен мұнай кен орнының ЗА Блогы ретiнде

шекаралары белгiлеген аймақты бiлдiредi.


     (b) "Жоба туралы Келiсiм" осы құжатта қай күн көрсетiлсе, нақ

         сол күн көрсетiлген және сондай-ақ мезгiл-мезгiл түзетулер

         енгiзiлiп отыруы мүмкiн Банк пен Өзенмұнайгаз (ӨМГ)

         арасындағы келiсiмдi бiлдiредi және бұл термин жоба туралы

         Келiсiмге қосымшалар болып қосылған барлық кестелер мен

         келiсiмдердi қамтиды.


     (c) "Жобаны әзiрлеуге берiлген аванс" Займ алушы мен Банк

         арасындағы 1995 жылдың 8 қарашасы күнгi Келiсiм-хатқа

         сәйкес Банк Займ алушыға берген, жобаны әзiрлеуге арналған

         авансты бiлдiредi.


     (b) "Айналым қаражатын қаржыландырудың қысқа мерзiмдi жоспары"

         ӨМГ-нiң айналым қаражатын (жұмыс капиталын) қаржыландырудың

         Банктiң келiсiмiмен мезгiл-мезгiл өзгертiлiп отыруы мүмкiн

         ________________ күнгi * қысқа мерзiмдi жоспарын бiлдiредi.


     (e) "Арнаулы шот" осы Келiсiмнiң 2.02-Бөлiмiнде айтылған шотты

         бiлдiредi.


     * Займ алушы мен ӨМГ Директорлар Кеңесiнiң қаруына берiлгенге

дейiн тапсырады.


     (f) "Қайтадан кредит беру туралы Келiсiм" осы Келiсiмнiң 3.01

         (b) Бөлiмiне сәйкес Займ алушы мен ӨМГ арасында жасалатын,

         оған да дүркiн-дүркiн түзетулер қабылдануы мүмкiн Келiсiмдi

         бiлдiредi және бұл термин қайтадан кредит беру туралы

         Келiсiмге қоса берiлген барлық қосымшаларды қамтиды.

         "Субзайм" терминi осы Келiсiмге сәйкес берiлген займды

         бiлдiредi.


     (q) "Техникалық және басқарудың ноу-хау қызметтерi техникалық

         және басқару ноу-хауын тапсыру жөнiндегi" қызметтердi

         бiлдiредi және басқа да консультациялық қызметтердi қамтиды.


     (h) "Техникалық қызмет көрсету" скважиналарды сынау, каротаж,

         скважиналарды перфорациялау және оларға қайталап су айдау

         жөнiнде осы Келiсiмнiң В. 1 және В. 2-Бөлiмдерiне сәйкес

         көрсетiлуге тиiстi қызметтердi және скважиналарды күрделi

         жөндеу қондырғыларының қызметтерiн бiлдiредi.


     (i) "ӨМГ" немесе "Өзенмұнайгаз" Займ алушының заңдарына сәйкес

         құрылып, жұмыс iстеп тұрған заңды тұлға - "Өзенмұнайгаз"

         компаниясын бiлдiредi және оның Банк үшiн қолайлы кез-келген

         құқық иеленушiсiн немесе құқық иеленушiлерiн қамтиды.


     (j) "ӨМГ-нi жекешелендiрудi жүзеге асыру жоспары" осы Келiсiмнiң

         3.05-Бөлiмiне сәйкес Займ алушының ӨМГ-нi жекешелендiру

         жөнiндегi жоспарын бiлдiредi, сонымен бiрге аталған жоспарға

         Банктiң келiсiмiмен мезгiл-мезгiл түзетулер енгiзiлiп отыруы

         мүмкiн.


     (к) "Өзен мұнай кен орны" Займ алушының 1995 жылғы 5 қыркүйектегi

         N 254 лицензясына сәйкес Өзен мұнай кен орны болып табылатын

         осы кен орнын бiлдiредi.


                             II БАП

                              Займ



 
       2.01-бөлiм. Банк Займ алушыға займ туралы Келiсiмде айқындалған немесе ескерiлген мерзiмге және шарттарда жиынтық нобайы әртүрлi валютада бiр жүз тоғыз миллион доллар (109,000,000 доллар) сомасына тең болатын, осы Займ бойынша алынатын қаражат сомасы болып табылатын займ беруге келiседi, бұл ретте әрбiр қаражат алынымы сомасын Банк осындай алыным күнiне бағалайтын болады.
 
      2.02-бөлiм. (a) Займ сомасы Займ шотынан осы Келiсiмнiң 2-Қосымшасында сипатталған, Жоба үшiн қажеттi тауарлар мен қызметтердiң негiзделген құнын ескере отырып жүзеге асырылған (немесе, егер Банк келiсiм берсе, жүзеге асырылуға тиiстi) және осы Займ қаражатынан қаржыландырылатын шығындар үшiн осы Келiсiмнiң 1- Қосымшасының шарттарына сәйкес алынуы мүмкiн.
      (b) Займ алушы Жобаны жүзеге асыру мақсатында Банк үшiн қолайлы
          болып табылатын қандай да болсын коммерциялық банкте және
          Банк үшiн қолайлы да шарттарда, соның iшiнде талаптардың
          есепке алынуынан, тәркiлеуден немесе тұмшалау белгiлеуден
          тиiстi дәрежеде қорғай отырып, доллармен ағымдағы арнаулы
          шот ашып, ұстап отыра алады. Шотқа қаражат аудару және
          арнаулы шоттан қаражат төлеу осы Келiсiмнiң 4-Қосымшасының
          шарттарына сәйкес жүзеге асырылуға тиiс.
 
      (с) Келiсiм күшiне енгеннен кейiн iле-шала Банк жобаны әзiрлеу
          үшiн алынған және осы күнге қайтарылуға тиiстi Аванс сомасын
          өтеу үшiн қажеттi соманы Займ алушының атынан Займ шотынан
          алып, оны өзiне өзi төлеуi, сондай-ақ осы сомаға есептелген
          барлық проценттердi төлеуi тиiс. Жобаны әзiрлеуге арнап
          бекiтiлген Аванс сомасының алынбаған қалдығы осыдан кейiн
          жойылады.
 
      2.03-бөлiм. 2000 жылдың 31 желтоқсаны немесе Банк белгiлейтiн осындай неғұрлым кейiнiрек күн Займды жабу күнi болады. Банк осындай неғұрлым кейiнiрек күн туралы Займ алушыны дереу хабардар етуi тиiс.
 
      2.04-бөлiм. Займ алушы кредит желiсiн сақтап отырғаны үшiн Банкке дүркiн-дүркiн шоттан алынбай қалатын негiзгi займ сомасына жылына бiр проценттiң төрттен үшi (1%-тiң 3/4) ставкасы бойынша есептелген комиссиялық алым төлеп отыруы тиiс.
 
      2.05-бөлiм. (a) Займ алушы процент есептеудiң әрбiр кезеңi үшiн осының алдындағы жарты жылдық негiзiнде айқындалып, оған жарты процент (1%-тiң 1/2) қосылған бiлiктi қарыз алу құнына тең болатын ставка бойынша алынған және мезгiл-мезгiл қайтарылмай қалып отырған негiзгi займ сомасына проценттер төлеуi тиiс. Осы Келiсiмнiң

 

2.06-Бөлiмiнде ескертiлген әрбiр күнi Займ алушы проценттер есептелiп

отырған осының алдындағы кезең iшiнде қолданылып келген ставка

бойынша есептеп шығарылып, проценттер есептелiп отырған осындай кезең

iшiнде қайтарылмаған борыштың негiзгi сомасына есептелген проценттер

төлеуi тиiс.


     (b) әрбiр жарты жылдық аяқталғаннан кейiн Банк осы семестрге

         айқындалған бiлiктi қарыз алу құны туралы Займ алушыны

         мүмкiндiгiнше тез хабардар етедi.


     (с) Осы бөлiмнiң мақсаттары үшiн:


     (i) "Проценттер есептелетiн кезең" осы Келiсiмге қол қойылған

         кезең iшiндегi проценттер есептелетiн кезеңнен басталып, осы

         Келiсiмнiң 2.06-Бөлiмiнде айқындалған әрбiр күннiң нақ

         алдындағы күнi аяқталатын алты айлық кезеңдi бiлдiредi.


     (ii) "Бiлiктi қарыз алу құны" Банк негiздей отырып айқындаған

           және 1982 жылдың 30 маусымынан кейiн алынған Банк

           қарызының қайтарылмаған сомасының жылдық проценттерiмен

           көрсетiлген құнды бiлдiредi; (А) Банк инвестицияларын;

           және (В) проценттерi осы Бөлiмнiң (а) парасында

           ескертiлген қағидаттардан өзгеше қағидаттар бойынша

           айқындалатын, Банк 1989 жылдың 1 шiлдесiнен кейiн беруi

           мүмкiн займдарды қаржыландыру үшiн Банк бөлген осындай

           қарыздар немесе олардың бөлiктерi бұған қосылмайды.


     (iii) "Жарты жылдық" күнтiзбелiк жылдың алғашқы алты айын немесе

           екiншi алты айын бiлдiредi.


     (b) Банк айқындайтын және бұл туралы ол Займ алушыны осы күннен

         кемiнде алты ай бұрын хабардар ететiн күнi осы Бөлiмнiң (а),

         (b) және (c) (iii) паралары өзгертiлiп, былайша оқылуы тиiс:


     "(a) Займ алушы алынып, қандай да бiр уақыт кезеңдерiнде

     қайтарылмай қалған негiзгi Займ сомасына әрбiр тоқсан үшiн

     осының алдындағы тоқсанға жарты процент (1%-тiң 1/2) қосып

     айқындалатын бiлiктi қарыз алу құнына тең ставка бойынша

     проценттер төлеуi тиiс. Осы Келiсiмнiң 2.06-Бөлiмiнде

     ескертiлген әрбiр күнi Займ алушы проценттер есептелiп отырған

     осының алдындағы кезең iшiнде қолданылып келген ставка бойынша

     есептеп шығарылып, проценттер есептелiп отырған осындай кезең

     iшiнде қайтарылмаған борыштың негiзгi сомасына есептелген

     проценттер төлеуi тиiс.


     "(b) Әрбiр тоқсан аяқталғаннан кейiн Банк осы тоқсанға

     айқындалған бiлiктi қарыз алу құны туралы Займ алушыны

     мүмкiндiгiнше тез хабардар етедi".


     "(a) (iii) "Тоқсан" күнтiзбелiк жылдың 1 қаңтарында,

     1 сәуiрiнде, 1 шiлдесiнде және 1 қазанында басталатын үш айлық

     кезеңдi бiлдiредi".


     2.06-бөлiм. Проценттер мен басқа да алымдарды төлеу алты айда

бiр рет әр жылдың 15 мамыры мен 15 қарашасында жүзеге асырылуы тиiс.



 
       2.07-бөлiм. Займ алушы негiзгi Займ сомасын осы Келiсiмнiң 3-Қосымшасында айқындалған өтем кестесiне сәйкес қайтаруы тиiс.
 
                              III БАП
                         Жобаны iске асыру
 
      3.01-бөлiм. (a) Займ алушы осы Келiсiмнiң 2-Қосымшасында айқындалған жобаның мақсаттарын өзi қолдайтынын мәлiмдейдi және осыған байланысты займ туралы Келiсiм бойынша өзiнiң басқа мiндеттемелерiне қатысты қандай да болсын шектеулерсiз, жоба туралы Келiсiмнiң шарттарына сәйкес ӨМГ онда ескертiлген барлық мiндеттемелердi орындайтын болуын қамтамасыз етуге тиiс және барлық iс әрекеттердiң орындалуын, соның iшiнде ӨМГ-ге қаражат, ғимараттар, қызметтер және осындай мiндеттемелердi орындау мүмкiндiгiмен

 

қамтамасыз ету үшiн қажеттi әрi тиiстi басқа да ресурстар берiлуiн

көздеуi немесе қамтамасыз етуi тиiс, сондай-ақ мiндеттемелердiң

орындалуына кедергi жасайтын немесе бөгет болатын кез-келген

iс-әрекеттердi жүзеге асыруға немесе оларға жол беруге тиiстi емес.


     (b) Займ алушы мен ӨМГ арасында жасалған қайтадан кредит беру

         туралы Келiсiмнiң негiзiнде Займ алушы Банк қолдайтын

         шарттарда ӨМГ-ге Займ қаражатын қайтара қарызға беруi тиiс,

         ол шарттарға мыналар қосылады:


     (i) қайтадан кредит беру туралы Келiсiмнiң мерзiмi төлемдердiң

         мерзiмiн төрт жылға ұзартуды қоса 12 жыл болуы тиiс;


     (ii) Займ алушы қаражатты сақтап қойғаны үшiн осы Келiсiмнiң

          2.04-Бөлiмiнiң шарттары бойынша қаражатты сақтап

          қойғаны үшiн алынатын комиссиялы алымдардың ставкасына тең

          ставка бойынша комиссиялық алымдар алуға тиiс.


     (iii) Займ алушы алынған және мезгiл-мезгiл қайтарылмай қалып

           отырған негiзгi субзайм сомасынан осы Келiсiмнiң

           2.05-Бөлiмнiң шарттары бойынша төленетiн ставкадан тыс

           базистiк тармақтардың 200 (2%) ставкасы бойынша проценттер

           алып отыруға тиiс; және


     (iv) негiзгi субзайм сомасы доллармен есептегенде (өтем күнi

          немесе тиiстi күндерi айқындалады) Жоба бойынша шығындарды

          өтеу үшiн Займ шотынан валютада немесе валюталарда алынған

          мөлшерге баламалы болуы тиiс.


     (с) Займ алушы қайтадан кредит беру туралы Келiсiмде ескертiлген

         өз құқықтарын Займ алушы мен Банктiң мүдделерiн қорғау және

         осы займның мақсаттарын орындау қамтамасыз етiлетiндей етiп

         iске асыруы тиiс және, егер Банкпен арада өзгеше уағдаластық

         болмаса, қайтадан кредит беру туралы Келiсiмдi немесе оның

         қандай да болсын ережелерiн басқа бiреуге беруге, түзетуге,

         жоюға немесе одан бас тартуға тиiстi емес.



 
       3.02-бөлiм. Банкпен арада өзге бiр мәселе туралы келiсiм бар жағдайларды қоспағанда, Жобаны iске асыру үшiн қажеттi және Займ қаражатынан қаржыландырылатын тауарларды, жабдықтарды (техникалық қызмет көрсетудi қоса) және консультациялық қызметтердi сатып алу жоба туралы Келiсiмнiң 1-Қосымшасының шарттарына сәйкес жүзеге асырылуы тиiс.
 
      3.03-бөлiм. Осы арқылы Банк пен Займ алушы Жалпы шарттардың 9.04, 9.05, 9.06, 9.07, 9.08 және 9.09-Бөлiмдерiнде ескертiлген мiндеттемелердiң барлығын (тиiсiнше, сақтандыруға, тауарлар мен қызметтердi пайдалануға, жоспарлар мен кестелерге, iс жүргiзуге және есептемеге, жердi өңдеуге және оны сатып алуға қатыстыларын) ӨМГ жоба туралы Келiсiмнiң 2.03-Бөлiмiне сәйкес орындауы тиiс деп келiседi.
 
      3.04-бөлiм. Займ алушы ӨМГ-мен бiрге айналым қаражатын

 

қаржыландырудың Қысқа мерзiмдi жоспарын Банк үшiн қанағаттанарлық

дәрежеде iске асыруға тиiс.


     3.05-бөлiм. Займ алушы: (a) ӨМГ-нi жекешелендiрудi жүзеге асыру

Жоспарын Банкпен келiсiлген шарттарда әзiрлеуi, және (b) осы жоспарды

Банк үшiн қолайлы әдiспен жүзеге асыруы тиiс.


     3.06-бөлiм. Займ алушы ӨМГ компаниясына өзi өндiрген шикi

мұнайды ӨМГ қолайлы деп есептейтiн коммерциялық шарттарда сатуға

рұқсат беруi тиiс.


                             IҮ БАП

                      Қаржы мiндеттемелерi


     4.01-бөлiм. (а) Шығыс ведомстары негiзiнде Займ шотынан қаржы

алу жүргiзiлген шығындарға байланысты Займ алушы олардың барлығы

бойынша:


     (i) осындай шығындарды көрсететiн құжаттарды немесе

         есептемелердi бухгалтерлiк есепке алудың негiзделген

         практикасына сәйкес жүргiзуi немесе жүргiзiлуiн қамтамасыз

         етуi;


     (ii) осындай шығындарды куәландыратын барлық құжаттардың

          (контрактылардың, тапсырыстардың, шоттардың, фактуралардың,

          түбiртектердiң және басқа да құжаттардың) Займ шотынан

          қаражат алу жүзеге асырылған қаржы жылының аудиторлық

          есептемесiн Банк алғаннан кейiн тым болмағанда бiр жыл

          сақталуын қамтамасыз етуi; және


     (iii) Банк уәкiлдерiнiң осындай құжаттарды сараптау мүмкiндiгiн

           қамтамасыз етуi тиiс.


     (b) Займ алушы:


     (i) Арнаулы шотқа жататындарын қоса, осы Бөлiмнiң (a) (i)

         парасында сiлтеме жасалған құжаттар мен шоттарға (әрбiр

         қаржы жылы үшiн) Банк үшiн қолайлы болып табылатын тәуелсiз

         аудиторлардың аудиторлық тексерiстерiнiң тиiстi әрi дәйектi

         қағидаттарына сәйкес аудит жүргiзуi;


     (ii) аталған аудиторлар Банк қалай негiздеуi мүмкiн болса,

          сондай ауқымда және сондай нақтылықпен жүргiзiлген

          осындай аудиторлық тексерiс туралы есептеменi, соның iшiнде

          осындай қаржы жылы iшiнде тапсырылған шығыс ведомстарының,

          сондай-ақ оларды әзiрлеу барысында пайдаланылған ресiмдер

          мен iшкi бақылаудың оларға байланысты қаражат алынуының

          негiздiлiгiн қолдау мағынасындағы сенiмдiлiгi туралы аталған

          аудиторлардың жеке пiкiрiн олар алынғаннан кейiн iле-шала,

          бiрақ кез-келген жағдайда әрбiр осындай жыл аяқталғаннан

          кейiн алты айдан кешiктiрмей Банкке тапсыруы; және


     (iii) Банк негiздей отырып мезгiл-мезгiл сұрататын және аталған

           құжаттар мен шоттарға, сондай-ақ олардың аудиторлық        

           тексерiстерiне қатысты осындай өзге де ақпаратты Банкке

           тапсыруы тиiс.


                             Ү БАП

                       Банктiң санкциялары


     5.01-бөлiм. Жалпы шарттардың 6.02 (1) Бөлiмiне сәйкес мынадай

қосымша оқиғалар айқындалды:


     (а) ӨМГ жоба туралы Келiсiм бойынша мiндеттемелердiң қандай да

         бiрiн орындай алатын емес.


     (b) Зайым туралы Келiсiм жасалған күннен кейiн орын алған

         оқиғалардың салдарынан төтенше жағдай туындап, мұның өзi

         ӨМГ-нiң жоба туралы Келiсiм бойынша өз мiндеттемелерiн

         орындай алмауына әкелiп соқтырғалы отыр.


     (с) ӨМГ-нiң 1994 жылғы 25 қарашадағы Жарғысы, немесе Банкпен

         келiсiлген, оны алмастыратын басқа да құрылтай құжаттары

         өзгертiледi, күшi жойылады, қолданылу күшi тоқтатыла тұрады,

         жойылады немесе керi шақырып алынады, мұның өзi ӨМГ-нiң

         жоба туралы Келiсiм бойынша өз мiндеттемелерiн орындау

         қабылетiне елеулi түрде әрi терiс әсер ететiн болады.


     (d) Займ алушы немесе юрисдикцияны иеленiп отырған кез-келген

         басқа бiр өкiмет органы ӨМГ-нi таратуға яки жабуға, немесе

         оның қызметiн тоқтата тұруға бағытталған қандай да болсын

         iс-қимылдар жасауға әрекеттенедi.


     5.02-бөлiм. Жалпы шарттардың 7.01 (h) Бөлiмiне сәйкес қосымша

оқиғалар айқындалды:


     (а) осы Келiсiмнiң 5.01-Бөлiмiнiң (а) парасында айқындалған

         кез-келген оқиға орын алады және ол Банк бұл туралы Займ

         алушыны хабардар еткеннен кейiн алпыс күн бойы жалғаса

         бередi;


     (b) осы Келiсiмнiң 5.01-Бөлiмiнiң (c) және (d) параларында

айқындалған кез-келген оқиға орын алады.


                             ҮI БАП

                 Келiсiмнiң күшiне ену мерзiмi;

                   Келiсiмнiң күшiн тоқтату


     6.01-бөлiм. Мынадай оқиғалар Жалпы шарттардың 12.01 (с)

бөлiмiнiң мағынасы шеңберiнде займ туралы Келiсiмнiң күшiне енуi үшiн

қосымша шарттар ретiнде айқындалды:


     (a) қайтадан кредит беру туралы Келiсiм Займ алушы мен ӨМГ-нiң

         атынан жасалды; және


     (b) ӨМГ-нi жекешелендiру Жоспарын әзiрлеу осы Келiсiмнiң

3.05-Бөлiмiне сәйкес жүзеге асырылды;


     (с) жобаны iске асыруда және Өзен мұнай кен орнын пайдалануды

         басқаруда ӨМГ-ге техникалық және басқарушылық қолдау

         көрсету үшiн ӨМГ-де Банктi қанағаттандыратын шарттарда

         консультанттар жұмысқа қабылданды.


     6.02-бөлiм. Мыналар:


     (a) жоба туралы Келiсiмге ӨМГ-нiң тиiстi дәрежеде рұқсат бергенi

         немесе бекiткенi және оның шарттарына сәйкес ӨМГ үшiн заң

         тұрғысында мiндеттi болып табылатыны; және


     (b) қайтадан кредит беру туралы Келiсiмдi Займ алушы мен ӨМГ

         тиiстi дәрежеде бекiткенi немесе күшiне енгiзгенi және оның

         шарттарына сәйкес Займ алушы мен ӨМГ үшiн заң тұрғысында

         мiндеттi болып табылатыны Банкке тапсырылатын қортындыға

         немесе қортындыларға енгiзiлетiн болып, Жалпы шарттардың

         12.02 (с) бөлiмiнiң мағынасы шеңберiнде қосымша аспектiлер

         ретiнде айқындалады.


     6.03-бөлiм. Осы арқылы Жалпы шарттардың 12.04-Бөлiмiне қолдану

үшiн осы Келiсiмге қол қойлғаннан кейiн тоқсан (90) күн мерзiм

айқындалады.


                             ҮII БАП

                 Займ алушының уәкiлдерi; Мекен-жайлар


     7.01-бөлiм. Қаржы министрi Жалпы шарттардың 11.03-Бөлiмiне

қатысты Займ алушының уәкiлi ретiнде тағайындалады.

     7.02-бөлiм. Жалпы шарттардың 11.01-Бөлiмiне қатысты мынадай

мекен-жайлар айқындалды:


     Займ алушы үшiн:


     Қазақстан Республикасы,

     Алматы, 480091,

     Абылай хан көшесi, 97

     Қаржы министрлiгi



                                            Телекс:

                                            251245 ФИЛИН


     Банк үшiн


     International Bank for

     Reconstruction and Development

     1818 H Strееt, N.W.

     Wаshingtоn, D.С. 20433

     United States of Amerika


     Телеграфтық мекен-жайы:                Телекс:

     INTBAFRAD                              248423 (RCA)


     Wаshingtоn, D.С.                       82987 (FTCC)

                                            64145 (WUI) немесе

                                            197688 (TRT)


     ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРУ РЕТIНДЕ оған қатысушылар, өздерiнiң тиiстi

дәрежеде өкiлеттiктер берiлген уәкiлдерi арқылы әрекет ете отырып,

осы Келiсiмге Америка құрама Штаттарының Колумбия округiнде, жоғарыда

көрсетiлген күнi және жылы өздерiнiң атынан қол қою туралы нұсқау

бердi.


     ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ


     Өкiлеттi уәкiл


     ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ

     ЖӘНЕ ДАМУ БАНКI


     Еуропа мен Орталық Азия бойынша

     Аймақтық Вице-президент


                             1-ҚОСЫМША


                     Займ қаражатының жұмсалуы


     1. Төменде келтiрiлiп отырған кестеде Займ қаражатынан

қаржыландырылатын шығындардың санаттары, Займнан әрбiр санатқа

бөлiнетiн қаражат сомасы және әрбiр санат бойынша қаржыландырылатын

баптар бойынша шығындардың процентi айқындалады.


     Санаты         Займ қаражатынан    Қаржыландырылатын

                    бөлiнетiн қаржы     шығындардың %

                    қаржы сомасы

                     (доллармен

                      есептелген

                      баламасы)


     (1) Тауарлар   20,000,000          шетелдiк шығындардың 100 %,

                                        жергiлiктi шығындардың 100%

                                        (франко-завод бағасы бойынша)

                                        және ел iшiнде сатып алынатын

                                        басқа да шептерге жұмсалатын

                                        жергiлiктi шығындардың 75 %


     (2) Жұмыстар/жер 23,000,000        82 %

         үстiндегi

         құрлыстар


     (3) Техникалық  39,000,000         шетелдiк шығындардың 100 %

         қызмет

         көрсету


     (4) Консалтонгтiк 17,500,000       100 % *

         қызметтер


     (5) Кадрларды      2,400,000       100 % *

         оқыту


     (6) Жобаны әзiр.   1,500,000       осы Келiсiмнiң 2.02 (с)

         леуге берiл.                   Бөлiмiне сәйкес төленуге

         ген авансты                    тиiстi сома

         қайтару


     (7) Бөлiнбегенi    5,600,000


        ЖИЫНТЫҒЫ      109,000,000


     2. Осы Қосымшада қолданғанда:


     (а) "шетелдiк шығындар" терминi Займ алушы елден басқа

         кез-келген елдiң аумағынан әкелiнетiн тауарлар мен

         көрсетiлетiн қызметтерге Займ алушы елдiң валютасынан басқа

         кез-келген елдiң валютасында жұмсалатын шығындарды

         бiлдiредi; және


     (b) "жергiлiктi шығындар" терминi Займ алушының валютасында

         жұмсалатын шығындарды немесе Займ алушының аумағынан

         жiберiлетiн тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтерге жұмсалатын

         шығындарды бiлдiредi.



 
       3. Осының алдындағы 1-параның шарттарына қарамастан, қаражат алу: (a) осы Келiсiмге қол қойғанға дейiн жұмсалған: және (b) жоба туралы Келiсiмнiң 2- Қосымшасының 5-парасына сәйкес ӨМГ адамдарды оқыту стратегиясын әзiрлеп, қабылдағанша 5-санаттың шеңберiнде жұмсалған шығындарды өтеу үшiн жүргiзiлуге тиiстi емес.
 
      4. Займ шотынан қаражат алу: (а) құны 50,000 доллардың

 

баламасынан кем контрактылар бойынша тауарлар мен жұмыстар үшiн, және

(b) фирмалар үшiн контрактыларының құны 100,000 доллардың баламасынан

кем және жекелеген адамдарға қатысты контрактыларының құны 50,000

доллардың баламасынан кем контрактылар бойынша қызметтер мен қызмет

көрсету үшiн ақы төлеген кезде шығыс ведомстары негiзiнде, Банк Займ

алушының хабардар ететiн шарттарда жүзеге асырылатын болуына Банк

рұқсат беруi мүмкiн.


                             2-ҚОСЫМША


                        Жобаның сипаттамасы


     Жобаның мақсаттары мыналар:


     (i) Өзен мұнай кен орнында өнiм өндiрудiң құлдырау қарқынын

         тежеу және оған қайтара инвестиция бөлу үшiн ресурстар

         жасау;


     (ii) "Өзенмұнайгаз" компаниясын өмiршең корпоративтiк бөлiмшелер

          етiп қайта ұйымдастыруға және оны/оларды жекешелендiруге

          жәрдемдесу;


     (iii) бұрын пайдаланылған өндiрiстiк практиканың өнiмдi

           қабаттардың, скважиналардың қазiргi жай-күйiне, кен

           орнының қоршаған ортасына әсерiн бағалау;


     (iv) қоршаған ортаға бұрынғы кезде келтiрiлген залалдың

          зардаптарын жоюға үлес қосу және экологиялық мониторинг

          пен басқаруды күшейту;


     (v) Өзенмұнайгаздың қызметкерлерiн мұнай кен орындарындағы

         жұмыстың осы заманғы әдiстерiне оқыту және олардың оңалту

         бағдарламасын жүзеге асырып, мұнай кен орнын пайдалануды

         басқару қабiлетiн күшейту.


     Жоба осы мақсаттарға қол жеткiзу үшiн Банк пен Займ алушының екi

жақты келiсiмi бойынша мезгiл-мезгiл өзгерiп отыруы мүмкiн мынадай

бөлiмдерден тұрады:


         А БӨЛIМI  ЖЕКЕ ОБЪЕКТIЛЕРГЕ БӨЛIНЕТIН ИНВЕСТИЦИЯЛАР


     1. Жер қойнауын оңалту


     (a) 400 шақты мұнай өндiретiн және 100 шақты қысымдағыш

         скважиналарды күрделi жөндеу үшiн жабдықтар мен қосалқы

         бөлшектердi қамтамасыз ету.


     (b) күрделi жөндеуге және мұнай өндiруге арналған химикаттарды

         қамтамасыз ету.


     2. Жер үстiндегi құрылыстарды оңалту


     (a) Есептiк жалпы ұзындығы 205 километр (км) болатын әрi мұнай

         өндiретiн скважиналарды коллекторлық қондырғылармен

         жалғастырып тұрған 340 шақты бұрма құбыр төсенiштерiн

         (диаметрi 3 дюймдiк 135 км-дей құбыр және диаметрi 4 дюймдiк

         70 км-дей құбыр) ауыстыру.


     (b) Серiктердi көшiріп орналастыру және шамамен 8 қондырғыдан

         тұратын, сынақ және топтық сепараторлармен, сондай-ақ тиiстi

         шығын өлшеуш және бақылау жабдықтарымен жабдықталған, жұмыс

         iстеп тұрған жинау қондырғыларын интеграциялау.


     (c) Жинау қондырғылары мен жұмыс iстеп тұрған мұнай әзiрлеу

         қондырғысы арасында мұнай/су тасымалдау үшiн айдауыш құбыр

         төсенiштерiн ауыстыру және жаңа жинау қондырғылары мен ЗА

         Блогындағы жер қыртысына су айдау қондырғысы арасында жер

         қыртысынан алынған суларды айдайтын жаңа су құбырын төсеу.


     (d) ЗА Блогында өндiрiлетiн шикi мұнайға арнап мамандандырылған

         технологиялық тiзбек жасау үшiн жұмыс iстеп тұрған орталық

         мұнай өңдеу қондырғысын жаңарту.


     (e) ЗА Блогындағы айдауыш насос станциясында суды толық өңдейтiн

         жүйе орнату.


     (f) Жұмыс iстеп тұрған, су айдауға арналған насостар мен су

         насостары станциясын қысымдағыш скважиналар мен

         жалғастыратын, қажеттi шығын өлшеуiш және бақылау жабдықтары

         бар жоғары қысымды су құбырларын ауыстыру.


     3. Қоршаған ортаны қорғау және қалпына келтiру


     Зертханалық талдауға және экологиялық мониторингке арналған

жабдықтарды қамтамасыз ету; жекелеген аймақтардың өсiмдiк қабатын

тазарту және тәжiрибелiк тұрғыда қалпына келтiру; Өзен мұнай кен

орнының қазiргi экологиялық жай-күйi жөнiнде мәлiметтер базасын жасау.


         В БӨЛIМI  ЖЕКЕ ОБЪЕКТIЛЕРГЕ БӨЛIНЕТIН ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ

                        ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫНА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ



 
       1. Скважиналарды сынау, каротаж және перфорациялау, сондай-ақ

 

скважиналарға қайталап су айдау жөнiнде қызметтер көрсету.


     2. 400 шақты скважиналарды күрделi жөндеу бағдарламасын жүзеге

асыру үшiн скважиналарды күрделi жөндеу қондырғыларын қызметпен

қамтамасыз ету.


     3. Жобаны жоспарлау және басқару, инженерлiк жобалау және салу,

сондай-ақ скважиналардағы жөндеу жұмыстарын қадағалау үшiн техникалық

және басқарушылық ноу-хау қызметтерiн көрсету; өнiмдi қабаттарды

әзiрлеу мен өндiрудi басқару; "Өзенмұнайгаз" компаниясының адамдарын

оқыту.


         С БӨЛIМI  ҰЙЫМДЫҚ ЖАҒЫНАН ДАМЫТУ


     1. Техникалық және басқарушылық ноу-хау қызметтерiн көрсету және

жабдықтар беру арқылы "Өзенмұнайгаз" компаниясының қаржы және

өндiрiстiк ақпараттық жүйелерiн жетiлдiру жолымен оның басшылығын

күшейту.


     2. Техникалық және басқарушылық ноу-хау қызметтерiн көрсету және

жабдықтар беру арқылы "Өзенмұнайгаз" компаниясын қаржы жағынан

басқаруды, сондай-ақ оның бухгалтерлiк есепке алу практикасы мен

жүйелерiн жетiлдiру.


                                  ***


     Жоба 2000 жылдың 30 маусымына аяқталады деп күтіледi.


                             3-ҚОСЫМША


                           Өтеу сызбасы


     Төлем мерзiмi                     Негiзгi соманың өтелуi

                                       (доллармен есептеледi)*


     15 қараша

     2001 жылдың 15 қарашасынан

     бастап 2012 жылдың 15 қарашасына       4,540,000


     және 2013 жылдың

     15 мамырына дейiн                      4,580,000



     * Бұл бағанадағы сандар тиiстi қаражат алу күнiне айқындалған

доллар баламасын көрсетедi. Жалпы шарттардың 3.04 және

4.03-Бөлiмдерiн қараңыз.


         Мерзiмiнен бұрын өтегенi үшiн берiлетiн сыйлық


     Жалпы шарттардың 3.04 (b) Бөлiмiне сәйкес мерзiмiнен бұрын

өтегенi үшiн төленетiн және кез-келген өтем мерзiмiндегi негiзгi займ

сомасына есептелетiн сыйлық мерзiмiнен бұрын өтелген уақыты негiзiнде

төмендегiше айқындалатын проценттiк ставкаға тең болады:


     Мерзiмiнен бұрын                  Сыйлық:

     өтелген уақыты                    мерзiмiнен бұрынғы төлем күнi

                                       займ сомасына есептелiп,

                                       мынаған көбейтiлген проценттiк

                                       ставка (жылдық проценттермен

                                       көрсетiлген)


     Өтеу мерзiмiне дейiн

     үш жылдан көп емес                0,18


     Өтеу мерзiмiне дейiн

     үш жылдан көп, бiрақ

     алты жылдан көп емес              0,35


     Өтеу мерзiмiне дейiн

     алты жылдан көп, бiрақ

     11 жылдан көп емес                0,65


     Өтеу мерзiмiне дейiн

     он бiр жылдан көп, бiрақ

     15 жылдан көп емес                0,88


     Өтеу мерзiмiнен кемiнде

     15 жыл бұрын                      1,00


     3. Банк Арнаулы шоттың тиiстi дәрежеде ашылғанына

қанағаттанарлық дәлелдеме алғаннан кейiн Арнаулы шотты толықтыру үшiн

Рұқсат етiлген қаражат қаржыларын алу және қаражаттың бұдан былайғы

алынуы былайша жүзеге асырылатын болады:


     (a) Рұқсат етiлген қаражат қаржыларын алу үшiн Займ алушы

         Банкке Рұқсат етiлген қаражаттың жиынтық сомасынан аспайтын

         аударымға немесе аударымдарға талап немесе талаптар тапсыруы

         тиiс. Осындай талаптың немесе талаптардың негiзiнде Банк Займ

         алушы талап еткен осындай соманы немесе сомаларды Займ

         алушының атынан Займ шотынан алып, Арнаулы шотқа орналастыруы

         тиiс.


     (b) (i) Арнаулы шотты толықтырып отыру үшiн Займ алушы Банк

             айқындайтын уақыт аралығын араға салып, Арнаулы шотқа

             қаржы аудару үшiн Банкке талаптар тапсырады.


     (ii) Осындай талап тапсырылғанға дейiн немесе тапсырған сәтте

          Займ алушы Арнаулы шотты толықтыру үшiн талап келiп түскен

          төлемге немесе төлемдерге қатысты осы Қосымшаның 4-парасына

          сәйкес қажет болатын құжаттарды немесе басқа да

          дәлелдемелердi Банкке тапсыруы тиiс. Осындай талаптың

          негiзiнде Банк Займ алушы талап еткен және аталған құжаттар

          мен басқа да дәлелдемелерде көрсетiлген Қолайлы шығындарды

          Арнаулы шоттан төлеу үшiн пайдаланылатын соманы Займ

          алушының атынан Займ шотынан алып, Арнаулы шотқа

          орналастыруы тиiс.



 
       Осындай барлық аударымдарды Банк тиiстi Қолайлы Санаттар бойынша Займ шотынан алуы тиiс және олар аталған құжаттар немесе басқа да дәлелдемелер арқылы куәландырылатын тиiстi баламалы соманы құрауы тиiс.
      4. Займ алушының Арнаулы шоттан төлеген әрбiр төлемi үшiн Займ

 

алушы бұл төлемнiң тек қана Қолайлы шығындар үшiн жүзеге асырылғанын

көрсететiн осындай құжаттарды немесе басқа да дәлелдемелердi Банк

негiздей отырып сұратқан мерзiмде Банкке тапсыруы тиiс.


     5. Осы Қосымшаның 3-парасының шарттарына қарамастан:


     (a) егер қандай да бiр уақытта Банк қалған барлық қаражат

         алынымдарын Займ алушы Жалпы шарттардың Ү Бабының және осы

         Келiсiмнiң 2.02-Бөлiмiнiң (a) парасының шарттарына сәйкес

         Займ шотынан тiкелей жүзеге асыруы тиiс деп айқындаса; немесе


     (b) егер Займ алушы Арнаулы шот жөнiндегi жазбалар мен шоттардың

         аудиторлық тексерiстерiне қатысты осы Келiсiмнiң 4.01 (b)

         (ii) Бөлiмiне сәйкес тапсырылуын Банк талап етiп отырған

         қандай да болсын аудиторлық есептi аталған бөлiмде

         ескертiлген уақыт iшiнде Банкке тапсыра алмайтын болса,


     (с) егер Банк күндердiң күнiнде Займ алушының Жалпы шарттардың

         6.02-Бөлiмiне сәйкес Займ шотынан қаражат алу құқығын

         iшiнара немесе толық тоқтата тұру жайындағы өз ниетi туралы

         Займ алушыны хабардар етсе; немесе


     (d) Қолайлы санаттарға бөлiнiп, алынбаған Займ қаражатының

         сомасы, Жалпы шарттардың 5.02-Бөлiмiне сәйкес Жобаға қатысты

         Банк қабылдаған қазiргi кез-келген айрықша мiндеттеменiң

         сомасын шегерiп тастағаннан кейiн, Рұқсат етiлген қаражаттың

         екi еселенген сомасының баламасына теңескен бойда Банктен

         бұдан әрi Арнаулы шотқа қаражат орналастыру талап етiлмейтiн

         болады.



 
       Бұдан кейiн Қолайлы санаттарды қаржыландыру үшiн займ қаражатының қалғанын Займ шотынан алу Банк Займ алушыны хабардар ететiн рәсiмдерге сәйкес жүзеге асырылатын болады.
      Бұдан былай осындай қаражат алу осындай хабар берiлген күнi Арнаулы шотта қалған осы соманың барлығы Қолайлы шығындарға төлеуге пайдаланылатынына Банк көз жеткiзген дәрежеде және содан кейiн жапсалатын болады.
      Бұдан былайғы осындай қаражат алу осындай хабар берiлген күнi Арнаулы шотта қалған осы соманың барлығы Қолайлы шығындарға төлеуге пайдаланылатынына Банк көз жеткiзген дәрежеде және содан кейiн жасалатын болады.
 
      6. (a) Егер қашан да болсын Банк Арнаулы шоттан төленген қандай да болсын төлемнiң: (i) осы Қосымшаның 2-парасына сәйкес қолайлы болып табылмайтын шығындарға немесе сондай сомада төленгенiн; немесе (ii) Банкке тапсырылған дәлелдемелер арқылы негiзiделмегенiн анықтаса, Займ алушы Банктен хабарлама алғаннан кейiн дереу: (A) Банктiң талап етуi бойынша осындай қосымша дәлелдеменi тапсыруға; немесе (B) осындай төлем сомасына яки оның қолайлы немесе негiздi болып табылмайтын бөлiгiне тең соманы Арнаулы шотқа салуға (немесе, егер Банк талап етсе, қаражатты Банкке қайтаруға) тиiс. Егер Банкпен арада өзгеше келiсiм болмаса, Займ алушы осындай дәлелдемелердi тапсырмайынша немесе осындай жағдайда болуы мүмкiн осындай қаражат салуды немесе оны қайтаруды жүзеге асырмайынша, Банк бұдан әрi Арнаулы шотқа қаражат аудармайтын болады.
 
      (b) Егер Банк Арнаулы шотта жұмсалмай қалған қандай да болсын сома бiлiктi шығындар үшiн бұдан әрi төлемдер төлеуге қажет болмайды деп айқындаса, Займ алушы жұмсалмай қалған осындай соманы Банк хабар берген бойда дереу Банкке қайтаруға мiндеттi.
 
      (c) Займ алушы Арнаулы шотқа салынған қаражаттың барлығын немесе ол қаражаттың бiр бөлiгiн, Банктi хабардар ете отырып, Банкке қайтаруға мiндеттi.
 
      (d) Осы Қосымшаның 6 (а), (b) және (c) параларына сәйкес Банкке қайтарылған қаражат осы Келiсiмнiң тиiстi шарттарына, соның iшiнде Жалпы шарттарға сәйкес кейiннен алу үшiн немесе жою үшiн Займ шотына аударылады.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады