Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы 1993 жылғы 22 қаңтардағы конвенцияға Хаттаманы бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 24 маусымдағы N 399-I Заңы

      3. Осы Конвенцияға қатысушы мемлекеттер арасында 1993 жылғы 22 қаңтардағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенция және оған жасалған 1997 жылғы 28 наурыздағы Хаттама өзiнiң қолданылуын тоқтатады.

      Мәскеуде 1997 жылғы 28 наурызда жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы 1993 жылғы 22 қаңтардағы конвенцияға Хаттама бекітілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

  Азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша
құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы
1993 жылғы 22 қаңтардағы Конвенцияға
Хаттама 

Қол қойғандар:  

Әзірбайжан Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Грузия, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Молдова Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Украина

Ратификациялық грамоталарды тапсырды:

Беларусь Республикасы   - 1997 жылғы 18 желтоқсанда депонирленген;
Украина                 - 1998 жылғы 22 қыркүйекте депонирленген;
Қазақстан Республикасы  - 1999 жылғы 18 тамызда депонирленген;
Тәжікстан Республикасы  - 2000 жылғы 18 қаңтарда депонирленген;
Армения Республикасы    - 2000 жылғы 11 мамырда депонирленген;
Ресей Федерациясы       - 2000 жылғы 11 желтоқсанда депонирленген;
Молдова Республикасы    - 2003 жылғы 26 мамырда депонирленген
                          (ескертулермен).

Протокол 1999 жылғы 17 қыркүйекте күшіне енді

       Келесі мемлекеттер үшін күшіне енді:

Беларусь Республикасы   - 1999 жылғы 17 қыркүйекте;
Украина                 - 1999 жылғы 17 қыркүйекте;
Қазақстан Республикасы  - 1999 жылғы 17 қыркүйекте;
Тәжікстан Республикасы  - 2000 жылғы 16 ақпанда;
Армения Республикасы    - 2000 жылғы 9 маусымда;
Ресей Федерациясы       - 2001 жылғы 9 қаңтарда;
Молдова Республикасы    - 2003 жылғы 24 маусымда.

      Азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы 1993 жылғы 22 қаңтардағы Конвенцияға қатысушы - мемлекеттер 
      аталған Конвенцияға мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге уағдаласты: 

      1. 1-баптың 2-тармағы "прокуратураға" деген сөзден кейiн үтiр арқылы "iшкi iстер органдары" (әрi қарай - мәтiн бойынша) деген сөздермен толықтырылсын. 
      2. 5 және 6-баптар мына редакцияда жазылсын: 

"5 бап
Қатынастар тәртiбi

      Егер осы Конвенциямен қатынастардың өзге тәртiбi белгiленбесе, осы Конвенцияны орындау кезiнде Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi әдiлет мекемелерi өздерiнiң орталық, аумақтық және басқа органдар арқылы бiр-бiрiмен қатынас жасайды. Уағдаласушы Тараптар тiкелей қатынастарды жүзеге асыруға уәкiлеттi өздерiнiң орталық, аумақтық және басқа органдарының тiзбесiн анықтайды, бұл туралы депозитарийге хабарлайды. 

6 бап
Құқықтық көмек көлемi

      Уағдаласушы Тараптар сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың заңдарымен көзделген iс жүргiзу және басқа әрекеттердi орындау, соның iшiнде құжаттарды құрастыру және салып жiберу, тексерулер, тiнтулер, алып қоюлар жүргiзу, заттай дәлелдемелердi жiберу, сараптама өткізу, тараптардан, үшiншi тұлғалардан, сезiктiлерден, айыпталушылардан, жәбiрленушiлерден, куәгерлерден, сарапшылардан жауап алу, тұлғаларды iздестiру, қылмыстық қудалауды жүзеге асыру, оларды қылмыстық жауапкершiлiкке тарту немесе үкiмдi орындау үшiн тұлғаларды ұстап беру, азаматтық iстер жөнiндегi сот шешiмдерiн, азаматтық талап-арыз бөлiгiндегi үкiмдердi, орындау жазбаларын тану және орындау жолымен, сол сияқты құжаттарды тапсыру жолымен бiр-бiрiне құқықтық көмек көрсетедi". 
      3. 7-баптың 1-тармағының "г" тармақшасында: 
      "сезiктiлердiң" деген сөзден кейiн "айыпталушылардың" деген сөзбен толықтырылсын, 
      "оның атауы мен тұрған орны" деген сөздер "оның атауы, заңды мекен-жайы және/немесе тұрған орны" деген сөздермен ауыстырылсын. 
      4. Конвенцияның 9-бабының 4-тармағы мына редакцияда жазылсын: 
      "4. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген, бiр Уағдаласушы тараптың аумағында тұратын адамдарды екiншi Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемесiне шақыру, ол келмей қалған жағдайда, мәжбүрлеу құралын қолдану қатерi болмауға тиiс". 
      5. Конвенцияның 14-бабы мына редакцияда жазылсын: 

"14 бап
Азаматтық хал-күйi туралы құжаттарды және басқа
құжаттарды салып жiберу

      1. Уағдаласушы Тараптар құжаттарды салып жiберу туралы азаматтарға хабарлай отырып азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы куәлiктердi Уағдаласушы Тараптың тiкелей азаматтық хал актiлерiн тiркеу органдары арқылы бiр-бiрiне аударым жасамай-ақ және тегiн салып жiберуге мiндеттенедi. 
      2. Уағдаласушы Тараптар бiлiмi, еңбек стажы туралы құжаттарды және сұрау салынған Уағдаласушы Тарап азаматтарының және оның аумағында тұратын өзге де адамдардың жеке немесе мүлiктiк құқықтары мен мүдделерiне қатысты өзге де құжаттарды бiр-бiрiне аударым жасамай-ақ және тегiн салып жiберуге мiндеттенедi".
      6. 17-бап мына мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Құжаттар Уағдаласушы Тараптардың мемлекеттiк тiлдерiнде дайындалған жағдайда куәландырылған орыс тiлiндегi аудармалары оларға қоса берiледi".
      7. 19-бап мына редакцияда жазылсын:

"19-бап
Құқықтық көмек көрсетуден бас тарту

      Егер осындай көмек сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың егемендiгiне немесе қауiпсiздiгiне залал келтiруi мүмкiн болса не заңдарына қайшы келсе, құқықтық көмек көрсету жөнiндегi өтiнiштен толық немесе iшiнара бас тартылуы мүмкiн. Құқықтық көмек көрсету жөнiндегi өтiнiштен бас тартылған жағдайда сұрау салушы Уағдаласушы Тарап бас тартудың себептерi туралы жедел құлақтандырылады". 
      8. Конвенция мына мазмұндағы 22 1 -баппен толықтырылсын: 

"22 1 -бап
Прокурордың азаматтық процеске қатысуы жөнiндегi өтiнiшi

      Уағдаласушы Тараптардың бiреуiнiң прокуроры сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау туралы iстi сотта қозғау туралы, осындай iстердi қарауға қатысу немесе жоғары сатыда тұрған сотқа кассациялық немесе жеке наразылық келтiрту, сол сияқты осындай iстер бойынша сот қаулыларына қадағалау тәртiбiмен наразылық келтiру туралы өтiнiшпен келесi Уағдаласушы Тараптың прокурорына жүгiнуге құқылы". 
      32-бап мына редакцияда жазылсын: 

"32 бап
Ата-аналардың және балалардың құқықтық қатынастары

      1. Ата-аналардың және балалардың құқықтары мен мiндеттемелерi, соның iшiнде ата-аналардың балаларды асырау жөнiндегi мiндеттемелерi аумағында олардың тұрақты тұратын орны бар Уағдаласушы Тараптың заңдарымен анықталады, ал ата-аналар мен балалардың тұрақты бiрлескен тұратын орны жоқ болған жағдайда, олардың құқықтары мен мiндеттерi бала азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың заңдарымен анықталады. 
      Талапкердiң алименттiк мiндеттемелерi жөнiндегi талаптары бойынша бала тұрақты тұратын аумақтағы Уағдаласушы Тараптың заңдары қолданылады. 
      2. Кәмелетке толған балалардың ата-аналар пайдасы үшiн алименттiк мiндеттемелерi, сол сияқты отбасының басқа мүшелерiнiң алименттiк мiндеттемелерi олардың бiрге тұрған орны болған аумақтағы Уағдаласушы Тараптың заңдарымен анықталады. Бiрге тұрған орны жоқ кезде мұндай мiндеттемелер талапкер азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың заңдарымен анықталады. 
      3. Ата-аналар мен балалар арасындағы құқықтық қатынастар туралы iстер бойынша заңдары осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес қолдануға жататын Уағдаласушы Тараптың соты құзыреттi. 
      4. Балаларды тәрбиелеуге байланысты iстер бойынша соттың шешiмдерiн орындау бала тұратын аумақтағы Уағдаласушы Тараптың заңдарымен белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
      5. Жауапкер келесi Уағдаласушы Тараптың аумағында тұрады деп жорамалдауға негiз бар болғанда, және сот оны iздестiрудi жариялау туралы анықтау шығарғанда, Уағдаласушы Тараптар алименттердi өндiрiп алу жөнiндегi iстер бойынша бiр-бiрiне жауапкердi iздестiруде көмек көрсетедi".
      10. Конвенцияның IV тарауының атауы мына редакцияда жазылсын:
      "IV тарау. Қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар".
      11. Конвенцияның IV тарауының III бөлiгiнiң атауы мына редакцияда жазылсын:
      "III бөлiм. Құқықтық көмек пен қылмыстық iстер бойынша құқықтық қатынастар туралы арнайы ережелер".
      12. 58-баптың 1-тармағы мына редакцияда жазылсын:
      "Ұстап беру туралы талапта мынадай мәлiметтер болуға тиiс:
      а) сұрау салушы және сұрау салынатын мекемелердiң атауы;
      б) әрекеттердiң нақты мән-жайларының сипаттамасы мен сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың заңының мәтiнi, соның негiзiнде бұл әрекет қылмыс деп танылады, осы заңмен көзделген жазалау шаралары көрсетiледi;
      в) ұстап беруге жататын адамның тегi, аты, әкесiнiң аты, тұрған және мекендеген орны, мүмкiндiгiне қарай - сыртқы сипаттамасы, суретi мен саусақтарының таңбалары және оның жеке басына байланысты өзге де мәлiметтер;
      г) қылмыспен келтiрiлген шығынның мөлшерi туралы деректер".
      13. 60-бап мына редакцияда жазылсын:

"60-бап
Ұстап беру үшiн iздестiру және күзетке алу

      Ұстап беру туралы талапты алуы бойынша сұрау салынған Уағдаласушы Тарап, ұстап беру жүргiзiле алмайтын жағдайларды қоспағанда, ұстап берiлуi талап етiлетiн адамды бiрден iздестiру және күзетке алу шараларын қабылдайды".
      14. Конвенция мына мазмұндағы 61 1 және 61 2 -баптармен толықтырылсын:

"61 1 -бап
Ұстап беру туралы талаптар алынғанға дейiн адамды iздестiру

      1. Уағдаласушы Тараптар оны ұстап беру туралы талаптар алынғанға дейiн, бұл адам сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың аумағында тұра алады деп жорамалдауға негiздер бар болған кезде, тапсырыс бойынша адамды iздестiру жүргiзiледi. 
      2. Іздестiрудi жүзеге асыру жөнiндегi тапсырыс 7-баптың ережелерiне сәйкес жасалады және iздестiрiлетiн адамның оның тұрған орнын анықтауға мүмкiндiк беретiн кез келген басқа ақпаратпен бiрге iздестiрiлетiн адамның анағұрлым толық сипаттамадан, осы адамды ұстап беру туралы талаптың қойылатыны көрсетiлген оны күзетке алу туралы өтiнiштен тұруға тиiс. 
      3. Іздестiрудi жүзеге асыру жөнiндегi тапсырысқа құзыреттi органның күзетке алу туралы шешiмiнің не заңды күшiне енген үкiмiнiң куәландырылған көшiрмесi, жазаның орындалмаған бөлiгi туралы мәлiметтер, сондай-ақ сурет пен қол саусақтарының таңбалары (егер мұндайлар бар болса) қоса берiледi.
      4. Іздестiрiлетiн адамның күзетке алынғаны немесе iздестiрудiң басқа да нәтижелерi туралы сұрау салушы Уағдаласушы Тарап бiрден хабарландырылады.

61 2 -бап
Күзетте ұстау мерзiмiн есептеу

      Осы Конвенцияның 60, 61, 61 1 -баптарының ережелерiне сәйкес күзетке алынған адамды күзетте ұстау уақыты, ол ұстап берiлген жағдайда, осы адам ұстап берiлген Уағдаласушы Тараптың заңдарымен көзделген күзетте ұстаудың жалпы мерзiмiне есептеледi.
      15. 62-бап мына редакцияда жазылсын:

"62-бап
Ұсталған немесе күзетке алынған адамды босату

      1. Егер сұрау салушы Уағдаласушы Тараптан осы адамды босату қажеттiгi туралы хабар келiп түссе, ұстап беру туралы талап оған барлық қоса берiлген, 58-баппен көзделген құжаттар сұрау салынған Уағдаласушы Тараппен адам күзетке алынған күннен бастап қырық күннiң iшiнде алынбаған болса, 61-баптың 1-тармағына және 61 1 -бапқа сәйкес күзетке алынған адам босатылуға тиiс.
      2. Егер 61-баптың 1-тармағына сәйкес оны күзетке алу туралы өтiнiш ұстау үшiн заңдармен көзделген мерзiм iшiнде келiп түспесе, 61-баптың 2-тармағына сәйкес ұсталған адам босатылуға тиiс".
      16. Конвенция мына мазмұндағы 67 1 -баппен толықтырылсын:

"67 1 -бап
Қайта ұстау немесе күзетке алу

      59-баптың 2-тармағына, 62-баптың 1 және 2-тармақтарына және 67-бапқа сәйкес адамды босатуды ұстап беру туралы талап қайта алынған жағдайда талап етiлетiн адамды ұстап беру мақсатында оны қайта ұстауға және күзетке алуға кедергi болмайды".
      17. 70-баптың 1-тармағы "басқа Уағдаласушы Тарапқа ұстап берiлген" деген сөздерден кейiн "немесе уақытша берiлген" деген сөздермен толықтырылсын".
      18. 71-бап "ұстап беруге байланысты" деген сөздерден кейiн "немесе уақытша берiлген" деген сөздермен толықтырылсын.
      19. Конвенция мына мазмұндағы 76 1 -баппен толықтырылсын:

"76 1 -бап
Үкiмдердi тану

      Адамды аса қауiптi кәнiгi қылмыскер деп тану туралы, қылмысты қайта жасау фактiлерiн анықтау және шартты соттау, үкiмнiң орындалуын кейiнге қалдыруға немесе шартты-мерзiмiнен бұрын босатуға байланысты мiндеттердi бұзу жөнiнде мәселелер шешiлген кезде, Уағдаласушы Тараптардың әдiлет мекемелерi бұрынғы КСР Одағының және оның құрамына кiрген одақтас республикалардың соттары (трибуналдары), сол сияқты Уағдаласушы Тараптардың соттары шығарған шешiмдердi тани және ескере алады.
      20. Конвенция мына мазмұндағы 78 1 -баппен толықтырылсын:

"78 1 -бап
Күзетке алынған немесе бас бостандығынан
айыру түрiнде жазасын өтеп жатқан адамды уақытша тапсыру

      1. Басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында күзетте ұсталған немесе бас бостандығынан айыру түрiнде жазасын өтеп жатқан адамнан куәгер немесе жәбiрленушi ретiнде жауап алу, сол сияқты оның қатысуымен өзге де тергеу әрекетiн жүргiзу қажеттiлiгi кезiнде, бұл адам оның азаматтығына қарамастан, мүдделi Уағдаласушы Тараптың негiзгі өтiнiшi бойынша сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың Бас прокурорының шешiмiмен оны күзетте ұстау және белгiленген мерзiмде қайтару шартымен уақытша тапсырыла алады. 
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген адамды уақытша тапсыру туралы өтiнiш 7-баптың ережелерiне сәйкес толтырылады және онда осы адамның сұрау салушы Уағдаласушы Тарапта болуы талап етiлетiн уақыты көрсетiлуге тиiс. 
      3. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген адамды уақытша тапсыру: 
      а) егер мұндай тапсыруға оның келiсiмi алынбаса; 
      б) сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың аумағында алдын ала тергеуге немесе соттың талқылауына оның қатысу қажеттiлiгi жағдайында;
      в) мұндай тапсыру осы адамды күзетте ұстаудың немесе оның бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны өтеушiнiң белгiленген мерзiмдерiн бұзуға әкеп соғуы мүмкiн болса жүргiзілмейдi.
      4. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген адамға 9-баптың тармағымен көзделген кепiлдiктер қолданылмайды".
      21. Конвенция мына редакциядағы 80-баппен толықтырылсын:

"80-бап
Қатынастардың айрықша тәртiбi

      Ұстап беру және қылмыстық қудалау мәселелерi бойынша қатынастарды Уағдаласушы Тараптардың бас прокурорлары (прокурорлары) белгiленген тәртiппен жүзеге асырады". 
      Осы Хаттама бекiтуге жатады және жоғарыда аталған Конвенцияның 83-бабымен көзделген тәртiппен күшiне енедi. 
      Осы Хаттамаға ол күшiне енгеннен кейiн барлық Уағдаласушы Тараптардың келiсуiмен басқа мемлекеттер де осындай қосылу туралы құжаттарды депозитариге тапсыру жолымен қосыла алады. Осындай қосылуға келiсу туралы соңғы хабар депозитариге алынған күннен бастап қосылу күшiне енген болып саналады.
      1997 жылғы 28 наурызда Мәскеу қаласында орыс тiлiнде бiр түпнұсқа данасында жасалады. Түпнұсқа данасы Тәуелсiз Елдер Достастығы Атқару Хатшылығында сақталады, ол осы хаттамаға қол қойған әрбiр мемлекетке оның куәландырылған көшiрмесiн жiбередi.

       Әзірбайжан Республикасы үшін     Молдова Республикасы үшін

      Армения Республикасы үшін        Ресей Федерациясы үшін

      Беларусь Республикасы үшін       Тәжікстан Республикасы үшін

      Грузия үшін                      Түрікменстан үшін

      Қазақстан Республикасы үшін      Өзбекстан Республикасы үшін

      Қырғыз Республикасы үшін         Украина үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады