Байланыс формасы

"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 7 маусым N 391-I

      1-бап. "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Z970094_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 8, 84-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      1) 2-бапта:
      үшінші абзац "тұрғын үй, пәтер" деген сөздерден кейін үтір қойылып, "жатақханадағы бөлме" деген сөздермен толықтырылсын;
      жетінші абзац "студенттер" деген сөзден кейін "(курсанттар, аспиранттар)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 13-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Мемлекеттік тұрғын үй қоры жатақханаларындағы бөлмелік үлгідегі тұрғын үй-жайларды оларда тұрақты тұратын азаматтар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен жекешелендіруі мүмкін. Бұл орайда жалпы пайдаланудағы тұрғын емес үй-жайлар және үйдің бөлек (жеке) меншіктегі емес және ортақ мүлік болып табылатын өзге бөліктері барлық меншік иелерінің ортақ меншігіне өтеді.
      Аталған тұрғын үй-жай берілген азамат қайтыс болған жағдайда, жекешелендіру құқығы, егер қайтыс болған адамның бұған құқығы болған болса, қайтыс болған (қаза тапқан) адамның отбасы мүшелеріне өтеді.
      Мерзімді еңбек шарты (келісім-шарт) бойынша жұмыс істейтін адамдарға, оқу кезеңінде студенттерге (курсанттарға, аспиранттарға) және оқушыларға берілген жатын орындық үлгідегі, сондай-ақ бөлмелік үлгідегі тұрғын үй-жайлар жекешелендіруге жатпайды.";
      3) 32-баптың 3-тармағы "тұрғын үйді" деген сөздерден кейін "не мемлекеттік тұрғын үй қоры жатақханаларындағы бөлмелік үлгідегі тұрғын үй-жайларды" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) 98-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Мемлекеттік тұрғын үй қоры жатақханаларындағы бөлмелік үлгідегі тұрғын үй-жайларды жекешелендіру ерекшеліктері осы Заңның 13-бабына сәйкес белгіленеді.";
      5) 112-баптың бірінші бөлігі "курсанттар" деген сөзден кейін ", аспиранттар" деген сөзбен толықтырылсын;
      6) 114-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Осы ереже еңбек шарты (келісім-шарт) немесе жергілікті атқарушы органдардың және кәсіпорындар (мекемелер) әкімшіліктерінің өзге де шешімдері негізінде мемлекеттік тұрғын үй қоры жатақханаларындағы бөлмелік үлгідегі тұрғын үй-жайларда тұру құқығын алған адамдарға, сондай-ақ қоныстанған кезінен бастап осы Заң күшіне енгенге дейін іс жүзінде тұрып жатқан басқа да адамдарға қолданылмайды.".
      2-бап. Осы Заң жарияланған күнінен бастап күшіне енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
            Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады