Байланыс формасы

Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 2 шiлде N 144

      Қазақстан Республикасының мына заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 жылғы 27 желтоқсанда K941000_ қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (жалпы бөлiм) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; N 24, 174-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274, 277-құжаттар; N 19, 370-құжат; 1997 жылғы 25 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Банкроттық туралы" заң күшi бар Жарлығының күшi жойылды деп тану туралы" 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 1997 жылғы 11 наурызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (жалпы бөлiм) толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" 1997 жылғы 5 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңы;
      19-бапта:
      1-тармақта "осы Кодексте" деген сөздерден кейiн "және өзге заң актiлерiнде" деген сөздермен толықтырылып, "мемлекеттiк тiркеуге тұрған кезден бастап" деген сөздер алып тасталсын;
      4-5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Мынадай шарттардың бiрiне сәйкес келетiн:
      1) жалданбалы қызметкерлердiң еңбегiн тұрақты негiзде пайдаланатын;
      2) кәсiпкерлiк қызметтен салық заңдарына сәйкес есептелген, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде жеке тұлғалар үшiн белгiленген жиынтық жылдық табыстың салық салынбайтын мөлшерiнен артық жиынтық жылдық табыс табатын жеке кәсiпкерлер мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатады.
      Мемлекеттiк тiркеусiз аталған жеке кәсiпкерлердiң қызметiне тыйым салынады.
      5. Егер жеке кәсiпкер лицензиялануға тиiс қызметтi жүзеге асырса, оның осындай қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензиясы болуы мiндеттi.
      Лицензия лицензиялау туралы заңдарда белгiленген тәртiппен берiледi.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi жеке кәсiпкерлерге лицензия берудiң оңайлатылған тәртiбiн белгiлеуге хақылы";
      21-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "21. Жеке кәсiпкердiң банкроттығы.
      1. Жеке кәсiпкердiң дәрменсiздiгi. (осы Кодекстiң 52-бабы) оны банкрот деп тануға негiз болып табылады.
      2. Жеке кәсiпкерлiк банкроттығы осы Кодекстің 53-бабында белгiленген ережелер бойынша ерiктi немесе мәжбүрлi тәртiппен танылады. Жеке кәсiпкерлi банкрот деп таныған кезден бастап оны жеке кәсiпкер ретiнде тiркеудiң күшi жойылады.
      3. Жеке кәсiпкерге банкроттық рәсiмiн қолданған кезде оның кәсiпкерлiк қызметпен байланысты емес мiндеттемелер жөнiнде несие берушiлерi, егер осындай мiндеттемелер бойынша орындау мерзiмi жетсе, өз талаптарын қоюға хақылы. Аталған несие берушiлердiң осындай тәртiппен мәлiмделмеген талаптары, сондай-ақ конкурстық жиынтықтан толық көлемде қанағаттандырылмаған талаптар күшiн сақтап қалады және банкроттық рәсiм аяқталғаннан кейiн жеке тұлға ретiнде борышкерден өндiрiп алуға қойылуы мүмкiн. Бұл талаптардың мөлшерi борышкердiң банкроттығы процесiнде алынған қанағаттандыру сомасына кемiтiледi.
      4. Несие берушiлердiң талаптары қанағаттандырылғанға дейiн конкурстық жиынтықтан сот шығындары, сондай-ақ әкiмшiге, конкурс және оңалту басқарушыларына, олар тағайындалған жағдайда, сыйақы төлеу жөнiндегi шығындар өтеледi. Жеке кәсiпкер банкрот деп танылған жағдайда, оған несие берушiлердiң талаптарын қанағаттандыру оған тиесiлi мүлiк есебiнен мынадай кезекпен жүзеге асырылады:
      1) бiрiншi кезекте алимент өндiрiп алу жөнiндегi талаптар, сондай-ақ өмiр мен денсаулыққа келтiрiлген зиянды өтеу жөнiндегi талаптар қанағаттандырылады;
      2) екiншi кезекте еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн адамдармен еңбекақы төлеу жөнiндегi және авторлық шарттар бойынша сыйақы төлеу жөнiндегi есеп айырысу жүргiзiледi;
      3) үшiншi кезекте бюджетке және бюджеттен тыс қорларға төленетiн мiндеттi төлемдер бойынша берешек өтеледi;
      4) төртiншi кезекте несие берушiлердiң жеке кәсiпкерге тиесiлi мүлiк кепiлiмен қамтамасыз етiлген талаптары қамтамасыз ету сомасы шегiнде қанағаттандырылады;
      5) бесiншi кезекте заң актiлерiне сәйкес басқа несие берушiлермен есеп айырысу жүргiзiледi.
      Әрбiр кезектегi несие берушiлердiң талаптарын қанағаттандыру заңды тұлғалардың банкроттығы туралы заң актiлерiнде көзделген ережелер бойынша жүргiзiледi.
      5. Банкрот деп танылған борышкер несие берушiлермен есеп айырысып болғаннан кейiн кәсiпкерлiк қызметке байланысты қалған мiндеттемелердi орындаудан босатылады, бұған банкрот деп жарияланған адамның азаматтардың өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жауапты болатын талаптары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жеке сипаттағы өзге де талаптар қосылмайды.".
      2. "Жеке кәсiпкерлiктi қорғау және қолдау туралы" 1992 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Z922500_ Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 16, 424-құжат; 1995 ж., N 20, 120, 121-құжаттар; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 14, 274-құжат):
      1-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Жеке кәсiпкерлiк - азаматтардың өздерiнiң (жеке кәсiпкерлiк) немесе мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың (заңды тұлғалардың жеке кәсiпкерлiгi) меншiгiне негiзделген және азаматтардың немесе мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың атынан олардың тәуекелiмен және мүлiктiк жауапкершiлiгiне алынып жүзеге асырылатын, азаматтардың және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың табыс табуға бағытталған бастамашылық қызметi.";
      2-тармақ алып тасталсын;
      3-бапта:
      1-тармақтағы "Жекеше кәсiпкерлiк қызметтi мемлекеттiк реттеудiң негiзгi құқылық түрi заңдар және Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесiнiң қаулылары болып табылады" деген сөздер алып тасталсын;
      2-тармақ алып тасталсын;
      4-бапта:
      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Жеке кәсiпкерлiктi бiр азамат дербес (өзiндiк кәсiпкерлiк) немесе азаматтар тобы - жеке кәсiпкерлер (бiрлескен кәсiпкерлiк) заңды тұлға құрмай-ақ жүзеге асыра алады.
      Бiрлескен кәсiпкерлiктiң нысандары мыналар болып табылады:
      1) ерлi-зайыптылардың бiрлескен ортақ меншiгiнiң негiзiнде жүзеге асырылатын ерлi-зайыптылардың кәсiпкерлiгi;
      2) шаруа (фермер) қожалығының бiрлескен ортақ меншiгiнiң немесе жекешелендiрiлген тұрғын үйге бiрлескен ортақ меншiктiң негiзiнде жүзеге асырылатын отбасылық кәсiпкерлiк;
      3) жай серiктестiк, бұл орайда кәсiпкерлiк қызмет үлестiк ортақ меншiктiң негiзiнде жүзеге асырылады;
      2. Заңды тұлғалардың жеке кәсiпкерлiгiн мемлекеттiк емес заңды тұлғалар жүзеге асырады.";
      5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "5-бап. Жеке кәсiпкерлiктiң құқықтары мен заңды
              мүдделерiн қорғау
 
      1. Мемлекет жеке кәсiпкерлiк қызметтiң еркiндiгiне кепiлдiк бередi және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етедi. Мемлекет, егер осы Заңда және басқа да заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, жеке кәсiпкерлiк өз қызметiн еркiн және толық көлемiнде жүзеге асыру құқығын қамтамасыз етедi.
      2. Жеке кәсiпкерлердiң құқықтары мен заңды мүдделерi:
      1) лицензияланатын қызмет түрлерiн қоспағанда, кәсiпкерлiк қызметтi кiмнiң болса да рұқсатын алмай-ақ жүзеге асыру мүмкiндiгi;
      2) жеке кәсiпкерлердi бiр тiркеу органында барынша оңайлатылған, келiп тiркелу тәртiбiмен;
      3) мемлекеттiк органдар жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлiк қызметтi тексерудi заң актiлерiмен шектеу;
      4) жеке кәсiпкерлердiң құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзатын мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары мен мемлекеттiк органдар актiлерiнiң әрекеттерiне немесе әрекетсiздiгiне сотқа шағымдану;
      5) жеке кәсiпкерлiк қызметтi заң актiсiнде көзделген негiз бойынша шығарылған сот шешiмi бойынша ғана мәжбүрлеп тоқтату;
      6) жеке кәсiпкерлiк үшiн тыйым салынған немесе шек қойылған жұмыстардың тiзбесiн, тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтер түрлерiн заң актiлерiмен ғана белгiлеу;
      7) мемлекеттiк органдарды, лауазымды адамдарды, сондай-ақ өзге де тұлғалар мен ұйымдарды жеке кәсiпкерлердiң қызметiне заңсыз кедергi келтiргенi үшiн заң актiлерiмен белгiленген жауапқа тарту;
      8) заңдарда көзделген өзге де амалдар арқылы қорғалады.";
      6 және 7-баптар алып тасталсын;
      8-бапта:
      1-тармақтың екiншi азатжолындағы "аудандық (қалалық) мемлекеттiк статистика органдарында" деген сөздер "азаматтың тұрғылықты жерi бойынша аумақтық салық органында (бұдан әрi - тiркеушi орган)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Мынадай шарттардың бiрiне сәйкес келетiн:
      1) жалдама қызметкерлердiң еңбегiн тұрақты негiзде пайдаланатын;
      2) кәсiпкерлiк қызметтен салық заңдарына сәйкес есептелген, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде жеке тұлғалар үшiн белгiленген жиынтық жылдық табыстың салық салынбайтын мөлшерiнен артық жиынтық табыс табатын жеке кәсiпкерлер мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатады.
      Мемлекеттiк тiркеусiз аталған және кәсiпкерлердiң қызметiне тыйым салынады.
      5. Осы баптың 4-тармағында аталмаған жеке кәсiпкерлер өздерiнiң қалауы бойынша жеке кәсiпкер ретiнде тiркеледi.
      Осы баптың 4-тармағында аталғандардан басқа жеке кәсiпкерлерде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң болмауы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру үшiн кедергi болмайды.
      6. Қызметiн мемлекеттiк тiркеусiз жүзеге асыратын жеке кәсiпкердiң мәмiлелер жасасқан кезде өзiнiң кәсiпкер болып табылмайтынына сiлтеме жасауға хақы жоқ";
      9-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Жеке кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркеу заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.";
      10-бап алып тасталсын;
      14-баптың үшiншi азатжолындағы "Қазақстан Республикасының Жер кодексiнде белгiленген тәртiппен және жағдайда жер учаскесiн иелену құқығы да, пайдалану құқығы да" деген сөздер "Қазақстан Республикасының жер заңдарында белгiленген тәртiппен және жағдайларда жер учаскесiне меншiк немесе тұрақты жер пайдалану құқығы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "16-бап. Жеке кәсiпкерлiк қызметтi лицензиялау
      Жеке кәсiпкерлiк қызметтi лицензиялау заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.";
      17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      " 17-бап. Жеке кәсiпкерлерге банк қызметiн көрсету
      Жеке кәсiпкерлерге банк қызметiн көрсету Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шарттар негiзiнде және тараптардың келiсiмiмен жүзеге асырылады.";
      19-баптың 4-тармағындағы екiншi азатжолындағы "тiзбесiн" деген сөз "тiзбесi" деген сөзбен, "тәртiбiн" деген сөз "тәртiбi" деген сөзбен, "Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi белгiлейдi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленедi" деген

 

сөздермен ауыстырылсын;

     23-баптың 4-тармағындағы "Министрлер Кабинетi" деген сөздер

"Үкiметi" деген сөзбен ауыстырылсын;

     28-бап мынадай редакцияда жазылсын:

     "28-бап. Жеке кәсiпкерлiктi қорғау және қолдау туралы

              заңдарды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк


     Жеке кәсiпкерлiктi қорғау және қолдау туралы заңдарды бұзғаны

үшiн жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге

асырылады.";

     29 және 30-баптар алып тасталсын;



 
       3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2200 Z952200_ заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 93-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 236-құжат; 1997 жылғы 25 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Банкроттық туралы" заң күшi бар Жарлығының күшi жойылды деп тану және Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 1997 жылғы 9 сәуiрде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Лицензиялау туралы" заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1997 жылғы 7 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңы; 1997 жылғы 12 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар кейбiр жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1997 жылғы 9 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы);
      3-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Заңды тұлға құрмай-ақ кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын азаматтар (жеке кәсiпкерлер) лицензияны заңды тұлғалар үшiн белгiленген тәртiппен алады.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi жеке кәсiпкерлерге лицензия берудiң оңайлатылған тәртiбiн белгiлеуге хақылы.";
      16-бапта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн алым төленгенiн растайтын құжат (осы Жарлықтың 18-бабы).";
 
      18-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "18-бап. Кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерiмен
               айналысу құқығы үшiн төленетiн алым
      Кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн төленетiн алымның мөлшерi, оны төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленедi.";
 
      19-бапта:
      1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн төленетiн алым төленбесе (осы Жарлықтың 18-бабы);".
      4. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 Z952235_ заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 6, 43-құжат; N 12, 88-құжат; N 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180, 181-құжаттар; N 11-12, 275-құжат; N 15, 281-құжат; N 23-24, 416-құжат; 1997 жылғы 1 наурызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiне жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1997 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының заңы, 1997 жылғы 15 сәуiрде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1997 жылғы 11 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңы; 1997 жылғы 28 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" заң күшi бар Жарлығына толықтыру енгiзу туралы" 1997 жылғы 27 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 1997 жылғы 12 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар кейбiр Жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1997 жылғы 9 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы);
 

 

     34-бапта:

     5-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

     "8) жеке кәсiпкердiң кәсiпкерлiк қызметпен айналысудан алған

табысы (Қазақстан Республикасында төлем көзiне салық салынуға тиiс

табысты қоспағанда) жеке тұлғалар үшiн Заңда белгiленген салық

салынбайтын жылдық табыстың сомасынан аспайды.".


     Қазақстан Республикасының

            Президентi






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады