Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар кейбiр Жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 16 мамыр N 110

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң мынадай Заң күшi бар Жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi туралы" 1995 жылғы 3 қазандағы N 2483 Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 19, 118-құжат; N 23, 142-құжат):
      1-бапта:
      бiрiншi азатжолдағы екiншi сөйлем алынып тасталсын;
      екiншi азатжол "атауы" деген сөзден кейiн "өзiнiң рәмiздерi мен айыры белгiлерi" деген сөздермен толықтырылсын, одан әрi мәтiн бойынша;
      2-бапта алтыншы азатжол алынып тасталсын;
      5-бапта:
      екiншi азатжол алынып тасталсын;
      үшiншi азатжол екiншi азатжол болып саналсын, бұл азатжолда "Президенттiң Күзет қызметiнiң бастығы лауазымы бойынша Республикалық ұланның Қолбасшысы болып табылады" деген сөйлем алынып тасталсын;
      7-1-бап алынып тасталсын;
      8-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Мемлекет Басшысының ақпараттан оқшау қалуына жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасы Президентiнiң байланыс жүйелерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету".
      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2710 Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 157-құжат):
      2-баптың 1-тармағында:
      6)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) Қазақстан Республикасының Президентiн, елдiң мемлекеттiк органдарын, Қарлы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларын бейбiт кезде және соғыс уақытында үкiметтiк байланыспен қамтамасыз ету;";
      мынадай мазмұндағы 7)-тармақшамен толықтырылсын:
      "7) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарында, ұйымдары мен әскери құрамаларында шифрлау жұмысын ұйымдастыру болып табылады.";
      6-баптың 2-тармағы "арнаулы қызметтерiмен" деген сөздерден кейiн "және үкiметтiк байланыс органдарымен" деген сөздермен толықтырылсын;
      7-бап:
      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiн" деген сөз тiркесiнен кейiн "Ұлттық қауiпсiздiк комитетi жанындағы үкiметтiк байланыс органы" деген сөздермен толықтырылсын, одан әрi мәтiн бойынша; "әскери қарсы барлау органдары" деген сөздерден кейiн "Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң әскерлерi" деген сөздермен толықтырылсын, одан әрi мәтiн бойынша;
      8-баптың 1-тармағының 2)-тармақшасы "басқармаларын" деген сөзден кейiн "Ұлттық қауiпсiздiк комитетi жанындағы үкiметтiк байланыс органын" деген сөздермен толықтырылсын, одан әрi мәтiн бойынша; "әскери қарсы барлау органдары" деген сөздерден кейiн "Ұлттық қауiпсiздiк комитетi әскерлерiн" деген сөздермен толықтырылсын, одан әрi мәтiн бойынша;
      5)-тармақша "атауы" деген сөздерден кейiн "өзiнiң рәмiздерi мен айырым белгiлерi" деген сөздермен толықтырылсын, одан әрi мәтiн бойынша;
      мынадай мазмұндағы 8-1, 10-1-баптармен толықтырылсын:
      "8-1-бап. Ұлттық қауiпсiздiк комитетi жанындағы үкiметтiк
                байланыс органы
 
      1. Ұлттық қауiпсiздiк комитетi жанындағы үкiметтiк байланыс органы ұлттық қауiпсiздiк органдарына үкiметтiк байланысты қамтамасыз ету жөнiнде жүктелген мiндеттердi iске асыру үшiн құрылады.
      2. Ұлттық қауiпсiздiк комитетi жанындағы үкiметтiк байланыс органы заңды тұлға болып табылады, олардың нақты және шартты атаулары, тиiстi мөрлерi мен мөртаңбалары, банктерде шоттары, негiзгi қорлары болады.";
      "10-1-бап. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң әскерлерi
 
      Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң әскерлерi бейбiт кезде және соғыс уақытында ұлттық қауiпсiздiк органдарына жүктелген мiндеттердi орындауға арналған үкiметтiк байланыс әскерлерi мен басқа да әскерлерден құралады.";
      12-баптың 16)-тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "16) шифрлау және шифрды ашу жұмысын ұйымдастыруға, арнаулы байланыс түрлерiнiң үкiметтiк және өзге де жүйелерiн пайдалануға, дамытуға, олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге;".
 

     Қазақстан Республикасының

          Президентi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады