Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Лицензиялау туралы" Заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 7 сәуiр N 89

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2200 Z952200_ Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 93-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 236-құжат; 1997 жылғы 25 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Банкроттық туралы" заң күшi бар Жарлығын күшi жойылды деп тану және Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1997 жылғы 21 қаңтардағы

 

Қазақстан Республикасының Заңы) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар

енгiзiлсiн:

     1. 9-бапта:

     1-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

     "6) атом энергиясын пайдалануға байланысты қызмет түрлерi, соның

iшiнде:

     а) атом энергиясын пайдалану объектiлерiн орналастыру, жобалау,

салу, пайдалануға беру, пайдалану, қайта құру, консервациялау және

пайдаланудан шығару;

     б) радиоактивтiк қалдықтармен жұмыс iстеу;

     в) ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық

қорғау;

     г) ядролық және радиациялық қауiпсiздiктi бақылау жөнiндегi

қызметтер;

     д) радиоэкологиялық зерттеулер мен радиациялық сауықтыру жөнiнде

жұмыстар жүргiзу;

     е) ядролық жарылыстар өткiзiлетiн орындардағы қызметтiң барлық

түрлерi;

     ж) ядролық материалдар мен радиоактивтi заттарды Қазақстан

Республикасы аумағының шегiнде тасымалдау (транзиттiк тасымалдауды

қоса);

     з) атом энергиясын пайдалануға байланысты қызметке арнап

қызметкерлер, мамандар даярлау және оларды аттестаттау;";

     1-тармақ мынадай мазмұндағы 42)-тармақшамен толықтырылсын:

     "42) археология және тарих пен мәдениет ескерткiштерiн қалпына

келтiру жұмыстары";

     2. 10-бапта:

     атауы "және заңды тұлғаларға" деген сөздермен толықтырылсын;

     бiрiншi бөлiгi "Азаматтарға" деген сөзден кейiн "және заңды

тұлғаларға" деген сөздермен толықтырылсын;

     3) тармақшадағы "адвокаттық қызметке" деген сөздер алып

тасталсын;

     мынадай мазмұндағы 4), 5), 6) тармақшалармен толықтырылсын:

     "4) адвокаттық қызмет көрсету;

     5) адвокаттық қызметпен байланысы жоқ ақылы заң қызметiн

көрсету;

     6) нотариаттық қызмет көрсету;";

     4) тармақша 7) тармақша болып саналсын;

     5) тармақша 8) тармақша болып саналсын, ол мынадай редакцияда

жазылсын:

     "8) бөлшек сауданы жүзеге асыру және нақты шетел валютасына

қызмет көрсету;";

     мына мазмұндағы 9), 10) тармақшалармен толықтырылсын:

     "9) қоғамдық тамақтандыру пункттерiнiң қызметi;

     10) жылжымайтын мүлiктi бағалау жөнiндегi қызмет."


     Қазақстан Республикасының

             Президентi






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады