Қазақстан Республикасы мен Венгр Республикасы арасындағы Консулдық конвенцияны бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 1996 жылғы 18 қазан N 40-I

 


     1995 жылғы 9 наурызда Алматыда қол қойылған Қазақстан

Республикасы мен Венгр Республикасы арасындағы Консулдық конвенция

бекiтiлсiн.


     Қазақстан Республикасының

         Президентi


              Қазақстан Республикасы мен Венгр Республикасы

                              арасындағы


                        Консулдық конвенция


     Қазақстан Республикасы мен Венгр Республикасы, бұдан әрi

Уағдаласушы Тараптар

     достықты нығайтуға және өзара тиiмдi ынтымақтастықты тереңдетуге

ерiк бiлдiре отырып,

     екi ел арасындағы консулдық қатынастарды реттеу және одан әрi

дамыту ниетiн басшылыққа ала отырып,

     1963 жылы 27 сәуiрде Венада қол қойылған Консулдық қатынастар

туралы Вена Конвенциясының ережелерiн негiз етiп ала отырып,

     осы Конвенцияға қол қоюды ұйғарды және мына төмендегiлер жайында

келiстi:


                        1-БӨЛIМ

                      Анықтамалар


     1-бап


     1. Осы Конвенциядағы төменде келтiрiлген терминдердiң мынадай

мағыналары бар:

     а) "консулдық өкiлдiк" бас консулдық, консулдық, вице-консулдық

және консулдық агенттiк дегендi бiлдiредi;


 
       б) "консулдық округ" консулдық мiндеттердi орындау үшiн консулдық мекемеге бөлiнген аудан дегендi бiлдiредi;
      в) "консулдық мекеменiң басшысы" осы сапада iс-қимыл жасау тапсырылған адам дегендi бiлдiредi;
      г) "консулдық қызмет адамы" консулдық мекеменiң басшысын қоса алғанда, осы сапада консулдық мiндеттердi орындау тапсырылған кез келген қызмет адамы дегендi бiлдiредi;
      д) "консулдық мекеменiң қызметкерi" консулдық мекемеде әкiмшiлiк, техникалық мiндеттердi немесе қызмет көрсету жөнiндегi мiндеттердi орындаушы кез келген адам дегендi бiлдiредi;
      е) "жеке үй қызметшiсi" консулдық қызмет адамының немесе консулдық мекеме қызметкерiнiң бiрыңғай жеке қызметiндегi адам дегендi бiлдiредi;
      ж) "отбасы мүшесi" консулдық қызмет адамының немесе консулдық мекеме қызметкерiнiң онымен бiрге тұратын зайыбы (жұбайы) мен кәмелетке толмаған баласы, егер бұлар консулдық мекеме орналасқан елдiң азаматтары болмаса, дегендi бiлдiредi;
      з) "консулдық үйлерi" меншiк құқығы кiмге тиесiлi болса да, консулдық мекеме басшысының резиденциясын қоса алғанда, тек қана консулдық мекеменiң мақсаттары үшiн пайдаланылатын үйлер не үйлердiң бөлiктерi және оларға қызмет ететiн жер учаскесi дегендi бiлдiредi;
      и) "консулдық архив" консулдық мекеменiң барлық жазысқан хат-хабарлары, құжаттары, кiтаптары, фильмдерi, дыбыс жазу таспалары және реестрлерi, олардың шифрларын мен кодтары, картотекалары және олардың сақталуын қамтамасыз етуге арналған кез келген заттар дегендi бiлдiредi;
      к) "кеме" өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң жалауы астында жүзу құқығына ие болған және осы мемлекетте тiркелген кез келген кеме дегендi бiлдiредi;
      л) "ұшақ" өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң тану белгiлерiн пайдалану құқығына ие болған және осы мемлекетте тiркелген кез келген әуе көлiгi құралы дегендi бiлдiредi.
      2. Консулдық қызмет адамдарының екi категориясы болады, атап айтқанда: штаттық және құрметтi. Құрметтi консулдық қызмет адамдарына және олар басқаратын консулдық мекемелерге осы Конвенцияның ережелерi 1963 жылы 24 сәуiрде Венада қол қойылған Консулдық қатынастар туралы Вена Конвенциясының ережелерiмен ұштастырыла қолданылады.
      3. Осы Конвенцияның өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң азаматтарына

 

қолданылатын ережелерi заңды ұйымдарға және заңды ұйым құқығына ие

болмаған, бiрақ өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң заңдарына сәйкес

құрылған және осы мемлекетте мекен-тұрағы бар басқа да субъектiлерге

тиiсiнше қолданылады.


                        2-БӨЛIМ

        Консулдық мекеменi ашу және консулдық

            қызмет адамдарын тағайындау


     2-бап



 
       1. Консулдық мекеме консулдық мекеме орналасатын мемлекеттiң аумағында тек осы мемлекеттiң келiсуiмен ғана ашыла алады.
      2. Консулдық мекеменiң мекен-тұрағы, оның класы және консулдық округ өкiлдiгiн жiберген мемлекет пен консулдық мекеме орналасатын мемлекеттiң ортақ келiсiмiмен белгiленедi.
 
      3-бап
 
      1. Консулдық мекеменiң басшысын өкiлдiгiн жiберген мемлекет тағайындайды, ал оның өз мiндеттерiн орындауға кiрiсуiне консулдық мекеме орналасқан мемлекет келiсiм бередi.
      2. Өкiлдiгiн жiберген мемлекет консулдық мекеме орналасқан мемлекеттiң Сыртқы iстер министрлiгiне консулдық мекеме басшысының тағайындалғаны туралы консулдық патент жiбередi. Патентте консулдық мекеме басшысының аты мен фамилиясы, оның азаматтығы, дәрежесi, ол өзiнiң консулдық мiндеттерiн атқаратын консулдық округ және консулдық мекеменiң мекен-тұрағы көрсетiледi.
      3. Осы адамның консулдық мекеменiң басшысы болып тағайындалғаны туралы патент табыс етiлiсiмен консулдық мекеме орналасқан мемлекет оған, мүмкiндiгiне қарай қысқа мерзiмде, өз мiндетiн орындауға кiрiсуiне рұқсат (экзекватура) бередi.
      4. Консулдық мекеме орналасқан мемлекет экзекватура бергенге дейiн консулдық мекеменiң басшысына оның өз мiндеттерiн орындауға уақытша кiрiсуiне келiсiм бере алады.
      5. Консулдық мекеменiң басшысы өз мiндеттерiн орындауға консулдық мекеме орналасқан мемлекет оған экзекватура бергеннен кейiн кiрiсе алады.
      6. Консулдық мекеме орналасқан мемлекеттiң құзiреттi өкiмет орындары консулдық мекеменiң басшысы өз мiндеттерiн орындауға тiптi уақытша кiрiсуiне келiсiм берiлiсiмен оның өз қызметтi бойынша мiндеттерiн атқара алуы және осы Конвенциядан туындайтын артықшылықтарды пайдалана алуы үшiн қажеттi шаралар қолданады.
 
      4-бап
 
      1. Өкiлдiгiн жiберген мемлекет консулдық мекеме орналасқан мемлекеттiң Сыртқы iстер министрлiгiне консулдық мекеменiң басшысы ретiнде тағайындалмаған консулдық қызмет адамының аты мен фамилиясын, азаматтығын, дәрежесiн және қызметiн, сондай-ақ консулдық мекеме қызметкерлерiнiң атын, фамилиясын және қызметiн олар келiсiмен олар дереу хабарлайды.
      2. Консулдық мекеме орналасқан мемлекет әрбiр консулдық қызмет адамына бұл мемлекеттiң аумағында осы адамның консулдық мiндеттер атқаруға құқықты екендiгiн қуаттайтын құжатты тегiн бередi.
 
      5-бап
 
      1. Тек өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң азаматы ғана консулдық қызмет адамы бола алады.
      2. Консулдық қызмет адамдары консулдық мекеме орналасқан мемлекеттiң немесе үшiншi мемлекеттiң айқын түрде бiлдiрiлген келiсiмi болмаса, соның өзiнде бұл келiсiм кез келген уақытта күшiн жоюы мүмкiн, бұл мемлекеттердiң азаматтары қатарынан тағайындала алмайды.
 
      6-бап
 
      Консулдық мекеме орналасқан мемлекет кез келген уақытта, өз шешiмiнiң себебiн дәлелдеуге мiндеттi болмастан, өкiлдiгiн жiберген мемлекеттi консулдық мекеме басшысының мiндеттердi орындау жөнiндегi экзекватурасының күшiн жойғандығы немесе консулдық қызмет адамының не консулдық мекеме қызметкерiнiң қолайсыз деп табылғаны туралы хабардар ете алады. Бұл жағдайда өкiлдiгiн жiберген мемлекет консулдық мекеменiң басшысын, консулдық қызмет адамын немесе консулдық мекеменiң қызметкерiн керi шақырып алуға мiндеттi. Егер өкiлдiгiн жiберген мемлекет ақылға сыйымды мерзiмнiң iшiнде өз мiндеттемесiн орындамайтын болса, консулдық мекеме орналасқан мемлекет мұндай адамның экзекватурасының күшiн жоя алады немесе оны консулдық қызмет адамы немесе консулдық мекеменiң қызметкерi деп есептеуден бас тарта алады.
 
      7-бап
 
      Өкiлдiгiн жiберген мемлекет, тиiстi мемлекеттердi хабардар еткеннен кейiн, бiр мемлекетте ашылған консулдық мекемеге, егер осы мемлекеттердiң бiрiнiң тарапынан айқын түрде бiлдiрiлген қарсылық болмаса, екiншi мемлекеттегi консулдық мiндеттердi орындауды тапсыра

 

алады.


     8-бап


     Консулдық мекеме орналасқан мемлекет тиiсiнше хабардар

етiлгеннен кейiн өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң консулдық мекемесi,

егер консулдық мекеме орналасқан мемлекет қарсылық бiлдiрмесе, үшiншi

мемлекеттiң атынан консулдық мекеме орналасқан мемлекеттегi консулдық

мiндеттердi орындай алады.


                        3-БӨЛIМ

       Артықшылықтар, пұрсаттылықтар және иммунитеттер


     9-бап



 
       Консулдық мекеме орналасқан мемлекет консулдық қызмет адамын қорғауды қамтамасыз етедi және консулдық қызмет адамы өз мiндеттерiн орындап, осы Конвенцияда және консулдық мекеме орналасқан мемлекеттiң заңдарында көзделген құқықтарды, пұрсаттылықтар мен иммунитеттердi пайдалана алуы үшiн қажеттi шаралар қолданады. Консулдық мекеме орналасқан мемлекет консулдық мекеменiң үйлерiн және консулдық қызмет адамдарының пәтерлерiн қорғау үшiн қажеттi шаралар қолдануға тиiс.
 
      10-бап
 
      1. Егер консулдық мекеменiң басшысы өз мiндеттерiн орындай алмаса немесе консулдық мекеме басшысының қызмет орыны бос болса, өкiлдiгiн жiберген мемлекет консулдық мекеме басшысының мiндетiн уақытша атқарушы тағайындай алады.
      2. Консулдық мекеме басшысының мiндеттерiн атқарушының толық аты мен фамилиясын консулдық мекеме орналасқан мемлекеттiң Сыртқы iстер министрлiгiне өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң дипломатиялық өкiлдiгi немесе кез келген құзiреттi органы хабарлайды. Әдетте, мұны хабарлау ертерек жүзеге асырылады.
      3. Консулдық мекеме орналасқан мемлекет консулдық мекеме басшысының мiндеттерiн атқарушыға көмек көрсетедi және оны қорғайды. Ол консулдық мекеме басшысының мiндеттерiн атқарып жүрген кезде оған осы Конвенцияның ережелерi тиiстi консулдық мекеменiң басшысына қолданылатын негiзде қолданылады.
      4. Егер, осы баптың 1-тармағының ережелерiне сәйкес, консулдық мекеме басшысының мiндетiн уақытша атқарушы болып дипломатиялық өкiлдiліктiң дипломатиялық персоналының мүшесi немесе өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң Сыртқы iстер министрлiгiнiң дипломатиялық қызметкерi тағайындалса, ол, консулдық мекеме орналасқан мемлекет бұған қарсылық бiлдiрмесе, дипломатиялық пұрсаттылықтар мен иммунитеттердi пайдалана бередi.
 
      11-бап
 
      1. Өкiлдiгiн жiберген мемлекет консулдық мекеме орналасқан мемлекеттiң заңдарына сәйкес өзаралық негiзiнде:
      а) консулдық мекеменiң үйi, консулдық мекеме басшысының резиденциясы және консулдық мекеменiң қызмет адамдары мен қызметкерлерiнiң пәтерлерi ретiнде пайдалану үшiн үйлердi немесе үйлердiң бөлiктерiн меншiкке сатып алуға немесе жалдауға;
      б) пайдалануға берiлген жер учаскесiнде үйлер салуға немесе үйлердi консулдық мекеменiң мақсаттары үшiн жарамды жағдайға келтiруге;
      в) алынған меншiк құқығына иелiк етуге қақылы.
      2. Консулдық мекеме орналасқан мемлекет қажет болған жағдайда консулдық мекеме үшiн қажет үйлердi және қызмет адамдарына немесе консулдық мекеменiң қызметкерлерiне арналған пәтерлердi алуда консулдық мекемеге көмек көрсетедi.
      3. Осы баптың 1-тармағының ережелерi өкiлдiгiн жiберген мемлекеттi үйлер не үйлердiң бөлiктерi орналасқан немесе орналасатын жер учаскесi ауданында қаланы жоспарлау, архитектуралық құрылыс және ескерткiштердi қорғау заңдары мен ережелерiн орындау жөнiндегi мiндеттемелерден босатпайды.
 
      12-бап
 
      1. Өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген, сондай-ақ өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң тiлi мен консулдық мекеме орналасқан мемлекеттiң тiлiнде консулдық мекеменiң атауы жазылған консулдық қалқан консулдық мекеме орналасқан үйге бекiтiлуi мүмкiн.
      2. Консулдық мекеменiң үйiнде, сондай-ақ консулдық мекеме басшысының резиденциясында өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң мемлекеттiк жалауы iлiнiп қойылуы мүмкiн.
      3. Консулдық мекеменiң басшысы қызмет бабындағы мiндеттерiн атқару кезiнде мемлекеттiк жалауды өзiнiң көлiк құралдарына да iлiп қоя алады.
 
      13-бап
 
      1. Тек консулдық мекеменiң мақсаттары үшiн ғана пайдаланылатын үйлерге немесе үйлердiң бөлiктерiне және оларға қызмет көрсететiн жер учаскесiне тиiсуге болмайды.
      Консулдық мекеме орналасқан мемлекеттiң өкiмет орындары тек консулдық мекеменiң мақсаттары үшiн ғана пайдаланылатын үйге немесе үйдiң бөлiгiне және оларға қызмет көрсететiн жер учаскесiне консулдық мекеме басшысының, ол тағайындаған адамның немесе өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң дипломатиялық өкiлдiгi басшысының келiсiмiнсiз кiре алмайды.
      2. Консулдық мекеменiң үйлерi, олардағы заттар мен мүлiктер,

 

сондай-ақ консулдық мекеменiң көлiк құралдары тiнтуден, тәркiлеуден,

реквизицияның немесе сот шешiмiнiң кез келген түрлерiнен босататын

иммунитетi пайдаланады.

     3. Осы баптың 1 және 3-тармақтарының ережелерi консулдық қызмет

адамдарының пәтерлерiне де қолданылады.


     14-бап


     Консулдық архивке қай уақытта болса да және оның мекен-тұрағының

қай жерде екендiгiне қарамастан тиiсуге болмайды.


     15-бап



 
       1. Консулдық мекеме орналасқан мемлекет барлық ресми мақсаттар үшiн консулдық мекеме қарым-қатынастарының бостандығын қамтамасыз етедi және қорғайды.
      Консулдық мекеме өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң үкiметiмен, оның дипломатиялық өкiлдіктерiмен, консулдық мекемелерiмен қарым-қатынас жасағанда, олардың қай жерде екендiгiне қарамастан, консулдық курьерлер мен шифры ажыратылған жедел хабарларды қоса алғанда, барлық қажеттi байланыс құралдарын пайдалана алады. Алайда консулдық мекеме радио хабарын таратқышты тек консулдық мекеме орналасқан мемлекеттiң келiсуiмен ғана орнатып, пайдалана алады.
      2. Консулдық мекеменiң ресми хат-хабарына тиiсуге болмайды. Консулдық мекемеге және оның қызметiне қатысы бар барлық хат-хабарлар ресми хат-хабарлар болып саналады.
      3. Консулдық вализа ашылмайды да, кiдiртiлмейдi де. Консулдық мекеме орналасқан мемлекеттiң құзiреттi өкiмет орындарының вализада осы баптың 4-тармағында аталған хат-хабарлардан, құжаттардан немесе заттардан басқа да бiрдеңе бар деп есептеуiне елеулi негiзгi болған жағдайда, олар өздерiнiң қатысуымен вализаны өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң уәкiлеттi өкiлi ашсын деп талап ете алады. Өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң өкiмет орындары бұл талапты орындаудан бас тартқан жағдайда вализа оны жiберген жерге қайтарылады.
      4. Консулдық вализаны құрайтын барлық орындардың олардың сипатын көрсететiн, көзге көрiнiп тұратын сыртқы белгiлерi болуға тиiс, оларға, тек қана ресми пайдалануға арналған құжаттар мен заттарды қоса алғанда, тек консулдық хат-хабарлар ғана орналастырыла алады.
      5. Консулдық курьер оның статусы және консулдық вализа орындарының саны көрсетiлген ресми құжатпен қамтамасыз етiледi. Өзiнiң мiндеттерiн орындау кезiнде ол консулдық мекеме орналасқан мемлекеттiң қорғауында болады, оның жеке басына ешкiм тиiспейдi және ол қандай нысанда болса да қамалмауға да, ұсталмауға да тиiс.
      6. Өкiлдiгiн жiберген мемлекет немесе консулдық мекеме сондай-ақ консулдық аd hос-курьерлердi тағайындай алады. Мұндай жағдайда осы баптың 5-тармағының ережелерi қолданылады, бұған ондағы аталған иммунитеттердiң аd hос-курьер өзiне сенiп тапсырылған консулдық вализаны тиiстi жерiне жеткiзген сәтте тоқтатылатыны қосылмайды.
      7. Консулдық вализа ұшақ командирiне сенiп тапсырылуы мүмкiн. Командир вализаны құрайтын орындардың саны көрсетiлген ресми құжатпен жабдықталады, бiрақ ол консулдық курьер болып саналмайды. Консулдық мекеме ұшақ командирiнен консулдық вализаны алу үшiн немесе оған осындай почтаны беру үшiн өз қызметкерлерiнiң бiрiн жiбере алады.
 
      16-бап
 
      Консулдық қызмет адамының және консулдық мекеме қызметкерiнiң - соңғының қызметтiк мiндеттердi орындауы шеңберiнде - басына тиiсуге болмайды. Осыған сәйкес олар қандай да бiр басқа нысанда қамалуға да, ұсталуға да тиiс емес. Консулдық мекеме орналасқан мемлекет оларға тиiстi құрметпен қарауға және олардың жеке басына, бостандығы мен қадiр-қасиетiне қандай да бiр тиiсудiң алдын алу үшiн барлық тиiстi шараларды қолдануға мiндеттi.
 
      17-бап
 
      1. Консулдық қызмет адамы 1961 жылы 18 сәуiрде Венада қол қойылған Дипломатиялық қарым-қатынастар туралы Вена Конвенциясының 31-бабының 1 және 3-тармақтарында көрсетiлген жағдайларды есепке алмағанда, консулдық мекеме орналасқан мемлекеттiң қылмыстық, азаматтық және әкiмшiлiк юрисдикциясына жатпайды.
      2. Консулдық мекеменiң қызметкерi 1961 жылы 18 сәуiрде қол қойылған Дипломатиялық қарым-қатынастар туралы Вена Конвенциясының 29-35-баптарында тұжырымдалған пұрсаттылықтар мен иммунитеттердi пайдаланады, бұл арада бiр ерекшелiгi сол, оның консулдық мекеме орналасқан мемлекеттiң қылмыстық, азаматтық және әкiмшiлiк юрисдикциясынан босататын иммунитетi ресми мiндеттердi орындау шегiнен тыс жасалатын iс-әрекеттерге қолданылмайды.
      3. Осы баптың 2-тармағының ережелерi:
      а) консулдық мекеменiң қызметкерi жасаған шарттар, сол бойынша ол өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң өкiлдiгi шеңберiнде тiкелей немесе жанама түрде өзiне мiндеттемелер қабылдамаса, туындайтын;
      б) көлiк құралынан болған жазатайым оқиғамен консулдық-мекеме орналасқан мемлекетке келтiрiлген зиян үшiн үшiншi тарап қоятын азаматтық талапқа қатысты қолданылмайды.
      4. Консулдық қызмет адамының немесе консулдық мекеме қызметкерiнiң онымен бiрге тұратын отбасы мүшелерi консулдық мекеме орналасқан мемлекеттiң юрисдикциясынан туындайтын иммунитеттердi және жеке басына тиiспеушiлiктi консулдық қызмет адамдары мен консулдық мекеменiң қызметкерлерi пайдаланатын шамада пайдаланады.
      5. Өкiлдiгiн жiберген мемлекет консулдық қызмет адамдарының, консулдық мекеме қызметкерлерiнiң және олардың отбасы мүшелерiнiң юрисдикциядан туындайтын иммунитетiнен бас тарта алады. Бұл бас тарту анық бiлдiрiлуге және жазбаша нысанда берiлуге тиiс.
      Азаматтық және әкiмшiлiк iстер жөнiндегi юрисдикциядан туындайтын иммунитеттен бас тарту сот шешiмiн орындаудан туындайтын иммунитеттен бас тартуды бiлдiрмейдi, бұл жөнiнде жазбаша нысандағы ерекше бас тарту қажет.
      6. Консулдық мекеме орналасқан мемлекеттiң юрисдикциясынан туындайтын иммунитетi бар адам талап қойса, ол бұл негiзгi талаппен тiкелей байланысты қарсы талапқа қатысты юрисдикциядан туындайтын иммунитетке сiлтеме жасау құқығынан айырылады.
 
      18-бап
 
      1. Консулдықтың қызмет адамы жауап беруге мiндеттi емес.
      2. Консулдық мекеменiң қызметкерi өзiнiң ресми мiндеттерiн орындауына байланысты мәселелер бойынша куәгерлiк жауап беруге мiндеттi емес.
      3. Консулдық қызмет адамы немесе консулдық мекеменiң қызметкерi жауап берген жағдайда, консулдық мекеме орналасқан мемлекет оған ешқандай күштеп көндiру шараларын қолдана алмайды. Жауап беру рәсiмi консулдық мекеменiң жұмысына бөгет болмауға тиiс.
      4. Осы баптың ережелерi консулдық қызмет адамдары мен консулдық мекеме қызметкерлерiнiң өздерiмен бiрге тұратын және консулдық мекеме орналасқан мемлекеттiң азаматтары болып табылмайтын отбасы мүшелерiне де қолданылады.
 
      19-бап
 
      Консулдық қызмет адамы мен консулдық мекеменiң қызметкерi консулдық мекеме орналасқан мемлекетте барлық жеке бас және қоғамдық еңбек мiндеткерлiктерiнен, сондай-ақ шақыру, реквизиция және пәтерлерiне әскерилердi орналастыру сияқты әскери мiндеткерлiктерден босатылады.
 
      20-бап
 
      Консулдық қызмет адамы мен консулдық мекеменiң қызметкерi тiркелуге, болуға немесе тұрақты түрде тұруға рұқсат алуға және шетелдiктердiң осындай сипаттағы басқа да мiндеттерiне қатысты консулдық мекеме орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерiнде көзделген барлық мiндеттерден босатылады.
 
      21-бап
 
      1. Консулдық мекеме орналасқан мемлекет өкiлдiгiн жiберген мемлекеттi:
      - консулдық қызмет адамдары мен консулдық мекеме қызметкерлерiнiң өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң немесе осы мемлекеттiң атынан iс-әрекет жасайтын жеке немесе заңды тұлғаның меншiгiндегi немесе солар жалған алатын пәтерлерiн қоса алғанда, тек консулдық жұмысты орындау мақсаттарына ғана қызмет ететiн жер учаскелерiне, үйлерге немесе үйлердiң бөлiктерiне;
      - мұндай қозғалмалы емес мүлiктi алу келiсiм-шартына немесе басқа құжаттарға, егер өкiлдiгiн жiберген мемлекет осы қозғалмалы емес мүлiктi тек консулдық мақсаттар үшiн ғана алатын болса,
      салынатын қандай да бiр салықтардың немесе осыған ұқсас алымдардың кез келген түрлерiне салу мен төлеуден босатады.
      2. Осы баптың 1-тармағы ережелерiнiң қызмет көрсетiлгенi үшiн төленетiн ақыларға қатысы жоқ.
 
      22-бап
 
      Консулдық мекеме орналасқан мемлекет өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң меншiгiндегi, иелiгiндегi және пайдалануындағы қозғалмалы мүлiкке, сондай-ақ осындай сипаттағы қозғалмалы мүлiктi сатып алуға ешқандай салық немесе алым салмайды және ешқандай салық немесе алым төлеттiрмейдi.
 
      23-бап
 
      Консулдық қызмет адамы мен консулдық мекеменiң қызметкерлерi консулдық мекеме орналасқан мемлекетте ресми мiндеттердi орындағаны үшiн алатын еңбек табыстарына консулдық мекеме орналасқан мемлекет салатын және төлеттiретiн барлық салықтарды немесе кез келген осындай алымдарды төлеуден босатылады.
 
      24-бап
 
      Консулдық қызмет адамы мен консулдық мекеменiң қызметкерi барлық мемлекеттiк, аймақтық және жергiлiктi салықтар мен алымдардан босатылады, бұған мыналар кiрмейдi:
      а) әдетте тауарлар мен көрсетiлген қызметтердiң құнына кiретiн жанама салықтар;
      б) осы Конвенцияның 21-бабының ережелерiн қоспағанда, консулдық мекеме орналасқан мемлекеттiң аумағындағы қозғалмалы емес жеке меншiк мүлiк салықтары мен алымдары;
      в) консулдық мекеме орналасқан мемлекетте мұрагерлiк мүлiкке және мұрагерлiк мүлiктiң қолдан қолға көшуiне салынатын салықтар мен алымдар;
      г) көзi консулдық мекеме орналасқан мемлекетте болатын капитал табыстарын қоса алғанда, жеке меншiк табысына салынатын салықтар мен алымдар;
      д) осы Конвенцияның 21-бабының ережелерiн қоспағанда, тiркеу, сот және реестр баж салықтары, ипотекалық және елтаңбалық салықтар;
      е) қызмет көрсетудiң нақты түрлерiнен төленетiн салықтар.
 
      25-бап
 
      1. Сақталғаны, тасымалданғаны және осыған ұқсас қызметтер көрсетiлгенi үшiн төленетiн алымдарды қоспағанда, консулдық мекеме орналасқан мемлекет өзiнде қабылданған заңдар мен ережелерге сәйкес мыналарды әкелуге рұқсат етедi және барлық кедендiк баж салықтарынан, салықтардан және осыған байланысты алымдардан босатады:
      а) консулдық мекеменiң ресми пайдалануына арналған заттар;
      б) орналасу үшiн қажеттi заттарды қоса алғанда, консулдық қызмет адамдарының, консулдық мекеме қызметкерлерiнiң, сондай-ақ олардың өздерiмен бiрге тұратын отбасы мүшелерiнiң жеке басының пайдалануына арналған заттар.
      2. Консулдық қызмет адамының жеке қол жүгi, бұған қол жүгiнде осы баптың 1-тармағының ережелерi қолданылмайтын немесе әкелуге және әкетуге консулдық мекеме орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерi тыйым салатын немесе карантиндiк тыйым салуға жататын заттар бар деп есептеуге елеулi негiздер болған жағдайларды қоспағанда, кедендiк тексеруден босатылады. Мұндай кедендiк тексеру консулдық қызмет адамының немесе оның уәкiлдiк берген өкiлiнiң қатысуымен жүргiзiледi.
 
      26-бап
 
      Осы Конвенция артықшылықтар мен иммунитеттер беретiн барлық адамдар өздерiнiң артықшылықтары мен иммунитеттерiне нұқсан келтiрместен, консулдық мекеме орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерiн, көшеде жүру ережелерiн, сондай-ақ көлiк құралдарын сақтандыруға қатысты нұсқамаларды қоса алғанда, құрметтеуге мiндеттi.
 
      27-бап
 
      Консулдық қызмет адамы мен консулдық мекеменiң қызметкерi өздерiнiң ресми қызметiн орындау мақсатында консулдық округте жүрiп-тұру бостандығымен, егер бұл консулдық мекеме орналасқан мемлекеттiң ұлттық қауiпсiздiк тұрғысынан кейбiр аудандарда келу мен болуға тыйым салатын немесе мұны реттейтiн заңдары мен ережелерiне қайшы келмесе, қамтамасыз етiлуге тиiс. Бiрақ консулдық мекеме орналасқан мемлекет барлық жағдайларда консулдық қызмет адамына оның ресми мiндеттерiн орындау мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
 

 

     28-бап


     Консулдық қызмет адамы мен консулдық мекеме қызметкерiнiң

олармен бiрге тұрып жатқан отбасы мүшелерiне, егер олар консулдық

мекеме орналасқан мемлекеттiң азаматтары болмаса немесе консулдық

мекеме орналасқан мемлекетте тұрақты түрде тұрып жатпаса, осы

Конвенцияның 18, 19, 20, 21, 23, 24, 25-баптарының ережелерi

қолданылады.


                        4-БӨЛIМ

                  Консулдық мiндеттер


     29-бап



 
       1. Консулдық қызмет адамы өз консулдық округiнiң шектерiнде 29-43-баптарда аталған консулдық мiндеттердi орындайды. Консулдық қызмет адамы бұдан басқа да ресми консулдық мiндеттердi, егер олар консулдық мекеме орналасқан мемлекеттiң заңдарына қайшы келмесе, орындай алады.
      2. Егер өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң консулдық мекеме орналасқан мемлекетте дипломатиялық өкiлдiгi болмаса, өкiлдiгiн жiберген мемлекет консулдық қызмет адамына дипломатиялық мiндеттердi орындауды жүктей алады. Мұндай мiндеттердi орындау консулдық қызмет адамына дипломатиялық орындау консулдық қызмет адамына дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдалану құқығын бермейдi.
      3. Консулдық мекеме орналасқан мемлекеттiң мәлiмдемесiнен кейiн консулдық қызмет адамы кез келген үкiметаралық ұйымның жанында өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң өкiлi ретiнде iс-қимыл жасай алады. Осындай сапада iс-қимыл жасай отырып, ол адам әдеттегi халықаралық құқық немесе халықаралық шарттар осы өкiлге беретiн барлық артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдалануға құқықты. Бiрақ кез келген консулдық мiндеттi орындауына қатысты нәрседе консулдық қызмет адамы осы Конвенция негiзiнде пайдалану жөнiнде өзi құқыққа ие болған иммунитетке қарағанда юрисдикциядан туындайтын көбiрек иммунитетке құқығы болмайды.
      4. Өз мiндеттерiн орындау барысында консулдық қызмет адамы консулдық округтiң құзiреттi өкiмет орындарына сондай-ақ консулдық мекеме орналасқан мемлекеттiң заңдары, ережелерi және әдет-ғұрыптары қаншалықты мүмкiндiк беруiне орай консулдық мекеме орналасқан мемлекеттiң орталық органдарына жазбаша немесе ауызша нысанда өтiнiш жасай алады.
      5. Консулдық қызмет адамы өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң заңдарына сәйкес консулдық алымдар мен баж салықтарын алуға құқықты, осы алымдардан түскен пайда консулдық мекеме орналасқан мемлекетте барлық салықтар мен алымдардан босатылады.
 

 

     30-бап


     Консулдық қызмет адамның өз консулдық округiнiң шектерiндегi

құқықтары:

     а) өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң азаматтары мен заңды

ұйымдарының құқықтары мен мүдделерiн қорғау;

     б) өкiлдiгiн жiберген мемлекет пен консулдық мекеме орналасқан

мемлекет арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени,

гуманитарлық, туристiк байланыстардың дамуына жәрдемдесу, сондай-ақ

өзге де жолдармен олардың арасындағы қатынастардың дамуына көмектесу.


     31-бап


     1. Консулдық қызмет адамының өз консулдық округiнiң шектерiндегi

құқықтары:

     а) өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматтарының есебiн жүргiзу;

     б) азаматтық мәселелерi жөнiндегi кез-келген өтiнiштердi қабылдау;

     в) өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматтарының тууы мен өлуi

туралы хабарлама алу және тiркеу;


 
       г) ерлi-зайыптылардың екеуi де өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң азаматтары болған жағдайда өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң заңдарына сәйкес некелерiн тiркеу немесе некелерiн бұзу;
      д) өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматтарының отбасылық статусы туралы өтiнiштерiн қабылдау.
      2. Консулдық қызмет адамы консулдық мекеме орналасқан

 

мемлекеттiң құзiреттi өкiмет орындарына осы баптың 1-тармағының б, в

және г кiшi тармақтарында аталған актiлердiң, егер консулдық мекеме

орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерi осыны талап етсе,

орындалуы туралы хабарлап отыруға тиiс.

     3. Осы баптың 1-тармағының б, в және г кiшi тармақтарының

ережелерi мүдделi адамдарды консулдық мекеме орналасқан мемлекеттiң

заңдары мен ережелерiнде көзделген нұсқамаларды сақтау мiндетiнен

босатпайды.


     32-бап


     Консулдық қызмет адамы:

     1) өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматтарының паспорттарын

беруге, жаңартуға және жоюға, олардың қолданылу мерзiмiн ұзартуға,

оларға қажеттi белгiлер енгiзуге;

     2) өкiлдiгiн жiберген мемлекетте болуды қалаған адамдарға келу

жөнiнде қажеттi құжаттар беруге және оларға өзгерiстер туралы тиiстi

белгiлер енгiзуге;

     3) визалар беруге қақылы.


     33-бап


     Консулдық қызмет адамы төменде аталған актiлердi жасауға:

     а) өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматтарының өтiнiштерiн

қабылдауға, жазбаша хаттауға және куәландыруға;

     б) өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматтарының өсиеттерiн жазбаша

хаттауға, куәландыруға және сақтауға;


 
       в) өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматтарының арасында жасалған мәмiлелердi, егер бұл мәмiлелер консулдық мекеме орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерiне қайшы келмейтiн болса, жазбаша хаттауға, куәландыруға қақылы. Алайда консулдық қызмет адамы консулдық мекеме орналасқан мемлекеттегi қозғалмалы емес мүлiкке материалдық құқықты белгiлеуге немесе беруге қатысы бар мәмiлелердi жазбаша хаттай да, куәландыра да алмайды;
      г) өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң азаматтары мен консулдық мекеме орналасқан мемлекеттiң азаматтары арасында жасалған мәмiлелердi, егер бұл мәмiлелер орындауға жататын болса және тек өкiлдiгiн жiберген мемлекетте ғана құқықтық салдары бар болса, сондай-ақ мәмiлелер консулдық мекеме орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерiне қайшы келмейтiн болса, жазбаша хаттауға және куәландыруға;
      д) ресми құжаттарды, сондай-ақ олардың көшiрмелерiн, аудармалары мен үзiндiлерiн куәландыруға;
      е) өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматтарының алуан түрлi құжаттарға қойған қолдарын, егер осы құжаттардың мазмұны консулдық мекеме орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерiне қайшы келмейтiн болса, куәландыруға;
      ж) өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң азаматтарынан немесе осы азаматтар үшiн сақтауға құжаттар мен құндылықтарды, егер бұл консулдық мекеме орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерiне қайшы келмейтiн болса, қабылдауға;
      з) консулдық қызмет адамының құзiретi ауқымына қатысы бар басқа да актiлердi, егер олар консулдық мекеме орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерiне қайшы келмейтiн болса, жасауға қақылы.
 
      34-бап
 
      Консулдық қызмет адамы осы Конвенцияның 33-бабына сәйкес жазбаша хаттаған, куәландырған немесе аударған құжаттар консулдық мекеме орналасқан мемлекетте консулдық мекеме орналасқан мемлекеттiң құзiреттi өкiмет орындары жазбаша хаттаған, аударған және куәландырған құжаттардай заңды әрi дәлелдi күшке ие болады.
 
      35-бап
 
      Консулдық қызмет адамы консулдық мекеме орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерiне сәйкес асырап алушылықты жүргiзуге, қамқоршыны немесе шапағатшыны ұсынуға және тағайындауға қақылы.
 
      36-бап
 
      1. Консулдық қызмет адамының мұрагерлiк мүлiк iстерi жөнiндегi мiндеттерi қолданыстағы халықаралық келiсiмдермен реттеледi.
      2. Консулдық мекеме орналасқан мемлекеттiң құзiреттi өкiмет орындары өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматының қазасы туралы консулдық қызмет адамына кешiктiрмей хабарлайды және қайтыс болғандығы туралы куәлiктi және өлiмiне қатысты басқа да құжаттарды жiбередi.
      3. Консулдық мекеме орналасқан мемлекеттiң құзiреттi өкiмет орындары, егер мұрагер немесе мұрагерлiк өсиет етiлген адам өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң азаматы болса, консулдық мекеме орналасқан мемлекетте мұрагерлiк мүлiктiң ашылғандығы жөнiнде консулдық қызмет адамына хабарлайды.
      Мұның үшiншi мемлекеттiң аумағында өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматының пайдасына мұрагерлiк мүлiктiң ашылғандығы туралы консулдық мекеме орналасқан мемлекеттiң құзiреттi өкiмет орындары мағлұмат алған жағдайларға да қатысы бар.
 
      37-бап
 
      Консулдық қызмет адамы өз консулдық округiнде өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң азаматы атынан, егер бұл азамат сол жерде бола алмағандығынан немесе қандай да бiр басқа себептермен өз құқықтары мен мүдделерiн дер кезiнде қорғай алмайтын болса, консулдық мекеме орналасқан мемлекеттiң өкiмет орындарының алдында болуға қақылы. Мұның өзi өкiлi бар адам өзiнiң өкiлеттi өкiлiн тағайындағанға немесе өз құқықтары мен мүдделерiн қорғауды өз қолына алғанға дейiн сақталады.
 
      38-бап
 
      1. Консулдық қызмет адамы өз консулдық округiнде өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң азаматтарымен кездесуге және байланыс жасауға, оларға ақыл-кеңес беруге, құқықтық көмек көрсету жөнiнде шаралар қолдануды қоса алғанда, кез келген көмектi беруге қақылы.
      2. Консулдық мекеме орналасқан мемлекеттiң құзiреттi өкiмет орындары өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматының қамауға алынғаны, ұсталғаны немесе оның жеке бас бостандығының кез келген басқа санда шектелгенi туралы тез арада, бiрақ үш календарлық күннен кешiктiрмей өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң консулдық қызмет адамын хабардар етуге тиiс.
      3. Консулдық мекеме орналасқан мемлекеттiң құзiреттi өкiмет орындары қамауға алынғаннан, ұсталғаннан немесе жеке бас бостандығы кез келген басқа нысанда шектелгеннен кейiн тез арада, бiрақ төрт календарлық күннен кешiктiрмей, консулдық қызмет адамына өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң қамауға алынған, ұсталған немесе түрмедегi азаматымен жолығуына немесе байланыс жасауына мүмкiндiк беруге тиiс.
      Осы баптың 1-3-тармақтарында сөз болған құқықтар консулдық мекеме орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерiне сәйкес жүзеге асырылуға тиiс, алайда аталған заңдар мен ережелер бұл құқықтардың күшiн жоймайды.
      4. Консулдық мекеме орналасқан мемлекеттiң құзiреттi өкiмет орындары өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң азаматына қатысы бар жағдай туралы, егер ол консулдық қызмет адамымен байланыс жасай алмайтын болса, консулдық қызмет адамын тез арада хабардар етуге тиiс.
 
      39-бап
 
      Консулдық мекеме орналасқан мемлекет консулдық қызмет адамына қолданылып жүрген заңдардағы өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматтарының құқықтарына немесе заңды мүдделерiне қатысы болатын өзгерiстер туралы дер кезiнде хабарлайды.
 
      40-бап
 
      1. Консулдық қызмет адамы консулдық мекеме орналасқан мемлекеттiң порттарында, аумақтық және iшкi суларында өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң кемелерiне кез келген көмек пен жәрдем көрсетуге қақылы.
      2. Консулдық қызмет адамы кеменiң бортына көтерiле алады, ал кеме капитаны, экипажы мүшелерi мен жолаушылар кеменiң жағалаумен еркiн қатынасуына рұқсат етiлiсiмен-ақ консулдық қызмет адамымен байланыс жасай алады.
      3. Консулдық қызмет адамы консулдық мекеме орналасқан мемлекеттiң құзiреттi өкiмет орындарынан өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң кемесiне, капитанға, экипаж мүшелерiне және осы кеменiң жолаушыларына қатысты өз мiндеттерiн орындауына байланысты кез келген мәселе бойынша көмек сұрай алады.
 
      41-бап
 
      Консулдық қызмет адамы өз консулдық округiнде:
      а) консулдық мекеме орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерiне сәйкес, өкiлдiгiн жiберген мемлекет кемесiнiң жүзген және портта тұрған кезiнде болған кез келген оқиғаларды тергеуге, өкiлдiгiн жiберген мемлекет кемесiнiң капитанынан, экипаж мүшелерi мен жолаушыларынан сұрауға, кеме құжаттарын тексеруге, кеменiң жүзу бағыты мен баратын жерi туралы ақпарат алуға, кеменiң портқа жүзiп кiруiне, портта болуына, порттан шығуына жәрдемдесуге;
      г) жалақыға және еңбек шартына байланысты дауларды қоса алғанда, кеме капитаны мен экипаж мүшелерi арасындағы кез келген сипаттағы дауларды, егер бұл консулдық мекеме орналасқан мемлекеттiң өкiмет орындарының құқықтарына нұқсан келтiрмейтiн болса, шешуге;
      в) кеме капитаны мен экипаж мүшелерiнiң ауруханада емделуi және отанына қайтарылуы жөнiнде шаралар қолдануға;
      г) өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң заңдары мен ережелерiнде кемелер жөнiнде көзделген мәлiмдеменi немесе кез келген құжатты қабылдауға, жасауға және куәландыруға қақылы.
 
      42-бап
 
      1. Консулдық мекеме орналасқан мемлекеттiң соттары немесе басқа құзiреттi өкiмет орындары өкiлдiгiн жiберген мемлекет кемесiнiң бортында қандай да бiр мәжбүр ету шараларын қолданғысы немесе тергеу жүргiзгiсi келген жағдайда, олар бұл туралы консулдық қызмет адамына осындай шараларды қолдану кезiнде консулдық қызмет адамының өзi немесе оның өкiлi қатыса алуы үшiн дер кезiнде хабарлауға тиiс. Егер консулдық қызмет адамы немесе оның өкiлi әлде бiр себептермен бұған қатыса алмаса, онда оның өтiнiшi бойынша консулдық мекеме орналасқан мемлекеттiң құзiреттi өкiметi орындары болған оқиғалар туралы толық ақпарат беруге тиiс.
      2. Осы баптың 1-тармағының ережелерi сондай-ақ кеме капитанын немесе экипаж мүшелерiн жағалауда консулдық мекеме орналасқан мемлекеттiң құзiреттi өкiмет орындары тергеуге тиiс болған жағдайда да қолданылады.
      3. Осы баптың ережелерi әдеттегi кедендiк, паспорттық немесе карантиндiк бақылауға, сондай-ақ кеме капитанының өтiнiшi бойынша немесе оның келiсiмiмен жасалған басқа да iс-әрекеттерге қолданылмайды.
 
      43-бап
 
      1. Егер өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң кемесi консулдық мекеме орналасқан мемлекетте қираса, қайраңға отырса немесе жағалауға шығарылып тасталса немесе әлде бiр апатқа ұшыраса, немесе өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматының меншiгi болып табылатын кез келген консулдық мекеме орналасқан мемлекеттiң жағалауынан немесе жағалауына жақын жерден табылса немесе осы зат осы мемлекеттiң портына жеткiзiлсе, аталған зат апатқа ұшыраған кеме жүгiнiң бiр бөлiгi болған жағдайды қоса алғанда, консулдық мекеме орналасқан мемлекеттiң құзiреттi өкiмет орындары консулдық қызмет адамын мүмкiндiгiнше тез арада хабардар етедi. Құзiреттi өкiмет орындары соны мен қатар консулдық қызмет адамына адамдарды, кеменi, кеменiң жүктерiн, кеменiң бортындағы басқа да мүлiктердi және кемеге тиесiлi немесе жүктiң бiр бөлiгi болып табылатын, бiрақ кеменiң бортынан сырт қалған заттарды құтқару жөнiнде қолданылатын шаралар туралы хабарлауға тиiс.
      2. Консулдық қызмет адамы апатқа ұшыраған кемеге, оның экипаж мүшелерi мен жолаушыларына кез келген көмек көрсете алады, осы мақсатта ол сондай-ақ консулдық мекеме орналасқан мемлекеттiң құзiреттi өкiмет орындарынан жәрдем сұрай алады.
      Консулдық қызмет адамы осы баптың 1-тармағында көрсетiлген шараларды, сондай-ақ кеменi жөндеу жөнiндегi тиiстi шараларды қолдана алады немесе құзiреттi өкiмет орындарына шаралар қолдану немесе жүзеге асырылып жатқан шараларды жалғастыра беру туралы өтiнiш бiлдiре алады.
      3. Егер өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң апатқа ұшыраған кемесi немесе осы кемеге тиесiлi кез келген зат консулдық мекеме орналасқан мемлекеттiң жағалауынан немесе жағалауына жақын жерден табылса және кеменiң капитаны да, кеменiң иесi де, оның агентi де, мүдделi сақтандыру компаниясының өкiлi де осы кеменi немесе затты сақтау немесе қарамағына алу жөнiнде шаралар қолдана алмаса, онда консулдық қызмет адамы кеме иесiнiң атынан осындай мақсат үшiн кеме иесiнiң өзi қабылдауы мүмкiн шараларды қолдана алады.
      Осы тармақтың ережелерiн сонымен қатар кеме жүгiнiң бiр бөлiгiн құрайтын немесе өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматының немесе заңды ұйымының меншiгi болып табылатын кез келген затқа қолдануға болады.
      4. Егер үшiншi бiр мемлекеттiң апатқа ұшыраған кемесi жүгiнiң бiр бөлiгiн құрайтын, бiрақ өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматының немесе заңды ұйымының меншiгi болып табылатын кез келген зат консулдық мекеме орналасқан мемлекеттiң жағалауынан немесе жағалауына жақын жерден табылса немесе осы мемлекеттiң портына жеткiзiлсе және кеме капитаны да, зат иесi де, оның агентi де, мүдделi сақтандыру

 

компаниясының өкiлi де мұндай затты сақтай немесе қарамағына ала

алмаса, онда консулдық қызмет адамы осындай мақсат үшiн зат иесiнiң

өзi қабылдауы мүмкiн шараларды қолдана алады.


     44-бап


     Осы Конвенцияның 40-43-баптарының ережелерi тиiсiнше ұшақтар

туралы сөз болатын жағдайларда да қолданылады.


                        5-БӨЛIМ

                  Қорытынды ережелер


     45-бап



 
       1. Осы Конвенция бекiтiлуге тиiс және оның бекiтiлуi туралы дипломатиялық арналар арқылы жазбаша хабарланғаннан кейiн отызыншы күнi күшiне енедi.
      2. Уағдаласушы Тараптар Конвенцияны белгiсiз мерзiмге жасайды және кез келген уақытта оның күшiн жоя алады. Осы Конвенцияның қолданылуы Уағдаласушы Тараптардың бiрi екiншi Уағдаласушы Тараптан өзiнiң оны қолдануды тоқтатқысы келетiнi жөнiнде дипломатиялық арналар арқылы жазбаша хабарламасын алған күннен бастап алты ай өткен соң тоқтатылады.

 

     Осыны куәландыру ретiнде Уағдаласушы Тараптардың уәкiлдерi осы

Конвенцияға қол қойды және оны өздерiнiң мөрлерiмен бекiттi.


     Алматы қаласында 1995 жылы 9 наурызда әрқайсысы қазақ, венгр

және орыс тiлдерiнде екi дана болып жасалды. Осы Конвенцияның

ережелерiн түсiнуде алшақтық болған жағдайда Тараптар орыс тiлiндегi

мәтiндi басшылыққа алады.


     ҚАЗАҚСТАН                               ВЕНГР

     РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ                         РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

     АТЫНАН                                  АТЫНАН





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады