Қазақстан Республикасының салық әкімшілігін жүргізу мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 1998 жылғы 28 желтоқсан N 336-I


      1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуірдегі N 2235 Z952235_ заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 6, 43-құжат; N 12, 88-құжат; N 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180, 181-құжаттар; N 11-12, 257-құжат; N 23-24, 416-құжат; 1997 ж., N 4, 51-құжат; N 7, 82-құжат; N 10, 112-құжат; N 11, 144-құжат; N 12, 184, 188-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 20, 263-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 4, 45-құжат; 1998 жылғы 3 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентінің "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" заң күші бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылғы 1 шілдедегі Z980255_ Қазақстан Республикасының Заңы; 1998 жылғы 8 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (Алматы қаласының мәртебесі туралы мәселелер жөнінде)" 1998 жылғы 1 шілдедегі Z980259_ Қазақстан Республикасының Заңы; 1998 жылғы 7 шілдеде " Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентінің "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" заң күші бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылғы 1 шілдедегі Z980260_ Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 5-баптың 29) тармақшасы мынадай мазмұндағы е-1) тармақшасымен толықтырылсын:
      "е-1) зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы активтерінен алынған инвестициялық кірістерді бөлу мен есепке алу жөніндегі қызметін ұйымдастыру бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларының көрсететін қызметтері;";
      2) 16-баптағы "есептелген" деген сөздің алдынан "есепті кезеңдегі" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 20-баптың 10-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Өндірістік мақсаттағы объектілер құрылысына салық төлеуші жұмсаған нақты шығындар (оның ішінде құрылысқа берілген несиелер бойынша сыйақы (мүдде)), оларды қаржыландыру көздері, оның ішінде заем қаражаты болған жағдайда, өндірістік мақсаттар үшін өз құрылысына жұмсалған шығындар болып табылады. Құрылыс аяқталған кезде өндірістік мақсаттар үшін өз құрылысы бойынша шегеруге қабылданған шығындар сомасы топтың құндық балансын ұлғайтуға жатқызылмайды.";

      4) 34-баптың 1-тармағының 7) тармақшасындағы "табыс бойынша" деген сөздерден кейін "және тұрғын үй-жайларды кейіннен лизинг алушының меншігіне беретін болып, осы үй-жайларды үш жылдан аспайтын мерзімге лизинг бойынша" сөздермен толықтырылсын;

      5) 46-баптың 1-тармағы:
      "құқығы бар шығындар" деген сөздерден кейін "(оның ішінде алынған кредиттер (заемдар) бойынша сыйақы (мүдде))" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Лизингке (қаржылық жалға беруге) мүлік үшін алынған сыйақы (мүдде) осы мүліктің құнын арттыруға жатқызылады.";

      6) 49-бап мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      "6-1. Түрлі ставкалар бойынша салық салынатын табысы бар және (немесе) табыс салығын төлеуден босатылған заңды тұлғалар және заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке адамдар олар бойынша бөлек есеп жүргізуге және мұндай табыс бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі белгілеген нысанда жеке есеп-қисап беріп, жылдық жиынтық табыс пен жасалған шегерістер туралы декларацияға қоса табыс етуге міндетті.";

      7) 58-бап мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      "6-1. Тауарларды экспорттық операциялар бойынша сауда-делдалдық қызмет үшін сатып алу құнынан және өндірістік қызмет үшін нақты қалыптасқан шығыннан төмен бағамен сатып алған кезде сату бағасының және саудаделдалдық қызмет үшін сатып алу бағасы мен өндірістік қызмет үшін нақты туындаған шығындардың арасындағы айырмаға 20 проценттік ставка бойынша салық салынуға тиіс.";

      8) 61-баптың 1-тармағында:
      17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "17) дәрі-субстанцияларды, оның ішінде дәріхананың өзінде жасалатындарын қоса алғандағы дәрі-дәрмектік заттар; протездік-ортопедиялық бұйымдар; дәрі-дәрмектік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіруге арналған материалдар, сондай-ақ оларды өндіру мен жинақтауға арналған материалдар;";
      мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "17-1) анықтау, алдын ала тергеу органдары мен соттарда жеке және заңды тұлғалардың өкілі болу мен оларды қорғау жөніндегі қызметтер;";

      9) 66-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының резиденттері өткізген жеке өндіріс өнімдерінің (қоғамдық тамақтандыру саласында өндірілетіндерін қоспағанда) мынадай түрлерінің айналымына:
      шұжық өнімдеріне, консервіленген етке, балық өнімдеріне, көкөністерді өңдеу өнімдеріне, нан ашытқысына, сыра қайнату солодына 10 проценттік ставка бойынша салық салынады.";

      10) 68-бапта:
      1-тармақтағы:
      "төленуге" деген сөздің орнына "Қазақстан Республикасында қосылған құнға салынатын салық бойынша төлеушілер болып табылатын өнім берушілер төлеуге (осы Жарлықтың 57-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда)" деген сөздер жазылсын;
      "үйлер" деген сөзден кейін ", құрылыстар" деген сөзбен толықтырылсын;
      2-тармақтың екінші абзацы алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      "4-1. Осы Жарлықтың 57-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, қосылған құнға салынатын салық төлеушілер болып табылмайтын жеткізушілерге төленген (төленуге тиісті) қосылған құнға салынатын салық сомасы есептеуге жатқызылған жағдайда көрсетілген сомалар есептен алып тасталып, сатып алынған (осындай жеткізушілерден) тауарлардың (жұмыстардың, қызмет

көрсетулердің) құнына есептеуге жатады.
     Мұндай тауарларды одан әрі сату кезінде салық салынатын айналымның 
мөлшері осы Жарлықтың 58-бабының 1-4, 6-тармақтарына сәйкес анықталады.";
     
     11) 72-баптың 1-тармағындағы "тоғыздан бір" деген сөздер "алтыдан 
бір" деген сөздермен ауыстырылсын;
     
     12) 73-баптың 1-тармағының үшінші бөлігінде "90" деген сан "60" деген 
санмен ауыстырылсын;
     
     13) 79-бап мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
     "5-1. Есепті кезеңде электр қуатының өзін өндіретін технологиялық 
процесте нақты пайдаланылғанын қоспағанда, электр қуатын өндіру және сату 
кезінде өндірілген электр қуатының бүкіл көлемі салық салу объектісі болып 
табылады.";
     
     14) 83-бапта:
     1-тармақта:
     "сондай-ақ сатылған өнім бойынша акциз алымы маркаларының құнына 
кемітілуге" деген сөздер алып тасталсын;
     мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
     "Акциз алымы маркаларымен таңбалануға жататын, акцизделетін өнім 
бойынша сатылған өнім жөніндегі акциз сомасы акциз алымы маркаларының 
құнына (оларды дайындау құнын қоспағанда) кемітілуге жатады.";
     
     15) 84-баптың 2-тармағындағы "акциз алымы маркаларының" деген 
сөздерден кейін "(оларды дайындау құнын қоспағанда)" деген сөздермен 
толықтырылсын;
     
     16) 138-бапта:
     6-тармақ алып тасталсын;
     7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "7. Барлық салықтарға қатысты баспа-бас операциялар бұл операцияларды 
салық шот-фактураларымен міндетті түрде ресімдей отырып, қолданылып жүрген 
баға бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сату ретінде 
қарастырылады.";
     
     17) мынадай мазмұндағы 138-1-баппен толықтырылсын:
     "138-1-бап. Салық салу мақсатында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет    
                 көрсетулердің) бағаларын анықтау принциптері 
     
     1. Салық салу мақсатында, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, мәміленің 
тараптары көрсеткен тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) бағасы 
қабылданады.
     2. Салық органдары мәміле бойынша баға қолданудың дұрыстығына мынадай 
жағдайларда:
     1) байланысты тараптар арасында;
     2) тауар алыс-берісі (баспа-бас) операциялары бойынша;


      3) салық төлеуші ұқсас (біртекті) тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша тоқсан ішінде қолданылатын баға деңгейі айтарлықтай ауытқыған (не жоғары, не төмен 20 проценттен астам) жағдайда бақылау жасауға құқылы.
      3. Осы баптың екінші тармағында көрсетілген жағдайларда, мәміле тараптары қолданған тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) бағасы, ұқсас (біртекті) тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) рыноктық бағасынан 20 проценттен астам (не жоғары, не төмен) ауытқыған кезде салық органы, бұл мәмілелердің нәтижелері рыноктың бағаны негізге ала отырып, бағаланғаны сияқты есептелген салықты және айыппұл санкцияларын жете есептеу туралы шешім шығаруға құқылы. Мәміленің рыноктық бағасын анықтау үшін осы баптың 4-13-тармақтарында көзделген шарттар ескеріледі.
      4. Салыстырылмалы экономикалық (коммерциялық) жағдайларда ұқсас (ал ол болмаған кезде - біртекті) тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) рыногындағы сұраным мен ұсынымның бір-біріне ықпал етуімен қалыптасқан баға тауардың (жұмыстың, қызмет көрсетудің) рыноктық бағасы деп танылады.
      5. Сатып алушыға қатынасы жөнінен ең жақын Қазақстан Республикасы аумағында немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерде сатып алушының нақты және едәуір қосымша шығындарсыз тауар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) сатып алу мүмкіндігін негізге ала отырып анықталатын осы тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) айналыс аясы тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) рыногы деп танылады.
      6. Салық салу мақсаттары үшін байланысқан тараптар деп мыналар танылады:
      арасындағы қатынастары өз қызметінің немесе өздері өкілі болып отырған тұлғалар қызметінің жағдайларына немесе экономикалық нәтижелеріне тікелей ықпал етуі мүмкін жеке тұлғалар және (немесе) заңды тұлғалар, атап айтқанда:
      1) бір адам басқа адамның мүлкіне қатысатын және мұндай қатысудың үлесі 33 проценттен асып түсетін;
      2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес неке қатынастарында, туыстық немесе жекжаттық, бала асырап алушы және асырап алынушы, сондай-ақ қамқоршылық және қорғаншылық қатынастарында тұратын адамдар.
      7. Спирттары бірдей тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) ұқсас деп танылады.
      Тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) ұқсастығын анықтаған кезде олардың физикалық сипаттамасы, сапасы және рыноктағы беделі, шыққан елі және өндірушісі ескеріледі.
      8. Ұқсас болмаса да, бірдей міндеттерді орындауға және коммерциялық тұрғыдан алғанда бір-бірін алмастыруға мүмкіндік беретін ұқсастық сипаттамасы бар және ұқсас бөліктерден тұратын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) біртекті деп танылады.
      Тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) біртектілігін анықтаған кезде олардың сапасы, тауарлық белгісінің болуы, рыноктағы беделі, шыққан елі ескеріледі.
      Ұқсас (ал егер олар болмаса - біртекті) тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) рыногындағы мәмілелердің экономикалық (коммерциялық) шарттары, егер мұндай шарттардың арасындағы айырмашылық бағаға әсер етпесе, немесе осы баптың 10-тармағына сәйкес түзетілу мүмкін болса, салыстырылмалы жағдайлар деп танылады.
      9. Тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) рыноктық бағасын анықтаған кезде байланысты емес тараптар арасындағы мәмілелер ескеріледі. Байланысты тараптар арасындағы мәмілелер осы тараптардың байланыстылығы мұндай мәмілелердің нәтижелеріне әсер етпейтін жағдайда ғана ескерілуі мүмкін.
      10. Тауардың (жұмыстың, қызмет көрсетудің) нарықтық бағасын анықтаған кезде осы тауарды (жұмысты, қызмет көрсетуді) сатқан кезде салыстырмалы жағдайларда ұқсас (біртекті) тауарлармен (жұмыстармен, қызмет көрсетулермен) жасалған мәмілелер туралы ақпарат ескеріледі.
      Ұқсас (біртекті) тауарлармен (жұмыстармен, қызмет көрсетулермен) жасалатын мәмілелер жағдайларының салыстырмалылығын анықтаған кезде мәмілелердің берілетін тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) саны (көлемі) мәселен, тауар (жұмыс, қызмет көрсету) тобының көлемі, міндеттемелерді орындау мерзімдері секілді шарттар, әдетте осы тұрпаттағы мәмілелерде қолданылатын төлемдердің шарттары, сондай-ақ бағаларға әсер етуі мүмкін өзге де шарттар ескеріледі.
      11. Салық төлеушінің тоқсан ішінде ұқсас (біртекті) тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша қолданылатын баға деңгейі ауытқуының маңыздылық дәрежесін анықтаған кезде байланысты емес тараптар арасында мәмілелер жасасқанда тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) рыногындағы сұраным мен ұсыным факторлары ескерілетін бағаға үстемелер немесе шегерім ескеріледі.
      Мәміле тараптары көрсеткен тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бағасына, егер аталған шегерім тауарлардың жарамдылық немесе сату мерзімі аяқталуынан (аяқталу мерзімінің таяп қалуынан), маркетинг (баға) саясатынан, тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) олар үшін жаңа рыноктарға көшірген кезде, ұқсас үлгілері жоқ жаңа бұйымдарды рыноктарға апарған кезде, сондай-ақ олармен тұтынушыларды таныстыру мақсатында тауарлардың тәжірибелік нұсқалары мен үлгілерін сатқан кезде туындаса, осы баптың 3-тармағында көзделген ережелер қолданылмайды.
      12. Тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) тиісті рыногында ұқсас (біртекті) тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) жөнінде мәмілелер болмаған кезде немесе осы рынокта мұндай тауарларға (жұмыстарға, қызмет көрсетулерге) ұсыным болмауы салдарынан, сондай-ақ рыноктық бағаны анықтау үшін ақпарат көздерінің болмауы не оларды пайдалану мүмкін болмауы себепті тиісті бағаны анықтау мүмкін болмаған кезде мынадай әдістер пайдаланылуы мүмкін:
      1) кейін сату бағасының әдісі, бұл орайда тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) нарықтық бағасы сатып алушы кейін сатқан (қайта сатқан) кезде сондай тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сатқан бағаның және сатып алушы шеккен, расталатын шығынның, сондай-ақ оның үстеме бағаның айырмасы ретінде айқындалады. Үстеме баға қызметтің осы аясы үшін қалыптасқан орташа пайда нормасын қамтамасыз ететіндей болып белгіленеді.
      2) шығын әдісі, бұл орайда тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) рыноктық бағасы жұмсалған шығындар мен үстемелер сомасы ретінде айқындалады. Бұл ретте тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өндіруге (сатып алуға) және (немесе) сатуға жұмсалған расталатын тікелей және жанама шығындар, тасымалдау, сақтау, сақтандыру жөніндегі шығындар мен өзге де шығындар ескеріледі. Үстеме баға қызметтің осы аясы үшін қалыптасқан пайда нормасын қамтамасыз ететіндей болып белгіленеді.
      13. Тауардың (жұмыстың, қызмет көрсетудің) рыноктық бағасын анықтау және тану кезінде тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) рыноктық бағасы және биржалық бағалаулар туралы ақпараттың ресми көздері, мемлекеттік өкімет органдарының ақпараттық базасы және салық төлеушілер салық органына беретін ақпарат пайдаланылады.
      14. Істі қараған кезде сот, осы баптың 4-13-тармақтарындағы мән- жайлармен шектеліп қалмай, іс үшін маңызы бар кез келген мән-жайды ескеруге құқықты.
      15. Осы баптың ережелері 100 000 айлық есептік көрсеткіштен астам жиынтық жылдық табысы бар салық төлеушілерге қолданылады. Акцизделетін тауарлар өндіретін және (немесе) сататын және (немесе) тауарлар экспорттайтын салық төлеушілерге бұл шектеу қолданылмайды.";

      18) 147-бапта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) салық төлеушіге банк шоттарын ашқан кезде салық қызметі органдары хабарлаған салық төлеушінің тіркелу нөмірін ескеруге, салық қызметі органдарын салық төлеушіге аталған шоттардың ашылғаны жайында он банк күні ішінде хабардар етуге және төлем құжаттарында (банк шоттарынан банктің нақты ақша қабылдауына және беруіне негіз болатын немесе көмектесетін вексельді және төлем құжаттарын қоспағанда) салық төлеушілердің тіркелу нөмірлерін көрсетпей, клиенттердің шоттары бойынша операциялар жүргізбеуге;";
      5) тармақшада "5" және "172" деген сандар тиісінше "4" және "171" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      19) 152-бапта:
      1-тармақтағы "Осы Жарлықтың" деген сөздің алдынан "Осы баптың 1-1- тармағында және" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Қызметінің бірден-бір түрі жылу өндіру, бөлу және жеткізіп беру салаларында қызмет көрсету болып табылатын заңды тұлғаларға салық және (немесе) айыппұл санкцияларын төлеу мерзімін ұзартқан кезде ұзартылған кезеңге өсім есептелмейді.";

      20) 163-бап мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      "6-1. Қазақстандық табыс көзінен табыс алатын, тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) Қазақстан Республикасының аумағында сататын Қазақстан Республикасында тіркелмеген резидент емес үшін қосылған құнға салынатын салықты төлемегені үшін тиесілі салық сомасының 100 проценті мөлшерінде Қазақстан Республикасының резидентіне айыппұл салынады.";

      2. 1998 жылғы 2 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Ақша төлемі мен аударымы туралы" Z980237_ Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 14-баптың 2-тармағы "осы Заңның 20-бабында" деген сөздерден кейін "және салық қызметі органдары мен кеден органдарының инкассалық өкімдерінде" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 15-бапта үшінші, төртінші абзацтар алып тасталсын;

      3) 38-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Аталған норма салық қызметі органдары мен кеден органдарының

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мерзімдерде бюджетке 
төленбеген салықтарды және басқа да міндетті төлемдерді, бюджетке салықтар 
мен басқа да міндетті төлемдерді төлемегені не уақытында төлемегені үшін 
есептелген айыппұлдар мен өсімақыларды мәжбүрлеп өндіріп алу туралы 
өкімдеріне қолданылмайды."".
     
     2-бап. Осы Заң 1999 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгізіледі.
     
     Қазақстан Республикасының 
           Президенті 
     
     Оқығандар:
          (Қасымбеков Б.А.)
          (Қобдалиева Н.М.)
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады