Байланыс формасы

Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 16 қараша N 477-I

      Қазақстан Республикасының мынадай заң актілеріне өзгерістер енгізілсін:
      1. "ЖҚТБ ауруының алдын алу туралы" 1994 жылғы 5 қазандағы Z946000_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., N 16-17, 212-құжат):
      7-баптың екінші бөлігі алып тасталсын.
      2. "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Z970094_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 8, 84-құжат; 1999 жылғы 10 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанкая правда" газеттерінде жарияланған "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 7 маусымдағы Z990391_ Қазақстан Республикасының Заңы):
      97-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мемлекет тұрғын жайды ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және

коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеу үшін табысы аз отбасыларына 
(азаматтарға) көмек көрсету жөнінде шаралар қолданады. Тұрғын үй көмегі 
сол жерде тұрақты тұратын және тұрғын жайдың меншік иесі немесе жалдаушысы 
(жалгерлері) болып табылатын адамдарға жергілікті бюджеттер қаражаты 
есебінен беріледі. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін 
жергілікті өкілді органдар белгілейді".
     
     Қазақстан Республикасының
           Президенті 
     
     Оқығандар:
          Қасымбеков Б.А. 
          Багарова Ж.А. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады