Байланыс формасы

Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 2 тамыз N 464. 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2004.04.24. N 548 Заңымен.(Z040548)

        ЕСКЕРТУ. Тақырыбында сөздер өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 02 шілдедегі N 443  Заңымен .
       Осы Заң Қазақстан Республикасы уәкілетті органдарының мемлекеттік қарыз алуы және Қазақстан Республикасы резиденттерінің мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыз алуы процесінде, сондай-ақ мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борышты басқару процесінде туындайтын қатынастарды реттейді.

  1-тарау. Жалпы ережелер

       1-бап. Негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 
      1)  аваль  - вексель кепiлдiгi, соған орай оны жасаған тұлға вексель бойынша мiндеттi басқа тұлға үшiн вексель жөнiндегi төлемдi жасауға (толық немесе бiр бөлiгiн) өзiне мiндеттеме қабылдайды; 
      2)  жалпы сыртқы борыш  - алынған (игерілген) және өтелмеген мемлекеттік және мемлекеттік емес сыртқы заемдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы резиденттерінің Қазақстан Республикасы резидент еместерімен келісім-шарттары бойынша берешектік міндеттемелерінің белгілі бір күнгі сомасы; 
      3)  сыртқы заем  - Қазақстан Республикасының резидент емесi - заем берушi, ал Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе Қазақстан Республикасының резидентi заем алушы болатын заем қатынастары; 
      4)  сыртқы мемлекеттiк борыш  - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң және Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасының резидент емес кредит берушiлерi алдындағы сыртқы мемлекеттiк заемдар мен басқа да борыштық мiндеттемелерi бойынша мемлекеттiк борышының құрамдас бөлiгi; <*>
      5)  iшкi заем  - Қазақстан Республикасының резидентi - заем берушi, ал Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе Қазақстан Республикасының резидентi заем алушы болатын заем қатынастары; 
      6)  iшкi мемлекеттiк борыш  - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, жергiлiктi атқарушы органдардың және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасының кредит берушi-резиденттерi алдындағы iшкi мемлекеттiк заемдар мен басқа да борыштық мiндеттемелерi бойынша мемлекеттiк борыштың құрамдас бөлiгi; 
      7)  мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар шығару  - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң, жергiлiктi атқарушы органдардың немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң заем берушiлерге ұсынатын, иелерiне бiрдей құқықтарды қамтамасыз ететiн әрi орналастыру, өтеу және қызмет көрсету шарттары бiрдей бағалы қағаздардың жиынтығы түрiндегi борыштық мiндеттемелерiнiң шешiм қабылдау және заң жүзiнде ресiмдеу процесi; 
      8)  Қазақстан Республикасының мемлекеттік (үкiметтiк, егемен) кепілдiгi  - Қазақстан Республикасының заем алушы-резидентi одан алынуға тиесiлi соманы белгiленген мерзiмде төлемеген жағдайда Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кредит берушiлер алдындағы берешектi толық немесе iшiнара өтеуге мiндеттемесi; 
      9)  мемлекет кепілдiк берген борыш  - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерi бар, алынған және өтелмеген мемлекеттiк емес заемдардың белгiлi бiр күнгi сомасы; 
      10)  мемлекет кепiлдiк берген заем  - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгi бар мемлекеттiк емес заем; 
      11)  мемлекеттiк борыш  - белгiлi бiр күнге үкiметтiк борыштың, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi мен жергiлiктi атқарушы органдар борышының сомасы; 
      12)  мемлекеттiк заем  - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi, Қазақстан Республикасының Yкiметi немесе жергiлiктi атқарушы органы заем алушы болатын заем қатынастары; 
      13)  мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаз  - Қазақстан Республикасының Үкiметi, жергiлiктi атқарушы орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi заем алушы болатын заемға қатысты оны ұстаушының мүлiктiк құқықтарын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаз; 
      14)  ақша рыногы  - қысқа мерзiмдi (бiр жылға дейiн), өтiмдi борыштық қаржылық құралдар рыногы; 
      15)  заем туралы шарт (келiсiм)  - заем алушы сол арқылы заем қаражатын алатын және заем берушiнiң алдында оны қайтару жөнiнде әрi сыйақыны (мүдденi) сондай-ақ заемға байланысты басқа да төлемдердi төлеу жөнiнде мiндеттемелер алатын құқық қатынастарын тiркейтiн құжат; 
      16)  Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң борышы  - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi алған және өтемеген мемлекеттiк заемдардың, сондай-ақ заң актiлерiмен белгілi бiр күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң борышына жатқызылған борыштық мiндеттемелердің сомасы; 
      17)  қарыз алу  - заем қаражатын тарту қажеттiгi туралы шешiмдер қабылдау, заемды тартудың, пайдаланудың, өтеудiң және оған қызмет көрсетудiң тәртiбi мен шарттарын анықтау рәсiмдерiн, келiссөздер, мiндеттемелердi қамтамасыз етудi және атқарылуына кепiлдiк беру, заем бойынша тиiстi құжаттарды ресiмдеу және қол қою, заем шарттарын бекiту (мемлекеттiк сыртқы қарыз алу кезiнде) рәсiмдерiн, тараптардың мiндеттемелердi орындауын есепке алу, бақылау және талдау рәсiмдерiн қоса алғанда, заем қаражатын алуды, пайдалануды, заемды өтеудi және оған қызмет көрсетудi қамтитын процесс; 
      18)  банктің кепiлдiгi  - заем алушы заем туралы шарт (келiсiм) бойынша өзi төлеуге тиесiлi соманы белгiленген мерзiмде төлемеген жағдайда екiншi деңгейдегi банктiң (банктердің) немесе шетелдiк банктiң (банктердiң) бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органның алдындағы мемлекеттiк емес заем бойынша берешектi өтеу жөнiндегi мiндеттемесi; <*>     
      19)  жергілiктi атқарушы органның борыш лимиті  - тиiстi жылға арналған жергілiктi бюджетте жоспарланған жергiлiктi атқарушы органның алған және өтелмеген заемдарының тiркелген сомасы, белгiлi бiр уақыттағы (қаржы жылының аяғындағы) жергiлiктi атқарушы органның нақты борышы одан аспауға тиiс; 
      20)  Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң сыртқы борыш лимитi  - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi алған және өтелмеген сыртқы заемдарының жоспарлы тiркелген сомасы, белгiлi бiр уақытта (қаржы жылының аяғында) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нақты сыртқы борышы одан аспауға тиiс; 
      21) <*>
      22)  үкiметтiк борыш лимитi  - тиiстi жылға арналған республикалық бюджетте жоспарланып отырған, үкiметтiк заемдардың алынған және өтелмеген тiркелген сомасы, белгiлi бiр уақытта (қаржы жылының аяғында) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нақты борышы одан аспауға тиiс; 
      23)  мемлекеттiк кепілдіктер беру лимитi  - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң құрамында бекiтiлетiн, соның шегiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерi берiлуi мүмкiн тiркелген сома; 
      24)  борыш мониторингi  - борыштың қалыптасуы, өзгеруi және оған қызмет көрсету процесiн қадағалау, талдау және бақылау бойынша мемлекеттiң өзi уәкiлеттiк берген органдардың атынан атқаратын қызметi; 
      25)  мемлекеттiк емес заем  - Қазақстан Республикасының Үкiметiн, жергiлiктi атқарушы органдарды және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидентi заем алушы болатын заем қатынастары; 
      26)  сыйақының (мүдденiң) тiркелмеген (өзгермелi) ставкасы  - рыноктық конъюнктураға байланысты өзгерiстерге бейiм кредиттер, заемдар бойынша сыйақының (мүдденiң) ставкасы немесе сыйақымен (мүддемен) бiрге бағалы қағаздар бойынша кiрiс; 
      27)  борышқа қызмет көрсету  - белгiлi уақыт кезеңiнде қарыз алу шарттарынан туындайтын сыйақы /мүдде/, комиссиялық, айыппұл және басқа да төлемдердi жинақтап төлеу; 
      28)  заемға қызмет көрсету  - заем алушының шоттарындағы заем қаражаттарын пайдалануды есепке алу және заем шарттарына сәйкес негiзгi борышты өтеуге төлемдердi, сыйақыны /мүдденi/, комиссиялық және басқа төлемдердi заем алушының жүзеге асыруы жөнiндегi уәкiлеттi органның немесе банктiң қызметi; 
      29)  борышты өтеу  - заем алушының алынған заемдар сомасын кредит берушiлермен (заем берушiлермен) шарттарда (келiсiмдерде) белгiленген тәртiппен қайтаруы (амортизациясы), борышты құрайтын басқа да мiндеттемелердi белгiленген тәртiппен орындауы; 
      30)  бағдарламалық заемдар  - Қазақстан Республикасының Үкiметiмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсілген Қазақстан Республикасы экономикасын дамыту және реформалау жөнiндегi шараларды орындау талаптарымен халықаралық қаржы ұйымдарының Қазақстан Республикасының Үкiметiне немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне беретiн заемдары; 
      31)  мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру  - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, жергiлiктi атқарушы органдардың немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарын азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасасу жолымен алғашқы иеленушiлерге беру; 
      32)  Қазақстан Республикасының резиденттерi  - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған, Қазақстан Республикасында орналасқан орны бар заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде орналасқан орны бар филиалдары мен өкiлдiктерi; 
      32-1)  заем құрылымын өзгерту  - тараптардың келiсiмiмен өздерiнiң заем туралы шарт (келiсiм) бойынша мiндеттемелердi орындау мерзiмдерiн, қаржылық және өзге де талаптарын өзгертуi; 
      33)  несие капиталының рыногы  - бос ақшаның жинақталуын қамтамасыз ететiн экономикалық қатынастар жүйесi, оларды несие капиталына айналдыру және оны өз қызметiн түрлi елдерде жүзеге асыратын молықтыру процесiне қатысушылардың арасында қайта бөлу; 
      34)  несие капиталы  - сыйақы (мүдде) түрiндегi ақы үшiн қайтарымдылық шарттарында берiлетiн ақша капиталы; 
      35)  негiзгi борыш сомасы  - алынған заемның өтелуге тиiстi және кредит берушiге қайтарылмаған, ол бойынша есептелетiн сыйақы (мүдде), комиссиялық төлемдер мен айыппұлдар сомасы есепке алынбаған сома. 
       ЕСКЕРТУ. 1-бап өзгерді - Қазақстан Республикасы 2001.11.06. N 252-II  Заңымен.  
      ЕСКЕРТУ. 1-бап өзгерді - Қазақстан Республикасы 2003.07.02. N 443-II  Заңымен.
      ЕСКЕРТУ. 1-бап өзгерді - Қазақстан Республикасы 2003.07.09. N 482-II  Заңымен.

       2-бап. Осы Заң реттейтiн объектiлер

      Осы Заң реттейтiн объектілер Қазақстан Республикасының Yкiметi, жергiлiктi атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асыратын қарыз алу, Қазақстан Республикасының резиденттерi жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерiмен қамтамасыз етiлетiн қарыз алу, сондай-ақ осындай қарыз алу нәтижесiнде құрылатын мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген борышты басқару болып табылады. 

       3-бап. Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген 
             қарыз алу мен борыш туралы Қазақстан
             Республикасының заңдары

      Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш туралы Қазақстан Республикасының заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң нормаларынан, осы Заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады. 
      Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш туралы заңдарында көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 
      Жергiлiктi атқарушы органдардың қарыз алуы тек қана Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi. 
      Мемлекеттiк емес қарыз алу осы Заңмен, Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiмен және Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен реттеледi. 

       4-бап. Мемлекеттiк органдардың қарыз алу мен борышты
             басқару саласындағы өкiлеттiгi

      1. Қазақстан Республикасының Парламентi өзiне Қазақстан Республикасының Конституциясы және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерi жүктеген республикалық бюджеттi бекiту және мемлекеттiк заемдардың мәселелерi бойынша халықаралық шарттарды бекiту жөнiндегi өкiлеттiктi жүзеге асырады. 
      2. Қазақстан Республикасының Yкiметi: 
      1) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң заемдарды тарту, Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң мемлекеттiк емес заемдары бойынша мемлекеттiк кепiлдiктер беру қажеттiгi туралы шешiмдер қабылдайды; 
      2) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген борышты басқару саласындағы құзыретiн белгiлейдi; 
      3) Қазақстан Республикасының Yкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдарының заем туралы шарттарды (келiсiмдердi) жасасу, олардың мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздардың әрбiр түрi бойынша жеке мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар шығару, орналастыру, оларға қызмет көрсету және өтеу, мемлекеттiк кепiлдiктер беру үшiн инвестициялық жобаларды iрiктеу, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң мемлекеттiк емес заемдар бойынша мемлекеттiк кепiлдiктер беру тәртiбiн, мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген заемдарды алу, пайдалану, өтеу және оларға қызмет көрсету, оларды тiркеу және есепке алу тәртiбiн, мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген борыштың мониторингi мен басқару тәртiбiн белгілейдi; 
      4) Қазақстан Республикасының Үкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдарының қарыз алуы, мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген борышты басқару жөнiндегi Қазақстан Республикасының заң және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобаларын әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Парламентi мен Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзедi. 
      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi: 
      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң мемлекеттiк заемдарды, оның iшiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң келiсiмiмен сыртқы заемдарды тарту қажеттiгi туралы шешiмдер қабылдайды; 
      2) осындай заемдарды тартудың қаржылық шарттарын белгiлейдi; 
      3) осындай заемдар бойынша шарттар (келiсiмдер) жасасады; 
      4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарын шығарады; 
      5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң заемдарын алады, пайдаланады, өтейдi және оларға қызмет көрсетедi, ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында олар эмиссиялаған мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алу мен сатуды, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi борышының мониторингiн және оны басқаруды жүзеге асырады; 
      6) Қазақстан Республикасының барлық резиденттерi үшiн мiндеттi мемлекеттiк кепiлдiктерi жоқ, мемлекеттiк емес сыртқы заемдар туралы шарттарды тiркеудi және олардың әрi қарай мониторингiн жүзеге асырады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жалпы сыртқы борышын бағалауды түзедi. 
      4. Бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган: 
      1) <*>
      2) үкiметтiк заемдардың қаржылық шарттарын белгiлейдi, жергiлiктi атқарушы органдардың заемдарды тартуын келiседi; 
      3) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсыруымен келiссөздер жүргiзедi, үкiметтiк заемдардың шарттарына қол қояды, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарын шығарады, Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң мемлекеттiк емес заемдары бойынша мемлекеттiк кепiлдiктер бередi; 
      4) үкiметтiк заемдарды алады, пайдаланады, өтейдi және оларға қызмет көрсетедi, ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында олар эмиссиялаған мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алу мен сатуды және үкiметтiк борышты басқаруды жүзеге асырады; 
      5) Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң мемлекеттiк емес заемдарының мемлекеттiк кепiлдiктерi бойынша мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз етедi; 
      6) қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның келiсiмi бойынша үкiметтiк және мемлекеттiк кепiлдiктерi бар мемлекеттiк емес сыртқы заемдарға қызмет көрсетуге екiншi деңгейдегi банктерге уәкiлдiк бередi; <*>
      7) барлық мемлекеттiк заемдарды және мемлекеттiк кепiлдiктердi тiркеудi, мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген борыштың мониторингiн және оны басқаруды жүзеге асырады; 
      8) <*>
      4-1. Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган:
      1) мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш саясатын әзiрлеуге қатысады;
      2) мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борышты жоспарлау мен талдауды жүзеге асырады.
      5. Жергiлiктi өкiлдi орган жергiлiктi атқарушы органның заемдарды тартудың қажеттiгi мен шарттары туралы шешiмдер қабылдайды. 
      6. Жергiлiктi атқарушы орган: 
      1) жергiлiктi өкiлдi органға жергiлiктi инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бюджет заңдарында көзделген басқа да мақсаттарға iшкi заемдарды тарту қажеттiгi туралы ұсыныстар енгiзедi; <*>
      2) келiссөздер, жергiлiктi атқарушы органның заемдарын келiсудi, ресiмдеудi және қол қоюды жүргiзедi, мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар шығарады; 
      3) қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның келiсiмi бойынша жергiлiктi атқарушы органның ішкі заемдарына қызмет көрсету үшiн тартылатын екiншi деңгейдегi банктердi анықтайды; <*>
      4) жергiлiктi бюджеттi атқару тәртiбiмен жергiлiктi атқарушы органдардың заем қаражаттарын алады және пайдаланады, осындай заемдарды өтейдi және оларға қызмет көрсетедi, ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында олар эмиссиялаған мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алу мен сатуды жүзеге асырады; 
      5) жергiлiктi атқарушы органның заемдарын тiркейдi және жергiлiктi атқарушы органның борыш мониторингi мен оны басқаруды жүзеге асырады; 
      6) Қазақстан Республикасының Үкiметiне жергiлiктi атқарушы органдардың қарыз алуы, мемлекеттiк борышты және жергiлiктi атқарушы органдардың борышын басқару мәселелерi жөнiнде ұсыныстар енгiзедi. 
       ЕСКЕРТУ. 4-бап өзгерді - Қазақстан Республикасы 2001.11.06. N 252-II  Заңымен.
      ЕСКЕРТУ. 4-бап өзгерді - Қазақстан Республикасы 2003.07.02. N 443-II  Заңымен.
      ЕСКЕРТУ. 4-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483  Заңымен .

       5-бап. Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген
            борыштың жай-күйi туралы мәлiметтердi жариялау

      Қазақстан Республикасы мемлекеттiк борышының ағымдағы жай-күйi туралы, мемлекеттiк борышты өтеу есебiне төленген қаражаттың сомасы туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының берiлген мемлекеттiк кепiлдiктерi және кепiлдiктер бойынша төленген қаражаттың сомасы туралы мәлiметтер ашық болып табылады әрi оларды уәкiлеттi мемлекеттiк орган статистикалық есеп нысанында тоқсан сайын ресми жариялап тұруға тиiс. 

  2-тарау. Мемлекеттік қарыз алудың мақсаттары

       6-бап. Мемлекеттiк қарыз алудың мақсаттары

      Қазақстан Республикасында мемлекеттiк қарыз алуды Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдары жүзеге асырады. 
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарыз алуы республикалық бюджеттiң тапшылығын қаржыландыру мақсатында жүзеге асырылады. 
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қарыз алуы Қазақстан Республикасының төлем балансын қолдау және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң алтын-валюта активтерiн толықтыру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасында жүргiзiлiп отырған ақша-кредит саясатымен айқындалатын басқа да мақсаттарда жүзеге асырылады. 
      Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қарыз алуы жергілікті инвестициялық жобаларды қаржыландыру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бюджет заңдарында көзделген басқа да мақсаттарда жүзеге асырылады. <*>
       ЕСКЕРТУ. 6-бап өзгерді - Қазақстан Республикасы 2001.11.06. N 252-II  Заңымен.
      ЕСКЕРТУ. 6-бап өзгерді - Қазақстан Республикасы 2003.07.02. N 443-II  Заңымен.

       7-бап. Мемлекеттiк заемдардың түрлерi мен нысандары

      1. Заем алушыға қатысы бойынша мемлекеттiк заемдар:
      1) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заемдары;
      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң заемдары;
      3) Қазақстан Республикасы жергiлiктi атқарушы органдарының заемдары болып бөлiнедi.
      2. Несие капиталының рыногы бойынша мемлекеттiк заемдар: 
      1) сыртқы мемлекеттiк заемдар;
      2) iшкi мемлекеттiк заемдар болып бөлiнедi.
      3. Қарыз алу нысаны бойынша мемлекеттiк заемдар:
      1) мемлекеттiк бағалы қағаздар эмиссиясы;
      2) заем туралы шарттар (келiсiмдер) жасасу болып бөлiнедi.
      4. Қолданылу мерзiмi бойынша мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар:
      1) айналыс мерзiмi 1 жылға дейiн, қысқа мерзiмдi;
      2) айналыс мерзiмi 1 жылдан 10 жылға дейiн, орта мерзiмдi;
      3) айналыс мерзiмi 10 жылдан астам, ұзақ мерзiмдi болып бөлiнедi. 
      Мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар құжаттық және құжатсыз нысанда шығарылуы мүмкiн. Мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар оны ұсынушылар үшiн тек қана құжаттық нысанда шығарылуы мүмкiн. 
      Мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар номиналды және дисконтталған құны бойынша, сыйақының (мүдденiң) бекiтiлген және бекiтiлмеген (өзгермелi) ставкасымен шығарылуы мүмкiн. 

       8-бап. Мемлекеттiк заемдарды тарту тәртiбi

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заем туралы келiссөздер жүргiзу, шарттарға (келiсiмдерге) қол қою тәртiбiн, оның атынан эмиссияланатын мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару, орналастыру, айналысқа түсiру, өтеу және оларға қызмет көрсету тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi. 
      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң атынан заемдарды тартуды заем туралы әрбiр жеке шарт (келiсiм) немесе мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздардың түрi бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнің шешiмi негiзiнде бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады. 
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік бағалы қағаздар эмитентi бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган болып табылады, ол осындай мемлекеттiк бағалы қағаздардың әрбiр эмиссиясының көлемiн, мерзiмiн және талаптарын белгiлейдi. 
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң заемдарды тарту тәртiбi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы заңдармен белгiленедi. 
      3. Жергiлiктi атқарушы органның заемды тартуы жергiлiктi атқарушы органдардың заем туралы шарт (келiсiм) жасасу нысанында заем туралы шарттарына (келiсiмдерiне) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi жүзеге асыратын мiндеттi құқықтық сараптама және заем талаптарына бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асыратын қаржылық сараптама жасау арқылы жүргiзіледi. 
      Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi мен Қаржы министрлiгi сараптамасының нәтижелерi оң болған жағдайда, келiссөздер жүргiзудi, заем туралы шарттардың (келiсiмдердiң) ресiмделуi мен оларға қол қоюды, қоса алғанда, Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органының заемдар тартуын жергiлiктi атқарушы орган жүзеге асырады. 
      Жергiлiктi атқарушы органның мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар эмиссиясы нысанында заемды тартуы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртіппен мемлекеттiк бағалы қағаздардың әрбiр эмиссиясының мерзiмдерiн, қаржылық және өзге де шарттарын бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органмен мiндеттi түрде келiсу арқылы жүргiзiледi. 
       ЕСКЕРТУ. 8-бап өзгерді - Қазақстан Республикасы 2001.11.06. N 252-II  Заңымен.

       9-бап. Мемлекеттiк қарыз алуды шектеу

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк қарыз алуы тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасы Заңында белгiленген үкiметтiк борыштың лимитiмен және үкiметтiк борышқа қызмет көрсетуге жұмсалатын қаражаттың көлемiмен шектеледi. 
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң мемлекеттiк сыртқы қарыз алуы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң мемлекеттiк сыртқы борышының лимитiмен шектеледi, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi халықаралық қаржы ұйымдарынан бағдарламалық заемдар тартатын жағдайларды қоспағанда, оның таза алтын-валюталық активтерiнің 50 процентiнен аспайтын деңгейде белгiленедi. 
      3. Жергiлiктi атқарушы органның мемлекеттiк қарыз алуы жергiлiктi атқарушы органның белгiленген тиісті қаржы жылының аяғындағы борыш лимитімен және жергiлiктi атқарушы органның борышын өтеуге және оған қызмет көрсетуге жұмсалатын жергiлiктi бюджет қаражатының көлемiмен шектеледi. <*>
      Жергiлiктi атқарушы орган борышының лимитi тиiстi қаржы жылына арналған жергілiктi бюджет кiрiсiнiң 25 процентiнен аспауға тиiс. Жергiлiктi атқарушы органның борышын өтеуге және оған қызмет көрсетуге арналған шығыс көлемi тиiстi жылға арналған жергiлiктi бюджет кiрiсiнiң 10 процентiнен аспауға тиiс. 
      Жергiлiктi атқарушы органдардың сыртқы заемдар тартуына жол берілмейді.
      ЕСКЕРТУ. 9-бап өзгерді - Қазақстан Республикасы 2003.07.02. N 443-II  Заңымен.

       10-бап. Мемлекеттiк заемдарды пайдалану тәртiбi

      1. Үкiметтiк заемдар бойынша алынған қаражат республикалық бюджеттiң тапшылығын қаржыландыруға жұмсалады және тиiстi жылға арналған республикалық бюджеттi атқару тәртiбiмен пайдаланылады. 
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң заемдары бойынша алынған қаражат Қазақстан Республикасының төлем балансын қолдау мақсатына және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы заңдарда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң алтын-валюта активтерiн толықтыруға пайдаланылады. 
      3. Жергілiкті атқарушы органның заемдары бойынша алынған қаражат жергілікті инвестициялық жобаларды қаржыландыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бюджет заңдарында көзделген басқа да мақсаттарға жұмсалады және тиісті жылға арналған жергілікті бюджеттің атқарылу тәртібімен пайдаланылады. <*>
      Жергiлiктi атқарушы органдардың заемдары қаражатының пайдаланылуын бақылау Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн тәртiппен жүзеге асырылады. 
       ЕСКЕРТУ. 10-бап өзгерді - Қазақстан Республикасы 2001.11.06. N 252-II  Заңымен.
      ЕСКЕРТУ. 10-бап өзгерді - Қазақстан Республикасы 2003.07.02. N 443-II  Заңымен.

       11-бап. Мемлекеттiк борышты өтеу және оған қызмет
              көрсету, ұйымдастырылған бағалы қағаздар
              рыногында мемлекеттiк эмиссиялық бағалы
              қағаздарды сатып алу

      1. Қазақстан Республикасының үкiметтiк борышын өтеудi және оған қызмет көрсетудi, ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган эмиссиялаған мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алуды бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген қаражат есебiнен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы жүзеге асырады. 
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң борышын өтеудi және оған қызмет көрсетудi, ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында олар эмиссиялаған мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алуды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi өзiнiң билiгiндегi активтер есебiнен жүзеге асырады. 
      3. Қазақстан Республикасы жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекеттiк борышын өтеудi және оған қызмет көрсетудi, ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында олар эмиссияланған мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алуды олар тиiстi жылға арналған жергiлiктi бюджетте көзделген қаражат есебiнен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң келiсiмi бойынша жергiлiктi атқарушы орган тартқан екiншi деңгейдегi банктер арқылы жүзеге асырады. 
       ЕСКЕРТУ. 11-бап өзгерді - Қазақстан Республикасы 2001.11.06. N 252-II  Заңымен.

       12-бап. Мемлекеттiк борышты есепке алу

      Барлық мемлекеттiк заемдар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілеген тәртіппен бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органда тiркелiп, есепке алынуға тиiс. 
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк борышын есепке алу үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен жергiлiктi атқарушы органдар келiсiлген тәртiппен бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органға өз заемдарының талаптары, алынуы, оларға қызмет көрсетiлуi және өтелуi туралы ақпарат тапсырып отырады. 

       13-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
             борышты өтеу және оған қызмет көрсету
             жөнiндегі мiндеттемелерi

      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасы республикалық бюджетiнiң қаражатымен қамтамасыз етiлетiн үкiметтiк борышты өтеу және оған қызмет көрсету жөнiндегi мiндеттемелердi атқарады. 
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi өзiнiң билiгiндегi барлық активтермен қамтамасыз етiлетiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің борышын өтеу және оған қызмет көрсету жөнiндегi мiндеттемелердi атқарады. 
      3. Жергiлiктi атқарушы органдар жергiлiктi атқарушы органдардың билiгiнде тұрған меншiк құқығындағы мүлiкпен, қаржы ресурстарымен және басқа да активтермен қамтамасыз етiлетiн өз борышын өтеу және оған қызмет көрсету жөнiндегi мiндеттемелердi атқарады. 
      4. Мемлекеттiк борыш борыштың негiзгi сомасы кредиторларға қайтарылған және борышқа қызмет көрсету жөнiндегi төлемдер толық көлемiнде төленген жағдайда өтелген болып саналады. 
      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың осындай шарттың (келiсiмнің) талаптарында, осындай қағаздарды шығару талаптарында көзделген жағдайда, заем туралы шарт (келiсiм) бойынша мiндеттемелердi мерзiмiнен бұрын өтеуге, мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды мерзiмiнен бұрын сатып алуға құқығы бар. 
       ЕСКЕРТУ. 13-бап өзгерді - Қазақстан Республикасы 2001.11.06. N 252-II  Заңымен.

       14-бап. Мемлекеттiк борышты басқару

      Мемлекеттiк борышты басқару мыналарды қамтиды: 
      1) өтеу және қызмет көрсету көлемдері, үкіметтік борыш пен жергілікті атқарушы органдар борышының, мемлекеттік кепілдік берудің лимиттері белгіленетін көрсеткіштерді жыл сайын нақтылау және айқындау арқылы мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыштың жай-күйін жыл сайын бағалау және алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжам. Бұл құжатты әзірлеуді бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесе отырып, елді экономикалық дамытудың орта мерзімді болжамы, жинақталған мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыштың көлемдері мен құрылымы, несие капиталы рыногындағы өзгерістер болжамы негізінде жүзеге асырады; <*>
      Бұл құжатты дайындауды бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен және Мемлекеттiк инвестициялар бағдарламасын әзiрлеуге уәкiлеттi органмен бiрлесе отырып, елдi экономикалық дамытудың ұзақ мерзiмдi болжамы, жинақталған мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген борыштың көлемi мен құрылымы, несие капиталы рыногындағы өзгерiстер болжамы негiзiнде жүзеге асырады; 
      2) бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асыратын, тиiстi жылға арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттерде бекiтiлетiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарыз алу көлемiн, нысандары мен талаптарын, үкiметтiк борыштың лимиттерiн және өтеу мен қызмет көрсету көлемiн, жергiлiктi атқарушы органдардың борышы лимиттерiн анықтау. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң заемдары бойынша бұл рәсiмдердi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады; 
      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң, Қазақстан Республикасының Yкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдарының заемдарын бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган тiркеуi және үкiметтiк заемдар мен жергiлiктi атқарушы органдар заемдары талаптарының бақылауы мен мониторингi және оларды өзгерту; 
      4) Қазақстан Республикасының Үкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдардың заемдарын алуды, өтеудi және қызмет көрсетудi, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк борышын бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асыратын бақылау мен мониторингi; 
      5) Борыштың құрылымын оңтайландыру жөнiндегi, оның iшiнде мемлекеттiк бағалы қағаздар жөнiндегi, ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында эмитенттің мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алу және сату жөнiндегi мемлекеттiк борыштың құрылымын өзгерту, мемлекеттiк қарыз алу тәуекелдерiн басқару жөнiндегi iс-шараларды дайындау мен iске асыру. 
       ЕСКЕРТУ. 14-бап өзгерді - Қазақстан Республикасы 2001.11.06. N 252-II  Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 14-бап өзгерді - Қазақстан Республикасы 2003.07.02. N 443-II  Заңымен.

  3-тарау. Мемлекет кепілдік берген қарыз
алу және борыш

       15-бап. Мемлекеттiк емес қарыз алу

      1. Мемлекеттiк емес қарыз алуды Қазақстан Республикасының резиденттерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектеулердi ескере отырып, кез келген мөлшерде, кез келген валютамен және кез келген нысанда дербес жүзеге асырады. 
      Мемлекеттiк мекемелердің және қазыналық кәсiпорындардың мемлекеттiк емес қарыз алуды жүзеге асыруға құқығы жоқ. 
      2. Мемлекеттiк емес заемдарды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерiмен заңды тұлғалар тартуы мүмкiн. Мемлекеттiк кепiлдiктермен тартылатын мемлекеттiк емес заемдар заем туралы шарттың (келiсiмнiң) нысанында болуға тиiс. 
       ЕСКЕРТУ. 15-бап өзгерді - Қазақстан Республикасы 2001.11.06. N 252-II  Заңымен.   

       16-бап. Мемлекеттiк кепiлдiктер беру

      Мемлекеттiк кепiлдiктер кредит берушiлерге Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң өздерi алған мемлекеттiк емес заемдар бойынша мiндеттемелерiн орындауын қамтамасыз ету ретiнде берiледi. 
      3аемдар бойынша Қазақстан Республикасының атынан кепiлдiктер беруге Қазақстан Республикасы Үкiметiнің айрықша құқығы бар. 
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң, жергiлiктi атқарушы органдардың заемдар бойынша Қазақстан Республикасының атынан кепiлдiктер беруге құқығы жоқ. 
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсыруымен мемлекеттiк кепiлдiктер берудi бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады. 
       ЕСКЕРТУ. 16-бап өзгерді - Қазақстан Республикасы 2003.07.02. N 443-II  Заңымен.

       17-бап. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң мемлекеттiк
              кепiлдiктердi орындау жөнiндегi мiндеттемелерi

      Қазақстан Республикасының Yкiметi заем алушы заем туралы шартқа (келiсiмге) сәйкес өзiнен алынатын төлемдердi төлемеген жағдайда мемлекеттiк кепiлдiктердi орындау жөнiнде мiндеттемелер алады. 
      Заем алушы заем туралы шартқа (келiсiмге) сәйкес өзiнен алынатын соманы төлеген жағдайда немесе заем алушыдан алынатын соманы қолданылып жүрген заемның мемлекеттiк кепiлдiгiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi төлеген жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында және халықаралық шарттарында көзделген басқа да жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк кепiлдiктердi орындау жөнiндегi мiндеттемелерi тоқтатылады. 

       18-бап. Мемлекеттiк кепiлдiктер берудi шектеу

      Мемлекеттiк кепiлдiктер тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген лимит шегiнде берiледi.
      Мемлекеттік кепілдіктерді беру лимитінің көлемі осы лимит белгіленген тиісті жылдың шегінде ғана пайдаланылуы мүмкін. <*>
      Мемлекеттiк кепiлдiктердi жергілiктi атқарушы органдардың заемдарын қамтамасыз ету ретiнде беруге болмайды. 
      ЕСКЕРТУ. 18-бап өзгерді - Қазақстан Республикасы 2003.07.02. N 443-II  Заңымен.

       19-бап. Мемлекеттiк кепiлдiктердi беру талаптары

      Мемлекеттiк кепiлдiктер әрбiр инвестициялық жоба бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары негізiнде берiледi. 
      Мемлекеттiк кепiлдiктердi беру кепiлшiнiң мiндеттемелерiн және осы Заңның 20-бабына сәйкес талаптарды орындау кезiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi жұмсаған бюджеттiк қаражатты заем алушының қайтаратын талаптары негiзiнде жүзеге асырылады. 
      Мемлекеттiк емес заемдар бойынша мемлекеттiк кепiлдiк берiлгенi үшiн түпкi заем алушыдан мемлекеттiң жүз проценттiк қатысуымен құрылған заңды тұлғалар үшiн мемлекеттiк кепiлдiк сомасының 0,2 процентi мөлшерiнде және өзге заңды тұлғалар үшiн мемлекеттiк кепiлдiк сомасының 2 процентi мөлшерiнде алдын ала бiржолғы ақы (алым) алынады. 

       20-бап. Мемлекеттiк кепiлдiктi алуға үмiткер тұлғаларға
              қойылатын талаптар

      1. Заемдар бойынша мемлекеттiк кепiлдiк алуға үмiткер заңды тұлғалар заем алушы ретiнде әрекет ететiн болса, бұл заңды тұлғаларға мынадай талаптар қойылады: 
      1) Қазақстан Республикасының кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын резидентi болуы; 
      2) Қазақстан Республикасының тиісті кезеңге арналған мемлекеттiк кепілдіктepi бар мемлекеттiк емес заемдар қаражатының есебiнен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың тiзбесiне енгiзiлген жобалардың орындалуын жүзеге асыруы;
      3) банктiк қадағалау саласындағы уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша бюджетті атқару жөнiндегi уәкілеттi орган белгiлейтiн заемдардың қайтарылуын қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын банктiк кепiлдiктiң болуы;
      3-1) салалық уәкiлеттi органның оң қорытындысы болуы;
      3-2) бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органның оң қорытындысы болуы;
      3-3) экономикалық жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органның оң қорытындысы болуы;
      3-4) бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органның оң қорытындысы болуы; 
      4) бұрын мемлекеттiк кепiлдiкпен алынған, төлеу мерзiмi басталған мемлекеттiк емес заемдарды өтеу және оларға қызмет көрсету жөнiнде берешегiнiң, сондай-ақ кредит берушiлер алдында мерзiмi өткен өзге де берешегiнiң болмауы; 
      5) жобаның жалпы құнын жаппайтын заем тартылған жағдайда, ұсынылып отырған инвестициялық жобаны қосымша қаржыландыру жөнiндегi мiндеттеменi қамтамасыз етуi тиiс. 
      Мемлекеттiк кепiлдiк алуға үмiткер заңды тұлғалар экономикалық жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға өтiнiм, сондай-ақ салалық уәкiлеттi органға және бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органға олардың қорытындылар әзiрлеу үшiн қажеттi құжаттар табыс етедi. Бұл орайда салалық уәкiлеттi орган мен бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган құжаттар берген заңды тұлғаларға және ұсынылған қорытындыларды жинақтауды және экономикалық талдауды жүзеге асыратын экономикалық жоспарлау жөнiндегi уәкілеттi органға тиiстi қорытындылар жiберуге мiндеттi.
      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi мемлекеттiк емес заем шарттарына және инвестициялық жобаның тәуекелiне байланысты мемлекеттiк кепілдiк алуға үмiткер тұлғаларға қойылатын қосымша талаптар белгiлеуi мүмкiн.
       ЕСКЕРТУ. 20-бап өзгерді - Қазақстан Республикасы 2001.11.06. N 252-II  Заңымен.
      ЕСКЕРТУ. 20-бап өзгерді - Қазақстан Республикасы 2003.07.02. N 443-II  Заңымен.

       21-бап. Мемлекеттiк кепiлдiктер беру үшiн инвестициялық
              жобаларды iрiктеу <*>

      Мемлекеттiк кепiлдiктер беру үшiн инвестициялық жобаларды iрiктеудi экономикалық жоспарлау жөнiндегi уәкілеттi орган Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерi бар мемлекеттiк емес заемдар қаражатының есебiнен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың тiзбесiн жыл сайын қалыптастыру жолымен жүргiзедi.
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерi бар мемлекеттiк емес заемдар қаражаты есебiнен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың тізбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi және ол жариялануға тиіс.
      ЕСКЕРТУ. 21-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы 2003.07.02. N 443-II  Заңымен.

       22-бап. Мемлекеттiк кепiлдiк нысаны

      1. Мемлекеттiк кепiлдiк: 
      1) бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган кредит берушiмен жасасқан мемлекеттiк кепiлдiк беру туралы жазбаша ресiмделген шарт (кепiлдiк шартты), не 
      2) мемлекеттiк емес заемдар бойынша кепiлшiнiң мiндеттемелерiн (кепiлдiк мiндеттмелерiн) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қабылдағандығы туралы кредит берушiнiң жазбаша хабарламасы нысанында болуға тиiс. 
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес сыртқы заемдар бойынша мемлекеттiк кепiлдiгiн беру туралы шарт болған жағдайда бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган заң актiлерiнде белгіленген тәртiппен заем алушының мiндеттемелерiн авальдауға құқылы. Аваль авальшының борышкер векселiне немесе оған қосымша бетке қойған қолы түрiнде не оның берiлген орны көрсетiлген жеке актiмен ресiмделедi. 
      Осы баптың және осы Заңның 23-бабының талаптарына сәйкес келетiн құжаттар ғана мемлекеттік кепілдiк деп танылуы мүмкін. 
      Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының және олардың лауазымды адамдарының ешқандай актiлерiнiң немесе өзге де құжаттарының мемлекеттiк кепiлдiк ретiндегi заң күшi болмайды.
      2. Егер шартта өзгеше көзделмесе, кепiлдiк шарты оған тараптар қол қойған күнiнен бастап күшiне енедi. 
      Кепiлдiк мiндеттеме немесе аваль олар берiлген күннен бастап күшiне енедi.
      3. Кепілдiк шартына, әрбiр инвестициялық жоба бойынша кепiлдiк мiндеттемеге, заем алушының әрбiр мiндеттемесi бойынша авалiне Қазақстан Республикасының Қаржы министрi қол қояды.

       23-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк
              кепiлдігiнiң мазмұны

      1. Кепiлдiк шартында немесе кепiлдiк мiндеттемеде:
      1) мемлекеттiк кепілдiк беруге негiз болатын Қазақстан Республикасы Yкiметi қаулысының реквизиттерi;
      2) заем алушының атауы және орналасқан жерi;
      3) заем туралы шарттың (келiсiмнiң) тараптары және заем алушының негiзгi мiндеттемелерiнiң мазмұны; 
      4) заемның кепiлдiк берiлетiн сомасы, берiлетiн мемлекеттiк кепiлдiктiң күшi қолданылатын, заем бойынша өзге де кепiлдiк берiлетiн мiндеттемелер; 
      5) мемлекеттiк кепiлдiктiң қолданылу мерзiмi; 
      6) кепiлдiк шартына (кепiлдiк мiндеттемеге) қол қойған лауазымды адам көрсетiледi. 
      2. Борышкердiң векселiне соғылған белгi нысанындағы аваль үшiн лауазымды адам-авальшы көрсетiледi. 
      3. Кепiлдiк шартында (кепiлдiк мiндеттемеде) осы баптың 1-тармағының 4), 5) тармақшаларында көзделген ережелер болмаған жағдайда: 
      1) мемлекеттiк кепiлдiк борышкердiң заемдар бойынша барлық мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз етедi деп; 
      2) мемлекеттiк кепілдiк заем қолданылатын мерзiмге берiлген деп саналады. 
      Кепiлдiк шарты мен кепiлдiк мiндеттемеде осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген талап болмаған не оларға қол қойылған, сондай-ақ осы Заңның 22-бабының 3-тармағын бұза отырып, заем алушының мiндеттемелерiн уәкiлдiк берiлмеген тұлға авальдандырған жағдайда мемлекеттiк кепілдiк жарамсыз деп саналады. 

       24-бап. Мемлекеттiк кепiлдiктер берудiң және
             олар кепiлдiк берген заемдардың есебi

      Берiлетiн мемлекеттiк кепiлдiктер мен олар кепiлдiк беретiн заемдар бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органда тiркелуге және есепке алынуға тиiс. <*>
      Бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган мемлекет кепiлдiк берген борыштың мониторингiн және оны басқаруды жүзеге асырады. 
      ЕСКЕРТУ. 24-бап өзгерді - Қазақстан Республикасы 2003.07.02. N 443-II  Заңымен.

       25-бап. Мемлекеттiк кепiлдiктiң орындалуы

      Егер заем туралы шарттың (келiсiмнiң) талаптарында өзгеше көзделмесе, кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген заемды төлем мерзiмi басталған күнi заем алушы толық немесе iшiнара және тиiстi жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражаттар шегiнде өтемеген жағдайда, кепiлдiк кредит берушiнiң талап етуi бойынша, төлем күнi басталғаннан кейiн орындалуға тиiс. 
      Қазақстан Республикасының Үкiметi заем туралы шарттың (келiсiмнiң) талаптарына сәйкес және кредитордың келiсiмiмен мемлекет кепiлдiк берген заемды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банкрот деп танылған және (немесе) таратылған заем алушы үшiн мерзiмiнен бұрын өтеудi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен мемлекеттiк кепiлдiктердi орындау жолымен жүзеге асыруға құқылы. <*>
      ЕСКЕРТУ. 25-бап өзгерді - Қазақстан Республикасы 2003.07.02. N 443-II  Заңымен.

       25-1-бап. Мемлекет кепілдiк берген заемдар
                құрылымын өзгерту

      Мемлекет кепілдiк берген заем құрылымын өзгерту кредиторлардың және заемшының келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының Yкiметi шешiм қабылдаған жағдайда жүзеге асырылады. 
      Мемлекет кепiлдiк берген заем құрылымын өзгерту кезiнде кредиторлардың талап етуi бойынша бұрын берiлген мемлекеттiк кепілдiктi Қазақстан Республикасының Үкiметi растауы немесе ауыстыруы мүмкiн. 
      Бұл ретте кепiлдiк берiлетiн заем сомасы бұрын берiлген мемлекеттiк кепiлдiк бойынша заемның сомасынан аспауға тиiс. Жаңадан берiлген мемлекеттiк кепiлдiкке осы Заңның 18-бабының бiрiншi бөлiгiнде белгiленген шектеулер қолданылмайды. 
       ЕСКЕРТУ. 25-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасы 2001.11.06. N 252-II  Заңымен.
 
       25-2-бап. Мемлекет кепiлдiк берген заем бойынша заем
                алушыны ауыстыру

      Мемлекет кепiлдiк берген заем бойынша заем алушыны Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi қабылданған жағдайда заем туралы шарт (келiсiм) тараптарының келiсiмi бойынша ауыстыруға жол берiледi.
      Мемлекет кепiлдiк берген заем бойынша заем алушы ауыстырылған жағдайда бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган кредитордың талабы бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде мемлекеттiк кепiлдiктi ауыстыруы немесе растауы мүмкiн.
      Бұл ретте кепiлдiк берiлетiн заем сомасы бұрын берiлген мемлекеттiк кепiлдiк бойынша заемның сомасынан аспауға тиiс. Жаңадан берiлген мемлекеттiк кепiлдiкке осы Заңның 18-бабының бiрiншi бөлiгiнде белгiленген шектеулер қолданылмайды.
      ЕСКЕРТУ. 25-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасы 2003.07.02. N 443-II  Заңымен.
      

       26-бап. Мемлекеттiк кепiлдiктердiң қолданылуын
              тоқтатудың негiздерi

      Мемлекеттiк кепiлдiк, егер: 
      1) Қазақстан Республикасының Үкiметi кепiлдiк берген заем бойынша мiндеттемелердi заем алушы немесе кепiлшi толық орындаса;
      2) егер онда өзгеше айтылмаса, кепiлдiк шартында (кепiлдiк мiндеттемеде) көрсетiлген кепiлдiк мерзiмi бiтсе;
      3) заем туралы шартта (келiсiмде) және /немесе/ кепiлдiк шартында (кепiлдiк мiндеттемеде) арнайы айтылған жағдайларда;
      4) ол заем құрылымын өзгерту және (немесе) мемлекет кепілдiк берген заем бойынша заем алушыны ауыстыру кезiнде жаңасымен ауыстырылса. <*>
      5) Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Заңның 25-бабының екiншi бөлiгiне сәйкес мемлекет кепiлдiк берген заемды мерзiмiнен бұрын өтеудi жүзеге асырса, қолданылуын тоқтатады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 26-бап өзгерді - Қазақстан Республикасы 2001.11.06. N 252-II  Заңымен.
      ЕСКЕРТУ. 26-бап өзгерді - Қазақстан Республикасы 2003.07.02. N 443-II  Заңымен.

       27-бап. Мемлекеттiк кепiлдiкпен алынған қаражатты
              пайдалануды шектеу

      Мемлекеттiк кепiлдiкпен алынған қаражатты заем туралы шартта (келiсiмде) көзделмеген мақсатта, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына кредит беруге пайдалануға тыйым салынады.

       28-бап. Мемлекеттiк кепiлдiгi бар, заем шарты
             (келiсiмi) бойынша алынған қаражаттың
              пайдаланылуына бақылау жасау және
              жауапкершiлiк

      Мемлекеттiк кепiлдiгi бар заем шарты (келiсiмi) бойынша алынған қаражаттың пайдаланылуын бақылау Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады. 
      Мемлекеттiк кепiлдiгi бар заем бойынша заем алушы және кепiлдiк берген банк Қазақстан Республикасының Үкiметi кепiлдiк берген заем бойынша алынған қаражаттың мақсатсыз пайдаланылғаны үшiн және заем алушы заем бойынша борыш мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда мемлекеттiк кепілдiк жөнiндегi мiндеттемелердi бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган орындауы үшiн пайдаланған қаражаттың қайтарылуы үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделгендей жауапкершiлiкте болады. 
      ЕСКЕРТУ. 28-бап өзгерді - Қазақстан Республикасы 2003.07.02. N 443-II  Заңымен.

  4-тарау. Кредит берушілердің мүдделерін қорғау

       29-бап. Кредит берушi алдындағы мiндеттемелердiң күшi
             жойылуына немесе мерзiмiн ұзартуға жол берiлмеуi

      Кредит берушiлердің алдындағы мiндеттемелердiң, оның iшiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерiнен туындайтын мiндеттемелердің, бiр жақты тәртiппен күшiн жоюға немесе мерзiмiн ұзартуға болмайды.

       30-бап. Мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың
              заңсыз әрекеттерiнен қорғау

       Мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының заңдарын бұза отырып қабылдаған, мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген заемдарды тарту, пайдалану немесе өтеу жағдайларын нашарлататын актiлерiнiң заң күшi болмайды.

       31-бап. Шетелдiк кредит берушiлердiң залалдарын өтеу
              және олардың орнын толтыру

      Соғыс немесе басқа қарулы жанжал, революция, төтенше жағдай, азаматтардың қақтығыстары немесе сол сияқты мән-жайлар нәтижесiнде, сондай-ақ заңсыз нормативтiк құқықтық актiлер мен сот шешiмдерiнiң қабылдануына немесе мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттердi жүзеге асыруына байланысты Қазақстан Республикасында мүдделерiне зиян келтiрiлген шетелдiк кредит берушiлерге жоғарыда аталған мән-жайлар нәтижесiнде келтiрiлген залалдың орнын толтыру және (немесе) өтемақы төлеу кезiнде Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғалары жөнiнде қолданылатынынан кем емес қолайлы режим жасалады. 

  5-тарау. Қорытынды ережелер

       32-бап. Дауларды шешу

      1. Заем туралы шарттарға (келiсiмдерге), мемлекеттiк бағалы қағаздар эмиссиясына, үкiметтiк кепiлдiктерге немесе мемлекеттiк, үкiметтiк борышты, жергiлiктi атқарушы органдардың борышын немесе соларға байланысты қызметке, оның iшiнде мемлекет кепiлдiк берген борышты басқаруға байланысты туындайтын даулар мен келiспеушiлiктер мүмкiндiгiнше келiссөздер жолымен не заем туралы шарттарда (келiсiмдерде), мемлекеттiк бағалы қағаздарды шығару ережелерiнде белгiленген, дауларды шешудiң бұрын келiсiлген рәсiмдерiне сәйкес шешiледi. 
      2. Егер осы баптың 1-тармағында аталған дауларды бiр тарап екiншi тарапқа алғаш рет айтқан күннен бастап үш ай iшiнде шешу мүмкiн болмаса даудағы кез келген тарап екiншi тараптың жазбаша келiсiмi болған жағдайда дауды шешу үшiн: 
      1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осындай дауларды қарауға уәкiлдiк берiлген Қазақстан Республикасының сот органдарына немесе 
      2) егер қатысушы резидент емес болса - мынадай төрелiк органдардың бiрiне: 
      - егер инвестордың мемлекетi осы Конвенцияның қатысушысы болса, 1965 жылғы 18 наурызда Вашингтонда қол қойылу үшiн ашылған мемлекеттер мен басқа мемлекеттердiң азаматтары арасындағы халықаралық дауларды реттеу жөнiндегi Конвенцияға (ИКСИД Конвенциясы) сәйкес құрылған Инвестициялық дауларды реттеу жөнiндегi халықаралық орталыққа (бұдан әрi - Орталық); 
      - егер инвестордың мемлекетi ИКСИД Конвенциясына қатысушы болмаса, Орталықтың (қосымша органның тәртiптерi бойынша жұмыс iстейтiн) қосымша мекемесiне; 
      - Бiрiккен Ұлттар Ұйымының халықаралық сауда құқығы жөнiндегi комиссиясының (ЮНСИТРАЛ) Төрелiк регламентiне сәйкес құрылатын төрелiк органдарына; 
      - Стокгольмдегi Халықаралық сауда палатасының төрелiк институты жанындағы төрелiк органдарына жүгiнуге құқылы. 
      3. Дауды шешудiң бастамашысы уәкiлеттi мемлекеттiк орган болып, ал шетелдiк кредит берушi дауларды қараудың белгiлi бiр рәсiмiн таңдаудан жалтарған жағдайда, уәкiлеттi орган дауды бейбiт жолмен реттеу мақсатымен шетелдiк кредит берушiге уәкілеттi мемлекеттiк органның бiрiншi жазбаша хабар берген күнiнен бастап үш ай өткен соң Қазақстан Республикасы сот органдарының қарауына беруге құқылы. 
      Шетелдiк кредит берушi осы баптың 2-тармағында көзделген дауларды шешудiң өзге рәсiмiн таңдағаны туралы жазбаша өтiнiш берген жағдайда, iстi қараушы сот оны жүргiзудi қысқартады.
      4. Шетелдiк кредит берушiнiң Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен және азаматтарымен дауларын қоса алғанда, осы баптың 1-тармағы шеңберiнде қамтылмаған барлық өзге дауларды, егер тараптардың келiсiмдерiнде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының соттары шешедi.

      33-бап. Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз
             алу және борыш бойынша заңдардың бұзылғаны үшiн
             жауапкершiлiк

      Осы Заңның бұзылуы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен жауап беруге әкеп соғады.

       34-бап. Осы Заңның нормаларын ол күшіне енгізілгенге
              дейін пайда болған құқықтық қатынастарға
              қолдану тәртібі

      Осы Заң күшіне енгізілгенге дейін пайда болған және ол күшіне енгізілгеннен кейін жалғасатын құқықтық қатынастар бойынша осы Заңның нормалары заңда белгіленген тәртіппен бұрын қол қойылып, күшіне енген заемдар туралы шарттардың (келісімдердің) талаптарына қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.

       Қазақстан Республикасының 
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады