Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Банкроттық туралы" Заң күшi бар Жарлығының күшi жойылды деп тану және Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 21 қаңтар N 68

      1-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Банкроттық туралы" 1995 жылғы 7 сәуiрдегi N 2173 U952173_ Заң күшi бар Жарлығының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 29-құжат; N 15-16, 109-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
      2-бап. Қазақстан Республикасының мына заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 жылғы 24 желтоқсанда K941000_ қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi (жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; N 24, 174-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 277-құжат);
      1) 49-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Егер заңды тұлға жөнiнде осы баптың 1-тармағында белгiленген тәртiп бойынша оны тарату туралы шешiм қабылданып, оның мүлкiнiң құны несие берушiлердiң талаптарын қанағаттандыру үшiн жеткiлiксiз болса, ондай заңды тұлға банкроттық туралы заңдарда белгiленген тәртiппен таратылуы мүмкiн";
      2) 51-баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) екiншi кезекте - несие берушiлердiң қамтамасыз ету сомасы шегiнде таратылатын банкроттың мүлкiн кепiлге салып қамтамасыз еткен мiндеттемелерi жөнiндегi талаптары қанағаттандырылады;
      3) үшiншi кезекте - еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн адамдардың еңбегiне ақы төлеу және авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу жөнiндегi есеп айырысу жүргiзiледi;
      2), 3) және 4) тармақшалар тиiсiнше 3), 4) және 5) тармақшалар болып есептелсiн;
      3) 52-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "52-бап. Банкроттық
      Банкроттық - соттың шешiмiмен танылған немесе несие берушiлердiң келiсiмi негiзiнде соттан тыс тәртiппен ресми хабарланған борышкердiң оны таратуға негiз болып табылатын дәрменсiздiгi.
      Борышкердiң - жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның ақшалай мiндеттемелер бойынша несие берушiлердiң талаптарын қанағаттандыра алмауы, еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн адамдармен еңбегiне ақы төлеу жөнiнде есеп айырыса алмауы, сондай-ақ бюджетке және бюджеттен тыс қорларға мiндеттi төлемдердi өзiне тиесiлi мүлiк есебiнен қамтамасыз ете алмайтын қабiлетсiздiгi оның дәрменсiздiгi деп түсiнiледi";
      4) 53-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "53-бап. Банкрот деп тану
      1. Банкроттық ерiктi түрде немесе мәжбүр етi тәртiбiмен танылуы мүмкiн.
      2. Банкроттықты ерiктi түрде тану борышкердiң сотқа берген өтiнiшi негiзiнде не борышкердiң өз банкроттығын несие берушiлермен келiсiм негiзiнде соттан тыс тәртiппен ресми жариялауы арқылы жүзеге асырылады.
      3. Мәжбүр ету тәртiбiмен банкрот деп тану несие берушiнiң, ал заң актiлерiнде көзделген жағдайларда өзге де адамдардың сотқа өтiнiш беруi негiзiнде жүзеге асырылады";
      5) 54-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "54-бап. Банкроттық туралы iстер жөнiндегi оңалту рәсiмi
      Төлем қабiлетi жоқ борышкерге оның таратылуына жол бермеу мақсатымен төлем қабiлетiн қалпына келтiруге бағытталған, заңға қайшы келмейтiн кез-келген шаралар қолданылуы мүмкiн.
      Аталған шаралар оңалту рәсiмi шеңберiнде iске асырылады, оны жүзеге асырудың тәртiбi мен мерзiмi банкроттық туралы заңдармен белгiленедi";
      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2200 Z952200_ Заң күшi бар Жарлығы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 93-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 24,

 

162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж.,

N 8-9, 236-құжат);

     9-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 40) тармақшамен

толықтырылсын:

     "40) банкроттық рәсiмдерiнде төлем қабiлетi жоқ борышкердiң

мүлкi мен iстерiн басқару жөнiндегi қызмет".

     3. 1963 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақ КСР Заңымен бекiтiлген

Қазақ КСР Азаматтық iс жүргiзу кодексi (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесi мен

Үкiметiнiң Жаршысы, 1964 ж., N 2, 1988 ж., N 2, 19-құжат; N 15,

148-құжат; N 16, 159-құжат; 1990 ж., N 11, 110-құжат; 1991 ж., N 28,

373-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж.,

N 11-12, 294-құжат; N 24, 597-құжат; 1993 ж., N 8, 161-құжат; N 17,

419, 424-құжаттар; 1995 ж., N 23, 140-құжат);

     II бөлiм мынадай мазмұндағы 33-1-тараумен толықтырылсын:

     "33-1-тарау. Банкроттық туралы iстердi қарау

     278-1-бап. Банкроттық туралы iстердi қарау

     Банкроттық туралы iстердi сот азаматтық сот iсiн жүргiзудiң

жалпы ережелерi бойынша банкроттық туралы заңдарда белгiленген

ерекшелiктермен қарайды".


     Қазақстан Республикасының

            Президентi






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады