Байланыс формасы

Қазақстан Республикасында Бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздағы N 78 Заңы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 2 шілдедегі N 461 Заңымен

      Осы заң бағалы қағаздар иелерiнiң мүлiктiк құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеудi жүзеге асырушы бағалы қағаздар рыногына кәсiпқой қатысушылардың қызметiн реттейдi.

I тарау. Жалпы ережелер

      1-бап. Бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi
             тiркеу туралы заңдар

      Бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына , Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң нормаларына негiзделедi және осы Заңнан, Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiнен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және бағалы қағаздар шығару және олардың айналысы саласындағы қатынастарды реттейтiн мемлекеттiк органның (бұдан былай - уәкiлеттi органның) нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

      2-бап. Бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу
             орнының бiрлiгi принципi

      1. Уақыттың нақты бiр сәтiнде бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеудi оларды тiркеу орны бойынша бағалы қағаздар рыногына мына кәсiпқой қатысушылардың бiрi: делдал-дилер, кастодиан, орталық депозитарий немесе тiркеушi жүзеге асырады. <*>
      Бағалы қағаздарға құқықтардың бiр тұлғадан басқа тұлғаға өтуiне байланысты бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелердi тiркеу - клиенттердiң шоттары бойынша нақтылы ұстаушының немесе бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмiндегi жеке шоттар бойынша тiркеушiнiң жазбалар енгiзулерi арқылы мәмiленiң жасалу фактiсiн бекiтуi. <*>
      Бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелер осы Заңда және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен мiндеттi тiркеуге жатады.
      2. Бағалы қағаздарға құқықтарды растауды осы бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеушi адам жүзеге асырады.
      ЕСКЕРТУ. 2-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.07.10. N 282 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 2-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .

II тарау. Бағалы қағаздарды нақтылы ұстау

      3-бап. Бағалы қағаздарды нақтылы ұстау

      1. Бағалы қағаздарды нақтылы ұстау - нақтылы ұстаушы мен оның клиентi арасында олардың арасында жасасқан бағалы қағаздарды нақтылы ұстау туралы шарттың негiзiнде немесе Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарында белгiленген, соларға сәйкес нақтылы ұстаушы клиенттiң мүддесiне орай немесе нақтылы ұстауды жүзеге асыратын өзге тұлғалар мүддесiнде бағалы қағаздарды өзiнiң иеленуiне, пайдалануына немесе билiк етуiне берiлген басқаруды өз атынан жүзеге асыруға мiндеттенетiн өзге де негiздер бойынша туындайтын қатынастар.
      Нақтылы ұстаушының клиенттерiне тиесiлi немесе нақтылы ұстаудағы бағалы қағаздар осы нақтылы ұстаушы кредиторларының пайдасына өндiрiп алынбауға тиiс.
      Бағалы қағаздарды нақтылы ұстау шартына тиiсiнше Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген мүлiктi сенiмгерлiк басқару шарты туралы ережелер қолданылады. <*>
      2. Нақтылы ұстаушының бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу тәртiбi осы Заңмен және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарымен белгiленедi. <*>
     3. Бағалы қағаздарды нақтылы ұстаушылардың бiрiнiң бағалы қағаздар ұстаушылары арасындағы бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелер тiркеушiде немесе нақтылы ұстаушы өз клиентi болып табылатын орталық депозитарийде көрсетiлмейдi.
      4. Тiркеушiнiң талап етуi бойынша меншiк иелерiнiң бағалы қағаздарға байланысты құқықтарын жүзеге асыру үшiн нақтылы ұстаушы өз белгiлi бiр күнге дейiн нақтылы ұстаушысы болып табылатын бағалы қағаздардың тiркелген ұстаушыларының тiзiмiн беруге мiндеттi. Нақтылы ұстаушыға аталған ақпаратты ашу құқығын бермеген бағалы қағаздар ұстаушылары тiзiмге енгiзiлмейдi.
      Заң актілерінде көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талап етуімен оның бақылау және қадағалау қызметін іске асыру мақсатында акцияның нақтылы ұстаушысы өзі белгілі бір күнге дейін акцияның нақтылы ұстаушысы болып табылатын барлық тіркелген акция ұстаушылардың тізімін беруге міндетті.
      Аталған тiзiмдердi тiркеушiге, эмитентке немесе орталық депозитарийге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беруден негiзсiз бас тартқан жағдайда бағалы қағаздарды нақтылы ұстаушы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
      5. <*>
      6. Нақтылы ұстаушы өзiнiң бағалы қағаздары мен клиенттердiң бағалы қағаздарына оқшау есеп жүргiзедi. Бағалы қағаздар бойынша есеп жүргiзудiң әдiстемесi мен ережелерi заңдарда белгiленген тәртiппен айқындалады.
      ЕСКЕРТУ. 3-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 3-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .

      4-бап. Бағалы қағаздарды нақтылы ұстаушылар

      1. Бағалы қағаздарды нақтылы ұстаушылар мыналар бола алады:
      1) орталық депозитарий;
      2) кастодиандар;
      3) уәкiлеттi органның бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеудi жүзеге асыруға берген лицензиясы бар делдал-дилерлер.
      2. Орталық депозитарийдiң клиенттерi делдал-дилерлер мен кастодиандар болып табылады.
      Нақтылы ұстаушылар ретiнде делдал-дилерлер мен кастодиандардың клиенттерi инвесторлар болып табылады.
      3. Бағалы қағаздарға құқықтарды нақтылы ұстаушының растауы Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. <*>
      Ескерту. 4-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .

      5-бап. Бағалы қағаздарды нақтылы ұстаушының мiндеттерi

      Бағалы қағаздарды нақтылы ұстаушының негiзгi мiндеттерi мыналар:
      1) әрбiр клиентке шот ашу арқылы клиенттердiң бағалы қағаздарына есеп жүргiзу; <*>
      2) клиенттердiң бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi және олардың қиындау фактiлерiн тiркеу;
      3) клиенттердiң бағалы қағаздарына құқықтарды растау;
      4) клиенттердiң бағалы қағаздарының болуын және аталған бағалы қағаздармен мәмiлелердi жүзеге асыру мүмкiндiгiн қамтамасыз ету;
      5) төлем агентiнiң мiндеттерiн орындау;
      6) клиенттердiң нақтылы ұстауға берiлген бағалы қағаздарға қатысты ақпарат алуын қамтамасыз ету;
      7) бағалы қағаздарды нақтылы ұстауға жасалған шартқа сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де мiндеттер.
      Ескерту. 5-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .

      5-1-бап. Нақтылы ұстау туралы шарт <*>

      1. Бағалы қағаздарды нақтылы ұстау туралы шарт жасасар алдында нақтылы ұстаушы клиенттi өзiнiң нақтылы ұстаушы ретiндегi қызметтi орындау шартымен таныстыруға мiндеттi.
      2. Нақтылы ұстау туралы шарт:
      1) шарттың нысанасын;
      2) нақтылы ұстаушының клиенттiң шоттары туралы коммерциялық құпияны сақтау жөнiндегi мiндеттемесiн қоса алғанда, тараптардың құқықтары мен мiндеттерiн;
      3) нақтылы ұстаушының қызмет көрсетуiне ақы төлеу мөлшерi мен тәртiбiн;
      4) нақтылы ұстаушының клиент алдындағы есеп беруiнiң нысаны мен кезеңдiлiгiн;
      5) тараптардың шарттың талаптарын бұзғандығы үшін жауапкершiлiгiн;
      6) бағалы қағаздар бойынша табыстар алу және оларды клиенттiң (пайда табушының) шотына есепке алу шарттары мен тәртiбiн қамтуға тиiс.
      Жоғарыда тiзiп көрсетiлген ережелерден бөлек, шартта Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа да талаптар болады.
      Ескерту. 5-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .

III тарау. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзу жөнiндегi қызмет

      6-бап. Тiркеушiнiң қызметi

      Тiркеушiнiң қызметi бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзу жөнiнде қызмет көрсету мен бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу болып табылады және бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзу жүйесiн құрайтын деректердi жинау, тiркеу, өңдеу, сақтау және беру арқылы шарт негiзiнде жүзеге асырылады.

      7-бап. Тiркеушi <*>

      1. Эмитенттiң бағалы қағаздарын ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзу жөнiндегi қызмет бағалы қағаздар рыногындағы айрықша қызмет түрi болып табылады және осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге заң актiлерiмен белгiленген жағдайларды қоспағанда, бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтiң өзге түрлерiмен қоса атқарылмайды.
      2. Уәкiлеттi орган тiркеушiнiң эмитент пен бағалы қағаздар ұстаушыларға көрсеткен қызметiне ақы төлеудiң ең жоғары мөлшерiн, тәртiбi мен принциптерiн белгiлеуге құқылы.
      ЕСКЕРТУ. 7-бап 3-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.07.10. N 282 Заңымен .
      Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .

      8-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмi

      1. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмi - тiзiлiм жүргiзу жүйесiнiң бағалы қағаздарды ұстаушылардың ресми тiзiмi болып табылатын, белгiлi бiр күнге жасалған және осы ұстаушыларды, сондай-ақ оларға тиесiлi бағалы қағаздардың түрiн және санын теңестiруге мүмкiндiк беретiн бiр бөлiгi. <*>
      Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмiн жүргiзу жүйесi - бағалы қағаздардың тiркелген ұстаушылары мен бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелердi тiркеудiң толық сәйкес келуiн белгiлi бiр күнге қамтамасыз ететiн эмитент, бағалы қағаздар шығарылымы және бағалы қағаздардың ұстаушылары туралы мәлiметтердiң жиынтығы. <*>
      2. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың әрбiр тiзiлiмiнде меншiк иелерi мен эмитенттiң бiрдей құқықтары мен мiндеттерiн куәландыратын бағалы қағаздардың бiр түрi бойынша есеп жүргiзiледi. Бағалы қағаздардың бiр түрiне есеп жүргiзудi әртүрлi тiзiлiмдерде жүзеге асыруға болмайды.
      3. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмi қағаздағы немесе электронды жазба түрiнде жүзеге асырылуы мүмкiн және Қазақстан Республикасының заңдарында тiзiлiмдi жүргiзу мен сақтауға қойылатын талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге тиiс.
      4. Эмитенттер бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмiнiң жасалуын бағалы қағаздар шығарылымы уәкiлеттi органда мемлекеттiк тiркеуден өткен сәттен бастап бiр айдан кешiктiрмей қамтамасыз етуге тиiс және ақпараттың тiзiлiмде дәл көрсетiлуi үшiн жауапты болады. <*>
      5. Тiзiлiмдi жасау және сақтау шарттары мен тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      Ескерту. 8-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .

      9-бап. Тiркеушiнiң мiндеттерi

      1. Тiркеушiнiң негiзгi мiндеттерi мыналар:
      1) бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi және бағалы қағаздардың қиындау фактiлерiн тiркеу;
      2) бағалы қағаздарды ұстаушылардың бағалы қағаздарға құқықтарын растау;
      3) бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерiн жинауды, жүргiзудi және сақтауды белгiлi бiр күнге нақтылау;
      4) тiзiлiмде тiркелген бағалы қағаз ұстаушыларға эмитенттiң тапсыруы бойынша құлақтандыру мен ақпараттық хабарлар жiберу;
      5) айналыстағы бағалы қағаздар көлемiнiң шығарылымның тiркелген өлшемдерiне сәйкес келуiне бақылауды жүзеге асыру; <*>
      6) айналыстағы бағалы қағаздар көлемi мен эмиссияның тiркелген параметрлерiнiң сәйкестiгiне бақылау жасау және заңдарда белгiленген тәртiппен эмитенттiң шешiмi бойынша бағалы қағаздармен кең ауқымды операциялар жасау;
      7) эмитентпен жасалған шартта көзделген және Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн қызметтер көрсету;
      8) банк қызметі туралы заң актілеріне сәйкес банктің дауыс беруші акцияларымен жасалатын барлық мәмілелер жөнінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне хабарлау.
      2. Эмитенттiң талап етуi бойынша тiркеушi тiзiлiм жасауға және оны эмитентке талап етiлгеннен кейiн жиырма күн iшiнде жiберуге мiндеттi.
      Заң актілерінде көзделген жағдайларда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талап етуімен оның бақылау және қадағалау қызметін іске асыру мақсатында, тіркеуші акция меншігі иелерінің тізімін жасайды және талап етілгеннен кейін жиырма күн ішінде оны Ұлттық Банкке жібереді.
      ЕСКЕРТУ. 9-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162 Заңымен .
      Ескерту. 9-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .

      10-бап. Тiзiлiм жүргiзуге арналған шарт

      1. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзуге эмитент пен тiркеушi арасында жасалған шарт негiзiнде эмитент тiркеушiге бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмiн жүргiзудi тапсыратын шарт болып табылады.
      2. Эмитенттер тiркеушiлердi таңдауға ерiктi, ал тiркеушiлер өздерi қызмет көрсетуге қабылдайтын эмитенттердi Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайлардан басқа таңдауға ерiктi. Эмитент тек бiр тiркеушiмен ғана шарт жасасуға құқылы.
      3. Эмитент тiркеушiге тiзiлiм жүргiзу үшiн қажеттi ақпаратты беруге мiндеттi және тiзiлiмде көрсетiлген ақпараттың дұрыстығына бақылау жасаудан басқа жағдайларда, оның қызметiне араласуға құқылы емес. <*>
      4. Тiркеушi тiзiлiм жүргiзу жөнiндегi өз мiндеттерiн басқа бiреуге беруге құқылы емес.
      5. Тiркеушiге сыйақы тараптар өздерi арасында жасалған шартта белгiлеген тәртiп, мерзiмдер және шарттар бойынша және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарына сәйкес төленедi. <*>
      6. Бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзуге шарттың күшi тiркеушiнiң лицензиясы керi қайтарылып алынған жағдайда және шарт пен Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де жағдайларда тоқтатылады.
      Бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзуге шарттың күшiн тоқтату тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi. <*>
      7. Шарт бұзылғаннан кейiн тiркеушi он бес күн iшiнде эмитентке немесе жаңа тiркеушiге тiзiлiмде бар ақпаратты түгел тапсыруға мiндеттi.
      8. Эмитент жаңа тiркеушiнiң тағайындалғаны туралы мәлiметтердi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға және ол туралы уәкiлеттi органды хабардар етуге мiндеттi.
      ЕСКЕРТУ. 10-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.10. N 282 Заңымен .
     Ескерту. 10-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .

      11-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмiн
              жүргiзу жөнiндегi қызметтi лицензиялау

      1. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзу жөнiндегi қызмет уәкiлеттi орган берген лицензия негiзiнде жүзеге асырылады.
      2. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмiн тiкелей жүргiзудi тiркеушiлерден тиiстi қызмет түрлерiне уәкiлеттi орган берген бiлiктiлiк куәлiгi бар тұлғалар жүзеге асырады.
      3. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, сондай-ақ оның күшiн тоқтату шарттары мен тәртiбi және керi қайтарып алу негiздерi Қазақстан Республикасының заңдарымен және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзу жөнiндегi қызметтiң жүзеге асырылуын бақылауды уәкiлеттi орган жүргiзедi.
      4. Тiркеушi лицензия алу үшiн оларға табыс етiлген құжаттарға өзi енгiзген барлық өзгерiстер мен толықтырулар жөнiнде уәкiлеттi органды жазбаша хабардар етуге мiндеттi. <*>
      Ескерту. 11-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .

IV тарау. Кастодиандық қызмет

      12-бап. Кастодиандардың бағалы қағаздармен жасалған
              мәмiлелердi тiркеу жөнiндегi қызметi

      Кастодиандардың бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу жөнiндегi қызметi олардың нақтылы ұстаушылар мiндеттерiн атқару болып табылады.

      13-бап. Кастодиандардың мiндеттерi

      Кастодиан мынадай мiндеттердi жүзеге асырады:
      1) клиенттердiң бағалы қағаздарымен жасалатын мәмiлелердiң орындалуын бақылау;
      2) бағалы қағаздар бойынша құқықтарды тiркеу мен оның есебiн жүргiзудi, құжатты бағалы қағаздарды сақтауды және клиенттердiң ақшаларына есеп жүргiзудi қамтамасыз ету; <*>
      3) клиенттердiң бағалы қағаздар бумасының және мәмiлелер жасасуға арналған ақша қаражатының сақталуын және есепке алынуын қамтамасыз ету;
      4) бағалы қағаздардың нақтылы ұстаушысы ретiндегi қызметтi;
      5) клиенттердiң бағалы қағаздарымен жасалатын мәмiлелер жөнiндегi төлем агентi мiндеттерiн орындау;
      д) клиентпен жасалған шартта көзделген және Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де қызметтер көрсету.
      Ескерту. 13-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .

      14-бап. Кастодиандық шарт

      1. Кастодиандық шарт жасасу жөнiндегi ұсынысты клиент бағалы қағаздар және бағалы қағаздармен мәмiле жасауға арналған ақшасы бойынша кастодианда шоттар ашу жөнiндегi жазбаша өтiнiш түрiнде жасайды. Кастодиан клиенттi оның бағалы қағаздары мен мәмiле жасасуға арналған ақшасын сақтау мен оған есеп жүргiзу жөнiндегi қызмет тәртiптерiмен шарт жасалғанға дейiн таныстыруға мiндеттi.<*>
      2. Кастодиан клиенттiң сенiм бiлдiрген өкiлi болмауға тиiс.
      3. Кастодиандық шарт жасасу кезiнде клиенттен шотқа қандай да болсын бағалы қағаздарды немесе ақшаны дереу салу талап етiлмейдi.
      4. Кастодиан мен оның клиентi арасында жасалған кастодиандық шарттар мыналар болуға тиiс:
      1) кастодиан мен клиенттiң реквизиттерi;
      2) шарттың пәнi: клиенттiң бағалы қағаздары мен мәмiле жасасуға арналған ақшаны сақтау мен оларға есеп жүргiзу жөнiнде қызметтер көрсету;
      3) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, клиенттiң шоттары туралы коммерциялық құпияны сақтау жөнiндегi кастодиан мiндеттемелерiн қоса, тараптардың құқықтары мен мiндеттерi;
      4) кастодианның нақтылы ұстаушы ретiндегi қызметтi орындауы туралы деректер;
      5) кастодианның қызметiне ақы төлеудiң мөлшерi мен тәртiбi;
      6) кастодианның клиент алдында есеп беруінiң нысаны мен мерзiмдiлiгi;
      7) шарттың талаптарын бұзғандығы үшiн тараптардың жауапкершiлiгi;
      8) бағалы қағаздар бойынша кiрiстер алудың және оларды клиенттердiң шоттарына қосудың, сондай-ақ клиенттердiң бұйрықтары бойынша ақшаны төлеудiң шарттары мен тәртiбi.
      Кастодиандық шартта жоғарыда аталған ережелерге қоса Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа шарттардың да болуы мүмкiн.
      5. Кастодиандық шарт жазбаша түрде жасалады.
      ЕСКЕРТУ. 14-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 14-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162 Заңымен .
      Ескерту. 14-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .

      15-бап. Кастодиандық қызметтi лицензиялау

      1. <*>
      2. Кастодиандық қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, сондай-ақ оның күшiн тоқтату шарттары мен тәртiбi және оны керi қайтарып алу негiздерi Қазақстан Республикасының заңдарымен және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
      Кастодиандық қызметтiң жүзеге асырылуын бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады. <*>
      Кастодиан лицензия алу үшiн оларға табыс етiлген құжаттарға өзi енгiзген барлық өзгерiстер мен толықтырулар жөнiнде уәкiлеттi органды жазбаша хабардар етуге мiндеттi. <*>
      Ескерту. 15-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .

V тарау. Бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу жөнiндегi делдал-дилерлердiң қызметi

      16-бап. Бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу
              жөнiндегi делдал-дилерлердiң қызметi

      Бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу жөнiндегi делдал-дилерлердiң қызметi нақтылы ұстаушының мiндеттерiн олардың атқаруы болып табылады.

      17-бап. Делдалдық шарт

      1. Клиент бағалы қағаздарды нақтылы ұстау туралы шарт жасасу жөнiндегi ұсынысты делдал-дилерде бағалы қағаздар бойынша шоттар ашу жөнiндегi жазбаша өтiнiш түрiнде жасайды. Делдал-дилер клиентi нақтылы ұстаушы ретiндегi өз қызметiнiң қалай орындалатынымен таныстыруға мiндеттi.
      Шарт жасасу кезiнде клиенттен шотқа қандай да болсын бағалы қағаздарды дереу қосу талап етiлмейдi.
      Делдал-дилер мен оның клиентi арасында жасалған шартта мыналар болуы керек:
      а) шарт пәнi: клиенттiң тапсыруы бойынша делдал-дилердiң нақтылы ұстаушы ретiндегi қызметтi жүзеге асыруы;
      б) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, клиенттiң шоттары туралы коммерциялық құпияны сақтау жөнiндегi делдал-дилердiң мiндеттемелерiн қоса, тараптардың құқықтары мен мiндеттерi;
      в) делдал-дилер қызметiне ақы төлеу мөлшерi мен тәртiбi;
      г) делдал-дилердiң клиент алдында есеп беруiнiң нысаны мен мерзiмдiлiгi;
      д) шарт талаптарын бұзғандығы үшiн тараптардың жауапкершiлiгi;
      е) бағалы қағаздар бойынша кiрiстер алудың және оларды клиенттердiң шоттарына қосудың, сондай-ақ клиенттердiң бұйрықтары бойынша ақшаны төлеудiң шарттары мен тәртiбi.
      Шартта жоғарыда көрсетiлген ережелерге қоса, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа шарттардың да болуы мүмкiн.
      2. Делдал-дилердiң шарты жазбаша түрде жасалады.
      ЕСКЕРТУ. 17-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 17-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162 Заңымен .

      18-бап. Делдал-дилерлердiң бағалы қағаздармен жасалған
              мәмiлелердi тiркеу жөнiндегi қызметiн
              лицензиялау

      1. Делдал-дилерлер бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу құқығымен делдалдық және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға уәкiлеттi орган берген лицензиясы бар болған жағдайда нақтылы ұстаушы бола алады.
      2. Делдалдық және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, сондай-ақ оның күшiн тоқтату шарты мен тәртiбi және керi қайтарып алу негiздерi Қазақстан Республикасының заңдарымен және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
      Брокер - дилер лицензия алу үшiн табыс етiлген құжаттарға өзi енгiзген барлық өзгерiстер мен толықтырулар жөнiнде уәкiлеттi органды жазбаша хабардар етуге мiндеттi. <*>
      3. Делдал-дилерлер қызметiнiң жүзеге асырылуын уәкiлеттi орган бақылайды.
      Ескерту. 18-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .

VI тарау. Орталық депозитарий

      19-бап. Орталық депозитарий

      1. Орталық депозитарий бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары мен халықаралық қаржы ұйымдары акционерлiк қоғам ұйымдық-құқықтық нысанында құрған коммерциялық емес ұйым болып табылады. Орталық депозитарий алған кiрiс оның акционерлерi арасында бөлiнбейдi және оның техникалық дамуына жұмсалады. <*>
      2. Кастодиандар, нақтылы ұстаушылар болып табылатын брокер - дилерлер депозитарийдiң депоненттерi болып табылады. <*>
      3. Депозитарлық қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, сондай-ақ оның күшiн тоқтату шарттары мен тәртiбi, және оны керi қайтарып алу негiздерi Қазақстан Республикасының заңдарымен және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
      4. Орталық депозитарийдiң қызметiне бақылау жасауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      ЕСКЕРТУ. 19-бап өзгертiлдi  - Қазақстан Республикасының 1998.07.10. N 282 Заңымен .
      Ескерту. 19-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .

      20-бап. Орталық депозитарийдiң мiндеттерi

      Орталық депозитарий мынадай мiндеттердi жүзеге асырады:
      1) депоненттердiң - кастодиандар мен делдал-дилерлердiң бағалы қағаздарын нақтылы ұстаушы мiндеттерi;
      2) депоненттердiң бағалы қағаздарымен жасалған мәмiлелердi тiркеу, оның iшiнде бағалы қағаздарды төлеу мен оларға деген құқықтарды растау кепiлдiгi болады;
      3) бағалы қағаздар рыногына кәсiпқой қатысушылармен өзара iс-қимыл жасау;
      4) бағалы қағаздарды өз клиенттерi арасында, соның iшiнде тiркеушiлерге және тiркеушiлерде ашылған өз есеп-шоттары арқылы тiркеушiлерден өз клиенттерiне ойыстыру;
      5) бағалы қағаздарды материалсыздандыру;
      6) клирингтiк қызмет;
      7) трансфер-агенттер құру және олардың қызметтерiнiң процедуралары мен ережелерiн бекiту;
      8) төлем агентiнiң мiндеттерiн атқару;
      9) депонентпен келiсiм бойынша және Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн консультациялық, ақпараттық және басқа да қызмет түрлерi.
      Орталық депозитарийдiң акционерлiк қоғамның бағалы қағаздарын ұстаушыларының тiзiлiмiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi осы Заңда және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген тәртiппен жүзеге асыруға құқығы бар. <*>
      ЕСКЕРТУ. 20-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.07.10. N 282 Заңымен .
      Ескерту. 20-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .

      21-бап. Орталық депозитарийдің клирингтiк қызметi

      1. Клирингтiк қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясына сәйкес және Қазақстан Республикасының банктер туралы заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      2. Ақшалай есеп айырысу депоненттердiң шоттарынан ақшаны есептен шығару және қосу туралы есеп айырысу ұйымына депозитарийдiң тапсырмасы негiзiнде жүзеге асырылады.
      3. Бағалы қағаздар бойынша есеп айырысуды орталық депозитарий дербес жүзеге асырады.
      ЕСКЕРТУ. 21-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен .

      22-бап. <*>

      Ескерту. 22-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .

      23-бап. Орталық депозитарийдiң қызметiн шектеу

      1. Орталық депозитарийдiң:
      1) Қазақстан Республикасының заңдарына және орталық депозитарийдiң Ережелер жинағына сәйкес өзi қабылдаған мiндеттемелердi орындауды басқа тұлғаларға жүктеуге;
      2) операцияларды депоненттiң тиiстi бұйрығынсыз жүзеге асыруға;
      3) депонент туралы және оған тиесiлi бағалы қағаздардың қозғалысы туралы коммерциялық ақпаратты, сондай-ақ қызметтiк ақпаратты жария етуге;
      4) ең жақсы орындау принциптерiн бұзатын қандай да болсын iс-қимылдар жасауға құқығы жоқ.
      2. Орталық депозитарий материалдық өндiрiстiк саладағы қызметтi, жылжымайтын және жылжымалы мүлiкпен (мемлекеттiк бағалы қағаздарды қоспағанда) сауда-саттықты, сақтандыру қызметiн жүзеге асыруға, сондай-ақ заңды тұлғалардың (бағалы қағаздар рыногында клирингтiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда) жарғылық капиталына қатысуға құқылы емес. <*>
      Ескерту. 23-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .

      24-бап. Орталық депозитарийдiң Ережелер жинағы

      1. Орталық депозитарийдiң Ережелер жинағы - орталық депозитарийдiң бағалы қағаздар рыногына кәсiпқой қатысушылармен өзара қарым-қатынасын айқындайтын және бағалы қағаздармен мәмiлелердi орындау принциптерiн, тәртiбiн және технологиясын белгiлейтiн құжат.
      Аталған Ережелердi сақтау депозитарий арқылы мәмiлелердi жүзеге асырушы барлық субъектiлер үшiн мiндеттi болып табылады.
      2. Орталық депозитарийдің ережелер жинағы, сондай-ақ осы жинаққа өзгерістер мен толықтырулар уәкілетті органмен ол айқындаған тәртіпте келісіледі және орталық депозитарий акционерлерінің жалпы жиналысында бекітіледі.
      3. Ережелер жинағында мыналар болады:
      1) орталық депозитарийдiң және оның депоненттерiнiң құқықтары, мiндеттерi және жауапкершiлiгi;
      2) бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеудi жүзеге асырудың ережелерi, қалыптары және технологиялары;
      3) орталық депозитарийдiң өз мiндеттерiн атқару тәртiбi;
      4) орталық депозитарийдiң қызметiне ақы төлеу мөлшерi мен тәртiбi;
      5) орталық депозитарийдiң есеп беру нысаны мен мерзiмi;
      6) орталық депозитарий мен депоненттер арасындағы дауларды шешу тәртiбi;
      7) трансфер-агенттердi құрудың, таратудың, олардың қызметi мен мiндеттерiнiң тәртiбi, трансфер-агенттердiң қызмет көрсетуiне арналған үлгi шарт;
      8) орталық депозитарий депоненттерiнiң әдеп ережелерi;
      9) орталық депозитарийдiң, бағалы қағаздар рыногына кәсiпқой қатысушылардың қызметiн реттейтiн және Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де ережелер.
      Ескерту. 24-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. N 237 Заңымен .
      Ескерту. 24-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .

VII тарау. Бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу тәртiбi

      25-бап. Бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеуге
              қабылдаудың негiзi

      1. Бағалы қағаздармен екi жақты немесе көпжақты жасалған мәмiлелердi тiркеу мәмiлелерге қатысушылардың үстеме бұйрықтары болғанда, жүзеге асырылады. Мәмiлеге қатысушылардың мiндеттемелерi олардың арасында жасалған жазбаша шарттың ережелерiмен айқындалады. Бағалы қағаздар кепiлiн тiркеудi осы мәмiленi тiркеу үшiн тараптардың табыс еткен барлық қажеттi мәлiметтер бар бұйрықтарының негiзiнде тiркеушi және (немесе) нақтылы ұстаушы жүзеге асырады. Ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында бiржақты мәмiле жасалған жағдайда, мәмiленi тiркеу сатып алушының бағалы қағаздарға қатысты құқығы расталатын құжаттар табыс етiле отырып, оның бұйрығы негiзiнде жүзеге асырылады. <*>
      Бұйрық орындауға тiркелген сәттен бастап қабылдануға тиiс. Бұйрық бағалы қағаздар рыногына кәсiпқой қатысушы немесе бұйрықты қабылдау мен тiркеуге уәкiлеттi тұлға тiркейдi.
      Бұйрық жазбаша түрде жасалып, оған уәкiлеттi адамдар қол қоюға тиiс және почта, телекс пен электронды байланыс арқылы берiлуi мүмкiн.
      2. Бұйрықтың нысаны, оны ресiмдеу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi. <*>
      Бағалы қағаздармен операциялар жүргiзуге берiлген бұйрықтарда бағалы қағаздардың нақты саны мен түрi бойынша белгiлi бiр жағдайларда белгiлi бiр iс-қимылдарды орындауға бұйрық берген адамның тiкелей нұсқауы болады.
      ЕСКЕРТУ. 25-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.07.10. N 282 Заңымен .
      Ескерту. 25-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .

      26-бап. Бағалы қағаздарға құқықтарды растауды
              жүзеге асырушы тұлға

      1. Бағалы қағаздарға құқықтарды растауды осы бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркейтiн тұлға жүзеге асырады.
      2. Бағалы қағаздарға меншiк құқығын немесе өзге мүлiктiк құқықты растайтын жазбаша құжаттың негiзгi түрi бағалы қағаздар ұстаушының бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмдерiн жүргiзу жүйесiндегi жеке шотының немесе нақтылы ұстаушының клиентi шотының көшiрмесi болып табылады. <*>
      Бағалы қағаз болып табылмайтын, тiркеушi немесе бағалы қағаздарды нақтылы ұстаушы берген және онда көрсетiлген бағалы қағаздардың бiр тұлғадан екiншiсiне ауысуы мәмiле жасалғанын бiлдiрмейтiн және бағалы қағаздарға қатысты құқықтардың ауысуына әкелiп соқтырмайтын құжат көшiрмесi деп аталады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 26-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.10. N 282 Заңымен .
      Ескерту. 26-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .

      27-бап. Ұйымдастырылған рыноктарда бағалы қағаздармен
              жасалған мәмiлелердi тiркеу

      Бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушылар жүзеге асыратын, бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу тәртiбiнiң ерекшелiктерi - Қазақстан Республикасының заңдарымен және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен, сондай-ақ бағалы қағаздармен сауда-саттықты тиiстi ұйымдастырушының iшкi ережелерiмен және тәртiптерiмен белгiленуi мүмкiн.

      28-бап. Мүдделi тұлғаларға ақпарат беру

      1. Клиенттер және тiркеушiлер мен нақтылы ұстаушылардағы бағалы қағаздар жайындағы жазбалар коммерциялық құпия болып табылады және жариялауға жатпайды.
      2. Коммерциялық құпия шот иеленушiге немесе бағалы қағаздарды ұстаушы өзi жөнiнде қарыз берушi, кепiлшi, кепiлдiк берушi немесе кепiл ұстаушы болып табылатын тұлғаға, шот иеленушiнiң жазбаша келiсiмi негiзiнде кез келген үшiншi тұлғаға не тексеру жүргiзу туралы қаулының негiзiнде прокурорға, сондай-ақ атқарушылық iс жүргiзудi қозғау туралы қаулының негiзiнде сот орындаушысына ғана ашылуы мүмкiн. <*>
      3. Коммерциялық құпия сондай-ақ шот иеленушi аманат өкiмiнде аталған тұлғаларға, мұрагерлiк iстермен айналысатын соттар мен нотариат кеңселерiне, бағалы қағаздар рыногының субъектiлерi Қазақстан Республикасының заңдарын бұзған жағдайларда уәкiлеттi органға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда мемлекеттік органдарға ашылуы мүмкiн.
      4. Клиенттердiң және нақтылы ұстаушылардың шоттары бойынша операцияларды тоқтату сот шешiмдерiнiң, прокурордың, анықтау және алдын ала тергеу органдарының, уәкiлеттi органның қаулыларының негiзiнде жүзеге асырылады.
      ЕСКЕРТУ. 28-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162 Заңымен .
      Ескерту. 28-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2002.08.09. N 346 Заңымен .
      Ескерту. 28-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.05. N 409 Заңымен .

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады