Байланыс формасы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік заңды тұлғалар мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 16 желтоқсандағы N 320 Заңы

       1-бап.  Қазақстан Республикасының мынадай заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда  K941000_  қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 жылғы 11 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (жалпы бөлім) және "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (жалпы бөлім) күшіне енгізу" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылғы 2 наурыздағы  Z980211_  Қазақстан Республикасының Заңы; 1998 жылғы 30 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылғы 22 сәуірдегі  Z980221_  Қазақстан Республикасының Заңы; 1998 жылғы 1 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (жалпы бөлім) өзгерістер енгізу туралы" 1998 жылғы 29 маусымдағы  Z980238_  Қазақстан Республикасының Заңы; 1998 жылғы 28 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Акционерлік қоғамдардың мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылғы 10 шілдедегі  Z980282_  Қазақстан Республикасының Заңы; 1998 жылғы 29 шілдеде "Егемен Қазақстан" газетінде, 1998 жылғы 28 шілдеде "Казахстанская правда" газетінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылғы 10 шілдедегі  Z980283_  Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 34-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын: 
      "3-1. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын және мемлекеттік бюджеттің есебінен ғана ұсталатын заңды тұлға тек қана мемлекеттік мекеме нысанында құрылуы мүмкін."; 

      2) 35-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын: 
      "3. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын және мемлекеттік бюджеттің есебінен ғана ұсталатын заңды тұлғаның (мемлекеттік мекеме) құқық қабілеттілігі осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерімен белгіленеді."; 

      3) 44-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "1. Құрылтайшы қаржыландыратын мекемелерден, мемлекеттік мекемелерден және қазыналық кәсіпорындардан басқа заңды тұлғалар өз міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді. 
      Мекеме міндеттемелер бойынша өз билігіндегі ақшамен жауап береді. Олар жеткіліксіз болған жағдайда мекеменің міндеттемелері бойынша оның құрылтайшысы жауапты болады. 
       Мемлекеттік мекеме өзінің міндеттемелері бойынша өз билігіндегі ақшамен жауап береді. 
       Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе тиісті жергілікті атқарушы орган жауапты болады. Шарттық міндеттемелер бойынша жауапкершілік заңдарға сәйкес мемлекеттік мекемені ұстауға арналып бекітілген сметаның шегінде туындайды. 
      Мемлекеттік мекемелер жасасатын азаматтық-құқықтық мәмілелер Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен тіркелуге тиіс. 
      Қазыналық кәсіпорын өзінің міндеттемелері бойынша өз билігіндегі ақшамен жауап береді. 
      Қазыналық кәсіпорында ақша жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік субсидиарлық жауаптылықта болады. Шарттық міндеттемелер бойынша жауапкершілік мемлекеттік кәсіпорын туралы заң актілерінде белгіленген тәртіппен туындайды.";

      4) 50-баптың 5-тармағындағы "(мекемеден басқасы)" деген сөздер "(мемлекеттік мекемелерден басқа)" деген сөздермен ауыстырылсын; 

      5) 104-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: 
      "Шарттық міндеттемелер бойынша жауапкершілік мемлекеттік кәсіпорын туралы заң актілерінде белгіленген тәртіппен туындайды."; 

      6) 105-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "105-бап. Мекеме

      1. Басқару, әлеуметтік-мәдени немесе өзге де коммерциялық емес сипаттағы қызметтерді жүзеге асыру құрылтайшы құрған және қаржыландыратын ұйым мекеме деп танылады. 
      2. Қазақстан Республикасының Конституциясының және заңдарына сәйкес немесе Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және астана, облыстар, республикалық маңызы бар қала әкімдерінің шешімдері бойынша мемлекеттік құрған және егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, тек мемлекеттік бюджеттің есебінен ғана ұсталатын мекеме мемлекеттік мекеме деп танылады. 
      3. Мемлекеттік меншікті иелену, пайдалану, билік ету құқығы белгіленген тәртіппен берілген мекемелерді қоспағанда, мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды. 
      4. Мекемелердің және мемлекеттік мекемелердің оларға бекітіліп берілген мүлікке құқықтары осы Кодекстің 202-208-баптарына сәйкес белгіленеді.";

      7) 202, 204-206-баптарда "мекеменің", "мекеме", "мекемені", "мекемеге" деген сөздерден кейін тиісінше ", мемлекеттік мекеменің", ", мемлекеттік мекеме", ", мемлекеттік мекемені", ", мемлекеттік мекемеге" деген сөздермен толықтырылсын;

      8) 206-баптың 1-тармағының екінші азатжолы алып тасталсын;

      9) 207-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "207-бап. Қазыналық кәсіпорынның, мекеменің және
                мемлекеттік мекеменің борыштары бойынша
                құрылтайшының жауаптылығы

      1. Қазыналық кәсіпорын өзінің міндеттемелері бойынша өз билігіндегі ақшамен жауап береді.
      Қазыналық кәсіпорынның ақшалай қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда, оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе тиісті жергілікті атқарушы орган субсидиарлық жауаптылықта болады. 
      Шарттық міндеттемелері бойынша жауапкершілік мемлекеттік кәсіпорын туралы заң актілерінде белгіленген тәртіппен туындайды. 
      2. Мекеме мен мемлекеттік мекеменің жауапкершілігі осы Кодекстің 44-бабының 1-тармағында көзделген тәртіппен туындайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күші бар  Жарлығына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 9-10, 66-құжат; N 24, 164-құжат, Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 12, 183-құжат; N 13-14, 205-құжат): 

      44-бапта: 
      3-тармақтағы "тиісті республикалық немесе жергілікті жердегі қазына қаражаты есебінен" деген сөздер алып тасталып, "субсидиялық жауапкершілікті" деген сөздерден кейін "қазыналық кәсіпорынның шарттық міндеттемелерін қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Зейнетақылар төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың міндеттемелері бойынша жауапкершілікті толық көлемде Қазақстан Республикасының Үкіметі көтереді.".

       2-бап.  Осы Заң 1999 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады